Аккредиттелген сынақ зертханаларына (орталықтарына) қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 4-1/55 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 8 мамырда № 11004 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 16 ақпандағы № 44 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 16.02.2021 № 44 (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 12.10.2020 № 314 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      "Мақта саласын дамыту туралы" 2007 жылғы 21 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Аккредиттелген сынақ зертханаларына (орталықтарына) қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 12.10.2020 № 314 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жетекшілік етуші вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Ауыл шаруашылығы министрі

А. Мамытбеков

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Инвестициялар және даму министрі

      ___________ А. Исекешев

      2015 жылғы 3 сәуір

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрі

      ___________ Е. Досаев

      2015 жылғы 3 наурыз



  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2015 жылғы 30 қаңтардағы
№ 4-1/55 бұйрығымен
бекітілген

Аккредиттелген сынақ зертханаларына (орталықтарына) қойылатын біліктілік талаптары

      Ескерту. Біліктілік талаптары жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 12.10.2020 № 314 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

Р/с №

Біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды:

1

2

1

меншік құқығындағы, шаруашылық жүргізудегі, жедел басқарудағы немесе уақытша иеліктегі және пайдаланудағы, өрт және санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздік талаптарына жауап беретін, мыналармен жарақталатын үй-жайлар:

желдету жүйесі (ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 65% + 2%, ауа температурасы 21oС + 1oС)

стандартты климаттық жағдайларда мақта талшығының сынамаларын жылдам желдету қондырғысы (ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 65% + 2%, ауа температурасы 21oС + 1oС)

керамикалық түс үлгілерінің жинағы бар өнімділігі жоғары өлшейтін автоматтандырылған мақта талшығын сынау жүйесі (НVІ типті)

мақта талшығының сынамаларын сақтауға арналған стеллаждар

2

меншік құқығындағы, шаруашылық жүргізудегі, жедел басқаудағы немесе уақытша иеліктегі және пайдаланудағы, мақта талшығын классерлік бағалауға арналған, өрт және санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздік талаптарына және мынадай көрсеткіштерге жауап беретін үй-жайлар:

терезе ойықтары жоқ

люминесценттік шамдардың классерлік үстелдерден орналасу биіктігі 2,5-3,0 метр

классерлік үстелдің жұмыс бетінің жарықтылығы 500-1200 люкс

бекітілген немесе Қазақстан Республикасында қолдануға жол берілген мақта талшығының сыртқы түрінің стандартты үлгілері жиынтығымен және микроконтур индексін анықтауға арналған аспаппен жарақталған

3

тиісті арнайы білімі және өнімділігі жоғары өлшейтін автоматтандырылған мақта талшығын сынау жүйесіне (НVІ типті) қызмет көрсету бойынша кемінде бір жыл жұмыс тәжірибесі бар, өнімділігі жоғары өлшейтін автоматтандырылған мақта талшығын сынау жүйесіне (НVІ типті) функционалды және техникалық қызмет көрсетуге арналған білікті мамандар

4

тиісті арнайы білімі және мақта талшығының сапасын классерлік бағалау бойынша кемінде екі жыл жұмыс тәжірибесі бар мақта жөніндегі білікті сарапшылар (классерлер)

5

мақта талшығының сынамаларын мақта тазалау зауыттарынан жеткізуге арналған көлік құралы

      Ескертпе: *өлшем құралдары Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізіліміне енгізіледі және салыстырылып тексеріледі, бұл ретте бағдарламалық қамтымы бар өлшем құралдары "Өлшем құралдарын бағдарламалық қамтамасыз ету. Аттестаттау тәртібі. Жалпы ережелер" 2.46 ҚР СТ Қазақстан Республикасының ұлттық стандартына сәйкес аттестатталады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады