Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының күзету аймағында тұратын жергілікті халықтың мұқтаждықтары үшін рұқсат етілген әуесқойлық (спорттық) балық аулау қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 наурыздағы № 18-02/201 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 30 сәуірде № 10911 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 20 қазандағы № 413 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 20.10.2021 № 413 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 8-бабы 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының күзету аймағында тұратын жергілікті халықтың мұқтаждықтары үшін рұқсат етілген әуесқойлық (спорттық) балық аулау қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ғаламтор-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі
А. Мамытбеков

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрі

      _______________ Е. Досаев

      2015 жылғы "___"_________



  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 6 наурыздағы
№ 18-02/201 бұйрығымен бекітілген

Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының күзету аймағында тұратын жергілікті халықтың мұқтаждықтары үшін рұқсат етілген әуесқойлық (спорттық) балық аулау қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының күзету аймағында тұратын жергілікті халықтың мұқтаждықтары үшін рұқсат етілген әуесқойлық (спорттық) балық аулау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-бабы 6) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      2. Заңның 43-1-бабының 1-тармағына сәйкес Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының (бұдан әрі – қорық) аумағында арнайы бөлінген учаскелерде күзету аймағында тұратын жергілікті халықтың мұқтаждықтары үшін мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған жағдайда биологиялық негіздеменің негізінде әуесқойлық (спорттық) балық аулауға жол беріледі.

      3. Қорықта әуесқойлық (спорттық) балық аулау Марқакөл көлінің Урунхайка селосына жанасып жатқан солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан учаскесінде ұйымдастырады.

      Учаскенің шекарасы шығыс және оңтүстік жағынан көлдің жағалау жиегімен өтеді, батыс шекарасы Тихушка өзені сағасы (оңтүстік-шығыс жағалау) мен "екінші Мүйіс" (солтүстік-шығыс жағалау) аралығындағы көл айдынында орналасқан. Көлдің жағалау жиегіне қатысты № 1 учаскенің батыс шекарасы көл айдынында 900 метрден 1500 метрге дейінгі қашықтықта өтеді. Учаскенің алаңы 615 гектар.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 21.01.2020 № 19 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Арнайы бөлінген учаскелерде әуесқойлық (спорттық) балық аулау, 1 мамырдан бастап 1 шілде қосылатын бағалы балық түрлерінің уылдырық шашу кезеңінен басқа, ағымдағы жылдың 15 ақпанынан бастап келесі жылдың 15 ақпанына дейінгі кезеңде жүргізіледі.

2. Әуесқойлық (спорттық) балық аулау тәртібі

      5. Әуесқойлық (спорттық) балық аулауға балық аулаушыда жеке басын куәландыратын құжаттар және әуесқойлық (спорттық) балық аулауға жолдама (бұдан әрі – жолдама) болған жағдайда жүргізіледі.

      6. Осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жолдаманы қорық әкімшілігі береді және осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша нөмірленген, тігілген және қорық әкімшілігінің мөрі басылған қорықта әуесқойлық (спорттық) балық аулауға жолдамалар беру журналына тіркейді.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 21.01.2020 № 19 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Жолдамалар нөмірленеді және қатаң есептілік құжаты болып табылады.

      8. Жолдама тұрғылықты жері бойынша жеке тұлғалардың тіркелгені және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 582-бабының 3-тармағында белгіленген мөлшерлемелер бойынша жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы төленгенін растайтын құжаттар және тұрғылықты жері бойынша жеке тұлғаларды тіркелуі болған жағдайда беріледі.

      Тұрғылықты жері бойынша жеке тұлғалардың тіркелгені "Үшінші тұлғаларға анықтама алу сервисі" автоматтандырылған қызметі арқылы "Қазақстан Республикасының "электрондық үкімет" порталында белгіленеді.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 21.01.2020 № 19 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Жолдама 7 күнтізбелік күнге дейін мерзімге беріледі, бір жолдамаға ауланатын балық көлемі 5 килограмнан аспайды.

      10. Жоғалған және пайдаланылмаған жолдама қалпына келтірілмейді және ұзартылмайды.

      11. Балық аулаушы әуесқойлық (спорттық) балық аулау басталар алдында қорықтың бақылау бекетінде тіркелу үшін осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген құжаттарды тапсырады.

      12. Арнайы бөлінген әуесқойлық (спорттық) балық аулау учаскелері жергілікті жерде әуесқойлық (спорттық) балық аулау орындары туралы ақпараты бар көрсеткіш белгілермен белгіленеді.

      13. Әуесқойлық (спорттық) балық аулау барлық жүйелер мен атаулардың (жылтырауық темір, қармақ, жерлицалар, спиннингтер) бір балық аулаушыға 5 данадан аспайтын ілгекті қармақтармен жүргізіледі.

      14. Балық аулаушы кестенің тиісті бағандарын толтырып, жолдамаға ауланған балықтың мөлшері мен түрлері туралы мәліметтер енгізеді.

      15. Балық аулаушының ауланған балығы бақылау бекетінде қорықтың мемлекеттік инспекторына көрсетіледі, ол жолдамаға енгізілген мәліметтердің дұрыстығын тексеріп, қол қою арқылы куәландырады. Бұл белгі ауланған балықты тасып әкетуге немесе алып кетуге негіз болып табылады.

  Марқакөл мемлекеттік табиғи
қорығының күзету аймағында
тұратын жергілікті халықтың
мұқтаждықтары үшін рұқсат
етілген әуесқойлық (спорттық)
балық аулау қағидаларына
1-қосымша

Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының күзету аймағында тұратын жергілікті халықтың мұқтаждықтары үшін рұқсат етілген әуесқойлық (спорттық) балық аулауды жүзеге асыру үшін Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының аумағында Марқакөл көлінің арнайы бөлінген учаскелерінің тізбесі

      Ескерту. 1-қосымша алып тасталды – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 21.01.2020 № 19 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Марқакөл мемлекеттік табиғи
қорығының күзету аймағында тұратын
жергілікті халықтың мұқтаждықтары
үшін рұқсат етілген әуесқойлық
(спорттық) балық аулау қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының күзету аймағында тұратын жергілікті тұрғындардың мұқтаждықтары үшін рұқсат етілген әуесқойлық (спорттық) балық аулауға
жолдама

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті

ТҮБІРТЕК №____

"Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы" РММ

Кімге берілді _____________

(Т.А.Ә.,бар болған кезде)

Мөлшері ___________________

(килограмм)

Балық түрі_________________

Су бөгені мен учаскенің атауы _____________________

Көлік _____________________

___________________________

(түрі, маркасы, мемлекеттік нөмір белгісі)

Қолданылу мерзімі:

20__жылғы "___" _____ бастап

20__жылғы "___" _____ дейін.

Берілген күні:

20_ жылғы "__" ______

Жолдаманы алдым,

Қағидалармен таныстым ____________________

(Балықшының Т.А.Ә., бар болған кезде)

___________________________

(қолы)

Жолдаманы берген___________

(Т.А.Ә., бар болған кезде)

__________________________

(қолы)

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті

ЖОЛДАМА №_______

"Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы" РММ

Кімге берілді _____________

(Т.А.Ә., бар болған кезде)

Мөлшері ___________________

(килограмм)

Балық түрі ________________

Су бөгені мен учаскенің атауы _____________________

Көлік _____________________

___________________________

(түрі, маркасы, мемлекеттік нөмір белгісі)

Қолданылу мерзімі:

20__жылғы "___" ____________ бастап

20__жылғы "___" _____________ дейін.

Берілген күні:

20__жылғы "__"______

МТҚ аумағына кіру кезінде көлікті тексерген инспектор

___________________________

___________________________

(Т.А.Ә., бар болған кезде, қолы)

МТҚ аумағынан шығу кезінде ауланған балық мөлшеріне бақылау жасаған инспектор

___________________________

(Т.А.Ә., бар болған кезде)

___________________________

(қолы)

ЖОЛДАМАНЫҢ сыртқы беті

Балық аулау туралы мәліметтер

Күні

Балық түрі

Мөлшері

(килограмм)




























ЖИЫНЫ:








Балық аулаушы ____________

__________________________

(Т.А.Ә., бар болған кезде)

__________________________

(қолы)

  Марқакөл мемлекеттік табиғи
қорығының күзету аймағында тұратын
жергілікті халықтың мұқтаждықтары
үшін рұқсат етілген әуесқойлық
(спорттық) балық аулау қағидаларына
3-қосымша

      Нысан

Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының күзету аймағында тұратын жергілікті тұрғындардың мұқтаждықтары үшін рұқсат етілген әуесқойлық (спорттық) балық аулауға жолдамалар беру журналы

р/с

Балық аулаушының Т.А.Ә.

(бар болған кезде)

Балық аулаушының тұрғылықты жері

Жолдама берілген күн

Жолдама нөмірі

Жолдаманың қолданылу мерзімі

Су айдыны мен учаскенің атауы

1

2

3

4

5

6

7


      кестенің жалғасы

Балық түрі

Мөлшері

Балық аулауды бақылайтын адам

(Т.А.Ж., бар болған кезде)

Қолдары

дана

килограмм

Жолдама беруші

Жолдама алушы

8

9

10

11

12

13


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады