Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 417 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2015 жылғы 2 шілдеде № 11531 тіркелді.

      "Халық денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 6)-тармақшасына, 162-бабының 5-тармағына, 164-бабының 2-тармағына және 166-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. кейбір бұйрықтарының тізілімі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімдік баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн ішінде қолданысқа енгізіледі.

Министр

Т.Дүйсенова


  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 29 мамырдағы
№ 417 бұйрығына қосымша

Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 20.10.2020 № ҚР ДСМ - 140/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      2. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 15.04.2019 № ҚР ДСМ-34 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      3. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 15.04.2019 № ҚР ДСМ-34 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. "Қазақстан Республикасында халыққа трансфузиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 16 қыркүйектегі № 529 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8823 болып тіркелді, 2014 жылғы 5 ақпандағы № 24 (27645) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасында халыққа трансфузиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартындағы:

      5-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) донор – донорлық қанды, оның компоненттерін, өзге донорлық материалды (оның ішінде шәует, аналық жасуша, репродукциялық ағзалардың, жыныстық жасушалардың, эмбриондардың тіндері) жинақтау, сондай-ақ реципиентке транспланттау үшін тінді (тін бөлшегін) және (немесе) ағзларды (ағза бөліктерін) алу жүргізілетін адам, адамның мәйіті, жануар;";

      5-тармақтың 17) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "17) реципиент – донорлық қан, оның компоненттері, өзге донорлық материал (оның ішінде шәует, аналық жасуша, репродукциялық ағзалардың, жыныстық жасушалардың, эмбриондардың тіндері) құйылатын немесе донор тінін және (немесе) ағзаларын (ағзалар бөліктерін) транспланттау жүргізілетін пациент;";

      мынадай мазмұндағы 12-1-тармақпен толықтырылсын:

      "12-1. Мамандандырылған немесе жоғары мамандандырылған стационарлық көмек көрсететін медициналық ұйымдар донорлық қан компоненттерінің қажеттілігін педиатриялық бейіндегі, босанатын, сондай-ақ иммундық күйзеліске ұшыраған және трансфузияға тәуелді пациенттерді емдеу үшін қауіпсіздіктің қосымша қасиеттерімен қамтамасыз етілген қан компоненттерінің қажеттілігін ескере отырып, жоспарлайды.";

      мынадай мазмұндағы 18-1-тармақпен толықтырылсын:

      "18-1. Трансфузиологиялық көмек саласындағы зертханалық зерттеулерді жасайтын МҰ қан қызметіне арналған зерханалық зерттеулердің сапасын сыртқы республикалық бақылау жүйесіне қатысады.";

      21 және 22-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Тиісті медициналық зерттеп-қараудан өткен және қарсы айғақтары жоқ, медициналық мақсатта қан мен оның компоненттерінің донациясын жүзеге асыруға ерікті түрде ниет білдірген он сегіз жасқа толған жеке тұлға донор болып табылады.

      22. Қан мен оның компоненттерін донациялаудың жиілігі мен реті бойынша донорлар мынадай санаттарға бөлінеді:

      1) алғашқы донор - қан мен оның компоненттерін донациялау алғаш рет іске асырған тұлға;

      2) қайталама донор – қан мен оның компоненттерін донациялау осы қан қызметі ұйымында жүзеге асырған тұлға:

      3) тұрақты донор – қан мен оның компоненттерін донациялауды тұрақты түрде жүзеге асыратын тұлға. Тұрақтылық деп қанды донациялауды жылына 3 рет және одан да артық, плазма мен қан жасушаларын жылына 12 және де одан да көп рет донациялау тұрақтылық ұғымы деп ұғынылады. Эритроферез әдісімен эритроциттер донорлығы ерекшелік болып табылады, осындай жағдайда жылына 2 рет және одан да артық донациялау тұрақты донорлық болып түсініледі.";

      24 және 25-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Қан мен оның компоненттерін донациялау мынадай түрлерге бөлінеді:

      1) донациялаудың түрі бойынша:

      қан донорлығы;

      плазма, оның ішінде иммундық плазма донорлығы;

      қан жасушалары донорлығы;

      2) уәждеме бойынша донациялау:

      өтеусіз (өтеусіз ерікті донациялау, мақсатты донациялау және аутологиялық донациялау);

      қанды ақылы негізде донациялау деп бөлінеді.

      Қан мен оның компоненттерін өтеусіз ерікті донациялау – аллогендік қан мен оның компоненттерін Кодекстің 167-бабына сәйкес донорға берілетін кепілдіктерден басқа, ақысыз іске асырылатын донациялау;

      Қан мен оның компоненттерін мақсатты донациялау – аллогендік қан мен оның компоненттерін нақты пациенттер үшін тапсыру және Кодекстің 167-бабына сәйкес донорға берілетін кепілдіктерден басқа, ақысыз іске асырылатын донациялау;

      Қан мен оның компоненттерін аутологиялық донациялау – бір адамнан алынған және кейіннен сол адамның өзіне ғана аутологиялық қайта құюға арналған қан мен оның компоненттерін донациялау.

      25. Донорларды қабылдау және есепке алу тәртібі Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5925 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2009 жылғы 6 қарашадағы № 666 бұйрығымен бекітілген Қанды және оның компоненттерін беру алдында (донация) донорды медициналық тексеру ережесіне (бұдан әрі - № 666 бұйрық) сәйкес жүзеге асырылады";

      29, 30, 31, 32-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "29. Донорларға әрбір қан мен оның компоненттерінің донациясы алдында А, В, D, Kell антигендері бойынша алдын-ала иммуногематологиялық зерттеу, гемоглобин (гематокрит) деңгейін, перифериялық қанның ГДЖ донорына перифериялық қанның құрамын (гемоглобин, (гематокрит), эритроциттер, лейкоциттер, тромбоциттер) анықтау жүргізіледі.

      30. Донорды медициналық зерттеп-қарауды, шеттету немесе жіберу және қан мен оның компоненттерін донациялаудың түрін анықтауды трансфузиолог-дәрігері немесе қан қызметі ұйымының терапевті (бұдан әрі - дәрігер), ал плаценталық қанның ГДЖ донорын - плаценталық қанды жинауды жүргізетін босандыру ұйымдарының дайындалған акушериялық-гинекологиялық персоналы жүзеге асырады.

      31. Қауіп-қатер факторларының болуына күдік болған немесе анықталған кезде және клиникалық көрсетілімдері бойынша медициналық тексерудің көлемі қан мен оның компоненттерін донациялауды жіберуді жүзеге асыратын дәрігердің шешімімен ұлғайтылуы мүмкін.

      32. Зертханалық зерттеулер көрсеткіштерінің нормалардан ауытқулары болған кезде донор қан мен оның компоненттерін донациялаудан бір ай мерзіміне шеттеледі.";

      34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "34. Қан және оның компоненттерінің алғашқы донорларына № 666 бұйрыққа сәйкес нысан бойынша донор куәлігі беріледі.";

      36, 37, 38-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "36. Донор қанының үлгілерін трансфузиялық инфекцияларға тестілеу үшін іріктеу қан мен оның компоненттерін донациялау уақытында жүзеге асырылады.

      37. Қанды және оның компоненттерін донациялаудың алдында медициналық тексеріп-қарауды жүзеге асыратын трансфузиолог дәрігері донорды № 666 бұйрыққа сәйкес донорға берілген ақпаратпен таныстырады.

      38. Қанды және оның компоненттерін донациялау алдында донор құрамында қанты бар кондитерлік бұйымдармен тәтті шай алады.";

      42-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "42. Кодексінің 167-бабының 1-бабына сәйкес донор болып табылатын қызметкерді медициналық зерттеп-қарау және қан мен оның компоненттерін донациялау күндері жұмыс беруші орташа айлық жалақысын сақтай отырып, жұмысынан босатады. Донорлық функцияны өтеусіз жүзеге асыратын доноғар орташа айлық жалақысы сақтала отырып, қосымша демалыс күні беріледі.

      Кодекстің 167-бабының 7-тармағына сәйкес донорлық функцияны өтеусіз жүзеге асырған донор қан мен оның компоненттерін донациялаудан кейін өз қанының көлемі мен организмінің әл-ауқат шығындарын толтыру үшін таңдауы бойынша тегін тамақ немесе уәкілетті орган Кодекстің 167-бабының 8-тармағына сәйкес белгілейтін мөлшердегі оның ақшалай баламасын алады.";

      63-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "63. Иммунологиялық реакциялардың алдын алу мақсатында реципиенттердің белгілі контингенті (балалар, босандыру мекемелерінің пациенттері, иммундық күйзеліске ұшыраған және трансфузияға тәуелді тұлғалар) сақтау мерзімі ең төмен лейкофильтрленген қан компоненттерімен қамтамасыз етіледі.";

      65-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "65. Қан қызметінің мамандары үшін кәсіптік білімнің деңгейіне қойылатын талаптар Кодекстің 175-бабында және "Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 10 наурыздағы бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10735 болып тіркелді) бекітілген Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу қағидаларында көзделген талаптар қойылады.".

  Өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушының кейбір
бұйрықтарының тізбесіне 1-қосымша
 

Қанның, оның компоненттері мен препараттарының номенклатурасы

      Ескерту. 1-қосымшаның күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 20.10.2020 № ҚР ДСМ - 140/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушының кейбір
бұйрықтарының тізбесіне 2-қосымша

Қанды және оның компоненттерін дайындау, қайта өңдеу, сақтау, өткізу қағидалары

      Ескерту. 2-қосымшаның күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 20.10.2020 № ҚР ДСМ - 140/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушының кейбір
бұйрықтарының тізбесіне 3-қосымша

      Ескерту. 3-қосымшаның күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 20.10.2020 № ҚР ДСМ - 140/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.


  Өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушының кейбір
бұйрықтарының тізбесіне 4-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 15.04.2019 № ҚР ДСМ-34 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушының кейбір
бұйрықтарының тізбесіне 5-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 15.04.2019 № ҚР ДСМ-34 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушының кейбір
бұйрықтарының тізбесіне 6-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 15.04.2019 № ҚР ДСМ-34 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады