Байланыс саласындағы мемлекеттiк көрсетілетін қызметтердiң регламенттерін бекiту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 28 мамырдағы № 644 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 8 шілдеде № 11590 болып тіркелді.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Байланыс саласындағы қызметтерді көрсетуге лицензия беру" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес "Нөмірлеу ресурсын бөлу және нөмірлерді беру, сондай-ақ оларды алып қою" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасының радиожиілілік спектрін пайдалануға рұқсат беру" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті;

      4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес "Радиоэлектронды құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды пайдалануға рұқсат беру" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті бекiтiлсiн.

      2. "Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлiгi көрсететiн байланыс саласындағы мемлекеттiк қызметтердiң регламенттерін бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрiнің 2014 жылғы 19 наурыздағы № 202 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 9337 тіркелген, 2014 жылғы 19 шілдедегі "Егемен Қазақстан" № 139 (28363) газетінде жарияланған).

      3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (С.С. Сарсенов):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, оның көшірмесін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында жариялануын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 3-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Инвестициялар және даму министрінің


міндетін атқарушы

А. Рау


  Қазақстан Республикасы Инвестициялар
және даму министрінің міндетін
атқарушының 2015 жылғы 28 мамырдағы
№ 644 бұйрығына 1-қосымша

"Байланыс саласындағы қызметтерді көрсетуге лицензия беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер

      1. "Байланыс саласындағы қызметтерді көрсетуге лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті көрсетеді (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:

      байланыс саласындағы қызметтерді көрсетуге лицензия және (немесе) лицензияға қосымша;

      байланыс саласындағы қызметтерді көрсетуге қайта ресімделген лицензия және (немесе) лицензияға қосымша;

      байланыс саласындағы қызметтерді көрсетуге лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасы;

      мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру (бұдан әрі – бас тарту).

2. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіз, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 531 "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігімен көрсетілетін байланыс саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы" (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде № 11380 тіркелген) бұйрығымен бекітілген "Байланыс саласындағы қызметтерді көрсетуге лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген көрсетілетін қызметті алушының құжаттарының (бұдан әрі - өтінім) болуы болып табылады.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:

      1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкерінің тіркеу нөмірі және күнін беріп он бес минут ішінде өтінімді қабылдауы (өтінім қағаз тасығышта берілген жағдайда);

      2) көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшесінің жауапты орындаушысы бір сағат ішінде өтінімді өңдеп, оны www.egov.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталына (бұдан әрі – портал) жіберуі (өтінім қағаз тасығышта берілген жағдайда);

      3) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығымен төрт сағат ішінде өтінімді порталда қарауға жауапты құрылымдық бөлімшесінің басшысы мен жауапты орындаушының анықталуы;

      4) жауапты орындаушы өтінімнің толықтығын және мәліметтердің дұрыстығын қарайды.

      Бас тартуға негіз болмаған жағдайда жауапты орындаушы:

      он төрт жұмыс күні ішінде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны ресімдеуді;

      екі жұмыс күні ішінде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуді;

      лицензиялау кезіндегі қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін растаған жағдайда, лицензиаттың-заңды тұлғаның қайта құрылуы кезінде тоғыз жұмыс күні ішінде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуді;

      бір жұмыс күні ішінде лицензияға және (немесе) лицензияға қосымшаға телнұсқаны ресімдеуді қамтамасыз етеді.

      Бас тартуға бір негіз болған жағдайда жауапты орындаушы:

      өтінім келіп түскен сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуды дайындауды қамтамасыз етеді.

      5) екі сағат ішінде көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қол қояды және оны порталға жібереді.

      6. Мынадай рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастауға негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (іс-қимылдың) нәтижесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде өтінішті тіркеу, оның электрондық нұсқасын көшіру (өтінім қағаз тасығышта берілген жағдайда);

      2) өңделген өтінімді порталда орналастыру (өтінім қағаз тасығышта берілген жағдайда);

      3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысының порталдағы қарары;

      4) жауапты орындаушымен мемлекеттік қызмет нәтижесін порталда ресімделуі;

      5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысының мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне порталда қол қоюуы.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі
өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оның орынбасары;

      2) өтінімнің қаралуына жауапты құрылымдық бөлімшенің басшысы;

      3) жауапты орындаушы;

      4) кеңсе қызметкері.

      8. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері арасындағы рәсімдер (іс-қимылдардың) бірізділігін сипаттау:

      1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушыдан өтінім түскен сәттен бастап он бес минут ішінде өтінімді қабылдайды, ашады және Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесінде тіркеп, оның электрондық нұсқасын көшіреді және жауапты орындаушыға қарау үшін ұсынады;

      2) жауапты орындаушы көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкерінен өтінім түскен сәттен бастап бір сағат ішінде өтінімді өңдеп, оны порталға жібереді;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы өтінім порталдан түскен сәттен бастап төрт сағат ішінде оның қарауын құрылымдық бөлімшенің басшысына тапсырады;

      4) құрылымдық бөлімшенің басшысы көрсетілетін қызметті берушінің басшысынан тапсырма түскен сәттен бастап екі сағат ішінде өтінімді қарайды және оны орындау үшін жауапты орындаушыға жібереді;

      5) жауапты орындаушы өтінімді толықтығына және мәліметтердің дұрыстығына қарайды.

      Бас тартуға негіз болмаған жағдайда жауапты орындаушы:

      он төрт жұмыс күні ішінде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны ресімдеуді;

      екі жұмыс күні ішінде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуді;

      лицензиялау кезіндегі қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін растаған жағдайда, лицензиаттың-заңды тұлғаның қайта құрылуы кезінде тоғыз күні ішінде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуді;

      бір жұмыс күні ішінде лицензияға және (немесе) лицензияға қосымшаға телнұсқаны ресімдеуді қамтамасыз етеді.

      Бас тартуға бір негіз болған жағдайда жауапты орындаушы:

      өтінім келіп түскен сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуды дайындауды қамтамасыз етеді.

      6) екі сағат ішінде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін құрылымдық бөлімшенің басшысымен келісу, көрсетілетін қызметті берушінің басшысының қол қоюы және көрсетілетін қызметті алушыға порталға жіберу.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      Ескерту. 4-тараудың атауы жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 12.02.2016 № 182 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті берушінің және көрсетілетін қызметті алушының жүгіну тәртібі және рәсімдердің (іс-қимылдардың) бірізділігі осы Регламентке 1-қосымшаға сәйкес 1, 2 мемлекеттік қызметті көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылының диаграммаларында көрсетілген.

      Көрсетілетін қызметті алушы арқылы қадамдық әрекеттер:

      1) көрсетілетін қызметті алушы порталда тіркеуді компьютерінің интернет-браузерінде сақталған өзінің электрондық цифрлық қолтаңбасының (бұдан әрі - ЭЦҚ) тіркеу куәлігінің көмегімен жүзеге асырады;

      2) 1-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ тіркеу куәлігін компьютердің интернет-браузеріне бекітуі, мемлекеттік қызметті алу үшін пайдаланушының порталға парольді енгізуі (авторландыру процесі);

      3) 1-шарт – логин (бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН) және пароль арқылы тіркелген пайдаланушы туралы деректердің дұрыстығын порталда тексеру;

      4) 2-процесс – пайдаланушының деректерінде бұзушылықтар болған жағдайда, портал авторландырудан бас тарту хабарламасын қалыптастырады;

      5) 3-процесс – пайдаланушының осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсету және оның құрылымы мен форматтық талаптарды ескере отырып, сұрау салу нысанына қажетті электрондық түрде құжаттарды тіркеу арқылы пайдаланушының нысанды толтыруы үшін сұрау салу нысанын экранға шығаруы (деректерді енгізу);

      6) 4-процесс – "электрондық үкіметтің" төлеу шлюзінде (бұдан әрі – ЭҮТШ) электрондық мемлекеттік қызмет төлемақысын жасау, одан кейін бұл ақпарат "Е-лицензиялау" мемлекеттік деректер қоры ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – МДҚ АЖ) келіп түседі;

      7) 2-шарт – "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-да қызметті көрсеткені үшін төлеу фактісін тексеру;

      8) 5-процесс – "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-да көрсетілген қызмет үшін төлемақы болмаған жағдайда сұрау салынған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

      9) 6-процесс – пайдаланушының сұрау салуды куәландыру (қол қою) үшін ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы;

      10) 3-шарт – порталда ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімін және қайтарып алынған (күші жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде болмауын, сондай-ақ сұрауда және ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген БСН арасындағы идентификациялық мәліметтерінің сәйкес келуін тексеру;

      11) 7-процесс – пайдаланушының ЭЦҚ дұрыстығының расталмаған жағдайда сұрау салынған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

      12) 8-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ арқылы қызмет көрсетуге сұраудың толтырылған нысанын (енгізілген деректерді) куәландыруы (қол қоюы);

      13) 9-процесс – "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-да электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұрауын тіркеу және "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-да сұрауды өңдеу;

      14) 4-шарт – көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына және лицензия беру негіздеріне сәйкестігін көрсетілетін қызметті берушінің тексеруі;

      15) 10-процесс – "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-да көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтар болған жағдайда сұрау салынған қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

      16) 11-процесс – көрсетілетін қызметті алушының порталда қалыптастырған қызмет нәтижесін (электрондық лицензия) алуы. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сын пайдаланумен қалыптастырылады.

      10. Көрсетілетін қызметті беруші арқылы қадамдық әрекеттер:

      1) 1-процесс – көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысының мемлекеттік қызметті алу үшін "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ логині мен паролін енгізуі (авторландыру процесі);

      2) 1-шарт – логин мен пароль арқылы көрсетілетін қызметті берушінің тіркелген жауапты орындаушысы туралы мәліметтердің шынайылығын "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-да тексеру;

      3) 2-процесс – көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысының деректерінде бұзушылықтар болған жағдайда "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-да авторландырудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

      4) 3-процесс – көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысының осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсету үшін сұрау салу нысанын экранға шығаруы және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысының көрсетілетін қызметті алушының деректерін енгізуі;

      5) 4-процесс – электрондық үкіметтің шлюзі арқылы (бұдан әрі - ЭҮШ) "заңды тұлғалардың" мемлекеттік дерекқорында (бұдан әрі - ЗТ МДҚ) көрсетілетін қызметті алушының деректері туралы сұрау салуды жіберу;

      6) 2-шарт – көрсетілетін қызметті алушының ЗТ МДҚ-да деректерінің бар болуын тексеру;

      7) 5-процесс – ЗТ МДҚ-да – көрсетілетін қызметті алушы деректері болмаған жағдйда деректерді алу мүмкін еместігі туралы хабарламаны қалыптастыру;

      8) 6-процесс – сұрау салу нысанын құжаттардың қағаз нысанында болуын белгілеу бөлігінде толтыру және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысының – көрсетілетін қызметті алушы ұсынған қажетті құжаттарды сканерлеуі және оларды сұрау салу нысанына бекітуі;

      9) 7-процесс – "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ -да сұрау салуды тіркеу және "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-да қызметті өңдеу;

      10) 3-шарт – көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушының лицензия беру үшін біліктілік талаптарына және негіздерге сәйкестігін тексеруі;

      11) 8-процесс – "Е-лицензиялау" АЖ МДҚ-да көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтар болған жағдайда сұрау салынған қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

      12) 9-процесс – көрсетілетін қызметті алушының "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-да қалыптастырған (электрондық лицензия) көрсетілетін қызмет нәтижесін алуы. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-сын пайдаланумен қалыптастырылады.

      11. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) арасындағы (іс-қимылдардың) рәсімдердің бірізділігі және мемлекеттік қызметті көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы мемлекеттік қызметті көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында осы Регламентке 2-қосымшаға сәйкес көрсетілген.

  "Байланыс саласындағы
қызметтерді көрсетуге рұқсат
беру" мемлекеттік қызмет
регламентіне
1-қосымша

Мемлекеттік қызметті көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің
функционалдық өзара әрекет жасаудың № 1 диаграммасы



Көрсетілетін қызметті беруші электрондық мемлекеттік қызмет
көрсету кезіндегі функционалдық өзара әрекет жасаудың
№ 2 диаграммасы



Шартты белгілер:


  "Байланыс саласындағы қызметтерді
көрсетуге лицензия беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
2-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
"Байланыс саласындағы қызметтерді көрсетуге лицензия беру"



Шартты белгілер:


  Қазақстан Республикасы Инвестициялар
және даму министрінің міндетін
атқарушының 2015 жылғы 28 мамырдағы
№ 644 бұйрығына 2-қосымша

"Нөмірлеу ресурсын бөлу және нөмірлерді беру, сондай-ақ оларды
алып қою" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер

      1. "Нөмірлеу ресурсын бөлу және нөмірлерді беру, сондай-ақ оларды алып қою" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және/немесе қағаз түрінде.

      3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі:

      нөмірлеу ресурсын бөлу немесе алып қою туралы көрсетілетін қызметті берушінің бұйрығы;

      мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру.

2. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі
іс-қимыл тәртібін сипаттау

      Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіз, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 531 "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігімен көрсетілетін байланыс саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы" (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде № 11380 іркелген) бұйрығымен бекітілген "Нөмірлеу ресурсын бөлу және нөмірлерді беру, сондай-ақ оларды алып қою" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты) 9-тармағында көзделген көрсетілетін қызметті алушының құжаттарының (бұдан әрі-өтінім) болуы болып табылады.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:

      1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері тіркеу нөмірі және күнін беріп он бес минут ішінде өтінімді қабылдауы (өтінім қағаз тасығышта берілген жағдайда);

      2) көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшесінің жауапты орындаушысы бір сағат ішінде өтінімді өңдеп, оны www.egov.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталына (бұдан әрі – портал) жіберуі (өтінім қағаз тасығышта берілген жағдайда);

      3) көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшесінің басшысы төрт сағат ішінде өтінімді порталда қарау үшін жауапты орындаушыны анықтайды;

      4) жауапты орындаушы өтінімнің толықтығын және мәліметтердің дұрыстығын қарайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, өтінім түскен сәттен бастап жиырма жұмыс күні ішінде нөмірлеу ресурсын бөлу немесе алып қою туралы көрсетілетін қызметті берушінің бұйрығы ресімделеді.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайда өтінім түскен сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беруді қамтамасыз етеді.

      5) екі сағат ішінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне көрсетілетін қызметті беруші басшысының қол қоюы және оны порталға жіберу;

      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 12.02.2016 № 182 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Мынадай рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастауға негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (іс-қимылдың) нәтижесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде өтінішті тіркеу, оның электрондық нұсқасын көшіру (өтінім қағаз тасығышта берілген жағдайда);

      2) өңделген өтінімді порталда орналастыру (өтінім қағаз тасығышта берілген жағдайда);

      3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысының порталдағы қарары;

      4) жауапты орындаушымен мемлекеттік қызмет нәтижесін порталда ресімделуі;

      5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысының мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қоюуы.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі
өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оның орынбасары;

      2) өтінімнің қаралуына жауапты құрылымдық бөлімшенің басшысы;

      3) жауапты орындаушы;

      4) кеңсе қызметкері;

      8. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелер арасындағы рәсімдерінің (іс-қимылдардың) ретін сипаттау:

      1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамынан (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) өтінім түскен сәттен бастап он бес минут ішінде өтінімді қабылдайды, ашады және Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесінде тіркеп, оның электрондық нұсқасын көшіреді және оны жауапты орындаушыға қарау үшін береді;

      2) жауапты орындаушы көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкерінен өтінім түскен сәттен бастап бір сағат ішінде өтінімді өңдеп, оны порталға жібереді;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы өтінім порталдан келіп түскен сәттен бастап үш сағат ішінде оны қарауды құрылымдық бөлімшенің басшысына тапсырады;

      4) құрылымдық бөлімшенің басшысы көрсетілетін қызметті берушінің басшысынан тапсырма келіп түскен сәттен бастап екі сағат ішінде өтінімді қарайды және оны орындау үшін жауапты орындаушыға жібереді;

      5) жауапты орындаушы өтінімнің толықтығын және мәліметтердің дұрыстығын қарайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда өтінім келіп түскен сәттен бастап жиырма тоғыз жұмыс күні ішінде нөмірлеу ресурсын бөлу немесе алып қою туралы көрсетілетін қызметті берушінің бұйрығын ресімдеуді қамтамасыз етеді.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайда екі жұмыс күні ішінде бас тарту туралы дәлелді жауап беруді қамтамасыз етеді.

      6) екі сағат ішінде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы қол қоюы және порталға жіберуі;

      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 12.02.2016 № 182 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

4. Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 12.02.2016 № 182 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Мемлекеттік корпорацияға жүгіну тәртібін сипаттау және көрсетілетін қызметті алушының сұрауын өңдеу ұзақтығы:

      1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға жүгінеді.

      Мемлекеттік корпорацияда қабылдау жедел қызмет көрсетусіз "электрондық кезек" күту тәртібімен жүзеге асырылады. Көрсетілетін қызметті алушы қажеттілігі бойынша портал арқылы электрондық кезекті броньдайды;

      өтініштің қабылдануын растау осы Мемлекеттік корпорацияның құжаттарды қабылдау күні туралы белгісі мен мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін жоспарланатын беру күні бар көшірмесі көрсетілетін қызметті алушыға берілетін қолхат болып табылады.

      2) Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушының сұрауын өңдеу ұзақтығы – 20 минуттан астам емес;

      3) көрсетілетін қызметті алушының сұрауын Мемлекеттік корпорациядан көрсетілетін қызметті берушіге жөнелту мерзімі – сұрау қабылдау күні;

      4) көрсетілетін қызметті алушы (немесе уәкілетті өкілдің: өкілеттігін растайтын құжат бойынша заңды тұлғаның; нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша жеке тұлғаның) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген.

      Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес толық құжаттар топтамасын ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация операторы өтінішті қабылдаудан бас тартады және Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

      4-қосымшаға сәйкес құжаттарды қабылдаудан бас тарт туралы қолхатты береді.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 12.02.2016 № 182 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті берушінің және көрсетілетін қызметті алушының жүгіну тәртібі және рәсімдердің (іс-қимылдардың) бірізділігі осы Регламентке 1-қосымшаға сәйкес 1, 2 мемлекеттік қызметті көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылының диаграммасында көрсетілген.

      Көрсетілетін қызметті алушы арқылы қадамдық әрекеттер:

      1) көрсетілетін қызметті алушы порталда тіркеуді компьютерінің интернет-браузерінде сақталған өзінің электрондық цифрлық қолтаңбасының (бұдан әрі - ЭЦҚ) тіркеу куәлігінің көмегімен жүзеге асырады;

      2) 1-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ тіркеу куәлігін компьютердің интернет-браузеріне бекітуі, мемлекеттік қызметті алу үшін пайдаланушының порталға парольді енгізуі (авторландыру процесі);

      3) 1-шарт – логин (жеке сәйкестендіру нөмірі) (бұдан әрі - ЖСН) немесе (бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН) және пароль арқылы тіркелген пайдаланушы туралы деректердің дұрыстығын порталда тексеру;

      4) 2-процесс – пайдаланушының деректерінде бұзушылықтар болған жағдайда, портал авторландырудан бас тарту хабарламасын қалыптастырады;

      5) 3-процесс – пайдаланушының осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсету және оның құрылымы мен форматтық талаптарды ескере отырып, сұрау салу нысанына қажетті электрондық түрде құжаттарды тіркеу арқылы пайдаланушының нысанды толтыруы үшін сұрау салу нысанын экранға шығаруы (деректерді енгізу);

      6) 4-процесс – пайдаланушының сұрау салуды куәландыру (қол қою) үшін ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы;

      7) 2-шарт – порталда ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімін және қайтарып алынған (күші жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде болмауын, сондай-ақ сұрауда және ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген БСН арасындағы идентификациялық мәліметтерінің сәйкес келуін тексеру;

      8) 5-процесс – пайдаланушының ЭЦҚ дұрыстығының расталмағаны жағдайда сұрау салынған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

      9) 6-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ арқылы қызмет көрсетуге сұраудың толтырылған нысанын (енгізілген деректерді) куәландыруы (қол қоюы);

      10) 7-процесс – "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-да электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұрауын тіркеу және "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-да сұрауды өңдеу;

      11) 3-шарт көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкестігін тексеруі;

      12) 8-процесс – "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-да көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтар болған жағдайда сұрау салынған қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

      13) 9-процесс – көрсетілетін қызметті алушының порталда қалыптастырған қызмет нәтижесін (электрондық лицензия) алуы. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сын пайдаланумен қалыптастырылады.

      Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 12.02.2016 № 182 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Мемлекеттік корпорация арқылы қадамдық іс-қимылдар мынадай түрде жүзеге асырылады:

      1) 1-процесс – көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысының мемлекеттік қызметті алу үшін "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ логині мен паролін енгізуі (авторландыру процесі);

      2) 1-шарт – логин мен пароль арқылы көрсетілетін қызметті берушінің тіркелген жауапты орындаушысы туралы мәліметтердің шынайылығын "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-да тексеру;

      3) 2-процесс – көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысының деректерінде бұзушылықтар болған жағдайда "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-да авторландырудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

      4) 3-процесс – көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысының осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсету үшін сұрау салу нысанын экранға шығаруы және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысының көрсетілетін қызметті алушының деректерін енгізуі;

      5) 4-процесс – электрондық үкіметтің шлюзі арқылы (бұдан әрі - ЭҮШ) "заңды тұлғалардың" мемлекеттік дерекқорында (бұдан әрі - ЗТ МДҚ) көрсетілетін қызметті алушының деректері туралы сұрау салуды жіберу;

      6) 2-шарт – көрсетілетін қызметті алушының ЗТ МДҚ-да деректерінің бар болуын тексеру;

      7) 5-процесс – ЖТ МДҚ немес ЗТ МДҚ-да – көрсетілетін қызметті алушы деректері болмған жағдайда деректерді алу мүмкін еместігі туралы хабарламаны қалыптастыру;

      8) 6-процесс – сұрау салу нысанын құжаттардың қағаз нысанында болуын белгілеу бөлігінде толтыру және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысының – көрсетілетін қызметті алушы ұсынған қажетті құжаттарды сканерлеуі және оларды сұрау салу нысанына бекітуі;

      9) 7-процесс – "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ -да сұрау салуды тіркеу және "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-да қызметті өңдеу;

      10) 3-шарт – көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушының лицензия беру үшін біліктілік талаптарына және негіздерге сәйкестігін тексеру;

      11) 8-процесс – "Е-лицензиялау" АЖ МДҚ-да көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтар болған жағдайда сұрау салынған қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

      12) 9-процесс – көрсетілетін қызметті алушының "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-да қалыптастырған (электрондық лицензия) көрсетілетін қызмет нәтижесін алуы. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-сын пайдаланумен қалыптастырылады.

      Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 12.02.2016 № 182 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) арасындағы (іс-қимылдардың) рәсімдердің бірізділігінің сипаттамасы, сондай-ақ Мемлекеттік корпорациямен өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы және мемлекеттік қызметті көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібі осы Регламентке 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетілген.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 12.02.2016 № 182 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  "Нөмірлеу ресурсын бөлу және
нөмірлерді беру, сондай-ақ оларды
алып қою" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
1-қосымша

Мемлекеттік қызметті көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің
функционалдық өзара іс-қимылының № 1 диаграммасы

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 12.02.2016 № 182 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
     


Мемлекеттік корпорация арқылы электрондық мемлекеттік қызметті
көрсету кезіндегі функционалдық өзара іс-қимылдың
№ 2 диаграммасы



Шартты белгілер:


  "Нөмірлеу ресурсын бөлу және
нөмірлерді беру, сондай-ақ оларды
алып қою" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
2-қосымша

"Нөмірлеу ресурсын бөлу және нөмірлерді беру, сондай-ақ оларды
алып қою" мемлекеттік қызметті көрсетудің бизнес-процестерінің
анықтамалығы

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 12.02.2016 № 182 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
     


      Шартты белгілер:



  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін
атқарушының 2015 жылғы
28 мамырдағы № 644 бұйрығына
3-қосымша

"Қазақстан Республикасының радиожиілілік спектрін пайдалануға
рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер

      1. "Қазақстан Республикасының радиожиілілік спектрін пайдалануға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:

      Қазақстан Республикасы радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат (бұдан әрі – РЖС пайдалануға рұқсат);

      мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту туралы жауап.

2. Көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі
іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіз, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 531 "Байланыс саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы" (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде № 11380 тіркелген) бұйрығымен бекітілген "Қазақстан Республикасының радиожиілілік спектрін пайдалануға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты) 9-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының құжаттарының (бұдан әрі-өтінім) болуы болып табылады.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдары) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің аумақтық органының кеңсесінің қызметкері тіркеу нөмірі және күнін беріп он бес минут ішінде өтінімді қабылдайды (өтінім қағаз тасығышта берілген жағдайда);

      2) көрсетілетін қызметті берушінің аумақтық органының құрылымдық бөлімшесінің жауапты орындаушысы бір сағат ішінде өтінімді өңдеп, оны www.egov.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталына (бұдан әрі – портал) жолдайды (өтінім қағаз тасығышта берілген жағдайда);

      3) көрсетілетін қызметті берушінің аумақтық органының басшысы төрт сағат ішінде өтінімді порталда қарау үшін құрылымдық бөлімшені және жауапты орындаушыны анықтайды;

      4) көрсетілетін қызметті берушінің аумақтық органының жауапты орындаушысы өтінімнің толықтығын және мәліметтерінің дұрыстығын тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық пакетін ұсынған жағдайда радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларға электромагниттік үйлесімділіктің (бұдан әрі – РЭҚ және ЖЖҚ ЭМҮ) алдын ала есебін жүргізу үшін өтінім түскен сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің "Мемлекеттік техникалық қызмет" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына (бұдан әрі – "МТҚ" ШЖҚ РМК) жібереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық пакетін ұсынбаған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің аумақтық органының жауапты орындаушысы екі жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беруді қамтамасыз етеді.

      5) "МТҚ" ШЖҚ РМК өтініш түскен сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде РЭҚ және ЖЖҚ ЭМҮ алдын ала есеп рәсімін жүргізіп, оның нәтижесін аумақтық органға жібереді;

      6) көрсетілетін қызметті берушінің аумақтық органның жауапты орындаушысы "МТҚ" ШЖҚ РМК-дан РЭҚ және ЖЖҚ ЭМҮ алдын ала есебіне оң нәтиже түскен жағдайда көрсетілетін қызметті берушіге өтінімді бір жұмыс күні ішінде жібереді.

      "МТҚ" ШЖҚ РМК-дан РЭҚ және ЖЖҚ ЭМҮ алдын ала есебіне теріс нәтиже түскен жағдайда, сондай-ақ "Байланыс туралы" 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 12-бабының 7-тармағында көзделген негіздемелердің біреуі болған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің аумақтық органының жауапты орындаушысы үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап жобасын дайындауды, оған көрсетілетін қызметті берушінің басшысымен қол қоюын және көрсетілетін қызметті алушыға жіберуді қамтамасыз етеді;

      7) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы төрт сағат ішінде өтінішті порталда қарау үшін құрылымдық бөлімшені және жауапты орындаушыны анықтайды;

      8) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті берушінің басшысы өтінімді тапсырған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне (бұдан әрі – ҚР ҚМ) РЖС келісу рәсімін және (немесе) Шекаралас мемлекеттің байланыс әкімшілігімен (бұдан әрі – Байланыс әкімшілігі) халықаралық үйлестіру рәсімін жүргізу үшін хатты жібереді;

      9) ҚР ҚМ және/немесе Байланыс әкімшілігінен РЖС келісу рәсіміне және (немесе) халықаралық үйлестіру рәсіміне оң нәтиже алған жағдайда бес жұмыс күні ішінде РЖС пайдалануға рұқсат рәсімделеді.

      ҚР ҚМ және (немесе) Байланыс әкімшілігінен РЖС келісу рәсіміне және (немесе) халықаралық үйлестіру рәсіміне теріс нәтиже алған жағдайда үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап жобасын дайындауды, көрсетілетін қызметті берушінің басшысымен келісуді және қол қоюды қамтамасыз етеді;

      10) мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" электрондық құжат нысанында жолданады;

      11) қол қойылған РЖС пайдалануға рұқсат порталдағы "жеке кабинетке" түскеннен кейін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін аумақтық органның жауапты орындаушысынан Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Бюджетке салықтар және басқа да міндетті төлемдер туралы" кодексіне (Салық кодексі) сәйкес мемлекеттік бюджетке төлем төлеу туралы хабарлама алады.

      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 12.02.2016 № 182 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Мынадай рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастауға негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (іс-қимылдың) нәтижесі:

      1) көрсетілетін қызметті беруші аумақтық органның кеңсесінде өтінімді тіркеу, оның электрондық нұсқасын көшіру (өтінім қағаз тасығышта берілген жағдайда);

      2) өңделген өтінімді порталда орналастыру (өтінім қағаз тасығышта берілген жағдайда);

      3) көрсетілетін қызметті беруші аумақтық органның басшысының порталдағы қарары;

      4) көрсетілетін қызметті берушінің аумақтық органының жауапты орындаушысының өтінімді қарауы:

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық пакетін ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің аумақтық органының жауапты орындаушысының өтінімді "МТҚ" ШЖҚ РМК-ға РЭҚ ЭМҮ жүргізу алдын ала есебіне жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық пакетін ұсынбаған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің аумақтық органының жауапты орындаушысы өтінімді мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап жібереді;

      5) "МТҚ" ШЖҚ РМК-ның РЭҚ ЭМҮ алдын ала есебінің нәтижесін аумақтық органға жібереді;

      6) аумақтық органның жауапты орындаушысының РЭҚ ЭМҮ алдын ала есебінің нәтижесін қарауы:

      РЭҚ ЭМҮ алдын ала есебіне оң нәтиже түскен жағдайда өтінімді көрсетілетін қызметті алушыға жібереді;

      РЭҚ ЭМҮ алдын ала есебіне теріс нәтиже түскен жағдайда бас тарту туралы дәлелді жауапты жібереді;

      7) көрсетілетін қызметті берушінің басшысының порталдағы қарары;

      8) жауапты орындаушы өтінімді ҚМ және (немесе) Байланыс әкімшілігіне жібереді;

      9) ҚР ҚМ және (немесе) Байланыс әкімшілігінен келісу нәтижелері келгеннен кейін РЖС пайдалануға рұқсат рәсімделеді немесе көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап жобасы дайындалады;

      10) РЖС пайдалану үшін көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік бюджетке төлем төлеу туралы хабарлама ұсынып, оны көрсетілетін қызметті алушыға жолдайды.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет
берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара
іс-қимыл тәртібін сипаттау

      7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің аумақтық органының кеңсе қызметкері;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің аумақтық органының жауапты орындаушысы;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің аумақтық органының басшысы;

      4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

      5) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;

      6) көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшенің басшысы;

      8. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелер арасындағы (қызметкерлердің) рәсімдерінің (іс-қимылдардың) ретін сипаттау:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің аумақтық органының кеңсе қызметкері "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамынан (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) өтінім түскен сәттен бастап он бес минут ішінде өтінімді қабылдайды, ашады және Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесінде тіркейді, оның электрондық нұсқасын көшіреді және оны құрылымдық бөлімшенің жетекші маманына қарау үшін жібереді;

      2) жауапты орындаушы кеңсе қызметкерінен өтінім түскен сәттен бастап отыз минут ішінде оны порталға жібереді;

      3) көрсетілетін қызметті беруші аумақтық органның басшысы өтінім порталға түскен сәттен бастап төрт сағат ішінде оның қарауын көрсетілетін қызмет беруші аумақтық органдағы жауапты орындаушыға тапсырады;

      4) көрсетілетін қызметті беруші аумақтық органның жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті берушінң аумақтық органының басшысынан өтінім түскен сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде РЭҚ және ЖЖҚ ЭМҮ алдын ала есебін жүргізу үшін өтінімді "МТҚ" ШЖҚ РМК-ға жібереді;

      5) "МТҚ" ШЖҚ РМК көрсетілетін қызметті берушіден өтінім түскен сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде РЭҚ және ЖЖҚ ЭМҮ алдын ала есеп рәсімін жүргізіп, оның нәтижесін көрсетілетін қызметті берушінің аумақтық органына жібереді;

      6) көрсетілетін қызметті берушінің аумақтық органының жауапты орындаушысы "МТҚ" ШЖҚ РМК-дан РЭҚ және ЖЖҚ ЭМҮ алдын ала есебіне оң нәтиже түскен жағдайда екі жұмыс күні ішінде өтінімді көрсетілетін қызметті берушіге жібереді.

      "МТҚ" ШЖҚ РМК-дан РЭҚ және ЖЖҚ ЭМҮ алдын ала есебіне теріс нәтиже түскен жағдайда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі "Байланыс туралы" Заңының 12-бабының 7-тармағында көзделген негіздемелердің біреуі болған жағдайда аумақтық органның жауапты орындаушысы үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап жобасын дайындауды, оған көрсетілетін қызметті берушінің аумақтық органының басшысымен қол қоюын және көрсетілетін қызметті алушыға жіберуді қамтамасыз етеді;

      7) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы өтінімді қарастыруға жауапты құрылымдық бөлімшеге және жауапты орындаушыға төрт сағат ішінде тапсырады;

      8) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшенің басшысы өтінімді тапсырған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде РЖС келісу рәсімін жүргізу үшін ҚР ҚМ және (немесе) Байланыс әкімшілігіне халықаралық үйлестіру рәсімін жүргізу үшін хат жобасын дайындауды, оған көрсетілетін қызметті берушінің басшысымен қол қоюын және сәйкесінше ҚР ҚМ және (немесе) Байланыс әкімшілігіне жолдауды қамтамасыз етеді;

      9) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы ҚР ҚМ және (немесе) Байланыс әкімшілігінен РЖС келісу рәсіміне және (немесе) халықаралық үйлестіру рәсіміне оң нәтиже алған жағдайда бес жұмыс күні ішінде РЖС пайдалануға рұқсат рәсімдеуді, көрсетілетін қызметті беруші басшысымен келісуді және қол қоюды қамтамасыз етеді.

      көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы ҚР ҚМ және (немесе) Байланыс әкімшілігінен РЖС келісу рәсіміне және (немесе) халықаралық үйлестіру рәсіміне теріс нәтиже алған жағдайда үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап жобасын дайындауды, көрсетілетін қызметті беруші басшысымен келісуді және қол қоюды қамтамасыз етеді;

      10) қол қойылған РЖС пайдалануға рұқсат порталдағы "жеке кабинетке" түскеннен кейін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушінің аумақтық органының жауапты орындаушысынан Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес мемлекеттік бюджетке төлем төлеу туралы хабарлама алады.

      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 12.02.2016 № 182 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

4. Мемлекеттік корпорацияға және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілерге жүгіну тәртібінің сипаттамасы, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы

      Ескерту. 4-тарау жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 12.02.2016 № 182 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Мемлекеттік корпорацияға жүгіну тәртібінің сипаттамасы және көрсетілетін қызметті алушының сұрауын өңдеу ұзақтығы:

      1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға жүгінеді:

      Мемлекеттік корпорацияда қабылдау жедел қызмет көрсетусіз "электрондық кезек" күту тәртібімен жүзеге асырылады. Көрсетілетін қызметті алушы қажеттілігі бойынша портал арқылы электрондық кезекті броньдайды.

      өтініштің қабылдануын растау осы Мемлекеттік корпорацияның құжаттарды қабылдау күні туралы белгісі мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін жоспарланатын беру күні бар көшірмесі көрсетілетін қызметті алушыға берілетін қолхат болып табылады;

      2) Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушының сұрауын өңдеу ұзақтығы – 20 минуттан астам емес;

      3) көрсетілетін қызметті алушының сұрауын Мемлекеттік корпорациядан көрсетілетін қызметті берушіге жөнелту мерзімі – сұрау қабылдау күні;

      4) көрсетілетін қызметті алушы (немесе уәкілетті өкілдің: өкілеттігін растайтын құжат бойынша заңды тұлғаның; нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша жеке тұлғаның) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген.

      Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес толық құжаттар топтамасын ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация операторы өтінішті қабылдаудан бас тартады және Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 13-қосымшаға сәйкес құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхатты береді.

      10. Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті берушінің және көрсетілетін қызметті алушының жүгіну тәртібі және рәсімдердің (іс-қимылдардың) бірізділігі осы Регламентке 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылының 1, 2-диаграммаларда көрсетілген.

      Көрсетілетін қызметті алушы арқылы қадамдық іс-қимылдар мынадай түрде жүзеге асырылады:

      1) көрсетілетін қызметті алушы порталда тіркеуді компьютерінің интернет-браузерінде сақталған өзінің электрондық цифрлық қолтаңбасының (бұдан әрі - ЭЦҚ) тіркеу куәлігінің көмегімен жүзеге асырады (порталда тіркелмеген қызметті алушылар үшін жүзеге асырылады);

      2) 1-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ тіркеу куәлігін компьютердің интернет-браузеріне бекітуі, мемлекеттік қызметті алу үшін қызметті алушының порталға парольді енгізу процесі (авторландыру процесі);

      3) 1-шарт – логин бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - БСН) және пароль арқылы тіркелген қызметті алушы туралы деректердің дұрыстығын порталда тексеру;

      4) 2-процесс – қызметті алушының деректерінде бұзушылықтар болған жағдайда, порталда авторландырудан бас тарту хабарламаны қалыптастыру;

      5) 3-процесс – көрсетілетін қызметті алушының осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті үшін сұрау нысанын экранға шығаруы (деректерді енгізу) көрсету және оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, сұрау нысанына қажетті құжаттарды электрондық түрде бекіте отырып, көрсетілетін қызметті алушының нысанды толтыруы;

      6) 4-процесс – алушының сұрауын куәландыру (қол қою) үшін ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы;

      7) 2-шарт – порталда ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімін және қайтарып алынған (күші жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде болмауын, сондай-ақ сұрауда көрсетілген БСН және ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген БСН арасындағы сәйкестендіру деректерінің сәйкес келуін тексеру;

      8) 5-процесс – алушының ЭЦҚ дұрыстығы расталмаған жағдайда, сұратылған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

      9) 6-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ арқылы қызметті көрсетуге сұраудың толтырылған нысанын (енгізілген деректерді) куәландыруы (қол қоюы);

      10) 7-процесс – "Е-лицензиялау" мемлекеттік дерекқордың ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі - "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ) электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұрауын) тіркеу және "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-да сұрауды өңдеу;

      11) 3-шарт көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкестігін тексеруі;

      12) 8-процесс – "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-да көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтар болған жағдайда, сұратылған қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

      13) 9-процесс – "Электронды үкіметтің" төлеу шлюзінде (бұдан әрі – ЭҮТШ) көрсетілетін қызметке төлеу, одан кейін бұл ақпарат "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-ға келіп түседі;

      14) 4-шарт – "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-да көрсетілген қызметтің төлеу фактісін тексеру;

      15) 10-процесс – "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-да көрсетілген қызмет үшін төлемақы жоқ болған жағдайда сұратылған электрондық мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

      16) 11-процесс – алушының порталда қалыптастырған көрсетілетін қызмет нәтижесін (рұқсатты) алуы. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-сын пайдалана отырып қалыптастырылады.

      11. Көрсетілетін қызметті беруші арқылы қадамдық іс-қимылдар мен шешімдер мынадай түрде жүзеге асырылады:

      1) 1-процесс – көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысының мемлекеттік қызметті көрсету үшін "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-ға логині мен паролін енгізуі (авторландыру процесі);

      2) 1-шарт – логин мен пароль арқылы көрсетілетін қызметті берушінің тіркелген жауапты орындаушысы туралы деректердің дұрыстығын "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-да тексеру;

      3) 2-процесс – көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысының деректерінде бұзушылықтар болған жағдайда, "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-да авторландырудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

      4) 3-процесс – көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысының осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсету үшін сұрау нысанын экранға шығаруы және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысының көрстілетін қызметті алушының деректерін енгізуі;

      5) 4-процесс – "Электронды үкіметтің" шлюзі арқылы (бұдан әрі - ЭҮШ) "Заңды тұлғалар" мемлекеттік деректер қорында (бұдан әрі - ЗТ МДҚ) көрсетілетін қызметті алушының деректеріне сұрауды жіберу;

      6) 2-шарт – көрсетілетін қызметті алушының ЗТ МДҚ-да деректерінің бар болуын тексеру;

      7) 5-процесс – ЗТ МДҚ-да көрсетілетін қызметті алушының деректері болмаған жағдайда, деректерді алу мүмкін еместігі туралы хабарламаны қалыптастыру;

      8) 6-процесс – сұрау нысанын құжаттардың қағаз нысанында болуын белгілеу бөлігінде толтыру және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысының көрсетілетін қызметті алушы ұсынған қажетті құжаттарды сканерлеуі және оларды сұрау нысанына бекітуі;

      9) 7-процесс – "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-да сұрау тіркеу және "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-да көрсетілетін қызметті өңдеу;

      10) 3-шарт көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкестігін тексеруі;

      11) 8-процесс – "Е-лицензиялау" АЖ МДҚ-да көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтар болған жағдайда, сұратылған қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

      12) 9-процесс – көрсетілетін қызметті алушының "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-да қалыптастырған көрсетілетін қызмет нәтижесін (рұқсатты) алуы. Электрондық құжат мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-сын пайдалана отырып қалыптастырылады.

      12. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) арасындағы (іс-қимылдардың) рәсімдердің бірізділігінің сипаттамасы, сондай-ақ Мемлекеттік корпорациямен өзара іс-қимыл тәртібі осы Регламентке 2-қосымшаға сәйкес және мемлекеттік қызметті көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы мемлекеттік қызметті көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетілген.

  "Қазақстан Республикасының
радиожиілілік спектрін пайдалануға
рұқсат беру" мемлекеттік қызмет
регламентіне 1-қосымша

Мемлекеттік қызметті көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің
функционалдық өзара іс-қимылының № 1 диаграммасы

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 12.02.2016 № 182 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
     


Мемлекеттік корпорация арқылы электрондық мемлекеттік қызметті
көрсету кезіндегі функционалдық өзара іс-қимылының
№ 2-диаграммасы



Шартты белгілер:


  "Қазақстан Республикасының
радиожиілілік спектрін пайдалануға
рұқсат беру" мемлекеттік қызмет
регламентіне 2-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
"Қазақстан Республикасының радиожиілілік спектрін
пайдалануға рұқсат беру"

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 12.02.2016 № 182 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
     


      Шартты белгілер:

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін
атқарушының 2015 жылғы
28 мамырдағы № 644 бұйрығына
4-қосымша

"Радиоэлектронды құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды
пайдалануға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер

      1. "Радиоэлектронды құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды пайдалануға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - Регламент) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің аумақтық органдары көрсетеді.

      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде;

      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:

      радиоэлектронды құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды пайдалануға рұқсат беру (бұдан әрі – РЭҚ және ЖЖҚ пайдалануға рұқсат);

      мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру.

2. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі
іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіз, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 531 "Байланыс саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы" (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде № 11380 тіркелген) бұйрығымен бекітілген "Радиоэлектронды құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды пайдалануға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты) 9-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының құжаттарының (бұдан әрі-өтінім) болуы болып табылады.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдары) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:

      1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкерінің тіркеу нөмірі және күнін беріп он бес минут ішінде өтінімді қабылдауы (өтінім қағаз тасығышта берілген жағдайда);

      2) көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшесінің жауапты орындаушысы бір сағат ішінде өтінімді өңдеп, оны www.egov.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталына (бұдан әрі - портал) жолдайды (өтінім қағаз тасығышта берілген жағдайда);

      3) көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшесінің басшысы төрт сағат ішінде өтінімді порталда қарау үшін жауапты орындаушыны анықтайды;

      4) жауапты орындаушы өтінімнің толықтығын және мәліметтерінің дұрыстығын тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық пакетін ұсынған жағдайда өтінім түскен сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде РЭҚ және ЖЖҚ пайдалануға рұқсат ресімдеуді қамтамасыз етеді.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық пакетін ұсынбаған жағдайда екі жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беруді қамтамасыз етеді;

      5) мемлекеттік қызмет нәтижесіне көрсетілетін қызметті беруші басшының қол қоюын және оны порталға жіберуді қамтамасыз етеді.

      6. Мынадай рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастауға негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (іс-қимылдың) нәтижесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде өтінімді тіркеу және оның электрондық нұсқасын көшіру (өтінім қағаз тасығышта берілген жағдайда);

      2) өңделген өтінімді порталда орналастыру (өтінім қағаз тасығышта берілген жағдайда);

      3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысының порталдағы қарары;

      4) жауапты орындаушының порталда көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ресімдеуі;

      5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысының көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қол қоюы.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет
берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара
іс-қимыл тәртібін сипаттау

      7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің басшысы;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;

      4) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;

      8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) орындалу мерзімін көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер арасындағы өзара іс-қимыл бірізділігін сипаттау:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамынан (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) өтініш түскен сәттен бастап отыз минут ішінде өтінімді қабылдайды, ашады және Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесінде тіркеп, оның электрондық нұсқасын көшіреді және оны көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына қарауға ұсынады;

      2) жауапты орындаушы көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкерінен өтінім түскен сәттен бастап бір сағат ішінде өтінімді өңдейді және оны порталға жібереді;

      3) көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшесінің басшысы өтінім порталдан түскен сәттен бастап төрт сағат ішінде оның қарауын көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына тапсырады;

      4) бөлімнің бас маманы төрт жұмыс күні ішінде РЭҚ және ЖЖҚ пайдалануға рұқсат ресімдеуді қамтамасыз етеді;

      5) құрылымдық бөлімшенің басшысы мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесімен бір сағат ішінде келіседі;

      6) көрсетілетін қызмет берушінің басшысы мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне бір сағат ішінде қол қояды және порталға жолдайды.

      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 12.02.2016 № 182 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

4. Мемлекеттік корпорацияға сипаттамасы және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілерге жүгіну тәртібінің, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы

      Ескерту. 4-тарау жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 12.02.2016 № 182 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Мемлекеттік корпорацияға жүгіну тәртібінің сипаттамасы және көрсетілетін қызметті алушының сұрауын өңдеу ұзақтығы:

      1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға жүгінеді:

      Мемлекеттік корпорацияда қабылдау жедел қызмет көрсетусіз "электрондық кезек" күту тәртібімен жүзеге асырылады. Көрсетілетін қызметті алушы қажеттілігі бойынша портал арқылы электрондық кезекті броньдайды;

      өтініштің қабылдануын растау осы Мемлекеттік корпорацияның құжаттарды қабылдау күні туралы белгісі мен мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін жоспарланатын беру күні бар көшірмесі көрсетілетін қызметті алушыға берілетін қолхат болып табылады;

      2) Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушының сұрауын өңдеу ұзақтығы – 20 минуттан көп емес;

      3) көрсетілетін қызметті алушының өтінішін Мемлекеттік корпорациядан көрсетілетін қызметті берушіге жөнелту мерзімі – сұрау салуды қабылдаған күні;

      4) көрсетілетін қызметті алушы (немесе уәкілетті өкілдің: өкілеттігін растайтын құжат бойынша заңды тұлғаның; нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша жеке тұлғаның) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген.

      Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес толық құжаттар топтамасын ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация операторы өтінішті қабылдаудан бас тартады және Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхатты береді.

      10. Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті берушінің және көрсетілетін қызметті алушының жүгіну тәртібі және рәсімдердің (іс-қимылдардың) бірізділігі осы Регламентке 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылының 1, 2-диаграммаларда көрсетілген.

      Көрсетілетін қызметті алушы арқылы қадамдық іс-қимылдар мынадай түрде жүзеге асырылады:

      1) көрсетілетін қызметті алушы порталда тіркелуді компьютерінің интернет-браузерінде сақталған өзінің электронды цифрлық қолтаңбасының (бұдан әрі - ЭЦҚ) тіркеу куәлігінің көмегімен жүзеге асырады (порталда тіркелмеген көрсетілген қызметті алушылар үшін жүзеге асырылады);

      2) 1-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ тіркеу куәлігін компьютердің интернет-браузеріне бекітуі, мемлекеттік қызметті алу үшін алушының порталға парольді енгізу процесі (авторландыру процесі);

      3) 1-шарт – логин (жеке сәйкестендіру нөмірі)/(бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН/БСН) және пароль арқылы тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің дұрыстығын порталда тексеру;

      4) 2-процесс – алушының деректерінде бұзушылықтар болған жағдайда, порталда авторландырудан бас тарту туралы хабарламаға қалыптастыру;

      5) 3-процесс – алушының осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсету үшін сұрау нысанын экранға шығаруы (деректерді енгізу) және оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, сұрау салу нысанына қажетті құжаттарды электрондық түрде бекіте отырып, алушының нысанды толтыруы;

      6) 4-процесс – көрсетілетін қызметті алушының сұрауды куәландыру (қол қою) үшін ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы;

      7) 2-шарт – порталда ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімін және қайтарып алынған (күші жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде болмауын, сондай-ақ сұрауда көрсетілген БСН және ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген БСН арасындағы сәйкестендіру деректерінің сәйкес келуін тексеру;

      8) 5-процесс – алушының ЭЦҚ дұрыстығы расталмаған жағдайда, сұратылған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

      9) 6-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ арқылы қызметті көрсетуге сұраудың толтырылған нысанын (енгізілген деректерді) куәландыруы (қол қоюы);

      10) 7-процесс – "Е-лицензиялау" мемлекеттік дерекқордың ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ) электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұрауын) тіркеу және "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-да сұрауды өңдеу;

      11) 3-шарт – көрсетілетін қызметті алушы құжаттарын рұқсат беру үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкестігін тексеруі;

      12) 8-процесс – "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-да көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтар болған жағдайда, сұратылған қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

      13) 9-процесс – көрсетілетін қызметті алушының порталда қалыптастырған мемлекеттік қызмет нәтижесін (рұқсатты) алуы. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-сын пайдалана отырып, қалыптастырылады.

      11. Мемлекеттік корпорация арқылы қадамдық іс-қимылдар мынадай түрде жүзеге асырылады:

      1) 1-процесс – көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысының мемлекеттік қызметті алу үшін "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-ға логині мен паролін енгізу (авторландыру процесі);

      2) 1-шарт – логин мен пароль арқылы көрсетілетін қызметті берушінің тіркелген жауапты орындаушысы туралы деректердің дұрыстығын "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-да тексеру;

      3) 2-процесс – көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысының деректерінде бұзушылықтар болған жағдайда, "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-да авторландырудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

      4) 3-процесс – көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысының осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсету үшін сұрау нысанын экранға шығаруы және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысының көрстілетін қызметті алушының деректерін енгізуі;

      5) 4-процесс – "Электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы (бұдан әрі - ЭҮШ) "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқорында (бұдан әрі - ЖТ МДҚ) / "Заңды тұлғалар" мемлекеттік дерекқорында (бұдан әрі - ЗТ МДҚ) көрсетілетін қызметті алушының деректері туралы сұрау салуды жіберу;

      6) 2-шарт – көрсетілетін қызметті алушының ЖТ МДҚ/ЗТ МДҚ-да деректерінің бар болуын тексеру;

      7) 5-процесс – ЖТМДҚ/ЗТМДҚ-да көрсетілетін қызметті алушының деректері болмаған жағдайда, деректерді алу мүмкін еместігі туралы хабарламаны қалыптастыру;

      8) 6-процесс – сұра нысанын құжаттардың қағаз нысанында болуын белгілеу бөлігінде толтыру және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысының көрсетілетін қызметті алушы ұсынған қажетті құжаттарды сканерлеуі және оларды сұрау нысанына бекітуі;

      9) 7-процесс – "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-да сұрауды тіркеу және "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-да көрсетілетін қызметті өңдеу;

      10) 3-шарт – көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын лицензия беру үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкестігін тексеруі;

      11) 8-процесс – "Е-лицензиялау" АЖ МДҚ-да көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтар болған жағдайда, сұратылған қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

      12) 9-процесс – көрсетілетін қызметті алушының "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-да қалыптастырған көрсетілетін қызмет нәтижесін (рұқсатты) алуы. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-сын пайдалана отырып қалыптастырылады.

      12. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) арасындағы (іс-қимылдардың) рәсімдердің бірізділігінің сипаттамасы, сондай-ақ Мемлекеттік корпорациямен өзара іс-қимыл тәртібінің және мемлекеттік қызметті көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібі осы Регламентке 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетілген.

  "Радиоэлектронды құралдар мен
жоғары жиілікті құрылғыларды
пайдалануға рұқсат беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
1-қосымша

Мемлекеттік қызметті көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің
функционалдық өзара іс-қимылының № 1-диаграммасы

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 12.02.2016 № 182 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
     


Мемлекеттік корпорация арқылы электрондық мемлекеттік қызметті
көрсету кезіндегі функционалдық өзара іс-қимылының жасаудың
№ 2-диаграммасы



Шартты белгілер:


  "Радиоэлектронды құралдар мен
жоғары жиілікті құрылғыларды
пайдалануға рұқсат беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
2-қосымша

"Радиоэлектронды құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды
пайдалануға рұқсат беру" мемлекеттік қызметті көрсетудің
бизнес-процестерінің анықтамалығы

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 12.02.2016 № 182 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
     


      Шартты белгілер:



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады