Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Даму Банкінің және ипотекалық ұйымдардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қаржы секторының шолуын қалыптастыру үшін мәліметтерді ұсыну жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 2010 жылғы 27 желтоқсандағы № 105 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 8 мамырдағы № 73 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 25 мамырда № 11161 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 316 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.12.2016 № 316 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он бес күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру және исламдық қаржыландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 27 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Даму Банкінің және ипотекалық ұйымдардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қаржы секторының шолуын қалыптастыру үшін мәліметтерді ұсыну жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 2010 жылғы 27 желтоқсандағы № 105 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6772 тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Даму Банкінің және ипотекалық ұйымдардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қаржы секторының шолуын қалыптастыру үшін мәліметтерді ұсыну жөніндегі нұсқаулықта:

      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Нұсқаулықтың 22-1-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, мынадай екінші деңгейдегі банктер Ұлттық Банкке:

      1) оннан аспайтын филиалы бар:

      күнделікті мәліметтерді – есепті күннен кейінгі екi жұмыс күнiнен кешіктірмей (ай сайынғы мәліметтермен бірмезгілде ұсынылатын айдың алғашқы есепті күндеріндегі мәліметтерді қоспағанда);

      ай сайынғы мәліметтерді – есепті айдың соңғы күнінен кейінгі үш жұмыс күнінен кешіктірмей;

      2) он және одан көп филиалы бар:

      күнделікті мәліметтерді – есепті күннен кейінгі үш жұмыс күнiнен кешіктірмей (ай сайынғы мәліметтермен бірмезгілде ұсынылатын айдың алғашқы есепті күндеріндегі мәліметтерді қоспағанда);

      ай сайынғы мәліметтерді – есепті айдың соңғы күнінен кейінгі бес жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынады.";

      мынадай мазмұндағы 22-1-тармақпен толықтырылсын:

      "22-1. Бас банк пен Банктер туралы заңға сәйкес қайта құрылымдаудан өткізілген еншілес банктің арасында активтерді және міндеттемелерді бірмезгілде беру операциясын жүзеге асырған екінші деңгейдегі бас банк мәліметтерді Ұлттық Банкке мынадай мерзімдерде:

      1) күнделікті мәліметтерді – есепті күннен кейінгі бес жұмыс күнінен кешіктірмей (ай сайынғы мәліметтермен бірмезгілде ұсынылатын айдың алғашқы есепті күндеріндегі мәліметтерді қоспағанда);

      2) ай сайынғы мәліметтерді – есепті айдың соңғы күнінен кейінгі жеті жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынады.".

      2. Төлем балансы, валюталық реттеу және статистика департаменті (Үмбеталиев М.Т.) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен (Досмұхамбетов Н.М.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс департаменті (Қазыбаев А.Қ.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А.Смоляковқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Осы қаулының он бірінші, он екінші, он үшінші және он төртінші абзацтары 2016 жылғы 1 ақпанға дейін қолданылады.

      Ұлттық Банк

Төрағасы

Қ. Келімбетов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады