Парниктік газдарды түгендеу мониторингі мен оны бақылау қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 221 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 29 сәуірде № 10850 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2021 жылғы 4 тамыздағы № 289 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 04.08.2021 № 289 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабының 29) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Парниктік газдарды түгендеу мониторингі мен оны бақылау қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Климаттың өзгеруі жөніндегі департаменті:

      1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;

      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықты мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдануын;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналасуын;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалауы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

В. Школьник


  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 19 наурыздағы
№ 221 бұйрығымен
бекітілген

Парниктік газдарды түгендеу мониторингі мен оны бақылау қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Парниктік газдарды түгендеу мониторингі мен оны бақылау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 17-бабының 29) тармақшасына сәйкес әзірленген және парниктік газдарды түгендеу мониторингі мен оны бақылау тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидалардың әрекеті парниктік газдар шығарындыларына квоталарды бөлу субъектілеріне қолданылады.

      3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) белгісіздік (дәлсіздік) – сандық шамасына қатысты мәндер шашыраңқылығын сипаттайтын сандық анықтау нәтижесімен ассоцияланатын параметр;

      2) қондырғы операторы – меншігінде немесе өзге заңды пайдалануында қондырғысы бар жеке немесе заңды тұлға;

      3) қышқылдану коэфиценті – көміртегінің көміртегі қостотығына толық қайта түзілуін есептеу үшін отынды жағу кезінде пайдаланылатын көбейткіш;

      4) парниктік газдар шығарындыларының мониторинг жоспары (бұдан әрі – мониторинг жоспары) – тиісті кезеңге немесе парниктік газдар шығарындыларын азайту және сіңірулерін ұлғайту бойынша жобалар мен бағдарламаларды іске асыру мерзіміне бекітілген Парниктік газдар шығарындыларына квота бөлудің ұлттық жоспарының қолданылу кезеңінде қондырғы операторы әзірлейтін құжат;

      5) нетто-мәннің жылу шығару коэффициенті – жағылатын отынды энергетикалық бірліктерге ауыстыру үшін қолданылатын көбейткіш, ол жағылатын отынның бір тоннасына терраджоульмен беріледі;

      6) өзгерту коэффициенті – өнеркәсіптік процестерде көміртегінің парниктік газдарға толық өзгермеуін есепке алу үшін пайдаланылатын көбейткіш;

      7) парниктік газдар бойынша бекіту – қондырғы операторымен, оның ішінде парниктік газдарды түгендеу туралы жыл сайынғы есеп шеңберінде жасалған декларация немесе нақты және объективті өтініш;

      8) парниктік газдар бойынша қызмет туралы деректер – ұйымдар қызметінің сандық өлшемі, оның нәтижесі парниктік газдар шығарындылары болып табылады;

      9) парниктік газдар шығарындыларын мониторингілеу – шығарындылар көлемдерін және парниктік газдарды жою немесе парниктік газдар бойынша қосымша деректерді үздіксіз немесе дүркін-дүркін бағалау;

      10) парниктік газдар шығарындыларының коэффициенті – қондырғының қызметі туралы деректердің негізінде парниктік газдар шығарындыларының көлемін айқындау үшін қажетті көбейткіш;

      11) парниктік газдарды түгендеуді бақылау – парниктік газдарды түгендеу нәтижелерін және қондырғы операторының жыл сайынғы есептерінің Кодекстің 94-11-бабының талаптары мен мониторингілеу жоспарларына сәйкестігін бағалау бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметі;

      12) куәландыру деңгейі – парниктік газдарды түгендеу туралы есепті верификациялау кезінде ондағы айтарлықтай қателіктерді, кемшіліктерді немесе қате түсіндірулерді және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2015 жылғы 28 шілдедегі № 502 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11818 тіркелген) Парниктік газдарды түгендеу туралы есептің нысандарына сәйкестігін анықтау үшін верификация және валидация жөніндегі органнан талап етілетін деректер дәйектілігінің дәрежесі.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Энергетика министрінің м.а. 17.11.2016 № 496 (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Қондырғылар деңгейінде парниктік газдарды түгендеуді мониторингілеу және бақылау көміртегі қостотығының, метанның, азоттың шала тотығының, перфторкөміртектердің шығарындылары бойынша жүзеге асырылады, бұл ретте олардың жалпы көлемі көміртегі қостотығының бір тоннасына баламамен белгіленеді.

      5. Қондырғылар деңгейінде парниктік газдарға мониторинг жүргізу барысында парниктік газдарды жасыл желек биомассасы мен өзге де табиғи жинақтауыштардың сіңіруі ескерілмейді.

2. Парниктік газдарды түгендеу мониторингінің тәртібі

      6. Қондырғы операторы валидацияланған мониторинг жоспарын тиісті кезеңге бекітілген Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарының қолданылатын алғашқы жылының бірінші сәуіріне дейін әзірлейді және уәкілетті органға ұсынады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 17.11.2016 № 496 (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Қондырғы операторы парниктік газдар мониторингін валидация және верификация жөніндегі аккредиттелген орган растаған мониторинг жоспарына сәйкес жүзеге асырады. Мониторинг жоспарынан кез келген ауытқулар, парниктік газдар шығарындыларының көлемін анықтауда табылған қателерді қондырғы операторы парниктік газдарды түгендеу туралы есепті растауды жүзеге асыратын валидация және верификация жөніндегі аккредиттелген ұйымдарға қолжетімді болып табылатын оның ішкі құжаттамасында тіркейді.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 17.11.2016 № 496 (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Мониторинг жоспарын қондырғы операторы тиісті кезеңге бекітілген Парниктік газдар шығарындыларына квота бөлудің ұлттық жоспарының бүкіл қолданылу кезеңі ішінде қолданады.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 17.11.2016 № 496 (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Қондырғы операторы мониторинг жоспарына өзгерістерді мынадай жағдайларда енгізеді:

      1) парниктік газдар шығарындыларын есептеу әдісінен оларды өлшеу әдісіне және керісінше көшу;

      2) қондырғы бойынша парниктік газдар шығарындыларын мониторингілеу үшін қолданылатын әдістеме деңгейінің өзгеруіне әкелетін, парниктік газдар немесе басқа параметрлер бойынша қызмет туралы деректер белгісіздігінің ұлғаюы.

      10. Уәкілетті орган мониторинг жоспарына өзгерістерді өзгерістер енгізілген мониторинг жоспары берілген күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде қарайды.

      11. Парниктік газдарды мониторингілеуді қондырғы операторы есептеу әдісін немесе өлшеу әдісін, сондай-ақ уәкілетті органға таңдалған әдісті ұсына отырып, екі әдісті біріктіру арқылы жүзеге асырады.

      12. Парниктік газдар шығарындыларын есептеуді қондырғы операторы Кодекс 17-бабының 29) тармақшасына сәйкес уәкілетті органмен бекітілген қызмет түрі бойынша арнаулы әдістемелерде немесе халықаралық келісімдер мен ұйымдар шеңберінде қабылданған парниктік газдар шығарындыларын есептеу әдістемелерінде көрсетілген формулалар бойынша жүзеге асырады.

      Парниктік газдардың шығарындыларын есептеу арқылы мониторингілеу жағдайында ол мынадай деректер мен коэффициенттерді қолдану негізінде жүзеге асырылады:

      1) парниктік газдар шығарындылары жөніндегі қызмет немесе шығарылған өнім туралы деректер;

      2) шығарындылар коэффициенттері; тотығу коэффициенттері; өзгеру коэффициенттері.

      13. Жоғарыда аталған ауысулардың әрқайсысын мониторингілеуді уәкілетті орган бекіткен мониторинг жоспарына сәйкес қондырғы операторы жүзеге асырады.

      14. Қондырғылар бойынша өз коэффициенттерін қолдану қондырғы операторларында қажетті сараптамалар жүргізу үшін мүмкіндіктері бар және қондырғы операторы үшін осындай есептерді жүргізу шығындары бойынша қолжетімді аккредиттелген зертханалары болған жағдайда уәкілетті органмен реттеледі.

      15. Парниктік газдар шығарындыларын мониторингілеу нәтижелері бойынша қондырғы операторы бекітілген мониторинг жоспарымен белгіленген рәсімдерге сәйкес жазбаларды, деректерді құжаттау мен мұрағаттауды жүргізеді.

      16. Қондырғы операторы парниктік газдарды түгендеуді мониторингілеу бойынша мынадай деректерді он жыл бойы сақтайды:

      1) мониторинг жүргізілген көздердің тізбесі;

      2) қондырғы паспортының деректері;

      3) парниктік газдарды түгендеу туралы жыл сайынғы есептер;

      4) парниктік газдар шығарындыларын есептеу үшін пайдаланылған парниктік газдар шығарындылары жөніндегі қызмет немесе шығарылған өнім туралы деректер;

      5) өзгертулері мен толықтырулары бар парниктік газдарды мониторингілеу жоспары;

      6) парниктік газдар бойынша қызмет туралы деректерді жинау үдерісі жөніндегі құжаттама;

      7) қолдануға жарайтын жағдайда мониторинг әдісі ретінде өлшеу әдісін таңдауды негіздеу;

      8) өлшеу әдісін пайдаланған жағдайда дәлсіздіктерді талдау үшін пайдаланылған деректер;

      9) өлшеу жүйелерін толық жете сипаттау және ондағы кез келген өзгерістерді сипаттау;

      10) өлшеулердің бастапқы және жиынтық нәтижелері, оның ішінде өлшеу әдісін пайдаланған жағдайда сынамаларды сұрыптау журналы.

      Ескерту. 16-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Энергетика министрінің м.а. 17.11.2016 № 496 (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      17. Парниктік газдарды түгендеу туралы жыл сайынғы есепте күнтізбелік жылға реттелетін қондырғыдан тасталатын парниктік газдар шығарындылары көрсетіледі және мынадай ақпарат қамтылады:

      1) қондырғы және оның операторы жөніндегі сәйкестендіру деректері, оның ішінде атауы, мекенжайы, есептілік бойынша байланысатын тұлға, парниктік газдар шығарындылары квоталанатын қызмет түрі, есептік жыл;

      2) қондырғы операторының Қазақстан Республикасы аумағында меншігіндегі немесе заңды пайдалануындағы парниктік газдардың барлық көздері бойынша, парниктік газдар шығарындылары есептелетін немесе өлшенетін параметрлер және парниктік газдарды түгендеу нәтижелері, оның ішінде парниктік газдар бойынша қызмет деректері, жылу шығарудың нетто-мәндерінің коэффициенттері, шығарындылар коэффициенттері, тотығу коэффициенттері, өзгеру коэффициенттері, шығарындылар көлемдері;

      3) қолданылатын өлшеу әдісі жөнінде деректер (қолданылған жағдайда), оның ішінде оның сенімділігі мен өлшеу құралдарының дәлсіздігі туралы деректер.

      Ескерту. 17-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Энергетика министрінің м.а. 17.11.2016 № 496 (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      18. Парниктік газдарды түгендеу туралы қондырғы операторларының жыл сайынғы есептерін растауды валидация және верификация жөніндегі аккредиттелген органдар жүргізеді. Бұл ретте әкімшілендіру субъектілері ұсынатын парниктік газдар шығарындыларын түгендеу туралы есептер верификациялауға жатпайды.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 17.11.2016 № 496 (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      19. Парниктік газдарды түгендеу туралы жыл сайынғы есепті верификациялау есептік жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтары мен 1 сәуірі аралығындағы кезеңде жүргізіледі.

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 17.11.2016 № 496 (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      20. алып тасталды - ҚР Энергетика министрінің м.а. 17.11.2016 № 496 (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның
парниктік газдарды түгендеуді бақылау тәртібі

      21. Парниктік газдарды түгендеуді бақылауды уәкілетті орган парниктік газдарды түгендеу туралы жыл сайынғы верификацияланған есептің Кодекстің 17-бабының 29) тармақшасына сәйкестігін, онда ұсынылған деректер мен ақпараттардың толықтығын қарау арқылы жүзеге асырады.

      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 17.11.2016 № 496 (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      22. Қондырғы операторы есептік жылдан кейінгі жылдың 1 сәуіріне дейін парниктік газдарды түгендеу туралы верификацияланған жыл сайынғы есепті ұсынады немесе Парниктік газдар шығарындылары көздерінің және сіңірулерінің мемлекеттік кадастрының жүйесінде есептің электрондық нысанын толтырады.

      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 17.11.2016 № 496 (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      23. Уәкілетті орган парниктік газдарды түгендеу туралы есептерді оларды тапсырған күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде қарайды және тіркейді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады