Темекі бұйымының қорабына, темекі бұйымының қаптамасына шайырлы заттардың, никотиннің құрамы, олардың деңгейі және жүйелік улар, канцерогендік және мутагендік заттар туралы мәліметтерді орналастыру қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 мамырдағы № 387 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 22 маусымда № 11412 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-222/2020 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 30.11.2020 № ҚР ДСМ-222/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 159-бабының 2-тармағының 8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған темекі бұйымының қорабына, темекі бұйымының қаптамасына шайырлы заттардың, никотиннің құрамы, олардың деңгейі және жүйелік улар, канцерогендік және мутагендік заттар туралы мәліметтерді орналастыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде) мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі
Т. Дүйсенова

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 26 мамырдағы
№ 387 бұйрығымен
бекітілген

Темекі бұйымының қорабына, темекі бұйымының қаптамасына шайырлы
заттардың, никотиннің құрамы, олардың деңгейі және жүйелік
улар, канцерогендік және мутагендік заттар туралы мәліметтерді
орналастыру қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы темекі бұйымының қорабына, темекі бұйымының қаптамасына шайырлы заттардың, никотиннің құрамы, олардың деңгейі және жүйелік улар, канцерогендік және мутагендік заттар туралы мәліметтерді орналастыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) темекі бұйымының қорабына, темекі бұйымының қаптамасына шайырлы заттардың, никотиннің құрамы, олардың деңгейі және жүйелік улар және басқа зиянды қосылыстар - канцерогендік және мутагендік заттар (бұдан әрі – зиянды қосылыстар) туралы мәліметтерді орналастыру тәртібін айқындайды.

2. Темекі бұйымының қорабына, темекі бұйымының қаптамасына
шайырлы заттардың, никотиннің құрамы, олардың деңгейі және
жүйелік улар, канцерогендік және мутагендік заттар туралы
мәліметтерді орналастыру тәртібі

      2. Шайырлы заттар мен никотин құрамының деңгейі туралы мәліметтер темекі бұйымының қорабына, темекі бұйымдарының қаптамасына жазылады және темекі бұйымы қорабының, қаптамасының бір жақ бүйір бетінің кемінде 4 %-ын (төрт) алады.

      3. Кемінде үш зиянды қосылыстың құрамы туралы мәліметтер:

      1) жүйелік улар: күшәла, сынап, ацетон, көгерткіш қышқыл, аммоний, фенол;

      2) канцерогендік заттар: полоний-210, бензол, формальдегид, бензпирен, кадмий, акролеин;

      3) мутагендік заттар: ацетальдегид, толуол, қорғасын, акрилонитрил, көміртегі монооксиді, 3-аминобифенил туралы ақпаратты қамтиды.

      4. Зиянды қосылыстардың атауы күнтізбелік жыл ішінде Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген темекі бұйымы қораптарының, темекі бұйымы қаптамаларының барабар тең мөлшеріне орналастырылады.

      5. Зиянды қосылыстардың құрамы туралы мәліметтер:

      1) солдан оңға қарай темекі бұйымы қорабының, темекі бұйымы қаптамасының сол жақ шетіне параллель орналастырылады;

      2) сол жақ бүйірінің ортаңғы беті көлемінің кемінде 17 %-ын (он жеті) алады.

      6. Зиянды қосылыстардың құрамы туралы мәліметтердің мәтіні мынадай талаптарға сәйкес келуі тиіс:

      1) мемлекеттік және орыс тілдерінде басылады;

      2) қаріптің атауы - Неlvеtіса kz;

      3) сол жақ шеттен бос жер - кемінде 1 мм;

      4) түсі - қораптың негізгі аясының түсіне қарама-қарсы;

      5) басқа баспа ақпаратымен немесе акциздік маркамен бүркелмеуі тиіс;

      6) жыртылатын жерінде орналаспауы тиіс.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады