Салыстырмалы талдау әдісін қолдана отырып тарифтерді есептеу әдістемесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 221 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 8 мамырда № 10990 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 21 шілдедегі № 548 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 21.07.2015 № 548 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-1-бабы 2) тармақшасына және 15-2-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Салыстырмалы талдау әдісін қолдана отырып тарифтерді есептеу әдістемесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден кейін күнтізбелік он күн ішінде «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде және мерзімдік баспасөз басылымдарында ресми жариялауды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі             Е. Досаев

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Энергетика министрі
      ______________ В. Школьник
      2015 жылғы «____» ________

Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 18 наурыздағы
№ 221 бұйрығымен 
бекітілген      

Салыстырмалы талдау әдісін қолдана отырып тарифтерді есептеу
әдістемесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Салыстырмалы талдау әдісін қолдана отырып тарифтерді есептеу әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 15-2-бабына сәйкес әзірленді.
      2. Әдістеменің мақсаты өңірлік электр желілік компаниялар желілері арқылы электр энергиясын беру және тарату бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтерге, олардың өндірістік және қаржылық қызметінің тиімділігін арттыруға жәрдемдесетін салыстырмалы талдау әдісін қолдана отырып, тарифтерді есептеу тетігін айқындау болып табылады.
      3. Әдістеме уәкілетті органның өңірлік электр желілік компаниялардың қызметіне салыстырмалы талдау жүргізу, салыстырмалы талдау әдісін қолдана отырып, электр энергиясын беру және тарату бойынша көрсетілетін қызметтерге өңірлік электр желілік компаниялардың тарифтерін есептеу рәсімдерін айқындайды.
      4. Салыстырмалы талдау әдісі:
      1) өңірлік электр желілік компаниялардың қызметі тиімділігінің басқа өңірлік электр желілік компаниялардың қызметімен салыстырмалы талдау нәтижесінде өлшемдерін айқындауды;
      2) әр өңірлік электр желілік компания үшін осы Әдістемеге сәйкес тиімділіктің белгілі бір өлшеміне түзетілген, тарифте шығындарды ескеру арқылы қызмет тиімділігін арттыру бойынша міндетті белгілеуді;
      3) өңірлік электр желілік компаниялардың тарифінде амортизациялық аударымдар мен пайданы қоса инвестициялық құрамдасты есептеуді көздейді.

2. Өңірлік электр желілік компаниялардың жұмыс істеу
тиімділігін салыстырмалы талдау үшін көрсеткіштерді таңдау

      5. Өңірлік электр желілік компаниялар ұсынған ақпараттан өңірлік электр желілік компаниялардың жұмыс істеу тиімділігіне салыстырмалы талдау жүргізу үшін көрсеткіштерді: нәтижелілік және факторлық белгілерді таңдау жүзеге асырылады.
      Салыстырмалы талдау кейінгі төрт және одан астам жылдары тарифті бірінші жылы бекіткенде салыстырмалы талдау жүргізу кезінде пайдаланылған сол факторлық белгілердің негізінде жүргізіледі. Факторлық белгілердің мәндері негіздеуші материалдармен расталған алдыңғы күнтізбелік жылдағы өндірістік және қаржылық көрсеткіштері туралы ақпараттың негізінде анықталады.
      6. Әрбір өңірлік электр желілік компанияның нәтижелілік белгісі оның қызметінің тиімділігін тікелей көрсетеді және барлық өңірлік электр желілік компаниялардың қызметтерінің өткен талданатын кезең үшін жиынтық тиімділігінің нәтижелерге ықпал ету шамасын жанама көрсетеді және келесі жылдарға тарифті түзету үшін қолданылады. Салыстырмалы талдаудың нәтижелілік белгісі (шығу факторы) электр энергиясын беру және тарату қызметтерін көрсетуге арналған (өңірлік электр желілік компаниялардың бақыланбайтын шығындары мен амортизацияны қоспағанда) алдыңғы күнтізбелік жылдағы өңірлік электр желілік компаниялардың нақты шығындары болып табылады.
      7. Өңірлік электр желілік компаниялардың тиімді жұмыс істеуіне салыстырмалы талдаудың факторлық белгілері (кіру деректері) нәтижелілік белгінің (шығу деректері) шамасына және ресурстарды пайдаланудың нәтижелілігінің деңгейіне елеулі әсер ететін белгілер болып табылады. Факторлық белгілер ретінде мына көрсеткіштер пайдаланылады:
      1) қызмет көрсету аумағының алаңы;
      2) қосылған тұтынушылар (абоненттер) саны;
      3) электр берілісі желілерінің жалпы ұзындығы;
      4) күштік трансформаторлар саны;
      5) күштік трансформаторлардың жалпы қуаты;
      6) электр желілеріндегі жыл бойы тіркелген ең көп жүктеме;
      7) өткен күнтізбелік жыл ішінде электр желілеріндегі электр энергиясының нақты ысыраптары;
      8) күнтізбелік жыл ішінде электр энергиясын беру көлемі.

3. Өңірлік электр желілік компаниялардың жұмыс істеу
тиімділігін салыстырмалы талдау

      8. Салыстырмалы талдауды жүргізу үшін өңірлік электр желілік компаниялар тобының нәтижелілік белгілерінің жиынтығы мынадай түрде беріледі:

      Yi = y1, y2, …, yn                   (1),

      ұндағы:
      і = 1, 2,.7.., n – топтағы өңірлік электр желілік компаниялардың саны;
      y1, y2, …, yn – бақыланбайтын шығындар мен амортизацияны шегере отырып, күнтізбелік жыл ішінде қызметтер көрсетуге жұмсалған өңірлік электр желілік компаниялардың нақты шығындары (тиімділік белгісі).
      9. Салыстырмалы талдауды жүргізуге арналған өңірлік электр желілік компаниялар тобының факторлық белгілерінің жиынтығы мәндер матрицасы түрінде беріледі:

      (2),

      мұндағы:
      і = 1, 2,.., n – топтардағы өңірлік электр желілік компаниялардың саны;
      m – салыстырмалы талдауда пайдаланылатын факторлық белгілерді бірдейлендіргіш;
      xmi – өңірлік электр желілік компаниялардың і-бойынша m факторлық белгісінің мәні.
      10. өңірлік электр желілік компаниялардың жұмыс істеуінің тиімділігін салыстырмалы талдау өңірлік электр желілік компаниялардың тобы бойынша регрессиялық тәуелділікті құру жолымен жүзеге асырылады.
      Барлық өңірлік электр желілік компаниялар бір топқа құрылады.
      11. Регрессиялық талдауды жүргізу Ү нәтижелілік белгісі мен Хm факторлық белгілер жиынтығы арасындағы талдамалық тәуелділікті алудан тұрады:

      Y = a0 + a1X1 + a2X2 + … + amXm (3),

      мұндағы:
      m – салыстырмалы талдауда пайдаланылатын факторлық белгілердің бірдейлендіргіші;
      а0, а1, а2, аm - Хm факторлық белгісінің әрбірімен Ү нәтижелілік белгісінің байланысын анықтайтын регрессия коэффициенті.
      12. Регрессиялық талдау мынадай тәртіппен жүргізіледі:
      1) Регрессия теңдеуінің коэффициенттерін теңдеулер жүйесін шешу жолымен алу:

      (4);

      2) Регрессияның алынған теңдеуінің статистикалық анықтығы мен коэффициенттер мәнділігін тексеру;
      Регрессиялық талдауды жүргізу үшін МS Excel «Талдау пакеті» баптауының «Регрессия» режимі пайдаланылады.
      13. Мыналар регрессиялық талдау нәтижесі болып табылады:
      1) әрбір өңірлік электр желілік компаниялар үшін: Х салыстырмалы талдаудың факторлық белгілері мен Ү нәтижелілік белгісінің мәндері арасындағы сәйкес регрессиялық тәуелділіктің болжанған нәтижелілік белгісінің мәні (y1нәт, y2нәт, …, ynнәт) - регрессиялық тәуелділікке кірмеген Ү нәтижелілік белгісінің қалдықтарының мәндері y1қалд, y2қалд, …, ynқалд.

      уi = yiнәт•уіқалд                      (5);

      2) әрбір факторлық белгі үшін: регрессия коэффициенттерінің мәні (а0, а1, а2, …, аm), регрессия коэффициенттерінің стандартты қателіктері (a0, a1, a2, …, am) және регрессия коэффициенттерінің мәнділігін сипаттайтын t-критерийдің мәнділік деңгейінің Р-мәндері (p0, p1, p2, …, pm).

      рm = Стьюдент таратуы (tai)            (6),

      мұндағы:

                                      (7);

      3) регрессия сапасын (нақтылығын) сипаттайтын және мына формула бойынша анықталатын R2 көрсеткіші:

                                      (8),

      мұндағы:

       – мына формула бойынша есептелетін, негізі, сол сияқты қалдық факторлардың әсерін бейнелейтін Ү нәтижелілік белгісінің жалпы дисперсиясы:

                               (9),

      мұндағы: уср – Ү нәтижелілік белгісінің орташа мәні:

      

      ф – мына формула бойынша есептелетін, тек негізі факторлардың әсерін бейнелейтін Ү нәтижелілік белгісінің факторлық дисперсиясы:

                            (10)

      о – мына формула бойынша есептелетін, тек қалдық факторларға әсерін бейнелейтін Ү нәтижелілік белгісінің қалдық дисперсиясы:

                              (11);

      4) R2 статистикалық мәнділігін тексеру жолымен регрессияның алынған теңдеуінің барабарлығын анықтайтын Фишердің F-критерийінің Мәнділік деңгейінің мәні.
      14. Регрессия теңдеуінің статистикалық анықтығын және регрессия теңдеуінің коэффициентінің мәнділігін тексеру.
      1) Егер Ү операциялық шығындарының кемінде 85% вариациясы X факторлық белгілерінің вариациясымен түсіндірілсе, Ү нәтижелілік белгісі және белгіленген X факторлық белгілерінің арасындағы регрессиялық тәуелділік анық деп қабылданады. Әлемдік практикада қабылданған ережелерге сәйкес регрессияның анықтық көрсеткішінің R2 мәні 0,85-тен кем болмауға тиіс.

      R2 > 0,85                            (12);

      2) егер F – критерийінің мәнділігі мәнділік (дәлдік) деңгейінен 10%-ға аспаса, Ү нәтижелілік белгісінің болжалған мәнінің деңгейін түсіндіретін X салыстыру талдауының факторлық мәндерін таңдау дұрыс деп саналады.

      F мәнділігі < 0,1 (13)

      F мәнділігі = Фишердің таратуы (F)   (14)

      мұндағы:                       (15);

      3) а0, а1, а2,..., аm регрессиясының коэффициенттері егер:
      - регрессия коэффициентінің стандартты қателіктерінің мәндері (a0, a1, a2, …, am) регрессияның өз коэффициенттерінің тиісті мәндерінен кем болса (а0, а1, а2,..., аm);

      a0, a1, a2, …, am < а0, а1, а2,..., аm (16)

      - t-критерийінің мәнділік деңгейлерінің Р-мәні (р0, p1, р2, …, pm) мәнділік деңгейінен 20% кем болса объективті (мәнді) деп қабылданады

      р0, p1, р2, …, pm < 0,2             (17).

      15. Егер X факторлық белгілерінің жиынтығы статистикалық мәнді регрессиялық үлгіні алуға мүмкіндік бермесе, тиімділік белгісіне қатынасы бойынша факторлық белгінің түрлі жинағымен бірнеше регрессиялық үлгі құрылады.
      16. Тарифтерді есептеу үшін ынталандырушы ықпал жасау (бұдан әрі - X-факторының коэффициенті) жыл сайын анықталады, ол R2 алынған анықтық коэффициенттерін ескеріп әрбір желілік компанияның тиімділік белгісі қалдығының мәніне регрессиялық үлгі құру жолымен алынған болжалған тиімділік белгі мәндерінің арақатынасынан 20%-ды құрайды.

                              (18),

      мұндағы:
      yiнәт – X салыстыру талдауының факторлық белгілері мен Ү нәтижелі белгісі арасындағы регрессиялық тәуелділікке сәйкес келетін болжалданған тиімділік мәндері;
      уiқалд – өңірлік электр желілік компаниялар тобының і тиімділік белгісінің қалдық мәні;
      і = 1, 2,..., n – топтағы өңірлік электр желілік компаниялардың саны.
      0,85 < R2 < 1 - топтағы регрессиялық талдаудың анықтық көрсеткіші.
      17. Бірнеше регрессиялық үлгі құрылған жағдайда Х-фактор әрбір үлгіден алынған Х-факторлардың орташа мәні ретінде анықталады.

                           (19),

      мұндағы:
      kijx – j-үлгідегі і-нің өңірлік электр желілік компаниялардың Х-факторының коэффициенті;
      j – топтағы құрылған үлгілер саны.
      18. Нәтижелілік белгінің соңғы көрсеткіштерін (ынталандырушы ықпал жасау X-фактор коэффициентінің деңгейін) уәкілетті орган өзінің ресми интернет-ресурсында ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына дейін жариялайды.

4. Салыстырмалы талдау әдісін қолдана отырып тарифтерді есептеу

      19. Салыстырмалы талдау әдісін қолдана отырып тариф әр өңірлік электр желілік компания үшін жылдарға бөліп бес және одан астам жылдарға бекітіледі және оның қызметінің тиімділігін ескере отырып жыл сайын түзетіледі.
      20. өңірлік электр желілік компаниялардың желілері арқылы электр энергиясын беру және тарату қызметтеріне арналған тариф бірінші жылға мына формула бойынша анықталады:

              (20),

      мұндағы:
      у – өңірлік электр желілік компаниялардың бекітілген тарифте қабылданған күнтізбелік жылға есептелген электр энергиясын беру және тарату бойынша қызметтерді көрсетуге арналған шығындары (бақыланбайтын шығындары мен амортизацияны шегергенде);
      kх – Х-фактордың коэффициенті;
      kоmр – тиісті жылға арналған Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамында көзделген тұтынушы бағаларының болжамды индексі;
      Абж – бірінші жылға негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің жоспарланып отырған аммортизациялық аударымдары;
      Рбж – бірінші жылға өңірлік электр желілік компаниялардың қолданысқа енгізілген активтерінің реттелетін базасына арналған пайда деңгейі;
      убақыл – бірінші жылға жоспарланып отырған бақыланбайтын шығындар;
      Wбж – бірінші жылға арналған өңірлік электр желілік компаниялардың желілері арқылы электр энергиясын берудің жоспарлы көлемі.
      21. Келесі әр жылға өңірлік электр желілік компаниялардың желілері арқылы электр энергиясын беру және тарату бойынша қызметтер тарифі мына формула бойынша анықталады:

            (21),

      мұндағы:
      у – өңірлік электр желілік компаниялардың алдағы жылға электр энергиясын (бақыланбайтын шығындары мен амортизацияны шегергенде) беру және тарату жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған нақты шығындары;
      kх – Х-факторының коэффициенті;
      Ааж – тариф айқындалатын тиісті жылға негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің жоспарлы аммортизациялық аударымдары;
      Раж – тариф айқындалатын тиісті жылға өңірлік электр желілік компаниялар қолданысқа енгізілген активтерінің реттелетін базасына арналған пайда деңгейі;
      убақыл – тариф айқындалатын тиісті жылға арналған жоспарлы бақыланбайтын шығындар;
      Wаж – тариф айқындалатын тиісті жылға өңірлік электр желілік компаниялардың желілері арқылы электр энергиясын берудің жоспарлы көлемі;
      kотр – тиісті жылға арналған Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамында көзделген тұтынушы бағаларының болжалды индексі.
      22. Өңірлік электр желілік компаниялардың желілері арқылы электр энергиясын берудің жоспарланған көлемі өңірлік электр желілік компаниялармен ұсынған ниет хаттамаларының көшірмелері мен электрондық және қағаз жеткізгіштердегі тұтынушылармен шарттардың негізінде айқындалады.
      Тарифтерге көлемдердің маусымдық ауытқуларының әсерін алып тастау мақсатында негіздемеге мұндай есептеу салықтық есеп ұстанымынан мақсатқа сай келмеу жағдайларын қоспағанда, бір жылға арналған есеппен деректер қабылданады.
      Базаға реттеліп көрсетілетін қызметтердің Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8642 нөмірімен тіркелген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 19 шілдедегі № 215-НҚ бұйрығымен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) және тарифтік сметаларды бекіту қағидаларының 35-тармағына сәйкес материалдарды ұсынар алдындағы төрт тоқсанға немесе өткен күнтізбелік жылға арналған нақты көлемдері қабылданады.
      Нақты көлемдермен салыстырғанда реттеліп көрсетілетін қызметтер көлемін төмендету кезінде төмендеуді негіздейтін және растайтын материалдар ұсынылады.
      23. Өңірлік электр желілік компаниялардың бақыланбайтын шығындарына өңірлік электр желілік компаниялардың шамасына тікелей ықпалын тигізе алмайтын шығындар жатады. Өңірлік электр желілік компаниялардың бақыланбайтын шығындары салық (еңбекке ақы төлеуге арналған шығындар деңгейіне байланысты салықтарды алып тастағанда), электр энергиясын беру және тарату кезінде технологиялық шығыстардың өтемақысына арналған шығындар, жүйелік оператордың қызметіне төлем, «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 15-3-бабының 2 және 3-тармақтарына сәйкес бекітілген «Табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасын (жобасын) бекіту және оны түзету қағидаларына сәйкес өңірлік электр желілік компаниялармен инвестициялық бағдарламасын іске асыру үшін қарыз қаражаттарға сыйақы төлеуге арналған шығыстар және форс-мажорлық жағдайлардың нәтижесінде туындаған шығындар болып табылады. Бақыланбайтын шығындар нәтижелілік белгілерінен алып тасталады.
      24. Өңірлік электр желілік компаниялардың бақыланбайтын шығындары өңірлік электр желілік компаниялар ұсынған негіздеуші материалдардың электр энергиясын беру және тарату бойынша қызметтерге арналған өңірлік электр желілік компаниялардың тарифтерінде ескеріледі.
      25. Салықтар төлем мөлшерлемлеріне, тәртібіне және шаттарына сәйкес айқындалады.
      Инвестициялық жобаны іске асыру үшін ұлттық валютамен алынған қарыз қаражаттары бойынша сыйақы төлеу шығыстары тарифті (бағаны, алым мөлшерлемесін) есептеу кезінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың 2 еселік ресми мөлшерлемесі қолданылып есептелген соманың шегінде ескеріледі.
      Инвестициялық жобаны іске асыру үшін шетелдік валютамен алынған қарыз қаражаттары бойынша сыйақы төлеу шығыстары тарифті (бағаны, алым мөлшерлемесін) есептеу кезінде Лондон банкаралық нарығының 4 еселік мөлшерлемесі қолданылып есептелген соманың шегінде ескеріледі.
      Шетелдік валютамен алынған қарыз қаражаттары үшін сыйақы Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштерінің және Қазақстан Республикасының республикалық бюджетінің болжамды көрсеткіштерінің негізінде теңге бағамының шетелдік валютаға қатысты болжамды өзгерісін ескере отырып, тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) кезең шығыстарында ескеріледі.
      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру мөлшерлемесі мен және Лондон банкаралық нарығының мөлшерлемесі табиғи монополия субъектісінің тарифін (бағасын, алым мөлшерлемесін) және тарифтік сметаларды бекіту жөнінде шешім қабылдау күніне қолданылады.
      26. Негізгі құралдардың амортизациялық аударымдары мен материалдық емес активтері есептеудің тікелей (тегіс) әдісі бойынша есептеледі. Негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің тозуын есептеудің тікелей (тегіс) әдісін қолдану уәкілетті органмен келісілмей жүзеге асырылады. Амортизацияны есептеудің өзге де әдістерімен амортизацияны қолдану және есептеу белгіленген тәртіппен уәкілетті органмен келісіледі.
      27. Тарифті есептеген кезде ескерілетін пайда Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2154 нөмірімен тіркелген Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 27 қаңтардағы № 17-НҚ бұйрығымен бекітілген Сумен жабдықтауға және (немесе) суды бұруға және энергетика секторындағы табиғи монополия субъектілеріне қызмет көрсететін табиғи монополия субъектілері үшін іске қосылған активтердің реттелетін базасына арналған пайда (таза табыс) ставкаларын есептеу жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес айқындалады.
      28. Жүргізілген салыстырмалы талдау әдісі және өңірлік электр желілік компаниялардың желілері арқылы электр энергиясын беру және тарату бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтер есептеу нәтижелері осы Әдістеменің қосымшасына сәйкес нысан бойынша ресімделеді.

Салыстырмалы талдау әдісін
қолдана отырып тарифті 
есептеу әдістемесіне  
қосымша         

Нысан

Өңірлік электр желілік компанияларының желілері арқылы электр
энергиясын беру және тарату бойынша реттеліп көрсетілетін
қызметтерге жүргізілген салыстырмалы талдау әдісінің нәтижелері 
________________________________________________
(өңірлік электр желілік компаниялардың атауы)

Көрсеткіштің атауы

Өлшем бірлігі

Мәні

Өндірістік көрсеткіштер

1

Қызмет көрсету аумағының ауданы

ш. км


2

Қосылған тұтынушылар (абоненттер) саны

дана


3

Электр берілісі желілерінің жалпы ұзындығы

км.


4

Күштік трансформаторлар саны

дана


5

Күштік трансформаторлардың жалпы қуаты

МВА


6

Алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде тіркелген электр желілеріндегі ең көп жүктеме

МВт


7

Алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде электр желілеріндегі электр энергиясының нақты ысыраптары

мың кВт сағ.


8

Алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде электр энергиясын беру көлемі

мың кВт сағ.



Х-фактордың коэффициенті



Қаржылық көрсеткіштер

9

Электр энергиясын беруге және таратуға қызметтерді көрсетуге өңірлік электр желілік компаниялардың шығындары (күнтізбелік жылға арналған есепте бақыланбайтын шығындар мен амортизацияны ажыратуды қоса бере отырып шегеру)

мың теңге


10

Күнтізбелік жылға арналған есепте негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің амортизациялық аударымдары

мың теңге


11

өңірлік электр желілік компаниялардың күнтізбелік жылға арналған есебінде бақыланбайтын шығындары оның ішінде:

мың теңге


11.1

салықтар



11.2

электр энергиясын беру және тарату кезінде технологиялық шығынды өтеуге жұмсалған шығындар

мың теңге


11.3

Жүйелік оператордың қызметіне арналған төлем

мың теңге


11.3-1

заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген өңірлік электр желілік компаниялармен инвестициялық бағдарламасын іске асыру үшін қарыз қаражаттарға сыйақы төлеуге арналған шығыстар

мың теңге


11.4

Форс-мажорлық жағдайлардың нәтижесінде туындаған шығындар

мың теңге


12.

Пайда

мың теңге



Тарифті қалыптастырған кезде ескерілетін өңірлік электр желілік компаниялардың желілері арқылы электр энергиясын берудің жылдық көлемі

мың кВт сағ.



Электр энергиясының бес және одан көп жылға бөлінген беру және тарату қызметтеріне арналған тарифі.

кВт сағ. теңге

20_ ж.

20_ ж.

20_ ж.

20__ ж.

20_ ж.








Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады