Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы әскери қызметшілерінің жеңдегі белгілерін бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 15 сәуірдегі № 354 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 19 мамырда № 11072 тіркелді.

      "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары әскери қызметшілерінің әскери киім нысаны және айырым белгілері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 144 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары әскери қызметшілерінің әскери киім нысаны және айырым белгілері үлгілерінің сипаттамасы мен суреттерінің 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса берілген:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығына, өңірлік қолбасшылықтарына, Академияға және әскери бөлімдеріне тиістілігін көрсететін Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы әскери қызметшілерінің жеңдегі белгілерінің сипаттамасы;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы әскери қызметшілерінің жеңдегі белгілері бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ішкі істер министрінің 27.12.2023 № 938 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің әскери қызметшілері үшін жеңдегі белгілерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2013 жылғы 26 қарашадағы № 681 бұйрығының күші жойылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы (Р.Ф. Жақсылықов) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Р.Ф. Жақсылықовқа жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр


полиция генерал-лейтенанты


  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 15 сәуірдегі
№ 354 бұйрығына 1-қосымша

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығына, өңірлік қолбасшылықтарына, Академияға және әскери бөлімдеріне тиістілігін көрсететін Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы әскери қызметшілерінің жеңдегі белгілерінің сипаттамасы

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 27.12.2023 № 938 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы әскери қызметшілерінің жеңдегі белгісі ( 1-сурет), өлшемі 81 мм күрең түсті шеңбер нысанды шевроннан тұрады, оны айналдыра ою-өрнек (Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының элементі) түсірілген, төменгі бөлігіне алтын-сары түсті "ҰЛТТЫҚ ҰЛАН БАС ҚОЛБАСШЫЛЫҒЫ" деген жазу орналасқан. Ортасында алтын-сары түспен орындалған шаңырақтың бейнесі (Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының элементі) орналасқан, оның үстіне күрең түсті қалқан орналасқан, оның периметрінің жоғарғы бөлігінде 4 жұдыз, төменгі бөлігінде 5 жұлдыз орналасқан. Қалқанның артқы аясында қара-сұр түсті қылыш бейнеленген, оның сабында жиегі күрең түсті жұлдыз орналасқан. Барлық жұлдыздар алтын-сары түспен орындалған.

      Қалқанның ортасында көк түс аясында күн, оның астында қалықтаған қыран орналасқан (Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының элементі). Күн және қыран алтын-сары түспен орындалған.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының өңірлік қолбасшылықтары, әскери бөлімдері әскери қызметшілерінің жеңдегі белгісінің өлшемі 81 мм шеңбер нысанды шевроннан тұрады, шевронның ішіне сыртқы диаметрі 79 мм, ені 1 мм жиек жүргізілген. Шевронның ортасында диаметрі 50 мм, ені 5 мм алты тойтарма шегесі бар күрең түсті дөңгелек қалқан бейнеленген. Қалқанның артқы аясында екі айқасқан қылыш орналасқан. Шевронның жиегінің түсі – қара жусан. Жиектің және жеңдегі белгідегі суреттердің түсі – алтын түстес. Қалқанның ішінде еліміздің өңірлерінде мекендейтін хайуанаттар әлемінің өкілдері бейнеленген:

      "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы – тау барысы (2-сурет);

      "Орталық" өңірлік қолбасшылығы – қасқыр (3-сурет);

      "Батыс" өңірлік қолбасшылығы – қыран (4-сурет);

      "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы – қоңыр аю (5-сурет);

      5573 әскери бөлім – қанатты сақ барысы (6-сурет);

      6654 әскери бөлім – сілеусін (7-сурет);

      6636 әскери бөлім – арғымақ (8-сурет).

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 21.04.2021 № 229 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан Академиясының эмблемасы (логотипі) Қазақстан Республикасы туының түсіне көгілдір реңді шеңбер болып табылады. Шеңбер 2 аймаққа бөлінген: бірінші (сыртқы) – көгілдір түсті, екі жағынан сары шеңбермен бөлінген, олардың ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының құрылымдық бөлімшесінің мәртебесін білдіретін "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ ҰЛАНЫНЫҢ АКАДЕМИЯСЫ" деген жазулар, ал төменгі жағында қазақ ұлттық ою-өрнегі бар жолақ бар; екінші (ішкі) – көгілдір түсті фонда ортасында айқастырылған жүздері төмен қылыштарда ашық кітап орналасқан, кітаптың астында екі лавр бұтағы орналастырылған, бүкіл композицияның үстінде Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының эмблемасы орналасқан.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 27.12.2023 № 938 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының авиациясы әскери қызметшілерінің жеңдегі белгісінің ( 10-сурет), өлшемі 82 мм шеңбер нысанды шевроннан тұрады, шевронның шетінен ені 10 мм қара көк түсті аяда жолақ орналасқан, төменгі бөлігінде ашық сары түспен доға пішіндес ұлттық ою-өрнек салынған, қалған ұзындығы бойынша "ҰЛТТЫҚ ҰЛАННЫҢ АВИАЦИЯСЫ" деген ашық сары түсті жазу жазылған.

      Жеңдегі белгінің ортасында авиацияның эмблемасы – сары түсті қанаты бар бұранда орналасқан. Жоғары бөлігінде эмблеманың артында күннің шығуын білдіретін 7 ашық сары түсті сәулелермен құбылған ашық көк түсті авиацияның туы орналасқан, екі түс те ортадан жан-жаққа бірдей таралған. Ішкі шеңбердің ортасы бойынша бұранданың үстіңгі жағында диаметрі 0,8 мм қызыл түсті бес бұрышты жұлдыз орналасқан. Ішкі шеңбердің төменгі бөлігінде эмблеманың артында көгілдір түсті аясы бар, осы аяда бұранданың төменгі жағына ашық сары түсті қанатын сермеген бүркіт орналасқан. Эмблеманың жиектері жіңішке қара сызықпен бейнеленген.

      5. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының "Бүркіт" арнайы мақсаттағы бөлінісі әскери қызметшілерінің жеңдегі белгісі.

      1) Күнделікті және салтанатты киім нысаны үшін ( 11-сурет). Диаметрі 80 мм күрең түсті шеңбер, шеңбердің ішінде сыртқы диаметрі 72 мм, ені 3 мм алтын түстес жиек. Ортасында алтын жиектер салынған қара түсті шабуылдаушы бүркіттің бейнесі. Бүркіттің шабуылдау бағыты – оңнан төмен қарай. Шеңбердің жоғары бөлігінде биіктігі 7,5 мм алтын түстес бас әріптермен жазылған "БҮРКІТ" деген жазу, шеңбердің төменгі бөлігінде биіктігі 4 мм алтын түстес бас әріптермен жазылған "АРНАЙЫ МАҚСАТТАҒЫ БӨЛІНІСІ" деген жазу;

      2) Арнайы киім нысаны үшін ( 12-сурет). Ені 77 мм, биіктігі 103 мм қара түсті тік бұрыш. Ортасында – ені 65 мм, биіктігі 85 мм сопақша. Сопақшаның түсі – ені 1 мм ашық және қою сұр түсті көлденең жолақтар комбинациясы. Сопақшаның жоғары бөлігінде – белгіленген тәртіппен қисайтылған сары түсті кокардасы бар күрең түсті береттің суреті. Ортасында – ашық сұр түсті жиек салынған сары түсті шабуылдаушы бүркіттің суреті. Бүркіттің шабуылдау бағыты – оңнан төмен қарай. Сопақшаның сол жағы лавр бұтағымен, оң жағы емен бұтағымен көмкерілген. Екі бұтақтың да түсі – ашық және қою сұр түстер комбинациясы. Сопақшаның төменгі бөлігінде биіктігі 8 мм сары түстес бас әріптермен жазылған "БҮРКІТ" деген жазуы бар ені 12 мм және ұзындығы 50 мм "толқын" түрінде майысқан ұштары бар күрең түсті девиз лентасы бар.

      Ескерту: Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің далалық киім нысаны үшін жеңдегі белгілер тиісті комбинациядағы бүркеніш түстен дайындалады.

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 15 сәуірдегі
№ 354 бұйрығына
2-қосымша

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы әскери қызметшілерінің жең белгілері

      Ескерту. Белгілері жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 27.12.2023 № 938 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады