Осы тізілімге енгізу үшін оларды бағалау критерийлерін қоса алғанда, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімін қалыптастыру мен жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 422 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 12 маусымда № 11331 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 325 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 11.05.2018 № 325 (29.06.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 19-бабының 25) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің және осы тізілімге енгізу үшін бағалау өлшемдерін қоса алғанда, оларды өндірушілердің тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидалар бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіпте мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Инвестициялар және даму


министрі

Ә. Исекешев

"КЕЛІСІЛГЕН":


Қазақстан Республикасының


Энергетика министрі


__________________ В. Школьник


2015 жылғы 27 сәуір



  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 31 наурыздағы
№ 422 бұйрығымен бекітілген

Осы тізілімге енгізу үшін оларды бағалау критерийлерін қоса алғанда, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімін қалыптастыру мен жүргізу қағидалар
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің және осы тізілімге енгізу үшін бағалау өлшемдерін қоса алғанда, оларды өндірушілердің тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының (бұдан әрі - Заң) 19-бабының 25) тармақшасына сәйкес әзірленген және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және осы тізілімге енгізу үшін оларды бағалау өлшемдерін қоса алғанда, оларды өндірушілердің тізілімін (бұдан әрі - тізілім) қалыптастыру және жүргізу тәртібін белгілейді.

      2. Қағидаларда Заңда белгіленген ұғымдар мен анықтамалар, сондай-ақ мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі - жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің сатып алуын мониторингі мен бақылауына, сондай-ақ электронды сатып алуды өткізу үшін және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тізбесін қалыптастыруға арналған мемлекеттік ақпараттық жүйе;

      2) өндіруші - жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды өндіретін және (немесе) жеткізетін және (немесе) жұмыстарды орындайтын және (немесе) қызметтерді көрсететін жеке немесе заңды тұлға.

      3. Тізілімді индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) "Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі" мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы қалыптастырады және жүргізеді.

2. Тізілімді қалыптастыру және жүргізу тәртібі

      4. Тізілімде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер туралы мәліметтердің қалыптастырылуы жер қойнауын пайдаланушыларымен ұсынылатын Заңның 19 бабының 22) тармағына сәйкес бекітілген нысан бойынша және тәртіппен тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді жылдық сатып алу бағдарламаларының мәліметтері негізінде жүзеге асырылады.

      5. Тізілімді қалыптастыру және жүргізу деп:

      1) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер және оларды өндірушілер туралы мәліметтерді тізілімге енгізу;

      2) өндірушілер ұсынған мәліметтер өзгерген кезде, сондай-ақ өндірушілер тізілімнен шығарылған кезде тізілімді жаңарту;

      3) жер қойнауын пайдаланушылар ұсынған мәліметтер өзгерген кезде тізілімді жаңарту;

      4) тізілімді "Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі" мемлекеттік ақпараттық жүйесіне орналастыру түсініледі.

      6. Жергілікті (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдар облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аумағында өндірілетін тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер және оларды өндірушілер тізбесін осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес, ЭЦҚ қолы қойылған электрондық түрде тоқсан сайын уәкілетті органға ұсынады.

      7. Уәкілетті орган тізілімді қалыптастыру және жүргізу мақсатында жергілікті (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдар ұсынған мәліметтерде көрсетілген өндірушілерге оларды және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын, олар ұсынатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер туралы мәліметтерді тізілімге енгізу мүмкіндігі туралы хабарлама жіберіледі.

      8. Тізілімде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер туралы мәліметтерді қалыптастыру үшін мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган бірлесіп бекітілген нысан мен мерзім бойынша өз қызметін көмірсутек шикізатын барлау және (немесе) табуға арналған келісімшарттар бойынша жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жылдық бағдарламалары бойынша жалпы ақпаратты уәкілетті органға ұсынады.

      9. Тізілімде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді өндірушілер туралы мәліметтерді қалыптастыру үшін өндіруші ерікті негізде:

      1) тіркеу сауалнамасын электрондық түрде толтыру жолымен "Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі" мемлекеттік ақпараттық жүйесінде тіркеледі;

      2) электрондық түрде немесе электрондық көшірме түрінде қағаз тасығышта басшы немесе өзге уәкілетті адам қол қойған және мөрмен куәландырылған тіркеу сауалнамасын, сондай-ақ заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы немесе жеке кәсіпкер ретінде тіркеу туралы куәліктің көшірмесін уәкілетті органға ұсынады. Резидент еместер сауда тізілімінен ресмиленген көшірмені немесе шетелдік заңды тұлға шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатындығын куәландыратын басқа ресмиленген, мемлекеттік және орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармасы бар құжатты ұсынады;

      3) осы Қағидалардың 10-тармағына сәйкес ұсынылатын пайдаланушының атын және құпия сөзін қолдана отырып ұсынылатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер туралы мәліметтерді "Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі" мемлекеттік ақпараттық жүйесіне енгізеді.

      10. Уәкілетті орган:

      1) өндірушіден құжаттарды алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 9-тармағы 2) тармақшасына сәйкес өндірушінің осы Қағидалардың 11-тармағы 1) тармақшасында көрсетілген өлшемге сәйкестігін тексереді және "Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі" мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы пайдаланушының атын және құпия сөзін өндірушінің сауалнамасында көрсетілген электрондық мекенжайға жібереді;

      2) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын, ұсынылатын тауарлар, жұмыстар мен қызметтер туралы мәліметтерді өндіруші енгізгеннен кейін бір жұмыс күні ішінде "Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі" мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы өндірушінің осы Қағидалардың 11-тармағы 2) тармақшасында көрсетілген өлшемге сәйкестігін тексереді;

      3) ол осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген өлшемдерге сәйкес болған жағдайда, өндірушіні "Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі" мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы тізілімге енгізеді.

      11. Мыналар тізілімге енгізу үшін жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді өндірушіні бағалау өлшемдері болып табылады:

      1) заңды тұлға немесе дара кәсіпкер ретінде тіркелу;

      2) осы Қағидалардың 9-тармағы 3) тармақшасына сәйкес өндіруші көрсеткен тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің жер қойнауын пайдаланушылардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді жылдық сатып алу бағдарламаларында болуы немесе жер қойнауын пайдаланушылардын жылдық есептерінде өткен жылда сатып алынған тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтер.

      12. Тізілімді жаңарту өндірушілер, жер қойнауын пайдаланушылар ұсынған мәліметтер өзгерген кезде, сондай-ақ өндірушілері тізілімнен шығарылған кезде жүзеге асырылады.

      13. Уәкілетті орган өндірушіні мынадай жағдайларда тізілімнен шығаруды жүзеге асырады:

      1) өндіруші жабылғанда;

      2) өндірушінің бастамасы бойынша;

      3) осы Қағидалардың 11-тармағы 2) тармақшасында көрсетілген өндірушіні сәйкес келмейтін өлшемге алып келетін, өндірушілермен, жер қойнауын пайдаланушылармен ұсынылған мәліметтері өзгергенде.

      14. Осы Қағидалардың 13-тармағы 2) тармақшасында белгіленген негіздері бойынша өндірушінің бастамашылығымен тізілімнен алып тастау үшін, ол уәкілетті органға оны тізілімнен еркін нысан бойынша алып тастау туралы өтініш ұсынады.

      Уәкілетті орган өтінішті алғаннан кейін және (немесе) осы Қағидалардың 13-тармағы 1) және 3) тармақшаларында көрсетілген оқиға болған жағдайда үш жұмыс күн аралығында "Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі" мемлекеттік ақпараттық жүйе құралымен тізілімнен алып тастайды.

      15. Тізілім "Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі" мемлекеттік ақпараттық жүйесінде осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша орналастырылады.

  Осы тізілімге енгізу үшін оларды бағалау
критерийлерін қоса алғанда, жер қойнауын
пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу
кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар
мен көрсетілетін қызметтердің және оларды
өндірушілердің тізілімін қалыптастыру мен
жүргізу қағидаларына
1-қосымша

Облыстар аумағында (республикалық маңызы бар қалалар, астана)
өндірілетін тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің
және оларды өндірушілердің тізбесі

1.

Өндірушінің атауы


2.

Облыс


3.

Қала (елді мекен)


4.

Көше, үй, кеңсе


5.

Телефон


6.

Электрондық мекенжайы


7.

Интернет-ресурс


8.

Персоналдың жалпы саны


9.

Қазақстан Республикасының резиденті



      (Бірінші басшының немесе оны (қолы) алмастыратын адамның Т.А.Ә.А.)

      (ЭЦҚ)

  Осы тізілімге енгізу үшін оларды бағалау
критерийлерін қоса алғанда, жер қойнауын
пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу
кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар
мен көрсетілетін қызметтердің және оларды
өндірушілердің тізілімін қалыптастыру мен
жүргізу қағидаларына
2-қосымша

Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде
пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін
қызметтердің және оларды өндірушілердің тізбесі

Р/с

ӨСК1 бойынша тауардың, жұмыстың/көрсетілетін қызметтің атауы және коды

Тауардың, жұмыстың/көрсетілетін қызметтің қосымша сипаттамасы

СТ-KZ2 сертификаттын бар болуы






      ________________________________________________________

      1Қазақстан Республикасы өнімінің статистикалық жіктеуіші

      2Тауарларды тіркеуде

Об утверждении Правил формирования и ведения реестра товаров, работ и услуг, используемых при проведении операций по недропользованию, и их производителей, включая критерии их оценки для внесения в данный реестр

Приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 31 марта 2015 года № 422. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 12 июня 2015 года № 11331. Утратил силу приказом Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 11 мая 2018 года № 325 (вводится в действие с 29.06.2018)

      Сноска. Утратил силу приказом Министра по инвестициям и развитию РК от 11.05.2018 № 325 (вводится в действие с 29.06.2018).

      В соответствии с подпунктом 25) статьи 19 Закона Республики Казахстан от 24 июня 2010 года "О недрах и недропользовании", ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила формирования и ведения реестра товаров, работ и услуг, используемых при проведении операций по недропользованию, и их производителей, включая критерии их оценки для внесения в данный реестр.

      2. Комитету индустриального развития и промышленной безопасности Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан обеспечить:

      1) в установленном законодательством порядке государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан направление копии приказа на официальное опубликование в периодических печатных изданиях и в информационно-правовую систему "Әділет";

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан и на интранет-портале государственных органов;

      4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) пункта 2 настоящего приказа.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Министр


по инвестициям и развитию


Республики Казахстан

А. Исекешев

      "СОГЛАСОВАН"

      Министр энергетики

      Республики Казахстан

      ________ В. Школьник


      27 апреля 2015 года

  Утверждены
приказом Министра
по инвестициям и развитию
Республики Казахстан
от 31 марта 2015 года № 422

Правила
формирования и ведения реестра товаров, работ и услуг,
используемых при проведении операций по недропользованию,
и их производителей, включая критерии их оценки для
внесения в данный реестр
1. Общие положения

      1. Настоящие Правила формирования и ведения реестра товаров, работ и услуг, используемых при проведении операций по недропользованию, и их производителей, включая критерии их оценки для внесения в данный реестр, (далее - Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 25) статьи 19 Закона Республики Казахстан от 24 июня 2010 года "О недрах и недропользовании" (далее - Закон) и определяют порядок формирования и ведения реестра товаров, работ и услуг, используемых при проведении операций по недропользованию, и их производителей (далее - реестр), включая критерии их оценки для внесения в данный реестр.

      2. В Правилах используются понятия и определения, установленные в Законе, а также следующие понятия:

      1) реестр товаров, работ и услуг, используемых при проведении операций по недропользованию, и их производителей - государственная информационная система, предназначенная для контроля и мониторинга закупа товаров, работ и услуг, используемых при проведении операций по недропользованию, и их производителей, а также проведения электронных закупок и формирования перечня товаров, работ и услуг, используемых при проведении операций по недропользованию;

      2) производитель - физическое или юридическое лицо, производящее и (или) поставляющее товары, и (или) выполняющее работы, и (или) оказывающее услуги, используемые при проведении операции по недропользованию.

      3. Реестр формируется и ведется уполномоченным органом в области государственной поддержки индустриально-иинвационной деятельности (далее - уполномоченный орган), посредством государственной информационной системы "Реестр товаров, работ и услуг, используемых при проведении операций по недропользованию, и их производителей".

2. Порядок формирования и ведения реестра

      4. Формирование сведений о товарах, работах и услугах, используемых при проведении операций по недропользованию, в реестре осуществляется на основании сведений годовых программ закупа товаров, работ и услуг, представляемых недропользователями по форме и правилам, утверждаемым согласно подпункту 22) статьи 19 Закона.

      5. Под формированием и ведением реестра понимается:

      1) внесение сведений о товарах, работах и услугах, используемых при проведении операций по недропользованию, и их производителях в реестр;

      2) обновление реестра при изменении сведений, представленных производителями, а также при исключении производителей из реестра;

      3) обновление реестра при изменении сведений, представленных недропользователями;

      4) размещение реестра в государственной информационной системе "Реестр товаров, работ и услуг, используемых при проведении операций по недропользованию, и их производителей".

      6. Местные исполнительные органы (города республиканского значения, столицы) ежеквартально представляют уполномоченному органу перечень товаров, работ и услуг, производимых на территории области (города республиканского значения, столицы), и их производителей, согласно приложению 1 к настоящим Правилам, в электронной форме, подписанный электронной цифровой подписью.

      7. Уполномоченный орган в целях формирования и ведения реестра направляет оповещение производителям, приведенным в сведениях, представленных местными исполнительными органами (города республиканского значения, столицы) о возможности их внесения в реестр и сведений о предлагаемых ими товарах, работах, услугах, используемых при проведении операций по недропользованию.

      8. Для формирования в реестре сведений о товарах, работах и услугах, используемых при проведении операций по недропользованию, уполномоченный орган в области нефти и газа предоставляет в уполномоченный орган общую информацию по годовым программам закупа товаров, работ и услуг недропользователей, осуществляющих свою деятельность по контрактам на разведку и (или) добычу углеводородного сырья.

      9. Для формирования сведений о производителях товаров, работ и услуг, используемых при проведении операций по недропользованию, в реестре производитель на добровольной основе:

      1) регистрируется в государственной информационной системе "Реестр товаров, работ и услуг, используемых при проведении операций по недропользованию, и их производителей" путем заполнения регистрационной анкеты в электронной форме;

      2) представляет в электронной форме либо в виде электронной копии справку о государственной регистрации (перерегистрации) юридического лица или копию свидетельства о регистрации в качестве индивидуального предпринимателя в уполномоченный орган. Нерезиденты представляют легализованную выписку из торгового реестра или другой легализованный документ, удостоверяющий, что иностранное юридическое лицо является юридическим лицом по законодательству иностранного государства, с нотариально засвидетельствованным переводом на государственный и русский языки;

      3) вносит в государственную информационную систему "Реестр товаров, работ и услуг, используемых при проведении операций по недропользованию, и их производителей" сведения о предлагаемых товарах, работах и услугах с использованием имени пользователя и пароля, предоставляемого в соответствии с пунктом 10 настоящих Правил.

      10. Уполномоченный орган:

      1) в течение трех рабочих дней после получения от производителя документов согласно подпункту 2) пункта 9 настоящих Правил проверяет соответствие производителя критерию, приведенному в подпункте 1) пункта 11 настоящих Правил и посредством государственной информационной системы "Реестр товаров, работ и услуг, используемых при проведении операций по недропользованию, и их производителей", направляет имя пользователя и пароль на электронный адрес, указанный в регистрационной анкете производителя;

      2) в течение одного рабочего дня после внесения производителем сведений о предлагаемых товарах, работах и услугах, используемых при проведении операций по недропользованию, проверяет соответствие производителя критерию, приведенному в подпункте 2) пункта 11 настоящих Правил, посредством государственной информационной системы "Реестр товаров, работ и услуг, используемых при проведении операций по недропользованию, и их производителей";

      3) в случае его соответствия критериям, приведенным в пункте 11 настоящих Правил, вносит производителя в реестр посредством государственной информационной системы "Реестр товаров, работ и услуг, используемых при проведении операций по недропользованию, и их производителей".

      11. Критериями оценки производителей товаров, работ и услуг, используемых при проведении операций по недропользованию, для внесения в реестр являются:

      1) регистрация в качестве юридического лица или индивидуального предпринимателя;

      2) наличие товаров, работ и услуг, указанных производителем в соответствии с подпунктом 3) пункта 9 настоящих Правил, в годовых программах закупа товаров, работ и услуг недропользователей либо в годовых отчетах недропользователей о приобретенных товарах, работах и услугах в предыдущем году.

      12. Обновление реестра осуществляется при изменении сведений, представленных производителями, недропользователями, а также при исключении производителей из реестра.

      13. Исключение производителя из реестра осуществляется уполномоченным органом в случае:

      1) ликвидации производителя;

      2) по инициативе производителя;

      3) изменения сведений, представленных производителями, недропользователями, приводящих к несоответствию производителя критерию, указанному в подпункте 2) пункта 11 настоящих Правил.

      14. Для исключения из реестра по основаниям, указанным в подпункте 2) пункта 13 настоящих Правил производитель представляет в уполномоченный орган заявление о его исключении из реестра в произвольной форме.

      Уполномоченный орган исключает производителя из реестра в течение трех рабочих дней после получения заявления и (или) при наступлении случаев, указанных в подпунктах 1) и 3) пункта 13 настоящих Правил, посредством государственной информационной системы "Реестр товаров, работ и услуг, используемых при проведении операций по недропользованию, и их производителей".

      15. Реестр размещается по форме согласно приложению 2 к настоящим Правилам в государственной информационной системе "Реестр товаров, работ и услуг, используемых при проведении операций по недропользованию, и их производителей".

  Приложение 1
к Правилам формирования и ведения
реестра товаров, работ и услуг, используемых
при проведении операции по недропользованию,
и их производителей, включая критерии их
оценки для внесения в данный реестр

Перечень товаров, работ и услуг, производимых на
территории области (города республиканского значения,
столицы), и их производителей

1.

Наименование производителя


2.

Область


3.

Город (населенный пункт)


4.

Улица, дом, офис


5.

Телефон


6.

Электронный адрес


7.

Интернет-ресурс


8.

Общая численность персонала


9.

Резидент Республики Казахстан


      _____________________________________________________________________

      Ф.И.О. первого руководителя или лица его замещающего (подпись ЭЦП)

  Приложение 2
к Правилам формирования и ведения
реестра товаров, работ и услуг, используемых
при проведении операции по недропользованию,
и их производителей, включая критерии их
оценки для внесения в данный реестр

Реестр товаров, работ и услуг, используемых при
проведении операций по недропользованию и их производителей

п/п

Код и наименование товара, работы/услуги по СКП1

Дополнительное описание товара, работы/услуги

Наличие

сертификата

СТ-KZ2














      1Статистический классификатор продукции Республики Казахстан

      2При регистрации товаров

      _____________________________________________________________________

      Ф.И.О. первого руководителя или лица его замещающего (подпись ЭЦП)