Экспорттаушыларды (импорттаушыларды) қоса алғанда, жануарлар өсіруді, жануарларды және жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру, сондай-ақ жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін айқындау қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 20 сәуірдегі № 7-1/347 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 9 шілдеде № 11608 болып тіркелді.

      "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Экспорттаушыларды (импорттаушыларды) қоса алғанда, жануарлар өсіруді, жануарларды және жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру, сондай-ақ жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін айқындау қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринария және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
А. Мамытбеков

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ________________ Е.Досаев

      2015 жылғы 8 маусым



  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 20 сәуірдегі
№ 7-1/347 бұйрығымен
бекітілген

Экспорттаушыларды (импорттаушыларды) қоса алғанда, жануарлар өсіруді,
жануарларды және жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды
(союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде
мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге
асыру, сондай-ақ жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың
ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін айқындау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 24.01.2019 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы Экспорттаушыларды (импорттаушыларды) қоса алғанда, жануарлар өсіруді, жануарларды және жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру, сондай-ақ жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 23-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және экспорттаушыларды (импорттаушыларды) қоса алғанда, жануарлар өсіруді, жануарларды және жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру, сондай-ақ жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін айқындау тәртібін анықтайды.

      2. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау (бұдан әрі – бақылау) тексеру және профилактикалық бақылау мен қадағалау нысанында жүзеге асырылады.

      Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылау мен қадағалау және тексеру 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес жүзеге асырылады. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалау Кодекске және Заңға сәйкес жүзеге асырылады.

      Бақылауды мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар (бұдан әрі – ветеринариялық инспектор) және мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлер (бұдан әрі – ветеринарлық дәрігер) жүзеге асырады.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 24.01.2019 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Ветеринариялық инспектор экспорттаушыларды (импорттаушыларды) қоса алғанда, жануарлар өсіруді, жануарларды және жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде бақылауды жүзеге асырады.

      Экспорттаушыларды бақылау импорттаушы елдердің ветеринариялық заңнамаларының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

      4 Ветеринариялық дәрігер жануарлар өсіру, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындау (сою), сақтау, қайта өңдеу және өткізу объектілерінде бақылауды жүзеге асырады (импортпен және экспортпен байланыстыларды қоспағанда).

      5. Тексеру объектісіне келгеннен кейін ветеринариялық инспектор, ветеринариялық дәрігер:

      кәсіпорынның қызмет түріне, схема-жоспарына, өндірістің технологиялық схемасына;

      өндіріс көлеміне және өнімді сатуға;

      өндірілетін өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі өндірістік (мемлекеттік) бақылаудың болуына және жүзеге асырылуына;

      бақылау объектісінің орналасу орнының әкімшілік аумағының және шикізат аймағының эпизоотиялық қолайлылығына;

      аумақты, ғимараттарды, құрылыстарды жоспарлаудың және тексеру объектісінің технологиялық үй-жайларының ұсынылған құжаттарға сәйкестігіне;

      Заңның 8-бабының 45) тармақшасына сәйкес бекітілетін Ветеринариялық есепке алумен есептілікті жүргізу, ұсыну қағидаларына сәйкес ветеринариялық еспеке алуды жүргізуге және есептілікті ұсынуға қатысты құжаттарды зерделейді.

      6. Экспорттаушыларды (импорттаушыларды) қоса алғанда, жануарлар өсіруді, жануарларды және жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін айқындау Заңның 11-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларына сәйкес құрылған мемлекеттік ветеринариялық мекемелермен, ветеринариялық-санитариялық сараптау зертханаларымен, зертханалық зерттеулер кешенімен жануарлардың және жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың сәйкестігін айқындау бойынша өндірістік бақылау бөлімшелерімен жүзеге асырылады.

2-тарау. Жануарлар өсіруді, жануарларды және жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріндегі бақылау

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 24.01.2019 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-параграф. Жануарлар өсіруді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріндегі бақылау

      7. Жануарлар өсіруді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде ветеринариялық инспектор, ветеринариялық дәрігер:

      1) Заңның 8-бабының 46-1) тармақшасына сәйкес бекітілетін Жануарларды өсіруді, өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардың сақталуын;

      2) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 28 наурыздағы № 18-03/128 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7583 тіркелген) бекітілген Жануарлардың шектеу iс-шаралары немесе карантин белгiленетiн жұқпалы ауруларының тiзбелерiне кірген аурулардың міндетті ветеринариялық іс-шаралардың орындалуын және Заңның 8-бабының 9) тармақшасына сәйкес бекітілетін Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалардың (бұдан әрі – ветсанқағидалар) талаптарының сақталуын;

      3) бақылау объектілерінің, бақылау объектісі аумағының ветеринариялық-санитариялық жай-күйінің 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 880 Кеден одағы комиссиясының шешімімен бекітілген "Тамақ өнімдері қауіпсіздігі туралы", Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің 2013 жылғы 9 қазандағы № 68 шешімімен қабылданған "Ет және ет өнімдері қауіпсіздігі туралы", Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің 2013 жылы 9 қазандағы № 67 шешімімен қабылданған "Сүт және сүт өнімдері қауіпсіздігі туралы" техникалық регламенттердің талаптарына (бұдан әрі – техникалық регламенттер) сәйкестігін;

      4) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 7-1/700 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10223 тіркелген) бекітілген Жануарларды карантиндеу қағидаларына сәйкес жаңадан келіп түскен, әкелінген, сатып алынған, әкетілетін, орны ауыстырылатын жануарларды карантиндеу тәртібін;

      5) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 7-1/619 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10028 тіркелген) бекітілген Дезинфекция, дезинсекция, дератизация жүргізу қағидаларына (бұдан әрі – дезқағидалар) және ветсанқағидаларға сәйкес бақылау объектісінің мал шаруашылығы үй-жайларына дезинфекция, дератизация, дезинсекция жүргізуді ұйымдастыруын;

      6) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 7-1/31 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10505 тіркелген) бекітілетін Ветеринариялық препараттар, жемшөп қоспаларын мемлекеттік тіркеуді жүргізу қағидаларына сәйкес тіркелген ветеринарияда қолданылатын дәрілік заттар мен, жемшөп қоспаларының пайдалануын тексереді.

2-параграф. Жануарларды дайындауды (союды) жүзеге асыратын өндіріс объектілеріндегі бақылау

      8. Жануарларды дайындауды (союды) жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде ветеринариялық инспектор, ветеринариялық дәрігер:

      1) Заңның 8-бабының 46-2) тармақшасына сәйкес бекітілетін жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (жануарларды союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардың орындалуын;

      2) Заңның 8-бабының 46-4) тармақшасына сәйкес бекітілетін Ветеринариялық құжаттарды беру қағидаларына және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарға (бұдан әрі – беру қағидалары) сәйкес бақылау объектілері шығаратын дайындауға (союға) келіп түсетін жануарларға жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатқа берілетін ветеринариялық құжаттарды;

      3) Заңның 8-бабының 46-11) тармақшасына сәйкес бекітілетін Биологиялық қалдықтарды кәдеге жаратуды, жоюды жүргізу қағидаларына сәйкес биологиялық қалдықтарды кәдеге жаратуды немесе жоюды жүргізу шарттарын;

      4) ветсанқағидаларға сәйкес союға жататын жануарларды қабылдау және түсіруді жүзеге асыру шарттарын;

      5) ветсанқағидаларға сәйкес сою алдында күтіп-ұстау орындарының ветеринариялық-санитариялық жай-күйін, союға түскен жануарларды қарау және оларды союға немесе санитариялық қасапханаға жіберу тәртібін;

      6) дезқағидаларға және ветсанқағидаларға сәйкес бақылау объектісінің аумағына, үй-жайларына, құралдарына, арнайы көлік құралдарына дезинфекция, дезинсекция және дератизация жүргізуді ұйымдастыруын;

      7) ветсанқағидалар және техникалық регламенттерге сәйкес бақылау және қадағалау объектілерін, технологиялық және тоңазытқыш жабдықтың, өндірістік және қойма үй-жайларының, тоңазытқыш пен мұздатқыш камералардың, мүкәммалдың, сондай-ақ бақылау объектісі аумағының ветеринариялық-санитариялық жай-күйін;

      8) ветсанқағидаларға және техникалық регламенттерге сәйкес жануарлардан алынатын өнімдермен шикізаттарды қабылдау және тоңазытқыш пен мұздатқыш камераларда сақтау шарттарын;

      9) ветсанқағидаларға сәйкес сойылған өнімдерге (бастарға, ұшаларға және органдарға) союдан кейінгі ветеринариялық-санитариялық сараптау жүргізу тәртібін;

      10) ветсанқағидаларға сәйкес ветеринариялық-санитариялық сараптау қорытындысы бойынша етті таңбалауды;

      11) өндіріс объектісінің әкімшілігі құрған өндірістік бақылау бөлімшелерінің болуын;

      12) өндірістік бақылау бөлімшелерінің жануарлардың ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін анықтау тәртібін;

      13) бар болған жағдайда, өнімнің сапасын және қауіпсіздігін бақылау жүйелерінің Hazard Analysis and Critical Control Points (НАССР), International Organization for Standardization (ISO), Good Manufacturing Practice (GMP ) жұмыс істеуін тексереді.

3-параграф. Жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттарды
сақтауды жүзеге асыратын өндіріс объектілеріндегі бақылау

      9. Жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттарды сақтауды жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде ветеринариялық инспектор, ветеринариялық дәрігер:

      1) техникалық регламенттерге және ветсанқағидаларға сәйкес жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттарды сақтау және тасымалдау шарттарының және режимдерінің сақталуын;

      2) бақылау объектілерінің бақылау-өлшеу құралдарымен жабдықталуын;

      3) жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттарды сақтауға арналған бөлек тоңазытқыш пен мұздатқыш камералардың болуын;

      4) жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттарды, дайын өнімді, азық-түлікке жатпайтын өнімді, ыдысты сақтауды ұйымдастыруды;

      5) ветсанқағидаларға сәйкес дезинфекциялық тосқаулдардың болуын және жай-күйін;

      6) ветсанқағидаларға және дезқағидаларға сәйкес тоңазытқыш үй-жайларға және көлік құралдарына дезинфекция, дезинсекция және дератизация жүргізуді ұйымдастыруын;

      7) техникалық регламенттерде белгіленген жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттарды уақытша сақтау және тиеу кезінде температуралық-ылғалдық режимдерін;

      8) беру қағидаларына сәйкес жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттарды тиеген (түсірген) және тасымалдаған кезде ветеринариялық құжаттарды тексереді.

4-параграф. Жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты қайта
өңдеуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріндегі бақылау

      10. Жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты қайта өңдеуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде ветеринариялық инспектор, ветеринариялық дәрігер:

      1) беру қағидаларына сәйкес қайта өңдеуге түсетін жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттарға ветеринариялық құжаттарды;

      2) шығарылатын жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың көлемін және ассортиментін;

      3) техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес бақылау объектілерінің, технологиялық және тоңазытқыш жабдықтың, өндірістік және қойма үй-жайларының, тоңазытқыш пен мұздатқыш камералардың, мүкәммалдың, сондай-ақ бақылау объектісі аумағының ветеринариялық-санитариялық жай-күйін;

      4) ветсанқағидаларға және дезқағидаларға сәйкес өндірістік үй-жайларға, технологиялық жабдыққа, мүкәммалға, ыдыстарға дезинфекция, дезинсекция және деритизация жүргізуді ұйымдастыруын;

      5) өндіріс объектісінің әкімшілігі құрған өндірістік бақылау бөлімшелерінің болуын;

      6) өндірістік бақылау бөлімшелерінің жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін анықтау тәртібін;

      7) бар болған жағдайда өнімнің сапасын және қауіпсіздігін бақылау жүйелерінің Hazard Analysis and Critical Control Points (НАССР), International Organization for Standardization (ISO), Good Manufacturing Practice (GMP ) жұмыс істеуін тексереді.

5-параграф. Жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен
шикізатты өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріндегі
бақылау

      11. Жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде ветеринариялық инспектор, ветеринариялық дәрігер:

      1) жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың олардың шығу тегін, сапасын және қауіпсіздігін куәландыратын ветеринариялық құжаттарға сәйкестігін;

      2) Заңның 8-бабының 29) тармақшасына сәйкес бекітілетін Қазақстан Республикасының аумағында орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдауды (орнын ауыстыруды) жүзеге асыру қағидаларына сәйкес жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты тасымалдау кезінде ветеринариялық-санитариялық талаптардың сақталуын;

      3) техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты қабылдау, сақтау және сату кезінде ветеринариялық-санитариялық талаптардың орындалуын;

      4) ветсанқағидаларға сәйкес зертханаларда жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатқа ветеринариялық-санитариялық сараптауды жүзеге асыру тәртібін;

      5) ветсанқағидаларға және дезқағидаларға сәйкес үй-жайларға, жабдықтарға, мүкәммалға дезинфекция, дезинсекция мен дератизация жүргізуді ұйымдастыруын;

      6) беру қағидаларына сәйкес берілген ветеринариялық құжаттарды;

      7) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 16-04/679 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10131 тіркелген) бекітілген Жануарларды өткізу қағидаларының сақталуын;

      8) техникалық регламенттерде белгіленген жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттарды өткізуге қойылатын талаптардың орындалуын;

      9) Заңның 8-бабының 46-11) тармақшасына сәйкес бекітілетін Биологиялық қалдықтарды кәдеге жарату, жою қағидаларына сәйкес биологиялық қалдықтарды кәдеге жаратуды немесе жоюды жүргізу шарттарының орындалуын;

      10) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 қазандағы №7-1/559 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9891 тіркелген) бекітілген Жануарларға және адам денсаулығына ерекше қауіп төндіретін жануарлар, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттарды міндетті түрде алып қою және жою не оларды алып қоймай міндетті түрде залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу қағидаларына сәйкес сапасыз немесе адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіпті жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты сатудан алып тастауын тексереді.

3-тарау. Экспорттаушыларды (импорттаушыларды) қоса алғанда, жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріндегі бақылау нәтижелерін бағалау және ресімдеу

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 24.01.2019 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуын тексеру нәтижелері бойынша тексеруші ветеринариялық инспектор, ветеринариялық дәрігер тексеру актісін жасайды.

      13. Бақылау объектілерін бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандарының нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар анықталған жағдайда, тексеруші ветеринариялық инспектор, ветеринариялық дәрігер Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының анықталған бұзушылықтарына қарай нұсқама жасайды, дара кәсіпкерлік субъектісін әкімшілік жауаптылыққа тартпастан, оған бұзушылықтарды жою тәртібін міндетті түрде түсіндіре отырып, жануарлар мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қою туралы қаулы шығарады.

      14. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар анықталған жағдайда, ветеринариялық инспектор, ветеринариялық дәрігер тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтардың сипатына қарай өз құзыреті шегінде нұсқама жасайды, әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы шығарады.

      15. Тексеру актісі үш (Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар анықталған жағдайда – төрт) данада жасалады және тексеру жүргізген тиісті аумақтың инспекторы, ветеринариялық дәрігері қол қояды.

      Тексеру актісінің бірінші данасын тексеруші ветеринариялық инспектор, ветеринариялық дәрігер құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында өз құзыреті шегінде статистикалық қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органға және оның аумақтық органдарына тапсырады, екінші данасы тексерілетін адамға қолын қойғызып беріледі, үшінші данасы тексеруші инспекторда, ветеринариялық дәрігерде қалады, ал төртіншісі сотқа талап қоюды ұсыну үшін тиісті аумақтың ветеринариялық инспекторына, ветеринариялық дәрігеріне беріледі. Тексерілетін адам актіні қабылдаудан бас тартқан жағдайда, актінің тиісті данасы оған почтамен жіберіледі.

      Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау актісі нөмірленген, тігілген және уәкілетті органның ведомствасының аумақтық бөлімшелерінің, ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың ветеринариялық бөлімшелерінің мөрімен бекемделген тексеру актілерін тіркейтін арнайы журналда тіркеледі.

      16. Экспорттаушыларды (импорттаушыларды) қоса алғанда, жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде тексеріс жүргізген кезде зертханалық зерттеулер жүзеге асырылған, сондай-ақ жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкестігі айқындалған жағдайда тексеру актісіне "Сараптама актісін (сынақ хаттамасын) беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 7 -1/19 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10410 тіркелген) сәйкес берілген сараптама актісі (сынақ хаттамасы) қоса беріледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады