Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік құралдарының жол берілетін параметрлерін бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 26 наурыздағы № 342 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 8 мамырда № 11009 тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз

      "Автомобиль көлігі туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 23-5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік құралдарының жол берілетін параметрлері (бұдан әрі - Параметрлер) бекітілсін.

      1-1. Алып тасталды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.01.2023 № 57 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көліктік комитеті (Ә.А. Асавбаев):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерінің мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін 10 жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралар туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.

      4. 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізілетін Параметрлердің 20-бабының 4) тармақшасын қоспағанда, осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушы
Ж. Қасымбек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі м.а.

      _________________Р.Б.Бекетаев

      _________________ Б.Сұлтанов

      2015 жылғы 17 сәуір

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрі

      _________________Қ. Қасымов

      2015 жылғы 27 сәуір

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      _________________Е.Досаев

      2015 жылғы 29 сәуір

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрі

      _________________В.Школьник

      2015 жылғы 16 сәуір



  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушысының
2015 жылғы 26 наурыздағы № 342
бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік құралдарының жол берілетін параметрлері

1. Автокөлік құралдарының жол берілетін габариттері

      1. Автокөлік құралдарының жол берілетін габариттік параметрлері мен басқа да сызықтық өлшемдері төменде келтірілген мәндерден (метрмен) аспауы тиіс:

      1) жол берілетін ұзындығы:

      жеке автокөлік құралдары:

      М1, N және О (тіркеме) санатты 12,0;

      М2 және М3 санаты 13,5;

      біліктері екіден көп М2 және М3 санатты 15,0;

      тіркемесі бар М2 және М3 санаты 18,75;

      М2 және М3 санатты буындастырылған автобустар 18,75;

      құрамында тартқыш пен тіркеме (жартылай тіркеме) бар автопойыздар 20,0;

      2) жол берілетін ені:

      барлық автокөлік құралдары 2,55;

      автокөлік құралдарының изотермиялық шанақтары 2,6;

      3) жол берілетін биіктігі:

      барлық автокөлік құралдары 4,0.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 24.03.2022 № 151 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы бөлімнің 1-тармағында көрсетілген автокөлік құралдарының жол берілетін өлшемдері өзіне контейнерлерді қоса алғанда, алынбалы шанақтардың және жүктерге арналған ыдыстардың өлшемдерін қамтиды.

      3. Қозғалыс кезінде автокөлік құралы сыртқы радиусы 12,5 метрмен және ішкі радиусы 5,3 метрмен шектелген кеңістік шегінде бұрылу мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.

      4. Алып тасталды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 24.03.2022 № 151 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Тартқыштың артқы бөлігі мен тіркеменің алдыңғы бөлігі арасындағы болатын 0,6 метрден кем емес арақашықтықты шегергенде, тартқыштың шанағы немесе кабинасы сыртындағы жүкті орнатуға арналған платформаның алдыңғы сыртқы нүктесінен тіркеменің артқы сыртқы нүктесіне дейінгі жол берілетін арақашықтық 17 метрден аспауы тиіс.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 04.11.2016 № 761 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т.қараңыз) бұйрығымен.

      6. Шанақтың немесе кабинаның сыртындағы жүкті орнатуға арналған платформаның алдыңғы сыртқы нүктесінен жартылай тіркеменің артқысыртқы нүктесіне дейін автопоездың бойлық білігіне қатар өлшенген, жол берілетін арақашықтық 16,4 метрден аспауы тиіс.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 04.11.2016 № 761 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т.қараңыз) бұйрығымен.

      7. Автокөлік құралының шанағында орнатылған жүк автомобильді немесе тіркеменің (жартылай тіркеменің) артқы сыртқы нүктесінен тысқары 1 метрден артық шықпауы тиіс.

      8. Жүк автомобилінің артқы білігі мен тіркеменің алдыңғы білігі арасындағы арақашықтық кемінде 3 метр болуы тиіс.

      9. Жартылай тіркеменің топсалы бекітпесінің білігі мен жартылай тіркеменің алдыңғы жағының кез келген нүктесі арасындағы көлденең өлшенген арақашықтық 2,04 метрден аспауы тиіс.

      10. Автокөлік құралының ұзындығын өлшеген кезде автокөлік құралында құрастырылған мынадай құрылғылар есепке алынбайды:

      желдік әйнектерді тазалау және жуу құрылғылары;

      алдыңғы және артқы тіркеу белгілерінің тақтайшалары мен мемлекеттік тіркеу белгілерін бекіту үшін конструктивтік элементтері;

      кедендік пломбалау және оны қорғау элементтері;

      қалқанды бекіту құрылғылары және олардың қорғағыш элементтері;

      жарықтандыру және жарықтық дабыл беру құрылғылары;

      сыртқы айналар мен тікелей емес кеңістікті шолудың басқа құрылғылары;

      қосалқы бақылау құралдары;

      іштен жану қозғалтқышының енгізу жүйесіне ауаны алу құрылғылары;

      бөлшектенетін шанақтар үшін бекіту құрылғылары;

      баспалдақтар мен тұтқалар;

      икемді аралық құрылғылар немесе ұқсас жабдықтар;

      қозғалуға арналған күйде көлік құралының жүк көтерерлікшамасы асырылмаған шартта габариттік өлшемдерін 300 миллиметрден асыратын көтергіш платформалар, шығуға арналған басқыштар және ұқсас жабдықтар;

      көлік құралдарының сүйреткіш және тіркеу құрылғылары;

      шығару жүйесінің түтікшелері;

      алынатын спойлерлер;

      желі арқылы электр қуаты бар көлік құралдарының ток қабылдағыштары;

      сыртқы күннен сақтайтын күнқағарлар.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 04.11.2016 № 761 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т.қараңыз) бұйрығымен.

      11. Автокөлік құралының биіктігін өлшеген кезде автокөлік құралында кұрастырылған:

      антенналар;

      көтерілген қалыптағы пантограф немесе ток қабылдағыштар есепке алынбайды.

      Білікті көтеруге арналған құрылғысы бар автокөлік құралдары үшін осы құрылғы ықпал етуінің әсері ескерілуі тиіс.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 04.11.2016 № 761 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т.қараңыз) бұйрығымен.

      12. Автокөлік құралының енін өлшеген кезде автокөлік құралында орнатылған мынадай құрылғылар ескерілмейді:

      кедендік пломбалау және оны қорғау элементтері;

      қалқанды бекіту және олардың қорғағыш элементтері;

      шиналардағы қысымды бақылау құрылғылары;

      доңғалақтар астынан шашыраудан қорғау үшін шығыңқы иілмелі бөліктер;

      М3 санатты автокөлік құралдары үшін қозғалу күйіндегі кіру рампалары, автокөлік құралының әрбір жағынан 10 миллиметрді асырмай шығатын,ілгері немесе кейін бағытталған рампалар бұрыштарының иілу радиусыкем дегенде 5 миллиметр, бұл ретте басқа бұрыштарының иілу радиусыкем дегенде 2,5 миллиметр болуы тиіс;

      сыртқы айналар мен тікелей емес кеңістікті шолудың басқа құрылғылары;

      қосалқы бақылау құралдары;

      жиналмалы баспалдақтар;

      жарықтандыру және жарықтық дабыл беру құрылғылары;

      үстіңгі қабатпен тікелей жанасу нүктесіндегі шиналардың пішіні өзгерген бүйір қабырғаларының бөлігі.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 04.11.2016 № 761 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т.қараңыз) бұйрығымен.

2. Автокөлік құралдарының жол берілетін салмақтары

      13. Автокөлік құралдарының жол берілетін салмақтары төменде келтірілген мәндерден (тоннамен) аспауы тиіс:

      1) дара автокөлік құралдары:

      М, N және О (тіркеме) санатты:

      екі білікті 18,0;

      үш білікті (М3 санатты буындастырылған автобустарды қоспағанда) 25,0;

      үш білікті дара автокөлік құралдары үшін әр жетекші білік екі қатарлы доңғалақпен жабдықталып және әр білікке түсетін жүктеме 9,5 тоннадан аспаған жағдайда жүктемені 1 тоннаға асыруға жол беріледі;

      М3 санатты буындастырылған автобустар 28,0;

      төрт білікті, оның ішінде екі басқару білігі бар 32,0;

      бес білікті 38,0;

      алты және одан да астам білігі бар 44,0;

      2) құрамында тартқыш пен тіркеме (жартылай тіркеме) бар автопойыздар:

      үш білікті 28,0;

      төрт білікті 36,0;

      бес білікті 40,0;

      алты білікті 44,0;

      алты біліктен жоғары дара автокөлік құралдарына жол берілетін салмақтарының қосындысынан аспауы тиіс.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 24.03.2022 № 151 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3. Автокөлік құралдарының жол берілетін біліктік жүктемелері

      14. Автокөлік құралдарының жол берілетін біліктік жүктемелерінің салмақтары қосындысы төменде келтірілген мәндерден (тоннамен) аспауы тиіс:

      1) дара білік 10,0;

      2) қосарланған біліктер үшін біліктердің арасындағы мынадай арақашықтықтарда:

      1 метрге дейін 12,0;

      1 метрден қоса алғанда 1,3 метрге дейін 14,0;

      1,3 метрден қоса алғанда 1,8 метрге дейін 16,0;

      1,8 метрден қоса алғанда 2 метрге дейін 18,0;

      әр жетекші білік екі қатарлы доңғалақпен жабдықталып және әр білікке түсетін жүктеме 9,5 тоннадан аспаған жағдайда салмақты 1 тоннаға асыруға жол беріледі;

      3) үштік білік үшін біліктердің арасындағы мынадай арақашықтықтарда:

      1 метрге дейін 18,0;

      1 метрден қоса алғанда 1,3 метрге дейін 21,0;

      1,3 метрден қоса алғанда 1,8 метрге дейін 24,0;

      1,8 метрден қоса алғанда 2 метрге дейін 27,0;

      4) үш біліктен көп немесе тәуелсіз біліктер тобының әр білігіне түсетін жүктеме біліктердің арасындағы мынадай арақашықтықтарда:

      1 метрге дейін 6,0;

      1 метрден қоса алғанда 1,3 метрге дейін 7,0;

      1,3 метрден қоса алғанда 1,8 метрге дейін 8,0;

      1,8 метрден қоса алғанда 2 метрге дейін 9,0.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 04.11.2016 № 761 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т.қараңыз) бұйрығымен.

      15. Осы автокөлік құралының ең жақын білігіне дейін 2,0 метрден асатын арақашықтықта орналасқан білік автокөлік құралының дара білігі деп есептеледі.

      16. Автомобильдің немесе құрамдастырылған көлік құралдарының жетекші білігіне немесе жетекші біліктеріне берілетін салмақ автомобильдің немесе құрамдастырылған көлік құралының жиынтық салмағының 25%-нан кем болмауы тиіс.

      17. Салмақтық жүктемелер уәкілетті мемлекеттік органның шешім бойынша жол төсемінің көтергіш қабілеті төмен учаскелерінде ауа-райы климаттық жағдайларға байланысты азайтылуы мүмкін.

      18. Автокөлік құралдарының салмақтық және (немесе) габариттік параметрлерін анықтаған кезде өлшеу жабдығының белгіленген ауытқуларын, оның ішінде оны пайдалану барысындағы ауытқуларын ескереді.

      Өлшеу жабдығының ауытқуы тасымалдаушының пайдасына шешіледі.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 04.11.2016 № 761 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т.қараңыз) бұйрығымен.

4. Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын автокөлік құралдарының зиянды (ластайтын) заттары шығарылымдарының жол берілетін нормативтері

      19. Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын автокөлік құралдарының зиянды (ластайтын) заттары шығарылымдарының жол берілетін нормативтері төменде келтірілген мәндерге сәйкес келуі тиіс:

Автокөлік құралдарының және (немесе) олардың қозғалтқыштары шығарылған ел

Экологиялық класстар талаптарына сәйкес келетін көлік құралдарының шығарылған жылдары

4-класс

5-класс

Еуропалық Одаққа* кіретін, бензин қозғалтқыштар

2007-тамыз 2009

М1-3 санаты, N1 - 2009 қыркүйегі және кейінірек

N2 санаты - 2010 қыркүйегі және кейінірек

N3 санаты - 2008 қазаны және кейінірек

Еуропалық Одаққа* кіретін, дизельдер

2007-тамыз 2009

М1-3 санаты, N1 - 2009 қыркүйегі және кейінірек

N2 санаты - 2010 қыркүйегі және кейінірек

N3 санаты - 2008 қазан және кейінірек

АҚШ

2007 және кейінірек

- **

Жапон

2010 және кейінірек

-

Индия

-

-

Малайзия

-

-

Қытай

-

-

М3 санаты 2012 қаңтар және кейінірек

Корея

2007 және кейінірек

-

Ресей

2010 және кейінірек

-

Өзбекстан

-

-

Беларусь

-

-

Украина

-

-

      Ескертпе:

      * Еуропалық Одаққа: Австрия, Бельгия, Болгария, Ұлыбритания, Венгрия, Германия, Греция, Дания, Ирландия, Испания, Италия, Кипр, Латвия, Литва, Люксембург, Мальта, Нидерланды, Польша, Португалия, Румыния, Словакия, Словения, Финляндия, Франция, Чехия, Швеция, Хорватия және Эстония кіреді;

      **

      1) "4-класс" және "5-класс" кестелеріндегі (-) сызықша осындай автокөлік кұралдарының экологиялық класқа сәйкестігін растау Доңғалақты көлік құралдарына, доңғалақты көлік құралдарында орнатылуы және/немесе пайдаланылуы мүмкін жабдықтау заттары мен бөлшектерге арналған біріңғай техникалық нұсқамаларды қабылдау туралы және осы нұсқамалардың негізінде берілетін ресми бекітулерді өзара мойындау шарттары туралы келісім (1958 жылғы Женева келісімі) аясында берілген құжат (БҰҰ ЕЭК ережесі негізінде конструкцияның типі бойынша ресми бекіту) негізінде жүзеге асырылатынын білдіреді;

      2) автокөлік құралдарының және (немесе) олардың қозғалтқыштары шығарылған ел "Қытай" бойынша 4-экологиялық класс М3 санаты бойынша 2012 жылғы қаңтардан бастап және кейінірек, ал басқа санаттағы автокөлік құралдары (-) сызықша үшін белгіленген тәртіпке сәйкес анықталады.

Қазақстан Республикасындағы бастапқы тіркелуге арналған М1 санатты автокөлік құралдарының шекті конструктивтік параметрлері

      20. Кеден одағының "Дөңгелектік көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" 018/011 техникалық регламентімен белгіленген міндетті талаптарға сәйкестікті бағалау (дәлелдеу) туралы құжаты (Кеден одағының көлік құралының типін мақұлдау, Кеден одағының көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәлігі) немесе ұлттық заңнама шеңберінде берілген қолданыстағы Қазақстан Республикасының сәйкестік сертификаты жоқ М1 санатты автокөлік құралдары:

      1) бұғаттауға қарсы тежеу жүйесі;

      2) қарсы қауіпсіздік жастығы;

      3) ІSОҒІХ бекіту жүйесі;

      4) күндізгі жүру оттары болған кезде ғана Қазақстан Республикасы аумағында бастапқы тіркеуге жіберіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады