Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін техникалық пайдалану және оларды жөндеу қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 551 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 7 шілдеде № 11573 тіркелді.

      "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 14-бабы 1-тармағының 41-24) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін техникалық пайдалану және оларды жөндеу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К. Сейдахметов):

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға оның көшірмелерін жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интернет-порталында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметті ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ә. Исекешев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ішкі істер министрі

      Қ.Қасымов __________________

      2015 жылғы 2 маусым

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 551 бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін техникалық
пайдалану және оларды жөндеу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.07.2019 № 577 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін техникалық пайдалану және оларды жөндеу қағидасы (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 14-бабы 1-тармағының 41-24) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін техникалық пайдалану және оларды жөндеу тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:

      1) авиациялық техника – авиациялық техникалық құралдардың жиынтығы (әуе кемелері, оның борт жабдықтары және агрегаттары, қозғалтқыштары, мемлекеттік авиация әуе кемелерінің авиациялық құралдары, құтқарудың авиациялық құралдары, тренажерлер жиынтығы (жазғы симуляторлар), әуе қозғалысын басқарудың толықтырушы заттары, техникалық құралдары, қондыру мен байланыс навигациялары, сондай-ақ ұшуды орындауға арналған жалпы және арнайы жерүсті ұшуларды қамтамасыз ету құралдары, әуе қозғалысын және жерүсті ұшуларды басқаруды ұйымдастыру;

      2) авиациялық техниканы жөндеу және техникалық қызмет көрсету бойынша ұйым (әрі қарай – ТЖ және ТҚК бойынша ұйым) - авиациялық техниканы жөндеу және техникалық қызмет көрсетуді іске асыратын әрі авиациялық техниканы жөндеу және (немесе) техникалық қызмет көрсету ұйымының қолданыстағы сертификаты бар заңды тұлға немесе заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі;

      Авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша

      3) авиациялық техниканы жөндеу (әрі қарай - АТЖ) - авиациялық техниканың жұмыс қабілеттілігі мен түзулігін қайта қалпына келтіру бойынша операциялар кешені;

      4) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – азаматтық және эксперименттік авиация қызметінде әрі Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      4-1) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) - жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын, Қазақстан Республикасының Азаматтық авиация саласын тұрақты дамытуды, ұшу қауіпсіздігін және авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған қызметті жүзеге асыратын акционерлік қоғам.

      5) әуе кемесi (әрі қарай - ӘК) – жер (су) бетiнен көтерілетін ауамен өзара әрекеттесуді қоспай, оның ауамен өзара әрекеттесуі арқылы атмосферада қалықтайтын аппарат;

      6) жіберуші персонал – ӘК немесе оның компоненттерін ТҚ-дан (написать на каз Технического обслуживания) кейін пайдалануға рұқсат беруге техникалық қызмет көрсетуші ұйым уәкілеттік берген авиациялық персонал техникалық қызмет көрсетуді орындағаннан кейін ӘК немесе оның бөлшектерін пайдалануға жіберуді жүзеге асыратын техникалық қызмет көрсетуші ұйым уәкілеттік берген авиациялық персонал;

      7) компонент – авиациялық қозғалтқыш, ауа бұрандасы, құрамындағы бұйымдар немесе ӘК басқа да құрамдас бөліктері.

      8) кезеңді техникалық қызмет көрсету – күрделілігі және орындалу шарттарының талаптары бойынша "жедел техникалық қызмет көрсету" критерийлеріне сәйкес келмейтін техникалық қызмет көрсету жұмыстары;

      9) техникалық қызмет көрсету (әрі қарай - ТҚК) - бақылау-қалпына келтіру жұмыстарын, тексеруді, алмастыруды, ақауларды жоюды қоса алғанда, әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын сақтауды қамтамасыз ету үшін қажетті жұмыстарды жүргізу, олар жеке-жеке де, үйлестіріп те орындалатын, сонымен қатар түрлендіруді іс жүзінде жүзеге асыру;

      10) ұшуларды инженерлік-авиациялық жағынан қамтамасыз ету –жарамды және ұшуға дайындалған әуе кемелерінде әуе көлігінің ағымдағы және болашақтағы қажеттіліктерін қанағаттандыру;

      11) метрологиялық бақылау - метрологиялық ережелер мен нормалардың сақталуын тексеру мақсатында мемлекеттiк басқару органдарының, жеке және заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерi жүзеге асыратын қызмет;

      12) жедел техникалық қызмет көрсету – ӘК ұшуға даярлау бойынша атқарылатын ТҚК жұмыстары. Жедел ТҚК-ге: тоқтап қалуды табу және жою; компоненттерін алмастыру (бұндай компоненттерге қозғалтқыш та, ауа бұрандалары да жатады); ТҚК бойынша жоспарлы жұмыстары (көп еңбекті қажетсінетін терең бақылауды талап етпейтін көзге көрінетін бүлінулер/бұзылыстарды анықтау үшін қарап тексерулерді қоса). Оған құрылымның борт жүйелері мен күшті қажет ететін құрылғының ішкі элементтеріндегі жұмыстар кіреді, оларды орындау үшін тез ашылатын панель/люктер арқылы кіруге болатын жер бар, сонымен қатар ағымдағы жөндеу жұмыстары мен қиын емес түрлендірулер, олар аса бөлшектеуді қажет етпейді және бұл жұмыстар құралдар мен саймандардың қарапайым түрлерімен орындалуы мүмкін

      13) рәсімдер – басқарушы және технологиялық құжаттарда баяндалған нормативтік ережелер мен нұсқаулар. ТҚК мақсаттары үшін рәсім ұғымы рәсімнің екі түрін қамтиды: ұйымның авиациялық персоналы адамдарының және/немесе бөлімшелері арасындағы өзара қарым-қатынастарының қағидалары мен тәртібін белгілейтін ұйымдастыру рәсімдері және ТҚК бойынша жұмыстар мен қызметтің әр түрлерінің орындалу технологиясын белгілейтін технологиялық рәсімдер.

      14) пайдаланушы – азаматтық әуе кемелерін пайдаланумен айналысатын немесе осы салада өзінің қызметтерін ұсынатын жеке немесе заңды тұлға;

      15) ұшуға жарамдылығын сақтау – ӘК-нің пайдалану мерзімі кезінде Заңның 14 бабы 1 тармағының 41-19 тармақшасына (әрі қарай – ӘК ұшуға жарамдылығы нормалары) сәйкес уәкілетті органы бекіткен Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығы нормалары талаптарына ӘК сәйкестігін қамтамасыз ететін үрдістер жиынтығы

      16) ірі түрлендіру – бұл ӘК, ӘК қозғалтқышына немесе әуе винтына қойылатын техникалық талаптармен қарастырылмаған типтік құрылғыны өзгерту, бұл салмақ пен орталықтандырудың шектеулеріне, құрылымның беріктігіне, ұшу сипаттамаларына, күш беретін құрылғының жұмысына, тұтынымдық сипаттамаларына және басқа да қоршаған ортамен байланысты сипаттамалар мен ұшу жарамдылығына әсер ететін сипаттарға маңызды ықпал етуі мүмкін крупная модификация – это изменение типовой конструкции, не предусмотренное техническими требованиями (спецификациями) на ВС, двигатель ВС или воздушный винт, которое может существенно повлиять на ограничения массы и центровки, прочность конструкции, летные характеристики, работу силовой установки, эксплуатационные характеристики и другие качества, влияющие на летную годность или характеристики, связанные с окружающей средой;

      17) пайдалану құжаттамасы (әрі қарай - ПҚ) - ТҚК-ді қоса алғанда, пайдалану шектеулері, рәсімдер мен ұсыныстары бар ӘК-сі және компонентінің ұшуы мен техникалық пайдалануын регламенттейтін құжаттама.

      18) пайдалану және жөндеу құжаттамасы (әрі қарай - ПЖҚ) – әуе кемесін және/немесе оның бөлшегін жасаушы әзірлейтін және әуе кемелерінің ұйымдастырушылық, нормативтік, техникалық және өзге де қағидасын, оларға техникалық қызмет көрсету мен жөндеуін белгілейтін құжаттама.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.07.2019 № 577 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Әуе кемесінің (бұдан әрі - ӘК) техникалық пайдалануы мынадай үрдістерді қамтиды:

      1) техникалық қызмет көрсету;

      2) ӘК жасаушы құжаттарына және ӘК ұшуға жарамдылық нормаларының талаптарына ӘК ұшу-техникалық сипаттамаларының сәйкестігін бақылау.

      4. Ұшуды пайдалану жөніндегі нұсқаулықтардың талаптарына ӘК-нің ұшу-техникалық сипаттамаларының сәйкестігін бақылауды ӘК экипаждары және ИТҚ жүзеге асырады.

      5. Жөндеу ӘК-нің ұшуға жарамдылық нормаларында анықталатын әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын қалпына келтіру үрдісін қамтиды.

      6. Азаматтық әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету мен оларды жөндеу Авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі сертификатталған ұйымдардың қағидасына сәйкес, Заңның 54-бабына сәйкес берілген қолданыстағы куәлігі немесе шет мемлекеті берген және осы Заңның 55-бабына сәйкес танылған куәлігі бар авиация персоналы жүргізеді.

      7. Азаматтық әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету техникалық қызмет көрсету бағдарламалары (регламенттері) (бұдан әрі - ТҚКР) бойынша жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінде тіркелген әуе кемесіне техникалық қызмет көрсету бағдарламасын (регламентін) уәкілетті ұйым бекітеді.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.07.2019 № 577 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Азаматтық әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді жүргізу кезінде өндіруші немесе техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша сертификатталған ұйым Заңның 48-бабы 3-тармағына сәйкес берген сәйкестендіруші құжаттары (формулярлар, паспорттар, заттаңбалар, пайдалануға рұқсат құжаттары, дәлме-дәл телнұсқалар) жоқ агрегаттарды, жинақтаушы бұйымдарды және олардың қосалқы бөлшектерін пайдалануға рұқсат етілмейді.

      9. ТҚК және АТЖ ұйымдарының сертификаттау талаптарына сәйкестігін уәкілетті ұйым Заңның 14-бабы 1-тармағының 41-25) тармақшасына (бұдан әрі – ТҚК және АТЖ бойынша ұйымның сертификатын беру және сертификаттау қағидалары) сәйкес уәкілетті ұйым бекіткен Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және жөндеу қағидаларына сәйкес сертификатты берумен растайды.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.07.2019 № 577 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Шетел мемлекеттерінің ТҚК және АТЖ бойынша сертификатталған ұйымдарының сертификаттары Заңның 48-бабы 5-тармағына сәйкес дұрыс деп танылғаннан кейін, оларға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын жүргізуге рұқсат етіледі. (изменила и добавила)

      11. Авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі сертификатталған ұйымы Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 28 наурыздағы № 173 бұйрығына "Әуе қозғалысына қызмет көрсету кезінде, әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету кезінде әуежайларда азаматтық әуе кемелерін пайдаланушылардың ұшу қауіпсіздігін басқару жөніндегі үлгі нұсқаулықтарды бекіту туралы" (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 31 наурызда № 6855 тіркелді) сәйкес орындалатын жұмыстың ауқымына және күрделілігіне қарай ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесін Заңның 48 бабы 6 тармағына сәйкес енгізеді.

      12. Авиациялық техниканың техникалық пайдалануын ТҚК және АТЖ ұйымы немесе ұшулардың инженерлік-авиациялық жағынан қамтамасыз етілуін жүзеге асыратын авиациялық персонал жүргізеді. 13. Ұшуларды инженерлік-авиациялық жағынан қамтамасыз ету мынадай міндеттерді жүзеге асырады:

      1) авиакәсіпорындардың жарамды және ұшуға дайындалған әуе кемелеріне қажеттіліктерін уақтылы, толық және сапалы қанағаттандыру;

      2) пайдалану құжаттамасында қойылатын талаптарды, АТ-ның міндетіне қарай тиімді және қауіпсіз пайдалану кепілдіктерін және техникалық шарттарын орындау. (изменила)

      14. ТҚК және АТЖ жөніндегі ұйым мынадай міндеттерді жүзеге асырады:

      1) пайдалану және жөндеу құжаттамасының талаптарына сәйкес - ТҚК және АТЖ жұмыстарын (оның ішінде – АК-ның ресурсын қалпына келтіру), оның жетілдірулерін, тексерулері мен байқауларын, АК-ның сапасын бақылауды және оған ТҚК мен жөндеуін ұйымдастыру және жүргізу;

      2) АК-ның істен шығулары мен бүлінулерін іздестіру және жою; авиациялық техниканың ұшуда және жерде анықталған тоқтап қалулары мен ақаулары туралы деректерді жинау, есепке алу және өңдеу;

      3) өз қызметін жетілдіру және ұшулардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында АК-ның істен шығулары мен ақауларын, авиациялық инциденттердің алдын алу бойынша шаралармен - авиациялық техниканың техникалық пайдалану тәжірибесін талдау мен жалпылау, сенімділігін талдау

      4) жарнамалық - шағым жұмысын жүргізу, АТ-ны жеткізушілерге олардың өнімдерінің кемшіліктерін жою туралы талаптар қою;

      5) ӘК-нің ұшу-техникалық сипаттамаларының ұшуды пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың талаптарына сәйкестігін бақылау;

      6) техникалық қызмет көрсету және жөндеу кезінде ӘК күзетілуін қамтамасыз ету;

      7) еңбекті және өндірісті ұйымдастыруға, АТ-ның жай-күйін бақылауда ілгері технологияларды әзірлеу және оларды іске асыруға, АТ-ға ТҚК және жөндеуге қатысу;

      8) авиациялық техниканың пайдалану және жөндеу құжаттамасын жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу;

      9) авиациялық техниканың пайдалану және жөндеу құжаттамасында жеке қажеттіліктерінің орындалуын қамтамасыз ету, сәйкестендіруші (нөмірі бойынша) құжаттаманы қосқа алғанда, оны жүргізу және сақталуын қамтамасыз ету;

      10) АТ-ны жетілдіру, инженерлік-авиациялық қызметтің (бұдан әрі - ИАҚ) жұмысы, әуе кемелері паркінің құрамы, жай-күйі, оларды пайдалану мен қозғалысы бойынша, материалдық мүлік, қордағы бөлшектер мен жабдықтар бойынша есепке алу және есеп берудің белгіленген нысандарын жүргізу;

      11) қоршаған ортаны және өрт қауіпсіздігін сақтау, қызметкерлер еңбегінің нормативтік жағдайларын қамтамасыз ету және ТҚК және жөндеу жүргізуді ұйымдастыру бойынша, өндірісті қажет бөлмелермен, жабдықпен, қордағы бөлшектермен және авиатехникалық мүлікпен қамтамасыз ету бойынша, оларды күту, сақтау, пайдалану және қызмет көрсету бойынша шараларды жүзеге асыру;

      12) зақымданған кемелерді көшіру және қалпына келтіру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу;

      13) оқу-техникалық базасын ұйымдастыру және жарақтандыру, инженерлік-авиациялық қызмет персоналының техникалық даярлығын және мамандардың авиациялық техникада тәжірибеден өтуін ұйымдастыру;

      14) инженерлік-авиациялық қызмет кадрларын іріктеу және орналастыру, әрбір қызметкердің өзінің қызметтік міндеттеріне жауапты қатынасын қалыптастыру жөнінде жүйелі жұмыс жүргізу.

      15. ӘК ұшу-техникалық сипаттамаларының Ұшуды пайдалану жөніндегі басшылықтың талаптарына сәйкестігін бақылауды әділ бақылау құралдарын пайдалануды қоса, ӘК экипаждары және ИТҚ жүзеге асырады.

      Экипаж мүшелері ӘК жүйелерінің жұмысындағы ауытқуларды анықтауды және борт журналына уақытында енгізуді, ИТҚ-да – ұшу-техникалық сипаттамалары мәндерінің ауытқу себептерін талдауды, борт журналында жазылған АТ жұмысының параметрлерін тіркеуге арналған ұшу режимдерінің, сонымен қатар объективті бақылау құралдары тіркеген басқа ауытқулардың себебін талдауды қамтамасыз етеді.

      16. Экипаждардың ӘК-ні пайдалануы ӘК-ні экипаждың жауапкершілігіне қабылдаған сәттен бастап әуе кемесін басқа қызметтердің жауапкершілігіне тапсыру кезіне дейін жерде және ұшуда (ӘК-ні ұшуда пайдалану) ӘК-ні, оның жүйелерін, бұйымдар мен жабдықтарды пайдалану жөнінде олар орындайтын операциялар кешенін қамтиды. Көрсетілген операциялар кешені ӘК нақты түрі үшін Ұшуда пайдалану жөніндегі басшылықпен регламенттеледі.

      17. Экипаж ӘК үшін басқа қызметтердің өкілдерінен немесе басқа экипаждан оны өз жауапкершілігіне қабылдаған сәттен бастап әуе кемесін басқа қызметтің өкіліне немесе басқа экипажға тапсыру кезіне дейін жауап береді.

2-тарау. Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерін техникалық пайдалану тәртібі

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.07.2019 № 577 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      18. Ұшуларға нақты ұшуды орындау үшін жеткілікті ресурс қалдығы мен қызмет мерзімі бар, белгіленген тиісті тексеру мен дайындықтан өткен, техникалық талаптарға сай жарамды ӘК жіберіледі.

      19. Әуе кемесі мынадай бір мезгілді жағдайларда жарамды болып саналады

      1) планер, қозғалтқыштар және жинақтаушы бұйымдардың ресурс қалдығы және қызмет мерзімі бар, нөмірлік құжаттама (формулярлар, борт журналы) және тізбеге сәйкес толығымен жинақталған;

      2) кемеде регламентпен көзделген, кезекті ТҚК орындалған, ақаулықтар және олардың салдарлары жойылған;

      3) өндірістік-техникалық және сәйкестендірілген (нөмірленген) құжаттама ресімделген, кеменің жарамдылығы карта-нарядта тиісті лауазымды тұлғалардың қолдарымен расталған.

      20. Жарамды ӘК-ні ұшуға дайын деп келесі бір мезгілді жағдайларда есептейді:

      1) планер, қозғалтқыштар және жинақтаушы бұйымдардың нақты ұшуды орындау үшін жеткілікті ресурс қалдығы және қызмет мерзімі бар;

      2) ӘК-ге жанар-жағармай материалдарының, газдар, арнайы сұйықтықтар құйылған, ұшу тапсырмасына және техникалық пайдалану жөніндегі басшылық пен ұшуда пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың техникалық қызмет көрсету бағдарламасының (регламентінің) талаптарына сәйкес барлық қажетті компоненттермен жабдықталған;

      3) ұшуды қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстар орындалған және карта-нарядта қолдармен ресімделген;

      4) ӘК карта-нарядта және борт журналында қол қойылып, қабылдау-тапсыруды рәсімдеу арқылы экипажға тапсырылған.

      Көрсетілген талаптар сақталмаған жағдайда ӘК-н ұшуға шығаруға рұқсат етілмейді.

      21. Пайдаланушының жарамды ӘК-лерге қажеттілі әуе тасымалдарының және авиациялық жұмыстардың көлемдерімен, ӘК-ні пайдалану динамикасымен – ұшуларды жүргізу кестесімен анықталады.

      22. ӘК-ні техникалық пайдалану кезінде:

      1) ӘК, негізгі және жинақтаушы бұйымдар үшін нормативтік құжаттармен белгіленген, оның ішінде – АТ-ның ұшудағы және жердегі жұмыс режимдері бойынша пайдалану шектеулерін сақтау;

      2) ТҚК және сақтау кезінде жұмыстарды уақытында, толық көзделген және дұрыс орындау;

      3) Осы типтегі ӘК-нде қолдануға қарастырылған ЖЖМ, арнайы сұйықтықтарды, газдарды, шығыс материалдарын пайдалану; 4) өз бетімен ашылудан, бұраудан және түсіп қалудан бөлшектерді қорғайтын айыру қосындыларының бақылау ережелерін сақтау;

      5) ӘК-ні қозғалтқыштарды іске қосу және сынау, бөлшектеу-монтаждау жұмыстары кезінде зақымданулардан, тіркеп сүйреу және тбару (түсіру) кездерінде кедергілермен соқтығысудан сақтау;

      6) ӘК-нің тұрағы үшін тек осы мақсаттарға арналған және/немесе жарамды жасанды және жер бетіндегі жолақтарды, жолдарды, алаңдарды пайдалану;

      7) авариялық-құтқару жабдықтар жиынтықтарын (АҚЖ) мақсаты бойынша пайдалануға жарамды жай-күйде және дайындықта ұстау, үлгілік пайдалану құжаттамасы, уәкілетті орган және ТҚКЖ жөніндегі ұйым құжаттарының талаптарына сәйкес борттық АҚЖ және ӘК мүлкіне ТҚК жүзеге асыру;

      8) тұрақта ӘК-нің қалпын өзгертуге және инерциялы жүйені іске қосу сәтінен бастап оны жұмыс режиміне ауыстырғанға дейін электрқоректі ажыратуға рұқсат етпеу;

      9) ӘК-ні ортаның бүлдіргіш ықпалынан (қар, мұз, су, шаң және басқалары) сақтау қажет.

      23. ӘК-дегі жұмыс аяқталғаннан кейін орындаушылар тапсырма орындаған жерде (бөліктерде, люктерде, ауа жинайтын құрылғыларда, кабиналарда) бөлшектер, құрал-саймандар, басқа бөтен заттар қалып қоймауын тексереді.

      24. Нақты үлгідегі ӘК-ге техникалық қызмет көрсету кезінде тек жарамды, тиісті пайдалану құжаттамасының талаптарына жауап беретін арнайы машиналарды, энергия көздерін, жүк көтергіш механизмдерді, қыздырғыштарды, жер бетінде қызмет көрсететін, жалпы қолданыстағы басқа да құралдарды пайдалануға рұқсат етіледі. Көрсетілген құралдардың жарамдылығын растау тәртібін пайдаланушы және ТҚКЖ ұйымы белгілейді.

      25. ИТҚ АТ-ға техникалық қызмет көрсету үшін іске қосылған, жалпы қолданыстағы жер бетінде қызмет көрсету құралдардың пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етеді және жерге қосу мен өрт сөндірудің штаттық құралдарымен толықтырылмаған арнайы машиналарды әуе кемелеріне ТҚК рұқсат етпейді, жер бетінде қызмет көрсету құралдарының қалыптан тыс жұмысына байланысты болуы мүмкін авариялық жағдайларды жою жөнінде жедел шаралар қабылдайды.

      26. ӘК-нің ұзақтығы екі сағаттан артық тоқтап тұру кезінде (егер нақты үлгідегі ӘК-нің пайдалану құжаттамасында өзге көрсетілмесе), ал жауын-шашын, қар түсу, боран, тұман, шаңды дауыл кезінде - тоқтап тұру ұзақтығына байланыссыз ауажинағыштарға, қабылдағыштарға, толық және статикалық қысым жүйелеріне, ӘК-нің басқа жүйелеріне пайдалану құжаттамасында көзделген қорғаныш құрылғыларын орнату қажет.

      Көрсетілген қорғаныш құрылғылары қызыл түске боялады және қызыл жұмсақ вымпелдері болады (ӘК-нің белгіленген қорғаныш құралдарымен ұшып шығуын болдырмау мақсатында). Қорғаныш құрылғыларын орнату орындары қызыл (қызғылт сары) түске боялған ӘК-де қорғаныш құрылғылары қара түске боялады. Ұшу және ТҚК уақытына ӘК-ден алынатын қорғаныш құрылғыларын олардың сақталуын және жарамдылығын қамтамасыз ететін орындарда сақтайды.

      27. Бұйымдарды бір ӘК-ден екіншісіне ауыстырған кезде нақты жұмыстар жүргізу технологиясы қолданылады, егжей-тегжейлі әзірленген оларды ұйымдастыру, тіркеу, ақпараттық қолдау және бақылау қамтамасыз етіледі.

      28. ӘК-де жинақтаушы бұйымдардың жаңғыртылған немесе жаңа үлгілерін орнатуды, жетілдірулерді орындауды, сондай-ақ АТ конструкциясын өзгертуді ӘК әзірлеушісі қолданысқа енгізген бюллетеньдер бойынша жүргізеді.

      29. ӘК-нің бір функционалдық жүйесіне кіретін планердің, күш қондырғысының, авиациялық және радиоэлектрлік жабдықтың (бұдан әрі – АРЭЖ) элементтеріне ТҚК-ді ТҚК және АТЖ ұйымы немесе ӘК пайдаланушының инженерлік-техникалық құрамы қамтамасыз етеді.

      30. ӘК-де қауіпсіздікті сақтау мақсатында оған ТҚК кезінде ӘК-тің борттық жүйесі мынадай жағдайларда тоқсыздандырылады:

      1) АРЭЖ бойынша ӘК-де бөлшектеу және құрастыру жұмыстарын орындаған кезде;

      2) бөлгіш құрылғыларды (қораптарды) байқау және тексеру кезінде;

      3) электр тізбектерінде және борттық оттек жүйесінде қалпына келтіру жұмыстары кезінде;

      4) ӘК-де өрттен қауіпті материалдарды пайдалану арқылы жұмыстар орындаған кезде;

      5) құрылғыларды пиротехникалық құралдармен жарақтау (жарақтанудан жойған) кезде.

      Көрсетілген жағдайларда экипаж кабинасында әуежайлық және авариялық электрқорек ажыратқыштарында, сондай-ақ электр энергиясының жер бетіндегі көздерін іске қосудың ажырату бөліктерінде "Токқа қосуға болмайды. Жұмыстар жүріп жатыр" мәтіні бар ескерту вымпелдері ілінеді.

      Тиісті жүйеде толымдаушы бұйым, бөлшек алынғанда немесе оларды бөлшектеу (құрастыру) және реттеу бойынша жұмыстар жүргізілгенде, "Қосуға болмайды (тиісуге болмайды), жұмыстар жүріп жатыр" мәтінімен ескерту вымпелдерін ӘК-нің басқару органдарында және оның жүйелерінде іледі.

3-тарау. Планерге, қозғалтқыштарға, авиациялық және радиоэлектрондық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету тәртібі

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.07.2019 № 577 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      31. Планердің аэродинамикалық сапаларын сақтау мақсатында:

      1) қанаттың басқарудың үстіңгі элементтерінің, есіктердің, жармалардың, орағытпалардың, желкөздердің, люктер қақпақтарының дұрыс тиіп тұруы;

      2) сыртқы беттеріндегі тойтарма шегелердің және бөлшектер бекітпелерінің босауын, күш элементтері мен қаптамадаға бүлінулерді, сызаттарды, жарылуларды уақытында жою;

      3) қаптаманың лак-бояу жамылғысын жарамды жай-күйде ұстау;

      4) планердің үстін ластанулардан уақытында тазарту, қатты және кір заттардың қанаты, фюзеляжі, қауырсыны бойынша орын ауыстыруына (соның ішінде қатты, лас аяқ киіммен жүру), оларға жұмсақ төсемсіз бұйымдарды, бөлшектерді, құрал-саймандарды және жабдықтарды орналастыруға жол бермеу;

      5) мұздарды жою кезінде қаптаманы зақымданулардан сақтау қамтамасыз етеді.

      32. ӘК конструкциясы мен жабдықтарының коррозиялық зақымдануларға ұшыраған аймақтары үшін (гидроұшақтардың және авиахимия жұмыстары үшін пайдаланылатын ӘК-нің бөлшектері, тараптары және бұйымдары, сондай-ақ аккумулятор батареяларын, санитарлық тараптар мен буфеттерді орналастыру аймақтарындағы, конденсациялық ылғал, жауын суы, ЖЖМ, арнайы сұйықтықтар, химикаттар, шаң мен кір, түрлі металлдардың жанасуы, гигроскопиялық материалдары бар металдар жиналатын жерлердегі конструкциялар мен жабдықтар элементтері) коррозияға қарсы қорғаныш шаралары көзделеді (соның ішінде – пайдалану құжаттамасын) және жүзеге асырылады (соның ішінде – пайдалану процесінде).

      33. Оларға ылғал мен арнайы сұйықтықтардың әсерінен борттық жүйелердің жұмыс қабілеттілігінің бұзылуын болдырмау мақсатында планер қосылыстарының және сұйықтар бар жүйелердің бітеулігі бақыланады, желкөздер, есіктер, люктердің қақпақтары уақтылы жабылады, дренаждық құрылғылардың жарамдылығы тексеріледі, оның жиналған жерінен ылғал кетіріледі.

      ӘК-ні жуудың және жинаушы, пайдаланушы (шығарушы) құрылғыларға су құюдың алдында ауа қысымының қабылдағыштары қақпақтар орнатады (қаптар кигізеді). Жуу кезінде сұйықтықтың көрсетілген құрылғыларға, АРЭЖ бұйымдарына және электр ажыратқыштарына тиюіне жол бермейді. Егер осындай жабдық сұйықтықтың әсеріне ұшыраса, ол байқауға және тексеруге жатады.

      34. Бөлшектеу-монтаждау жұмыстары және ТҚК жүргізу кезінде ТҚК және жөндеу ұйымдары:

      1) судың, шаңның, кірдің, ұсақ бөлшектердің, басқа бөгде заттардың ашық қуыстарға және планер, қозғалтқыштар, АРЭЖ жүйелерінің жеке бөліктеріне, бұйымдарына және құбырларына түсуін болдырмайтын қорғаныш шараларын қолдануды;

      2) алынатын ұсақ бөлшектерді осы үшін арналған арнайы жәшіктерде (сөмкелерде) сақтауды;

      3) бұйымдарды оларды зақымданулардан, соққылардан және шайқалудан қорғайтын арнайы құралдарды қолдана отырып тасымалдауды;

      4) пішін үйлесімінің және монтаждау, оларды бекіту, шегендеу, бұрмалау, металдандыру, саңылаусыздандыру объектілерінің өзара орналасуының стандарттарын сақтауды;

      5) белгіленген бұйымдардың, сондай-ақ олар монтаждалған жүйелердің жұмыс қабілеттілігі мен жұмыс істеуінің дұрыстығын тексеруді;

      6) ӘК-де осы үлгіге (серияға) сәйкес келетін, қажетті ілеспе құжаттамасы немесе таңбалауы бар, тексерілген және монтаждауға дайындалған бөлшектерді, бұйымдарды, жабдықтарды орнатуды;

      7) бір рет қолдану бөлшектерін қайтадан пайдалануды (төсемдер, сіргелер және басқалары) болдырмауды;

      8) осы Қағиданың 1-қосымшасына (антенна құрылғылары ажыратқыштарының, олардың орағытпалары және радиолокаторлар антенналарының) сәйкес басқару жүйелері қызметтерінде айналмалы жолақтарды белгілеу мен түсін беру үшін және планер мен қозғалтқыш жүйелерінің бактарын, баллондарын, шлангілерін, құбырларын, бөлшектерін бояу және таңбалау үшін белгіленген тиісті құжаттаманы ұстану;

      9) пайдалану құжаттамасының талаптарына сәйкес орындалған жұмыстардың сапасын бақылауды қамтамасыз етеді.

      35. ӘК жүйелері мен жабдықтарына техникалық қызмет көрсету кезінде:

      1) бұйымдардың, тараптардың, коммуникациялар мен бөлшектердің жай-күйі мен монтажын, оларды конструкциялары мен қосылыстарының саңылаусыздығын, дренаждық өткізгіштердің тазалығын бақылау;

      2) құйылатын өнімдердің белгіленген стандарттарға сәйкестігін тексере отырып, жүйелерге жанар-жағармай материалдарды, майлар мен арнайы сұйықтықтарды құю, газдармен зарядтау;

      3) жүйелер мен бұйымдардың жұмыс қабілеттілігін және жұмыс істеулерінің дұрыстығын, олардың сүзгі элементтерін, бақылау-диагностикалық құрылғыларын және кешендерін тексеру;

      4) жылжымалы мүшелеулерін және олар талап ететін майлау майын бақылауды жүзеге асыру қажет.

      36. АРЭЖ-ға техникалық қызмет көрсету кезінде:

      1) жоғары жиілік сәулеленуінің адамдарға зиянды әсерін ескертетін сақтық шараларын қамтамасыз ету;

      2) аспап тақталарымен жұмыстар орындағаннан кейін анероидтық-мембраналық аспаптардың жұмыс қабілеттілігін, толық және статикалық қысым жүйелерінің саңылаусыздығын тексеру, тексеріс барысында жүйе құбырларындағы қысымды өзгертуге пайдалану құжаттамасында белгіленген талаптардың бұзылуына жол бермеу;

      3) толық және статикалық қысым жүйелерінің құбырларын үрлеу кезінде барлық аспаптар мен құрылғыларды олардан ажырату;

      4) электр өткізгіштерінің ұштарын ажырату, клемма қалыптарын, бөлгіш құрылғыларды жабу;

      5) электр схемасында көзделген сақтандырғыштар, электр тізбектерінде тек ток күшіне желіні қорғау автоматын орнату;

      6) оларды тікелей ӘК-ге орнату немесе тексеру алдында ғана бұйымдардан ораманы және сақтандырғыш құрылғыларын алу;

      7) радиусы 150 мм кемірек икемді білікшелердің майысуына жол бермеу;

      8) баллондарды уақытылы тексеруді және сынауды қамтамасыз ету (оларда қысым атмосфералық деңгейге дейін төмендетілген оттек баллондарын келесі пайдалануға оттекпен екі-үш рет жуығаннан және кейіннен жұмыс қысымына дейін зарядтағаннан кейін рұқсат етеді).

      9) электр желісінің зақымданған сымдарын тек ыстық дәнекерлеумен (оттектерді қолданусыз) тұтастыру немесе қысыммен жалғастыру. Бір қимада бірнеше сымдарды жалғастыруға рұқсат етілмейді. Желінің (тізбектің) электр сымдарының учаскелерін алмастыруды сол үлгідегі тұтас сымдармен ғана орындау. Жаңа сым кесігінің ауданы ауыстырылатынның кесігі ауданына тең болуға тиіс, ерекшелік ретінде кесіктің жақын үлкенірек ауданының сымын пайдалануға рұқсат етіледі;

      10) пиротехникалық құралдарды (пиропатрондарды, детонаторларды, жарық-сигнал ракеталарын) тасымалдауды құралдардың соқтығысуларын және олардың капсулаларының жарылуын болдырмайтын, ұялармен жабдықталған, металл ыдыстарда жүзеге асыру;

      11) триммерлердің (триммерлік әсердің) және ұшу жүктемесінің, автопилоттың рульдік машинасының және олардың арқан сымының электр тетіктерін басқарудың электр тізбектеріндегі бөлшектеу-монтаждау және қалпына келтіру жұмыстарынан кейін көрсетілген құрылғылардың жұмыс істеуінің дұрыстығын планерге қызмет көрсету жөніндегі мамандармен бірлесіп тексеру;

      12) АРЭЖ бұйымдарын жөндеуді және олардың техникалық параметрлер нормаларына сәйкестігін тексеруді бекітілген құжаттама, тексеру қондырғылары, бақылау-тексеру аппаратуралары, құрал-саймандар мен даярланған мамандар болған кезде жүргізу;

      13) гироскопиялық құрылғылары бар жүйелер мен аспаптардың жұмыс қабілеттілігі мен техникалық параметрлер нормаларына сәйкестігін бақылауды олар үшін белгіленген қыздыру уақытынан кейін жүзеге асыру;

      14) инерциялық жүйелерді дайындау үшін тұрған орнының координаттары мен азимутының геодезиялық белгілерін ӘК тұрағында анықтау;

      15) тапсырманы орындау үшін борттық тіркеушілердің ақпарат таратушысының тапсырманы орындауға жұмсалатын жеткілікті мөлшерімен ӘК-нің толықтырылуын қамтамасыз ету қажет;

      16) Ақпаратты тасушының пайдаланатын (қалдық) уақытын есепке алуды борттық журналда жүргізу (ұшу ақпаратының борттық тіркеушілері үшін тасушының шектеулі қорымен). Борттық тіркеушінің пайдаланылмаған ақпарат тасушының қайтару тәртібін пайдаланушы белгілейді.

      37. АРЭЖ-ға техникалық қызмет көрсету кезінде:

      1) борттық жүйені немесе жүйенің электр қорегін ескертуші вымпел болған кезде іске қосуға;

      2) электр энергиясының көздерін қосуға және ажыратуға және электр жабдығын отын құю және төгу процесінде тексеруге;

      3) олардың құбырларында сиретілген немесе үлкен қысым болған кезде мембраналық-анероидтық аспаптар мен әуе сигналдары жүйесінің электрқорегін ажыратуға;

      4) жүктеме астындағы әуежайлық электр қорегі көздерінің штепсельдік құрылғыларды қосуға және ажыратуға;

      5) заряды пайдалану құжаттамасында белгіленген зарядтан төмен борттық аккумуляторлық батареяларды пайдалануға, қышқылды және сілтілі аккумуляторлық батареяларды бірге сақтауға, қызмет көрсетуге және зарядтауға;

      6) ӘК-нде жарамды батареяларды пайдалану құжаттамасында белгіленген уақыттан артық, қоршаған ауаның төмен температураларында сақтауға;

      7) жабдықтың жалғанған жерлерінің сызбасына өзгерістер енгізуге және егер бұл пайдалану құжаттамасында көзделмесе, бір үлгідегі (маркадағы) аппаратураны, аспаптарды, олардың бөлшектерін және электр сымдарын басқа үлгідегі (маркадағы, түрленімдегі) бұйымдарға ауыстыруға;

      8) металдандыру қосқышының қиық ауданын, термометрлердің өтемдік сымдарының ұзындығын өзгертуге, бұраудың бортқа жақындауын бұзуға, жоғары температурасы бар бұйымдардың бөлшектерімен сымдардың жанасуына жол беруге;

      9) электр машиналарына пайдалану құжаттамасы талаптарына сәйкес келмейтін щеткаларды орнатуға;

      10) аспаптар мен бұйымдарды қышқылдармен, сілтілермен және басқа да химикаттармен бірге сақтауға;

      11) оның энергиялық белсенді құралдарымен, майлы заттармен, қышқылдармен, басқа газдармен оның байланысын болдырмайтын шаралар қабылдамай, қышқылды жабдықтармен жұмыс істеуге;

      12) оттек жүйесінің бұйымдарына ТҚК кезінде пайдалану құжаттамасында көрсетілгеннен айырмашылығы бар құрал-сайман, дәнекерлеу қорытпаларын және жағармайларды қолдануға, зарядтық құбыршектерді олардан оттекті кетіргенге дейін ажыратуға;

      13) оттекпен зарядталған баллондарды басқа газдарға арналған баллондармен, қышқылдар және майлы заттар үшін арналған ыдыстармен бірге сақтауға;

      14) зімпара қағазын контакторларды, коллекторларды тазарту, сондай-ақ қылшақтарды сүрту үшін пайдалануға;

      15) электр өткізгішінің бұрауларын қышқылдық, отындық, майлы, гидравликалық және басқа жүйелердің құбырларына бекітуге;

      16) сымдарды отын бактары орналасқан бөліктерде және таяуда ғана жанатын сұйықтармен жуу жүргізілген жерлерде дәнекерлеуге;

      17) бір түйіспе бұрандамаға үш сымнан артық, сондай-ақ қима ауданы бойынша айтарлықтай ерекшеленетін сымдарды қосуға;

      18) оның тізбектерінде конденсаторлар бар жабдықтарды тексеру үшін мегаомметрлер қолдануға (олардың өз қасбартінен айрылып қалуын болдырмау үшін);

      19) ӘК-де ұшу ақпараты борттық тіркеушілерінің пломбаланбаған созылыңқы лента механизімдердің (жинақтаушылар, запас үнтаспалар).

4-тарау. Азаматтық әуе кемелеріне жедел техникалық қызмет көрсету

      Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.07.2019 № 577 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1–Параграф. Қызмет көрсетуді ұйымдастыру

      38. Жедел ТҚК ӘК-нің жарамдылығын, даярлығын және оған кезеңдік техникалық қызмет көрсету нысандарының арасындағы арақашықтықта қамтамасыз ететін, даярлық жұмыстары, АТ-ның техникалық жай-күйін қарау және тексеру жүйесі болып саналады.

      Жедел техникалық қызмет көрсету (бұдан әрі - ТҚК) түрлерінің құрамы, олардың мазмұны, тағайындау және орындау тәртібін нақты үлгідегі ӘК үшін ПҚ-нда анықталады.

      39. Жедел ТҚК:

      1) істен шығуларды іздестіруді және жоюды;

      2) компоненттерді ауыстыруды (мұндай компоненттерге қозғалтқыштар да, әуе бұрандалары да жатады);

      3) ТҚК жөніндегі жоспарлы жұмыстарды (еңбекті көп қажетсінетін тереңдетілген бақылауды талап етпейтін әдеттегі зақымдануларды, бұзушылықтарды анықтау үшін көзбен шолу байқауларын қоса алғанда);

      4) оларды орындау үшін тез ашылатын панельдер/люктер арқылы қол жетімділігі бар конструкцияның, борттық жүйелердің және күш қондырғысының ішкі элементтеріндегі жұмыстарды;

      5) елеулі бөлшектеуді талап етпейтін және құрылғылар мен

      құрал-саймандардың аса қарапайым түрлерімен орындала алатын ағымдағы жөндеу және күрделі емес түрленімдерді қамтиды.

      40. Жедел ТҚК кезінде техникалық қызмет көрсету бағдарламасында (регламентінде) берілетін жұмыстардың тізбелері және регламентте көзделмеген қосымша жұмыстар (бұйымдарды алмастыру, бір реттік байқаулар және басқалары) орындалады.

      41. Жедел ТҚК көрсету жөніндегі жұмыстарды ұшуларды дайындау және қамтамасыз ету жоспарларына сәйкес ұйымдастырады.

      42. ӘК-нің кешенді дайындауын диспетчерлік қамтамасыз етуді ӘК-н пайдаланушы/иесінің және ТҚК мен АТЖ ұйымының диспетчерлік қызметтері жүзеге асырады.

      43. Жедел ТҚК тәуліктік бағдарламасы, ӘК-ні ұшуға дайындау мерзімдері және олардағы жұмыстардың қосымша көлемдерін ұшулардың тәуліктік жоспары, ПҚ талаптары және кемелердің жай-күйі негізінде жоспарлайды. Тиісті бөлімшелерге қызмет көрсету нысандары мен қосымша жұмыстар тізбесі көрсетілген өндірістік тапсырмалар береді.

      44. Пайдаланушының тиісті бөлімшелерінде жедел ТҚК жүргізу ұйымы, әуежай ИАҚ ӘК ұшуларының қауіпсіздігін, қозғалыс кестесіне (ұшу жоспарына) және нақты жұмыстар өндірісінің технологиялық кестесіне сәйкес ӘК-ге уақытында және сапалы қызмет көрсетуді, жұмыс істеушілердің еңбегін қорғау талаптарын қанағаттандыруды қамтамасыз етеді.(

      ӘК-ге жедел ТҚК жүзеге асыратын бөлімшелердің ИТҚ орындалатын жұмыстарды жүргізуге және оған рұқсат етуге дайын болғаны жөн.

      45. АРЭЖ барлық жүйелерінің жедел ТҚК АРЭЖ-ның тиісті аралас мамандықтар және жүйелер бойынша даярлықтан өткен және белгіленген тәртіппен нақты жұмыстарды орындауға рұқсат етілген бір маманына карта-наряд ресімдеу арқылы орындалады. Бұл ретте күрделі ақауларды жоюға базалық (нақты жүйе бойынша) даярлығы бар мамандарды тартады.

      Жедел ТҚК бөлімшелерінің бригадаларын перронға жақын орналастырады, оларды өндірістік және тұрмыстық үй-жайлармен, пайдалану құжаттасымен, арнайы қолданылатын, жер бетінде қызмет көрсету құралдарымен, АТ-ның жай-күйін бақылау құралдарымен, байланыспен қамтамасыз етіледі.

      46. ӘК-ге қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін маман ТҚК-ге даярлықты және оны мынадай тәртіппен орындауды жүзеге асырады:

      1) ӘК-нің тұрақ орнында кездесуін және оны тұраққа (перронға) қондыруды ұйымдастырады, кемеге энергиямен жабдықтаудың әуежайлық көзін қосу (ажырату) үшін жауаптыны тағайындайды;

      2) қозғалтқыштар тоқтағаннан кейін кездесу бойынша бірінші кезектегі жұмыстарды орындау туралы нұсқау береді;

      3) ӘК-нің ұшудағы жүйелері мен жабдықтарының жұмысы туралы бортинженерден (бортмеханиктен, пилоттан) ақпарат алады;

      4) ұшуда анықталған істен шығулар мен ақаулар туралы борт журналындағы жазбалармен танысады;

      5) техникалық қызмет көрсету бағдарламасында (регламентінде) және ТҚК мен жөндеу ұйымының құжаттарында қарастырылған көлемде, және болашақ оның пайдаланылуына сәйкес ӘК-не алғашқы сыртқы тексермелеуді жеке өзі жүргізеді (техникалық жай-күйін анықтайды);

      6) ТҚК белгілеген көлемін орындағаннан кейін орындаушылармен бірге егер ол ұшуға дайындалса, ӘК-нің жарамдылығын және ұшып шығуға даярлығын немесе кемені басқа ТҚК-ге немесе сақтауға табыстау үшін көзделген жұмыстар көлемінің орындалғанын қолдарымен растай отырып, карта-наряты ресімдейді.

      47. Тіркелген ӘК-лерде орындалатын, қарау және қызмет көрсету жөніндегі жұмыстар көлемін (ТҚК нысанын) техникалық қызмет көрсету бағдарламасының (регламентінің) талаптарына және бұрынырақ орындалған жұмыстарды есепке алу деректеріне сәйкес белгілейді. Транзиттік ӘК үшін жедел ТҚК және қосымша жұмыстар нысандарын тағайындау үшін жауапкершілік оның экипажына (осы мәселе бойынша қажетті өкілеттіктер берілген экипаж мүшесіне) жүктеледі. ТҚК-нің талап етілетін нысаны туралы және қосымша жұмыстар туралы экипаж мүшесі ұшып келгеннен кейін бірден борт журналына жазады.

      Жедел ТҚК нысандары онда даярланған ИТҚ және қажетті техникалық құралдар болған кезде базадан тыс әуежайда орындалады.

      48. Жедел ТҚК орындалғанын растайтын құжаттар мыналар болып табылады: қосымшаларымен карта-наряд (жергілікті әуе желілері бойынша және уақытша орналасқан жерлерінде ұшулар орындайтын әуе кемелерінің ТҚК ведомосі), оған орындаушылар және бақылаушылар қол қояды; ӘК-нің борт журналы, онда орындалған ТҚК нысанын және карта-нарядтің нөмірін көрсете отырып, осы ӘК-ге ТҚК үшін жауапты маман жазба жасайды.

      49. Базалық, соңғы, запастағы және аралық болып табылатын әуежайларда, сондай-ақ уақытша әуежайларда пайдалану құжаттамасы талаптарына сәйкес ӘК-ге жедел қызмет көрсетуді ұйымдастырады және жүргізеді. Бұл үшін әуежайлар ПҚ-мен, кемелерге арналған тұрақтармен, жалпы және арнайы қолданыстағы жер бетінде қызмет көрсету құралдарымен, АТ-ты бақылау құралдарымен қамтамасыз етіледі, осы үлгідегі әуе кемелеріне жедел ТҚК рұқсат етілген мамандары болады.

      50. Тиісті даярлықтан өткен ИТҚ жоқ (немесе ТҚК қызметтері өзге себептер бойынша көрсетілмейді) әуежайларға және алаңдарға ӘК-н қондырған кезде, ӘК-не техникалық қызмет көрсетуді мамандар бригадасы орындайды, оны ӘК қонған жерге жеткізу (соның ішінде экипаж құрамына енгізу жолымен), жұмысты ұйымдастыру және қамтамасыз ету - ӘК-нің пайдаланушысы/иесінің құзыретіне жатады. Жеңіл және өте жеңіл авиация ӘК үшін жедел қызмет көрсету түрлерін орындауға мұндай жұмыс түрлерін орындауға жіберілген ұшу экипажының мүшелеріне рұқсат етіледі.

      51. Жедел ТҚК үшін жауапты бөлімшелерге әуе кемелеріне кезендік ТҚК үшін жауапкершілік жүктелуі мүмкін. Осындай жұмыстарға тартылатын мамандардың тиісті даярлығы және рұқсаты болуы қажет. Жеңіл және аса жеңіл авиация ӘК үшін жұмыстың осы түріне жіберілген ұшу экипажының мүшелерінің жедел қызмет көрсетуінің ұшу алдында және ұшудан кейінгі нысандарын орындауға жол беріледі.

      52. Іссапарға жіберілген ӘК-леріне қызмет көрсетуді пайдаланушылар арасындағы келісім негізінде ұйымдастырады және нақты үлгідегі ӘК үшін ПҚ сәйкес жүзеге асырады.

2–Параграф. Әуе кемелерін қарсы алу және олардың тұрағын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстар

      53. ӘК-ні жедел қызмет көрсетуге қабылдау алдында ТҚК басшысы кездесу жөніндегі жұмыстардың орындалуын қамтамасыз ететін қызметкерді тағайындайды, диспетчерлік қызметпен бұрын келісілген, оған әуе кемесі қабылданатын тұрақ орнын көрсетеді.

      54. Кездесу жөніндегі жұмыстардың орындалуын қамтамасыз ететін қызметкер ӘК қонғанға дейін:

      1) ӘК қабылдау үшін бөлінген, тұрақ орнының жай-күйін және жабдықталуын, онда кеменің рульдеуіне (қондыруға) кедергі жасайтын құралдар мен мүлік болмауын тексереді;

      2) арнайы қолданыстағы жер бетінде қызмет көрсету құралдары мен құрылғыларын, соның ішінде ӘК тұраққа қарай рульдеу кезінде экипажға командалар беру үшін қолданылатын жалауларды, қолғаптарды, электр шамдарын пайдалануға дайындайды.

      55. Қарсы алу жұмыстарының орындалуын қамтамасыз ететін қызметкер тұрақ орнына қарай рульдеу кезінде уақтылы және қауіпсіз командалар береді және ӘК командиріне жақсы көрінетін жерде тұрып, осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес әуе кемелерінің жердегі қозғалысын реттейтін белгіленген сигналдарды бере отырып, рульдеуді басқарады.

      56. ӘК-ні тұраққа қойғаннан, қозғалтқыштарды ажыратқаннан және ауа бұрамалары айналысын тоқтатқаннан кейін орындалатын жұмыстардың құрамы мынадай жағдайларды ескере отырып белгіленеді:

      1) негізгі тіректер доңғалақтарының астына таяныш қалыптарын орнату;

      2) ӘК-н жерге қосу (ПҚ белгіленген сақтық шараларын сақтай отырып, "жер - әуе кемесі" сызбасы бойынша);

      3) егер бұл ТҚК регламентінде көзделсе, ӘК-ні шынжырлап бекітіп қою (тікұшақтардың көтергіш бұрамаларының қалақтары);

      4) ӘК-ні сыртынан байқау, экипаждың борт журналындағы жазбаларымен танысу, экипаж мүшелерінен кеменің техникалық жай-күйі туралы ауызша ақпарат алу, ТҚК-ге карта-нарядта оның бактарындағы отын қалдықтарын жазу;

      5) ауысымдағы ТҚК жұмыстарының басшысына жоюды талап ететін ақаулар туралы баяндау;

      6) регламентте көзделген басқа да жұмыстарды орындау.

      57. Қарсы алу бойынша жұмыстардың орындалуын қамтамасыз ететін қызметкер ӘК-н қарсы алғаннан кейін, тұрақпен қамтамасыз ету немесе қарау және қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды орындайды.

      Кездесу жөніндегі жұмыстардың орындалуын қамтамасыз ететін қызметкер мыналарды жүзеге асырады:

      1) егер оны тұрақ бойынша кезекші қабылдамаған болса, ӘК-ті экипаждан қабылдауды;

      2) ӘК-ні одан арғы ТҚК (жөндеу, сақтау) орнына тіркеп сүйреуді ұйымдастырады;

      3) экипаж кабинасын тексереді және қажет болған жағдайда қозғалтқыштарды, бұйымдарды, жүйелерді басқару тетіктерін және электрмен жабдықтау ЖҚА-нің ажыратқыштарын ПҚ-да көзделген қалыпта орнатады;

      4) ӘК-ге арнайы сұйықтықтарды, газдарды төгеді құяды;

      5) ӘК-ні тоқсыздандырады, оны әуежай қорек көзінен ажыратады;

      6) ӘК-нің ауажинағыштарына және қозғалтқыштарына қақпақшалар, сақтандыру құрылғыларын орнатады;

      7) қозғалтқыштарды іске қосуды немесе рульдеуді болдырмайтын құрылғылар орнатады, басқару рульдерін тоқтатады немесе оларға бұрандама қысқыштар қояды;

      8) экипаж кабинасы шамының желкөзін жабады, люк қақпақтарының фиксаттарларын жабық жағдайға орнатады, жүк, қызметтік және техникалық бөліктердің есіктерін (қақпақтарын) жабады, фюзеляж есігін ілтпен бекітеді;

      9) ТҚК регламентінде көзделген басқа да жұмыстарды орындайды;

      10) ӘК-ні күзетке тапсыруға дайындайды.

      ӘК-нің қапталуын немесе оның үстерінің мұздануға қарсы сұйықпен өңделуін әуе кемесінің ТҚК жетекшісінің нұсқауы бойынша, сондай-ақ экипаждың талап етуі бойынша жүргізеді.

      ӘК тұрағын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстар сондай-ақ мерзімді және жедел қызмет көрсетуден, бұйымдарды алмастырғаннан, ағымдағы жөндеуден кейін орындалуы мүмкін.

Параграф 3. Қарау және қызмет көрсету жөніндегі жұмыстар

      58. ӘК-ні қарауды және қызмет көрсетуді осы жұмыстарды жүргізу үшін тағайындалған маман ұйымдастырады. ӘК-ні қарауды және қызмет көрсетуді нақты үлгідегі ӘК үшін ПҚ белгілейтін жағдайларда орындайды.

      59. Қарау және қызмет көрсету кезінде орындалатын жұмыстардың көлемі ПҚ ұйғарымдарына, өндірістік тапсырмаға (қосымша тапсырмаларды қоса алғанда) сәйкес болуы тиіс.

      Оның бортынан АТ-ның істен шығуы туралы хабар алынған ӘК-ні қабылдайтын жағдайларда, ТҚК үшін жауапты ақауды жоюға жұмсалатын уақытты қысқарту жөнінде шаралар қабылдайды.

      Егер байқау мен қызмет көрсетуді ӘК-ні сақтаудан алғаннан кейін жүргізсе, байқау мен қызмет көрсету үшін жауапты бұрын жүргізілген жұмыстарға құжаттаманың толық және дұрыс ресімделгеніне көз жеткізеді.

      60. Оларға ӘК-ге тексеру жүргізу тапсырылған мамандар ӘК-тің техникалық жай-күйін дұрыс анықтауды, жарамдылығын қалпына келтіру жөніндегі жұмыстарды қоса алғанда, орындалатын жұмыстардың толықтығы мен сапасын қамтамасыз етеді. Тексеру және қызмет көрсету жөніндегі жұмыстардың көлемін азайтуға, ПҚ белгілеген оларды орындау технологиясын өзгертуге рұқсат етілмейді.

      61. Ұшуда жән ӘК-ні жерде тексеру кезінде анықталған ақаулар туралы деректерді (соның ішінде объективті бақылау құралдарының деректер бойынша да) карта-нарядқа (дефектация жөніндегі наряд) оларды анықтаған мамандар және ТҚК жетекшісі жазады (борт журналындағы экипаж жазбалары бойынша жарамсыздықтар туралы мәліметтер). Жарамсыздықтарды жою көрсетілген құжаттарда жұмыстарды орындаушылар мен бақылаушылардың қолдарымен ресімделеді.

      62. Ұшу қауіпсіздігіне қауіп төндіретін ақауларды анықтаған маман, сондай-ақ алғашқы рет, қайталама (қайталамаға АТ-ның оларды жоюға жасалған әрекеттен кейін келесі бес ұшудың бірінде қайтадан білінетін ақауларын жатқызады), көлемі үлкен бөлшектеу-монтаждау және реттеу жұмыстарын талап ететін, күрделі ақауларды жұмыстар басшысына баяндайды, ол жарамсыздықтарға қажетті талдау жүргізеді, ӘК-ні қатарға қосудың тәртібі және мерзімдері туралы шешім қабылдайды (қажет болған кезде - резервтік ӘК-ті пайдалануға шаралар қабылдайды). Нақты жағдайларда АТ-тың ақауларын қайталамалар санатына жатқызуды пайдаланушы жүргізеді.

      ӘК-де әуежай жамылғылары бөліктерінің түсуінен пайда болған зақымдануларды анықтаған кезде пайдаланушының, әуежайдың комиссиясы әуежай жамылғыларын шұғыл тексеруді және зақымдану себептерін қарауды жүргізу қажет.

      63. Ақауларды жою жөніндегі жұмыстарды бригадирдің басшылығымен авиатехниктер (авиамеханиктер) орындайды. Қайталама ақаулар, сондай-ақ күрделі немесе қалпына келтірудің қалыптасқан технологиясы (құжат түрінде) жоқ ақаулар - инженер персоналының басшылығымен жойылады. Соңғы жағдайда қалпына келтіру жұмыстарының технологиясын пайдаланушы белгілейтін тәртіппен әзірлейді және ресімдейді.

      64. Ақауларды жою және істен шыққан жабдықтарды ауыстыру жөніндегі жұмыстарды жедел орындау мақсатында базалық, аралық және соңғы әуежайларда, сондай-ақ уақытша әуежайларда тіркелген ӘК-лер үшін бұйымдардың кемімейтін қорын және транзиттік кемелер үшін қайтарымды-айырбас қорын құрады.

      65. Қайтарымды-айырбас қорының бұйымдарын транзиттік ӘК экипажы ресімдеген, белгіленген үлгідегі талап негізінде береді. Мұндай жағдайларда бұйымдарды ӘК-ге орнатуды ИАҚ мамандары жүргізеді, ол туралы олар борт журналында жазады. Қайтарымды-айырбас қоры бұйымының паспортына ол оған орнатылған ӘК-нің нөмірін жазады. Бұйымның уақытша барсіне паспорт берілмейді. Қайтарымды-айырбас қорының бұйымы бар ӘК-ні базалық әуежайға келіп қонғаннан кейін пайдалануға рұқсат етілмейді.

      66. Ұшу ақпараты борттық тіркеушісінің таратқышын (үнтаспалар) орнатуды (айырбастауды) техникалық қызмет көрсету бағдарламасында (регламентінде) немесе экипаждың өтінімі бойынша, сондай-ақ таратушы толығымен шығындалған немесе ол алдағы ұшу үшін жеткіліксіз болғанда, тиісті лауазымдық тұлғалардың талабы бойынша белгіленген мерзімдерде жедел (кезеңдік) ТҚК кезінде ИАҚ мамандары жүзеге асырады. Таратқыштың қалдығын (жазғы сағаттарда) ұшудан экипаж жүргізген борт журналындағы жазбалар бойынша анықтайды. Жұмыс артық уақытты запасын көрсете отырып, таратқышты (үнтаспаны) ауыстыру туралы орындаушы пайдалану құжаттамасы талаптарына сәйкес борт журналында және карта-нарядта жазба жүргізеді.

      Тіркеушілерден алынған, ұшу ақпаратын өңдеуді (кодсыздандыру және дұрыстығын талдау) тиісті жабдықтармен жарақталған орындарда жүргізеді.

      Пилоттық етушілік техникасы бойынша ақпаратты талдау мен қолдануды пайдаланушының ұшу бөлімшелері, ал ӘК жүйелерінің қызмет істеу дұрыстығы мен жұмыс қабілеттілігін бағалау бойынша – пайдаланушының ИАҚ профильді бөлімшесі және ТҚК және жөндеу ұйымы жүзеге асырады.

      67. ӘК-ні авариялық-құтқарушылық жабдықтармен және құрал-саймандармен (авариялық радиостанциялар, сигналдық құралдар, тағамдық азық-түліктер, су, қару, экипаж мүшелері үшін шаңғылар, құтқару жилеттері және жүзбелі құралдар, АТ-ны қыздыру құралдары және басқалары) толықтыруды бекітілген сипаттамаларға (тізбелерге) сәйкес және ұшудың ерекше жағдайларын ескере отырып жүргізеді. Жұмысты орындаушылар ӘК-нің авариялық-құтқарушылық жабдықтары мен құрал-саймандарын жеткізу, оның толықтығы және жай-күйінің кондицияға сәйкестігі үшін жауап береді.

4–Параграф. Ұшып шығуды қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстар

      68. ӘК-ні ұшуға дайындау жөніндегі жұмыстардың бүкіл кешені үшін қорытынды болып табылатын, ұшып шығуды қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды орындау алдында ұшып шығуды қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстардың орындалуы үшін жауапты маман жедел ТҚК-ге карта-нарядты, борт журналын тексереді және көрсетілген құжаттаманың дұрыс ресімделгеніне және жұмыстардың орындалуы үшін жауапты лауазымды тұлғалардың қолдары қойылғанына көз жеткізеді.

      69. Ұшып шығуды қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды (көлемі, жүйелілігі, ұшуды кешіктірген кездегі іс-әрекеті) орындаушылар мен бақылаушылар техникалық қызмет көрсету бағдарламасын (регламентін) және пайдаланушының құжаттарын қоса алғанда, тиісті ПҚ-ны нұсқаулыққа ала отырып жүргізеді.

      Жұмыстарды орындау процесінде зақымдануларды, ақауларды және басқа да ақауларды анықтаған кезде, оларды анықтаған маман жұмыстардың жетекшісіне хабарлайды, ол ауытқуларды жою тәртібін, жұмыстардың аяқталу уақытын белгілейді, қабылданған шешім туралы диспетчерлік қызметке және жоғары тұрған басшыға хабарлайды.

      70. ТҚК регламентінде көзделген, ұшып шығуды қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстардан басқа ӘК-де (қажет кезінде) ЖЖМ, арнайы сұйықтықтар және су құюды, жүйелерді газдармен зарядтауды, кеменің үстінен қарды, қырауды, мұзды кетіруді, жолаушылар салондары мен экипаж кабинасында ауаны кондицияға сәйкестендіруді, қозғалтқыштар мен бұйымдарды қыздыруды, қозғалтқыштарды іске қосу және сынау үшін кемені перронға, алаңға тіркеп сүйреуді орындайды.

      71. Экипажға ұшуға дайындалған ӘК-ні ұсынады. Ұшуға дайындалған деп жарамды ӘК-ні санайды, онда:

      1) планердің, қозғалтқыштардың және бұйымдардың ресурсы тапсырманы орындау үшін жеткілікті;

      2) жүйелерге жанар-жағармай материалдары (осы қағиданың 227-тармағының талаптарын ескере отырып), арнайы сұйықтықтар құйылған және ұшу тапсырмасына және регламентке сәйкес газдармен зарядталған;

      3) кеме құжаттамасы ӘК-де, борттық авариялық-құтқарушылық, тұрмыстық жабдықтар және құрал-саймандар борт журналындағы тізімдемелерге (тізбелерге) сәйкес толықтырылған;

      4) ТҚК процесінде және ӘК-ні экипажға тапсырғаннан кейін орындалатын, ұшып шығуды қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстар жүргізілген;

      5) ТҚК үшін жауапты маман карта-нарядта кеменің ұшуға дайындалғаны және ұшып шығуға рұқсат етілгендігі туралы қорытындыға қол қойған.

      72. ӘК-нің ұшуға дайындығы және ұшып шығуға рұқсат беру туралы соңғы қорытындыны карта-нарядқа қол қоя отырып, оның дайындығының тікелей басшысы - тиісті рұқсаты бар, ИАҚ маманы береді. Ұшып шығуға рұқсат беретін маман алдын ала карта-нарядта ұшып шығуды қамтамасыз ету бойынша жүргізілген ТҚК мен жөндеудің орындалуы және оны бақылау туралы қолдардың болуын тексереді.

      73. ӘК-ні экипажға тапсырған кезде жедел ТҚК-ге ресімделген карта-нарядты ұсынады, борт журналын, бланк, АТ-ның рейстегі жұмысы туралы анықтаманы, кеме құжаттамасын, ӘК-нің кілттерін табыстайды, оны кеменің техникалық жай-күйі туралы хабардар етеді.

      74. Экипаж жүргізетін, ӘК-ні ұшу алдындағы тексеру барысында ТҚК үшін жауапты мамандар ӘК-ден қаптамаларды, қақпақтарды, бұрандама қысқыштарды, қадаларды, бортинженерге (бортмеханикке, пилотқа) табысталатын, уақытша орнатылатын және ұшып шығу алдында алынатын басқа да құрылғыларды алып тастайды.

      Ұшып шығуды қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстардың орындалуы үшін жауапты маман ұшу алдындағы байқау және жүйелер мен жабдықтардың жұмыс қабілеттілігін тексеру кезінде экипаж анықтаған ақауларды жою жөнінде жедел шаралар қабылдайды.

      75. ӘК-ні ұшуға дайындау үшін қажетті ТҚК жұмыстары кешенін орындағаннан кейін егер ол тексерілсе және оны экипаж қабылдаса, кеме ұшуға дайын болып есептеледі, ол бортинженердің (бортмеханиктің, пилоттың) борт журналындағы және жедел техникалық қызмет көрсетуге карта-нарядтағы қолымен расталады.

Параграф 5. Әуе кемесін рұқсат етілетін ақаулармен ұшып шығуға дайындау

      76. Ұшуды пайдалану бойынша нұсқаулықта қарастырылған жағдайларды қоспағанда, ақаулықтары жойылмаған ӘК-нің ұшып шығуына рұқсат етілмейді. Ұшуды пайдалану бойынша нұсқаулықта көрсетілген ақаумен немесе зақымданумен ӘК-нің ұшып шығуына рұқсатты кеменің ТҚК үшін жауапты басшы береді.

      Кеменің ТҚК үшін жауапты басшы ақаулардың сипатын борт журналына және жедел ТҚК-ге карта-нарядқа жазады және бұл туралы әуе кемесінің командиріне хабарлайды.

      ӘК-нің жойылмаған ақаулармен ұшып шығуына мынадай жағдайларда рұқсат етіледі:

      ӘК-нің базалық әуежайға қайту қажеттігіне байланысты. ӘК-нің ұшуда пайдалану жөніндегі басшылықта көрсетілмеген ақаумен ұшып шығуы. Көрсетілген ұшып шығуға рұқсатты ӘК-нің пайдаланушы/барсінің ИАҚ басшысы немесе нақты жағдайда оны алмастыратын лауазымды тұлға береді:

      ақау ұшу қауіпсіздігіне әсер етпейтіндігі туралы негізделген қорытынды бар, ол туралы әуе кемесінің командиріне толық ақпарат беріледі;

      борт журналына және карта-нарядқа пайдаланушының ИАҚ басшысының (немесе нақты жағдайда оны алмастыратын лауазымды тұлғаның) қолымен расталған, жоғарыда көрсетілген мәселелердің мәні жөнінде, жойылмаған жарамсыздығымен ұшудың қауіпсіз нәтижесін қамтамасыз ету жөнінде орындалған жұмыстар туралы, базалық әуежайға қайту үшін ӘК-нің ақаулығымен ұшып шығуына рұқсат беру туралы жазбалар енгізілген;

      ӘК-тің оларды жою біршама белгілі бір мерзімге көшірілуі мүмкін, кемені пайдалану қауіпсіздігіне әсер етпейтін ақаулармен ұшулары. Көрсетілген жағдайда ұшуға рұқсатты ӘК пайдаланушы-барсінің ИАҚ басшысы білікті мамандар комиссиясының техникалық акті болған кезде береді, онда:

      ақаудың сипаты, себептері және салдарлары нақты анықталған; (

      нақты белгіленген кезеңде ақаудың ӘК-ні пайдалану қауіпсіздігіне әсер етпейтіндігі туралы негізделген қорытынды болуы, ақауды жоюдың нақты мерзімдері, жарамсыздықты бақылау жөніндегі қажетті іс-шаралар және оларды жүзеге асыру үшін жауапты тұлғалар көрсетіледі.

      ӘК-нің кемені пайдалану қауіпсіздігіне әсер етпейтін ақаулармен ұшуы кезінде:

      борт журналына, АТ бұйымының формулярына ("Жеке ерекшеліктері" бөлімі) және карта-нарядқа пайдаланушының ИАҚ басшысының (немесе нақты жағдайда оны алмастырушы лауазымды тұлғаның) қолымен расталған, жоғарыда көрсетілген мәселелердің мәні жөнінде, жойылмаған жарамсыздығымен ұшудың қауіпсіз нәтижесін қамтамасыз ету жөнінде орындалған жұмыстар туралы, ӘК-нің ақаулығымен ұшып шығуына рұқсат беру туралы жазбалар енгізіледі;

      ӘК командиріне жойылмаған ақаумен әрбір ұшып шығу алдында жарамсыздықты бақылаудың нәтижелері және оның ұшу қауіпсіздігіне әсерін болдырмайтын шаралар туралы толық ақпарат хабарланады.

      77. Онда жойылмаған ақаулар бар ӘК-нің ұшып шығуына түпкілікті шешімді алда тұрған ұшу жағдайларын, ұшып шығу және қону әуежайларының жабдықталуын ескере отырып, ӘК командирі қабылдайды.

      5. Әуе кемелеріне кезеңдік техникалық қызмет көрсету

      Ескерту. 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.07.2019 № 577 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Параграф1. Қызмет көрсету ұйымы

      78. ӘК-не кезеңдік қызмет көрсетуді ПҚ белгіленген атқарым (қону, кезеңдердің саны, қонулар) мәндері немесе уақыт аралықтары (қызметтің күнтізбелік мерзімдері) арқылы орындайды. Кезеңдік ТҚК бойынша жұмыстар нысандарда келтірілген. Әр нысан жұмыстарының кезеңдігі мен көлемі ТҚК регламентімен, ал операцияны орындау технологиясы, қолданылатын бақылау құралдары, құрал-сайман, құрылғылар және материалдар – технологиялық нұсқаулармен белгіленеді.

      Атқарымды және күнтізбелік мерзімді санауды ӘК-ні пайдаланудың басынан немесе оны соңғы жөндеуден жүргізеді. Алдыңғы қызмет көрсету кезінде пайдаланылған атқарымға (қызмет мерзімі) рұқсатты одан әрі есепке алмайды.

      79. Атқарым, күнтізбелік мерзімдер, қонулар, кезеңдер бойынша кезеңдік ТҚК тағайындау тәртібі - нақты үлгідегі ӘК-дегі ПҚ анықталады.

      80. Ұшулардың қауіпсіздігін арттыру және АТ-ның ұзақтығын арттыру мақсатында жергілікті жағдайларды ескере отырып, ТҚК нысандары бойынша жұмыстар көлемін ұлғайтуға немесе олар бойынша жұмыстарды пайдаланушы анықтайтын тәртіппен белгіленген мерзімінен бұрынырақ орындауға рұқсат етіледі.

      81. Қызмет көрсетудің әрбір нысаны бойынша жұмыстарды орындауға жұмсалатын жоспарлы күнтізбелік уақытты өндірістік жағдайдың қолданыстағы нормаларын және нақты ерекшеліктерін негізге ала отырып белгілейді.

      ӘК-тің қызмет көрсетуге түсу мерзімдерін оларды пайдалану жоспарлары бойынша белгілейді және кемелердің нақты пайдаланылуы бойынша түзетеді.

      82. ТҚК-ге карта-нарядтардың үлгілерін ТҚК және АТЖ ұйымы белгілейді. Операциялар бойынша ведомостерді және басқа жұмыстарға нарядтарды жергілікті жағдайларға қарай және пайдалану құжаттамасы талаптарын сақтай отырып, пайдаланушылар мен ТҚК мен жөндеу ұйымы әзірлейді.

      Операциялар бойынша ведомост осы пайдаланушы және ТҚК мен жөндеу ұйымы үшін нормативтік құжат болып табылады, ол өзінің мазмұнымен, орындаушылар мен бақылаушылардың қолдарымен орындалған жұмыстардың көлемі мен сапасын растайды.

      83. ӘК-ге қызмет көрсетуді өндірістік ғимараттарда немесе технологиялық құрылғылармен жабдықталған, арнайы қолданыстағы жер бетінде қызмет көрсету құралдарымен қамтамасыз етілген ашық тұрақтарда жүргізеді.

      84. Кезеңдік ТҚК орындалуы жұмыстардың көрсетілген түрі бойынша пайдаланушының мамандандырылған ИАҚ бөлімшелері мен бөлімдеріне немесе ТҚК мен жөндеу ұйымына жүктеледі.

      АРЭЖ-ға қызмет көрсетуді, оны тексеруді және оларды жөндеуді, орындалған жұмыстарды есепке алуды, тіркеуді және құжаттамалық ресімдеуді ПҚ талаптарына сәйкес және пайдаланушы, ТҚКЖ жөніндегі ұйым белгілейтін тәртіппен олардың өндірісіне рұқсат етілген мамандар жүзеге асырады.

      Барлық жағдайларда кезеңдік ТҚК жүзеге асыратын инженер және техникалық персонал өзінің мамандығы (мамандандырылуы) бойынша кезеңдік ТҚК-нің орындалатын нысандары бойынша жұмыстар жүргізуге дайын және рұқсат етілген болулары қажет.

      Бөлімшелердің өндірістік мамандануының нақты құрылымын жергілікті жағдайларды ескере отырып, пайдаланушы және ТҚК мен жөндеу ұйымы белгілейді.

      85. Кезеңдік ТҚК процесін тікелей ұйымдастыруды ауысым бастығы, ауысым инженерлері, бригадирлер - әрқайсысы өз құзыреті шегінде жүзеге асырады. Жұмыстарды бастаудың алдында ауысым бастығы (немесе оны алмастыратын адам) өндірістік тапсырма берілген мерзімде орындалатындай, әуе кемесін ақаулық нәтижелері бойынша қосымша жұмыстар орындау үшін процестің тиімді ырғақтылығы және уақыт резерві қамтамасыз етілетіндей есеппен әрбір бригаданың нақты міндеттерін тұжырымдайды. Тиісті жағдайлар болған кезде жұмыстардың технологиялық процесін жоспарлаудың компьютерлік технологиялары қолданылады. Ауысым инженерлері мен бригадирлер жұмыс орындарының техникалық құралдармен толықтырылуын тексереді, ӘК-де жұмыстар орындаудың ерекшеліктері, техника қауіпсіздігі және алдағы процесс жағдайларында еңбекті қорғау қағидалары жөнінде орындаушылардың нұсқамаларын өткізеді.

      86. Бригадирлер неғұрлым күрделі жұмыстарды орындайды, өздеріне бағынысты мамандардың жұмысын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді, жеке орындаушыларға немесе онда үлкенін – топқа тапсырылатын жұмыстардың орындалуы үшін жауапты аға маманды тағайындайтын, орындаушылар тобына жұмыс тапсырмаларын береді.

      Электр жабдықтары жөніндегі мамандардан бригадир ӘК-ге электр энергиясының әуежайлық көздерін қосуды (ажыратуды) және олардың жұмысын бақылауды қамтамасыз ететін адамды тағайындайды.

      87. ӘК-дегі жұмыстарға нұсқаулықты ұшу аппараттарын және қозғалтқыштарды пайдалану жөніндегі инженерге (ол болмаған кезде – бригадирге немесе планерге қызмет көрсету тобындағы үлкеніне) жүктейді. ӘК-дегі жұмыстардың басшысына әуе кемесінің жүйелеріне және АРЭЖ-ға қызмет көрсетуге қатысатын бригадирлерді (мамандарды) жедел бағындырады. ӘК-дегі жұмыстардың басшысы мамандандырылған бригадалардың жұмыс тәртібін және олардың өзара іс-қимылын белгілейді. (

      88. Пайдаланушының, ТҚКЖ жөніндегі ұйымның басқа бөлімшелерінің орындауына жататын қосымша жұмыстарға жұмыстар басшысы тапсырыс ресімдейді, онда: жұмыстың мазмұнын, ӘК-нің түрін және таным белгісін, тапсырыстың орындалу мерзімін, тапсырыс берушінің тегін және пайдаланушы және ТҚКЖ жөніндегі ұйым белгілейтін тәртіппен басқа да мәліметтерді көрсетеді. Тапсырыстың орындалуы онда оның орындаушысы мен бақылаушысының қолдарымен расталады. ( изменить

      89. ӘК-ні ақаулықты өздерінің қызмет көрсететін аймақтары шегінде жұмыс орындаушылар не арнайы тағайындалатын ақау жабушылар жүргізеді. Ақаулық кезінде анықталған ақаулар, сондай-ақ ӘК-нің борт журналында тіркелген жарамсыздықтар туралы мәліметтер кезеңдік қызмет көрсету карта-нарядына қоса берілетін ақау нарядына енгізіледі.

      Ұшу қауіпсіздігіне қауіп төндіретін ақауларды анықтаған маман, сондай-ақ алғашқы рет, қайталама (қайталамаға АТ-ның оларды жоюға жасалған әрекеттен кейін келесі бес ұшудың бірінде қайтадан білінетін ақауларын жатқызады), көлемі үлкен бөлшектеу-монтаждау және реттеу жұмыстарын талап ететін, күрделі ақауларды жұмыстар басшысына мәлімдейді, ол жарамсыздықтарға қажетті талдау жүргізеді, оны жою тәртібі туралы шешім қабылдайды. Нақты жағдайларда АТ-ның ақауларын қайталамалар санатына жатқызуды пайдаланушының ИАҚ және ТҚКЖ жөніндегі ұйымдар жүргізеді. ( изменить

      90. Ақаулық аяқталғанда жұмыстар жетекшісі тиісті бейіннің мамандарын тарта отырып (соның ішінде - егер бұл қажет болса, басқа бөлімшелердің мамандарын) анықталған ақауларды талдайды, ПҚ талаптарына сәйкес АТ-ның жарамсыздығын қалпына келтіруді және оны бақылауды ұйымдастырады.

      Ақауларды жою жөніндегі жұмыстарды бригадирдің басшылығымен авиатехниктер (авиамеханиктер) орындайды. Қайталама ақаулар, сондай-ақ күрделі немесе қалпына келтірудің қалыптасқан технологиясы (құжат түрінде) жоқ ақаулар - инженер персоналінің басшылығымен жойылады. Соңғы жағдайда қалпына келтіру жұмыстарының технологиясын пайдаланушының ИАҚ және ТҚКЖ жөніндегі ұйым белгілейтін тәртіппен әзірлейді және ресімдейді.

      91. Жұмыстың (операцияның) орындалуын карта-нарядтың, операциялық ведомостің, ақаулық нарядының тиісті бөлімдерінде, өндірістік тапсырмаға қоса берілетін басқа да өндірістік-техникалық құжаттарда орындаушы мен бақылаушы қолдарын қоюмен растайды. Олар жүргізілген жұмыстың сапасын қамтамасыз етеді.

      Нақты кезеңдік ТҚК ӘК-де техникалық қызмет көрсету бағдарламасы (регламенті) жұмыстарының тиісті тізбесі, өндірістік тапсырмамен ұйғарылған қосымша жұмыстар орындалғанда, барлық анықталған ақаулар жойылғанда, ал жұмыстардың орындалуы және ӘК-нің жарамдылығы туралы қорытынды карта-нарядта және оның қосымшаларында жұмыстардың тікелей басшылары және сапа бақылауын қамтамасыз ететін тұлғалар растағанда аяқталған болып есептеледі.

      92. ӘК-нің жарамдылығы туралы қорытынды беретін басшылар мен мамандар жұмыстар жүргізу процесіне, анықталған ақаулардың себебін талдауға қатысады, оларды болдырмау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады. Олар ӘК-нің техникалық жай-күйін дұрыс анықтауды, жарамсыздықтарды қалпына келтіру жөніндегі жұмыстарды қоса алғанда, орындалатын жұмыстардың толықтығы мен сапасын қамтамасыз етеді.

      Тексеру және қызмет көрсету жөніндегі жұмыстардың ПҚ белгілеген көлемін азайтуға, оларды орындау технологиясын өзгертуге рұқсат етілмейді.

      93. Ауысым бастығы (немесе оны алмастырушы адам) бөлімше үшін белгіленген күн тәртібіне сәйкес техникалық талдау жүргізеді, онда өндірістік тапсырманың орындалуын, жұмыста жіберілген кемшіліктер мен ақаудың себептерін, ӘК-де анықталған өзіндік жарамсыздықтарды, сондай-ақ өндірістік және технологиялық тәртіптің жай-күйін талдайды. Талдаудың қорытындыларын талдаулар журналына енгізеді.

Параграф2. Әуе кемелеріне қызмет көрсету әдістері

      94. ӘК-ге техникалық қызмет көрсету кезінде жұмыстарды ұйымдастырудың мынадай әдістері қолданылады:

      1) ИТҚ-ні өндірістік мамандандыру (бригадалық-толассыз және бекітілген);

      2) ИТҚ-ні жеке-жеке мамандандыру (жүйелік, аймақтық, жүйелік-аймақтық);

      3) ТҚК жұмыстары өндірісінің циклдерін жоспарлау ( біркезеңдік және кезең-кезеңімен қызмет көрсету);

      4) ТҚК жұмыстары өндірісінің технологиялық процесін ұйымдастыру (желілік әдістер, сараптамалық-директивалық шешімдер).

      ТҚК ұйымдастыру әдістерінің көрсетілген түрлері жеке және түрлі үйлесімдерде қолданылады. Бұл жағдайда шешімдер қабылдау пайдаланушының ИАҚ және ТҚКЖ жөніндегі ұйымның құзыретіне жатады. Нақты тәсілдерді қолдану көрсеткіштері оны жүзеге асыру мүмкіндіктерімен, тиімділік саласымен және пайдаланушының ИАҚ және ТҚКЖ жөніндегі ұйымның өзекті қажеттіліктерімен анықталады. ( изменить

      95. Қызмет көрсетудің бригадалық-толассыз әдісінің мәні ИАҚ өндірістік бөлімшесі алғашқы буынының (бригада, кешенді бригада, ауысым) олардың техникалық қызмет көрсетуге ауысуна қарай ӘК-нің белгілі бір паркіне қызмет ететіндігінде.

      Бекітілген әдіс кезінде мамандардың бастапқы өндірістік буыны оған ұшуларын қамтамасыз ету тапсырылған жеке ӘК-ге ғана қызмет көрсетеді.

      96. Қызмет көрсетудің бір кезеңді әдісі кезінде ТҚК берілген нысаны жұмыстарының барлық көлемі олардың басталу сәтінен бастап толық аяқталғанға дейін, кезекті ұшуға дейін - бір кезеңде орындалады.

      97. Қызмет көрсетудің кезең-кезеңдік әдісінің мәні ТҚК нысанының (немесе оның түрленімінің) ПҚ рұқсат ететін көрсетілген шекаралардың кеңеюін ескере отырып, жұмыстардың кезеңділігіне берілетін рұқсаттар шекараларымен анықталатын атқарым ішінде ұшулар арасындағы аралықтарда бөліктері (кезеңдері) бойынша орындалатындығында.

      ТҚК нысандарын бөлінген еңбек сыйымдылығының кешендеріне түрлендіру кезеңділігінің ерекше нұсқасы болып табылады, олардың әрқайсысы ТҚК базалық нысанын және ТҚК нысандарынан көп кезеңділікті қамтиды. Әрбір кешенді қайта орындау техникалық қызмет көрсету бағдарламасының (регламентінің) талаптарынан кезеңге бөлінген жұмыстардың нақты кезеңділігінің нақты ауытқуына әкелетін, кезеңге бөлінген құрамдас кешеннің бастапқы кезеңділігінде тең немесе еселік жұмыс аралықтары арқылы жұргізіледі.. Осы нұсқаны қолдануға ӘК әзірлеушісінің келісімі бойынша және уәкілетті ұйымды хабардар ету арқылы ғана жол беріледі.

      Ескерту. 97-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.07.2019 № 577 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      98. Кезең-кезеңдік ТҚК-нің мынадай түрлері қолданылады:

      1) тіркелген кезеңдермен;

      2) регламенттелмеген кезеңдермен.

      Бірінші жағдайда ТҚК кезеңдерінің мазмұны ПҚ-да (кезең-кезеңдік ТҚК-нің нұсқаулықтары мен ведомостерінде) тіркеледі және оны жұмыстардың орындаушылары өзгерте алмайды.

      Екінші жағдай блоктық-кезеңдік ТҚК-ге жатады, ол кезде кезең көлемі шағын, технологиялық жағынан дербес жұмыс блоктарында қалыптасады. Блоктардың мазмұны және олардан кезеңдер қалыптастыру тәртібі тиісті құжаттамамен белгіленеді. Қызмет көрсетудің блоктық-кезеңдік әдісі ТҚК кезеңі мазмұнының оны жүргізудің нақты мүмкіндіктерімен жедел келісімділігін, жұмыс кезеңдерінің адаптивті қалыптасуының (нақты жағдайдың қажеттіліктеріне жауап беретін) және оларды құжаттаудың компьютерлік технологияларының қолдануға жарамдылығын қамтамасыз етеді.

      99. Кезең-кезеңдік ТҚК-ге құжаттама әзірлеу пайдаланушының ИАҚ және ТҚКЖ жөніндегі ұйымның құзыретіне жатады. Көрсетілген құжаттама кезең-кезеңімен орындалатын жұмыстарды жоспарлау және ұйымдастыру, ресімдеу және есепке алу тәртібін, қолданылатын карталар мен ведомостердің түрлері мен нысандарын белгілейді.

      Қолданылатын шешімдер жалпы және үлгілі ПҚ талаптарын қанағаттандыруы, онымен кезең сыйысатын ТҚК кезеңі мен нысаны жұмыстарының орындалуын тіркеудің, ӘК-нің жарамдылығы туралы қорытынды және ұшып шығуға рұқсат беретін орындаушылар мен тұлғалардың жұмыстарын ресімдеудің толықтығы мен дұрыстығын қамтамасыз етуге тиіс.

      100. Пайдаланушы және ТҚК мен АТЖ жөніндегі ұйым әзірлейтін, ТҚК жұмыстарының модификацияланған кешендерін орындаудың мазмұны мен кезеңділігін айқындайтын, еңбек сыйымдылығына кезең-кезеңмен бөлінген ТҚК құжаттамасының бөлімдері ӘК әзірлеушімен келісуге және уәкілетті ұйымға хабарландыруға жатады.

      Орындалған жұмыстарды ресімдеу мен есепке алу тәртібін, көрсетілген жағдайда қолданылатын карталар мен ведомостердің түрлері мен нысандарын ПҚ ұсынатын жалпы талаптарды сақтай отырып, пайдаланушы және ТҚК мен жөндеу ұйымдары дербес белгілейді.

      ТҚК жұмыстарының түрлендірілген кешендері (бөлінген еңбекті қажетсінушілік кезеңдері) пайдаланушы және ТҚК мен жөндеу ұйымы белгілейтін тәртіппен жұмыстардың кезеңділігіне берілетін рұқсаттар шегінде кезең-кезеңімен орындала алады.

      Ескерту. 100-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.07.2019 № 577 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      101. Қызмет көрсетудің желілік әдістерін қолдану өндірістің есепке алынатын жағдайларына байланысты жұмыстарды орындаудың жүйелілігі мен уақытын толық регламенттеуге негізделген. Желілік жоспарлаудың компьютерлік технологияларын пайдаланған кезде шешімдердің жеделдігі мен сапасы айтарлықтай артады, жоспарлау әрбір орындаушының жеке жұмыс кестесін беруге дейін тереңдейді.

      Қызмет көрсетуді ұйымдастыруға сараптамалық-директивалық тәсіл жағдайларында жұмыс барысының толық кестесі жасалмайды, олардың жүйелілігін өндірістік тапсырма және жұмыстар басшысы беретін бағдарды ескере отырып, орындаушылар дербес анықтайды.

      102. ТҚК-нің жүйелік әдісі кезінде ӘК жүйесі (жүйелері) немесе жабдықтар түрлері орындаушының мамандану объектісі болып табылады. Көрсетілген әдістер бойынша жұмыстар жүргізу түрлі мамандану объектілерінің шоғырланған жерлеріне орындаушылардың қол жетімділігін үйлестіруді талап етеді (дайындық-қорытынды жұмыстардың келісімділігін, жұмыс бағыттарын, жалпы жұмыс орындарын кезектілікпен және бірлесіп пайдалану). ТҚК-нің жүйелік әдісін қолдану үшін техникалық қызмет көрсету бағдарламасын (регламентін) және нақты үлгідегі ӘК ұшін ЭД технологиялық бөлімдерін жүйелік тұтастыру қажет. Нақты жүйеге қызмет көрсететін маман тиісті даярлыққа және орындалатын жұмыстарға ресімделген рұқсатқа бар болуға тиіс.

      103. ТҚК-нің аймақтық әдісі кезінде онда орналасқан жабдықтар мен жүйелер компоненттерінің кешенімен ӘК аймағы орындаушының мамандану объектісі болып табылады. Әрбір аймақ үшін орындаушылар жауапкершілігінің шекаралары мен жұмыс көлемдері анықталуы тиіс. Нақты аймаққа қызмет көрсететін маман тиісті даярлыққа және орындалатын жұмыстарға ресімделген рұқсатқа бар болуға тиіс. Егер техникалық қызмет көрсету бағдарламасын (регламентін) және ПҚ технологиялық бөлімдерін тұтастыру аймақтар бойынша орындалған болса, аймақтық әдіс қолданылымды.

      Жүйелік немесе аймақтық ТҚК мақсаттары үшін ПҚ түрлендіру мәселелері оны әзірлеу үшін жауапты ұйымдар мен органдардың құзыретіне жатады. Нақты үлгідегі ӘК үшін тиісті ПҚ болған кезде ТҚК-нің аймақтық, жүйелік, аймақтық – жүйелік (алғашқы екі тәсілдің үйлесімі) әдістерін қолдану тәртібін пайдаланушының ИАҚ және ТҚКЖ жөніндегі ұйымдар белгілейді.

Параграф3. Әуе кемелерінде қозғалтқыштарды ауыстыру

      104. ӘК-де қозғалтқыш айырбастауды оның ресурсын пайдаланғаннан кейін, стендіде қызмет көрсетуі үшін, сондай-ақ қозғалтқышта қозғалтқышты алмай жоюға болмайтын ақаулар анықталған кезде, ПҚ-да көзделген басқа жағдайларда және өндірістік қажеттілік бойынша жүргізеді. Қозғалтқышты ауыстыру жөніндегі жұмыстардан басқа ӘК-де АТ атқарымы немесе өзге параметрлер бойынша белгіленетін, кезекті ТҚК, бюллетеньдер бойынша түзеулерді және планер конструкциясын, қозғалтқыш алынған кезде ғана оларға қол жеткізілуі мүмкін жүйелер коммуникацияларының учаскелерін қарауды орындайды.

      ӘК-де қозғалтқышты монтаждаудан кейін қозғалтқышты ауыстыруға байланысты ТҚК регламентіне сәйкес қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды орындайды.

      105. Қозғалтқыштарды ауыстыру жөніндегі жұмыстарды оларды орындауға рұқсат етілген мамандарға жүктейді. Қажет болған жағдайларда, дайындық жұмыстарын жүргізу үшін мамандар бригадасы (тобы) бөлінеді. Ол үшін арнайы жұмыс орындарын құрады, олар такелаждық және жуу құрылғыларымен, қозғалтқышты сыртқы консервациядан алуға және монтаждауға арналған стенділермен, ПҚ-да көзделген басқа да құрылғылармен жабдықталады.

      106. ӘК-де қозғалтқышты бөлшектеуді (монтаждауды) ұйымдастыру тағайындалатын жұмыстар басшысына жүктеледі, ол техника қауіпсіздігі, алдағы жұмыстар технологиясының принципті ерекшеліктері жөнінде нұсқама өткізеді, нақты жұмыстардың орындалуы үшін жауаптыларды белгілейді.

      107. ӘК-нің бюллетеньдер бойынша түзетулерді, қозғалтқыш алынған кезде басқа қосымша жұмыстарды жасап шығарушы зауыттың немесе ТҚКЖ жөніндегі ұйымның өкілдері, пайдаланушының осы жұмыстарды жүргізуге рұқсат етілген мамандары орындайды.

      108. Қозғалтқышты орнатқаннан кейін оны ішкі консервациядан алуды, сынауды жүргізеді және технологиялық карталарға (нұсқауларға) сәйкес бақылау және реттеу жұмыстарының кешенін, ал ПҚ-да көзделген жерде - әуе кемесінің бақылау пакетін орындайды.

      109. Қозғалтқышты ауыстыру жөніндегі өндірістік тапсырма монтаждау және реттеу жөніндегі жұмыстар орындалғанда, оны сынаудан кейін қозғалтқышты сынап байқау және ТҚК жүргізілгенде, өндірістік-техникалық құжаттама ресімделгенде, ӘК-нің және қозғалтқыштың формулярларына, жинақтаушы бұйымдардың паспорттарына тиісті жазбалар жүргізілгенде аяқталды деп санайды.

Параграф 4. Әуе кемелеріндегі еңбекті қажетсінетін бөлшектеу-монтаждау және ерекше жұмыстар

      110. Бұл жағдайда еңбекті қажетсінетін бөлшектеу-монтаждау жұмыстарына ӘК-ні бөлектеу мен жинастыруды, оның ірі көлемді бөліктерін, конструкция элементтері мен бұйымдарын бөлшектеуді және монтаждауды жатқызады. Жұмыстарды орындау үшін орындаушылар бөлінеді, жұмыстардың басшысы тағайындалады, оларды жүргізу тәртібі белгіленеді.

      Жұмыстар басшысы жұмыстарды қауіпсіз жүргізу қағидасы, оларды орындау технологиясының принципті ерекшеліктері бойынша орындаушылармен нұсқама өткізеді, ПҚ-да көзделген құрылғылар, құрал-саймандар, бақылау және жер бетінде қызмет көрсету құралдарын дайындауды ұйымдастырады.

      111. Бөлшектеу-монтаждау жөніндегі операцияларды және реттеу жұмыстарын АТ әзірлеушісінің технологиялары бойынша орындайды. АТ әзірлеушісінің технологиясы жоқ операциялар мен жұмыстарды қажет кезде АТ әзірлеушісімен келісілген, пайдаланушының ИАҚ және ТҚКЖ жөніндегі ұйым әзірлейтін технологиялар бойынша орындайды. Сертификатталған АТ-да көрсетілген жұмыстар АТ әзірлеушісінің технологиялары бойынша ғана жүргізіледі.

      Планердің бөліктерін (қондырғы күшімен), АТ бұйымдарын бөлшектеуден кейін жән бөлшектерінің, оларды бекітудің жай-күйін мұқият тексереді (ПҚ-ға сәйкес), оларды бақылау конструкцияның элементтері алынған кезде ғана мүмкін болады.

      112. ӘК бөліктерін көтеруге және түсіруге, бөліктерді планердің күш түзілімдеріне қосуға және оларды ажыратуға байланысты жұмыстарды жұмыс басшының командасы бойынша орындайды. Командаларды дауыстап береді және сигналдармен қайталайды ( 4-қосымша). Жоғары шу жағдайларында командалар беру үшін мегафон немесе радиобайланысын қолданады.

      Жүкті көтеру (түсіру) жұмыстарын орындайтын орындаушылардың көтеру-түсіру жұмыстарына рұқсаты болады.

      113. Ерекше жұмыстарға ӘК-нің ақауларын немесе зақымдануларын жоюға байланысты еңбекті қажетсінетін операцияларды жатқызады:

      1) оларды жоюға технологиялық құжаттама әзірленбеген, күш элементтерінің ақаулары;

      2) ӘК-де пайдаланымдық жүктемесіне байланысты зақымданулар;

      3) бөліктерге және конструкция элементтеріне агрессивтік немесе улы заттардың түсуі;

      4) қол жетімділігі қиын жерлердегі ірі габаритті бөлшектердің, тораптардың коррозияға ұшырауы. ӘК-де көрсетілген жұмыстарды орындау қажеттілігі болған кезде пайдаланушы бұл туралы уәкілетті ұйымды хабардар етеді және қажет болған жағдайларда ИАҚ мамандарынан, әзірлеушіден, жөндеу зауытынан комиссия құрады, оған мыналар жүктеледі:

      ӘК-ні дефектациялау;

      (ақаулардың, зақымдаудың) пайда болу себептерін анықтау;

      қажетті күштер мен құралдарды, қалпына келтіру, жұмыстарды орындау мерзімдерін орындылығын анықтау;

      ақауларды жою (агрессивтік немесе улы заттарды жою) жөнінде технологиялық құжаттама әзірлеу;

      ақаулардың (зақымдануларды, дұрыс пайдаланбау жағдайлар) алдын алу жөнінде ұсыныстар әзірлеу.

      Жұмыс қорытындылары бойынша комиссия анықталған ақауларды жоюдың тәртібі туралы ұсыныстармен акт жасайды, оны ӘК пайдаланушы/барсінің басшысы бекітеді.

      Қажет кезде комиссияның құрамына басқа құзыретті ұйымдардың өкілдерін енгізеді. Ақауларды (зақымдануларды) жою үшін мамандар бөлінеді және көрсетілген жұмыстардың басшысы тағайындалады.

      Жұмыстар басшысы орындаушылармен алдағы жұмыстардың технологиясын зерделейді және оларды қауіпсіз орындау қағидасы жөнінде нұсқама өткізеді, қажетті техникалық құралдар мен материалдарды дайындауды ұйымдастырады, жұмыстардың орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді, құжаттаманы ресімдейді.

      Ақаулардың (зақымданулардың) жойылуын орындаушылар және бақылауды жүзеге асыратын адамдар дефектацияға жасалған нарядта қолдарын қойып растайды. Қажет кезде ӘК-нің (қозғалтқыштың) формулярында жазбалар жүргізіледі.

      Ескерту. 113-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.07.2019 № 577 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

6-тарау. Техникалық қызмет көрсетудің ерекше түрлері

      Ескерту. 6-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.07.2019 № 577 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1–Параграф. Маусымдық қызмет көрсету

      114. Авиация техникасына ТҚК ерекше түрлеріне қызмет көрсетулерді жатқызады: маусымдық, арнайы, сақтау кезінде және төтенше метеорологиялық жағдайларда.

      Авиация техникасына маусымдық ТҚК егер бұл ПҚ-да көзделген болса, ӘК-ні күзгі-қысқы және көктемгі-жазғы кезеңдердегі жұмыстарға дайындау кезінде орындалатын жұмыстардың бір бөлігі болып табылады. АТ-ны маусымдық дайындау туралы нақты нұсқаулар ӘК нақты үлгілерінің және авиация техникасы бұйымдарының ПҚ тиісті бөлімдерінде келтіріледі.

      Авиация техникасына маусымдық ТҚК-нің алдында немесе онымен бір мезгілде мыналар жүргізіледі:

      1) пайдаланушының және ТҚКЖ жөніндегі ұйымның туатын маусымдағы жұмысқа дайындық жоспарын әзірлеу; ( изменить

      2) маусымдық дайындау объектілерін қабылдау жөнінде комиссиялар құру;

      3) ӘК-ні пайдалану ерекшеліктерін және АТ-ны алдағы кезеңде пайдалануға дайындау жөніндегі жұмыстардың мазмұнын зерделеу жөнінде ИТҚ-мен сабақтар өткізу;

      4) өткен ұқсас маусымда АТН-ны техникалық пайдалану және ТҚКЖ жүргізу тәжірибесімен алмасу бойынша техникалық конференция;

      5) алдағы кезеңде АТ-ны пайдалану ерекшеліктері бойынша ИТҚ білімдерін тексеру;

      6) пайдаланушының және ТҚКЖ жөніндегі ұйымның ғимараттары мен құрылыстарын, олардың тұрақты жабдықтарын, сондай-ақ өрт сөндіру, сигнализация, байланыс, жылыту, су және электрмен жабдықтау құралдарын дайындау;

      7) осы кезеңде ӘК-ні пайдалану үшін пайдаланылатын, жалпы және арнайы қолданыстағы жер бетінде қызмет көрсету құралдарын дайындау және оларды жөндеу;

      8) алдағы кезеңде пайдаланылмайтын авиатехникалық мүлікті сақтауға тапсыру.

      115. АТ-ны алдағы маусымда пайдалануға дайындаудың тәртібі мен мерзімдерін пайдаланушылар мен ТҚКЖ жөніндегі ұйымдар белгілейді.

      ӘК-де техникалық қызмет көрсету бағдарламасында (регламентінде) көзделген жұмыстарды және пайдаланушы мен ТҚКЖ жөніндегі ұйымның өндірістік қызметінің жағдайларына, оны жоспарлы пайдалану орындарында АТ-ны пайдалану ерекшеліктеріне байланысты қосымша жұмыстарды орындайды. Маусымдық дайындау объектілерін қабылдауды пайдаланушы мен ТҚКЖ жөніндегі ұйымның комиссиясы жүзеге асырады, олардың жұмыс нәтижелері объектілерді маусымдық кезеңде пайдалануға дайындығы және ӘК-ні пайдалануға рұқсат ету туралы қорытындыны қамтитын актілермен ресімделеді.

      Маусымдық кезеңде ӘК-ні пайдалануға рұқсат ету туралы қорытынды маусымдық ТҚК карта-нарядында жүргізіледі. Ресімделген карта-нарядтар негізінде ӘК формулярларына тиісті жазбалар енгізіледі ("Регламенттік жұмыстарды орындау" бөлімі).

      116. ӘК иелерінің өтінімдері бойынша жөндеудегі әуе кемелеріне маусымдық ТҚК жөндеу жүргізуші кәсіпорын орындайды, бұл туралы ӘК формулярында тиісті жазба жүргізіледі.

2–Параграф. Арнайы қызмет көрсету

      117. ӘК-де арнайы ТҚК ерекше күрделі жағдайларда ұшудан кейін (тиісті жағдайлардың тізбесі техникалық қызмет көрсету бағдарламасында (регламентінде) көрсетіледі), сондай-ақ қарлы дауылды желдің немесе жердегі шаңның әсеріне ұшыраған кемелерде, олардың құрамы нақты үлгідегі ӘК үшін техникалық қызмет көрсету бағдарламасында (регламентінде) айқындалатын басқа жағдайларда жүргізеді.

      118. Техникалық қызмет көрсету бағдарламасында (регламентінде) көрсетілген күрделі жағдайлардың әсеріне ұшыраған әуе кемесін арнайы қызмет көрсету жүргізілгенге дейін ұшуға шығаруға рұқсат етілмейді. ӘК-ні ұшудан шеттету және арнайы ТҚК орындау үшін негіздеме мыналар болып табылады:

      1) ӘК командирінің борт журналында төтенше жағдайлардың әсері туралы жазбасы;

      2) төтенше жағдайлардың ӘК-ге әсері туралы объективті бақылау аспаптарының жазбалары;

      3) төтенше жағдайлардың әсерінен ӘК-нің зақымдануы;

      4) ӘК-ге дауылды желдің (қарлы, шаңды және басқалары) әсері.

      119. Төтенше әсерлерге ұшыраған ӘК-нің техникалық жай-күйін анықтау үшін пайдаланушы комиссия құрады, ол өткен оқиға туралы ақпарат жинауды және талдауды жүргізеді, ӘК-ні тексереді және алынған нәтижелер бойынша ТҚК және оларды жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының қажетті көлемін белгілейді.

      Қажет кезде комиссияның жұмысына басқа құзыретті ұйымдар мен органдардың мамандары тартылады.

      ӘК-ні тексеру кезінде анықталған жарамсыздықтар ақаулар ведомосына тіркеледі. ӘК-нің жарамдылығы нақты жағдайға сәйкес жұмыстарды орындағаннан кейін оларды орындаушылардың және ТҚК жетекшісінің жұмыстар жүргізу карта-нарядында қойылған қолдарымен расталады. ӘК-ні жөндеу қажеттігі кезінде комиссия тиісті қорытындымен акт жасайды.

      120. Арнайы ТҚК жұмыстарын пайдаланушының ИАҚ және ТҚКЖ жөніндегі ұйымның нақты үлгідегі ӘК-ге техникалық қызмет көрсету үшін жауапты бөлімшелері орындайды. ( изменить

      ӘК-нің жарамдылығын пайдаланушының күшімен қалпына келтіру мүмкін болмаған жағдайларда, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын өзара уағдаласушылық негізінде қажетті мүмкіндіктерге бар ТҚКЖ жөніндегі ұйымдар орындайды

      121. ӘК-ні қауіпсіздікке арнайы қарап тексеру:

      1) осы жұмыстарды жүргізуге арнайы құжаттама белгілейтін жағдайларда ӘК-ні ұшып шығуға дайындау кезінде;

      2) ӘК-де жарылғыш немесе басқа да қауіпті құрылғылардың қойылғаны туралы хабарламалар мен күдіктер болған кезде;

      3) кеме күзетсіз болған жағдайда (немесе пайдаланушы басшысының арнайы өкімі бойынша);

      4) ұшуда ӘК бортында заңсыз араласу актісі жасалғаннан кейін (қолға түсіру немесе айдап кету әрекеттері) жүзеге асырылады.

      ӘК-нің қауіпсіздігіне арнайы қарап тексеру жүргізуді борт журналында және ТҚК карта-нарядында жазбалармен ресімдейді.

Параграф3. Сақтау кезінде қызмет көрсету

      122. Техникалық қызмет көрсету бағдарламасында (регламентінде) белгіленген, қырықтан артық ұшқанда үзілістер кезінде әуе кемесін сақтауға қояды. Бұл жағдайда қажетті жұмыстарды орындауды ұйымдастыру тәртібін пайдаланушының ИАҚ белгілейді.

      123. Оларды сақтауға көшіру, сақтаудан алу кезіндегі ӘК-дегі және бұйымдардағы жұмыстар көлемі, сақтау мерзімдері – пайдалану құжаттамасында белгіленеді.

      Егер ӘК-ні (бұйымды) сақтау мерзімі тоқтатып қою мерзімінен асып түссе, онда оны қайтадан тоқтатып қою жүргізіледі. Сондай-ақ егер оларды басқа құралдармен тасымалдау уақыты бұйымда тоқтатып қоюсыз сақтаудың ең аз мерзімінен асып түссе, жөндеуге жіберілетін ӘК (бұйым) де тоқтатып қоюға жатады.

      124. Пайдаланушының ИАҚ-та сақтаудағы ӘК және бұйымдарды тоқтатып қою және қайта тоқтатып қою мерзімдерін есепке алу ұйымдастырылады.

      125. Тоқтатып қойылған ӘК-лерді алаңдарда (тұрақтарда) сақтайды, шынжырлап бекітіп қояды (егер бұл ЭПҚ-да көзделсе), жерге қосады, қаптамалар, қақпақтар және сақтандарғыш құрылғылар орнатады. ӘК-ні сақтау кезінде онда қарды, мұзды, шаңды кетіруді, қаптамаларды кептіруді, кабиналар мен бөліктерді желдетуді, арқандап байлауды, жерге қосуды, өрт сөндірудің тұрақтағы құралдарын қоса алғанда, техникалық қызмет көрсету бағдарламасында (регламентінде) көзделген жұмыстарды орындайды. Жүйелердің жұмыс қабілеттілігін тексеру жөніндегі жұмыстардың көлемі ӘК-нің жай-күйі мен толықтығын ескере отырып, нақты жағдайларда белгіленеді (зақымданулардың, бөлшектенген бұйымдардың болуы және тағы сол сияқты). ӘК-нің жай-күйіне байланысты жұмыстар көлемінің қысқаруы жұмыстар жүргізудің карта-нарядына қоса берілетін техникалық актіде құжатталады.

      Сақтаудағы ӘК-мен бірге бұйымдар мен бөлшектерді басқа ӘК-лерге қайта орнату осы Қағиданың 20-тармағының талаптарына сәйкес жүргізіледі.

      126. Тоқтып қойылған ӘК-ден алынған бұйымдарды ПҚ талаптарына жауап беретін жағдайларда сақтайды. Мұндай бұйымдардың биркаларында олар алынған ӘК-нің нөмірін, тоқтатып қойылған және қайта тоқтатып қойылған күндерін көрсетеді. ӘК-ге орнату үшін қоймалардан алынған бұйымдарды, сондай-ақ жөндеу қорының бұйымдарын тоқтатып қойылған күйде сақтайды. Бұл ретте жарамды және жарамсыз бұйымдар бөлек сақталуға тиіс.

      Бұйымдарды (бөлшектерді) тоқтатып қоюды, қайта тоқтатып қоюды және тоқтатып қоюдан алуды арнайы жабдықталған ғимараттарда жүргізеді.

      127. ӘК-ні ұшуға дайындау кезінде сақтаудан кейін оны тоқтатып қоюдан алады, уақытша алынған бұйымдарды орнатады, жүйелердің жұмыс қабілеттілігін және жұмыс істеуінің дұрыстығын тексереді, ТҚК регламентінде көзделген басқа да жұмыстарды орындайды.

      128. Сақтауға дайындау, сақтау және ұшуға дайындау кезінде орындалған жұмыстар туралы ӘК-нің және бұйымдар формулярларының (паспорттарының) тиісті бөлімдеріне жазады.

      129. ИАҚ-тың лауазымды тұлғалары АТ-ны тоқтатып қоюдың толықтығын, мерзімдерін және сапасын қамтамасыз етеді.

4–Параграф. Әуе кемелеріне төтенше метеорологиялық жағдайларда қызмет көрсету. Табиғи апаттар кезіндегі іс-әрекеттер

      130. ӘК-де жұмыс істейтін инженер-техник персоналының қауіпсіздігіне қауіп төндіретін төтенше метеорологиялық жағдайларда төтенше метеорологиялық жағдайларға: дауылды жел, шаңды (құмды) дауыл, боран, найзағай, нөсер жаңбыр, бұршақ, ауаның ерекше төмен (жоғары) температурасы) және тағы сол сияқты) ӘК-дегі ТҚК жұмыстарының тікелей басшысы олардың өндірісін уақытша тоқтатып қояды және персоналдың қауіпсіздігін, АТ-ның және жер бетіндегі жабдықтардың сақталуын қамтамасыз етудің тиісті шараларын қабылдайды. ТҚК жүргізу мүмкін болған жағдайларда жұмыстардың басшыларды жұмыс істеушілердің қауіпсіздігін, жұмыстың қажетті сапасын және авиация техникасының сақталуын қамтамасыз етеді.

      131. Төтенше жағдайларда ӘК-ге қызмет көрсету кезінде жұмыстардың орындаушылары:

      1) жүйелер мен алынған бұйымдардың ашық қуыстарына, статикалық және ауа қысымы толық қабылдағыштарына, отын бактары мен ыдыстардың ішіне, кабиналарға, бөліктерге, су, қар, шаң жиналуына жол ерілмейтін басқа да жерлеріне судың, қардың және шаңның түсуін болдырмау жөнінде шаралар қабылдауға;

      2) ӘК-ні арқандап байлау немесе күшті жел кезінде ӘК-нің зақымдануын болдырмайтын, кеменің осы түрі үшін ПҚ-да көзделген басқа да шаралар қабылдауға, дөңгелек астына тіреу негіздерін орнатуға, әуе кемесін басқару органдарын табуға;

      3) ӘК-нің жанындағы құрылғыларды, бөлік люктерінің қақпақтарын, ӘК-нің сыртқы жылжымалы элементтерін, жер бетінде қызмет көрсету құралдарын, АТ-ның жай-күйін бақылаудың жер бетіндегі құралдарын дұрыс орналастыруға, қажет болған кезде бекітуге, ӘК-ні зақымданулардан қорғау жөнінде басқа да мүмкіндікті шараларды қабылдауға;

      4) оның жиналған жерлерінен суды қотаруға, балшықты тазартуға, ӘК тіреуіштері штоктарының, жоғарғы бөліктерінің басқа да жүйелері гидроцилиндрлерінің тазалығын тексеруге (төтенше жағдайлар әрекеттері аяқталғаннан кейін);

      5) желдің ПҚ-да келтірілген шектеулерден асып түсетін жылдамдығы кезінде ӘК-ні көтергіштерде қалдырмауға және оларды көтермеуге;

      6) қар жауған және борандар кезінде қар жиналып және тығыздалып қалуы мүмкін қанаттағы, фюзеляждағы, гондолалардағы, ауа жинайтын құрылғылардағы қуыстарды мұқият тексеруге және қардан тазартуға (төтенше жағдайлар әрекеттері аяқталғаннан кейін) тиіс.

      Найзағай кезінде (әуежай ауданында) ӘК-ге отын құюды тоқтату қажет. Орындаушы, кеменің ТҚК үшін жауаптысы ӘК-нің және оған қосылған жалпы қолданыстағы жер бетінде қызмет көрсету құралдарының жерге қосылғандығына көз жеткізулері қажет.

      132. Қоршаған ауаның төмен және жоғары температуралары кезінде ӘК-ге техникалық қызмет көрсетуді нақты үлгідегі ӘК үшін ПҚ-да көзделген талаптар мен шектеулерді сақтай отырып жүргізу қажет.

      133. МА-ның әрбір ұйымында (әуежай, пайдаланушы, ТҚКЖ жөніндегі ұйым) дауыл ескертулерін, АТ-ның сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі хабарламаларды алудың, хабарландырудың, шақыртулар мен іс-әрекеттердің онда белгіленген тәртіпке сәйкес табиғи апаттар кезінде тиісті бөлімшелер персоналының іс-қимылдары туралы нұсқаулық әзірлейді.

      Дауыл ескертуі немесе басқа қауіптілік сигналы түскен кезде сигналды қабылдаған лауазымды тұлға тиісті бөлімшелердің басшыларын шұғыл хабардар етеді, олар көрсетілген нұсқаулықтың талаптарына сәйкес бағынысты персоналдің іс-әрекеттерін ұйымдастырады.

      134. ИАҚ бөлімшелері басшыларының және жоғары лауазымды тұлғаларының өкімдері стихиялық апаттар кезінде әуежай басшысы, пайдаланушы және ТҚКЖ жөніндегі ұйым бекіткен, әуежайдағы АТ-ның сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі іс-қимылдар схемасына сәйкес, ИАҚ-тың оперативтік бағынысына бөлінген басқа қызметтер (арнайы көлік, ЖЖМ, әуежай және басқалары) персоналының орындауына жатады.

7-тарау. Авиациялық техникаға жай-күйі бойынша техникалық қызмет көрсету

      Ескерту. 7-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.07.2019 № 577 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1–Параграф. Негізгі ережелер

      135. Пайдаланушының және ТҚКЖ бойынша ұйымның ИАҚ-ында АТ-ға техникалық қызмет көрсету жұмыс істеуі мен жай-күйі бойынша жүзеге асырылады. Жай-күйі бойынша техникалық қызмет көрсету параметрлерін бақылай отырып және сенімділік деңгейін бақылай отырып орындалады.

      136. АТ-ға жай-күйі бойынша техникалық қызмет көрсету кезінде ӘК-дегі жұмыстың кезеңділігі мен көлемі диагностикалық параметрлердің немесе бір үлгідегі бұйымдар (тұтастай ӘК авиациялық техникасының бұйымдары, оның құрамдас бөлшектері, қозғалтқышы, олардың құрауыш бұйымдары) сенімділігі көрсеткіштерінің мәндерімен айқындалады. Диагностикалық параметрлер деп нақты бұйымның техникалық жай-күйін айқындайтын оның қасбартінің сандық сипаттамасы түсініледі. Бұйымның жарамды жай-күйден жарамсыз жай-күйге өту сәті оның параметрінің істен шығу алдындағы шекті мәнімен сипатталады, оған жеткен кезде бұйымның жарамдылығын қалпына келтіру жөніндегі операцияларды жүргізу талап етіледі.

      137. Авиациялық техникаға жай-күйі бойынша ТҚКЖ қолданудың мақсаты ӘК-нің техникалық жай-күйінің сапасы мен дұрыстығын арттыру, ұшу қауіпсіздігі мен жүйелілігін қамтамасыз ету кезінде пайдалану шығыстарын азайту (жұмыс істеуі бойынша қызмет көрсетумен салыстырғанда) болып табылады.

      138. Жай-күйі бойынша қызмет көрсететін әуе кемелері (жүйелер, бұйымдар) ТҚКЖ-ының жедел, кезеңді, маусымдық және басқа түрлерін ұйымдастыру мен оның тәртібі жұмыс істеу бойынша қызмет көрсету кезіндегідей болып қалады. Бұл ретте ПҚ әуе кемелеріне қажетті өзгерістер енгізеді.

      139. Пайдаланушының немесе АТ-ға жай-күйі бойынша ТҚ-ға арналған шарт жасалған ұйымның ИАҚ-ын дайындау өндірістік база әзірлігінің қажетті шарттарын айқындайтын уәкілетті орган құжаттарының негізінде жүргізіледі, пайдаланушының ИАҚ мен ТҚКЖ жөніндегі ұйым АТ-ны, өндірісті, ПҚ мен мамандарды даярлау жөніндегі ұйымдық-техникалық іс-шаралар кешенін соларға сәйкес жүзеге асыруға, сондай-ақ:

      1) ИАҚ, ұшу бөлімшелерінің, пайдаланушы мен ТҚКЖ жөніндегі ұйымның басқа да қызметтерінің қосымша функциялары мен өзара іс-қимыл жасау ерекшеліктерін;

      2) авиациялық техниканы техникалық пайдалануды құжаттамалық сүйемелдеу ерекшеліктерін;

      3) авиациялық техниканы диагностикалаудың жаңа құралдарын пайдалану шарттары мен ерекшеліктерін айқындауға тиіс.

      140. Егер авиациялық техниканың диагностикалық параметрлерінің практикалық қажетті кешені толық берілсе, штаттық бақылау-өлшеу құралдары мен техникалық пайдаланудың барлық кезеңдерінде АТ-ның беріктік және функционалдық сипаттамаларын, оның жұмыс қабілетінің қорларын дұрыс айқындау технологиясы болса, ұдайы пайдалану шарттарында АТ-ның жарамдылығы мен жұмысқа қабілетін экономикалық жағынан қолайлы мерзімде қалпына келтіруге мүмкіндік беретін пайдалану технологиялылығының жеткілікті деңгейі қамтамасыз етілсе, ол жай-күйі бойынша ТҚКЖ-ға жарамды деп танылады.

      141. Егер өндірістік база, АТ мен мамандар әзірлігінің уәкілетті орган мен ПҚ-да белгіленген шарттары іс жүзінде сақталса, пайдаланушының ИАҚ пен ТҚКЖ жөніндегі ұйым және олардың құрылымдық бөлімшелері АТ-ға жай-күйі бойынша қызмет көрсетуге даярланған деп саналады.

      142. Нақты АТ-ға жай-күйі бойынша қызмет көрсету мүмкіндігін АТ-ны дайындаушы және/немесе уәкілетті орган, ал пайдаланушының ИАҚ пен ТҚКЖ жөніндегі ұйымның тиісті әзірлігін уәкілетті орган белгілейді. ( изменить

2–Параграф. Параметрлерін бақылай отырып қызмет көрсету

      143. Параметрлерін бақылай отырып техникалық қызмет көрсетуді істен шығуы ұшу қауіпсіздігіне әсер ететін бұйымдар үшін қолданылады.

      144. Параметрлерді бақылау үздіксіз немесе кезең-кезеңімен болуы мүмкін. Бақылау режимі, оның көлемі мен кезеңділігі бұйымның нақты түрі үшін ПҚ-да белгіленеді.

      145. Жөнделуі, жұмысқа қабілеттілігі мен жарамдылығы параметрлік бақылана отырып пайдаланылатын бұйымды қалпына келтіру немесе ауыстыру, ол істен шыққан және істен шығар алдындағы жағдайда жүргізіледі, соңғы жағдайда - бір немесе бірнеше диагностикалық параметрлер жол берілген шекті деңгейден шыққан кезде (нақты регламенттеу ПҚ-да берілген) жүргізіледі.

      146. Жай-күйі бойынша ТҚКЖ пайдалану құжаттамасы бақыланатын бұйымдар параметрлерінің құрамын, бақыланатын параметрлердің шекті жол берілген мәнін, оларды бақылаудың кезеңділігі мен технологиясын, қажетті техникалық құралдарды, сондай-ақ бақылау нәтижелері бойынша шешім қабылдау қағидаларын айқындауға тиіс.

3–Параграф. Сенімділік деңгейін бақылай отырып қызмет көрсету

      147. Сенімділік деңгейін бақылай отырып техникалық қызмет көрсету істен шығуы ұшу қауіпсіздігіне тікелей әсер етпейтін бұйымдарға қолданылады. Мұндай бұйымдар ресурсы (қызмет ету мерзімі) шектелместен қолданылуы мүмкін.

      148. Сенімділік деңгейін бақылау тәртібін, технологиясын және сенімділік деңгейін бақылай отырып пайдаланылатын ТҚКЖ бұйымдар режимдері туралы шешім қабылдау қағидасын бұйымның нақты түрі үшін ПҚ айқындайды.

      149. АТ бұйымдардың сенімділік деңгейін талдауды ИАҚ мамандандырылған бөлімшесі (АТ-ның техникалық жай-күйі мен оның өндірістік-функционалдық үйлесімділігін диагностикалау бөлімшесі) жүргізеді. Аталған бөлімшенің мамандарына бұйымдардың сенімділігі, статистикалық ақпаратты жүйелендіру, оны өңдеу, талдау және интерпретациялау бойынша есепке алу-талдау құжаттамасын жүргізу қызметі жүктеледі. Олар тиісті бұйымдардың сенімділік дәрежесінің өзгеруі үрдісін уақытылы анықтауға және ПҚ-да белгіленген шешім қабылдау қағидаларының негізінде тиімді алдын алу шараларын қалыптастыруға жауапты болады.

8-тарау. Халық шаруашылығында пайдаланылатын әуе кемелеріне, басқа да ведомстволардың кемелеріне техникалық қызмет көрсету ерекшеліктері

      Ескерту. 8-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.07.2019 № 577 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Параграф1. Авиациялық жұмыстар үшін пайдаланылатын әуе кемелеріне қызмет көрсету.

      150. Аппаратураны қоса алғанда нақты АТ-ны, ӘК (бұдан

      әрі – уақытша әуеайлақтар) уақытша орналасу жерлеріндегі авиация жұмыстарының жабдақтарын техникалық пайдаланудың ерекшеліктері, оған қызмет көрсету түрлері мен нысаны, ТҚКЖ жұмыстарын жүргізу режимі мен технологиясы, брактап шығарып тастаудың нормалары, жай-күй параметрлері, АТ-тың жұмыс істеуі және жұмысқа жарамдылығы, қолданылатын құралдардың, материалдар мен өнімдердің номенклатурасы мен сапасы, қауіпсіздік қағидасы мен шаралары - әуе кемелері (ӘК) мен авиациялық техника бұйымының тиісті үлгілік пайдалану және жөндеу құжаттамасымен беріледі.

      151. Авиациялық жұмыстар үшін пайдаланылатын ӘК-ге техникалық қызмет көрсету бригадалық-ағындық және бекітілген әдістермен жүзеге асырылады. Тиісті әдісті қолдану туралы шешімді авиациялық жұмыстарды орындаудың ерекшеліктерін, базалық және уақытша әуеайлақтарда ӘК-тің орналасу және ұшу жағдайларын негізге ала отырып, пайдаланушы қабылдайды.

      Авиациялық жұмыстарда пайдаланылатын ӘК-ге қызмет көрсетудің бригадалық-ағындық әдісі, пайдаланушы айқындаған тәртіппен базалық және уақытша әуеайлақтар жағдайларында қолданылады.

      152. Уақытша әуеайлақтарда пайдаланылатын әуе кемелеріне кезеңді техникалық қызмет көрсету нақты жұмыс кешендерін орындау үшін тиісті ПҚ шарттары бар жерлерде жүргізіледі.

      153. Кәсіби даярлықтың қажетті деңгейі бар мамандарды жұмыстарды орындау үшін уақытша әуеайлаққа жібереді. Уақытша әуеайлақтарда жұмыс тәжірибесі жоқ ИАҚ бөлімшесінің жұмыскерлері уақытша әуеайлақ жағдайларында өз бетінше ӘК-ге қызмет көрсетуге жіберілместен бұрын, қозғалмалы жанармай құю құралдарының көмегімен әуе кемелеріне жанар-жағармай құюды қоса алғанда, 10-15 күндік тағылымдамадан өтеді. Жергілікті біліктілік комиссиясы аталған мамандардың білімін тексеруді жүзеге асырады.

      Допуск специалистов к эксплуатации ВС на временном аэродроме оформляет эксплуатант.

      154. Пайдаланушыны ИАҚ уақытша әуеайлағында жұмысқа даярлау кезінде:

      1) планердің, қозғалтқыштардың және жабдықтаушы бұйымдардың қажетті ресурстарымен кемелерді іріктеу;

      2) ПҚ-ның талаптарына сәйкес және пайдаланушы әзірлейтін және бекітетін мазмұнға (тізбеге) сай қажетті құжаттамасымен, құралымен, авариялық-құтқару жабдықтарымен, қосалқы бөлшектерімен және шығыс материалдарымен әуе кемесін жабдықтау;

      3) авиациялық жұмыстарды орындау үшін әуе кемесіне аппаратура мен жабдықтарды орнату, жерде, ал қажет болған кезде (немесе бұл техникалық қызмет көрсету бағдарламасымен (регламентпен), басқа да нормативтік құжаттармен көзделген болса) сынақтық ұшуда олардың жұмысын тексеру;

      4) арнайы қолданылатын жерде қызмет көрсету құралын, АТ жай-күйін бақылау құралын, ӘК байлануын, жанар-жағармайды және авиакәсіпорын бекіткен мазмұнға (тізбеге) сәйкес басқа да мүлікті, сондай-ақ уақытша әуеайлақта ӘК-ге орнатылатын АТ бұйымдарын әзірлеу және алдын ала уақытша әуеайлақтарға жіберу қажет.

      155. Уақытша әуеайлақта АТ-ны қауіпсіз орналастыру және пайдалану, ТҚК жұмыстарын сапалы жүргізу және ӘК ұшуға даярлау үшін жағдай жасалуы, авиациялық жұмыстарды бастар алдында қамтамасыз етілуі және оларды жүргізген кезде:

      1) көтерілу-қону жолағының ӘК осы түрін қабылдауға жарамды және дайын болуы;

      2) әуе кемелерін орналастыру үшін тұрақ орындарының дайындығы;

      3) ЖЖМ қоймасының дайындығы, онда майдың болуы, сондай-ақ ӘК тұратын және жүктелетін жерлерде өртке қарсы құралдардың болуы; ( изменить

      4) тұрмыстық және қызметтік үй-жайлардың болуы және дайын болуы тиіс.

      156. Нақты уақытша әуеайлақтан ұшудың орындалуы туралы шешімді пайдаланушы АТ-ның қауіпсіз орналасуының, оған техникалық қызмет көрсету мен пайдаланудың талаптарын толық орындауды қамтамасыз етуді, әуе кемесін қабылдауға, орналасуы мен ұшуын ұйымдастыруға уақытша әуеайлақтың даярлығын, ӘК пайдаланушының құжаттамалық түрде растауын ескере отырып қабылдайды, сондай-ақ осы Қағиданың 154-тармағында көрсетілген шарттар орындалмаған кезде - мұндай әуеайлақтан ұшуларды орындауға рұқсат етілмейді.

      157. Уақытша әуеайлақтарда АТ-ны орналастыру кезінде күзетті, ӘК күзетін және олардың өрт қауіпсіздігін ұйымдастыру ПҚ мен аталған мәселелер бойынша жекелеген нормативтік құжаттардың талаптары сақтала отырып жүзеге асырылады.

      158. ӘК-ні пайдаланушы/барсі уақытша әуеайлақта тұрған ӘК техникалық пайдаланылуын жүйелі бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады, олардың ТҚКЖ өндірісін кешенді және нысаналы тексерудің кезеңділігін, кестесін, мазмұны мен тәртібін, ӘК жай-күйін, пайдаланылуын және сақталуын, техникалық пайдалануға жауапты персоналдың қызметі мен оның шарттарын айқындайды.

      159. Уақытша әуеайлақта ӘК жанармай құйылуын қамтамасыз ету үшін пайдаланушының басшысы әуе кемелеріне ЖЖМ құйылуын (есепке алуды, сақталуын және олардың сапасын бақылайтын, уақытша әуеайлақта авиациялық персонал жұмысына тікелей нұсқаулықты жүзеге асыратын адам) ұйымдастыруға, жанармай құю құралдарының техникалық жай-күйі мен дұрыс пайдаланылуына, еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтауға (ИАҚ жұмыскерлері) жауапты маманды тағайындайды. Уақытша әуеайлаққа ЖЖМ алу және жеткізу тапсырыс беруші мен ЖЖМ қызметіне жүктеледі, уақытша әуеайлаққа жеткізілген және ӘК құюға берілетін жанармай аталған жұмыстарды жүргізуге арналған ПҚ талаптарына сәйкес технологиялық даярлықтан өтуі тиіс.

      Уақытша әуеайлақтағы ӘК ЖЖМ құюды ИАҚ жұмыскері отынқұйғыш пен май құйғышты, сондай-ақ фильтрлі-суайырғыштармен жарақталған ауыспалы жанармай құю агрегаттарын пайдалана отырып жүргізеді. Тиісті фильтрэлементтері (күдері) арқылы отынды фильтрлеу арқылы этолонды сыйымдылықтағы отынды ӘК-ге құюға рұқсат беріледі. Базалық әуежайдың ЖЖМ қызметі үш айда кемінде бір рет ЖЖМ сақталуы мен сапасына, оларды сақтау мен құюдың техникалық жай-күйіне бақылау жүргізеді, ӘК-ге жанар-жағармай материалдарының құюдың талап етілетін сапасына кепілдік беретін жай-күйде жанармай құю пункттерін ұстау бойынша алдын алу іс-шараларын жүзеге асырады.

      160. Пайдаланушының қарауы бойынша ӘК шоғырланған жерлерде ИАҚ айқындайтын тәртіппен орталықтандырылған техникалық қызмет көрсету базалары құрылады.

      161. Уақытша әуеайлақтарда ӘК мен олардың ауыл шаруашылығы аппаратураларын тазалауды, жууды, газсыздандыруды ПҚ-ға сәйкес, мынадай:

      1) жұмыстың бір түрінен басқа түріне көшкен;

      2) егер кезеңді ТҚК жүргізу алдында улыхимикаттардың қалдықтарын жою талап етілген;

      3) жөндеуге жіберілген;

      4) авиациялық химиялық жұмыстарда басқа мақсаттар үшін пайдаланылатын ӘК қайта жабдықталған;

      5) улыхимикаттармен жұмыстар аяқталған;

      6) ауыл шаруашылығы аппаратураларын консервациялау алдындағы жағдайларда осы жұмыстарды орындауға жіберілген мамандар (ИАҚ жұмыскерлері) жүргізуі тиіс.

      Тазалау, жуу және газсыздандыру үшін ПҚ-да көрсетілген авиациялық-химиялық жұмыстардағы техникалық қауіпсіздік және өндірістік санитария талаптары нұсқаулыққа алынып, онда көзделген жуу және газсыздандыру құралдары қолданылады.

2–Параграф. Теңіз кемелеріндегі гидроұшақтар мен тікұшақтарға қызмет көрсету

      162. Гидроұшақтар, амфибияұшақтар, гидротікұшақтар (бұдан әрі – гидроұшақтар) жағада да және суда да сақталады және қызмет көрсетіледі, ал палубалық тікұшақтарға жағада және теңіз кемесінің бортында қызмет көрсетіледі және сонда сақталады. Жағадағы гидроұшақтарға арналған тұрақ орындары құрлықта орналасқан ӘК тұрақтарына қойылатын талаптарды қанағаттандыруы тиіс. Судағы тұрақтар айлақта – зәкір нүктелерінде (айқастырылған табан ағаштарда) және жүзгенде өздігінен бағдарланатын айлақтарда, сондай-ақ жағаға жақын - кеме тұратын айлақта немесе пирсте жабдықталады.

      Судағы тұрақтарда әуе кемесін байлау үшін, ЖЖМ-ны ыңғайлы құюды, ӘК-мен жұмыс жасайтын жерлерге еркін өтуді, қызмет көрсету құралдары мен аспаптарын орналастыруды қамтамасыз ететін керек-жарақтар болады. Тұрақтар суда әуе кемесіне қызмет көрсету құралдарымен, өртке қарсы құралдармен жарақталады, байланыспен және жарықпен қамтамасыз етіледі.

      Жағалауда гидроұшақты жағаға көтеру (суға түсіру) үшін түсіру-көтеру құралы – гидрокөтергіш орналасады.

      163. Суда орналасқан гидроұшақтарды арқандап байлау қажет. Зәкір тұрақта (айлақта, пирсте) арқандап байлау қағидасы мен құралы, сондай-ақ дауылды жел мен су қатты толқыған кезде оларды арқандап байлау ерекшеліктері пайдалану құжаттамасында белгіленеді.

      164. Гидроұшақтарға жұмыс істеуге жіберілетін инженерлік-техникалық персонал оларға суда техникалық қызмет көрсету ерекшеліктерін, оның ішінде жағаға шығару (суға түсіру), сүйрету, ӘК тұрағының орнында қарсы алу және орнату, аспапты, керек-жарақтарды және қызмет көрсету, ЖЖМ құю құралдарын қолдану қағидасын және басқа да жұмыстарды білуі қажет

      165. Теңіз кемесінің бортында палубалық тікұшаққа қызмет көрсету кезінде ұшу палубасы немесе тікұшақтың кемеде ауысуын болдырмайтын арқандап байлау құрылғыларымен және палубада қызмет көрсету құралдарымен жарақталатын арнайы тұрақ пайдаланылады.

      Кеме бортында қажетті қызмет көрсету құралдары, ЖЖМ қоры, арнайы сұйықтық, газдар, шығыс материалдары, қосалқы бұйымдар, сондай-ақ ӘК-ге жанар-жағармай материалдарын құю құралдары болады. Арнайы қолданылатын жерде қызмет көрсету құралдарының кешеніне теңіз кемесінің бортында әуе кемесін сақтау кезінде шассидің амортизацияланған тіректерінің қыслуын болдырмайтын керек-жарақтар кіреді. Тұрақта тікұшақтың бұранда қалағын теңселмес үшін бұрайды немесе алып тастайды (жинайды).

      166. Техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін мамандар жүріп келе жатқан гидроұшақты қарсы алады, айлаққа алып келіп, арқандап байлайды. Айлақтың ойығына ӘК бұруға рұқсат етілмейді.

      Айлаққа жүзіп келе жатып өздігінен бағдарланатын (бір нүктеге бекітілген) гидроұшақты желге қарсы кіргізеді. Кез-келген түрдегі айлақтың ойығына желдің күші мен бағыты бойынша әуе кемесінің осы түрі үшін пайдалану құжаттамасында белгіленген шектеулерді сақтай отырып, гидроұшақты кіргізеді. Егер желдің күші мен толқынның биіктігі белгіленгеннен асып түссе, гидроұшақты зәкірлі тұраққа алып келіп, арқандап байланады.

      167. Акватория бойынша гидроұшақты ауыстыру жүргізу немесе сүйрету арқылы жүзеге асырылады. Акватория бойынша гидроұшақты жүргізу, оның пилотына ғана рұқсат етіледі. Басқа санаттағы мамандардың жүргізуіне жол рұқсат етілмейді.

      Гидроұшақты осыған ыңғайландырылған жүзу құралдарымен (сүйреткіштермен, катерлермен, ескекті қайықтармен) сүйретеді. Гидроұшақты сүйрету кезінде оны пилот немесе басқа даярланған маман, ал сүйретуші жүзу құралын – оның экипажы басқарады. Сүйретушінің портында авиамаман, егер қажет болса ПҚ болады.

      Жүзу құралының экипажы арнайы даярлықтан өтеді, пайдаланушы басшының бұйрығымен ӘК-ні сүйретуге жібереді.

      168. ӘК-ні сүйретуді жүзеге асыратын мамандар мынандай негізгі талаптарды:

      1) желдің жылдамдығы мен бағытын, су бетінің жай-күйін және су ағысының бағытын ескере отырып, аз жылдамдықпен әуе кемесіне жақындауды және оның жанында маневр жасауды;

      2) зәкірде тұрған гидроұшаққа жел жақ бетінен (гидроұшақтың артынан), ал жылжымалыға жел жақпен жақындауды;

      3) жүзу құралының қанаты мен фюзеляжына жақындауына, сондай-ақ жүзу құралының қозғалтқышы жұмыс істеп тұрған кезде еспелі бұранда білігін сөндірместен ӘК-ге тым жақындауды болдырмауды;

      4) сүйрету үшін тек осыған ғана арналған сүйреу тростары мен түйіндерін гидроұшақта пайдалануды;

      5) рұқсат етілген жел жылдамдығы мен толқын биіктігі кезінде ұшуда пайдаланылатын нұсқаулықта көзделгеннен аспайтын жылдамдықта сүйретеді;

      6) сүйрету кезінде ӘК-нің су асты кедергілерімен соқтығысуының алдын алу, су асты кедергілерін айналып өту бойынша шаралар қабылдауды білуі және орындауы қажет.

      169. Гидроұшақ акваториясында қауіпсіз маневр жасауды қамтамасыз ету үшін:

      1) айлақтар (зәкірлі тұрақтар) гидроұшақтың су асты бөлігін бүлінуден қамтамасыз ететін тереңдікте гидротетік жағында орналастырады.

      2) айлақтар мен зәкірлі тұрақтарды бір-бірінен Әуеайлақтық қызмет жөніндегі ережеде көзделген алшақтықта орналастырады ("Гидроәуеайлақтар" бөлімі).

      Өзеннің (көлдің) фарватеріне жақын орналасқан, гидроәуеайлақтың айлағында тұрған гидроұшақтар белгілермен белгіленеді. Тәуліктің жарық кезінде ӘК-ге белгі – қара түске боялған, екі қиылысқан дөңгелек ілінеді. Ал қараңғы уақытта гидроұшаққа зәкірде тұрған гидроұшақты білдіретін зәкірлі от жағылады.

      170. Кемені арқандап байлау және сақтау кезінде ӘК-нің бүлінуінің алдын алу мақсатында айлақтардың ойығы, бөшкелер және айқастырылған табан ағаштар жұмсақ материалмен қоршалуы және брезентпен зерленуі немесе резинамен (дөңгелек қақпағымен) қапталуы тиіс.

      Гидроұшақ суда ұзақ уақыт тұрған кезде күн сайын судың деңгейіне қатысты ватерсызық деңгейі бойынша оны байлаудың сенімділігін, қалытқылардың (қайықтың) батуын тексеріп отырады. Қажет болған кезде қалытқыларда (қайықта) судың болмауын тексереді және бөлшектердегі коррозияны кетіреді, ӘК-ні ұстау үшін басқа да қажетті жұмыстарды орындайды.

      Гидроұшақтарды суда және құрлықта жүк тиеленген жай-күйде сақтауға рұқсат етілмейді.

      171. Стационалық (уақытша) түсіру-көтеру құрылғысы гидроұшақтың барынша ұшу салмағымен суға түсуін (жағаға шығуын) қамтамасыз етуі тиіс.

      Гидроұшақты жағаға шығару үшін (суға түсіру үшін) гидротүсіру жүк арбасының орнына ӘК осы түрі үшін жеткілікті ілгекті (жүк арбасы) тартқыш күші мен салмағы бар тартқышты (автомобильді, тракторды) пайдалануға болады. Тартқыштың жүргізушісі басшының бұйрығымен осы жұмыстарды орындауға даяр болуы және жіберілуі, ал тартқыш қажетті құралдармен жабдықталып, жарақталуы қажет. Әуе кемесін көтеру (түсіру) алдында жұмыстардың орындалуына жауапты лауазымды тұлға:

      1) ӘК осы түрін көтеру (түсіру) үшін түсіру-көтеру құрылғысының, сүйрету және сүйрету-көтеру тростарының, қалыптарының, жүк арбасының, тартқышың, сүйрететін арқанның жөнделгенін және жарамдылығын;

      2) Итеру шассиіндегі (арбасы) ӘК жағдайын;

      3) Түсірілетін ӘК қабылдауға айлақ акваториінің даярлығы мен жағадағы алаңның дайындығын тексереді.

      ӘК көтеру (түсіру) сағатына 5 километрден аспайтын жылдамдықпен жүргізіледі. Желге қарсы және ілеспе желден гидроұшақты 20 м/с-дан және жел теріскейден соққанда 15 м/с-дан асатын жылдамдықта көтеруге болмайды. Итеру шассиінде (арбасында) қозғалтқышы жұмыс істеп тұрған гидроұшақты көтеруге рұқсат етілмейді.

      172. Гидроұшақты жағаға шығарғаннан кейін оның қалытқыларында (қайықта), ішкі қанатында, басқа да тиуі мүмкін жерлерде судың болмауын мұқият тексереді. Теңіз акваториясында орналасқан ӘК коррозияға қарсы өңдеу жүргізіледі (тұщы сумен жуылады), оның бөлшектеріндегі коррозияны кетіреді.

      Кеме палубасында тұрақты сақталатын тікұшақты ПҚ-да белгіленген мерзімдерде, сондай-ақ теңізде төмен биіктікте ұшқаннан кейін тұщы сумен немесе арнайы сұйықтықпен өңдейді. Аталған өңдеу үшін палуба жуу жүйесімен жабдықталуы тиіс.

      173. Әуе кемесін жағаға шығаруды және суға түсіруді қоса алғанда, шұғыл ТҚК-ні қызмет көрсетудің осы түрін қамтамасыз ететін бөлімше мамандары жүзеге асырады.

      ТҚК бойынша қызмет көрсетпейтін (тиісті даярлығы бар ИТҚ болмағандықтан немесе басқа да себептер бойынша) гидроәуежайларға (уақытша әуеайлақтарға) ӘК-ні қондыру кезінде әуе кемесіне техникалық қызмет көрсету осы Қағиданың 49-тармағында айқындалатын тәртіппен жүзеге асырылады. Палубадағы тікұшақтарға жедел ТҚК-ні олар бекітілген ИТҚ жүзеге асырады.

      174. Гидроұшақтар мен палубалық тікұшақтарға кезеңді ТҚК-ні жағада қызмет көрсетудің осы түрі үшін ИАҚ-та жауапты бөлімше мамандары, қажет болған жағдайларда нақты ӘК бекітілген мамандармен бірлесіп орындайды.

      Қажетті технологиялық құралдар мен даярланған мамандар болған кезде палубалық тікұшақтарға техникалық қызмет көрсетуді теңіз кемесінің бортында жүргізуге рұқсат етіледі. Гидроұшақтар мен палубалық тіұшақтарға кезеңді ТҚК кезінде мынаған:

      1) олардың коррозиялық бүлінуін анықтауға және жоюға;

      2) коррозияға ұшырайтын ӘК элементтерін коррозияға қарсы өндеуге;

      3) гидроұшақтың су астындағы бөлігінің техникалық жай-күйін, қылталары мен люктерінің саңылаусыздығын бақылауға ерекше назар аударылады.

      175. Гидроұшақтарға ТҚК көрсету кезінде қозғалтқыштарын қосуды және сынауды, осы жұмыстарды орындауға белгіленген тәртіппен жіберілген мамандар немесе пилоттар жүргізеді. Гидроұшақ жағада және суда болған кезде жұмыс басшысының рұқсатымен қозғалтқыштарды қосады.

      Гидроұшақтарға ТҚК көрсету кезінде қозғалтқыштарын қосуды және сынауды, осы жұмыстарды орындауға белгіленген тәртіппен жіберілген мамандар немесе пилоттар жүргізеді. Гидроұшақ жағада және суда болған кезде жұмыс басшысының рұқсатымен қозғалтқыштарды қосады.

      Судағы гидроұшақтың қозғалтқышын қосуды оның пилотының ғана жүргізуіне рұқсат етіледі. Қосуға даярлықты (әуе бұрандасын бұрауды және басқа дайындық жұмыстарын) айлақта (пирсте), ал қосу мен сынауды гидроәуеайлақ айдынның белгіленген орнына гидроұшақты сүйреткеннен кейін жүргізеді.

      176. Палубалық тікұшақтарды пайдалану кезінде қолданылатын кеме механизмдері мен құралдарына қызмет көрсетуді қажетті даярлықтан өткен және кеме капитанының бұйрығымен осы жұмыстарға жіберілген кемекомандасының мамандары жүзеге асырады.

3–Параграф. Халықаралық ұшуларды орындайтын әуе кемелеріне қызмет көрсету

      177. Қазақстан Республикасының әуежайларында шетелдік ӘК және шетелдік әуежайларда, Қазақстан Республикасының азаматтық ӘК техникалық қызмет көрсету, қону немесе орналасу әуежайларында ӘК пайдаланушы/иеленушілер мен ТҚКЖ бойынша ұйымдар арасындағы жерде қызмет көрсету туралы немесе қызметтерді өзара ұсыну туралы келісімге сәйкес жүзеге асырылады.

      178. Шетелдік ӘК-ге жедель ТҚК бойынша жұмыстар оның иесінің немесе әуе кемесі экипажы мүшесінің қатысуымен орындалады.

      Жұмыстарды орындау тиісті тапсырманың орындалғаны, ТҚК жүргізген ИАҚ мамандардың топ басшысы мен ӘК иесі өкілінің (немесе ӘК экипажының мүшесінің) қолымен растала отырып, наряд-карталарда (техникалық көмек көрсету нарядтарында) ресімделеді.

      179. Тараптар қабылдаған келісім шеңберінен шығатын қосымша жұмыстар мен техникалық қызметтерге арналған өтінім жеке наряд-картамен ресімделеді.

      180. Тұрақты ұшатын шетелдік әуе кемелеріне ТҚК үшін тараптардың қарауы бойынша әуежайларда жекелеген бөлімшелер құрылған әрі жұмыстарды жүргізуді тиімді ұйымдастыру үшін қажетті нұсқамалық-технологиялық құжаттама әзірленеді.

      181. Шетелдік әуе кемелерін міндетті тексеруге байланысты жұмыстар орындаушының және бақылау-өткізу пункті кезекшісінің қолдарымен қарап тексеруді растай отырып, қарап тексеру карталарымен ресімделеді.

      182. Шетелдік әуежайларда ҚР пайдаланушыларының ӘК-леріне техникалық қызмет көрсету ӘК-нің нақты түріне аналған ПҚ-ге сәйкес жүргізіледі. Шетелдік әуежайда ӘК осы түріне дербес техникалық қызмет көрсетуге жіберілген ИТҚ болмаған жағдайда (немесе қону пунктінде ТҚК бойынша қызметтер өзге себептермен ұсынылмаса), ӘК техникалық қызмет көрсетуді мамандар бригадасы орындайды, оларды ӘК қонатын жерге жеткізу (оның ішінде экипаж құрамына қосу арқылы), жұмысын ұйымдастыру және қамтамасыз ету ИАҚ пайдаланушының (ӘК иесінің) құзыретіне жатады. Аталған бригаданың құрамы мен оның функциясын пайдаланушы (ӘК барсі) ПҚ талаптары мен басқа да нормативтік құжаттарды ескере отырып айқындайды. ( изменить

      183. ӘК иесінің өкілі ИАҚ маманы шетелдік әуежайларда ӘК-ге жанар-жағармай материалдарының құйылуын, құйылатын ЖЖМ-ның ПҚ талаптарына сәйкестігін бақылауды жүзеге асырады. Уәкілетті органның нұсқаулығы мен тараптар келісіміне сәйкес ЖЖМ алуға арналған құжаттар ресімделеді.

      Шетелдік әуежайларда ұшуды орындайтын ӘК пайдаланушы/иесі өз өкілдігінің ИТҚ-сын ИАҚ басшысы айқындайтын кешенде пайдалану құжаттамасымен қамтамасыз етеді.

9-тарау. Әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету

      Ескерту. 9-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.07.2019 № 577 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1–Параграф. Қамтамасыз етуді ұйымдастыру

      185. Әуе кемелеріне ТҚ-ны қамтамасыз ету деп мақсаты негізгі процесті – техникалық қызмет көрсету жұмыстарын жүргізуді тиімді жүзеге асыру үшін жағдай жасау болып табылатын қосалқы қызмет түрлері түсініледі. ТҚ-ны қамтамасыз етуге мыналар жатады:

      1) өндірісті дайындау;

      2) өндірістік процестерді технологиялық-конструкторлық және метрологиялық сүйемелдеу;

      3) негізгі процестің жалпы пайдаланылатын жер үсті қызмет көрсету құралдарына, көлікке, авиатехникалық және шаруашылық-тұрмыстық мүлікке, ұйымдастыру техникасына, электронды есептеу құралдарына, ЖЖМ-ға, өрт сөндіру құралдарына, ақпараттық қызметтерге және т.б. қажеттілігін қанағаттандыру;

      4) байланысты, жылумен, электрмен, сумен, газбен жабдықтауды, ӘК-ні және өндірістік объектілерді күзетуді ұйымдастыру;

      5) ӘК тұратын жерлерді, ӘК дегазациялау және деактивизациялау алаңдарын, тазалық құрылыстарын және басқаларды жабдықтау және ұстау.

      186. Технологиялық жабдықтың техникалық жай-күйі тексерілгеннен, түгендеу нөмірі берілгеннен және тізілімге енгізілгеннен кейін ғана олар пайдалануға жіберіледі. Бұл ретте зауытта дайындалған, пайдалануға жіберілетін жаңа жабдықтың ПҚ, қауіпсіздік техникасы жөніндегі нұсқаулықтары, монтаждаудың дұрыстығын тексеру актілері болуға тиіс.

      ИАҚ-та дайындалған немесе қайта жаңартылған жабдық пайдалануға жіберуден бұрын метрологиялық сараптамадан, аттестаттаудан және сынақтан өткізіліп, олардың нәтижелері комиссия актісінде көрсетіледі, ресімделген техникалық құжаттама (паспорт, формуляр, пайдалану жөніндегі нұсқаулық және т.б.) болады.

      187. Технологиялық жабдық қолданыстағы стандарттарда белгіленген түстерге боялады. Ақаулы, сондай-ақ рұқсат етілмейтін түстерге боялған жабдық пайдалануға жіберілмейді.

      188. Әртүрлі үлгідегі күш жетектері бар жабдық, көтеру-көлік механизмдері, барлық үлгідегі компрессорлық және энергетикалық құрылғылар, станоктық және пісіру жабдығы, сығылған газдар мен улы заттарды сақтауға арналған ыдыстар паспортталуға тиіс.

      189. Әдеттегі жағдайда бөлімшелерде пайдаланылатын технологиялық жабдық оларға бекітіліп, тізілімдеріне енгізіледі. Технологиялық жабдық тізілімдері, сондай-ақ оның бұйымдарына арналған формулярларды (паспорттарды) өздерінің қарауындағы технологиялық құралдарды пайдалану үшін жауапты бөлімшелердің басшылары жүргізеді.

      190. ТҚ үшін пайдаланылатын технологиялық құралдардың авиациялық техникасын, пайдалану, оларды қолдану, жарамдылығын тексеру, сынау, жөндеу және сақтау технологиялық жабдықтың нақты түрлері мен бұйымдарына арналған ПҚ талаптарына сәйкес жүргізіледі.

      191. АТ жай-күйін бақылау үшін АА-да пайдалануға қабылданған, мерзімді метрологиялық тексеруден өткен құралдар (тұрақты және көшпелі құрылғылар, керек-жарақтар, стенділер, құрылғылар, аспаптар мен аппаратура, оның ішінде қиратпайтын бақылау құралдары) пайдаланылады.

      ИАҚ, АА және метрологиялық аттестаттау мен тексеруден өткен басқа ұйымдардың күшімен дайындалған стандартталмаған құралдарды бекітілген әдістемелер бойынша пайдалануға рұқсат етіледі. АТ-ның жай-күйін бақылаудың стандартталмаған құралдарын белгіленген құжаттама – куәліктер, пайдалану жөніндегі нұсқаулықтар және олардың формулярларында (паспорттарында) тиісті жазбалар ресімделгеннен кейін пайдалануға рұқсат етіледі.

      192. Жарамсыз, тексеру мерзімі өткен, белгіленген шарттар мен қағидаларды бұза отырып сақталған және тасымалданған құралдарды пайдалануға рұқсат етілмейді.

Параграф2. Өндірісті дайындау

      193.Өндірісті дайындау базалық өндірістік процестердің жоспарлы бірқалыптылығын, ӘК-нің әртүрлі күйде болуының белгіленген мерзімін нақты сақтау мүддесінде өндірістік құрылымдарды мамандандыруды тиімді жүзеге асыруды қамтамасыз ететін, алдын ала орындалатын дайындық-қосалқы жұмыстар кешенін білдіреді. Ол өндірісті дайындау бөлімшесі орындайтын жұмыстарды қамтиды:

      1) техникалық қызмет көрсету үшін қажетті бұйымдарды, бөлшектерді, материалдарды, құралдар мен жабдықты алдын ала жиынтықтау;

      2) жиынтықталған авиатехникалық мүлікті орындаушылардың жұмыс орындарына жеткізу және оларды жұмыс орындарынан жинау;

      3) қажеттілік техникалық қызмет көрсету процесінде анықталатын аваитехникалық мүлікпен жұмыс орындарын жедел қамтамасыз ету;

      4) құралдық және жиынтықтаушы шаруашылықты жүргізу, құралдық және шығыс қоймасының жұмысын ұйымдастыру;

      5) авиатехникалық мүліктің шығысын есепке алу және оған қажеттілікті айқындау;

      6) бригадалар мен орындаушыларға авиатехникалық мүлікті беру;

      7) авиатехникалық мүлік пен басқа да материалдарды сатып алуға өтінімдер жасау.

      194. Мыналар ИАҚ-та өндірісті дайындауды жоспарлау мен ұйымдастыру (ТҚКЖ бойынша ұйымдастыру) үшін бастапқы деректер болып табылады:

      1) әуе кемелерінің жоспарланатын жылдық ұшу сағаттары;

      2) олардың түрлері, нысандары және тіркелген және транзиттік ӘК үлгілері бойынша техникалық қызмет көрсету саны, жоспарланатын кезеңде оларды жүргізу мерзімдері;

      3) айырбас қоры материалдарының, бұйымдар мен бөлшектерінің, авиатехникалық мүліктің азаймайтын қорының, құралдар жиынтықтарының, жер үсті қызмет көрсету құралдарының, цехаралық және цехішілік көліктің әрбір қызмет көрсету нысанына арналған шығыс нормасы;

      4) дайындық-қосалқы жұмыстарға нормативтік еңбек шығындары.

      195. АТ-ға қызмет көрсетуге қажетті құрал, керек-жарақтар мен мүлік нақты объектілер мен жұмыстар кешендеріне арналған ПҚ негізінде ИАҚ әзірлейтін жиынтықтау ведомостеріне сәйкес жиынтықталады. АТ-дағы жұмыстар үшін пайдаланылатын құрал мен керек-жарақтар есепке алу, қабылдау-беруді және керек-жарақты тіркеу мақсатында шифрлермен (1-қосымша) таңбаланады.

      196. Құралдар мен керек-жарақтар (жұмыс түріне қарай) жеке және жалпы пайдаланымдағы жиынтықтарға бөлініп, оларға тізімдеме жасалады.

      Жеке және жалпы пайдаланымдағы құрал мен керек-жарақтар жиынтықтары (тізімдеме бойынша тексеріліп) әуе кемесіне қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды орындау уақытына бригадаларға немесе жеке орындаушыларға беріледі.

      Жалпы пайдаланымдағы құрал мен керек-жарақтар жиынтықтары сақталатын заттардан басқа беруге арналған құжаттама салынған контейнерлерге салынып сақталады.

      197. Авиациялық-техникалық мүлік, жиынтықтаушы бұйымдар, құрал мен керек-жарақтар оларды бақылаусыз пайдалану мүмкіндігін болғызбайтын жерлерде сақталуға тиіс. Жиынтықтаушы бұйымдардың паспорттары (жапсырмалары) мен биркалары болуға тиіс, оларда атауы, нөмірі мен санаты көрсетіледі. Жарамды жиынтықтаушы бұйымдарды, бөлшектер мен материалдарды ақаулы (жөндеу талап етілетін, есептен шығарылған) және кондицияланбағандармен бірге сақтауға рұқсат етілмейді.

      Авиатехникалық мүлікті ИАҚ-та сақтаған кезде:

      1) бұйымдар мен материалдардың сақталуы үшін лауазымды адамдардың жеке материалдық жауапкершілігін белгілеу;

      2) бұйымдар мен материалдарды штаттық ыдыста және олар үшін ПҚ-да белгіленген шарттарда ұстау;

      3) бұйымдарда пайдалану құжаттамасында көзделген регламенттік жұмыстарды орындау қажет.

      198. Қоймада сақтаудағы және ИАҚ бөлімшелері беретін авиатехникалық мүлік материалдық құндылықтарды бухгалтерлік есепке алу жөніндегі талаптармен айқындалатын тәртіппен есепке алынады. Бұйымдарды объектіге орнату үшін беру (әдеттегі жағдайда) белгіленген үлгідегі өтінім (талап) негізінде және әдетте, АТ бортынан алынған бұйымдарға айырбасталып беріледі. ( изменить

      199. Бұйымдардың айырбас қоры, сондай-ақ ресурсын орындап болғандарын ауыстыруға арналған бұйымдар жиынтықтау ведомостері мен авиакәсіпорындар әзірлейтін және жасайтын бұйымдарды жоспарлы ауыстыру тізімдеріне сәйкес жасақтайды.

      200. Сақталатын бұйымдарға қызмет көрсетуді, бұл жағдайда нарядтар мен формулярлар ресімдеуді көрсетілген жұмыстарды жүргізуге рұқсат етілген мамандар ПҚ талаптарына сәйкес жүргізеді.

      201. ӘК-ге орнатуға және жұмыс орындарына қажетті регламенттік жұмыстар орындалған, құжаттамасы (формулярлар, паспорттар) ресімделген, тұйықталған және пломбаланған тесіктері бар, тасымалдау кезінде бұйымның сақталуын қамтамасыз ететін қораптағы кондициялық бұйымдар жеткізіледі.

      202. Техникалық параметрлердің нормасына сәйкестігін тексеру, ТҚКЖ орындау үшін ӘК-ден алынған АТ бұйымдары тиісті бөлімшелерге жіберіледі. Қажетті жұмыстар орындалғаннан кейін бұйымдар ӘК-ге орнату үшін қайтарылады немесе айырбастау қорына (шығыс қоймасы) беріледі.

      203. ӘК-ден алынған бұйымдарда тесіктері тұйықталып, жұмыстар басшысының алу себебі туралы қорытындысымен бірге құжаттама ресімделуге тиіс. Жөндеуге жататын бұйым консервацияланады, формулярлармен (паспорттармен) бірге оралады, оларда қолданыстағы құжаттама талаптарына сәйкес жұмыс істегені мен алу себебі көрсетіледі.

      204. Конструкциясында қымбат бағалы материалдар мен тастар бар АТ бұйымдарын, есепке алу, жинау, сақтау және беру тәртібі қымбат бағалы материалдар мен тастарды есепке алу, жинау, сақтау және Мемлекеттік қорға тапсыруды регламенттейтін нормативтік құжат талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

      205. Құрал, керек-жарақтар, шығыс материалдары, қосалқы бөлшектер, ПҚ, жер үсті қызмет көрсету және АТ жай-күйін бақылау құралдары орналастырылатын жұмыс орындарына (жұмыс орны орындаушының (орындаушылардың) жұмыс орнын білдіреді) қызмет көрсету аваиакәсіпорын әзірлейтін технологиялық карталар бойынша жүзеге асырылады. Технологиялық карталарда жұмыс орындарын дайындау және жинау жөніндегі жұмыстардың құрамы, оларды жабдықпен, құралмен, керек-жарақпен, мүлікпен жиынтықтау туралы, қажетті құралдарды беру және жинау мерзімдері туралы мәліметтер көрсетіледі.

3–Параграф. Технологиялық-конструкторлық қамтамасыз ету

      206. Авиациялық техникаға ТҚК жөніндегі жұмыстарды технологиялық-конструкторлық қамтамасыз ету үшін пайдаланушы мен ТҚКЖ жөніндегі ұйымдар мамандандырылған бөлімшелер құрады не оны жүзеге асыруды жеке қызметкерлерге жүктейді.

      207. Технологиялық-конструкторлық қамтамасыз ету мынаны қамтиды:

      1) авиациялық техникаға ТҚК-ді ұйымдастыруды жетілдіру;

      2) технологиялық процестер мен техникалық бақылау құралдарының жаңаларын әзірлеу және енгізу әрі қолданыстағыларын жетілдіру;

      3) ПҚ-да көзделмеген жұмыстарды орындауға технологиялық нұсқаулар (карталар) дайындау, оларды жұмыс орындарында сынау;

      4) жұмыс орындарын дайындау мен жинауға арналған технологиялық карталарды әзірлеу;

      5) қызмет көрсету нысандары бойынша авиатехникалық мүлікті жиынтықтау ведомостерін жасау және пысықтау;

      6) ТҚК регламенттерін, технологиялық нұсқамаларды және басқа құжаттарды жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу, өнеркәсіпке авиациялық техниканың конструкциялық және өндірістік кемшіліктерін жою жөнінде талаптар қою үшін материалдар дайындау;

      7) жаңа борттық және технологиялық жабдық, АТ-ға жер үсті қызмет көрсету құралдарын, құралдарды, керек-жарақты, жабдықты жұмыс орындарына орналастыру схемаларын жетілдіру, әзірлеу және енгізуге қатысу;

      8) мамандандырылған жұмыс орындарына жұмыс түрлері мен оларды орындау қағидалары, жабдықтың, құралдың жиынтығы мен технологиялық карталар, жұмыс орындарын ұстауға қойылатын талаптар мен оны тексеру кезеңділігі көрсетілген паспорттарды жасау;

      9) авиациялық техникаға әр операция және әр кезең бойынша ведомостерді, авиациялық техникаға қызмет көрсетудің технологиялық кестелерін жасау;

      10) ұшуда пайдалану жөніндегі нұсқаулықтардың борттағы даналарына өзгерістер енгізу;

      11) бақылау даналарын жүргізу, ТҚКЖ жөніндегі ұйым құжатымен айқындалатын тәртіппен технологиялық құжаттаманың бақылау даналарын жүргізу;

      12) қайтару-айырбастау қоры мен айналмайтын қор бұйымдарының тізбелерін әзірлеу.

      208. Технологиялық-конструкторлық қамтамасыз етудің тиімді болуы мақсатында ӘК үлгілері мен жабдық түрлері жеке мамандарға бекітіліп беріледі, олар:

      1) ӘК-нің және оның жабдығының жиынтықталуын бақылауды;

      2) әуе кемелеріне арналған нөмірлік және кеме құжаттамасы бойынша жиынтықталуды және ресімдеудің дұрыстығын тексеруді;

      3) ӘК мен АТ бұйымдарына арналған бюллетеньдердің түсуін есепке алуды, олардың сақталуын;

      4) ӘК-ні жөндеуге тапсыруға қатысуды, оларды жөндеуден және дайындаушы зауыттардан алуды;

      5) ӘК-ні қайта жарақтауды ұйымдастыруды және бақылауды қамтамасыз етеді.

4–Параграф. Метрологиялық қамтамасыз ету

      209. Әуе кемелерге ТҚ-ны кезінде метрологиялық бақылауды жүзеге асыру дың негізгі мақстаы болып мыналар табылады:

      1) мемлекеттік метрологиялық қызметпен немесе басқа акредиттелген заңды тұлғалармен өлшеу қуралдарын түгендеуді уақтылы қамтамасыз етуі (бақылау-өлшеу құрылғылары бақылау –тексеру апаратары);

      2) өлшеу құралдарының түгендеу/калибрлеуді жүргізудің кестесін бақылауды сақтау;

      3) метрологиялық сараптаманың жүргізілуінің тәртібін бекіту және құжаттардың дайындалатын түрін анықтау (конструкторлық, технологиялық, пайдаланымдық және жөндеушілік)

Параграф5. Авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз етудің басқа түрлерінің ерекшеліктері

      210. ТҚК кезінде пайдаланылатын арнайы машиналармен – жалпы пайдаланымдағы жер үсті қызмет көрсетудің жылжымалы, автомобиль шассиінде орындалған құралдарымен қамтамасыз ету пайдаланушымен және ТҚКЖ жөніндегі ұйыммен жасалған шарттар негізінде әуежайдың мамандандырылған бөлімшесіне жүктеледі. ( изменить

      Арнайы көлік жүргізушісі мен персоналы даярланған болуға және арнайы машина мен оның жабдығын пайдалануға рұқсаты болуға тиіс.

      ТҚК-ді қамтамасыз ету үшін келетін арнайы көліктің ӘК-ге кіруі (ӘК-ден кетуі) осы кемедегі ТҚК жұмыстарының жетекшісінен тапсырма алған маманның командасы бойынша жүргізіледі.

      Көрсетілген құралдарды пайдаланатын мамандардың тиісті даярлығы мен олармен жұмыс істеуге рұқсаты болуға тиіс.

10-тарау. ӘК-ні пайдалану кезінде әуе кемелерінде орындалатын жұмыстардың жалпы түрлері

      Ескерту. 10-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.07.2019 № 577 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1–Параграф. Ұшақтардың арнайы жабдығын күтіп ұстау қағидасы

      211. Ұшақтардың арнайы жабдығын реттеу (аспапты немесе механизмді тексеру және реттеу) қолданыстағы нұқсаулықтарға сәйкес:

      1) авиациялық техникаға сәулелену қарқынының бағытын, таралуын және бұйымның жұмыс режимін өзгертуі мүмкін антенналар мен бұйымдарды орнатқан (ауыстырған) кезде;

      2) бұйымның осы үлгісін техникалық пайдалану жөніндегі нұсқаулықта және осы бұйымдар орнатылған авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету регламенттерінде көзделген мерзімде жүргізіледі.

      212. Арнайы жабдық бұйымдарының девиациясын айқындауды және азайтуды, девиация кестелерін жасауды, сондай-ақ олардың болуын бақылауды бөлімшелердің штурмандары немесе экипаж АТ-ға техникалық қызмет көрсету жөніндегі тиісті мамандарды тарта отырып жүргізеді.

      213. Әуеайлақ жағдайларында пайдалану кезінде реттеу үшін арнайы құрылғылары (бұрандалары) бар арнайы жабдық бұйымдарын реттеу инженердің міндетті түрде қадағалауымен жүзеге асырылады.

      214. Ұшақтардың арнайы жабдығын пайдалану кезінде:

      1) жабдық қосылыстарының схемасына өзгерістер енгізуге және егер бұл қолданыстағы техникалық құжаттамада көзделмесе, бір үлгідегі (маркадағы) аппаратураны, аспаптарды, олардың бөлшектері мен электр сымдарын басқа үлгідегі (маркадағы, модификациядағы) бұйымдарға ауыстыруға;

      2) бұйымдардың элементтерін қайта монтаждауға немесе қайта орналастыруға және экрандау мен металдауды бұзуға;

      3) металдандыру сымдары мен маңдайшаларының қиылысын өзгертуге, сымдардың бос ұштарын тұйықтамай қалдыруға, жгуттардың байлануын бұзуға;

      4) аспаптар мен агрегаттарды қышқылдармен, сілтілермен және басқа химикаттармен бірге сақтауға;

      5) аспаптар мен агрегаттарды арнайы жабдықталған шанақтары немесе амортизациясы бар контейнерлері жоқ жүк автомашиналарында тасымалдауға;

      6) схемада көзделгеннен гөрі үлкен токқа есептелген сақтандырғыштар мен қорғау автоматтарын пайдалануға;

      7) байланыс нүктелерін, коллекторларды тазарту үшін, сондай-ақ щеткаларды ысқылау үшін зімпара қағазын пайдалануға;

      8) кернеу астындағы бұйымдарда монтаждау және бұзу жұмыстарын орындауға;

      9) авиациялық техниканың дұрыс жұмыс істемеуінің себебі анықталмаған және жойылмаған кезде оны пайдалануға рұқсат етілмейді.

      215. Радиожабдықты қарау және оны күтіп ұстау кезінде мынадай шарттар орындалады:

      1) фюзеляжішілік антенна сымы авиациялық техника конструкциясының элементтерінен кемінде 50 мм арақашықтықтағы тірек изоляторларына салынуға тиіс;

      2) радиожабдық кедергілерінің деңгейі ұшақтың осы түрі үшін белгіленген шектерде болуға тиіс. Кедергіден қорғайтын барлық құрылғылар ақаусыз болуға тиіс;

      3) жұмыс істеп тұрған радиолокациялық станцияның сәулеленуі басқа авиациялық техникадағы ұқсас жабдық антенналарының, сондай-ақ таяу маңдағы адамдардың сәулелену мүмкіндігін болдырмайтындай бағыттау керек.

      216. Радиожабдықты тексеріп және оны күтіп ұстау кезінде:

      1) радиоаппаратура қондырғыларының дайындаушы зауыттардың арнайы талаптарында көзделген жиынтығын бұзуға;

      2) антенна құрылғыларының изоляторларын, олардың айналдырғыштары мен радиолокаторлардың антенналарын технологияда көзделмеген бояумен бояуға;

      3) аппаратура бұйымдарының қозғалыстағы элементтерін жұмыс режимінде дұрыстауды және реттеуді жүргізуге;

      4) ақаулы, қызмет көрсетуші персоналды электр тогымен зақымданудан қорғауға арналған құрылығылары бар радиожабдықты пайдалануға;

      5) бұйымдармен жұмыс істеген кезде оларды жылу берілісін нашарлататын заттармен жабуға;

      6) майысқан жерлері бар, геометриялақ пішіні өзгерген, жұмыс імтейтін беткі қабаттарының ақауы бар антенналарды, олардың шағылыстырғыштарын және толқынбергіштерді пайдалануға;

      7) аппаратураның жұмысқа қабілетін қалпына келтіру кезінде техникалық параметрлері техникалық сипаттамалар мен схемаларда көрсетілген деректерге сәйкес келмейтін бұйымдар мен материалдарды пайдалануға;

      8) радиожабдықты бұзу, сақтау және тасымалдау кезінде толқынбергіштердің ұштары мен құбыржолдардың штуцерлерін оларға шаңның, ылғалдың немесе бөгде заттардың түсуінен қорғайтын арнайы тығындағыштармен жаппай қалдыруға жол берілмейді.

      217. Аспап жабдығын қарау және оларды күтіп ұстау кезінде мынадай шарттар орындалады:

      1) барометрикалық биіктік өлшегіштердің тексеруді және олардың көрсеткіштерін түзетуді есептеуді ҚР Көлік және коммуникация министрлігі бекіткен нұсқаулық бойынша жүргізу; ( изменить

      2) техникалық құжаттамада көзделген үлгілер мен қималардағы құбыржолдар мен дюритті қосылыстарды орнату;

      3) авиациялық техникаға компастардың девиациясына әсер ететін агрегаттарды немесе қосымша жабдықты әрбір орнатқан сайын және жаңа компас жиынтығын орнантқаннан кейін компастардың девиациясын айқындау және азайту;

      4) авиациялық аспаптарға қорек беретін құбыржолдардың герметикалы болуын қамтамасыз ету, бұл ретте күрт бүгуге, сығуға жол бермеу және оларды авиациялық техниканың конструктивтік элементтерімен жанасудан қорғау;

      5) икемді білікшелердің 150 мм-ден кем радиусы бар бүгілісі болмауға тиіс;

      6) термометрлердің компенсаторлық сымдарының бұйымдардың ыстық элементтерімен жанасуына жол бермеу;

      7) авиациялық аспаптардың қорек жүйесін үрлеу үшін пайдаланылатын сығылған ауаның қысымы 2 кг/см2-ден аспауға тиіс.

      218. Конструкциясына гироскопиялық элементтер кіретін бұйымдарды пайдалану және жөндеу кезінде:

      1) жұмыс істемейтін және арретирленген гироскоптары бар бұйымдарды сілкілеуге және ұруға;

      2) бұйымдарды гироскопиялық элементтерді қорғаудың арнайы шараларынсыз тасымалдауға;

      3) аспап тақтайларынның және құбыржолдардың байлануының амортизациясын бұзуға;

      4) авиациялық аспаптардың қорек жүйелерін жуу және үрлеу үшін құбыржолдардың коррозиясын туындататын сұйықтықтарды немесе газдарды пайдалануға;

      5) АТ-дағы аспаптарды тексеру уақытында құбыржолдардағы қысымды күрт өзгертуге;

      6) термометрлердің компенсаторлық сымдарын қысқартуға не ұзартуға;

      7) борттық өздігінен жазғыштарға технологиялық нұсқауларда көзделмеген таспа орнатуға жол берілмейді.

      219. Оттегілік жабдықты қарау және оны күтіп ұстау кезінде мынадай шарттар орындалады:

      1) барлық оттегі баллондарын тексеру және Мемқалатехқадағалау нұсқаулықтарына сәйкес сынау; ( изменить

      2) оттегі жүйелерінің монтажын оттегі жабдығымен жұмыс істеу қағидаларын білетін адамдар орындауға тиіс; оттегі маймен қосылған кезде жарылыс қаупі бар екенін есте ұстау қажет;

      3) оттегі жүйелеріне техникалық қызмет көрсету кезінде қолданылатын құрал хромдалған, таза болуға тиіс және оны басқа жұмыстар үшін пайдалануға болмайды.

      220. Оттегі жабдығын қарау және оны күтіп ұстау кезінде:

      1) оттегі жабдығының маңында жалындау көздерін пайдалануға;

      2) жүйеде оттегі қысымы болған кезде құбыржолдарды ажыратуға байланысты қандай да бір жұмыстарды жүргізуге;

      3) борттық және көшпелі баллондарды рұқсат етілетін шамадан жоғары қысымға дейін толтыруға;

      4) толтыру үшін паспорттары мен "Медициналық оттегі" деген жазуы жоқ оттегіні, сондай-ақ техникалық құжаттардың талаптарын қанағаттандырмайтын оттегіні пайдалануға;

      5) үй-жайда оттегі толтырылған баллондарды сығылған күйдегі басқа газдармен, қышқылдармен, майлармен және тоң май заттарымен бірге сақтауға;

      6) баллондардың бұрандаларын нұсқаулықта көзделмеген қандай да бір жақпамен майлауға;

      7) жарамдылық мерзімі өткен баллондарды пайдалануға;

      8) электр сымдары жгуттарының оттегі жүйесінің құбыржолдарына тиюіне және жгуттарды олармен бекітуге;

      9) оттегі құбыржолдарын осы мақсат үшін көзделмеген дәнекерлеуіштермен жалғауға жол берілмейді.

      221. Электр жабдығын тексеріп қарау және оларды күтіп ұстау кезінде мынадай шарттар орындалады:

      1) электр қондырғыларын тексеріп қарауды борттың электр желісін токсыздандырып жүргізу; егер тексеріп қарау кернеу үстінде орындалатын болса, қысқа тұйықталуды және токпен зақындануды болдырмау үшін ерекше сақ болу; ( изменить

      2) штепсельді ажыратқыштарды (ШР және ШРГ) таза ұстау, механикалық зақымдануды, бекітудің босауына, қышқылдануға, оларға ылғалдың түсуіне жол бермеу;

      сақтандырғыштарды осы тізбектің электр схемасында көзделген ток күшіне ғана ортану;

      кернеудің болуын аспаппен ғана тексеру, "ұшқынмен" тексеруге жол бермеу.

      222. Электр жабдығын тексеріп қарау және оларды күтіп ұстау кезінде:

      1) тарату құрылғыларының электр қалқандарын, тарату қораптарын, аппаратураның клемді панельдерін ашық қалдыруға;

      2) отынды құю және төгу кезінде, отын аққан кезде электр энергиясының көздерін қосуға және сөндіруге әрі электр жабдығын тексеруге;

      3) отын бактары орналасқан бөліктерінде және бензинмен жаңа ғана жуылған жерлерде сымдарды жалғауға;

      4) оттегімен жалғауды пайдалануға;

      5) осы жүйе үшін көзделмеген үлгідегі және қуаттағы жарық беру және сигнал беру шамдарын, жартылай өткізгіш диодтарды орнатуға;

      6)ақауларды жою үшін пайдалану шарттарында желіні қорғау автоматтарын, сөндіргіштерді, қайта қосқыштарды және түпкі сөндіргіштерді ашуға және бұзуға;

      7) технологияда көзделмеген оқшаулау материалдарын пайдалануға;

      8) бақылау разряды кезінде номиналды 75%-дан төмен сыйымдылығы бар борттық оттегі аккумуляторларын пайдалануға;

      9) қышқылды және сілтілі аккумуляторларды бір жерде сақтауға немесе бір уақытта толтыруға;

      10) сымдарды монтаждау схемасында көзделмеген жерлерге қосуға;

      11) бір байланыс болтына екіден артық сым, сондай-ақ қимасы жағынан айтарлықтай ерекшеленетін сымдарды қосуға;

      12) тізбегінде конденсаторлар бар жабдықты тексеру үшін мегомметрлерді пайдалануға (олардың тұрып қалуын болдырмау үшін);

      13) кернеуі (жиілігі) рұқсат етілген шектерге сыймайтын әуеайлақтық электр энергиясы көздерін пайдалануға;

      14) жүктемесі бар әуеайлақтық қорек көзінің борттық штепсельді ажыратқышын қосуға және ажыратуға жол берілмейді.

2–Параграф. Әуе кемелеріне жанар-жағармай материалдарын құю

      223. Әуе кемелеріне ЖЖМ құю және олардың сапасын бақылау жөніндегі жұмыстар осы жұмыстарды жүргізуге арналған ПҚ талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. Мамандандырылған бөлімшелер – ЖЖМ қызметтері мен арнайы көлік қызметтері ЖЖМ сапасы мен отын құю құралдарының жай-күйін қамтамасыз етеді.

      ӘК-ге отын құю жұмыс қауіпсіздігінің, отын құю, сақтау және тасымалдау кезінде ЖЖМ шығынын болғызбау шаралары қамтамасыз етіле отырып тек кондицияланған және пайдалануға дайындалған ЖЖМ-мен жүргізіледі.

      Уәкілетті органның жеке нормативтік құжатында айтылған жағдайларды қоспағанда, бортта жолаушылар болған кезде әуе кемесіне ЖЖМ құюға жол берілмейді. ( изменить

      224. ЖЖМ қызметі ЖЖМ-ны зертханалық талдауды жүргізеді және оларға көзделген құжаттарды ресімдейді. Жергілікті әуе желілерінің әуежайлары мен уақытша әуеайлақтарды қоса алғанда, барлық жағдайларда зертханалық талдау құжаттары ресімделген ЖЖМ пайдаланылады.

      Күн сайын әуеайлақта отынды, май мен арнайы сұйықтықтарды бақылауды жүзеге асыру, отын құю құралдарын тексеру ЖЖМ қызметінің мамандарына, қажет болған жағдайда әуежайдың басқа қызметтерінің даярланған жұмыскерлеріне жүктеледі.

      225. Әуе кемесіне ЖЖМ құю жауапкершілігінде ӘК бар лауазымды адамның рұқсатымен жүргізіледі. Отын құюға рұқсат беретін адамдар және оны жүзеге асыратын жұмыскерлер жүргізілетін жұмыстардың сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

      226. Әуе кемелеріне ЖЖМ құю оларды пайдалану жөніндегі құжаттардың талаптарына сәйкес орталықтандырылған отын құю жүйелерінің, арнайы машиналардың және басқа да отын құю құралдарының көмегімен жүргізіледі. Бұл құралдардың таратқыш құрылғылары ақаусыз және таза болуға, сүзгілердің қақпақтары мен құятын ауыздары белгіленген тәртіппен пломбалануға тиіс. Отын құю құралдары бақылап тексерілгеннен кейін ғана пайдалануға жіберіледі.

      227. Ұшуға қажетті отын мөлшерін ӘК командирі айқындайды. Құйылатын отын мөлшері туралы шешім оның кеме багындағы қалдығы ескеріле отырып қабылданады. Отын қалдығын өлшеуді осы жұмыстарды жүргізуге арналған ПҚ талаптарына сәйкес бортинженер (бортмеханик, ұшқыш), ал кеме ИАҚ-қа берілген жағдайда – ӘК-ні күтіп алатын авиатехник (тұрақ бойынша кезекші) жүргізеді. Ұшуы жоспарланбаған әуе кемелеріне отын осы ӘК түріне арналған құжатта айқындалған мөлшерде ұшып келген соң құйылады.

      ӘК-нің ұшуына нақты отын құюға арналған талапты бортинженер (бортмеханик, ұшқыш) жазып береді. Бақылау талонының нөмірі көрсетілген ЖЖМ-ға арналған талап көшірмесі ұшуға арналған тапсырмаға тіркеледі. ( изменить

      ТҚК жүргізудің технологиялық мұқтаждарына қажетті отынға арналған талапты әуе кемесіне ТҚК жөніндегі жұмыстардың жетекшісі жазып береді. Отын құйылғаннан кейін ӘК-ні ұшуға шығаруға жауапты авиатехник борт журналына және наряд картасына ұшудан кейінгі нақты отын қалдығы, құйылған отын мөлшері және оның бактардағы жиынтық мөлшері туралы жазады. Егер бұдан кейін үстеме отын құю жүргізілген болса, онда үстеме құйылған отынның мөлшері мен үстеме отын құйылғанна кейінгі жиынтық мөлшері жазылады.

      228. АА ұйымында қабылданған өндірістік функцияларды бөлуге сәйкес ӘК-ге отын мен май құюды ЖЖМ, арнайы көлік, ИАҚ және тағы басқа осы жұмыстарды жүргізуге жіберілген жұмыскерлері жүзеге асырады. ( изменить

      Отын құю функцияларын қамтамасыз етуді дербес бөлу лауазымдық нұсқаулықтар деңгейінде (үлгі жағдай – ӘК-ге отын құюды жүргізетін жұмыскер үшін) мыналар көзделуге тиіс:

      1) ӘК-ге жауапты жұмыскердің командасы бойынша авиакәсіпорын бекіткен кіру схемасына сәйкес отын құю құралының кіруі;

      2) отын құю құралдарын бақылап қарап тексеру;

      3) жауапкершілігінде ӘК бар лауазымды адамға (жұмыскерге) ЖЖМ-ға арналған бақылау талонын, отын құйғыштың тұндырғышынан құйып алынған ЖЖМ сынамасын беру, отын құю шлангасындағы бирканы тексеру (қысыммен тексеру күні) және одан отын құюға рұқсат алу; ( изменить

      отын құю құралын тұйықтау және оның дөңгелектерінің асына тірек қалыптарын орнату, отын құйғыш пен әуе кемесінің электр әлеуетін теңестіру арқанын қосу; ( изменить

      5) жабық түрде отын құю кезінде тарату құбырының ұшын ӘК-дегі отын құю штуцерімен түйістіру, ашық түрде отын құю кезінде тарату кранының үшкір темірін (пистолетті) ӘК-дегі бак аузының борттық ұяшығымен электрлі қосуды қамтамасыз ету (ұяшық болмаған кезде – отын құярдың алдында тарату кранын кеме қаптағышына бак аузынан 1,5 м-ден артық жақындатпау қажет;

      6) отын бактарының ауыздарын (отын құю штуцерлерн) ашу;

      7) бакқа отын құю, отын құйған соң кемінде он-он бес минуттан кейін тұрып қалған отынды төгу; ( изменить

      8) отын құйып болған соң тарату құбырын борттық штуцерден ажырату және ауыздарын, штуцерлерді жабу. Барлық жағдайларда ӘК-нің отын құятын ауыздары мен штуцерлерін жабу үшін жауапкершілік отын құюды жүргізген жұмыскерге жүктеледі. Жауапкершілігінде ӘК бар лауазымды адам (жұмыскер) тікелей отын құю аяқталған соң көрсетілген нүктелердің жабылауын бақылауды жүзеге асырады.

      229. ӘК бактарына отын және май құюға рұқсатты мыналар бере алады:

      1) ӘК экипажының ӘК-нің жарақталуын жедел бақылау мен қадағалау және оны ұшуға дайындау жөніндегі жедел функциялар жүктелген мүшесі (егер ӘК экипаждың жауапкершілігінде болса);

      2) ИАҚ бөлімшесінің әуе кемесіне ТҚК-ға басшылықты тікелей жүзеге асыратын жұмыскері (егер ӘК-ні экипаж қабылдамаған болса).

      Әуе кемесіне ЖЖМ құюға рұқсат берердің алдында ӘК-нің отын құюға әзірлігін тексеруді және ӘК-нің осы түріне арналған ПҚ талаптарына ЖЖМ-ның сәйкестігін қамтамасыз ету;

      3) ӘК бактарынан тұрып қалған отынның төгілуін бақылау және онда су мен механикалық қоспалардың болмауын тексеру;

      4) бақылау талоны бойынша ЖЖМ-ның құюға жарамдылығын, ЖЖМ маркасының осы ӘК түріне сәйкестігін, отында мұздануға қарсы телімнің болуын, отын құйғыштың тұндырғышынан құйып алынған сынаманы бақылау күні мен уақытын, ЖЖМ қызметінің лауазымды адамдарының бақылау талондарындағы жазбаларды растайтын қолдарының болуын тексеру;

      5) тұрып қалған отынды төгу (төгуді бақылау) және отын құйғыштың тұндырғышынан құйып алынған сынамада су мен механикалық қоспалардың болмауын тексеру;

      6) ӘК-ні тұйықтау, отын құю құралының тұйықталуын және ӘК мен отын құю құралының электр әлеуетін теңестіру арқанын (сымын) қосуды тексеру;

      7) тұрақ орнында өрт сөндіру құралдарының, кеме тіректері дөңгелектерінің астында тірек қалыптарының болуын, қанаттың, фюзеляждың, гондоланың астында сатылардың және басқа да ірі габаритті заттардың болмауын тексеру қажет. Отын құюға әзірлікті тексеру оң нәтиже берген кезде оны жүргізуге рұқсат беріледі.

      Отын құйылғаннан кейін авиатехник ӘК-нің осы түрі үшін көзделген нүктелерден тұрып қалған отынды төгуді жүргізеді және тұрып қалған отында су мен қоспалардың жоқтығын тексереді. Тұрып қалған отын тексерілгеннен кейін осыған арналған ыдыстарға төгіледі.

      Тұрып қалған отында механикалық қоспалар, су немесе мұз кристалдары табылған кезде олардың пайда болу себептерін айқындау және қоспалар мен суды толықтай жою жөнінде шаралар қабылданады. Мұндай жағдайлардағы іс-қимыл тәртібін пайдаланушы мен әуежай айқындайды.

      Ұшудың алдында бортинженер (бортмеханик, ұшқыш) құйылған отын мөлшерін тексереді.

      230. ӘК-нің осы түріне сәйкес келмейтін ЖЖМ құюға ұсынылған, тексеру кезінде олардың кондициялы болмауы анықталған, бақылау талоны дұрыс ресімделмеген немесе СЗ оларға қойылатын талаптарды қанағаттандырмаған жағдайда ӘК-ге отын құюға жол берілмейді.

      Отын құюдың мүмкін еместігі туралы орындаушы ӘК-де орындалатын жұмыстардың басшысына баяндайды. ӘК экипаждың жауапкершілігінде болған жағдайда бортинженер (бортмеханик) жедел шаралар қабылдау үшін отын құюдың мүмкін еместігі туралы әуежайдың диспетчерлік қызметіне баяндайды.

      231. ӘК бактарына отын (май) толық (ішінара) төгілген кезде жұмыстарды орындау ИАҚ жұмыскерлеріне, экипаждың немесе ЖЖМ қызметінің мүшелеріне жүктеледі. Бұл ретте ИАҚ немесе экипаж мамандары төгу кезектілігін белгілейді, ӘК-ге орнатылған отын (май) жүйесінің аппаратурасын басқарады, ӘК-нің орталықтануын сақтау және бактардың майысуын болғызбау жөнінде шаралар қабылдайды.

      Бұл жағдайда қызметтер мен мамандардың өзара іс-қимыл жасауының тәртібін пайдаланушы мен әуежай айқындайды.

      232. Жауын және шаңды күшті (10 м/сек аспайтын) жел кезінде, күн күркіреген уақытта (атмосфералық электрдің разряды кезінде) ӘК-ге отынды ашық түрде құюға және күркіреу разряды кезінде жабық түрде отын құюға жол берілмейді.

      233. ӘК-ге отын құю (төгу) кезінде: ( изменить

      1) электр энергиясы көздерін қосуға және ӘК-ден ажыратуға, ұшқын немесе электр доғасының көзіне айналуы мүмкін электр құралдарын пайдалануға, ӘК-ге отын құюға және оны бақылауға байланысы жоқ борттық электр энергиясын тұтынушыларды қосуға, кемені электр энергиясы көзімен қосатын сымдарды жерүсті қызмет көрсету құралдарына кіру (кету) жолдарына орналастыруға;

      2) тұраққа отын төгілген кезде ӘК-ге немесе отын құю құралына отын төгілген жағдайда, әуе кемесінің ішінде отын буы анықталған кезде отын құюды (төгуді) бастауға;

      3) қозғалтқыштарды, бұйымдар мен жүйелерді, экипаж кабинасы мен жолаушылар салондарындағы ауаны жылытуға;

      4) отын құю (төгу) кезінде жұмысты бақылау үшін ашық отты, ақаулы электр шамдарын (фонарьларды) пайдалануға;

      5) отын құю құралының қозғалтқышын отын құйылатын әуе кемесінің астына орналастыруға;

      6) кез келген көлік түрінің ӘК астынан жүріп өтуіне немесе тоқтауына;

      7) егер май құю құралын ӘК-ден алып кететін (әкететін) бос жол болмаса немесе дөңгелектердің тежегіш құрылғыларының қызып кетуі орын алған кезде май құюды бастауға жол берілмейді.

      234. Отын құю құбырлары мен штуцерлердің герметикалылығы бұзылған, ӘК-ге немесе отын құю құралына отын төгілген, отын жерге төгілген (жасанды жабын), сондай-ақ кеме ішінде отын буы анықталған кезде немесе қандай да бір басқа қауіп кезінде ӘК-ге отын құю немесе оның бактарынан отынды төгу дереу тоқтатылады және өрт қауіпсіздігінің шаралары қабылданады.

      ӘК-ге, отын құю құралдарының техникалық жай-күйіне жауапты және отын құюды (төгуді) тікелей жүзеге асыратын лауазымды адамдар:

      1) отын беруді (төгуді) тоқтатады;

      2) жұмыстар жүргізіліп жатқан жерге әуежайдың өрт сөндіру құрамын, ал уақытша әуеайлақта (жедел нүктеде) өрт-қорғау күзетін немесе таяу маңдағы елді мекеннің (кәсіпорынның) өрт сөндіру бөлімін шақырады;

      3) ӘК-нің электр қорегін ажыратады (тұтанған жағдайда немесе өрт сөндіру құрамының командасы бойынша);

      4) отын құю (төгу) құбырларын әуе кемесінен ажыратады;

      5) отын құйғыштарды, автоцистерналарды және басқа да жылжымалы құралдарды ӘК-ден кемінде 75 метр арақашықтыққа алыстатады;

      6) әуе кемесінің үстінен және ішкі қуыстарынан төгілген отынды сүртеді;

      7) тұраққа төгілген отынға алдын ала өрт сөндіргіш көбік төге отырып, одан ӘК-ні сүйреп әкетеді;

      8) жасанды жабыны бар тұрақтан отынды ағаш ұнтағының, құмның, сыпырғыштың көмегімен жинайды;

      9) жасанды жабыны жоқ, отын төгілген тұрақта ол топырақтан толық буланып кеткенге дейін ӘК орнатпайды.

      Отынның төгілу оқиғаларының барлығы авиакәсіпорын айқындайтын тәртіппен оларды болдырмау жөніндегі шаралар әзірлене отырып тексерілуге тиіс.

      235. Әуежай бөлімшелерінің, ӘК пайдаланушының/иесінің және ТҚКЖ жөніндегі ұйымның басшылары мен персоналы ИАҚ-тағы бактар мен ӘК жүйелерінде ЖЖМ-ны сақтау қағидаларын орындауды (тұрып қалған қалдықты уақтылы төгіп тастау және тексеру, бакқа су мен механикалық қоспалардың түсіп кетуін болғызбау), әуе кемелеріне ТҚК кезінде отын мен майларды есепке алуды және ұтымды пайдалануды, отынның төгіп тасталатын тұрып қалған қалдығын уақытша сақтауды қамтамасыз етеді.

      3. Арнайы сұйықтықтар, су құю және газ толтыру

      236. Талап етілетін көлемге (массаға), қысымға дейін ӘК жүйелерінде пайдаланылатын арнайы сұйықтықтар, су (техникалық, ауыз) және газ құю (толтыру) осы үлгідегі ӘК үшін осы жұмыстарды жүргізуге арналған ПҚ талаптарына сәйкес жүргізіледі.

      Көрсетілген жұмыстарды қамтамасыз ететін және орындайтын қызметтер мен мамандардың құрамын, олардың арасында функцияларды бөлуді әуежай, ӘК-ні пайдаланушы немесе ТҚКЖ ұйымы айқындайды.

      237. Құю (толтыру) үшін ӘК-ге берілетін арнайы сұйықтықтарға, дистилляцияланған және ауыз суға, газдарға әуежайдың тиісті қызметтері жүргізілген бақылау және егер бұл нормативтік құжаттарда көзделген болса, олардың белгіленген стандарттарға (жеткізуге арналған техникалық шарттарға) сәйкестігі туралы жазылған паспорт (бақылау талонын, паспорттан үзінді көшірмені, басқа құжатты) ұсынады. Бір уақытта құралға сұйықтық (газ) толтырылған және құрал бақыланып қаралған күн көрсетілген құю құралдарына арналған формулярлар ұсынылады.

      Паспортсыз (бақылау талонынсыз) жеткізілген арнайы сұйықтықтарды, дистилляцияланған және ауыз суды, газдарды, ақаулы және формулярсыз толтыру құралдарын, толтырылған сұйықтық (газ) атауы жазылмаған, стандартты түске боялмаған және таңбаланбаған сыйымдылықтарды пайдалануға жол берілмейді.

      ӘК гидрожүйелерін толтыру (егер нақты ӘК үлгісінің ПҚ-да өзгеше айтылмаса) ПҚ-да көзделген толтыру құралдарын пайдалана отырып, тек жабық түрде жүзеге асырылады.

      Жоғары қысымды ыдыстардан төмен қысымды ыдыстар мен жүйелерге газ толтыру стандартты (осы ӘК үлгісі үшін) толтыру құрылғысын пайдалана отырып жүргізіледі.

      Улы сұйықтықтармен және газдармен жұмыс істеу кезінде ӘК үлгісінің және нақты өнімнің ПҚ-да көрсетілген қауіпсіздік шараларын сақтау қамтамасыз етіледі.

      238. Толтыру (құю) жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыратын және орындайтын лауазымды адамдар арнайы сұйықтықтар құю және ӘК-ге толтыру кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.

4–Параграф. Жолаушылар салондарында және экипаж кабинасында ауаны баптау

      239. Жолаушылар ұшақтарын және экипаж кабинасын жылытудың, суытудың және желдетудің әуеайлақтық жүйелері мен борттық жүйелерін пайдалану тәртібі мен шарттары осы үлгідегі ӘК-ге арналған ПҚ-да айқындалады.

      240. Жерде жолаушылар салондарындағы және экипаж кабинасындағы ауаны жылыту және суыту әуеайлақтық ауа баптағыштардың, ал олар болмаған жағдайда ауа баптаудың борттық жүйесінің көмегімен жүргізіледі. Ауаны жылыту үшін пайдалану құжаттамасында көзделген әуеайлақтық жылытқыштар да пайдаланылады.

      241. Ауа баптаудың борттық жүйесін басқаруды және жолаушылар салондары мен экипаж кабинасындағы ауа температурасын бақылауды бортинженер (бортмеханик, ұшқыш) немесе осы жүйені пайдалануға, қосалқы күш қондырғысын іске қосуға және пайдалануға рұқсат берілген ИАҚ жұмыскері жүзеге асырады.

      242. Жылыту мен суытудың әуеайлақтық және борттық құралдарының техникалық жай-күйі жолаушылар салондары мен экипаж кабинасына шаңның, күйенің, механикалық бөлшектердің, түтінді және басқа да зиянды газдардың түсуіне жол бермеуге тиіс.

      Осы құралдарға тікелей қызмет көрсететін және пайдаланатын ТҚКЖ ұйымдары мен жұмыскерлер пайдаланылатын ауа баптағыштар мен жылытқыштардың техникалық жай-күйін және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

5–Параграф. Әуе кемелерінің авиақозғалтқыштары мен жүйелерін жылыту

      243. ӘК қозғалтқыштары мен жүйелерін (бұйымдарын) жылыту тәртібі мен шарттары осы үлгідегі ӘК-ге арналған ПҚ-да айқындалады.

      244. ӘК қозғалтқыштары мен жүйелерін жылытуды жүргізетін мамандар орындалатын жұмыстар аймағынан кетпегені, жылыту құралдарының жұмысын, жылытқыштан шығатын ауаның температурасын, жылытылатын бұйымдар мен оларды жапқан тыстардың жай-күйін бақылағаны, өрт қауіпсіздігі талаптарының толық сақталуын қамтамасыз еткені жөн.

      245. ӘК қозғалтқыштары мен жүйелерін жылыту кезінде:

      1) ақаулы және ПҚ-да көзделмеген жылыту құралдарын пайдалануға;

      2) ақаусыз өрт сөндіру құралдарынсыз жылытуды жүргізуге;

      3) жылытқыштарды әуе кемесінің ең жақын нүктелерінен 3 м-ден жақын қашықтықта орнатуға;

      4) жылытқышты оны пайдалану үшін жауапты маманның қарауынсыз қалдыруға;

      5) жылытқыш үшін ПҚ-да көзделмеген отын түрлерін пайдалануға;

      6) ӘК-ге және жұмыс істеп тұрған жылытқышқа отын құюға; ( изменить

      7) жұмыс істеп тұрған жылытқышқа отын құюға, оны көзделген тұйықтағыш құрылғысын пайдаланбай, жылыту үшін іске қосуға және пайдалануға; ( изменить

      8) ӘК бұйымдары мен жүйелерін ашық отпен жылытуға;

      9) осы ӘК-де қозғалтқышты іске қосуға;

      10) жылытқыштың механикалық зақымдалған және жанар-жағар май материалдарымен ластанған тегеурінді құбырларын пайдалануға;

      11) жылытқыштан немесе оның құбырларынан шығатын ауа температурасын ПҚ-да көзделген шектерден артық жоғарылатуға;

      12) жолаушыларды отырғызуды жүргізуге жол берілмейді.

6–Параграф. Әуе кемелерінің үстіндегі қар мен мұзды кетіру

      246. Әуе кемесі жерде болған кезде ИТҚ уақытылы қаптау, үстіне арнайы сұйықтық жағу, бітеуіш орнату және әуе кемесінің осы түрі үшін ПҚ-да көзделген өзге де керек-жарақтар арқылы планердің, қозғалтқыштың, радиатордың, АРЭО бұйымдарының ішіне мұз қатудан және қар түсуден қорғау жөніндегі шараларды қабылдайды.

      247. Мұзды кетіру кезінде осы жұмыстарды жүргізуге арналған ПҚ басшылыққа алынады. ӘК-нің үстінен, ауа тартқыш құрылғыдан қарды кетіргеннен кейін ғана мұзды тазалау жүргізіледі. Мұзды тазалау үшін жылы су, жылытылған қатуға қарсы сұйықтықтар, жылу машиналары, әуеайлақтық жылытқыштар қолданылады. Кенептен және басқа да жұмсақ материалдағы мұзды жылы ауаның немесе судың көмегі арқылы кетіреді. Жылу машиналары әуе кемесіне ең жақын нүктеден 3,5 метр қашықтықтан жақын емес орналастырылады.

      248. Мұзды жылы сумен және қатуға қарсы сұйықтықпен кетіру кезінде механизмдер мен оның ішіне су тиіп кету мүмкіндігі болмауы керек, онда судың қатуы ӘК жүйелері жұмысының тоқтауына әкеп соғуы мүмкін. ӘК үстіне мұздың қайта қатуының алдын алу мақсатында оның үстіне қатуға қарсы сұйықтық шашады немесе жылы ауамен жылытады. Сонымен қатар рулдердің, элерондардың, триммерлердің, қанатындағы механикаландыру бөлшектерін, шасси түйіндерінің және басқа да механизмдердің қуысын жылы ауамен жылытады. Осы жұмыстарды орындағаннан кейін рульдердің, элерондардың, триммерлердің жай-күйі, анероидтық-мембрандық аспаптардың жұмыс істеуі тексеріледі.

      Мұз бен сүңгіні кетіру үшін қолданылатын судың, ауаның және сұйықтықтың температурасы ПҚ-да белгіленген шектен аспауы тиіс, әсіресе бұл ұялы конструкциялардың бөлшектеріне қатысты.

      249. Қарды, мұзды және сүңгіні кетіру бойынша жұмыстар алдын ала стартқа ӘК-ні сүйретуге (бұруға) дейін орындалады. Қажет болған жағдайда қар мен мұзды қайта кетіру ұшуға қозғалардың алдында тікелей орындалады.

      Аталған жұмыстарды әрбір рет қайталап орындау ТҚК үшін белгіленген тәртіппен жеке наряд картасында ресімделеді.

      250. Мұздың қатуының алдын алу және кетіру жөніндегі жұмыстарды орындауға оларды қауіпсіз жүргізудің практикалық дағдысын тексерілген, белгіленген тіртіппен меңгерген ИТҚ жіберіледі.

7–Параграф. Тиеу-түсіру жұмыстары

      251. ӘК-де тиеу-түсіру жұмыстары ӘК жауапкершілігіндегі лауазымды адамның рұқсатымен жүргізіледі.

      Тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізу кезінде мынадай талаптардың орындалуы:

      1) пайдаланылатын көлік пен өзге де құралдардың келу-кетуін және жұмысын бақылау;

      2) ӘК-ні, борт құралдарын, жабдықтар мен такелажды зақымданудан қорғау;

      3) отсектерде (жүк кабиналарында) жүктерді дұрыс орналастыру және бекіту, әуе кемесінің талап етілетін орталықтануы;

      4) жолаушылар салондарының, жүк кабиналарының (отсектердің) алдыңғы және артқы бөліктеріне тиеудің (түсірудің) кезектілігін сақтау;

      5) жүк кабинасының еденіне тиеу нормалары бойынша, жүктемелер бойынша шектеулерді сақтауды;

      6) артқы тірегі жиналған (тірек домкратпен) кезде тиеу (түсіру) бойынша жұмыстарға жол бермеу;

      7) рампыны, траптарды, траптың астындағыларды дұрыс орнату;

      8) арқалық крандарды, тельферлерді, жүк арбаларды, жүк тиеу тростары мен блоктарды тиеуге (ПҚ-да белгіленген күштен асырып) жол бермеу;

      9) арқандап байлау түйіндері мен арқандарың, тежегіштер мен керек-жарақтардың осы салмағы үшін ПҚ-да көзделмеген жүктер мен техниканы бекіту үшін пайдалануға жол бермеу қамтамасыз етіледі.

      Жөнделмеген көлік орамындағы (контейнерлердегі, поддондардағы, жүк арбаларындағы және тағы басқа) жүктерді ӘК-ге тиеуге жіберуге жол берілмейді

      252. Борттағы тиеу-түсіру және арқандап байлау жабдықтарының, сондай-ақ оған ТҚКЖ-дың бұзылмағанын және пайдалануға даярлығын тексеру жөніндегі жұмыстарды ӘК пайдаланушының/иесінің ИАҚ бөлімшесінің жұмыскерлері жүзеге асырады. Аталған жабдықты мақсаты бойынша пайдаланар алдында ол экипаждың жауаптылығымен қабылданады, олар оны ПҚ талаптарына сәйкес дұрыс пайдалануды және экипаж мүшелерінің арасында функцияларды бөлуді қамтамасыз етеді.

8–Параграф. Қозғалтқыштарды қосу және сынау

      253. ПҚ-да көзделген жағдайларда, сондай-ақ ӘК командирінің немесе әуе кемесінде орындалатын ТҚК жұмыстары басшысының шешімі бойынша ӘК қозғалтқышын қосу және сынау жүргізіледі.

      254. ӘК қозғалтқышын қосуды және сынауды:

      1) әуе кемесінің осы түріне арналған осы жұмыстарды орындауға белгіленген тәртіппен (3-тарау) жіберілген мамандар;

      2) ӘК-нің осы түріне арналған жұмыстарға даярланған пилоттар, ал ұшақтар үшін сонымен қатар бортинженерлер (бортмеханиктер) жүргізеді.

      Тікұшақтарда қозғалтқыштарды сынауға тек олардың пилоттары жіберіледі.

      Басқа санаттағы мамандар тікұшақтардағы қозғалтқыштарды қосуға және қыздыруға (сынамастан) жіберіледі. Олар тікұшақ қозғалтқыштары жұмысының шекті режимдерінде оны ұстап қалуды қамтамасыз ететін зәкір құрылғылармен және арқандап байлау құрал-жабдықтармен жабдықталған, мамандандырылған алаңда (осы мақсат үшін ПҚ-да белгіленген қурал - жабдықтармен) оларды арқандап байлау кезінде тікұшақтарды сынайтын тірек бұрандасының жетегін сөндіру құралдарымен жабдықталған.

      255. ӘК қозғалтқыштарын тұрақ жерінде, перронда және алдын ала стартта қосуға рұқсат етіледі, ал оларды сынау, оның ішінде тарту күшін сынау ӘК-нің осы түрі үшін қажетті жарақтары бар арнайы жабдықталған тұрақта жүргізіледі.

      256. Экипаж кабинасындағы жұмыс орнына отырғанға дейін ӘК қозғалтқыштарын қосуды және сынауды жүзеге асыратын маман:

      1) тұрақ жабдықтарынының даярлығы мен өртке қарсы құралдардың болуын;

      2) тұрақ алаңының қоқыстан, қардан, мұздан тазалануын, тұрақтағы және оның маңындағы әуе кемелерінің, жерде қызмет көрсету құралдары мен мүліктің қауіпсіз орналасуын;

      3) ауа сорғыш және серіппе құралдарда, ауа қысымын қабылдағыштарда қабы мен бітеуіштердің болмауын;

      4) люктердің жабылуын;

      5) ӘК негізгі тірек дөңгелектерінің астында тірек қалыбының болуын, арнайы арқандап байлау құралдарының (қозғалтқышты сынау кезінде ұстап қалатын), аталған құрылғылардың тірек қалыбымен дұрыс қосылуын;

      6) қосуды қамтамасыз ететін мамандардың даярлығын тексереді.

      257. Әуеайлақтық энергиямен жабдықтау көздерін борт желісіне және ұшақтағы сөйлесу құрылғысына қосу қозғалтқышты қосқанға дейін жүргізіледі, ал олар қосушының командасы бойынша сөндіріледі. Бұл ретте әуе кемесінің осы түрі үшін белгіленген бағдар бойынша техникалық персонал ӘК-ге жақындауды және одан кетуді жүзеге асырады.

      258. Қозғалтқышты қосуға, қосуды орындауға, қыздыруға, сынауға және тоқтатуға даярлау жөніндегі барлық әрекеттерді (операцияларды) қосушы ПҚ-да жазылған технологияға сәйкес жүзеге асырады.

      259. Қосушы мен қамтамасыз етушінің арасындағы екіжақты байланысқа жол беретін ұшақтық сөйлесу құрылғысымен (радиобайланыспен) жабдықталған әуе кемесінде қосу тек осы байланысты пайдалана отырып қана жүргізіледі. Ұшақтық сөйлесу құрылғысын пайдалану мүмкін болмаған кезде (радиобайланысты) пайдаланушы әзірлейтін қосуды қамтамасыз етудің визуалды схемасы қолданылады. Барлық жағдайларда да көзделген командалар мен сигналдар ( 5-қосымша) пайдаланылады. (

      Қозғалтқышты қосуды қамтамасыз ететін мамандардың қосу кезінде әрекет ету қағидасын, қосушының командасын, сондай-ақ тұрақта орын ауыстыру қағидасын қатаң орындағаны жөн.

      260. ӘК командирі жүргізер алдында қозғалтқышты қосуға қозғалыс қызметінің диспетчерінен, ал қосуды орындауға кемені шығаратын маманнан рұқсат алады. Кеменің басқа қозғалтқыштарының қабы алынбаса қозғалтқыштарды қосуға рұқсат етілмейді. Егер қосқаннан кейін жүргізер болса, қосар алдында дөңгелектердегі тірек қалыптары алып тасталуы керек, бұл ретте дөңгелектердің тежеліп тұруы тиіс.

      261. Егер дөңгелектердің тежегіш және қозғалтқыштарды басқару жүйелері, күш беретін құрылғыларды бақылау аспаптары жөнделмеген, қосушы мен қамтамасыз етушінің арасында сенімді байланыс болмаған (ПҚ-да айтылған жағайларды қоспағанда) жағдайларда, қозғалтқыштарды қосуға және сынауға жол берілмейді.

      Қозғалтқыштарды қосу және сынау кезінде:

      1) қозғалтқышты қосу және сынау технологиясында көзделгеннен басқа, ӘК-де басқа да жұмыстарды орындауға;

      2) экипаж кабинасындағы жұмыс орнын қосушының тастап кетуіне;

      3) қосуды қамтамасыз етушінің қауіпті аймақтарда ұшақтың алдында немесе артында, әуе бұрандаларының айналу алаңында, тікұшақтың тірек бұрандасының астында болуына, оған белгіленген жұмыс орнын тастап кетуіне;

      4) ПҚ-да белгіленген қозғалтқышты қосу, қыздыру, сынау және тоқтату режимдерін бұзуға жол берілмейді.

      262. Қозғалтқышты сынау немесе қосу кезінде адамдарға немесе ӘК-ге қауіп төнген жағдайда, тұрақта болған кез келген лауазымды адам дереу қозғалтқышты сөндіру туралы оны қосатын немесе қосуды қамтамасыз ететін адамға осындай жағдай үшін белгіленген сигнал (команда) береді.

Параграф9. Әуе кемелерін сүйрету

      263. Әуеайлақтағы әуе кемесін перронға, тұрақ алаңына, қозғалтқыштарды қосу шегіне (алдын ала старт), ұшақтұрақта, арнайы тұрақта (алаңда) сүйретеді.

      Жүретін жолдар мен ұшу-қону жолағы бойынша ӘК-ні сүйрету қозғалыс қызметі диспетчерінің рұқсатымен жүзеге асырылады. Диспетчермен байланыс үшін борттық раиобайланыс сүйретудің барлық кезеңінде қосылып тұрады.

      264. Ауысымдағы жұмыс басшысы ӘК-ні сүйрету туралы шешім қабылдайды, сүйрету үшін жауапты маманды (сүйрету басшысын) және бригада құрамын тағайындайды.

      Сүйретуге жауапты мамандар (сүйрету басшысы) мен бригада жұмыскерлері осы жұмыстарды орындауға белгіленген тәртіппен даярлануы және жіберілуі қажет.

      265. ӘК осы түрін сүйрету үшін жарамды жасанды немесе топырақты жерде жолдар (алаңдар, трассалар) бойынша ӘК-ні сүйрейді.

      Тәуліктің қараңғы уақытында сүйрету аса жоғары сақтық шаралары сақтала отырып, борттық аэронавигациялық жарықтар қосылып төменгі жылдамдықта жүзеге асырылады.

      266. Сүйрету үшін радиостанциялармен және габаритті шамдармен, сондай-ақ арнайы сүйрету құрылғыларымен (сүйрегіш, трос) жабдықталған автомобильдік немесе тракторлық шассилерге арналған сүйреуіштер пайдаланылады.

      267. Сүйретуді бастар алдында оның басшысы ӘК-ні сүйрету үшін тағайындалған бригада персоналдарына нұсқаулық жүргізеді. Ол ауа-райының осындай жағдайларында (әсіресе, көктайғақта, қатты желде) жұмысты орындау ерекшелігін, тұрақта кемелерді орналастыруды және жерде оларға қызмет көрсету құралдарын, ӘК-нің орын ауыстыру жолдарымен сүйрету құралдарының жай-күйін көрсетеді, бригада мүшелерінің жұмысқа даярлығын тексереді, оларға қауіпсіздік техникасы нұсқаулығын түсіндіреді.

      268. Сүйретуге жауапты маман әуе кемесін сүйретуге қатысатын барлық адамдардың әрекетіне басшылық жасайды. Ол жұмысты орындар алдында:

      1) кеменің сүйретуге даярлығын (дөңгелек тежегіштерінің жөнделгенін, есіктердің, люк қақпақтарынын және отсектердің жабылғанын, жерде қызмет көрсету құралдарының ӘК-ден сөнгенін және оларды кемеден қауіпсіз қашықтыққа алуды);

      2) сүйрету құрылғысының, сүйрету кезінде пайдаланылатын сүйреу жабдығының, байланыс құралының жөнделгенін;

      3) тұрақтан ӘК еркін шығару мүмкіндігін тексереді.

      269. Ұшақтар мен тікұшақтарды ұшақтық сөйлесу құралының (радиобайланыстың) көмегімен сүйретеді, ал өте жеңіл және жеңіл авиация ұшақтарын сүйретуге жауапты маманның, ӘК командирінің жұмыс орнындағы маманның және сүйреуіш жүргізушісінің арасындағы визуалды байланыстың көмегімен сүйретіледі.

      Радиоқұрал мен сигналдардың көмегімен ( 6-қосымша) дыбыстау арқылы команда беріледі. Сүйретуге жауапты маман экипаж кабинасындағы жұмыскер мен сүйреуіш жүргізушісіне көрінетін жерге орналасады. ( изменить

      270. Сүйретілетін ӘК-ні (сүйреуішті) мәжбүрлеп тоқтатқан кезде кеме дөңгелегінің астына тірек қалыбы орнатылады.

      271. ӘК командирінің орнында сүйрету кезінде болған маман авариялық жағдайларда әуе кемесін тоқтату бойынша уақытылы әрекеттерді қамтамасыз етеді.

      Кедергімен соқтығысу қаупі төнген, ӘК сүйреуіштен шығып кеткен, водила сынған, ӘК-нің сүйреуішті басу қаупі төнген (ақырындап шығып кеткен, сүйреуіш тоқтаған) жағдайда, авариялық жағдай туғызуы мүмкін басқа да жағдайларда дөңгелекті тежеу қолданылады.

      272. ӘК-ні жұмсақ (тросты) тіркеуішпен сүйреткен кезде бригада мүшелері тростың дөңгелекке тимеуін және дөңгелектің тросты басып кетпеуін қадағалайды.

      273. Гидроұшақтарды сүйрету катердің және тростың көмегімен жүргізіледі, ол артқы құлпына (гакқа) немесе алдыңғы сүйрету құлпына бекітіледі. Оны әуе кемесі командирінің орнында экипаж кабинасында болуы тиіс гидроұшақ командирінің (пилотының) басшылығымен жүзеге асырылады. Оның нұсқауларын сүйреуіш – катер командасының барлық мүшелері орындауы тиіс.

      274. Сүйрету кезінде:

      1) ӘК-ні орнынан теңселте қозғалтуға;

      2) адамдардың ӘК үстінде (қанатында, фюзеляжда және т.б.), сүйреуіш кабинасы мен сүйретуші құрылғының астында болуына;

      3) қозғалыс кезінде ӘК мен сүйреуіштің ажырауын жөндеуге;

      4) сүйреуіш артқа жүрген кезде ӘК-ні итеруге;

      5) алдыңғы тірегімен құмға батқан ӘК-ні алып шығуға жол берілмейді.

Параграф10. Әуе кемесінің тұрмыстық жабдықтарына қызмет көрсету, жуу

      275. Тұрмыстық жабдықтарға қызмет көрсету әуе кемесіне ТҚК құрамдас бөлігі болып табылады және оны жүргізуге даярланған және рұқсат етілген жұмыскерлер орындайды.

      276. Тұрмыстық жабдықтарға қызмет көрсетудің жоспарлы мерзімдері мен технологиясы пайдалану құжаттамасында берілген.

      Тұрмыстық жабдықтарға қызмет көрсету бойынша қосымша жұмыстардың қажеттілігі экипажбен, жабдықтардың бұзылуымен, жоспарланатын ұшу ерекшелігімен, сондай-ақ әуе кемесінде орындалатын ТҚК жұмыстары басшысының шешімімен айқындалады.

      277. ӘК-ні сыртын ішінара немесе толық жууды арнай машиналарды қолданып немесе қолмен жуу жүзеге асырылады. Жууға металдардың коррозиясын, бұйымдардың бояуларының, органикалық шынының, резиналардың, маталардың, пластмассалардың бұзылуын болдырмайтын жуу құралдары ғана қолданылады.

      Әуе кемесін жуу кезінде ластанғанды кетіру үшін металл щеткалар мен қырып тастайтын немесе бетін бұзатын басқа да металдарды қолдануға жол берілмейді. Жуу кезінде орындаушылар жуу материалдарының қанатының ішіне, отсектерге, кабинаның еденіне, ауа тартқыш құрылғыларға және бұйымдарға тамуына жол бермейді, сондай-ақ олардың қатып қалуын болдырмайды.

      Арнайы химиялық құралдарды пайдалана отырып ӘК-ні толық жууды (суға қондыру) қалдақтарды жинау үшін керек-жарақтармен жабдықталған арнайы тұрақтарда (алаңдарда) жүргізеді.

      ӘК-ні жуғаннан кейін анероидты-мембранды аспаптарының жұмысқа жарамдылығы тексеріледі.

11-тарау. Авиациялық техниканың жай-күйін және оған техникалық қызмет көрсету сапасын бақылау

      Ескерту. 11-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.07.2019 № 577 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1–Параграф. Жалпы ережелер

      278. АТ-ның техникалық жай-күйі және оған ТҚК сапасы:

      1) визуалды және оргонолептикалық белгілері (шулар, иісі және т.б.) бойынша;

      2) әрекет етуін тексерумен (функционалды бақылау);

      3) аспапты (автоматты, қолмен, аралас) бақылау құралдарымен;

      4) регламентті жұмыстардың толық орындалуын (соңғысы ТҚК сапасын бақылауға жатады және оны бағалаудың негізгі бөлігі болып табылады) тексерумен айқындайды.

      Бақылау әдістері мен құралдарының номенклатурасы пайдалану құжаттамасымен айқындалады.

      279. Бақылаудың аспапты құралдарын қолданбастан жөнделгені, жүмысқа жарамдылығы және дұрыс жұмыс істеуі айқындалуы мүмкін АТ объектілерін визуалды бақылайды.

      Органолептикалық белгілері бойынша авиациялық техниканың жұмыс істемеуін немесе бұзылғанын тек сыртқы белгілері бойынша айқындайды.

      280. Әрекет етуін тексерумен авиациялық техниканың жұмысқа жарамдылығы мен дұрыс жұмыс істеуін айқындайды.

      281. АТ жай-күйін аспапты бақылау ауыспалы, жылжымалы, орнатылған және қашықтық құралдары қолданыла отырып жүзеге асырылады.

      АТ-ны аспапты бақылауды жүзеге асыратын ИАҚ мамандардың қолданылатын құралдар бойынша тиісті даярлығы және орындалатын жұмыстарға рұқсаты болуы тиіс.

      282. АТ жай-күйін бақылауға белгіленген түрде құжаттамалық расталған, метеорологиялық тексеру мен аттестациядан өткен жөнделген аспапты құралдар ғана жіберіледі.

2–Параграф. Бақылауды ұйымдастыру

      283. Бақылаудың мақсаты АТ жөнделгенін, жүйелері мен бұйымдарының жұмысқа жарамдылығы мен дұрыс жұмыс істеуін, істен шығулардың, бұзылудың және техникалық пайдалану қағидаларын бұзудың алдын алу болып табылады.

      284. АТ жай-күйін бақылау пайдалану және жөндеу құжаттамасының талаптарына сәйкес жүргізіледі.

      285. Жұмысты орындаушылар ТҚКЖ-дың толықтығы мен сапасын (жедел және кезеңді ТҚК кезінде, сондай-ақ АТ жөндеу жүргізген кезде) қамтамасыз етеді, оларды орындау процесінде АТ жай-күйін бақылауды қамтамасыз етеді. Жедел және кезеңді ТҚК-нің толықтығы мен сапасын, сондай-ақ жөнделуін бақылау ТҚКЖ сапасын қамтамасыз ету мәселелерін регламенттейтін пайдалану және жөндеу құжаттамасының және авиациялық техникада ТҚКЖ бойынша пайдаланушы мен ұйымның ішкі құжаттамасының талаптарына сәйкес ұйымдастырылады.

3–Параграф. Әуе кемелеріне қызмет көрсетуді пайдалану кезіндегі бақылау

      286. Ұшуда АТ жай-күйін бақылауды экипаж ұшуды пайдалану жөніндегі нұсқаудың талаптарына сәйкес жүзеге асырады. Экипаж ұшуда анықталған ақаулар туралы борт журналында жазады.

      287. ТҚКЖ-дың жедел, кезеңді және ерекше түрлері, базалық немесе уақытша әуеайлақтар, ӘК-нің жалғыз немесе топтық базалық орналасу жағдайында инженер-техникалық персонал АТ-да орындайтын ТҚКЖ-дың бөлшектеу-монтаж, реттеу және басқа да барлық жұмыстары кезінде АТ жай-күйін бақылауды жұмыстарды орындаушылар мен қызмет көрсету сапасын бақылауды жүзеге асыратын мамандарды жүргізеді

      288. Орындаушы мен бақылаушы құжатқа (наряд картасы, операциялар бойынша ведомостар және т.б.) қол қойған жағдайда әуе кемесінің ТҚКЖ-ы жекелеген жұмысты орындау сапасын бақылауды жалпы аяқталды деп санайды.

      289. гер бақылау үшін ұсынылатын жұмыс технологиялар немесе белгіленген көлем бұзыла отырып орындалса, бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адам бұл жұмысты кемшіліктерді жою үшін қабылдаудан бас тартады.

      Мұндай жұмысты қайта ұсыну және қабылдау тәртібін ТҚКЖ жөніндегі ұйым айқындайды.

4-Параграф. Қарап тексерудің арнайы түрлері

      290. Қарап тексерудің арнайы түрлеріне АТ пайдаланушының/иесінің, АТ әзірлеушілердің және жеткізушілердің құжаттарында ПҚ белгілейтін мерзімде және көлемде орындалатын АТ-ның бір реттік, инспекторлық және бақылау қарап тексерулер (тексерулері) жатады.

      Бір реттік қарап тексеру нәтижелері ӘК формулярында, "Бюллетендер мен нұсқаулар бойынша пысықтаулар мен қарап тексерулерді орындау" бөлімі жазылады. Басқа қарап тексерулердің нәтижелері борт журналының VI бөлімінде немесе көрсетілген мақсат үшін пайдаланушы және ТҚКЖ жөніндегі ұйым бекітетін "Арнайы қарап тексерулерді есепке алу журналында" жазылады.

      291. Бір реттік қарап тексеру конструкциялардың жекелеген бөлшектері мен элементтерінің, бұйымдар мен жүйелерін егжей-тегжейлі тексеру, олардың жұмыс қабілеті мен жұмыс істеу дұрыстығын егжей-тегжейін тексеру үшін жүргізеді.

      Бір реттік қарап тексеруді орындау тәртібі, оның жүгізу үшін қажетті қаражат пен ресурстар, қатысу мен жауапкершілікті бөлу тараптардың бір реттік қарап тексеру қажеттілігін айқындайтын келісімімен белгіленеді.

      292. Инспекторлық қарап тексеру ӘК-нің техникалық жай-күйін, оларға техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру мен сапасының жай-күйін бағалау үшін жүргізіледі. Инспекторлық қарап тексерулерді жүргізу тәртібі мен кестелері, пайдаланушының және ТҚКЖ жөніндегі ұйымның лауазымды адамдарының инспекторлық қарап тексерулерге қатысу нормалары пайдаланушының және ТҚКЖ жөніндегі ұйымның құжатында белгіленеді. Пайдаланушы уәкілетті органның лауазымды адамдарының талабы бойынша өздерінің қатысуымен, сондай-ақ тараптар келіскен тәртіппен басқа ұйымдар өкілдерінің қатысуымен ӘК-ге инспекторлық қарап тексерулер ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.

      Инспекторлық қарап тексеру көлемі оның таңдалған үлгі бағдарламасында немесе қарап тексеруге тапсырма беретін басшының жекелеген нұсқауында айқындалатын. Нақты қарап тексерудің бағдарламаларына қажет болған жағдайда ұшу-техникалық сипаттамалардың Ұшуды пайдалану жөніндегі нұсқаудың талаптарынан ауытқуларын жою жөніндегі қабылданған іс-шараларды, пысықтауларды орындауды, ТҚКЖ сапасының жай-күйін, ПҚ жүргізуді, өлшеу құралдарының, құралдың, жер үстінде қызмет көрсету құралдарының жарамдылығын тексеру енгізіледі. Қарап тексеруге қатыстыруға ӘК ұшу бөлімшелерінің инструкторлық құрамдарын, экипаж мүшелерін пайдаланушы мен ТҚКЖ жөніндегі ұйымның басқа қызметтерінің тиісті даярлығы және авиациялық техникада жұмысқа рұқсаты бар мамандарын тартуға рұқсат етіледі.

      293. Инспекторлық қарап тексеру кезінде анықталған ӘК-нің ақаулар, оның техникалық жай-күйін бағалауды, инспекциялайтын топ мамандарының ескертулері мен тұжырымдары қарап тексеруге барлық қатысушылары қол қоятын ақауға арналған нарядқа (ақаулар ведомосы) жазылады.

      Ақауларға арналған наряд карта-нарядтармен бірге сақталады.

      Қарап тексерулердің нәтижелері жөніндегі материалдар пайдаланушының және авиациялық техниканың ТҚКЖ сапасын талдау жөніндегі ТҚКЖ жөніндегі ұйымның ИАҚ құжаттарында, анықталған кемшіліктерді жою және оң тәжірибені енгізу жөніндегі іс-шаралар айқындалатын басқа құжаттарда көрініс табады.

      294. АТ бақылау қарап тексеру әуе кемесінің ұшуға дайындығы туралы куәліктің (сертификаттың) қолданысын ұзарту және ресурсты ұзарту, зақымдалған ӘК-ні қалпына келтірілгеннен кейін, кемені жөндеуден алған кезде, пайдаланушы мен ТҚКЖ жөніндегі ұйымның басшысы айқындайтын басқа жағдайларда жүргізіледі.

      Қарап тексеруді жүргізу үшін пайдаланушының ИАҚ басшысы және ТҚКЖ жөніндегі ұйым комиссия тағайындайды, қарап тексеру көлемін айқындайды және комиссия актісін бекітеді. Бақылау қарап тексеруі туралы жазба ӘК формулярында және борт журналында ("Жай-күйді бақылау" бөлімі) енгізіледі. Комиссияның барлық мүшелері қол қойған ақаулар ведомосы әуе кемесінің ісінде сақталады.

5–Параграф. Бақылау ұшуы және жермен жүру

      295. Егер осы үлгідегі ӘК үшін ПҚ-да өзгеше айқындамаса, ӘК-нің бақылау ұшуы (айналып ұшу) жерде орындалуы мүмкін емес жүйелер мен бұйымдардың жұмысын тексеру үшін, сондай-ақ ұшуда үш айдан астам үзілістен кейін әуе кемесінің ұшуға дайындығы туралы куәліктің (сертификаттың) қолданылу мерзімін ұзарту үшін жүргізіледі. ӘК бақылап ұшуды талап ететін міндетті жағдайлардың тізбесі пайдалану құжаттамасында белгіленеді.

      Пайдаланушы уәкілетті орган белгілейтін шектеулерді ескере отырып, міндетті жағдайлардың құрамына кірмейтін басқа жағдайларда да бақылау ұшуын орындау туралы шешім қабылдайды. Бақылау ұшуы Ұшу жөніндегі нұсқаудың, Ұшуды пайдалану жөніндегі нұсқаудың талаптарына сәйкес орындалады. Уәкілетті орган рұқсат берген мұндай біріктіруден басқа өндірістік тапсырмалар орындала отырып бақылау ұшуларын біріктіруге рұқсат етілмейді.

      296. ТҚКЖ жөніндегі ұйым бақылау ұшуын жүргізудің жеке бағдарламасын әзірлейді және бекітеді, онда бақылау ұшуының мақсаты, шарттары мен режимдері, тексеруге жататын параметрлер, сондай-ақ экипаж құрамы мен бақылау ұшуына қатысатын басқа қатысушылары көрсетіледі.

      297. Бақылау ұшуына оның бағдарламасына сәйкес ТҚКЖ жөніндегі ұйымның – ӘК иесінің және басқа ұйымдар қатыса алады. ( изменить

      298. ӘК бақылау ұшуына дайындау ПҚ талаптарына және өндірістік тапсырмаға сәйкес жүзеге асырылады. ӘК-ге жедел қызмет көрсетуге арналған карт-нарядта және борт журналында: "Ұшақ (тікұшақ) бақылау ұшуына дайындалды. Ұшуға рұқсат беремін" деп жазылады. Карта-нарядта "Бақылау ұшуынын алдында" деген белгі болуы тиіс.

      299. Бақылау ұшуында экипаж бен ұшуға қатысушы мамандар АТ жұмысына үнемі бақылау жүргізеді, бағдарламада көзделген хаттамаларда тексерілетін жүйелердің (бұйымдардың) параметрлерін (жұмыс ерекшеліктерін) тіркейді. Бақылау ұшуына әрбір қатысушы АТ жұмысында олар нормадан ауытқуларды анықтаған кезде бұл туралы ӘК командиріне дереу баяндайды, ауытқулардың болжамды себептері мен ұсынылатын

      іс-қимылдар туралы өзінің қорытындысын хабарлайды, ӘК командирінің рұқсатымен авиациялық техниканың қалыпты жұмысын қалпына келтіру жөнінде шаралар қабылдайды.

      Ұшуда анықталған іркілістер мен ақаулар туралы борт журналында және бақылау ұшуында картасына жазылады.

      300. Бақылау ұшуынан кейін ӘК-ге техникалық қызмет көрсету көлемі, жұмыстарды жүргізу мен техникалық құжаттаманы ресімдеу тәртібі ПҚ талаптарында және өндірістік тапсырмада айқындалады. Көрсетілген жұмыстарды орындауға арналған карта-наряд және оған қосымшада "Бақылау ұшуын орындағаннан кейін" деген белгі болуы тиіс.

      301. Бақылау ұшуының нәтижелерін өңдеу оның бағдарламасына сәйкес деректерді толық жазу мен талдаудың қолданыстағы технологияларын қолдану арқылы жүргізіледі. Бақылау ұшуының нәтижелерін өңдеу материалдарын сараптауды пайдаланушы және ТҚКЖ жөніндегі ұйым айқындайтын мамандар жүргізеді.

      Сарапшылар АТ жұмысында ауытқулардың жоқ екендігін растаған жағдайда ТҚКЖ жұмыстарын орындап, ақауларды жоғаннан кейін ӘК-нің жарамдығы туралы қорытындыны жұмыстың тікелей басшысы мен олардың сапасына жалпы бақылауға жауапты маман береді.

      Бақылау ұшуынан кейін орындалған ТҚКЖ жұмыстарына белгіленген тәртіппен карта-наряд, ӘК-нің борт журналы ресімделеді және бақылау ұшуының картасында тиісті жазбалар жүргізіледі.

      302. Бақылау ұшуының ӘК командирі қол қойған картасы, бақылау ұшуына дейін және кейін орындалған ТҚКЖ жұмысына ресімделген карта-нарядтар негізінде әуе кемесінің формулярына көрсетілген ұшу туралы деректердің жазбасын жүргізіледі.

      303. ӘК-нің бақылау жермен жүруі тұрақта орындалуы мүмкін емес жүйелер мен бұйымдардың жұмысын тексеру үшін жүргізіледі. ӘК-нің бақылау жермен жүруін талап ететін міндетті жағдайлардың тізбесі пайдалану құжаттамасында белгіленеді.

      Пайдаланушы ПҚ-да белгіленетін талаптар мен шектеулерді ескере отырып, міндетті жағдайлардың құрамына кірмейтін басқа жағдайларда да бақылау жермен жүруін орындау туралы шешім қабылдайды. Бақылау жермен жүруін азаматтық авиациясында ұшуды жүргізу ұйымдастыру (бұдан әрі - АА ҰЖҰ), ұшуды пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың, осы Қағиданың және оны жүргізу жөніндегі бекітілген бағдарламаның талаптарына сәйкес орындалады.

      304. Пайдаланушы бақылау жермен жүруінің жеке бағдарламасын әзірлейді және бекітеді, онда бақылау жермен жүруінің мақсаты, шарттары мен режимдері, тексеруге жататын параметрлер, сондай-ақ экипаж құрамы мен бақылау жермен жүруіне қатысатын басқа қатысушылары көрсетіледі.

      Бақылау жермен жүруінің бекітілген бағдарламасы бақылау жермен жүру тапсырмасымен бірге ӘК экипажына беріледі.

      305. ӘК-нің бақылау жермен жүруін дайындау ПҚ талаптарына, бақылау жермен жүру бағдарламасына және өндірістік тапсырмаға сәйкес жүзеге асырылады. ӘК-ге жедел қызмет көрсетуге арналған карта-нарядта және борт журналында: "Ұшақ (тікұшақ) бақылау жермен жүруге дайындалды. Жермен жүруіне рұқсат беремін" деп жазылады.Карта-нарядта "Бақылау жермен жүру алдында" деген белгі қойылады.

      306. Бақылау жермен жүру бағдарламасының орындалғаны және оның нәтижелері туралы борт журналында жазылады.

      Бақылау жермен жүруінен кейін ӘК-ге техникалық қызмет көрсету көлемі, жұмыстарды жүргізу мен техникалық құжаттаманы ресімдеу тәртібі ПҚ талаптарында және өндірістік тапсырмада айқындалады. Көрсетілген жұмыстарды орындауға арналған карта-нарядта және оған қосымшада "Бақылау жермен жүруді орындағаннан кейін" деген белгі қойылады. Бақылау жермен жүру бағдарламасын орындағаны туралы экипаждың қорытындысы бар ол карта-нарядқа қоса беріледі.

      ТҚКЖ жұмыстарын орындап, ақауларды жойғаннан кейін ӘК-нің жарамдығы туралы қорытындыны жұмыстың тікелей басшысы мен олардың сапасына жалпы бақылауға жауапты маман береді.

12-тарау. Авиациялық техниканы игеру

      Ескерту. 12-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.07.2019 № 577 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1–Параграф. Авиациялық техниканы игеру жөніндегі жұмыстарды дайындау және жүргізу

      307. Пайдаланушының, ТҚКЖ жөніндегі ұйымның жаңа АТ игеруі ұшуды қамтамасыз етудің барлық қызметтерінің ӘК-нің қауіпсіз ұшуын қамтамасыз етуге және оларды тиімді пайдалануға бағытталған ұйымдастыру-техникалық іс-шаралар кешенін орындау болып табылады.

      АТ игеру жөніндегі жұмыстар пайдаланушылар үшін ӘК-нің жаңа үлгілерін, (қазіргі игерілген АТ модификациясын қоса алғанда), арнайы жабдық пен авиациялық техниканың жай-күйін бақылау құралын алу кезінде жүргізіледі.

      Пайдаланушыны, ТҚКЖ жөніндегі ұйымды игерілетін АТ пайдалануға дайындау мерзімі жаңа объектілерді пайдалануға қабылдауға дайындауға қатысушы ұйымдардың келісімінде айқындалады.

      308. Жаңа АТ игеруге дайындау кезіндегі типтік жағдайда пайдаланушы, ТҚКЖ жөніндегі ұйым кешенді іс-шаралар жоспарын әзірлейді және бекітеді, онда орындауға қажетті тапсырмалар, ұшуды қамтамасыз етудің барлық қызметтері үшін жоспарланған жұмыстарды жүргізу мерзімі, оларды материалдық-техникалық қамтамасыз етуге орындауға жауапты лауазымды адамдар, олардың орындалғаны туралы баяндамалардың мерзімі айқындалады. Іс-шаралар құрамына:

      1) мамандарды қайта үйретуді;

      2) ИАҚ қажетті құрылымдық өзгерістерді;

      3) өндірістік базаны (ғимараттарды, құрылыстарды, технологиялық жабдықты) дайындауды;

      4) жаңа АТ пайдалануды материалдық-техникалық қамтамасыз етудің ерекшеліктерін нақтылауды, жаңа техникалық құралдарына, материалдарға, қосалқы бөлшектерге және құжаттамаға қажеттіліктерді қанағаттандыру мәселелерін практикалық шешуді;

      5) ИАҚ, ТҚКЖ жөніндегі ұйым қызметінің АТ игеру үшін айтарлықтай ерекше факторларын (базалық орналасу ерекшеліктері, техникалық жарақтануы, климаттық жағдайлары) анықтауды және дайындау бағдарламасында есепке алуды көздейтін жұмыстарды қамтиды.

2–Параграф. Авиациялық техниканы бақылауға бағынысты пайдалану

      309. АТ бақылауға бағынысты пайдалану:

      1) оған арналған ресурстар мен жұмыс істеу мерзімін ұлғайту мүмкіндігін айқындау мен растау;

      2) ТҚК режимдері мен техникалық пайдалану жөнінде шешімдер қабылдау кезінде берілген нәтиже алуға кепілдік беретін дәлелдердің түпкілікті негіздемелері жоқ жаңа шешімдердің қолданылуын және тиімділігін тексеру мақсатында жүргізіледі.

      310. АТ бақылауға бағынысты пайдалану АА ғылыми-зерттеу ұйымдарының және басқа ведомстволарының әдістемелік нұсқауымен уәкілетті орган бекіткен және пайдаланушымен және АТ әзірлеушілермен келісілген шешімдер (бағдарламалар, нұсқаулар) бойынша жүргізіледі. ( изменить

      Пайдаланушының АТ бақылауға бағынысты пайдалануды бастау алдында оның бөлімшелері мен мамандарын, бақылауға бағынысты пайдалануды регламенттейтін құжаттарды зерделеу мен тиісті жұмыстарды қамтамасыз етуді айқындайтын құжаттарды әзірлеу жүргізіледі.

13-тарау. Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін жөндеу

      Ескерту. 13-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.07.2019 № 577 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1–Параграф. Авиациялық техниканы жөндеуді жоспарлау, тапсырыс берушілерге тапсыру және зауыттық оны жөндеуге қабылдауы

      311. Жөндеуаралық ресурсын (оның ішінде бірінші жөндеуге дейінгі) немесе жұмыс істеу мерзімін аяқтаған АТ, сондай-ақ ақауларын мен сынықтары себебінен пайдаланудан мерзімінен бұрын алынған, жөндеуден кейін мақсаты бойынша одан әрі пайдалануға жарамды АТ жөндеуге жатады.

      312. ӘК-ні жөндеу үшін (авиахимжұмыстары, санитарлық жұмыстар үшін және т.б.) жөндеу жүргізушіге келіп түскен белгіленген жабдықты, ұшу шарты бойынша борттағы жабдықты (үрмелі авариялық құтқару құралдары мен т.б.) жөндеу жүргізуші қабылдайды және жөндейді.

      313. ӘК-нің орнатылған, жөндеуге келіп түскен қозғалтқыштар пайдалану құжаттамасына көзделген жағдайларда консервациялауға жатады.

2–Параграф. Авиациялық техниканы зауыттарда жөндеу

      314. Жөндеуге қабылданған ӘК жөндеу қорының тұрағына орналастырылады, қажет болғанда арқандап байлайды, консервациялайды, пломбалайды және күзетке тапсырылады. Жөндеу қорының ӘК-ге техникалық қызмет көрсету жөндеу жүргізушінің пайдалану құжаттамасының талаптарына сәйкес жүргізіледі. Жөндеу қорын, жөнделген ӘК, қозғалтқыштарды және жиынтықтаушы бұйымдарды есепке алу мен сақтауды жөндеу жүргізуші қамтамасыз етеді.

      315. АТ жөндеу, кіріс бақылауын, бөлшектеуді, дефектациялауды (диагностикалауды), техникалық жай-күйінің кондициондығын қалпына келтіруді, құрастыруды және сынауды қоса алғанда, оның барлық үдерістері нақты үлгідегі АТ жөндеу жөніндегі қолданыстағы нұсқаудың талаптарына (үлгі технологияларына) сәйкес жүзеге асырылады.

      Үлгі технологиясында көзделмеген жөндеу жұмыстары жөндеу жүргізуші әзірлейтін, метрологиялық сараптауға және нақты үлгідегі АТ жөндеу жөніндегі қолданыстағы нұсқаудың әзірлеушісімен келісуге жататын технологиялық құжаттар бойынша орындалады.

      316. АТ жөндеу жүргізу кезінде:

      1) бюллетендердің талаптарына сәйкес АТ пысықтауларды орындау;

      2) жөндеу жөніндегі қолданыстағы нұсқаудың және басқа жөндеу құжаттамасының талаптарын толық орындау;

      3) жөндеу жүргізуге тиісті жұмыстарды орындауға ресімделген құжатымен дайындығы бар мамандарды (ИТР және жұмысшылар) ғана жіберу;

      4) технологиялық құжаттамада рұқсат етілген материалдар мен техникалық құралдарды жөндеу үдерісінде пайдалану;

      5) орындалатын жұмыстардың (операциялардың) сапасын бақылау; жөнделген АТ кешенді қарап тексеру, жөндеу объектілерінің техникалық жай-күйінің анықталған кемшіліктерінің жойылуын бақылау қамтамасыз етіледі.

      317. АТ жөндеу кезінде жарамды және уақтылы тексерілген өлшеу құралдары мен технологиялық жабдық, таңбаланған құрал қолданылады. Меншікті дайындалған жабдық, өлшеу және бақылау құралдары мен олардың құжаттамалары қолдануға жіберер алдында метрологиялық сараптаудан және аттестаттаудан өтеді.

      318. ТҚКЖ ұйымы жүзеге асыратын АТ жөндеу сапасын бақылау:

      1) жөндеу жүргізудің технологиялық үдерісіне;

      2) материалдардың, қосалқы бөлшектердің, жабдықтың, өлшеу құралдарының, құралдың жай-күйіне;

      3) технологиялық құжаттамаға;

      4) өндірістік-бақылау құжаттамасын, формулярларды (паспорттарды), жөндеуге және техникалық қызмет көрсетуге арналған нарядтар мен ведомостарды ресімдеуге қолданылады.

      319. Жөнделген ӘК, өнеркәсіптен немесе тапсырыс берушіден алынған бұйымдарды (жаңа және бұрынғы пайдаланылған) дайындаушы кәсіпорынның техникалық шарттарына және үлгі пайдалану мен жөндеу құжаттамасының талаптарына сәйкес орнатуды, оларды монтаждаудың дұрыстығын қамтамасыз етуді, реттеу және басқа жұмыстарды орындауды, АТ бұйымдарының жөндеуаралық ресурсын қамтамасыз етуді жөндеу жүргізуші жүзеге асырады.

      320. Жөнделген АТ-да жөндеу жүргізуші техникалық құжаттаманың талаптарына сәйкес консервациялау мен буып-түю жөніндегі жұмыстарды орындайды.

      321. Жөнделген ӘК (бұйым) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Ұшуға жарамдылық нормаларына, жөндеу құжаттамасының талаптарына сәйкес сынақтарға (тексерулерге) сәйкестігіне тексеруге жатады. Өндіріс жағдайлары мен жөндеуді игеру дәрежесіне қарай жекелеген жағдайда ұшуды сынауларды қоспағанда, бұйымдар мен жүйелерді сынау көлемі нақты үлгідегі АТ жөндеу жөніндегі қолданыстағы нұсқауды әзірлеушімен келісім бойынша өзгертілуі мүмкін.

      322. Жөндеу сапасы мен технологиялық үдерістердің тиімділігін бағалау үшін жөндеу технологиясында көзделген сынақтарға қосымша ретінде кезеңділікпен АТ бұйымдарына технологиялық сынақтар, сондай-ақ оларды бақылау бөлшектеуі жүргізіледі.

3–Параграф. Зауыттың авиациялық техниканы жөндеуге беруі және тапсырыс берушінің оны қабылдауы

      323. Күрделі жөндеуден өткен АТ-ға сенімділік пен кепілдікті міндеттемелер көрсеткіштерінің оны дайындау кезінде белгіленген номенклатура қолданылады.

      Жөндеу жүргізушінің кепілдік міндеттемелері жөндеуден кейін АТ бұйымдарының пайдалану құжаттамасына (формулярлар, паспорттар, затбелгілер) енгізіледі.

      324. Жөндеу жүргізуші қабылдау-тапсыру актісіне сәйкес жиынтықталған, жерде және ұшуда сыналған, пайдалануға жарамды деп танылған, нөмірлік және басқа құжаттама бойынша ресімделе отырып, жөнделген ӘК-ні тапсыруға ұсынады. ӘК, оның қозғалтқыштарында және жиынтықтаушы бұйымдарда шартта, қосымша тапсырыстарда және ӘК-ні жөндеу кезеңінде уәкілетті органның жедел пысықтаулар мен бір реттік қарап тексерулер туралы нұсқауларында (тапсырыс берушінің қосымша тапсырыстарды ресімдеуі арқылы) көзделген жұмыстар орындалады.

      325. ӘК-ні қабылдау кезінде тапсырыс берушінің өкілдері шарттың талаптарын, пайдалану құжаттамасының талаптарын басшылыққа алады және мыналарды тексереді:

      1) шарттың талаптары мен қосымша тапсырыстардың орындалу толықтығын;

      2) нөмірлері бойынша және кеме құжаттамасының болуын және ресімделуін;

      3) ӘК-нің жабдығы мен мүлкінің жиынтықтығы;

      4) уәкілетті органның мерзімді пысықтаулар мен біреттік қарап тексерулер туралы нұсқауларының орындалуын;

      5) ӘК-нің техникалық жай-күйін, бұйымдар мен жүйелердің жұмыс қабілетін және жұмыс істеуінің дұрыстығын.

      Тапсырыс берушінің экипажы ұшу сынақтарының хаттамасымен, жөндеу кезінде орындалған пысықтаулармен, ӘК-ні жөндегеннен кейін бақылау ұшуын орындаған жөндеуді жүргізуші экипажының ескертулерімен байланысты ӘК-нің ерекшеліктерімен танысады, әуе құжаттамасының болуы мен ресімделуін, ӘК-нің жүйелері мен жабдығының жұмыс қабілетін және жұмыс істеу дұрыстығын тексереді, егер уәкілетті органның нормативтік құжаттамаларында көзделсе, бақылау ұшуын жүргізеді.

      326. Жөндеуді жүргізуші ӘК-нің беру және оны тапсырыс беруші қабылдауы кезінде жөндеу жүргізуші мен тапсырыс берушінің өкілдері:

      1) тапсырыс беруші экипажының ӘК бақылау ұшу (айналып ұшу);

      2) ӘК мен арнайы аппаратураны қабылдау-тапсыру (қабылдау-тапсыру актісі);

      3) қосымша тапсырыстар бойынша жұмыстарды орындау актісіне қол қояды.

      327. Орындалған жөндеу, пайдалануға жарамдылығы, жөндеуаралық және кепілдікті ресурс, жұмыс істеу мерзімі туралы, қорытындыны жөндеу ӘК массасы мен орталықтау туралы мәліметті жүргізуші ӘК формулярына енгізеді.

      ӘК-ні алғашқы жөндеу кезінде жөндеу жүргізуші планердің күш элементтерінің формулярын (төзімділік картасын) толтырады және тапсырыс берушіге береді. Көрсетілген жазбалар мен жөндеу жүргізушінің қызметкерлері ӘК құжаттамасына енгізетіндер жөндеу жүргізушінің қажетті өкілеттіктері бар лауазымды адамдарының қолдарымен расталады, бұл жөндеу жүргізушінің құжаттарында айқындалады.

      328. Жөнделген ӘК белгіленген жерге ұшып келуі үшін ӘК-ні жөндеу жүргізуші қабылдау кезінде ресімделген қабылдау-тапсыру актісі негіз болып табылады.

      329. ТҚК мен жөнделген, тапсырыс беруші қабылдаған ӘК-нің белгіленген әуеайлаққа ұшып келуін дайындауды тиісті карта-нарядты ресімдей отырып, жөндеу жүргізуші жүргізеді. Бұл ретте ӘК-ні отынмен мен маймен толтыру шығыстарында ӘК-ні жөндеуге қабылдау кезінде құйылған ЖЖМ мөлшері ескеріледі.

      330. Жөнделген АТ көлік құралдарымен жөнелту кезінде жөндеуді жүргізуші оны қаптауды, тиеуді, бекітуді қамтамасыз етеді. Жөндеу жүргізушіге контейнермен жеткізілген ӘК-ні контейнерсіз жөнелтуге рұқсат берілмейді.

      Егер тараптардың келісімінде өзгеше айқындалмаса, жөндеу жүргізушіден тапсырыс берушіге келіп түскен АТ-ны тиеу мен ӘК-ні құрастыруды тапсырыс беруші қамтамасыз етеді. Оның экипажы: құрастырғаннан кейін ӘК-нің бақылау ұшуын да қамтамасыз етеді.

      АТ жөнелтушіге олар жөнелткен объектілерді тасымалдауға байланысты шағымдары болған жағдайда тапсырыс беруші наразылық қою үшін оның өкілін шақырады.

      331. Жөнделген АТ-ны жөндеу жүргізуші тапсырыс берушіге (тиесілігі бойынша) немесе оның нұсқауы (тапсырмасы) бойынша басқа кәсіпорынға жөнелтеді. АТ жөнелту туралы жөндеу жүргізуші тапсырыс берушіге (алушыға) белгіленген нысандағы хабарлама жібереді.

      332. Жөндеу жүргізуші жөнелткен АТ тапсырыс берушінің (алушының) белгіленген жерге келіп түскен кезде үш күн мерзімде жөнелтушіге оны алғаны туралы хабарлама жібереді.

      333. Жөндеуден келіп түскен ӘК-ні одан әрі пайдалану дайындауды АТ пайдаланушы/иесі нақты үлгідегі ӘК үшін пайдалану құжаттамасының талаптарына сәйкес жүргізеді. Бұл ретте, ӘК-ге белгіленген тәртіппен азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы туралы куәлік (сертификат) ресімделеді.

      334. Жөндеу жүргізуші мәлімделген кепілдікті міндеттемелерге және белгіленген кепілдікті ресурстарына сәйкес өзі тапсырыс берушіге жеткізілген өнімді қалпына келтіреді немесе ақауы бар өнімді ауыстырады және егер оның техникалық нормалардан анықталған ауытқуларында тапсырыс берушінің кінәсі болмаса және жеткізушінің кінәсі анықталса, келтірілген залалды өтейді. Бұл ретте жөндеу жүргізуші өз жеткізушілеріне егер көрсетілген жағдайларда тиісті негіздемелер анықталған жағдайда, наразылық қояды.

      335. ӘК-нің тұрып қалуын азайту мақсатында тапсырыс беруші зауыттың пломбыларын бұзбай жөндеу жүргізушінің кепілдігіндегі ақауы бар АТ дербес қалпына келтіреді. Көрсетілген жағдайда жөндеу жүргізушіге кейіннен наразылық қою және қажет болғанда оның өкілін наразылық актісін ресімдеуге шақыру үшін негіздемелер сақталады. Бұл ретте, жөндеу жүргізуші тапсырыс берушінің талабы бойынша АТ қалпына келтіру (жұмсалғандардан қалпына келтіруге) үшін қажетті жиынтықтаушы бұйымдар мен материалдарды жібереді (сұрауды алған күннен сәттен бастап 5 тәуліктен аспайтын мерзімде) және тапсырыс берушіге жөнелту деректемелерін хабарлайды.

      336. Т-ны кепілдіктен кейінгі пайдалану кезеңінде АТ иесі ақауы бар өнімді дербес қалпына келтіре алмаған жағдайда жөндеу жүргізуші оны иесінің (тапсырыс берушінің) есебінен қалпына келтіреді.

      337. Жөндеу жүргізуші өзінің кепілдікті ресурстары шегінде жеткізілген өнімнің сапасы мен жұмыс қабілеті үшін жауапты болады. Жөндеу жүргізушінің көрсетілген жауапкершілігі ол басқа жеткізушілерден алған және тапсырыс берушіге берілген, жөндеу жүргізуші жиынтық өнімге орнатқан АТ бұйымдарына да қолданылады. Соңғы жағдайда жөндеу жүргізушінің жауапкершілігі авиациялық техниканың жиынтық бұйымының кепілдігімен шектеледі.

      Жөндеу жүргізушінің кепілдікті міндеттемелерді жүзеге асырудың мынадай мерзімі белгіленеді (егер тараптардың келісімінде өзгеше айқындалмаса):

      1) тапсырыс берушінің телеграфтық шақыруы бойынша жөндеу жүргізуші өкілінің келуінің шекті мерзімі (адресатқа шақырылғаны туралы жеделхат тапсырылған сәттен бастап (тапсырылғаны туралы хабарламамен) есептеледі) – тапсырыс беруші көрсеткен пунктке рейстік көлікпен жол жүруге (ұшу) уақытты қоса отырып төрт тәулік;

      2) кепілдікті АТ-ны және кепілдіктен шыққан АТ-ны қалпына келтіру мерзімі (жөндеу жүргізуші өкілінің тапсырыс берушіге келу сәтінен бастап есептеледі) – бес тәулік (кепілдікті АТ үшін және кепілдіктен шыққан АТ үшін жарамдылық мерзімі).

4–Параграф. Ағымдағы жөндеу

      338. АТ ағымдағы жөндеу оны жекелеген бұзылуларын немесе ақауларын жоюдан тұрады. ӘК-ні ағымдағы жөндеуді және АРЭО жөндеуді ИАҚ мамандандырылған бөлімшелер, ТҚКЖ жөніндегі ұйымдар немесе тиісті даярлығы бар жекелей тағайындалатын мамандар жүргізеді.

      339. Т ағымдағы жөндеу жалпы және үлгі ПҚ талаптарына сәйкес немесе пайдаланушының ИАҚ және ТҚКЖ жөніндегі ұйым әзірлейтін технологиялар бойынша ПҚ-да қажетті технологиялық нұсқаулар болмаған жағдайда жүргізіледі. Қажет болған жағдайда пайдаланушының ИАҚ және ТҚКЖ жөніндегі ұйым әзірлейтін жөндеу технологиялары құзыретті ұйымдармен және уәкілетті органмен келісіледі.

      Қажеттілігі өзінің конструкторлық-өндірістік кемшіліктерінен туындаған АТ ағымдағы жөндеуді пайдаланушының қабылданған шағымдарын қанағаттандыру тәртібімен АТ әзірлеуші мен дайындаушы жүзеге асырады.

      ӘК-ге орнатуға арналған бөлшектерді дайындау материалы мен оны өңдеу шарттары көрсетіле отырып, сызбасы (нобайы) бар тапсырыстар бойынша ғана жүргізеді.

      Бөлшектерді үлгілері бойынша ғана дайындауға рұқсат етілмейді.

      340. Жер үстінде қызмет көрсетудің арнайы қолданылатын құралдарын дайындау, тексеру және жөндеу ПҚ талаптарына сәйкес, ал олар болмаған жағдайда – пайдаланушының ИАҚ және ТҚКЖ жөніндегі ұйым әзірлейтін құжаттамаға сәйкес жүзеге асырылады.

14-тарау. ТМД елдерінен басқа елдерде шығарылған азаматтық әуе кемелерінде ұшуға жарамдылықты сақтау тәртібі

      Ескерту. 17-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.07.2019 № 577 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1–Параграф. Ұшуға жарамдылығын сақтау жұмыстары

      341. ӘК-нің штаттық та, авариялық-құтқарушы да құрал-жабдықтарының жұмысқа жарамдылығын сақтауды қоса алғанда, ӘК-нің ұшуға жарамдылығын сақтау мыналар арқылы қамтамасыз етіледі:

      1) ұшу алдындағы дайындықты атқару;

      2) ұшудың қарастырылып отырған түрінің қауіпсіздігіне әсер ететін тоқтап қалулар мен бүлінулерді егер олар ӘК-нің аталған үлгісі үшін қабылданған болса, Құрал-жабдықтың ең аз тізбесі (MEL) мен Конфигурацияда рұқсат етілген ауытқулардың тізбесіндегі (CDL) шектеулерді ескере отырып, уәкілетті органмен келісілген қолданыстағы технологиялар бойынша жою;

      3) осы Қағиданың 17-тарауының Параграф3 талаптарына сай бекітілген ТҚК бағдарламасына сәйкес барлық ТҚК түрлерін орындау;

      4) ауыр ӘК және коммерциялық азаматтық авиацияның барлық ӘК үшін осы Қағиданың 17-тарауының Параграф3 талаптарына сай бекітілген ТҚК бағдарламасының тиімділігіне талдау жасау;

      5) қолданылатын барлық:

      ұшуға жарамдылық бойынша директиваларды;

      ұшуға жарамдылықты сақтаумен байланысты пайдалану мәселелері бойынша ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттар (пайдалану директивалары немесе нұсқаулар);

      уәкілетті органмен және Халықаралық азаматтық авиация конвенцияның 6 және 8 қосымшаларымен (Чикаго, 1944 жыл) белгілеген ұшуға жарамдылықты сақтау жөніндегі талаптарды;

      қауіпсіздік мәселелерін шешу үшін уәкілетті орган белгілеген дереу жасалатын шараларды атқару;

      6) модификациялар мен жөндеулерді атқару;

      7) міндетті емес модификациялар және/немесе бақылаулық тексерулерді атқару саласындағы пайдаланушылар үшін саясат құру;

      8) ауыр ӘК және коммерциялық азаматтық авиацияның барлық ӘК-не міндетті емес модификациялар және/немесе бақылаулық тексерулерді атқару саласындағы саясат құру;

      9) қажет болса бақылау мақсатындағы ұшуларды орындау.

2–Параграф. Техникалық қызмет көрсету бағдарламасы

      342. Әрбір ӘК –ға техникалық қызмет көрсету уәкілетті ұйым бекіткен Бағдарламаға (ережелерге) сәйкес жүзеге асырылады және мерзімді қайта қаралуы және қажетті түзетулер енгізілуі тиіс.

      Ескерту. 342-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.07.2019 № 577 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      343. Әр әуе кеменің ТҚ бағдарламасына (регламент) келесі ақпаратты кіреді:

      1) мерзімдігі және техникалық қызмет бойынша олардың ұшақтың болжамды қолданылуы есебімен жасалу жұмыстары;

      2) құрылымның бүтінділігін сақтау бағдарламасын оны қолдану кезінде,

      3) осы тармақтың 2)және 1) тармақшаларында айтылған бағдарламаның өзгертілген ұйғарымы немесе олардан тайыну;

      4) әуе кемесінің қозғалтқыш күшінің және агрегатының беріктікті қолдау жүйесінің бағдарламасы және бақылау жағдайының процедурасын сипаттау қолдануға қажет кезінде;

      344. ТҚК бағдарламасында ұшудың ерекше түрлерімен байланысты ТҚК-ның арнайы түрлерін қоса алғанда, ТҚК бойынша атқарылуы тиіс барлық жұмыстардың түрлері мен кезеңділігі туралы егжей-тегжейлі ақпарат бар. Егер ТҚК бағдарламасы мыналарға негізделген болса, ТҚК бағдарламасының құрамына сенімділік деңгейін бақылау бағдарламасы енгізіледі:

      1) ӘК-нің сенімділігі мен қауіпсіздігін логикалық талдау нәтижелері бойынша ТҚК бағдарламасы құрастырылған рәсімдерге;

      2) қауіпсіз тоқтап қалуға дейін техникалық пайдалану әдісін қолдану басым болғанда.

      345. Егер ұшуға жарамдылықты сақтауды ұшуға жарамдылықты сақтауға арналған ұйымдар жүзеге асыратын болса, ТҚК бағдарламасы мен ондағы өзгертулерді бекіту белгіленген ұйымдардың ТҚК бағдарламасын жүргізу рәсімдерінің шеңберінде жүзеге асырылуы мүмкін.

      346. Бүлінулерді жөндеу, сонымен қатар модификациялар мен жөндеулерді атқару уәкілетті орган немесе дайындаушы бекіткен құжаттамаларды қолдану арқылы жасалады.

      347. Все модификации и ремонты согласовываются с организацией, ответственной за типовую конструкцию. Выполнение крупных модификаций и ремонтов утверждаются государством регистрации.

      Барлық өзгертулер мен жөндеулер үлгілік құрылымына жауапты ұйымымен келісіледі. Ірі өзгертулер мен жөндеулердің жасалуын бекіту тіркелген мемелекетте бекітіледі.

3–Параграф. ӘК-нің ұшуға жарамдылықта ұстап тұру туралы деректерді есепке алу жүйесі

      348. ТҚК бойынша кез келген жұмыстар аяқталғаннан кейін, талаптарға сәйкес осыған байланысты шығарылатын Пайдалануға жіберу сертификаты ӘК ұшуға жарамдылықта ұстап тұру туралы деректерді есепке алу жүйесіне енгізуге жатады. Әрбір жазба мүмкіндігінше қысқа мерзімде, бірақ кез келген жағдайда ТҚК бойынша қарастырылып отырған жұмыс аяқталған күннен бастап күнтізбелік 30 күннен кем емес мерзімде енгізілуі тиіс. ( изменить

      349. ӘК ұшуға жарамдылықта ұстап тұру туралы есепке алу деректерінде пайдаланушының борттық техникалық журналының, сондай-ақ ӘК формулярының, қозғалтқыштар формулярларының немесе ресурсы бойынша (қызмет ету мерзімі) шектеулері бар әуе бұрандаларының паспорттарының ақпараты қамтылады.

      350. ӘК формуляры мен борттық техникалық журналға: ӘК түрі мен тіркеу нөмірі, ӘК ұшу күні мен көтерілу және/немесе ұшу циклдерінің және/немесе қонуының жинақталған саны енгізіледі, сонымен қатар борттық техникалық журналға ұшу кезінде авиациялық техниканың жұмысы туралы ескертулер енгізіледі.

      351. Ұшуға жарамдылығын қолдау туралы есепке алу деректерінде:

      1) ұшу жарамдылығы бойынша ағымдағы директиваларды орындау мәртебесі және қауіпсіздік проблемаларын шұғыл шешу шаралары ретінде уәкілетті орган нұсқаған шаралар туралы ақпарат; ( изменить

      2) модификациялар мен жөндеулерді орындаудың ағымдағы мәртебесі туралы ақпарат;

      3) ТҚК Бағдарламаларын орындаудың ағымдағы мәртебесі туралы ақпарат;

      4) шектеулі ресурсты (қызмет ету мерзімімен) компоненттердің ағымдағы мәртебесі туралы ақпарат;

      5) салмағы мен орталықтануы туралы есеп;

      6) ТҚК бойынша кейінге қалдырылған жұмыстар тізбесі қамтылады.

      352. Мақұлданған компонентті пайдалануға жіберу сертификатына қосымша (ЕАSА 1-нысан немесе балама), бортта орнатылған компоненттерге қатысты төмендегі ақпарат қозғалтқыштардың немесе әуе бұрандаларының формулярларына, ресурсы (қызмет ету мерзімі) бойынша шек қойылған қозғалтқыштардың немесе компоненттер модулдерінің паспортына (этикеткалары) тиісінше енгізілуі тиіс. Олар:

      1) компонентті белгілеу;

      2) нақты компонент орнатылған ӘК түрі, зауыттық нөмірі және мемлекеттік тіркеу нөмірі, сондай-ақ осы компонентті қайта монтаждау немесе орнату туралы нұсқау;

      3) нақты компоненттің шабуыл сағаттарындағы және/немесе ұшу циклдеріндегі және/немесе тиісінше қону сандарының жинақталған атқарылымы;

      4) осы Қағиданың 363-тармағына сәйкес компонентке қолданылатын ағымдағы ақпарат.

      353. Осы Тараудың 6-тармағының талаптарына сәйкес ұшу жарамдылығын қолдау жөніндегі жұмыстарды басқаруды жүзеге асыруға ұйым атынан өкілеттік берілген адам осы талаптарға сәйкес көрсетілген есепке алу деректерін жүргізеді және осы деректерді уәкілетті ұйымға ұсынады.

      Ескерту. 353-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.07.2019 № 577 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      354. Ұшуға жарамдылықта ұстап тұру туралы есепке алу деректеріне енгізілген барлық жазбалар анық әрі ұқыпты болуы тиіс. Жекелеген жазбаларға түзету енгізу қажет болған кезде бұл түзету жазбаның бастапқы нұсқасын оқу мүмкін боларлықтай етіп енгізіледі.

      355. Меншік иесі немесе пайдаланушы көрсетілген мерзімдер ішінде мынадай есепке алу деректерін сақтау үшін жүйе құруды және оның жұмыс істеуін қамтамасыз етеді:

      1) ӘК (өндірістік-бақылау құжаттамасы) және онда орнатылған барлық шектеулі (қызмет ету мерзімі) ресурсты компоненттерге ТҚК туралы барлық егжей-тегжейлі есепке алу жазбаларын - ӘК-ні немесе оның компонентін пайдалануды тоқтатқан (істен шығарған) кезден бастап кемінде 24 айда;

      2) жинақталған атқарылымдар және егер қажет болса ӘК-нің және онда орнатылған барлық шектеулі (қызмет ету мерзімі) ресурсты компоненттерінің ұшу циклдерінің санын - ӘК-ні немесе оның компонентін пайдалануды тоқтатқаннан (істен шығарғаннан) кейін кемінде 12 айда;

      3) жинақталған атқарылымдар және қажет болған кезде шектеулі (қызмет ету мерзімі) ресурсты компонентте ТҚК бойынша жоспарлы жұмыстардың соңғы түрінен (нысанынан) кейін ұшу циклдерінің санын - жұмыстардың нысаны мен мазмұны бойынша баламалы, осы компонентке ТҚК-нің келесі жоспарлы түріне дейін;

      4) бекітілген ТҚК Бағдарламасына ӘК-нің сәйкестігін белгілеу мүмкін болатындай етіп, жұмыстар орындаудың мерзімдері мен нәтижелерін қоса алғанда, ӘК-ге ТҚК-нің бекітілген Бағдарламасын орындаудың ағымдағы жағдайын - ӘК-ге немесе жұмыстардың нысаны мен мазмұны бойынша тиісінше баламалы компонентіне ТҚК-нің келесі түріне дейін;

      5) осы ӘК-де осы әуе кемесіне және оның бортында орнатылған компоненттерге қолданылатын ұшуға жарамдылығы бойынша директивтің орындалуының ағымдағы жай-күйін - ӘК-ні немесе оның компонентін пайдалануды тоқтатқаннан (істен шығарғаннан) кейін кемінде 12 айда; ( изменить

      6) осы ӘК-де, оның қозғалтқыштарында, әуе бұрандаларында және басқа да ұшу қауіпсіздігі үшін маңызды компоненттерінде модификациялау мен жөндеулердің орындалуының ағымдағы жай-күйін - ӘК-ні немесе оның компонентін пайдалануды тоқтатқаннан (істен шығарғаннан) кейін кемінде 12 ай ішінде.

4–Параграф. Пайдаланушының техникалық борт журналы жүйесі

      356. Осы Қағиданың 17-тарауының Параграф 4 талаптарына қосымша пайдаланушы әрбір ӘК бойынша мынадай ақпараттарды: ( изменить

      1) ұшу қауіпсіздігін бақылау және қамтамасыз ету үшін қажетті әрбір ұшу туралы ақпарат;

      2) пайдалануға жіберудің қолданыстағы сертификаты;

      3) ӘК орындалуы тиіс жоспарлы немесе жоспардан тыс ТҚК келесі түрінің қандай екенін және уәкілетті орган мұндай жазбаның өзге құжаттама берілуіне келісім берген жағдайларды қоспағанда, қандай мерзімдерде орындалатынын айқындайтын, ӘК техникалық жай-күйі (мәртебесі) туралы жазба;

      4) барлық анықталған, бірақ әзірге жойылмаған ӘК пайдалануға әсер ететін істен шығулар мен бүлінулерді санамалау;

      5) шарттар бойынша ТҚК орындалуын ұйымдастыруға қатысты кез-келген қажетті жетекші нұсқау қамтылатын пайдаланушының техникалық борт журналының жүйесін пайдаланады.

      357. Пайдаланушы соңғы жазба күнінен кейін 36 ай ішінде ӘК техникалық борт журналының сақталуын қамтамасыз етеді.

5–Параграф. ӘК-нің ұшуға жарамдылықта ұстап тұру туралы есепке алу деректерін беру

      358. ӘК-ні бір меншік иесінен немесе пайдаланушыдан басқаға тұрақты негізде берген кезде бұрынғы иесі немесе пайдаланушы ӘК-мен бірге осы Қағиданың 17-тармағының Параграф4 талаптарына сәйкес ұшуға жарамдылықта ұстап-тұру туралы есепке алу деректерін, сондай-ақ қажет болған кезде осы Қағиданың 17-тарауы Параграф5 талаптарына сәйкес техникалық борт журналын беруді қамтамасыз етеді. ( изменить

      359. ӘК иесі ұшуға жарамдылықта ұстап-тұру жөніндегі жұмыстарды орындау үшін ұйыммен ұшуға жарамдылық шартын жасасу кезінде осы Қағиданың 17-тарауының Параграф3 талаптарына сәйкес ұшуға жарамдылықта ұстап тұру жөніндегі ұйымның есепке алу деректерін беруді қамтамасыз етеді. ( изменила

      360. Есепке алу деректерін сақтау үшін белгіленген мерзімдері ӘК жаңа меншік иесіне немесе пайдаланушыға қатысты қолданыла береді.

6–Параграф. Техникалық пайдалану және жөндеу кезінде ұшуға жарамдылықта ұстап тұру

      361. Әуе кемесін пайдаланушы және/немесе меншік иесі ӘК ұшуға жарамдылықта ұстап-тұрады және мынадай:

      1) әуе кемесі ұшуға жарамды жағдайда болған;

      2) ӘК барлық бортты штаттық және авариялық-құтқару жабдықтары дұрыс орнатылған және жұмысқа жарамды болса не жұмысқа жарамсыз ретінде анық және нақты белгіленген;

      3) әуе кемесінде қолданыстағы ұшуға жарамдылық сертификаты болған;

      4) ӘК-не техникалық қызмет көрсету ТҚК-дің бекітілген бағдарламасына толықтай сәйкес орындалады.

      362. Әуе кемесінің командирі немесе әуе кемесін коммерциялық пайдалану жағдайында ӘК ұшуға дайындықты қанағаттанарлық түрде орындауды қамтамасыз етеді. Дайындықты пилот немесе жұмыстың осындай түріне жіберілген басқа да адам орындайды.

      363. Осы Қағиданың 17-тарауының Параграф 7 көзделген функцияларды қанағаттанарлық түрде орындау үшін ӘК меншік иесі ұшуға жарамдылықта ұстап тұруға, уәкілетті орган бекіткен ұшуға жарамдылықта ұстап тұру бойынша ұйымдастыруға (бұдан әрі – ұшуға жарамдылығын ұйымдастыру) байланысты жұмыстарды орындауды беруі мүмкін.

      364. Салмағы 5700 кг астам әуе кемелерін пайдаланған жағдайда, осы Қағиданың 359-тармағында көзделген міндеттерді қанағаттанарлық түрде орындау үшін ӘК меншік иесі ұшу жарамдылығын қолдап тұруға байланысты барлық жұмыстардың ұйым тарапынан орындалуын қамтамасыз етеді.

      365. Әуе тасымалдарын, авиациялық жұмыстарды, сондай-ақ олардың компоненттеріне техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын 5700 кг астам әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсетуді Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсететін және оны жөндейтін ұйымды сертификаттау және сертификат беру қағидасына сәйкес сертификатталған ұйым орындайды.

      366. Коммерциялық әуе тасымалын жүзеге асыратын Пайдаланушы ұшу жарамдылығын қолдауды қамтамасыз етеді және мыналарға ие болады:

      1) уәкілетті ұйым немесе уәкілетті орган берген пайдаланушы сертификаты;

      2) ТҚК және АТЖ ұйымына сертификат беру және Сертификаттау қағидасына сәйкес берілген ТҚК бойынша ұйымның сертификаты бар.

      Әуе тасымалдарын және/немесе авиациялық жұмыстарды жүзеге асыратын пайдаланушы осы Қағиданың 359-тармағының талаптарын сақтауды қамтамасыз етеді

      Ескерту. 366-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.07.2019 № 577 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      367. Жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушының (коммерциялық азаматтық авиацияға жатпайтын):

      1) ұшуға жарамдылықта ұстап тұру жөніндегі ұйымы болады немесе ұшуға жарамдылықта ұстап тұру жөніндегі ұйыммен шарт жасасады;

      2) ТҚК және АТЖ ұйымының сертификатын беру мен Сертификаттау қағидасына сәйкес мақұлданған ТҚК ұйымы немесе осындай ұйыммен келісім-шарты бар;

      3) осы Қағиданың 359-тармағындағы талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді. ( изменила

7–Параграф. Ұшуға жарамдылықтың бұзылуы туралы есептілік

      368. ӘК пайдаланушы үлгілі конструкциясына немесе үлгілік конструкциясының модификациясына жауапты, тіркеу, ұйымдастыру мемлекетіне және қажет болған кезде пайдаланушының мемлекетіне ұшу қауіпсіздігіне айтарлықтай әсер ететін ӘК немесе оның компонентінің ұшу жарамдылығының анықталған кез-келген ақаулары туралы есеп жібереді.

      369. Ұйымның ТҚК және АТЖ-ның есептері пайдаланушы, жеке немесе заңды тұлғаанықтаған бұзшылықтар және оны анықтау шарттары туралы ақпаратты қамтиды және уәкілетті ұйымға жіберіледі.

      Ескерту. 369-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.07.2019 № 577 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      370. Егер жеке тұлға немесе ұйым ӘК иесімен немесе пайдаланушымен шарт бойынша оны ұшуға жарамдылықта ұстап тұруды жүзеге асырса, онда осындай адам немесе ұйым аталған иеленушіге немесе пайдаланушыға тиесілі, ӘК-нің немесе оның компонетінің ұшуға жарамдылығына әсер ететін кез-келген осындай оқиға ақпарат үшін ӘК иесіне, пайдаланушыға немесе ұйымға есеп жібереді.

      371. Пайдаланушы, жеке немесе заңды тұлға міндетті есепке алуға жататын оқиғаны анықтаған кезден бастап, есептер 72 сағаттан кем емес уақытта жіберілуі тиіс.

8–Параграф. ӘК істен шығуы және бұзылуы

      372. Ұшудың қауіпсіздігіне айтарлықтай әсер ететін ӘК барлық істен шығулары мен бұзылуы келесі ұшуға дейін жойылуы тиіс.

      373. Ұшу қауіпсіздігіне ӘК істен шығу немесе бұзылу дәрежесі туралы, оларды жою бойынша қажетті әрекеттер туралы не істен шығуды немесе бұзылуды жоюдың кейінге қалдырылу мүмкін екені туралы шешімді ТҚК бойынша құжаттамаларды пайдалана отырып, мақұлданған жіберілетін персонал қабылдайды. Дегенмен, егер:

      1) пилот уәкілетті ұйым бекіткен Жабдықтың ең аз тізбесін пайдаланады;

      2) ӘК істен шығуы мен бұзылуларын білікті уәкілетті орган жол берілген деп санаса, осы талап қолданылмайды.

      Ескерту. 373-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.07.2019 № 577 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      374. Ұшу қауіпсіздігіне айтарлықтай маңызды әсер етпейтін ӘК кез-келген істен шығуы және бұзылуы ТҚК бойынша құжаттамада белгіленген барлық тиісті шектеулерді міндетті түрде сақтай отырып, бастапқы байқаған кезден бастап, мүмкіндігінше қысқа мерзімде жойылуы тиіс.

      375. Ұшу басталғанға дейін анықталмаған кез-келген істен шығу немесе бұзылу осы Қағиданың 17-тарауының Параграф3 сәйкес ӘК ұшу жарамдылығын ұстап-тұру туралы деректерді есепке алу жүйесінде немесе осы Қағиданың 17-тарауының Параграф4 сәйкес пайдаланушының техникалық борт журналында тиісінше тіркеуге жатады.

9–Параграф. ӘК бортына компонентті орнату тәртібі

      376. ТҚК және АТЖ ұйымының сертификатын беру және Сертификаттау қағидасында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, компоненттің техникалық жай-күйі қанағаттанарлық болған жағдайда, ұшуға жарамдылығын куәландыратын құжат ресімделіп пайдалануға жіберілгенде, сонымен қатар компонент қолданылатын қағидалардың талаптарына сәйкес таңбаланған жағдайларда ғана ӘК бортына компонентті орнатуға рұқсат етіледі.

      377. ӘК бортына компонентті орнатқанға дейін жеке тұлға немесе бекітілген ұйым орын алуы мүмкін ұшу жарамдылығы бойынша әр түрлі модификацияларды және/немесе дерективтерді ескере отырып, нақты компонентті орнату заңдылығын ТҚК бойынша тексеруі тиіс.

      378. ӘК бортына немесе ӘК компонентіне стандартты бұйымдарды орнатуға, нақты стандартты бұйымды қолдануға арналған ТҚК бойынша құжаттамада тікелей нұсқалған жағдайда ғана жол беріледі. Стандартты бұйымдар олардың нақты қолданылатын стандартқа сәйкестігін растайтын құжаттар болған кезде ғана орнатылады.

      379. ӘК немесе компонентіне ТҚК кезінде шикізатты немесе шығыс материалдарын пайдалануға берілген ТҚК бойынша тиісті құжаттамада материалдардың осы маркасына ӘК немесе оның компонентін әзірлеуші тікелеу нұсқау берген немесе егер оларды пайдалану АТ-ге техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйымға қойылатын сертификациялық талаптармен регламенттелген болса ғана жол беріледі. Мұндай материалдарды олар қойылған талаптарға сәйкес болған жағдайда және ол хаттамалық расталған кезде ғана пайдалануға болады. Барлық материалдарда материалдың нақты маркасына ресімделген және талаптарға сәйкестігі туралы куәлігі бар ілеспе құжат, сондай-ақ материал әзірлеушіні де және жеткізушіні қоса алғанда, шығарылған жері болуы тиіс.

      380. Егер осы компоненттер ӘК бортында орналасқан болса ғана жіберілетін персоналдың компонентерге ТҚК орындауына рұқсат етіледі. ӘК техникалық қызмет көрсету жөніндегі Нұсқаулық мұндай қайта монтаждауға тікелей рұқсат берсе ӘК ТҚК кезінде ыңғайлы қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін мұндай компоненттерді уақытша қайта монтаждауға жол беріледі.

      381. ӘК бортында орнатылған шектеулі (қызмет ету мерзімімен) ресурсты компоненттер ТҚК бағдарламасында және ұшуға жарамдылығы жөніндегі директиваларда белгіленген бекітілген ресурстар бойынша (қызмет ету мерзімімен) шектеулердің шеңберінен шықпауы тиіс.

      382. Мынадай жай-күйлердің кез келгенінде:

      1) ТҚК бекітілген Бағдарламасында белгіленген ресурстар бойынша (қызмет ету мерзімімен) шектеулер асып кеткен;

      2) ұшу жарамдылығы мәртебесін немесе ӘК бортына қондырғының заңдылығын айқындау үшін қажетті ақпарат болмаған;

      3) істен шығуы немесе бұзылуы анықталған;

      4) компоненттің жұмысқа жарамдылығына әсер етуі мүмкін ӘК инцидент немесе авиациялық оқиға болған компонент жұмысқа жарамсыз болып саналады.

      383. Жұмысқа жарамсыз компоненттер бірдейлендірілуі (таңбалануы) және осы компоненттерді одан әрі пайдалану бойынша шешім қабылдағанға дейін осы Қағидаға сәйкес бекітілген ұйымның бақылауымен жеке қауіпсіз үй-жайда сақталуы тиіс.

      384. Өздеріне белгіленген ресурстарды немесе қызмет ету мерзімдерін атқарған немесе жөнделмейтіндей істен шыққан, бұзылған компоненттер қалпына келмейтін компонент ретінде сыныпталады және оларды, осы Қағиданың 17-тарауының Параграф2 ережелеріне сәйкес компонент ресурсы (қызмет ету мерзімі) ұзартылған немесе оны жөндеуге құжаттама әзірленіп, бекітілген жағдайларды қоспағанда, компоненттердің айналым жүйесіне қайтаруға жол берілмейді.

  Қазақстан Республикасының азаматтық
әуе кемелерін техникалық пайдалану
және оларды жөндеу қағидасына
1-қосымша

Басқару жүйелерінің тартымдарындағы сақина жолақтарының белгіленулері мен түстері

      1-кесте

Басқару жүйесінің тартымы

Сақина жолақтары

Белгіленуі

Түсі

Ұшақты, тікұшақты басқару

Элерондармен



Қара

Сервокомпен-сатормен

Ашық қоңыр

Элерон серворульдерімен

Стабилизатормен





Қара

Ашық қоңыр

Бағыт рульдерімен



Қара

Триммерлермен

Ашық қоңыр

Бағыт серворульдерімен



Қара

Алдыңғы қанатшалармен

Ашық қоңыр

Қанаттың ауытқитын ұштарымен




Ашық қоңыр

Қанаттың бұрылуымен

Қара

Биіктік рульдерімен




Қара

Жапқыштардың құйрық буынымен

Ашық қоңыр

Биіктік серворульдерімен




Қара

Рульдер мен элерондарды тежеумен

Ашық қоңыр

Жапқыштармен



Қара

Жапқыштардың ауытқитын ұштарымен




Қара

Жапқыш қалқаншасымен

Ашық қоңыр

Интерцепторлармен




Қара

Су рулімен

Ашық қоңыр

Руль винтінің қадамымен



Ашық қоңыр

Қиғаштау автоматын басқару

Көлденең бағыттағы бұрандалардың циклдік қадамымен



Қою жасыл

Тік бағыттағы бұрандалардың циклдік қадамымен



Сол жақ (алдыңғы) бұранда



Оң жақ (артқы) бұранда



Бұрандалардың ортақ қадамымен:



Сол жақ

(алдыңғы)



Оң жақ

(артқы)



Қозғалтқыштарды басқару

Бір қозғалтқыш кезінде, бірінші қозғалтқыштың жұмыс режимімен



Көк

Бір қозғалтқыш кезінде, бірінші қозғалтқыштың стоп-кранымен

Қызыл

Екінші қозғалтқыштың жұмыс режимімен



Көк

Екінші қозғалтқыштың стоп-кранымен

Қызыл

Үшінші қозғалтқыштың жұмыс режимімен



Көк

Үшінші қозғалтқыштың стоп-кранымен

Көк

Төртінші қозғалтқыштың жұмыс режимімен



Көк

Төртінші қозғалтқыштың стоп-кранымен

Қызыл

Бұйымдар боямасының түсі

      2-кесте

Жүйе

Бояма түсі

Отын

Май

Пневматикалық

Ауаны баптау

Мұздануға қарсы:

ауа-жылулық

сұйықтық

Ауа қысымы:

статикалық

толық

Гидравликалық

Өрт

Оттегі

Салқындату

Сумен қамсыздандыру

Бейтарап газ

Сары

Қоңыр

Қара

"

"


Ашық қоңыр


Ақ

Қара

Сұр

Қызыл

Көгілдір

Жасыл

"

Ақ

5. Әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету орындарының таңбалануы

      ӘК техникалық қызмет көрсету орындарының таңбалануы қызмет көрсету персоналының бағдарлы болуы және қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін арналған. Ол МемСТ 1 00212—76 сәйкес орындалған және ӘК сыртқы қаптамасында немесе люк қақпақтарында қызмет көрсету орындарына тікелей жақын орналасқан белгі мен жазудан тұрады (1.3.7-кесте).

      Қара түсті белгілер ашық беттерге, ал қара беттерге ақ түсті белгілер салынған.

Әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету орындарының таңбалануы

      3-кесте

Мақсаты

Белгінің белгіленуі

Түсі

Жазу

белгінің(контурының)

реңінің

Отын құю



Қара

Отын маркасы және қысым Па-мен (кгс/см2)


Май құю



"

Май маркасы және қысым Па-мен (кгс/см2)

Су құю



"

Қысым Па-мен

(кгс/см2)

Дистилденген су құю



"

СУ және қысым Па-мен (кгс/см2)

Гидравлика жүйесінің сұйықтығын құю



Қара

Сұйықтық маркасы және қысым Па-мен (кгс/см2)

Консервациялау



"

_


Ауамен зарядтау



"

АУА және

қысым Па-мен

(кгс/см2)

Оттегімен зарядтау



"

ОТТЕГІ (газ тәріздес, сұйық) және қысым Па-мен (кгс/см2)

Ауаны баптау (қыздыру)



"

Қысым Па-мен (кгс/см2) және температура ҮС-мен

Жерге қосу



"

ОСЫ ЖЕРДЕ ЖЕРГЕ ҚОСУ

Электр қорегі



"

ІСКЕ ҚОСУ (ҚОРЕК), кернеу В-мен, ток күші А-мен

Ауамен іске қосу



"

ІСКЕ ҚОСУ, қысым Па-мен (кгс/см2) және температура ҮС-мен

Сөйлесу құрылғысы



"

Буксирлеу торабы



"

Дәретханадан төгінді



Қара

_

_

Отын жүйесін тексеру



"

Сары

Май жүйесін тексеру



"

"

Гидравлика жүйесін тексеру



"

"

Кабиналар бүтіндігін тексеру



"

"

Отынды құйып алу



"

"

Майды құйып алу



"

"

Гидравликалық жүйеден сұйықтықты құйып алу



"

"

Отын сүзгісін қарау



"

"

Май сүзгісін қарау



"

"

Мұздануға қарсы жүйені қарау және бақылау



Қара

Сары

__

Статикалық қысымды бақылау



"

"

__

Аккумуляторлық батареяларды қарау



Сары

__

__

Гидрокөтергіш (домкрат) тіреуіші



"

Тірек (үстелше) тіреуіші



"

Арқандап байлау құралдарын қосу



"

__

__

Такелаж торабы



"

__

Қызмет көрсету аймағы



Қызыл

Сары

6. Құрал-сайманның таңбалануы

      Жеке пайдаланудағы құрал-саймандар әуежай шифрінен, мамандығы бойынша құрал-сайман шифрінен және жұмыстарды орындаушының табельдік нөмірінен тұратын таңбамен таңбаланады. Ортақ пайдаланылатын құрал-сайманда табельдік нөмірдің орнына "О"индексі және құрал-саймандық қойманың тізілімі бойынша есеп нөмірі қойылады.

      Әуежай шифрі оның телеграфтық индексінің соңғы үш әрібі бойынша анықталады.

      Құрал-саймандардың мамандықтар бойынша шифрлері:

      Р – радио жабдығы;

      Э – электр жабдығы;

      П – аспаптық жабдық;

      Ц – ұшақты (тікұшақты) және қозғалтқыштарды пайдалану;

      О – ортақ пайдаланылатын құрал-саймандар.

      Мысалдар:

      1. Алматы техникалық қызмет көрсету орталығының ұшақтарды (тікұшақтарды) және қозғалтқыштарды пайдалану жөніндегі авиатехниктің құрал-сайманы, табельдік нөмірі 10 ЛАК Ц 10.

      2. Дәл осы әуежайдағы ортақ пайдаланылатын құрал-сайман, тізілім бойынша есеп нөмірі 26 – ЛАК О 26.

      ӘК бортында үнемі ӘК бортинженерінің (бортмеханигінің), бортрадистінің және авиатехнигінің пайдалануында болатын, авиациялық жұмыстар үшін пайдаланылатын құрал-сайман ӘК тану белгісіне сәйкес келетін цифрлермен таңбаланады.

      Таңба электр химиялық, электрлік немесе механикалық әдіспен жұмыс бетінен тысқары қойылады және оның өшірілу шамасы бойынша жаңартылады. Орындаушының әрбір құрал-сайман жәшігінде (құрал-сайманды қоймасында) құрал-сайман тізілімі (нысан бойынша, құрал-сайманның атауы, саны, шифрі) болуы тиіс, ол құрал-сайманды қойма қызметкерінің қолымен расталады.

  Қазақстан Республикасының азаматтық әуе
және оларды жөндеу қағидасына
2-қосымша

Әуе кемелерінің жердегі қозғалысын реттейтін сигналдар
1. Сигнал беруші әуе кемесінің командиріне беретін сигналдар

      Сигналдар сигнал беруші әуе кемесінің командиріне жақсы көрінетін орыннан ашық түсті қолғаптар киілген қолдармен немесе таяқшалардың, жалаушалардың немесе электр фонарларының көмегімен беріледі.

1. "БЕРІЛЕТІН СИГНАЛДАРҒА СӘЙКЕС

РУЛЬДЕУ" - оң қол жоғары көтерілген. Қолмен оңға және солға шайқау.

Сол қол төмен түсірілген.



2. "МАҒАН ТУРА РУЛЬДЕУ (ТҰРАҚ

ОРНЫ ОСЫНДА)" - Қолдар бастың үстінен

алақанымен ішке қарай көтерілген.



3. "КЕЛЕСІ СИГНАЛ БЕРУШІГЕ БАРУ" - оң немесе сол қол төмен түсірілген, басқа

қол келесі сигнал беруші орналасқан бағытты көрсете отырып, денеге көлденең

орналастырылады.



4. "АЛҒА ҚОЗҒАЛУ" - Қолдар біршама екі жаққа бағытталған және шынтақтар

иық деңгейінде орналасатындай

етіп алақандарымен артқа көтерілген. Қолдардың қозғалысы жоғары және артқа



5. "АРТҚА ҚОЗҒАЛУ" - қолдар алақандарын ішке қаратып төмен түсірілген. Қолдардың қозғалысы иық деңгейіне дейін жоғары және төмен.



6. "СОЛҒА БҰРЫЛУ" (алға қозғалған кезде)

- оң қол төмен түсірілген, ал сол қол жоғары және артқа қозғалыс жасайды.



7. "ОҢҒА БҰРЫЛУ" (алға қозғалған

кезде) – сол қол төмен түсірілген, ал оң қол жоғары және артқа қозғалыс жасайды.



8. "ҚҰЙРЫҚПЕН ОҢҒА БҰРЫЛУ"

(артқа қозғалған кезде) - сол қол бұрышпен төмен бағытталған, ал оң қол бастың үстінен көтерілген және тік жағдайдан алға және көлденең жағдайға төмен қозғалыс жасайды.



9. "ҚҰЙРЫҚПЕН ОҢҒА БҰРЫЛУ" (артқа

қозғалған кезде) - оң қол бұрышпен төмен бағытталған, ал оң қол бастың үстінен көтерілген және тік жағдайдан алға және көлденең жағдайға төмен қозғалыс жасайды.



10. "ЖЫЛДАМДЫҚТЫ АЗАЙТУ" - қолдар түсірілген, біршама екі жаққа

айырылған. Алақандар жерге қаратылған

Қолдармен жоғары-төмен шайқау.



11. "ТОҚТА" - жоғары қарай созылған

қолдармен бастың үстінен қайшы

қозғалыстар.



12. "ТЕЖЕГІШТЕРДІ ҚОСУ" - Оң қол кеуденің алдынан бүгілген, саусақтар созылған және арасы ашылған, содан кейін олар жұдырыққа түйіледі.



13. "ТЕЖЕГІШТІ ЖІБЕРУ" - оң қол кеуденің алдынан бүгілген, саусақтар жұдырыққа түйілген, содан кейін олар созылады және арасы ашылады.



14. "БҰҒАУЛАР ОРНАТЫЛДЫ" - қолдар алақандарымен ішке қарай төмен түсірілген.

Қолдармен екі жаққа және төмен шайқау.



15. "БҰҒАУЛАР АЛЫП ТАСТАЛДЫ" - қолдар

алақандарын сыртқа қаратып төмен түсірілген.

Қолдармен екі жаққа және төмен шайқау.



16. "ҚАЛЫҚТАУ (ҚАЛҚУ)" - қолдар иық деңгейінде алақандарымен төмен көлденең екі жаққа созылған.



17. "ЖОҒАРЫ КӨТЕРІЛУ" - қолдар

иық деңгейінде алақандарымен сыртқа көлденең екі жаққа қарай

созылған. Қолдармен екі жаққа

және төмен шайқау.



18. "ТӨМЕН ТҮСУ" - қолдар иық деңгейінде алақандарымен төмен көлденең екі жаққа созылған.

Қолдармен жоғары-төмен шайқау.



19. "КӨЛДЕНЕҢ ҚОЗҒАЛУ" - қозғалыс бағытын көрсететін қол көлденең созылған. Басқа қол кеуде деңгейінде оған қарай қозғалыс жасайды.



20. "ҚОНУ" - қолдар төмен түсірілген және айқастырылған.



3. Әуе кемесінің командирі сигнал берушіге беретін сигналдар

      21. "ТЕЖЕГІШТЕР ҚОСЫЛДЫ" - саусақтары созылған сол қол бет деңгейіне дейін көтерілген, содан кейін саусақтар жұдырыққа түйіледі.

      22. "ТЕЖЕГІШТЕР ЖІБЕРІЛДІ" - саусақтары жұдырыққа түйілген сол қол бет деңгейіне дейін көтерілген, содан кейін саусақтар созылады.

      23. "БҰҒАУЛАР" ОРНАТЫЛСЫН" - алақандарымен сыртқа қарай жоғары көтерілген қолдар беттің алдынан айқастырылады.

      24. "БҰҒАУЛАР АЛЫНСЫН" - алақандарымен сыртқа қарай беттің алдынан айқастырылған қолдар екі жаққа айырылады.

4. Ілесіп жүру автомобилінен берілетін жарық сигналдары

      25. "МАҒАН ҚАРАЙ (МЕНІҢ АРТЫМНАН) РУЛЬДЕУ" - жасыл жарық.

      26. "РУЛЬДЕУДІ ТОҚТАТУ" - қызыл жарық.

  Қазақстан Республикасының азаматтық әуе
кемелерін техникалық пайдалану
және оларды жөндеу қағидасына
3-қосымша

Крандармен жүктердің орнын ауыстыру кезінде қолданылатын сигналдар

1. "ЖҮКТІ (ІЛМЕКТІ) КӨТЕРУ" - кеуденің алдынан алақанымен жоғары қарай бүгілген қол жоғары қарай шайқау жасайды.



2. "ЖҮКТІ (ІЛМЕКТІ) ТҮСІРУ" - кеуденің алдынан алақанымен төмен қарай бүгілген қол төмен қарай шайқау жасайды.



3. "КРАНДЫ (КӨПІРДІ) ЖЫЛЖЫТУ" - шынтақта бүгілген қолдың кранның (көпірдің, жебенің) талап етілетін қозғалысының

бағыты бойынша қозғалысы.



4. "КРАННЫҢ АРБАШЫҒЫН ЖЫЛЖЫТУ, ЖЕБЕСІН

БҰРУ" - шынтақта бүгілген қолдың талап етілетін қозғалыс бағыты бойынша қозғалысы.



5. "ЖЕБЕНІ КӨТЕРУ" - созылған қол көтеріледі, алақан ашылған.



6. "ЖЕБЕНІ ТҮСІРУ" - созылған қол түсіріледі, алақан ашылған.



7. "ТОҚТА" - қолды бел деңгейінде алақанымен төмен солға және оңға күрт шайқау.



8. "АБАЙЛА" - мәнсіз орын ауыстыру үшін –

қолдар кеуденің үстінен алақандарымен ішке қарай көтерілген



  Қазақстан Республикасының азаматтық
әуе кемелерін техникалық пайдалану
және оларды жөндеу Қағидасына
4-қосымша

Авиациялық қозғалтқыштарды іске қосу кезінде берілетінкомандалар мен сигналдар
1. Жалпы нұсқаулар

      1. Суреттелетін командалар мен сигналдар ұшақтар мен тікұшақтарда газтурбиналы және поршеньді қозғалтқыштарды іске қосу процессін мына жағдайларда басқару үшін арналған:

      1) қозғалтқышты іске қосатын экипаж мүшесі (іске қосушы) мен іске қосуды қамтамасыз ететін авиатехник (сигнал беруші) арасында екіжақты байланыстың техникалық құралдары (СПУ, радиостанция) бар және жоқ болған кезде;

      1) тәуліктің жарық және қараңғы мезгілдері;

      2) ұшқыш және инженерлік-техникалық персонал.

      2. Қозғалтқыштар солдан оңға қарай нөмірленген (экипаж кабинасында орналасқан адамдарға қатысты).

      3. Іске қосушы: тәуліктің жарық мезгілінде ашық терезеден созылған сол қолмен; қараңғы мезгілде – аэронавигациялық оттардың (бұдан әрі - АНО) және рульдеу шамдарының көмегімен сигнал береді.

      4. Егер іске қосушы экипаж кабинасында орналасу шарттары бойынша сигнал берушімен көзбе-көз байланысты болмаса, онда мұндай байланысты ӘК командирі (ИТП қозғатқышын іске қосу кезінде – оның орнында орналасқан маман) жүзеге асырады.

      5. Сигнал беруші ол әуе кемесінің командиріне жақсы көрінетін жұмыс орнында орналасады. Оң қозғалтқыштарды іске қосуды қамтамасыз ету кезінде сигнал беруші ӘК оң жағына ауыса отырып, екінші пилотқа жақсы көрінуі тиіс. Сигнал берушінің жұмыс орындары регламенттік жұмыстарды орындау жөніндегі ҰПР мен технологиялық нұсқамаларда нақты көрсетілген.

      6. Сигнал беруші сигналдарды қолмен: жарық мезгілде – түсті таяқшалардың көмегімен немесе ашық түсті қолғаптармен; қараңғы

      мезгілде – электр фонарларының, жарық беретін таяқшалардың көмегімен береді.

      2. Екі жақты байланыстың техникалық құралдары бар болған кезде берілетін командалар

      Іске қосушы. Қозғалыс қызметінің диспетчерінен немесе ТҚК үшін жауапты ИАС маманынан (ИТП іске қосу кезінде) қозғалтқыштарды іске қосуға рұқсат алғаннан кейін сигнал берушіден рұқсат сұрайды:

      "Іске қосуға дайынмын". Тәуліктің қараңғы мезгілінде АНО қосады.

      Сигнал беруші. Тұрақта қозғалтқыштарды іске қосуға барлығы дайын екендігіне және іске қосу үшін пайдаланылмайтын СНО алып тасталғандығына көз жеткізіп: "Іске қосуға рұқсат етемін".

      Іске қосушы. Қозғалтқыштарды іске қосуға дайындалу".

      Сигнал беруші. Іске қосар алдында барлық дайындық жұмыстары орындалғанына, траптар алынғандығына, тірек бұғаулары орнатылғанына (немесе егер рульдеу жүргізілсе, алып тасталғанына) көз жеткізіп: "Траптар алып тасталды, бұғаулар орнатылды (алып тасталды). Іске қосуға құп болады".

      Егер поршеньді қозғалтқыштарды іске қосу кезінде ұшақтарда винттерді бұру қажет болса, онда іске қосушы, оталдыру сөндірілгендігіне көз жеткізе отырып, қосымша команда береді:

      "оталдыру сөндірілген, қайталаймын - оталдыру сөндірілген. винттер (винт) бұрылсын".

      Сигнал беруші жауап береді: "винттерді (винтті) бұруға құп болады" және бұрғаннан кейін баяндайды: "винттер (винт) бұрылды".

      Іске қосушы. "Қозғалтқыштардан (винттерден)".

      Сигнал беруші. Қауіпті аймақтарда адамдар жоқ екендігіне көз жеткізіп, қозғалтқыштардан (винттерден) өзінін жұмыс орнына кетіп: "Қозғалтқыштардан (винттерден) құп болады".

      Іске қосушы. Қозғалтқыштарды іске қосқаннан және генераторларды борт желілеріне қосқаннан кейін: "Әуеайлақтық қоректендіру сөндірілсін" (егер ол қосылған болса).

      Сигнал беруші. "Әуеайлақтық қоректендіруді сөндіруге құп болады". Әуеайлақтық электр және ауамен қоректендіру көздерін сөндіргеннен кейін:

      "Әуеайлақтық қоректендіру сөндірілді".

      Егер қозғалтқыштарды іске қосқаннан кейін рульдеу болатын болса, онда келесі командалар мен сигналдар беріледі.

      Іске қосушы: "Байланыстың соңы. СПУ сөндірілсін, сол (оң) жақтан бейне байланысқа көшу".

      Сигнал беруші: "СПУ сөндіруге құп болады. сол (оң) жақтан бейне байланысқа көшемін". СПУ-ны сөндіргеннен кейін көрсетілген орынға барады. ӘК командирі (екінші пилот). Қозғалыс қызметінің диспетчерінен рульдеуге рұқсат алғаннан кейін жоғары көтерілген қолмен сигнал берушіден рульдеуге рұқсат сұрайды, жалтырау маягын қосады, қараңғы мезгілде рульдеу фараларын қосады.

      Сигнал беруші. ӘК қозғалысына кедергілердің жоқтығына көз жеткізіп, қауіпсіз орынға, алайда ӘК командирі (екінші пилот) көретін жерге шегініп, "Жол бос" - оң қол шынтақтан бүгілген және жоғары бағытталған, үлкен саусақ жоғары созылған, сол қол төмен түсірілген сигналымен рульдеуге рұқсат береді.

      Қажет болған кезде сигнал беруші мына командаларды (сигналдарды) береді:

      1) "Қозғалтқыштар сөндірілсін" - қолдар жоғары көтерілген және айқастырылған.

      2) "Қозғалтқыштың (қозғалтқыштардың) айналымдары азайтылсын" - қолдар төмен түсірілген және алақандарымен жерге қаратылған, оң (оң қозғалтқыш үшін) немесе сол (сол қозғалтқыш үшін) қол жоғары-төмен шайқалу жасайды.

3. Екі жақты байланыстың техникалық құралдары жоқ болған кезде берілетін сигналдар

      Іске қосушы. Қозғалыс қызметінің диспетчерінен немесе ТҚК үшін жауапты ИАС маманынан (ИТП іске қосу кезінде) қозғалтқыштарды іске қосуға рұқсат алғаннан кейін "Іске қосуға дайынмын" - қолда іске қосуға жататын қозғалтқыштың нөміріне сәйкес келетін санда саусақтарды түзету, қараңғы мезгілде АНО қосу сигналын бере отырып, мұндай рұқсатты сигнал берушіден сұрайды.

      Сигнал беруші. Тұрақта қозғалтқыштарды іске қосуға барлығы дайын екендігіне және іске қосу үшін пайдаланылмайтын СНО алып тасталғандығына көз жеткізіп: "Іске қосуға рұқсат етемін" - оң қол бас деңгейінде айналма қозғалыстар жасайды, сол қол – іске қосуға жататын қозғалтқыштың нөміріне сәйкес келетін санда саусақтарды түзете отырып, бастың үстінен көтерілген сигналын береді.

      Іске қосушы. "Қозғалтқыштарды іске қосуға дайындалу" - қол алға-артқа қозғалыс жасайды, қараңғы мезгілде – АНО сирек жырқылдауы (сөну-қосылу аралығы 5-6 с) сигналын береді.

      Сигнал беруші. Іске қосар алдында барлық дайындық жұмыстары орындалғанына, траптар алынғандығына, тірек бұғаулары орнатылғанына (немесе егер рульдеу жүргізілсе, алып тасталғанына) көз жеткізіп: "Траптар алып тасталды, бұғаулар орнатылды (алып тасталды). Іске қосуға құп болады" - сол қол шынтақтан бүгілген және жоғары қаратылған, төмен түсірілген оң қол алға-артқа қозғалыс жасайды сигналын береді.

      Егер поршеньді қозғалтқыштарды іске қосу кезінде ұшақтарда винттерді бұру қажет болса, онда іске қосушы, оталдыру сөндірілгендігіне көз жеткізе отырып, қосымша команда береді:

      "оталдыру сөндірілген, қайталаймын - оталдыру сөндірілген. винттер (винт) бұрылсын" - қол айналма қозғалыстар жасайды, қараңғы мезгілде – АНО жиі жарқылдауы (сөну-қосылу аралығы 5-6 с).

      Сигнал беруші жауап береді: "винттерді (винтті) бұруға құп болады" - сол қол бүгілген және жоғары бағытталған, көлденен созылған оң қол иық деңгейінде айналма қозғалыстар жасайды. Бұрғаннан кейін мынадай сигнал береді:

      "винттер (винт) бұрылды" - көлденен созылған сол қол иық деңгейінде айналма қозғалыстар жасайды, оң қол төмен түсірілген.

      Іске қосушы. "Қозғалтқыштардан (винттерден)" - қолды жанына қарау созу, қараңғы мезгілде – рульдік фараны сирек жарқылдату (сөну-қосылу аралығы 5-6 с) сигналын береді.

      Сигнал беруші. Қауіпті аймақтарда адамдар жоқ екендігіне көз жеткізіп, қозғалтқыштардан (винттерден) өзінін жұмыс орнына кетіп: "Қозғалтқыштардан (винттерден) құп болады" - сол қол шынтақтан бүгілген және жоғары бағытталған, оң қол көлденен созылған сигналын береді.

      Іске қосушы. Қозғалтқыштарды іске қосқаннан және генераторларды борт желілеріне қосқаннан кейін: "Әуеайлақтық қоректендіру сөндірілсін" (егер ол қосылған болса) - қол жоғары-төмен шайқалу жасайды, қараңғы мезгілде – рульдік фараны жиі жарқылдату (сөну-қосылу аралығы 2-3 с) сигналын береді.

      Сигнал беруші. "Әуеайлақтық қоректендіруді сөндіруге құп

      болады" - сол қол шынтақтан бүгілген және жоғары бағытталған, көлденен созылған оң қол жоғары-төмен шайқалу сигналын береді. Әуеайлақтық электр және ауамен қоректендіру көздерін сөндіргеннен кейін "Әуеайлақтық қоректендіру сөндірілді" - көлденен тысқары созылған сол қол жоғары-төмен қозғалыс жасау сигналын береді.

      Егер қозғалт қ ыштарды іске қосқаннан кейін рульдеу болатын болса, онда келесі сигналдар беріледі.

      Іске қосушы. Сигнал берушінің оң жақтан бейне байланысқа көшу қажеттілігі кезінде алға созылған қолмен сигнал берушіге оң жақтағы орынға баруға көрсетеді.

      Сигнал беруші. Қажет болған кезде көрсетілген орынға ауысады.

      ӘК командирі (екінші пилот). Қозғалыс қызметінің диспетчерінен рульдеуге рұқсат алғаннан кейін жоғары көтерілген қолмен сигнал берушіден рульдеуге рұқсат сұрайды, жалтырау маягын қосады, қараңғы мезгілде рульдеу фараларын қосады.

      Сигнал беруші. ӘК қозғалысына кедергілердің жоқтығына көз жеткізіп, қауіпсіз орынға, алайда ӘК командирі (екінші пилот) көретін жерге шегініп, "Жол бос" - оң қол шынтақтан бүгілген және жоғары бағытталған, үлкен саусақ жоғары созылған, сол қол төмен түсірілген сигналымен рульдеуге рұқсат береді. Қажет болған кезде сигнал беруші мына сигналдарды береді:

      1) "Қозғалтқыштар сөндірілсін" - қолдар жоғары көтерілген және айқастырылған.

      2) "Қозғалтқыштың (қозғалтқыштардың) айналымдары азайтылсын" - қолдар төмен түсірілген және алақандарымен жерге қаратылған. Оң (оң қозғалтқыш үшін) немесе сол (сол қозғалтқыш үшін) қол жоғары-төмен шайқалу жасайды.

  Қазақстан Республикасының азаматтық
әуе кемелерін техникалық пайдалану
және оларды жөндеу Қағидасына
5-қосымша

Әуе кемесін сүйрету кезінде берілетін командалар және оларды орындау туралы баяндамалар

      Белгіленулер:

      Р – буксирлеудің басшысы;

      К – буксирлеу кезінде кеменің кабинасында орналасқан лауазымды адам;

      В – тартқыш жүргізушісі;

      Т – сүйрету жөніндегі бригаданың құрамына кіретін авиатехник (авиамеханик);

      Р. Бригада мүшелерінің және тартқыш жүргізушісінің жұмысқа дайындығын, сондай-ақ ӘК дайындығын, тартқыш пен сүйрету құрылғысының жұмыс істеуін тексергеннен кейін: "жүргізгішті (арқанды) ұшақпен (тікұшақпен) қосу".

      Т. Жүргізгішті (арқанды) ұшақпен қосқаннан кейін: "Қосылыс бар".

      Р. Қосылысты тексергеннен кейін: "Жұмыс орындарына бару".

      К. В. Т. Кезектесе: "Жұмыс орнына бардым".

      Р. Бригада мүшелері өз орындарында екендігіне көз жеткізгеннен кейін: "сүйретуге алу".

      В. "буксирге алуға құп болады". Тартқышты ӘК-ге жүргізгішті тартқыш ілмегімен ілінуін қамтамасыз ететін қашықтыққа жақындату.

      Р. "ТОҚТА. Тартқышты жүргізгішпен қосу".

      В. "ТОҚТАУ құп болады". Тартқышты тоқтатады және тежегішке қояды.

      Т. Жүргішті тартқыштың ілмегімен қосады: "Жүргізгіш тартқышпен қосылған".

      Р. "СҮЙРЕТУГЕ дайындалу. Тежеу жүйелерінің жұмысын тексеру".

      К. "сүйретуге дайындалуға құп болады. Тежеу жүйелеріндегі қысым және тежегіштер жұмысы тексерілді".

      Р. "Бұғаулар алынсын".

      Т. "Бұғауларды алуға құп болады". Бұғаулар алынғаннан кейін: "Бұғаулар алынды".

      К. Тұрақ тежегішін жібергеннен кейін: "СҮЙРЕТУГЕ ДАЙЫНМЫН. Тұрақ тежегіші жіберілді".

      Р. Қозғалыстың басталуына нұсқау беру үшін: "АЛҒА". Командалар сигналдармен қайталанады (сигналдар 16-қосымшада).

      В. "АЛҒА ҚҰП БОЛАДЫ" Дыбыс сигналы беріледі, белгіленген бағытта біртіндеп қозғалысты бастайды.

      Р. Қозғалыс бағытының өзгеруін көрсету үшін және тұраққа қою кезінде:

      "Солға (оңға) бұрылу". "ТОҚТА". Командаларды сигналдармен қайталайды.

      Адамдар немесе ӘК зақымдалуы үшін қауіп пайда болған кезде "ТОҚТА" командасын қауіпті байқаған бригаданың кез келген мүшесі береді. Тартқыш жүргізушісі қозғалысты тоқтатуға міндетті.

      Р. ӘК арналған тұрақ орнына әкелген кезде: "ТОҚТА".

      В. "ТОҚТАУҒА ҚҰП БОЛАЛЫ". Тартқышты тоқтатады, оны тежегішке қояды.

      Р. Тартқышты орнатқаннан кейін: "Бұғаулар орнатылсын. Тежегіштер қосылсын".

      Т. Негізгі тіректер доңғалақтарының астынан бұғауларды орнатады: "Бұғаулар орнатылды".

      К. "ТЕЖЕГІШТЕРДІ ҚОСУҒА ҚҰП БОЛАДЫ". Тұрақ тежегішін қосқаннан кейін: "ТЕЖЕГІШТЕР ҚОСЫЛДЫ".

      Р. "жүргізгіш ағытылсын".Жүргізгіш ӘК-тен ағытылғаннан кейін:

      "Тартқыш ұшақтан (тікұшақтан) алшақтасын"

      В. "ұшақтан (тік ұшақтан) алшақтауға құп болады ". Дыбыс сигналы береді, жүргізгішті баяу алып тастайды және оны арналған орнынан орнатады.

  Қазақстан Республикасының азаматтық әуе
кемелерін техникалық пайдалану
және оларды жөндеу қағидасына
6-қосымша

Газдарға арналған жоғары қысымды ыдыстардың (болат баллондардың) жазулары, бояуы және таңбалары


Жазу

Түсі

бояуы

жазулар

жолақтар

Азот

Аммиак

Ацетилен

Сутегі

Оттегі

Сығылған ауа

Көмір қышқылы

Жанғыш газ

Жанбайтын газ

Қара

Сары

Ақ

Қою жасыл

Көгілдір

Қара

"

Қызыл

Қара

Сары

Қара

Қызыл

"

Қара

Ақ

Сары

Ақ

Сары


Қоңыр

-

-

-

-

-

-

-

-


      Баллон ауызының жанында сфералық бетте мына таңбалар болулары тиіс:

      1) жасаушы зауыттың тауарлық белгісі;

      2) зауыт нөмірі;т

      3) жасалу күні (ай, жыл) және кезекті сына жылы ()мысалы, 05 90—95);

      4) термо өңдеу түрі (N—нормалау, V—жұмсартып шынықтыру);

      5) Р жұмыс және П сынама гидравликалық қысым, МПА (кгс/см 2 );

      6) ең жоғары сыйымдылығы;

      7) ең жоғары массасы;

      8) ТББ бақылаушының индексі (нөмері)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады