Өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа қызметтер көрсету саласын дамыту үшін кейіннен меншікке өтеусіз бере отырып, мемлекеттік меншіктің пайдаланылмайтын объектілерін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мүліктік жалға (жалдауға) немесе сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы № 253 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 6 мамырда № 10955 тіркелді.

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 24.11.2022 № 87 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 120-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 24.11.2022 № 87 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа қызметтер көрсету саласын дамыту үшін кейіннен меншікке өтеусіз бере отырып, мемлекеттік меншіктің пайдаланылмайтын объектілерін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мүліктік жалға (жалдауға) немесе сенімгерлік басқаруға беру қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 24.11.2022 № 87 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның мерзiмдi баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшiлiк ететiн Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Ұлттық экономика


министрінің міндетін атқарушы

М. Құсайынов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрі

      ___________ Б. Сұлтанов

      2015 жылғы 3 сәуір



  Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 27 наурыздағы
№ 253 бұйрығымен
бекітілген

Өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа қызметтер
көрсету саласын дамыту үшін кейіннен меншікке өтеусіз бере
отырып, мемлекеттік меншіктің пайдаланылмайтын объектілерін
және олардың алып отырған жер учаскелерін шағын кәсіпкерлік
субъектілеріне мүліктік жалға (жалдауға) немесе сенімгерлік
басқаруға беру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 24.11.2022 № 87 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы Қағидалар "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және сауда-делдалдық қызметті қоспағанда, өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа қызметтер көрсету саласын дамыту үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік меншіктегі мемлекет пайдаланбайтын ғимараттарды, құрылыстарды, көлік құралдары мен жабдықтарды кейіннен меншікке өтеусіз бере отырып, мүліктік жалға алуға (жалдауға) немесе сенімгерлік басқаруға беру тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 24.11.2022 № 87 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) кепілдік жарнасы – тендерге қатысу үшін шағын кәсіпкерлік субъектілері енгізетін ақша сомасы.

      2) қатысушы – тендерге қатысу үшін осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен тіркелген шағын кәсіпкерлік субъектісі;

      3) объектілер – мемлекеттік меншіктегі мемлекет пайдаланбайтын ғимараттар, құрылыстар, көлік құралдары мен жабдықтар және ғимараттар мен құрылыстар алып отырған жер учаскелері;

      4) тендер – бұл Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі - аумақтық бөлімшелер) әкімдіктер коммуналдық мемлекеттік меншікке билік етуге уәкілеттік берген, тиісті жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер (бұдан әрі - атқарушы органдар) өздері қабылдаған бастапқы шарттардың негізінде ең жақсы шарт талаптарын ұсынатын тендерге қатысушылардың бірімен шарт жасасуға міндеттенетін тізілімнің веб-порталын пайдалана отырып, электрондық форматта өткізілетін объектілерді шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мүліктік жалға алуға (жалдауға) немесе сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі сауда-саттық нысаны;

      5) теңгерім ұстаушы – объект жедел басқару немесе шаруашылық жүргізу құқығында бекітілген мемлекеттік заңды тұлға;

      6) тізілімнің веб-порталы – www.gosreestr.kz мекенжайы бойынша Интернет желісінде орналастырылған, мемлекеттік мүлікті мүліктік жалға алуға (жалдауға) және мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру шарттары бойынша электрондық дерекқорға бірыңғай қол жеткізу нүктесін ұсынатын интернет-ресурс;

      7) электрондық құжат – ақпарат электрондық-цифрлық нысанда берілген және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;

      8) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдар терімі;

      3. Мемлекет бір жылдан астам уақытта мақсаты бойынша пайдаланбаған мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің (бұдан әрі - ұйымдар) объектілері шағын кәсіпкерлік субъектілеріне кейіннен меншікке өтеусіз бере отырып, бір жыл мерзімге мүліктік жалға алуға (жалдауға) немесе сенімгерлік басқаруға беріледі.

      4. Объектілерді беру тендер негізінде жүзеге асырылады.

2-тарау. Пайдаланылмайтын объектілер тізбесін қалыптастыру

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 24.11.2022 № 87 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Тендерге қойылатын пайдаланылмайтын объектілердің тізбесін ұйымдардың мемлекет бір жылдан астам уақыт пайдаланбаған, оның ішінде ұйымдар мүлкінің мақсатты пайдаланылуын тексерулер барысында анықталған мемлекеттік меншіктегі мүлкінің (ғимараттар, құрылыстар, көлік құралдары және жабдықтар) қатарынан:

      республикалық мемлекеттік меншікке қатысты - аумақтық бөлімшелер;

      коммуналдық мемлекеттік меншікке қатысты - атқарушы органдар қалыптастырады.

      6. Объектілерді тендерге қою аумақтық бөлімшенің (атқарушы органның) шешімі негізінде жүзеге асырылады және ұйымдардың мемлекеттік басқару органымен келісіледі.

      Республикалық мемлекеттік меншіктегі объектілерге қатысты аумақтық бөлімшелер Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен қосымша келіседі.

      7. Қалыптастырылған тізбенің негізінде аумақтық бөлімшелер (атқарушы органдар) тендерлер өткізу кестесін жасайды.

      8. Ұйымдар объектілер шағын кәсіпкерлік субъектілеріне берілгенге дейін олардың сақталуын қамтамасыз етеді.

3-тарау. Тендер өткізуге дайындық

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 24.11.2022 № 87 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Тендер өткізу үшін тұрақты жұмыс істейтін комиссиялар құрылады.

      Тендер комиссиясы мүшелерінің саны кемінде бес адамды құрайды.

      Аумақтық бөлімшелер, жергілікті атқарушы органдар, баланс ұстаушы, мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және өзге ұйымдардың өкiлдерi республикалық мемлекеттік меншіктегі объектілер бойынша комиссияның құрамына енгiзiледі. Аумақтық бөлімшенің өкілі комиссия төрағасы болып табылады.

      Жергілікті атқарушы органдар, баланс ұстаушы, мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және өзге ұйымдардың өкiлдерi коммуналдық мемлекеттік меншіктегі объектілер бойынша комиссияның құрамына енгiзiледі. Атқарушы органның өкілі комиссия төрағасы болып табылады.

      Комиссия:

      1) өз жұмысының регламентін әзірлейді және бекітеді;

      2) тендер шарттарын айқындайды;

      3) тендер өткізеді;

      4) тендер жеңімпазын айқындайды;

      5) осы Қағидаларда көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      10. Егер комиссия отырыстарына комиссия мүшелерінің кемінде 2/3-і қатысса, олар заңды болып табылады.

      Комиссия шешімдері қатысып отырған комиссия мүшелерінің қарапайым көпшілік дауысымен қабылданады, дауыстар тең болған кезде комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

      11. Тендер өткізуге дайындықты аумақтық бөлімшелер (атқарушы органдар) жүзеге асырады, олар:

      1) объектілердің техникалық жай-күйіне қарай, шарттың түрін (мүліктік жалға алуға (жалдауға) немесе сенімгерлік басқаруға беру) айқындайды;

      2) жалдау ақысының мөлшерін (объектілерді мүліктік жалға (жалдауға) беру кезінде) айқындайды;

      3) кепілдік жарна мөлшерін айқындайды;

      4) тендер өткізу күнін айқындайды;

      5) тендер өтетіні туралы хабарламаны уақтылы жариялауды жүзеге асырады;

      6) тендерге қатысушылардың өтінім білдіру шамасына қарай оларға беру үшін тендер құжаттамасы жиынтығын дайындауды жүзеге асырады;

      7) барлық тілек білдірушілерге тендер объектілері және өткізу шарттары туралы ақпаратқа еркін қолжетімділікті қамтамасыз етеді;

      8) түскен материалдарды комиссияның қарауына береді;

      9) осы Қағидаларда көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

4-тарау. Тендер құжаттамасы

      Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 24.11.2022 № 87 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Аумақтық бөлімше (атқарушы орган) тізілімнің веб-порталында тендер өткізу туралы хабарламаның, тендер өткізілгенге дейін кемінде күнтізбелік он бес күн бұрын мемлекеттік және орыс тілінде жариялануын қамтамасыз етеді.

      Тендер өткiзу туралы хабарлама мынадай мәліметтерді:

      1) тендер өткізу шарттарын;

      2) тендер объектісінің қысқаша сипаттамасын;

      3) тендер өткізу күнін, уақытын;

      4) жалдау ақысының мөлшерін (мүліктік жалға (жалдауға) беру кезінде);

      5) тендерге қатысуды ресімдеу тәртібін;

      6) кепілдік жарнаның мөлшерін және оны енгізу үшін банктік деректемелерді (кепілдік жарнаның мөлшері ақпараттық хабарлама жарияланғаннан кейін өзгертілмейді);

      7) тендер шарттарын қамтиды.

      13. Хабарламада белгіленген нысанда және тәртіппен, аумақтық бөлімшенің (атқарушы органның) шотына кепiлдiк жарна енгiзіледi.

      14. Кепiлдiк жарнаны:

      1) тендер өткiзілгенге дейін күнтізбелік үш күннен аз уақыт қалғанда оған қатысудан жазбаша бас тартқан жағдайда, тендерге қатысушыға;

      2) жеңімпаз тендер жеңiмпазының ұсыныстарына сай келетін талаптарда шарт жасасудан бас тартқан жағдайда, оған қайтармайды.

      Қалған барлық жағдайларда қатысушының деректемелері көрсетіле отырып, қатысушы өтінім берген күннен бастап он жұмыс күнінен кешiктiрілмейтін мерзiмде кепілдік жарналар қайтарылады.

      15. Тендер өткізу туралы хабарлама жарияланғаннан кейiн аумақтық бөлімше (атқарушы орган) тізілімнің веб-порталы арқылы объект туралы ақпаратқа еркін қол жеткізуді, баланс ұстаушы объектіні тексеруге еркін қатынауды қамтамасыз етеді.

      16. Комиссия тендердің шарттарын өзгерткен жағдайда, тендер өткізілгенге дейін кемінде күнтізбелік бес күн бұрын тізілімнің веб-порталында мемлекеттік және орыс тілдерінде барлық өзгерістер туралы хабарлама жариялануы тиіс.

      Тендер шарттарының өзгертілгені туралы хабарлама жарияланғанға дейін тендерге қатысуға өтінім берген және осыған байланысты тендерге қатысудан бас тартқан адамдар өтініш негізінде кепілдік жарнасын қайтаруды талап ете алады.

      17. Тендерге қатысушыларды тiркеу тендер өткiзу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және тендер өткiзiлгенге дейін жиырма төрт сағат бұрын аяқталады.

      18. Тендерге қатысу үшін қатысушы:

      1) жеке тұлғалар мен дара кәсіпкерлер үшін: жеке сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – ЖСН), тегін, атын, әкесінің атын (бар болса);

      2) заңды тұлғалар үшін: бизнес сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – БСН), толық атауын, бірінші басшының тегін, атын, әкесінің атын (бар болса);

      3) кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп айырысу шотының деректемелерін;

      4) байланыс деректерін (пошталық мекенжайы, телефоны, е-mail) көрсете отырып, тізілімнің веб-порталында алдын ала тіркелуі қажет.

      Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде қатысушы бір жұмыс күні ішінде тізілімнің веб-порталына енгізілген деректерді өзгертеді.

      19. Тендерге қатысушы ретінде тіркелу үшін қатысушының ЭЦҚ-мен қол қойылған осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша тендерге қатысуға өтінімді тізілімнің веб-порталында тіркеу қажет.

      20. Қатысушылар тізілімнің веб-порталында арнайы бөлінген электрондық конвертке жүктелетін тендерлік және бағалық ұсынысты қамтитын тендерге қатысу өтінімін төменде көрсетілген құжаттардың және тендер өткізу туралы хабарламада көрсетілген қатысушыға қойылатын талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттардың электрондық (сканерленген) көшірмелерін:

      1) жеке тұлғалар үшін: жеке басты куәландыратын құжат, жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің (дара кәсіпкер үшін), тұрғылықты жерiнен мекенжай анықтамасының;

      2) заңды тұлғалар үшін: заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың немесе куәліктің, жарғының;

      3) осы объектіде өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа қызмет көрсету жөніндегі бизнес-жоспарды;

      4) қолдаухат берілген күн алдындағы соңғы есепті күнгі жағдай бойынша шағын кәсіпкерлік субъектісінің бухгалтерлік балансын;

      5) шағын кәсіпкерлік субъектісімен бір адамдар тобына кіретін адамдардың тізбесін;

      6) кепілдік жарнаның аударылуын растайтын төлем тапсырмасының көшірмелерін қоса тіркейді.

      21. Тендерге қатысушылардың өтінімдері және оларға қоса берілетін электрондық (сканерленген) құжаттардың көшірмелері тізілімнің веб-порталы дерекқорында сақталады және тендер өткізу туралы хабарламада көрсетілген күн мен уақытқа дейін жүктеу мен қарау үшін қолжетімсіз болады.

      22. Қатысушының осы Қағидалардың 18 және 20-тармақтарында көрсетілген талаптарды сақтамауы, сондай-ақ тендер өткізу туралы хабарламада көрсетілген кепілді жарнаның түспеуі тізілімнің веб-порталының өтінімді қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

      23. Тізілімнің веб-порталы дерекқорында кепілді жарнаның түскені туралы мәліметтер болған жағдайда, тізілімнің веб-порталы өтінімді қабылдауды және қатысушыны тендерге жіберуді жүзеге асырады. Тізілімнің веб-порталы дерекқорында кепілді жарнаның түскені туралы мәліметтер болмаған жағдайда, тізілімнің веб-порталы қатысушының өтінімін кері қайтарады.

      Тізілімнің веб-порталы тізілімнің веб-порталында көрсетілген қатысушының электрондық мекенжайына өтінімді қабылдау не өтінімді қабылдаудан бас тарту себептері туралы электрондық хабарлама жібереді.

      24. Тендерге қатысушы:

      1) тендерге жеке өзі немесе тиісті түрде ресімделген сенімхаттың негізінде өзінің өкілдері арқылы қатысады;

      2) тендерге қойылатын объект бойынша қосымша мәліметтерді, нақтылауларды алады;

      3) объектіні алдын-ала қарайды;

      4) оның құқықтары бұзылған кезде сотқа жүгінеді;

      5) өзінің тендерге қатысуға арналған өтінімін бұл туралы комиссияға оны өткізгенге дейінгі үш күнтізбелік күннен кешіктірмей жазбаша хабарлай отырып, қайтарып алады.

      25. Егер өтінімдерді қабылдау мерзiмi аяқталған сәтте бiр ғана өтiнiм тіркелген болса (екiншi және келесi тендерлердi қоспағанда), комиссия тендерді өтпедi деп таниды. Өткізілмеген тендер туралы шешім тиісті хаттамамен ресімделеді.

      Өтінімдерді қабылдау мерзiмi аяқталған сәтте кемінде бiр өтiнiм тіркелген болса, екінші және кейінгі тендерлер өтті деп танылады.

      Тендер өтпеді деп танылған жағдайда тендерге қатысуға өтінімдерді ашу жүзеге асырылмайды және тендер өткізу туралы хабарламада көрсетілген күн мен уақыттан кейін жиырма төрт сағат ішінде аумақтық бөлімше (атқарушы орган) тендерді өтпеді тану туралы актіге қол қойып, тізілімнің веб-порталына орналастырады.

      26. Тендерге қатысуға өтінімдерді ашу тендер өткізу туралы хабарламада көрсетілген күн мен уақыттың басталуы бойынша тізілімнің веб-порталы арқылы автоматты түрде жүргізіледі.

      27. Тендерге қатысуға өтінімдерді комиссия мүшелері тендерді өткізу туралы хабарламада көрсетілген қатысушылар тиісті талаптарға сәйкес келетін қатысушыларды айқындау мақсатында тізілімнің веб-порталында қарайды.

      28. Комиссияның шешімі бойынша ұсыныстары тендер құжаттамасындағы барлық талаптарға сай келетін және тендер шарттарын орындау бөлігінде үздік болып табылатын қатысушы тендер жеңімпазы деп танылады.

      29. Қатысушылар ұсынған жалдау ақысының сомалары сәйкес келген (тең болған) жағдайда, комиссияның шешімімен тендерге қатысушыға өтінімді бұрын тіркеген қатысушы жеңімпаз болып танылады.

      30. Егер тізілімнің веб-порталы қабылдаған не комиссия тендерге қатысуға рұқсат берген тендерге қатысуға өтінімдер екеуден кем болса, объект жалғыз қатысушыға берілуі мүмкін екiншi және келесi тендерлердi қоспағанда, комиссия тендерді өтпедi деп таниды.

      31. Тендер нәтижелері туралы хаттамада мынадай деректер:

      1) комиссияның құрамы;

      2) тендердiң шарттары;

      3) объект туралы мәліметтер;

      4) тендерге қатысушылар туралы мәлiметтер мен олардың ұсыныстары;

      5) тендердiң жеңiмпазы туралы мәліметтер немесе жеңімпаздың болмауы себебін көрсете отырып, тендердің қорытындылары бойынша өзге шешім;

      6) шартқа қол қою бойынша тараптардың міндеттемелері қамтылады.

      32. Тендер нәтижелері туралы хаттама тізілімнің веб-порталында қалыптастырылып, оған комиссияның барлық мүшелері мен жеңімпаз тендер өткізілген күні ЭЦҚ-ны пайдалана отырып қол қояды.

      33. Тендер нәтижелерін және жеңімпаз бен аумақтық бөлімше (атқарушы орган) шартқа тендер нәтижесі болып табылатын шарттармен қол қою міндеттерін белгілейтін құжат тендер нәтижелері туралы хаттама болып табылады.

      34. Жеңімпаз шартқа қол қойған кезде көрсетілген құжаттардың, оның ішінде тендерге қатысу өтініміне тіркелген құжаттардың:

      1) заңды тұлғалар үшін: заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың немесе куәліктің, жарғының;

      2) жеке тұлғалар үшін: жеке басты куәландыратын құжаттың, жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің (жеке кәсіпкерлер үшін);

      3) заңды тұлға өкілі үшін - жеке басты куәландыратын құжаттың және заңды тұлға өкілінің өкілеттіктерін куәландыратын құжаттың түпнұсқасын аумақтық бөлімшеге (атқарушы органға) салыстырып тексеру үшін ұсынады.

      35. Тендердiң нәтижелерi туралы хаттаманың негiзiнде тендер жеңiмпазының ұсыныстарына сай келетін талаптарда жеңімпазбен шарт жасалады.

      Тендер жеңімпазын айқындайтын тендер нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей бір жыл мерзімге аумақтық бөлімшенің (атқарушы органның) басшысы не оның міндетін атқаратын адам тендер жеңімпазымен шарт жасасады және тізілімнің веб-порталында мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгіленген нысандар бойынша тіркеуге жатады.

      36. Жеңімпаз белгіленген мерзімде шартқа қол қоймаған жағдайда, комиссия жаңадан тендер өткізу туралы шешім қабылдайды.

5-тарау. Тендер нәтижелерін ресімдеу және шарттың мазмұны

      Ескерту. 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 24.11.2022 № 87 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      37. Белгіленген тәртіппен ғимараттар (құрылыстар, ғимараттар) мүліктік жалға (жалдауға) немесе сенімгерлік басқаруға тапсырылған жағдайда, Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 43 және 52-баптарына сәйкес олармен бірге көрсетілген мүлік алып отырған және белгіленген нормаларға сәйкес оны пайдалану үшін қажет жер учаскесі жалға беріледі.

      38. Шарт мынадай ережелерді қамтиды:

      1) шағын кәсіпкерлік субъектісіне берілетін объектінің техникалық сипаттамалары туралы деректер;

      2) объектіні пайдаланғаны үшін төлемақы енгізу тәртібі мен мерзімдері (мүліктік жалға (жалдауға) берген кезде);

      3) аумақтық бөлімшенің (атқарушы органның) және бизнес-жоспарға сәйкес алынған шағын кәсіпкерлік субъектісінің құқықтары мен міндеттері (мүлікті сенімгерлік басқаруға берген кезде);

      4) аумақтық бөлімшенің (атқарушы органның) және шағын кәсіпкерлік субъектісінің құқықтары мен міндеттері (мүлікті мүліктік жалға (жалдауға) берген кезде);

      5) сенімгерлік басқарушының есеп беру мерзімдері мен нысандары;

      6) шартты мерзімінен бұрын бұзу негіздемесі мен талаптары қамтылады.

      39. Шартқа қол қойылғаннан кейін жеті жұмыс күні ішінде баланс ұстаушы тендер жеңімпазы тіркеу есебінде тұрған мемлекеттік кірістер органын бір уақытта хабардар ете отырып, аумақтық бөлімше (атқарушы орган) бекітетін объектіні мүліктік жалға (жалдауға) немесе сенімгерлік басқаруға беру туралы қабылдау-беру актісі бойынша объектіні тендер жеңімпазына береді.

      Ғимарат пен құрылысты мүліктік жалға (жалдауға беру) шарты мемлекеттік тіркелуге жатады және осындай тіркеу сәтінен бастап шарт жасалған деп саналады.

      Тендер жеңімпазының кепілдік жарнасы мүліктік жалға беру шарты бойынша тиесілі төлемдердің есебіне жатады.

      40. Қабылдау-тапсыру актісінде мыналар:

      1) акт жасалған орны мен күні;

      2) өкiлдері оларға сәйкес тараптардың мүдделерiн бiлдiруге уәкiлеттi құжаттардың атауы мен деректемелері;

      3) объектіні беру жүргізілетін шарттың нөмiрi мен қол қойылған күнi;

      4) берiлетiн объектiнiң атауы, орналасқан орны, анықталған ақаулардың тiзбесімен бірге, оның техникалық сипаттамасы мен жай-күйі көрсетіледі.

6-тарау. Объектіні меншікке беру тәртібі

      Ескерту. 6-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 24.11.2022 № 87 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      41. Шарттың талаптары орындалмаған кезде аумақтық бөлімше (атқарушы орган) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 24-тарауына сәйкес шартты бұзады және комиссияға алдын ала хабарлама жібере отырып, объектіні тендерге қайта қояды.

      42. Шарт бұзылған жағдайда шағын кәсіпкерлік субъектісіне жалға алынған объект үшін зиян келтірместен бөлінбейтін, ол өз қаражаты есебінен жүргізген жақсартулардың құны өтеледі.

      43. Объектінің сақталуын қамтамасыз етпеу, оны мақсатты пайдаланбау және т.б. салдарынан зиян келтірілген жағдайда шағын кәсіпкерлік субъектісі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 27-тарауына сәйкес келтірілген материалдық залалды өтейді.

      44. Шарттың мерзімі аяқталғаннан кейін және оның талаптары толық орындалған кезде аумақтық бөлімше (атқарушы орган) объектінің шағын кәсіпкерлік субъектісінің тіркеу есебінде тұрғанын мемлекеттік кірістер органына хабарлай отырып, оны шағын кәсіпкерлік субъектісінің меншігіне өтеусіз беру туралы шешім қабылдайды.

      Объект алып отырған жер учаскелерін өтеусіз беру жөнінде шешім қабылдау Қазақстан Республикасының Жер кодексiнің 32 және 33-баптарына сәйкес жүзеге асырылады.

      45. Объектіні шағын кәсіпкерлік субъектісінің меншігіне беру қабылдау-беру актісімен және объектіні өтеусіз беру туралы шартпен ресімделеді.

      Мәмілені тіркеу "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

      46. Аумақтық бөлімше (атқарушы орган) объектіні шағын кәсіпкерлік субъектісінің меншігіне өтеусіз беру туралы шарт жасалған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде салық төлеуші - шағын кәсіпкерлік субъектісі тіркеу есебінде тұрған мемлекеттік кірістер органын объектіні шағын кәсіпкерлік субъектісінің меншігіне өтеусіз беру туралы хабардар етеді.

  Өндірістік қызметті
ұйымдастыру және халыққа
қызметтер көрсету саласын
дамыту үшін мемлекеттік
меншіктің пайдаланылмайтын
объектілерін кейіннен меншікке
өтеусіз бере отырып, шағын
кәсіпкерлік субъектілеріне
мүліктік жалға (жалдауға)
немесе сенімгерлік басқаруға
беру қағидаларына
қосымша
Нысан

Өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа қызметтер көрсету саласын дамыту үшін мемлекеттік меншіктің пайдаланылмайтын объектілерін кейіннен меншікке өтеусіз бере отырып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мүліктік жалға (жалдауға) немесе сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі тендерге қатысуға
ӨТІНІМ

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 24.11.2022 № 87 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа қызметтер көрсету саласын дамыту

      үшін мемлекеттік меншіктің пайдаланылмайтын объектілерін кейіннен меншікке

      өтеусіз бере отырып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мүліктік жалға (жалдауға)

      немесе сенімгерлік басқаруға беру қағидаларымен таныса отырып,

      __________________________________________________________________________

      (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) немесе заңды тұлғаның атауы

      және заңды тұлға басшысының немесе сенімхат негізінде әрекет ететін өкілінің тегі,

      аты, әкесінің аты (болған жағдайда) www.gosreestr.kz мемлекеттік мүлік тізілімінің

      веб-порталында 20 __ "___" _____ өтетін тендерге қатысуға ниет білдіреді.

      2. Мен (біз) тендерге қатысу үшін Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

      Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің бірыңғай аумақтық бөлімшесінің

      немесе әкімдіктер коммуналдық мемлекеттік меншікке билік етуге уәкілеттік берген

      тиісті жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекеменің есеп

      айырысу шотына жалпы сомасы ___________________ теңге (цифрлармен) (сомасы

      жазумен) кепілдік жарна (жарналар) (саны) енгіздім (енгіздік).

      Кепілдік жарна енгізілген объектілер туралы мәліметтер:

Р/с №

Объектінің атауы

Аударуға жататын кепілдік жарнаның сомасы, теңге

1



2




Жиыны


      Енгізілген кепілдік жарналар туралы мәліметтер:

№ Пр/с

Кепілдік жарнаның мақсаты және тендерге қатысу үшін кепілдік жарна енгізілген объектінің атауы

Төлем құжатының №

Төлем құжатының күні

Кепілдік жарнаның сомасы, теңге

1





2






Жиыны




      3. Тендерге қатысушыға (жалға алушыға, сенімгерлік басқарушыға) қойылатын

      талаптарға менің (біздің) сәйкес келмейтінім (-із) анықталған жағдайда, менің (біздің)

      тендерге қатысу құқығынан айырылатыныма (-ызға), мен (біз) қол қойған тендер

      нәтижелері туралы хаттама және мүліктік жалға (жалдауға) немесе сенімгерлік

      басқаруға беру шартының жарамсыз деп танылатынына келісемін (-із).

      4. Егер мен (біз) тендердің жеңімпазы (-дары) болып айқындалған жағдайда, өзіме

      (-ізге) тендердің өткізілу күні тендердің нәтижелері туралы хаттамаға қол қоюға және

      тендердің өткізілу күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде мүліктік жалға (жалдауға)

      немесе сенімгерлік басқаруға беру шартына қол қою міндеттемелерін аламын (-ыз).

      5. Мен (біз) мынадай:

      1) тендер нәтижелері туралы хаттамаға қол қоюдан бас тартқан;

      2) белгіленген мерзімде мүліктік жалға алу (жалдау) немесе сенімгерлік басқару

      шартына қол қоюдан бас тартқан жағдайларда енгізген кепілдік жарнаның сомасы

      қайтарылмайтынына және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік

      мүлік және жекешелендіру комитетінің аумақтық бөлімшесінде немесе әкімдіктер

      коммуналдық мемлекеттік меншікке билік етуге уәкілеттік берген, тиісті жергілікті

      бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемеде қалатынына келісемін (-із).

      6. Осы өтінім тендердің нәтижелері туралы хаттамамен бірге мүліктік жалға алу

      (жалдау) немесе сенімгерлік басқару шарты жасалғанға дейін қолданылатын шарт

      күшіне ие болады.

      7. Өзім туралы мынадай мәліметтерді ұсынамын (-ыз):

      Заңды тұлға үшін:

      Атауы ____________________________________________________________________

      Бизнес сәйкестендіру номері_(БСН)

      _________________________________________________________________________

      Басшының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      _________________________________________________________________________

      Мекенжайы: ______________________________________________________________

      Телефон (факс) нөмірі:______________________________________________________

      Банк деректемелері:

      Жеке сәйкестендіру коды

      _________________________________________________________________________

      Банк сәйкестендіру коды

      _________________________________________________________________________

      Банк атауы _______________________________________________________________

      Бенефициар коды

      _________________________________________________________________________

      Өтінімге мыналар:

      1)________________________________________________________________________

      2)________________________________________________________________________

      3)________________________________________________________________________

      4)____________________________________________________________қоса беріледі.

      Жеке тұлға үшін:

      Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      __________________________________________________________________________

      Жеке сәйкестендіру нөмірі

      __________________________________________________________________________

      Төлқұжат деректері_________________________________________________________

      Мекенжайы:_______________________________________________________________

      Телефон (факс) нөмірі:_____________________________________________________

      Банк деректемелері:

      Жеке сәйкестендіру коды

      __________________________________________________________________________

      Банк сәйкестендіру коды

      __________________________________________________________________________

      Банктің атауы______________________________________________________________

      Бенефициар коды

      __________________________________________________________________________

      Өтінімге мыналар:

      1)________________________________________________________________________

      2)________________________________________________________________________

      3)___________________________________________________________ қоса беріледі.

      (қолы) (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) немесе заңды

      тұлғаның атауы және заңды тұлғаның сенімхат негізінде әрекет ететін басшысының

      немесе өкілінің тегі, аты, әкесінің аты)

      20 __ жылғы "___" ____________

      Мөр орны (болған жағдайда)

      Өтінімді мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталы қабылдады.

      20__ жылғы "__" _______ _ _ _ _ _ сағат _ _ _ минут

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады