Телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 494 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 4 маусымда № 11272 тіркелді.

      "Телерадио хабарларын тарату туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабы 1-тармағының 16) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 30.12.2021 № 425 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса берiлiп отырған Телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс өткізу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (С.С. Сарсенов):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін 10 жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың

      2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-миниcтріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ә. Исекешев

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 28 сәуірдегі
№ 494 бұйрығымен
бекітілген

Телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс өткізу қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Телерадио хабарларын тарату туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағының 16) тармақшасына сәйкес әзірленді және телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс (бұдан әрі – конкурс) өткізу тәртiбiн айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 30.12.2021 № 425 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Теле-, радиокомпаниялардың конкурсқа қатысуға үміткерлердің (бұдан әрі – үміткерлер) өтінімдерін қарау және жеңімпаздарды айқындау жөнінде ұсынымдар әзірлеу Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) жүзеге асырады.

2. Конкурсты өткізу тәртібі

      3. Комиссияның жұмыс органы болып табылатын уәкілетті орган конкурсты өткізудің ұйымдастырушысы ретінде әрекет етеді.

      4. Телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналар тізбесін (бұдан әрі – тізбе) қалыптастыру көп арналы хабар таратудың ортасына (цифрлық эфирлі, спутниктік телерадио хабарларын тарату) байланысты жүзеге асырылады.

      Еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру үш жылда кемінде бір рет жүзеге асырылады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 11.07.2020 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Конкурсты өткізу туралы шешімді уәкілетті орган қабылдайды.

      6. Конкурс өткізу туралы ақпараттық хабарлама ресми бұқаралық ақпарат құралдарында және телерадио хабарларын тарату саласындағы уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында өтінімдер қабылданатын соңғы күнге дейін кемі күнтізбелік жиырма күн бұрын жарияланады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 11.07.2020 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Ақпараттық хабарлама мынадай мәліметтерді қамтиды:

      1) конкурсты өткізу уақыты, күні мен орны;

      2) елді мекендердің (аумағы) атауы көрсетілген радиотелевизиялық станциялар туралы мәліметтер;

      3) осы Қағидалардың 1 қосымшада көзделген нысанға телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесіне қосуға өтінімдерді (бұдан әрі – өтінім) қабылдау орны және өтінімдерді қабылдауды бастау мен аяқтау мерзімдері.

      8. Алып тасталды - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 30.12.2021 № 425 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Үміткердің конкурсқа қатысуға берген өтінімі оның осы Қағидаларда белгіленген және конкурсты өткізу туралы ақпараттық хабарламада жарияланған шарттарда конкурсқа қатысуға ниетін білдіреді.

      10. Тіркелген өтінім кері қайтарылып алынған жағдайда, үміткер ұйымдастырушыға жазбаша түрде хабарлама жібереді.

      11. Конкурсқа қатысуға өтінім беруді үміткердің атынан әрекет етуге оның құқығын куәландыратын тиісінше рәсімделген сенімхатты көрсету арқылы үміткердің өкілі жүзеге асырады.

      12. Конкурс өткізу туралы ақпараттық хабарламада көрсетілген өтінімдер қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін конкурсқа қатысуға келіп түскен өтінімдер және конкурстық ұсыныстар қабылданбайды.

      Себептерін көрсете отырып, өтінімді қабылдаудан бас тарту туралы белгіні құжат қабылдауды жүзеге асыратын тұлға ұсынылған өтінімге қояды.

      13. Ұйымдастырушы үміткерлердің конкурсқа қатысуға ұсынған өтінімдері мен оларға қоса берілген конкурстық ұсыныстар, сондай-ақ өтінім берген тұлғалар мен олар ұсынған құжаттардың мазмұны туралы құпиялылықтың сақталуын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдайды.

      14. Осы Қағиданың 1 және 2-қосымшаларында көрсетілген құжаттарды үміткер ұйымдастырушының мекенжайына тіркелген, нөмірленген түрде және соңғы беттің сыртында үміткердің уәкілетті тұлғасының қолы және мөрмен (болған жағдайда) бекітіліп, аузы жабылған конвертте ұсынады және мынадай талаптарды сақтайды:

      1) конкурсқа қатысуға өтінім салынған мөрленген конверттің беткі жағында үміткер ұйымдастырушының және үміткердің толық атауы мен пошталық мекенжайын көрсетуі тиіс;

      2) құжаттарды қабылдауды жүзеге асыратын тұлға конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді белгіленген мерзім өткенге дейін табыс еткен конкурсқа қатысуға үміткерлердің өтінімдерін тіркеу журналына енгізеді.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 11.07.2020 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Комиссия өтінімдер мен басқа да құжаттар салынған конверттерді конкурсты өткізу туралы ақпараттық хабарламада көрсетілген мерзімде және орында үміткерлердің немесе олардың өкілдерінің қатысуымен ашады.

      Өтінімдер салынған конверттерді ашу кезінде конкурстық өтінімнің бар болуын және ресімделуінің дұрыстығын тексеру рәсімін аудио және/немесе бейне тіркеу жүргізіледі және конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу хаттамасы ресімделеді.

      Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу хаттамасына Комиссияның төрағасы, оның қатысып отырған мүшелері мен хатшысы қол қояды және екі жұмыс күні ішінде Комиссия хатшысы әр парағына бұрыштама қояды және ол мынадай мәліметтерді қамтиді:

      1) Комиссия отырысы өткізілетін күнді, уақытты және орынды;

      2) комиссияның сандық құрамы, кворумның болуын;

      3) өтінімдерді ұсыну күні мен уақытын көрсете отырып, белгіленген мерзімде өтінім берген үміткерлердің толық атауын, мекенжайларын;

      4) ұсынылған құжаттар (өтінім және оған қоса берілетін барлық конкурстық ұсыныстар), оның ішінде олардың осы Қағидаларға 2-қосымшада көзделген талаптарға сәйкестігі (сәйкес келмеуі) туралы ақпаратты.

      Комиссия отырысы басталғанға дейін Комиссия хатшысы конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсімін жүзеге асыру кезінде үміткерлер өкілдерінің үміткерлердің мүдделерін білдіруге құжатпен ресімделген өкілеттіктерін тексереді.

      Конкурсқа қатысуға өтінімі бар әрбір конвертті ашқан кезде Комиссия хатшысы конверттегі құжаттар мен материалдардың тізбесі туралы ақпаратты жария етеді.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 30.12.2021 № 425 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15-1. Өтінім талаптарға сәйкес келмеген, сондай-ақ үміткерлер осы Қағидаларға 2-қосымшада көзделген конкурстық ұсыныстарды ұсынбаған жағдайда, Комиссия конкурсқа қатысуға өтінім салынған конверттер ашылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде үміткерге конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу хаттамасын қоса бере отырып, Конкурсқа қатысуға өтінімі бар электрондық мекенжайға хабарлама жібереді, сондай-ақ ұйымдастырушы өзінің интернет-ресурсында конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсімінің нәтижелерін жариялайды.

      Ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінім салынған конверттерді ашқан күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өзінің интернет-ресурсында конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу хаттамасын жариялайды.

      Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу хаттамасы бар хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде үміткер талаптарға сәйкес келтірілген конкурсқа қатысуға өтінім мен конкурстық ұсыныстарды Комиссияға ұсынады.

      Комиссия талаптарға сәйкес келтірілген өтінімді және конкурсқа қатысуға конкурстық ұсыныстарды үміткер ұсынған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде қарайды.

      Өтінім талаптарға сәйкес келтірілмеген, сондай-ақ үміткерлер осы Қағидаларға 2-қосымшада көзделген конкурстық ұсыныстарды ұсынбаған жағдайда, Комиссия хабарламада көрсетілген мерзімде үміткердің конкурсқа қатысуға өтінімін қабылдамайды.

      Ескерту. Қағида 15-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 30.12.2021 № 425 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      16. Алып тасталды - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 30.12.2021 № 425 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      16-1. Алып тасталды - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 30.12.2021 № 425 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      16-2. Алып тасталды - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 30.12.2021 № 425 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      17. Комиссия конверттер ашылған күннен бастап он бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде:

      1) үміткерлердің құжаттар топтамасын, оның ішінде үміткерлердің конкурсқа қатысуға талаптарға сәйкес келтірілген өтінімдері мен конкурстық ұсыныстарды толық болуы мен тиісінше ресімделуі тұрғысынан қарайды;

      2) осы Қағидалардың 15-1-тармағына сәйкес өтінімдерді қабылдамайды;

      3) осы Қағидалардың 24-тармағына сәйкес конкурс жеңімпаздарын айқындайды.

      Үміткерлердің қабылданбаған өтінімдері Конкурс қорытындылары туралы хаттамада көрсетіледі.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 30.12.2021 № 425 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      18. Үміткердің және /немесе/ оның уәкілетті өкілінің Комиссия отырыстарына қатыспауы себебінен конкурстық өтінім қайтаруға жол берілмейді.

      19. Конкурс бойынша шешімдер ашық дауыс беру арқылы қабылданады және қатысқан Комиссия мүшелерінің жалпы санынан көпшілік дауыс бергенде қабылданатын болып есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда төрағалық етушінің даусы шешуші болып есептеледі.

      Комиссия шешім қабылдайтын кезде Хатшының дауыс беруге құқығы жоқ.

      20. Жеңімпаздарды анықтау кезінде іріктеу критерийлері:

      тақырыптық бағыты және жанрлық арақатынасы;

      меншікті теле-, радиобағдарламалар, сатып алынатын теле-, радиобағдарламалар және ретрансляция көлемдерінің арақатынасы;

      қазақ тілінде хабар тарату көлемі;

      хабар таратудың орташа тәуліктік уақыты;

      кадрлық әлеует;

      теле-, радиоарналардың Тізбеде болу мерзімі ішінде теле-, радиобағдарламаларды өндіру және үздіксіз хабар тарату үшін материалдық-техникалық қамтамасыз етудің болуы және жеткіліктілігі;

      үміткерді Тізбеден шығарып тастаудың (ауыстырудың) немесе қабылданған міндеттемелерін орындамаудың (оның ішінде ішінара) нақты оқиғаларының болмауы;

      үміткердің төлем қабілеттілігін және қаржылық тұрақтылығын растайтын құжаттардың болуы.

      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 11.07.2020 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      21. Конкурстың қорытындылары конкурс жеңімпаздары мен себептерін көрсете отырып конкурстан өтпеген үміткерлер көрсетіле отырып, конкурстың қорытындылары туралы хаттамада ресімделеді.

      Үміткерге конкурс қорытындылары туралы хаттаманың жобасы қоса беріле отырып, оған қол қойылғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей хабарлама жіберіледі.

      Үміткер конкурс қорытындылары туралы хаттама жобасымен бірге хабарламаны алған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде Комиссияның k.kense@qogam.gov.kz электрондық мекенжайына конкурс қорытындылары туралы хаттаманың алдын ала жобасына қарсылық береді.

      Қарсылықтар қаралғаннан кейін, олар келіп түскен жағдайда, Комиссия төрағасы мен мүшелері конкурс хаттамасына қол қояды.

      Конкурстың қорытындылары туралы хаттамада мынадай:

      1) қорытынды шығару орны мен уақыты туралы;

      2) конкурсқа қатысуға жіберілген үміткерлердің өтінімдері туралы;

      3) конкурс жеңімпазын және резервтік теле-, радиоарналарды көрсете отырып, конкурс қорытындылары туралы;

      4) себептерін көрсете отырып, конкурстан өтпеген үміткерлер туралы;

      5) үміткерлердің хаттаманың алдын ала жобасына келіп түскен қарсылықтарының болуы немесе болмауы, сондай-ақ оларды қарау нәтижелері туралы ақпарат қамтылады.

      Екі жұмыс күні ішінде конкурс қорытындылары туралы ақпараттық хабарлама уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылады.

      Ұйымдастырушының ресми интернет-ресурсында Міндетті теле-, радиоарналардың тізбесі оны уәкілетті орган бекіткен күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде орналастырылады.

      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 30.12.2021 № 425 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Телерадио хабарларын
  таратудың ұлттық операторы
  тарататын еркін қолжетімді
  теле-, радиоарналардың тізбесін
  қалыптастыру бойынша конкурс
  өткізу қағидаларына
  1-қосымша
  Нысан
  Қазақстан Республикасы
  Телерадио хабарларын
  таратуды дамыту мәселелері
  жөніндегі комиссияның
  төрағасына

Телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесіне енгізуге өтінім

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 30.12.2021 № 425 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Жалпы мәліметтер:

      1. Заңды тұлғаның толық атауы/жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) _______________________________________________________________________

      2. Заңды тұлға: ________________________________________________

      3. Байланыс телефондарының нөмірлері, электронды мекенжайы:___________________________________________________________________

      4. Есепке қою туралы куәлікке сәйкес теле-, радиоарнаның атауы:________________________

      5. Тақырыптық бағыты:______________________________________________________

      6. Цифрлық эфирлік телерадио хабарларын тарату желісінің тізбесін қалыптастыруға арналған тарату аумағы (радиотелевизиялық станциялар орналастырылатын елді мекендердің атауы):

      __________________________________________________________________________

      7. Цифрлық спутниктік телерадио хабарларын тарату желісінің тізбесін қалыптастыру үшін (Қазақстан Республикасының аумағы немесе облыстық маңызы бар әкімшілік-аумақтық бірлік):

      _________________________________________________________________

      8. Көпарналы хабар тарату ортасы (цифрлық эфирлік/спутниктік):_____________________________________________________________

      Қоса беріліп отырған құжаттар:

      1. _______________________________________________________

      2. _______________________________________________________

      3. _______________________________________________________

      Бірінші басшының/дара кәсіпкердің қолы

      Мөрдің орны (бар болса) 20___ жылғы "___" ___________

  Телерадио хабарларын
таратудың ұлттық операторы
тарататын еркін қолжетімді
теле-, радиоарналардың тізбесін
қалыптастыру бойынша конкурс
өткізу қағидаларына
2-қосымша

Үміткерлердің конкурстық ұсыныстары

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 11.07.2020 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Үміткерлердің конкурстық ұсыныстары мынадай бөлімдерді қамтуы тиіс:

      Шығармашылық ұсыныстар

      Үміткер:

      теле-, радиоарнаның хабар тарату торын (келесі айға);

      мынадай мәліметтерді қамтитын ақпаратты:

      1) теле-, радиоарнаның тақырыптық бағыты және олардың жанрлық арақатынасын (ақпараттық, талдамалық, публицистикалық, жастар және балалар, музыкалық теле-, радиобағдарламалар және көркем, деректі фильмдер);

      2) хабар таратудың тілдік арақатынасы, теле-, радиобағдарламаларды қазақ тілінде тарату уақытын;

      3) меншікті теле-, радиобағдарламалардың, сатып алынатын теле-, радиобағдарламалардың және қайта таратудың арақатынасын;

      4) хабар таратудың орташа тәуліктік уақыты;

      5) шығармашылық және техникалық жұмыскерлердің сандық мәндегі кадрлық әлеуетін ұсынады.

      Техникалық ұсыныстар

      Үміткер:

      теле-, радиобағдарламалар өндірісінің стационарлық студиялық жабдығының болуы, жай-күйі және типі туралы ақпаратты;

      аппараттық-студиялық кешеннің техникалық сипаттамаларын;

      тиісті стандарттарды көрсете отырып, дыбыс және кескін сапасы жоғары теле-, радиобағдарламаларды эфирге беру жөніндегі міндеттемелерді;

      студиялық кешеннің орналасқан жері, теле-, радиоарнаны ұлттық

      теларадио хабарларын тарату операторының желісіне беру тәсілі туралы ақпаратты;

      сигналды (теле-, радиоарнаны) ұлттық оператор желісіне алты ай ішінде жеткізуді қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелерді ұсынады.

      Заңды және қаржылық ұсыныстар

      Төлем қабілеттілігін және қаржылық тұрақтылығын растайтын құжаттар, оның ішінде:

      үміткердің Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі шоттары бойынша ақша қалдықтары мен қозғалысы туралы үзінді-көшірме (-лер);

      Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес конкурсқа қатысуға өтінім берілген күннің алдындағы күнтізбелік жыл үшін жасалған үміткердің қаржылық есептілігі, ал Қазақстан Республикасының аумағында тарату үшін конкурсқа қатысатын үміткерлер үшін Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес жасалған аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілік;

      үміткердің салық берешегінің, сондай-ақ, міндетті төлемдер бойынша берешегінің жоқ екендігі туралы конкурс өткізу туралы ақпараттық хабарлама жарияланған күннен бұрын берілген салық органының анықтамасы;

      телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторына цифрлық эфирлік және жерсеріктік телерадио хабарларын тарату желісі бойынша теле-, радиоарнаны таратқаны үшін ұлттық телерадио хабарларын тарату операторына анықтама берілген күннің алдындағы бір айдан аса созылған мерзімі өткен берешектің жоқтығы туралы анықтама.

Об утверждении Правил проведения конкурса по формированию перечня теле-, радиоканалов свободного доступа, распространяемых национальным оператором телерадиовещания

Приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 28 апреля 2015 года № 494. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 4 июня 2015 года № 11272.

      В соответствии с подпунктом 16) пункта 1 статьи 7 Закона Республики Казахстан "О телерадиовещании" ПРИКАЗЫВАЮ:

      Сноска. Преамбула - в редакции приказа Министра информации и общественного развития РК от 30.12.2021 № 425 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Утвердить прилагаемые Правила проведения конкурса по формированию перечня теле-, радиоканалов свободного доступа, распространяемых национальным оператором телерадиовещания.

      2. Комитету связи, информатизации и информации Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан (Сарсенов С.С.) обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан, направление его копии на официальное опубликование в периодических печатных изданиях и в информационно-правовой системе "Әділет";

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан и на интранет-портале государственных органов;

      4) в течение 10 рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) пункта 2 настоящего приказа.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Министр


по инвестициям и развитию


Республики Казахстан

А. Исекешев


  Утверждены
приказом Министра
по инвестициям и развитию
Республики Казахстан
от 28 апреля 2015 года № 494

Правила
проведения конкурса по формированию перечня теле-, радиоканалов
свободного доступа, распространяемых национальным оператором
телерадиовещания
1. Общие положения

      1. Настоящие Правила проведения конкурса по формированию перечня теле-, радиоканалов свободного доступа, распространяемых национальным оператором телерадиовещания (далее - Правила), разработаны в соответствии с подпунктом 16) пункта 1 статьи 7 Закона Республики Казахстан "О телерадиовещании" и определяют порядок проведения конкурса по формированию перечня теле-, радиоканалов свободного доступа, распространяемых национальным оператором телерадиовещания (далее - конкурс).

      Сноска. Пункт 1 - в редакции приказа Министра информации и общественного развития РК от 30.12.2021 № 425 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Рассмотрение заявок теле-, радиокомпаний (далее - претенденты) на участие в конкурсе и разработка рекомендаций по определению победителей осуществляется Комиссией по вопросам развития телерадиовещания (далее - Комиссия).

2. Порядок проведения конкурса

      3. Организатором проведения конкурса выступает уполномоченный орган, являющийся рабочим органом Комиссии.

      4. Формирование перечня теле-, радиоканалов свободного доступа, распространяемых национальным оператором телерадиовещания (далее - перечень), осуществляется в зависимости от среды распространения многоканального вещания (цифровое эфирное, спутниковое телерадиовещание).

      Формирование перечня теле-, радиоканалов свободного доступа осуществляется не менее одного раза в три года.

      Сноска. Пункт 4 - в редакции приказа Министра информации и общественного развития РК от 11.07.2020 № 226 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      5. Решение о проведении конкурса принимает уполномоченный орган.

      6. Информационное сообщение о проведении конкурса публикуется в официальных средствах массовой информации и на официальном интернет-ресурсе уполномоченного органа в области телерадиовещания не менее чем за двадцать календарных дней до дня окончательного приема заявок.

      Сноска. Пункт 6 - в редакции приказа Министра информации и общественного развития РК от 11.07.2020 № 226 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      7. Информационное сообщение включает в себя следующие сведения:

      1) время, дату и место проведения конкурса;

      2) данные о радиотелевизионных станциях с указанием наименования населенных пунктов (территории);

      3) место приема заявок на включение в перечень теле-, радиоканалов свободного доступа, распространяемых национальным оператором телерадиовещания по форме, предусмотренной приложением 1 к настоящим Правилам (далее – заявка), сроки начала и окончания приема заявок.

      8. Исключен приказом Министра информации и общественного развития РК от 30.12.2021 № 425 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      9. Заявка на участие в конкурсе, подаваемая претендентом, выражает его намерение принять участие в конкурсе на условиях, установленных настоящими Правилами и опубликованных в информационном сообщении о проведении конкурса.

      10. В случае отзыва зарегистрированной заявки претендент направляет письменное уведомление организатору.

      11. Подача заявки на участие в конкурсе представителем претендента осуществляется при предъявлении надлежащим образом оформленной доверенности, удостоверяющей его право действовать от имени претендента.

      12. Заявки и конкурсные предложения поступившие после истечения срока приема заявок, указанного в информационном сообщении о проведении конкурса, не принимаются.

      Отметка об отказе в принятии заявки с указанием его причины делается лицом, осуществляющим прием документов, на представленной заявке.

      13. Организатор принимает меры по обеспечению сохранности представленных претендентами заявок на участие в конкурсе и прилагаемых к ним конкурсных предложений, а также конфиденциальности сведений о лицах, подавших заявки, и содержания представленных ими документов.

      14. Заявка по форме согласно приложению 1 и конкурсные предложения согласно приложению 2 к настоящим Правилам, представляются претендентом в адрес организатора в прошитом виде с пронумерованными страницами, и последняя страница заверяется его подписью и печатью (при наличии) в запечатанном конверте с указанием наименования конверте, с соблюдением следующих требований:

      На лицевой стороне запечатанного конверта с заявкой на участие в конкурсе претендент должен указать полное наименование и почтовый адрес организатора и претендента;

      Лицо, осуществляющее прием документов, вносит в журнал регистрации заявки претендентов на участие в конкурсе, представивших до истечения установленного срока конверты с заявками на участие в конкурсе.

      Сноска. Пункт 14 - в редакции приказа Министра информации и общественного развития РК от 11.07.2020 № 226 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      15. Комиссия вскрывает конверты с заявками и другими документами в сроки и месте, указанные в информационном сообщении о проведении конкурса, в присутствии претендентов или их представителей.

      До начала заседания Комиссии секретарь Комиссии проверяет документально оформленные полномочия представителей претендентов на представление интересов претендентов при осуществлении процедуры вскрытия конвертов с заявками на участие в конкурсе.

      При вскрытии каждого конверта с заявкой на участие в конкурсе секретарь Комиссии оглашает информацию о перечне документов и материалов, содержащихся в конверте.

      При вскрытии конвертов с заявками производится аудио и/или видео фиксация процедуры проверки наличия и правильности оформления конкурсной заявки и оформляется протокол вскрытия конвертов с заявками на участие в конкурсе.

      Протокол вскрытия конвертов с заявками на участие в конкурсе подписывается председателем, присутствующими членами и секретарем Комиссии и визируется полистно секретарем Комиссии в течение двух рабочих дней и содержит следующие сведения:

      1) дату, время и место проведения заседания Комиссии;

      2) количественный состав Комиссии, наличие кворума;

      3) полное наименование, адреса претендентов, предоставивших заявки в установленные сроки, с указанием даты и времени предоставления заявок;

      4) информацию о представленных документах (заявка и все прилагаемые к ней конкурсные предложения), в том числе соответствие (несоответствие) их требованиям, предусмотренных приложением 2 к настоящим Правилам.

      До начала заседания Комиссии секретарь Комиссии проверяет документально оформленные полномочия представителей претендентов на представление интересов претендентов при осуществлении процедуры вскрытия конвертов с заявками на участие в конкурсе.

      При вскрытии каждого конверта с заявкой на участие в конкурсе секретарь Комиссии оглашает информацию о перечне документов и материалов, содержащихся в конверте.

      Сноска. Пункт 15 - в редакции приказа Министра информации и общественного развития РК от 30.12.2021 № 425 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      15-1. В случае несоответствия заявки требованиям, а также не представления претендентами конкурсных предложений, предусмотренных приложением 2 к настоящим Правилам, Комиссия в течение трех рабочих дней со дня вскрытия конвертов с заявкой на участие в конкурсе направляет претенденту на электронный адрес, указанный в заявке на участие в конкурсе уведомление с приложением протокола вскрытия конвертов с заявками на участие в конкурсе, а также организатор опубликовывает на своем интернет-ресурсе результаты процедуры вскрытия конвертов с заявками на участие в конкурсе.

      В течение трех рабочих дней со дня вскрытия конвертов с заявкой на участие в конкурсе организатор опубликовывает на своем интернет-ресурсе протокол вскрытия конвертов с заявками на участие в конкурсе.

      В течение трех рабочих дней со дня получения уведомления с протоколом вскрытия конвертов с заявками на участие в конкурсе претендент представляет Комиссии приведенную в соответствие заявку на участие в конкурсе и конкурсные предложения.

      Приведенную в соответствие заявку и конкурсные предложения на участие в конкурсе Комиссия рассматривает в течение двух рабочих дней со дня представления претендентом.

      В случае не приведения в соответствие заявки требованиям, а также не представления претендентами конкурсных предложений, предусмотренных приложением 2 к настоящим Правилам, в срок, указанный в уведомлении, Комиссия отклоняет заявку претендента на участие в конкурсе.

      Сноска. Правила дополнены пунктом 15-1 в соответствии с приказом Министра информации и общественного развития РК от 30.12.2021 № 425 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      16. Исключен приказом Министра информации и общественного развития РК от 30.12.2021 № 425 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      16-1. Исключен приказом Министра информации и общественного развития РК от 30.12.2021 № 425 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      16-2. Исключен приказом Министра информации и общественного развития РК от 30.12.2021 № 425 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      17. Комиссия в срок не более пятнадцати рабочих дней со дня вскрытия конвертов:

      1) рассматривает на предмет полноты и надлежащего оформления пакеты документов претендентов, в том числе приведенные в соответствие заявки претендентов на участие в конкурсе и конкурсные предложения;

      2) отклоняет заявки, согласно пункту 15-1 настоящих Правил;

      3) определяет победителей конкурса согласно пункту 24 настоящих Правил.

      Отклоненные заявки претендентов указываются в протоколе об итогах конкурса.

      Сноска. Пункт 17 - в редакции приказа Министра информации и общественного развития РК от 30.12.2021 № 425 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      18. Не допускается отклонение конкурсной заявки по причине отсутствия претендента и/или его уполномоченного представителя на заседаниях Комиссии.

      19. Претенденты признаются победителями конкурса, в случае, если за них проголосовало простое большинство членов комиссии. В случае равенства голосов, голос председателя комиссии является решающим.

      Секретарь не имеет право голоса при принятии Комиссией решения.

      20. Критериями отбора при определении победителей Конкурса являются:

      тематическая направленность и жанровое соотношение;

      соотношение объемов собственных теле-, радиопрограмм, покупных теле-, радиопрограмм и ретрансляции;

      объем вещания на казахском языке;

      среднесуточное время вещания;

      кадровый потенциал;

      материально-техническая обеспеченность для производства теле-, радиопрограмм;

      платежеспособность и финансовая стабильность претендента.

      Сноска. Пункт 20 - в редакции приказа Министра информации и общественного развития РК от 11.07.2020 № 226 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      21. Итоги конкурса оформляются протоколом об итогах конкурса с указанием победителей конкурса и претендентов, не прошедших конкурс с указанием причин.

      Претенденту направляется уведомление с приложением проекта протокола об итогах конкурса не позднее чем за три рабочих дня до его подписания.

      Претендентом предоставляется возражение к предварительному проекту протокола об итогах конкурса на электронный адрес Комиссии k.kense@qogam.gov.kz в срок не позднее двух рабочих дней со дня получения уведомления с проектом протокола об итогах конкурса.

      После рассмотрения возражений, в случае их поступления, председателем и членами Комиссии подписывается протокол конкурса.

      В протоколе об итогах конкурса содержится следующая информация:

      1) о месте и времени подведения итогов;

      2) о заявках претендентов, допущенных к участию в конкурсе;

      3) об итогах конкурса с указанием победителя конкурса и резервных теле-, радиоканалов;

      4) о претендентах, не прошедших конкурс, с указанием причин;

      5) о наличии или отсутствии поступивших возражений претендентов к предварительному проекту протокола, а также результатах их рассмотрения.

      В течение двух рабочих дней информационное сообщение об итогах конкурса размещается на официальном интернет-ресурсе уполномоченного органа.

      На официальном интернет-ресурсе организатора размещается Перечень обязательных теле-, радиоканалов в срок не позднее двух рабочих со дня утверждения его уполномоченным органом.

      Сноска. Пункт 21 - в редакции приказа Министра информации и общественного развития РК от 30.12.2021 № 425 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

  Приложение 1
к Правилам проведения конкурса
по формированию перечня
теле-, радиоканалов свободного
доступа, распространяемых
национальным оператором
телерадиовещания
  Форма
  Председателю Комиссии
по вопросам развития
телерадиовещания

Заявка на включение в перечень теле-, радиоканалов свободного доступа,
распространяемых национальным оператором телерадиовещания

      Сноска. Приложение 1 - в редакции приказа Министра информации и общественного развития РК от 30.12.2021 № 425 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Общие сведения:
1. Полное наименование юридического лица/ фамилия, имя, отчество физического лица
________________________________________________________________
2. Юридический адрес:
________________________________________________________________
3. Контактные номера телефонов, электронный адрес:
________________________________________________________________
4. Наименование теле-, радиоканала в соответствии со свидетельством
о постановке на учет:
________________________________________________________________
5. Тематическая направленность:
________________________________________________________________
6. Территория распространения для формирования перечня на сети цифрового
эфирного телерадиовещания (наименования населенных пунктов, размещаются
радиотелевизионные станции):
________________________________________________________________
7. Для формирования перечня на сети цифрового спутникового телерадиовещания
(территория Республики Казахстан или административно-территориальная единица
областного значения):
_______________________________________________________________
8. Среда распространения многоканального вещания
(цифровая эфирная/спутниковая):
_______________________________________________________________
Прилагаемые документы:
1.____________________________________________________________
2.____________________________________________________________
3.____________________________________________________________
подпись первого руководителя/ индивидуального предпринимателя
Место печати (при наличии)
"___" ___________ 20___ год

  Приложение 2
к Правилам проведения конкурса по
формированию перечня теле-,
радиоканалов свободного доступа, распространяемых
национальным оператором телерадиовещания

Конкурсные предложения претендентов

      Сноска. Приложение 2 - в редакции приказа Министра информации и общественного развития РК от 11.07.2020 № 226 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Конкурсные предложения претендентов должны содержать следующие разделы:

      Творческие предложения

      Претендент представляет:

      сетку вещания теле-, радиоканала (на последующий месяц); информацию, содержащую следующие сведения:

      1) тематическая направленность теле-, радиоканала и их жанровое соотношение (информационные, аналитические, публицистические, молодежные и детские, музыкальные теле-, радиопрограммы и художественные, документальные фильмы);

      2) языковое соотношение вещания, время трансляции теле-, радиопрограмм на казахском языке;

      3) соотношение собственных теле-, радиопрограмм, покупных теле-, радиопрограмм и ретрансляции;

      4) среднесуточное время вещания;

      5) кадровый потенциал творческих и технических работников в количественном выражении.

      Технические предложения

      Претендент представляет:

      информацию о наличии, состоянии и типе стационарного студийного оборудования производства теле-, радиопрограмм;

      технические характеристики аппаратно-студийного комплекса;

      обязательства по выдаче в эфир теле-, радиопрограмм с высоким качеством звука и изображения с указанием соответствующих стандартов;

      информацию о месторасположении студийного комплекса, способе подачи теле-, радиоканала до сети национального оператора;

      обязательство по обеспечению доставки сигнала (теле-, радиоканала) до сети национального оператора в течение шести месяцев.

      Юридические и финансовые предложения

      Документы, подтверждающие платежеспособность:

      выписка(и) об остатках и движении денег по счетам претендента в банках второго уровня Республики Казахстан.

      финансовая отчетность претендента, составленная в соответствии с законодательством Республики Казахстан о бухгалтерском учете и финансовой отчетности за предыдущий календарный год, предшествующий дате подачи заявки на участие в конкурсе, а для претендентов, участвующих в конкурсе для распространения на территории Республики Казахстан, финансовая отчетность, подтвержденная аудиторским отчетом, составленным в соответствии с законодательством Республики Казахстан об аудиторской деятельности;

      справки налогового органа об отсутствии у претендента налоговой задолженности, а также задолженности по обязательным платежам, выданные не ранее даты публикации информационного сообщения о проведении конкурса;

      справка об отсутствии просроченной задолженности национальному оператору телерадиовещания за распространение теле-, радиоканала по сети цифрового эфирного и спутникового телерадиовещания, длящейся более одного месяца, предшествующих дате выдачи справки национальным оператором телерадиовещания.