Байланыс формасы

"Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган жедел резервінің материалдық құндылықтарымен операция жүргізу, олардың орнын ауыстыру, пайдалану, толықтыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 16 мамырдағы № 225 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 154 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 5 мамырда № 10934 тіркелді

      «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган жедел резервінің материалдық құндылықтарымен операция жүргізу, олардың орнын ауыстыру, пайдалану, толықтыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 16 мамырдағы № 225 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілер тізілімінде № 9508 тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 4 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      бұйрықтың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны мерзiмдi баспа басылымдарында және «Әдiлет» ақпараттық-құқықтық жүйесiнде жариялауды қамтамасыз етсін.»;
      бұйрықтың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасына (В.В. Петров) жүктелсін.»;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның жедел резервінің материалдық құндылықтарымен операция жүргізу, олардың орнын ауыстыру, пайдалану, толықтыру қағидаларында:
      1-тармақтың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «10) жедел резервті үйлестіруші - жедел резервтің материалдық құндылықтарымен операцияның жүргізілуін бақылауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы.»;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) міндеті жедел резервті құру және қолдану болып табылады.»;
      8-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар – Министрліктің Төтенше жағдайлар комитеті (бұдан әрі - Комитет) «Апаттар медицинасы орталығы» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - «Апаттар медицинасы орталығы» ММ) ведомстволық бағынысты ұйымдарында;
      2) техника, шатырлар, шаруашылық мүлкі, тамақ өнімдері, жанар-жағар май материалдары, заттай мүлік, гигиеналық құралдар, кеңсе тауарлары, байланыс құралдары – Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерінде (бұдан әрі – азаматтық қорғаныс әскери бөлімдері) сақталады.»
      10 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «10. «Апаттар медицинасы орталығы» ММ ведомстволық бағынысты ұйымдары, азаматтық қорғаныс әскери бөлімдері сақтауға берілген жедел резервтің материалдық құндылықтарының сапалық және сандық сақталуына жауапкершілікте болады.
      11. Жедел резервті шығару (пайдалану) Комитеттің ұсынысымен және одан әрі Ішкі істер министрінің немесе оның міндеттерін атқаратын министр орынбасарының шешімімен жүзеге асырылады.»;
      15 және 16-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «15. Мақсаты бойынша пайдаланғаннан кейін техника, шатырлар, шаруашылық мүлкі, байланыс құралдары тиісті техникалық қызмет көрсетуге (жөндеуге) және одан әрі жедел резервке салуға жатады.
      16. Жедел резервтің материалдық құндылықтарын сақтау орындарынан мақсаты бойынша пайдалану орындарына дейін және кері орнын ауыстыру Ішкі істер министрінің шешімі бойынша көлік құралдарымен жүзеге асырылады.»;
      19-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жедел резервтің материалдық құндылықтарының жарамдылық (сақтау) мерзімдері аяқталу кезеңінде немесе мақсатқа сай пайдаланғаннан кейін «Апаттар медицинасы орталығы» ММ басшылары және азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерінің командирлері жедел резервті үйлестірушінің атына оларды жаңартуға өтінім береді, онда жаңартуға жататын материалдық құндылықтарды жаңарту себебі, олардың тізбесі, көлемі (саны) және құны көрсетіледі.»;
      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «20. Берілген өтінімдер негізінде жедел резервті үйлестіруші Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің тиісті бұйрығын әзірлейді, онда жедел резервтің жаңартылатын материалдық құндылықтарын одан әрі пайдалану және толтыру тәртібі көрсетіледі.»;
      21-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «21. Жедел резервтің тамақ өнімдерін азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерінің ағымдағы үлесінің тамақ өнімдері есебінен тең мөлшерде жаңартуға рұқсат беріледі. Бұл ретте өнімдердің сол немесе өзге атауларының жарамдылық мерзімдеріне сәйкес жаңарту жоспарлылығы ескеріледі.»;
      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «22. Дәрілік заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды жаңарту «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығының «Запастарды есепке алу тәртібі» 8-тарауына және «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 79-бабына сәйкес жүзеге асырылады.».
      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті (В.В. Петров) заңнамамен белгіленген тәртіпте:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрықты мемлекеттiк тiркелгеннен кейін күнтiзбелiк он күн iшiнде оны мерзiмдi баспа басылымдарында және «Әдiлет» ақпараттық-құқықтық жүйесiнде ресми жариялауға жолдауды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары В.К. Божкоға жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр
      полиция генерал-лейтенанты                         Қ. Қасымов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады