Әскери даярлық бойынша қосымша бағдарламалармен жалпы орта білімнің жалпы білім беру оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарына қабылдау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 11 маусымдағы № 330 бұйрығы. Қазастан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 9 шілдеде № 11614 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 35 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қорғаныс министрінің 22.01.2016 № 35 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін  күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 26-бабының 12-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Әскери даярлық бойынша қосымша бағдарламалармен жалпы орта білімнің жалпы білім беру оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарына қабылдау қағидалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Білім және ғылым департаментінің бастығы заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми жариялауды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Қорғаныс министрі                              И.Тасмағамбетов

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Білім және ғылым министрі
      А. Сәрінжіпов
      2015 жылғы «__»________

Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің 
2015 жылғы 11 маусымдағы
№ 330 бұйрығымен   
бекітілген      

Әскери даярлық бойынша қосымша бағдарламалармен жалпы орта
білімнің жалпы білім беру оқу бағдарламаларын іске асыратын
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери оқу
орындарына қабылдау қағидалары 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Әскери даярлық бойынша қосымша бағдарламалармен жалпы орта білімнің жалпы білім беру оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарына қабылдау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі, «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» 2005 жылғы 7 қаңтардағы, «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді және әскери даярлық бойынша қосымша бағдарламалармен жалпы орта білімнің жалпы білім беру оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарына (бұдан әрі – Мектеп) қабылдау тәртібін айқындайды.
      2. Мектепке оқуға түсетін жылы Қазақстан Республикасының жалпы білім беру мектебінің 9-сыныбын аяқтаған және негізгі орта білім туралы куәлік алған ер адамдар (Қазақстан Республикасының азаматтары) қабылданады.
      3. Мектепке қабылдау конкурстық негізде оқуға түсу жылының
15-26 тамызын қоса алғандағы кезеңінде төрт кезеңде жүзеге асырылады:
      1) I кезең – кәсіби-психологиялық іріктеу;
      2) ІІ кезең – «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі дене дайындығы жөніндегі нормативтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2014 жылғы 5 мамырдағы № 195 бұйрығымен белгіленген (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеудің тізбесінде № 9518 тіркелген) дене дайындығын тексеру;
      3) III кезең – «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 8-бабы 12) тармақшасына сәйкес бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери-дәрігерлік сараптама өткізу қағидаларына (бұдан әрі – ӘДС қағидалары) сәйкес медициналық куәландыру;
      4) IV этап – конкурстық іріктеу және қабылдау.
      Қабылдаудың әрбір кезеңінен өтуге тек бір рет жол беріледі.
      4. Әскери қызмет міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан немесе мүгедектік алған, қызмет өткеру уақытында хабар-ошарсыз кеткен әскери қызметшілердің балалары Мектепке конкурстан тыс қабылдану құқығын пайдаланады.

2. Мектепке қабылдау тәртібі

      5. Мектеп бастығы, әскери оқу орындарының, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Спорт комитеті – Армия орталық спорт клубының бастықтары оқуға қабылдау жылының 15 шілдесіне дейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Білім және ғылым департаментіне (бұдан әрі – БҒД) оқуға қабылдау жылының 1 тамызына дейін әзірленетін қабылдау комиссиясының құрамын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі бұйрығының жобасына қосу үшін өкілдер жөніндегі мәліметтерді ұсынады.
      6. Қабылдау комиссиясының құрамы мүшелердің тақ санынан тұрады. Шешімдер комиссия мүшелері жалпы санының қарапайым көпшілік даусымен қабылданады.
      Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
      7. Қабылдау комиссиясының отырыстары қабылдау комиссиясының төрағасы бекітетін жұмыс жоспарына сәйкес өткізіледі, хаттамалар ресімдеумен сүйемелденеді.
      8. Қабылдау комиссиясының төрағасы Мектеп бастығы, төраға орынбасары – Мектеп бастығының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары болып табылады.
      9. Жаңа буынмен жасақтау үшін жауапты атқарушы орган Мектептің кадрлар бөлімі болып табылады.
      10. Мектепте кәсіби-психологиялық іріктеуді тәрбие және идеологиялық жұмыстар бөлімі ұйымдастырады және өткізеді.
      11. Оқуға түсушілердің дене дайындығын тексеруді Мектептің оқу бөлімі (спорттық база) ұйымдастырады.
      12. Бірыңғай талаптарды сақтауды қамтамасыз ету, даулы мәселелерді шешу мақсатында Мектеп бастығының бұйрығымен қабылдау комиссиясының жұмысы кезеңінде әрекет ететін апелляциялық комиссия құрылады.
      Баға нәтижелерімен келіспейтін оқуға түсушілерден өтініштер нәтижелер жарияланғаннан кейін келесі күнтізбелік күні сағат 10-ға дейін қабылданады.
      Хаттамамен ресімделген апелляция мәні бойынша шешім өтініш түскен күннен бастап 1 күнтізбелік күн ішінде шығарылады.
      13. Оқуға түсуші Мектепке түсу үшін оқуға түсу жылының 15 тамызына дейін ата-анасымен (олардың орнындағы адамдармен) келеді, олар қабылдау туралы өтініш береді.
      14. Оқуға түсушілер Мектепке оқуға қабылдау туралы өтінішке қоса мынадай құжаттардың:
      1) туу туралы куәліктің;
      2) негізгі орта білім туралы куәліктің;
      3) көлемі 3х4 4 фотосуреттің;
      4) ӘДС қағидаларына сәйкес медициналық құжаттар мен медициналық тексеру нәтижелерінің түпнұсқаларын ұсынады.
      15. Жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар олардың мәртебесін растайтын нотариуспен расталған құжаттарды қосымша ұсынады.
      16. Қабылдау комиссиясына осы Қағидалардың 1415-тармақтарында көрсетілген құжаттардың толық тізбесін ұсынбаған оқуға түсушілер қабылдауға жіберілмейді.
      17. Қабылдаудың үш кезеңінен өткен оқуға түсушілер конкурстық іріктеуге жіберіледі. Конкурстық іріктеу оқуға қабылдау жылының 25 тамызында рейтингілік балға сәйкес жүргізіледі, ол қабылдаудың үш кезеңінің нәтижелеріне және негізгі орта білім беру туралы куәліктің орта балына барабар есептелінеді. Рейтингілік балды есептеу кестесін БҒД оқуға қабылдау жылының 15 тамызына дейін Мектепке жолдайды.
      18. Қабылдау комиссиясының қорытынды отырысында оқуға қабылдау немесе бас тарту туралы шешім қабылданады. Шешім оқуға түсу жылының 26 тамызы күні сағат 10.00-ге дейін Мектептің бақылау-өткізу пунктіне ілінеді.
      19. Оқуға қабылдаудан бас тартылған оқуға түсушілер қабылдау комиссиясына түсіндірмелер алу үшін оқуға түсу жылының 26 тамызы күні сағат 18.00-ге дейін өтініш білдіреді.
      20. Мектепке қабылдау оқуға қабылдау жылының 26 тамызы күні Мектеп бастығының бұйрығымен жүргізіледі.
      21. Оқуға түскендердің сауалнамалық деректерін көрсете отырып, оқуға қабылдау немесе бас тарту туралы қабылдау комиссиясының шешімі оқуға қабылдау жылының 30 тамызына дейін БҒД-ға ұсынылады.

Об утверждении Правил приема в военные учебные заведения Министерства обороны Республики Казахстан, реализующие общеобразовательные учебные программы общего среднего образования с дополнительными программами по военной подготовке

Приказ Министра обороны Республики Казахстан от 11 июня 2015 года № 330. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 9 июля 2015 года № 11614. Утратил силу приказом Министра обороны Республики Казахстан от 22 января 2016 года № 35

      Сноска. Утратил силу приказом Министра обороны РК от 22.01.2016 № 35 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 12 статьи 26 Закона Республики Казахстан от 27 июля 2007 года «Об образовании», ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила приема в военные учебные заведения Министерства обороны Республики Казахстан, реализующие общеобразовательные учебные программы общего среднего образования с дополнительными программами по военной подготовке.
      2. Начальнику Департамента образования и науки Министерства обороны Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:
      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;
      2) после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан официальное опубликование;
      3) размещение настоящего приказа на официальном интернет-ресурсе Министерства обороны Республики Казахстан.
      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на первого заместителя Министра обороны – начальника Генерального штаба Вооруженных Сил Республики Казахстан.
      4. Настоящий приказ вводится в действие после дня его первого официального опубликования.

      Министр обороны
      Республики Казахстан                       И. Тасмагамбетов

      «СОГЛАСОВАН»
      Министр образования и науки
      Республики Казахстан
      А. Саринжипов
      «__» ________ 2015 года

Утверждены          
приказом Министра обороны 
Республики Казахстан    
от 11 июня 2015 года № 330 

Правила
приема в военные учебные заведения Министерства обороны
Республики Казахстан, реализующие общеобразовательные учебные
программы общего среднего образования с дополнительными
программами по военной подготовке

1. Общие положения

      1. Настоящие правила приема в военные учебные заведения Министерства обороны Республики Казахстан, реализующие общеобразовательные учебные программы общего среднего образования с дополнительными программами по военной подготовке (далее – Правила) разработаны в соответствии с Законами Республики Казахстан от 27 июля 2007 года «Об образовании», от 7 января 2005 года «Об обороне и Вооруженных силах Республики Казахстан», от 16 февраля 2012 года «О воинской службе и статусе военнослужащих» и определяют порядок приема в военные учебные заведения Министерства обороны Республики Казахстан, реализующие общеобразовательные учебные программы общего среднего образования с дополнительными программами по военной подготовке (далее – Школа).
      2. В Школу принимаются лица мужского пола (граждане Республики Казахстан), окончившие в год поступления 9 классов общеобразовательной школы Республики Казахстан и получившие свидетельство об основном среднем образовании.
      3. Прием в Школу осуществляется в период с 15 по 26 августа года приема включительно на конкурсной основе в четыре этапа:
      1) I этап – профессионально-психологический отбор;
      2) II этап – проверка физической подготовленности, установленной приказом Министра обороны Республики Казахстан от 5 мая 2014 года № 195 «Об утверждении нормативов по физической подготовке в Вооруженных Силах Республики Казахстан» (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан № 9518);
      3) III этап – медицинское освидетельствование в соответствии с Правилами проведения военно-врачебной экспертизы в Вооруженных Силах Республики Казахстан, утверждаемыми в соответствие с подпунктом 12) статьи 8 Кодекса Республики Казахстан «О здоровье народа и системе здравоохранения», (далее – Правила ВВЭ);
      4) IV этап – конкурсный отбор и зачисление.
      Прохождение каждого этапа приема допускается только один раз.
      4. Дети военнослужащих, погибших или получивших инвалидность при исполнении обязанностей воинской службы, пропавших без вести во время прохождения службы, пользуются правом внеконкурсного зачисления в Школу.

2. Порядок приема в Школу

      5. До 15 июля года приема начальник Школы, начальники военных учебных заведений, Спортивного комитета - Центрального спортивного клуба армии Министерства обороны Республики Казахстан представляют в Департамент образования и науки Министерства обороны Республики Казахстан (далее - ДОН) сведения по представителям для включения в проект приказа Министра обороны Республики Казахстан об утверждении состава приемной комиссии, разрабатываемый до 1 августа года приема.
      6. Состав приемной комиссии состоит из нечетного количества членов. Решения принимаются простым большинством голосов от общего числа членов приемной комиссии.
      В случае равенства голосов голос председателя приемной комиссии является решающим.
      7. Заседания приемной комиссии проводятся в соответствии с планом работы, утверждаемым председателем приемной комиссии, сопровождаются оформлением протоколов.
      8. Председателем приемной комиссии является начальник Школы, заместителем председателя – заместитель начальника Школы по учебной работе.
      9. Исполнительным органом, ответственным за комплектование нового набора, является отдел кадров Школы.
      10. Профессионально-психологический отбор в Школе организовывает и проводит отдел воспитательной и идеологической работы.
      11. Проверку физической подготовленности кандидатов организовывает учебный отдел Школы (спортивная база).
      12. В целях обеспечения соблюдения единых требований, разрешения спорных вопросов приказом начальника Школы создается апелляционная комиссия, действующая на период работы приемной комиссии.
      Заявления от поступающих, несогласных с результатами оценки, принимаются до 10 часов следующего календарного дня после объявления результатов.
      Решение по существу апелляции, оформленное протоколом, выносится в течение 1 календарного дня со дня поступления заявления.
      13. Поступающий для поступления в Школу до 15 августа года поступления прибывает с родителями (лицами их заменяющими), которые подают заявление о приеме.
      14. К заявлению о приеме на обучение в Школу поступающие представляют подлинники следующих документов:
      1) свидетельство о рождении;
      2) свидетельство об основном среднем образовании;
      3) 4 фотокарточки размером 3х4;
      4) медицинские документы и результаты медицинских исследований согласно Правил ВВЭ.
      15. Дети-сироты и дети, оставшиеся без попечения родителей, дополнительно представляют заверенные нотариусом документы, подтверждающие их статус.
      16. Поступающие, не представившие в приемную комиссию полный перечень документов, перечисленных в пунктах 1415 настоящих Правил, к приему не допускаются.
      17. Поступающие, прошедшие первые три этапа приема, допускаются на конкурсный отбор. Конкурсный отбор проводится 25 августа года приема в соответствии с рейтинговым баллом, который рассчитывается пропорционально результатам трех этапов приема и среднего балла свидетельства об основном среднем образовании. Таблица расчета рейтингового балла до 15 августа года приема высылается ДОН в Школу.
      18. На заключительном заседании приемной комиссии принимается решение о зачислении на учебу или отказе. Решение вывешивается 26 августа года поступления до 10.00 часов на контрольно-пропускном пункте Школы.
      19. Поступающие, которым отказано в зачислении на учебу, обращаются за разъяснениями в приемную комиссию 26 августа года поступления до 18.00 часов.
      20. Зачисление в Школу проводится приказом начальника Школы 26 августа года приема.
      21. Решение приемной комиссии о зачислении на учебу или отказе, с указанием анкетных данных поступивших, до 30 августа года приема представляется в ДОН.