Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 71 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 2 шілдеде № 11534 болып тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қаулының күшін жою көзделген – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 18.05.2020 № 71 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналар:

      1) алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.08.2019 № 132 (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2) алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.08.2019 № 132 (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3) осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес "Микроқаржылық ұйымдарды есептік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      4) Алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
      5) Алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      6) осы қаулының 6-қосымшасына сәйкес "Қаржы ұйымдарының, банк, сақтандыру холдингтерінің, "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      7) Алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
      8) Алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
      9) Күші жойылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 35 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      10) Күші жойылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 35 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      11) Күші жойылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 35 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      12) Күші жойылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      13) Күші жойылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 41 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      14) осы қаулының 14-қосымшасына сәйкес "Инвестициялық пай қорлары пайларының шығарылымын мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      15) Күші жойылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      16) алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.08.2019 № 132 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      17) алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.08.2019 № 132 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      18) осы қаулының 18-қосымшасына сәйкес "Кредиттік тарихтардың деректер базасын басқару жүйесін кредиттік бюроның өнеркәсіптік пайдалануына енгізу актісін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      19) алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.08.2019 № 132 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      20) Алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
      21) Алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
      22) Алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
      23) Алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      24) осы қаулының 24-қосымшасына сәйкес "Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға банкноталарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      25) Күші жойылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 36 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      26) осы қаулының 26-қосымшасына сәйкес "Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға банк операцияларына лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      27) Күші жойылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 36 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      28) Күші жойылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 36 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      29) осы қаулының 29-қосымшасына сәйкес "Банкті (банк холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      30) осы қаулының 30-қосымшасына сәйкес "Актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      31) осы қаулының 31-қосымшасына сәйкес "Өмірді сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыруға немесе исламдық сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      32) осы қаулының 32-қосымшасына сәйкес "Жалпы сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін немесе исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      33) осы қаулының 33-қосымшасына сәйкес "Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген және сақтандырудың жекелеген сыныптары болып табылатын міндетті сақтандырудың түрлеріне немесе Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген және сақтандырудың жекелеген сыныптары болып табылатын міндетті сақтандырудың түрлері бойынша исламдық сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      34) осы қаулының 34-қосымшасына сәйкес "Қайта сақтандыру жөніндегі қызметке немесе исламдық қайта сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      35) осы қаулының 35-қосымшасына сәйкес "Сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      36) Күші жойылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 40 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      37) осы қаулының 37-қосымшасына сәйкес "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      38) осы қаулының 38-қосымшасына сәйкес "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын және (немесе) сақтандыру холдингін ерікті қайта ұйымдастыруға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      39) осы қаулының 39-қосымшасына сәйкес "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерікті таратуға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      40) алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 11.01.2018 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      41) алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.08.2019 № 132 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      42) алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 09.12.2015 № 213 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      43) алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 09.12.2015 № 213 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      44) осы қаулының 44-қосымшасына сәйкес "Банктің және (немесе) банк холдингінің еншілес ұйым құруына немесе сатып алуына және (немесе) банктің және (немесе) банк холдингінің ұйымдардың жарғылық капиталына қомақты қатысуына рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      45) осы қаулының 45-қосымшасына сәйкес "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің еншілес ұйымды құруына немесе иеленуіне, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің ұйымдардың капиталына қомақты қатысуына рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      46) осы қаулының 46-қосымшасына сәйкес "Қазақстан Республикасының резидент-ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздарын шет мемлекеттің аумағында орналастыруға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      47) осы қаулының 47-қосымшасына сәйкес "Шет мемлекеттің аумағындағы Қазақстан Республикасының резидент-ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздарын шығаруға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      48) осы қаулының 48-қосымшасына сәйкес "Кредиттік бюро қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат және кредиттік тарихтардың деректер базасын, пайдаланылатын ақпараттық жүйелерді қорғау және олардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі кредиттік бюроға және үй-жайларға қойылатын талаптарға кредиттік бюроның сәйкестігі туралы актіні беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      49) Алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      50) осы қаулының 50-қосымшасына сәйкес "Банкті ерікті түрде таратуға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      51) Күші жойылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 39 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      52) Күші жойылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 38 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      53) осы қаулының 53-қосымшасына сәйкес "Уәкілетті ұйымдарға қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      54) осы қаулының 54-қосымшасына сәйкес "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының (инвестициялық кірістерін ескере отырып) жай-күйі туралы ақпарат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      55) Алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
      56) Алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
      57) Алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
      58) Алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
      59) Алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      60) алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.08.2019 № 132 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 09.12.2015 № 213 (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-т. қараңыз); өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.01.2018 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.08.2019 № 132 (қолданысқа енгізілу тәртібін 5 т. қараңыз); 30.03.2020 № 35 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.03.2020 № 36 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.03.2020 № 38 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.03.2020 № 39 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.03.2020 № 40 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.03.2020 № 41 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.03.2020 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      2. Мемлекеттік қызметтердің сапасын бақылау басқармасы (Бәдірленова Ж.Р.) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен (Досмұхамбетов Н.М.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс департаменті (Қазыбаев А.Қ.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Д.Т. Ғалиеваға жүктелсін.

      5. Осы қаулы, осы қаулының 1-тармағының алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 3), 4), 5), 8), 9), 10), 11), 17), 18), 24), 25), 26), 27), 28), 29), 30), 31), 32), 33), 34), 35), 36), 37), 38), 39), 40), 42), 43), 44), 45), 48), 49), 50), 51), 52), 53) және 55) тармақшаларын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
Төрағасы
Қ. Келімбетов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Инвестициялар және даму министрлігі

      _____________ Ә.Есекешов

      2015 жылғы 1 маусым

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      _____________ Е.Досаев

      2015 жылғы 29 мамыр

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 71 қаулысына
1-қосымша

"Валюталық операция туралы немесе шетелдік банкте банк шотын ашу туралы хабарламаны растау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. Стандарт алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.08.2019 № 132 (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 71 қаулысына
2-қосымша

"Валюталық операцияны тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. Стандарт алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.08.2019 № 132 (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 71 қаулысына
3-қосымша

"Микроқаржылық ұйымдарды есептік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 07.02.2019 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Микроқаржылық ұйымдарды есептік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері 15 (он бес) жұмыс күнін құрайды.

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күн ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды алған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартуды береді.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – микроқаржылық ұйымына оны микроқаржылық ұйымдардың тізіліміне енгізу туралы хабарлама не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 11-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған).

      Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      7. Мемлекеттік қызмет ақылы негізде көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі тіркеу алымының мөлшерлемесі 10 (он) айлық есептік көрсеткішті құрайды.

      Екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар алым төлеуді қолма-қол ақша немесе қолма-қол ақшасыз нысанда, сондай-ақ "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырады.

      8. Порталдың жұмыс кестесі – жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты болатын техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

      Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа күндері, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі - жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

      9. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш беруге уәкілетті тұлғаның ЭЦҚ-мен куәландырылған өтініш;

      2) жарғылық капиталдың төленгенін растайтын құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша меншікті капиталдың ең төменгі мөлшерін сақтау туралы мәліметтер;

      3) ішкі бақылау қызметі туралы ереже (бар болса);

      4) мыналарды:

      микроқаржылық ұйым қызметінің стратегиясын;

      микроқаржылық ұйым бағдарланған нарық сегментінің айқындамасын (қызметтерді әлеуетті тұтынушылар, ағымдағы жағдай және олардың нарықтағы үлесінің серпінді болжамы);

      қызмет түрлерін (микрокредит беру, микрокредиттерді беру қызметіне байланысты мәселелер жөнінде консультациялық қызметтер көрсету және (немесе) "Микроқаржы ұйымдары туралы" 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабында (бұдан әрі – Заң) көзделген қызметтің басқа түрі);

      ағымдағы ахуалдың талдауын, қызметтердің жарнамасын, көрсетілетін қызметтердің сапасын қамтамасыз ету шараларын, тұтынушылардың қажеттіліктерін қалыптастыру және ынталандыру шараларын қамтитын маркетинг (клиентураны қалыптастыру) жоспарын;

      ұйымның қызметін қаржыландыру көздерін (құрылтайшылар қаражаты, тартылған қаражат, гранттар немесе басқа қаражат) ашып көрсететін бизнес-жоспар;

      5) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 3-қосымшасына сәйкес нысандар бойынша көрсетілетін қызметті алушының құрылтайшысы (қатысушысы) туралы мәліметтер өтініш берген күннің алдындағы күнгі жағдай бойынша;

      6) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша атқарушы органның бірінші басшысы (мүшелері), бас бухгалтері (бар болса) туралы мәліметтер өтініш берген күннің алдындағы күнгі жағдай бойынша;

      7) микроқаржылық ұйымның жоғары органы бекіткен микрокредиттер беру қағидаларының көшірмесі;

      8) мемлекеттің қатысуы бар кредиттік бюромен "Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы" 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалған ақпарат беру туралы шарттың көшірмесі;

      9) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы ақы төлеу жағдайларын қоспағанда, микроқаржылық ұйымның есептік тіркеуден өткені үшін алым төлегенін растайтын құжат;

      10) берілген микрокредиттер бойынша кірісті және корпоративтік табыс салығының есептелген сомасын көрсететін соңғы үш жылдағы салық декларациясының көшірмесі (микрокредиттік ұйымдарды қайта тіркеу немесе қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылған микроқаржылық ұйымдар ұсынады).

      Микроқаржылық ұйым өтініште көрсетілген орналасқан жерiнің өзгергені туралы көрсетілетін қызметті берушіге осындай өзгерiстер болған күннен бастап күнтiзбелiк 30 (отыз) күннен кешіктірмей хабарлайды.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің 5) тармақшасында көрсетілген құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда, микроқаржылық ұйым осындай өзгерістер мен толықтырулар енгізілген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушіге өзгертілген және (немесе) толықтырылған құжаттарды ұсынады.

      10. Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағының 2) (осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес мәліметтердің электрондық нысаны түрінде), 3), 4), 5), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында (PDF форматындағы құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде) көзделген құжаттар өтінішті беруге уәкілетті адамның ЭЦҚ-мен куәландырылған өтінішке қоса беріледі және микроқаржылық ұйым портал арқылы ұсынады.

      Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      11. Мыналар:

      1) ұсынылған құжаттардың осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттарда көрсетілуге тиіс дәйексіз мәліметтерді және ақпаратты ұсынуы;

      3) егер микроқаржылық ұйым әділет органдарында мемлекеттік тіркелген (қайта тіркелген) күнінен бастап бір жыл ішінде есептік тіркеуден өту туралы өтініш жасамаса;

      4) егер микроқаржылық ұйымның басшысында немесе құрылтайшыларының бірінде өтелмеген немесе алынбаған соттылығы болса, сондай-ақ тұлға бұған дейін уәкілетті орган осы микроқаржылық ұйымды тізілімнен шығару туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан бұрын аспайтын кезеңде қаржы ұйымының бірінші басшысы немесе құрылтайшысы болып табылған жағдайда;

      5) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағының 10) тармақшасында көзделген құжаттарды ұсынбауы;

      6) Заңның 31-бабының 1-тармағында белгіленген мемлекеттік қайта тіркеу мерзімінің сақталмауы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіз болып табылады.

      Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 11-тармағының 1), 2), 4) және 5) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша есептік тіркеуден бас тартылған жағдайда, микроқаржылық ұйым ретінде тіркелген заңды тұлға есептік тіркеуден бас тартуды алған күннен кейін 30 (отыз) жұмыс күні ішінде микроқаржылық ұйымдарды есептік тіркеуден өтуге қайтадан өтініш береді.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      12. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.

      Шағымда:

      1) жеке тұлғаның тегі, аты, сондай-ақ қалауына қарай әкесінің аты (ол бар болса), пошталық мекенжайы көрсетіледі;

      2) заңды тұлғаның оның атауы, пошталық мекенжайы, жіберілген нөмірі мен күні көрсетіледі.

      Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.

      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып шағымды тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) оның қабылданғанын растау болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен шағымы оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралады.

      Портал арқылы өтініш берген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе 1414 телефоны арқылы алуға болады.

      Шағым портал арқылы жіберілген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинеттен" шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті беруші шағымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.

      Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен шағымы оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралады.

      13. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге талаптар

      14. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

      15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы "жеке кабинеті" арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

      16. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

  "Микроқаржылық ұйымдарды
есептік тіркеу" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына
1-қосымша
  Нысан
  ____________________________
(көрсетілетін қызметті
берушінің толық атауы)
____________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының толық атауы)

Өтініш Микроқаржылық ұйым ретінде есептік тіркеу жүргізуді сұраймын. Көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтер:

      1. Көрсетілетін қызметті алушының орналасқан жері

      ____________________________________________________________________

      (индексі, қаласы, ауданы, облысы, көшесі, үйдің, офистің нөмірі)

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (телефон, факс, электрондық пошта мекенжайы, бар болса интернет-ресурсы)

      2. Жіберілетін құжаттардың тізбесі, даналарының және олардың әрқайсысындағы

      парақ саны:

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Өтінішке қоса берілген құжаттарды және ақпаратты тексергенімді және оның дәйекті және толық екендігін растаймын.

      Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтердің пайдаланылуына келісемін.

      Өтініш беруге уәкілетті адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), лауазымы

      ___________________________________________________________

  "Микроқаржылық ұйымдарды
есептік тіркеу" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына
2-қосымша
  Нысан

Меншікті капиталдың ең төменгі мөлшерін сақтау туралы мәліметтер

Микроқаржылық ұйымдардың атауы

Күні

Меншікті капиталдың мөлшері (мың теңге)

1

2

3

  "Микроқаржылық ұйымдарды
есептік тіркеу" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына
3-қосымша
  1-нысан

Көрсетілетін қызметті алушының құрылтайшысы (қатысушы) туралы мәліметтер (заңды тұлға үшін) ____________________________________________________________________ (көрсетілетін қызметті алушының толық атауы)

      1. Көрсетілетін қызметті алушының құрылтайшысы (қатысушы)

      _________________________________________________________________

                        (толық атауы)

      Орналасқан жері __________________________________________________

                        (пошталық индексі, мекенжайы)

      Байланыс деректемелері

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

            (телефон және факс нөмірлері, электрондық пошта (ол бар болса) мекенжайы)

      Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтер

      _________________________________________________________________

                  (құжаттың атауы, нөмірі және берілген күні, кім берді)

      Қазақстан Республикасының резиденті (бейрезиденті)

      _________________________________________________________________

      Қызметтің негізгі түрі

      _________________________________________________________________

      2. Көрсетілетін қызметті алушының жарғылық капиталына қатысу үлесі

      ____________________________________________________________________

      3. Көрсетілетін қызметті алушының жарғылық капиталына қатысу үлесіне ақша енгізу алдындағы көрсетілетін қызметті алушы құрылтайшысының (қатысушысының) меншікті капиталының мөлшері және көрсетілетін қызметті алушының жарғылық капиталына қатысу үлесін төлеуге енгізілген сома

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      4. Заңды тұлғалардың толық атауын және тұрған жерін көрсете отырып, қатысушы, акционер ретінде көрсетілетін қызметті алушы құрылтайшысының (қатысушыcының) өзге заңды тұлғалар құруға және қызметіне қатысуы туралы мәліметтер:

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      5. Ұйымдардың толық атауларын, орналасқан жерлерін көрсете отырып, көрсетілетін қызметті алушының құрылтайшысы (қатысушысы) қатысатын өнеркәсіптік, банктік, қаржылық топтар, холдингтер, концерндер, қауымдастықтар, консорциумдар туралы мәліметтер:

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      6. Көрсетілетін қызметті алушы құрылтайшысының (қатысушысының) басшысы туралы мәліметтер:

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

                  (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

      20 __ жылғы "____" _____________

      Көрсетілетін қызметті алушы құрылтайшысы (қатысушысы) басшысының қолы

      _____________________________

  2-нысан

      Көрсетілетін қызметті алушының құрылтайшысы (қатысушысы) туралы мәліметтер

      (жеке тұлға үшін)

      ___________________________________________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушының толық атауы)

      1. Көрсетілетін қызметті алушының құрылтайшысы (қатысушы) ______

      _____________________________________________________________

      _____________________________________________________________

                  (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

      Туған күні

      ____________________________________________________________________

      Азаматтығы _________________________________________________________

      Жеке басын куәландыратын құжат деректері

      ____________________________________________________________________

      (құжаттың атауы, нөмірі, сериясы және берілген күні, кім берді)

      Тұрғылықты жері _____________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (пошталық индексі, мекенжайы)

      Байланыс деректемелері

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (телефон нөмірі, электрондық пошта (ол бар болса) мекенжайы)

      Жұмыс орны (мекенжайын көрсете отырып), лауазымы

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      2. Көрсетілетін қызметті алушының жарғылық капиталдағы қатысу үлесі

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      3. Заңды тұлғалардың толық атауларын және орналасқан жерлерін көрсете отырып, көрсетілетін қызметті алушы құрылтайшысының (қатысушысының) қатысушы, акционер ретінде өзге заңды тұлғаларды құруға және қызметіне қатысуы туралы мәліметтер:

      ____________________________________________________________________

      4. Өтелмеген немесе алынбаған соттылығының болуы туралы мәліметтер:

      ___________________________________________________________________;

      5. Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның осы микроқаржылық ұйымды тізілімнен шығару туралы шешім қабылдағанға дейін бір жыл бұрыннан аспайтын кезеңде тұлғаның бұған дейін микроқаржылық ұйымның бірінші басшысы немесе құрылтайшысы болып табылғандығы туралы мәліметтер.

      20 __ жылғы "___" _____________

      Көрсетілетін қызметті алушы құрылтайшысының (қатысушының) қолы

      _____________________

  "Микроқаржылық ұйымдарды
есептік тіркеу" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына
4-қосымша
  Нысан

Атқарушы органның бірінші басшысы (мүшелері), бас бухгалтері (бар болса) туралы мәліметтер ____________________________________________________________________ (көрсетілетін қызметті алушы қызметкерінің лауазымы және көрсетілетін қызметті алушының атауы көрсетіледі)

      1. Жалпы мәліметтер:

Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

______________________________________________________________
______________________________________________________________
______________________________________________________________ (жеке басын куәландыратын құжатқа толық сәйкес, тегі, аты, әкесінің аты өзгерген жағдайда - олардың қашан және қандай себеппен өзгертілгенін көрсету керек)

Туылған күні және жері

______________________________________________________________
______________________________________________________________
______________________________________________________________

Тұрақты тұратын жері, телефон нөмірлері

______________________________________________________________
______________________________________________________________
______________________________________________________________ (толық мекенжайын, елді-мекеннің кодын қоса алғанда, қызметтік, үйінің, байланыс телефондарының нөмірлерін көрсету керек)

Азаматтығы

Жеке басын куәландыратын құжаттың толық деректемелері

______________________________________________________________
______________________________________________________________
______________________________________________________________
______________________________________________________________

      Көрсетілетін қызметті алушының қатысушы, акционер ретінде өзге заңды тұлғаларды құруға және олардың қызметіне қатысуы туралы мәліметтер:

Заңды тұлғаның атауы және тұрған жері

Заңды тұлға қызметінің жарғылық түрлері

Лауазымды тұлғаның заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі, заңды тұлғаның дауыс беретін акцияларының жалпы санына лауазымды тұлғаға тиесілі акциялардың пайыздық арақатынасы

      2. Кәсіби деректері:

Білімі, оның ішінде жұмыс бейініне сәйкес келетін кәсіби білімі

_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________ (оқу орнының, факультеттің немесе бөлімнің атауы мен орналасқан жерін, оқу кезеңін, берілген біліктілікті, білімі туралы дипломның деректемелерін көрсету керек)

Қосымша білімі, оның ішінде жұмыс істейтін саладағы біліктілікті көтеру курстары, ғылыми дәрежесі

_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________ (оқу орнының атауы мен орналасқан жерін, оқу кезеңін, білімі туралы дипломның деректемелерін, сертификатты, куәлікті көрсету керек)

Жетістіктері

_____________________________________________________________
_____________________________________________________________ (осы мәселе бойынша ақпарат көрсету керек: мысалы, ғылыми жарияланымдарының аты, ғылыми әзірлемелерге, заң жобаларына қатысуы және басқалары)

Осы мәселеге қатысы бар басқа ақпарат

_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________ (кандидаттың кәсіби құзыреттілігін сипаттайтын ақпарат көрсетіледі)

      Еңбек қызметі туралы мәліметтер:

Жұмыс кезеңі (айы/жылы)

Ұйымның атауы, атқаратын лауазымдары және лауазымдық міндеттері

      3. Басқа мәліметтер:

Өтелмеген немесе алынбаған соттылығының болуы

Иә/жоқ
(егер иә деген жауап болса, онда қылмыстық жауаптылыққа тартылғаны туралы үкімнің күнін және нөмірін, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шілдедегі Қылмыстық кодексінің не Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі Қылмыстық кодексінің бабын көрсету керек)

Қадағалау органдарының Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін қызметтік міндеттерін орындаудан шеттетуі туралы деректердің болуы

Иә/жоқ (егер иә деген жауап болса, онда осындай шара қолданған органның атауын және қолдану күнін көрсету керек)

Бұрын, Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган осы микроқаржы ұйымын тізілімнен шығару туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде микроқаржы ұйымының бірінші басшысы немесе құрылтайшысы болып табылғандығы туралы мәліметтер

Ұйымның атауы, лауазымы, жұмыс кезеңі

Қаржы қызметтерін көрсету мәселелері жөнінде сот талқылауына микроқаржы ұйымының басшысы ретінде жауапқа тартылды ма

(күнін, сот талқылауындағы жауапкер-ұйымның атауын, қаралған мәселені және соттың шешімін көрсету керек)

Осы мәселеге қатысы бар басқа ақпарат

(еркін түрде көрсетіледі)

      Мен,_____________________________________________________________________,

                        (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

      осы ақпаратты тексергенімді және оның дәйекті және толық екендігін

      растаймын ____________________.

                                          (қолы, күні)

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 71 қаулысына
4-қосымша

"Тіркеушінің қағидалар жиынтығын келісу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандарты

      Ескерту. Алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 71 қаулысына
5-қосымша

"Қаржылық құралдармен мәміле бойынша клирингтік қызметті жүзеге асыру қағидаларын келісу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. Алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 71 қаулысына
6-қосымша

"Қаржы ұйымдарының, банк, сақтандыру холдингтерінің, "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандарты

      Ескерту. 6-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Қаржы ұйымдарының, банк, сақтандыру холдингтерінің, "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін жіберу:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

      2) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген кезде – 30 (отыз) жұмыс күні ішінде;

      2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттарды қабылдау және беру бойынша қызмет көрсетуінің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.

      Көрсетілетін қызметті алушы үміткерлер тағайындалған (сайланған) күннен бастап күнтізбелік 60 (алпыс) күннен кешікпейтін мерзімде оларды келісу үшін көрсетілетін қызметті берушіге құжаттардың толық топтамасын (үміткерлерді, жауапты адамдарды, байланыс телефондарының нөмірлерін және электрондық пошта мекенжайларын көрсетіп) ұсынады.

      Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9, 9-1 және 10-тармақтарында көзделген құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші үміткерді келісу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартады және 3 (үш) жұмыс күні ішінде өтініш берушіге құжаттардың топтамасын қараусыз қайтарады.

      Ұсынылған құжаттар осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9, 9-1 және 10-тармақтарының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда көрсетілетін қызметті беруші оларды жою және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін пысықталған (түзетілген) құжаттарды ұсыну үшін ескертулермен көрсетілетін қызметті алушыға хат жібереді. Бұл ретте уәкілетті органның үміткерді келісуге арналған құжаттарды қарау мерзімі үзілмейді.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 07.02.2019 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушының атына қаржы ұйымдарының, банк, сақтандыру холдингтерінің (бұдан әрі – холдинг), "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Қор) басшы қызметкерлері лауазымына үміткерлерді келісу нәтижелері туралы мәліметтер бар хат не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 11-тармағында негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап жіберу.

      Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі туралы мәліметтерді ұсыну нысаны: электрондық. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті қағаз жеткізгіште алуға өтініш жасаған жағдайда нәтиже электрондық нысанда ресімделеді және қағазға басылады.

      Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі туралы мәліметтер көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      7. Мемлекеттік қызмет банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру брокерінің, холдингтің, Қордың басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру кезінде ақылы негізде көрсетіледі. Алымның мөлшерлемесі 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткішті құрайды.

      Мемлекеттік қызмет бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының, бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыру үшін лицензия алудан үміткер немесе лицензиялары бар заңды тұлғалардың, орталық депозитарийдің басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру кезінде тегін көрсетіледі.

      Алымды төлеу екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол ақшамен немесе қолма-қол ақшасыз нысанда, сондай-ақ "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылады.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 07.02.2019 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінікі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі - жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;

      өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру кестесі – сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін;

      2) порталдікі – жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты болатын техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін жіберу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

      Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады.

      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 07.02.2019 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) еркін нысанда жазылған, ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісімі бар, көрсетілетін қызметті алушының басшы қызметкерінің лауазымына үміткердің (бұдан әрі – үміткер) көрсетілетін қызметті алушының басшы қызметкерлеріне қойылатын талаптарға сәйкес келетіндігі туралы, сондай-ақ үміткер туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті алушы құжаттамалық тексергені туралы көрсетілген және мыналар қол қойған қолдаухат:

      көрсетілетін қызметті алушының басқару органының басшысы, ал ол болмаған жағдайда басқару органының шешімі бойынша басқару органы мүшелерінің бірі (басқару органының осы шешімінің көшірмесін бере отырып), басқару органының басшысы және мүшелері болмаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы акционерлерінің бірі, осы құжатқа қол қоюға уәкілетті қаржы ұйымы, холдинг (жауапкершілігі шектеулі серіктестік ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған қаржы ұйымы, холдинг үшін) қатысушыларының бірі – басқару органының басшысын (атқарушы органның функцияларын жеке жүзеге асыратын адамды), атқарушы органның басшысы болып табылатын басқару органының мүшесін тағайындаған (сайлаған) кезде;

      көрсетілетін қызметті алушы атқарушы органының басшысы (атқарушы органның функцияларын жеке жүзеге асыратын адам) не оның міндеттерін атқаратын адам (міндеттерді атқару жүктелгені туралы шешімнің көшірмесін бере отырып) – қалған жағдайларда;

      2) алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 07.02.2019 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен;

      3) егер көрсетілетін қызметті алушы атқарушы органының мүшесі лауазымына үміткер өзге ұйымда жұмыс істесе, акционерлік қоғам ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған осы көрсетілетін қызметті алушы басқарушы органының үміткерге өзге ұйымда жұмыс істеуге келісім беру туралы шешімінің үзінді-көшірмесін;

      4) егер үміткер акционерлік қоғамның атқарушы органының мүшесі болып табылған жағдайда, осы акционерлік қоғамның басқару органының үміткерге көрсетілетін қызметті алушыда жұмыс істеуге келісім беру туралы шешімінің үзінді-көшірмесін;

      5) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14784 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 305 қаулысымен бекітілген Қаржы ұйымдарының, банк, сақтандыру холдингтерінің, "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру қағидаларына және келісім алу үшін қажетті құжаттардың тізбесіне 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Басшы қызметкерлердің құрамындағы өзгерістер туралы мәліметтер ұсынылғанға дейін өтініш жасаған жағдайда, үміткердің тағайындалған (сайланған) күні көрсетілген көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті органының шешімінен үзінді-көшірме не үміткерді тағайындау туралы бұйрықтың көшірмесі.

      Егер тағайындау (сайлау) күні көрсетілмесе, онда көрсетілетін қызметті алушы уәкілетті органының шешім (бұйрық) қабылдаған күні не шешімде (бұйрықта) көрсетілген оқиға басталған күн үміткерді тағайындау (сайлау) күні болып саналады.

      Шешімде (бұйрықта) көрсетілген оқиға басталған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынады.

      көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті органы шешімінің үзінді-көшірмесінде мынадай мәліметтер болады:

      көрсетілетін қызметті алушының толық атауы және көрсетілетін қызметті алушы атқарушы органының орналасқан жері;

      акционерлердің жалпы жиналысын (басқару органының отырысын) өткізу күні, уақыты мен орны;

      отырысқа (басқару органының отырысы үшін) қатысқан адамдар туралы мәліметтер;

      акционерлер жалпы жиналысының (басқару органы отырысының) кворумы;

      акционерлер жалпы жиналысы отырысының (басқару органы отырысының) басшы лауазымға үміткерді тағайындау (сайлау) туралы мәселе бөлігіндегі күн тәртібі;

      дауыс беруге қойылған мәселелер, басшы лауазымға үміткерді тағайындау (сайлау) бөлігінде ол бойынша дауыс беру қорытындылары;

      басшы лауазымға үміткерді тағайындау (сайлау) бөлігінде қабылданған шешімдер.

      Көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті органының шешімінен үзінді-көшірме осы құжатқа қол қоюға уәкілетті қызметкердің (қызметкерлердің) қолымен куәландырылады және үзінді-көшірменің дұрыс екендігі көрсетіледі;

      6) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша басшы қызметкер лауазымына үміткер туралы электрондық және қағаз жеткізгіштердегі мәліметтерді (осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшадағы түрлі-түсті фотосурет ашық реңде, 3х4 өлшемді);

      7) алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 07.02.2019 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен;

      8) шетелдіктер (азаматтығы жоқ адамдар) олардың азаматтығы елінде (шетелдіктер үшін) немесе тұрақты тұратын елінде (азаматтығы жоқ адамдар үшін) қылмыстар үшін алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқ екендігі туралы мәліметтердің дәйектілігін растау мақсатында да көрсетілетін қызметті берушіге олардың азаматтығы елінің (азаматтығы жоқ адамдар үшін – олардың тұрақты тұратын елінің) немесе кандидат соңғы 15 (он бес) жыл бойы тұрақты тұрған елдің мемлекеттік органы берген тиісті құжатты ұсынады. Көрсетілген құжатты беру күні қолдаухат берілген күннің алдындағы 3 (үш) айдан аспайды;

      9) алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 07.02.2019 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен;
      10) алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 07.02.2019 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен;

      11) бас бухгалтер лауазымына кандидат үшін – Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен берілген кәсіби бухгалтер сертификатының көшірмесі;

      12) бас бухгалтер лауазымына кандидат үшін – мүшелік билеттің (кітапшаның) көшірмесі немесе бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіптік ұйымының осы ұйымда мүшелігін растайтын анықтама.

      Осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген құжаттарды қоспағанда, осы тармақтың бірінші бөлігінде аталған, бірнеше парақтан тұратын құжаттар нөмірленген және соңғы парақтың сырт жағына жапсырылған жапсырмада тігілген парақтардың саны көрсетіліп тігілген, көрсетілетін қызметті алушының атқарушы органы басшысының (атқарушы органның функцияларын жалғыз жүзеге асыратын адамның) не оның міндеттерін орындайтын адамның (міндеттерді орындаудың жүктелгені туралы растайтын құжаттың көшірмесін ұсына отырып) қолымен расталған күйінде ұсынылады.

      Көрсетілетін қызметті алушы шет тілінде ұсынатын Қазақстан Республикасының резиденті емес - үміткерді келісуге арналған құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарына немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес заңдастырылуға не апостильделуге тиіс (үміткердің жеке басын куәландыратын құжатты қоспағанда). Көрсетілген құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазақ және орыс тілдеріне аударылады және көрсетілетін қызметті берушіге нотариат куәландырған түрде ұсынылады.

      Осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген құжаттарды қоспағанда, құжаттардың көшірмелері олардың дұрыстығы көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті алушының лауазымды адамының тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті алушының атқарушы органы басшысының (атқарушы органның функцияларын жалғыз жүзеге асыратын адамның) не оның міндеттерін орындайтын адамның (міндеттерді орындаудың жүктелгені туралы растайтын құжаттың көшірмесін ұсына отырып) қолымен расталады.

      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынылған құжаттарды кері қайтару себебі көрсетілген еркін нысандағы жазбаша өтініш беруі арқылы оларды көрсетілетін қызметті беруші үміткерлерді келісу туралы шешім қабылдағанға дейін, ал тестілеуге шақыра отырып келісу кезінде - үміткер тестілеуден өтетін күнге дейін кері қайтаруға жол беріледі.

      Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 07.02.2019 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      9-1. Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің, холдингтің, Қордың басшы қызметкерін келіскен кезде көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтініш жасаған кезде "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің, холдингтің, Қордың басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) келісім бергені үшін алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі қосымша ұсынылады.

      Ескерту. 2-тарау 9-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 07.02.2019 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      10. Көрсетілетін қызметті алушы порталға өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

      2) электрондық сұрау салуға қоса берілетін ("электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда), осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағының 3), 4), 5), 6), 8), 11) және 12) тармақшаларында (PDF форматындағы құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде) және 9-1-тармағында көрсетілген құжаттар. Көрсетілетін қызметті алушы – бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары, бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыру үшін лицензия алудан үміткер немесе лицензиялары бар заңды тұлғалар, орталық депозитарий өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызмет көрсетілген жағдайда, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-1-тармағында көзделген құжат ұсынылмайды.

      Қазақстан Республикасының жеке тұлға – резидентінің жеке басын куәландыратын, алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқ екендігін растайтын, Қазақстан Республикасының заңды тұлға – резидентін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттарда көрсетілген мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы алады.

      Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 07.02.2019 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      11. Мыналар мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіз болып табылады:

      1) Банктер туралы заңның 20-бабының 8-тармағында, Сақтандыру қызметі туралы заңның 34-бабының 8-тармағында, Кепілдік беру қоры туралы заңның 4-1-бабының 4-тармағында, Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 54-бабының 7-тармағында, Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 55-бабының 6-тармағында белгіленген негіздер;

      2) тестілеудің теріс нәтижесі.

      Мыналар тестілеудің теріс нәтижесі болып табылады:

      кандидаттың тестілеу нәтижесі дұрыс жауаптың 70 (жетпіс) пайызынан аз болуы;

      кандидаттың не аудармашының (егер осы аудармашыны кандидаттың өзі ұсынған жағдайда) көрсетілетін қызметті беруші белгілеген тестілеу тәртібін бұзуы;

      кандидаттың келісу мерзімі өткенге дейін көрсетілетін қызметті беруші белгілеген уақытта тестілеуге келмеуі;

      3) көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің ескертулерін жоймауы немесе көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің ескертулерін ескере отырып пысықталған құжаттарды осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 4-тармағының 1) тармақшасында белгіленген көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды қарау мерзімі өткеннен кейін ұсынуы;

      4) басшы қызметкердің көрсетілетін қызметті берушінің келісімінсіз өз лауазымын атқаруға құқылы болатын мерзім өткеннен кейін құжаттарды ұсынуы;

      5) кандидатқа қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) қолданған санкциялардың және (немесе) шектеулі ықпал ету шараларының болуы.

      Осы талап көрсетілетін қызметті алушы кандидатты келісу туралы өтінішхатты беру күніне дейін 1 (бір) жыл бойы қолданылады;

      6) кандидаттың өз өкілеттігіне кірген мәселелер бойынша кандидат басшы қызметкердің не басшы қызметкердің міндетін атқарушы лауазымын атқарып отырған (атқарған) қаржы ұйымының, холдингтің немесе Қордың Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуына алып келген және уәкілетті орган сол үшін осы қаржы ұйымына, холдингке немесе Қорға қатысты шектеулі ықпал ету шарасын және (немесе) санкция қолданған шешімдерді қабылдау фактілері туралы көрсетілетін қызметті берушіде мәліметтердің болуы.

      Осы талап уәкілетті орган бұзушылықты анықтаған күннен бастап 1 (бір) жыл бойы қолданылады;

      7) көрсетілетін қызметті берушіде кандидаттың бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп танылған және (немесе) үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) нұқсан келтіруге алып келген мәміле тарабы болып табылғандығы туралы мәліметтердің (фактілердің) болуы.

      Осы талап төменде аталған оқиғалардың ең алдыңғысы басталған:

      уәкілетті орган ұйымдастырылған және (немесе) ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында жасалған мәмілені айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп таныған;

      уәкілетті орган осы мәмілені жасау нәтижесінде үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) нұқсан келтірілгенін растайтын фактілерді алған күннен бастап 1 (бір) жыл бойы қолданылады;

      8) кандидаттың уәкілетті орган бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп танылған мәмілелерді жасағаны үшін оған қатысты санкциялар және (немесе) шектеулі ықпал ету шараларын қолданған қаржы ұйымының қызметкері және (немесе) әрекеттері мәмілеге қатысушы қаржы ұйымына және (немесе) үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) нұқсан келтіруге алып келген қаржы ұйымының қызметкері болып табылатындығы туралы мәліметтердің көрсетілетін қызметті берушіде болуы.

      Осы талап төменде аталған оқиғалардың ең алдыңғысы басталған:

      уәкілетті орган ұйымдастырылған және (немесе) ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында жасалған мәмілені айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп таныған;

      уәкілетті орган осы мәмілені жасау нәтижесінде қаржы ұйымына және (немесе) үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) нұқсан келтірілгенін растайтын фактілерді алған күннен бастап 1 (бір) жыл бойы қолданылады.

      Осы тармақшаның мақсаттары үшін басшы қызметкер не оның міндеттерін атқарған адам және (немесе) құзыретіне жоғарыда көрсетілген бұзушылықтарға әкеп соққан мәселелер бойынша шешімдер қабылдау кірген қор биржасының трейдері қаржы ұйымының қызметкері деп түсініледі.

      Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 07.02.2019 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      12. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.

      Заңды тұлғаның шағымында оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.

      Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.

      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралады.

      Портал арқылы өтініш берген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе 1414 телефоны арқылы алуға болады.

      Шағым портал арқылы жіберілген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинеттен" шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті беруші шағымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралады.

      13. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге талаптар

      14. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

      15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы "жеке кабинеті" арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

      16. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті берушінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

  "Қаржы ұйымдарының, банк,
сақтандыру холдингтерінің,
"Сақтандыру төлемдеріне
кепілдік беру қоры" акционерлік
қоғамының басшы
қызметкерлерін тағайындауға
(сайлауға) келісім беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына
қосымша
  Нысан
 
Басшы қызметкер лауазымына үміткер туралы мәліметтер

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 07.02.2019 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      __________________________________________________________________
(қаржы ұйымының, холдингтің, Қордың атауы) __________________________________________________________________
(тегі, аты әкесінің аты (ол бар болса))

      1. Жалпы мәліметтер:

Туған күні және жері

Азаматтығы

Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері, жеке сәйкестендіру нөмірі (бар болса)

      2. Білімі:

Оқу орнының атауы

Түскен жылы - бітірген жылы

Мамандығы

Білімі туралы дипломның деректемелері (бар болса күні және нөмірі)

1

2

3

4

5

      3. Жұбайы (зайыбы), жақын туыстары (ата-анасы, аға-інісі, апа-сіңлісі, қарындасы, балалары) және жекжаттары (жұбайының (зайыбының) ата-анасы, аға-інісі, апа-сіңлісі, қарындасы, балалары) туралы мәліметтер:

Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

Туған жылы

Туыстық қатынастары

Жұмыс орны және лауазымы

1

2

3

4

5

      4. Үміткердің заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы немесе акцияларды иеленуі туралы мәліметтер

Заңды тұлғаның атауы және орналасқан жерi

Заңды тұлға қызметінің жарғылық түрлерi

Жарғылық капиталға қатысу үлесі немесе үміткерге тиесілі акциялар санының заңды тұлғаның дауыс беретін акцияларының жалпы санына арақатынасы (пайызбен)

1

2

3

4

      5. Еңбек қызметі туралы мәліметтер.

      Осы тармақта үміткердің бүкіл еңбек қызметі (сондай-ақ басқару органына мүшелігі), оның ішінде жоғарғы оқу орнын аяқтаған сәттен бастап еңбек қызметі туралы мәліметтер, уәкілетті органға келісу туралы өтінішті берген қаржы ұйымындағы, холдингтегі, Қордағы лауазымын көрсете отырып, сондай-ақ үміткер еңбек қызметін жүзеге асырмаған кезең көрсетіледі.

Жұмыс кезеңі (күні, айы, жылы)

Жұмыс орны (егер қаржы ұйымы Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылған жағдайда, қаржы ұйымының тіркелген елін көрсете отырып)

Лауазымы

Тәртіптік жазалардың болуы

Жұмыстан шығу, лауазымнан босату себептері

Қаржы ұйымының дербес құрылымдық бөлімшесінің (департамент, басқарма, филиал) басшысы (басшысы орынбасарының), қаржы, басқарушы және (немесе) атқарушы директорының лауазымына орналасқан жағдайда - жетекшілік ететін бөлімшелер, осы ұйымда қаржылық қызмет көрсетуге байланысты мәселелер көрсетіледі. Аудиторлық қызмет саласында реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органда жұмыс стажы болған жағдайда, қаржы ұйымдарына аудит жүргізу қызметін реттеуге қатысты негізгі функционалдық міндеттер көрсетіледі

1

2

3

4

5

6

7

      6. Үміткердің қаржы ұйымдарының аудитін жүргізуіне, салық бойынша аудтті қоса

      алғанда, қатысуы туралы мәліметтер

      ____________________________________________________________________

                  (қаржы ұйымының атауын, аудит жүргізу мерзімін,

      ____________________________________________________________________

      үміткердің аудитор-орындаушы (бар болса) ретінде аудиторлық есепке қол қойған

      күнін көрсету)

      7. Осы ұйымның және (немесе) басқа ұйымдардың инвестициялық комитеттеріне

      мүшелігі туралы мәліметтер:

Кезең (күні, айы, жылы)

Ұйымның атауы

Лауазымы

Жұмыстан шығу, лауазымнан босату себептері

1

2

3

4

5

      8. Үміткер қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның банкті төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызу, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау не оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын таратуға және (немесе) қаржы нарығындағы қызметін тоқтатуға алып келу салдарынан оны лицензиясынан айыру не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгені туралы шешім қабылданғанға дейін 1 (бір) жылдан бұрын аспайтын кезеңде бұрын қаржы ұйымының (банктік немесе сақтандыру холдингінің) басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі (атқарушы органның және оның орынбасарының функцияларын жеке дара жүзеге асыратын тұлға) бас бухгалтері, қаржы ұйымының жеке тұлға - ірі қатысушысы, заңды тұлға - ірі қатысушысының (банк, сақтандыру холдингінің) басшысы болғандығы туралы мәліметтер____________________________________________________________________

      (иә (жоқ),

      __________________________________________________________________________

      ұйымның атауы, қызметі, жұмыс кезеңі көрсетілсін)

      9. Үміткердің қатарынан төрт және одан да көп кезең бойы шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы төлеу бойынша дефолтқа жол берген не шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы төлеу бойынша берешегінің сомасы купондық сыйақының төрт еселенген және (немесе) одан да көп мөлшерін құрайтын не шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша негізгі борышты төлеу бойынша дефолттың мөлшері республикалық бюджет туралы заңда төлеу күніне белгіленген айлық есептік көрсеткіштен он мың есе асып түсетін соманы құрайтын дефолтқа жол берген бұрын қаржы ұйымының басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері, ірі қатысушы (ірі акционер) - жеке тұлға, ірі қатысушы (ірі акционер) - заңды тұлға - эмитенттің басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері болып табылғаны не болып табылмағаны туралы мәліметтер (Қордың басшы қызметкері лауазымына үміткер толтырмайды)________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________.

      (иә (жоқ), ұйымның атауы, лауазымы, жұмыс кезеңі көрсетілсін)

      10. Қаржы ұйымының, холдингтің, Қордың басшысы ретінде қаржы ұйымы, холдинг, Қор қызметінің мәселелері бойынша сотта істі қарау кезінде жауап беруші ретінде тартылды ма:____________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (иә (жоқ), күні, сотта істі қарау кезіндегі ұйымның, жауап берушінің атауы, қаралатын

      мәселе және сот шешімі көрсетілсін)

      11. Жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшелер және үміткердің растайтын құжаттармен қоса, құжаттарға қол қоюға уәкілеттіктері туралы мәліметтер (өзге басшы қызметкердің лауазымына үміткер толтырады)____________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      12. Үміткер тағайындалған (сайланған) күніне дейін үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағаны үшін жауапкершілікке не сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды ма (Қордың басшы қызметкері лауазымына үміткер толтырмайды)___________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (иә (жоқ), жауапкершілікке тарту негіздерін көрсете отырып,

      __________________________________________________________________________

      құқық бұзушылықтың, қылмыстың қысқаша сипаты

      __________________________________________________________________________

      тәртіптік жаза қолдану туралы актінің немесе сот шешімінің деректемелері

      көрсетілсін).

      Осы ақпаратты тексергенімді және оның толық және дәйекті болып табылатындығын растаймын, сондай-ақ іскерлік беделімнің мінсіз екендігін растаймын.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуге қажетті дербес деректерді жинау мен өңдеуге және заңмен қорғалатын құпиядан тұратын, ақпараттық жүйелердегі мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

      ________________________________________________________________________

                  (үміткер өз қолымен баспа әріптерімен толтырады).

      Қолы ____________________

Қаржы ұйымының, холдингтің, Қордың тәуелсіз директоры лауазымына үміткер толтырады:
Мен,______________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)
тәуелсіз директор лауазымына сайлау (тағайындау) үшін "Акционерлік қоғамдар туралы" 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген талаптарға сәйкес келетіндігімді растаймын.
Қолы________________________

      Күні _________________________

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 71 қаулысына
7-қосымша

"Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының басшы
қызметкерлерін сайлауға (тағайындауға) келісім беру" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандарты

      Ескерту. Алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 71 қаулысына
8-қосымша

"Мүлікті (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын
қоспағанда) бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жеке немесе
заңды тұлғаны аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. Алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 71 қаулысына
9-қосымша

"Банктің немесе банк холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандарты

      Ескерту. Стандарттың күші жойылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 35 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 71 қаулысына
10-қосымша

"Сақтандыру холдингінің немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандарты

      Ескерту. Стандарттың күші жойылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 35 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 71 қаулысына
11-қосымша

"Инвестициялық портфельді басқарушының iрi қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. Стандарттың күші жойылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 35 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 71 қаулысына
12-қосымша

"Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. 12-қосымшаның күші жойылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 71 қаулысына
13-қосымша

"Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 41 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 71 қаулысына
14-қосымша

"Инвестициялық пай қорлары пайларының шығарылымын мемлекеттік тіркеу"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. "Инвестициялық пай қорлары пайларының шығарылымын мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

      2) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген кезде – олар мемлекеттік тіркеуге ұсынылған күннен кейін 15 (он бес) жұмыс күні ішінде;

      2) көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарды қабылдау және беру бойынша қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.02.2019 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – пайлардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (бұдан әрі – куәлік) және көрсетілетін қызметті алушының мекенжайына ілеспе хатпен жіберілетін, инвестициялық пай қоры қағидаларының және басқарушы компания қызметінің талаптары мен тәртібін, басқарушы компанияның құрылымдық бөлімшелері мен қызметкерлерінің инвестициялық пай қорын құру, жұмыс істеуін қамтамасыз ету және жұмысын тоқтату жөніндегі қызметін реттейтін, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келетін ішкі құжаттарының бір данасы, егер көрсетілген құжаттар осыған дейін көрсетілетін қызметті берушімен келісілмесе, көрсетілетін қызметті берушінің олармен келісуі туралы белгісімен (инвестициялық пай қорлары пайларының шығарылымын мемлекеттік тіркеген кезде) не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті қағаз жеткізгіште алуға өтініш берген жағдайда нәтиже электрондық форматта ресімделеді, қағазға басылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының не тиісті сенімхаттың негізінде қол қою құқығы берілген адамның қолымен расталады.

      Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      7. Мемлекеттік қызмет ақысыз негізде көрсетіледі.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінікі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі - жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;

      өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру кестесі – сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін;

      2) порталдікі – жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

      Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады.

      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.02.2019 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      көрсетілетін қызметті берушіге:

      1) ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім бар еркін нысанда жасалған өтініш;

      2) басқарушы компанияның жарғысына сәйкес оның директорлар кеңесі немесе акционерлерінің жалпы жиналысы (барлық дауыс беретін акцияларды иеленуші жалғыз акционері) қабылдаған инвестициялық пай қорын құру туралы шешімнің көшірмесі;

      3) басқарушы компанияның жарғысына сәйкес оның директорлар кеңесi немесе акционерлерiнің жалпы жиналысы (дауыс беретiн барлық акцияларды иеленушi жалғыз акционерi) бекiткен қор қағидалары (екi данада);

      4) егер көрсетілген құжаттар бұрын көрсетілетін қызметті берушімен келісілмеген болса, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін басқарушы компания қызметінің талаптары мен тәртібін, басқарушы компания құрылымдық бөлімшелерінің және қызметкерлерінің инвестициялық пай қорын құру, қамтамасыз ету, оның жұмыс істеуі және жұмысын тоқтату бойынша қызметін регламенттейтін ішкі құжаттары (екі данада).

      Порталда:

      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

      2) электрондық сұрау салуға қоса берілетін осы тармақтың бірінші бөлігінің 2), 3) (құжаттардың PDF форматындағы электрондық көшірмелері түрінде), 4) тармақшаларында (электрондық құжаттар түрінде) көрсетілген құжаттар.

      Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 07.02.2019 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      10. Мыналар:

      1) ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      2) инвестициялық пай қорының қағидаларында, оларға енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларда және келісуге ұсынылған өзге де құжаттарда қайшы келетін немесе анық емес мәліметтердің болуы;

      3) басқарушы компанияның қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тартуға негіз болып табылады.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша
шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.

      Мыналардың:

      1) жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты (ол болған кезде), пошталық мекенжайы көрсетіледі;

      2) заңды тұлғаның шағымында оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.

      Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.

      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға алынатын жауаптың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралады.

      Портал арқылы өтініш берген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе 1414 телефоны арқылы алуға болады.

      Шағым портал арқылы жіберілген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинеттен" шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің шағымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

      12. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық
нысанда көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып
қойылатын өзге талаптар

      13. Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

      14. Көрсетілетін қызметті алушының порталдағы "жеке кабинеті" арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығынан мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар.

      15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 71 қаулысына
15-қосымша

"Акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. 15-қосымшаның күші жойылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 71 қаулысына
16-қосымша

"Облигацияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. Стандарт алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.08.2019 № 132 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 71 қаулысына
17-қосымша

"Актуарийлерден біліктілік емтиханын қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандарты

      Ескерту. Стандарт алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.08.2019 № 132 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 71 қаулысына
18-қосымша

"Кредиттік тарихтардың деректер базасын басқару жүйесін кредиттік бюроның өнеркәсіптік пайдалануына енгізу актісін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Кредиттік тарихтардың деректер базасын басқару жүйесін кредиттік бюроның өнеркәсіптік пайдалануына енгізу актісін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін жіберу:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

      2) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш бергенде – кредиттік тарихтардың деректер базасын басқару жүйесін кредиттік бюроның өндірістік пайдалануына енгізу бойынша қажетті іс-шараларды орындауына тексеру жүргізу туралы өтініш берілген күнінен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде;

      2) көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарды қабылдау және беру бойынша қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут.

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартуды береді.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушыға кредиттік тарихтардың деректер базасын басқару жүйесін кредиттік бюроның өндірістік пайдалануына енгізу актісін (бұдан әрі – енгізу актісі) беру туралы хатты жіберу осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 11-тармағында көзделген негіз бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді бас тарту.

      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті қағаз жеткізгіште алуға өтініш берген жағдайда, нәтиже электрондық форматта ресімделеді, қағазға басылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолымен расталады.

      Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      7. Мемлекеттік қызмет ақысыз негізде көрсетіледі.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі - жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;

      өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру кестесі – сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін;

      2) порталдікі – жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін жіберу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтініш берген кезде:

      көрсетілетін қызметті берушіге:

      ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісімі бар ерікті нысанда жасалған өтініш беріледі.

      10. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету үшін порталға өтініш берген кезде көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу жіберіледі.

      Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

      11. Көрсетілетін қызметті алушының "Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы" 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-1-бабы 3-тармағының талаптарын, сондай-ақ кредиттік тарихтардың деректер қорын және аталған ақпараттық жүйелерді қорғау құралдарын жасау үшін пайдаланылатын ақпараттық жүйелерді қалыптастыру және пайдалану кезінде қолданылатын бағдарламалық қамтамасыз етуді қорғау бойынша ұйымдастырушылық, техникалық шарларды және технологиялық талаптарды орындамауы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіз болып табылады.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібі

      12. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.

      Заңды тұлғаның шағымында оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.

      Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.

      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға алынатын жауаптың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралады.

      Портал арқылы өтініш берген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе 1414 телефоны арқылы алуға болады.

      Шағым портал арқылы жіберілген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинеттен" шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің шағымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес жұмыс) күні ішінде қаралады.

      13. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте сотқа жүгінуге құқығы бар.

4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге талаптар

      14. Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

      15. Көрсетілетін қызметті алушының порталдағы "жеке кабинет", сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар.

      16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті берушінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 71 қаулысына
19-қосымша

"Инвестициялық пай қорларының пайларын орналастыру
қорытындылары туралы есепті бекіту"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандарты

      Ескерту. Стандарт алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.08.2019 № 132 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 71 қаулысына
20-қосымша

"Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңына
рұқсат алған бағалы қағаздар эмитенттерінің қаржылық
есептілігінің аудитіне шығындарды өтеу" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. Алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 71 қаулысына
21-қосымша

"Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының қатысушы заңды
тұлғаларын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу)"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандарты

      Ескерту. Алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 71 қаулысына
22-қосымша

"Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығында қызметті жүзеге
асыру үшін Қазақстан Республикасының аумағына келген
шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға виза беру туралы
қолдаухат" мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандарты

      Ескерту. Алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 71 қаулысына
23-қосымша

"Мемлекеттік органдарға беру үшін Алматы қаласы өңірлік қаржы
орталығы қатысушыларының құжаттамасын ағылшын тілінен қазақ
және орыс тілдеріне аудару" мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандарты

      Ескерту. Алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 71 қаулысына
24-қосымша

"Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға банкноталарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. 24-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 07.02.2019 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға банкноталарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:

      лицензия берген кезде – 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде;

      лицензияны қайта ресімдеген кезде – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;

      көрсетілетін қызметті алушы бөлініп шығу және бөлу нысанында қайта ұйымдастырылған жағдайда лицензияны қайта ресімдеген кезде – 30 (отыз) жұмыс күнінен кешіктірмей;

      лицензияның телнұсқаларын берген кезде – 2 (екі) жұмыс күні ішінде.

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартуды береді.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған).

      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – лицензия беру, лицензияны қайта ресімдеу, телнұсқасын беру не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 11-тармағында көзделген жағдайларда мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту.

      Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

      Порталда көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      7. Мемлекеттік қызмет ақылы негізде көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым төленеді:

      1) аталған қызмет түрімен айналысу құқығына лицензия беру кезіндегі лицензиялық алым 400 (төрт жүз) айлық есептік көрсеткішті құрайды;

      2) лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алым лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 (он) пайызын құрайды;

      3) лицензияның телнұсқасын беру үшін лицензиялық алым лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 (он) пайызын құрайды.

      Лицензиялық алымды төлеуді екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар қолма-қол ақша немесе қолма-қол ақшасыз нысанда "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы жүзеге асырады.

      8. Жұмыс кестесі: порталдікі - жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.

      Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа күндері, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі - жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

      9. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      лицензия алу үшін:

      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

      2) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы ақы төлеу жағдайларын қоспағанда, қызметтің жеке түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжат;

      3) көрсетілетін қызметті алушы жарғысының нотариат куәландырған көшірмесі;

      4) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8080 болып тіркелген "Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың үй-жайларын күзетуді және жайластыруды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 250 қаулысымен бекітілген Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың үй-жайларын күзетуді және жайластыруды ұйымдастыру қағидаларының 40-тармағының бірінші бөлігінде көзделген банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау бойынша операцияларды жүзеге асыру үшін қажетті үй-жайларды жалдау туралы шарт немесе үй-жайларға құқық белгілейтін құжат;

      5) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1549 болып тіркелген "Қазақстан Республикасында автомобильдiк инкассаторлық тасымалды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 20 сәуірдегі № 110 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында автомобильдiк инкассаторлық тасымалды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықта көзделген талаптарға сәйкес келетін көрсетілетін қызметті алушының меншік құқығындағы кемінде 2 (екі) көлік құралын тіркеу туралы куәлік;

      6) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының атқарушы органының бірінші басшысы туралы мәліметтер.

      Лицензияның телнұсқасын алу үшін (егер бұрын берілген лицензия қағаз нысанда ресімделген болса):

      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

      2) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы ақы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензияның телнұсқасын беру үшін лицензиялық алымға төленгені туралы құжат.

      Лицензияны қайта ресімдеу үшін:

      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

      2) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы ақы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензияны қайта ресісмдеу үшін лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжат;

      3) ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде бар құжаттарды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеуге негіз болып табылатын өзгерістер туралы ақпаратты құрайтын құжаттардың көшірмелері.

      10. Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағы бірінші бөлігінің 2), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында (PDF форматындағы құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде) көрсетілген құжаттар электрондық сұрау салуға қоса тіркеледі.

      Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, лицензиялық алым сомасының төленгені ("электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлеген жағдайда) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

      11. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту:

      1) Қазақстан Республикасының заңдарында заңды тұлғалардың осы санаты үшін тыйым салынған қызмет түрімен айналысқан;

      2) лицензиялық алым енгізілмеген;

      3) көрсетілетін қызметті алушы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11772 болып тіркелген "Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензия беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 25 ақпандағы № 22 қаулысымен бекітілген Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензия беру қағидаларының 3-тармағында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келмеген;

      4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты лицензиялануға тиіс қызметті немесе қызметтің жекелеген түрлерін тоқтата тұру немесе тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімі (үкімі) болған;

      5) сот орындаушысының ұсынысы негізінде сот көрсетілетін қызметті алушы борышкерге уақытша лицензия беруге тыйым салынған;

      6) өтініш беруші лицензия алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) ондағы деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталған жағдайларда жүзеге асырылады.

      Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағының үшінші бөлігінде көрсетілген құжаттар тиісінше ресімделмеген жағдайда көрсетілетін қызметті беруші лицензияны қайта ресімдеуден бас тартады.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 4-тармағында көзделген мерзімдерде жүзеге асырылады.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібі

      12. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану мына мекенжай бойынша: 050040, Алматы қаласы, "Көктем-3" ықшам ауданы, 21-үйге көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.

      Заңды тұлғаның шағымында оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.

      Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.

      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен шағымы оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралады.

      Портал арқылы өтініш берген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе 1414 телефоны арқылы алуға болады.

      Шағым портал арқылы жіберілген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинеттен" өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, шағымды қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.

      Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен шағымы оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралады.

      13. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге талаптар

      14. Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

      15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы "жеке кабинеті" арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

      16. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті берушінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

  "Банк операцияларының
жекелеген түрлерін жүзеге
асыратын ұйымдарға
банкноталарды, монеталарды
және құндылықтарды
инкассациялауға лицензия беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
қосымша

Көрсетілетін қызметті алушының атқарушы органының бірінші басшысы туралы мәліметтер ____________________________________________________________________ (көрсетілетін қызметті алушының атауы және басшының лауазымы көрсетіледі) Жалпы мәліметтер:

Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі

_________________________________________________________
_________________________________________________________
_________________________________________________________ (бірінші басшының жеке басын куәландыратын құжатқа сәйкес)

Туған күні және жері

________________________________________________________
________________________________________________________
________________________________________________________

Тұрақты тұратын жері, телефон нөмірлері

________________________________________________________
________________________________________________________
_________________________________________________________ (толық мекенжайын, елді мекеннің кодын қоса алғанда, ұялы, қызметтік, үй телефондарының нөмірлерін көрсету керек)

Еңбек қызметі туралы мәліметтер:

Жұмыс кезеңі (ай, жыл)

Ұйымның атауы, атқарған қызметі және лауазымдық міндеттері, ұйымның координаттары

Басқа мәліметтер:

Меншікке қарсы, экономикалық қызмет саласындағы қылмыстары, коммерциялық және өзге ұйымдардағы қызмет мүдделеріне қарсы қылмыс, сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстары үшін өтелмеген немесе заңда белгіленген тәртіппен алынбаған соттылығының болуы (Қазақстан Республикасының бейрезиденттері үшін)

Иә (жоқ)
(өтелмеген соттылығы болған кезде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің бабын, үкім шығарылған күнді және нөмірін көрсету керек)

      Мен ______________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

      осы ақпаратты мұқият тексергенімді және оның дұрыс және толық екенін растаймын,

      __________________________

      (қолы, күні).

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 71 қаулысына
25-қосымша

"Банк ашуға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. Стандарттың күші жойылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 36 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 71 қаулысына
26-қосымша

"Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға банк операцияларына лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. 26-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға банк операцияларына лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін жіберу:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

      2) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш бергенде:

      лицензия берген кезде – 30 (отыз) жұмыс күні ішінде;

      лицензияны қайта ресімдеген кезде – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;

      көрсетілетін қызметті алушы бөлініп шығу немесе бөлу нысанында қайта құрылған жағдайда лицензияны қайта ресімдеген кезде – 30 (отыз) жұмыс күнінен кешіктірмей;

      лицензияның телнұсқаларын беру кезінде – 2 екі) жұмыс күні ішінде;

      2) құжаттарды қабылдау және беру бойынша көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартуды береді.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – лицензия беру, лицензияны қайта ресімдеу, телнұсқасын беру не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 16 және 17-тармақтарында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың дәлелді жауабы.

      Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық. Көрсетілетін қызметті алушы лицензияны қағаз жеткізгіште алуға өтініш берген жағдайда лицензия электрондық нысанда ресімделеді, қағазға басылады және көрсетілетін қызметті берушінің мөрімен және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолымен расталады.

      Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      7. Мемлекеттік қызмет ақылы негізде көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензияның берілгені үшін лицензиялық алым (әрбір банктік операция үшін жеке) төленеді:

      1) осы қызмет түрімен айналысу құқығына лицензия берілгені үшін лицензиялық алым 400 (төрт жүз) айлық есептік көрсеткішті құрайды;

      2) лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алым лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 (он) пайызын құрайды;

      3) лицензияның телнұсқасын беру үшін лицензиялық алым лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 (он) пайызын құрайды.

      Лицензиялық алымды төлеу екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол ақшамен немесе қолма-қол ақшасыз нысанда, сондай-ақ "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылады.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 07.02.2019 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінікі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі - жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;

      өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру кестесі – сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін;

      2) порталдікі – жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін жіберу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

      Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады.

      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 07.02.2019 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы лицензия алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      2) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, қызметтің жекелеген түрлерiмен айналысу құқығына лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшірмесі;

      3) жарғының көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын бермеген жағдайда, нотариат куәландырған көшірмесі);

      4) барлық жоспарланып отырған банк операциялары бойынша лицензияны алу мақсаттарын, көрсетілетін қызметті алушы бағдарланып отырған нарықтың сегментін айқындауды, қызмет түрлерін, маркетинг жоспарын (клиентураны қалыптастыру), ұйымның қызметін қаржыландыру көздерін, алғашқы үш қаржы (операциялық) жылындағы пайда мен шығындар болжамын ашып көрсететін және көрсетілетін қызметті алушының өз қызметінің жоспарларына сәйкес келетін ұйымдық құрылымы бар екенін көрсететін бизнес-жоспар;

      5) Қазақстан Республикасының банк заңнамасының талаптарына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының банк операцияларын жүргізудің жалпы шарттары туралы қағидалар;

      6) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес электрондық және қағаз жеткізгіштердегі банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын емес ұйымның атқарушы органның бірінші басшысы мен бас бухгалтері туралы мәліметтер;

      7) құжаттарды ұсынған күннің алдындағы күнгі жағдай бойынша осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 3-қосымшасына сәйкес акционерлер (қатысушылар) туралы мәліметтер;

      8) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүргізетін филиалдардың (осындайлар болған кезде) тізімі және осындай филиалдар туралы ережелердің нотариат куәландырған көшірмелер;

      9) жарғылық капиталдың ең төмен мөлшерінің толық төленгендігін растайтын құжаттар - төлем тапсырмалары, кассалық кіріс ордерлері (акционерлік қоғамның ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлғаларды қоспағанда).

      Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 07.02.2019 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      10. Көрсетілетін қызметті алушы-ипотекалық ұйымдар лицензия алу үшін осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттардан басқа қосымша мыналарды:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес электрондық және қағаз жеткізгіштердегі директорлар кеңесінің бірінші басшысы мен мүшелері, атқарушы органның мүшелері туралы мәліметтерді;

      2) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 34-бабына сәйкес әзірленген ішкі кредиттік саясат туралы қағидаларды;

      3) ішкі аудит туралы ережені ұсынады.

      11. Көрсетілетін қызметті алушы-қор биржасы, орталық депозитарий лицензия алу үшін осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағының 1), 2), 4) және 5) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды ұсынады.

      12. Көрсетілетін қызметті алушы-агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдингінің еншілес ұйымы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттардан басқа қосымша мыналарды:

      1) Заңның 34-бабына сәйкес әзірленген ішкі кредиттік саясат туралы қағидаларды;

      2) ішкі аудит туралы ережені (акционерлік қоғамның ұйымдастыру-құқықтық нысанында құрылған заңды тұлғалар үшін) ұсынады.

      13. Көрсетілетін қызметті алушы лицензияның телнұсқасын (егер бұрын берілген лицензия қағаз нысанында ресімделген болса) алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) еркін нысанда жазылған өтініш;

      2) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензияның телнұсқасын беру кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшірмесі.

      14. Көрсетілетін қызметті алушы лицензияны қайта ресімдеуге көрсетілетін қызметті берушіге өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысанындағы өтініш;

      2) қызметтің лицензияланатын түрінен бір немесе одан көп банк операциясын алып тастаған жағдайда лицензияның түпнұсқасы (егер бұрын берілген лицензия қағаз нысанында ресімделсе);

      3) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеген кезде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшірмесі;

      4) ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде бар құжаттарды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеуге негіз болатын өзгерістер туралы ақпараттан тұратын құжаттардың көшірмелері.

      15. Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      лицензия алу үшін:

      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

      2) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алымды төлеу туралы құжат (құжаттың электрондық көшірмесі түрінде);

      3) электрондық сұрау салуға қоса тіркелетін, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағының 3), 4), 5), 6), 8) және 9) ( PDF форматындағы құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде) және 7) (көрсетілетін қызметті алушының акционері (қатысушысы) басшысының ЭЦҚ-сымен және көрсетілетін қызметті алушы акционерінің (қатысушысының) ЭЦҚ-сымен расталған осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 3-қосымшасына сәйкес мәліметтер нысаны түрінде) тармақшаларында көрсетілген құжаттар;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10, 11 және 12-тармақтарында PDF форматындағы құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде, олар электрондық сұрау салуға қоса тіркеледі.

      Лицензияның телнұсқасын алу үшін (егер бұрын берілген лицензия қағаз нысанында ресімделсе):

      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

      2) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензияның телнұсқасын беру кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымды төлеу туралы құжат (құжаттың электрондық көшірмесі түрінде).

      Лицензияны қайта ресімдеу үшін:

      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

      2) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі (құжаттың электрондық көшірмесі түрінде);

      3) ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде бар құжаттарды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу үшін негіз болатын өзгерістер туралы ақпараттан тұратын құжаттардың көшірмелері (PDF форматындағы құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде).

      Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, лицензия туралы, лицензиялық алым сомасының төленгені туралы ("электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлеген жағдайда) мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9, 10 және 12-тармақтарында көрсетілген бірнеше парақтан тұратын құжаттар нөмірленіп, тігіліп және соңғы парағының сырт жағына тігістің түйініне жапсырылған, тігілген парақтар саны көрсетілген жапсырманың үстіне жартылай баса отырып ұсынылады. Құжаттардың көшірмелері көрсетілетін қызметті алушының осындай құжаттарға қол қою құқығы бар лауазымды адамдарының қолымен расталады.

      Ескерту. 15-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 07.02.2019 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      16. Мыналар:

      1) мына талаптардың кез келгенін сақтамау:

      банк операцияларын жүргізуге лицензия алу үшін көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап 1 (бір) жыл ішінде барлық ұйымдастыру-техникалық іс-шараларды орындауға, оның ішінде қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес келетін үй-жайды, жабдықты және бухгалтерлік есепке алуды және бас бухгалтерлік кітапты автоматтандыру жөніндегі бағдарламалық қамтамасыз етуді дайындауға, тиісті қызметкерлерді жалдауға тиіс;

      2) табыс етілген құжаттардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуі;

      3) заңды тұлғалардың осы санаты үшін Қазақстан Республикасының заңдарында қызмет түрімен айналысуға тыйым салынуы;

      4) қызмет түріне лицензия алуға өтініш берген жағдайда қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның енгізілмеуі;

      5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың лицензиялануға жататын қызметті немесе қызметтің жекелеген түрлерін тоқтата тұру немесе тыйым салу туралы заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;

      6) сот орындаушысының ұсынысы негізінде соттың борышкер көрсетілетін қызметті алушыға лицензия беруге уақытша тыйым салуы мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуден бас тартуға негіз болып табылады.

      17. Көрсетілетін қызметті беруші осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген құжаттарды тиісінше ресімдемеген жағдайда лицензияны қайта ресімдеуден бас тартады.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      18. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 20-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.

      Заңды тұлғалардың шағымында оның атауы, пошталық мекенжайы,шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға алынатын жауаптың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралады.

      Портал арқылы өтініш берген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе 1414 телефоны арқылы алуға болады.

      Шағым портал арқылы жіберілген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинеттен" шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің шағымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралады.

      19. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге талаптар

      20. Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

      21. Көрсетілетін қызметті алушының порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар.

      22. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті алушының www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

  "Банк операцияларының
жекелеген түрлерін жүзеге
асыратын ұйымдарға банк
операцияларына лицензия беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына
1-қосымша
  Нысан
  Кімге_______________________
(көрсетілетін қызметті
берушінің толық атауы)
Кімнен______________________
(көрсетілетін қызметті
алушының толық атауы)

Өтініш

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 07.02.2019 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Мынадай банк операцияларын жүзеге асыруға лицензия беруіңізді өтінемін:

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (валютаның түрін көрсету (ұлттық және (немесе) шетел).

      Көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтер:

      1. Көрсетілетін қызметті алушының орналасқан жері

      ____________________________________________________________________

      (индекс, облыс, қала, аудан, көше, үйдің нөмірі)

      ____________________________________________________________________

      (телефон, факс нөмірі)

      2. Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нөмірі мен күні және қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган белгілеген жарғылық капиталдың ең төмен мөлшері

      _________________________________________

      3. Жіберілетін құжаттардың тізбесі, олардың әрқайсысы бойынша даналар мен

      парақтар саны:

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Көрсетілетін қызметті алушы өтінішке қоса берілген құжаттардың (ақпараттың) дәйектілігін толық растайды. Ақпарат жүйелеріндегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтердің пайдаланылуына келісем беремін.

      Өтінішті беруге уәкілетті адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), лауазымы

      ____________________________________________________________________

                        (қолы)

      20__ жылғы "___" _____________

  "Банк операцияларының жекелеген
түрлерін жүзеге асыратын
ұйымдарға банк операцияларына
лицензия беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша

Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның атқарушы органының бірінші басшысы және бас бухгалтері туралы
мәліметтер

      _______________________________________________________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушы қызметкерінің лауазымы және көрсетілетін қызметті

                              алушының атауы көрсетіледі)

      1. Жалпы мәліметтер:

Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

_________________________________________________
_________________________________________________
(жеке басын куәландыратын құжатқа толық сәйкес келуге тиіс, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) өзгерген жағдайда оның қай уақытта және қандай себеппен өзгертілгені көрсетілсін)

Туған күні және туған жері

_________________________________________________

Тұрақты тұрғылықты жері, телефон нөмірлері

_________________________________________________
_________________________________________________
(елді мекеннің кодын қоса алғанда, толық мекенжайы, қызметтік, үй, байланыс телефондары көрсетілсін)

Азаматтығы

_________________________________________________

Жеке басын куәландыратын құжаттың толық деректемелері

_________________________________________________
_________________________________________________
_________________________________________________

      Жақын туыстары (ата-анасы, ері (зайыбы), ағасы-інісі, апасы-сіңлісі, балалары),

      сондай-ақ жекжаттары (ерінің (зайыбының) ата-анасы, ағасы-інісі, апасы-сіңлісі, балалары)

      туралы мәліметтер:

Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

Туған жылы

Туыстық қатынастары

Жұмыс орны мен қызметі

1
2

      Көрсетілетін қызметті алушының өзге заңды тұлғаларды құруға және оның қызметіне

      қатысушы, акционер ретінде қатысуы туралы мәліметтер:

Заңды тұлғаның атауы мен тұрғылықты жері

Заңды тұлға қызметінің жарғылық түрлері

Көрсетілетін қызметті алушының заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі, акциялар саны және көрсетілетін қызметті алушыға тиесілі акциялардың заңды тұлғаның дауыс беретін акцияларының жалпы санына пайыздық ара-қатынасы

      2. Кәсіби деректер:

Білімі, оның ішінде жұмыс бейініне сәйкес келетін кәсіби білімі

______________________________________________________
______________________________________________________
(оқу орнының, факультеттің немесе бөлімшенің атауы мен тұрғылықты жері, оқу кезеңін, берілген біліктілігі, білімі туралы дипломның деректемелері көрсетілсін)

Қосымша білімі, оның ішінде жұмыс істейтін саласындағы біліктілікті арттыру курстары, ғылыми дәрежесі

______________________________________________________
______________________________________________________
(оқу орнының атауы мен орналасқан жері, оқу кезеңі, білімі туралы дипломның, сертификаттың, куәліктің деректемелері көрсетілсін)

Қаржылық қызмет көрсету саласындағы жұмыс тәжірибесі

______________________________________________________
______________________________________________________
(қаржы ұйымдарындағы жұмыс істеген жылдарының
саны, қызмет түрлері бойынша аудитор,
бухгалтер қызметін атқаруы көрсетілсін)

Басшы қызметіндегі жұмыс тәжірибесі

_______________________________________________________
_______________________________________________________
(бар жұмыс тәжірибесі сипатталады: қызметтік міндеттер, кәсіби дағдылары)

Қол жеткізген жетістіктері

______________________________________________________
______________________________________________________
(осы мәселе бойынша ақпаратты, мысалы, ғылыми жарияланымдардың атауы көрсетілсін,
ғылыми әзірлемелерге, заң жобаларына қатысу және т.б.)

Осы мәселеге қатысты басқа ақпарат

_______________________________________________________
_______________________________________________________
(кандидаттың кәсіби біліктілігін сипаттайтын ақпарат көрсетіледі)

      Еңбек қызметі туралы мәліметтер:

Жұмыс кезеңі
(ай және (немесе) жыл)

Ұйымның атауы, атқаратын қызметі және қызметтік міндеттері, ұйымның координаттары

      3. Басқа мәліметтер:

Экономикалық қызмет саласында жасаған қылмыстары үшін, мемлекеттік қызмет және мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы жасаған сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстары үшін заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығының болуы (Қазақстан Республикасының бейрезиденттері үшін)

Иә немесе жоқ
(егер Иә десе, онда қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы үкімнің күні мен нөмірі, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің бабы көрсетілсін)

Қадағалау органдарының Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін қызметтік міндетті орындаудан шеттетуі туралы деректердің болуы

Иә немесе жоқ
(егер "иә" десе, онда осы шараны қолданған органның атауы және күні көрсетілсін)

Бұрын банкрот болып танылған не оған қатысты лицензиядан айыру, мәжбүрлеп тарату, консервациялау, акцияларды мәжбүрлеп сатып алу туралы шешім қабылдан қаржы ұйымының басшы қызметкері болып табылған

Ұйымның атауы, қызметі, жұмыс кезеңі

Қаржы ұйымының басшысы ретінде қаржылық қызмет көрсету мәселелері бойынша сот талқылауына жауапкер ретінде тартылды ма

(сот талқылауындағы жауапкер ұйымның атауы мен күні, қаралатын мәселе және соттың шешімі көрсетілсін

Осы мәселеге қатысты басқа да ақпарат

(ерікті түрде көрсетіледі)

      Мен (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)) , ______________________, осы ақпаратты мұқият тексергенімді және шынайы әрі толық болып табылатынын растаймын. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін _____________________ (қолы, күні).

  "Банк операцияларының
жекелеген түрлерін жүзеге
асыратын ұйымдарға банк
операцияларына лицензия беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына
3-қосымша
  Нысан

Көрсетілетін қызметті алушының акционері (қатысушысы) туралы мәліметтер (заңды тұлға үшін)

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 07.02.2019 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      ____________________________________________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушының толық атауы)

      1. Көрсетілетін қызметті алушының акционері (қатысушысы)

      ____________________________________________________________________

      (толық атауы)

      Орналасқан жері _____________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (пошталық индексі, мекенжайы)

      Байланыс деректемелері

      ____________________________________________________________________

      (телефон және факс нөмірлері, электрондық пошта мекенжайы (ол бар болса)

      Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтер) ______________________

      ____________________________________________________________________

      (құжаттың атауы, нөмірі және берілген күні, кім берді)

      Қазақстан Республикасының резиденті немесе бейрезиденті ___________

      Негізгі қызмет түрі _______________________________________

      2. Акционерге тиесілі көрсетілетін қызметті алушының дауыс беретін акциялары санының көрсетілетін қызметті алушының дауыс беретін акцияларының жалпы санына пайыздық арақатынасы немесе көрсетілетін қызметті алушының жарғылық капиталына қатысу үлесі___________________

      ____________________________________________________________________

      3. Көрсетілетін қызметті алушының акцияларын төлеу үшін (көрсетілетін қызметті алушының жарғылық капиталына қатысу үлесіне) ақшаны енгізер алдындағы көрсетілетін қызметті алушы акционерінің (қатысушысының) меншікті капиталының мөлшері және көрсетілетін қызметті алушының акцияларын төлеу үшін (көрсетілетін қызметті алушының жарғылық капиталына қатысу үлесіне) енгізілген сома

      ________________________________________________________________

      4. Заңды тұлғалардың толық атауын және орналасқан жерін көрсете отырып, көрсетілетін қызметті алушы акционерінің (қатысушысының) қатысушы, акционер ретінде өзге заңды тұлғаларды құруға және қызметіне қатысуы туралы мәліметтер:___________________________________________

      ____________________________________________________________________

      5. Ұйымдардың толық атауларын, орналасқан жерін көрсете отырып, көрсетілетін қызметті алушының акционері (қатысушысы) қатысатын өнеркәсіптік, банктік, қаржылық топтары, холдингтері, концерндері, қауымдастықтары, консорциумдары туралы мәліметтер

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      6. Көрсетілетін қызметті алушы акционерінің (қатысушысының) басшысы туралы мәліметтер:___________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

      Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалауға келісім беремін.

      20__ жылғы "___"_____________

      Көрсетілетін қызметті алушының акционері (қатысушысы) басшысының

      қолы ________

  Нысан

      Көрсетілетін қызметті алушының акционері (қатысушысы) туралы мәліметтер

      (жеке тұлға үшін)

      ___________________________________________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушының толық атауы)

      1. Көрсетілетін қызметті алушының акционері (қатысушысы _________

      ___________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

      Туған күні мен жылы_________________________________________________

      Азаматтығы ________________________________________________________

      Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері_________________________

      ___________________________________________________________________

      (құжаттың атауы, нөмірі, сериясы және берілген күні, кім берді)

      Тұрғылықты жері ____________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (пошталық индексі, мекенжайы)

      Байланыс деректемелері______________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (телефон нөмірі, электрондық пошта мекенжайы)

      Жұмыс орны (мекенжайы көрсетіле отырып), лауазымы____________________

      2. Акционерге тиесілі көрсетілетін қызметті алушының дауыс беретін акциялары санының көрсетілетін қызметті алушының дауыс беретін акцияларының жалпы санына пайыздық ара қатынасы немесе көрсетілетін қызметті алушының жарғылық капиталына қатысу үлесі

      ____________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      3. Заңды тұлғалардың толық атауын және орналасқан жерін көрсете отырып, көрсетілетін қызметті алушы акционерінің (қатысушысының) қатысушы, акционер ретінде өзге заңды тұлғаларды құруға және қызметіне қатысуы туралы мәліметтер

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті дербес деректерімді жинау мен өңдеуге және ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      20__ жылғы "___"_____________

      Көрсетілетін қызметті алушы акционерінің (қатысушысының)

      қолы ___________

  "Банк операцияларының жекелеген
түрлерін жүзеге асыратын
ұйымдарға банк операцияларына
лицензия беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
4-қосымша
  Нысан

      Кімге __________________________________________________________________________

                        (көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы)

      Кімнен__________________________________________________________________________

                        (көрсетілетін қызметті алушының толық атауы)

      ________________________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________________________________________________________________________________________байланысты

                  (лицензияны қайта ресімдеудің себебі көрсетіледі)

      ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

                  (лицензияның атауы және валюта түрі (ұлттық және (немесе шетел)

      _____________________________________________лицензиясын қайта ресімдеуді сұраймын

      Көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтер:

      1. Көрсетілетін қызметті алушы орналасқан жері: _______________________________

      ________________________________________________________________________________

                  (индекс, облыс, қала, аудан, көше, үйдің нөмірі)

      ________________________________________________________________________________

                              (телефон, факс)

      3. Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нөмірі

      және күні және қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау

      жөніндегі уәкілетті орган белгілеген жарғылық капиталдың ең төмен мөлшері_____________

      ________________________________________________________________________________

      4. Жіберілетін құжаттар тізбесі, олардың әрқайсысы бойынша даналар мен парақтар

      саны: ___________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Көрсетілетін қызметті алушы өтінішке қоса берілген құжаттардың (ақпараттың)

      дәйектілігі үшін толық жауапкершілік атқарады.

      Ақпарат жүйелеріндегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтердің

      пайдаланылуына келісем беремін.

      Өтініш беруге уәкілетті адамның тегі, аты, бар болса – әкесінің аты, лауазымы:

      _______________________________________________________________________________

      __________________

            (қолы)

      20__ жылғы " ___ " _____________

      Өтініш иесінің акционерінің (қатысушысының) қолы __________

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 71 қаулысына
27-қосымша
 
"Ислам банктері жүзеге асыратын банктік және өзге операцияларды жүргізуге арналған лицензияны беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. Стандарттың күші жойылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 36 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 71 қаулысына
28-қосымша

"Банктерге банк операцияларын және Қазақстан Республикасының
банк заңнамасында көзделген өзге де операцияларды жүргізуге
лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандарты

      Ескерту. Стандарттың күші жойылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 36 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
71 қаулысына
29-қосымша

"Банкті (банк холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. 29-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Банкті (банк холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) заңды тұлғаларға Банкі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін жіберу:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

      2) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап, сондай-ақ порталға өтініш бергенде – 2 (екі) ай ішінде;

      2) көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарды қабылдау және беру бойынша қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды алған кезден бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартуды береді.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушының атына көрсетілетін қызметті беруші Басқармасының тиісті қаулысының көшірмесін қоса бере отырып, банкті (банк холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру және көрсетілетін қызметті берушінің рұқсатын беру туралы хат не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап жіберу.

      Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті қағаз жеткізгіште алуға өтініш берген жағдайда, нәтиже электрондық форматта ресімделеді, қағазға басылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолымен расталады.

      Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      7. Мемлекеттік қызмет ақысыз негізде көрсетіледі.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінікі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа күндері 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;

      өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру кестесі – 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін;

      2) порталдікі – жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін жіберу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

      Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша банкті (банк холдингін) ерікті қайта ұйымдастыруға (біріктіруге, қосуға, бөлуге, бөліп шығаруға, қайта құруға) рұқсат алуға арналған өтінішхат;

      2) көрсетілетін қызметті алушының жоғары органының оны ерікті түрде қайта ұйымдастыру туралы шешiмi;

      3) көрсетілетін қызметті алушыны ерікті түрде қайта ұйымдастырудың болжамды талаптарын, нысандарын, тәртiбi мен мерзiмдерiн сипаттайтын құжаттар;

      4) көрсетілетін қызметті алушыны ерікті түрде қайта ұйымдастырғаннан кейiнгi және/немесе көрсетілетін қызметті алушыны ерікті түрде қайта ұйымдастыру нәтижесiнде құрылған заңды тұлғалардың есеп айырысу балансын қоса алғанда, ерікті түрде қайта ұйымдастыру салдарының қаржылық болжамы.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттардан басқа біріктіру нысанында ерікті қайта ұйымдастыруға рұқсат алу туралы өтінішхатқа қоса қайта ұйымдастырылатын банктердің атқарушы органдарының бірінші басшылары қол қойған біріктіру туралы шарт беріледі.

      10. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге көрсетілетін қызметті алушы - банкті ислам банкіне айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруды жүргізу үшін өтініш берген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша банкті ислам банкіне айналдыру нысанында оны ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру туралы өтініш;

      2) банкті ислам банкіне айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылданған көрсетілетін қызметті алушы - банк акционерлерінің жалпы жиналысының шешімі;

      3) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 52-15-баптарының талаптарына сәйкес келетін көрсетілетін қызметті алушы - банкті ислам банкіне айналдыру бойынша іс-шаралар жоспары;

      4) көрсетілетін қызметті алушы - банкті ислам банкіне айналдыру салдарының қаржылық болжамы (көрсетілетін қызметті алушы - банктің бухгалтерлік балансы болжамы және кірістері мен зияндары туралы есеп, көрсетілетін қызметті алушы - банктің пруденциалдық нормативтерінің есебі, оның ішінде көрсетілетін қызметті алушы - банкті ислам банкіне айналдыру аяқталғаннан кейін шоғырландырылған негіздегі есебі).

      Көрсетілетін қызметті алушы - банкті ислам банкіне айналдыру салдарының қаржылық болжамына мына көрсеткіштердің қысқамерзімді, ортамерзімді және ұзақмерзімді талдауы кіреді:

      айналдыру рәсімі аяқталғаннан кейін қаржылық есептілік негізінде меншік активтеріне және меншік капиталына тиімділігі (таза пайданың активтердің орташа мәніне және меншік капиталының орташа мәніне қатынасы);

      салалар, валюталар, қаржы құралдарының түрлері, айналдыру рәсімі аяқталғаннан кейін өтегенге дейінгі мерзім бойынша инвестициялық портфель құрылымы бойынша болжам;

      5) көрсетілетін қызметті алушы - банкті ислам банкіне айналдыру кезеңіне және ислам банкінің банктік және өзге де операциялар жүргізуге лицензия алғаннан кейінгі 3 (үш) жылға мынадай ақпараты бар бизнес-жоспар:

      көрсетілетін қызметті алушы - банктің мақсаттары мен міндеттерін және ислам банкінің банктік және өзге де операцияларының түрлерін сипаттау;

      көрсетілетін қызметті алушы - банк қызметін талдау (сыртқы және ішкі ортасын талдау);

      көрсетілетін қызметті алушы - банкті ислам банкіне айналдыру кезеңіне және банкті ислам банкіне айналдырғаннан кейінгі келесі 3 (үш) қаржы (операциялық) жылға банк қызметін даму стратегиясы мен көлемі;

      көрсетілетін қызметті алушы - банкті ислам банкіне айналдыру кезеңіне және көрсетілетін қызметті алушы - банкті ислам банкіне айналдырғаннан кейінгі келесі 3 (үш) қаржы (операциялық) жылға банктің егжей-тегжейлі жылдық қаржылық жоспары, оған негізгі қаржы көрсеткіштері, бюджет, бухгалтерлік баланс, кірістер мен зияндар туралы есеп, бизнес-жоспарды қаржыландырудың көздері мен көлемі кіреді;

      тәуекелдерді басқару жоспары (ислам банкінің қызметін жүзеге асыруға байланысты тәуекелдердің сипаттамасы және көрсетілетін қызметті алушы - банкті ислам банкіне айналдыру кезеңінде және көрсетілетін қызметті алушы - банкті айналдырғаннан кейін кейінгі 3 (үш) қаржы (операциялық) жылында оларды басқару тәсілдері) көрсетілетін қызметті алушы - банктің қызметін және оның қаржылық жай-күйін көрсетілетін қызметті алушы - банктің директорлар кеңесінің, басқарманың тарапынан тиімді бақылауды, оның ішінде мыналарды:

      корпоративтік басқарудың тиісті практикасын және іскерлік этика мен мәдениеттің тиісті деңгейін;

      көрсетілетін қызметті алушы - банктің және оның қызметкерлерінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауын;

      көрсетілетін қызметті алушы - банк капиталының ол қабылдайтын тәуекелдердің деңгейіне сәйкестігін қамтамасыз ету үшін тәуекелдерді уақтылы анықтау, өлшеу, бақылау және мониторингі арқылы көрсетілетін қызметті алушы - банктің тәуекелдерін тиімді басқаруды;

      көрсетілетін қызметті алушы - банктің және оның қызметкерлерінің қызметіндегі кемшіліктерді уақтылы анықтау мен жоюды;

      болжанбаған немесе төтенше жағдайларды шешу үшін көрсетілетін қызметті алушы - банкте барабар тетіктер құруды;

      көрсетілетін қызметті алушы - банктің қаржылық жағдайын жақсарту жөнiндегi іс-шаралардың (банктің меншікті капиталын пруденциялық нормативтер және басқа да сақталуы мiндеттi нормалар мен лимиттер орындалатын мөлшерге дейін қалпына келтіруге бағытталған шығыстарды төмендету жөніндегі шаралар, қосымша қаржылық салымдар (ақша сомасын жәе ақша салу көздерін көрсете отырып), қосымша кiрiстер алу жөнiндегi іс-шаралар және басқа да іс-шаралар) егжей-тегжейлі сипаттамасын;

      көрсетілетін қызметті алушы - банкті қаржылық қаржылық жағдайын жақсарту жөнiндегi iс-шаралардың күнтiзбелiк орындалу мерзiмдерiн;

      қаржылық жағдайын жақсарту жөнiндегi іс-шаралардың болжамды экономикалық нәтижесiн (пруденциялық нормативтердің өзгеру динамикасы, көрсетілетін қызметті алушы - банктің меншiктi капиталы мөлшерiнiң өзгеруі, көрсетілетін қызметті алушы - банктің қаржылық және басқа да көрсеткiштерiнiң өзгеруі) қамтамасыз ету арқылы жүзеге асыруды қамтамасыз ететін ақпаратты қамтиды.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттар көрсетілетін қызметті алушы - банктің осындай құжаттарға қол қою құқығы бар лауазымды адамдарының қолдарымен және көрсетілетін қызметті алушы - банктің мөр бедерімен (бар болса) расталады

      11. Көрсетілетін қызметті алушы - банкті ислам банкіне айналдыру нысанында ерікті қайта ұйымдастыру үшін ұсынылған құжаттарға ескертулер болған кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы - банкке осы ескертулерді көрсете отырып, пошта, факсимильді байланыс және (немесе) электрондық почта арқылы оларды жою мерзімін көрсетіп хат жібереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы - банк ұсынылған құжаттар бойынша көрсетілетін қызметті берушінің ескертулерін ол белгілеген мерзімде жоймаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағының 5) тармақшасында көзделген негіз бойынша көрсетілетін қызметті алушы – банкті ислам банкіне айналдыруға рұқсат беруден бас тартады.

      12. Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы өтініш берген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

      2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағының 2) және екінші бөлігінде (құжаттардың PDF форматтағы электрондық көшірмелері түрінде), 3) және 4) (электрондық құжат түрінде) тармақшаларында, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағының 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында (құжаттардың PDF форматтағы электрондық көшірмелері түрінде) көрсетілген электрондық сұрау салуға қоса тіркелетін құжаттар.

      Көрсетілетін қызметті беруші заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      13. Мыналар:

      1) қайта ұйымдастырылатын көрсетілетін қызметті алушылардың жоғары органдарының тиісті шешiмдерінің болмауы;

      2) болжанатын қайта ұйымдастыру нәтижесінде депозиторлар мүдделерінің бұзылуы;

      3) болжанатын қайта ұйымдастыру нәтижесінде пруденциялық нормативтердің және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің бұзылуы;

      4) болжанатын қайта ұйымдастыру нәтижесінде Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасы талаптарының бұзылуы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіз болып табылады.

      5) көрсетілетін қызметті берушінің ұсынылған құжаттар бойынша ескертулерін ол белгілеген мерзімде жоймауы;

      6) көрсетілетін қызметті алушы - банкті ислам банкіне айналдыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының Заңның 52-15-бабында көзделген талаптарға сәйкес келмеуі;

      7) бизнес-жоспардың осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағының 5) тармақшасында көзделген талаптарға сәйкес келмеуі;

      8) көрсетілетін қызметті алушы – банкті ислам банкіне айналдыру салдарларының қаржылық болжамында көрсетілетін қызметті алушы - банкті ислам банкіне айналдыру салдарынан көрсетілетін қызметті алушы - банктің қаржылық жай-күйі нашарлайтынын болжау;

      9) көрсетілетін қызметті алушы - банктің және (немесе) банк конгломератының пруденциялық нормативтерді және (немесе) басқа да сақталуы міндетті нормалар мен лимиттерді бұзуы және көрсетілетін қызметті алушы - банкке қатысты көрсетілетін қызметті алушы - банкті ислам банкіне айналдыруға рұқсат беру туралы өтінішті беру күнінің алдындағы қатарынан күнтізбелік 3 (үш) ай ішінде санкциялардың болуы;

      10) көрсетілетін қызметті алушы - банкті ислам банкіне болжамды айналдыру нәтижесінде көрсетілетін қызметті алушы - банк депозиторлары мүдделерінің бұзылуы негіз болып табылады.

      Осы тармақтың 5), 6), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көзделген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту негіздері банктің ислам банкіне айналуы нысанындағы ерікті түрде қайта ұйымдастыру жағдайында қолданылады.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      14. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігі) шағымдану көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 16-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша жазбаша түрде жүргізіледі.

      Заңды тұлғаның шағымында оның атауы, пошталық мекенжайы, жіберілген нөмірі мен күні көрсетіледі.

      Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.

      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға алынатын жауаптың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралады.

      Портал арқылы өтініш берген жағдайда, шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе 1414 телефоны арқылы алуға болады.

      Шағым портал арқылы жіберілген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинеттен" шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің шағымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 15 (он) бес жұмыс күні ішінде қаралады.

      15. Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге талаптар

      16. Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

      17. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы "жеке кабинеті" арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

      18. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

  "Банкті (банк холдингін) ерікті
түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат
беру" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
1-қосымша
  Нысан

      № ___ күні ____________

                                                      Қазақстан Республикасы

                                                      Ұлттық Банкінің Төрағасына

Банкті (банк холдингін) ерікті қайта ұйымдастыруға (біріктіруге, қосуға, бөлуге, бөліп шығаруға, қайта құруға) рұқсат беруге арналған
өтінішхат

      ________________________________________________________________________________

                        (көрсетілетін қызметті алушының атауы)

      көрсетілетін қызметті алушы акционерлерінің жалпы жиналысының_____________________

      ________________________________________________________________________________

                                    (өткізілген орны)

      ___________________ ____ жылғы "__" ________________ № ___________шешіміне сәйкес

      көрсетілетін қызметті алушыны____________________________________________________

      _______________________________________________________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушыны ерікті қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылатын заңды

                                          тұлғаға (тұлғаларға)

      ________________________________________________________________________________

      (біріктіру, қосу, бөлу, бөліп шығару, қайта құру) (қажеттісінің асты сызылсын) арқылы ерікті

                        қайта ұйымдастыруға рұқсат беруді сұрайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы өтінішхатқа қоса берілген құжаттар мен мәліметтердің

      дәйектілігіне, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушіге өтінішхатты қарауға байланысты

      сұратылатын ақпараттың және құжаттардың дер кезінде берілуіне толық жауап береді.

      Ақпарат жүйелеріндегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді

      пайдалануға келісім беремін.

      Қоса берілетін құжаттар (жіберілетін құжаттардың атаулары бар тізбе, әрқайсысы

      бойынша дана мен бет саны көрсетілсін):

      Көрсетілетін қызметті алушы - банк акционерлерінің атынан уәкілетті адам (тегі, аты,

      әкесінің аты (ол бар болса), аталған өкілеттіктерді алуға негіз болып табылатын құжатқа

      сілтеме)________________________________________________________________________.

      __________________________

            (қолы)

      Мөр (бар болса) орны

  "Банкті (банк холдингін) ерікті
түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат
беру" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
2-қосымша
  Нысан

      № ____________

      күні ____________

                                                ______________________________

                                                ______________________________

                                                      (көрсетілетін қызметті

                                                берушінің бірінші басшысы)

Банкті ислам банкіне айналдыру нысанында ерікті қайта ұйымдастыруға рұқсат беру туралы өтініш

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

                              (көрсетілетін қызметті алушының атауы)

      көрсетілетін қызметті алушы жалпы жиналысының ___________________________________

      ________________________________________________________________________________

                              (өткізілген орны)

      ___________________ ____ жылғы "__" ________________ № ___________шешіміне сәйкес

      көрсетілетін қызметті алушыны ____________________________________________________

      ____________________________________________________________________ислам банкіне

      (көрсетілетін қызметті алушыны ислам банкіне айналдыру нәтижесінде құрылатын ислам

                                    банкінің атауы)

      айналдыру нысанында ерікті қайта ұйымдастыруға рұқсат беруді сұрайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы - банк өтінішке қоса берілетін құжаттар мен

      мәліметтердің дәйектілігін, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушіге өтінішті қарауға

      байланысты сұратылатын қосымша ақпараттың және құжаттардың дер кезінде берілуін толық

      растайды.

      Ақпарат жүйелеріндегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді

      пайдалануға келісім беремін.

      Қоса берілетін құжаттар (жіберілетін құжаттардың атаулары бар тізбесі, әрқайсысы

      бойынша дана мен бет саны көрсетілсін):____________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Көрсетілетін қызметті алушы - банк акционерлерінің атынан уәкілетті адам (тегі, аты,

      әкесінің аты (ол бар болса), аталған өкілеттіктерді алуға негіз болып табылатын құжатқа

      сілтеме)________________________________________________________________________.

      _____________

      (қолы)

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 71 қаулысына
30-қосымша

"Актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. 30-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

      2) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш бергенде:

      лицензияны берген кезде – 1 (бір) ай ішінде;

      лицензияны қайта ресімдеген кезде – 15 (он бес) жұмыс күні ішінде;

      лицензияның телнұсқаларын берген кезде – 2 (екі) жұмыс күні ішінде;

      2) көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарды қабылдау және беру бойынша қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартуды береді.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 07.02.2019 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – лицензия беру, лицензияны қайта ресімдеу, телнұсқаларын не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13 және 14-тармақтарында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру.

      Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық. Көрсетілетін қызметті алушы лицензияны қағаз жеткізгіште алуға өтініш берген жағдайда лицензия электрондық нысанда ресімделеді және қағазға басылады.

      Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      7. Мемлекеттік қызмет ақылы негізде көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензияның берілгені үшін лицензиялық алым төленеді:

      1) осы қызмет түрімен айналысу құқығына лицензия берілгені үшін лицензиялық алым 10 (он) айлық есептік көрсеткішті құрайды;

      2) лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алым лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 (он) пайызын құрайды;

      3) лицензияның телнұсқасын беру үшін лицензиялық алым лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 100 (бір жүз) пайызын құрайды.

      Алымды төлеу екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол ақшамен немесе қолма-қол ақшасыз нысанда, сондай-ақ "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылады.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 07.02.2019 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінікі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі - жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;

      өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру кестесі – сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін;

      2) порталдікі – жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

      Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады.

      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 07.02.2019 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы лицензия алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге лицензия алу үшін өтініш берген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша актуарлық қызметтi жүзеге асыруға лицензия беру туралы өтініш;

      2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензияны алуға көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтер;

      3) жоғары білімі туралы дипломның көшірмесі (салыстыру үшін түпнұсқалар берілмеген жағдайда нотариат куәландырған);

      4) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы ақы төлеуді қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшірмесі;

      5) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17618 болып тіркелген "Актуарийлерді оқытудың ең қысқа міндетті бағдарламасын, халықаралық актуарийлер қауымдастықтарының тізбесін және оларға қойылатын талаптарды, Міндетті актуарлық қорытындының мазмұнына және табыс етілу тәртібіне қойылатын талаптарды, Тестілеу өткізу қағидаларын, Актуарийдің біліктілігін растауға қойылатын талаптарды, Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының штатында тұрған актуарийдің қызметін тексеру үшін тәуелсіз актуарийді тарту, тәуелсіз актуарийдің сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының штатында тұрған актуарий жүргізген есептеулердің шынайылығын тексеру нәтижелерін жіберу қағидаларын және мерзімдерін, актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензияның, актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру туралы өтініштің және актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензия алуға өтініш беруші туралы мәліметтердің нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 191 қаулысына (бұдан әрі – №191 қаулы) 1-қосымшаға сәйкес бекітілген Актуарийлерді оқытудың ең қысқа міндетті бағдарламасы бойынша көрсетілетін қызметті алушының оқудан өткеніне және тиісті емтихандарды сәтті тапсырғанына лицензия алғандығын білдіретін құжаттардың көшірмелері және (немесе) № 191 қаулыға 9-қосымшаға сәйкес бекітілген нысан бойынша Актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензия алуға өтініш беруші туралы мәліметтерде көрсетілген талаптарға сәйкес келетін магистр дипломының көшірмесі;

      6) Қазақстан Республикасының бейрезидент-жеке тұлғалары үшін – № 191 қаулыға 2-қосымшаға сәйкес бекітілген Халықаралық актуарийлер қауымдастықтарының тізбесіне және оларға қойылатын талаптарға сәйкес актуарийдің мәртебесін және актуарийлердің халықаралық қауымдастықтарында мүшелігін растайтын құжаттардың көшірмелері;

      7) өтініш берушінің лицензия алуға № 191 қаулыға 1-қосымшаға сәйкес бекітілген Актуарийлерді оқытудың ең қысқа міндетті бағдарламасының талаптарына сәйкес келетін халықаралық емтихандарды тапсырғанын растайтын құжаттардың көшірмелері (бар болса);

      8) № 191 қаулыға 9-қосымшаға сәйкес бекітілген нысан бойынша Актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензия алуға өтініш беруші туралы мәліметтерде көрсетілген талаптарға сәйкес келетін жұмыс тәжірибесінің болуын растайтын құжаттың көшірмесі.

      Сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензия "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 40-бабының 3-тармағында көзделген талаптар сақталған жағдайда беріледі.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 07.02.2019 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      10. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы лицензияның телнұсқасын алу үшін мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушіге (егер бұдан бұрын берілген лицензия қағаз нысанында ресімделген болса) өтініш берген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      1) еркін нысанда жазылған өтініш;

      2) лицензияның телнұсқасын беру кезінде "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы ақы төлеген жағдайларды қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшірмесі.

      11. Көрсетілетін қызметті алушы лицензияны қайта ресімдеу үшін өтініш берген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      1) еркін нысанда жазылған өтініш;

      2) лицензияны қайта ресімдеу кезінде "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы ақы төлеген жағдайларды қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшірмесі;

      3) ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпараты бар құжаттардың көшірмелері ұсынылады.

      Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 07.02.2019 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      12. Көрсетілетін қызметті алушы порталға өтініш берген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      лицензия алу үшін:

      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

      2) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы ақы төлеген жағдайларды қоспағанда, лицензиялық алымды төлеу туралы құжат (құжаттың электрондық көшірмесі түрінде);

      3) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағының 2) (осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес мәліметтердің электрондық түріндегі), 3), 5) және 6) (құжаттардың электрондық көшірмелері түріндегі) тармақшаларында көрсетілген электрондық сұрау салуға қоса тіркелетін құжаттар.

      Лицензияның телнұсқасын алу үшін (егер бұдан бұрын берілген лицензия қағаз нысанында ресімделген болса):

      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

      2) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы ақы төлеген жағдайларды қоспағанда, лицензияның телнұсқасын беру кезінде жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығына лицензиялық алымды төлеу туралы құжат (құжаттың электрондық көшірмесі түрінде).

      Лицензияны қайта ресімдеу үшін:

      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

      2) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы ақы төлеген жағдайларды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеген кезде жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығына лицензиялық алымды төлеу туралы құжат (құжаттың электрондық көшірмесі түрінде);

      3) ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпараты бар құжаттардың көшірмелері (құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде) ұсынылады.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 07.02.2019 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      12-1. Жеке басын куәландыратын құжаттар, лицензия туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Ескерту. 2-тарау 12-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 07.02.2019 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      13. Мыналар:

      1) ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуі;

      2) Заңның 60-бабы 1-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша лицензиядан айыру туралы деректердің болуы;

      3) көрсетілетін қызметті беруші жүргізген тестілеудің теріс нәтижесі мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіз болып табылады.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 07.02.2019 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      14. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 11-тармағында көрсетілген құжаттар тиісінше ресімделмеген жағдайда, лицензияны қайта ресімдеуден бас тартады.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      15. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 17-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша жазбаша түрде жүргізіледі.

      Жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, сондай-ақ қалауына қарай әкесінің аты (ол болған кезде), пошталық мекенжайы көрсетіледі.

      Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.

      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға алынатын жауаптың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралады.

      Портал арқылы өтініш берген жағдайда, шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе 1414 телефоны арқылы алуға болады.

      Шағым портал арқылы жіберілген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинеттен" шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің шағымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралады.

      16. Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге талаптар

      17. Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

      18. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы "жеке кабинеті" арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

      19. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

  "Актуарлық қызметті
жүзеге асыруға
лицензия беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
1-қосымша
  Нысан

Актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру туралы өтініш

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 07.02.2019 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Кімге __________________________________________________

      (көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы)

      кімнен____________________________________________________

      _______________________________________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) және жеке

      сәйкестендіру нөмірі)

      Актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беруді сұраймын.

      "Актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.

      Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      Көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтер:

      1) туған жылы_________________________________________________;

      2) жеке басын куәландыратын құжаттың деректері ___________________

      __________________________________________________________________;

      (сериясы, нөмірі, берілген күні, құжат берген органның атауы)

      3) білімі ________________________________________________________

      ____________________________________________________________________;

      (бітірген жылы, мамандығы, оқу орнының атауы)

      4) тұратын жері ________________________________________________;

      5) жұмыс орны, лауазымы ________________________________________

      ____________________________________________________________________;

      6) телефон нөмірлері (қаланың коды, жұмысының және үйінің) ________.

      Қоса берілетін құжаттар _________________________________________.

      Көрсетілетін қызметті алушы өтінішке қоса берілетін құжаттардың (ақпараттың)

      дәйектілігін толық растайды.

      _______________ ______________________________________

                  (қолы)       (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

      20__ жылғы "___" __________

  "Актуарлық қызметті
жүзеге асыруға
лицензия беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
2-қосымша
  Нысан
 
Актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензияны алуға өтініш білдіруші туралы мәліметтер

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 07.02.2019 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Жалпы мәліметтер:

Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

__________________________________________________________
_________________________________________________________ (жеке басын куәландыратын құжатқа толығымен сәйкес, тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) өзгерген жағдайда, қашан және қандай себеппен олардың өзгертілгені көрсетілсін)

Туған күні мен жері

__________________________________________________________

Тұрғылықты жерінің мекенжайы, телефон нөмірлері

_________________________________________________________
________________________________________________________
(елді-мекеннің кодын қоса алғанда, толық мекенжайы, қызметтік, үй, байланыс телефондарының нөмірлері көрсетілсін)

Азаматтығы

Жеке басын куәландыратын құжаттың толық деректемелері

      2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарында немесе олармен үлестес ұйымдарда жұмыс істейтін жақын туыстары, жақындары туралы мәліметтер:

Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

Туған жылы

Туыстық немесе жақындық түрі көрсетілсін

Жұмыс орны және лауазымы

1

2

3

4

5

      3. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына тікелей немесе жанама қатысуы:

№№

Атауы және орналасқан жері

Заңды тұлға қызметінің жарғылық түрлері

Сіздің қатысу сомаңыз бен үлесіңіз

1

2

3

4

      4. Кәсіптік деректері:

Білімі

_________________________________________________________
________________________________________________________
(оқу орнының, факультеттің немесе бөлімнің атауы мен орналасқан жері, оқу кезеңі, берілген біліктілігі, білімі туралы дипломның деректемелері (күні, нөмірі) көрсетілсін) "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 40-бабы 2-тармағының 6) тармақшасы мақсатында Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17618 болып тіркелген "Актуарийлерді оқытудың ең қысқа міндетті бағдарламасын, халықаралық актуарийлер қауымдастықтарының тізбесін және оларға қойылатын талаптарды, Міндетті актуарлық қорытындының мазмұнына және табыс етілу тәртібіне қойылатын талаптарды, Тестілеу өткізу қағидаларын, Актуарийдің біліктілігін растауға қойылатын талаптарды, Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының штатында тұрған актуарийдің қызметін тексеру үшін тәуелсіз актуарийді тарту, тәуелсіз актуарийдің сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының штатында тұрған актуарий жүргізген есептеулердің шынайылығын тексеру нәтижелерін жіберу қағидаларын және мерзімдерін, актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензияның, актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру туралы өтініштің және актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензия алуға өтініш беруші туралы мәліметтердің нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 191 қаулысына (бұдан әрі – № 191 қаулы) 1-қосымшаға сәйкес бекітілген актуарийлердi оқытудың ең төменгi мiндеттi бағдарламасына қатысты әрбір курсы бойынша сексен пайыздан кем емес рейтингі бар "Актуарий" мамандығы бойынша іскерлік басқару магистрінің дипломы немесе "Актуарий" мамандығының "Қаржы" мамандығы бойынша экономика және бизнес магистрінің дипломы магистрдің дипломы болып танылады

Актуарийдің біліктілік емтихандарын тапсырғандығы туралы мәліметтер

________________________________________________________
________________________________________________________
(біліктілік емтиханын тапсырған күні, біліктілік емтиханын тапсырғанын растайтын құжаттың деректемелері көрсетілсін) Заңның 40-бабы 2-тармағының 8) тармақшасы мақсатында № 191 қаулының 1-қосымшасына сәйкес бекітілген Актуарийлердi оқытудың ең төменгi мiндеттi бағдарламасы курстарының мазмұнына енгізілген бөлімдердің ең төменгі тізбесін жабатын емтихандар халықаралық емтихандар болып танылады.

Қосымша білімі, оның ішінде жұмыс істейтін салада біліктілігін көтеру курстары, ғылыми дәрежелері

________________________________________________________
________________________________________________________ (оқу орнының атауы мен орналасқан жері, оқу кезеңі, білімі туралы дипломның, сертификаттың, куәліктің деректемелері)

Қаржылық қызмет көрсету саласындағы, оның ішінде жұмыс істеуге ниетті саладағы жұмыс тәжірибесі

________________________________________________________
________________________________________________________
(қаржы ұйымдарында жұмыс істеген, қызмет түрлері бойынша аудитор, бухгалтер қызметін атқарған жылдарының саны көрсетілсін) Заңның 40-бабы 2-тармағының 9) тармақшасы мақсатында өтініш берілген күні өтініш берушінің қаржы ұйымдарында, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органда актуарлық зерттеулерді және (немесе) актуарлық есептеулерді жүргізу саласында кемінде бір жыл жұмыс тәжірибесінің болуы қажет.

Жетістіктері

________________________________________________________
________________________________________________________ (ақпаратты, мысалы, ғылыми жариялымдардың атауын, ғылыми әзірлемелерге, заң жобаларын әзірлеулерге қатысуды көрсету қажет)

Кәсіби ұйымдарға мүшелігі

________________________________________________________
________________________________________________________ (ақпаратты, мысалы, актуарийлер қоғамын, Аудиторлар палатасын көрсету қажет)

Осы мәселеге қатысы бар басқа ақпарат

________________________________________________________
________________________________________________________ (көрсетілетін қызметті алушының кәсіби құзыреттілігін сипаттайтын ақпарат көрсетіледі)

      5. Еңбек қызметі туралы мәліметтер:

Жұмыс кезеңі

Ұйымның, атқарған қызметінің және лауазымдық міндеттерінің атауы, ұйымның координаттары

1

2

3

      Мен,_____________________________________________________________

      __________________________________________________________________,

      (тегі, аты әкесінің аты (ол бар болса)

      осы ақпаратты мұқият тексергенімді және дәйекті әрі толық екендігін растаймын және мен берген дәйексіз мәліметтердің болуы актуарлық қызметті жүзеге асыруға берілген лицензиядан айыру үшін негіз болып табылатындығын мойындаймын.

      ______________________________

      (қолы, күні)

  "Актуарлық қызметті жүзеге
асыруға лицензия беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
3-қосымша

Актуарийлерді оқытудың міндетті ең төменгі бағдарламасы

      Актуарийлерді оқытудың ең төменгі бағдарламасы алты курстан тұрады, олардың әрқайсысы бойынша жеке емтихан жүргізіледі.

      Алғашқы екі курсы 2001 жылғы 1 маусымнан бастап базалық және міндетті, ал кейінгі төртеуі - арнайы және міндетті болып табылады: үшінші және төртінші курстар - 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап, бесінші және алтыншы курстар - 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап.

      Курстардың тақырыптары және курстардың мазмұнына қосылған бөлімдердің ең аз тізбелеріне мыналар кіреді:

      1-курс. Өмірді сақтандырудағы пайыздық мөлшерлемелер мен кездейсоқ процестер теориясы:

      1) жай және күрделі пайыздар негіздері;

      2) аннуитеттер құрудың қағидаттары;

      3) қарыздар және оларды өтеу кестелері;

      4) борыштық бағалы қағаздар;

      5) өмір ұзақтығының кестесі;

      6) өмірді сақтандыру бойынша аннуитеттер;

      7) бірнеше адамның өмірін сақтандыру теориясы;

      8) зейнетақылар.

      2-курс. Актуарлық қағидаттар және олардың қосымшалары:

      1) бір адамның өмірі мен денсаулығын сақтандыру;

      2) өмірді және денсаулықты топтық сақтандыру;

      3) мүгедектікті сақтандыру;

      4) жалпы сақтандыру;

      5) қайта сақтандыру;

      6) зейнетақы;

      7) әлеуметтік сақтандыру;

      8) инвестициялар.

      3-курс. Жалпы сақтандыру және қайта сақтандыру:

      1) жалпы сақтандыру қағидаттары;

      2) сақтандыру өнімдерін жасау;

      3) андеррайтинг;

      4) сақтандырудағы баға белгілеу;

      5) сақтандыру резервтері;

      6) пайда функциялары;

      7) дәйектілік теориясы;

      8) қайта сақтандыру және оның түрлері.

      4-курс. Өмірді және денсаулықты сақтандыру:

      1) бiр адамның өмiрiн сақтандыру;

      2) сақтандыру өнiмдерiн жасау және андеррайтинг;

      3) баға белгiлеу: сақтандыру сыйлықақыларын есептеудiң түрлi әдiстерi;

      4) сақтандыру резервтерiн қалыптастыру әдiстерi;

      5) медициналық сақтандыру;

      6) медициналық сақтандыруда баға белгiлеу және сақтандыру резервтерiн қалыптастыру;

      7) өмірді және денсаулықты топтық сақтандыру;

      8) шағымдар бойынша шығыстарды бағалау және сақтандыру сыйлықақыларын есептеу;

      9) өмірді және денсаулықты топтық сақтандыру кезіндегі сақтандыру резервтерi.

      5-курс. Зейнетақымен қамсыздандыру және әлеуметтiк сақтандыру:

      1) зейнетақы жинақтарының қағидаттары;

      2) зейнетақы бағдарламалары: мемлекеттік және жеке;

      3) жарналары мен төлемдерi белгiленген зейнетақы жоспарлары;

      4) төлемдерi белгiленген зейнетақы жоспарларының түрлерi;

      5) төлемдерi белгiленген зейнетақы жоспарларын қаржыландыру;

      6) жарналары белгiленген зейнетақы жоспарларының түрлерi;

      7) жарналары белгiленген зейнетақы жоспарлары бойынша төлемдер;

      8) жарналары мен төлемдерi белгiленген зейнетақы жоспарларындағы тәуекелдердi бағалау;

      9) әлеуметтiк сақтандыру қағидаттары;

      10) әлеуметтiк сақтандыру жүйелерiнiң түрлерi;

      11) әлеуметтiк сақтандыруды қаржыландыру әдiстерi;

      12) әлеуметтiк сақтандырудың артықшылықтарын салыстырмалы талдау және оны қаржыландырудың әртүрлі әдістерінің құнын бағалау.

      6-курс. Сақтандыру ұйымдары және зейнетақы қорлары: қаржыландыру және инвестициялау:

      1) инвестиция түрлерi: акциялар, кiрiсi белгiленген бағалы қағаздар, валюта нарықтарының құралдары және туынды құралдар;

      2) тәуекел және кірістілік;

      3) сақтандыру ұйымдарының, зейнетақы қорларының, әлеуметтiк сақтандырудың трастық қорлардың активтерi мен инвестициялары;

      4) сақтандыру ұйымдарының инвестициялық тәуекелдерi;

      5) сақтандыру ұйымдарына арналған қаржылық жоспарлау: активтер мен мiндеттемелердiң арақатынасы;

      6) сақтандыру ұйымдарын капиталдандыруға қойылатын талаптар;

      7) сақтандыру және сақтандыру қызметi, салық салу, сақтандыру нарығындағы бухгалтерлiк есеп жөніндегі заңнама.

  "Актуарлық қызметті жүзеге
асыруға лицензия беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
4-қосымша
  Нысан

Актуарлық қызметтi жүзеге асыруға берілген лицензияны қайта ресімдеу туралы
өтініш

      ________________________________________________________________________________

                        (көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы)

      ________________________________________________________________________________

                        (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

      _____________________________________________________________________байланысты

                  (лицензияны қайта ресімдеу себебі көрсетілсін)

      _____________________________________________лицензияны қайта ресімдеуді сұраймын.

            (лицензияның атауы көрсетілсін)

      Жеке тұлға туралы мәліметтер:

      1. Туған жылы _____________________________________________________________

      2. Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері ______________________________

      ________________________________________________________________________________

            (сериясы, нөмірі, берілген күні, құжатты берген органның атауы)

      3. Білімі___________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

                  (бітірген жылы, мамандығы, оқу орнының атауы)

      ________________________________________________________________________________

      4. Тұрғылықты жері ________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      5. Жұмыс орны, лауазымы ___________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________________

      6. Телефон нөмірі (қаланың коды, жұмысының және үйінің)______________________

      ________________________________________________________________________________

      7. Қоса берілетін құжаттар: __________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________________

      Актуарий өтінішке қоса берілетін құжаттардың (ақпарат) дәйектілігіне толық жауап

      береді.

      ______________       _______________________________________________________

            (қолы)                   (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

      20____ жылғы "____"__________________

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 71 қаулысына
31-қосымша

"Өмірді сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыруға немесе исламдық сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. 31-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Өмірді сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыруға немесе исламдық сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижелерін беру:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

      2) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген кезде:

      лицензия берген кезде – 30 (отыз) жұмыс күні ішінде;

      лицензияны қайта ресімдеген кезде – 15 (он бес) жұмыс күні ішінде;

      көрсетілетін қызметті алушыны бөлініп шығу немесе бөлу нысанында қайта ұйымдастырған жағдайда, лицензияны қайта ресімдеген кезде – 30 (отыз) жұмыс күнінен кешіктірмей;

      лицензияның телнұсқаларын берген кезде – 2 (екі) жұмыс күні ішінде;

      2) көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарды қабылдау және беру бойынша қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартуды береді.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 07.02.2019 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – лицензия беру, лицензияны қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 17, 18 және 19-тармақтарында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру.

      Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық. Көрсетілетін қызметті алушы лицензияны қағаз жеткізгіште алуға өтініш берген жағдайда, лицензия электрондық нысанда ресімделеді және қағазға басылады.

      Порталда мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      7. Мемлекеттік қызмет ақылы негізде көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін мынадай лицензиялық алым төленеді:

      1) аталған қызмет түрімен айналысу құқығына лицензия беру кезіндегі лицензиялық алым 500 (бес жүз) айлық есептік көрсеткішті құрайды (әрбір сақтандыру сыныбы үшін жеке);

      2) лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алым лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 (он) пайызын құрайды;

      3) лицензияның телнұсқасын беру үшін лицензиялық алым лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 (он) пайызы болады.

      Лицензиялық алымды төлеуді екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар қолма-қол ақша немесе қолма-қол ақшасыз нысанда, сондай-ақ "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырады.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 07.02.2019 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінікі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі - жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;

      өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру кестесі - сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін;

      2) порталдікі – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру кестесі тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініш жасаған кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

      Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз көрсетіледі.

      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 07.02.2019 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы лицензия алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;

      2) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы ақы төлеу жағдайларын қоспағанда, қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшірмесі;

      3) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4232 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 15 сәуірдегі № 102 қаулысымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын автоматтандыруға қойылатын талаптар туралы нұсқаулықта, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8596 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 28 маусымдағы № 149 қаулысымен бекітілген Сақтандыру және қайта сақтандыру операцияларының бухгалтерлік есебін жүргізу жөніндегі нұсқаулықта, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15084 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 27 наурыздағы № 47 қаулысымен бекітілген Бухгалтерлік есеп жүргізуді автоматтандыру қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес келетін барлық ұйымдастыру-техникалық, оның ішінде бухгалтерлік есеп және бухгалтерлік есеп жүргізуді автоматтандыру мәселелері жөніндегі іс-шаралардың орындалғанын куәландыратын құжаттар;

      4) барлық өзгерістерімен және толықтыруларымен бірге (осындайлар бар болса) жарғының көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларын ұсынбаған жағдайда, жарғының нотариат куәландырған көшірмесі);

      5) "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңы (бұдан әрі – Заң) 34-бабының талаптарына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының басшы қызметкерлері лауазымына ұсынылатын адамдардың құжаттары;

      6) ең төменгі мөлшері Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11751 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 27 мамырдағы № 95 қаулысымен бекітілген Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының нормативтік мәндері мен пруденциялық нормативтерді есептеу әдістемесін және сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді белгілеу жөніндегі нұсқаулықта және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14794 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 304 қаулысымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру тобының пруденциялық нормативтерінің және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің нормативтік мәндерінде және оларды есептеу әдістемесінде айқындалған жарғылық капиталдың төленгенін растайтын құжаттардың көшірмелері.

      Көрсетілетін қызметті алушының жарғылық капиталының ең төменгі мөлшерінің толық төленгенін растайтын құжаттар құрылтайшылардың, акционерлердің оны төлегенін растайтын төлем құжаттары (төлем тапсырмалары, кіріс касса ордерлері), сондай-ақ бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік болып табылады;

      7) сақтандыру қызметін немесе исламдық сақтандыру қызметін жүзеге асырудың ішкі қағидалары, олар мыналарды айқындайды:

      шаруашылық қызметті жүзеге асыратын бөлімшелерді қоспағанда, көрсетілетін қызметті алушы бөлімшелерінің құрылымын, міндеттерін, функцияларын және өкілеттіктерін;

      ішкі аудит қызметінің және басқа да тұрақты жұмыс істейтін органдардың құрылымын, мүшелер санын, міндеттерін, функцияларын және өкілеттіктерін;

      көрсетілетін қызметті алушының техникалық (сақтандыру), инвестициялық, кредиттік, операциялық, нарықтық және басқа да тәуекелдерді басқару бойынша саясатын ашатын тәуекелдерді басқару жүйесін;

      шаруашылық қызметті жүзеге асыратын бөлімшелерді қоспағанда, құрылымдық бөлімшелер басшыларының құқықтары мен міндеттерін;

      көрсетілетін қызметті алушының лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерінің оның атынан және оның есебінен мәмілелерді жүзеге асырған кездегі өкілеттіктерін;

      8) көрсетілетін қызметті алушының ішкі аудит қызметі туралы, мынадай мәліметтер қамтылатын ереже:

      ішкі аудит қызметінің құрылымы туралы ақпарат;

      ішкі аудит қызметінің міндеттері мен функциялары;

      ішкі аудит қызметінің құқықтары мен міндеттері;

      ішкі аудит қызметінің басқа құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-әрекет жасау тәртібі туралы ақпарат;

      өзі жүзеге асыратын қызметтің сипаты мен ауқымдарын ескере отырып, көрсетілетін қызметті алушының бүкіл қызметін немесе бір бөлігін аудиторлық тексеру кезеңділігі;

      9) көрсетілетін қызметті алушының штатында осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша сақтандыру нарығында актуарий қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар актуарийдің болуы туралы мәліметтер;

      10) акционерлердің жалпы жиналысының исламдық қаржыландыру қағидаттары бойынша кеңесті тағайындау туралы шешімі (исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы үшін);

      11) егер Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлерін реттейтін жекелеген заңнамалық актiлерiнде көрсетілетін қызметті алушыны мәжбүрлеп тарату кезінде сақтандыру шарттары бойынша сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыруға кепiлдiк беретін ұйымға көрсетілетін қызметті алушының мiндеттi қатысуы белгiленген болса, осындай ұйымға қатысу шартының нотариат куәландырған көшірмесі;

      12) Заңның және Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлерін реттейтін жекелеген заңнамалық актілерінің талаптарына сәйкес дерекқорға қатысуын растайтын құжаттар.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде жазылған талаптар жұмыс істеп тұрған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына немесе исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына қолданылмайды.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 07.02.2019 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      10. Көрсетілетін қызметті алушы сақтандырудың қосымша сыныптары бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына немесе исламдық сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге өтініш береген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      1) ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісімі бар, еркін нысанда жасалған өтініш;

      2) "электрондық үкімет" төлем шлюзі арқылы төлем жасау жағдайларын қоспағанда, қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшiрмесi;

      3) сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар актуарий қол қойған, сақтандыру сыныбы (сыныптары) бойынша бизнес-жоспар.

      Сақтандыру сыныбы бойынша бизнес-жоспарда мынадай ақпарат:

      сақтандыру сыныбы бойынша жабылатын тәуекелдердің негізгі сипаттамалары;

      сақтандыру портфелінің құрылымындағы сақтандыру сыныбы үлесінің; сақтандыру сыныбы бойынша қызметтер көрсету нарығы сегментінің (нарық көлемінің, әлеуетті сақтанушылардың, географиялық орнының) негізгі сипаттамалары;

      сақтандыру өнімдерін сақтандыру сыныбы шеңберінде сату тәсілдерінің негізгі сипаттамалары;

      сақтандыру тарифтерін есептеу тәртібіне және олардың экономикалық негіздемесіне қойылатын талаптар;

      осы сақтандыру сыныбы бойынша таяудағы 2 (екі) жылға арналған, пайдалар, шығындар, сақтандыру резервтерінің есептері туралы болжам, шығындылық болжамы, ең нашар және ең жақсы жағдайдағы тәуекелдерді бағалау, пруденциялық нормативтердің сақталу болжамы;

      қайта сақтандыру немесе исламдық қайта сақтандыру саясаты (қайта сақтандыру немесе исламдық қайта сақтандыру нысандары мен әдістері, қайта сақтандыру ұйымдарын немесе исламдық қайта сақтандыру ұйымдарын бағалау өлшемдері);

      инвестициялық саясат қамтылуға тиіс.

      Инвестициялық саясат бойынша ақпаратта мынадай мәліметтерді:

      инвестициялау мақсатын;

      инвестиция түрлері бойынша әртараптандыруды және активтердің сапасын бағалауды қоса алғанда, инвестициялық портфельді және оның кірістілігін қалыптастыруды;

      активтердің түріне, сондай-ақ сырттан активтер тартуға қарай инвестициялық шектеулерді;

      инвестициялық саясатқа жауапты ұйымның тұлғаларын ашып көрсету қажет.

      Актуарий қол қойған сақтандыру сыныбы бойынша бизнес-жоспарда Заңның 37-бабының 3-тармағында көзделген ақпарат қамтылады және қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) тігілген және нөмірленген түрде, соңғы парағының сыртқы жағындағы тігіс түйініне желімделген жапсырма қағазда тігілген парақтардың саны көрсетіле отырып, бір данада беріледі. Сақтандыру сыныбы бойынша бизнес-жоспардың титул парағында жоғарғы оң бұрышында мынадай айқындама болады: (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауы) "Директорлар кеңесі бекітті 20__жылғы "__" _____________ № ___ хаттама".

      Сақтандыру қызметін немесе ислам сақтандыру қызметін сақтандырудың бірнеше сыныптары бойынша жүзеге асыру құқығына лицензия алуға өтініш берген кезде сақтандыру сыныбы бойынша бір бизнес-жоспар ұсынылады;

      4) алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 07.02.2019 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 07.02.2019 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      10-1. Сақтандыру қызметін жүзеге асыруға немесе сақтандырудың қосымша сыныптары бойынша исламдық сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін көрсетілетін қызметті алушы уәкілетті органның талаптарына сәйкес келетін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің болуын қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 2-тарау 10-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 07.02.2019 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      11. Көрсетілетін қызметті алушы лицензияның телнұсқасын алу үшін (егер бұдан бұрын берілген лицензия қағаз нысанда ресімделген болса) көрсетілетін қызметті берушіге өтініш берген кезде мемлекетті қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      1) еркін нысанда жазылған өтініш;

      2) "электрондық үкімет" төлем шлюзі бойынша төлем жасалған жағдайларды қоспағанда, лицензияның телнұсқасын беру кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшірмесі.

      12. Көрсетілетін қызметті алушы лицензияны қайта ресімдеу үшін көрсетілетін қызметті берушіге өтініш берген кезде мемлекетті қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      2) "электрондық үкімет" төлем шлюзі бойынша төлем жасалған жағдайларды қоспағанда, лицензия қайта ресімделген кезде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;

      3) лицензияланатын қызмет түрінен сақтандыру қызметінің бір немесе бірнеше сыныбы алынып тасталған жағдайда, лицензияның түпнұсқасы (егер бұдан бұрын берілген лицензия қағаз нысанда ресімделген болса);

      4) Заңның 37-1-бабында көзделген тәртіппен сақтандыру портфелін беруді растайтын құжаттар (лицензиядан сақтандырудың жекелеген сыныптары алынып тасталған жағдайда);

      5) ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпараты бар құжаттардың көшірмелері ұсынылады.

      13. Көрсетілетін қызметті алушы лицензияны алу үшін портал арқылы өтініш берген кезде мемлекетті қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

      2) "электрондық үкімет" төлем шлюзі бойынша төлем жасалған жағдайларды қоспағанда, лицензиялық алым төлеу туралы құжат (құжаттың электрондық көшірмесі түрінде);

      3) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағының 3) (осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасында осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мәліметтердің электрондық нысаны түрінде көрсетілген уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес келетін барлық ұйымдастыру-техникалық, оның ішінде бухгалтерлік есеп және бухгалтерлік есеп жүргізуді автоматтандыру мәселелері бойынша іс-шаралар орындалғанын білдіретін құжаттар), 4), 6), 10), 11) және 12) (PDF форматындағы құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде), 5) ("Қаржы ұйымдарының, банк, сақтандыру холдингтерінің, "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерін сайлауға (тағайындауға) келісім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының талаптарына сәйкес), 7) және 8) (электрондық құжаттар түрінде), 9) (осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мәліметтердің электрондық нысаны түрінде) тармақшаларында, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағының 3) тармақшасында (PDF форматындағы құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде) көрсетілген құжаттар электрондық сұрау салуға қоса беріледі.

      Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 07.02.2019 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      14. Көрсетілетін қызметті алушы лицензияның телнұсқасын алу үшін портал арқылы өтініш берген кезде мемлекетті қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі (егер бұдан бұрын берілген лицензия қағаз нысанда ресімделген болса):

      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

      2) "электрондық үкімет" төлем шлюзі бойынша төлем жасалған жағдайларды қоспағанда, лицензияның телнұсқасын беру кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымды төлеу туралы құжат (құжаттың электрондық көшірмесі түрінде).

      15. Көрсетілетін қызметті алушы лицензияны қайта ресімдеу үшін портал арқылы өтініш берген кезде мемлекетті қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

      2) "электрондық үкімет" төлем шлюзі бойынша төлем жасалған жағдайларды қоспағанда, лицензия қайта ресімделген кезде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым төлеу туралы құжат (құжаттың электрондық көшірмесі түрінде);

      3) электрондық сұрау салуға қоса берілетін, құжаттардың электрондық көшірмелері түріндегі Заңның 37-1-бабында көзделген тәртіппен сақтандыру портфелін беруді растайтын құжаттар (лицензиядан сақтандырудың жекелеген сыныптары алынып тасталған жағдайда);

      4) ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпараты бар құжаттардың көшірмелері (құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде) ұсынылады.

      16. Уәкілетті орган тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы:

      Қазақстан Республикасының резидент - жеке тұлғасының жеке басын куәландыратын;

      Қазақстан Республикасының резидент - жеке тұлғасында алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқ екенін растайтын;

      Қазақстан Республикасының резидент - заңды тұлғасын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттарда көрсетілген мәліметтерді алады.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 07.02.2019 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      17. Мыналар:

      1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын немесе ислам сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат алу кезiнде бизнес-жоспарда көрсетiлген талаптарды орындау мерзiмi аяқталғанға дейiн көрсетілетін қызметті алушының сақтандырудың қосымша сыныптары бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыруға немесе исламдық сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге өтініш беруі мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болып табылады. Осы талап мыналарды:

      сақтандырудың жаңа сыныптары мен түрлерін енгізу;

      сақтандырудың жекелеген сыныптары мен түрлері бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру тәртібін және талаптарын өзгертуді көздейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері қабылданған жағдайларда қолданылмайды;

      2) егер көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап 6 (алты) ай ішінде көрсетілетін қызметті берушіге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензия алуға өтініш бермегеуі;

      3) ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуі;

      4) құрамына көрсетілетін қызметті алушы кіретін сақтандыру тобының өтініш бергенге дейінгі алты ай ішіндегі кезеңде белгіленген пруденциялық нормативтерді және сақталуы міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді сақтамауы;

      5) қоғамның органдары таңдағандар қатарынан басшы қызметкердің келісілмеуі (жаңадан құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы үшін);

      6) заңды тұлғалардың осы санаты үшін Қазақстан Республикасының заңдарымен қызметтің түрімен айналысуға тыйым салынуы;

      7) қызмет түріне лицензия беруге өтініш берілген жағдайда қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым енгізілмеуі;

      8) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты лицензиялауға жататын қызметті немесе қызметтің жекелеген түрлерін тоқтата тұру немесе тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;

      9) сот орындаушысының ұйғарымы негізінде көрсетілетін қызметті алушы-борышкерге соттың лицензия беруге уақытша тыйым салуы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіз болып табылады.

      18. Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 17-тармағында берілген негіздермен қоса, сақтандырудың қосымша сыныптары бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензияны беруден бас тарту мынадай негіздер бойынша жүргізіледі:

      1) алатын сақтандырудың қосымша сыныбын есепке алғанда пруденциялық нормативтердің сақталмау болжамы;

      2) өтініш беру күніне дейін соңғы 3 (үш) ай ішінде және оны қарау кезеңінде пруденциялық нормативтердің сақталмауы;

      3) өтініш беру күніне сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензияның қолданылуын тоқтата тұру түрінде қолданыстағы санкцияның болуы.

      19. Көрсетілетін қызметті беруші осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12 және 15-тармақтарында көрсетілген құжаттар тиісінше ресімделмеген жағдайда, лицензияны қайта ресімдеуден бас тартады.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      20. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 22-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.

      Заңды тұлғаның шағымында оның атауы, пошталық мекенжайы, жіберілген нөмірі мен күні көрсетіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы өтінішке қол қояды.

      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға алынатын жауаптың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралады.

      Портал арқылы өтініш берген жағдайда, шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе 1414 телефоны арқылы алуға болады.

      Шағымды портал арқылы жіберген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинеттен" шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің шағымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралады.

      21. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге талаптар

      22. Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

      23. Көрсетілетін қызметті алушының порталдағы "жеке кабинеті" арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығынан мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар.

      24. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті берушінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

  "Өмірді сақтандыру" саласы
бойынша сақтандыру қызметін
жүзеге асыруға немесе
исламдық сақтандыру қызметін
жүзеге асыру құқығына
лицензия беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына
1-қосымша
  Нысан
  ____________________________
(көрсетілетін қызметті
берушінің толық атауы)
____________________________
____________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының толық атауы, бизнес
сәйкестендіру нөмірі (бар
болса), телефон нөмірі,
факс нөмірі)

Өтініш

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 07.02.2019 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      (сақтандырудың салалары, нысандары, сыныптары, қызмет түрі көрсетілсін)

      жүзеге асыру құқығына лицензия беруді сұраймын

      Жіберілетін құжаттар тізбесі, олардың әрқайсысы бойынша даналары мен

      парақтарының саны:

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      Көрсетілетін қызметті алушы өтінішке қоса беріліп отырған құжаттардың (ақпараттың) дәйектілігін, сондай-ақ өтінішті қарауға байланысты сұратылатын қосымша ақпараттар мен құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге уақтылы беруді растайды.

      Өтінішті беруге уәкілетті адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), лауазымы

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Көрсетілетін қызметті алушы ақпарат жүйелеріндегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісімін береді.

      ____________________________

                  (қолы)

      20__ жылғы "____" ______________

  "Өмірді сақтандыру" саласы
бойынша сақтандыру қызметін
жүзеге асыруға немесе
исламдық сақтандыру қызметін
жүзеге асыру құқығына
лицензия беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына
2-қосымша
  Нысан

Көрсетілетін қызметті алушының штатында сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар актуарийдің болуы туралы мәліметтер

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 07.02.2019 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Көрсетілетін қызметті алушының атауы

сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар актуарий туралы мәліметтер

Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

Тағайындау (сайлау) туралы құжаттың нөмірі мен күні

Білімі туралы, оның ішінде жұмыс істейтін салада біліктілікті арттыру курстары туралы мәліметтер

      Бірінші басшы немесе қол қоюға уәкілетті адам

      __________________________________________________________________

      Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

      Қолы_________________

      Күні _________________

  "Өмірді сақтандыру" саласы
бойынша сақтандыру қызметін
жүзеге асыруға немесе
исламдық сақтандыру қызметін
жүзеге асыру құқығына
лицензия беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына
3-қосымша
  Нысан
  ____________________________
(көрсетілетін қызметті
берушінің толық атауы)
____________________________
____________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының толық атауы, бизнес
сәйкестендіру нөмірі (бар болса)

Өтініш

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 07.02.2019 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      __________________________________________________________байланысты

      (лицензияны қайта ресімдеу себебін көрсету)

      ____________________________________________________________________

      (лицензияның атауы көрсетілсін)

      лицензиясын қайта ресімдеуді сұраймын

      20__ жылғы "____" ___________

  "Өмірді сақтандыру" саласы
бойынша сақтандыру қызметін
жүзеге асыруға немесе
исламдық сақтандыру қызметін
жүзеге асыру құқығына
лицензия беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына
4-қосымша
  Мәліметтердің электрондық
нұсқасы

Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес келетін барлық ұйымдастыру-техникалық, оның ішінде бухгалтерлік есеп және бухгалтерлік есепті жүргізуді автоматтандыру мәселелері бойынша іс-шаралардың орындалғанын куәландыратын құжаттар

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 07.02.2019 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Жабдықтың атауы

Жабдықтың сериялық нөмірі

Жабдықтың түгендеу нөмірі

Бағдарламалық қамтамасыз етудің атауы

Бағдарламалық қамтамасыз ету лицензиясының нөмірі

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4232 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 15 сәуірдегі № 102 қаулысымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын автоматтандыруға қойылатын талаптар туралы нұсқаулыққа, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8596 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 28 маусымдағы № 149 қаулысымен бекітілген Сақтандыру және қайта сақтандыру операцияларының бухгалтерлік есебін жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15084 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 27 наурыздағы № 47 қаулысымен бекітілген Бухгалтерлік есеп жүргізуді автоматтандыру қағидаларына сәйкес әзірленген және бекітілген ішкі құжаттар

1

2

3

4

5

6

7

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 71 қаулысына
32-қосымша

"Жалпы сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін немесе исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. 32-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Жалпы сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін немесе исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

      2) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген кезде:

      лицензия берген кезде – 30 (отыз) жұмыс күні ішінде;

      лицензияны қайта ресімдеген кезде – 15 (он бес) жұмыс күні ішінде;

      көрсетілетін қызметті алушыны бөлініп шығу немесе бөлу нысанында қайта ұйымдастырған жағдайда лицензияны қайта ресімдеген кезде – 30 (отыз) жұмыс күнінен кешіктірмей;

      лицензияның телнұсқаларын берген кезде – 2 (екі) жұмыс күні ішінде;

      2) құжаттарды қабылдау және беру бойынша көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартуды береді.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 07.02.2019 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – лицензия беру, лицензияны қайта ресімдеу, телнұсқаларын беру не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 17, 18 және 19-тармақтарында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық. Көрсетілетін қызметті алушы лицензияны қағаз жеткізгіште алуға өтініш берген жағдайда, лицензия электрондық нысанда ресімделеді және қағазға басылады.

      Порталда мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      7. Мемлекеттік қызмет ақылы негізде көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін мынадай лицензиялық алым төленеді:

      1) жалпы сақтандыру саласындағы қызмет түрімен айналысу құқығына лицензия беру кезіндегі лицензиялық алым 500 (бес жүз) айлық есептік көрсеткішті құрайды (әрбір сақтандыру сыныбы үшін жеке);

      2) қайта сақтандыру бойынша қызметпен айналысу құқығына лицензия беру кезіндегі лицензиялық алым 200 (екі жүз) айлық есептік көрсеткішті құрайды;

      3) лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алым лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 (он) пайызын құрайды;

      4) лицензияның телнұсқасын беру үшін лицензиялық алым лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 (он) пайызын құрайды.

      Лицензиялық алымды төлеу қолма-қол ақша немесе қолма-қол ақшасыз нысанда екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, сондай-ақ қолма-қол ақшасыз нысанда "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 07.02.2019 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінікі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі - жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;

      өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру кестесі - сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін;

      2) порталдікі – жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

      Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады.

      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 07.02.2019 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы лицензия алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;

      2) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы ақы төлеу жағдайларын қоспағанда, қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшірмесі;

      3) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4232 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 15 сәуірдегі № 102 қаулысымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын автоматтандыруға қойылатын талаптар туралы нұсқаулықта, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8596 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 28 маусымдағы № 149 қаулысымен бекітілген Сақтандыру және қайта сақтандыру операцияларының бухгалтерлік есебін жүргізу жөніндегі нұсқаулықта, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15084 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 27 наурыздағы № 47 қаулысымен бекітілген Бухгалтерлік есеп жүргізуді автоматтандыру қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес келетін барлық ұйымдастыру-техникалық, оның ішінде бухгалтерлік есеп және бухгалтерлік есеп жүргізуді автоматтандыру мәселелері жөніндегі іс-шаралардың орындалғанын куәландыратын құжаттар;

      4) барлық өзгерістерімен және толықтыруларымен бірге (осындайлар бар болса) жарғының (салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларын ұсынбаған жағдайда, нотариат куәландырған) көшірмесі;

      5) "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 34-бабының талаптарына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының басшы қызметкерлерінің лауазымына ұсынылатын адамдардың құжаттары;

      6) ең төменгі мөлшері Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11751 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 27 мамырдағы № 95 қаулысымен бекітілген Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының нормативтік мәндері мен пруденциялық нормативтерді есептеу әдістемесін және сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді белгілеу жөніндегі нұсқаулықта және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14794 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 304 қаулысымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру тобының пруденциялық нормативтерінің және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің нормативтік мәндерінде және оларды есептеу әдістемесінде айқындалған жарғылық капиталдың төленгенін растайтын құжаттардың көшірмелері.

      Көрсетілетін қызметті алушының жарғылық капиталының ең төменгі мөлшерінің толық төлегенін растайтын құжаттар құрылтайшылардың, акционерлердің оны төлегенін растайтын төлем құжаттары (төлем тапсырмалары, кіріс касса ордерлері), сондай-ақ бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік болып табылады;

      7) сақтандыру қызметін немесе исламдық сақтандыру қызметін жүзеге асырудың ішкі қағидалары, олар мыналарды айқындайды:

      шаруашылық қызметті жүзеге асыратын бөлімшелерді қоспағанда, көрсетілетін қызметті алушы бөлімшелерінің құрылымын, міндеттерін, функцияларын және өкілеттіктерін;

      ішкі аудит қызметінің және басқа да тұрақты жұмыс істейтін органдардың құрылымын, мүшелер санын, міндеттерін, функцияларын және өкілеттіктерін;

      көрсетілетін қызметті алушының техникалық (сақтандыру), инвестициялық, кредиттік, операциялық, нарықтық және басқа да тәуекелдерді басқару бойынша саясатын ашатын тәуекелдерді басқару жүйесін;

      шаруашылық қызметті жүзеге асыратын бөлімшелерді қоспағанда, құрылымдық бөлімшелер басшыларының құқықтары мен міндеттерін;

      көрсетілетін қызметті алушының лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерінің атынан және оның есебінен мәмілелерді жүзеге асырған кездегі өкілеттіктерін;

      8) көрсетілетін қызметті алушының ішкі аудит қызметі туралы мынадай мәліметтер қамтылатын ереже:

      ішкі аудит қызметінің құрылымы туралы ақпарат;

      ішкі аудит қызметінің міндеттері мен функциялары;

      ішкі аудит қызметінің құқықтары мен міндеттері;

      ішкі аудит қызметінің басқа құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-әрекет жасау тәртібі туралы ақпарат;

      өзі жүзеге асыратын қызметтің сипаты мен ауқымын ескере отырып, көрсетілетін қызметті алушының бүкіл қызметін немесе бір бөлігін аудиторлық тексеру кезеңділігі;

      9) көрсетілетін қызметті алушының штатында осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша сақтандыру нарығында актуарий қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар актуарийдің болуы туралы мәліметтер;

      10) акционерлердің жалпы жиналысының исламдық қаржыландыру қағидаттары бойынша кеңесті тағайындау туралы шешімі (исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы үшін);

      11) егер Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлерін реттейтін жекелеген заңнамалық актiлерiнде көрсетілетін қызметті алушыны мәжбүрлеп тарату кезінде сақтандыру шарттары бойынша сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыруға кепiлдiк беретін ұйымға көрсетілетін қызметті алушының мiндеттi түрде қатысуы белгiленген болса, осындай ұйымға қатысу шартының нотариат куәландырған көшірмесі;

      12) Заңның және Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлерін реттейтін жекелеген заңнамалық актілерінің талаптарына сәйкес дерекқорға қатысуын растайтын құжаттар.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде жазылған талаптар жұмыс істеп тұрған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына немесе исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына қолданылмайды.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 07.02.2019 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      10. Сақтандырудың қосымша сыныптары бойынша сақтандыру қызметін немесе исламдық сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) ақпарат жүйелерінде қамтылатын, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға берілген келісіммен бірге еркін нысанда жасалған өтініш;

      2) "электрондық үкімет" төлем шлюзі арқылы төлем жасау жағдайларын қоспағанда, қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшiрмесi;

      3) сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар актуарий қол қойған сақтандыру сыныбы (сыныптары) бойынша бизнес-жоспар.

      Сақтандыру сыныбы жөніндегі бизнес-жоспарда мынадай ақпарат:

      сақтандыру сыныбы бойынша жабылатын тәуекелдердің негізгі сипаттамалары;

      сақтандыру портфелінің құрылымындағы сақтандыру сыныбы үлесінің; сақтандыру сыныбы бойынша қызметтер көрсету нарығы сегментінің (нарық көлемінің, әлеуетті сақтанушылардың, географиялық жерінің) негізгі сипаттамалары;

      сақтандыру өнімдерін сақтандыру сыныбы шеңберінде сату тәсілдерінің негізгі сипаттамалары;

      сақтандыру тарифтерін есептеу тәртібіне және олардың экономикалық негіздемесіне қойылатын талаптар;

      осы сақтандыру сыныбы бойынша таяу 2 (екі) жылға арналған пайдалар, шығындар, сақтандыру резервтерінің есептері туралы болжам, шығындылық болжамы, ең нашар және ең жақсы жағдайдағы тәуекелдерді бағалау, пруденциялық нормативтердің сақталу болжамы;

      қайта сақтандыру немесе исламдық сақтандыру саясаты (қайта сақтандыру нысандары мен әдістері, қайта сақтандыру ұйымдарын немесе исламдық қайта сақтандыру ұйымдарын бағалау өлшемдері);

      инвестициялық саясат қамтылады.

      Инвестициялық саясат жөніндегі ақпаратта мынадай мәліметтер:

      инвестициялау мақсаты;

      инвестиция түрлері бойынша әртараптандыруды және активтердің сапасын бағалауды қоса алғанда, инвестициялық портфельді және оның кірістілігін қалыптастыру;

      активтердің түріне, сондай-ақ сырттан активтер тартуға қарай инвестициялық шектеулер;

      инвестициялық саясатқа жауапты ұйымның адамдары ашып көрсетілуі тиіс.

      Актуарий қол қойған сақтандыру сыныбы бойынша бизнес-жоспарда Заңның 37-бабының 3-тармағында көзделген ақпарат қамтылады және қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) тігілген және нөмірленген түрде, соңғы парағының сыртқы жағындағы тігіс түйініне желімделген жапсырма қағазда тігілген парақтардың саны көрсетіле отырып, бір данада беріледі. Сақтандыру сыныбы бойынша бизнес-жоспардың титул парағында жоғарғы оң бұрышында мынадай айқындама болады: (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауы) "Директорлар кеңесі бекітті 20__жылғы "__" _____________ № ___ хаттама".

      Сақтандырудың бірнеше сыныбы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін немесе исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алуға өтініш берген кезде сақтандыру сыныптары бөлігінде бір бизнес-жоспар ұсынылады;

      4) алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 07.02.2019 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 07.02.2019 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      10-1. Сақтандыру қызметін жүзеге асыруға немесе сақтандырудың қосымша сыныптары бойынша исламдық сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін көрсетілетін қызметті алушы уәкілетті органның талаптарына сәйкес келетін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің болуын қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 2-тарау 10-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 07.02.2019 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      11. Лицензияның телнұсқасын алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі (егер бұдан бұрын берілген лицензия қағаз нысанда ресімделген болса):

      1) еркін нысанда жазылған өтініш;

      2) "электрондық үкімет" төлем шлюзі арқылы төлем жасау жағдайларын қоспағанда, лицензияның телнұсқасын беру кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшірмесі.

      12. Лицензияны қайта ресімдеу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      2) лицензияның түпнұсқасы (лицензияланатын қызмет түрінен сақтандыру қызметінің немесе исламдық сақтандыру қызметінің бір немесе бірнеше сыныбы алып тасталған жағдайда) (егер бұдан бұрын берілген лицензия қағаз нысанда ресімделген болса);

      3) Заңның 37-1-бабында көзделген тәртіппен сақтандыру портфелін беруді растайтын құжаттар (лицензиядан сақтандырудың жекелеген сыныптары алып тасталған жағдайда);

      4) "электрондық үкімет" төлем шлюзі арқылы төлем жасау жағдайларын қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеген кезде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшірмесі;

      5) ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпараты бар құжаттардың көшірмелері.

      13. Лицензия алу үшін көрсетілетін қызметті алушы порталда өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

      2) "электрондық үкімет" төлем шлюзі арқылы төлем жасау жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алым төлеу туралы құжат (құжаттың электрондық көшірмесі түрінде);

      3) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағының 3) (осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасында осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мәліметтердің электрондық нысаны түрінде көрсетілген уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес келетін барлық ұйымдастыру-техникалық, оның ішінде бухгалтерлік есеп және бухгалтерлік есеп жүргізуді автоматтандыру мәселелері бойынша іс-шаралардың орындалғанын білдіретін құжаттар), 4), 5), 6), 10), 11) және 12) (PDF форматындағы құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде), 7) және 8) (электрондық құжаттар түрінде) тармақшаларында, 9) (осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мәліметтердің электрондық нысаны түрінде) тармақшасында, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағының 3) және 4) тармақшаларында (PDF форматындағы құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде) көрсетілген құжаттар электрондық сұратуға қоса беріледі.

      Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 07.02.2019 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      14. Лицензияның телнұсқасын алу үшін көрсетілетін қызметті алушы порталда өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі (егер бұдан бұрын берілген лицензия қағаз нысанда ресімделген болса):

      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

      2) "электрондық үкімет" төлем шлюзі арқылы төлем жасау жағдайларын қоспағанда, лицензияның телнұсқасын беру кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымды төлеу туралы құжат (құжаттың электрондық көшірмесі түрінде).

      15. Лицензияны қайта ресімдеу үшін көрсетілетін қызметті алушы порталда өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

      2) электрондық сұрау салуға қоса тіркелетін, құжаттардың электрондық көшірмелері түріндегі Заңның 37-1-бабында көзделген тәртіппен сақтандыру портфелін беруді растайтын құжаттар (лицензиядан сақтандырудың жекелеген сыныптары алып тасталған жағдайда);

      3) "электрондық үкімет" төлем шлюзі арқылы төлем жасау жағдайларын қоспағанда, лицензия қайта ресімделген кезде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым төлеу туралы құжат (құжаттың электрондық көшірмесі түрінде);

      4) ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпараты бар құжаттардың көшірмелері (құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде).

      16. Уәкілетті орган тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы:

      Қазақстан Республикасының резидент - жеке тұлғасының жеке басын куәландыратын;

      Қазақстан Республикасының резидент - жеке тұлғасында алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқ екенін растайтын;

      Қазақстан Республикасының резидент - заңды тұлғасын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттарда көрсетілген мәліметтерді алады.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 07.02.2019 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      17. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін мыналар негіз болып табылады:

      1) көрсетілетін қызметті алушының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын немесе исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат алу кезiнде бизнес-жоспарда көрсетiлген талаптарды орындау мерзiмi аяқталғанға дейiн сақтандырудың қосымша сыныптары бойынша сақтандыру қызметін немесе исламдық сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшiн көрсетілетін қызметті берушіге өтініші. Осы талап:

      сақтандырудың жаңа сыныптары мен түрлерін енгізу;

      сақтандырудың жекелеген сыныптары мен түрлері бойынша сақтандыру қызметін немесе исламдық сақтандыру қызметін жүзеге асыру тәртібін және талаптарын өзгерту көзделетін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері қабылданған жағдайларда қолданылмайды;

      2) егер көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік оны тіркеген күннен бастап 6 (алты) ай ішінде көрсетілетін қызметті берушіге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензия алу үшін өтініш жасамаған болса;

      3) ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуі;

      4) құрамына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы кіретін сақтандыру тобының өтініш бергенге дейінгі 6 (алты) ай ішіндегі кезеңде белгіленген пруденциялық нормативтерді және сақталуға міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді сақтамауы;

      5) қоғамның органдары таңдағандар қатарынан басшы қызметкердің келісілмеуі (жаңадан құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы немесе исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы үшін);

      6) заңды тұлғалардың осы санаты үшін Қазақстан Республикасының заңдарында қызметтің түрімен айналысуға тыйым салынуы;

      7) қызмет түріне лицензия беруге өтініш берілген жағдайда қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым енгізілмеуі;

      8) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты лицензиялауға жататын қызметті немесе қызметтің жекелеген түрлерін тоқтата тұру немесе тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;

      9) сот орындаушысының ұйғарымы негізінде көрсетілетін қызметті алушы-борышкерге соттың лицензия беруге уақытша тыйым салуы.

      18. Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 17-тармағында жазылған негіздерден басқа сақтандырудың қосымша сыныптары бойынша сақтандыру қызметін немесе исламдық сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беруден бас тарту мынадай негіздер бойынша жүргізіледі:

      1) сақтандырудың алатын қосымша сыныбын есепке алғанда, пруденциялық нормативтердің сақталмау болжамы;

      2) өтініш беру күніне дейін соңғы 3 (үш) ай ішінде және оны қарау кезеңінде пруденциялық нормативтердің сақталмауы;

      3) өтініш беру күніне сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін немесе исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына лицензияның қолданылуын тоқтата тұру түрінде қолданыстағы санкцияның болуы.

      19. Көрсетілетін қызметті беруші осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12 және 15-тармақтарында көрсетілген құжаттар тиісінше ресімделмеген жағдайда лицензияны қайта ресімдеуден бас тартады.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібі

      20. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 22-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде беріледі.

      Заңды тұлғаның шағымында оның атауы, пошталық мекенжайы, жіберілген нөмірі мен күні көрсетіледі.

      Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.

      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға алынатын жауаптың мерзімі мен орны көрсетіле отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралады.

      Портал арқылы өтініш берген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе 1414 телефоны арқылы алуға болады.

      Шағымды портал арқылы жіберген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинеттен" шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің шағымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралады.

      21. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге талаптар

      22. Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің: www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

      23. Көрсетілетін қызметті алушының порталдағы "жеке кабинеті" арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығынан мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар.

      24. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті берушінің: www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

  "Жалпы сақтандыру" саласы
бойынша сақтандыру
(қайта сақтандыру) қызметін
немесе исламдық сақтандыру
(қайта сақтандыру) қызметін
жүзеге асыру құқығына
лицензия беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына
1-қосымша
  Нысан
  ____________________________
(көрсетілетін қызметті
берушінің толық атауы)
____________________________
____________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының толық атауы, бизнес
сәйкестендіру нөмірі (бар
болса), телефон нөмірі, факс
нөмірі)

Өтініш

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 07.02.2019 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      (сақтандырудың салалары, нысандары, сыныптары, қызмет түрі көрсетілсін)

      жүзеге асыру құқығына лицензия беруді сұраймын

      Жіберілетін құжаттар тізбесі, олардың әрқайсысы бойынша даналары мен

      парақтарының саны:

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      Көрсетілетін қызметті алушы өтінішке қоса беріліп отырған құжаттардың (ақпараттың) дәйектілігін, сондай-ақ өтінішті қарауға байланысты сұратылатын қосымша ақпараттар мен құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге уақтылы беруді растайды.

      Өтінішті беруге уәкілетті адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), лауазымы

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      Көрсетілетін қызметті алушы ақпарат жүйелеріндегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісімін береді.

      ____________________________

                  (қолы)

      20__ жылғы "____" ______________

  "Жалпы сақтандыру" саласы
бойынша сақтандыру
(қайта сақтандыру) қызметін
немесе исламдық сақтандыру
(қайта сақтандыру) қызметін
жүзеге асыру құқығына
лицензия беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына
2-қосымша
  Нысан

Көрсетілетін қызметті алушының штатында сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар актуарийдің болуы туралы мәліметтер

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 07.02.2019 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Көрсетілетін қызметті алушының атауы

Сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар актуарий туралы мәліметтер

Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

Тағайындау (сайлау) туралы құжаттың нөмір мен күні

Білімі туралы, оның ішінде жұмыс істейтін салада біліктілікті арттыру курстары туралы мәліметтер

      Бірінші басшы немесе қол қоюға уәкілетті адам

      __________________________________________________________________

      Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

      Қолы_________________

      Күні _________________

  "Жалпы сақтандыру" саласы
бойынша сақтандыру
(қайта сақтандыру) қызметін
немесе исламдық сақтандыру
(қайта сақтандыру) қызметін
жүзеге асыру құқығына
лицензия беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына
3-қосымша
  Нысан
  ____________________________
(көрсетілетін қызметті
берушінің толық атауы)
____________________________
____________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының толық атауы, бизнес
сәйкестендіру нөмірі (бар болса)

Өтініш

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 07.02.2019 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      (лицензияны қайта ресімдеу себебін көрсету)

      ____________________________________________________________________

      (лицензияның атауы көрсетілсін)

      лицензиясын қайта ресімдеуді сұраймын

      Жіберілетін құжаттар тізбесі, олардың әрқайсысы бойынша даналары мен

      парақтарының саны:

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Көрсетілетін қызметті алушы өтінішке қоса беріліп отырған құжаттардың (ақпараттың) дәйектілігін, сондай-ақ өтінішті қарауға байланысты сұратылатын қосымша ақпараттар мен құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге уақтылы беруді растайды.

      Өтінішті беруге уәкілетті адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), лауазымы

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Көрсетілетін қызметті алушы ақпарат жүйелеріндегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісімін береді.

      ____________________________

                        (қолы)

      20__ жылғы "____" ______________

  "Жалпы сақтандыру" саласы
бойынша сақтандыру
(қайта сақтандыру) қызметін
немесе исламдық сақтандыру
(қайта сақтандыру) қызметін
жүзеге асыру құқығына
лицензия беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына
4-қосымша
  Нысан

Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес келетін барлық ұйымдастыру-техникалық, оның ішінде бухгалтерлік есеп және бухгалтерлік есепті жүргізуді автоматтандыру мәселелері бойынша іс-шаралардың орындалғанын куәландыратын құжаттар

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 07.02.2019 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Жабдықтың атауы

Жабдықтың сериялық нөмірі

Жабдықтың түгендеу нөмірі

Бағдарламалық қамтамасыз етудің атауы

Бағдарламалық қамтамасыз ету лицензиясының нөмірі

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4232 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 15 сәуірдегі № 102 қаулысымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын автоматтандыруға қойылатын талаптар туралы нұсқаулыққа, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8596 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 28 маусымдағы № 149 қаулысымен бекітілген Сақтандыру және қайта сақтандыру операцияларының бухгалтерлік есебін жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15084 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 27 наурыздағы № 47 қаулысымен бекітілген Бухгалтерлік есеп жүргізуді автоматтандыру қағидаларына сәйкес әзірленген және бекітілген ішкі құжаттар

1

2

3

4

5

6

7

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 71 қаулысына
33-қосымша

"Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген және сақтандырудың жекелеген сыныптары болып табылатын міндетті сақтандырудың түрлеріне немесе Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген және сақтандырудың жекелеген сыныптары болып табылатын міндетті сақтандырудың түрлері бойынша исламдық сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. 33-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген және сақтандырудың жекелеген сыныптары болып табылатын міндетті сақтандырудың түрлеріне немесе Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген және сақтандырудың жекелеген сыныптары болып табылатын міндетті сақтандырудың түрлері бойынша исламдық сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін беру:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

      2) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген кезде:

      лицензия берген кезде – 30 (отыз) жұмыс күні ішінде;

      лицензияны қайта ресімдеген кезде – 15 (он бес) жұмыс күні ішінде;

      көрсетілетін қызметті алушыны бөлініп шығу немесе бөлу нысанында қайта ұйымдастырған жағдайда лицензияны қайта ресімдеген кезде – 30 (отыз) жұмыс күнінен кешіктірмей;

      лицензияның телнұсқаларын берген кезде – 2 (екі) жұмыс күні ішінде;

      2) құжаттарды қабылдау және беру бойынша көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартуды береді.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 07.02.2019 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – лицензия беру, лицензияны қайта ресімдеу, телнұсқаларын беру не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 18, 19 және 20-тармақтарында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық. Көрсетілетін қызметті алушы лицензияны қағаз жеткізгіште алуға өтініш берген жағдайда, лицензия электрондық нысанда ресімделеді және қағазға басылып шығарылады.

      Порталға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      7. Мемлекеттік қызмет ақылы негізде көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін мынадай лицензиялық алым төленеді:

      1) аталған қызмет түрімен айналысу құқығына лицензия беру кезіндегі лицензиялық алым 500 (бес жүз) айлық есептік көрсеткішті құрайды (әрбір сақтандыру сыныбы үшін жеке);

      2) лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алым лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 (он) пайызын құрайды;

      3) лицензияның телнұсқасын беру үшін лицензиялық алым лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 (он) пайызын құрайды.

      Алымды төлеу қолма-қол ақша немесе қолма-қол ақшасыз нысанда екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, сондай-ақ қолма-қол ақшасыз нысанда "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 07.02.2019 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінікі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі - жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;

      өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру кестесі - сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін;

      2) порталдікі – жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

      Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады.

      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 07.02.2019 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы лицензия алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;

      2) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы ақы төлеу жағдайларын қоспағанда, қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшірмесі;

      3) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4232 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 15 сәуірдегі № 102 қаулысымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын автоматтандыруға қойылатын талаптар туралы нұсқаулықта, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8596 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 28 маусымдағы № 149 қаулысымен бекітілген Сақтандыру және қайта сақтандыру операцияларының бухгалтерлік есебін жүргізу жөніндегі нұсқаулықта және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15084 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 27 наурыздағы № 47 қаулысымен бекітілген Бухгалтерлік есеп жүргізуді автоматтандыру қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес келетін барлық ұйымдастыру-техникалық, оның ішінде бухгалтерлік есеп және бухгалтерлік есеп жүргізуді автоматтандыру мәселелері жөніндегі іс-шаралардың орындалғанын куәландыратын құжаттар;

      4) барлық өзгерістерімен және толықтыруларымен бірге (осындайлар бар болса) жарғының (салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларын ұсынбаған жағдайда, нотариат куәландырған) көшірмесі;

      5) "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 34-бабының талаптарына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының басшы қызметкерлерінің лауазымына ұсынылатын адамдардың құжаттары;

      6) ең төменгі мөлшері Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11751 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 27 мамырдағы № 95 қаулысымен бекітілген Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының нормативтік мәндері мен пруденциялық нормативтерді есептеу әдістемесін және сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді белгілеу жөніндегі нұсқаулықта және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14794 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 304 қаулысымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру тобының пруденциялық нормативтерінің және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің нормативтік мәндерінде және оларды есептеу әдістемесінде айқындалған жарғылық капиталдың төленгенін растайтын құжаттардың көшірмелері.

      Көрсетілетін қызметті алушының жарғылық капиталының ең төменгі мөлшерінің толық төлегенін растайтын құжаттар құрылтайшылардың, акционерлердің оны төлегенін растайтын төлем құжаттары (төлем тапсырмалары, кіріс касса ордерлері), сондай-ақ бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік болып табылады;

      7) сақтандыру қызметін немесе исламдық сақтандыру қызметін жүзеге асырудың ішкі қағидалары, олар мыналарды айқындайды:

      шаруашылық қызметті жүзеге асыратын бөлімшелерді қоспағанда, көрсетілетін қызметті алушы бөлімшелерінің құрылымын, міндеттерін, функцияларын және өкілеттіктерін;

      ішкі аудит қызметінің және басқа да тұрақты жұмыс істейтін органдардың құрылымын, мүшелер санын, міндеттерін, функцияларын және өкілеттіктерін;

      көрсетілетін қызметті алушының техникалық (сақтандыру), инвестициялық, кредиттік, операциялық, нарықтық және басқа да тәуекелдерді басқару бойынша саясатын ашатын тәуекелдерді басқару жүйесін;

      шаруашылық қызметті жүзеге асыратын бөлімшелерді қоспағанда, құрылымдық бөлімшелер басшыларының құқықтары мен міндеттерін;

      көрсетілетін қызметті алушының лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерінің атынан және оның есебінен мәмілелерді жүзеге асырған кездегі өкілеттіктерін;

      8) көрсетілетін қызметті алушының ішкі аудит қызметі туралы, мынадай мәліметтер қамтылатын ереже:

      ішкі аудит қызметінің құрылымы туралы ақпарат;

      ішкі аудит қызметінің міндеттері мен функциялары;

      ішкі аудит қызметінің құқықтары мен міндеттері;

      ішкі аудит қызметінің басқа құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-әрекет жасау тәртібі туралы ақпарат;

      өзі жүзеге асыратын қызметтің сипаты мен ауқымын ескере отырып, көрсетілетін қызметті алушының бүкіл қызметін немесе бір бөлігін аудиторлық тексеру кезеңділігі;

      9) көрсетілетін қызметті алушының штатында осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша сақтандыру нарығында актуарий қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар актуарийдің болуы туралы мәліметтер;

      10) акционерлердің жалпы жиналысының исламдық қаржыландыру қағидаттары бойынша кеңесті тағайындау туралы шешімі (исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы үшін);

      11) егер Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлерін реттейтін жекелеген заңнамалық актiлерiнде көрсетілетін қызметті алушыны мәжбүрлеп тарату кезінде сақтандыру шарттары бойынша сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыруға кепiлдiк беретін ұйымға көрсетілетін қызметті алушының мiндеттi түрде қатысуы белгiленген болса, осындай ұйымға қатысу шартының нотариат куәландырған көшірмесі;

      12) Заңның және Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлерін реттейтін жекелеген заңнамалық актілерінің талаптарына сәйкес дерекқорға қатысуын растайтын құжаттар;

      13) көрсетілетін қызметті алушының орналастырылған акцияларының елу пайызынан астамы мемлекетке немесе ұлттық басқарушы холдингке тікелей немесе жанама түрде тиесілі немесе сенімгерлік басқаруға берілген жағдайларды қоспағанда, ірі қатысушы - жеке тұлғаның немесе сақтандыру холдингінің бар екенін растайтын құжат (сақтандырудың міндетті түрлерін жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін).

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде жазылған талаптар жұмыс істеп тұрған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына немесе исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына қолданылмайды.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 07.02.2019 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      10. Сақтандырудың қосымша сыныптары бойынша сақтандыру қызметін немесе исламдық сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша лицензия беру туралы өтініш;

      2) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы ақы төлеу жағдайларын қоспағанда, қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшірмесі;

      3) сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар актуарий қол қойған сақтандыру сыныбы (сыныптары) бойынша бизнес-жоспар.

      Сақтандыру сыныбы бойынша бизнес-жоспарда мынадай ақпарат қамтылады:

      сақтандыру сыныбы бойынша өтелетін тәуекелдердің негізгі сипаттамалары;

      сақтандыру портфелінің құрылымындағы сақтандыру сыныбы үлесінің; сақтандыру сыныбы бойынша қызметтер көрсету нарығы сегментінің (нарық көлемінің, әлеуетті сақтанушылардың, географиялық жерінің) негізгі сипаттамалары;

      сақтандыру сыныбы шеңберінде сақтандыру өнімдерін өткізу тәсілдерінің негізгі сипаттамалары;

      сақтандыру тарифтерін есептеу тәртібіне және олардың экономикалық негіздемесіне қойылатын талаптар;

      осы сақтандыру сыныбы бойынша таяудағы екі жылға арналған пайдалар, шығындар, сақтандыру резервтерінің есептері туралы болжам, шығындылық болжамы, ең нашар және ең жақсы жағдайдағы тәуекелдерді бағалау, пруденциялық нормативтердің сақталу болжамы;

      қайта сақтандыру немесе исламдық қайта сақтандыру саясаты (қайта сақтандыру нысандары мен әдістері, қайта сақтандыру ұйымдарын немесе исламдық қайта сақтандыру ұйымдарын бағалау өлшемшарттары);

      инвестициялық саясат.

      Инвестициялық саясат жөніндегі ақпаратта мынадай мәліметтер:

      инвестициялау мақсаты;

      инвестиция түрлері бойынша әртараптандыруды және активтердің сапасын бағалауды қоса алғанда, инвестициялық портфельді және оның кірістілігін қалыптастыру;

      активтердің түріне, сондай-ақ сырттан қаражат тартуға қарай инвестициялық шектеулер;

      инвестициялық саясатқа жауапты ұйымның адамдары ашып көрсетілуге тиіс.

      Актуарий қол қойған сақтандыру сыныбы бойынша бизнес-жоспарда Заңның 37-бабының 3-тармағында көзделген ақпарат қамтылады және қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) нөмірленген және тігілген түрде, соңғы парағының сыртқы жағындағы тігіс түйініне желімделген жапсырма қағазда тігілген парақтардың саны көрсетіле отырып, бір данада беріледі. Сақтандыру сыныбы бойынша бизнес-жоспардың титул парағында жоғарғы оң бұрышында мынадай айқындама болады: (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауы) "Директорлар кеңесі бекітті 20__жылғы "__" _____________ № ___ хаттама".

      Сақтандырудың бірнеше сыныбы бойынша сақтандыру қызметін немесе исламдық сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алуға өтініш берген кезде сақтандыру сыныптары бойынша бір бизнес-жоспар ұсынылады;

      4) егер Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлерін реттейтін жекелеген заңнамалық актiлерiнде көрсетілетін қызметті алушыны мәжбүрлеп тарату кезінде сақтандыру шарттары бойынша сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыруға кепiлдiк беретін ұйымға көрсетілетін қызметті алушының мiндеттi қатысуы белгiленген болса, осындай ұйымға қатысу шартының нотариат куәландырған көшірмесі;

      5) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының орналастырылған акцияларының елу пайызынан астамы мемлекетке немесе ұлттық басқарушы холдингке тікелей немесе жанама түрде тиесілі немесе сенімгерлік басқаруға берілген жағдайларды қоспағанда, ірі қатысушы - жеке тұлғаның немесе сақтандыру холдингінің бар екенін растайтын құжат (сақтандырудың міндетті түрлерін жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін);

      6) Заңның және Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлерін реттейтін жекелеген заңнамалық актілерінің талаптарына сәйкес дерекқорға қатысуын растайтын құжаттар.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 07.02.2019 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      10-1. Сақтандыру қызметін жүзеге асыруға немесе сақтандырудың қосымша сыныптары бойынша исламдық сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін көрсетілетін қызметті алушы уәкілетті органның талаптарына сәйкес келетін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің болуын қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 2-тарау 10-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 07.02.2019 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      11. Көрсетілетін қызметті алушы көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге "Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы" 2003 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 1-тармағының талаптарын орындағанын растайтын құжаттарды қосымша ұсынады;

      көрсетілетін қызметті алушы жұмыс берушiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге "Қызметкер еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру туралы" 2005 жылғы 7 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-1-бабы 1-тармағының талаптарын орындағанын растайтын құжаттарды ұсынады.

      12. Лицензияның телнұсқасын алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге өтініш жасаған кезде (егер бұдан бұрын берілген лицензия қағаз нысанда ресімделген болса) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) еркін нысанда жазылған өтініш;

      2) "электрондық үкімет" төлем шлюзі арқылы төлем жасау жағдайларын қоспағанда, лицензияның телнұсқасын беру кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшірмесі.

      13. Лицензияны қайта ресімдеу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      2) лицензияның түпнұсқасы (лицензияланатын қызмет түрінен сақтандыру қызметінің бір немесе бірнеше сыныбы алып тасталған жағдайда) (егер бұдан бұрын берілген лицензия қағаз нысанда ресімделген болса);

      3) Заңның 37-1-бабында көзделген тәртіппен сақтандыру портфелін беруді растайтын құжаттар (лицензиядан сақтандырудың жекелеген сыныптары алып тасталған жағдайда);

      4) "электрондық үкімет" төлем шлюзі арқылы төлем жасау жағдайларын қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеген кезде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшірмесі;

      5) ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпараты бар құжаттардың көшірмелері.

      14. Лицензия алу үшін көрсетілетін қызметті алушы порталда өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

      2) "электрондық үкімет" төлем шлюзі арқылы төлем жасау жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алым төлеу туралы құжат (құжаттың электрондық көшірмесі түрінде);

      3) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағының 3) (осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасында осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мәліметтердің электрондық нысаны түрінде көрсетілген уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес келетін барлық ұйымдастыру-техникалық, оның ішінде бухгалтерлік есеп және бухгалтерлік есеп жүргізуді автоматтандыру мәселелері бойынша іс-шаралардың орындалғанын білдіретін құжаттар), 5), 6), 11), 12) және 13) (PDF форматындағы құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде), 7) және 8) (электрондық құжаттар түрінде), 9) (осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мәліметтердің электрондық нысаны түрінде) тармақшаларында, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағының 3) (электрондық құжаттар түрінде), 4), 5) және 6) (PDF форматындағы құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде) тармақшасында, 11-тармағында (PDF форматындағы құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде) көрсетілген құжаттар электрондық сұратуға қоса беріледі.

      Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 07.02.2019 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      15. Лицензияның телнұсқасын алу үшін көрсетілетін қызметті алушы порталда өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі (егер бұдан бұрын берілген лицензия қағаз нысанда ресімделген болса):

      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

      2) "электрондық үкімет" төлем шлюзі арқылы төлем жасау жағдайларын қоспағанда, лицензияның телнұсқасын беру кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымды төлеу туралы құжат (құжаттың электрондық көшірмесі түрінде).

      16. Лицензияны қайта ресімдеу үшін көрсетілетін қызметті алушы порталда өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

      2) электрондық сұрау салуға қоса тіркелетін Заңның 37-1-бабында көзделген тәртіппен сақтандыру портфелін беруді растайтын құжаттар (лицензиядан сақтандырудың жекелеген сыныптары алып тасталған жағдайда) (құжаттардың PDF форматындағы электрондық көшірмелері түрінде);

      3) "электрондық үкімет" төлем шлюзі арқылы төлем жасау жағдайларын қоспағанда, лицензия қайта ресімделген кезде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым төлеу туралы құжат (құжаттың электрондық көшірмесі түрінде);

      4) ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпараты бар құжаттардың көшірмелері (құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде).

      17. Уәкілетті орган тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы:

      Қазақстан Республикасының резидент - жеке тұлғасының жеке басын куәландыратын;

      Қазақстан Республикасының резидент - жеке тұлғасында алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқ екенін растайтын;

      Қазақстан Республикасының резидент - заңды тұлғасын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттарда көрсетілген мәліметтерді алады.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 07.02.2019 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      18. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін мыналар негіз болып табылады:

      1) көрсетілетін қызметті алушының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын немесе исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат алу кезiнде бизнес-жоспарда көрсетiлген талаптарды орындау мерзiмi аяқталғанға дейiн сақтандырудың қосымша сыныптары бойынша сақтандыру қызметін немесе исламдық сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшiн көрсетілетін қызметті берушіге өтініші. Осы талап:

      сақтандырудың жаңа сыныптары мен түрлерін енгізу;

      сақтандырудың жекелеген сыныптары мен түрлері бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру тәртібін және талаптарын өзгерту көзделетін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері қабылданған жағдайларда қолданылмайды;

      2) егер көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік оны тіркеген күннен бастап 6 (алты) ай ішінде көрсетілетін қызметті берушіге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензия алу үшін өтініш жасамаған болса;

      3) ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуі;

      4) құрамына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы немесе исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы кіретін сақтандыру тобының өтініш бергенге дейінгі 6 (алты) ай ішіндегі кезеңде белгіленген пруденциялық нормативтерді және сақталуға міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді сақтамауы;

      5) қоғамның органдары таңдағандар қатарынан басшы қызметкердің келісілмеуі (жаңадан құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы немесе исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы үшін);

      6) заңды тұлғалардың осы санаты үшін Қазақстан Республикасының заңдарында қызметтің түрімен айналысуға тыйым салынуы;

      7) қызмет түріне лицензия беруге өтініш берілген жағдайда қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым енгізілмеуі;

      8) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты лицензиялауға жататын қызметті немесе қызметтің жекелеген түрлерін тоқтата тұру немесе тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;

      9) сот орындаушысының ұйғарымы негізінде көрсетілетін қызметті алушы-борышкерге соттың лицензия беруге уақытша тыйым салуы.

      19. Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 18-тармағында жазылған негіздерден басқа сақтандырудың қосымша сыныптары бойынша сақтандыру қызметін немесе исламдық сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беруден бас тарту мынадай негіздер бойынша жүргізіледі:

      1) сақтандырудың алатын қосымша сыныбын есепке алғанда, пруденциялық нормативтердің сақталмау болжамы;

      2) өтініш беру күніне дейін соңғы 3 (үш) ай ішінде және оны қарау кезеңінде пруденциялық нормативтердің сақталмауы;

      3) өтініш беру күніне сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін немесе исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына лицензияның қолданылуын тоқтата тұру түрінде қолданыстағы санкцияның болуы.

      20. Көрсетілетін қызметті беруші осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13 және 16-тармақтарында көрсетілген құжаттар тиісінше ресімделмеген жағдайда лицензияны қайта ресімдеуден бас тартады.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібі

      21. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 23-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде беріледі.

      Заңды тұлғаның шағымында оның атауы, пошталық мекенжайы, жіберілген нөмірі мен күні көрсетіледі.

      Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.

      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға алынатын жауаптың мерзімі мен орны көрсетіле отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралады.

      Портал арқылы өтініш берген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе 1414 телефоны арқылы алуға болады.

      Шағымды портал арқылы жіберген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинеттен" шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің шағымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралады.

      22. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге талаптар

      23. Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің: www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

      24. Көрсетілетін қызметті алушының порталдағы "жеке кабинеті" арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығынан мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар.

      25. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті берушінің: www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

  "Қазақстан Республикасының
заңдарында белгіленген және
сақтандырудың жекелеген
сыныптары болып табылатын
міндетті сақтандырудың
түрлеріне немесе
Қазақстан Республикасының
заңдарында белгіленген және
сақтандырудың жекелеген
сыныптары болып табылатын
міндетті сақтандырудың түрлері
бойынша исламдық сақтандыру
қызметін жүзеге асыру
құқығына лицензия беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына
1-қосымша
  Нысан
  ____________________________
(көрсетілетін қызметті
берушінің толық атауы)
____________________________
____________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының толық атауы, бизнес
сәйкестендіру нөмірі
(бар болса), телефон нөмірі,
факс нөмірі)

Өтініш

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 07.02.2019 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      (сақтандырудың салалары, нысандары, сыныптары, қызмет түрі көрсетілсін)

      жүзеге асыру құқығына лицензия беруді сұраймын

      Жіберілетін құжаттар тізбесі, олардың әрқайсысы бойынша даналары мен

      парақтарының саны:

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      Көрсетілетін қызметті алушы өтінішке қоса беріліп отырған құжаттардың (ақпараттың) дәйектілігін, сондай-ақ өтінішті қарауға байланысты сұратылатын қосымша ақпараттар мен құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге уақтылы беруді растайды.

      Өтінішті беруге уәкілетті адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), лауазымы

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Көрсетілетін қызметті алушы ақпарат жүйелеріндегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісімін береді.

      ____________________________

                  (қолы)

      20__ жылғы "____" ___________

  "Қазақстан Республикасының
заңдарында белгіленген және
сақтандырудың жекелеген
сыныптары болып табылатын
міндетті сақтандырудың
түрлеріне немесе
Қазақстан Республикасының
заңдарында белгіленген және
сақтандырудың жекелеген
сыныптары болып табылатын
міндетті сақтандырудың түрлері
бойынша исламдық сақтандыру
қызметін жүзеге асыру
құқығына лицензия беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына
2-қосымша
  Нысан

Көрсетілетін қызметті алушының штатында сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар актуарийдің болуы туралы мәліметтер

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 07.02.2019 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Көрсетілетін қызметті алушының атауы

сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар актуарий туралы мәліметтер

Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

Тағайындау (сайлау) туралы құжаттың нөмірі мен күні

Білімі туралы, оның ішінде жұмыс істейтін салада біліктілікті арттыру курстары туралы мәліметтер

      Бірінші басшы немесе қол қоюға уәкілетті адам

      __________________________________________________________________

      Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

      Қолы_________________

      Күні _________________

  "Қазақстан Республикасының
заңдарында белгіленген және
сақтандырудың жекелеген
сыныптары болып табылатын
міндетті сақтандырудың
түрлеріне немесе
Қазақстан Республикасының
заңдарында белгіленген және
сақтандырудың жекелеген
сыныптары болып табылатын
міндетті сақтандырудың түрлері
бойынша исламдық сақтандыру
қызметін жүзеге асыру
құқығына лицензия беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына
3-қосымша
  Нысан
  ____________________________
(көрсетілетін қызметті ерушінің
толық атауы)
____________________________
____________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының толық атауы, бизнес
сәйкестендіру нөмірі (бар болса)

Өтініш

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 07.02.2019 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      _________________________________________________________байланысты

      (лицензияны қайта ресімдеу себебін көрсету)

      ____________________________________________________________________

      (лицензияның атауы көрсетілсін)

      лицензиясын қайта ресімдеуді сұраймын

      Жіберілетін құжаттар тізбесі, олардың әрқайсысы бойынша даналары мен

      парақтарының саны:

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Көрсетілетін қызметті алушы өтінішке қоса беріліп отырған құжаттардың (ақпараттың) дәйектілігін, сондай-ақ өтінішті қарауға байланысты сұратылатын қосымша ақпараттар мен құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға уақтылы беруді растайды.

      Өтінішті беруге уәкілетті адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), лауазымы

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Көрсетілетін қызметті алушы ақпарат жүйелеріндегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісімін береді.

      ____________________________

                  (қолы)

      20__ жылғы "____" ______________

  "Қазақстан Республикасының
заңдарында белгіленген және
сақтандырудың жекелеген
сыныптары болып табылатын
міндетті сақтандырудың
түрлеріне немесе
Қазақстан Республикасының
заңдарында белгіленген және
сақтандырудың жекелеген
сыныптары болып табылатын
міндетті сақтандырудың түрлері
бойынша исламдық сақтандыру
қызметін жүзеге асыру
құқығына лицензия беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына
4-қосымша
  Мәліметтердің электрондық
нұсқасы

Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес келетін барлық ұйымдастыру-техникалық, оның ішінде бухгалтерлік есеп және бухгалтерлік есепті жүргізуді автоматтандыру мәселелері бойынша іс-шаралардың орындалғанын куәландыратын құжаттар

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 07.02.2019 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Жабдықтың атауы

Жабдықтың сериялық нөмірі

Жабдықтың түгендеу нөмірі

Бағдарламалық қамтамасыз етудің атауы

Бағдарламалық қамтамасыз ету лицензиясының нөмірі

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4232 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 15 сәуірдегі № 102 қаулысымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын автоматтандыруға қойылатын талаптар туралы нұсқаулыққа, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8596 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 28 маусымдағы № 149 қаулысымен бекітілген Сақтандыру және қайта сақтандыру операцияларының бухгалтерлік есебін жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15084 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 27 наурыздағы № 47 қаулысымен бекітілген Бухгалтерлік есеп жүргізуді автоматтандыру қағидаларына сәйкес әзірленген және бекітілген ішкі құжаттар

1

2

3

4

5

6

7

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 71 қаулысына
34-қосымша

"Қайта сақтандыру жөніндегі қызметке немесе исламдық қайта сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. 34-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Қайта сақтандыру жөніндегі қызметке немесе исламдық қайта сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) заңды тұлғаларға (көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін беру:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

      2) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген кезде:

      лицензия берген кезде – 30 (отыз) жұмыс күні ішінде;

      лицензияны қайта ресімдеген кезде – 15 (он бес) жұмыс күні ішінде;

      көрсетілетін қызметті алушыны бөлініп шығу немесе бөлу нысанында қайта ұйымдастырған жағдайда лицензияны қайта ресімдеген кезде – 30 (отыз) жұмыс күнінен кешіктірмей;

      лицензияның телнұсқаларын берген кезде – 2 (екі) жұмыс күні ішінде;

      2) құжаттарды қабылдау және беру бойынша көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартуды береді.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 07.02.2019 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – лицензия беру, лицензияны қайта ресімдеу, телнұсқаларын беру не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 16 және 17-тармақтарында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық. Көрсетілетін қызметті алушы лицензияны қағаз жеткізгіште алуға өтініш берген жағдайда лицензия электрондық нысанда ресімделеді және қағазға басылып шығарылады.

      Порталда мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      7. Мемлекеттік қызмет ақылы негізде көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін мынадай лицензиялық алым төленеді:

      1) аталған қызмет түрімен айналысу құқығына лицензия беру кезіндегі лицензиялық алым 500 (бес жүз) айлық есептік көрсеткішті құрайды;

      2) лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алым лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 (он) пайызын құрайды;

      3) лицензияның телнұсқасын беру үшін лицензиялық алым лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 (он) пайызын құрайды.

      Алымды төлеу қолма-қол ақша немесе қолма-қол ақшасыз нысанда екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, сондай-ақ қолма-қол ақшасыз нысанда "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 07.02.2019 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінікі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі - жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;

      өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру кестесі - сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін;

      2) порталдікі – жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

      Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады.

      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 07.02.2019 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті берушіге лицензия алу үшін өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      2) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы ақы төлеу жағдайларын қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшірмесі;

      3) сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүргізуге лицензиясы бар актуарий қол қойған жақын арадағы 2 (екі) жылға арналған қайта сақтандыру қызметін немесе исламдық қайта сақтандыру қызметін жүзеге асыру жөніндегі бизнес-жоспар.

      Сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүргізуге лицензиясы бар актуарий қол қойған жақын арадағы 2 (екі) жылға арналған қайта сақтандыру қызметін немесе исламдық қайта сақтандыру қызметін жүзеге асыру жөніндегі бизнес-жоспарда мынадай ақпарат қамтылады:

      тәуекелдерді қайта сақтандыруға немесе исламдық қайта сақтандыруға берген кезде:

      сақтандыру сыныптары бойынша қайта сақтандырудың немесе исламдық қайта сақтандырудың негізгі нысандары (факультативті, облигаторлық, факультативтік-облигаторлық) және қатысу әдістері (түрлері) (барабар, барабар емес), олардың арасындағы арақатынасы;

      қайта сақтандыру ұйымдарын немесе исламдық қайта сақтандыру ұйымдарын бағалау критерийлері (рейтинг, капиталдың мөлшері және активтер деңгейі, қызметті жүзеге асыруға тиісті қадағалау органының лицензиясының болуы);

      қайта сақтандыру ұйымының немесе исламдық қайта сақтандыру ұйымының тұрақтылығы: компанияның нарықта жұмыс істеу уақыты мен тәжірибесі, орналасқан жері, ел тәуекелдерінің болуы;

      қайта сақтандыру ұйымының немесе исламдық қайта сақтандыру ұйымының іскерлік әлеуеті:

      қызмет түрлері бойынша талдау жүргізу, қомақты төлемдер бойынша талдау жүргізу, клиенттермен өзара қарым-қатынасы, баспасөзде теріс немесе оң жарияланымдардың болуы);

      қайта сақтандыру ұйымының немесе исламдық қайта сақтандыру ұйымының қызметіне бақылау жасау, қайта сақтандыру талаптарын сақтауды қамтамасыз ету жүйесі қалай жүзеге асырылады;

      ынтымақтастық жасау болжанатын қайта сақтандыру ұйымдарының немесе исламдық қайта сақтандыру ұйымдарының атауы, шетелдік қайта сақтандырушылардың болжамды үлесі;

      тәуекелдерді қайта сақтандыруға немесе исламдық қайта сақтандыруға қабылдаған кезде:

      қайта сақтанушыларды бағалаудың негізгі критерийлері:

      қызметті жүзеге асыруға тиісті қадағалау органы лицензиясының болуы, қайта сақтанушыдан тәуекелдерді сақтандыруға қабылдайтын мамандардың кәсібилігі, қомақты төлемдер бойынша талдау жүргізу, баспасөзде теріс немесе оң жарияланымдардың болуы, қайта сақтанушы ұйымға экономикалық ықпал ету шараларының болуы, бұрын осы ұйыммен жұмыс істеудегі жағымсыз тәжірибе;

      ұйымның қайта сақтандыру немесе исламдық қайта сақтандыру бойынша портфелін сипаттау (сақтандыру түрлері, әрбір түрінің үлес салмағы, сақтандыру сомаларының лимиттері, қайта сақтандыруға немесе исламдық қайта сақтандыруға беру талаптары бойынша);

      4) көрсетілетін қызметті алушының сақтандыру тәуекелдерін қайта сақтандыруға қабылдау рәсімін ашып көрсететін ішкі қағидалары.

      Көрсетілетін қызметті алушының басқару органы бекіткен сақтандыру тәуекелдерін қайта сақтандыруға қабылдау жөніндегі ішкі қағидаларында мыналар айқындалады:

      тәуекелдерді қайта сақтандыруға қабылдауды жүзеге асыратын бөлімшенің құрылымы, міндеттері, функциялары және өкілеттіктері;

      сақтандыру ұйымының тарифтік саясатына сәйкес сақтандыру тәуекелдерін қайта сақтандыруға немесе исламдық қайта сақтандыруға қабылдау кезіндегі осы құрылымдық бөлімшенің басшысы мен қызметкерлерінің құқықтары, міндеттері, өкілеттіктері;

      сақтандыру тәуекелдерін қайта сақтандыруға немесе исламдық қайта сақтандыруға қабылдау кезінде бағалау тәртібіне қойылатын талаптар;

      бизнес-процестерді сипаттау (құжаттардың өту тәртібі және қайта сақтандыру немесе исламдық қайта сақтандыру жөнінде шешімдер қабылдау бойынша жазылған рәсімдер);

      өзге мәселелер (көрсетілетін қызметті алушының ұйғаруы бойынша);

      исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңесті тағайындау туралы акционерлердің жалпы жиналысының шешімі (исламдық қайта сақтандыру ұйымы үшін).

      10. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге лицензияның телнұсқасын алу үшін өтініш жасаған кезде (егер бұрын берілген лицензия қағаз нысанында ресімделсе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) еркін нысанда жазылған өтініш;

      2) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы ақы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензияның телнұсқасын беру кезінде жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшірмесі.

      11. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге лицензияны қайта ресімдеу үшін өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      2) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы ақы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеген кезде жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшірмесі;

      3) ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеуге негіз болған өзгерістер туралы ақпараты бар құжаттардың көшірмесі.

      12. Көрсетілетін қызметті алушы лицензия алу үшін порталда өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

      2) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы ақы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенi туралы құжат (құжаттың электрондық көшірмесі түрінде);

      3) электрондық сұрау салуға қоса тіркелетін осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағының 3), 5) тармақшаларында (құжаттардың PDF форматындағы электрондық көшірмелері түрінде) және 4) тармақшасында (құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде) көрсетілген құжаттар.

      13. Көрсетілетін қызметті алушы лицензияның телнұсқасын алу үшін порталда өтініш жасаған кезде (егер бұрын берілген лицензия қағаз нысанында ресімделсе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

      2) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы ақы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензияның телнұсқасын беру кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның төленгені туралы құжат (құжаттың электрондық көшірмесі түрінде).

      14. Көрсетілетін қызметті алушы лицензияны қайта ресімдеу үшін порталда өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

      2) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы ақы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензия қайта ресімделген кезде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның төленгені туралы құжат (құжаттың электрондық көшірмесі түрінде);

      3) ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеуге негіз болған өзгерістер туралы ақпараты бар құжаттардың көшірмесі (құжаттың электрондық көшірмесі түрінде).

      15. Уәкілетті орган тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы:

      Қазақстан Республикасының резидент - жеке тұлғасының жеке басын куәландыратын;

      Қазақстан Республикасының резидент - жеке тұлғасында алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқ екенін растайтын;

      Қазақстан Республикасының резидент - заңды тұлғасын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттарда көрсетілген мәліметтерді алады.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 07.02.2019 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      16. Мыналар:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында белгіленген талаптардың сақталмауы;

      2) егер көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік оны тіркеген күннен бастап 6 (алты) ай ішінде көрсетілетін қызметті берушіге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензия алу үшін өтініш жасамаған болса;

      3) ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуі;

      4) құрамына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы немесе исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы кіретін сақтандыру тобының өтініш бергенге дейінгі 6 (алты) ай ішіндегі кезеңде белгіленген пруденциялық нормативтерді және сақталуға міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді сақтамауы;

      5) қоғам органдары сайлаған адамдардың қатарынан басшы қызметкерді келіспеу (жаңадан құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы немесе исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы үшін);

      6) заңды тұлғалардың осы санаты үшін Қазақстан Республикасының заңдарымен қызметтің түрімен айналысуға тыйым салынуы;

      7) қызмет түріне лицензия беруге өтініш берілген жағдайда қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның енгізілмеуі;

      8) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты лицензиялануға жататын қызметті немесе қызметтің жекелеген түрлерін тоқтата тұру немесе оған тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;

      9) сот орындаушысының ұсынымы негізінде борышкер көрсетілетін қызметті алушыға лицензия беруге соттың уақытша тыйым салуы;

      10) сақтандырудың алынатын қосымша сыныбын ескергенде пруденциялық нормативтердің сақталмау болжамы;

      11) өтініш беру күніне дейінгі соңғы 3 (үш) ай ішінде және оны қарау кезеңінде пруденциялық нормативтердің сақталмауы;

      12) өтініш беру күнінде сақтандыру (қайта сақтандыру) немесе исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына лицензияның қолданылуын тоқтата тұру түрінде қолданыстағы санкцияның болуы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіз болып табылады.

      17. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 11 және 14-тармақтарында көрсетілген құжаттар тиісінше ресімделмеген жағдайда лицензияны қайта ресімдеуден бас тартады.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      18. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігі) шағымдану көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 20-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша жазбаша түрде жүргізіледі.

      Заңды тұлғаның шағымында оның атауы, пошталық мекенжайы, жіберілген нөмірі мен күні көрсетіледі.

      Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.

      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға алынатын жауаптың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралады.

      Портал арқылы өтініш берген жағдайда, шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе 1414 телефоны арқылы алуға болады.

      Шағым портал арқылы жіберілген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинеттен" шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің шағымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 15 (он) бес жұмыс күні ішінде қаралады.

      19. Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге талаптар

      20. Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

      21. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы "жеке кабинеті" арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

      22. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

  "Қайта сақтандыру жөніндегі
қызметке немесе исламдық
қайта сақтандыру жөніндегі
қызметті жүзеге асыру
құқығына лицензия беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
1-қосымша
  Нысан
  ____________________________
(көрсетілетін қызметті
берушінің толық атауы)
____________________________
____________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының толық атауы, бизнес
сәйкестендіру нөмірі
(бар болса), телефон нөмірі,
факс нөмірі)

Өтініш

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 07.02.2019 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (сақтандырудың салалары, нысандары, сыныптары, қызмет түрі көрсетілсін)

      жүзеге асыру құқығына лицензия беруді сұраймын.

      Жіберілетін құжаттар тізбесі, олардың әрқайсысы бойынша даналары мен

      парақтарының саны:

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Көрсетілетін қызметті алушы өтінішке қоса беріліп отырған құжаттардың (ақпараттың) дәйектілігін, сондай-ақ өтінішті қарауға байланысты сұратылатын қосымша ақпараттар мен құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге уақтылы беруді растайды.

      Өтінішті беруге уәкілетті адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), лауазымы

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Көрсетілетін қызметті алушы ақпарат жүйелеріндегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісімін береді.

      ____________________________

                  (қолы)

      20__ жылғы "____" ___________

  "Қайта сақтандыру жөніндегі
қызметке немесе исламдық
қайта сақтандыру жөніндегі
қызметті жүзеге асыру
құқығына лицензия беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
2-қосымша
  Нысан
  ____________________________
(көрсетілетін қызметті
берушінің толық атауы)
____________________________
____________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының толық атауы, бизнес
сәйкестендіру нөмірі (бар болса)

Өтініш

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 07.02.2019 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      __________________________________________________________байланысты

      (лицензияны қайта ресімдеу себебін көрсету)

      ____________________________________________________________________

      (лицензияның атауы көрсетілсін)

      лицензиясын қайта ресімдеуді сұраймын

      Жіберілетін құжаттар тізбесі, олардың әрқайсысы бойынша даналары мен

      парақтарының саны:

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Көрсетілетін қызметті алушы өтінішке қоса беріліп отырған құжаттардың (ақпараттың) дәйектілігін, сондай-ақ өтінішті қарауға байланысты сұратылатын қосымша ақпараттар мен құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге уақтылы беруді растайды.

      Өтінішті беруге уәкілетті адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), лауазымы

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Көрсетілетін қызметті алушы ақпарат жүйелеріндегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісімін береді.

      ____________________________

                  (қолы)

      20__ жылғы "____" ______________

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 71 қаулысына
35-қосымша

"Сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. 35-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін беру:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

      2) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген кезде:

      лицензия берген кезде – 30 (отыз) жұмыс күні ішінде;

      лицензияны қайта ресімдеген кезде – 15 (он бес) жұмыс күні ішінде;

      көрсетілетін қызметті алушыны бөлініп шығу немесе бөлу нысанында қайта ұйымдастырған жағдайда лицензияны қайта ресімдеген кезде – 30 (отыз) жұмыс күнінен кешіктірмей;

      лицензияның телнұсқаларын берген кезде – 2 (екі) жұмыс күні ішінде;

      2) көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарды қабылдау және беру бойынша қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды алған кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартуды береді.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 07.02.2019 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – лицензия беру, лицензияны қайта ресімдеу, телнұсқаларын беру не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13 және 14-тармақтарында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық. Көрсетілетін қызметті алушы лицензияны қағаз жеткізгіште алуға өтініш берген жағдайда лицензия электрондық форматта ресімделеді және қағазға басылады.

      Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      7. Мемлекеттік қызмет ақылы негізде көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін мынадай лицензиялық алым төленеді:

      1) аталған қызмет түрімен айналысу құқығына лицензия беру кезіндегі лицензиялық алым 300 (үш жүз) айлық есептік көрсеткішті құрайды;

      2) лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алым лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 (он) пайызын құрайды;

      3) лицензияның телнұсқасын беру үшін лицензиялық алым лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 (он) пайызын құрайды.

      Алымды төлеу қолма-қол ақша немесе қолма-қол ақшасыз нысанда екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, сондай-ақ қолма-қол ақшасыз нысанда "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 07.02.2019 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінікі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі - жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;

      өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру кестесі - сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін;

      2) порталдікі – жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

      Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады.

      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 07.02.2019 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі көрсетілетін қызметті берушіге лицензия алу үшін:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша брокерлік қызмет түрлері шегінде лицензия беру өтініш;

      2) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы ақы төлеу жағдайларын қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшірмесі;

      3) жарғының көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын бермеген жағдайда, нотариат куәландырған көшірмесі);

      4) жарғылық капиталдың толық төленгенін растайтын құжаттар;

      5) "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 34-бабының талаптарына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының басшы қызметкерлерін келісуге арналған құжаттар;

      6) сақтандыру және (немесе) қайта сақтандыру шарттарын жасау бойынша делдалдық қызметті жүзеге асыру тәртібін көздейтін ішкі жұмыс регламенті.

      көрсетілетін қызметті алушының жұмысының ішкі регламентіне мыналар:

      сақтандыру және қайта сақтандыру шарттарын жасау жөніндегі делдалдық қызметті жүзеге асыру бойынша жауапты тұлғалардың тізбесі;

      сақтандыруға (қайта сақтандыруға) сұрау салу түскен;

      сақтандыру (қайта сақтандыру) талаптарын алған;

      сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты жасалған;

      қолданыстағы сақтандырумен қамтуға толықтырулар мен өзгерістер енгізілген;

      сақтандырудың келесі кезеңіне сақтандырумен қамту жаңартылған;

      сақтандыру жағдайларына қызмет көрсеткен кезде сақтандыру брокері қызметкерлерінің іс-қимылдарын ашып көрсететін сақтандыру және қайта сақтандыру шарттарын жасау жөніндегі делдалдық қызметті жүзеге асыру рәсімдері кіреді;

      7) құжаттаманы жүргізу тәртібі және клиенттерге қызмет көрсету талаптары.

      Құжаттаманы жүргізу тәртібіне және көрсетілетін қызметті алушының клиенттерге қызмет көрсету талаптарына:

      сақтандыру (қайта сақтандыру) шартын жасаған, сақтандыру төлемін жүзеге асырған, сақтандыру жағдайы басталған кезде шағымдарды, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасасуға байланысты басқа да құжаттарды қарау кезінде құжаттарды қалыптастыру тізбесі мен жүйелілігі;

      клиенттің барлық қаржылық және жеке ақпаратының құпиялылығы режиміне қойылатын негізгі талаптар;

      мыналарды қамтитын қатаң есептегі құжаттарды сақтау жүйесін қамтамасыз ету:

      қатаң есептегі бланкілерді есепке алу жүйесінің болуы;

      қатаң есептегі құжаттардың сақталу жүйесін ұйымдастыруға жауапты адам;

      сақтау орны (жеке үй-жайлар, шкафтар, сейфтер, оларға кіру тәртібі);

      клиентті мыналармен қамтамасыз ету тәртібі мен толықтығы:

      көрсетілетін қызметті алушы, оның мәртебесі туралы ақпаратпен;

      қызметі ұсынылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары туралы ақпаратпен;

      төлемдердің көлемі және тәуекелдер;

      қызмет көрсетуді жеткізушінің және клиенттің міндеттемелері;

      8) мемлекеттік тіркеу туралы құжат, тиісті мемлекеттің уәкілетті органының (қаржы ұйымдары үшін - қадағалау органдарының) құрылтайшы - Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлғаға Қазақстан Республикасының резиденті - сақтандыру брокерінің жарғылық капиталында қатысуына рұқсат етілгені жөніндегі жазбаша хабарламасы не тиісті мемлекеттің заңнамасы бойынша мұндай рұқсат талап етілмейтіні туралы мәлімдемесі;

      9) тиісті мемлекеттің уәкілетті органының құрылтайшысы - Қазақстан Республикасының резиденті емес жеке тұлғада экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстары мен құқық бұзушылықтары бойынша соттылығының, заңнамада белгіленген тәртіппен лицензиясынан айырылған, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, сақтандыру брокерін мәжбүрлеп тарату, олардың акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы шешім қабылданған сәттен бастап 1 (бір) жылдан аспайтын кезеңде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің не өзге қаржы ұйымының басшы қызметкері ретіндегі қызметінің жоқ екенін куәландыратын құжат. Көрсетілген талап лицензиядан айырылғаннан кейін, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, сақтандыру брокерін мәжбүрлеп тарату, олардың акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы шешім қабылданған күннен кейін 5 (бес) жыл бойы қолданылады.

      Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 07.02.2019 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      9-1. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге брокерлік қызметтің қосымша түрі бойынша сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына лицензияны алу үшін өтініш білдірген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағының 1), 2), 4), 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсыну қажет.

      Ескерту. 2-тарау 9-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 07.02.2019 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      10. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге лицензияның телнұсқасын алу үшін (егер бұрын берілген лицензия қағаз нысанында ресімделсе) өтініш білдірген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      1) еркін нысанда жазылған өтініш;

      2) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы ақы төлеу жағдайларын қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшірмесі.

      11. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге лицензияны қайта ресімдеу үшін өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      1) осы мемлекеттік қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      2) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы ақы төлеу жағдайларын қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшірмесі;

      3) ішіндегі ақпарат мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеуге негіз болған өзгерістер туралы ақпараты бар құжаттардың көшірмесі.

      12. Көрсетілетін қызметті алушы үшін порталда өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      лицензия алу үшін:

      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

      2) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы ақы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алымның төленгені туралы құжат (құжаттың электрондық көшірмесі түрінде);

      3) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағы бірінші бөлігінің 4), 5), 8) және 9) (PDF форматындағы құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде), 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың электрондық көшірмелері түріндегі құжаттар, олар электрондық сұрау салуға қоса тіркеледі.

      лицензияның телнұсқасын алу үшін (егер бұрын берілген лицензия қағаз нысанында ресімделсе):

      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

      2) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы ақы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензияның телнұсқасын беру кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым төлеу туралы құжат (құжаттың электрондық көшірмесі түрінде).

      Лицензияны қайта ресімдеу үшін:

      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

      2) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы ақы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензия қайта ресімделген кезде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым төлеу туралы құжат (құжаттың электрондық көшірмесі түрінде);

      3) ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеуге негіз болған өзгерістер туралы ақпараты бар құжаттардың көшірмесі (құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде).

      Уәкілетті орган тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы:

      Қазақстан Республикасының резидент - жеке тұлғасының жеке басын куәландыратын;

      Қазақстан Республикасының резидент - жеке тұлғасында алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқ екенін растайтын;

      Қазақстан Республикасының резидент - заңды тұлғасын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттарда көрсетілген мәліметтерді алады.

      Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 07.02.2019 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      13. Мыналар:

      1) егер көрсетілетін қызметті алушы оны мемлекеттік тіркеген күннен бастап 6 (алты) ай ішінде көрсетілетін қызметті берушіге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензия алу үшін өтініш жасамаған болса;

      2) ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуі;

      3) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында белгіленген талаптардың орындалмауы;

      4) қоғам органдары сайлаған адамдардың қатарынан басшы қызметкерді келіспеу (жаңадан құрылатын сақтандыру брокері үшін);

      5) заңды тұлғалардың осы санаты үшін Қазақстан Республикасының заңдарымен қызметтің түрімен айналысуға тыйым салынуы;

      6) қызмет түріне лицензия беруге өтініш берілген жағдайда қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның енгізілмеуі;

      7) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты лицензиялануға жататын қызметті немесе қызметтің жекелеген түрлерін тоқтата тұру немесе оған тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;

      8) сот орындаушысының ұсынымы негізінде борышкер көрсетілетін қызметті алушыға лицензия беруге соттың уақытша тыйым салуы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіз болып табылады.

      14. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 11-тармағында көрсетілген құжаттар тиісінше ресімделмеген жағдайда лицензияны қайта ресімдеуден бас тартады.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібі

      15. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 17-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.

      Заңды тұлғаның шағымында оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.

      Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.

      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға алынатын жауаптың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралады.

      Портал арқылы өтініш берген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе 1414 телефоны арқылы алуға болады.

      Шағым портал арқылы жіберілген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинеттен" шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің шағымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралады.

      16. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге талаптар

      17. Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

      18. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті" арқылы, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығынан алуға мүмкіндігі бар.

      19. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті берушінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

  "Сақтандыру брокерінің
қызметін жүзеге асыру
құқығына лицензия беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
1-қосымша
  Нысан
  Кімге_______________________
(көрсетілетін қызметті
берушінің толық атауы)
кімнен______________________
____________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының толық атауы, бизнес-
сәйкестендіру нөмірі
(бар болса), телефон
нөмірі, факс нөмірі)

Брокерлік қызмет түрлері аясында лицензия беру туралы өтініш

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 07.02.2019 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (сақтандыру саласын, нысанын, сыныптарын, қызмет түрін көрсету)

      жүзеге асыру құқығына лицензия беруіңізді сұраймын

      Жіберілетін құжаттардың тізбесі, даналар саны және әрқайсысы бойынша парақтар

      саны:

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Көрсетілетін қызметті алушы өтінішке қоса берілетін құжаттардың (ақпараттың) дәйектілігін, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушіге өтінішті қарауға байланысты сұратылған қосымша ақпарат пен құжаттардың уақтылы берілуін растайды.

      Өтініш беруге уәкілетті тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), лауазымы

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Көрсетілетін қызметті алушы ақпарат жүйелеріндегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтердің пайдаланылуына келісім береді.

      ____________________________

                        (қолы)

      20__ жылғы "____" ____________

  "Сақтандыру брокерінің
қызметін жүзеге асыру
құқығына лицензия беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына
2-қосымша
  Нысан
  Кімге_______________________
(көрсетілетін қызметті
берушінің толық атауы)
кімнен______________________
____________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының толық атауы, бизнес-
сәйкестендіру нөмірі (бар болса)

Өтініш

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 07.02.2019 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      _________________________________________________________ лицензияны

      (лицензияның атауын көрсету)

      _________________________________________________________ байланысты

      (лицензияны қайта ресімдеу себебін көрсету)

      қайта ресімдеуді сұраймын.

      Жіберілетін құжаттардың тізбесі, даналар саны және әрқайсысы бойынша парақтар

      саны:

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      Көрсетілетін қызметті алушы өтінішке қоса берілетін құжаттардың (ақпараттың) дәйектілігін, сондай-ақ уәкілетті органға өтінішті қарауға байланысты сұратылған қосымша ақпарат пен құжаттардың уақтылы берілуін растайды.

      Өтініш беруге уәкілетті тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), лауазымы

      ____________________________________________________________________

      Көрсетілетін қызметті алушы ақпарат жүйелеріндегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтердің пайдаланылуына келісім береді.

      ____________________________

                        (қолы)

      20__ жылғы "____" ______________

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 71 қаулысына
36-қосымша

"Бағалы қағаздар нарығында Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 40 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 71 қаулысына
37-қосымша

"Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандарты
1. Жалпы ережелер

      1. "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

      2) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген кезде – көрсетілетін қызметті беруші сұрау салған соңғы құжатты көрсетілетін қызметті алушы ұсынған күннен бастап 3 (үш) ай ішінде;

      2) көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарды қабылдау және беру бойынша қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды алған сәттен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды алған сәттен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартуды береді.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушының атына көрсетілетін қызметті беруші Басқармасының тиісті қаулысының не тиісті рұқсаттың (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру туралы шешім қабылданған кезде) көшірмесін қоса бере отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру туралы хат не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап жіберу.

      Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті қағаз жеткізгіште алуға өтініш жасаған жағдайда нәтиже электрондық нысанда ресімделеді және қағазға басылады.

      Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      7. Мемлекеттік қызмет ақысыз негізде көрсетіледі.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінікі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;

      өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру кестесі сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін;

      2) порталдікі – жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты болатын техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

      Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады.

      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      9. Көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      көрсетілетін қызметті берушіге:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру туралы өтініш;

      2) нотариат куәландырған және заңнамада белгiленген тәртiппен ресiмделген құрылтай құжаттарының (жарғы, құрылтай шарты) төрт данасы;

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылтай құжаттарының барлық даналарының титулдық бетінің жоғарғы оң жақ бұрышында мынадай тұжырым болады: "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісілді. Төраға (Төрағаның орынбасары) ______________".

      3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құру туралы шешiм қабылданғанын дәлелдейтiн құжаттар;

      4) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құрылтайшылар - заңды тұлғалар туралы мәліметтер (ондай құрылтайшылар болған жағдайда) заңды тұлға ретінде олардың мемлекеттік тіркеуден өткені туралы анықтама, нотариат куәландырған құрылтай құжаттарының көшірмесі, аяқталған соңғы екі қаржы жылының аудиторлық ұйым растаған қаржылық есептілігі, құжаттарды ұсынар алдындағы соңғы тоқсанның соңындағы бухгалтерлік баланс және пайдалар мен шығындар туралы есеп қамтылады;

      5) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құру үшін пайдаланылған ақша көздері мен сомаларының сипаттамасын, сондай-ақ белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығының жоқтығы туралы анықтаманы қоса алғанда, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құрылтайшы жеке тұлғалар (мұндай құрылтайшылар болған кезде) туралы мәліметтер;

      6) құрылтайшылар құжаттарға қол қоюға уәкілеттік берген тұлға бекіткен, актуарий растаған және "жалпы сақтандыру" саласында құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары үшін жақын арадағы үш жылға және "өмірді сақтандыру" саласында құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары үшін бес жылға арналып әзірленген бизнес-жоспарды ұсынуға тиісті. Бизнес-жоспарда мынадай мәселелер: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің талаптарына сәйкес келетін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құрудың мақсаттары, негізгі қызмет бағыттарының қысқаша сипаттамасы және құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы бағдарланатын нарық сегменті, құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы туралы және нарықтағы үлесі туралы ақпарат, өнімдер мен көрсетілетін қызмет түрлері, оларды сату тәсілдері, маркетингтік зерттеулер, сақтандыру андеррайтингі, баға стратегиясы, оның ішінде сақтандыру тарифтерін есептеу тәртібі және олардың экономикалық негіздемесі, өнімдерді жылжыту стратегиясы, сақтандыру өнімдерін бөлу, қаржы жоспары, соның ішінде шығындылық коэффициенттерінің болжамы, құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жүргізуге ниет етіп отырған инвестициялық саясат пен қайта сақтандыру саясаты, құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ұйымдық құрылымы, директорлар кеңесі, мамандардың болжамды білім деңгейі, көрсетілетін қызметті берушінің тиісті талаптарына сәйкес келетін тәуекелдерді басқару ұйымы көрсетілуге тиіс.

      Бизнес-жоспарға қойылатын негізгі талаптар осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 4-қосымшасында көрсетілген;

      7) көрсетілетін қызметті алушының құрылтайшылар атынан өтiнiш беру өкiлеттiгiн растайтын нотариат куәландырған құжат.

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе сақтандыру холдингі мәртебесіне сәйкес келетін мөлшерде сатып алуға ниеті бар тұлға осы тармақта көрсетілген құжаттардан басқа, "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 26-бабында көзделген құжаттар мен мәліметтерді табыс етеді.

      Қазақстан Республикасының резидентi болып табылмайтын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылтайшысы өз мемлекетiнiң тиiстi сақтандыруды қадағалау органының өзiне Қазақстан Республикасының резидентi сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алуға рұқсат етiлгенiн растайтын құжатты не тиiстi мемлекеттiң заңнамасы бойынша мұндай рұқсат талап етiлмейтiнi туралы мәлiмдеменi табыс етуге мiндеттi.

      Қазақстан Республикасының резидентi емес құрылтайшының шетелдiң мемлекеттiк органы берген құжаттары Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен заңдастырылуға тиiс.

      Порталда:

      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

      2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағы бірінші бөлігінің 2), 3), 6), 7) (құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде), 4) және 5) тармақшаларында (мәліметтердің электрондық нысаны түрінде) көрсетілген құжаттардың электрондық көшірмелері түріндегі құжаттар электрондық сұрау салуға қоса тіркеледі.

      Жеке басын куәландыратын, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, өтелмеген немесе алынбаған соттылығының жоқтығы туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      10. Мыналар:

      1) құжаттардың толық емес топтамасын табыс ету не табыс етiлген құжаттардың осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмеуі;

      2) құрылтайшының акцияларға төлем жасау үшiн өз қаражатының жеткiлiксiз болуы;

      3) құрылатын ұйым мен оның құрылтайшыларына қатысты дәйексіз ақпараттың берiлуі;

      4) құрылтайшының аяқталған соңғы екі қаржы жылында шығынға ұшыраған қызметі;

      5) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін алуға келісім беруден бас тартуы;

      6) Заңның 26-бабында белгіленген шектеулерді сақтамауы;

      7) құрылтайшы жеке тұлғалардың, атқарушы органның не құрылтайшы заңды тұлғаның басқару органы бірінші басшысының алынбаған немесе өтелмеген соттылығының болуы мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тартуға негіз болып табылады.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
тұлғаларының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.

      Мыналардың:

      1) жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, сондай-ақ қалауына қарай әкесінің аты (ол болған кезде), пошталық мекенжайы көрсетіледі;

      2) заңды тұлғаның шағымында оның атауы, пошталық мекенжайы, жіберілген нөмірі мен күні көрсетіледі.

      Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.

      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралады.

      Портал арқылы өтініш берген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе 1414 телефоны арқылы алуға болады.

      Шағым портал арқылы жіберілген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинеттен" шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті беруші шағымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

      12. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық
нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып
қойылатын өзге талаптар

      13. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресмиинтернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

      14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы "жеке кабинеті" арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

      15. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

  "Сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымын құруға рұқсат беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
1-қосымша
  Нысан
                                                  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің Төрағасына

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру туралы өтініш

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      ________________________________________________________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) және ЖСН)

      ________________________________________________________________________________

      (құрылтайшы атынан осы өтінішті беруге көрсетілетін қызметті алушының өкілеттігін

      ________________________________________________________________________________

      растайтын нотариат немесе өзге тәсілмен куәландырылған құжатқа сілтеме)

      ________________________________________________________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушының жұмыс орны және лауазымы, тұрғылықты жері,

      ________________________________________________________________________________

                              заңды мекенжайы)

      құрылтай жиналысының ___________жылғы "___"________________№__________________

      шешіміне (хаттамасына) сәйкес ____________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының толық атауы және орналасқан орны)

      құруға рұқсат беруді сұрайды.

      Құрылтайшылар өтінішке қоса берілген құжаттардың дұрыстығына, сондай-ақ

      уәкілетті органға осы өтініштің қаралуына байланысты сұралған ақпараттың дер кезінде

      ұсынылуына толық жауап береді.

      Қосымша (жіберілген құжаттар атауларының тізбесі, даналардың саны және

      әрқайсысының парақтар саны көрсетілсін) құжаттар:__________________________________

      "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру" мемлекеттік қызметті

      көрсету үшін қажетті дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін (көрсетілетін

      қызметті алушылар – жеке тұлғалар үшін).

      Ақпарат жүйелеріндегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтердің

      пайдаланылуына келісемін.

      ________________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушының қолы, күні)

  "Сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымын құруға рұқсат беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
2-қосымша

      Нысан

Көрсетілетін қызметті алушы (құрылтайшы-заңды тұлға) туралы
мәліметтер

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      ________________________________________________________________________________

                  (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауы)

                        20 __ жылғы "___" ___________

      1. Көрсетілетін қызметті алушы ______________________________________________

                                                (заңды тұлғаның атауы)

      2. Мекенжайы______________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

                  (почта индексі, қала, көше, байланыс телефоны)

      3. Мемлекеттік тіркеу_______________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

                        (құжаттың атауы, күні, нөмірі, кім берді)

      4. Бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ол бар болса) __________________________________

      ________________________________________________________________________________

                        (құжаттың атауы, күні, нөмірі, кім берді)

      5. Қызмет түрі_____________________________________________________________

      _______________________________________________________________________________

                        (қызметінің негізгі түрлерін көрсету)

      6. Қазақстан Республикасының резиденті, Қазақстан Республикасының резиденті емес

      (керегінің асты сызылсын) ________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      7. Көрсетілетін қызметті алушының басшысы __________________________________

      ________________________________________________________________________________

                  (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), туған күні)

      8. Білімі___________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

                        (оқу орны, бітірген жылы, мамандығы)

      9. Соңғы күнтізбелік 3 (үш) күнтізбелік жылда көрсетілетін қызметті алушы заңды

      тұлғада ірі қаржылық проблемалар, оның ішінде банкротқа ұшырау, консервация, сауықтыру

      болды ма: ______________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________________

                              (олардың туындау себептері)

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

                        (бұл проблемаларды шешу нәтижелері)

      10. Көрсетілетін қызметті алушы ірі акционер болып табылатын немесе жарғылық

      капиталға қатысу үлесінің 10 (он) немесе одан да көп пайызына тура және (немесе) жанама ие

      ұйымдарды көрсетіңіз:____________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ұйымның атауы және орналасқан жері: ______________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ұйымды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы деректер:_____________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ұйым қызметінің түрі:_____________________________________________________________

      осы заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысуы: __________________________________

      ________________________________________________________________________________

      11. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8318 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Болу қажеттілігі қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін заңды тұлғалар үшін ең аз рейтингіні, осы рейтингіні беретін рейтингілік агенттіктер тізбесін белгілеу туралы" 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 385 қаулысымен тізбесі белгіленген рейтингілік агенттіктердің бірі берген ұйым рейтингісі болған жағдайда, оны көрсетіңіз.

      12. Бұрын көрсетілетін қызметті алушы қаржы нарығы мен қаржы қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган қаржы ұйымын консервациялау не оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, оның таралуына және (немесе) қаржы нарығында қызметті жүзеге асыруды тоқтатуға әкеп соққан қаржы ұйымын лицензиясынан айыру, не қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оны банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енуіне шешім қабылдағанға дейін 1 (бір) жылдан аспайтын кезеңде басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органның басшысы, мүшесі, қаржы ұйымының бас бухгалтері, ірі-қатысушы-жеке тұлға, қаржы ұйымының ірі қатысушысы – заңды тұлғаның (сақтандыру холдингінің) басшысы болды ма_______________________________________________________________

                              (иә (жоқ), ұйымның атауын, лауазымын,

      _______________________________________________________________________________

                              жұмыс істеген кезеңін көрсету)

      13. Бұрын көрсетілетін қызметті алушы қатарынан төрт және одан да көп кезең ішінде шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақыны төлеу бойынша дефолтқа жол берген не дефолтқа жол берілген шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақыны төлеу бойынша берешек сомасы купондық сыйақының төрт еселенген және (немесе) одан да көп мөлшерін құрайтын не шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша негізгі борышты төлеу бойынша дефолт мөлшері төлеу күніне республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштен он мың есе асатын соманы құрайтын дефолтқа жол берген қаржы ұйымының басқару органның басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері, ірі қатысушы (ірі акционер) - жеке тұлға, ірі қатысушы (ірі акционер) - заңды тұлға - эмитенттің басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері болды ма______________________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________________

                        (иә (жоқ), ұйымның атауын, лауазымын,

      ________________________________________________________________________________

                        жұмыс істеген кезеңін көрсету)

      14. Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімді қайтарып алуы және қаржы ұйымындағы, банк және сақтандыру холдингіндегі, "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамындағы қызметтік міндеттерін орындаудан шеттетуі туралы мәліметтер ____________________________________________

      ________________________________________________________________________________

                        (иә (жоқ), ұйымның атауы,

      ________________________________________________________________________________

                        лауазымы, жұмыс кезеңi, тағайындауға

      ________________________________________________________________________________

            (сайлауға) келісімді қайтарып алуға негіздеме және осындай

            шешім қабылдаған мемлекеттік органның атауы көрсетiлсiн)

      15. Құрылтайшы жеке тұлға тағайындау (сайлау) күніне дейін 3 (үш) жыл ішінде

      сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін жауапкершілікке не сыбайлас жемқорлық құқық

      бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды ма______________________

      ________________________________________________________________________________

                  (иә (жоқ), құқық бұзушылықтың, қылмыстың қысқаша

      ________________________________________________________________________________

            сипаттамасы, жауапкершілікке тарту негіздерін көрсете отырып,

      ________________________________________________________________________________

      тәртіптік жаза қолдану туралы актінің немесе сот шешімінің деректемелері)

      Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті дербес деректерді жинауға және өңдеуге

      және ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді

      пайдалануға келісім беремін.

      ____________________________________

                  (қолы, күні, мөр)

  "Сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымын құруға рұқсат беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына
3-қосымша
  Нысан

Фотосуретке
арналған орын

Көрсетілетін қызметті алушы (құрылтайшы-жеке тұлға) туралы
мәліметтер

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      ________________________________________________________________________________

                  (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауы)

                        20 __ жылғы "___" ___________

      1. Көрсетілетін қызметті алушы _______________________________________________

                                          (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

      2. Туған күні_______________________________________________________________

      3. Туған жері_______________________________________________________________

      4. Азаматтығы_____________________________________________________________

      5. Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері______________________________

      ________________________________________________________________________________

      6. Жеке сәйкестендіру нөмірі (бар болса)_______________________________________

      ________________________________________________________________________________

      7. Тұрғылықты жері_________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      8. Жұмыс орны, лауазымы___________________________________________________

      9. Телефон нөмірі (қаланың коды, жұмыстың және үйдің нөмірі)___________________

      ________________________________________________________________________________

      10. Білімі__________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

                        (оқу орны, бітірген жылы, мамандығы)

      11. Еңбек қызметі туралы қысқаша түйіндеме __________________________________

      ________________________________________________________________________________

                  (жұмыс орны, лауазымы, жұмыс істеген кезеңі)

      12. Растайтын құжаттарды қоса бере отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын

      құруға қолданылатын ақша көздерінің және сомасының сипаты _________________________

      ________________________________________________________________________________

      13. Көрсетілетін қызметті алушының жарғылық капиталда қатысуы немесе басқа заңды

      тұлғалардың акцияларын иеленуі жөніндегі мәліметтер:

      заңды тұлғаның атауы және орналасқан жері ___________________________________

      ________________________________________________________________________________

      оладың қызмет түрлері (негізгі қызмет түрлері атап көрсетілсін) __________________

      ________________________________________________________________________________

      жарғылық капиталға қатысу үлесі немесе көрсетілетін қызметті алушыға тиесілі

      акциялар санының жеке әрбір заңды тұлға бойынша дауыс беретін акциялардың жалпы

      санына ара қатынасы (пайызбен) ___________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      14. Бұрын көрсетілетін қызметті алушы қаржы нарығы мен қаржы қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган қаржы ұйымын консервациялау не оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, оның таралуына және (немесе) қаржы нарығында қызметті жүзеге асыруды тоқтатуға әкеп соққан қаржы ұйымын лицензиясынан айыру, не қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оны банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енуіне шешім қабылдағанға дейін 1 (бір) жылдан аспайтын кезеңде басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органның басшысы, мүшесі, қаржы ұйымының бас бухгалтері, ірі-қатысушы-жеке тұлға, қаржы ұйымының ірі қатысушысы – заңды тұлғаның (сақтандыру холдингінің) басшысы болды ма _______________________________________________________________

                              (иә (жоқ), ұйымның атауын, лауазымын,

      ________________________________________________________________________________

                        жұмыс істеген кезеңін көрсету)

      15. Бұрын көрсетілетін қызметті алушы қатарынан төрт және одан да көп кезең ішінде шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақыны төлеу бойынша дефолтқа жол берген не дефолтқа жол берілген шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақыны төлеу бойынша берешек сомасы купондық сыйақының төрт еселенген және (немесе) одан да көп мөлшерін құрайтын не шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша негізгі борышты төлеу бойынша дефолт мөлшері төлеу күніне республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштен он мың есе асатын соманы құрайтын дефолтқа жол берген қаржы ұйымының басқару органның басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері, ірі қатысушы (ірі акционер) - жеке тұлға, ірі қатысушы (ірі акционер) - заңды тұлға - эмитенттің басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері болды ма______________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

                        (иә (жоқ), ұйымның атауын, лауазымын,

      ________________________________________________________________________________

                        жұмыс істеген кезеңін көрсету)

      16. Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімді қайтарып алуы және қаржы ұйымындағы, банк және сақтандыру холдингіндегі, "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамындағы қызметтік міндеттерін орындаудан шеттетуі туралы мәліметтер ____________________________________________

      ________________________________________________________________________________

                              (иә (жоқ), ұйымның атауы,

      ________________________________________________________________________________

                        лауазымы, жұмыс кезеңi, тағайындауға

      ________________________________________________________________________________

                  (сайлауға) келісімді қайтарып алуға негіздеме және осындай

                  шешім қабылдаған мемлекеттік органның атауы көрсетiлсiн)

      17. Құрылтайшы жеке тұлға тағайындау (сайлау) күніне дейін 3 (үш) жыл ішінде

      сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін жауапкершілікке не сыбайлас жемқорлық құқық

      бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды ма ______________________

      ________________________________________________________________________________

                  (иә (жоқ), құқық бұзушылықтың, қылмыстың қысқаша

      ________________________________________________________________________________

            сипаттамасы, жауапкершілікке тарту негіздерін көрсете отырып,

      ________________________________________________________________________________

      тәртіптік жаза қолдану туралы актінің немесе сот шешімінің деректемелері)

      Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті дербес деректерді жинауға және өңдеуге

      және ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді

      пайдалануға келісім беремін.

                                    Қолы _________________ күні_________________

  Сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымын құруға рұқсат беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
4-қосымша

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бизнес-жоспарына қойылатын
негізгі талаптар
1. Жалпы мәселелер

      Осы тараудың мақсаты сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының болашақ қызметіне қысқаша шолу жасау болып табылады.

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құру мақсаты.

      2. Қызметтің негізгі бағыттарын қысқаша сипаттау: саласы, сыныптары, түрлері.

2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы
туралы ақпарат

      3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының орналасқан жері.

      4. Филиалдарды және (немесе) өкілдерді құру.

      5. Жалданатын немесе тартылатын заңгерлер, бухгалтерлер, актуарийлер (ішкі, тәуелсіз), аудиторлық ұйымдар туралы ақпаратты, басқа ұйымдардың мамандарымен іскерлік байланыстарды.

      6. Ішкі аудит қызметінің қағидаттары.

      7. Қатаң есептегі құжаттардың сақталу жүйесін қамтамасыз ету.

      8. Өндірістік қорлар: бөлменің (жеке не жалға алынған), компьютерлік және басқа да техниканың, бағдарламалық қамтамасыз етудің болуы.

3. Маркетингтік зерттеулер және нарық сегменті

      9. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметін жүзеге асыру болжанатын саланы дамыту болжамдары.

      10. Құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын дамытуға бәсекелестіктің ықпалы: негізгі бәсекелестер, өнімдерді, баға стратегиясын, жарнама әдістерін салыстыру, Қазақстан Республикасының барлық аумағына немесе жеке аймақтарға, заңды және жеке тұлғаларға нарық сегментінің бағдары.

      11. Нарықтағы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру сыныбы бөлігінде болжанатын үлесі.

      12. Мақсатты нарықтың демографиялық көрсеткіштері: сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін тұтынушылардың жасы, жынысы, әлеуметтік-экономикалық ахуалы, кіріс деңгейі, сондай-ақ өмір сүру үрдісі (салты).

4. Сақтандыру өнімдерінің түрлері, қызметтері
және оларды бөлу

      13. Сақтандыру түрлерінің (сақтандыру өнімдерінің) тізбесі.

      14. Сақтандыру өнімдерінің мазмұны.

      15. Сақтандыру өнімдерін сату кезінде көрсетілетін қосымша қызметтер.

      16. Сақтандыру өнімдерін негізгі сатып алушылар.

      17. Аймақтар бойынша сақтандыру өнімдерін бөлу.

5. Сақтандыру андеррайтингі

      18. Сақтандыру сыныптарына байланысты сақтандыру андеррайтингі үшін тәуекел деңгейін сипаттайтын қолданылатын критерилері (қауіпсіздік дерек көздері бойынша және қауіпсіздік дәрежесі бойынша тәуекелдерді топтастыру, сақтандыруды өтеудің мерзімін, шарттарын және мөлшерін айқындау, сақтанушы, сақтандыру объектісі және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қарауына басқа да критерийлері туралы деректерді талдау).

      19. Сақтандыру тарифін айқындаған кезде сақтандыру андеррайтингіне ықпал ететін белгіленген, сол сияқты ауыспалы шығыстарын көрсете отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы шығыстарының шекті шамалары.

      20. Сақтандыру андеррайтингіне жауап беретін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басты тұлғалары туралы ақпарат.

6. Баға стратегиясы

      21. Статистикалық деректердің немесе оларды сақтандыру нарығының басқа қатысушыларынан алу жөніндегі уағдаластықтың болуы туралы ақпарат.

      22. Сақтандыру тарифтерін есептеу және оларды сақтандыру тарифтері мөлшерінің жоспарланатын диапазонын, статистикалық деректердің көздерін, пайдаланылатын әдістеменің қысқаша сипатын қамтитын сақтандыру сыныптары бойынша экономикалық негіздеу тәртібі.

      23. Бағаны нарық қажеттілігіне сәйкес болуын негіздеу.

      24. Баға стратегиясына және статистикалық ақпаратты жинауға жауап беретін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басты тұлғалары туралы ақпарат.

7. Сақтандыру өнімдерін жылжыту стратегиясы және
сату тәсілдері

      25. Сақтандыру өнімдерін сату жүйесін ұйымдастыру және өткізуді ынталандыру (жарнама, почта, тікелей сату, интернет, сатуды жылжыту және басқа да әдістер).

      26. Сақтандыру өнімдерін іске асыру тәсілдері: тікелей сату, сақтандыру агенттері арқылы сату, интернет-сату және басқа тәсілдер.

      27. Жарнамаға шығатын шығын болжамы.

8. Қаржылық жоспар

      28. Болжанған бухгалтерлік баланс және оған қосымшалар.

      29. Сақтандыру сыныптары бөлігінде болжанған кірістер мен шығыстар.

      30. Болжанған әкімшілік шығыстар.

      31. Ақша ағымы туралы болжанған есеп.

      32. Қажет болған жағдайда қосымша қаржыландыру көздері.

      33. Қайта сақтандырушының үлесі ескерілген, сол сияқты сақтандыру сыныптары бөлігінде қайта сақтандырушының үлесі ескерілмеген шығындылық коэффиценттерінің болжамы.

      34. Мынадай:

      екінші деңгейдегі банктердегі салымдардың және мемлекеттік емес бағалы қағаздардың құны жиырма бес және елу пайызға азайған;

      сақтандыру резервтері жиырма бес және елу пайызға ұлғайған;

      сақтандыру төлемдері елу және жетпіс пайызға ұлғайған;

      акционерлерге тиесілі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатқан жағдайларда төлем қабілеттілігін және қаржылық тұрақтылығын сипаттау.

      35. Акционерлерге дивидендтерді төлеу.

9. Инвестициялық саясат

      36. Инвестициялау мақсаты.

      37. Инвестициялардың түрлері бойынша әртараптандыруды және активтердің сапасын бағалауды қоса алғанда, инвестициялық портфельді және оның кірістілігін қалыптастыру.

      38. Активтер түріне, сондай-ақ тыс қаражатты тартуға байланысты инвестициялық шектеулер.

      39. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының инвестициялық саясатқа жауапты басты тұлғалары.

10. Қайта сақтандыру саясаты

      40. Тәуекелдерді қайта сақтандыруға берген кезде:

      1) сақтандыру сыныптары бойынша негізгі нысандар және қайта сақтандыру әдістері, олардың өзара арақатынасы;

      2) қайта сақтандыру ұйымдарын бағалау критерийлері:

      рейтинг, капиталдың мөлшері және активтер деңгейі, қайта сақтандыру қызметін жүзеге асыруға тиісті қадағалау органы берген лицензияның болуы;

      қайта сақтандыру ұйымының тұрақтылығы: компанияның нарықтағы уақыты мен жұмыс тәжірибесі, мекенжайы, сақтандыру тәуекелдердің болуы;

      қайта сақтандыру ұйымының іскерлік әлеуеті: қызмет түрі бойынша талдау жүргізу, ірі төлемдер бойынша талдау жүргізу, клиенттермен өзара қатынас, баспасөзде жағымсыз немесе жағымды жарияланымдардың болуы;

      3) қайта сақтандыру ұйымының қызметіне бақылау, қайта сақтандыру талаптарын сақтауды қамтамасыз ету жүйесі;

      4) ынтымақтастық болжанатын қайта сақтандыру ұйымының атауы, сондай-ақ шетелдік қайта сақтандырушылардың болжанған үлесі.

      41. Қайта сақтандыруға тәуекелдерді қабылдаған кезде:

      1) қайта сақтанушыларды бағалаудың негізгі критерийлері: сақтандыру қызметін жүзеге асыруға тиісті қадағалау органы лицензиясының болуы, қайта сақтанушыдан сақтандыруға тәуекелдерді алатын мамандардың кәсібилігі, ірі төлем бойынша талдау жүргізу, баспасөзде жағымсыз немесе оң жарияланымдардың болуы, қайта сақтанушыға экономикалық ықпал ету шараларының болуы, өткен жылдары қайта сақтанушымен жүргізген жағымсыз және оң жұмыс тәжірибесі;

      2) қайта сақтандыру бойынша ұйымның портфелін сипаттау (сақтандыру түрлері, әрбір түрдің үлес салмағы, сақтандыру сомаларының лимиттері, қайта сақтандыруға беру талаптары бойынша).

11. Ұйымдық құрылымы

      42. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылымы.

      43. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының директорлар кеңесінің бірінші басшысы және мүшелері, басқармасының бірінші басшысы және бас бухгалтері туралы ақпарат: біліктілігі, білімі, жұмыс тәжірибесі.

      44. Сақтандыру, қайта сақтандыру, андеррайтинг, ішкі аудит, актуарий бөлімшелерінің басты мамандарының, оның ішінде қаржы директорының, басшыларының функционалдық міндеттерін сипаттау.

      45. Мамандардың болжанған білім деңгейі.

      46. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қатысуды болжап отырған консультанттар және қауымдастықтар туралы ақпарат.

      47. Сақтанушылардың шағымдарымен жұмысты ұйымдастыру.

      48. Қызметкерлерді және сақтандыру агенттерін оқытуды ұйымдастыру.

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 71 қаулысына
38-қосымша

"Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын және (немесе) сақтандыру холдингін ерікті қайта ұйымдастыруға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. 38-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

1. Жалпы ережелер

      1. "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын және (немесе) сақтандыру холдингін ерікті қайта ұйымдастыруға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

      2) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген кезде – 2 (екі) ай ішінде;

      2) көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарды қабылдау және беру бойынша қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды алған сәттен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды алған сәттен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартуды береді.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушыға Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының тиісті қаулысының көшірмесін қоса бере отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын (сақтандыру холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруды жүргізуге рұқсат беру туралы хат жіберу не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті қағаз жеткізгіште алуға өтініш жасаған жағдайда нәтиже электрондық нысанда ресімделеді және қағазға басылады.

      Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      7. Мемлекеттік қызмет ақысыз негізде көрсетіледі.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінікі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;

      өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру кестесі сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін;

      2) порталдікі – жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты болатын техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

      Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады.

      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      9. Көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      көрсетілетін қызметті берушіге:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының қосымшасына сәйкес нысан бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын (сақтандыру холдингін) ерікті қайта ұйымдастыруды жүргізуге рұқсат алуға қолдаухат;

      2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру холдингінің) жоғары органының оны ерікті түрде қайта ұйымдастыру туралы шешімі;

      3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын (сақтандыру холдингін) ерікті қайта ұйымдастырудың болжалды талаптарын, нысандарын, тәртібін және мерзімдерін сипаттайтын құжаттар.

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын (сақтандыру холдингін) ерікті қайта ұйымдастыру талаптары, нысаны, тәртібі мен мерзімдері қайта ұйымдастыруды жүргізу жөніндегі Іс-шаралар жоспарында айқындалады.

      Іс-шаралар жоспарында қайта ұйымдастырылған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциялық нормативтерді орындауын қамтамасыз ету шаралары көрсетіледі.

      Қайта ұйымдастыруды жүргізу жөніндегі Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпаратты сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы (сақтандыру холдингі) көрсетілетін қызметті берушіге жоспарда көрсетілген іс-шараларды орындау мерзімдері аяқталғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде ұсынады;

      4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын (сақтандыру холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастырғаннан кейінгі және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын (сақтандыру холдингін) ерікті қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылатын заңды тұлғалардың есептік балансын қоса алғанда, ерікті түрде қайта ұйымдастыру салдарының қаржылық болжамы, онда мыналар қамтылады:

      жоспарланған ерікті қайта ұйымдастырудың экономикалық негіздемесі;

      сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын (сақтандыру холдингін) қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылатын (құрылған) ұйымның (ұйымдардың) болжамдық (есептік) балансы;

      сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары үшін - сақтандырудың нақты сыныптарын (түрлерін) көрсете отырып, сақтандыру сыйлықақыларының, сақтандыру резервтерінің жоспарланып отырған көлемінің экономикалық негізделген есебі.

      Порталда:

      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

      2) электрондық сұрау салуға қоса берілетін, осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында (құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде), 3) және 4) тармақшаларында (электрондық құжат түрінде) көрсетілген құжаттар.

      Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      10. Мыналар:

      1) болжанып отырған ерікті қайта ұйымдастыру нәтижесiнде сақтанушылардың және өзге де кредиторлардың заңды мүдделерiнің бұзылуы;

      2) болжанып отырған қайта ұйымдастыру нәтижесiнде қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етудiң ең төменгi талаптарының, сақталуы мiндеттi басқа нормалар мен лимиттердің және "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген өзге де талаптардың бұзылуы;

      3) қайта ұйымдастырылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының (сақтандыру холдингтерінің) жоғары органдарының тиісті шешімдерінің болмауы;

      4) болжанып отырған қайта ұйымдастыру нәтижесінде Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасы талаптарының бұзылуы;

      5) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген құжаттардың ұсынылмауы;

      6) табыс етiлген құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмеуі мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тартуға негіз болып табылады.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
тұлғаларының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.

      Мыналардың:

      1) жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, сондай-ақ қалауына қарай әкесінің аты (ол болған кезде), пошталық мекенжайы көрсетіледі;

      2) заңды тұлғаның шағымында оның атауы, пошталық мекенжайы, жіберілген нөмірі мен күні көрсетіледі.

      Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.

      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралады.

      Портал арқылы өтініш берген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе 1414 телефоны арқылы алуға болады.

      Шағым портал арқылы жіберілген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинеттен" шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті беруші шағымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

      12. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық
нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып
қойылатын өзге талаптар

      13. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

      14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы "жеке кабинеті" арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

      15. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

  "Сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымын және (немесе) сақтандыру
холдингін ерікті қайта
ұйымдастыруға рұқсат беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына
қосымша
  Нысан

  № ____ күні ______________            Қазақстан Республикасы
                    Ұлттық Банкінің Төрағасына

Көрсетілетін қызметті алушыны ерікті қайта ұйымдастыруға берілетін рұқсатты алуға
өтінішхат

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      ________________________________________________________________________________

                        (көрсетілетін қызметті алушының атауы)

      көрсетілетін қызметті алушы акционерлері жалпы жиналысының _______________________

      ________________________________________________________________________________

                              (өткізілетін орны)

      _______ жылғы "____" _____________ № ______________ шешіміне сәйкес_______________

      көрсетілетін қызметті алушы ______________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      көрсетілетін қызметті алушыны қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылған (заңды тұлғаға

                                          (тұлғаларға)

      (біріктіру, қосу, бөлу, бөлініп шығу, қайта құру) арқылы (қажеттісінің астын сызу керек) ерікті

      қайта ұйымдастыруға рұқсат беруді сұрайды.

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы (сақтандыру холдингі) өтінішхатқа қоса

      берілген құжаттар мен ақпараттың дұрыстығына, сондай-ақ өтінішхатты қарауға байланысты

      сұралатын қосымша ақпараттың және құжаттардың көрсетілетін қызметті алушыға уақтылы

      берілуіне толығымен жауап береді.

      Қоса берілген құжаттар (жіберілген құжаттардың атаулы тізбесі, олардың әрқайсысы

      бойынша даналар және беттер санын көрсету керек):___________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Ақпарат жүйелерінің құрамындағы заңмен қорғалатын құпияны құрайтын

      мәліметтердің пайдаланылуына келісім беремін.

      _______________________ _________________

            (қолы)

      Мөр (бар болса) орны

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 71 қаулысына
39-қосымша

"Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерікті таратуға
рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандарты
1. Жалпы ережелер

      1. "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерікті таратуға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

      2) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген кезде – 2 (екі) ай ішінде;

      2) көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарды қабылдау және беру бойынша қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды алған сәттен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды алған сәттен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартуды береді.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушыға Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының тиісті қаулысының көшірмесін қоса бере отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерікті түрде таратуды жүргізуге рұқсат беру туралы хат жіберу не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті қағаз жеткізгіште алуға өтініш жасаған жағдайда нәтиже электрондық нысанда ресімделеді және қағазға басылады.

      Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      7. Мемлекеттік қызмет ақысыз негізде көрсетіледі.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінікі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;

      өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру кестесі сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін;

      2) порталдікі – жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты болатын техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

      Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады.

      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      9. Көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      көрсетілетін қызметті берушіге:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бірінші басшысы, ол болмаған кезде оны ауыстыратын адам қол қойған, өзінің барлық кредиторларының талаптарын толық қанағаттандыруды қамтамасыз ету жөніндегі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының міндеттемесі қамтылуға тиісті сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерікті таратуға рұқсат беру туралы қолдаухат;

      2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің жалпы жиналысының ерікті түрде тарату туралы шешімі;

      3) тарату комиссиясының, оның ішінде оның филиалдарында және (немесе) өкілдіктерінде құрылатын бөлімшелерінің мүшелікке кандидаттарының тізімі;

      4) сақтандыру портфелін табыс еткеннен кейінгі күні жасалған, аудиторлық ұйым растаған қаржылық есептілік;

      5) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы міндеттемелерінің сомасы туралы мәліметтер қамтылған, акционерлердің жалпы жиналысы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерікті түрде тарату туралы шешімді қабылдаған күні жасалған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы кредиторларының тізімі;

      6) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өзі жасаған сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша міндеттемелерінен тұратын басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына сақтандыру портфелін қабылдау-өткізу актісін (осындай қабылдау бар болса);

      7) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында жасалған сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша міндеттемелердің жоқ екенін растайтын құжаттар;

      8) акционерлердің жалпы жиналысы бекіткен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өз қызметін тоқтатуға дайындығының мерзімдері мен кезеңдері туралы іс-шаралар тізбесі (жоспар және кесте).

      Порталда:

      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

      2) осы тармақтың бірінші бөлігінің 2), 4), 6), 7) (құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде), 3) (тарату комиссиясына, оның ішінде филиалдарында және (немесе) өкілдіктерінде құрылатын оның бөлімшелеріне мүшелікке кандидаттардың тізімі, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мәліметтердің электрондық нысаны түрінде), 5) (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы міндеттемелерінің сомасы туралы мәліметтер қамтылған, акционерлердің жалпы жиналысы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерікті түрде тарату туралы шешімді қабылдаған күні жасалған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы кредиторларының тізімі, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мәліметтердің электрондық нысаны түрінде) және 8) тармақшаларында (электрондық құжат түрінде) көрсетілген құжаттар, олар электрондық сұрау салуға қоса тіркеледі.

      Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      10. Мыналар:

      1) болжанып отырған ерiкті түрде тарату нәтижесiнде сақтанушылар мен өзге де кредиторлардың заңды мүдделерiнің бұзылуы;

      2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген құжаттардың ұсынылмауы;

      3) табыс етiлген құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмеуі;

      4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының міндеттемелері бойынша есеп айырысу үшін өз қаражатының жетпеуі;

      5) сақтандыру портфелін басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына беру жөнінде шаралардың қолданылмауы мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тартуға негіз болып табылады.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
тұлғаларының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.

      Мыналардың:

      1) жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, сондай-ақ қалауына қарай әкесінің аты (ол болған кезде), пошталық мекенжайы көрсетіледі;

      2) заңды тұлғаның шағымында оның атауы, пошталық мекенжайы, жіберілген нөмірі мен күні көрсетіледі.

      Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.

      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралады.

      Портал арқылы өтініш берген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе 1414 телефоны арқылы алуға болады.

      Шағым портал арқылы жіберілген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинеттен" шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті беруші шағымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

      12. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық
нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып
қойылатын өзге талаптар

      13. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

      14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы "жеке кабинеті" арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

      15. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

  "Сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымын ерікті таратуға рұқсат
беру" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
1-қосымша
  Нысан

                                                                                                                  Қазақстан Республикасы

  Ұлттық Банкінің Төрағасына

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерікті таратуға рұқсат беру туралы
өтінішхат

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      _______________________________________________________________________________

                        (көрсетілетін қызметті алушының атауы)

      сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жалпы жиналысының ___________________________

      ________________________________________________________________________________

                                    (өткізілетін орны)

      _______ жылғы "____" _____________ № ______________ шешіміне сәйкес______________

      сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын_____________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

                  (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауы)

      ерікті түрде таратуға рұқсат беруді сұрайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы өзінің барлық кредиторларының талаптарын толық

      қанағаттандыруды қамтамасыз етуге міндеттенеді.

      Көрсетілетін қызметті алушы өтінішхатпен қоса берілген құжаттар мен ақпараттың

      дұрыстығына, сондай-ақ өтінішхатты қарауға байланысты сұралатын қосымша ақпараттың

      және құжаттардың көрсетілетін қызметті берушіге уақтылы берілуіне толығымен жауап

      береді.

      Қоса берілген құжаттар (жіберілген құжаттардың атаулы тізбесін, әрқайсысы бойынша

      дана және бет санын көрсету керек):_________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Көрсетілетін қызметті алушының бірінші басшысы (ол болмағанда оның орнын

      ауыстыратын адам)_______________________________________________________________.

      Ақпарат жүйелерінің құрамындағы заңмен қорғалатын құпияны құрайтын

      мәліметтердің пайдаланылуына келісім беремін.

      _________________________ _______________________

            (қолы)

      Мөр (бар болса) орны

  "Сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымын ерікті таратуға рұқсат
беру" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
2-қосымша

      Мәліметтердің электрондық нысаны

Тарату комиссиясына, оның ішінде филиалдарда және (немесе)
өкілдіктерде құрылатын оның бөлімшелеріне мүше болуға
кандидаттардың тізімі

Кандидаттың ЖСН

Кандидаттың тегі

Кандидаттың аты

Кандидаттың әкесінің аты (ол болған кезде)

Кандидаттың туылған күні

Кандидаттың жұмыс орны

Кандидаттың лауазымы

Білімі туралы деректер (оқу орнының атауы, біліктілігі, оқу кезеңі)

Жұмыс тәжірибесі

Тұрғылықты жерінің нақты мекенжайы

Кандидаттың байланыс телефоны

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

  "Сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымын ерікті таратуға рұқсат
беру" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
3-қосымша

      Мәліметтердің электрондық нысаны

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы міндеттемелерінің сомасы
туралы мәліметтерді қамтитын, акционерлердің жалпы жиналысы
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерікті түрде тарату
жөнінде шешім қабылдаған күні жасалған сақтандыру
(қайта сақтандыру) ұйымы кредиторларының тізімі

Кредитордың атауы

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының міндеттемелер сомасы (акционерлердің жалпы жиналысы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерікті түрде тарату жөнінде шешім қабылдау күні), теңгемен

1

2

  Қазақстан Республикасының
  Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 71 қаулысына
40-қосымша

"Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің ұйымдардың капиталына елеулі қатысуына рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. Стандарт алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 11.01.2018 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 71 қаулысына
41-қосымша

"Қоғамды жария компания деп тану немесе қоғамның мәлімдемесі негізінде ол белгілеген тәртіппен оның жария компания мәртебесін кері қайтарып алу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. Стандарт алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.08.2019 № 132 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 71 қаулысына
42-қосымша

"Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік
қоғамын ерікті қайта ұйымдастыруға рұқсат беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. Алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 09.12.2015 № 213 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 71 қаулысына
43-қосымша

"Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамын
ерікті таратуға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандарты

      Ескерту. Алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 09.12.2015 № 213 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
     
  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 71 қаулысына
44-қосымша

"Банктің және (немесе) банк холдингінің еншілес ұйым құруына немесе сатып алуына және (немесе) банктің және (немесе) банк холдингінің ұйымдардың жарғылық капиталына қомақты қатысуына рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. 44-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Банктің және (немесе) банк холдингінің еншілес ұйым құруына немесе сатып алуына және (немесе) банктің және (немесе) банк холдингінің ұйымдардың жарғылық капиталына қомақты қатысуына рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты.

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушыға) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

      2) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген кезде – 3 (үш) ай ішінде;

      2) құжаттарды қабылдау және беру бойынша заңды тұлғаға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушыға) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды алған сәттен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды алған сәттен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартуды береді.

      Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің, оның ішінде еншілес ұйымның қызметіне байланысты тәуекелдерге қатысты жүйелердің бар екенін растайтын құжаттарды қоспағанда, табыс етілген құжаттарға ескертулер болған кезде оларды жою мерзімін көрсете отырып, почта, факсимильді байланыс және (немесе) электрондық пошта арқылы мұндай ескертулерді көрсетіп хат жібереді.

      Ескертулерді және жіберген жазбаша хабарламада белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасының банк заңнамасының талаптарына сәйкес келетін пысықталған (түзетілген) құжаттарды ұсынады.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушының атына банктің және (немесе) банк холдингінің еншiлес ұйымды құруына немесе сатып алуына және (немесе) банктің және (немесе) банк холдингінің ұйымдардың жарғылық капиталына қомақты қатысуына рұқсат беру туралы хатын не көрсетілетін қызметті берушінің Басқармасы қаулысының және тиісті рұқсаттың (рұқсат беру туралы шешім қабылданған кезде) көшірмесін қоса бере отырып, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14, 15 және 16-тармақтарында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық. Көрсетілетін қызметті алушы лицензияны қағаз жеткізгіште алуға өтініш жасаған жағдайда, лицензия электрондық нысанда ресімделеді, қағазға басылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолымен расталады.

      Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      7. Мемлекеттік қызмет ақылы негізде көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі алым мөлшерлемесі 50 (елу) айлық есептік көрсеткішті құрайды.

      Алымды төлеу қолма-қол ақша немесе қолма-қол ақшасыз нысанда екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, сондай-ақ қолма-қол ақшасыз нысанда "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 07.02.2019 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінікі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі - жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;

      өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру кестесі - сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін;

      2) порталдікі – жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты болатын техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

      Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады.

      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 07.02.2019 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге банк және (немесе) банк холдингі еншілес ұйымды құруға немесе сатып алуға рұқсат алу үшін өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша еншілес ұйымды құруға немесе сатып алу үшін, оның ішінде бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін иеленуші еншілес ұйымды құруға немесе сатып алу үшін рұқсат алуға өтініш (бұдан әрі – өтініш);

      2) еншілес ұйымның жарғысы (бар болса) және құрылтай шарты немесе құру туралы шешім – оны құрған жағдайда; еншілес ұйымның жарғысы (бар болса) – оны сатып алған жағдайда;

      3) көрсетілетін қызметті алушының еншілес ұйымды құру немесе оны сатып алу туралы шешімі;

      4) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша еншілес ұйымның басшы қызметкерлері (немесе басшы қызметкерлер лауазымына тағайындау немесе сайлау үшін ұсынылатын кандидаттар) туралы ақпарат;

      5) еншілес ұйымның ұйымдық құрылымы және үлестес тұлғалар туралы мәліметтер.

      Көрсетілетін қызметті алушы банктің банк холдингі болмаған жағдайда:

      осы ұйымдар қауымдастығы меморандумының немесе ережелерінің шарттарына сәйкес олардың қызметін бірлескен негізде басқаруға;

      егер көрсетілген ұйымдардың атқарушы органы, басқару органы (акционерлік қоғамдар үшін), байқаушы кеңесі (жауапкершілігі шектеулі серіктестік үшін) құрамының үштен бірінен астамын сол белгілі бір тұлғалар құрайтын болса, еншілес ұйымға байланысты ұйымдар туралы ақпаратты қосымша береді;

      6) бизнес-жоспарын табыс ете отырып, еншілес ұйым қызметінің түрі немесе түрлері туралы ақпаратты;

      7) еншілес ұйым орналасқан елдің заңнамасын талдау негізінде Қазақстан Республикасының резиденті емес банк конгломератына қатысушылар орналасқан елдердің заңнамасы бойынша олардың және банк конгломератының Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген талаптарды орындауға мүмкіндік берілмеуіне байланысты банк конгломератына шоғырландырылған қадағалауды жүргізу мүмкіндігінің болмауын көздейтін мән-жайлардың жоқ екендігі туралы ақпаратты;

      8) көрсетілетін қызметті алушының құрылатын еншілес ұйымның жарғылық капиталына қатысу үлесі мен сомасы, сондай-ақ ол иеленетін акциялардың саны және акцияларға алдын ала төлем мөлшері туралы ақпаратты;

      9) аудиторлық ұйымның есебі және еншілес ұйым иеленетін аудиторлық ұйым куәландырған қаржылық есептілікті;

      10) еншілес ұйым иеленетін жарғылық капиталдың мөлшері туралы (егер мұндай ақпарат аудиторлық есепте қамтылмаса), сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының жарғылық капиталға қатысу үлесі немесе еншілес ұйымның иеленетін акцияларының саны туралы, еншілес ұйымның иелену талаптары мен тәртібі туралы ақпаратты;

      11) банк және (немесе) банк холдингі жарғылық капиталға қатысу үлесін немесе акцияларын сатып алу арқылы еншілес ұйым иеленетін заңды тұлға туралы:

      заңды тұлғаның атауы мен орналасқан жерін;

      көрсетілетін қызметті алушы құрылтайшысы (қатысушысы) болып табылатын заңды тұлғаның жарғылық капиталына көрсетілетін қызметті алушының қатысу үлесінің мөлшері, оны иелену бағасы туралы мәліметті;

      көрсетілетін қызметті алушы акционері болып табылатын заңды тұлғаның акциялар саны, оларды иелену бағасы, олардың орналастырылған акциялардың (артықшылықты және қоғам иеленген акциялары шегеріле отырып) жалпы санына пайыздық арақатынасы туралы мәліметті;

      заңды тұлғаның (көрсетілетін қызметті алушы құрылтайшысы, қатысушысы, акционері болған) қатысу үлесінің мөлшері, басқа заңды тұлғаның жарғылық капиталынан оны сатып алу бағасы туралы мәліметті;

      банк және (немесе) банк холдингі акционері (құрылтайшысы, қатысушысы) болып табылатын заңды тұлға сатып алған акциялардың саны, сатып алу бағасы, олардың орналастырылған акциялардың (артықшылықты және қоғам сатып алған акциялары шегеріле отырып) жалпы санына пайыздық арақатынасы туралы мәліметті қамтитын мәліметтерді беруі қажет;

      Осы талаптар көрсетілетін қызметті алушы бірнеше заңды тұлғалардың жарғылық капиталға қатысу үлестерін немесе акцияларын иелену арқылы еншілес ұйым иеленетін жағдайларға қолданылады;

      12) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы ақы төлеу жағдайларын қоспағанда, рұқсат беру үшін алымның төленгенiн растайтын құжат;

      13) көрсетілетін қызметті алушының және еншілес ұйымды құрғаннан немесе сатып алғаннан кейінгі көрсетілетін қызметті алушының және еншілес ұйымның болжамды есеп айырысу балансын қоса алғанда, көрсетілетін қызметті алушының еншілес ұйымды құруының, сатып алуның қаржылық салдарына жүргізілген талдау, сондай-ақ бар болса, көрсетілетін қызметті алушының жоспары және еншілес ұйымының активтерін сату жөніндегі немесе еншілес ұйымды басқару жөніндегі қызметіне елеулі өзгерістер енгізу жөніндегі ұсыныстарын;

      14) бақылаудың туындау негізін көрсете отырып, олардың негізінде иеленетін еншілес ұйымды бақылау көзделетін немесе бақылауды растайтын өзге де құжаттарды;

      15) банктің және (немесе) банк холдингінің болжамды еншілес ұйымдары болуы нәтижесінде құрамына банк және (немесе) банк холдингі кіретін банк конгломератының пруденциялық нормативтерінің және құрылатын немесе иеленетін еншілес ұйымды ескере отырып, банктің міндетті түрде сақталуға тиісті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген басқа да нормалар мен лимиттердің есебін ұсынуға тиісті.

      Құрылатын не сатып алынатын еншілес ұйым Қазақстан Республикасының резиденті - банк, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, инвестициялық портфельді басқарушы болып табылса, өтініш қаржы ұйымының ірі қатысушысы, банк холдингінің және (немесе) сақтандыру холдингінің мәртебесін сатып алу туралы өтінішпен бірге бір мезгілде ұсынылады.

      Көрсетілетін қызметті беруші банк Қазақстан Республикасының резиденттері – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, инвестициялық портфельді басқарушы – еншілес ұйымды құруға немесе сатып алуға рұқсат алу үшін өтініш берген жағдайда осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарының бірінші бөлігінің 2), 4) 5) және 10) тармақтарында және 13-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген құжаттарды ұсынбайды.

      Көрсетілетін қызметті беруші банк Қазақстан Республикасының резиденті банк – еншілес ұйымын құруға немесе сатып алуға рұқсат алу үшін өтініш не Көрсетілетін қызметті беруші банк - банк холдингі Қазақстан Республикасының резиденттері – банк, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, инвестициялық портфельді басқарушы – еншілес ұйымд құруға немесе сатып алуға рұқсат алу үшін өтініш берген жағдайда осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттарды ұсынбайды.

      Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 07.02.2019 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      10. Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін иеленетін еншілес ұйымды құруға немесе сатып алуға рұқсатты алу үшін көрсетілетін қызметті алушы - банк көрсетілетін қызметті берушіге осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағының 2), 3), 4), 5), 8), 10), 11), 12) және 14) тармақшаларында көзделген құжаттарды қоса бере отырып өтінішті, сондай-ақ мыналарды ұсынады:

      1) тиісті өтінішті берудің алдындағы соңғы аяқталған тоқсан үшін еншілес ұйымның қаржылық есептілігі – еншілес ұйымды сатып алған жағдайда;

      2) қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалатын күмәнді және үмітсіз активтердің сапасын жақсарту бойынша бизнес-жоспар мен іс-шаралар жоспары;

      3) пруденциялық нормативтердің және бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерді иеленуші еншілес ұйымның болуын болжаудың нәтижесінде банктердің сақтауы міндетті басқа міндетті басқа да нормалар мен лимиттердің есебі, оның ішінде уәкілетті орган белгілеген шоғырландырылған негізде.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 07.02.2019 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      11. Көрсетілетін қызметті алушы ұйымның капиталына елеулі қатысуға рұқсатты алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге өтініш білдірген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ұйымның капиталына елеулі қатысуға рұқсатты алуға өтініш;

      2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағының 3), 6), 7), 8), 10), 11) және 12) тармақшаларында көзделген құжаттар;

      3) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушы елеулі қатысуы бар ұйымның басшы қызметкерлері (немесе басшы қызметкер лауазымына тағайындау немесе сайлау үшін ұсынылатын кандидаттар) туралы ақпарат.

      Қазақстан Республикасының резиденттері - банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының капиталына елеулі қатысуды сатып алатын жағдайда көрсетілетін қызметті алушының ұйымның капиталына елеулі қатысуына рұқсат алу үшін өтініш қаржы ұйымының ірі қатысушысының, банк холдингінің және (немесе) сақтандыру холдингінің мәртебесін сатып алу туралы өтінішпен бірге бір мезгілде ұсынылады.

      Көрсетілетін қызметті алушы банк Қазақстан Республикасының резиденттері – банктің (банктің ірі қатысушысы мәртебесін сатып алу туралы өтініш), сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының капиталына көрсетілетін қызметті алушы банктің елеулі қатысуына рұқсат алу үшін өтініш берген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы елеулі қатысауы бар ұйымның басшы қызметкерлері (немесе басшы қызметкер лауазымына тағайындау немесе сайлау үшін ұсынылатын кандидаттар) туралы ақпаратты ұсынбайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы - банк Қазақстан Республикасының резидент - банкінің капиталына көрсетілетін қызметті алушы - банктің елеулі қатысуына рұқсат алуға өтініш (банк холдингінің мәртебесін иелену туралы өтініш) не банк холдингі Қазақстан Республикасының резидент – банкінің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының капиталына елеулі қатысуға рұқсатты алу үшін өтініш берген жағдайда, рұқсат алу үшін алымды төлегенін растайтын құжатты қоспағанда, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынбайды.

      Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 07.02.2019 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      12. Егер құрылатын не сатып алынатын еншілес ұйым Қазақстан Республикасының резиденттері - банк, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, инвестициялық портфельді басқарушы болып табылса, еншілес ұйымды құруға немесе атып алуға рұқсат "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 71 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11534 тіркелген) бекітілген мына:

      1) "Банктің немесе банк холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру";

      2) "Сақтандыру холдингінің немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру";

      3) "Инвестициялық портфельді басқарушының iрi қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – қаржы ұйымының, банк холдингінің және (немесе) сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру стандарттары) сәйкес қаржы ұйымының ірі қатысушысының, банк холдингінің және (немесе) сақтандыру холдингінің мәртебесін сатып алуға келісіммен бірге бір мезгілде беріледі.

      Қазақстан Республикасының резиденттері – банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының капиталына елеулі қатысуды сатып алған жағдайда Қазақстан Республикасы ұйымдарының капиталына елеулі қатысуға рұқсат қаржы ұйымының, банк холдингінің және (немесе) сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру стандарттарына сәйкес қаржы ұйымының ірі қатысушысының, банк холдингінің және (немесе) сақтандыру холдингінің мәртебесін сатып алуға келісіммен бірге бір мезгілде беріледі.

      13. Көрсетілетін қызметті алушы порталға өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажет құжаттар тізбесі:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес көрсетілген қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

      2) көрсетілетін қызметті алушы еншілес ұйымды құруға немесе иеленуге рұқсат алу үшін:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағының 2), 3), 4), 6), 9), 12) және 14) (PDF форматтағы құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде), 5), 7), 8), 10), 13) және 15) (электрондық құжат түрінде), 11) (көрсетілетін қызметті алушы жарғылық капиталға қатысу үлесін немесе акцияларын сатып алу арқылы еншілес ұйымды сатып алатын заңды тұлға туралы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша электрондық құжат түріндегі деректер) тармақшаларында көрсетілген құжаттар;

      3) бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін иеленетін еншілес ұйымды құруға немесе иеленуге рұқсат алу үшін:

      осы тармақтың 2) тармақшасына сәйкес – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағының 2), 3), 4), 5), 8), 10), 11), 12) және 14) тармақшаларында көзделген құжаттар мен мәліметтер, сондай-ақ:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген, электрондық сұратуға қоса берілетін құжаттар (электрондық құжаттар түрінде);

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген, электрондық сұратуға қоса берілетін құжаттар (PDF форматтағы құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде);

      4) көрсетілетін қызметті алушы ұйымдардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға рұқсат алу үшін:

      осы тармақтың 2) тармақшасына сәйкес осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағының 3), 4), 6), 7), 8), 10), 11) және 12) тармақшаларында көрсетілген құжаттар.

      Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Қазақстан Республикасының резиденті емес - банк холдингтері өтінішті қағаз жеткізгіште ұсынады.

      Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 07.02.2019 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      14. Мыналар:

      1) құрылатын немесе иеленетін еншілес ұйым орналасқан елдің қаржы ұйымдарын шоғырландырылған қадағалау саласындағы заңнамасының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шоғырландырылған қадағалау жөніндегі талаптарға сай келмеуі;

      2) еншілес ұйымның басшы қызметкерлері (немесе басшы қызметкерлер лауазымына тағайындауға немесе сайлауға ұсынылатын кандидаттар):

      мінсіз іскерлік беделі жоқ;

      уәкілетті орган қаржы ұйымын таратуға және (немесе) қаржы нарығында қызметті жүзеге асыруын тоқтатуға әкеп соққан, банкті төлем жасауға қабілетсіз банктер санатына жатқызу туралы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау не оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын лицензиясынан айыру туралы шешім қабылдағанға дейін не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін 1 (бір) жылдан аспайтын кезеңде бұрын қаржы ұйымын басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері, қаржы ұйымының ірі қатысушысы - жеке тұлға, ірі қатысушысы (банк холдингі) - заңды тұлғаның басшысы болған. Аталған талап қаржы ұйымын таратуға және (немесе) қаржы нарығында қызметті жүзеге асыруын тоқтатуға әкеп соққан, банкті төлем жасауға қабілетсіз банктер санатына жатқызу туралы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау не оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын лицензиясынан айыру туралы шешім қабылданғаннан кейін не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін 5 (бес) жыл бойы қолданылады;

      осы және (немесе) өзге де қаржы ұйымында басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) берілген келісім кері қайтарып алынған адам банктің басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды. Көрсетілген талап уәкілетті орган басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімін кері қайтарып алу туралы шешімді қабылдағаннан кейін қатарынан соңғы 12 (он екі) ай ішінде қолданылады;

      сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаса не тағайындау (сайлау) күніне дейін 3 (үш) жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылса;

      қатарынан төрт және одан да көп кезең бойы шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы төлеу бойынша дефолтқа жол берген не шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы төлеу бойынша берешегінің сомасы купондық сыйақының төрт еселенген және (немесе) одан да көп мөлшерін құрайтын не шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша негізгі борышты төлеу бойынша дефолттың мөлшері республикалық бюджет туралы заңда төлеу күніне белгіленген айлық есептік көрсеткіштен он мың есе асып түсетін соманы құрайтын дефолтқа жол берген бұрын қаржы ұйымының басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері, ірі қатысушы (ірі акционер) - жеке тұлға, ірі қатысушы (ірі акционер) - заңды тұлға - эмитенттің басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері болған адам банктің басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды. Көрсетілген талап көрсетілген мән-жайлар туындаған кезден бастап 5 (бес) жыл бойы қолданылады;

      3) көрсетілетін қызметті алушының болжанып отырған еншілес ұйымдарының болуы нәтижесінде құрамына көрсетілетін қызметті алушы кіретін банк конгломератының пруденциалдық нормативтерді сақтамауы;

      4) еншілес ұйымның қызметі немесе көрсетілетін қызметті алушы жоспарлаған инвестициялар салдарынан көрсетілетін қызметті алушының (банктің, банк холдингінің) немесе банк конгломератының қаржылық жай-күйінің нашарлауы көзделетін қаржылық салдарды талдау;

      5) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің уәкілетті органның тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелеріне, оның ішінде еншілес ұйымның қызметіне байланысты тәуекелдерге қатысты талаптарына сәйкес келмеуі;

      6) еншілес ұйым орналасқан елдің заңнамасында көзделген жағдайларда еншілес ұйымның белгіленген пруденциалдық нормативтерді, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының пруденциалдық нормативтерді сақтамауы, оның ішінде шоғырландырылған негізде сақтамауы және уәкілетті органға рұқсат алуға өтініш берген күннің алдындағы соңғы үш ай ішінде және (немесе) өтінішті қарау кезеңінде басқа да сақталуға міндетті нормативтер мен лимиттерді сақтамауы;

      7) өтініш берілген күні және құжаттарды қарау кезеңінде банкте және (немесе) банк холдингінде және (немесе) иелену болжанған еншілес ұйымда қолданыстағы қадағалап ден қою шараларының және (немесе) 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 213-бабының алтыншы, сегізінші бөліктерінде, 227-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік шаралардың болуы;

      8) көрсетілетін қызметті алушы еншілес ұйымды - Қазақстан Республикасының резиденттері банкті, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, инвестициялық портфельді басқарушыны құрған немесе иемденген жағдайларда, "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңында (бұдан әрі – Заң) көзделген сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі, бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасында көзделген Қазақстан Республикасының резиденттері банк немесе сақтандыру холдингі, банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін алуға келісім беруге қатысты талаптарды сақтамау негіздер болып табылады.

      Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 07.02.2019 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      15. Ұйымдардың капиталына елеулі қатысуға рұқсат беруден бас тарту осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көзделген негіздер бойынша жүргізіледі.

      16. Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымды құруға, сатып алуға рұқсат беруден бас тартуға:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген негіздер;

      2) еншілес ұйымға берілетін күмәнді және үмітсіз активтердің осы Заңның 11-2-бабы 4-тармағының талаптарына және (немесе) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінің талаптарына сәйкес келмеуі негіз болады.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      17. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 19-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.

      Заңды тұлғаның шағымында оның атауы, пошталық мекенжайы, жіберілген нөмірі мен күні көрсетіледі.

      Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.

      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралады.

      Портал арқылы өтініш берген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе 1414 телефоны арқылы алуға болады.

      Шағым портал арқылы жіберілген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинеттен" шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті беруші шағымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралады.

      18. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге талаптар

      19. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

      20. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы "жеке кабинеті" арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

      21. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті берушінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

  "Банктің және (немесе) банк
холдингінің еншілес ұйым
құруына немесе сатып алуына
және (немесе) банктің және
(немесе) банк холдингінің
ұйымдардың жарғылық
капиталына қомақты
қатысуына рұқсат беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
1-қосымша
  Нысан

___ жылғы "___" __________ № _____ Еншілес ұйымды құруға немесе сатып алуға, оның ішінде бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін иеленуші еншілес ұйымды құруға немесе сатып алуға рұқсат алуға өтініш

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 07.02.2019 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      ____________________________________________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушының атауы)

      Көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті органының ______ жылғы "____"

      ____________ № _____ шешіміне сәйкес

      ____________________________________________________________________

      (өткізу орны)

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (құрылатын (иеленетін) еншілес ұйымның атауы, орналасқан орны)

      құруға немесе иеленуге рұқсат беруді сұрайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы өтінішке қоса берілетін құжаттар мен ақпараттың дәйектілігін, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушіге өтінішті қарауға байланысты сұратылған қосымша ақпарат пен құжаттардың уақтылы берілуін растайды.

      Қоса берілетін құжаттар (жіберілетін құжаттардың атаулы тізбесін, әрқайсысы

      бойынша дана және бет санын көрсету қажет) _________________

      ____________________________________________________________________

      Ақпарат жүйелеріндегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтердің

      пайдаланылуына келісім береміз.

      Атқарушы орган басшысы (атқарушы органның функцияларын жеке жүзеге асыратын

      тұлға).

      ____________________________

      (қолы)

      Басқару органының басшысы (бар болса)

      ____________________________

      (қолы)

  "Банктің және (немесе) банк
холдингінің еншілес ұйым
құруына немесе сатып алуына
және (немесе) банктің және
(немесе) банк холдингінің
ұйымдардың жарғылық
капиталына қомақты
қатысуына рұқсат беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына
2-қосымша
  Нысан
 
Еншілес ұйымның басшы қызметкерлері (немесе басшы қызметкерлер лауазымына тағайындауға немесе сайлауға ұсынылған кандидаттар) туралы ақпарат

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 07.02.2019 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      ___________________________________________________________________

      (еншілес ұйымның басшы қызметкерінің (немесе басшы қызметкер лауазымына

      тағайындауға немесе сайлауға ұсынылған кандидаттың) тегі, аты, әкесінің аты

      (ол бар болса)

      ___________________________________________________________________ және

      басшы қызметкердің лауазымы немесе кандидат еншілес ұйымда тағайындалатын

      немесе сайланатын лауазым)

      ___________________________________________________________________

      (еншілес ұйымның атауы көрсетіледі)

      1. Жалпы мәліметтер:

Туған күні және жері

Азаматтығы

Жеке басын куәландыратын құжаттың деректерi (нөмірі, берілген күні, кім берді), жеке сәйкестендіру нөмірі

      2. Білімі:

Оқу орнының атауы

Түскен күні – аяқтаған күні

Мамандығы

Білімі туралы дипломның деректемелері, біліктігі

1

2

3

4

5

      3. Жұбайы (зайыбы), жақын туыстары (ата-анасы, аға-інісі, әпке-сіңлісі, балалары) және жекжаты (жұбайының (зайыбының) ата-анасы, аға-інісі, әпке-сіңлісі, балалары) туралы мәліметтер:

Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

Туған жылы

Туыстық қатынасы

Жұмыс орны мен лауазымы

1

2

3

4

5

      4. Еншілес ұйымның басшы қызметкерінің (немесе басшы қызметкерлер лауазымдарына тағайындау немесе сайлау үшін ұсынылып отырған кандидаттың) заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы немесе акцияларын иеленуі туралы мәліметтер:

Заңды тұлғаның атауы және орналасқан жері

Заңды тұлға қызметінің жарғылық түрлері

Заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі немесе кандидатқа тиесілі акциялары санының дауыс беретін акцияларының жалпы санына арақатынасы (пайызбен)

1

2

3

4

      5. Еңбек қызметі туралы мәліметтер.

      Осы тармақта еншілес ұйымның басшы қызметкерінің (немесе басшы қызметкер лауазымына тағайындау немесе сайлау үшін ұсынылып отырған кандидаттың) бүкіл еңбек қызметi, оның iшiнде еншілес ұйымдағы лауазымын немесе кандидат еншілес ұйымда тағайындалатын немесе сайланатын лауазымды көрсете отырып, жоғарғы оқу орнын аяқтаған кезден бастап еңбек қызметi туралы мәліметтер, сондай-ақ кандидат еңбек қызметін жүзеге асырмаған кезең көрсетіледі.

Жұмыс істеген кезеңі (күні, айы, жылы)

Жұмыс орны

Лауазымы (талап етілсе келісу күнін көрсете отырып)

Тәртіптік жаза қолданудың болуы

Жұмыстан шығару, лауазымнан босату себептері

1

2

3

4

5

6

      6. Еншілес ұйымдағы және (немесе) басқа ұйымдардағы инвестициялық комитеттердегі мүшелігі туралы мәліметтер:

Кезеңі (күні, айы, жылы)

Ұйымның атауы

Лауазымы

Жұмыстан шығару, лауазымнан босату себептері

1

2

3

4

5

      7. Алынбаған және өтелмеген соттылығы туралы мәліметтер:

Күні

Соттың атауы

Соттың орналасқан жері

Жаза түрі

Кандидат қылмыстық жауапкершілікке тартылған заңнамалық актінің бабы

Соттың іс жүргізу шешімін қабылдау күні

1

2

3

4

5

6

7

      8. Банк қызметімен байланысты құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылуы туралы мәліметтер:

Күні

Әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы шешім қабылдаған орган

Әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы шешім қабылдаған органның орналасқан жерi

Әкімшілік жазаның түрі

Кандидат әкімшілік жауапкершілікке тартылған заңнамалық актінің бабы

Шешім қабылданған күн

1

2

3

4

5

6

      9. Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган банкті төлем жасауға қабілетсіз банктер санатына жатқызу туралы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау не оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымының таратылуына және (немесе) қаржы нарығында қызметін жүзеге асыруды тоқтатуына әкеп соққан қаржы ұйымын лицензиядан айыру туралы шешім қабылдағанға не қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте оны банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кемінде 1 (бір) жылдан аспайтын кезеңде еншілес ұйымның басшы қызметкері (немесе басшы қызметкер лауазымына тағайындау немесе сайлау үшін ұсынылып отырған кандидат) бұрын қаржы ұйымының басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері, жеке тұлға - ірі қатысушысы, қаржы ұйымының ірі қатысушысы - заңды тұлғаның (банк холдингінің) басшысы болып табылғаны туралы мәліметтер

      _________________________________________________________________ (иә (жоқ),

      ұйымның атауын,

      _________________________________________________________________

      лауазымын, жұмыс істеген кезеңiн көрсету).

      10. Еншілес ұйымның басшы қызметкері (немесе басшы қызметкер лауазымына тағайындау немесе сайлау үшін ұсынылып отырған кандидат) қатарынан төрт және одан да көп кезең бойы шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы төлеу бойынша дефолтқа жол берген не шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы төлеу бойынша берешегінің сомасы купондық сыйақының төрт еселенген және (немесе) одан да көп мөлшерін құрайтын не шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша негізгі борышты төлеу бойынша дефолттың мөлшері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштен он мың есе асып түсетін соманы құрайтын дефолтқа жол берген қаржы ұйымының басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері, ірі қатысушы (ірі акционер) – жеке тұлға, ірі қатысушы (ірі акционер) – заңды тұлға-эмитенттің басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері болып табылғаны туралы мәліметтер

      __________________________________________________________________

      (иә (жоқ), ұйымның атауын,

      __________________________________________________________________

      лауазымын, жұмыс істеген кезеңiн көрсету)

      11. Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімді қайтарып алу және қаржы ұйымдарында, банк және сақтандыру холдингтерінде, "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамында қызметтік мiндеттерiн орындаудан шеттету туралы деректердің болуы

      ___________________________________________________

      __________________________________________________________________

      (иә (жоқ), ұйымның атауын,

      __________________________________________________________________

      лауазымын, жұмыс істеген кезеңін, тағайындауға (сайлауға) келісімді

      __________________________________________________________________

      қайтарып алудың негіздерін және осындай шешім қабылдаған

      __________________________________________________________________

      мемлекеттік органның атауын көрсету)

      12. Еншілес ұйымның басшы қызметкері (немесе басшы қызметкер лауазымына тағайындау немесе сайлау үшін ұсынылып отырған кандидат) тағайындау (сайлау) күніне дейін 3 (үш) жыл ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін жауапкершілікке не сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды ма

      __________________________________________________________________

      (иә (жоқ), құқық бұзушылықтың, қылмыстың

      __________________________________________________________________ қысқаша

      сипаттамасын, жауапкершілікке тарту негіздерін көрсете отырып,

      __________________________________________________________________ тәртіптік

      жаза қолдану туралы актінің немесе сот шешімінің деректемелері)

      Осы өтініштегі ақпаратты өзім тексергенімді және оның дәйекті және толық екендігін

      растаймын, сондай-ақ мінсіз іскерлік беделімнің болуын растаймын.

      Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті дербес деректерді жинауға және өңдеуге және ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) _____________________________________

                                          (баспа әріптерімен)

      Күні ____________________________________

      Қолы ________________________________

  "Банктің және (немесе) банк
холдингінің еншілес ұйым құруына
немесе сатып алуына және (немесе)
банктің және (немесе) банк
холдингінің ұйымдардың
жарғылық капиталына қомақты
қатысуына рұқсат беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына
3-қосымша
  Нысан

Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің, оның ішінде еншілес ұйым қызметіне байланысты тәуекелдерге қатысты жүйелердің бар екенін растайтын
ақпарат

      ________________________________________________________________________________

                        (көрсетілетін қызметті алушының атауы)

Банктердің еншілес ұйымның қызметіне байланысты тәуекелдерге қатысты банктің тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін қалыптастыруына қойылатын талаптар

Банктің еншілес ұйымның қызметіне байланысты тәуекелдерге қатысты тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің бар екенін растайтын ішкі нормативтік құжаттарының (бұдан әрі – ІНҚ) атауы
(ІНҚ бөлімін, тармағын көрсету керек)

1.

Банктің директорлар кеңесінің, басқармасының, бөлімшелерінің тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жөніндегі өкілеттіктері және функционалдық міндеттері, олардың жауапкершіліктері:
банктің директорлар кеңесі банктің еншілес ұйымдарында ішкі аудиттің тәртібін, стандарттарын және принциптерін енгізуді қамтамасыз етеді;
уәкілетті алқалы орган банктің еншілес ұйымдарында ішкі аудиттің тәртібін, стандарттарын және принциптерін енгізуді қамтамасыз етеді:
банктің басқармасы банктің еншілес ұйымына инвестицияларға және оларды одан әрі дамытуға қатысты мақсаты (жоспарлары) қамтылатын банк стратегиясының жобасын әзірлейді.

2.

Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жөніндегі ішкі саясаттар мен рәсімдер:
банк рәсімдер арқылы өтімділіктің топ ішіндегі тәуекелді басқарады, оның ішінде банктің еншілес ұйымдарын топтағы басқа көздерінен қорландыруына байланыстығын шектейтін лимиттерді белгілейді;
банк комплаенс-бақылау жөніндегі бөлімше құрады, оның ішінде банктің еншілес ұйымдарының комплаенс-тәуекелді, оның ішінде қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін басқару мәселелері бойынша қызметін ұйлестіру функциясын жүзеге асырады;
банк тәуекелдерді, оның ішінде банкке қатысты еншілес немесе тәуелді болып табылатын барлық ұйымдарды ескере отырып, басқарудың ішкі бақылауын жүзеге асыру рәсімдерін әзірлейді;
банктің еншілес ұйымдарымен әрекет ету және ақпарат алмасу тәртібін қамтитын ішкі аудит саясатын банк әзірлейді.
банк ішкі аудит бөлімшесін құрайды, ол өзгеден басқа, банктің ішкі аудит бөлімшесінің банктің еншілес ұйымдарының ішкі аудит бөлімшелерімен өзара әрекет ету тәртібін әзірлейді.

      Ескертпе:

      Осы нысанға мыналар қоса беріледі:

      1) ішкі нормативтік құжаттардың тізбесі;

      2) банктің ішкі нормативтік құжаттары.

  "Банктің және (немесе) банк
холдингінің еншілес ұйым
құруына немесе сатып алуына
және (немесе) банктің және
(немесе) банк холдингінің
ұйымдардың жарғылық
капиталына қомақты
қатысуына рұқсат беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына
4-қосымша
  Нысан

___ жылғы "___" _______ № _____ Көрсетілетін қызметті алушының ұйымның капиталына қомақты қатысуы на рұқсат алуға өтініш

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 07.02.2019 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      ____________________________________________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушының атауы)

      Көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті органының ______ жылғы "____"

      ____________ № _____ шешіміне сәйкес

      ____________________________________________________________________

      (өткізу орны)

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (ұйымның атауы, орналасқан орны)

      ұйымның капиталына қомақты қатысуы на рұқсат беруді сұрайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы өтінішке қоса берілетін құжаттар мен ақпараттың дәйектілігін, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушіге өтінішті қарауға байланысты сұратылған қосымша ақпарат пен құжаттардың уақтылы берілуін растайды.

      Ақпарат жүйелеріндегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтердің пайдаланылуына келісім береміз.

      Қоса берілетін құжаттар (жіберілетін құжаттардың атаулы тізбесін, әрқайсысы бойынша дана және парақ санын көрсету қажет)

      ____________________________________________________________________

      Атқарушы орган басшысы (атқарушы органның функцияларын жекедара жүзеге

      асыратын тұлға)

      ____________________________

      (қолы)

      Басқару органының басшысы (бар болса)

      ____________________________

      (қолы)

  "Банктің және (немесе) банк
холдингінің еншілес ұйым
құруына немесе сатып алуына
және (немесе) банктің және
(немесе) банк холдингінің
ұйымдардың жарғылық
капиталына қомақты
қатысуына рұқсат беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына
5-қосымша
  Нысан
 
Көрсетілетін қызметті алушының капиталына қомақты қатысуы бар ұйымның басшы қызметкерлерi (немесе басшы қызметкерлер лауазымдарына тағайындау немесе сайлау үшін ұсынылып отырған кандидаттар) туралы ақпарат

      Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 07.02.2019 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      __________________________________________________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушының капиталына қомақты қатысуы бар ұйымның басшы

      қызметкерiнің (немесе басшы қызметкер лауазымына тағайындау немесе сайлау үшін

      ұсынылып отырған кандидаттың) тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

      __________________________________________________________________________

      және басшы қызметкердің лауазымы немесе кандидаттың көрсетілетін қызметті

      алушының капиталына қомақты қатысуы бар ұйымда тағайындалатын немесе

      сайланатын лауазымы)

      __________________________________________________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушының капиталына қомақты қатысуы бар ұйымның атауы

      көрсетіледі)

      1. Жалпы мәліметтер:

Туған күні және жері

Азаматтығы

Жеке басын куәландыратын құжаттың деректерi (нөмірі, берілген күні, кім берді), жеке сәйкестендіру нөмірі

      2. Білімі:

Оқу орнының атауы

Түскен күні – аяқтаған күні

Мамандығы

Білімі туралы дипломның деректемелері, біліктігі

1

2

3

4

5

      3. Жұбайы (зайыбы), жақын туыстары (ата-анасы, аға-інісі, әпке-сіңлісі, балалары) және жекжаты (жұбайының (зайыбының) ата-анасы, аға-інісі, әпке-сіңлісі, балалары) туралы мәліметтер):

Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

Туған жылы

Туыстық қатынасы

Жұмыс орны мен лауазымы

1

2

3

4

5

      4. Банктің және (немесе) банк холдингінің капиталына қомақты қатысуы бар ұйымның басшы қызметкерiнің (немесе басшы қызметкер лауазымына тағайындау немесе сайлау үшін ұсынылып отырған кандидаттың) заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы немесе акцияларын иеленуі туралы мәліметтер:

Заңды тұлғаның атауы және орналасқан жері

Заңды тұлға қызметінің жарғылық түрлері

Заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі немесе кандидатқа тиесілі акциялары санының дауыс беретін акцияларының жалпы санына арақатынасы (пайызбен)

1

2

3

4

      5. Еңбек қызметі туралы мәліметтер.

      Осы тармақта банктің және (немесе) банк холдингінің капиталына қомақты қатысуы бар ұйымның басшы қызметкерiнің (немесе басшы қызметкер лауазымына тағайындау немесе сайлау үшін ұсынылып отырған кандидаттың) бүкіл еңбек қызметiнде атқарған лауазымдары, оның iшiнде банктің және (немесе) банк холдингінің капиталына қомақты қатысуы бар ұйымдағы лауазымын немесе кандидат банктің және (немесе) банк холдингінің капиталына қомақты қатысуы бар ұйымда тағайындалатын немесе сайланатын лауазымды көрсете отырып, жоғарғы оқу орнын аяқтаған кезден бастап еңбек қызметi туралы мәліметтер, сондай-ақ кандидат еңбек қызметін жүзеге асырмаған кезең көрсетіледі.

Жұмыс істеген кезеңі (күні, айы, жылы)

Жұмыс орны

Лауазымы (егер талап етілсе, келісу күнін көрсете отырып)

Тәртіптік жаза қолданудың болуы

Жұмыстан шығару, лауазымнан босату себептері

1

2

3

4

5

6

      6. Банктің және (немесе) банк холдингінің капиталына қомақты қатысуы бар ұйымдағы және (немесе) басқа ұйымдардағы инвестициялық комитеттерде мүшелігі туралы мәліметтер:

Кезеңі (күні, айы, жылы)

Ұйымның атауы

Лауазымы

Жұмыстан шығару, лауазымнан босату себептері

1

2

3

4

5

      7. Алынбаған және өтелмеген соттылығы туралы мәліметтер:

Күні

Сот органының атауы

Соттың орналасқан жері

Жаза түрі

Кандидат қылмыстық жауапкершілікке тартылған заңнамалық актінің бабы

Соттың іс жүргізу шешімін қабылдау күні

1

2

3

4

5

6

7

      8. Банк қызметімен байланысты құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылуы туралы мәліметтер:

Күні

Әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы шешім қабылдаған орган

Әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы шешім қабылдаған органның орналасқан жерi

Әкімшілік жазаның түрі

Кандидат әкімшілік жауапкершілікке тартылған заңнамалық актінің бабы

Шешім қабылданған күн

1

2

3

4

5

6

      9. Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган банкті төлем жасауға қабілетсіз банктер санатына жатқызу, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын конвервациялау не оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымының таратылуына және (немесе) қаржы нарығында қызметін жүзеге асыруды тоқтатуына әкеп соққан қаржы ұйымын лицензиядан айыру не қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте банкрот деп тану туралы сот шешімінің заңды күшіне енуіне дейін кемінде 1 (бір) жылдан аспайтын кезеңде банк және (немесе) банк холдингі капиталына қомақты қатысу үлесі бар ұйымның басшы қызметкері (немесе басшы қызметкер лауазымына тағайындау немесе сайлау үшін ұсынылып отырған кандидат) бұрын қаржы ұйымының басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері, ірі қатысушы - жеке тұлға, қаржы ұйымының ірі қатысушысының (банк холдингінің) - заңды тұлғаның басшысы болып табылғаны туралы мәліметтер

      _____________________________________________________________________

      (иә (жоқ), ұйымның атауын,

      _____________________________________________________________________

      лауазымын, жұмыс істеген кезеңiн көрсету).

      10. Банк және (немесе)банк холдингінің капиталына қомақты қатысу үлесі бар ұйымның басшы қызметкері (немесе басшы қызметкер лауазымына тағайындау немесе сайлау үшін ұсынылып отырған кандидат) қатарынан төрт және одан да көп кезең бойы шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы төлеу бойынша дефолтқа жол берген не шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы төлеу бойынша берешегінің сомасы купондық сыйақының төрт еселенген және (немесе) одан да көп мөлшерін құрайтын не шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша негізгі борышты төлеу бойынша дефолттың мөлшері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштен он мың есе асып түсетін соманы құрайтын дефолтқа жол берген қаржы ұйымының басқару органының бұрын басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері, ірі қатысушы (ірі акционер) – жеке тұлға, ірі қатысушы (ірі акционер) – заңды тұлға-эмитенттің басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері болып табылғаны туралы мәліметтер

      _____________________________________________________________________

      иә (жоқ), ұйымның атауын,

      _____________________________________________________________________

      лауазымын, жұмыс істеген кезеңiн көрсету)

      11. Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімді қайтарып алу және қаржы ұйымдарында, банк және сақтандыру холдингтерінде, "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамында қызметтік мiндеттерiн орындаудан шеттету туралы деректердің болуы ______________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (иә (жоқ), ұйымның атауын,

      _____________________________________________________________________

      лауазымын, жұмыс істеген кезеңін, тағайындауға (сайлауға) келісімді

      _____________________________________________________________________

      қайтарып алудың негіздерін және осындай шешім қабылдаған

      _____________________________________________________________________

      мемлекеттік органның атауын көрсету)

      12. Банктің және (немесе) банк холдингінің капиталына қомақты қатысуы бар ұйымның басшы қызметкері (немесе басшы қызметкер лауазымына тағайындау немесе сайлау үшін ұсынылып отырған кандидат) тағайындау (сайлау) күніне дейін 3 (үш) жыл ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін жауапкершілікке не сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылды ма

      _____________________________________________________________________

      (иә (жоқ), құқық бұзушылықтың, қылмыстың қысқаша

      _____________________________________________________________________

      сипаттамасы, жауапкершілікке тарту негіздерін көрсете отырып,

      _____________________________________________________________________

      тәртіптік жаза қолдану туралы актінің немесе сот шешімінің деректемелері).

      Осы өтініштегі ақпаратты өзім тексергенімді және оның дәйекті және толық екендігін растаймын, сондай-ақ мінсіз іскерлік беделімнің болуын растаймын.

      Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті дербес деректерді жинауға және өңдеуге және ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) ___________________________________

      (баспа әріптерімен)

      Күні ___________________________________

      Қолы _______________________________

  "Банктің және (немесе) банк
холдингінің еншілес ұйым құруына
немесе сатып алуына және (немесе)
банктің және (немесе) банк
холдингінің ұйымдардың
жарғылық капиталына қомақты
қатысуына рұқсат беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына
6-қосымша
  Нысан

Көрсетілетін қызметті алушы жарғылық капиталына қатысу үлесін немесе акцияларын сатып алу арқылы еншілес ұйымын сатып алатын немесе елеулі қатысатын заңды тұлға туралы деректер

Заңды тұлғаның меншік нысаны

ЗТ ҚР резиденті болып табыла ма

БСН

ЗТ атауы

Ел/Облыс/Қала/
Аудан/Елдімекен

Көшенің атауы

Үйдің/үй-жайдың нөмірі

Үйдің индексі

Пәтердің/офистің нөмірі

Банктің ЗТ жарғылық капиталына қатысу үлесінің мөлшері туралы мәліметтер банктің және (немесе) банк холдингінің заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесінің мөлшері туралы мәліметтер

Құрылтайшысы банк және (немесе) банк холдингі болып табылатын қатысу үлесі, иелену бағасы туралы мәліметтер

Акционері банк және (немесе) банк холдингі болып табылатын заңды тұлға акцияларының саны туралы мәліметтер

Акционері банк және (немесе) банк холдингі болып табылатын заңды тұлғаның орналастырылған акцияларының (артықшылық берілген және қоғам сатып алғандарын шегергенде) жалпы санына пайыздық арақатынасы туралы мәліметтер

Құрылтайшысы, қатысушысы, акционері банк және (немесе) банк холдингі болып табылатын заңды тұлғаның қатысу үлесінің мөлшері туралы мәліметтер

Басқа заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы иелену бағасы, акционері (құрылтайшысы, қатысушысы) банк және (немесе) банк холдингі болып табылатын заңды тұлғаның қатысу үлесінің мөлшері туралы мәліметтер

Акционері (құрылтайшысы, қатысушысы) банк және (немесе) банк холдингі болып табылатын заңды тұлға иеленген акциялар саны туралы мәліметтер

Акционері (құрылтайшысы, қатысушысы) банк және (немесе) банк холдингі болып табылатын заңды тұлға иеленген акцияларды иелену бағасы туралы мәліметтер

Акциялардың орналастырылған акциялардың (артықшылық берілген және қоғам сатып алғандарын шегергенде) жалпы санына пайыздық арақатынасы туралы мәліметтер

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 71 қаулысына
45-қосымша

"Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің еншілес ұйымды құруына немесе иеленуіне, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің ұйымдардың капиталына қомақты қатысуына рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда– ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 11.01.2018 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің еншілес ұйымды құруына немесе иеленуіне, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің ұйымдардың капиталына қомақты қатысуына рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

      2) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген кезде – 3 (үш) ай ішінде;

      2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды алған сәттен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды алған сәттен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартуды береді.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушының атына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің еншiлес ұйымды құруына немесе иеленуіне, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің ұйымдардың капиталына қомақты қатысуына рұқсат (бұдан әрі – рұқсат) беру туралы хат не көрсетілетін қызметті берушінің Басқармасы қаулысының көшірмесімен қоса осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті қағаз жеткізгіште алуға өтініш жасаған жағдайда нәтиже электрондық нысанда ресімделеді, қағазға басылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолымен расталады.

      Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      7. Мемлекеттік қызмет ақылы негізде көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі алым мөлшерлемесі 50 (елу) айлық есептік көрсеткішті құрайды.

      Алымды төлеу қолма-қол ақша немесе қолма-қол ақшасыз нысанда екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, сондай-ақ қолма-қол ақшасыз нысанда "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 07.02.2019 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінікі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа күндері, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі - жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;

      өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру кестесі – сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ге дейін;

      2) порталдікі – жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты болатын техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

      Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады.

      9. Көрсетілетін қызметті алушының еншілес ұйым құруына немесе иеленуінее рұқсат алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) ақпараттық жүйелердегі, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім берілген, еркін нысанда жасалған өтініш;

      2) еншілес ұйымды құрған жағдайда оның жарғысы (болған кезде) және құрылта