Байланыс формасы

Ақпарат саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 505 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11301 тіркелді.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Отандық теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке қою, куәліктің телнұсқасын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес "Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке қою, куәліктің телнұсқасын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес "Мерзімді баспасөз басылымдарын, ақпараттық агенттіктерді және желілік басылымдарды есепке қою, қайта есепке қою" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдiк мерзiмдi баспасөз басылымдарын есепке алу, қайта есепке алу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 24.03.2017 № 104 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (С.С. Сарсенов):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың

      2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министіріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ә. Исекешев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ______________ Е. Досаев

      2015 жылғы 6 мамыр



  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 28 сәуірдегі
№ 505 бұйрығына
1-қосымша

"Отандық теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке қою, куәліктің телнұсқасын
беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты 1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 24.12.2018 № 534 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. "Отандық теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке қою, куәліктің телнұсқасын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 04.07.2019 № 203 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Ақпарат комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

      2) www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 04.07.2019 № 203 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 24.12.2018 № 534 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

      1) Мемлекеттік корпорацияға құжаттарды тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде - 10 (он) жұмыс күні ішінде.

      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең көп уақыты – 15 (он бес) минут;

      3) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең көп уақыты – 20 (жиырма) минут.

      Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар топтамасын қабылдаған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығына тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық емес фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші белгіленген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартады.

      Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестиция және даму министрінің 26.01.2016 № 82 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - отандық теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке қою туралы куәлік (бұдан әрі – куәлік), куәліктің телнұсқасы немесе осы мемлекеттік қызметті көрсету стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында "жеке кабинетке" жіберіледі.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін қағаз жеткізгіште алуға жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, басып шығарылады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 04.07.2019 № 203 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетіледі.

      Мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін тіркеу алымының мөлшерлемелері "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 553-бабы 7-тармағына сәйкес:

      1) теле-, радиоарнаны есепке қою туралы куәлікті беру үшін:

      балаларға арналған және ғылыми тақырыптағы теле-, радиоарна құратын көрсетілетін қызметті алушыларға – алым төленген күні қолданылатын екі айлық есептік көрсеткіш;

      өзге тақырыптағы теле-, радиоарна құратын көрсетілетін қызметті алушыларға – алым төленген күні қолданылатын бес айлық есептік көрсеткіш;

      2) теле-, радиоарнаны есепке қою туралы куәліктің телнұсқасын беру үшін:

      балаларға арналған және ғылыми тақырыптағы теле-, радиоарна құратын көрсетілетін қызметті алушыларға – алым төленген күні қолданылатын бір бүтін оннан алты айлық есептік көрсеткіш;

      өзге тақырыптағы теле-, радиоарна құратын көрсетілетін қызмет алушыларға – алым төленген күні қолданылатын төрт айлық есептік көрсеткіш құрайды.

      Теле-, радиоарнаны қайта есепке қою тегін жүзеге асырылады.

      Төлем екінші деңгейлі банктер және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол ақшалай немесе қолма-қол ақшасыз нысанда жүргізіледі, сондай-ақ портал арқылы төлемді "электрондық үкімет" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асыруға болады.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 04.07.2019 № 203 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) Мемлекеттік корпорацияның - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбі – сенбі күндері аралығында, сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн, түскi үзiлiссіз. Мемлекеттік қызмет электрондық кезек ретімен, шұғыл түрде қызмет көрсетілмей, көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша көрсетіледі, көрсетілетін қызметті алушының қалауы бойынша портал арқылы электрондық кезекті "броньдауға" болады;

      2) порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш берген кезде, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жүмыс күнінде жүзеге асырылады.);

      3) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбі – жұма күндері аралығында, сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 04.07.2019 № 203 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Көрсетілетін қызмет алушы жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      Мемлекеттік корпорацияға (сенімхат арқылы оның өкілі жүгінген жағдайда):

      1) көрсетілетін қызметті алушы теле-, радиоарнаны есепке қою үшін:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес өтiнiш;

      жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны;

      2) отандық теле-, радиоарнаны қайта есепке қою үшін (теле-, радиоарнаның меншік иесінің ауысуына не ұйымдық-құқықтық нысанының, атауының, сондай-ақ атының өзгеруіне байланысты):

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес өтiнiш;

      жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);

      3) теле-, радиоарнаны есепке қою туралы куәліктің телнұсқасын алу үшін (егер отандық теле-, радиоарнаны есепке қою туралы бұрын берілген куәлік қағаз түрінде рәсімделген болса):

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес өтiнiш;

      жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);

      порталға:

      4) теле-, радиоарнаны есепке қою үшін көрсетілетін қызметті алушы мыналарды ұсынады:

      көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

      осы мемлекеттік қызмет стандартына 5-қосымшаға сәйкес электрондық мәліметтер нысаны;

      5) теле-, радиоарнаны қайта есепке қою үшін көрсетілетін қызметті алушы порталға мыналарды ұсынады:

      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

      6) отандық теле-, радиоарнаны есепке қою туралы куәліктің телнұсқасын алу үшін (егер отандық теле-, радиоарнаны есепке қою туралы бұрын берілген куәлік қағаз түрінде рәсімделген болса) көрсетілетін қызметті алушы мыналарды ұсынады:

      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) туралы, дара кәсіпкер ретінде тіркелгені, төлемді растайтын құжат туралы мәліметтерді көрсетілетін қызмет беруші және Мемлекеттік корпорация қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

      Мемлекеттік корпорация қызметкері, егер Қазақстан Республикасының заңдарымен өзгесі көзделмесе, мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде ақпараттың жүйеде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны қамтитын мәліметтерді пайдалану үшін көрсетілетін қызметті алушыдан жазбаша келісім алады.

      Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі.

      Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде (немесе нотариалды расталған сенімхат бойынша оның өкілінің) тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік корпорация мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің бір ай ішінде сақталуын қамтамасыз етеді, содан соң оларды көрсетілетін қызметті берушіге одан әрі сақтауға жібереді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткен соң жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін екі жұмыс күні ішінде Мемлекеттік корпорацияға жібереді.

      Портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 04.07.2019 № 203 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Мыналар:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің бұрын дәл сондай атауы бар және сол аумаққа таралатын не оның аты бұрын құрылған теле-, радиоарнаның атымен айырғысыз дәрежеде ұқсас теле-, радиоарнаны есепке қойғаны туралы куәлiк беруі;

      2) өтініш мазмұнының осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағының талаптарына сай келмеуі;

      3) теле-, радиоарнаны есепке қою үшiн алымның төленбеуі;

      4) меншiк иесiнiң ауысуына орай теле-, радиоарнаны қайта есепке қою туралы өтiнiште теле-, радиоарнаға меншiк құқығының басқа тұлғаға берілуі туралы шарттың нөмірі мен күнінің көрсетілмеуі;

      5) шығарылуын бұрын сот тоқтатқан, аты (атының бiр бөлiгi) бiрдей және тақырыптық бағыты дәл сондай теле-, радиоарна есепке қоюға өтініш берілуі немесе аты мен тақырыптық бағытын қайталайтын теле-, радиоарнаның мәлiмделуі, сондай-ақ шығарылуы сот шешiмiмен тоқтатылған теле-, радиоарнаның меншiк иесiнің немесе бас редакторының (редакторының) сот шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап үш жыл iшiнде өтiнiш беруі;

      6) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) онда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық емес екенінің анықталуы;

      7) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгіленген мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметті немесе қызметтің жекелеген түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіз болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 9-қосымшада көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес пакетін және (немесе) қолданыс мерзімі өтіп кеткен құжаттар ұсынған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 04.07.2019 № 203 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 24.12.2018 № 534 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағым: осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының, Мемлекеттік корпорация басшысының атына немесе 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, Министрліктер үйі, 15-кіреберіс мекенжайы, (8 (7172) 74 03 64 телефоны бойынша Министрлік басшысының атына беріледі.

      Шағымдар пошта бойынша жазбаша нысанда, портал арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

      Шағымның қабылданғанын растау көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде оның тіркелуі (шағымның немесе шағымға ілеспе хаттың екінші данасында мөртабан, кіріс нөмірі және тіркеу күні қойылады) болып табылады.

      Мемлекеттік корпорация қызметкері дұрыс қызмет көрсетпеген жағдайда, шағым Мемлекеттік корпорация басшысының атына беріледі.

      Мемлекетік корпорацияға қолма-қол, сонымен қатар пошта арқылы түскен шағымның қабылданғанын растау оның тіркелуі (шағымның немесе шағымға ілеспе хаттың екінші данасында мөртабан, кіріс нөмірі және тіркеу күні қойылады) болып табылады.

      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады. Шағым портал арқылы жіберілген кезде өтініш туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті алушы "жеке кабинетінен" көре алады, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеуі барысында (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.

      Шағымда:

      1) жеке тұлғаның – тегі, аты, әкесінің аты, пошта мекенжайы;

      2) заңды тұлғаның – оның атауы, пошта мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе Мемлекеттік корпорацияның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесіне немесе Мемлекеттік корпорацияға қолма-қол беріледі.

      Портал арқылы электрондық жүгінген кезде өтініш туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті алушы "жеке кабинетінен" көре алады, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеуі барысында (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестиция және даму министрінің 26.01.2016 № 82 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 24.03.2017 № 104 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - 04.07.2019 № 203 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа шағымдануға құқылы.

4-тарау. Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

      Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 24.12.2018 № 534 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте өздігінен қызмет көрсетуді, өз бетімен жүруді, мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауға бағдарлау қабілеттілігін толық немесе ішінара мүмкіндігін жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушыларға Мемлекеттік корпорация қызметкерімен 1414 бірыңғай байланыс орталығы арқылы тұрғылықты орны бойынша шыға отырып қызмет көрсетіледі.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестиция және даму министрінің 26.01.2016 № 82 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

      14 Мемлекеттік қызметті көрсету мекенжайлары Министрліктің www.qogam.gov.kz "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде, Мемлекеттік корпорацияның www.goscorp.kz. интернет-ресурсында орналастырылған.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 04.07.2019 № 203 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. ЭЦҚ болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.

      16. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы "жеке кабинеті" арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

      17. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.qogam.kz интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде көрсетілген, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 04.07.2019 № 203 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Отандық теле-, радиоарнаны
есепке қою, қайта есепке қою,
куәліктің телнұсқасын беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
1-Қосымша
  Нысан
  ____________________________
(отандық теле-, радиоарнаны
есепке қою туралы куәлік
беретін органның
толық атауы)

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 04.07.2019 № 203 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Өтініш

      Сізден __________________________________________________________________________

      (теле-, радиоарнаның атауы) отандық теле-, радиоарнаны есепке қоюды сұраймын.

      Теле-, радиоарнаның меншік иесінің атауы: ___________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)/меншік иесінің атауы және ұйымдық- құқықтық нысаны)

      Теле-, радиоарнаның меншік иесінің мекенжайы: ______________________________________

      (тұратын орны/ орналасқан жері, байланыс деректері)

      БСН/ЖСН ______________________________________________________________________

      Теле-, радиоарнаның тақырыптық бағыты: ___________________________________________

      Меншікті хабар таратудың орташа тәуліктік көлемі ____________________________________

      Керітрансляцияланатын хабар таратудың орташа тәуліктік көлемі: _______________________

      ________________________________________________________________________________

      (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты/атауы) (қолы)

      Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпия мәліметтерді пайдалануға келісемін

      Мөрдің орны (мөр болған жағдайда) 20__ жылғы "___" _____________

  "Отандық теле-, радиоарнаны есепке,
қайта есепке қою, куәліктің
телнұсқасын беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша

      Нысан

      __________________________________

      (отандық теле-, радиоарнаны есепке

  қою туралы куәлік беретін органның толық атауы)

Өтініш

      ___________________________________________________ байланысты Сізден

      (себебін көрсету)

      ____________________________________________________________________

      (теле-, радиоарнаның атауы)

      отандық теле-, радиоарнаны қайта есепке қоюды жүзеге асыруды

      сұраймын.

      Теле-, радиоарнаның меншік иесінің атауы:____________________________

      _____________________________________________________________________

      (меншік иесінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)/атауы және

      ұйымдық-құқықтық нысаны)

      Теле-, радиоарнаның меншік иесінің мекенжайы:________________________

      (тұратын жері/ орналасқан жері, байланыс деректері)

      БСН/ЖСН

      _____________________________________________________________________

      Теле-, радиоарнаның тақырыптық бағыты: ______________________________

      Меншікті хабар таратудың орташа тәуліктік көлемі_____________________

      Керітрансляцияланатын хабар таратудың орташа тәуліктік көлемі:_______

      Меншік иесінің ауысуы/меншік құқығының берілгенін растайтын

      құжаттардың деректері:

      ____________________________________________________________________

      (меншік құқығы берілетін тұлғаның құжатының деректері, құжаттың

      нөмір мен күні, ЖСН/БСН және тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)/

      атауы және ұйымдық-құқықтық нысаны (меншік иесі ауысқан

      жағдайда толтырылады) көрсетіледі)

Р/с

Құжаттың деректері

1


2



      Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпия мәліметтерді

      пайдалануға келісемін

      __________ 20 __ ж. "__" ____

      (қолы)

      _________________________________________________ ________________

      (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты /атауы) (қолы)

      М.О. (мөр болған жағдайда) 20__ жылғы "___" ___________

  "Отандық теле-, радиоарнаны есепке,
қайта есепке қою, куәліктің
телнұсқасын беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
3-қосымша

      Нысан

      __________________________________

      (отандық теле-, радиоарнаны есепке

      қою туралы куәлік беретін органның

      толық атауы)

Өтініш

      ___________________________________________________ байланысты Сізден

      (себебін көрсету)

      _____________________________________________________________________

      (теле-, радиоарнаның атауы)

      отандық теле-, радиоарнаны есепке қою туралы куәліктің телнұсқасын

      беруді сұраймын.

      Теле-, радиоарнаның меншік иесінің атауы:____________________________

      _____________________________________________________________________

      (меншік иесінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)/атауы

      _____________________________________________________________________

      және ұйымдық-құқықтық нысаны)

      Теле-, радиоарнаның меншік иесінің мекенжайы:________________________

      (тұратын жері/ орналасқан жері, байланыс мәліметтері)

      БСН/ЖСН _____________________________________________________________

      Өтінішке қоса беріледі:

      1. ____________________________________________________________

      2. ____________________________________________________________

      ________________________________________________ _____________

      (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты/атауы) (қолы)

      Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпия мәліметтерді

      пайдалануға келісемін

      __________ 20 __ ж. "__" ____

      (қолы)

      М.О. (мөр болған жағдайда) 20__ жылғы "___" __________

  "Отандық теле-, радиоарнаны
есепке, қайта есепке қою, куәліктің
телнұсқасын беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
4-қосымша

      ______________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушының

      тегі, аты, әкесінің аты (бұдан

      әрі – Т.А.Ә.А.) немесе ұйымының атауы)

      ______________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушының

      мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Инвестиция және даму министрінің 26.01.2016 № 82 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 cәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғам филиалының № __ бөлімі (мекенжайын көрсету керек) Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға байланысты мемлекеттік қызмет көрсетуге (мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын көрсету керек) құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:

      Жоқ құжаттардың атауы:

      1) ___________________________________________________________;

      2) ___________________________________________________________;

      Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден екі данада жасалды.

      Мемлекеттік корпорация

      қызметкерінің Т.А.Ә.А. (қолы)

      Телефоны ______________________________________________________

      Алдым:_________________________________________________________

      көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә.А./қолы

      20__ жылғы "___" ____________

  "Отандық теле-, радиоарнаны есепке,
қайта есепке қою, куәліктің
телнұсқасын беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
5-қосымша

      Нысан

Мәліметтер нысаны

      Ескерту. Стандарт 5-қосымшамен толықтырылды - ҚР Инвестиция және даму министрінің 26.01.2016 № 82 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

      Теле-, радиоарнаның меншік иесінің жеке кіретін есігі бар үй-жайларға немесе оларды жалға алуға мүліктік құқықтары:

      (үй-жайлардың орналасқан жері және олардың сипаттамасы) (алаң.м, кадастрлық нөмірі, мүліктік құқықтың түрі, жалға алу шарттының деректері)

Р/с

Үй-жайдың типі

Мекенжайы

Сипаттамасы

1

Телерадио хабарларын таратудың жұмыс істеуіне қажетті техникалық құралдарды орналастыру және пайдалану үшін (студиялық, аппараттық, қосалқы)



2

Шығармашылық (редакциялық) персоналды орналастыру үшін



3

Теле-, радиоарнаның меншік иесіне тиесілі әкімшілік-басқару персоналы үшін




      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)/меншік иесінің атауы және ұйымдық-құқықтық нысаны) трансляцияланатын және рестрансляцияланатын теле-, радиобағдарламаларды таспаға басуға және алты ай бойы сақтауға міндеттенеді.

      Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпия мәліметтерді пайдалануға келісемін

      __________ 20__ ж. "__" _________

      (қолы)

      _________________________________________________ __________

      (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты/атауы) (қолы)

      М.О. 20__ жылғы "___" ___________

      (мөр болған жағдайда)

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 28 сәуірдегі
№ 505 бұйрығына
2-қосымша

"Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. Стандарттың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 24.12.2018 № 534 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 24.12.2018 № 534 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. "Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 24.12.2018 № 534 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 04.07.2019 № 203 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Ақпарат комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

      2) www.egov.kz "электрондық үкімет", www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 04.07.2019 № 203 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 24.12.2018 № 534 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

      1) құжаттар топтамасын Мемлекеттік корпорацияға тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген сәттен бастап 13 (он үш) жұмыс күні ішінде лицензия беру;

      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең көп уақыты – 15 (он бес) минут;

      3) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең көп уақыты – 15 (жиырма) минут.

      Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар топтамасын қабылдаған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық емес фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші белгіленген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартады.

      Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттардың қабылданған күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестиция және даму министрінің 26.01.2016 № 82 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз); өзгеріс енгізілді – ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 24.12.2018 № 534 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) түрінде.

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - теле-, радиоарналарды тарату бойынша қызметпен айналысу үшін лицензия (бұдан әрі – лицензия немесе осы мемлекеттік қызметті көрсету стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны – электрондық түрде.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 04.07.2019 № 203 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетіледі.

      Мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін мөлшерлемелері "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 554-бабының 4-тармағына сәйкес:

      1) теле-, радиоарналарын тарату бойынша қызмет түрімен айналысу құқығы үшін 6 (алты) айлық есептік көрсеткіш;

      2) лицензияны қайта ресімдегені үшін – лицензия беру кезінде мөлшерлемеден 10 %-ды құрайды.

      Төлем екінші деңгейлі банктер және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол ақшалай немесе қолма-қол ақшасыз нысанда жүргізіледі, сондай-ақ портал арқылы төлемді "электрондық үкімет" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асыруға болады.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 04.07.2019 № 203 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) Мемлекеттік корпорацияның - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбі – сенбі күндері аралығында, сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн, түскi үзiлiссіз. Мемлекеттік қызмет электрондық кезек ретімен, шұғыл түрде қызмет көрсетілмей, көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша көрсетіледі, көрсетілетін қызметті алушының қалауы бойынша портал арқылы электрондық кезекті "броньдауға" болады;

      2) порталдың - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш берген кезде, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жүмыс күнінде жүзеге асырылады.);

      3) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбі – жұма күндері аралығында, сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 04.07.2019 № 203 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Көрсетілетін қызмет алушы жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      Мемлекеттік корпорацияға (сенімхат арқылы оның өкілі жүгінген жағдайда):

      1) лицензия алу үшін:

      теле-, радиоарналарын тарату қызметіне лицензия алу (қайта ресімдеу) үшін осы мемлекеттік қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес заңды тұлғаның өтініші немесе теле-, радиоарналарын тарату қызметіне лицензия алу (қайта ресімдеу) үшін осы мемлекеттік қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес жеке тұлғаның өтініші;

      жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);

      біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер және құжаттар:

      осы мемлекеттік қызмет стандартына 3-қосымшада көрсетілген мәліметтер нысаны;

      төтенше жағдайлар жағдайында халықты хабардар етуді ұйымдастыру схемасы (ерікті нысанда жасалған);

      спутниктік оператор ұсынған спутниктік қабылдау-тарату станцияларының желiсiнде пайдаланылатын трансмиссиялық жоспарлар (спутниктік байланыс арналары пайдаланылған жағдайда);

      метрологиялық сипаттамаларын көрсете отырып, қолданылатын өлшеу құралдары мен сынау жабдығының тізбесі.

      өлшеу құралдары мен сынау жабдығының тексерілгенін немесе метрологиялық аттестатталғанын растайтын сертификаттар;

      2) лицензияны қайта ресімдеу үшін (құжаттар ауыстырылған сәттен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде: қызмет түрінің және (немесе) кіші түрінің атауы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда); дара кәсіпкердің оның атауының және мекенжайының, бірігу, қосылу, бөлініп шығу немесе қайта өзгеру нысанында заңды тұлға, заңды тұлғаның атауы және (немесе) заңды мекенжайы өзгерген кезде):

      заңды тұлғаның теле-, радиоарналарды тарату бойынша қызметпен айналысуға лицензия алу (қайта ресімдеу) үшін осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшасына сәйкес өтініші немесе жеке тұлғаның теле-, радиоарналарды тарату бойынша қызметпен айналысуға лицензия алу (қайта ресімдеу) үшін осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес өтініші;

      жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін):

      порталға:

      3) лицензия алу үшін:

      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшада көрсетілген мәліметтер нысаны;

      төтенше жағдайлар кезінде халықты хабардар етуді ұйымдастыру схемасының электрондық көшірмесі (ерікті нысанда жасалған);

      телерадиохабарларын тарату желісін ұйымдастыру схемасының электрондық көшірмесі (ерікті нысанда жасалған);

      спутниктік оператор ұсынған спутниктік қабылдау-тарату станцияларының желiсiнде пайдаланылатын трансмиссиялық жоспардың электрондық көшірмесі (спутниктік байланыс арналары пайдаланылған жағдайда);

      метрологиялық сипаттамаларын көрсете отырып, қолданылатын өлшеу құралдары мен сынау жабдығы тізбесінің электрондық көшірмесі;

      өлшеу құралдары мен сынау жабдығының тексерілгенін немесе метрологиялық аттестатталғанын растайтын сертификаттардың электрондық көшірмесі;

      4) лицензияны қайта ресімдеу үшін (құжаттар ауыстырылған сәттен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде: қызмет түрінің және (немесе) кіші түрінің атауы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда); дара кәсіпкердің оның атауының және мекенжайының, бірігу, қосылу, бөлініп шығу немесе қайта өзгеру нысанында заңды тұлға, заңды тұлғаның атауы және (немесе) заңды мекенжайы өзгерген кезде):

      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы лицензияны қайта ресімдеу туралы сұрау салу.

      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың деректері туралы, заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызмет беруші және Мемлекеттік корпорация қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

      Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі.

      Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде (немесе нотариалды расталған сенімхат бойынша оның өкілінің) тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік корпорация мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің бір ай ішінде сақталуын қамтамасыз етеді, содан соң оларды көрсетілетін қызметті берушіге одан әрі сақтауға жібереді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткен соң жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін екі жұмыс күні ішінде Мемлекеттік корпорацияға жібереді.

      Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызметке сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 04.07.2019 № 203 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Мыналар мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіз болып табылады:

      1) Қазақстан Республикасының заңдарында субъектілердің осы санаты үшін қызметтің жекелеген түрімен айналысуға тыйым салынуы;

      2) теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның төленбеуі;

      3) қызмет алушыға қатысты теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысуға тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы.

      4) сотпен сот орындаушысы ұсынымының негізінде мемлекеттік қызмет алушыға лицензия алуға уақытша тыйым салынуы;

      5) "Телерадио хабарларын тарату саласындағы қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын және олардың сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының бұйрығымен бекітілген 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 29 бұйрығымен белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10357 болып тіркелген).

      Осы мемлекеттік көрсетілген қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданыс мерзімі аяқталған құжаттарды ұсынған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 24.03.2017 № 104 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

3-тарау. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 24.12.2018 № 534 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағым: осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының, Мемлекеттік корпорация басшысының атына немесе 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, Министрліктер үйі, 15-кіреберіс, телефоны (8 (7172) 74 03 64 мекенжайы бойынша Министрлік басшысының атына беріледі.

      Шағымдар пошта бойынша жазбаша нысанда, портал арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

      Шағымның қабылданғанын растау көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде оның тіркелуі (шағымның немесе шағымға ілеспе хаттың екінші данасында мөртабан, кіріс нөмірі және тіркеу күні қойылады) болып табылады.

      Мемлекеттік корпорация қызметкері дұрыс қызмет көрсетпеген жағдайда, шағым Мемлекеттік корпорация басшысының атына беріледі.

      Мемлекеттік корпорацияға қолма-қол, сонымен қатар пошта арқылы түскен шағымның қабылданғанын растау оның тіркелуі (шағымның немесе шағымға ілеспе хаттың екінші данасында мөртабан, кіріс нөмірі және тіркеу күні қойылады) болып табылады.

      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.

      Шағым портал арқылы жіберілген кезде өтініш туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті алушы "жеке кабинетінен" көре алады, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеуі барысында (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.

      Шағымда:

      1) жеке тұлғаның – тегі, аты, әкесінің аты, пошта мекенжайы;

      2) заңды тұлғаның – оның атауы, пошта мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе Мемлекеттік корпорацияның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесіне немесе Мемлекеттік корпорацияға қолма-қол беріледі.

      Портал арқылы электрондық жүгінген кезде өтініш туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті алушы "жеке кабинетінен" көре алады, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеуі барысында (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестиция және даму министрінің 26.01.2016 № 82 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 24.03.2017 № 104 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 04.07.2019 № 203 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа шағымдануға құқылы.

4-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

      Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 24.12.2018 № 534 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте өздігінен қызмет көрсетуді, өз бетімен жүруді, мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауға бағдарлау қабілеттілігін немесе мүмкіндігін толық немесе ішінара жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушыларға Мемлекеттік корпорация қызметкерімен 1414 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы тұрғылықты орны бойынша шыға отырып қызмет көрсетіледі.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестиция және даму министрінің 26.01.2016 № 82 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

      14. Мемлекеттік қызметті көрсету мекенжайлары Министрліктің: www.qogam.gov.kz интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде, Мемлекеттік корпорацияда – www.gov4c.kz. орналастырылған.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 04.07.2019 № 203 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. ЭЦҚ болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.

      16. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы "жеке кабинеті" арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

      17. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.qogam.kz интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде көрсетілген, Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414. 8 800 080 7777.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 04.07.2019 № 203 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  "Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі
қызметпен айналысу үшін лицензия беру,
лицензияны қайта рәсімдеу" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша

Лицензия алу (қайта рәсімдеу) үшін заңды тұлғаның
өтiнiші

      Қазақстан Республикасы Инвестиция және даму министрлігі

      Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетіне

      (лицензиардың толық атауы)

      _____________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның толық атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

      Қазақстан Республикасының аумағында теле-, радиоарналарды тарату

      жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия берудi сұраймын.

      (қызметтiң түрi және (немесе) қызметтің кіші түрі(-лері) көрсетiлсiн)

      Заңды тұлғаның мекенжайы ____________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше

      атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жай) нөмірі)

      Электрондық пошта ___________________________________________________

      Телефоны ____________________________________________________________

      Факс ________________________________________________________________

      Банктік шоты ________________________________________________________

      (шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жері)

      Қызметті жүзеге асыру мекенжайы(лары) _______________________________

      (пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені,

      көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жай) нөмірі)

      ___ парақ қоса беріліп отыр

      Осы арқылы:

      көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып

      табылатыны және оларға лицензия беру немесе беруден бас тарту

      мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатыны;

      өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе)

      кіші түрімен айналысуға соттың тыйым салмағаны;

      қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және

      жарамды болып табылатыны расталады.

      Ақпараттық жүйеде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын

      мәліметтерді пайдалануға келісемімн.

      __________ 20 __ ж. "__" ____

      (қолы)

      Басшы _________ ______________________________________________

      (қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса)

      Мөрдің орны Толтырылған күні: 20__ жылғы "___" ________

      (мөр болған жағдайда)

Лицензия алу (қайта рәсімдеу) үшін жеке тұлғаның
өтiнiші

      Қазақстан Республикасы Инвестиция және даму министрлігі

      Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетіне

      (лицензиардың толық атауы)

      _____________________________________________________________________

      (меншік иесінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)/атауы және

      ұйымдық-құқықтық нысаны)

      Қазақстан Республикасының аумағында теле-, радиоарналарды тарату

      жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия берудi сұраймын.

      (қызметтiң түрi және (немесе) қызметтің кіші түрі(-лері) көрсетiлсiн)

      Жеке тұлғаның мекенжайы _____________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше

      атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жай) нөмірі)

      Электрондық пошта ___________________________________________________

      Телефоны ____________________________________________________________

      Факс ________________________________________________________________

      Банктік шоты ________________________________________________________

      (шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жері)

      Қызметті жүзеге асыру мекенжайы(лары) _______________________________

      (пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені,

      көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жай) нөмірі)

      ___ парақ қоса беріліп отыр

      Осы арқылы:

      көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып

      табылатыны және оларға лицензия беру немесе беруден бас тарту

      мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатыны;

      өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе)

      кіші түрімен айналысуға соттың тыйым салмағаны;

      қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және

      жарамды болып табылатыны расталады.

      Ақпараттық жүйеде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын

      мәліметтерді пайдалануға келісемімн.

      __________ 20 __ ж. "__" ____

      (қолы)

      _________ _____________________________________________

      (қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса)

      Жеке тұлға

      ____________ ____________________________________

      (қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса)

      Мөрдің орны (мөр болған жағдайда)

      Толтырылған күні: " 20__ жылғы "___" ________

  "Теле-, радиоарналарды тарату
жөніндегі қызметпен айналысу
үшін лицензия беру, лицензияны
қайта рәсімдеу" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша

Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестік туралы мәліметтер нысаны

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 04.07.2019 № 203 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қызметкерлер саны __________________________________________

      Инженер-техник мамандар саны _________________________________;

      мамандығы бойынша жұмыс өтілі:

      1 жылға дейін ________________________________________________;

      бір жылдан астам _____________________________________________

Маманның тегі

Маманның аты

Маманның әкесінің аты

Мамандығы

Жоғары білімі туралы дипломның №

Диплом берілген күн

Жоғары оқу орнының атауы

Мамандығы бойынша жұмыс өтілі

Лауазымы



















      2. Мыналарды қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелер:

      телерадио хабарларын тарату саласындағы қолданыстағы

      стандарттарға сәйкес теле-, радиоарналар бағдарламасының техникалық

      сапасын: иә/жоқ;

      төтенше жағдайлар кезінде халықты хабардар етуді ұйымдастыруды:

      иә/жоқ.

      3. Техникалық мәліметтер:

      1) құрылатын желінің атауы: телекоммуникациялар желісі бойынша/ эфирлік/кабельдік/спутниктік;

      2) хабар таратумен қамту аумағы ______________________________;

      3) желі типі _________________________________________________;

      стандарт атауы _______________________________________________;

      стандарт нөмірі ______________________________________________;

      4) таратылатын теле-, радиоарналардың тізімі _________________;

      даму кезеңдері бойынша тізбе _________________________________;

      қысқаша сипаттама ____________________________________________;

      5) пайдаланған жағдайда, шартты қолжетімділік жүйесі _________;

      6) желіні басқару және пайдалану желісін ұйымдастыру

      қағидаттары;

      7) желінің сыйымдылығы және/немесе қосылушылар саны, оның

      ішінде даму кезеңдері бойынша;

      МГц көлемі ___________________________________________________;

      қосылушылар саны _____________________________________________;

      8) басқа да телерадио хабарларын тарату және байланыс

      желілерімен өзара іс-қимыл:

      шарттың нөмірі _______________________________________________;

      шарт жасалған күн ____________________________________________;

      шарт кіммен жасалды (заңды және жеке тұлғаның атауы) _________;

      9) нақты техникалық құралдарды көрсете отырып, станцияаралық

      байланыстарды ұйымдастыру тәсілі:

      меншікті техникалық құралдар бойынша _________________________;

      басқа желілердің жалға алынған арналары бойынша ______________;

      шарттың нөмірі _______________________________________________;

      шарт жасалған күн ____________________________________________;

      шарт кіммен жасалды (заңды және жеке тұлғаның атауы) _________;

      10) өтініш берушінің желісін басқа операторлардың желісіне

      қосуды ұйымдастыру тәсілі:

      шарттың нөмірі _______________________________________________;

      шарт жасалған күн ____________________________________________;

      шарт кіммен жасалды (заңды және жеке тұлғаның атауы) _________;

      11) жиілік алуға қажетті жабдықтың атауы _____________________;

      12) бас станцияға таратылатын теле-, радиоарналарды жеткізу

      көздері мен тәсілдері;

      студияның орналасқан жері ____________________________________;

      пайдаланылатын желінің типі __________________________________;

      13) жиілік берілген жабдықтың санитарлық төлқұжаты (радиожиілік спектрін пайдалана отырып теле-, радиоарналарды таратқан жағдайда):

      нөмірі мен берілген күні ____________________________________;

      төлқұжатты берген мекеме атауы_________________________________;

      төлқұжаттың мерзімі ____________________________________;

      14) жердің жасанды жерсеріктері (спутниктік байланыс арналары

      пайдаланылған жағдайда):

      атауы ________________________________________________________;

      тиесілігі ____________________________________________________;

      орналасқан жері ______________________________________________;

      қызмет көрсету аймағы ________________________________________;

      жиіліктің орналасқан белдеуі _________________________________;

      арнаның жылдамдығы ___________________________________________;

      спутниктік жүйенің энергетикалық сипаттамасы ________________.

      4. Құқық иеленуші теле-, радиокомпаниялармен (көп бағдарламалы

      хабар тарату үшін) ретрансляциялауға алдын ала жасалған шарттар:

      шарттың нөмірі _______________________________________________;

      жасалған күні ________________________________________________;

      шарт кіммен жасалды (заңды және жеке тұлғаның атауы) _________;

      шартта көрсетілген арналардың тізбесі ________________________.

      5. Техникалық құралдарды орналастыруға және пайдалануға

      арналған үй-жайлар мен алаңдардың болуы:

      жалға алынған алаң ___________________________________________;

      жалға алынған үй-жайлардың орналасқан жері ___________________;

      жалға алу шартының нөмірі ____________________________________;

      жалға алу шартының жасалған күні _____________________________;

      шарт кіммен жасалды __________________________________________.

      6. Әкімшілік-басқару персоналына арналған үй-жайлар мен

      алаңдардың болуы:

      жалға алынған алаң ___________________________________________;

      жалға алынған үй-жайлардың орналасқан жері ___________________;

      жалға алу шартының нөмірі ____________________________________;

      жалға алу шартының жасалған күні _____________________________;

      жалға алу шарты кіммен жасалды _______________________________.

      7. Халыққа қызмет көрсетуге арналған үй-жайлар мен алаңдардың

      болуы:

      жалға алынған алаң ___________________________________________;

      жалға алынған үй-жайлардың орналасқан жері ___________________;

      жалға алу шартының нөмірі ____________________________________;

      жалға алу шартының жасалған күні _____________________________;

      жалға алу шарты кіммен жасалды ______________________________.

  "Теле-, радиоарналарды тарату
жөніндегі қызметпен айналысу
үшін лицензия беру, лицензияны
қайта рәсімдеу" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
3-қосымша
  __________________________________
  (көрсетілетін қызметті алушының
  тегі, аты, әкесінің аты (бұдан әрі
  – Т.А.Ә.А.) немесе ұйымының атауы)
  _____________________________
  (көрсетілетін қызметті алушының
  мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Инвестиция және даму министрінің 26.01.2016 № 82 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 cәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпоррациясы" акционерлік қоғамы филиалының № __ бөлімі (мекенжайын көрсету керек) Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға байланысты мемлекеттік қызмет көрсетуге (мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын көрсету керек) құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:

      Жоқ құжаттардың атауы:

      1) ___________________________________________________________;

      2) ___________________________________________________________;

      Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден екі данада жасалды.

      Мемлекеттік корпорация

      қызметкерінің Т.А.Ә.А. (қолы)

      Телефоны ______________________________________________________

      Алдым:_________________________________________________________

      көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә.А./қолы

      20__ жылғы "___" ____________

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 28 сәуірдегі
№ 505 бұйрығына
3-қосымша

"Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік
теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке қою, куәліктің
телнұсқасын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты 1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 24.12.2018 № 534 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. "Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке қою, куәліктің телнұсқасын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі (бұдан әрі –Министрлік) әзірледі.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 04.07.2019 № 203 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Ақпарат комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

      2) www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы, www.elicense.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 04.07.2019 № 203 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 24.12.2018 № 534 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

      1) құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген кезде – күнтізбелік 15 (он бес) ішінде;

      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең көп уақыты – 30 (отыз) минут;

      3) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең көп уақыты – 15 (он бес) минут.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Инвестиция және даму министрінің 26.01.2016 № 82 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз); 24.03.2017 № 104 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке қою туралы куәлік (бұдан әрі – куәлік), куәліктің телнұсқасы немесе осы мемлекеттік қызметті көрсету стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны электрондық және (немесе) қағаз түрінде.

      Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында "жеке кабинетке" жолданады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 04.07.2019 № 203 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетіледі.

      Мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін тіркеу алымының мөлшерлемелері "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 553-бабының 7-тармағына сәйкес:

      1) теле-, радиоарнаны есепке қою туралы куәлікті беру үшін:

      балаларға арналған және ғылыми тақырыптағы теле-, радиоарна құратын көрсетілетін қызмет алушыларға – алым төленген күні қолданылатын екі айлық есептік көрсеткіш;

      өзге тақырыптағы теле-, радиоарна құратын көрсетілетін қызмет алушыларға – алым төленген күні қолданылатын бес айлық есептік көрсеткіш;

      2) теле-, радиоарнаны есепке қою туралы куәліктің телнұсқасын беру үшін:

      балаларға арналған және ғылыми тақырыптағы теле-, радиоарна құратын көрсетілетін қызметті алушыларға – алым төленген күні қолданылатын бір бүтін оннан алты айлық есептік көрсеткіш;

      өзге тақырыптағы теле-, радиоарна құратын көрсетілетін қызметті алушыларға – алым төленген күні қолданылатын төрт айлық есептік көрсеткіш құрайды.

      Теле-, радиоарнаны қайта есепке қою тегін жүзеге асырылады.

      Төлем екінші деңгейлі банктер және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол ақшамен немесе қолма-қол ақшасыз нысанда жүргізіледі, сондай-ақ портал арқылы төлемді "электрондық үкімет" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асыруға болады.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 04.07.2019 № 203 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбі – жұма күндері аралығында, сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн".

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін түскi үзiлiспен 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік қызмет алдын-ала жазылусыз және шұғыл қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі.

      2) порталдың - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш берген кезде, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтінішті қабылдау және қорытындысын беру келесі жүмыс күнінде жүзеге асырылады.)

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 04.07.2019 № 203 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Көрсетілетін қызмет алушы жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      көрсетілетін қызметті берушіге (сенімхат арқылы оның өкілі жүгінген жағдайда):

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

      жеке тұлғалар үшін – шетелдік жеке тұлғаның – теле-, радиоарнаның меншік иесінің жеке басын куәландыратын құжат;

      кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығын растайтын құжаттың көшірмесін;

      заңды тұлғалар үшін – сауда тізілімінен заңдастырылған үзінді көшірме немесе құрылтайшы – шетелдік заңды тұлға шетелдік мемлекет заңнамасы бойынша заңды тұлға екенін куәландыратын өзге заңдастырылған құжат;

      шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қою үшін бюджетке алым төленгенін растайтын құжат.

      Шетелдік теле-, радиоарнаны қайта есепке қою үшін (теле-, радиоарнаның меншік иесінің ауысуына не заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысанының, атауының, негізгі тақырыптық бағытының өзгеруіне, Қазақстан Республикасы аумағында заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу рәсімінен өткен жаңа заңды тұлға немесе филиал (өкілдік) құрылуына байланысты) көрсетілетін қызметті алушы:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      жеке тұлғалар үшін – шетелдік жеке тұлғаның – теле-, радио арнаның меншік иесінің жеке басын куәландыратын құжат;

      кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығын растайтын құжаттың көшірмесін;

      заңды тұлғалар үшін – сауда тізілімінен заңдастырылған үзінді көшірме немесе құрылтайшы – шетелдік заңды тұлға шетелдік мемлекет заңнамасы бойынша заңды тұлға екенін куәландыратын өзге заңдастырылған құжат;

      шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қою туралы бұрын берілген куәліктің түпнұсқасын ұсынады.

      Теле-, радиоарнаны есепке қою туралы куәліктің телнұсқасын алу үшін көрсетілетін қызметті алушы:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      жеке тұлғалар үшін – шетелдік жеке тұлғаның – теле-, радио арнаның меншік иесінің жеке басын куәландыратын құжат;

      кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығын растайтын құжаттың көшірмесін ұсынады.

      заңды тұлғалар үшін – заңды тұлғалар үшін – сауда тізілімінен заңдастырылған үзінді көшірме немесе құрылтайшы – шетелдік заңды тұлға шетелдік мемлекет заңнамасы бойынша заңды тұлға екенін растайтын басқа заңдастырылған құжат;

      шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қою туралы куәліктің телнұсқасын алу үшін бюджетке алым төленгенін растайтын құжат.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажет құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге өткізген жағдайда – көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде құжаттар пакетін қабылдап алудың күні және уақыты көрсетіле отырып, тіркеу туралы оның көшірмесіндегі белгі өтінішті алуды растау болып табылады.

      порталға:

      көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

      жеке тұлғалар үшін – шетелдік жеке тұлғаның – теле-, радио арнаның меншік иесінің жеке басын куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесі;

      кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;

      заңды тұлғалар үшін –сауда тізілімінен заңдастырылған үзіндінің электрондық көшірмесі немесе құрылтайшы – шетелдік заңды тұлға шетелдік мемлекет заңнамасы бойынша заңды тұлға екенін растайтын өзге заңдастырылған құжат;

      Шетелдік теле-, радиоарнаны қайта есепке қою үшін (теле-, радиоарнаның меншік иесінің ауысуына не заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысанының, атауының, негізгі тақырыптық бағытының өзгеруіне, Қазақстан Республикасы аумағында заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу рәсімінен өткен жаңа заңды тұлға немесе филиал (өкілдік) құрылуына байланысты) көрсетілетін қызметті алушы порталға:

      көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

      жеке тұлғалар үшін – шетелдік жеке тұлғаның – теле-, радио арнаның меншік иесінің жеке басын куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесі;

      кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;

      заңды тұлғалар үшін –сауда тізілімінен заңдастырылған үзіндінің электрондық көшірмесі немесе құрылтайшы – шетелдік заңды тұлға шетелдік мемлекет заңнамасы бойынша заңды тұлға екенін растайтын өзге заңдастырылған құжат.

      Шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қою туралы куәліктің телнұсқасын алу үшін көрсетілетін қызметті алушы:

      көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

      жеке тұлғалар үшін – шетелдік жеке тұлғаның – теле-, радио арнаның меншік иесінің жеке басын куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесі;

      кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;

      заңды тұлғалар үшін –сауда тізілімінен заңдастырылған үзіндінің электрондық көшірмесі немесе құрылтайшы – шетелдік заңды тұлға шетелдік мемлекет заңнамасы бойынша заңды тұлға екенін растайтын өзге заңдастырылған құжат.

      Шет тілде ұсынылған құжаттар қазақ және (немесе) орыс тілдеріне аударуға жатады және нотариалды түрде куәландырылады.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 04.07.2019 № 203 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Мыналар:

      1) өтініш мазмұны осы мемлекеттік қызметті көрсету стандартының 9-тармағының талаптарына сәйкес келмеуі;

      2) теле-, радиоарнаны есепке қою есепке қою үшiн алым төленбеуі;

      3) шетелдік теле-, радиоарна материалдары конституциялық құрылыстың күштеп өзгертілуін насихаттау немесе үгіттеуден, Қазақстан Республикасының тұтастығын бұзудан, мемлекет қауіпсіздігін бұзудан, соғыс, экстремизим немесе терроризмді насихаттаудан, мейірімсіздік және зорлық-зомбылыққа, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, таптық және рулық үстемшілікке табынудан, ұлтаралық және конфессияаралық өшпенділікті тұтатуға бағытталған ақпараттан, сондай-ақ порнографиялық және арнайы сексуалдық-эротикалық сипаттағы кино және бейне өнімнен, сондай-ақ суицидті насихаттайтын ақпараттан тұруы;

      4) дін тану сараптамасы нәтижелері бойынша жағымсыз қорытынды болуы;

      5) шетелдік теле-, радиоарна өніміне қатысты оны Қазақстан Республикасы аумағында таратуға тыйым салу туралы сот шешімі болуы;

      6) мемлекеттік қызмет алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) ондағы деректердің (мәліметтердің) күмәнді екенінің анықталуы;

      7) заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) немесе филиалдың (өкілдіктің) есептік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы анықтама ұсынылмауы;

      8) белгілі мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе қызметтің жеке түрлерін алуға тыйым салу туралы көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болуы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіз болады.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 04.07.2019 № 203 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 24.12.2018 № 534 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының, Мемлекеттік корпорация басшысының атына не 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, Министрліктер үйі, 15-кіреберіс мекенжайы, (8 (7172) 74 03 64 телефоны бойынша Министрлік басшысының атына беріледі.

      Шағымдар пошта бойынша жазбаша нысанда, портал арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

      Шағымның қабылданғанын растау көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде оның тіркелуі (шағымның немесе шағымға ілеспе хаттың екінші данасында мөртабан, кіріс нөмірі және тіркеу күні қойылады) болып табылады.

      Мемлекеттік корпорация қызметкері дұрыс қызмет көрсетпеген жағдайда, шағым Мемлекеттік корпорация басшысының атына беріледі.

      Мемлекеттік корпорацияға қолма-қол, сонымен қатар пошта арқылы түскен шағымның қабылданғанын растау оның тіркелуі (шағымның немесе шағымға ілеспе хаттың екінші данасында мөртабан, кіріс нөмірі және тіркеу күні қойылады) болып табылады.

      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.

      Шағым портал арқылы жіберілген кезде өтініш туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті алушы "жеке кабинетінен" көре алады, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеуі барысында (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.

      Шағымда:

      1) жеке тұлғаның – тегі, аты, әкесінің аты, пошта мекенжайы;

      2) заңды тұлғаның – оның атауы, пошта мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе Мемлекетік корпорацияның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесіне немесе Мемлекеттік корпорацияға қолма-қол беріледі.

      Портал арқылы электрондық жүгінген кезде өтініш туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті алушы "жеке кабинетінен" көре алады, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеуі барысында (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестиция және даму министрінің 26.01.2016 № 82 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 24.03.2017 № 104 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 04.07.2019 № 203 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа шағымдануға құқылы.

4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетуді есепке алғандағы өзге талаптар, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетіні

      Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 04.07.2019 № 203 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Мемлекеттік қызметті көрсету мекенжайы Министрліктің www.qogam.gov.kz "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 04.07.2019 № 203 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

      15. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.qogam.kz интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде көрсетілген, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414. 8 800 080 7777.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 04.07.2019 № 203 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      16. Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда портал арқылы ала алады.

      Ескерту. Стандарт 16-тармақпен толықтырылды – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 04.07.2019 № 203 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  "Қазақстан Республикасының
аумағына таралатын шетелдік теле-,
радиоарнаны есепке, қайта есепке
қою, куәліктің телнұсқасын беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына
қосымша

      _______________________________________________

      (шетелдік теле-, радиоарнаны есепке

      қою туралы куәлік беретін органның толық атауы)

      _______________________________________________

      (шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қою туралы

      куәлік беретін орган басшысының Т.А.Ә.А.)

Өтініш

      Сізден ______________________________________________________________

      (қайта есепке алу жүргізілген және телнұсқа берілген

      жағдайда, себептері көрсетіледі)

      шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қоюды (қайта есепке қою, телнұсқа

      беруді жүзеге асыруды) сұраймын.

      Теле-, радиоарнаның меншік иесінің атауы:______________________

      _____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) тұратын жері/орналасқан

      жері, ұйымдық-құқықтық нысаны, телефоны, электрондық мекенжайы)

      Теле-, радиобағдарламалардың тілі (тілдері):_________________________

      Теле-, радиоарнаның хабар тарату кестесi:____________________________

      (кейінгі ай)

      Теле-, радиоарнаның негiзгi тақырыптық бағыты:_______________________

      Теле-, радиоарнаның бас редакторы/редакторы:_________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты)

      Теле-, радиокомпанияның заңды мекенжайы:_____________________________

      (индексі, қала, аудан, көше, үй, телефон, электрондық мекенжайы)

      Теле-, радиокомпанияның Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау

      туралы мiндеттемесi__________________________________________________

      Өтiнiшке қоса беріледі:

      1._____________________________________________________________

      2._____________________________________________________________

      3._____________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты/атауы) (қолы)

      М.О. 20__ ж. "___" ____________

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2015 жылғы 28 сәуірдегі
№ 505 бұйрығына
4-қосымша

"Мерзімді баспасөз басылымдарын, ақпараттық агенттіктерді және желілік басылымдарды есепке қою немесе қайта есепке алу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда - ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 24.03.2017 № 104 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

1 тарау. Жалпы ережелер

      1. "Мерзімді баспасөз басылымдарын, ақпараттық агенттіктерді және желілік басылымдарды есепке қою немесе қайта есепке алу" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 04.07.2019 № 203 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Ақпарат комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 04.07.2019 № 203 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      4. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

      1) құжаттар топтамасын порталға тапсырған сәттен бастап - 10 (он) жұмыс күні ішінде;

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Көрсетілетін қызметті беруші ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісін анықтаған жағдайда көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша түрде дәлелді бас тартады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 04.07.2019 № 203 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық түрде (ішінара автоматтандырылған).

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 04.07.2019 № 203 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы куәлiк (бұдан әрi – куәлiк) немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10 тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық түрде.

      Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі және көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" сақталады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 04.07.2019 № 203 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетіледі.

      Мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін тіркеу алымы мөлшерлемелері "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 553-бабының 7-тармағына сәйкес:

      1) мерзімді баспасөз басылымдарын, ақпараттық агенттіктерді және желілік басылымдарды есепке қою туралы куәлікті беру үшін:

      балаларға арналған және ғылыми тақырыптағы мерзімді баспасөз басылымдарын, ақпараттық агенттіктерді және желілік басылымдарды құратын көрсетілетін қызмет алушыларға – алым төленген күні қолданылатын екі айлық есептік көрсеткіш;

      өзге тақырыптағы мерзімді баспасөз басылымдарын, ақпараттық агенттіктерді және желілік басылымдарды құратын көрсетілетін қызметті алушыларға – алым төленген күні қолданылатын бес айлық есептік көрсеткіш;

      2) мерзімді баспасөз басылымдарын, ақпараттық агенттіктерді және желілік басылымдарды есепке қою туралы куәліктің телнұсқасын беру үшін:

      балаларға арналған және ғылыми тақырыптағы мерзімді баспасөз басылымдарын, ақпараттық агенттіктерді және желілік басылымдарды құратын көрсетілетін қызмет алушыларға – алым төленген күні қолданылатын бір бүтін оннан алты айлық есептік көрсеткіш;

      өзге тақырыптағы мерзімді баспасөз басылымдарын, ақпараттық агенттіктерді және желілік басылымдарды құратын көрсетілетін қызметті алушыларға – алым төленген күні қолданылатын төрт айлық есептік көрсеткіш құрайды.

      Мерзімді баспасөз басылымдарын, ақпараттық агенттіктерді және желілік басылымдарды қайта есепке қою тегін жүзеге асырылады.

      Төлем екінші деңгейлі банктер және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол ақшамен немесе қолма-қол ақшасыз нысанда жүргізіледі.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 04.07.2019 № 203 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) Порталдың - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғанғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгіну кезінде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).

      2) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбі – жұма күндері аралығында, сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн."

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 04.07.2019 № 203 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Көрсетілетін қызмет алушы порталға жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      1) мерзімді баспасөз басылымдарын, ақпараттық агенттіктер мен желілік басылымдарды есепке қою үшін көрсетілетін қызметті алушы:

      көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ–мен қол қойған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуды (осы көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес);

      2) мерзiмдi баспасөз басылымдарын, ақпараттық агенттiк пен желілік басылымды қайта есепке алу үшін (мерзiмдi баспасөз басылымының, ақпараттық агенттiктің меншiк иесiнің ауысуына не оның ұйымдық-құқықтық нысанының, атауының, атының, негізгі тақырыптық бағытының және шығарылу мерзімділігінің, сондай-ақ таралу аумағының өзгеруiне байланысты) көрсетілетін қызметті алушы:

      көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ-мен қол қойған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуды (осы көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес);

      мерзімді баспасөз басылымына, ақпараттық агенттікке және желілік басылымға меншік құқығының басқа тұлғаға берілгенін растайтын шарттан үзінді көшірменің электрондық көшірмесін ұсынады.

      3) куәліктің телнұсқасын алу үшін (егер бұрын берілген мерзiмдi баспасөз басылымдарын, ақпараттық агенттiктерді және желілік басылымдарды есепке қойғаны немесе қайта есепке алғаны туралы куәлік қағаз нысанында ресімделген болса) көрсетілетін қызметті алушы:

      көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ-мен қол қойған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуды;

      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) туралы, дара кәсіпкер ретінде тіркелгені туралы, төлем туралы мәліметтерді көрсетілетін қызмет беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады."

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 04.07.2019 № 203 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Мыналар:

      1) бұрын берілген сол атаумен және сол аумаққа таралатын не оның атауы бұрын құрылған мерзiмдi баспасөз басылымының, ақпараттық агенттіктің және желілік басылымның атауымен айырғысыз дәрежеде ұқсас мерзiмдi баспасөз басылымына, ақпараттық агенттікке немесе желілік басылымға есепке қойғаны туралы куәлік;

      2) мазмұны осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағы талаптарына сай келмейтін өтініш;

      3) баспасөз басылымдарын, ақпараттық агенттiктерді және желілік басылымдарды есепке қою үшiн алымның төленбеуі;

      4) меншiк иесiнiң ауысуына орай мерзімді баспасөз басылымдарын, ақпараттық агенттiктерді немесе желілік басылымдарды қайта есепке қою туралы өтiнiште мерзімді баспа басылымына немесе ақпараттық агенттікке меншiк құқығының басқа тұлғаға берілуі туралы шарттың нөмірі мен күнінің көрсетілмеуі;

      5) шығарылуын бұрын сот тоқтатқан, аты (атының бiр бөлiгi) бiрдей және тақырыптық бағыты дәл сондай мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттiкті немесе желілік басылымды есепке қоюға өтініш берілуі немесе аты мен тақырыптық бағытын қайталайтын мерзімді баспа басылымының, ақпараттық агенттіктіктің немесе желілік басылымның мәлiмделуі, сондай-ақ шығарылуы сот шешiмiмен тоқтатылған мерзімді баспа басылымының, ақпараттық агенттіктіктің немесе желілік басылымның меншiк иесiнің немесе бас редакторының (редакторының) сот шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап үш жыл iшiнде өтiнiш беруі;

      6) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгіленген мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметті немесе қызметтің жекелеген түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіз болып табылады.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 04.07.2019 № 203 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсiздiгіне) шағымдану тәртiбi

      11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағым: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, Министрліктер үйі, 15-кіреберіс, телефоны (8 (7172) 74 03 64 мекенжайы бойынша Министрлік басшысының атына беріледі.

      Шағымдар пошта бойынша жазбаша нысанда, портал арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

      Шағымның көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесінде тіркелуі, оның қабылданғанын растау (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасында немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) болып табылады.

      Шағымда:

      жеке тұлғаның – оның тегі, аты, әкесінің аты, пошта мекенжайы;

      заңды тұлғаның – оның атауы, пошта мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 04.07.2019 № 203 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы сотқа жүгінеді.

4. Мемлекеттік қызметті көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

      13. Алып тасталды - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 04.07.2019 № 203 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Мемлекеттік қызметтер көрсету мекенжайы Министрліктің "www.qogam.gov.kz" интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" деген бөлімде орналастырылған.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 04.07.2019 № 203 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда портал арқылы ала алады.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 04.07.2019 № 203 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      16. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығы арқылы ала алады.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 04.07.2019 № 203 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      17. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.qogam.kz интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде көрсетілген, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414. 8 800 080 7777.

      Ескерту. Стандарт 17-тармақпен толықтырылды – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 04.07.2019 № 203 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  "Мерзімді баспасөз
басылымдарын, ақпараттық
агенттіктерді және желілік
басылымдарды есепке қою
немесе қайта есепке алу"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына 1-қосымша
  Нысан
  ____________________________
(мерзiмдi баспасөз
басылымдарын, ақпараттық
агенттiктерді және желілік
басылымдарды есепке қою
туралы куәлiк беретін органның
толық атауы
____________________________
(мерзiмдi баспасөз
басылымдарын, ақпараттық
агенттiктерді және желілік
басылымдарды есепке қою туралы куәлiк беретін орган
басшының тегі, аты және
әкесінің аты)

Өтініш

      Сізден __________________________________________________________________________

      (мерзімді баспасөз басылымының, ақпараттық агенттіктің немесе желілік басылымның

      атауы, түрі)

      мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті немесе желілік басылымды

      есепке қоюды сұраймын.

      Меншік иесі_____________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесі атының (егер бар болғанда)/атауы және ұйымдық-құқықтық нысаны)

      БСН/ЖСН_______________________________________________________________________

      Меншік иесінің мекенжайы________________________________________________________

      (тұрғылықты жері/орналасқан жері, байланыс деректері)

      Мерзімді баспасөз басылымның, ақпараттық агенттіктің немесе желілік басылымның атауы

      _______________________________________________________________________________

      Мерзімді баспасөз басылымның, ақпараттық агенттіктің немесе желілік басылымның тілі

      _______________________________________________________________________________

      Шығу жиілігі____________________________________________________________________

      Тақырыптық бағыты______________________________________________________________

      Таралу аумағы___________________________________________________________________

      Редакцияның мекенжайы__________________________________________________________

      Бас редактордың тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болғанда)/атауы ________________________

      Мөрдің орны

      (егер бар болғанда)

      ____________________

      (қолы)                              20__ жылғы "___" __________

  "Мерзімді баспасөз
басылымдарын, ақпараттық
агенттіктерді және желілік
басылымдарды есепке қою
немесе қайта есепке алу"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына 2-қосымша
  Нысан
  ____________________________
(мерзiмдi баспасөз
басылымдарын, ақпараттық
агенттiктерді және желілік
басылымдарды есепке қою
туралы куәлiк беретін органның
толық атауы
____________________________
(мерзiмдi баспасөз
басылымдарын, ақпараттық
агенттiктерді және желілік
басылымдарды есепке қою туралы куәлiк беретін орган
басшының тегі, аты және
әкесінің аты)

Өтініш

      Сізден __________________________________________________________________________

      (мерзімді баспасөз басылымның, ақпараттық агенттіктің және желілік басылымдардың

      атауы, түрі)

      мерзімді баспасөз басылымды, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды

      _____________ байланысты қайта есепке қоюды сұраймын.

      Меншік иесі_____________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болғанда)/атауы және ұйымдық-құқықтық нысаны)

      БСН/ЖСН_______________________________________________________________________

      Меншік иесінің мекенжайы________________________________________________________

      (тұрғылықты жері/орналасқан жері, байланыс деректері)

      Мерзімді баспасөз басылымның, ақпараттық агенттіктің немесе желілік басылымның атауы

      ________________________________________________________________________________

      Мерзімді баспасөз басылымның, ақпараттық агенттіктің немесе желілік басылымның

      тілі__________________________________________________

      Шығу жиілігі____________________________________________________________________

      Тақырыптық бағыты______________________________________________________________

      Таралу аумағы___________________________________________________________________

      Редакцияның мекенжайы__________________________________________________________

      Бас редактордың тегі, аты, әкесінің аты (егер болғанда)/атауы ___________________________

      Мөрдің орны

      (егер бар болғанда)

      ____________________

      (қолы)                              20__ жылғы "___" __________

  "Мерзімді баспасөз
басылымдарын, ақпараттық
агенттіктерді және желілік
басылымдарды есепке қою
немесе қайта есепке алу"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына 3-қосымша
  Нысан
  ____________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының тегі, аты, әкесінің
аты (бар болғанда)/атауы немесе
ұйымының атауы)
  ____________________________
  (көрсетілетін қызметті
алушының мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 cәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғам филиалының № __ бөлімі (мекенжайын көрсету керек) Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға байланысты мемлекеттік қызмет көрсетуге (мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын көрсету керек) құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:

      Жоқ құжаттардың атауы:

      1) ___________________________________________________________;

      2) ___________________________________________________________;

      Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден екі данада жасалды.

      Мемлекеттік корпорация

      қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болғанда)                  (қолы)

      Телефоны ______________________________________________________

      Алдым:________________________________________________________

      көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болғанда/атауы (қолы)

      20__ жылғы "___" ____________

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 28 сәуірдегі
№ 505 бұйрығына
5-қосымша

"Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарын есепке қою, қайта есепке қою" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. Стандарттың атауы жаңа редакцияда - ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 24.03.2017 № 104 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).


1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 24.12.2018 № 534 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарын есепке қою, қайта есепке қою" мемлекеттік көрсетілетін қызмет" (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 24.03.2017 № 104 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі (бұдан әрі –Министрлік) әзірледі.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 04.07.2019 № 203 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Ақпарат комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:

      4) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

      5) www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 04.07.2019 № 203 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 24.12.2018 № 534 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

      1) Мемлекеттік корпорацияға құжаттарды тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде - 10 (он) жұмыс күні ішінде. Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттардың қабылданған күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.

      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең көп уақыты – 15 (он бес) минут;

      3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең көп уақыты – 20 (жиырма) минут.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Инвестиция және даму министрінің 26.01.2016 № 82 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспа басылымдарын есепке қою туралы құжат (бұдан әрi – құжат) немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында "жеке кабинетке" жолданады.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қағаз тасығышта жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық форматта ресімделеді, басып шығарылады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 04.07.2019 № 203 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін негізде көрсетіледі.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) Мемлекеттік корпорацияның - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбі – сенбі күндері аралығында, сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн, түскi үзiлiссіз. Мемлекеттік қызмет электрондық кезек тәртібімен, шұғыл түрде қызмет көрсетілмей, көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша көрсетіледі, көрсетілетін қызметті алушының қалауы бойынша портал арқылы электрондық кезекті "броньдауға" болады;

      2) порталдың - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннана кейін, демалыс және мереке күндері өтініш берген кезде, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жүмыс күнінде жүзеге асырылады.);

      3) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбі – жұма күндері аралығында, сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 04.07.2019 № 203 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      1) Мемлекеттік корпорацияға (сенімхат арқылы оның өкілі жүгінген жағдайда):

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес өтiнiш (мерзімді баспасөз басылымдарының атауы, таралым аумағы, негізгі тақырыптық бағыты, мерзімділігі, таралатын даналар саны);

      жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушыны сәйкестендіру үшін);

      2) порталға:

      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу.

      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың деректері туралы, заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызмет беруші және Мемлекеттік корпорация қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

      Мемлекеттік корпорация қызметкері, егер Қазақстан Республикасының заңнамаларымен өзгесі көзделмесе, мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде ақпараттың жүйеде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны қамтитын мәліметтерді пайдалану үшін көрсетілетін қызметті алушыдан жазбаша келісім алады.

      Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі.

      Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру жеке басын куәландыратын құжат (немесе нотариалды түрде куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) ұсынған жағдайда, тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік корпорация мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің бір ай ішінде сақталуын қамтамасыз етеді, содан соң оларды көрсетілетін қызметті берушіге одан әрі сақтауға жібереді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткен соң жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін екі жұмыс күні ішінде Мемлекеттік корпорацияға жібереді.

      Портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 04.07.2019 № 203 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілген қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданыс мерзімі аяқталған құжаттарды ұсынған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 24.03.2017 № 104 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

3-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 24.12.2018 № 534 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының, Мемлекеттік корпорация басшысының атына не 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, Министрліктер үйі, 15 кіреберіс, телефон (8 (7172) 74 03 64 мекенжай бойынша Министрлік басшысының атына беріледі.

      Шағымдар пошта бойынша жазбаша нысанда, портал арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

      Шағымның қабылданғанын растау көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде оның тіркелуі (шағымның немесе шағымға ілеспе хаттың екінші данасында мөртабан, кіріс нөмірі және тіркеу күні қойылады) болып табылады.

      Мемлекеттік корпорация қызметкері дұрыс қызмет көрсетпеген жағдайда, шағым Мемлекеттік корпорация басшысының атына беріледі.

      Мемлекеттік корпорацияға қолма-қол, сонымен қатар пошта арқылы түскен шағымның қабылданғанын растау оның тіркелуі (шағымның немесе шағымға ілеспе хаттың екінші данасында мөртабан, кіріс нөмірі және тіркеу күні қойылады) болып табылады.

      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.

      Шағым портал арқылы жіберілген кезде өтініш туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті алушы "жеке кабинетінен" көре алады, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеуі барысында (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.

      Шағымда:

      1) жеке тұлғаның – тегі, аты, әкесінің аты, пошта мекенжайы;

      2) заңды тұлғаның – оның атауы, пошта мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе Мемлекеттік корпорацияның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесіне немесе Мемлекеттік корпорацияға қолма-қол беріледі.

      Портал арқылы электрондық жүгінген кезде өтініш туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті алушы "жеке кабинетінен" көре алады, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеуі барысында (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестиция және даму министрінің 26.01.2016 № 82 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 24.03.2017 № 104 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 04.07.2019 № 203 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа шағымдануға құқылы.

4-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

      Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 24.12.2018 № 534 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Қазақстан Республикасының заңнасында белгіленген тәртіпте өздігінен қызмет көрсетуді, өз бетімен жүруді, мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауға бағдарлау қабілеттілігін толық немесе ішінара мүмкіндігін жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушыларға Мемлекеттік корпорация қызметкерімен 1414 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы тұрғылықты орны бойынша шыға отырып қызмет көрсетіледі.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестиция және даму министрінің 26.01.2016 № 82 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

      14 Мемлекеттік қызметті көрсету мекенжайлары Министрліктің www.qogam.gov.kz "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде, Мемлекеттік корпорацияның www.goscorp.kz. интернет-ресурсында орналастырылған.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 04.07.2019 № 203 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. ЭЦҚ болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.

      16. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы "жеке кабинеті" арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

      17. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.qogam.kz интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде көрсетілген, Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414. 8 800 080 7777.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 04.07.2019 № 203 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  "Қазақстан Республикасының
аумағында таратылатын
шетелдік мерзімді баспасөз
басылымдарын есепке қою,
қайта есепке қою"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
1-қосымша

      Ескерту. 1-қосымшаның оң жақ бұрышы жаңа редакцияда - ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 24.03.2017 № 104 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      ______________________________

      (анықтаманы берген органның толық атауы)

Өтініш

      Қазақстан Республикасында таралатын шетелдік мерзімді баспасөз

      басылымын есепке алуды сұраймын.

      Таратушының деректері:

      _____________________________________________________________________

      (ұйымдық-құқықтық нысанын көрсете отырып, дара кәсіпкердің/заңды

      тұлғаның атауы)

      _____________________________________________________________________

      (ЖСН/БСН, СТН, тіркеу құжатының нөмірі мен берілген күні)

      _____________________________________________________________________

      (тіркелген жері, нақты мекенжайы, байланыс телефондары, электрондық

      поштасы)

Р/с №

Шетелдік мерзімді баспасөз басылымдары атауларының тізбесі

Шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарының таралу аймағы

Таралатын шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарының тілі (тілдері)

Негізгі тақырыптық бағыты

Шығу жиілігі

Таралатын даналардың болжамды саны

1.







2.







      Қосымшалар: 1. ______________________________________________________

      2. ______________________________________________________

      бірінші басшының/дара кәсіпкердің қолы

      Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпия мәліметтерді

      пайдалануға келісемін.

      М.О. 20__ жылғы "___" ___________

      (мөр болған жағдайда)

  "Қазақстан Республикасының
аумағында таратылатын
шетелдік мерзімді баспасөз
басылымдарын есепке қою,
қайта есепке қою"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
2-қосымша

      Ескерту. 2-қосымшаның оң жақ бұрышы жаңа редакцияда - ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 24.03.2017 № 104 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

  _____________________________
(көрсетілетін қызметті алушының
тегі, аты, әкесінің аты (бұдан әрі
– Т.А.Ә.А.) немесе ұйымының
атауы)
_____________________________
(көрсетілетін қызметті алушының
мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Инвестиция және даму министрінің 26.01.2016 № 82 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 cәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғам филиалының № __ бөлімі (мекенжайын көрсету керек) Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға байланысты мемлекеттік қызмет көрсетуге (мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын көрсету керек) құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:

      Жоқ құжаттардың атауы:

      1) ___________________________________________________________;

      2) ___________________________________________________________;

      Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден екі данада жасалды.

      Мемлекеттік корпорация

      қызметкерінің Т.А.Ә.А. (қолы)

      Телефоны ______________________________________________________

      Алдым:_________________________________________________________

      көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә.А./қолы

      20__ жылғы "___" ____________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады