Қолайсыз табиғат құбылыстарын айқындаудың критерийлері мен сипаттамаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 27 ақпандағы № 9-2/174 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 25 мамырда № 11152 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 20 қазандағы № 321 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 20.10.2020 № 321 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру туралы" 2004 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 12-4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қолайсыз табиғат құбылыстарын айқындаудың критерийлері мен сипаттамалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Инвестициялық саясат және қаржы құралдары департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы


Ауыл шаруашылығы министрінің


міндетін атқарушы

С. Омаров

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрі

      _____________ Қ. Қасымов

      2015 жылғы 7 сәуір

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрі

      ___________ В. Школьник

      2015 жылғы 21 сәуір



  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 27 ақпандағы
№ 9-2/174 бұйрығымен
бекітілген

Қолайсыз табиғат құбылыстарын
айқындаудың өлшемдері мен сипаттамалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қолайсыз табиғат құбылыстарын айқындаудың критерийлері мен сипаттамалары (бұдан әрі - Критерийлер) "Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру туралы" 2004 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 12-4) тармақшасына сәйкес әзірленген және қолайсыз табиғат құбылыстарын айқындаудың критерийлері мен сипаттамаларын белгілейді.

      2. Критерийлер агроклиматтық аудандастыру негізінде айқындалған және негізгі ауыл шаруашылығы дақылдарын - дәнді (жаздық - ерте және кеш, күздік), майлы (күнбағыс, мақсары, рапс), дәнді-бұршақты (ас бұршақ, ноқат, қытайбұршақ), тамыртүйнекжемісті (қант қызылшасы, картоп), иірілетін (мақта) дақылдарды вегетациялау шарттары ескеріле отырып әзірленген.

      Қазақстан Республикасы аумақтарын агроклиматтық аудандастыру осы Критерийлерге 1-қосымшада көрсетілген көптеген өсімдіктердің белсенді вегетациясы кезеңі ескеріле отырып, жылумен қамтамасыз етілуі бойынша жүргізілген.

      3. Қолайсыз табиғат құбылысы - нәтижесінде өсiмдiк шаруашылығының өнiмi жойылған немесе бүлiнген табиғат құбылысы (ұзақ мерзiмді - құрғақшылық, үсiп кету, жылудың жетiспеуi, топырақтың шамадан артық ылғалдануы, ауаның шамадан тыс ылғалдануы, су тасқыны, су тапшылығы, аңызақ; қысқа мерзiмдi - бұршақ соғу, нөсер жаңбыр, үсiк шалу, қатты жел, сел).

2. Ұзақ мерзімді қолайсыз табиғат құбылыстарын айқындаудың
критерийлері мен сипаттамалары

      4. Құрғақшылық атмосфералық және топырақтық болып бөлінеді.

      Атмосфералық құрғақшылық - атмосфераның жауын-шашынның жеткіліксіз болуымен, жоғары температурамен және төмен ылғалдылықпен сипатталатын жай-күйі.

      "Атмосфералық құрғақшылықтың" критерийлері осы Критерийлерге 2-қосымшаға сәйкес белгіленген.

      Топырақтық құрғақшылық - топырақтың құрғауымен сипатталатын топырақтың жай-күйі.

      "Топырақтық құрғақшылықтың" критерийлері осы Критерийлерге 3-қосымшаға сәйкес белгіленген.

      Атмосфералық және топырақтық құрғақшылықпен бүліну сипаты және дәрежесі мынадай белгілер бойынша айқындалады:

      жапырақтардың (төменгі және жоғарғы қатарлардың) сарғаюы немесе қоңырлануы, сондай-ақ олардың жасыл күйінде қурауы;

      масақтардың сарғаюы;

      ұрықтардың немесе дамыған гүл шоғырының, түйнектердің, гүлдердің, түйіндердің қурауы немесе түйнектердің, гүлдердің, түйіндердің, пісіп-жетілмеген жемістердің түсуі;

      орамдардан жаңадан пайда болған жіп тәріздес сабақтардың (жүгеріде) солуы.

      Қолайсыз жағдайдың одан әрі қарай сақталуы кезінде жақындаған қатты зақымданудың белгілері мыналар:

      қылқандардың ағаруы (дәнді масақты дақылдарда);

      жапырақтарының жоғары бөлігінің түтік тәріздес болып оралуы;

      жапырақтарда күндізгі уақытта серпінділіктің жоғалуы, оның дәлелі олардың уақытша солуы (жапырақтар бүгіліп қалады) болып табылады.

      Дәннің мерзімінен бұрын қурауының екінші белгісі дәннің масақтанудан сарғаюына дейінгі аз ғана ұзақтық - жұмсақ бидайда көп дегенде 20-22 күн және қатты бидайда - көп дегенде 23-25 күн болады.

      5. Үсіп кету қатты - аяз уақытында қар жамылғысы болмаған кезде немесе оның қуаты жеткіліксіз болған кезде төменгі температурамен қыстайтын дақылдардың бүлінуі.

      "Үсіп кетудің" критерийлері осы Критерийлерге 4-қосымшаға сәйкес белгіленген.

      Өсімдіктердің үсіп кетумен бүліну сипаты мен дәрежесі мынадай белгілер бойынша айқындалады:

      өсімдіктердің әр түрлі органдарының (жапырақтары, сабақтары, тамырлары) бүлінуі;

      түптену түйінінің бүлінуі, ол солған кезде өсімдік өледі.

      6. Жылудың жетіспеуі белсенді және тиімді ауа температураларының іс жүзіндегі жиынтықтары және физиологиялық даму (әр түрлі ауыл шаруашылығы дақылдары дамуының белгілі бір фазаларының басталуы) үшін қажетті теориялық константтар бойынша айқындалады.

      Тиімді ауа температураларының жиынтықтары - бұл биологиялық нөлден төмен температураны алып тастағандағы он күндік орташа температуралардың жиынтықтары, яғни оның кезінде сол немесе өзге де дақылдың белсенді өсуініу басталуы.

      Вегетациялық кезеңде жылудың жетіспеушілігі кезінде белсенді және тиімді ауа температураларының жиынтығы осы Критерийлерге 5-қосымшаға сәйкес белгіленген.

      Жылудың жетіспеушілігі кезіндегі өсімдіктердің бүліну сипаты мен дәрежесі мынадай белгілер бойынша айқындалады:

      өсімдіктердің баяу өсуі;

      өсімдіктердің дәнденуі және пісуі кезеңінде жемісті органдары дамуының нашарлауы (дәнді дақылдардың масағы (сіпсебасы) өнімділігінің төмендеуі) күнбағыстың, жүгері собығының майда қоржыншаларының пайда болуы).

      7. Қазақстан Республикасында жекелеген аудандарында вегетациялық кезеңде топырақтың шамадан тыс ылғалдануы топырақ 10-12 см тереңдікте, ылғалдылықты көзбен шолып бағалау кезінде қатарынан кемінде 20 тәулік бойы жабысқақ немесе аққыштық жай-күйімен сипатталғанда байқалады. Жекелеген тәуліктерде (4-5 тәуліктен артық емес) топырақтың жұмсақ иілімді жай-күйге ауысуына жол береді.

      "Топырақтың шамадан тыс ылғалданудың" критерийлері барлық агроклиматтық аймақтар үшін қолданылады.

      Топырақтың шамадан тыс ылғалдануы кезінде өсімдіктердің бүліну сипаты мен дәрежесі мынадай белгілер бойынша айқындалады:

      ауыл шаруашылығы дақылдарын себу және олардың дамуының бастапқы фазалары кезеңінде өсімдіктердің шіруі;

      биік өскен егісті жинауды қиындататын астықты жинау кезеңінде астықтың жатып қалуы.

      8. Ауаның шамадан тыс ылғалдануы онкүндік норманың 150%-ындай жауын-шашынның болуы кезінде 10 және одан да көп күн ішінде ауаның 80% және одан да көп салыстырмалы ылғалдылығының орташа тәуліктік мәнімен сипатталады.

      "Ауаның шамадан тыс ылғалданудың" критерийлері барлық агроклиматтық аймақтар үшін қолданылады.

      9. Су тасқыны қардың еруі, қатты нөсерлі жауындар, судың желмен көтерілуі кезінде, сеңнің кептелуі кезінде жер бетіндегі су объектілерінде су деңгейінің күрт көтерілуі нәтижесінде елді мекендердің, ауыл шаруашылығы алқаптарын сұрапыл су басумен сипатталады.

      "Су тасқынының" критерийлері барлық агроклиматтық аймақтар үшін қолданылады.

      10. Су тапшылығы - көпжылдық орташа көрсеткіштерімен салыстырғанда су ресурстарының сыртқы ағынының едәуір тапшылығы (50 % және одан кем).

      "Су тапшылығының" критерийлері барлық агроклиматтық аймақтар үшін қолданылады.

      11. Аңызақ 5 м/с және одан да күшті желдің орташа жылдамдығы кезінде кемінде 5 күн 30% және одан да аз ауаның ең аз салыстырмалы ылғалдылығының, 250С және одан да көп ауаның ең жоғары температурасының сақталуымен сипатталады.

      Аңызақтың қарқындылығы ауаның құрғақтығымен және температурасымен, сондай-ақ аңызақ ағыны қозғалысының жылдамдығымен айқындалады.

      "Аңызақтың" критерийлері осы Критерийлерге 6-қосымшаға сәйкес белгіленген.

      Аңызақпен бүліну сипаты мен дәрежесі мынадай белгілер бойынша айқындалады:

      жапырақтардың (төменгі және жоғарғы қатарларының) сарғаюы немесе қоңырлануы, сондай-ақ олардың жасыл күйінде қурауы;

      масақтардың сарғаюы;

      ұрықтардың немесе дамыған гүл шоғырының, түйнектердің, гүлдердің, түйіндердің қурауы немесе түйнектердің, гүлдердің, түйіндердің, пісіп-жетілмеген жемістердің түсуі;

      орамдардан жаңадан пайда жіп болған тәріздес сабақтардың (жүгеріде) солуы.

      Қолайсыз жағдайдың одан әрі қарай сақталуы кезінде жақындаған қатты бүлінудің белгілері мыналар:

      қылқандардың ағаруы (дәнді масақты дақылдарда);

      жапырақтарының жоғары бөлігінің түтік тәріздес болып оралуы;

      жапырақтарда күндізгі уақытта серпінділіктің жоғалуы, оның дәлелі олардың уақытша солуы (жапырақтар бүгіліп қалады) болып табылады.

3. Қысқа мерзімді қолайсыз табиғат құбылыстарын айқындаудың
критерийлері мен сипаттамалары

      12. Бұршақ соғу жылдың жылы мезгілінде қуатты жаңбырлы-түйдек бұлттардан нысаны және шамасы бойынша әр түрлі қатты мұз бөлікшелері түріндегі бірнеше секундтан 1 сағатқа дейін жауын-шашынның болуымен сипатталады.

      "Бұршақ соғудың" критерийлері барлық агроклиматтық аймақтар үшін қолданылады.

      Өсімдіктердің бұршақ соғумен бүліну сипаты мен дәрежесі мынадай белгілер бойынша айқындалады:

      жапырақтар (жекелеген, көбі, көпшілігі, барлығы) құлаған, жыртылған;

      шөптес өсімдіктердің сабақтары (жекелеген, көбі, көпшілігі, барлығы) сынған;

      гүл шоғырлары, гүлдер, жемістердің түйіндері, пісіп-жетілмеген жемістер, піскен жемістер (жекелеген, көбі, көпшілігі, барлығы) сынған, соғылған, құлаған;

      дәнді дақылдарда дәндері ұшқан (аз, көп, өте көп дәрежеде);

      өсімдіктердің жатып қалуы - уақытша, түпкілікті.

      13. Нөсер жаңбыр 1 сағат және одан да аз кезең ішінде 20 мм және одан да көп мөлшерде жоғары қарқынмен жаууымен сипатталады.

      "Нөсер жаңбырдың" критерийлері барлық агроклиматтық аймақтар үшін қолданылады.

      Нөсерден бүліну сипаты мен дәрежесі мынадай белгілер бойынша айқындалады:

      шөптес өсімдіктердің сабақтары (жекелеген, көбі, көпшілігі, барлығы) сынған;

      гүл шоғырлары, гүлдер, жемістердің түйіндері, пісіп-жетілмеген жемістер, піскен жемістер (жекелеген, көбі, көпшілігі, барлығы) шайылған;

      өсімдіктердің жатып қалуы - уақытша, түпкілікті;

      егістіктің ағынды сумен шайылуы;

      өскіндер пайда болғанға дейін топырақ бетінде қабыршақтың түзілуі.

      14. Үсік шалу ауыл шаруашылығы дақылдарының белсенді вегетациясы кезеңінде олардың едәуір бүлінуіне әкеп соғатын ауа температурасының (топырақ бетінде) 00С-тан төмен төмендеуімен сипатталады.

      "Үсік шалудың" критерийлері барлық агроклиматтық аймақтар үшін қолданылады.

      Үсік шалудан бүліну сипаты мен дәрежесі мынадай белгілер бойынша айқындалады:

      жапырақтар (жекелеген, көбі, көпшілігі, барлығы) семген, қоңырланған, қарайған, шеттері, ұштары, ортасы бүлінген; сабақтары мен өркендері (жекелеген, көбі, көпшілігі, барлығы) қарайған, ұштары, жартысына дейін, негізіне дейін семген;

      гүл шоғырлары, түйнектер, гүлдер (жекелеген, көбі, көпшілігі, барлығы) семген, коңырланған, түсіп қалған;

      піскен жемістер, дән (жекелеген өсімдіктерде, көбісінде, көпшілігінде, барлығында) бүлінген (аз мөлшері, көп бөлігі, барлығы);

      өсімдіктер тұтасымен үсіген (жекелеген, көбі, көпшілігі, барлығы).

      15. Қатты жел 15 м/с және одан жоғары жылдамдықтағы желмен сипатталады.

      "Қатты желдің" критерийлері барлық агроклиматтық аймақтар үшін қолданылады.

      Өсімдіктердің қатты желден бүліну сипаты мен дәрежесі мынадай белгілер бойынша айқындалады:

      шөптес өсімдіктердің сабақтары (жекелеген, көбі, көпшілігі, барлығы) сынған;

      гүл шоғырлары, гүлдер, жемістердің түйіндері, пісіп-жетілмеген жемістер, піскен жемістер (жекелеген, көбі, көпшілігі, барлығы) сынған;

      өсімдіктердің жатып қалуы - уақытша, түпкілікті;

      егістіктердің ұшыруы - тамырлардың жалаңаштануы, дәнді өсімдіктердің түптену түйіндерінің жалаңаштануы, әлсіз тамырланған өсімдіктердің (жекелеген, көбі, көпшілігі, барлығы) толығымен ұшыруы;

      басып қалу - өсімдіктердің жел ауыстырған топырақпен көмілуі.

      16. Сел салыстырмалы қысқа уақыт аралығында ағын су арналарының құрылымын едәуір өзгерістерге ұшырататын және өте үлкен бұзылулар әкелетін судың және сазды бөлшектерден бастап ірі тастар мен кесектерге дейінгі тау жыныстары сынықтарының көп мөлшері қоспасының уақытша таулы ағынымен сипатталады.

      "Селдің" критерийлері барлық агроклиматтық аймақтар үшін қолданылады.

      Өсімдіктердің селмен бүліну сипаты мен дәрежесі мынадай белгілер бойынша айқындалады:

      жапырақтар (жекелеген, көбі, көпшілігі, барлығы) жыртылған;

      шөптес өсімдіктердің сабақтары (жекелеген, көбі, көпшілігі, барлығы) сынған;

      гүл шоғырлары, гүлдер, жемістердің түйіндері, пісіп-жетілмеген жемістер, піскен жемістер (жекелеген, көбі, көпшілігі, барлығы) шайылған;

      өсімдіктердің жатып қалуы - уақытша, түпкілікті.

  Қолайсыз табиғат құбылыстарын
айқындаудың критерийлері мен
сипаттамаларына
1-қосымша

Қазақстан Республикасының аумағын агроклиматтық аудандастыру





  Қолайсыз табиғат құбылыстарын
айқындаудың критерийлері мен
сипаттамаларына
2-қосымша

"Атмосфералық құрғақшылықтың" критерийлері

Қадағалау кезеңі

Ұзақтығы

Ауаның ең көп шамадағы температура сы (0С)

Ауаның ең аз салыстыр малы ылғал дылығы (%)

Қазақстан Республикасының агроклиматтық аймақтары

ерте-көктемгі

- сәуір және

кеш-күзгі – қазан

қатарынан

30 тәулік

10 градус және одан жоғары

50 және одан төмен

I, II, III, IV

45 және одан төмен

VI, VII

кеш-көктемгі - мамыр және кеш-күзгі – қыркүйек

қатарынан 30 тәулік

20 градус және одан жоғары

40 және одан төмен

I, II,

III, V

35 және одан төмен

IV, VI, VII

жазғы – маусым, шілде, тамыз

қатарынан 30 тәулік (кезеңнің 25%-дан аспайтын ұзақтығын да температурада көрсетіл ген шектен төмен болуы мүмкін)

25-тен 30 градусқа дейін

35 және одан төмен

барлық агроклиматтық аймақтар үшін

қатарынан 15 тәулік

30-дан 35 градусқа дейін

30 және одан төмен

қатарынан 10 тәулік

35 градустан жоғары

  Қолайсыз табиғат құбылыстарын
айқындаудың критерийлері мен
сипаттамаларына
3-қосымша

"Топырақтық құрғақшылықтың" критерийлері

Қадағалау кезеңі

Ұзақтығы

Топырақ қабатындағы

өнімді ылғалдың қоры, (мм)

Қазақстан Республикасының агроклиматтық аймақтары

0-20 см

0-100 см

көктемгі

3 онкүндік

ішінде

25 және

одан төмен

100 және

одан төмен

I, II, III, V

3 онкүндік

ішінде

20 және

одан төмен

80 және

одан төмен

IV

3 онкүндік

ішінде

15 және

одан төмен

60 және

одан төмен

VI, VII

жазғы

қатарынан

30 тәулік

10 және

одан төмен

-

барлық агроклиматтық аймақтар үшін

  Қолайсыз табиғат құбылыстарын
айқындаудың критерийлері мен
сипаттамаларына
4-қосымша

"Үсіп кетудің" критерийлері

Ауаның ең аз шамадағы температурасы (оС)

Қар жамылғысының биіктігі (см)

Қазақстан Республикасының агроклиматтық аймақтары

минус 20 және одан төмен

қар жамылғысының болмауы

барлық агроклиматтық аймақтар үшін

минус 25 және одан төмен

5 және одан төмен

  Қолайсыз табиғат құбылыстарын
айқындаудың критерийлері мен
сипаттамаларына
5-қосымша

Вегетациялық кезеңде жылудың жетіспеушілігі кезіндегі белсенді
және тиімді ауа температураларының жиынтықтары

Ауыл шаруашылығы дақылдары

Ұзақтығы

Оң орташа тәуліктік ауа температуралар ының жиынтығы (00С-тан жоғары)

Тиімді температуралардың жиынтығы (50С-тан жоғары)

Қазақстан Республикасының агроклиматтық аймақтары

жаздық дәнді дақылдар

маусым -тамыз

1350 және одан төмен

1000 және

одан төмен

II, III, V

маусым -тамыз

1500 және одан төмен

1100 және одан төмен

IV, VI, VII

жылу сүйетін дәнді дақылдар

маусым -тамыз

1800 және одан төмен

1100 және одан төмен

VIII, XI

маусым -тамыз

1650 және одан төмен

900 және одан төмен

VII, XI

  Қолайсыз табиғат құбылыстарын
айқындаудың критерийлері мен
сипаттамаларына
6-қосымша

"Аңызақтың" критерийлері

Аңызақ үдемелілігі

Тәулік ішінде булануы (мм)

Түстен кейінгі су буы (гПа) қанығушылығының тапшылығы

Қазақстан Республикасының агроклиматтық аймақтары

10 м/с-тан аз жел кезінде

10 м/с-тан асатын жел кезінде

барлық агроклиматтық аймақтар үшін

әлсіз

3-5

20-32

13-27

орташа

5-6

33-39

28-32

қарқынды

6-8

40-52

33-45

өте қарқынды

8-ден

астам

52-ден астам

45-тен астам


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады