Байланыс формасы

Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін қалыптастыру, сондай-ақ оған мәліметтер енгізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 25 мамырдағы № 286 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 27 мамырда № 11194 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 22 қыркүйектегі № 786 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Әділет министрінің 22.09.2016 № 786 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 сәуірдегі № 343 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерінің мемлекеттiк тiзiлiмiн, нормативтiк құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкiн жүргiзу ережесiнің 17-тармағына сәйкес, сондай-ақ «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 3)тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін қалыптастыру, сондай-ақ оған мәліметтер енгізу жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
      2. Заңнама департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық оны мемлекеттік тіркеген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр                            Б. Имашев

Қазақстан Республикасы 
Әділет министрінің  
2015 жылғы 25 мамырда 
№ 286 Бұйрығымен бекітілді

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің
эталондық бақылау банкін қалыптастыру, сондай-ақ оған
мәліметтер енгізу жөніндегі нұсқаулық

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін қалыптастыру, сондай-ақ оған мәліметтер енгізу жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 сәуірдегі № 343 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық кесiмдерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн, нормативтiк құқықтық кесiмдерiнiң эталондық бақылау банкiн жүргiзу ережесiнің (бұдан әрі - Ереже) 17-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін (бұдан әрі – Эталондық банк) қалыптастыру тәртібін нақтылайды.
      2. Эталондық банкті жүргізуді Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны (бұдан әрі – РҚАО) жүзеге асырады.
      3. Осы Нұсқаулықты қолдану үшін мынадай ұғымдар мен терминдер пайдаланылады:
      1) Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкi – олар туралы мәлiметтер Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзiлген, электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған нормативтiк құқықтық актiлердiң (өзгерiстермен және толықтырулармен бірге) баспа және электрондық-цифрлық нысандағы жиынтығы;
      2) нормативтiк құқықтық акт – референдумда қабылданған не уәкiлеттi орган немесе мемлекеттiң лауазымды адамы қабылдаған, құқықтық нормаларды белгiлейтiн, олардың қолданылуын өзгертетiн, тоқтататын немесе тоқтата тұратын белгiленген нысандағы жазбаша ресми құжат, сондай-ақ жазбаша ресми құжатпен бірдей және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған электрондық-цифрлық нысандағы құжат;
      3) Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімі – нормативтік құқықтық актілердің деректемелерін және осы актілер туралы басқа да ақпараттық-анықтамалық сипаттағы мәліметтерді қамтитын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік есепке алудың бірыңғай жүйесі;
      4) эталондық бақыланатын нормативтік құқықтық актi – бастапқы нормативтік құқықтық актіден (өзгерістермен және толықтырулармен бірге) тұратын, қалыптасқан және РҚАО лауазымды адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған баспа және электрондық цифрлық нысандағы туынды нормативтік құқықтық акті;
      5) нормативтік құқықтық актiнің электрондық көшірмесі – жазбаша ресми құжатпен бірдей және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған электрондық-цифрлық нысандағы құжат;
      6) электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар терімі;
      7) ақпараттық жүйе - аппараттық-бағдарламалық кешенді қолдана отырып, ақпаратты сақтауға, өңдеуге, іздестіруге, таратуға, беруге және ұсынуға арналған жүйе;
      8) автоматтандырылған басқару жүйесі - әкімші мен оператордың автоматты жұмыс орнын ұйымдастыруға арналған нормативтік құқықтық актілердің Электрондық түрдегі эталондық банкі ақпараттық жүйесінің кіші жүйесі;
      9) автоматтандырылған басқару жүйесінің әкімшісі, операторы - электрондық түрдегі эталондық банкті жүргізу жөніндегі функцияны жүзеге асыратын РҚАО қызметкері;
      10) мемлекеттік органдардың электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі (бұдан әрі - ЭҚАБЖ) - Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен тиісті мемлекеттік органның лауазымды тұлғалары арасындағы электрондық құжат алмасуға арналған электрондық құжат айналымы жүйесі;
      11) электрондық құжат айналымы жүйесі - қатысушылары арасындағы қатынастар «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы Заңымен және «Электрондық құжат айналымы ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 17 сәуірдегі № 430 қаулысымен реттелетін электрондық құжаттар алмасу жүйесі;
      12) куәландырушы орталық – электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілтіне сәйкестігін куәландыратын, сондай-ақ тіркеу куәлігінің дұрыстығын растайтын заңды тұлға;
      13) цифрлық код - ақпаратты беретін шартты белгілер, сигналдар жүйесі;
      14) мемлекеттiк органдардың бiрыңғай көлiк ортасы - Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, ведомствоаралық ақпараттық-коммуникациялық желiден тұратын, басқару және ұйымдастыру мақсаттарын iске асыруға және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының, аумақтық бөлімшелері мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдарын қоса алғанда, мемлекеттiк органдардың өзара іс-әрекетіне арналған, сондай-ақ «электрондық үкiметтiң» электрондық ақпараттық ресурстары мен ақпараттық жүйелерiнiң өзара iс-әрекетін қамтамасыз етуге арналған телекоммуникациялар желiсi.
      4. «Нормативтік құқықтық актiлер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы заңының 17-бабы 1-тармағының 2),3),4),5),6),7) тармақшаларына сәйкес «қызмет бабында пайдалану үшін», «баспасөзге арналмаған», «жариялауға жатпайды» деген белгілері бар нормативтік құқықтық актілер электрондық түрде эталондық банкте деректемелер түрінде орналасады.
      «Ерекше маңызды», «өте құпия», «құпия» белгілері бар нормативтік құқықтық актілер Мемлекеттік тізілімге және Эталондық банкке енгізілуге жатпайды.
      5. Ереженің 78-тармақтарында көрсетілген нормативтік құқықтық актілер Эталондық банкке енгізуге жатады.
      6. Ереженің 7, 8-тармақтарында көрсетілген нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік органның мөрімен расталған және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған баспа және электрондық түрдегі, мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бір данадағы нормативтiк құқықтық актілердің көшірмелері түрінде РҚАО-ға келіп түседі.
      7. Осы қағидалардың 7, 8-тармақтарында көрсетілген келіп түскен нормативтік құқықтық актілерді Эталондық банкке енгізу РҚАО-ға келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күнінің ішінде жүзеге асырылады.
      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің м.а. 10.02.2016 № 70 бұйрығымен.
      8. Осы ереженің 7-ші және 8-ші тармақтарында көзделген электрондық түрдегі нормативтік құқықтық актілерді РҚАО-ға жіберу ЭҚАБЖ немесе мемлекеттік органдардың электрондық құжат айналымы жүйелері арқылы жүргізіледі.
      Нормативтік құқықтық актілердің электрондық мәтіндерін ЭҚАБЖ немесе мемлекеттік органдардың электрондық құжат айналымы жүйелері арқылы РҚАО-ға жіберу және электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландыру мүмкін болмаған кезде, мұндай нормативтік құқықтық актілер оларға электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойылуын қамтамасыз ете отырып, электрондық цифрлық жеткізгіштерде РҚАО-ға ұсынылады.
      Аталған актіні бірлесіп қабылдаған мемлекеттік органдардың бірлесіп қабылдаған нормативтік құқықтық актілерге электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойылуын қамтамасыз ету, сондай-ақ кейіннен оларды электрондық цифрлық жеткізгіштерде РҚАО-ғаұсыну әзірлеуші мемлекеттік органға жүктеледі.
      9. Электрондық құжат айналымының ақпараттық жүйесінде мемлекеттік органдар толтыратын нормативтік құқықтық актілер карточкаларының мәліметтерін құрастыру жөніндегі талаптар осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасында келтірілген.

2. Қағаз және электрондық түрдегі эталондық банкті қалыптастыру

      10. Ереженің 7, 8-тармақтарында көрсетілген нормативтік құқықтық актілер есепке алуға және жүйелендіруге жатады, ол жинақтаудан, тіркеуден және нормативтік құқықтық актілердің нысаны бойынша хронологиялық тәртіппен орналастырудан тұрады.
      Нормативтік құқықтық актілер осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша нормативтік құқықтық актілерді есепке алу журналында тіркеледі. Нормативтік құқықтық актілер туралы жазбаға нормативтік құқықтық актінің электрондық көшірмесінің болуы туралы белгі енгізіледі.
      Нормативтік құқықтық актілерді есепке алу және жүйелендіру толық көлемде және уақытылы жүргізіледі.
      Нормативтік құқықтық актілерді беру және қайтару осы Нұсқаулықтың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жеке журналда тіркеледі.
      11. Эталондық банктің қағаз түріндегі қорының сақталуы үшін жауаптылық қағаз түріндегі Эталондық банкті есепке алу және жүйелендіру бойынша міндеттерді орындайтын қызметкерлерге жүктеледі.
      12. Эталондық банкті электрондық түрде қалыптастыру ақпараттық жүйе (бұдан әрі - жүйе) арқылы жүзеге асырылады, бұл жүйе үш кіші жүйеден тұрады:
      автоматтандырылған басқару жүйесі - нормативтік құқықтық актілерді дайындауға арналған;
      қойма - Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін электрондық түрде сақтауға арналған бірыңғай орталықтандырылған депозитарийдің міндетін атқарады және оларға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпаратты сақтауға арналған құралдарды ұсынады (бұдан әрі – қойма);
      веб-портал – Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін электрондық түрде аптасына 7 күн тәулігіне 24 сағат режимінде қарауға, сондай-ақ қосымша функционалдық мүмкіндіктерге қол жеткізуге арналған (бұдан әрі - веб-портал).
      13. «Веб-портал» кіші жүйесі барлық мүдделі адамдар үшін Интернет ортасында, соның ішінде заманауи мобильді құрылғылар (смартфондар, планшеттер және т.с.с.) арқылы жүйеге кірудің бірыңғай нүктесі болып табылады.
      14. Нормативтiк құқықтық актілерді ресiмдеу және келiсу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 16 тамыздағы № 773 қаулысына (бұдан әрі - № 773 қаулы) сәйкес электрондық түрдегі нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік органдардан жүйеге электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы не электрондық-цифрлық жеткізгіште (CD-диск, USB флеш-карта) Microsoft Word (кеңейтілімі doc немесе docх) форматында келіп түседі.
      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің м.а. 10.02.2016 № 70 бұйрығымен.
      15. Енгізілетін нормативтік құқықтық актіде жүйе:
      куәландырушы орталыққа электрондық цифрлық қолтаңбаның жарамдылығы мәніне сұрау жіберу жолымен электрондық цифрлық қолтаңбаның легитимділігін (шақыртып алынған, жарамды, мерзімі өткен) тексереді;
      цифрлық кодтың тұтастығы, оқылатындығы мәніне пішімді-логикалық бақылау жүргізеді.
      Электрондық цифрлық қолтаңбаның легитимділігіне тексеруден немесе пішімді-логикалық бақылаудан өтпеген нормативтік құқықтық акті қайтару себебін көрсетіп, оны жолдаған мемлекеттік органға қайтаруға және жүйе қоймасының «Қабылданбаған файлдар» бөлімінде сақтауға жатады.
      Сонымен қатар нормативтік құқықтық актілер оның деректемелік және мазмұндық бөліктерінің сәйкестігіне тексеріледі.
      Тексеру қорытындысы теріс болған жағдайда, нормативтік құқықтық актілер электрондық түрде алынбады деп есептеледі, ол туралы жіберушіге құжатты алмау себептерін көрсетіп, хабарлама жіберіледі.
      Мемлекеттік органдар құжаттың алынбағандығы туралы хабарламаны алған күннен бастап 2 жұмыс күнінің ішінде электрондық түрдегі нормативтік құқықтық актілерді РҚАО-ға қайта жібереді.
      16. Эталондық банк ақпараттық жүйесінің автоматтандырылған басқару жүйесінде қабылданған нормативтік құқықтық актіге тіркеу карточкасы толтырылады, ол нормативтік құқықтық акті туралы анықтамалық-ақпараттық деректерді және деректемелерін қамтиды.
      Нормативтік құқықтық актінің деректемелері туралы мәліметтер «Нормативтік құқықтық актiлер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы заңының 17-бабына сәйкес көрсетіледі.
      Анықтамалық-ақпараттық деректер Мемлекеттік тізілім нөмірінен, РҚАО-ға келіп түскен, күшіне енген, құжатты өзгерткен күнінен, қолдану аймағынан, ресми жариялау, құқықтық қатынас саласы туралы мәліметтерден тұрады.
      17. Жүйе келіп түскен нормативтік құқықтық актілерге Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізілімінің нөмірін автоматты режимде береді және тіркеу карточкасында сақтайды.

Қазақстан Республикасы нормативтік
құқықтық актілерінің эталондық бақылау
банкін қалыптастыру, сондай-ақ оған
мәліметтер енгізу жөніндегі нұсқаулыққа
1-қосымша

Электрондық құжат айналымы ақпараттық жүйесінде мемлекеттік
органдар толтыратын нормативтік құқықтық актілер карточкасының
мәліметтерін құрастыру бойынша қойылатын талаптар

      1. Электрондық құжат айналымының ақпараттық жүйесінде мемлекеттік органдар міндетті тәртіппен және толық көлемде толтырған нормативтік құқықтық акті карточкаларының мәліметтері ҚР НҚА ЭЭББ АЖ-дағы нормативтік құқықтық актіме та деректерінің негізін құрайды.
      Нормативтік құқықтық актінің карточкасында нормативтік құқықтық акті туралы мынадай есептік жазбалар көрсетілуге тиіс:
      1-деректемеде – нормативтік құқықтық актінің қазақ тіліндегі атауы (толтырылуы міндетті);
      2-деректемеде – нормативтік құқықтық актінің орыс тіліндегі атауы (толтырылуы міндетті);
      3-деректемеде – сұрақтың сипаты: «Эталондық банкке нормативтік құқықтық акті» мәнінің «Сұрақтың сипаты» анықтамалығынан таңдалады (толтырылуы міндетті);
      4-деректемеде – акт нысаны: «Нормативтік құқықтық актiлер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы заңы 17-бабының 2-тармағына сәйкес «Құжаттың түрі» анықтамалығынан таңдалады (толтырылуы міндетті);
      5-деректемеде – құжат тілі: тілдер тізімінен таңдалады (толтырылуы міндетті);
      6-деректемеде – әзірлеуші мемлекеттік орган: «Корреспонденттер» анықтамалығынан таңдалады;
      7-деректемеде – актіні қабылдаған орган: «Корреспонденттер» анықтамалығынан таңдалады (егер бұл мемлекеттік органдардың бірлескен нормативтік құқықтық актісі болған жағдайда, үтір арқылы бірнеше мағына енгізілуі мүмкін) (толтырылуы міндетті);
      8-деректемеде – нормативтік құқықтық актінің тіркеу нөмірі: нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік органда қабылдау нөмірі көрсетіледі (егер бірлескен нормативтік құқықтық акті болған жағдайда, нормативтік құқықтық актіні Эталондық банкке жіберген мемлекеттік органда нормативтік құқықтық актіні қабылдау нөмірі көрсетіледі) (толтырылуы міндетті);
      9-деректемеде – қабылдау күні:нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік органда қабылдау күні көрсетіледі (егер бірлескен нормативтік құқықтық акті болған жағдайда, нормативтік құқықтық актіні Эталондық банкке жіберген мемлекеттік органда нормативтік құқықтық актіні қабылдау күні көрсетіледі) (толтырылуы міндетті);
      10-деректемеде – қабылдау орыны: «Қабылдау орыны» анықтамалығынан таңдалады (толтырылуы міндетті);
      11-деректемеде – мемлекеттік тіркеу нөмірі: Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде немесе оның аумақтық органдарында берілген мемлекеттік тіркеу нөмірі көрсетіледі (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде немесе оның аумақтық органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілері үшін толтырылуы міндетті);
      12-деректемеде – мемлекеттік тіркеу күні: Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде немесе оның аумақтық органдарында мемлекеттік тіркеу күні көрсетіледі (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде немесе оның аумақтық органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілері үшін толтырылуы міндетті);
      13-деректемеде – мемлекеттік тіркеу органы: «Корреспонденттер» анықтамалығынан таңдалады (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде немесе оның аумақтық органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілері үшін толтырылуы міндетті);
      14-деректемеде – қолдану аймағы: «Аймақтар» анықтамалығынан таңдалады (толтырылуы міндетті);
      15-деректемеде – жарияланым дереккөзі: болған кезде «Жарияланым дереккөздері» анықтамалығынан таңдалады (толтырылуы міндетті емес);
      15.1-деректемеде – жариялау басылымының нөмірі: болған кезде «Жарияланым дереккөздері» анықтамалығынан таңдалады (толтырылуы міндетті емес);
      15.2-деректемеде – жариялау күні: болған кезде басылымда жариялану күні көрсетіледі (толтырылуы міндетті емес);
      16-деректемеде – нормативтік құқықтық актіге қол қойған мемлекеттік орган басшысының Т.А.Ә.: нормативтік құқықтық актіге қол қойған уәкілетті адамның тегі, аты, әкесінің аты көрсетіледі (толтырылуы міндетті);
      17-деректемеде – файлдарды бекіту: DOC немесе DOCX форматындағы файлдарды жүктеу (толтырылуы міндетті);
      18-деректемеде – парақтар/қосымшалар: (негізгі, туынды) нормативтік құқықтық акті парақтарының және қосымша (егер қосымша болмаса «0» цифрі көрсетіледі) парақтарының саны көрсетіледі (толтырылуы міндетті);
      19-деректемеде – басшының электрондық цифрлық қолтаңбасы: нормативтік құқықтық актіге қол қоюға уәкілетті адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен нормативтік құқықтық актіге қол қою (толтырылуы міндетті);
      20-деректемеде – кеңсенің электрондық цифрлық қолтаңбасы: жіберілетін деректерге кеңсе қызметкерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қою (толтырылуы міндетті);
      21-деректемеде – жеткізгіш типі: мынадай мағыналарды қабылдайтын жеткізгіштің типі көрсетіледі: =1 (электрондық құжаттың түпнұсқасы), =3 (қағаз құжаттың электрондық көшірмесі) (толтырылуы міндетті).
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Әділет министрінің м.а. 10.02.2016 № 70 бұйрығымен.
      2. Электрондық түрдегі нормативтік құқықтық актіге мынадай талаптар қойылады:
      1) электрондық құжат қағаз түрдегі нормативтік құқықтық актінің түрін және ақпаратын толығымен көрсетуге тиіс;
      2) нормативтік құқықтық акті әрбір ішіне салынғанымен (нормативтік құқықтық актінің негізгі түрі, нормативтік құқықтық актінің туынды түрі, қосымшалар) қоса тек Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын куәландырушы орталықтың немесе Қазақстан Республикасының ұлттық куәландырушы орталығының электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталады;
      3) нормативтік құқықтық акті мемлекеттік және орыс тілдерінде,әрбір тілдік нұсқа 20 Мб көлемінен аспайтын жеке файлда ұсынылады;
      4) № 773 қаулыға сәйкес нормативтік құқықтық актінің (негізгі, туынды және оған қосымша (лар) мәтіні бар файлдың бірыңғай форматы Microsoft Word форматында (кеңейтілімі doc немесе docx);
      5) нормативтік құқықтық акті (негізгі, туынды және оған (оларға) қосымша (лар) мәтіні бар файлдың бірыңғай пішімі Microsoft Word (кеңейтілімі docx);
      6) екі тілде ұсынылатын файлдардың жалпы саны – алтыдан аспайды;
      7) ішіне салынған файлдар тәртібінің қағаз түпнұсқадағы нормативтік құқықтық актінің мәтініне сәйкестігі:
      нормативтік құқықтық актінің негізгі түрі;
      нормативтік құқықтық актінің туынды түр(лер)і;
      қосымша нөмірлерінің өсуі (1,2,3, және т.с.с.) тәртібімен;
      8) нормативтік құқықтық актінің электрондық құжаттарында нөмірленген тізімдерді Microsoft Word ішіне салынған функциясы - автонөмірлеуді пайдаланбастан, қолымен ресімдеу;
      9) ішіне салынғандары бар файлдарды жүктеу қағаз түріндегі нормативтік құқықтық акті мәтінінің жазылу тәртібін сақтай отырып, әрбір тілде кезекпен жүзеге асырылады.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Әділет министрінің м.а. 10.02.2016 № 70 бұйрығымен.
      3. Кестелерді ресімдеуді қағаз түпнұсқамен нақты сәйкестікте және міндетті түрде Microsoft Word (Кесте) функционалын пайдалану арқылы жүзеге асыру қажет.

Қазақстан Республикасы нормативтік
Құқықтық актілерінің эталондық бақылау
банкін қалыптастыру, сондай-ақ оған
мәліметтер енгізу жөніндегі нұсқаулыққа
2-қосымша

нысан

Нормативтік құқықтық актілерді есепке алу журналы

№ рн

Келіп түскен күні

Нормативтік құқықтық актінің нысаны, нөмірі, қабылданған күні

Электрондық көшірмесі туралы белгі

1

2

3

4





Қазақстан Республикасы нормативтік
құқықтық актілерінің эталондық бақылау
банкін қалыптастыру, сондай-ақ оған
мәліметтер енгізу жөніндегі нұсқаулыққа
3-қосымша

нысан

Нормативтік құқықтық актілерді беру және қайтару журналы

№ рн

Берген күні

Нормативтік құқықтық актінің нысаны, қабылдау күні және нөмірі

Нормативтік құқықтық актіні алатын адамның ТАӘ

Алғандығы туралы қолы

Қайтару күні және қолы

1

2

3

4

5

6







Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады