Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын сыныптау қағидалары мен шарттарын, тізбесін, олардың атаулары мен индекстерін, оның ішінде қорғаныстық мақсатта пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесін бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 26 наурыздағы № 315 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 19 маусымда № 11402 тіркелді.

      "Автомобиль жолдары туралы" 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабының 2-тармағының 28) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 05.04.2017 № 188 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) Халықаралық және республикалық маңыздағы жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын сынаптау қағидалары мен шарттары осы бұйрықтың 1 қосымшасына сәйкес;

      2) Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесі, олардың атаулары мен индекстері, оның ішінде қорғаныстық мақсатта пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесі осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақтың орыс тілдегі мәтініне өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 05.04.2017 № 188 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.05.2018 № 360 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтармен.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті (М.Қ. Пішембаев):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшалары көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму
      министрінің міндетін атқарушы Ж. Қасымбек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      __________ Б. Сұлтанов

      2015 жылғы 15 сәуір

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қорғаныс министрі

      __________ И. Тасмағамбетов

      2015 жылғы 15 мамыр



  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрі міндетін атқарушының
2015 жылғы 26 наурыздағы
№ 315 бұйрығына
1 қосымша

Жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық
маңызы бар автомобиль жолдарын сыныптау қағидалары мен шарттары

      1. Жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын сыныптау қағидалары мен шарттары "Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасының

      2001 жылғы 17 шілдедегi Заңына сәйкес әзiрленген.

      2. Жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын жiктеу жол қозғалысының геометриялық параметрлерi мен есептiк қарқындылығына байланысты автомобиль жолдары саласындағы техникалық регламенттерге сәйкес жүзеге асырылады.

      3. Халықаралық маңызы бар автомобиль жолдарына көршілес мемлекеттердің астаналарын жалғастырып жатқан, сондай-ақ мемлекетаралық келісімдерге сәйкес халықаралық автомобиль жолдары желісіне кіретін автомобиль жолдары жатады.

      4. Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарына, жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық маңызы бар автомобиль жолдарын қоспағанда, республиканың және көршілес мемлекеттердің әкімшілік, мәдени және экономикалық орталықтары арасында көлік қатынасын қамтамасыз ететін автомобиль жолдары автомобиль жолдары жатады.

      5. Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолы пайдалануға қабылданғаннан кейiн күнтізбелік отыз күн iшiнде автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператор (бұдан әрі – Ұлттық оператор) автомобиль жолын халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесі, олардың атаулары мен индекстері, оның ішінде қорғаныстық мақсатта пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесіне (бұдан әрі – автомобиль жолдары тізбесі) енгiзу үшiн автомобиль жолдары жөнiндегi мемлекеттік уәкілетті органға (бұдан әрi - мемлекеттiк уәкiлеттi орган) ұсыныс енгiзедi.

      6. Мемлекеттік уәкілетті орган Ұлттық оператордан автомобиль жолдарының тізбесіне автомобиль жолын қосу жөнінде тиісті ұсыныстарды алғаннан кейін, автомобиль жолдары тізбесіне өзгеріс енгізеді.

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін
атқарушының
2015 жылғы 26 наурыздағы
№ 315 бұйрығына
2-қосымша

Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесі, олардың атаулары мен индекстері, оның ішінде қорғаныстық мақсатта пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесі

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.09.2021 № 515 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 28.12.2022 № 758 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.12.2023 № 155 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Жол индексі

Жолдардың атауы

Ұзындығы, км

1

М-32

"РФ шекарасы (Самараға) - Шымкент, Орал, Ақтөбе, Қызылорда арқылы"

2043,09

2

М-36

"РФ шекарасы (Екатеринбургке) - Алматы, Қостанай, Астана, Қарағанды арқылы"

2042,1

3

М-38

"РФ шекарасы (Омбыға) - Майқапшағай (ҚХР-ға шығу), Павлодар, Семей арқылы"

1081

4

М-39

"ӨР шекарасы (Ташкентке) - ӨР шекарасы (Термезге)"

24,1

5

М-51

"РФ шекарасы (Челябинскiге) - РФ шекарасы (Новосибирскiге), Петропавл, Омбы арқылы"

190

6

А-1

"Астана - Петропавл, Көкшетау арқылы"

456

7

А-2

"ӨР шекарасы (Ташкентке) - Шымкент - Тараз - Алматы - Қорғас, Көкпек, Көктал, Қайнар арқылы" (ҚР шекарасына кiреберiспен және Тараз, Құлан, Қордай шатқалының айналма жолдарымен, Қордай шатқалымен)

1289,815

8

А-3

"Алматы - Өскемен - Шемонаиха - РФ шекарасы" (Аягөздің және Сарқандтың айналма жолдарымен және Мұқры шатқалының кiреберiсімен)

1212

9

А-4

"Алматы - Шамалған - Ұзынағаш - Аққайнар - Сұраншы батыр - ҚР шекарасы" (Ұзынағаш кентіне кiреберiспен)

115

10

А-5

"Ақсай - Шонжы - Көлжат - ҚХР шекарасы" (ҚХР шекарасына кiреберiспен)

160

11

А-6

"Көкпек - Кеген - ҚР шекарасы" (Түп) (Кеген шатқалының айналма жолымен)

115

12

А-7

"Үшарал – Достық"

184

13

А-8

"Таскескен – Бақты" (ҚХР шекарасы)

187

14

А-9

"Өскемен - Риддер - РФ шекарасы"

167

15

А-11

"Семей - РФ шекарасы" (Барнаулға)

111

16

А-12

"Петропавл - Соколовка - РФ шекарасы" (Есiлге)

62

17

А-13

"Көкшетау - Кiшкенекөл - Бидайық - РФ шекарасы" (Омбыға)

278

18

А-14

"Тараз - Утмек - ҚР шекарасы"

14

19

А-15

"Жизақ - Гагарин - Жетiсай - Киров - Қызыләскер - Сарыағаш - Абай - Жiбек жолы" (ӨР шекарасы Атакент ауылына кіреберіспен Сырдария, Гүлстан, Шыназ және Сарыағаш санаториясына)

221

20

А-16

"Жезқазған - Петропавл, Арқалық арқылы"

940

21

А-17

"Қызылорда - Павлодар - Успенка - РФ шекарасы"

1493

22

А-18

"Павлодар - Шарбақты - РФ шекарасы"

112

23

А-19

"Алматы - Шелек – Қорғас"

303,8

24

А-20

"Қарағанды - Аягөз – Тарбағатай - Бұғаз"

921

25

А-21

"Мамлют – Қостанай"

398

26

А-22

"Қарабұтақ - Комсомольское - Денисовка - Рудный –Қостанай"

546

27

А-23

"Денисовка - Жітіқара - Мықтыкөл - РФ шекарасы"

142

28

А-24

"Ақтөбе-Мәртөк - РФ шекарасы" (Орынборға)

92,3

29

А-25

"Ақтөбе - РФ шекарасы" (Орскке)

120,8

30

А-26

"Қандыағаш - Ембі - Шалқар - Ырғыз"

401

31

А-27

"Ақтөбе – Атырау - РФ шекарасы" (Астраханьға)

865,4

32

А-28

"Атырау – Орал"

487

33

А-29

"Орал - Тасқала - РФ шекарасы" (Озинкиге)

100

34

А-30

"Подстепное - Федоровка - РФ шекарасы"

72

35

А-31

"Чапаев - Жалпақтал - Казталовка - РФ шекарасы"

213

36

А-32

"Орал - РФ шекарасы" (Бұзылық)

28

37

А-33

"Доссор - Құлсары - Бейнеу - Сай-Өтес - Шетпе-Жетiбай - Ақтау порты" (Жетібай арқылы және Шетпеге кіреберіс)

786

38

А-34

"Жетiбай - Жаңа өзен - Кендірлі - ТР шекарасы" (Түркменбашыға)

222,6

39

А-35

"Ақтау – Құрық"

59

40

А-36

"Құрық – Жетібай"

64

41

Р-1

"Бейнеу - Ақжiгіт - ӨР шекарасы" (Нүкіске)

84

42

Р-2

"Астана – Қорғалжын" (Қорғалжын қорығына кіреберіспен)

161

43

Р-3

"Астана - Қабанбай батыр - Энтузиаст - Киевка – Темiртау"

250

44

Р-4

"Астана - Ерейментау – Шідерті"

238

45

Р-5

"Ертіс өзенінің көпір өткелі арқылы Павлодардың батыс айналма жолы"

15

46

Р-6

"Макинка - Ақсу – Торғай"

235

47

Р-7

"Бурабай курорт аймағының жолдары"

66

48

Р-8

"Щучье – Зеренді"

80

49

Р-9

"Вячеслав су қоймасына кiреберіс"

17

50

Р-10

"Астана айналма жолы"

52,7

51

Р-11

"Көкшетау – Рузаевка" 

196

52

Р-12

"Көкшетау – Атбасар"

184

53

Р-13

"Жақсы - Есіл – Бұзылық"

82

54

Р-14

"Көкшетауға айналма жол" (Әуежайға кіреберіспен)

18

55

Р-15

"Кеген – Нарынқол"

89

56

Р-16

"Көкпек - Кеген - Түп" а/ж - Жалаңаш - Саты – Құрметтi" (Көлсай көлiне кiреберiспен)

89

57

Р-17

"Алматы - Талғар-Байдібек би"

68

58

Р-18

"Қонаев -Құрты"

67

59

Р-19

"Алматы - Көктал - Байсерке - Междуреченское" а/ж - РФ шекарасы" (Екатеринбургке) – Алматы

52

60

Р-20

"Сарыөзек – Көктал" (Сарыөзек ст. айналма жолы)

192

61

Р-21

"Алма - Тау турбазасына кiреберiс"

15

62

Р-22

"Алматы – Космостанция" (Алматы және Алма-Арасан санаторийлеріне кiреберiспен)

37

63

Р-23

"Семей – Қайнар" 

276

64

Р-24

"Өскемен – Семей"

195

65

Р-25

"Өскемен - Алтай - Үлкен Нарын - Қатон Қарағай - Рахман қайнары"

446

66

Р-26

"РФ шекарасы (Омбыға) – Майқапшағай (ҚХР-ға шығу) - Қалжыр – Марқакөл"

124

67

Р-27

"Қалқаман - Баянауыл - Үмiткер – Ботақара"

324

68

Р-28

"Қарасай батырдың ескерткiш кешенiне кiреберіс"

24

69

Р-29

"Мерке – Бурылбайтал"

266

70

Р-30

"Шу – Қайнар"

56

71

Р-31

"Кентау - Түркiстан - Арыстанбаб - Шәуiлдiр – Төрткөл"

4

72

Р-32

"Шымкентке солтүстік айналма жол"

36,5

73

Р-33

"Мұқыр – Құлсары"

136

74

Р-34

"Қызылорда - Павлодар а/ж - Жәйрем - Қаражал –Атасу"

144

75

Р-35

"Ақшатау - Ағадыр - Ортау - "Қызылорда - Павлодар" а/ж

195

76

Р-36

"Қостанай - Әулиекөл – Сұрған"

257

77

Р-37

"Бастау - Ақтау – Теміртау"

53

78

Р-38

"Қостанай - Жақсы" а/ж - "Қостанай - Қарабұтақ" а/ж

6

79

Р-39

"Қостанай - Қарабұтақ" а/ж - РФ шекарасы (Екатеринбургке) – Алматы"

21

80

Р-40

"Махамбет - Хамит Ерғалиев"

45

81

Р-41

"Ленин - Ертіс - Русская Поляна"

263,78

82

Р-42

"Қабанбай батырдың ескерткiш кешенiне кіреберіс"

4

83

Р-43

"Рудныйдың батыс айналма жолы"

6,9

84

Р-44

"Казталов - Жәнiбек - РФ шекарасы"

165

85

Р-45

"Ленин - Ақсу - Көктөбе - Үлкен Ақжар – Курчатов"

220

86

Р-46

"Щучье - Бурабай курорттық аймағының ойын-сауық орталығына кіреберіс"

8,9

87

Р-47

"ҚР шекарасына (Қарасуға) кіреберіс"

17,7

88

Р-48

"Алатау ақпараттық технологиялар паркі" еркін экономикалық аймағына кіреберіс"

9,95

89

Р-49

"Петропавлға айналма жолы"

30

90

Р-50

"Ақтөбенің солтүстік айналма жолы"

39,3

91

Р-51

"Өнеге - Бисен – Сайхин"

103

92

Р-52

"Жаңа Колутон - Ақкөл – Минское а/ж кіреберіс"

4,6

93

Р-53

"Т. Рысқұлов ауылына кіреберіс"

31

94

Р-54

"Қарағандыға кіреберіс"

16

95

Р-55

"Ерейментауға кіреберіс"

36

96

Р-56

"Хан Орда ауылына кіреберіс"

21

97

Р-57

"Петерфельд - Архангельск - Новокаменка - республикалық жол А-16 "Жезқазған - Петропавл"

30,519

98

Р-58

"Булаево - Возвышенка - Молодогвардейское - Кирово - Қиялы – Рощинское"

228,386

99

Р-59

"Рощинское - Корнеевка – Волошинка"

86,87

100

Р-60

"Волошинка - Сергеевка – Тимерязево"

119,441

101

Р-61

"Тимирязево - Сарыкөл - облыс шекарасы"

31,574

102

Р-62

"Петропавл қаласының әуежайына кіреберіс"

5

103

Р-63

"Денисовка – Тавриченка - Аршалы - Комаровка"

96

104

Р-64

"Жітіқара - Чайковский"

27

105

Р-65

"Мариновка ауылына кіреберіс"

9

106

Р-66

"Қарасу – Масанчи - Сортөбе"

45,45

107

Р-67

"Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы"

66


Жиыны

24 937,575

      Ескертпе:

      а/ж – автомобиль жолдары

      ҚХР – Қытай Халық Республикасы

      ҚР – Қырғызстан Республикасы

      ТР – Түрікменстан Республикасы

      ӨР – Өзбекстан Республикасы

      РФ – Ресей Федерациясы

      а. – ауыл;

      ст. – станция;

      к. – көл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады