Карантинге жатқызылған өнімнің тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 13 ақпандағы № 4-4/103 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 3 маусымда № 11255 тіркелді

      «Өсімдіктер карантині туралы» 1999 жылғы 11 ақпандағы Қазақстан  Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған карантинге жатқызылған өнімнің тізбесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жариялауға жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Ауыл шаруашылығы министрі                  А. Мамытбеков

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасы
      Қаржы министрі
      ________________Б. Сұлтанов
      2015 жылғы 27 сәуір

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық экономика министрі
      ____________Е. Досаев
      2015 жылғы 6 наурыз

Қазақстан Республикасы 
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 13 ақпандағы  
№ 4-4/103 бұйрығымен бекітілген

Карантинге жатқызылған өнімнің тізбесі

Атауы

Еуразиялық экономикалық одағының сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы бойынша өнімнің коды*

1

2

1. Карантинге жатқызылған фитосанитариялық тәуекелі жоғары өнім

Ғылыми-зерттеу мақсаттарына арналған тірі кенелер, нематодтар және жәндіктер

010641 000-ден 0106 49 000-ден

Баданалар, түйнектер, түйнек тәріздес тамырлар, түйнекті баданалар, бұтақталғандарын қоса алғанда, вегетативтік тыныштық, вегетация немесе гүлдену жағдайындағы тамыр сабақтары, өсімдіктер және 1212 тауарлық позициясындағы тамырлардан басқа тамырсабақтар

0601

Басқа да тірі өсімдіктер (олардың тамырларын қоса алғанда), қалемшелер және сұлама бұтақтар

0602 (0602 90 100 0-ден басқа)

Гүл шоқтарын жасауға немесе сәндік мақсаттарға жарамды кесіп алынған гүлдер мен гүлшанақтар, балғын

0603 11 000
0 - 0603 19 800 0

Гүл шоқтарын жасауға немесе сәндік мақсаттарға жарамды кесіп алынған, кептірілген гүлдер мен гүлшанақтар

0603 90 000 0-ден

Рождество мейрамына арналған ағаштар

0604 20 200 0

Қылқан жапырақты ағаштар бұтақтары

0604 20 400 0

Өсімдіктердің гүлсіз және гүлшанақсыз жапырақтары, бұтақтары және басқа да бөліктері, гүл шоқтарын жасауға немесе сәндік мақсаттарға жарамды балғын, кептірілген, одан әрі өңдеуді қажет етпейтін шөптер

0604 20 900 0-ден 0604 90 910 0-ден

Жаңа піскен немесе тоңазытылған картоп

0701

Жаңа піскен немесе тоңазытылған қызанақтар

0702 00 000

Жаңа піскен немесе тоңазытылған басты пияз, шалот пиязы, порей пиязы, сармсақ және басқа да  пиязшық көкөністер

0703

Жаңа піскен немесе тоңазытылған қауданды қырыққабат, түсті қырыққабат, кольраби, жапырақты қырыққабат және осыған ұқсас Brassica тектес жеуге жарамды көкіністер

0704

Жаңа піскен немесе тоңазытылған ақ сүттіген (Lactuca sativa) шашыратқы (Cichorum spp.)

0705

Жаңа піскен немесе тоңазытылған сәбіз, шалқан, ас қызылшасы, қойжелкек, тамырлы балдыркөк, шалғам және басқа да осыған ұқсас жеуге жарамды тамыржемістілер

0706

Жаңа піскен немесе тоңазытылған қиярлар мен корнишондар

070700

Аршылған немесе аршылмаған, жаңа піскен немесе тоңазытылған бұршақ тұқымдас көкөністер

0708

Жаңа піскен немесе тоңазытылған басқа да көкөністер

0709

Егіске арналған будандық қант жүгерісі (Zеа mауs vаr.)

0712901100

Кептірілген, аршылған, тұқым қабығынан тазартылған немесе тазартылмаған, уатылған немесе уатылмаған бұршақ тұқымдас көкөністер

0713

Жаңа піскен немесе тоңазытылған, кептірілген, тұтас немесе тілімдерге кесілген маниок, маранта, салеп, жер алмұрты немесе топинамбур, тәтті картоп немесе батат және осыған ұқсас құрамында крахмал немесе инулиннің мөлшері жоғары басқа да тамыржемістілер мен түйнек жемістілер; саго пальмасының өзегі

0714-ден

Жаңа піскен немесе кептірілген, қауызынан аршылған немесе аршылмаған, қабығымен немесе қабықсыз кокос жаңғақтары, бразилиялық жаңғақтар және кешью жаңғақтары

0801

Жаңа піскен немесе кептірілген, қауызынан аршылған немесе аршылмаған, қабығымен немесе қабықсыз басқа да жаңғақтар

0802

Жаңа піскен немесе кептірілген плантайндарды қоса алғанда банандар

0803

Жаңа піскен немесе кептірілген құрма, інжір, ананас, авокадо, гуайява, манго және мангостан немесе гарциния

0804

Жаңа піскен немесе кептірілген цитрусты жемістер

0805

Жаңа піскен немесе кептірілген жүзім

0806

Жаңа піскен қауындар (қарбыздарды қоса алғанда) мен папайя

0807

Жаңа піскен алмалар, алмұрттар мен айва

0808

Жаңа піскен өріктер, шие, мен қызыл шие, шабдалылар (нектариндерді қоса алғанда), қара өріктер мен шомырт

0809

Жаңа піскен басқа да жемістер

0810

0801-0806 тауарлық позицияларындағы жемістерден  басқа кептірілген жемістер; жаңғақтардың немесе осы топтағы кептірілген жемістердің қоспасы

0813

Кофеинді немесе кофеинсіз қуырылмаған кофе

0901 11 000-ден
0901 12 000-ден

Бидай және меслин

1001

Қара бидай

1002

Арпа

1003

Сұлы

1004

Жүгері

1005

Күріш

1006

Дәнді құмай

1007

Қарақұмық, тары және субидайықтың тұқымдары; өзге де дақылдар

1008

Бидай немесе қара бидай ұны

1101 00

Бидайдан немесе қара бидайдан басқа өзге де дақылдар дәндерінен алынған ұн

1102

Дақылдар дәндерінен алынған жарма, ірі тартылған ұн және түйіршіктер

1103

1006 тауарлық позициясындағы күрішті қоспағанда, басқа да тәсілдермен өңделген дақылдар дәні (мысалы, қауызынан аршылған, жаңышталған, үлпектерге қайта өңделген жарма түрінде түйілген немесе ұнтақталған); бүтін, үлпектер түрінде жаңышталған немесе тартылған дақылдар дәнінің ұрықтары

1104

Майда және ірі тартылған ұн мен 0713 тауар позициясындағы кептірілген бұршақ тұқымдас көкөністерден алынған ұнтақ

1106 10 000 0

Қуырылған немесе қуырылмаған мия

1107

Ұнтақталған немесе ұнтақталмаған қытайбұршақ бұршақбастары

1201

Қуырылмаған немесе басқа да тәсілдермен дайындалмаған, аршылған немесе аршылмаған, ұнтақталған немесе ұнтақталмаған жержаңғақ

1202

Копра

1203 00 000 0

Ұнтақталған немесе ұнтақталмаған зығыр тұқымдары

1204 00

Ұнтақталған немесе ұсатылмаған рапс немесе кольза тұқымдары

1205

Ұнтақталған немесе ұнтақталмаған күнбағыс тұқымдары

1206 00

Ұнтақталған немесе ұнтақталмаған өзге де майлы дақылдардың тұқымдары мен жемістері

1207

Қыша тұқымдарынан басқа, майлы дақылдар тұқымдарынан немесе жемістерінен алынған майда немесе ірі тартылған ұн

1208

Егіске аралған тұқымдар, жемістер және споралар

1209

Негізінен парфюмерияда, фармацияда немесе инсектицидтік, фунгицидтік немесе осыған ұқсас мақсаттарда пайдаланылатын, балғын немесе кептірілген, бүтін немесе ұсатылған, ұнтақталған немесе тартылған өсімдіктер мен олардың бөліктері (тұқымдарын және жемістерін қоса алғанда)

1211(1211 30 0000, 1211 40 000 0 ден басқа)

Қант қызылшасы

1212 91

Тұқымдарын қоса алғанда мүйізше ағаштың жемістері

1212 94 000 0,
1212 99 410 0,
1212 99 490 0

Өріктердің, шабдалылардың (оның ішінде нектариндер) немесе қара өріктердің сүйекшелері мен олардың дәндері; Cichorium intybus sativum түріндегі шашыратқының тамырлары

1212 94 000 0,
1212 99 950 0-ден,

Дәнді дақылдардың түйіршік түріндегілерден басқа өңделмеген, ұсатылған немесе ұсатылмаған, тартылған немесе тартылмаған, нығыздалған сабаны мен топаны

1213 00 000 0,
1401 90 000 0-ден

Түйіршіктелмеген тарна, жапырақты қызылша, (мангольд), азықтық тамыржемістілер, пішен, жоңышқа, беде эспарцет, азықтық қырыққабат, бөрібұршақ, сиыржонышқа және осыларға ұқсас азықтық өнімдер

1214-ден

Бүтін немесе ұнтақталған, шикі немесе қуырылған  какао-бұршақтар

1801 00 000 0

Какаоның қауызы, қабықтары, қабықшасы және басқа да қалдықтары

1802 00 000 0

Дақылдар дәндерін немесе бұршақ тұқымдас дақылдарды елеуден, тартудан немесе қайта өңдеудің басқа да тәсілдерімен алынған түйіршіктелмеген кебектер, жармалар, жарма ұндар және басқа да қалдықтар

2302-ден

Қытайбұршақ майын бөліп алу кезінде алынатын тартылған, немесе тартылмаған, түйіршіктелмеген күнжаралар және басқа да қатты қалдықтар

2304 00 000-ден

Жержаңғақ майын бөліп алу кезінде алынатын тартылған немесе тартылмаған, түйіршіктелмеген күнжаралар және басқа да қатты қалдықтар

2305 00 000 0-ден

Өсімдік тоң майлары мен майларын бөліп алу кезінде алынатын тартылған немесе тартылмаған түйіршіктелмеген күнжаралар және 2304 немесе 2305 тауарлық позиция қалдықтарынан басқа өзге де қатты қалдықтар

2306-ден

Топырақ және жер

2530 90 000 0-ден

Агломерацияланған немесе агломерацияланбаған шымтезек (шымтезек қиқымын қоса алғанда)

2703 00 000 0

Тек қана ғылыми-зерттеу мақсаттарына арналған тірі фитопатогендік бактериялар, вирустар

3002 90 500 0-ден 3002 90 900 0-ден

Аралас немесе аралас емес, химиялық өңделген немесе өңделмеген малдан алынатын немесе өсімдік тектес тыңайтқыштар; өсімдіктен немесе малдан алынатын өнімдерді араластыру немесе химиялық өңдеу арқылы алынған тыңайтқыштар

3101 00 000 0

Бөренелер, шөрелер, бұтақтар, шөпшек байламдары  немесе осыларға ұқсас түрлердегі отындық сүрек Қылқан жапырақты тұқымдардың жоңқасы немесе жаңқасы
Жапырақты тұқымдардың сүрек жоңқасы немесе жаңқасы
Агломерацияланбаған үгінділер және сүрек қалдықтары мен сынықтары

4401 10 000

4401 21 000 0
4401 22 000 0

4401 39-дан

Қабығы алынған немесе алынбаған немесе үстіңгі қабымен, ірі кесектелген немесе кесектелмеген ағаш материалдар

4403 (4403 10 000-ден басқа)-ден

Бөшкелік сүрек; жарылған бөренелер; ағаштан жасалған, өткірленген, бірақ ұзына бойы кесілмеген қадалар, қазақтар және бағандар; таяқтарды, қолшатырларды, құрал-саймандардың немесе осыларға ұқсас бұйымдардың саптарын өндіру үшін пайдаланылатын ірі жоңылған, бірақ ұшталмаған, майыстырылмаған немесе басқа да тәсілмен өңделмеген ағаш материалдар; жоңқа және осыған ұқсас сүрек

4404

Сүрек қабығы

1404 90 000 9-ден 4401 39 900 0-ден

Темір жол немесе трамвай жолдарына арналған сіңдірілмеген ағаш шпалдар

4406 10 000 0

Ұзына бойы арамен кесілген немесе жарылған, қабаттарға бөлінген немесе аршылған, сүргіленген немесе сүргіленбеген, тегістелген немесе тегістелмеген, ұштары жалғанған немесе жалғанбаған, қалыңдығы 6 мм-ден аспайтын ағаш материалдар

4407

Бояумен, улағыштармен, антисептикпен немесе басқа да консерванттармен өңделгендерден басқа, пішінделген ұзын тақтай түріндегі (қырлары, ойықтары бар, шпунтталған, қиысқан жіктері бар, жартылай дөңгелек калевка түріндегі қосылысы бар, фасонды, дөңгеленген немесе осыларға ұқсас) кез келген жиек, ұш немесе тегістіктегі, сүргіленіп, тегістеліп өңделген немесе өңделмеген, ұштары жалғанған немесе жалғанбаған кесілген ағаш материалдар (еденді паркетпен жабуға арналған, жиналмаған жұқа тақтайшалар мен фриздерді қоса алғанда)

4409-ден

Жеке тауар болып табылатын немесе жеке декларацияланатын сүректен жасалған жәшіктер, қораптар, буып-түйетін көтермелер немесе себеттер, барабандар және осыларға ұқсас ыдыс, кабельді ағаш барабандар, палеттер, тұғырықтар және өзге де тиейтін ағаш қалқандар, ағаш eрнеушелер

4415-ден

Бояумен улағыштармен, антисептикпен және басқа да консерванттармен өңделгендерден басқа бетондауға арналған қалып

4418 40 000 0-ден

Коллекциялар және зоология, ботаника бойынша коллекциялауға арналған заттар

9705 00 000 0-ден

2. Карантинге жатқызылған фитосанитариялық тәуекелі төмен өнім

Құс қауырсындарының және олардың бөліктерінің ұнтағы мен қалдықтары

0505 90 000 0-ден

Сүйектердің және мүйіз өзегінің ұнтағы мен қалдықтары

0506 90 000 0-ден

Кептірілген, бүтін, бөліктерге, тілімдерге кесілген, ұсатылған немесе ұнтақ түріндегі, бірақ одан арғы өңдеуге ұшырамаған басты пияз

0712 20 000 0

Кептірілген, бүтін, бөліктерге, тілімдерге кесілген, ұсатылған немесе ұнтақ түріндегі, бірақ одан арғы өңдеуге ұшырамаған саңырауқұлақтар

0712 31 000 0
0712 32 000 0
0712 33 000 0
0712 39 000 0

Кептірілген, бүтін, бөліктерге, тілімдерге кесілген, немесе ұсатылған ұнтақ түріндегі, бірақ одан арғы өңдеуге ұшырамаған өзге де көкөністер, көкөніс

0712 90 (0712 90 110 0-ден басқа)

Тұтынушылық орамаға өлшеніп салынғаннан басқа кофеинді қуырылған кофе**

0901 21 000-ден

Тұтынышылық орамаға өлшеніп салынғаннан басқа кофеинсіз қуырылған кофе**

0901 22 000-ден

Кофенің қауызы және кофе дәнінің қабықтары

0901 90 100 0

Тұтынушылық орамаға өлшеніп салынғаннан басқа көк шай (ферменттелмеген)**

0902 10 000,
0902 20 000 0

Тұтынушылық орамаға өлшеніп салынғаннан басқа қара (ферменттелмеген) және ішінара ферменттелген шай**

0902 30 000-ден
0902 40 000 0

Тұтынушылық орамаға өлшеніп салынғаннан басқа мате немесе парагвай шайы**

0903 00 000 0

Тұтынушылық орамаға өлшеніп салынғаннан басқа дәмдеуіштер**

0904-0910-ден

Негізінен өру үшін пайдаланылатын өсімдік тектес тазартылмаған, ағартылмаған немесе боялмаған материалдар (мысалы, бамбук, ротанг, қамыс, елекшөп, тал, рафия)

1401-ден

Мақта линті

1404 20 000 0

Негізінен сыпырғыштарда немесе щеткаларда, бумаларда, байламдарда немесе үйілген күйде пайдаланылатын өсімдік тектес материалдар (мысалы сыпыртқылық құмай, пиассава, жатаған бидайық, истль)
Негізінен бояу немесе тері илеу үшін пайдаланылатын өсімдік тектес материалдар

1404 90 000-ден

Түйіршіктелгеннен басқа тапиока

1903 00 000 0-ден

Аралас тұздықтар

2103 90 900 9-ден

Емен жаңғақтары және ат талшын

2308 00 400 0-ден

Органикалық негіздегі, құрамында холин хлориді бар, малдарды азықтандыру үшін пайдаланылатын өнімдер

2309 90 950 0-ден

Малдарды азықтандыру үшін пайдаланатын түйіршіктелмеген басқа да азық-түліктер

2309 90 990 0-ден

Темекі шикізаты; темекі қалдықтары

2401

Қына және басма (тұтынушылық орамаға өлшеніп салынбаған)

3203 00-ден

41-тобына 1б немесе 1в ескертпелермен алынып тасталғандардан басқа ірі қара малдың (буйволдарды қоса алғанда), жылқы тұқымдас жануарлардың, қойлардың, қозылардың және басқа да жануарлардың (буланған немесе тұздалған, кептірілген, күлденген, пикелденген немесе басқа тәсілмен консервіленген, бірақ иленбеген, пергаментке келтіріліп өңделмеген немесе одан арғы өндеуге ұшырамаған) түкті немесе жүнді, түксіз немесе жүнсіз, бүлінген немесе бүлінбеген өңделмеген терілері

4101-ден
4102-ден
4103-ден

Бояумен улағыштармен, антисептикпен және басқа да консерванттармен өңделгендерден басқа бөшкелер, кішкене бөшкелер, үлкен күбілер, күбілер мен өзге де бөшкелік бұйымдар және қалақты қоса алғанда сүректен жасалған олардың бөліктері

4416 00 000 0-ден

Бояумен, улағыштармен, антисептикпен және басқа да консерванттармен өңделгендерден басқа терезе, балкон есіктері олардың жақтаулары

4418 10-ден

Бояумен, улағыштармен, антисептикпен және басқа да консерванттармен өңделгендерден басқа есіктер және олардың жақтаулары мен босағалары

4418 20-ден

Бояумен, улағыштармен, антисептикпен және басқа да консерванттармен өңделгендерден басқа жабындық гонт пен қиынды ағаш

4418 50 000 0-ден

Бояумен, улағыштармен, антисептикпен және басқа да консерванттармен өңделгендерден басқа тоқуға  арналған материалдардан жасалған, жолақтарға немесе ленталарға жалғасқан немесе жалғаспаған, тоқылған және осыған ұқсас бұйымдар; бояумен, улағыштармен, антисептикпен және басқа да консерванттармен өңделгендерден басқа өсімдік материаддарынан жасалған кілемшелер, шилер, керме шымылдықтар

4601-ден

Бояумен, улағыштармен, антисептикпен және басқа да консерванттармен өңделгендерден басқа тікелей нысан бойынша тоқуға арналған материалдардан дайындалған себеттік, тоқыма және өзге де бұйымдар; бояумен, улағыштармен, антисептикпен және басқа да консерванттармен өңделгендерден басқа сәнқауақтан жасалған бұйымдар

4602-ден

Гофрленген, перфорацияланған немесе перфорацияланбаған қағаз және картон

4808 10 000 0

Гофрленген қағаздан немесе гофрленген картоннан жасалған жәшіктер мен қораптар

4819 10 000 0-ден

Тарқатуға жарамды жібек құртының пілләлары

5001 00 000 0

Жібек қалдықтары (тарқатуға жарамсыз пілләларды, піллә жібінің қалдықтары мен ыдыратылған шикізатты қоса алғанда)

5003 00 000 0

Жабағыда жуылған жүнді қоса алғанда кардтық немесе тарақпен тарауға ұшырамаған, жуылмаған, қырқылған жүн

5101 11 000 0

Жануарлардың кардтық немесе тарақпен тарауға ұшырамаған, биязы немесе қылшықты қылы

5102

Жануарлардың таралған жүнінің немесе биязы қылының карбондалмаған қыл-қыбыры

5103 10 100 0

Кардтық немесе тарақпен тарауға ұшырамаған мақта талшығы

5201 00

Мақта талшығының қалдықтары (иіру қалдықтары мен ыдыратылған шикізатты қоса алғанда)

5202

Зығыр шикізаты немесе өңделген, бірақ иіруге ұшырамаған зығыр; зығырдың қыл-қыбыры мен, қалдықтары (иіру қалдықтары мен ыдыратылған шикізатты қоса алғанда)

5301

Шикізат түріндегі немесе өңделген, бірақ иіруге ұшырамаған пенька (Cannabis sativa L.); пеньканың қыл-қыбырлары мен қалдықтары (иіру қалдықтары мен ыдыратылған шикізатты қоса алғанда)

5302

Шикізат түріндегі немесе өңделген, бірақ иіруге ұшырамаған джут талшығы мен басқа да тоқыма тін талшықтары; осы талшықтардың қыл-қыбыры мен қалдықтары (иіру қалдықтары мен ыдыратылған шикізатты қоса алғанда)

5303

Кокос жаңғағының, абаканың (маниль пенькасы немесе Musa textilis Nee) рамидің талшығы және басқа жерде аталмаған немесе қосылмаған, шикізат түріндегі немесе өңделген, бірақ иіруге ұшырамаған басқа да өсімдік тектес тоқыма талшықтары; осы талшықтардың қыл-қыбыры мен қалдықтары (иіру қалдықтары мен ыдыратылған шикізатты қоса алғанда)

5305 00 000 0

      * Осы тізбені пайдалану мақсаттары үшін Еуразиялық экономикалық одағының сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы кодын және тауар атауын басшылыққа алу қажет.
      ** Тұтынушылық орамаға ішіндегі өнімімен бірге тікелей тұтынушыға келіп түскен және тауардың ажырамас бөлігі болып табылатын, өздігінен тасымалдануға арналмаған, массасы шектелген, сыйымдылығы және мөлшері бар (металл, шыны және полимер банкалар, алюминий фольга және металданған үлдір негізіндегі ламинатталған термобалқығыш материалдардан жасалған пакеттер, вакуумдық пакеттер, тығыз қағаздан жасалған герметикалық пакеттер) орама жатады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады