Мемлекеттік мүлікті есепке алу саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 333 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 30 маусымда № 11483 тіркелді.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес, "Мемлекеттік мүлік тізілімінен ақпарат беру (мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбесі; мемлекеттік меншік объектілерін сауда-саттыққа қою кестесіне енгізілген мемлекеттік мүлік туралы ақпарат пен материалдар)" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;

      2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес, "Мемлекеттік мүлікті жалға алушылармен (сенімгерлік басқарушылармен) жасалған жалдау (сенімгерлік басқару