Өнеркәсiп және экспорттық бақылау саласындағы көрсетілетін мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 563 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 10 шілдеде № 11636 болып тіркелді

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып алу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес "Тау-кен және химия өндiрiстерiн пайдалану қызметін жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес "Заңды тұлғалардың түстi және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, өңдеу және өткізу бойынша қызметті жүзеге асыруына лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес "Экспорттық бақылауға жататын өнiмнің транзитіне рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес "Уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес "Жекелеген тауарлар түрлерінің импортына және (немесе) экспортына лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес "Экспорттық бақылауға жататын өнімді экспорттауға және импорттауға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес "Өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде қайта өңдеуге рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес "Экспорттық бақылауға жататын өнімді кері экспорттауға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес "Кепілдік міндеттемені (түпкілікті пайдаланушының сертификатын) беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      11) осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес "Тауарларды, технологияларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, ақпаратты экспорттық бақылауға жататын өнімге жатқызу туралы қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Инвестициялар және даму министрі

Ә. Исекешев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      __________________Е. Досаев

      2015 жылғы 11 маусым

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 563 бұйрығына
1-қосымша

"Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып
жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып алу және өткізу
жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттiк
көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер

      1. "Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып алу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттiк көрсетілетін қызметі (бұдан әрi - мемлекеттiк көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрi - Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттiк қызметті Министрлiктің Индустриялық даму және өнеркәсiптiк қауiпсiздiк комитетi (бұдан әрi - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетедi.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

      көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

      "электрондық үкiметтiң" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрi - портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi

      4. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған, сондай-ақ порталға өтініш берілген сәттен бастап:

      лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру - 15 (он бес) жұмыс күні;

      лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресiмдеу - 3 (үш) жұмыс күні;

      көрсетілетін қызметті алушыны бөліп шығару немесе бөліну нысанында қайта ұйымдастыру кезінде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресiмдеу - 15 (он бес) жұмыс күні;

      лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқаларын беру - 2 (екi) жұмыс күні;

      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшiн күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут;

      3) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут.

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартады.

      5. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нысаны - электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрiнде.

      6. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесi - жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып алу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия және (немесе) лицензияға қосымша, қайта ресімделген лицензия және (немесе) лицензияға қосымша, лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшанының телнұсқасы немесе осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негiздер бойынша мемлекеттiк көрсетілетін қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап.

      Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн ұсыну нысаны: электрондық түрiнде.

      Мемлекеттiк көрсетілетін қызметті алу үшін портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті беруші уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрi - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында "жеке кабинетіне" жіберіледі.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін қағаз тасығышта алу үшін өтініш білдірген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі электрондық форматта ресімделіп, басып шығарылады, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының мөрімен және қолымен расталады.

      7. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрi - көрсетілетін қызметті алушы) ақылы түрде көрсетiледi. Мемлекеттiк қызмет көрсету кезiнде көрсетiлетiн қызметтi алушының орналасқан жері бойынша бюджетке жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығына лицензиялық алым төленедi:

      1) аталған қызмет түрiмен айналысу құқығына лицензия беру кезінде лицензиялық алым 22 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі - АЕК) құрайды;

      2) лицензияны қайта ресімдегені үшін лицензиялық алым - лицензия беру кезіндегі ставканың 10 %-ын құрайды, бiрақ 4 АЕК-тен аспайды.

      3) лицензияның телнұсқасын беру - лицензия беру кезіндегі ставканың 100 %-ын құрайды.

      Лицензиялық алымды төлеу қолма-қол және қолма-қол емес нысанда екінші деңгейда банктер және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы алуға электрондық сұрау салу берілген жағдайда төлем "электрондық үкіметке" төлем шлюзі (бұдан әрі - ЭҮТШ) немесе екінші деңгейда банктер арқылы жүзеге асырылады.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнің - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiнен басқа, дүйсенбiден бастап жұма аралығында, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі асқа үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін жүзеге асырылады.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі асқа үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.

      Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртiбiмен көрсетіледі;

      2) порталдың - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулiк бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш пен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).

      9. Көрсетiлетiн қызметтi алушының (не оның өкілінің) жүгінуі кезінде мемлекеттiк көрсетілетін қызметті көрсетуге қажеттi құжаттар тiзбесi:

      көрсетілетін қызметті берушіге:

      1) лицензия алу үшiн:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1 және 2-қосымшаларға сәйкес заңды немесе жеке тұлға үшін өтiнiш;

      жеке басын куәландырылатын құжат және өкілдің өкілеттігін куәландыратын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін);

      жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес бiлiктiлiк талаптарына сәйкес мәлiметтер нысаны;

      2) лицензияға қосымшаны алу үшiн:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес бiлiктiлiк талаптарына сәйкестігі туралы мәлiметтер нысаны;

      3) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшiн:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4 және 5-қосымшаларға сәйкес заңды немесе жеке тұлға үшін өтiнiш;

      лицензияны қайта ресімдеу үшiн лицензиялық алым төлегенін растайтын құжаттың көшірмесі;

      алынатын ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпарат қамтылған құжаттардың көшірмесі;

      4) тиісті ақпараттық жүйелерден лицензия туралы мәліметтер алуға мүмкіндік болмаған жағдайда лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын алу үшiн:

      еркін нысандағы өтiнiш;

      лицензияның телнұсқасын алу үшiн лицензияның телнұсқасын алу үшiн бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi.

      Порталға:

      1) лицензия алу үшiн:

      көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1 және 2-қосымшаларға сәйкес заңды немесе жеке тұлға үшін өтiнiш;

      ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес бiлiктiлiк талаптарына сәйкестігі туралы мәлiметтер нысаны;

      2) лицензияға қосымшаны алу үшiн:

      көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1 және 2-қосымшаларға сәйкес заңды немесе жеке тұлға үшін өтiнiш;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес бiлiктiлiк талаптарына сәйкестігі туралы мәлiметтер нысаны;

      3) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшiн:

      көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4 және 5-қосымшаларға сәйкес заңды немесе жеке тұлға үшін өтiнiш;

      ЭҮТШ арқылы ақысын төлеуді қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу үшiн лицензиялық алым төлегенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;

      алынатын ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпарат қамтылған құжаттардың электрондық көшірмесі.

      4) тиісті ақпараттық жүйелерден лицензия туралы мәліметтер алуға мүмкіндік болмаған жағдайда лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын алу үшiн:

      көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы еркін нысандағы сұрау салу;

      ЭҮТШ арқылы ақысын төлеуді қоспағанда, лицензияның телнұсқасын алу үшiн бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың электрондық көшiрмесi.

      Жеке басты куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны, дара кәсiпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәлiметтерді, ЭҮТШ арқылы төленген туралы көрсетiлетiн қызметтi берушi "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:

      1) көрсетiлетiн қызметтi берушiге (қолма-қол не пошта байланысы арқылы) - құжаттар топтамасын қабылдау күнiн және уақытын көрсете отырып, оның көшiрмесiндегі көрсетiлетiн қызметтi берушiнің кеңсесiнде тiркелгенi туралы белгi өтініштің қағаз тасығышта қабылданғанын растау болып табылады;

      2) портал арқылы - көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетiнде" мемлекеттiк көрсетілетін қызметтiң нәтижелерiн алу күнiн көрсете отырып, мемлекеттiк қызметтi көрсетуге арналған сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

      10. Мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту негіздері:

      1) Қазақстан Республикасының заңдарында жеке немесе заңды тұлғалардың осы санаты үшін қызмет түрімен айналысуға тыйым салынған;

      2) лицензиялық алым енгізілмеген;

      3) көрсетілетін қызметті алушы біліктілік талаптарына сәйкес келмеген;

      4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты лицензиялауға жататын қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе оларға тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған;

      5) сот орындаушысының ұсынуы негізінде сот көрсетілетін қызметті алушы-борышкерге лицензия беруге уақытша тыйым салған жағдайларда жүзеге асырылады.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша орталық
мемлекеттiк органдардың, сондай-ақ көрсетiлетiн қызметті
берушiлердiң және (немесе) олардың лауазымды адамдарының
шешiмдерiне, әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

      11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органның, көрсетiлетiн қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану:

      шағым осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжайы бойынша көрсетiлетiн қызметтi беруші басшысының атына не 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, "Транспорт Тауэр" ғимараты, № 2117 кабинет мекенжай бойынша Министрлік басшылығының атына беріледі, телефоны: 8 (7172) 75-48-66, 75-49-14.

      Шағым пошта арқылы жазбаша нысанда не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

      Шағымда көрсетілетін қызметті алушы тегін, атын, әкесінің атын, пошталық мекенжайын, шығыс нөмірі мен күнін көрсетеді. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қою тиіс.

      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қабылдап алған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орны көрсетіле отырып, шағымды тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін шағым көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Портал арқылы жүгінген кезде шағым жасаудың тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.

      Шағымды көрсетiлетiн қызметтi алушыға портал арқылы "жеке кабинеттен" жiберген кезде жүгіну туралы ақпарат қолжетiмдi болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішін өңдеу (жеткiзу, тiркеу, орындау, туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағым жасай алады.

      Көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетiлетiн қызметтi алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық
нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері ескерілген өзге
де талаптар

      13. Мемлекеттік қызмет көрсету мекенжайы көрсетілетін қызметті берушінің - www.comprom.kz интернет-ресурсында, "Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

      14. ЭЦҚ болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.

      15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қолжетімділік режимінде алу мүмкіндігі бар.

      16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтің байланыс телефондары: 8 (7172) 75-41-02, 75-41-04, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

  "Жарылғыш және пиротехникалық
заттар мен олар қолданылып жасалған
бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып
алу және өткізу жөніндегі қызметті
жүзеге асыруға лицензия беру"
мемлекеттiк көрсетілетін қызмет
стандартына 1-қосымша

Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны
алуға арналған заңды тұлғаның өтiнiші

      ______________________________________________________________.

      (көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы)

      (заңды тұлғаның (соның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық

      атауы, мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның

      бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда - шетелдік заңды

      тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

      _______________________________________________________________

      (қызметтiң түрi және (немесе) қызметтің кіші түрінің(-лері)

      толық атауы көрсетiлсiн)

      ______________________________ жүзеге асыруға лицензияны және

      (немесе) лицензияға қосымшаны қағаз тасығышта ______ (лицензияны

      қағаз тасығышта алу қажет болған жағдайда Х белгісін қою керек)

      беруiңiздi сұраймын.

      Заңды тұлғаның мекенжайы _____________________________________.

      (шетелдік заңды тұлға үшін) пошталық индексі, елі, облысы,

      қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат

      (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)

      Электрондық пошта ____________________________________________;

      Телефондары __________________________________________________;

      Факс _________________________________________________________;

      Банк шоты ____________________________________________________;

       (шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi)

      Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру

      объектісінің мекенжайы_______________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше

      атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)

      ______ парақта қоса беріліп отыр.

      Осымен:

      көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып

      табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға

      қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген

      ақпаратты жіберуг болатындығы;

      көрсетілетін қызметті алушыға қызметтің лицензияланатын түрімен

      және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;

      қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және

      жарамды болып табылатындығы расталады;

      ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны

      құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға

      келісімін береді.

      Басшы ________ ____________________________________________

       (қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)

      Мөр орны Толтыру күні: 20__ жылғы "__" ____________________

  "Жарылғыш және пиротехникалық
заттар мен олар қолданылып жасалған
бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып
алу және өткізу жөніндегі қызметті
жүзеге асыруға лицензия беру"
мемлекеттiк көрсетілетін қызмет
стандартына 2-қосымша

Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға
жеке тұлғаның өтініші

      ______________________________________________________________.

      (көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы)

      ______________________________________________________________.

      (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты(болған жағдайда), жеке

      сәйкестендңру нөмірі)

      _______________________________________________________________

      қызметтің түрі және (немесе) қызметтің кіші түрінің (-лері)

      толық атауы көрсетілсін)

       (жүзеге асыруға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны

      қағаз тасығышта _____ (лицензияны қағаз тасығышта алу қажет болған

      жағдайда Х белгісін қою керек) беруіңізді сұраймын.

      Жеке тұлғаның тұрғылықты жерінің мекенжайы_____________________

      ____________________________________________________________________.

       (пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше

      атауы үй/ғимарат)

      Электрондық пошта ____________________________________________.

      Телефондары __________________________________________________.

      Факс _________________________________________________________.

      Банк шоты_____________________________________________________.

       (шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)

      Қызметті немесе іс-қимылды (операцияланды) жүзеге асыру

      объектісінің мекенжайы_______________________________________________

      ____________________________________________________________________.

      (пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше

      атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)

      Парақта қоса беріліп отыр ______.

      Осымен:

      қөрлетілген барлық деректердің ресми байлыныстар болып

      табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға

      қосымшаны беру немесе беруден бас тату мәселелері бойынша кез келген

      ақпаратты жіберуге болатындығы;

      көрсетілетін қызметті алушыға қызметтің лицензияланатын түрімен

      және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;

      қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және

      жарамды болып табылатындығы расталады;

      ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны

      құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға

      келісімін береді.

      Жеке тұлға_________ __________________________________________

       (қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)

      Мөр орны Толтыру күні: 20___ жылғы "__" ________________.

  "Жарылғыш және пиротехникалық
заттар мен олар қолданылып жасалған
бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып
алу және өткізу жөніндегі қызметті
жүзеге асыруға лицензия беру"
мемлекеттiк көрсетілетін қызмет
стандартына 3-қосымша

Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып
жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып алу және өткізу
жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшiн бiлiктiлiк талаптары және
оларға сәйкестiктi растайтын құжаттардың тiзбесiне мәлiметтер
нысаны

      1. Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзiрлеу жөнiндегi кiшi қызмет түрi үшiн мыналардың болуы:

      1) заңды тұлға басшысының немесе оның орынбасарының, оның iшiнде оның филиалы басшысының немесе оның орынбасарының, сондай-ақ лицензияланатын қызмет түрiн жүзеге асыратын жеке тұлғаның жоғары техникалық бiлiмi, жарушының бiрыңғай кiтапшасы:

      тегi, аты, әкесiнiң аты____________________________________;

      лауазымы __________________________________________________;

      тағайындау туралы бұйрықтың нөмiрi мен күнi _______________;

      бiлiмi бойынша мамандығы __________________________________;

       жоғарғы техникалық бiлiмi туралы дипломның нөмiрi мен берiлген күнi ______________________________;

      дипломды берген жоғары оқу орнының атауы _____________________;

      жарушының бiрыңғай кiтапшасының нөмiрi мен берiлген күнi______;

      жарушының бiрыңғай кiтапшасын берген ұйымның атауы____________;

      2) тиiстi техникалық бiлiмi, жарушының бiрыңғай кiтапшасы, мамандығы бойынша кемiнде бiр жыл жұмыс өтiлi бар, өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы уәкiлеттi орган аттестаттаған оқу ұйымында өнеркәсiптiк қауiпсiздiк қағидаларын оқудан және бiлiмiн тексеруден өткен бiлiктi мамандар:

      тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда) ____________________;

      лауазымы _____________________________________________________;

      тағайындау туралы бұйрықтың нөмiрi мен қол қойылған күнi______;

      мамандығы бойынша жұмыс өтiлi ________________________________;

      бiлiмi бойынша мамандығы _____________________________________;

      техникалық бiлiмi туралы дипломның нөмiрi мен берiлген күнi_____;

      дипломды берген оқу орнының атауы ________________;

      жарушының бiрыңғай кiтапшасының нөмiрi мен берiлген күнi________;

      жарушының бiрыңғай кiтапшасын берген ұйымның атауы______;

       өнеркәсiптiк қауiпсiздiк қағидаларын оқудан және бiлiмiн тексеруден өткенi туралы куәлiктiң немесе хаттаманың нөмiрi мен берiлген күнi ________;

       өнеркәсiптiк қауiпсiздiк қағидаларын оқудан және бiлiмiн тексеруден өткенi туралы куәлiктi немесе хаттаманы берген ұйымның атауы ___________;

      3) меншiк құқығындағы немесе өзге заңды негiздегi қоршалған, оқшауланған қолданыстағы нормативтерде көзделген тұрғын үйлер мен өндiрiстiк объектiлерден қауiпсiз қашықтықта орналасқан, өнеркәсiптiк қауiпсiздiк талаптарына жауап беретiн және:

      мамандандырылған өндiрiстiк ғимаратты______;

      арнайы жабдықталған қойманы________;

       жұмыс iстейтiн персоналды орналастыруға арналған қызметтiк үй-жайды қамтитын өндiрiстiк-техникалық базасы___________;

      жылжымайтын мүлiктiң кадастрлық нөмiрi (орналасқан жері)_________;

       егер өзге заңды негiзде болатын жағдайда, шарттың нөмiрi мен шартқа қол қойылған күнi ______________________________;

      шарт жасалған ұйымның атауы ______________________________;

       қоршаудың, оқшаулаудың болуы, тұрғын және өндiрiстiк объектiлерден қашықтығы туралы ақпарат, метрде ____________________;

      4) ұйымның басшысы бекiткен жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдардың тәжiрибелiк үлгiсiн әзiрлеу жөнiндегi жұмыстарды қауiпсiз жүргiзу жөнiндегi нұсқаулық:

       ұйымның басшысы бекiткен жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдардың тәжiрибелiк үлгiсiн әзiрлеу жөнiндегi жұмыстарды қауiпсiз жүргiзу жөнiндегi нұсқаулықтың болуы туралы ақпарат ______________________________;

      5) материалдарды, жартылай фабрикаттарды (әзiрлемелердi), жинақтаушы бөлшектердi, бұйымдарды есепке алу және сақтау бойынша журнал:

       материалдарды, жартылай фабрикаттарды (әзiрлемелердi), жинақтаушы бөлшектердi, бұйымдарды есепке алу және сақтау бойынша журналдың болуы туралы ақпарат______________________________;

      6) аумақтық iшкi iстер органы берген жарылғыш заттарды сақтауға рұқсат:

       аумақтық iшкi iстер органы берген жарылғыш заттарды сақтауға рұқсаттың нөмiрi, берiлген күнi, қолданылу мерзiмi_______________;

      сақтауға рұқсат берген аумақтық iшкi iстер органының атауы_________;

      7) күзет қызметiне лицензиясы бар мамандандырылған ұйыммен өндiрiстiк-техникалық базаны оқ-дәрiмен атылатын қаруды пайдалана отырып күзетуге арналған шарт:

      отпен атылатын қарудың пайдаланылғаны туралы ақпарат________;

       өндiрiстiк-техникалық базаны күзету туралы шарттың нөмiрi мен қол қойылған күнi ______________;

      шарт жасалған, күзет қызметiне лицензиясы бар мамандандырылған ұйымның атауы ______________________________.

      2. Жарылғыш және пиротехникалық заттарды және олар қолданылып жасалған бұйымдарды өндiру жөнiндегi кiшi қызмет түрi үшiн мыналардың болуы:

      1) заңды тұлға басшысының немесе оның орынбасарының, оның iшiнде оның филиалы басшысының немесе оның орынбасарының, сондай-ақ лицензияланатын қызмет түрiн жүзеге асыратын жеке тұлғаның жоғары техникалық бiлiмi, жарушының бiрыңғай кiтапшасы:

      тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда) ____________________;

      лауазымы ______________________________;

      тағайындау туралы бұйрықтың нөмiрi мен күнi ____________;

      бiлiмi бойынша мамандығы ______________________________;

       жоғарғы техникалық бiлiмi туралы дипломның нөмiрi мен берiлген күнi ______________________________;

      дипломды берген жоғары оқу орнының атауы ______________;

      жарушының бiрыңғай кiтапшасының нөмiрi мен берiлген күнi________;

      жарушының бiрыңғай кiтапшасын берген ұйымның атауы________;

      2) тиiстi техникалық бiлiмi, жарушының бiрыңғай кiтапшасы, мамандығы бойынша кемiнде бiр жыл жұмыс өтiлi бар, өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы уәкiлеттi орган аттестаттаған оқу ұйымында өнеркәсiптiк қауiпсiздiк қағидаларын оқудан және бiлiмiн тексеруден өткен:

      жабдықтарды, механизмдердi, құрылғыларды, жарақтарды, көлiктi, бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматиканы пайдалануды және техникалық қызмет көрсетудi;

      еңбек қауiпсiздiгiн, технологиялық регламенттiң орындалуын, периметр мен қоршаған ортаны қорғауды бақылауды;

      метрологиялық қамтамасыз етудi, кiру бақылауы мен дайын өнiм сапасын қамтамасыз ететiн бiлiктi мамандар:

      тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда) _______________;

      лауазымы ______________________________;

      тағайындау туралы бұйрықтың нөмiрi мен қол қойылған күнi_________;

      мамандығы бойынша жұмыс өтiлi ______________________________;

      бiлiмi бойынша мамандығы ______________________________;

      техникалық бiлiмi туралы дипломның нөмiрi мен берiлген күнi________;

      дипломды берген оқу орнының атауы _____________________________;

      жарушының бiрыңғай кiтапшасының нөмiрi мен берiлген күнi_________;

      жарушының бiрыңғай кiтапшасын берген ұйымның атауы _________;

       өнеркәсiптiк қауiпсiздiк қағидаларын оқудан және бiлiмiн тексеруден өткенi туралы куәлiктiң немесе хаттаманың нөмiрi мен берiлген күнi ________;

       өнеркәсiптiк қауiпсiздiк қағидаларын оқудан және бiлiмiн тексеруден өткенi туралы куәлiктi немесе хаттаманы берген ұйымның атауы _________;

       қызметтердi құру және (немесе) жауапты тұлғаларды тағайындау туралы бұйрықтардың нөмiрi мен қол қойылған күнi________________;

      3) ұйымның басшысы бекiткен жарылғыш заттарды дайындауға арналған технологиялық процестiң регламентi мен жұмыстарды қауiпсiз жүргiзу жөнiндегi нұсқаулық:

       ұйымның басшысы бекiткен жарылғыш заттарды дайындауға арналған технологиялық процестiң регламентi мен жұмыстарды қауiпсiз жүргiзу жөнiндегi нұсқаулықтың болуы туралы ақпарат________________;

      4) меншiк құқығындағы немесе өзге заңды негiздегi қоршалған, оқшауланған, қолданыстағы нормативтерде көзделгендей тұрғын үйлер мен өндiрiстiк объектiлерден қауiпсiз қашықтықта орналасқан, өнеркәсiптiк қауiпсiздiк талаптарына жауап беретiн және:

      мамандандырылған өндiрiстiк ғимаратты_______;

      арнайы жабдықталған қойманы__________;

       жұмысшы персоналды орналастыруға арналған қызметтiк үй-жайды қамтитын өндiрiстiк-техникалық базасы______________;

      жылжымайтын мүлiктiң кадастрлық нөмiрi (орналасқан жері)________;

       егер өзге заңды негiзде болатын шарттың нөмiрi мен қол қойылған күнi ______________________________;

      шарт жасалған ұйымның атауы ______________________________;

       қоршаудың, оқшалаудың болуы, тұрғын және өндiрiстiк объектiлерiнен қашықтығы туралы ақпарат, метрде ______________________________;

      5) материалдарды, жартылай фабрикаттарды (әзiрлемелердi), жинақтаушы бөлшектердi, дайын және жарамсыз бұйымдарды есепке алу және сақтау бойынша журнал:

       материалдарды, жартылай фабрикаттарды (әзiрлемелердi), жинақтаушы бөлшектердi, дайын және жарамсыз бұйымдарды есепке алу және сақтау бойынша журналдың болуы туралы ақпарат _______________________;

      6) аумақтық iшкi iстер органының жарылғыш заттарды сақтауға арналған рұқсаты:

       аумақтық iшкi iстер органының жарылғыш заттарды сақтауға арналған рұқсатының нөмiрi, берiлген күнi, қолданылу мерзiмi _______________;

      сақтауға рұқсат берген аумақтық iшкi iстер органының атауы__________;

      7) өндiрiстiк-техникалық базаның иесi мен күзет қызметiне лицензиясы бар мамандандырылған ұйым арасында оқ-дәрiмен атылатын қаруды пайдалана отырып күзетуге арналған шарт:

      отпен атылатын қарудың пайдаланылғаны туралы ақпарат___________;

       өндiрiстiк-техникалық базаны күзету туралы шарттың нөмiрi мен қол қойылған күнi ______________________________;

      шарт жасалған, күзет қызметiне лицензиясы бар мамандырылған ұйымның атауы ______________________________.

      3. Жарылғыш және пиротехникалық заттарды және олар қолданылып жасалған бұйымдарды сатып алу және өткiзу жөнiнде кiшi қызмет түрi үшiн мыналардың болуы:

      1) заңды тұлға басшысының немесе оның орынбасарының, оның iшiнде оның филиалы басшысының немесе оның орынбасарының, сондай-ақ лицензияланатын қызмет түрiмен айналысатын жеке тұлғаның жоғары техникалық бiлiмi, жарушының бiрыңғай кiтапшасы:

      тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда) _____________;

      лауазымы ______________________________;

      тағайындау туралы бұйрықтың нөмiрi мен берiлген күнi_____________;

      бiлiмi бойынша мамандығы ______________________________;

       жоғарғы техникалық бiлiмi туралы дипломның нөмiрi мен берiлген күнi ______________________________;

      дипломды берген жоғары оқу орнының атауы _______________;

      жарушының бiрыңғай кiтапшасының нөмiрi мен берiлген күнi_________;

      жарушының бiрыңғай кiтапшасын берген ұйымның атауы___________;

      2) тиiстi техникалық бiлiмi, жарушының бiрыңғай кiтапшасы, мамандығы бойынша кемiнде бiр жыл жұмыс өтiлi бар, өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы уәкiлеттi орган аттестаттаған оқу ұйымында өнеркәсiптiк қауiпсiздiк қағидаларын оқудан және бiлiмiн тексеруден өткен бiлiктi мамандар:

      тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда) ___________________;

      лауазымы ______________________________;

      тағайындау туралы бұйрықтың нөмiрi мен берiлген күнi_________;

      мамандығы бойынша жұмыс өтілі бiлiмi бойынша мамандығы _______;

      жоғарғы техникалық бiлiмi туралы дипломның нөмiрi мен берiлген күнi_;

      дипломды берген жоғары оқу орнының атауы ______________;

      жарушының бiрыңғай кiтапшасының нөмiрi мен берiлген күнi________;

      жарушының бiрыңғай кiтапшасын берген ұйымның атауы_________;

       өнеркәсiптiк қауiпсiздiк қағидаларын оқудан және бiлiмiн тексеруден өткенi туралы куәлiктiң немесе хаттаманың нөмiрi мен берiлген күнi ________;

       өнеркәсiптiк қауiпсiздiк қағидаларын оқудан және бiлiмiн тексеруден өткенi туралы куәлiктi немесе хаттаманы берген ұйымның атауы ________;

      3) меншiк құқығындағы қоршалған, оқшауланған, қолданыстағы нормативтерде көзделгендей тұрғын үйлер мен өндiрiстiк объектiлерден қауiпсiз қашықтықта орналасқан, өнеркәсiптiк қауiпсiздiк талаптарына жауап беретiн жарылғыш және пиротехникалық заттарды және олар қолданылып жасалған бұйымдарды сақтауға арналған арнайы жабдықталған қойма:

      жылжымайтын мүлiктiң кадастрлық нөмiрi (орналасқан жері)________;

       қоршаудың, оқшаулаудың болуы, тұрғын және өндiрiстiк объектiлерден қашықтығы туралы ақпарат, метрде ______________________________;

      4) жарылғыш және пиротехникалық заттарды және олар қолданылып жасалған бұйымдарды есепке алу және сақтау бойынша журнал:

       жарылғыш және пиротехникалық заттарды және олар қолданылып жасалған бұйымдарды есепке алу және сақтау бойынша журналдың болуы туралы ақпарат ______________________________;

      5) аумақтық iшкi iстер органының жарылғыш заттарды сақтауға арналған рұқсаты:

       аумақтық iшкi iстер органының жарылғыш заттарды сақтауға арналған рұқсатының нөмiрi, берiлген күнi, қолданылу мерзiмi __________________;

      сақтауға рұқсат берген аумақтық iшкi iстер органының атауы__________;

      6) күзет қызметiне лицензиясы бар мамандандырылған ұйыммен арнайы жабдықталған қойманы оқ-дәрiмен атылатын қаруды пайдалана отырып күзетуге арналған күзет қызметiне шарт:

      отпен атылатын қарудың пайдаланылғаны туралы ақпарат___________;

       өндiрiстiк-техникалық базаны күзету туралы шарттың нөмiрi мен қол қойылған күнi______________________________;

      шарт жасалған, күзет қызметiне лицензиясы бар мамандандырылған ұйымның атауы______________________________.

      4. Жарылғыш және пиротехникалық заттарды және олар қолданылып жасалған бұйымдарды өзiндiк өндiрiстiк мұқтаждықтар үшiн сатып алу жөнiндегi кiшi қызмет түрi үшiн мыналардың болуы:

      1) заңды тұлға басшысының немесе оның орынбасарының, оның iшiнде оның филиалы басшысының немесе оның орынбасарының, сондай-ақ лицензияланатын қызмет түрiмен айналысатын жеке тұлғаның жоғары техникалық бiлiмi, жарушының бiрыңғай кiтапшасы (пиротехникалық заттарды және олар қолданылып жасалған бұйымдарды өзiндiк мұқтаждықтары үшiн сатып алатын шаруашылық субъектiлері үшiн осы тармақ бойынша мәлiметтер ұсыну қажет етiлмейдi):

      тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда) ___________________;

      лауазымы ______________________________;

      тағайындау туралы бұйрықтың нөмiрi мен берiлген күнi________;

      мамандығы бойынша жұмыс өтілі бiлiмi бойынша мамандығы _____;

       жоғарғы техникалық бiлiмi туралы дипломның нөмiрi мен берiлген күнi ______________________________;

      дипломды берген жоғары оқу орнының атауы ________________;

      жарушының бiрыңғай кiтапшасының нөмiрi мен берiлген күнi_________;

      жарушының бiрыңғай кiтапшасын берген ұйымның атауы_____________;

      2) тиiстi техникалық бiлiмi, жарушының бiрыңғай кiтапшасы, мамандығы бойынша кемiнде бiр жыл жұмыс өтiлi бар, өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы уәкiлеттi орган аттестаттаған оқу ұйымында өнеркәсiптiк қауiпсiздiк қағидаларын оқудан және бiлiмiн тексеруден өткен бiлiктi мамандар (пиротехникалық заттарды және олар қолданылып жасалған бұйымдарды өзiндiк мұқтаждықтары үшiн алатын шаруашылық субъектiлер үшiн тармақ бойынша мәлiметтер ұсыну қажет етiлмейдi):

      тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда) ___________________;

      лауазымы ______________________________;

      тағайындау туралы бұйрықтың нөмiрi мен берiлген күнi__________;

      мамандығы бойынша жұмыс өтілі бiлiмi бойынша мамандығы ________;

       жоғарғы техникалық бiлiмi туралы дипломның нөмiрi мен берiлген күнi ______________________________;

      дипломды берген жоғары оқу орнының атауы _______________;

      жарушының бiрыңғай кiтапшасының нөмiрi мен берiлген күнi_________;

      жарушының бiрыңғай кiтапшасын берген ұйымның атауы__________;

       өнеркәсiптiк қауiпсiздiк қағидаларын оқудан және бiлiмiн тексеруден өткен туралы куәлiктiң немесе хаттаманың нөмiрi мен берiлген күнi______________;

       өнеркәсiптiк қауiпсiздiк қағидаларын оқудан және бiлiмiн тексеруден өткен туралы куәлiктi немесе хаттаманы берген ұйымның атауы _________________;

      3) меншiк құқығындағы немесе өзге заңды негiздегi қоршалған, оқшауланған қолданыстағы нормативтерде көзделгендей тұрғын үйлер мен өндiрiстiк объектiлерден қауiпсiз қашықтықта орналасқан өнеркәсiптiк қауiпсiздiк талаптарына жауап беретiн жарылғыш және пиротехникалық заттарды және олар қолданылып жасалған бұйымдарды сақтауға арналған арнайы жабдықталған қойма:

      жылжымайтын мүлiктiң кадастрлық нөмiрi (орналасқан жері)_________;

       қоршаудың, оқшаулаудың болуы, тұрғын және өндiрiстiк объектiлерден қашықтығы туралы ақпарат, метрде ______________________________;

      4) жарылғыш және пиротехникалық заттарды және олар қолданылып жасалған бұйымдарды есепке алу және сақтау бойынша журнал:

       жарылғыш және пиротехникалық заттарды және олар қолданылып жасалған бұйымдарды есепке алу және сақтау бойынша журналдың болуы туралы ақпарат_______;

      5) аумақтық iшкi iстер органының жарылғыш заттарды сақтауға раналған рұқсаты:

       аумақтық iшкi iстер органының жарылғыш заттарды сақтауға арналған рұқсатының нөмiрi, берiлген күнi, қолданылу мерзiмi _______________;

      сақтауға рұқсат берген аумақтық iшкi iстер органының атауы_________;

      6) күзет қызметiне лицензиясы бар мамандандырылған ұйыммен арнайы жабдықталған қойманы оқ-дәрiмен атылатын қаруды пайдалана отырып күзетуге арналған күзет қызметiне шарт:

      отпен атылатын қарудың пайдаланылғаны туралы ақпарат_______;

       өндiрiстiк-техникалық базаны күзету туралы шарттың нөмiрi мен қол қойылған күнi ______________________________;

      шарт жасалған, күзет қызметiне лицензиясы бар мамандандырылған ұйымның атауы ______________________________.

  "Жарылғыш және пиротехникалық
заттар мен олар қолданылып жасалған
бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып
алу және өткізу жөніндегі қызметті
жүзеге асыруға лицензия беру"
мемлекеттiк көрсетілетін қызмет
стандартына 4-қосымша

Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта
ресімдеуге арналған заңды тұлғаның өтiнiші

      ______________________________________________________________.

      (көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы)

      ______________________________________________________________.

      (заңды тұлғаның (соның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық

      атауы, мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның

      бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда – шетелдік заңды

      тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру

      нөмірі)

       ______________________________________________________ жүзеге

      асыруға (қызметтiң түрi және (немесе) қызметтің кіші түрінің(-лері)

      толық атауы)

      20___ жылғы " " ___________ № ____________, ______________ берілген, (лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаның(лардың) нөмірі(лері), берілген күні, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны(ларды) берген лицензиардың атауы) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны (керектің асты сызылсын).

      қағаз тасығышта ___ (лицензияны қағаз тасығышта алу қажет болған жағдайда Х белгісін қою керек) мынадай негіз(дер) бойынша (тиісті жолға Х қою қажет):

      1) заңды тұлға-көрсетілетін қызметті алушы "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабында айқындалған тәртіпке сәйкес (тиісті жолға Х қою қажет):

      бірігу ____;

      қайта құру ____;

      қосылу ____;

      бөліп шығару ____;

      бөліну ____ жолымен қайта ұйымдастырылуы;

      2) заңды тұлға- көрсетілетін қызметті алушы атауының өзгеруі ____;

      3) заңды тұлға- көрсетілетін қызметті алушының орналасқан жерінің өзгеруі ____;

      4) егер лицензияның иеліктен шығарылатындығы "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына 1-қосымшада көзделген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушы үшінші тұлғалардың пайдасына объектімен бірге "объектілерге берілетін рұқсаттар" класы бойынша берілген лицензияны иеліктен шығаруы ____;

      5) "объектілерге берілетін рұқсаттар" класы бойынша берілген лицензия үшін немесе лицензияға қосымшалар үшін объектілерді көрсете отырып, объект нақты көшірілмей оның орналасқан жерінің мекенжайы өзгеруі ____;

      6) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талап болған жағдайларда ____;

      7) қызмет түрінің атауы өзгеруі ____;

      8) қызметтің кіші түрінің атауы өзгеруі _____ қайта ресімдеуіңізді сұраймын.

      Заңды тұлғаның мекенжайы ______________________________________

      (заңды тұлғаның (соның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық

      атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның

       бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда - шетелдік

      заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің

      бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

      Электрондық пошта ____________________________________________.

      Телефондары __________________________________________________.

      Факс _________________________________________________________.

      Банк шоты ____________________________________________________.

       (шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi)

      Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру

      объектісінің мекенжайы_______________________________________________

      ____________________________________________________________________.

      (шетелдік заңды тұлға үшін-елі, пошталық индексі, елі, облысы,

       қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық

      үй-жайлар) нөмірі)

      ______ парақта қоса беріліп отыр.

      Осымен:

      көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;

      көрсетілетін қызметті алушыға қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;

      қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады;

      ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді.

      Басшы ____________ __________________________________________

       (қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)

      Мөр орны Толтыру күні: 20__ жылғы "__" _________________.

  "Жарылғыш және пиротехникалық
заттар мен олар қолданылып жасалған
бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып
алу және өткізу жөніндегі қызметті
жүзеге асыруға лицензия беру"
мемлекеттiк көрсетілетін қызмет
стандартына 5-қосымша

Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта
ресімдеуге арналған жеке тұлғаның өтiнiші

      _____________________________________________________________________

      (көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы)

      _____________________________________________________________________

      (жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда), жеке

      сәйкестендіру нөмірі)

      (қызметтiң түрi және (немесе) кіші түрінің(-лері) толық атауы)

      ______________________________________________________ жүзеге асыруға

      20___ жылғы " " ___________ № ____________, _______________ берілген, (лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаның(лардың) нөмірі(лері), берілген күні, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны(ларды) берген лицензиардың атауы) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны (керектің асты сызылсын).

      қағаз тасығышта ___ (лицензияны қағаз тасығышта алу қажет болған жағдайда Х белгісін қою керек)

      мынадай негіз(дер) бойынша (тиісті жолға Х қою қажет):

      1) жеке тұлға- көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) өзгеруі ___;

       2) жеке кәсіпкер - көрсетілетін қызметті алушы қайта тіркелген, оның атауы өзгеруі ______;

      3) жеке кәсіпкер - көрсетілетін қызметті алушы қайта тіркелген, оның заңды мекенжайы өзгеруі ____;

       4) егер лицензияның иеліктен шығарылатындығы "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына 1-қосымшада көзделген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушы үшінші тұлғалардың пайдасына объектімен бірге "объектілерге берілетін рұқсаттар" класы бойынша берілген лицензияны иеліктен шығаруы ________;

       5) "объектілерге берілетін рұқсаттар" класы бойынша берілген лицензия үшін немесе лицензияға қосымшалар үшін объектілерді көрсете отырып, объект нақты көшірілмей оның орналасқан жерінің мекенжайы өзгеруі _______;

       6) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талап болған жағдайларда _______;

      7) қызмет түрінің атауы өзгеруі ________;

      8) қызметтің кіші түрінің атауы өзгеруі ________ қайта ресімдеуіңізді сұраймын.

      Жеке тұлғаның тұрғылықты жерінің мекенжайы ____________________

      _____________________________________________________________________

      (пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы,

      үй/ғимарат нөмірі)

      Электрондық пошта ____________________________________________.

      Телефондары __________________________________________________.

      Факс _________________________________________________________.

      Банк шоты _____________________________________________________

       (шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi) Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы ___________________________________________________________

      (пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар нөмірі) ______ парақта қоса беріліп отыр.

      Осымен:

      көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;

      көрсетілетін қызметті алушыға қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;

      қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады;

      ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді.

      Жеке тұлға ________ __________________________________________

       (қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)

      Мөр орны Толтыру күні: 20__ жылғы "__" ____________________

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 563 бұйрығына
2-қосымша

"Тау-кен және химия өндiрiстерiн пайдалану қызметін жүзеге
асыруға лицензия беру" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет
стандарты
1. Жалпы ережелер

      1. "Тау-кен және химия өндiрiстерiн пайдалану қызметін жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттiк көрсетілетін қызметі (бұдан әрi - мемлекеттiк көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрi - Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттiк қызметті Министрлiктің Индустриялық даму және өнеркәсiптiк қауiпсiздiк комитетi (бұдан әрi - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетедi.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

      көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

      "электрондық үкiметтiң" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрi - портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi

      4. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған, сондай-ақ порталға өтініш берілген сәттен бастап:

      лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру - 15 (он бес) жұмыс күні;

      лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресiмдеу - 3 (үш) жұмыс күні;

      көрсетілетін қызметті алушыны бөліп шығару немесе бөліну нысанында қайта ұйымдастыру кезінде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресiмдеу - 15 (он бес) жұмыс күні;

      лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқаларын беру - 2 (екi) жұмыс күні;

      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшiн күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут;

      3) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут.

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартады.

      5. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нысаны - электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрiнде.

      6. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесi - тау-кен және химия өндiрiстерiн пайдалану қызметін жүзеге асыруға лицензия және (немесе) лицензияға қосымша, қайта ресімделген лицензия және (немесе) лицензияға қосымша, лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшанының телнұсқасы немесе осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негiздер бойынша мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап.

      Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн ұсыну нысаны: электрондық түрiнде.

      Мемлекеттiк көрсетілетін қызметті алу үшін портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті беруші уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрi - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында "жеке кабинетіне" жіберіледі.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін қағаз тасығышта алу үшін өтініш білдірген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі электрондық форматта ресімделіп, басып шығарылады, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының мөрімен және қолымен расталады.

      7. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрi - көрсетілетін қызметті алушы) ақылы түрде көрсетiледi. Мемлекеттiк қызмет көрсету кезiнде көрсетiлетiн қызметтi алушының орналасқан жері бойынша бюджетке жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығына лицензиялық алым төленедi:

      1) аталған қызмет түрiмен айналысу құқығына лицензия беру кезінде лицензиялық алым 10 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі - АЕК) құрайды;

      2) лицензияны қайта ресімдегені үшін лицензиялық алым - лицензия беру кезіндегі ставканың 10 %-ын құрайды, бiрақ 4 АЕК-тен аспайды.

      3) лицензияның телнұсқасын беру - лицензия беру кезіндегі ставканың 100 %-ын құрайды.

      Лицензиялық алымды төлеу қолма-қол және қолма-қол емес нысанда екінші деңгейда банктер және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы алуға электрондық сұрау салу берілген жағдайда төлем "электрондық үкіметке" төлем шлюзі (бұдан әрі - ЭҮТШ) немесе екінші деңгейда банктер арқылы жүзеге асырылады.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнің - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiнен басқа, дүйсенбiден бастап жұма аралығында, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі асқа үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін жүзеге асырылады.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі асқа үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.

      Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртiбiмен көрсетіледі;

      2) порталдың - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулiк бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш пен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).

      9. Көрсетiлетiн қызметтi алушының (не оның өкілінің) жүгінуі кезінде мемлекеттiк көрсетілетін қызметті көрсетуге қажеттi құжаттар тiзбесi:

      көрсетілетін қызметті берушіге:

      1) лицензия алу үшiн:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1 және 2-қосымшаларға сәйкес заңды немесе жеке тұлға үшін өтiнiш;

      жеке басын куәландырылатын құжат және өкілдің өкілеттігін куәландыратын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін);

      жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес бiлiктiлiк талаптарына сәйкес мәлiметтер нысаны;

      2) лицензияға қосымшаны алу үшiн:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1 және 2-қосымшаларға сәйкес заңды немесе жеке тұлға үшін өтiнiш;

      жеке басын куәландырылатын құжат және өкілдің өкілеттігін куәландыратын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін);

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес бiлiктiлiк талаптарына сәйкестігі туралы мәлiметтер нысаны;

      3) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшiн:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4 және 5-қосымшаларға сәйкес заңды немесе жеке тұлға үшін өтiнiш;

      жеке басын куәландырылатын құжат және өкілдің өкілеттігін куәландыратын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін);

      лицензияны қайта ресімдеу үшiн лицензиялық алым төлегенін растайтын құжаттың көшірмесі;

      алынатын ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпарат қамтылған құжаттардың көшірмесі;

      4) тиісті ақпараттық жүйелерден лицензия туралы мәліметтер алуға мүмкіндік болмаған жағдайда лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын алу үшiн:

      еркін нысандағы өтiнiш;

      жеке басын куәландырылатын құжат және өкілдің өкілеттігін куәландыратын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін);

      лицензияның телнұсқасын алу үшiн бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi.

      Порталға:

      1) лицензия алу үшiн:

      көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1 және 2-қосымшаларға сәйкес заңды немесе жеке тұлға үшін өтiнiш;

      ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес бiлiктiлiк талаптарына сәйкестігі туралы мәлiметтер нысаны;

      2) лицензияға қосымшаны алу үшiн:

      көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1 және 2-қосымшаларға сәйкес заңды немесе жеке тұлға үшін өтiнiш;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес бiлiктiлiк талаптарына сәйкестігі туралы мәлiметтер нысаны;

      3) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшiн:

      көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4 және 5-қосымшаларға сәйкес заңды немесе жеке тұлға үшін өтiнiш;

      ЭҮТШ арқылы ақысын төлеуді қоспағанда, лицензиялық алым төлегенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;

      алынатын ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпарат қамтылған құжаттардың электрондық көшірмесі.

      4) тиісті ақпараттық жүйелерден лицензия туралы мәліметтер алуға мүмкіндік болмаған жағдайда лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын алу үшiн:

      көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы еркін нысандағы сұрау салу;

      ЭҮТШ арқылы ақысын төлеуді қоспағанда, лицензияның телнұсқасын алу үшiн бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың электрондық көшiрмесi.

      Жеке басты куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны, дара кәсiпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәлiметтерді, ЭҮТШ арқылы төленген туралы көрсетiлетiн қызметтi берушi "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:

      1) көрсетiлетiн қызметтi берушiге (қолма-қол не пошта байланысы арқылы) - құжаттар топтамасын қабылдау күнiн және уақытын көрсете отырып, оның көшiрмесiндегі көрсетiлетiн қызметтi берушiнің кеңсесiнде тiркелгенi туралы белгi өтініштің қағаз тасығышта қабылданғанын растау болып табылады;

      2) портал арқылы - көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетiнде" мемлекеттiк көрсетілетін қызметтiң нәтижелерiн алу күнiн көрсете отырып, мемлекеттiк қызметтi көрсетуге арналған сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

      10. Мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту негіздері:

      1) Қазақстан Республикасының заңдарында жеке немесе заңды тұлғалардың осы санаты үшін қызмет түрімен айналысуға тыйым салынған;

      2) лицензиялық алым енгізілмеген;

      3) көрсетілетін қызметті алушы біліктілік талаптарына сәйкес келмеген;

      4) көрсетілетін қызметті беруші тиісті келісуші мемлекеттік органнан өтініш берушінің лицензиялау кезінде қойылатын талаптарға сәйкес келмейтіні туралы жауап алған;

      5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты лицензиялауға жататын қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе оларға тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған;

      6) сот орындаушысының ұсынуы негізінде сот көрсетілетін қызметті алушы-борышкерге лицензия беруге уақытша тыйым салған жағдайларда жүзеге асырылады.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша орталық
мемлекеттiк органдардың, сондай-ақ көрсетiлетiн қызметті
берушiлердiң және (немесе) олардың лауазымды адамдарының
шешiмдерiне, әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

      11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органның, көрсетiлетiн қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану:

      шағым осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетiлетiн қызметтi беруші басшысының атына не 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, "Транспорт Тауэр" ғимараты, № 2117 кабинет мекенжайы бойынша Министрлік басшылығының атына беріледі, телефоны: 8 (7172) 75-48-66, 75-49-14.

      Шағым пошта арқылы жазбаша нысанда не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

      Шағымда көрсетілетін қызметті алушы тегін, атын, әкесінің атын, пошталық мекенжайын, шығыс нөмірі мен күнін көрсетеді. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қою тиіс.

      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қабылдап алған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орны көрсетіле отырып, шағымды тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін шағым көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Портал арқылы жүгінген кезде шағым жасаудың тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.

      Шағымды көрсетiлетiн қызметтi алушыға портал арқылы "жеке кабинеттен" жiберген кезде жүгіну туралы ақпарат қолжетiмдi болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішін өңдеу (жеткiзу, тiркеу, орындау, туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағым жасай алады.

      Көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетiлетiн қызметтi алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық
нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері ескерілген
өзге де талаптар

      13. Мемлекеттік қызмет көрсету мекенжайы көрсетілетін қызметті берушінің - www.comprom.kz интернет-ресурсында, "Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

      14. ЭЦҚ болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.

      15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қолжетімділік режимінде алу мүмкіндігі бар.

      16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтің байланыс телефондары: 8 (7172) 75-41-02, 75-41-04, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

  "Тау-кен және химия
өндiрiстерiн пайдалану
қызметін жүзеге асыруға
лицензия беру" мемлекеттiк
көрсетілетін қызмет
стандартына 1-қосымша

Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны
алуға арналған заңды тұлғаның өтiнiші

      ____________________________________________________________________.

      (көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы)

      ____________________________________________________________________.

      (заңды тұлғаның (соның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы,

      мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның

      бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда - шетелдік заңды тұлға

      филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

      _____________________________________________________________________

      (қызметтiң түрi және (немесе) қызметтің кіші түрінің(-лері) толық

      атауы көрсетiлсiн)

      _____________________________________________________________________

      ______________________________ жүзеге асыруға лицензияны және

      (немесе) лицензияға қосымшаны қағаз тасығышта ______ (лицензияны

      қағаз тасығышта алу қажет болған жағдайда Х белгісін қою керек)

      беруiңiздi сұраймын.

      Заңды тұлғаның мекенжайы ___________________________________________.

      (шетелдік заңды тұлға үшін) пошталық индексі, елі, облысы, қаласы,

      ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар)

      нөмірі)

      Электрондық пошта ____________________________________________;

      Телефондары __________________________________________________;

      Факс _________________________________________________________;

      Банк шоты ____________________________________________________;

       (шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi)

      Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру

      объектісінің мекенжайы_______________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше

      атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)

      ______ парақта қоса беріліп отыр.

      Осымен:

      көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуг болатындығы;

      көрсетілетін қызметті алушыға қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;

      қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады;

      ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді.

      Басшы ________ ______________________________________________

       (қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)

      Мөр орны Толтыру күні: 20__ жылғы "__" _________________

  "Тау-кен және химия
өндiрiстерiн пайдалану
қызметін жүзеге асыруға
лицензия беру" мемлекеттiк
көрсетілетін қызмет
стандартына 2-қосымша

Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға
жеке тұлғаның өтініші

      ______________________________________________________________.

      (көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы)

      ______________________________________________________________.

      (жеке тұлғаның тегі,аты,әкесінің аты(болған жағдайда), жеке

      сәйкестендңру нөмірі)

      _______________________________________________________________

      қызметтің түрі және (немесе) қызметтің кіші түрінің (-лері)

      толық атауы көрсетілсін)

      ______________________________________________________________

      ______________________________ (жүзеге асыруға лицензияны және

      (немесе) лицензияға қосымшаны қағаз тасығышта _____ (лицензияны қағаз

      тасығышта алу қажет болған жағдайда Х белгісін қою керек) беруіңізді

      сұраймын.

      Жеке тұлғаның тұрғылықты жерінің мекенжайы_____________________

      ____________________________________________________________________.

      (пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше

      атауы үй/ғимарат)

      Электрондық пошта ___________________________________________.

      Телефондары _________________________________________________.

      Факс ________________________________________________________.

      Банк шоты____________________________________________________.

       (шот нөмірі,банктің атауы және орналасқан жері)

      Қызметті немесе іс-қимылды (операцияланды) жүзеге асыру

      объектісінің мекенжайы_______________________________________________

      ____________________________________________________________________.

      (пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше

      атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)

      Парақта қоса беріліп отыр ______.

      Осымен:

      қөрлетілген барлық деректердің ресми байлыныстар болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тату мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;

      көрсетілетін қызметті алушыға қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;

      қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады;

      ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді.

      Жеке тұлға _______ ___________________________________________

       (қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)

      Мөр орны Толтыру күні: 20___ жылғы "__" _________________

  "Тау-кен және химия
өндiрiстерiн пайдалану
қызметін жүзеге асыруға
лицензия беру" мемлекеттiк
көрсетілетін қызмет
стандартына 3-қосымша

Тау-кен және химия өндiрiстерiн пайдалану қызметін жүзеге асыру
үшiн бiлiктiлiк талаптары және оларға сәйкестiктi растайтын
құжаттардың тiзбесiне мәлiметтер нысаны

      1) тау-кен өндiрiсiн пайдалану, қатты пайдалы қазбаларды (кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда), өндiру; ашық және жер асты тәсiлдерiмен қатты пайдалы қазбалардың кен орындарын ашу және әзiрлеу; кен орындарында технологиялық жұмыстарды жүргiзу; кенiштер мен шахталарды жабу жөнiндегi тарату жұмыстарын жүргiзу үшiн:

      Инженерлiк құрылыстардың, машиналардың, тетiктердiң, құралдардың, арнайы көлiктердiң, жабдықтардың, өлшеу жабдықтарының және бақыланатын технологиялық процестiң болуы туралы ақпарат

      _____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________;

      (инженерлiк құрылыстарды, машиналарды, тетiктердi, құралдарды, арнайы

      көлiктердi және өзге жабдықтарды көрсету);

       2) пайдалы қазбаларды өндiру үшiн жарылыс жұмыстарын жүргiзуге:

       жарылғыш заттармен жұмыс жасауға арналған лицензияның нөмiрi____;

      шарттың нөмiрi _____________;

      шарттың жасалған күнi _____________;

       жарылғыш заттарды сақтауға лицензиясы бар мамандандырылған ұйымның атауы _____________;

       ұңғымаларды бұрғылауға арналған бұрғылау станогының болуы туралы ақпарат________________________________________________

      ұйымның жарылғыш заттармен жұмыс жасауға арналған лицензиясы бар болған жағдайда 2), 3), 4) жолдар толтырылмайды;

      3) ұңғымаларды жер астында және күрделi жөндеу, жабдықтар мен агрегаттарды бөлшектеу, ұңғымалар көтергiшiн орнату үшiн; ұңғымаларды жөндеуден кейiн сынау; ұңғымаларды жуу, цементтеу, сынап көру және игеру үшiн:

      тиiстi технологиялық жабдықтардың болуы туралы ақпарат ______________________________________(қолда бар жабдықты көрсету);

      4) химия өндiрiстерiн пайдалану үшiн:

      тетiктердiң, технологиялық желiлердiң, шикiзатты дайындау, қайта өңдеу қондырғыларының, шикiзатты, дайын өнiмдердi, жарылыс өрт қауiптi, улы күштi әсер ететiн заттарды сақтау үшiн арнайы жабдықталған қоймалардың, үй-жайлардың және сыйымдылықтардың, меншiк құқығында немесе өзге де заңды негiздерде болуы туралы ақпарат

      _____________________________________________________________ (қолда бар тетiктердi, қондырғыларды және басқа жабдықты көрсету);

       өнiмнiң стандарттарға, нормалар мен техникалық шарттарға сәйкестiгiн бақылау бойынша аккредиттелген зертхананың аттестатының нөмiрi және берiлген күнi _____________________________;

      аккредиттелген зертханамен жасалған шарттың нөмiрi _________;

      аккредиттелген зертханамен шарттың жасалған күнi ___________.

      3), 4) тармақтардағы ақпарат меншiктi зертханасы болмаған жағдайда толтырылады.

  "Тау-кен және химия
өндiрiстерiн пайдалану
қызметін жүзеге асыруға
лицензия беру" мемлекеттiк
көрсетілетін қызмет
стандартына 4-қосымша

Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта
ресімдеуге арналған заңды тұлғаның өтiнiші

      ______________________________________________________________.

      (көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы)

      ______________________________________________________________.

      (заңды тұлғаның (соның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық

      атауы, мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның

      бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда – шетелдік заңды

      тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

      ______________________________________________________ жүзеге

      асыруға (қызметтiң түрi және (немесе) қызметтің кіші түрінің(-лері)

      толық атауы)

      20___ жылғы " " ___________ № ____________, ______________ берілген, (лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаның(лардың) нөмірі(лері), берілген күні, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны(ларды) берген лицензиардың атауы) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны (керектің асты сызылсын).

      қағаз тасығышта ___ (лицензияны қағаз тасығышта алу қажет болған жағдайда Х белгісін қою керек) мынадай негіз(дер) бойынша (тиісті жолға Х қою қажет):

      1) заңды тұлға-көрсетілетін қызметті алушы "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабында айқындалған тәртіпке сәйкес (тиісті жолға Х қою қажет):

      бірігу ____;

      қайта құру ____;

      қосылу ____;

      бөліп шығару ____;

      бөліну ____ жолымен қайта ұйымдастырылуы;

      2) заңды тұлға- көрсетілетін қызметті алушы атауының өзгеруі ____;

      3) заңды тұлға- көрсетілетін қызметті алушының орналасқан жерінің өзгеруі ____;

      4) егер лицензияның иеліктен шығарылатындығы "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына 1-қосымшада көзделген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушы үшінші тұлғалардың пайдасына объектімен бірге "объектілерге берілетін рұқсаттар" класы бойынша берілген лицензияны иеліктен шығаруы ____;

      5) "объектілерге берілетін рұқсаттар" класы бойынша берілген лицензия үшін немесе лицензияға қосымшалар үшін объектілерді көрсете отырып, объект нақты көшірілмей оның орналасқан жерінің мекенжайы өзгеруі ____;

      6) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талап болған жағдайларда ____;

      7) қызмет түрінің атауы өзгеруі ____;

      8) қызметтің кіші түрінің атауы өзгеруі _____ қайта ресімдеуіңізді сұраймын.

      Заңды тұлғаның мекенжайы ______________________________________

      _____________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның (соның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы,

      бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру

      нөмірі болмаған жағдайда - шетелдік заңды тұлға филиалының немесе

      өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

      Электрондық пошта ____________________________________________.

      Телефондары __________________________________________________.

      Факс _________________________________________________________.

      Банк шоты ____________________________________________________.

       (шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi)

      Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру

      объектісінің мекенжайы _____________________________________________.

       (шетелдік заңды тұлға үшін-елі, пошталық индексі, елі, облысы,

      қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат

      (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)

      ______ парақта қоса беріліп отыр.

      Осымен:

      көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;

      көрсетілетін қызметті алушыға қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;

      қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады;

      ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді.

      Басшы ________ ______________________________________________

       (қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)

      Мөр орны Толтыру күні: 20__ жылғы "__" _________________.

  "Тау-кен және химия
өндiрiстерiн пайдалану
қызметін жүзеге асыруға
лицензия беру" мемлекеттiк
көрсетілетін қызмет
стандартына 5-қосымша

Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта
ресімдеуге арналған жеке тұлғаның өтiнiші

      ______________________________________________________________

      (көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы)

      _______________________________________________________________

      (жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда), жеке

      сәйкестендіру нөмірі)

      _______________________________________________________________

      (қызметтiң түрi және (немесе) кіші түрінің(-лері) толық атауы)

      _______________________________________________ жүзеге асыруға

      20___ жылғы " " ___________ № ____________, _______________ берілген, (лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаның(лардың) нөмірі(лері), берілген күні, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны(ларды) берген лицензиардың атауы) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны (керектің асты сызылсын).

      қағаз тасығышта ___ (лицензияны қағаз тасығышта алу қажет болған жағдайда Х белгісін қою керек)

      мынадай негіз(дер) бойынша (тиісті жолға Х қою қажет):

      1) жеке тұлға- көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) өзгеруі ___;

       2) жеке кәсіпкер- көрсетілетін қызметті алушы қайта тіркелген, оның атауы өзгеруі ______;

      3) жеке кәсіпкер- көрсетілетін қызметті алушы қайта тіркелген, оның заңды мекенжайы өзгеруі ____;

       4) егер лицензияның иеліктен шығарылатындығы "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына 1-қосымшада көзделген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушы үшінші тұлғалардың пайдасына объектімен бірге "объектілерге берілетін рұқсаттар" класы бойынша берілген лицензияны иеліктен шығаруы ________;

       5) "объектілерге берілетін рұқсаттар" класы бойынша берілген лицензия үшін немесе лицензияға қосымшалар үшін объектілерді көрсете отырып, объект нақты көшірілмей оның орналасқан жерінің мекенжайы өзгеруі _______;

       6) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талап болған жағдайларда _______;

      7) қызмет түрінің атауы өзгеруі ________;

      8) қызметтің кіші түрінің атауы өзгеруі ________ қайта ресімдеуіңізді сұраймын.

      Жеке тұлғаның тұрғылықты жерінің мекенжайы ____________________

      _____________________________________________________________________

      (пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы,

      үй/ғимарат нөмірі)

      Электрондық пошта ________________________________________.

      Телефондары ______________________________________________.

      Факс _____________________________________________________.

      Банк шоты ________________________________________________

      (шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi)

      Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру

      объектісінің мекенжайы ______________________________________________

      (пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше

      атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар нөмірі)

      ______ парақта қоса беріліп отыр.

      Осымен:

      көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;

      көрсетілетін қызметті алушыға қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;

      қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады;

      ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді.

      Жеке тұлға _______ ___________________________________________

       (қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)

      Мөр орны Толтыру күні: 20__ жылғы "__" _____________________

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 563 бұйрығына
3-қосымша

"Заңды тұлғалардың түстi және қара металдардың сынықтары мен
қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, өңдеу және өткізу бойынша
қызметті жүзеге асыруына лицензия беру" мемлекеттiк
көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер

      1. "Заңды тұлғалардың түстi және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, өңдеу және өткізу бойынша қызметті жүзеге асыруына лицензия беру" мемлекеттiк көрсетілетін қызметі (бұдан әрi - мемлекеттiк көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрi - Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттiк қызметті облыстардың, Астана және Алматы ққ. жергiлiктi атқарушы органдары (бұдан әрi - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетедi.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

      көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

      "электрондық үкiметтiң" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрi - портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi

      4. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған, сондай-ақ порталға өтініш берілген сәттен бастап:

      лицензияны беру - 15 (он бес) жұмыс күні;

      лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресiмдеу - 3 (үш) жұмыс күні;

      көрсетілетін қызметті алушыны бөліп шығару немесе бөліну нысанында қайта ұйымдастыру кезінде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресiмдеу - 15 (он бес) жұмыс күні;

      лицензияның телнұсқаларын беру - 2 (екi) жұмыс күні;

      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшiн күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут;

      3) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут.

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартады.

      5. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нысаны - электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрiнде.

      6. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесi - заңды тұлғалардың түстi және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, өңдеу және өткізу бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензия және (немесе) лицензияға қосымша, қайта ресімделген лицензия және (немесе) лицензияға қосымша, лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшанының телнұсқасы немесе осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негiздер бойынша мемлекеттiк көрсетілетін қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап.

      Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн ұсыну нысаны: электрондық түрiнде.

      Мемлекеттiк көрсетілетін қызметті алу үшін портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті беруші уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрi - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында "жеке кабинетіне" жіберіледі.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін қағаз тасығышта алу үшін өтініш білдірген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі электрондық форматта ресімделіп, басып шығарылады, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының мөрімен және қолымен расталады.

      7. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрi - көрсетілетін қызметті алушы) ақылы түрде көрсетiледi. Мемлекеттiк қызмет көрсету кезiнде көрсетiлетiн қызметтi алушының орналасқан жері бойынша бюджетке жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығына лицензиялық алым төленедi:

      1) аталған қызмет түрiмен айналысу құқығына лицензия беру кезінде лицензиялық алым 10 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі - АЕК) құрайды;

      2) лицензияны қайта ресімдегені үшін лицензиялық алым - лицензия беру кезіндегі ставканың 10 %-ын құрайды, бiрақ 4 АЕК-тен аспайды.

      3) лицензияның телнұсқасын беру - лицензия беру кезіндегі ставканың 100 %-ын құрайды.

      Лицензиялық алымды төлеу қолма-қол және қолма-қол емес нысанда екінші деңгейда банктер және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы алуға электрондық сұрау салу берілген жағдайда төлем "электрондық үкіметке" төлем шлюзі (бұдан әрі - ЭҮТШ) немесе екінші деңгейда банктер арқылы жүзеге асырылады.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнің - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiнен басқа, дүйсенбiден бастап жұма аралығында, сағат 13.00-ден 14.00-ға дейін түскі асқа үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ға дейін жүзеге асырылады.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.00-ға дейін түскі асқа үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.

      Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртiбiмен көрсетіледі;

      2) порталдың - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулiк бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш пен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).

      9. Көрсетiлетiн қызметтi алушының (не оның өкілінің) жүгінуі кезінде мемлекеттiк қызметті көрсетуге қажеттi құжаттар тiзбесi:

      көрсетілетін қызметті берушіге:

      1) лицензия алу үшiн:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес заңды тұлға үшін өтiнiш;

      жеке басын куәландырылатын құжат және өкілдің өкілеттігін куәландыратын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін);

      жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес бiлiктiлiк талаптарына сәйкес мәлiметтер нысаны;

      2) лицензияға қосымшаны алу үшiн:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес заңды тұлға үшін өтiнiш;

      жеке басын куәландырылатын құжат және өкілдің өкілеттігін куәландыратын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін);

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес бiлiктiлiк талаптарына сәйкестігі туралы мәлiметтер нысаны;

      3) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшiн:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес заңды тұлға үшін өтiнiш;

      жеке басын куәландырылатын құжат және өкілдің өкілеттігін куәландыратын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін);

      лицензияны қайта ресімдеу үшiн лицензиялық алым төлегенін растайтын құжаттың көшірмесі;

      алынатын ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпарат қамтылған құжаттардың көшірмесі;

      4) тиісті ақпараттық жүйелерден лицензия туралы мәліметтер алуға мүмкіндік болмаған жағдайда лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын алу үшiн:

      еркін нысандағы өтiнiш;

      жеке басын куәландырылатын құжат және өкілдің өкілеттігін куәландыратын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін);

      лицензияның телнұсқасын алу үшiн бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi.

      Порталға:

      1) лицензия алу үшiн:

      көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес заңды немесе жеке тұлға үшін өтiнiш;

      ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес бiлiктiлiк талаптарына сәйкестігі туралы мәлiметтер нысаны;

      2) лицензияға қосымшаны алу үшiн:

      көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес заңды немесе жеке тұлға үшін өтiнiш;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес бiлiктiлiк талаптарына сәйкестігі туралы мәлiметтер нысаны;

      3) лицензияны қайта ресімдеу үшiн:

      көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес заңды немесе жеке тұлға үшін өтiнiш;

      ЭҮТШ арқылы ақысын төлеуді қоспағанда, лицензиялық алым төлегенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;

      алынатын ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпарат қамтылған құжаттардың электрондық көшірмесі.

      4) тиісті ақпараттық жүйелерден лицензия туралы мәліметтер алуға мүмкіндік болмаған жағдайда лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын алу үшiн:

      көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы еркін нысандағы сұрау салу;

      ЭҮТШ арқылы ақысын төлеуді қоспағанда, лицензияның телнұсқасын алу үшiн бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың электрондық көшiрмесi.

      Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәлiметтерді, ЭҮТШ арқылы төленген туралы көрсетiлетiн қызметтi берушi "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:

      1) көрсетiлетiн қызметтi берушiге (қолма-қол не пошта байланысы арқылы) - құжаттар топтамасын қабылдау күнiн және уақытын көрсете отырып, оның көшiрмесiндегі көрсетiлетiн қызметтi берушiнің кеңсесiнде тiркелгенi туралы белгi өтініштің қағаз тасығышта қабылданғанын растау болып табылады;

      2) портал арқылы - көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетiнде" мемлекеттiк көрсетілетін қызметтiң нәтижелерiн алу күнiн көрсете отырып, мемлекеттiк қызметтi көрсетуге арналған сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

      10. Мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту негіздері:

      1) Қазақстан Республикасының заңдарында жеке немесе заңды тұлғалардың осы санаты үшін қызмет түрімен айналысуға тыйым салынған;

      2) лицензиялық алым енгізілмеген;

      3) көрсетілетін қызметті алушы біліктілік талаптарына сәйкес келмеген;

      4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты лицензиялауға жататын қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе оларға тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған;

      5) сот орындаушысының ұсынуы негізінде сот көрсетілетін қызметті алушы-борышкерге лицензия беруге уақытша тыйым салған жағдайларда жүзеге асырылады.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
көрсетiлетiн қызметті берушiлердiң және (немесе) олардың
лауазымды адамдарының шешiмдерiне, әрекетiне
(әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

      11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетiлетiн қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану:

      шағым осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжайы бойынша көрсетiлетiн қызметтi беруші басшысының атына беріледі.

      Шағым пошта арқылы жазбаша нысанда не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

      Шағымда көрсетілетін қызметті алушы тегін, атын, әкесінің атын, пошталық мекенжайын, шығыс нөмірі мен күнін көрсетеді. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қою тиіс.

      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қабылдап алған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орны көрсетіле отырып, шағымды тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін шағым көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Портал арқылы жүгінген кезде шағым жасаудың тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.

      Шағымды көрсетiлетiн қызметтi алушыға портал арқылы "жеке кабинеттен" жiберген кезде жүгіну туралы ақпарат қолжетiмдi болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішін өңдеу (жеткiзу, тiркеу, орындау, туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағым жасай алады.

      Көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетiлетiн қызметтi алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық
нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері ескерілген
өзге де талаптар

      13. Мемлекеттік қызмет көрсету мекенжайы көрсетілетін қызметті берушінің - www.comprom.kz интернет-ресурсында, "Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

      14. ЭЦҚ болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.

      15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қолжетімділік режимінде алу мүмкіндігі бар.

      16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтің байланыс телефондары www.comprom.kz интернет-ресурсында, "Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер" бөлімінде орналастырылған, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

  "Заңды тұлғалардың түстi және
қара металдардың сынықтары мен
қалдықтарын жинау (дайындау),
сақтау, өңдеу және өткізу
бойынша қызметті жүзеге асыруына
лицензия беру" мемлекеттiк
көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша

Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны
алуға арналған заңды тұлғаның өтiнiші

      ______________________________________________________________.

      (көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы)

      ______________________________________________________________.

      (заңды тұлғаның (соның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық

      атауы, мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның

      бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда - шетелдік заңды

      тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

      _______________________________________________________________

      (қызметтiң түрi және (немесе) қызметтің кіші түрінің(-лері)

      толық атауы көрсетiлсiн)

      _______________________________________________________________

      ______________________________ жүзеге асыруға лицензияны және

      (немесе) лицензияға қосымшаны қағаз тасығышта ______ (лицензияны

      қағаз тасығышта алу қажет болған жағдайда Х белгісін қою керек)

      беруiңiздi сұраймын.

      Заңды тұлғаның мекенжайы _____________________________________.

      (шетелдік заңды тұлға үшін) пошталық индексі, елі, облысы,

      қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық

      үй-жайлар) нөмірі)

      Электрондық пошта ____________________________________________;

      Телефондары __________________________________________________;

      Факс _________________________________________________________;

      Банк шоты ____________________________________________________;

       (шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi)

      Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру

      объектісінің мекенжайы_______________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше

      атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)

      ______ парақта қоса беріліп отыр.

      Осымен:

      көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуг болатындығы;

      көрсетілетін қызметті алушыға қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;

      қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады;

      ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді.

      Басшы _________ ____________________________________________

       (қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)

      Мөр орны Толтыру күні: 20__ жылғы "__" __________________.

  "Заңды тұлғалардың түстi және
қара металдардың сынықтары мен
қалдықтарын жинау (дайындау),
сақтау, өңдеу және өткізу
бойынша қызметті жүзеге асыруына
лицензия беру" мемлекеттiк
көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша

Заңды тұлғалардың түстi және қара металдардың сынықтары мен
қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, өңдеу және өткізу бойынша
қызметті жүзеге асыру үшiн бiлiктiлiк талаптары және оларға
сәйкестiктi растайтын құжаттардың тiзбесiне
мәлiметтер нысаны

      1) меншiк құқығындағы немесе өзге де заңды негiздегі мамандандырылған өндiрiстiк база:

      өндiрiстiк базаның мекенжайы ______________________ (қолда бар үй-жай, жабдықты және басқаларды көрсету);

       егер өзге заңды негiзде болатын жағдайда шарттың нөмiрi мен шартқа қол қойылған күнi ______________________________;

      шарт жасалған ұйымның атауы ______________________________;

      қоршаудың болуы туралы ақпарат________________________;

      2) қара және түстi металдардың сынықтары мен қалдықтарын тасымалдау үшiн жалданған немесе өзге заңды негiздегi (жүк) автокөлiктiң болуы туралы ақпарат______________________________________(әрбiр көлiк құралдардың атауын, техникалық құжаттардың нөмiрлерi және берiлген күндерiн көрсету).

      3) мынадай көлемде:

      түстi металдардың сынықтарымен және қалдықтарымен жұмыс iстеу үшiн – кемiнде 400 ш.м. __________________ (учаскесiнiң көлемiн көрсету);

      қара металдардың сынықтарымен және қалдықтарымен жұмыс iстеу үшiн – кемiнде 1000 ш.м. __________________ (учаскесiнiң көлемiн көрсету) автокөлiк үшiн кiреберiс жолдары бар және/немесе кiреберiс темiр жол тұйықтары бар жеке меншiк немесе жалға алу құқығындағы жер учаскесiнiң не оның үлесiнiң болуы туралы ақпарат;

      жер учаскесiн беру туралы шешiмнiң нөмiрi және оны қабылдаған күнi ________________________________________.

      4) кәсiпорында тиiстi қара және түстi металдардың сынықтарын қайта өңдеу бойынша технологиялық процеске сәйкес пайдаланылатын жабдықпен жұмыс iстеу үшiн бiлiктi персонал:

      мамандардың тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда) _______________;

      лицензияланатын қызметтiң кiшi түрiнiң саласындағы жұмыс өтiлi ___.

      5) мамандандырылған өндiрiстiк базадан өзге жерде аумақтық орналасқан жеке меншік немесе өзге де заңды негiздегі, қоршалған қабылдау пунктiн ашқан жағдайда мыналардың болуы талап етіледі:

      меншiк құқығындағы немесе өзге де заңды негiздегі қабылдау пунктi:

      қабылдау пунктiң мекен-жайы ______________________ (мекенжайды көрсету);

       егер өзге заңды негiзде болатын жағдайда шарттың нөмiрi мен шартқа қол қойылған күнi ______________________________;

      шарт жасалған ұйымның атауы ______________________________;

      қоршаудың болуы туралы ақпарат________________________;

      қолма-қол ақшамен жұмысқа ыңғайланған (сейф немесе арнайы жабдықталған касса, байланыс құралдары, фискальдық жады бар бақылау-кассалық аппарат) үй-жай, олардың салыстырып тексерiлгенi туралы сертификаты бар өлшем құралдары (автомобиль немесе темiр жол таразыларын және басқа да өлшем құралдары), қабылдау пунктiнiң заңды тұлғаға тиесiлiлiгi, лицензия нөмiрi, жұмыс режимi көрсетiлген маңдайша, кемiнде 200 ш.м алаңның болуы туралы ақпарат

      __________________________________________________________________.

      (қолда бар үй-жай, жабдықты және басқаларды көрсету).

  "Заңды тұлғалардың түстi және
қара металдардың сынықтары мен
қалдықтарын жинау (дайындау),
сақтау, өңдеу және өткізу
бойынша қызметті жүзеге асыруына
лицензия беру" мемлекеттiк
көрсетілетін қызмет стандартына
3-қосымша

Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта
ресімдеуге арналған заңды тұлғаның өтiнiші

      ______________________________________________________________.

      (көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы)

      ______________________________________________________________.

      (заңды тұлғаның (соның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық

      атауы, мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның

      бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда – шетелдік заңды

      тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

      ______________________________________________________ жүзеге асыруға (қызметтiң түрi және (немесе) қызметтің кіші түрінің(-лері) толық атауы)

      20___ жылғы " " ___________ № ____________, ______________ берілген, (лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаның(лардың) нөмірі(лері), берілген күні, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны(ларды) берген лицензиардың атауы) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны (керектің асты сызылсын).

      қағаз тасығышта ___ (лицензияны қағаз тасығышта алу қажет болған жағдайда Х белгісін қою керек) мынадай негіз(дер) бойынша (тиісті жолға Х қою қажет):

      1) заңды тұлға- көрсетілетін қызметті алушы "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабында айқындалған тәртіпке сәйкес (тиісті жолға Х қою қажет):

      бірігу ____;

      қайта құру ____;

      қосылу ____;

      бөліп шығару ____;

      бөліну ____ жолымен қайта ұйымдастырылуы;

      2) заңды тұлға- көрсетілетін қызметті алушы атауының өзгеруі ____;

      3) заңды тұлға- көрсетілетін қызметті алушының орналасқан жерінің өзгеруі ____;

      4) егер лицензияның иеліктен шығарылатындығы "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына 1-қосымшада көзделген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушы үшінші тұлғалардың пайдасына объектімен бірге "объектілерге берілетін рұқсаттар" класы бойынша берілген лицензияны иеліктен шығаруы ____;

      5) "объектілерге берілетін рұқсаттар" класы бойынша берілген лицензия үшін немесе лицензияға қосымшалар үшін объектілерді көрсете отырып, объект нақты көшірілмей оның орналасқан жерінің мекенжайы өзгеруі ____;

      6) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талап болған жағдайларда ____;

      7) қызмет түрінің атауы өзгеруі ____;

      8) қызметтің кіші түрінің атауы өзгеруі _____ қайта ресімдеуіңізді сұраймын.

      Заңды тұлғаның мекенжайы_______________________________________

      _____________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның (соның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы,

       бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру

      нөмірі болмаған жағдайда - шетелдік заңды тұлға филиалының немесе

      өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

      Электрондық пошта ____________________________________________.

      Телефондары __________________________________________________.

      Факс _________________________________________________________.

      Банк шоты ____________________________________________________.

       (шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi)

      Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру

      объектісінің мекенжайы_______________________________________________

      ____________________________________________________________________.

       (шетелдік заңды тұлға үшін-елі, пошталық индексі, елі, облысы,

      қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық

      үй-жайлар) нөмірі)

      ______ парақта қоса беріліп отыр.

      Осымен:

      көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;

      өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;

      қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады;

      ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді;

      Басшы _________ ____________________________________________

       (қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)

      Мөр орны Толтыру күні: 20__ жылғы "__" __________________.

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 563 бұйрығына
4-қосымша

"Экспорттық бақылауға жататын өнiмнің транзитіне рұқсат
беру" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер

      1. "Экспорттық бақылауға жататын өнiмнiң транзитіне рұқсат беру" мемлекеттiк көрсетілетін қызметі (бұдан әрi - мемлекеттiк көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрi - Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттiк қызметті Министрлiктің Индустриялық даму және өнеркәсiптiк қауiпсiздiк комитетi (бұдан әрi - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетедi.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

      көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

      "электрондық үкiметтiң" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрi - портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi

      4. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған, сондай-ақ порталға өтініш берілген сәттен бастап - 20 (жиырма) жұмыс күн.

      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшiн күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут;

      3) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут.

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартады.

      5. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нысаны - электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрiнде.

      6. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесi - экспорттық бақылауға жататын өнiмнiң транзитіне рұқсат немесе осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 9-1-тармағында көзделген жағдайларда және негiздер бойынша мемлекеттiк көрсетілетін қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап.

      Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн ұсыну нысаны: электрондық түрiнде.

      Мемлекеттiк көрсетілетін қызметті алу үшін портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті беруші уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрi - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында "жеке кабинетіне" жіберіледі.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін қағаз тасығышта алу үшін өтініш білдірген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі электрондық форматта ресімделіп, басып шығарылады, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының мөрімен және қолымен расталады.

      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 20.06.2016 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       7. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрi - көрсетілетін қызметті алушы) тегiн көрсетiледi.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнің - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiнен басқа, дүйсенбiден бастап жұма аралығында, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі асқа үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін жүзеге асырылады.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі асқа үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.

      Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртiбiмен көрсетіледі;

      2) порталдың - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулiк бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш пен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).

      9. Көрсетiлетiн қызметтi алушының (не оның өкілінің) жүгінуі кезінде мемлекеттiк қызметті көрсету үшін қажеттi құжаттар тiзбесi:

      көрсетілетін қызметті берушіге:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес өтiнiш;

      2) жеке басын куәландыратын құжат және өкілдің өкілеттігін растайтын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін);

      3) заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы құжат – шетелдік заңды тұлға үшін;

      4) жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат, кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығын растайтын құжат – шетелдік жеке тұлға үшін;

      5) экспорттаушы елдiң экспорттық бақылау мәселелерi бойынша уәкiлеттi органы берген өнiмдi шығаруға рұқсатының бар екендігі туралы құжат;

      6) көрсетілетін қызметті алушы мемлекетінің заңнамасына сәйкес өнiмнiң транзитiне байланысты қызметтi жүзеге асыруға берілген құқықты растайтын құжат;

      7) сыртқы сауда қызметінің барлық қатысушылары, сондай-ақ өнiмнiң номенклатурасы және көлемi (заттай және құндық мәндегi) көрсетілген өнімді жеткізуге арналған келісімшарт;

      8) "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес көрсетiлетiн қызметтi алушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шарты;

      9) Қазақстан Республикасының ядролық және радиациялық қауiпсiздiгi жөнiндегi құзыреттi органдары рұқсатының қолданылу шарттарын қоса алғанда, Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтiк құқықтық актiлерiнің бұзушылығы айқындалған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы тарапынан тасымалдың нақты жағдайларына тексеру жүргiзуге, сондай-ақ ықтимал уақытша сақтауға, керi тасымалдауға, сараптамаға және атқарушы органдардың басқа да қажеттi әрекеттерiне байланысты шығыстарды, сондай-ақ айқындалған ауытқуларды заңнама талаптарына сәйкес келтiру және/немесе экспортталуы мемлекетке жүктi қайтару қажеттiлігiне байланысты шығыстарды өтеуге кепiлдiктi растайтын құжат;

      10) өтiнiш берушiнiң транзитпен ауысатын өнiмнiң номенклатурасы мен көлемi көрсетілген (заттай және құндық мәндегi) жеке қорғауды жүзеге асыруды қамтамасыз еткенiн растайтын құжат және жеке қорғауды жүзеге асыратын заңды немесе жеке тұлғалардың күзет қызметiн жүзеге асыруға берілген құқығын растайтын құжат;

      өнімді физикалық қорғауды әскери көлікпен алып жүретін қарауыл жүзеге асырған жағдайда, мәлімделген транзиттік тасымалдауды жүзеге асыру кезінде әскери көлікті алып жүретін қарауыл қызметкерлерінің тегі, аты, әкесінің аты, қаруының түрі (маркасы), қарудың нөмірі және калибрі әр әкелінетін қару бірлігіне оқ-дәрі саны көрсетіле отырып, әскери көлікпен алып жүретін қарауыл туралы ақпаратты ұсыну қажет;

      11) егер жүк алушыға жүктi беру оған қатысы жоқ себептер бойынша мүмкiн болмаған жағдайда, өнiмдi жүк жөнелтушiнiң бұл жүктi қайтадан қабылдауға келiсiмiн растайтын құжат;

      12) қауіпсіздік паспорты ("Химиялық өнімнің қауіпсіздігі туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес химиялық өнімге қатысты);

      13) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қозғалыс бағыты, кіру және шығу шекаралық бекеттері, көлік түрі туралы мәліметтер;

      14) 1, 6 және 7-санаттағы қауіпті жүкті тасымалдауға арнайы рұқсат – қауіпті жүктердің транзиттік тасымалын автомобиль көлігімен жүзеге асырған кезде.

      3), 4), 5), 6), 7), 8), 9) 10), 11), 12) және 13) тармақшаларда көрсетiлген құжаттар Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлiне немесе орыс тiлiне аудармасымен, сондай-ақ 9) және 11) тармақшаларды қоспағанда, нотариалды куәландырылған көшірмелерімен қоса берiледi.

      Егер шет мемлекеттiң мемлекеттiк органы көрсетілетін қызметті алушы болып шығатын жағдайда:

      3), 6), 8) және 9) тармақшаларда көрсетiлген құжаттарды ұсыну талап етiлмейдi;

      7) тармақшада көрсетiлген келiсiмшарт болмаған кезде өнiмдi жеткiзу қажеттiлiгiн негiздейтiн өзге де құжаттар ұсынылады.

      порталға:

      1) көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес өтiнiш;

      2) заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы құжаттың электрондық көшірмесі – шетелдік заңды тұлға үшін;

      3) жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі – шетелдік заңды тұлға үшін;

      4) экспорттаушы елдiң экспорттық бақылау мәселелерi бойынша уәкiлеттi органы берген өнiмдi шығаруға рұқсатының бар екендігі туралы құжаттың электрондық көшірмесі;

      5) көрсетілетін қызметті алушы мемлекетінің заңнамасына сәйкес өнiмнiң транзитiне байланысты қызметтi жүзеге асыруға берілген құқықты растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;

      6) сыртқы сауда қызметінің барлық қатысушылары, сондай-ақ өнiмнiң номенклатурасы және көлемi (заттай және құндық мәндегi) көрсетілген өнімді жеткізуге арналған келісімшарттың электрондық көшірмесі;

      7) "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес көрсетiлетiн қызметтi алушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шарттың электрондық көшірмесі;

      8) Қазақстан Республикасының ядролық және радиациялық қауiпсiздiгi жөнiндегi құзыреттi органдары рұқсатының қолданылу шарттарын қоса алғанда, Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтiк құқықтық актiлерiнің бұзушылығы айқындалған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы тарапынан тасымалдың нақты жағдайларына тексеру жүргiзуге, сондай-ақ ықтимал уақытша сақтауға, керi тасымалдауға, сараптамаға және атқарушы органдардың басқа да қажеттi әрекеттерiне байланысты шығыстарды, сондай-ақ айқындалған ауытқуларды заңнама талаптарына сәйкес келтiру және/немесе экспортталуы мемлекетке жүктi қайтару қажеттiлігiне байланысты шығыстарды өтеуге кепiлдiктi растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;

      9) өтiнiш берушiнiң транзитпен ауысатын өнiмнiң номенклатурасы мен көлемi көрсетілген (заттай және құндық мәндегi) жеке қорғауды жүзеге асыруды қамтамасыз еткенiн растайтын құжат және жеке қорғауды жүзеге асыратын заңды немесе жеке тұлғалардың күзет қызметiн жүзеге асыруға берілген құқығын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;

      өнімді физикалық қорғауды әскери көлікпен алып жүретін қарауыл жүзеге асырған жағдайда, мәлімделген транзиттік тасымалдауды жүзеге асыру кезінде әскери көлікті алып жүретін қарауыл қызметкерлерінің тегі, аты, әкесінің аты, қаруының түрі (маркасы), қарудың нөмірі және калибрі әр әкелінетін қару бірлігіне оқ-дәрі саны көрсетіле отырып, әскери көлікпен алып жүретін қарауыл туралы ақпаратты ұсыну қажет;

      10) егер жүк алушыға жүктi беру оған қатысы жоқ себептер бойынша мүмкiн болмаған жағдайда, өнiмдi жүк жөнелтушiнiң бұл жүктi қайтадан қабылдауға келiсiмiн растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;

      11) қауіпсіздік паспорттың электрондық көшірмесі ("Химиялық өнімнің қауіпсіздігі туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес химиялық өнімге қатысты);

      12) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қозғалыс бағыты, кіру және шығу шекаралық пункттері, көлік түрі туралы мәліметтердің электрондық көшірмесі;

      13) 1, 6 және 7-санаттағы қауіпті жүкті тасымалдауға арнайы рұқсаттың электрондығ көшірмесі – қауіпті жүктердің транзиттік тасымалын автомобиль көлігімен жүзеге асырған кезде.

      2), 3), 4), 5), 6), 7), 8) 9), 10), 11) және 12) тармақшаларда көрсетiлген құжаттар Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлiне немесе орыс тiлiне аудармасымен, сондай-ақ 8) және 10) тармақшаларды қоспағанда, нотариалды куәландырылған көшірмелерімен қоса берiледi.

      Егер шет мемлекеттiң мемлекеттiк органы көрсетілетін қызметті алушы болып шығатын жағдайда:

      2), 5), 7) және 8) тармақшаларда көрсетiлген құжаттарды ұсыну талап етiлмейдi;

      6) тармақшада көрсетiлген келiсiмшарт болмаған кезде өнiмдi жеткiзу қажеттiлiгiн негiздейтiн құжаттар ұсынылады.

      Жеке басты куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны, дара кәсiпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, 1, 6 және 7-санаттағы қауіпті жүкті тасымалдауға арнайы рұқсат туралы мәлiметтерді көрсетiлетiн қызметтi берушi "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:

      1) көрсетiлетiн қызметтi берушiге (қолма-қол не пошта байланысы арқылы) - құжаттар топтамасын қабылдау күнiн және уақытын көрсете отырып, оның көшiрмесiндегі көрсетiлетiн қызметтi берушiнің кеңсесiнде тiркелгенi туралы белгi өтініштің қағаз тасығышта қабылданғанын растау болып табылады;

      2) портал арқылы - көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетiнде" мемлекеттiк көрсетілетін қызметтiң нәтижелерiн алу күнiн көрсете отырып, мемлекеттiк қызметтi көрсетуге арналған сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 20.06.2016 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       9-1. Мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту негіздері:

      1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      3) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауабы, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;

      4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;

      5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы.

      Ескерту. 2-тарау 9-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 20.06.2016 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша орталық
мемлекеттiк органдардың, сондай-ақ көрсетiлетiн қызметті
берушiлердiң және (немесе) олардың лауазымды адамдарының
шешiмдерiне, әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

      10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органның, көрсетiлетiн қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану:

      шағым осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетiлетiн қызметтi беруші басшысының атына не 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, "Транспорт Тауэр" ғимараты, № 2117 кабинет мекенжайы бойынша Министрлік басшылығының атына беріледі, телефоны: 8 (7172) 75-48-66, 75-49-14.

      Шағым пошта арқылы жазбаша нысанда не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

      Шағымда көрсетілетін қызметті алушы тегін, атын, әкесінің атын, пошталық мекенжайын, шығыс нөмірі мен күнін көрсетеді. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қою тиіс.

      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қабылдап алған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орны көрсетіле отырып, шағымды тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін шағым көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Портал арқылы жүгінген кезде шағым жасаудың тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.

      Шағымды көрсетiлетiн қызметтi алушыға портал арқылы "жеке кабинеттен" жiберген кезде жүгіну туралы ақпарат қолжетiмдi болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішін өңдеу (жеткiзу, тiркеу, орындау, туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағым жасай алады.

      Көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетiлетiн қызметтi алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен сотқа жүгінеді.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 20.06.2016 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық
нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері ескерілген
өзге де талаптар

      12. Мемлекеттік қызмет көрсету мекенжайы көрсетілетін қызметті берушінің - www.comprom.kz интернет-ресурсында, "Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

      13. ЭЦҚ болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.

      14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қолжетімділік режимінде алу мүмкіндігі бар.

      15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтің байланыс телефондары: 8 (7172) 75-41-02, 75-41-04, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

  "Экспорттық бақылауға жататын
өнiмнiң транзитіне рұқсат беру"
мемлекеттiк көрсетілетін қызмет
стандартына 1-қосымша

Өнiмнiң транзитiне рұқсат алуға арналған өтiнiш

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 20.06.2016 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1. Рұқсат №

2. Көрсетiлетiн қызметтi

алушы _______________________________________________________________

(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке

сәйкестендiру нөмiрі, көрсетілетін қызметті алушыны жеке кәсіпкер

ретінде мемлекеттік тіркелуі туралы куәліктің нөмірі және берілген

күні – жеке кәсіпкер үшін; заңды тұлғаның (оның ішінде шетелдік

заңды тұлғаның) толық атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмiрі, шетелдік

заңды тұлғаның филиалының немесе өкілеттілігінің

бизнес-сәйкестендіру нөмірі – заңды тұлғада бизнес-сәйкестендіру

нөмірі болмаған жағдайда, орналасқан орны).

3. Жүк жөнелтушi (заңды мекенжайы, телефоны)

6. Жүк жөнелтушiнiң елi

4. Жүк алушы (заңды мекенжайы, телефоны)

7. Бару елi

5. Көрсетiлетiн қызметтi алушының елi

8. Қолданылу мерзiмi

9. Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу бекеті/ Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдары

кіру

шығу

10. Көлiк түрi

11. Төлем валютасы

12. Өнімнің атауы және толық сипаттамасы

13. Тауардың ЕЭК СЭҚ ТН бойынша коды

15. Өлшем

бiрлiгi

17. Жалпы құны

(мың):

төлем валютасымен,

теңгемен,

доллармен (USD)

14. Тауардың бақылау тiзiмдерi бойынша коды

16. Саны

18. Рұқсат сұрау үшiн негiз (келiсiмшарттың №, оған қол қойылған күнi)

19. Келiсiлдi

20. Көрсетiлетiн қызметтi алушы ұйымнан (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Лауазымы, қолы,

МО (болған жағдайда), күнi)

21. Көрсетiлетiн қызметтi беруші

Өтiнiш 20_____ жылы " "_____ қарауға қабылданды

22. Сақтандыру полистерiнiң нөмiрлерi, сақтандыру компаниясының атауы

23. Рұқсаттың ерекше шарттары

  "Экспорттық бақылауға жататын
өнiмнiң транзитіне рұқсат беру"
мемлекеттiк көрсетілетін қызмет
стандартына 2-қосымша

Мәлімделген транзиттік тасымалдауды жүзеге асырған кезде
қозғалыс бағыты, кіру және шығу шекаралық бекеттері, көлік түрі
туралы мәліметтер

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 20.06.2016 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Көрсеткіштер

Көрсеткіш мазмұны

Ескертпе

Жүктің толық атауы

Өлшем бірлігі

Саны

Қауіптілік сыныбы

БҰҰ коды

ҮЖН коды

ЕЭК СЭҚ ТН коды

Көрсетiлетiн қызметтi алушы

ұйымның толық атауы, толық заңды мекенжайы, телефондары

ҚР аумағы бойынша экспедитор

ұйымның толық атауы, толық заңды мекенжайы, телефондары

(әуе және су көлігімен тасымалдау кезінде қажет етілмейді)

Шарттың көшірмесі қоса беріледі

Жүктерді күзету

ұйымның толық атауы, заңды мекенжайы, келісімшарттың нөмірі және күні, жүктің осы түрін күзетуге беру туралы мәліметтер

(әуе және су көлігімен тасымалдау кезінде қажет етілмейді)

Шарттың көшірмесі қоса беріледі

Көлік түрі

көрсетілсін:

Жүк жөнелтуші

ұйымның толық атауы, заңды мекенжайы, телефоны

Жүк қабылдаушы

ұйымның толық атауы, заңды мекенжайы, телефоны

Тасымалдау бағыты:

Жөнелтуші станцияның (бекеті, айлағы, әуежайы) атауы, елі

Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы кіру кезіндегі өткізу бекетінің (станцияның, айлақтың, әуежайдың) атауы

Қазақстан Республикасының аумағы бойынша қозғалу бағыты

Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы шығу кезіндегі өткізу бекетінің (станцияның, айлақтың, әуежайдың) атауы

Жеткізілу станциясының (бекеттің, айлақтың, әуежайдың) атауы, елі

Тасымалдау мерзімі

күні, айы, жылы - күні, айы, жылы

Зиян келтіргені үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру туралы деректер

сақтандыру компаниясының толық атауы, толық заңды мекенжайы, телефондары, сақтандыру полисінің күні және №

Авариялық карточканың нөмірі

Авариаялық карточка қоса беріледі

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 563 бұйрығына
5-қосымша

"Уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану,
жою жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру"
мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер

      1. "Уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттiк көрсетілетін қызметі (бұдан әрi - мемлекеттiк көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрi - Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттiк қызметті Министрлiктің Индустриялық даму және өнеркәсiптiк қауiпсiздiк комитетi (бұдан әрi - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетедi.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

      көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

      "электрондық үкiметтiң" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрi - портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi

      4. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған, сондай-ақ порталға өтініш берілген сәттен бастап:

      лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру - 15 (он бес) жұмыс күні;

      лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресiмдеу - 3 (үш) жұмыс күні;

      көрсетілетін қызметті алушыны бөліп шығару немесе бөліну нысанында қайта ұйымдастыру кезінде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресiмдеу - 15 (он бес) жұмыс күні;

      лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқаларын беру - 2 (екi) жұмыс күні;

      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшiн күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут;

      3) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут.

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартады.

      5. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нысаны - электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрiнде.

      6. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесi - уларды өндіру, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия және (немесе) лицензияға қосымша, қайта ресімделген лицензия және (немесе) лицензияға қосымша, лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшанының телнұсқасы немесе осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негiздер бойынша мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап.

      Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн ұсыну нысаны: электрондық түрiнде.

      Мемлекеттiк көрсетілетін қызметті алу үшін портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті беруші уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрi - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында "жеке кабинетіне" жіберіледі.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін қағаз тасығышта алу үшін өтініш білдірген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі электрондық форматта ресімделіп, басып шығарылады, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының мөрімен және қолымен расталады.

      7. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрi - көрсетілетін қызметті алушы) ақылы түрде көрсетiледi. Мемлекеттiк қызмет көрсету кезiнде көрсетiлетiн қызметтi алушының орналасқан жері бойынша бюджетке жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығына лицензиялық алым төленедi:

      1) аталған қызмет түрiмен айналысу құқығына лицензия беру кезінде лицензиялық алым 10 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі - АЕК) құрайды;

      2) лицензияны қайта ресімдегені үшін лицензиялық алым - лицензия беру кезіндегі ставканың 10 %-ын құрайды, бiрақ 4 АЕК-тен аспайды.

      3) лицензияның телнұсқасын беру - лицензия беру кезіндегі ставканың 100 %-ын құрайды.

      Лицензиялық алымды төлеу қолма-қол және қолма-қол емес нысанда екінші деңгейда банктер және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы алуға электрондық сұрау салу берілген жағдайда төлем "электрондық үкіметке" төлем шлюзі (бұдан әрі - ЭҮТШ) немесе екінші деңгейда банктер арқылы жүзеге асырылады.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнің - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiнен басқа, дүйсенбiден бастап жұма аралығында, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі асқа үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін жүзеге асырылады.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі асқа үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.

      Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртiбiмен көрсетіледі;

      2) порталдың - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулiк бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш пен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).

      9. Көрсетiлетiн қызметтi алушының (не оның өкілінің) жүгінуі кезінде мемлекеттiк көрсетілетін қызметті көрсетуге қажеттi құжаттар тiзбесi:

      көрсетілетін қызметті берушіге:

      1) лицензия алу үшiн:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1 және 2-қосымшаларға сәйкес заңды немесе жеке тұлға үшін өтiнiш;

      жеке басын куәландырылатын құжат және өкілдің өкілеттігін куәландыратын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін);

      жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес бiлiктiлiк талаптарына сәйкес мәлiметтер нысаны;

      2) лицензияға қосымшаны алу үшiн:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1 және 2-қосымшаларға сәйкес заңды немесе жеке тұлға үшін белгiленген үлгiдегi өтiнiш;

      жеке басын куәландырылатын құжат және өкілдің өкілеттігін куәландыратын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін);

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес бiлiктiлiк талаптарына сәйкестігі туралы мәлiметтер нысаны;

      3) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшiн:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4 және 5-қосымшаларға сәйкес заңды немесе жеке тұлға үшін өтiнiш;

      жеке басын куәландырылатын құжат және өкілдің өкілеттігін куәландыратын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін);

      лицензияны қайта ресімдеу үшiн лицензиялық алым төлегенін растайтын құжаттың көшірмесі;

      алынатын ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпарат қамтылған құжаттардың көшірмесі;

      4) тиісті ақпараттық жүйелерден лицензия туралы мәліметтер алуға мүмкіндік болмаған жағдайда лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын алу үшiн:

      еркін нысандағы өтiнiш;

      жеке басын куәландырылатын құжат және өкілдің өкілеттігін куәландыратын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін);

      лицензияның телнұсқасын алу үшiн бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi.

      Порталға:

      1) лицензия алу үшiн:

      көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1 және 2-қосымшаларға сәйкес заңды немесе жеке тұлға үшін өтiнiш;

      ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес бiлiктiлiк талаптарына сәйкестігі туралы мәлiметтер нысаны;

      2) лицензияға қосымшаны алу үшiн:

      көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1 және 2-қосымшаларға сәйкес заңды немесе жеке тұлға үшін өтiнiш;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес бiлiктiлiк талаптарына сәйкестігі туралы мәлiметтер нысаны;

      3) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшiн:

      көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық 5ұжат нысанындағы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4 және 4-қосымшаларға сәйкес заңды немесе жеке тұлға үшін өтiнiш;

      ЭҮТШ арқылы ақысын төлеуді қоспағанда, лицензиялық алым төлегенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;

      алынатын ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпарат қамтылған құжаттардың электрондық көшірмесі.

      4) тиісті ақпараттық жүйелерден лицензия туралы мәліметтер алуға мүмкіндік болмаған жағдайда лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын алу үшiн:

      көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы еркін нысандағы сұрау салу;

      ЭҮТШ арқылы ақысын төлеуді қоспағанда, лицензияның телнұсқасын алу үшiн бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың электрондық көшiрмесi.

      Жеке басты куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны, дара кәсiпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәлiметтерді, ЭҮТШ арқылы төленген туралы көрсетiлетiн қызметтi берушi "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:

      1) көрсетiлетiн қызметтi берушiге (қолма-қол не пошта байланысы арқылы) - құжаттар топтамасын қабылдау күнiн және уақытын көрсете отырып, оның көшiрмесiндегі көрсетiлетiн қызметтi берушiнің кеңсесiнде тiркелгенi туралы белгi өтініштің қағаз тасығышта қабылданғанын растау болып табылады;

      2) портал арқылы - көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетiнде" мемлекеттiк көрсетілетін қызметтiң нәтижелерiн алу күнiн көрсете отырып, мемлекеттiк қызметтi көрсетуге арналған сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

      10. Мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту негіздері:

      1) Қазақстан Республикасының заңдарында жеке немесе заңды тұлғалардың осы санаты үшін қызмет түрімен айналысуға тыйым салынған;

      2) лицензиялық алым енгізілмеген;

      3) көрсетілетін қызметті алушы біліктілік талаптарына сәйкес келмеген;

      4) көрсетілетін қызметті беруші тиісті келісуші мемлекеттік органнан өтініш берушінің лицензиялау кезінде қойылатын талаптарға сәйкес келмейтіні туралы жауап алған;

      5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты лицензиялауға жататын қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе оларға тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған;

      6) сот орындаушысының ұсынуы негізінде сот көрсетілетін қызметті алушы-борышкерге лицензия беруге уақытша тыйым салған жағдайларда жүзеге асырылады.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша орталық
мемлекеттiк органдардың, сондай-ақ көрсетiлетiн қызметті
берушiлердiң және (немесе) олардың лауазымды адамдарының
шешiмдерiне, әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

      11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органның, көрсетiлетiн қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану:

      шағым осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетiлетiн қызметтi беруші басшысының атына не 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, "Транспорт Тауэр" ғимараты, № 2117 кабинет мекенжайы бойынша Министрлік басшылығының атына беріледі, телефоны: 8 (7172) 75-48-66, 75-49-14.

      Шағым пошта арқылы жазбаша нысанда не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

      Шағымда көрсетілетін қызметті алушы тегін, атын, әкесінің атын, пошталық мекенжайын, шығыс нөмірі мен күнін көрсетеді. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қою тиіс.

      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қабылдап алған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орны көрсетіле отырып, шағымды тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін шағым көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Портал арқылы жүгінген кезде шағым жасаудың тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.

      Шағымды көрсетiлетiн қызметтi алушыға портал арқылы "жеке кабинеттен" жiберген кезде жүгіну туралы ақпарат қолжетiмдi болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішін өңдеу (жеткiзу, тiркеу, орындау, туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағым жасай алады.

      Көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетiлетiн қызметтi алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық
нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері ескерілген
өзге де талаптар

      13. Мемлекеттік қызмет көрсету мекенжайы көрсетілетін қызметті берушінің - www.comprom.kz интернет-ресурсында, "Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

      14. ЭЦҚ болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.

      15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қолжетімділік режимінде алу мүмкіндігі бар.

      16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтің байланыс телефондары: 8 (7172) 75-41-02, 75-41-04, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

  "Уларды өндіру, өңдеу, сатып
алу, сақтау, өткізу, пайдалану,
жою жөніндегі қызметті жүзеге
асыруға лицензия беру" мемлекеттiк
көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша

Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны
алуға арналған заңды тұлғаның өтiнiші

      ______________________________________________________________.

      (көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы)

      ______________________________________________________________.

      (заңды тұлғаның (соның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық

      атауы, мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның

      бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда - шетелдік заңды

      тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

      _______________________________________________________________

      (қызметтiң түрi және (немесе) қызметтің кіші түрінің(-лері)

      толық атауы көрсетiлсiн)

      _____________________________________________________________________

      _____________________________ жүзеге асыруға лицензияны және (немесе)

      лицензияға қосымшаны қағаз тасығышта ______ (лицензияны қағаз

      тасығышта алу қажет болған жағдайда Х белгісін қою керек) беруiңiздi

      сұраймын.

      Заңды тұлғаның мекенжайы _____________________________________.

      (шетелдік заңды тұлға үшін) пошталық индексі, елі, облысы,

      қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық

      үй-жайлар) нөмірі)

      Электрондық пошта ____________________________________________;

      Телефондары __________________________________________________;

      Факс _________________________________________________________;

      Банк шоты ____________________________________________________;

       (шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi)

      Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру

      объектісінің мекенжайы ______________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше

      атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)

      ______ парақта қоса беріліп отыр.

      Осымен:

      көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуг болатындығы;

      өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;

      қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады;

      ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді.

      Басшы _________ ____________________________________________

       (қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)

      Мөр орны Толтыру күні: 20__ жылғы "__" __________________.

  "Уларды өндіру, өңдеу, сатып
алу, сақтау, өткізу, пайдалану,
жою жөніндегі қызметті жүзеге
асыруға лицензия беру" мемлекеттiк
көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша

Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға
жеке тұлғаның өтініші

      ______________________________________________________________.

      (көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы)

      ______________________________________________________________.

      (жеке тұлғаның тегі,аты,әкесінің аты(болған жағдайда), жеке

      сәйкестендңру нөмірі)

      _______________________________________________________________

      қызметтің түрі және (немесе) қызметтің кіші түрінің (-лері)

      толық атауы көрсетілсін)

       (жүзеге асыруға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны

      қағаз тасығышта _____ (лицензияны қағаз тасығышта алу қажет болған

      жағдайда Х белгісін қою керек) беруіңізді сұраймын.

      Жеке тұлғаның тұрғылықты жерінің мекенжайы_____________________

      ____________________________________________________________________.

      (пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше

      атауы үй/ғимарат)

      Электрондық пошта _________________________________________.

      Телефондары _______________________________________________.

      Факс ______________________________________________________.

      Банк шоты__________________________________________________.

       (шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)

      Қызметті немесе іс-қимылды (операцияланды) жүзеге асыру

      объектісінің мекенжайы ______________________________________________

      ____________________________________________________________________.

      (пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше

      атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)

      Парақта қоса беріліп отыр ______.

      Осымен:

      қөрлетілген барлық деректердің ресми байлыныстар болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тату мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;

      өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;

      қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады;

      ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді.

      Жеке тұлға _______ ___________________________________________

       (қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)

      Мөр орны Толтыру күні: 20__ жылғы "__" _____________________

  "Уларды өндіру, өңдеу, сатып
алу, сақтау, өткізу, пайдалану,
жою жөніндегі қызметті жүзеге
асыруға лицензия беру" мемлекеттiк
көрсетілетін қызмет стандартына
3-қосымша

Уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану,
жою бойынша қызметті жүзеге асыруға қойылатын бiлiктiлiк
талаптарына және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың
тізбесіне мәліметтер нысаны

      1. Уларды өндiру, өңдеу, сақтау, өткiзу, жою жөніндегі кiшi қызмет түрi үшiн мыналардың бар/жоғы:

      1) Меншiк құқығындағы өнеркәсiптiк, санитариялық-эпидемиологиялық қауiпсiздiк талаптарына сай келетiн және мыналарды қамтитын өндiрiстiк-техникалық база:

      мамандандырылған өндiрiстiк ғимарат _______;

      арнайы жабдықталған қойма __________________;

      жұмысшы персоналды орналастыруға арналған қызметтiк үй-жай____;

      жылжымайтын мүлiктiң кадастрлық нөмiрi (орналасқан жері)_______;

      технологиялық желiлердiң бар/жоғы туралы ақпарат ____________;

       2) уларды дайындауға және өңдеуге арналған технологиялық регламенттiң бар/жоғы туралы ақпаратты қамтитын уларды дайындауға және өңдеуге арналған, мынаны қамтитын технологиялық регламент ___________;

      3) мыналарды:

      жабдықтарды, тетiктердi, технологиялық желiлердi пайдалану мен техникалық қызмет көрсетудi;

      еңбек қауiпсiздiгiн бақылау мен қоршаған ортаны қорғауды;

      медициналық бақылауды;

      метрологиялық бақылауды;

      улардың есепке алынуын қамтамасыз ететiн қызметтер:

       қызметтердi құру және (немесе) жауапты тұлғаларды тағайындау туралы бұйрықтың нөмiрi мен қол қойылған күнi ______________________________;

      4) тиiстi арнайы бiлiмi, мамандығы бойынша кемiнде бiр жыл практикалық жұмыс тәжiрибесi бар, өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы уәкiлеттi органда аттестаттаған ұйымда өнеркәсiптiк қауiпсiздiк қағидаларын оқудан және бiлiмiн тексеруден өткен мамандардың, инженерлiк-техникалық қызметкерлердiң және улармен жұмыс iстейтiн жұмысшы персоналдың, мыналарды қамтитын бiлiктi құрамы:

      тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда) __________________;

      лауазымы ______________________________;

      тағайындау туралы бұйрықтың нөмiрi мен күнi _____________;

      мамандығы бойынша жұмыс өтiлi ______________________________;

      бiлiмi бойынша мамандығы ______________________________;

      арнайы бiлiмiн растайтын дипломның нөмiрi мен күнi ___________;

      дипломды берген оқу орнының атауы ___________________________;

       өнеркәсiптiк қауiпсiздiк қағидаларын оқу және бiлiмiн тексеру туралы куәлiктiң немесе хаттаманың нөмiрi мен күнi _________________;

       өнеркәсiптiк қауiпсiздiк қағидаларын оқу және бiлiмiн тексеру туралы куәлiктi немесе хаттаманы берген ұйымның атауы ______________;

      5) өндiрiстiк-техникалық базаны күзетуге күзет қызметiне лицензиясы бар мамандандырылған ұйыммен жасалған, мыналарды қамтитын шарт:

       өндiрiстiк-техникалық базаны күзету туралы шарттың нөмiрi мен қол қойылған күнi ______________________________;

       шартты жасаған, күзет қызметiне лицензиясы бар мамандандырылған ұйымның атауы ________________;

       6) арнайы қорғаныш киiмi, жеке қорғану құралдары (арнайы қорғаныш киiмiнiң, жеке қорғану құралдарының бар/жоғы туралы ақпарат) ________;

       7) ұйымның басшысы бекiткен уларды өндiру, өңдеу, сақтау, өткiзу, жою жұмыстарын жүргiзу кезiнде аварияларды жою жоспары туралы ақпаратты қамтитын ұйымның басшысы бекiткен уларды өндiру, өңдеу, сақтау, өткiзу, жою жұмыстарын жүргiзу кезiнде аварияларды жою жоспары _________;

      8) ұйымның басшысы бекiткен уларды өндiру, өңдеу, сақтау, өткiзу, жою жұмыстарын қауiпсiз жүргiзу бойынша нұсқаулық туралы ақпаратты қамтитын ұйымның басшысы бекiткен уларды өндiру, өңдеу, сақтау, өткiзу, жою жұмыстарын қауiпсiз жүргiзу бойынша нұсқаулық________________.

      2. Уларды сатып алу, сақтау, өткiзу, пайдалану жөніндегі кiшi қызмет түрi үшiн:

      1) Өнеркәсiптiк, санитариялық-эпидемиологиялық қауiпсiздiк талаптарына сәйкес келетiн меншiк құқығындағы немесе өзге де заңды негiздегi және мыналарды қамтитын өндiрiстiк-техникалық база:

      мамандандырылған өндiрiстiк ғимарат __________;

       өндiрiстiң техникалық жобасына сәйкес уларды сақтауға арналған арнайы жабдықталған қойма (үй-жай)______________________;

      жұмысшы персоналды орналастыруға арналған қызметтiк үй-жай____;

      жылжымайтын мүлiктiң кадастрлық нөмiрі (орналасқан жері)________;

       өзге заңды негiзде болған жағдайда шарттың нөмiрi мен қол қойылған күнi ______________;

      шартты жасаған ұйымның атауы ______________________________;

      2) мыналарды:

      жабдықтарды, тетiктердi, технологиялық желiлердi пайдалану мен техникалық қызмет көрсетудi;

      еңбек қауiпсiздiгiн бақылау мен қоршаған ортаны қорғауды;

      медициналық бақылауды;

      метрологиялық бақылауды;

      улардың есепке алынуын қамтамасыз ететiн қызметтер:

       қызметтердi құру және (немесе) жауапты тұлғаларды тағайындау туралы бұйрықтың нөмiрi мен қол қойылған күнi_____________________;

      3) тиiстi арнайы бiлiмi, мамандығы бойынша кемiнде бiр жыл практикалық жұмыс тәжiрибесi бар, өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы уәкiлеттi орган аттестаттаған ұйымда өнеркәсiптiк қауiпсiздiк қағидаларын оқудан және бiлiмiн тексеруден өткен мамандардың, инженерлiк-техникалық қызметкерлердiң және улармен жұмыс iстейтiн жұмысшы персоналдың, мыналарды қамтитын бiлiктi құрамы:

      тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда) ______________________;

      лауазымы ______________________________;

      тағайындау туралы бұйрықтың нөмiрi мен күнi _______________;

      мамандығы бойынша жұмыс өтiлi ______________________________;

      бiлiмi бойынша мамандығы ______________________________;

      арнайы бiлiмiн растайтын дипломның нөмiрi мен күнi ________;

      дипломды берген оқу орнының атауы ______________________________;

       өнеркәсiптiк қауiпсiздiк қағидаларын оқу және бiлiмiн тексеру туралы куәлiктiң немесе хаттаманың нөмiрi мен күнi ______________________;

       өнеркәсiптiк қауiпсiздiк қағидаларын оқу және бiлiмiн тексеру туралы куәлiктi немесе хаттаманы берген ұйымның атауы______________;

      4) күзет қызметiне лицензиясы бар мамандандырылған ұйыммен өндiрiстiк-техникалық базаны күзетуге жасалған, мыналарды қамтитын шарт:

       өндiрiстiк-техникалық базаны күзетуге жасалған шарттың нөмiрi мен қол қойылған күнi ______________________________;

       шарт жасалған, күзет қызметiне лицензиясы бар мамандандырылған ұйымның атауы ______________________________;

      5) арнайы қорғаныш киiм, жеке қорғану құралдары:

       (арнайы қорғаныш киiм, жеке қорғану құралдарының болуы туралы ақпарат) ______________________________;

       6) ұйымның басшысы бекiткен уларды сатып алу, сақтау, өткiзу, пайдалану жұмыстарын жүргiзу кезiнде аварияларды жою жоспарының бар/жоғы туралы ақпаратты қамтитын ұйымның басшысы бекiткен уларды сатып алу, сақтау, өткiзу, пайдалану жұмыстарын жүргiзу кезiнде аварияларды жою жоспары______________________________;

      7) ұйымның басшысы бекiткен уларды сатып алу, сақтау, өткiзу, пайдалану жұмыстарын қауiпсiз жүргiзу жөнiндегi нұсқаулық туралы ақпаратты қамтитын ұйымның басшысы бекiткен уларды сатып алу, сақтау, өткiзу, пайдалану жұмыстарын қауiпсiз жүргiзу жөнiндегi нұсқаулық______________________________.

      3. Уларды сатып алу, сақтау, өткiзу жөніндегі кiшi қызмет түрi үшiн:

       1) уларды сақтауға арналған өнеркәсiптiк, санитариялық-эпидемиологиялық қауiпсiздiк талаптарына сай келетiн меншiк құқығындағы арнайы жабдықталған қойманың жылжымайтын мүлiктiң кадастрлық нөмiрi (қойманың орналасқан жері) _______;

      2) мыналарды:

      еңбек қауiпсiздiгiн бақылау мен қоршаған ортаны қорғауды;

      медициналық бақылауды;

      улардың есепке алынуын қамтамасыз ететiн қызметтер:

       қызметтердi құру және (немесе) жауапты тұлғаларды тағайындау туралы бұйрықтың нөмiрi мен қол қойылған күнi ______________________________;

      3) тиiстi арнайы бiлiмi, мамандығы бойынша кемiнде бiр жыл практикалық жұмыс тәжiрибесi бар, өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы уәкiлеттi органда аттестаттаған ұйымда өнеркәсiптiк қауiпсiздiк қағидаларын оқудан және бiлiмiн тексеруден өткен мамандардың, инженерлiк-техникалық қызметкерлердiң және улармен жұмыс iстейтiн жұмысшы персоналдың, мыналарды қамтитын бiлiктi құрамы:

      тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда) _____________________;

      лауазымы ______________________________;

      тағайындау туралы бұйрықтың нөмiрi мен күнi _______________;

      мамандығы бойынша жұмыс өтiлi ____________________;

      бiлiмi бойынша мамандығы _____________________________________;

      арнайы бiлiмiн растайтын дипломның нөмiрi мен күнi ________________;

      дипломды берген оқу орнының атауы ______________________________;

       өнеркәсiптiк қауiпсiздiк қағидаларын оқу және бiлiмiн тексеру туралы куәлiктiң немесе хаттаманың нөмiрi мен күнi ___________;

       өнеркәсiптiк қауiпсiздiк қағидаларын оқу және бiлiмiн тексеру туралы куәлiктi немесе хаттаманы берген ұйымның атауы ________________;

      4) күзет қызметiне лицензиясы бар мамандандырылған ұйыммен арнайы жабдықталған қойманы күзетуге жасалған, мыналарды қамтитын шарт:

       арнайы жабдықталған қойманы күзету туралы шарттың нөмiрi мен қол қойылған күнi ______________________________;

       шарт жасалған күзет қызметiне лицензиясы бар мамандандырылған ұйымның атауы ______________________________;

       5) арнайы қорғаныш киiм, жеке қорғану құралдары (арнайы қорғаныш киiм, жеке қорғану құралдары туралы ақпарат) _____________________;

      6) ұйымның басшысы бекiткен уларды сатып алу, сақтау, өткiзу, жұмыстарын қауiпсiз жүргiзу жөнiндегi нұсқаулық туралы ақпаратты қамтитын ұйымның басшысы бекiткен уларды сатып алу, сақтау, өткiзу, жұмыстарын қауiпсiз жүргiзу жөнiндегi нұсқаулық _____________________.

  "Уларды өндіру, өңдеу, сатып
алу, сақтау, өткізу, пайдалану,
жою жөніндегі қызметті жүзеге
асыруға лицензия беру" мемлекеттiк
көрсетілетін қызмет стандартына
4-қосымша

Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны
қайта ресімдеуге арналған заңды тұлғаның өтiнiші

      ______________________________________________________________.

      (көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы)

      ______________________________________________________________.

      (заңды тұлғаның (соның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық

      атауы, мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның

      бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда – шетелдік заңды

      тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

      ______________________________________________________ жүзеге асыруға (қызметтiң түрi және (немесе) қызметтің кіші түрінің(-лері) толық атауы)

      20___ жылғы " " ___________ № ____________, ______________ берілген, (лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаның(лардың) нөмірі(лері), берілген күні, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны(ларды) берген лицензиардың атауы) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны (керектің асты сызылсын).

      қағаз тасығышта ___ (лицензияны қағаз тасығышта алу қажет болған жағдайда Х белгісін қою керек) мынадай негіз(дер) бойынша (тиісті жолға Х қою қажет):

      1) заңды тұлға- көрсетілетін қызметті алушы "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабында айқындалған тәртіпке сәйкес (тиісті жолға Х қою қажет):

      бірігу ____;

      қайта құру ____;

      қосылу ____;

      бөліп шығару ____;

      бөліну ____ жолымен қайта ұйымдастырылуы;

      2) заңды тұлға- көрсетілетін қызметті алушы атауының өзгеруі ____;

      3) заңды тұлға- көрсетілетін қызметті алушының орналасқан жерінің өзгеруі ____;

      4) егер лицензияның иеліктен шығарылатындығы "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына 1-қосымшада көзделген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушы үшінші тұлғалардың пайдасына объектімен бірге "объектілерге берілетін рұқсаттар" класы бойынша берілген лицензияны иеліктен шығаруы ____;

      5) "объектілерге берілетін рұқсаттар" класы бойынша берілген лицензия үшін немесе лицензияға қосымшалар үшін объектілерді көрсете отырып, объект нақты көшірілмей оның орналасқан жерінің мекенжайы өзгеруі ____;

      6) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талап болған жағдайларда ____;

      7) қызмет түрінің атауы өзгеруі ____;

      8) қызметтің кіші түрінің атауы өзгеруі _____ қайта ресімдеуіңізді сұраймын.

      Заңды тұлғаның мекенжайы ______________________________________

      _____________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның (соның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы,

       бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру

      нөмірі болмаған жағдайда - шетелдік заңды тұлға филиалының немесе

      өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

      Электрондық пошта ____________________________________________.

      Телефондары __________________________________________________.

      Факс _________________________________________________________.

      Банк шоты ____________________________________________________.

       (шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi)

      Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру

      объектісінің мекенжайы _____________________________________________.

      (шетелдік заңды тұлға үшін-елі, пошталық индексі, елі, облысы,

      қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат

      (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)

      ______ парақта қоса беріліп отыр.

      Осымен:

      көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;

      өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;

      қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады;

      ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді.

      Басшы _________ ____________________________________________

       (қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)

      Мөр орны Толтыру күні: 20__ жылғы "__" __________________.

  "Уларды өндіру, өңдеу, сатып
алу, сақтау, өткізу, пайдалану,
жою жөніндегі қызметті жүзеге
асыруға лицензия беру" мемлекеттiк
көрсетілетін қызмет стандартына
5-қосымша

Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта
ресімдеуге арналған жеке тұлғаның өтiнiші

      _______________________________________________________________

      (көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы)

      _______________________________________________________________

      (жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда), жеке

      сәйкестендіру нөмірі)

      _______________________________________________________________

      (қызметтiң түрi және (немесе) кіші түрінің(-лері) толық атауы)

      ______________________________________ жүзеге асыруға

      20___ жылғы " " ___________ № ____________, _______________ берілген, (лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаның(лардың) нөмірі(лері), берілген күні, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны(ларды) берген лицензиардың атауы) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны (керектің асты сызылсын).

      қағаз тасығышта ___ (лицензияны қағаз тасығышта алу қажет болған жағдайда Х белгісін қою керек)

      мынадай негіз(дер) бойынша (тиісті жолға Х қою қажет):

      1) жеке тұлға- көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) өзгеруі ___;

       2) жеке кәсіпкер- көрсетілетін қызметті алушы қайта тіркелген, оның атауы өзгеруі ______;

      3) жеке кәсіпкер- көрсетілетін қызметті алушы қайта тіркелген, оның заңды мекенжайы өзгеруі ____;

       4) егер лицензияның иеліктен шығарылатындығы "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына 1-қосымшада көзделген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушы үшінші тұлғалардың пайдасына объектімен бірге "объектілерге берілетін рұқсаттар" класы бойынша берілген лицензияны иеліктен шығаруы ________;

       5) "объектілерге берілетін рұқсаттар" класы бойынша берілген лицензия үшін немесе лицензияға қосымшалар үшін объектілерді көрсете отырып, объект нақты көшірілмей оның орналасқан жерінің мекенжайы өзгеруі _______;

       6) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талап болған жағдайларда _______;

      7) қызмет түрінің атауы өзгеруі ________;

      8) қызметтің кіші түрінің атауы өзгеруі ________ қайта ресімдеуіңізді сұраймын.

      Жеке тұлғаның тұрғылықты жерінің мекенжайы ____________________

      _____________________________________________________________________

       (пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы,

      үй/ғимарат нөмірі)

      Электрондық пошта __________________________________________.

      Телефондары ________________________________________________.

      Факс _______________________________________________________.

      Банк шоты ___________________________________________________

      (шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi)

      Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру

      объектісінің мекенжайы ______________________________________________

      (пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше

      атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар нөмірі)

      ______ парақта қоса беріліп отыр.

      Осымен:

      көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;

      көрсетілетін қызметті алушыға қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;

      қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады;

      ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді.

      Жеке тұлға _______ ___________________________________________

       (қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)

      Мөр орны Толтыру күні: 20__ жылғы "__" _____________________

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 563 бұйрығына
6-қосымша

"Жекелеген тауарлар түрлерінің импортына және (немесе)
экспортына лицензия беру" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет
стандарты
1. Жалпы ережелер

      1. "Жекелеген тауарлар түрлерінің импортына және (немесе) экспортына лицензия беру" мемлекеттiк көрсетілетін қызметі (бұдан әрi - мемлекеттiк көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрi - Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттiк қызметті Министрлiктің Индустриялық даму және өнеркәсiптiк қауiпсiздiк комитетi (бұдан әрi - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетедi.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

      көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

      "электрондық үкiметтiң" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрi - портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi

      4. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған, сондай-ақ порталға өтініш берілген сәттен бастап:

      лицензияны беру - 15 (он бес) жұмыс күні;

      лицензияның телнұсқаларын беру - 5 (бес) жұмыс күні;

      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшiн күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут;

      3) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут.

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартады.

      5. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нысаны - электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрiнде.

      6. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесi - жекелеген тауарлар түрлерінің импортына және (немесе) экспортына лицензия, лицензияның телнұсқасы немесе осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негiздер бойынша мемлекеттiк көрсетілетін қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап.

      Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн ұсыну нысаны: электрондық түрiнде.

      Мемлекеттiк көрсетілетін қызметті алу үшін портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті беруші уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрi - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында "жеке кабинетіне" жіберіледі.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін қағаз тасығышта алу үшін өтініш білдірген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі электрондық форматта ресімделіп, басып шығарылады, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының мөрімен және қолымен расталады.

      7. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрi - көрсетілетін қызметті алушы) ақылы түрде көрсетiледi. Мемлекеттiк қызмет көрсету кезiнде көрсетiлетiн қызметтi алушының орналасқан жері бойынша бюджетке жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығына лицензиялық алым төленедi:

      1) аталған қызмет түрiмен айналысу құқығына лицензия беру кезінде лицензиялық алым 10 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі - АЕК) құрайды;

      2) лицензияны қайта ресімдегені үшін лицензиялық алым 1 АЕК құрайды.

      3) лицензияның телнұсқасын беру - 1 АЕК құрайды.

      Лицензиялық алымды төлеу қолма-қол және қолма-қол емес нысанда екінші деңгейда банктер және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы алуға электрондық сұрау салу берілген жағдайда төлем "электрондық үкіметке" төлем шлюзі (бұдан әрі - ЭҮТШ) немесе екінші деңгейда банктер арқылы жүзеге асырылады.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнің - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiнен басқа, дүйсенбiден бастап жұма аралығында, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі асқа үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін жүзеге асырылады.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі асқа үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.

      Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртiбiмен көрсетіледі;

      2) порталдың - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулiк бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш пен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).

      9. Көрсетiлетiн қызметтi алушының (не оның өкілінің) жүгінуі кезінде мемлекеттiк көрсетілетін қызметті көрсетуге қажеттi құжаттар тiзбесi:

      көрсетілетін қызметті берушіге:

      1) лицензия алу үшiн:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес өтiнiш;

      жеке басын куәландырылатын құжат және өкілдің өкілеттігін куәландыратын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін);

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес өтiнiштің электрондық көшірмесі;

      сыртқы сауда шартының (келісімшартының) көшірмесі, оған қосымшалар және (немесе) толықтырулар (бір реттік лицензияға), егер сыртқы сауда шарты болмаған жағдайда, тараптардың ниетін растайтын өзге құжаттың көшірмесі;

      лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асыруға лицензия көшірмесі немесе лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асыруға лицензияның болуы туралы мәліметтер, егер мұндай қызмет түрі тауар алмасумен байланысты, Қазақстан Республикасының аумағында лицензиялануы енгізілген болса;

      жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес бiлiктiлiк талаптарына сәйкес мәлiметтер нысаны;

      2) тиісті ақпараттық жүйелерден лицензия туралы мәліметтер алуға мүмкіндік болмаған жағдайда лицензияның телнұсқасын алу үшiн:

      еркін нысандағы өтiнiш;

      жеке басын куәландырылатын құжат және өкілдің өкілеттігін куәландыратын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін);

      бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi.

      Порталға:

      1) лицензия алу үшiн:

      көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес өтiнiш;

      сұрау салудың электрондық көшірмесі;

      сыртқы сауда шартының (келісімшартының) көшірмесі, оған қосымшалар және (немесе) толықтырулар (бір реттік лицензияға), егер сыртқы сауда шарты болмаған жағдайда, тараптардың ниетін растайтын өзге құжаттың электрондық көшірмесі;

      лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асыруға лицензияның электрондық көшірмесі немесе лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асыруға лицензияның болуы туралы мәліметтер, егер мұндай қызмет түрі тауар алмасумен байланысты, Қазақстан Республикасының аумағында лицензиялануы енгізілген болса;

      ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес бiлiктiлiк талаптарына сәйкестігі туралы мәлiметтер нысаны;

      2) тиісті ақпараттық жүйелерден лицензия туралы мәліметтер алуға мүмкіндік болмаған жағдайда лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын алу үшiн:

      көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы еркін нысандағы сұрау салу;

      ЭҮТШ арқылы ақысын төлеуді қоспағанда, лицензияның телнұсқасын алу үшiн бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың электрондық көшiрмесi.

      Жеке басты куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны, дара кәсiпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәлiметтерді, ЭҮТШ арқылы төленген туралы көрсетiлетiн қызметтi берушi "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:

      1) көрсетiлетiн қызметтi берушiге (қолма-қол не пошта байланысы арқылы) - құжаттар топтамасын қабылдау күнiн және уақытын көрсете отырып, оның көшiрмесiндегі көрсетiлетiн қызметтi берушiнің кеңсесiнде тiркелгенi туралы белгi өтініштің қағаз тасығышта қабылданғанын растау болып табылады;

      2) портал арқылы - көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетiнде" мемлекеттiк көрсетілетін қызметтiң нәтижелерiн алу күнiн көрсете отырып, мемлекеттiк қызметтi көрсетуге арналған сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

      10. Мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту негіздері:

      1) Қазақстан Республикасының заңдарында жеке немесе заңды тұлғалардың осы санаты үшін қызмет түрімен айналысуға тыйым салынған;

      2) лицензиялық алым енгізілмеген;

      3) көрсетілетін қызметті алушы біліктілік талаптарына сәйкес келмеген;

      4) көрсетілетін қызметті беруші тиісті келісуші мемлекеттік органнан өтініш берушінің лицензиялау кезінде қойылатын талаптарға сәйкес келмейтіні туралы жауап алған;

      5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты лицензиялауға жататын қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе оларға тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған;

      6) сот орындаушысының ұсынуы негізінде сот көрсетілетін қызметті алушы-борышкерге лицензия беруге уақытша тыйым салған жағдайларда жүзеге асырылады;

      7) көрсетілетін қызметті алушы лицензия алу үшін ұсынған құжаттарында толық емес және дұрыс емес мәліметтердің болуы;

      8) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген талаптардың сақталмауы;

      9) лицензияны беруге негіз болатын бір немесе бірнеше құжаттардың қолданысын тоқтату немесе тоқтата тұру;

      10) іске асыру үшін лицензиясы сұратылатын шартты (келісімшартты) орындау салдары болуы мүмкін мүше мемлекеттердің халықаралық міндеттемелерінің бұзылуы;

      11) квотаның, сондай-ақ тарифтік квотаның таусылуы не олардың болмауы (квоталық тауарларға лицензия ресімдеген жағдайда);

      12) Еуразиялық экономикалық комиссия актісімен көзделген өзге де негіздер.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша орталық
мемлекеттiк органдардың, сондай-ақ көрсетiлетiн қызметті
берушiлердiң және (немесе) олардың лауазымды адамдарының
шешiмдерiне, әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

      11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органның, көрсетiлетiн қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану:

      шағым осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжайы бойынша көрсетiлетiн қызметтi беруші басшысының атына не 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, "Транспорт Тауэр" ғимараты, № 2117 кабинет мекенжай бойынша Министрлік басшылығының атына беріледі, телефоны: 8 (7172) 75-48-66, 75-49-14.

      Шағым пошта арқылы жазбаша нысанда не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

      Шағымда көрсетілетін қызметті алушы тегін, атын, әкесінің атын, пошталық мекенжайын, шығыс нөмірі мен күнін көрсетеді. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қою тиіс.

      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қабылдап алған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орны көрсетіле отырып, шағымды тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін шағым көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Портал арқылы жүгінген кезде шағым жасаудың тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.

      Шағымды көрсетiлетiн қызметтi алушыға портал арқылы "жеке кабинеттен" жiберген кезде жүгіну туралы ақпарат қолжетiмдi болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішін өңдеу (жеткiзу, тiркеу, орындау, туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағым жасай алады.

      Көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетiлетiн қызметтi алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық
нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері ескерілген
өзге де талаптар

      13. Мемлекеттік қызмет көрсету мекенжайы көрсетілетін қызметті берушінің - www.comprom.kz интернет-ресурсында, "Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

      14. ЭЦҚ болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.

      15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қолжетімділік режимінде алу мүмкіндігі бар.

      16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтің байланыс телефондары: 8 (7172) 75-41-02, 75-41-04, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

  "Жекелеген тауарлар түрлерінің
импортына және (немесе) экспортына
лицензия беру" мемлекеттiк
көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша

Тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына
лицензия алуға арналған өтініш

1. Өтініш №

2. Қолданылу кезеңі

ЖЖЖЖ.КК.АА-дан бастап

ЖЖЖЖ.КК.АА дейін|

3. Лицензияның типі |ЭКСПОРТ

4. Келісім-шарт

____ жылғы № ___

5. Көрсетілетін қызметті беруші |

6. Сатып алушы

7. Тағайындалған елі|

8. Сатып алушының елі|

9. Келісімшарт валютасы|

10. Құны

11. Статистикалық құны|

12. Шығарылған елі|

13. Саны

14. Өлшем бірлігі|

15. КО СЭҚ ТН бойынша тауардың коды және оның сипаттамасы

16. Қосымша ақпарат

17. Лицензия беру үшін негіздеме

18. Көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасы

Т.А.Ә

Лауазымы

Телефоны

Қолы және мөрі Күні

Тауарлардың жекелеген түрлерінің импортына
лицензия алуға арналған өтініш

1. Өтініш №

2. Қолдану кезеңі

ЖЖЖЖ.КК.АА-дан бастап

ЖЖЖЖ.КК.АА дейін|

3. Лицензияның типі |ИМПОРТ

4. Келісімшарт

____ жылғы № ___

5. Көрсетілетін қызметті беруші

6. Сатушы

7. Жіберу елі

8. Сатушының елі

9. Келісім-шарт валютасы

10. Құны

11. Статистикалық құны

12. Шығарылған елі

13. Саны

14. Өлшем бірлігі

15. КО СЭҚ ТН бойынша тауардың коды және оның сипаттамасы

16. Қосымша ақпарат

17. Лицензия беру үшін негіздеме

18. Көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасы

Т.А.Ә.

Лауазымы

Телефоны

Қолы және мөрі Күні

Тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе)
импортына лицензия алуға арналған өтінішке қосымша

Кеден одағына қатысушы мемлекеттің атқарушы билігінің уәкілетті мемлекеттік органы

жылғы № лицензияға қосымша

Р/с

Тауардың сипаттамасы

саны

өлшем бірлігі

құны

Р/с

Тауардың сипаттамасы

саны

өлшем бірлігі

құны

Р/с

Тауардың сипаттамасы

саны

өлшем бірлігі

құны

Р/с

Тауардың сипаттамасы

саны

өлшем бірлігі

құны

Р/с

Тауардың сипаттамасы

саны

өлшем бірлігі

құны

Р/с

Тауардың сипаттамасы

саны

өлшем бірлігі

құны

Р/с

Тауардың сипаттамасы

саны

өлшем бірлігі

құны

Р/с

Тауардың сипаттамасы

саны

өлшем бірлігі

құны

Барлығы парақ Парақ №

18. Уәкілетті тұлға

Т.А.Ә.

Лауазымы

Қолы және мөрі Күні

  "Жекелеген тауарлар түрлерінің
импортына және (немесе) экспортына
лицензия беру" мемлекеттiк
көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша

Тауарлар экспорты мен импортын лицензиялау жөніндегі қызметке
қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын
құжаттар тізбесі

№ п/п

Біліктілік талаптары

Оларға сәйкестікті растайтын құжаттар *

Ескертпе

1

2

3

4

Тауарлар экспорты және импорты кезінде **

1

Лицензияны алу ниеттерін растау

Еуразиялық экономикалық комиссиясының тиісті Алқа шешімімен бекітілген тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына лицензия беру туралы өтінішті ресімдеу және мұндай лицензияны ресімдеу туралы нұсқаулыққа сәйкес толтырылған және ресімделген лицензия беру туралы өтініші

2

Лицензияны алу ниеттерін растау

Өтініштің электрондық көшірмесі

3

Тараптардың сыртқы сауда қызметін жүзеге асыру ниеттерін растау

Сыртқы сауда шартының (келісімшартының) көшірмесі, қосымшаның және (немесе) оған толықтырудың, ал сыртқы сауда шарты (келісімшарты) болмаған жағдайда Тараптардың ниеттерін растайтын өзге де құжаттың көшірмесі

4

Мемлекеттік тіркеу туралы немесе салық органында есепке тұрғаны туралы құжаттың көшірмесінің (мәліметтерінің) болуы

Мемлекеттік тіркеу туралы немесе салық органында есепке тұрғаны туралы құжаттың көшірмесі (мәлімет)

5

Тиісті қызмет түрін жүзеге асыруға арналған рұқсат

Егер қызметтің мұндай түрі оған қатысты Еуразиялық Экономикалық Одақтың кедендік аумағында лицензиялау енгізілген тауар айналымына байланысты болса, лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асыруға арналған лицензияның көшірмесі

Озон қабатын бұзатын және құрамында олардың өнімдері бар заттардың экспорты (импорты) кезінде ***

6

Тараптар арасында мәміленің және (немесе) ниеттің, өзге иеліктен шығарудың болуы

Делдалдық қызмет көрсету туралы (егер тапсырыс беруші ретінде делдал әрекет етсе) шарттың (келісімшарттың) көшірмесі көшірмесі

7

Өнімнің техникалық регламенттер мен нормативтік құжаттарда бекітілген талаптарға сәйкестігі

Әзірлеушінің (өндірушінің), ол шығарған озон қабатын бұзатын заттардың немесе оларды құрайтын өнімдердің оларға сәйкес әзірленетін құжаттардың талаптарына сәйкес келетіні туралы сәйкестік сертификаты және (немесе) жазбаша хабарламасы. Жазбаша хабарлама ретінде (көрсетілген құжаттардың бірі ұсынылады): өндіруші (әзірлеуші) куәландырған сапа сертификатының, қауіпсіздік (сапа) паспортының, сапа туралы төлқұжаттың көшірмесі қабылданады

8

Сақтандыру шарты жасалғанын растау

Адамның денсаулығы мен қоршаған ортаға зиян келтіретін жағдайда, озон қабатын бұзатын заттардың және оларды құрайтын өнімдерді әкелуді жүзеге асыратын өтініш берушінің қолданыстағы сақтандыру полисінің немесе Одаққа мүше мемлекет заңнамасында көзделген өзге де кепілдіктерін қамтамасыз етуін растайтын құжаттың көшірмесі

9

Қалпына келтірудің жүзеге асырылғанын растау

Озон қабатын бұзатын заттарды қалпына келтіруді жүзеге асыру туралы (егер қалпына келтіруді өтініш беруші жүзеге асырмаған жағдайда ұсынылады) ұйыммен жасасқан шарттың (келісімшарттың) көшірмесі

Кәдеге жаратылған және (немесе) қайта айналысқа түскен озон қабатын бұзатын заттар әкелінген жағдайда

10

Қалпына келтіру жүзеге асырылғанын растау

Озон қабатын бұзатын заттарды қалпына келтіруді жүзеге асыруды жоспарлаған ұйымда белгіленген тиісті талаптарға сәйкес келетін қондырғының болуын растау

Кәдеге жаратылған және (немесе) қайта айналысқа түскен озон қабатын бұзатын заттар әкелінген жағдайда

11

Жою жүзеге асырылғанын растау

Озон қабатын бұзатын заттарды жоюды жүзеге асыру туралы (қалпына келтіруді өтініш беруші жүзеге асырмаған жағдайда ұсынылады) ұйыммен жасасқан шарттың (келісімшарттың) көшірмесі

Кәдеге жаратылған және (немесе) қайта айналысқа түскен озон қабатын бұзатын заттар әкелінген жағдайда

12

Жою жүзеге асырылғанын растау

Озон қабатын бұзатын заттарды жоюды жүзеге асыруды жоспарлаған ұйымда Монреаль хаттамасы Тараптарының шешімдерімен мақұлданған озон қабатын бұзатын заттарды жою технологияларына сай келетін қондырғының бар болуын растау

Кәдеге жаратылған және (немесе) қайта айналысқа түскен озон қабатын бұзатын заттар әкелінген жағдайда

13

Озон қабатын бұзатын заттардың шикізат ретінде пайдаланатынын растау

Озон қабатын бұзатын заттарды озон қауіпсіз химикалық заттарын өндіру үшін шикізат ретінде ғана пайдаланатынын растайтын өтініш берушінің хаты немесе озон қабатын бұзатын заттардың озон қауіпсіз химикалық заттарын өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланатын ұйыммен шарттың көшірмесі

Озон қабатын бұзатын заттардың шикізат ретінде пайдалану үшін әкелу мақсатында

14

Озон қабатын бұзатын заттардың бірнеше рет пайдалану ыдысында тасымалдануын растау

Егер Одаққа мүше мемлекеттің заңнамасында озон қабатын бұзатын заттардың бір рет пайдалану ыдысында әкелуге (әкетуге) тыйым салу белгіленген жағдайда озон қабатын бұзатын заттардың бірнеше рет пайдалану ыдысында тасымалданатынын растайтын мәліметтер

Өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің (улы химикаттардың) импорты кезінде

15

Тиісті қызмет түрін жүзеге асыруға берілген рұқсаттың болуы

Аэрозоль немесе фумигациялық әдістермен (салыстыру үшін түрнұсқасы ұсынылмаған жағдайда, нотариальды куәландырылған) пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіруге формулациялау, пестицидтерді (улы химикаттарды) сатуға, пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдануға берілген лицензияның көшірмесі

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің талабы

16

Әкелінген пестицидті (улы химикаттарды) қолдану үшін ауыл шаруашылық алқаптарының болуы

Ауыл шаурашылық алқаптарына құқықты белгілейтін құжаттардың көшірмелері (салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары берілмеген жағдайда, нотариалды куәландырылған) мен ауыл шаруашылығы алқаптарын химиялық өңдеуге қажетті пестицидтер санын есептеулер

Егер өтінім беруші пестицидтерді сату үшін емес өзінің меншік құқығындағы немесе жер пайдалану құқығындағы ауыл шаруашылығы алқаптарына қолдану үшін әкелген жағдайда

(Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің талабы)

17

Ресми дистрибьюторлық туралы ақпараттың болуы

Пестицидтерді (улы химикаттарды) тіркеуші фирма мен дистрибьютор компанияның арасындағы лицензиялық келісімнің көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда, нотариалды куәландырылған) немесе пестицидтерді (улы химикаттарды) тіркеуші фирмадан сатушының ресми дистрибьюторлығы туралы растау хаты

Егер өтінім беруші пестицидтер (улы химикаттар) дистрибьютор-компаниядан әкелінген жағдайда

(Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің талабы)

18

Пестицидті (улы химикаттарды) өндіруші зауыт ауысқан жағдайда

Әкелінген, тіркелген пестицид (улы хмикат) және оның әсер ететін заттары, оның рецетурасы мен өндіру технологиясын сақтай отырып, шығарылған өндіруші зауыттың ауысқаны туралы тіркеуші-фирманың хабарлама-хатының түпнұсқасы.

Лицензиялық келісім, сонымен қатар әкелінетін пестицидтi (улы химикатты) және оның әсер ететін заттарын өндiруге арналған зауыттың лицензиялық келісімінің лицензиясының немесе рұқсаттың көшiрмесi (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқа ұсынылмаған жағдайда нотариалдық куәландырылған)

Әкелінетін пестицидтің (улы химикаттың) құрамы мен әсер ететін заттарының сәйкестігін растайтын зертханалық талдаудың деректерi

Пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіруші зауыт ауыстырылған кезде (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің талабы)

19

Экологиялық талаптардың сақталуы

Қалдықтарды, оның ішінде пайдаланылған өнімнің ыдыстарын кәдеге жаратуға, сақтауға және көмуге кәсіпорынмен жасалған шарттың көшірмесі және тауарды одан әрі тұтынушыларға сату үшін келісімшарттарда (шарттарда) пайдаланылған өнімнің ыдысын міндетті түрде қайтару көзделуі қажет.

Егер өтінім беруші ретінде делдал әрекет еткен жағдайда

(Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің талабы)

20

Келісімшарттарда (шарттарда) экспорттаушыға ақаулы өсімдіктерді қорғау құралдарын қайтару тәртібін көздейтін тармақтың болуы

Экспорттаушыға ақаулы өсімдіктерді қорғау құралдарын қайтару тәртібін көздейтін келісімшарттың (шарттың) көшірмесі

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің талабы

21

Химиялық өнімнің қауіпсіздік паспортының болуы

Химиялық өнімнің қауіпсіздік паспортының көшірмесі

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің талабы

22

Мiндетті экологиялық сақтандыруды растау

Міндетті экологиялық сақтандыру шартының көшірмесі

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің талабы

23

Экологикалық талаптарға сәйкес келетін сақтауға арналған қоймалардың болуы

Сақтауға арналған қоймалардың мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысының көшірмесі

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің талабы

Қауіпті қалдықтардың экспорты (импорты) кезінде

24

Базель конвенциясына сәйкес аумағына қалдықтар әкелінетін мемлекеттің қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органы келісімінің болуы

Базель конвенциясына сәйкес аумағына қалдықтар әкелінетін және (немесе) оның аумағы арқылы өткізілетін мемлекеттің қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органының келісімі (жазбаша түрде)

Қауіпті қалдықтар әкетілген жағдайда

25

Тараптар арасындағы мәміленің және (немесе) ниеттің, өзге иеліктен шығарудың болуы

Экспорттаушы мен өндіруші немесе импорттаушы мен тауарды тұтынушы арасындағы келісімшарттардың (шарттардың) көшірмесі

Тапсырыс беруші делдал болып әрекет еткен жағдайда

26

Қауіпсіз тасымалдауды қамтамасыз ету

Тасымалдауға берілген келісімшарттың (шарттың) көшірмесі

27

Экологиялық талаптарға сәйкес келетін өндірістік базаның болуы

Мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысының көшірмесі

28

Қалдықтарды қауіпсіз қолдану туралы келісімнің болуы

Жауапты экспорттаушы мен тұлғаның арасындағы осы қалдықтарды қолданудың экологиялық қауіпсіздігі айтылған қалдықтарды жоюға келісімшарттың көшірмесі

29

Базель конвенциясының талаптарына сәйкес қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау жөніндегі хабарламаның болуы

Базель конвенциясына сәйкес қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау жөніндегі хабарлама

Үш данада

30

Тасымалдау туралы құжаттың болуы

Базель конвенциясының талаптарына сәйкес тасымалдау туралы құжат

Үш данада

31

Әкелінетін қалдықтарды қолдану үшін техникалық (технологиялық) мүмкіндіктердің болуы

Әкелінетін қалдықтарды қолдану үшін техникалық (технологиялық) мүмкіндіктердің бар екені туралы ақпарат (қауіпті қалдықтарды шикізат ретінді пайдаланау мүмкіндігін растайтын технологиялық регламенттен көшірме немесе оларды қауіпті қалдықтарды немесе олардың қалдықтарының қалыптасуына жол жіберілмейтін, пайдалануға тартылуын растайтын өзге құжат)

Қауіпті қалдықтар әкелінген жағдайда

32

Базель конвенциясына сәйкес сақтанушының сақтандырушыға беретін шарттың болуы

Базель конвенциясының заңнамасына сәйкес қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау кезінде сақтандырумен, кепілмен немесе кепілдікпен табылғанын растайтын құжаттың көшірмесі

33

Қалдықтарды қолдану саласындағы тиісті қызмет түрін жүзеге асыруға арналған рұқсат

Қалдықтарды қолдану бойынша қызмет түрін жүзеге асыруға арналған лицензияның көшірмесі

Минералогия, палеонтология бойынша коллекциялық материалдардың, қазба жануарларының сүйектерін экспорттау кезінде

34

Тауарды өндіру мен иеленудің заңдылығын куәландыру

Тауарды өндіру мен иеленудің заңдылығын куәландыратын құжаттардың көшірмесі

Жануарлар немесе өсімдік текті тауарларды экспорттау кезінде

35

Тауардың дайындау, жинау, өндіру немесе аулау заңдылығын дәлелдеу

Жабайы жануарлар немесе жабайы өсетін өсімдіктерді дайындау, жинау, өндіру немесе аулау заңдылығын куәландыру құжаттарының көшірмелері

36

Балықтарды және басқа су жануарларын сатып алудын (аулаудың) заңдылығын растау

Ауланған жері туралы анықтама

Балықтарды және басқа су жануарларын эскпорттау кезінде

Қазақстан Республикасының қызыл кітабына енгізілген сирек кездесетін және құрып кету қаупі бар түрлерге жататын жабайы жануарлар мен жабайы өсетін өсімдіктерді, олардың бөліктерін және (немесе) дериваттарын экспорттау кезінде

37

Жабайы жануарлар мен жабайы өсетін өсімдіктерді дайындау, жинау, өндіру немесе аулау, иеленудің, аулаған жерінің заңдылығын куәландыру

Жабайы жануарлар мен жабайы өсетін өсімдіктерді дайындау, жинау, өндіру немесе аулау, ауланған жерін, сатып алудың заңдылығын куәландыратын құжаттардың көшірмесі

38

Балықтардың және басқа су жануарларын сатып алудың (аулаудың) заңдылығын растау

Ауланған жері туралы анықтама

Балықтарды және басқа да су жануарларының экспорттау кезінде

Бағалы металдар, асыл тастар мен құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын экспорттау кезінде

Бағалы металдар

39

Жер қойнауын пайдалануға берілген рұқсат

(өндіріс субъектілері үшін)

Лицензияның немесе жер қойнауын пайдалану құқығына берілген келісімшарттың (шарттың) немесе келісімшарттың (шарттың) тіркелуі туралы актінің көшірмесі****

40

Асыл тастарды сатып алудың заңдылығын растау (өндіріс субъектілері үшін)

Тазартылған бағалы металдардың меншікте екендігін растайтын келісімшарттың (шарттың) көшірмесі

41

Ұйымды арнайы есепке қоюды растау (өндіріс субъектілері үшін)

Арнайы есепке қою туралы құжаттың көшірмесі немесе қызмет түріне берілген лицензияның көшірмесі

Құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарлары

42

Уәкілетті мемлекеттік органның жер қойнауын пайдалануға берген рұқсаты

(өндіру субъектілері үшін)

Лицензия немесе жер қойнауын пайдалану құқығына берілген келісімшарттың (шарттың) көшірмесі (өндіріс субъектілері үшін)****

43

Құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының құрамында бағалы және ілеспе алынатын металдардың құрамы туралы ақпараттың болуы

Құрамында бағалы және ілеспе алынатын металдар бар екені туралы құжаттың көшірмесі

44

Осындай шикізат тауарларынан бағалы металдарды өнеркәсіптік алудың мүмкіндігі (мүмкін еместігі) және экономикалық орындылығы (орынсыздығы) туралы растау

Осындай шикізат тауарларынан бағалы металдарды өнеркәсіптік алудың мүмкіндігі (мүмкін еместігі) және экономикалық орындылығы (орынсыздығы) туралы уәкілетті органның қорытындыларының көшірмесі

45

Тауардың меншік құқығын растау (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларымен операцияларды жүзеге асыруға құқығы бар ұйымдар үшін)

Құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын сатып алуды растайтын құжаттардың көшірмелері

Минералды шикізатты экспорттау кезінде

46

Тауарды өндірудің және иеленудің заңдылығын растау

Тауарды өндірудің және иеленудің заңдылығын растайтын құжаттардың көшірмелері

Есірткі құралдары мен психотропты заттардың прекурсорлары болып табылмайтын улы заттардың экспорты мен импорты кезінде

47

Тауарларды сәйкестендіретін құжаттардың болуы

Химиялық өнімнің қауіпсіздік паспортының көшірмесі

48

Сақтандыру шартының болуы

Сақтандыру полисінің көшірмесі

49

Санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестік

Сақтауға арналған қойманың санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысының көшірмесі

Импорт кезінде

Азаматтық мақсаттағы радиоэлектронды құралдардың және (немесе) жоғары жиілікті құрылғылардың, оның ішінде орнатылған не басқа тауарлардың құрамына кіретін тауарлардың импорты кезінде

50

Әкелінетін радиоэлектронды құралдар және (немесе) жоғары жиілікті құрылғылар туралы ақпаратты ұсыну

Радиоэлектронды құралдар және (немесе) жоғары жиілікті құрылғылар туралы деректер – атауы, типі, моделі, өндіруші мемлекет, техникалық сипаттамалары (радиожиілік жолағы, жиілік торының қадамы, таратқыш қуаттылығы, радиодабыл модуляциясының типі немесе түрі)

51

Тауарлардың техникалық регламенттер мен нормативтік құжаттарда бекітілген талаптарға сәйкестігі

Әрбір РЭҚ және ЖЖҚ түрлері үшін Кеден одағына қатысушы мемлекеттер белгілеген үлгідегі сертификат берген органның мөр таңбасымен расталған сәйкестік сертификатының немесе өнімнің сәйкестігін растау бойынша жұмысты жүргізуге арналған шарттың көшірмесі

52

Тауарды жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарға және құрамында шифрлау (криптографиялық) құралдарына жатқызу (жатқызбау) туралы ақпаратты ұсыну

Тауарларды ақпараттық криптографиялық қорғау құралдарына және жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарға жатқызу тұрғысынан техникалық зерттеу бойынша ұлттық қауіпсіздік органдары берген қорытындының көшірмесі

53

Тауарды радиоэлектронды құралдарға және (немесе) азаматтық мақсаттағы жоғары жиілікті құрылғыларға жатқызу (жатқызбау) туралы ақпаратты ұсыну

Тауарды радиоэлектронды құралдарға және (немесе) азаматтық мақсаттағы жоғары жиілікті құрылғыларға жатқызу (жатқызбау) туралы қорытындының көшірмесі

54

Өз құрамында:

- радиоэлектрондық құралдар және (немесе) жоғары жиілікті құрылғылар, сондай ақ шифрлау (криптографиялық) құралдар бар

- құрамында шифрлау (криптографиялық) құралдар бар радиоэлектронды құралдары және (немесе) жоғары жиілікті құрылғылар болып табылатын,

Еуразиялық экономикалық қауымдастық шеңберіндегі үшінші елдермен саудадағы Кеден одағына мүше мемлекеттер әкелуге және әкетуге тыйым немесе шектеулер салулар қолданатын тауарлардың Бірыңғай тізбесінің 2.19-бөліміне өнімнің сәйкестігі

Кеден одағының кедендік аумағына шифрлау (криптографиялық) құралдарды әкелу және Кеден одағының кедендік аумағынан әкету тәртібі туралы ереженің 6 және 7-тармақтарына сәйкес көрсетілген шифрлау (криптографиялық) құралдарды немесе ұлттық қауіпсіздік органдары берген өнімді әкелу ықтималдығы туралы қорытынды (рұқсат ету құжаты) немесе Кеден одағының кедендік аумағына шифрлау (криптографиялық) құралдарды әкелу және Кеден одағының кедендік аумағынан әкету тәртібі туралы ереженің 11-тармағына сәйкес көрсетілген шифрлау (криптографиялық) құралдарға немесе өнімге қатысты тіркелген нотификацияның (хабарламаның) бар екендігі туралы ақпарат

Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдардың (олардың жинақтауыштарын және қосалқы бөлшектерін, қолданбалы бағдарламалардың пакеттерін қоса алғанда), олардың нормативтік-техникалық құжаттамасының (конструкторлық және пайдалану құжаттамасын қоса алғанда) экспорты (импорты) кезінде

55

Техникалық құжаттаманың болуы

Арнайы техникалық құралдарына берілетін техникалық құжаттаманың көшірмесі

56

Тауарды ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарына және жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарға жатқызу (жатқызбау) туралы ақпараттың болуы

Тауарларды ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарына және жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарға жатқызу тұрғысынан техникалық зерттеу бойынша уәкілетті бөлімше немесе ұлттық қауіпсіздік органдары берген қорытындының көшірмесі

57

Арнайы техникалық құралдардың үлгілерінің болуы

Арнайы техникалық құралдардың үлгілері (ұлттық қауіпсіздік органдарының талабы бойынша)

Шифрлық (криптографиялық) құралдардың (олардың жинақтауыштарын және қосалқы бөлшектерін қоса алғанда), олардың нормативтік-техникалық құжаттамасының (конструкторлық және пайдалану құжаттамасын қоса алғанда) экспорты (импорты) кезінде

58

Шифрлық (криптографиялық) құралдардың құрамында радиоэлектронды құралдардың және (немесе) жоғары жиілікті құрылғылардың болмауы

Шифрлау (криптографиялық) құралдардың құрамында радиоэлектронды құралдардың және (немесе) жоғары жиілікті құрылғылардың жоқ екені туралы өтініш берушінің хабарламасы немесе заңнамада көзделген өзге құжат

59

Тауарды ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарына және жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарға жатқызу (жатқызбау) туралы ақпараттың болуы

Тауарларды ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарына және жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарға жатқызу тұрғысынан техникалық зерттеу бойынша ұлттық қауіпсіздік органдары берген қорытындының көшірмесі

60

Техникалық құжаттаманың болуы

Шифрлық құралға арналған техникалық құжаттаманың көшірмесі (бастапқы кодтарын ұсынуы міндетті талап болып табылмайды, өтініш берушінің бастапқы кодтарын ұсынуға бас тартуы өзінен өзі өтініштен бас тартуға негіздемесі болып табылмайды)

61

Шифровалды құралдардың үлгідердің болуы

Шифровалды құралдардың үлгідері (ғылыми-техникалық сараптама үшін ұлттық қауіпсіздік органдарының талабымен)

Мәдени құндылықтардың, ұлттық мұрағат қорларының құжаттары мен мұрағат құжаттарының түпнұсқаларының экспорты кезінде

62

Әкетілетін тауарлар тізбесінің болуы

Әкетіленетін тауарлардың тізімі (тізімдемесі)

Екі данада

63

Тауарларды сәйкестендіру

Әрбір әкетілетін мәдени құндылықтардың неғұрлым тән кескіндегі өлшемі 10х15 см екі фотосуретін немесе әкетілетін мұрағат құжатының екі көшірмесі, ал қажет болған жағдайда – мәдени құндылықтың (мұрағат құжатының) өзін

64

Құқық иеленудің заңдылығы

Тауарға меншік құқығын растайтын құжат

65

Мәдени құндылығы бар, бірақ антикварлық қаруға жатқызылмаған қаруды әкетуге берілетін қорытындының (рұқсаттама құжаттың) болуы

Мәдени құндылығы бар, бірақ антикварлық қаруға жатқызылмаған қару әкетілген жағдайда – қару айналымы саласында бақылауды жүзеге асыратын орган беретін қорытынды (рұқсаттама құжаты)

Мәдени құндылығы бар, бірақ антикварлық қаруға жатқызылмаған қаруды әкетілген жағдайда

Адамның органдары (органдарының бөліктері) және (немесе) тіндерін, қаны және оның компоненттерін экспорттау (импорттау) кезінде

66

Адамның органдарын (органдарының бөліктерін) және (немесе) тіндерін, қаны және оның компоненттерін әкелуге немесе әкетуге берілген қорытындының, рұқсаттың болуы

Адамның органдарын және (немесе) тіндерін, қаны және оның компоненттерін әкелу немесе әкету ықтималдығы туралы шешім қабылдауға уәкілетті үшінші елдердің мемлекеттік органдарының рұқсаттары

Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын экспорттау (импорттау) кезінде*****

67

Қару мен оның патрондарын сатып алуға берілген рұқсат

Ішкі істер органы берген қару мен оның патрондарын сатып алуға берілген лицензияның көшірмесі

Импорт кезінде

68

Тауарды импорттаушыға қойылатын азаматтық және қызметтік қару мен оның негізгі (құрамдас) бөлшектері және оның патрондары "Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабында көрсетілген пайдаланушыларға сатылатын, сондай-ақ экспорттаушы-елдің уәкілетті мемлекеттік органының рұқсатынсыз кері экспортталмайтыны жөніндегі талап

Импорттаушының кепілхаты

Импорт кезінде

69

Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының техникалық регламенттер мен нормативтік құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкес келуі

Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының сәйкестігін растау бойынша жұмыстарды атқару үшін белгіленген тәртіпте аккредиттелген заңды тұлға берген сәйкестік сертификатының көшірмесі немесе өнімнің сәйкестігін растау бойынша жұмысты атқаруға арналған келісімшарттың

Экспорт және импорт кезінде

70

Тауарды сәйкестендіру

Қарудың және пайдаланылатын патрондардың атауы мен моделінің белгісі (патрондардың үлгісі) туралы ақпарат, негізгі техникалық көрсеткіштері, қаруды дайындаушы елдің және фирманың атауы, оның түрлі-түсті фотосуреті

Экспорт және импорт кезінде

71

Экспорттау кезінде қару мен оның патрондарын сатып алуға берілген рұқсаттың болуы

Алушы заңды тұлғаға қару мен оның патрондары әкетілетін шетел мемлекетінің уәкілетті мемлекеттік ішкі істер органы қару мен оның патрондарын сатып алуға және әкелуге берген рұқсаттың (лицензияның) көшірмесі

Экспорт кезінде

Отын-энергетикалық және минералды шикізат аудандары мен кен орындары бойынша жер қойнауы туралы ақпараттың экспорты кезінде

72

Құқық иеленудің заңдылығы

Жер қойнауы жөніндегі ақпаратты алудың заңдылығын куәландыратын құжаттар көшірмесі

      * ұсынылған құжаттар көшірмелерінің әрбір беті көрсетілетін қызметті алушының қолтаңбасымен және мөрімен куәландырылуы болуы тиіс не құжаттардың көшірмелері тігілген және олардың соңғы беттері парағы көрсетілетін қызметті алушының қолтаңбасымен және мөрімен куәландырылған болуы тиіс.

      құжаттарды "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы арқылы немесе "Е-лицензиялау" веб-порталы арқылы www.elicense.kz ұсынылған кезде құжаттар көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған құжаттардың электрондық көшірмесі ретінде ұсынылады;

      көрсетілетін қызметті берушіде құжаттарда қамтылған ақпаратты тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алуға мүмкіндік болған жағдайда, құжаттарды ұсыну талап етілмейді;

      ** Еуразиялық экономикалық қауымдастық шеңберінде үшінші елдермен саудадағы Кеден одағына мүше мемлекеттер әкелуге және әкетуге тыйым немесе шектеулер салулар қолданатын тауарлардың Бірыңғай тізбесіне енгізілетін;

      *** біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны толтырылады;

      **** мұндай құжатқа өзгеріс пен толықтыру енгізілген жағдайларды қоспағанда, егер мұндай құжаттың көшірмесі бұрын ұсынылған жағдайда, жер қойнауын пайдалану құқығына арналған келісімшартты ұсыну талап етілмейді;

      ***** қару мен оның патрондарын импорттау кезінде түпкілікті тұтынушылар Қарулы күштер, басқа әскерлер мен әскери құрамалар, арнайы және құқық қорғау органдары болып табылған жағдайда, импортқа арналған лицензияны рәсімдеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 5 ақпандағы № 104 "Экспорттық бақылауға жататын өнімнің номенклатурасын (тізімін) бекіту туралы" қаулысымен бекітілген "Әскери қолданылатын (мақсаттағы) тауарлар мен технологиялар" бөлімі ескеріле отырып, әскери мақсаттағы өнім ретінде жүзеге асырылады.

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 563 бұйрығына
7-қосымша

"Экспорттық бақылауға жататын өнімді экспорттауға және
импорттауға лицензия беру" мемлекеттiк көрсетілетін
қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер

      1. "Экспорттық бақылауға жататын өнімді экспорттауға және импорттауға лицензия беру" мемлекеттiк көрсетілетін қызметі (бұдан әрi - мемлекеттiк көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрi - Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттiк қызметті Министрлiктің Индустриялық даму және өнеркәсiптiк қауiпсiздiк комитетi (бұдан әрi - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетедi.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

      көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

      "электрондық үкiметтiң" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрi - портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi

      4. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған, сондай-ақ порталға өтініш берілген сәттен бастап:

      лицензияны беру - 30 (отыз) жұмыс күні;

      лицензияны қайта ресiмдеу - 3 (үш) жұмыс күні;

      көрсетілетін қызметті алушыны бөліп шығару немесе бөліну нысанында қайта ұйымдастыру кезінде лицензияны қайта ресiмдеу - 30 (он бес) жұмыс күні;

      лицензияның телнұсқаларын беру - 2 (екi) жұмыс күні;

      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшiн күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут;

      3) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут.

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартады.

      5. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нысаны - электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрiнде.

      6. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесi - экспорттық бақылауға жататын өнімді экспорттауға және импорттауға лицензия, қайта ресімделген лицензия, лицензияның телнұсқасы немесе осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негiздер бойынша мемлекеттiк көрсетілетін қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап.

      Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн ұсыну нысаны: электрондық түрiнде.

      Мемлекеттiк көрсетілетін қызметті алу үшін портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті беруші уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрi - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында "жеке кабинетіне" жіберіледі.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін қағаз тасығышта алу үшін өтініш білдірген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі электрондық форматта ресімделіп, басып шығарылады, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының мөрімен және қолымен расталады.

      7. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрi - көрсетілетін қызметті алушы) ақылы түрде көрсетiледi. Мемлекеттiк қызмет көрсету кезiнде көрсетiлетiн қызметтi алушының орналасқан жері бойынша бюджетке жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығына лицензиялық алым төленедi:

      1) аталған қызмет түрiмен айналысу құқығына лицензия беру кезінде лицензиялық алым 10 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі - АЕК) құрайды;

      2) лицензияны қайта ресімдегені үшін лицензиялық алым 1 АЕК құрайды.

      3) лицензияның телнұсқасын беру - 1 АЕК құрайды.

      Лицензиялық алымды төлеу қолма-қол және қолма-қол емес нысанда екінші деңгейда банктер және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы алуға электрондық сұрау салу берілген жағдайда төлем "электрондық үкіметке" төлем шлюзі (бұдан әрі - ЭҮТШ) немесе екінші деңгейда банктер арқылы жүзеге асырылады.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнің - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiнен басқа, дүйсенбiден бастап жұма аралығында, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі асқа үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін жүзеге асырылады.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі асқа үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.

      Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртiбiмен көрсетіледі;

      2) порталдың - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулiк бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш пен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).

      9. Көрсетiлетiн қызметтi алушының (не оның өкілінің) жүгінуі кезінде мемлекеттiк көрсетілетін қызметті көрсетуге қажеттi құжаттар тiзбесi:

      көрсетілетін қызметті берушіге:

      1) лицензия алу үшiн:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1 және 2-қосымшаларға сәйкес өтiнiш;

      жеке басын куәландырылатын құжат және өкілдің өкілеттігін куәландыратын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін);

      жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес бiлiктiлiк талаптарына сәйкес мәлiметтер нысаны;

      2) лицензияны қайта ресімдеу үшiн:

      еркін нысандағы өтiнiш;

      жеке басын куәландырылатын құжат және өкілдің өкілеттігін куәландыратын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін);

      лицензиялық алым төлегенін растайтын құжаттың көшірмесі;

      алынатын ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпарат қамтылған құжаттардың көшірмесі;

      3) тиісті ақпараттық жүйелерден лицензия туралы мәліметтер алуға мүмкіндік болмаған жағдайда лицензияның телнұсқасын алу үшiн:

      еркін нысандағы өтiнiш;

      жеке басын куәландырылатын құжат және өкілдің өкілеттігін куәландыратын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін);

      бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi.

      Ұсынылған құжаттар көшірмелерінің әрбір парағы көрсетілетін қызмет берушiнің қолтаңбасымен және мөрімен куәландырылған болуы тиіс не құжаттардың көшірмелері тігілген және олардың соңғы беттері көрсетілетін қызмет берушiнің қолтаңбасымен және мөрімен куәландырылған болуы тиіс.

      Порталға:

      1) лицензия алу үшiн:

      көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1 және 2-қосымшаларға сәйкес заңды немесе жеке тұлға үшін өтiнiш;

      ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес бiлiктiлiк талаптарына сәйкестігі туралы мәлiметтер нысаны;

      2) лицензияны қайта ресімдеу үшiн:

      көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

      ЭҮТШ арқылы ақысын төлеуді қоспағанда, лицензиялық алым төлегенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;

      алынатын ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпарат қамтылған құжаттардың электрондық көшірмесі.

      Ұсынылған құжаттар көшірмелерінің әрбір парағы көрсетілетін қызмет берушiнің қолтаңбасымен және мөрімен куәландырылған болуы тиіс.

      3) тиісті ақпараттық жүйелерден лицензия туралы мәліметтер алуға мүмкіндік болмаған жағдайда лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын алу үшiн:

      көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы еркін нысандағы сұрау салу;

      ЭҮТШ арқылы ақысын төлеуді қоспағанда, лицензияның телнұсқасын алу үшiн бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың электрондық көшiрмесi.

      Жеке басты куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны, дара кәсiпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәлiметтерді, ЭҮТШ арқылы төленген туралы көрсетiлетiн қызметтi берушi "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:

      1) көрсетiлетiн қызметтi берушiге (қолма-қол не пошта байланысы арқылы) - құжаттар топтамасын қабылдау күнiн және уақытын көрсете отырып, оның көшiрмесiндегі көрсетiлетiн қызметтi берушiнің кеңсесiнде тiркелгенi туралы белгi өтініштің қағаз тасығышта қабылданғанын растау болып табылады;

      2) портал арқылы - көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетiнде" мемлекеттiк көрсетілетін қызметтiң нәтижелерiн алу күнiн көрсете отырып, мемлекеттiк қызметтi көрсетуге арналған сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

      10. Мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту негіздері:

      1) Қазақстан Республикасының заңдарында субъектілердің осы санаты үшін қызметтің жекелеген түрімен айналысуға тыйым салынуы;

      2) қызмет түріне лицензия беруге өтініш берілген жағдайда, қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның енгізілмеуі;

      3) көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сай келмеуі;

      4) көрсетілетін қызметті алушыға лицензия беру келісуші мемлекеттік органмен келісілмеуі;

      5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты қызметтің жекелеген түрімен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот үкімінің болуы;

      6) сот орындаушысының ұсынысы негізінде көрсетілетін қызметті алушыға соттың лицензия алуға тыйым салуы.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша орталық
мемлекеттiк органдардың, сондай-ақ көрсетiлетiн қызметті
берушiлердiң және (немесе) олардың лауазымды адамдарының
шешiмдерiне, әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

      11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органның, көрсетiлетiн қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану:

      шағым осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжайы бойынша көрсетiлетiн қызметтi беруші басшысының атына не 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, "Транспорт Тауэр" ғимараты, № 2117 кабинет мекенжай бойынша Министрлік басшылығының атына беріледі, телефоны: 8 (7172) 75-48-66, 75-49-14.

      Шағым пошта арқылы жазбаша нысанда не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

      Шағымда көрсетілетін қызметті алушы тегін, атын, әкесінің атын, пошталық мекенжайын, шығыс нөмірі мен күнін көрсетеді. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қою тиіс.

      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қабылдап алған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орны көрсетіле отырып, шағымды тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін шағым көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Портал арқылы жүгінген кезде шағым жасаудың тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.

      Шағымды көрсетiлетiн қызметтi алушыға портал арқылы "жеке кабинеттен" жiберген кезде жүгіну туралы ақпарат қолжетiмдi болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішін өңдеу (жеткiзу, тiркеу, орындау, туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағым жасай алады.

      Көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетiлетiн қызметтi алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық
нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері ескерілген
өзге де талаптар

      13. Мемлекеттік қызмет көрсету мекенжайы көрсетілетін қызметті берушінің - www.comprom.kz интернет-ресурсында, "Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

      14. ЭЦҚ болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.

      15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қолжетімділік режимінде алу мүмкіндігі бар.

      16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтің байланыс телефондары: 8 (7172) 75-41-02, 75-41-04, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

  "Экспорттық бақылауға жататын
өнімді экспорттауға және импорттауға
лицензия беру" мемлекеттiк
көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша

Экспорттық бақылауға жататын өнімді экспорттауға лицензия алу
үшін өтiнiш

1. № ЛИЦЕНЗИЯ

2. Көрсетілетін қызметті алушы, оның мекенжайы, телефоны, БСН/ЖСН

3. Тапсырма бойынша (ұйым, кәсiпорын, оның мекенжайы, телефоны)

7. Сатып алушы, оның мекенжайы

4. Әзiрлеушi, оның мекенжайы

8. Сатып алушының елi

5. Баратын елi

9. Қолданылу мерзiмi

6. Кеден органы

10. Мәмiле сипаты

11. Төлем валютасы

12. Тауардың атауы мен толық сипаттамасы

13. Тауардың ҚР СЭҚ ТН бойынша коды

15. Өлшем бiрлiгi ҚР СЭҚ ТН бойынша (негiзгi/қосалқы

17. Жалпы құны (мың):

төлем валютасында:

теңгеде:

USD долларында:

14. Тауардың бақылау тiзiмдерi бойынша коды

16. Саны

18. Лицензия сұрау үшiн негiз

20. Келiсiлдi

19. Көрсетілетін қызметті алушыдан

Т.А.Ә.

лауазымы

қолы, МО күнi

21. ҚР мемлекеттiк органы -көрсетілеттін қызметті беруші

Өтiнiш қарауға қабылданды

20__ ж. "___" __________

22. Есеп айыру (валюталық) шоттарының нөмiрлерi, банк бөлiмшелерiнiң атауы

23. Лицензияның ерекше шарттары

  "Экспорттық бақылауға жататын
өнімді экспорттауға және импорттауға
лицензия беру" мемлекеттiк
көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша

Экспорттық бақылауға жататын өнімді импорттауға лицензия
алу үшін өтiнiш

1. № ЛИЦЕНЗИЯ

2. Көрсетілетін қызметті алушы, оның мекенжайы, телефоны, БСН/ЖСН

3. Тапсырма бойынша (ұйым, кәсiпорын, оның мекенжайы, телефоны)

7. Сатушы, оның мекенжайы

4. Тұтынушы, оның мекенжайы

8. Сатушының елi

5. Шыққан елi

9. Қолданылу мерзiмi

6. Кеден органы

10. Мәмiле сипаты

11. Төлем валютасы

12. Тауардың атауы мен толық сипаттамасы

13. Тауардың ҚР СЭҚ ТН бойынша коды

15. Өлшем бiрлiгi ҚР СЭҚ ТН бойынша (негiзгi/қосалқы)

17. Жалпы құны (мың):

төлем валютасында:

теңгеде:

USD долларында:

14. Тауардың бақылау тiзiмдерi бойынша коды

16. Саны

18. Лицензия сұрау үшiн негiз

20. Келiсiлдi

19. Көрсетілетін қызметті алушы

Т.А.Ә.

лауазымы

қолы, МО күнi

21. ҚР мемлекеттiк органы -көрсетілеттін қызметті беруші

Өтiнiш қарауға қабылданды

201__ ж. "___" __________

22. Есеп айыру (валюталық) шоттарының нөмiрлерi, банк бөлiмшелерiнiң атауы

23. Лицензияның ерекше шарттары

  "Экспорттық бақылауға жататын
өнімді экспорттауға және импорттауға
лицензия беру" мемлекеттiк
көрсетілетін қызмет стандартына
3-қосымша

Экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспорты мен импортын
лицензиялау жөнiндегi қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптары

      1. Экспорттық бақылауға жататын тауарлардың экспорты мен импорты жөнiндегi қызметтi лицензиялау кезiнде қойылатын бiлiктiлiк талаптары (бұдан әрi - талаптар) "Экспорттық бақылауға жататын өнiмнiң номенклатурасын (тiзiмiн) бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 5 ақпандағы № 104 қаулысына сәйкес:

      Талаптар мыналардың болуын қамтиды:

      сыртқы сауда мәмiлесiне қатысушылар арасындағы сатып алу-сату келiсiмшартының (шартының) немесе өзге де иелiктен шығару құжатының өтiнiм берушiнiң мөрiмен және қолымен куәландырылған көшiрмесi;

      егер өтiнiм берушi ретiнде делдал әрекет етсе, экспорттаушы мен өндiрушi немесе импорттаушы мен тұтынушы арасындағы шарттардың өтiнiм берушiнiң мөрiмен және қолымен куәландырылған көшiрмесi;

      Қазақстан Республикасынан импортталатын өнiмнiң тек түпкi пайдаланушы елдiң мұқтажы және қазақстандық тараптың келiсiмiнсiз үшiншi елдерге керi экспорттауға немесе беруге жол бермеу үшiн ғана пайдаланылатыны туралы алушы елдiң мiндеттемелерiн қамтитын алушы елдiң уәкiлеттi мемлекеттiк органы берген түпкi пайдаланушы сертификатының түпнұсқасы (экспорттық бақылауға жататын өнiмдi экспорттаған кезде).

      1) 0 санатына жатқызылған ядролық материалдардың, технологиялардың, құрылғылардың және жабдықтардың экспорты (импорты) кезiнде:

      ядролық қаруы жоқ елдерге экспорттаған кезде - импорттаушы елдiң құзыреттi мемлекеттiк органы тарапынан алынатын тауарлардың бейбiт мақсатта пайдаланылуы туралы растаманың ресми түпнұсқасы;

      импорттау кезiнде - Қазақстан Республикасындағы түпкi пайдаланушы тарапынан алынатын тауарлардың бейбiт мақсатта пайдаланылуы туралы растамасының ресми түпнұсқасы, сондай-ақ тауар шыққан елдiң құзыреттi органдары берген тауардың шығу тегi туралы сертификаттың көшiрмесi;

      растамалар ядролық экспорттың (импорттың) алынған заттары, сондай-ақ олардың негiзiнде немесе оларды пайдалану нәтижесiнде өндiрiлген ядролық және арнайы ядролық емес материалдар, құрылғылар мен жабдықтар:

      ядролық қару мен басқа да ядролық жарылғыш құрылғыларды өндiру үшiн немесе қандай да бiр әскери мақсатқа қол жеткiзу үшiн пайдаланылмайтыны;

      оларды iс жүзiнде пайдаланудың бүкiл мерзiмi iшiнде Атом энергиясы жөнiндегi халықаралық агенттiктiң (МАГАТЭ) кепiлдiгiнде тұратындығы;

      МАГАТЭ ұсынғаннан төмен болмайтын деңгейлердегi физикалық қорғау шараларымен қамтамасыз етiлетiндiгi;

      осы талаптардың тек 1-тармағының 1) тармақшасының бесiншi, алтыншы, жетiншi абзацтарында көзделген шарттарда және Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттiгiнiң жазбаша келiсiмi болған кезде керi экспортталатыны (экспортталатыны) немесе алушы елдiң заңды құзырынан берiлетiнi туралы мiндеттемелердi қамтуы тиiс;

      атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметтiң тиiстi түрiн жүзеге асыруға арналған лицензияның көшiрмесi;

      2) 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9-санаттарға жатқызылған (ядролық жеткiзушiлер тобы (ЯЖТ) үшiн ғана) жабдықтарды, материалдарды және қосарлы пайдаланудың тиiстi технологияларын экспорттаған (импорттаған) кезде:

      ядролық қаруы жоқ елдерге экспорттаған кезде - импорттаушы елдiң түпкi пайдаланушысы тарапынан алынатын тауарлардың бейбiт мақсатта пайдаланылуы туралы ресми растаманың түпнұсқасы;

      импорттау кезiнде - Қазақстан Республикасындағы түпкi пайдаланушы тарапынан алынатын тауарлардың бейбiт мақсатта пайдаланылуы туралы ресми растаманың түпнұсқасы, сондай-ақ тауар шыққан елдiң құзыреттi органдары берген тауардың шығу тегi туралы сертификаттың көшiрмесi;

      растамалар ядролық экспорттың (импорттың) алынған заттары, сондай-ақ олардың негiзiнде немесе оларды пайдалану нәтижесiнде өндiрiлген ядролық және арнайы ядролық емес материалдар, құрылғылар мен жабдықтар:

      ядролық қару мен басқа да ядролық жарылғыш құрылғыларды өндiру үшiн немесе қандай да бiр әскери мақсатқа қол жеткiзу үшiн пайдаланылмайтыны;

      МАГАТЭ кепiлдiгiнде тұрмаған ядролық отын циклi саласындағы қызметте пайдаланылмайтыны;

      осы талаптардың тек 1-тармағының 2) тармақшасының бесiншi, алтыншы абзацтарында көзделген шарттарда және Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттiгiнiң жазбаша келiсiмi болған кезде керi экспортталатыны (экспортталатыны) немесе алушы елдiң заңды құзырынан берiлетiнi туралы мiндеттемелердi қамтуы тиiс;

      атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметтiң тиiстi түрiн жүзеге асыруға арналған лицензияның көшiрмесi;

      3) иондаушы сәуле шығару көздерiнiң және изотоптардың, рентгендiк, альфа-, бета-, гамма- немесе нейтрондық сәулеленудi (қосалқы бөлшектердi қоспағанда) пайдалануға негiзделген аппаратураның импорты кезiнде:

      тиiстi аумақтағы мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарында рәсiмделген тапсырыс-өтiнiмнiң түпнұсқасы;

      тауар шыққан елдiң құзыреттi органы берген тауардың шығу тегi сертификатының көшiрмесi немесе тауарды алғаннан кейiн ұсынылғаны туралы кепiлдiк хаты;

      иондаушы сәулеленудi генерациялайтын аспаптарды және қондырғыларды мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесi (тек медициналық рентген жабдықтарына ғана);

      атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметтiң тиiстi түрiн жүзеге асыруға арналған лицензияның көшiрмесi;

      4) жарылғыш материалдардың экспорты (импорты) кезiнде (аңшылық оқ-дәрiсiнен басқа):

      өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесi берген жарылғыш материалдарды сатып алуға (импорт үшiн) рұқсаттың (куәлiктiң) көшiрмесiн;

      аумақтық iшкi iстер органы берген жарылғыш материалдарды сатып алуға арналған рұқсаттың көшiрмесiн;

      өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесi берген жарылғыш материалдарды сақтау үшiн қойманы (базистiк, шығыс) пайдалануға арналған рұқсаттың көшiрмесiн;

      аумақтық iшкi iстер органы берген жарылғыш материалдарды сақтауға арналған рұқсаттың көшiрмесiн;

      жарылғыш материалдарды автомобиль көлiгiмен тасымалдаған жағдайда, аумақтық жол полиция органы рұқсат берген қауiптi жүктердi тасымалдауға көлiк құралына берiлген рұқсаттың, тасымалдауға арналған рұқсаттың және қауiптi жүктердi тасымалдау құқығына арналған лицензияның көшiрмелерiн;

      5) азаматтық пиротехникалық бұйымдардың экспорты (импорты) кезiнде:

      аумақтық iшкi iстер органы азаматтық пиротехникалық бұйымдарды сатып алуға (импорттау үшiн) берген лицензияның көшiрмесi;

      аумақтық iшкi iстер органы азаматтық пиротехникалық бұйымдарды сақтауға берген рұқсаттың көшiрмесi;

      өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесi берген азаматтық пиротехникалық бұйымдарды сақтау үшiн қойманы (базистiк, шығыс) пайдалануға арналған рұқсаттың, куәлiктiң көшiрмесiн;

      6) 9-санатқа жатқызылған экспорттық бақылауға жататын тауарлардың экспорты (импорты) кезiнде:

      экспортталатын өнiмге техникалық ұсыныс (авангардтық жоба) немесе техникалық жоба;

      ескертпе: импорттаушы елдiң түпкi пайдаланушысы сертификатының түпнұсқалылығын тексерудi Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi жүзеге асырады.

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 563 бұйрығына
8-қосымша

"Өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде қайта
өңдеуге рұқсат беру" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер

      1. "Өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде өңдеуге рұқсат беру" мемлекеттiк көрсетілетін қызметі (бұдан әрi - мемлекеттiк көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрi - Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттiк қызметті Министрлiктің Индустриялық даму және өнеркәсiптiк қауiпсiздiк комитетi (бұдан әрi - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетедi.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

      көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

      "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

      "электрондық үкiметтiң" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрi - портал) арқылы жүзеге асырылады.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 21.01.2016 № 37 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi

      4. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде - 15 (он бес) жұмыс күні;

      Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді;

      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшiн күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут;

      3) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут.

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартады.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 21.01.2016 № 37 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

       5. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нысаны - электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрiнде.

      6. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесi - өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде қайта өңдеуге рұқсат немесе осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 9-1-тармағында көзделген жағдайларда және негiздер бойынша мемлекеттiк көрсетілетін қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап.

      Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн ұсыну нысаны: электрондық түрiнде.

      Мемлекеттiк көрсетілетін қызметті алу үшін портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті беруші уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрi - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында "жеке кабинетіне" жіберіледі.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін қағаз тасығышта алу үшін өтініш білдірген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі электрондық форматта ресімделіп, басып шығарылады, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының мөрімен және қолымен расталады.

      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 20.06.2016 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       7. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрi - көрсетілетін қызметті алушы) тегiн көрсетiледi.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнің - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiнен басқа, дүйсенбiден бастап жұма аралығында, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі асқа үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;

      өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі асқа үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады;

      мемлекеттiк көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртiбiмен көрсетіледі;

      2) Мемлекеттік корпорацияның - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбiден бастап сенбіні қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесiне сәйкес сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн үзiлiссiз;

      мемлекеттік қызмет электрондық кезекті тәртібімен, көрсетілетін қызметті алушының қалауы бойынша, жеделдетілген қызмет көрсетусіз көрсетіледі, электрондық кезекті портал арқылы "броньдауға" болады;

      3) порталдың - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулiк бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш пен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 21.01.2016 № 37 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

       9. Көрсетiлетiн қызметтi алушының (не оның өкілінің) жүгінуі кезінде мемлекеттiк қызметті көрсетуге қажеттi құжаттар тiзбесi:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес өтiнiш;

      жеке басын куәландырылатын құжат және өкілдің өкілеттігін растайтын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін);

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес мәлiметтер нысаны;

      өнiмдi қайта өңдеуге арналған сыртқы сауда шарттының (келiсiмшарттының) көшiрмесi;

      тиiстi құзыреттi уәкiлеттi мемлекеттiк органның тауарларды аумақтан тыс жерде және iшкi тұтыну үшiн қайта өңдеу шарттары туралы құжаттың көшiрмесi (егер қайта өңдеу мақсаты жөндеу болып табылса көрсетiлген құжатты ұсыну талап етiлмейдi);

      ұсынылған құжаттар көшірмелерінің әрбір парағы көрсетілетін қызметті алушының қолтаңбасымен және мөрімен куәландырылған болуы тиіс не құжаттардың көшірмелері тігілген және олардың соңғы беттері көрсетілетін қызмет алушының қолтаңбасымен және мөрімен куәландырылған болуы тиіс;

      2) Мемлекеттік корпорацияға:

      Мемлекеттік корпорация қызметкерi, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушының ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісімін алады;

      құжаттарды қабылдау кезінде Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттардың электрондық көшірмесін шығарып, одан кейін түпнұсқасын көрсетілетін қызметті алушыға қайтарып береді, сондай-ақ тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхатты береді;

      Мемлекеттік корпорацияда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру жеке куәлікті (немесе нотариалдық куәландырылған сенімхаты бойынша оның өкілі) көрсеткен кезде қолхат негізінде жүзеге асырылады;

      Мемлекеттік корпорация нәтижені бір ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оны одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге береді;

      көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткеннен кейін жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның сұрауы бойынша көрсетілетін қызметті беруші дайын құжаттарды бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібереді;

      3) порталға:

      көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес өтiнiш;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес мәлiметтер нысаны;

      өнiмдi қайта өңдеуге арналған сыртқы сауда шарттының (келiсiмшарттының) көшiрмесi;

      тиiстi құзыреттi уәкiлеттi мемлекеттiк органның тауарларды аумақтан тыс жерде және iшкi тұтыну үшiн қайта өңдеу шарттары туралы құжаттың көшiрмесi (егер қайта өңдеу мақсаты жөндеу болып табылса көрсетiлген құжатты ұсыну талап етiлмейдi).

      Ұсынылған құжаттар көшірмелерінің әрбір парағы көрсетілетін қызметті алушының қолтаңбасымен және мөрімен куәландырылған болуы тиіс.

      Жеке басты куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны, жеке кәсiпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәлiметтерді көрсетiлетiн қызметтi берушi, Мемлекеттік корпорация қызметкерi "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:

      1) көрсетiлетiн қызметтi берушiге (қолма-қол не пошта байланысы арқылы) - құжаттар топтамасын қабылдау күнiн және уақытын көрсете отырып, оның көшiрмесiндегі көрсетiлетiн қызметтi берушiнің кеңсесiнде тiркелгенi туралы белгi өтініштің қағаз тасығышта қабылданғанын растау болып табылады;

      2) Мемлекеттік корпорацияға жүгiнген кезде:

      құжатты қабылдау нөмірін және күнін;

      сұратылған мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрін;

      қоса беріліген құжаттардың саны мен атауын;

      мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу күнін (уақыты) және құжаттарды беру орнын;

      құжаттарды қабылдаған жауапты адамның тегін, атын, әкесінің атын;

      көрсетiлетiн қызметтi алушының тегін, атын, әкесінің атын (жеке тұлғалар үшін) немесе атауын (заңды тұлғалар үшін), байланыс деректерiн көрсете отырып, тиiстi құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат;

      3) портал арқылы - көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетiнде" мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижелерiн алу күнiн көрсете отырып, мемлекеттiк қызметтi көрсетуге арналған сұраудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағымен көзделген тізбеге сәйке құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкерi осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхатты бередi.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 21.01.2016 № 37 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз); өзгеріс енгізілді - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 20.06.2016 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

       9-1. Мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту негіздері:

      1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін белгілеу;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      3) сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;

      4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;

      5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы.

      Ескерту. 2-тарау 9-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 20.06.2016 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттiк органдардың, сондай-ақ көрсетiлетiн қызметті берушiлердiң және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерiнiң шешiмдерiне, әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

      Ескерту. 3-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 21.01.2016 № 37 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

       10. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органның, сондай-ақ көрсетiлетiн қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану:

      1) шағым осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжайы бойынша көрсетiлетiн қызметтi беруші басшысының атына не 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, "Транспорт Тауэр" ғимараты, № 2117 кабинет мекенжай бойынша Министрлік басшылығының атына беріледі, телефоны: 8 (7172) 75-48-66, 75-49-14;

      шағым пошта арқылы жазбаша нысанда не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі;

      шағымда көрсетілетін қызметті алушы тегін, атын, әкесінің атын, пошталық мекенжайын, шығыс нөмірі мен күнін көрсетеді. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қояды;

      шағымның қабылданғанын растау көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қабылдап алған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орны көрсетіле отырып, оны тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) болып табылады;

      2) Мемлекеттік корпорация қызметкерінің әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағым Мемлекеттік корпорацияның www.con.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлар және телефондар бойынша Мемлекеттік корпорация басшысына жіберіледі;

      Мемлекеттік корпорацияның кеңсесінде қолма-қол, сол сияқты пошта арқылы келіп түскен шағымды қабылдауды растау оны тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе Мемлекеттік корпорацияның атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.

      Шағымды көрсетiлетiн қызметтi алушыға портал арқылы "жеке кабинеттен" жiберген кезде жүгіну туралы ақпарат қолжетiмдi болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішін өңдеу (жеткiзу, тiркеу, орындау, туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағым жасай алады;

      көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 21.01.2016 № 37 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

       11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетiлетiн қызметтi алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен сотқа жүгінеді.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 20.06.2016 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

4. Мемлекеттік қызметті көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда немесе Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

      Ескерту. 4-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 21.01.2016 № 37 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

       12. Қазақстан Республикасының Заңнамасында белгіленген тәртіппен өзіне өзі қызмет көрсетуді, өз бетімен қозғалуды, бағдаралуды жүзеге қабілетін немесе мүмкіндігін толық немесе ішінара жоғалтқан көрсетілетін кызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорация қызметтері 1414 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгіну арқылы тұрғылықты жері бойынша шығумен жүргізеді.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 21.01.2016 № 37 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

       13. Мемлекеттік қызмет көрсету мекенжайы:

      көрсетілетін қызметті берушінің - www.comprom.kz, "Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер" бөлімінде;

      Мемлекеттік корпорацияның - www.con.gov.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.

      Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 21.01.2016 № 37 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

       14. ЭЦҚ болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.

      15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қолжетімділік режимінде алу мүмкіндігі бар.

      16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтің байланыс телефондары: 8 (7172) 75-41-02, 75-41-04, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

  "Өнiмдi Қазақстан Республикасының
аумағынан тыс жерде өңдеуге рұқсат
беру" мемлекеттiк көрсетілетін
қызмет стандартына 1-қосымша

Өнiмдi Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде қайта
өңдеуге рұқсат беруге өтініш

1. __________________________________________________________________

(көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы)

2. __________________________________________________________________

(көрсетілетін қызметті алушының толық атауы, заңды тұлғаның

бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты

(болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі, заңды (iс жүзiндегi)

мекенжайы, телефоны)

3. Қайта өңдеушi, оның заңды (iс жүзiндегi) мекенжайы, телефоны:

4. Баратын елi:

5. Қайта өңдеу сипаты:

6. Мемлекеттік кірістер органы:

7. Өнiмнiң атауы:

8. Өнiмнiң

СЭҚ ТН бойынша коды:

9. Өнiмнiң бақылау тiзiмдерi бойынша коды:

10. Өлшем бiрлiгi:

11. Саны:

12. Келісімшарт валютасы:

13. Жалпы құны (мың):

14. Қайта өңдеу өнiмдерiнiң атауы:

15. Өнiмнiң СЭҚ ТН бойынша коды:

16. Өнiмнiң бақылау тiзiмдерi бойынша коды:

17. Өлшем бiрлiгi:

18. Саны:

19. Келісімшарт валютасы:

20. Жалпы құны (мың):

21. Рұқсат сұрау үшiн негiз (қайта өңдеу шартының (келiсiмшартының) нөмiрi және күнi):

22. Осымен:

қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады;

өтініш беруші рұқсатты беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді.

Басшы _________ ____________________________________________

(қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)

Мөр орны Толтыру күні: 20__ жылғы "__" __________________.

24. Көрсетілетін қызметті беруші_____________________________________

(көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы)

Өтініш қарауға қабылданды

20___жылғы "____" ___________

25. Рұқсаттың ерекше шарттары:

  "Өнiмдi Қазақстан Республикасының
аумағынан тыс жерде өңдеуге рұқсат
беру" мемлекеттiк көрсетілетін
қызмет стандартына 2-қосымша

Өнiмдi Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде қайта
өңдеуге рұқсат алуға арналған құжат туралы мәлiметтер нысаны*

      1. заңды тұлға үшiн - заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) № және күні;

      2. жеке тұлға үшiн - жеке басын куәландыратын құжаттың №, күні және берген мемлекеттік органның атауы;

      3. дара кәсiпкер үшiн - көрсетілетін қызметті алушының дара кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк тiркелгенi туралы куәлiктің № және берілген күні;

      4. Егер қызмет мәнi iшкi нарықта өндiру, сату (өткiзу) немесе пайдалану лицензия негiзiнде жүзеге асырылатын өнiм болып табылса, қызметтiң белгiлi бiр түрлерiн жүзеге асыруға арналған лицензия:

       1) лицензияның атауы және қызметтiң түрi (кіші түрінің) толық атауы___________________________;

      2) лицензияның нөмiрi ________________________________________;

      3) лицензияны беру күнi (жылы/күнi/айы) _____________________;

      4) лицензия берген мемлекеттiк орган ________________________.

      * шетелдiк, азаматтығы жоқ адам, шетелдiк заңды тұлға болып табылатын өтініш беруші уәкілетті органға заңды тұлға үшiн - өтініш беруші заңды тұлғасын мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамасын; жеке тұлға үшiн - жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесiн; жеке кәсiпкер үшiн - өтiнiш берушiнi жеке кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқа ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған) көшiрмесiн ұсынады. Көрсетілген құжаттар онда болмаған кезде өтініш беруші туралы осыған ұқсас мәліметтерді қамтитын өзге да құжаттарды ұсынады.

  "Өнiмдi Қазақстан Республикасының
аумағынан тыс жерде өңдеуге рұқсат
беру" мемлекеттiк көрсетілетін
қызмет стандартына 3-қосымша

      Нұсқа

      (көрсетілетін қызметті алушының тегі,

      аты, әкесінің аты бар болса (бұдан әрі - Т.А.Ә)

      _______________________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 21.01.2016 № 37 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

       "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 cәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы филиалының №__ бөлімі (мекенжайын көрсету) Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын, атап айтқанда:

      жоқ құжаттардың атаулары:

      1) _______________________________;

      2) _______________________________;

      3) _______________________________.

      ұсынбауыңызға байланысты мемлекеттік қызметті (мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы көрсетілсін) көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады.

      Осы қолхат 2 данада, әр тарапқа бір-біреуден.

      Т.А.Ә. (Мемлекеттік корпорацияның қызметкері) (қолы)

      Орындаушы: Т.А.Ә._________________

      Телефоны _________________________

      Алдым: көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә./қолы

      20__ ж. "___" _________

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 563 бұйрығына
9-қосымша

"Экспорттық бақылауға жататын өнімді кері экспорттауға
рұқсат беру" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер

      1. "Экспорттық бақылауға жататын өнімді кері экспорттауға рұқсат беру" мемлекеттiк көрсетілетін қызметі (бұдан әрi - мемлекеттiк көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрi - Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттiк қызметті Министрлiктің Индустриялық даму және өнеркәсiптiк қауiпсiздiк комитетi (бұдан әрi - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетедi.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

      көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

      "электрондық үкiметтiң" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрi - портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi

      4. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған, сондай-ақ порталға өтініш берілген сәттен бастап - 30 (отыз) жұмыс күні.

      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшiн күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут;

      3) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут.

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартады.

      5. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нысаны - электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрiнде.

      6. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесi - экспорттық бақылауға жататын өнімді кері экспорттауға рұқсат немесе осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 9-1-тармағында көзделген жағдайларда және негiздер бойынша мемлекеттiк көрсетілетін қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап.

      Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн ұсыну нысаны: қағаз түрiнде.

      Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрi - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы хабарлама "жеке кабинетіне" жіберіледі.

      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 20.06.2016 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       7. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының филиалдарға немесе өкілдіктерге, шетелдiктерге, шетелдiк заңды тұлғаларға (бұдан әрi - көрсетілетін қызметті алушы) тегiн көрсетiледi.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнің - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiнен басқа, дүйсенбiден бастап жұма аралығында, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі асқа үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін жүзеге асырылады.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі асқа үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.

      Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртiбiмен көрсетіледі;

      2) порталдың - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулiк бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш пен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).

      9. Көрсетiлетiн қызметтi алушының (не оның өкілінің) жүгінуі кезінде мемлекеттiк қызметті көрсетуге қажеттi құжаттар тiзбесi:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес өтiнiш;

      жеке басын куәландырылатын құжат және өкілдің өкілеттігін куәландыратын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін);

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес мәлiметтер нысаны;

      түпкі пайдаланушы тарапынан алынатын тауарлардың мәлімделген мақсаттарда пайдаланылуы туралы ресми растамасы;

      импортталатын өнімді мәлімделген мақсаттарда пайдалану және оны қазақстандық тараптың келісімінсіз үшінші елдерге кері экспорттауға жол бермеу туралы алушы елдің құзыретті органы берген алушы елдің кепілдік міндеттемесінің (түпкі пайдаланушының сертификатының) түпнұсқасы.

      Алушы елдің кепілдік міндеттемесінің (түпкі пайдаланушының сертификатының) түпнұсқалылығын тексеруді Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі жүзеге асырады;

      сыртқы сауда шартының (келісімшартының) көшірмесі, ал сыртқы сауда шарты (келісімшарты) болмаған жағдайда – тараптардың ниеттерін растайтын өзге құжаттың көшірмесі.

      Ұсынылған құжаттар көшірмелерінің әрбір парағы көрсетілетін қызмет берушiнің қолтаңбасымен және мөрімен куәландырылған болуы тиіс не құжаттардың көшірмелері тігілген және олардың соңғы беттері көрсетілетін қызмет берушiнің қолтаңбасымен және мөрімен куәландырылған болуы тиіс.

      2) порталға:

      1) көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес заңды немесе жеке тұлға үшін өтiнiш;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес мәлiметтер нысанның электрондық көшірмесі;

      түпкі пайдаланушы тарапынан алынатын тауарлардың мәлімделген мақсаттарда пайдаланылуы туралы ресми растамасының электрондық көшірмесі;

      импортталатын өнімді мәлімделген мақсаттарда пайдалану және оны қазақстандық тараптың келісімінсіз үшінші елдерге кері экспорттауға жол бермеу туралы алушы елдің құзыретті органы берген алушы елдің кепілдік міндеттемесінің (түпкі пайдаланушының сертификатының) түпнұсқасының электрондық көшірмесі.

      Алушы елдің кепілдік міндеттемесінің (түпкі пайдаланушының сертификатының) түпнұсқалылығын тексеруді Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі жүзеге асырады;

      сыртқы сауда шартының (келісімшартының) көшірмесі, ал сыртқы сауда шарты (келісімшарты) болмаған жағдайда – тараптардың ниеттерін растайтын өзге құжаттың электрондық көшірмесі.

      Ұсынылған құжаттар көшірмелерінің әрбір парағы көрсетілетін қызмет берушiнің қолтаңбасымен және мөрімен куәландырылған болуы тиіс.

      Заңды тұлғаларының филиалдар немесе өкілдіктердің мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәлiметтерді көрсетiлетiн қызметтi берушi "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:

      1) көрсетiлетiн қызметтi берушiге (қолма-қол не пошта байланысы арқылы) - құжаттар топтамасын қабылдау күнiн және уақытын көрсете отырып, оның көшiрмесiндегі көрсетiлетiн қызметтi берушiнің кеңсесiнде тiркелгенi туралы белгi өтініштің қағаз тасығышта қабылданғанын растау болып табылады;

      2) портал арқылы - көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетiнде" мемлекеттiк көрсетілетін қызметтiң нәтижелерiн алу күнiн көрсете отырып, мемлекеттiк қызметтi көрсетуге арналған сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

      Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 20.06.2016 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9-1. Мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту негіздері:

      1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін белгілеу;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      3) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауабы, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;

      4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;

      5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы.

      Ескерту. 2-тарау 9-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 20.06.2016 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша орталық
мемлекеттiк органдардың, сондай-ақ көрсетiлетiн қызметті
берушiлердiң және (немесе) олардың лауазымды адамдарының
шешiмдерiне, әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

      10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органның, көрсетiлетiн қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану:

      шағым осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетiлетiн қызметтi беруші басшысының атына не 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, "Транспорт Тауэр" ғимараты, № 2117 кабинет мекенжайы бойынша Министрлік басшылығының атына беріледі, телефоны: 8 (7172) 75-48-66, 75-49-14.

      Шағым пошта арқылы жазбаша нысанда не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

      Шағымда көрсетілетін қызметті алушы тегін, атын, әкесінің атын, пошталық мекенжайын, шығыс нөмірі мен күнін көрсетеді. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қою тиіс.

      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қабылдап алған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орны көрсетіле отырып, шағымды тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін шағым көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Портал арқылы жүгінген кезде шағым жасаудың тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.

      Шағымды көрсетiлетiн қызметтi алушыға портал арқылы "жеке кабинеттен" жiберген кезде жүгіну туралы ақпарат қолжетiмдi болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішін өңдеу (жеткiзу, тiркеу, орындау, туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағым жасай алады.

      Көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетiлетiн қызметтi алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен сотқа жүгінеді.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 20.06.2016 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық
нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері ескерілген өзге
де талаптар

      12. Мемлекеттік қызмет көрсету мекенжайы көрсетілетін қызметті берушінің - www.comprom.kz интернет-ресурсында, "Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

      13. ЭЦҚ болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.

      14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлек6ттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қолжетімділік режимінде алу мүмкіндігі бар.

      15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтің байланыс телефондары: 8 (7172) 75-41-02, 75-41-04, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

  "Экспорттық бақылауға жататын
өнімді кері экспорттауға рұқсат
беру" мемлекеттiк көрсетілетін
қызмет стандартына 1-қосымша

Экспорттық бақылауға жататын өнімнің кері экспортына
рұқсат алуға арналған өтініш

1. ________________________________________________________________

(көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы)

2. _______________________________________________________________

(заңды тұлғаның (оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы,

бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру

нөмірі болмаған жағдайда – шетелдік заңды тұлға филиалының немесе

өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке тұлғаның тегi, аты,

әкесiнiң аты (болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі; заңды

(нақты) мекенжайы, телефоны

3. Жіберетін ел:

4. Алушының елі:

5. Түпкі пайдаланушы (толық атауы, мекенжайы, телефоны):

6. Рұқсатты сұрату үшін негіздеме (сыртқы сауда шарты (келісімшартының), ал сыртқы сауда шарты (келісімшарты) болмаған жағдайда – тараптардың ниеттерін растайтын өзге құжат, № және қол қойылған күні):

7. Өнімнің атауы мен толық сипаттамасы:

8. Өнімнің СЭҚ ТН бойынша коды:

10. СЭҚ ТН бойынша өлшем бірлігі (негізгі және қосымша):

12. Келісімшарт валютасы

13. Құны:

9. Өнімнің бақылау тізімдері бойынша коды:

11. Саны:

Басшы _________ ____________________________________________

(қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)

Мөр орны Толтыру күні: 20__ жылғы "__" __________________.

15.Көрсетілетін қызметті беруші _____________________________________

(көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы)

Өтініш қарауға қабылданды

20___жылғы "____" _________________

16. Рұқсаттың ерекше шарттары

  "Экспорттық бақылауға жататын
өнімді кері экспорттауға рұқсат
беру" мемлекеттiк көрсетілетін
қызмет стандартына 2-қосымша

Экспорттық бақылауға жататын өнімнің кері экспортына
рұқсат алуға арналған мәлiметтер нысаны*

       1. заңды тұлға үшiн - заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) № және күні: __________________________________________;

       2. жеке тұлға үшiн - жеке басын куәландыратын құжаттың №, күні, берген мемлекеттік органның атауы: _________________________________;

       3. дара кәсiпкер үшiн - дара кәсiпкер ретiнде өтініш берушіні мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң № және берілген күні: ________________;

      4. Қазақстан Республикасынан өнімді әкетуге бұрын берілген рұқсат ету құжаты бойынша ақпарат: экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспортына берілген лицензияның №; берілген күні (жыл/күн/ай) _______________.

      * шетелдік заңды тұлға, шетелдік болып табылатын көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге заңды тұлға үшiн - көрсетілетін қызметті алушы заңды тұлғасын мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамасын; жеке тұлға үшiн - жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесiн; жеке кәсiпкер үшiн - көрсетілетін қызметті алушы жеке кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқа ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған) көшiрмесiн ұсынады. Көрсетілген құжаттар онда болмаған кезде өтініш беруші туралы осыған ұқсас мәліметтерді қамтитын өзге да құжаттарды ұсынады.

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 563 бұйрығына
10-қосымша

"Кепілдік міндеттемені (түпкілікті пайдаланушының сертификатын)
беру" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер

      1. "Кепiлдiк мiндеттеме (түпкiлiктi пайдаланушының сертификатын) беру" мемлекеттiк көрсетілетін қызметі (бұдан әрi - мемлекеттiк көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрi - Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттiк қызметті Министрлiктің Индустриялық даму және өнеркәсiптiк қауiпсiздiк комитетi (бұдан әрi - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетедi.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

      көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

      "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

      "электрондық үкiметтiң" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрi - портал) арқылы жүзеге асырылады.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 21.01.2016 № 37 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi

      4. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi:

      1) құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап:

      көрсетілетін қызметті берушіге, сондай-ақ порталға жүгінген кезде - 10 (он) жұмыс күні;

      Мемлекеттік корпорацияға - 20 (жиырма) жұмыс күні (Астана қаласында орналасқан - 10 (он) жұмыс күні);

      Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді;

      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшiн күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут;

      3) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут.

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартады.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 21.01.2016 № 37 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

       5. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нысаны - электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрiнде.

      6. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесi - кепілдік міндеттеме (түпкілікті пайдаланушының сертификаты) немесе осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 9-1-тармағында көзделген жағдайларда және негiздер бойынша мемлекеттiк көрсетілетін қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап.

      Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн ұсыну нысаны: қағаз түрiнде.

      Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрi - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы хабарлама "жеке кабинетіне" жіберіледі.

      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 20.06.2016 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       7. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрi - көрсетілетін қызметті алушы) тегiн көрсетiледi.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнің - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiнен басқа, дүйсенбiден бастап жұма аралығында, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі асқа үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;

      өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі асқа үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады;

      мемлекеттiк көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртiбiмен көрсетіледі;

      2) Мемлекеттік корпорацияның - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбiден бастап сенбіні қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесiне сәйкес сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн үзiлiссiз;

      мемлекеттік қызмет электрондық кезекті тәртібімен, көрсетілетін қызметті алушының қалауы бойынша, жеделдетілген қызмет көрсетусіз көрсетіледі, электрондық кезекті портал арқылы "броньдауға" болады;

      3) порталдың - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулiк бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш пен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 21.01.2016 № 37 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

       9. Көрсетiлетiн қызметтi алушының (не оның өкілінің) жүгінуі кезінде мемлекеттiк қызметті көрсетуге қажеттi құжаттар тiзбесi:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес өтiнiш;

      жеке басын куәландырылатын құжат және өкілдің өкілеттігін растайтын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін);

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес импорттаушының (түпкi пайдаланушының) кепiлдiк мiндеттемесi;

      сыртқы сауда мәмілесіне қатысушылар арасындағы сату-сатып алу шартының (келісімшарттың) немесе өзге шеттету құжатының көшірмесі;

      егер көрсетілетін қызметті алушы ретінде делдал болып шығатын болса, импорттаушы мен түпкілікті пайдаланушы арасындағы сату-сатып алу шартының (келісімшарттың) немесе өзге шеттету құжаты көшірмесі;

      ұсынылған құжаттар көшірмелерінің әрбір парағы көрсетілетін қызметті алушының қолтаңбасымен және мөрімен куәландырылған болуы тиіс не құжаттардың көшірмелері тігілген және олардың соңғы беттері көрсетілетін қызмет алушының қолтаңбасымен және мөрімен куәландырылған болуы тиіс;

      2) Мемлекеттік корпорацияға:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес өтiнiш;

      жеке басын куәландырылатын құжат және өкілдің өкілеттігін растайтын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін);

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес импорттаушының (түпкi пайдаланушының) кепiлдiк мiндеттемесi;

      сыртқы сауда мәмілесіне қатысушылар арасындағы сату-сатып алу шартының (келісімшарттың) немесе өзге шеттету құжатының көшірмесі;

      егер көрсетілетін қызметті алушы ретінде делдал болып шығатын болса, импорттаушы мен түпкілікті пайдаланушы арасындағы сату-сатып алу шартының (келісімшарттың) немесе өзге шеттету құжаты көшірмесі;

      ұсынылған құжаттар көшірмелерінің әрбір парағы көрсетілетін қызметті алушының қолтаңбасымен және мөрімен куәландырылған болуы тиіс не құжаттардың көшірмелері тігілген және олардың соңғы беттері көрсетілетін қызмет алушының қолтаңбасымен және мөрімен куәландырылған болуы тиіс;

      Мемлекеттік корпорация қызметкерi, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушының ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісімін алады;

      құжаттарды қабылдау кезінде Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттардың электрондық көшірмесін шығарып, одан кейін түпнұсқасын көрсетілетін қызметті алушыға қайтарып береді, сондай-ақ тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхатты береді;

      Мемлекеттік корпорацияда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру жеке куәлікті (немесе нотариалдық куәландырылған сенімхаты бойынша оның өкілі) көрсеткен кезде қолхат негізінде жүзеге асырылады;

      Мемлекеттік корпорация нәтижені бір ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оны одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге береді;

      көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткеннен кейін жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның сұрауы бойынша көрсетілетін қызметті беруші дайын құжаттарды бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібереді;

      3) порталға:

      көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес өтiнiш;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес импорттаушының (түпкi пайдаланушының) кепiлдiк мiндеттемесiнің электрондық көшірмесі;

      сыртқы сауда мәмілесіне қатысушылар арасындағы сату-сатып алу шартының (келісімшарттың) немесе өзге шеттету құжатының электрондық көшірмесі;

      егер көрсетілетін қызметті алушы ретінде делдал болып шығатын болса, импорттаушы мен түпкілікті пайдаланушы арасындағы сату-сатып алу шартының (келісімшарттың) немесе өзге шеттету құжаты электрондық көшірмесі.

      Ұсынылған құжаттар көшірмелерінің әрбір парағы көрсетілетін қызметті алушының қолтаңбасымен және мөрімен куәландырылған болуы тиіс.

      Жеке басты куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны, жеке кәсiпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәлiметтерді көрсетiлетiн қызметтi берушi, Мемлекеттік корпорация қызметкерi "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:

      1) көрсетiлетiн қызметтi берушiге (қолма-қол не пошта байланысы арқылы) - құжаттар топтамасын қабылдау күнiн және уақытын көрсете отырып, оның көшiрмесiндегі көрсетiлетiн қызметтi берушiнің кеңсесiнде тiркелгенi туралы белгi өтініштің қағаз тасығышта қабылданғанын растау болып табылады;

      2) Мемлекеттік корпорацияға жүгiнген кезде:

      құжатты қабылдау нөмірін және күнін;

      сұратылған мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрін;

      қоса беріліген құжаттардың саны мен атауын;

      мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу күнін (уақыты) және құжаттарды беру орнын;

      құжаттарды қабылдаған жауапты адамның тегін, атын, әкесінің атын;

      көрсетiлетiн қызметтi алушының тегін, атын, әкесінің атын (жеке тұлғалар үшін) немесе атауын (заңды тұлғалар үшін), байланыс деректерiн көрсете отырып, тиiстi құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат;

      3) портал арқылы - көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетiнде" мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижелерiн алу күнiн көрсете отырып, мемлекеттiк қызметтi көрсетуге арналған сұраудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағымен көзделген тізбеге сәйке құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкерi осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхатты бередi.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 21.01.2016 № 37 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз); өзгеріс енгізілді - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 20.06.2016 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

       9-1. Мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту негіздері:

      1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      3) сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;

      4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;

      5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы.

      Ескерту. 2-тарау 9-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 20.06.2016 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттiк органдардың, сондай-ақ көрсетiлетiн қызметті берушiлердiң және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерiнiң шешiмдерiне, әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

      Ескерту. 3-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 21.01.2016 № 37 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

       10. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органның, сондай-ақ көрсетiлетiн қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану:

      1) шағым осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжайы бойынша көрсетiлетiн қызметтi беруші басшысының атына не 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, "Транспорт Тауэр" ғимараты, № 2117 кабинет мекенжай бойынша Министрлік басшылығының атына беріледі, телефоны: 8 (7172) 75-48-66, 75-49-14;

      шағым пошта арқылы жазбаша нысанда не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі;

      шағымда көрсетілетін қызметті алушы тегін, атын, әкесінің атын, пошталық мекенжайын, шығыс нөмірі мен күнін көрсетеді. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қояды;

      шағымның қабылданғанын растау көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қабылдап алған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орны көрсетіле отырып, оны тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) болып табылады;

      2) Мемлекеттік корпорация қызметкерінің әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағым Мемлекеттік корпорацияның www.con.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлар және телефондар бойынша Мемлекеттік корпорация басшысына жіберіледі;

      Мемлекеттік корпорацияның кеңсесінде қолма-қол, сол сияқты пошта арқылы келіп түскен шағымды қабылдауды растау оны тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе Мемлекеттік корпорацияның атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.

      Шағымды көрсетiлетiн қызметтi алушыға портал арқылы "жеке кабинеттен" жiберген кезде жүгіну туралы ақпарат қолжетiмдi болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішін өңдеу (жеткiзу, тiркеу, орындау, туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағым жасай алады;

      көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 21.01.2016 № 37 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

       11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетiлетiн қызметтi алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен сотқа жүгінеді.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 20.06.2016 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

4. Мемлекеттік қызметті көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда немесе Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

      Ескерту. 4-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 21.01.2016 № 37 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

       12. Қазақстан Республикасының Заңнамасында белгіленген тәртіппен өзіне өзі қызмет көрсетуді, өз бетімен қозғалуды, бағдаралуды жүзеге қабілетін немесе мүмкіндігін толық немесе ішінара жоғалтқан көрсетілетін кызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорация қызметтері 1414 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгіну арқылы тұрғылықты жері бойынша шығумен жүргізеді.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 21.01.2016 № 37 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

       13. Мемлекеттік қызмет көрсету мекенжайы:

      көрсетілетін қызметті берушінің - www.comprom.kz, "Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер" бөлімінде;

      Мемлекеттік корпорацияның - www.con.gov.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.

      Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 21.01.2016 № 37 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

       14. ЭЦҚ болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.

      16. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қолжетімділік режимінде алу мүмкіндігі бар.

      15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтің байланыс телефондары: 8 (7172) 75-41-02, 75-41-04, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

  "Кепiлдiк мiндеттеме (түпкiлiктi
пайдаланушының сертификатын) беру"
мемлекеттiк көрсетілетін қызмет
стандартына 1-қосымша

      ______________________________________________

      (көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы)

      ______________________________________________

      (аты, тегі, әкесінің аты (болған жағдайда)

      жеке тұлға, жеке сәйкестендіру нөмірі,

      көрсетілетін қызметті алушының жеке кәсіпкер

      ретінде мемлекеттік тіркелген куәлігінің

      нөмірі - жеке кәсіпкер үшін;

      заңды тұлғаның толық аты-жөні, бизнес-

      сәйкестендіру нөмірі, көрсетілетін қызметті

      алушының заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелген

      куәлігінің немесе анықтамасының нөмірі –

      заңды тұлға үшін.)

      Мекенжай_________________________________________

      (пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы,

      ауылдық аймағы, көшесінің аты, үйдің/ғимараттың

      нөмірі, телефоны)

Кепiлдiк мiндеттеменi (түпкiлікті пайдаланушының
сертификатын) алуға арналған
ӨТIНIШ

      Кепiлдiк мiндеттемені (түпкiлікті пайдаланушы сертификатын) беруді сұраймын.

      Қосымша_________парақ

      Осымен:

      көрсетілетін қызметті алушының ақпараттық жүйелер қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беретіндігі;

      көрсетілетін қызметті алушыға қатысты қызметін немесе оның қызметінің жекелеген түрлерін тоқтату немесе тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкім) жоқтығы.

      Қоса беріліп отырған барлық құжаттар шындыққа сәйкес келетіндігі және жарамды болып табылатындығы расталады.

      Басшы _________ ____________________________________________

       (қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)

       Мөр орны

      Толтыру күні: 20__ жылғы "__" __________________.

  "Кепiлдiк мiндеттеме (түпкiлiктi
пайдаланушының сертификатын) беру"
мемлекеттiк көрсетілетін қызмет
стандартына 2-қосымша

Импорттаушының (түпкі пайдаланушының) кепілдік міндеттемесі

СЕРТИФИКАТ №

1. Импорттаушы (заңды және нақты мекенжайы, телефоны) БИН (ЖСН)

2. Импорттаушы ел

3. Экспорттаушы (заңды және нақты мекенжайы, телефоны)

4. Экспорттаушы ел

5. Түпкі пайдаланушы (мекенжайы, телефоны және қызмет саласы)

6. Алынған лицензиялар туралы ақпарат

7. Өнімді орналастыру және (немесе) пайдалану орны

8. Өнімді түпкі пайдалану

9. Өнімнің атауы

10. Өнімнің СЭҚ ТН бойынша коды

11. Өнімнің бақылау тізімдері бойынша коды

12. Сертификатты сұрату үшін негіздеме (келісімшарт немесе шарт, № мен қол қойылған күні)

13. Өлшем бірлігі

14. Саны

15. Импорттаушы (түпкі пайдаланушы) 9-тармақта көрсетілген тауарды Қазақстан Республикасына импорттауға міндеттенеді. Импорттаушы (түпкі пайдаланушы) 9-тармақта көрсетілген тауарды 8-тармақта көрсетілген мақсатта пайдалануға, оны Қазақстан Республикасының аумағындағы шаруашылық қызметтің басқа субъектісіне бермеуге және Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органының рұқсатынсыз кері экспорттамауға міндеттенеді

17. Импорттаушы

Т.А.Ә.

Лауазымы

Қолы, М.О.

Күні

18. Түпкі пайдаланушы

Т.А.Ә.

Лауазымы

Қолы, М.О.

Күні

       Сыртқы жағы

Импорттаушының (түпкі пайдаланушының) кепілдік міндеттемесіне
қосымша

Р/с

Өнімнің атауы

СЭҚ ТН бойынша коды

Бақылау тізімдері бойынша коды

Саны

Өлшем бірлігі

1

2

3

4

5

6

1.

2.

3.

4.

5.

Барлығы парақ

Парақ №

Импорттаушы

Т.А.Ә.

Лауазымы

Қолы, М.О.

Күні

Түпкі пайдаланушы

Т.А.Ә.

Лауазымы

Қолы, М.О.

Күні

  "Кепілдік міндеттемені (түпкілікті
пайдаланушының сертификатын) беру"
мемлекеттiк көрсетілетін қызмет
стандартына 3-қосымша

      Нұсқа

      (көрсетілетін қызметті алушының тегі,

      аты, әкесінің аты бар болса (бұдан әрі - Т.А.Ә)

      _______________________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 21.01.2016 № 37 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

       "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 cәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы филиалының №__ бөлімі (мекенжайын көрсету) Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын, атап айтқанда:

      жоқ құжаттардың атаулары:

      1) _______________________________;

      2) _______________________________;

      3) _______________________________.

      ұсынбауыңызға байланысты мемлекеттік қызметті (мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы көрсетілсін) көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады.

      Осы қолхат 2 данада, әр тарапқа бір-біреуден.

      Т.А.Ә. (Мемлекеттік корпорацияның қызметкері) (қолы)

      Орындаушы: Т.А.Ә._________________

      Телефоны _________________________

      Алдым: көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә./қолы

      20__ ж. "___" _________

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 563 бұйрығына
11-қосымша

"Тауарларды, технологияларды, жұмыстарды, көрсетілетін
қызметтерді, ақпаратты экспорттық бақылауға жататын өнімге
жатқызу туралы қорытынды беру" мемлекеттiк көрсетілетін
қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер

      1. "Тауарларды, технологияларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, ақпаратты экспорттық бақылауға жататын өнімге жатқызу туралы қорытынды беру" мемлекеттiк көрсетілетін қызметі (бұдан әрi - мемлекеттiк көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрi - Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттiк қызметті Министрлiктің Индустриялық даму және өнеркәсiптiк қауiпсiздiк комитетi (бұдан әрi - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетедi.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

      көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

      "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

      "электрондық үкiметтiң" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрi - портал) арқылы жүзеге асырылады.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 21.01.2016 № 37 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi

      4. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi:

      1) жиырма жұмыс күнiнен кешiктiрмей беретiн, мемлекеттік органдармен келісуге жататын қорытындыларды қоспағанда, көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде - 10 (он) жұмыс күні;

      Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді;

      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшiн күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут;

      3) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут.

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартады.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 21.01.2016 № 37 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

       5. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нысаны - электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрiнде.

      6. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесi - тауарларды, технологияларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, ақпаратты экспорттық бақылауға жататын өнімге жатқызу туралы қорытынды немесе осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 9-1-тармағында көзделген жағдайларда және негiздер бойынша мемлекеттiк көрсетілетін қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап.

      Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн ұсыну нысаны: электрондық түрiнде.

      Мемлекеттiк көрсетілетін қызметті алу үшін портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті беруші уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрi - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында "жеке кабинетіне" жіберіледі.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін қағаз тасығышта алу үшін өтініш білдірген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі электрондық форматта ресімделіп, басып шығарылады, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының мөрімен және қолымен расталады.

      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 20.06.2016 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       7. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрi - көрсетілетін қызметті алушы) тегiн көрсетiледi.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнің - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiнен басқа, дүйсенбiден бастап жұма аралығында, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі асқа үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;

      өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі асқа үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады;

      мемлекеттiк көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртiбiмен көрсетіледі;

      2) Мемлекеттік корпорацияның - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбiден бастап сенбіні қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесiне сәйкес сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн үзiлiссiз;

      мемлекеттік қызмет электрондық кезекті тәртібімен, көрсетілетін қызметті алушының қалауы бойынша, жеделдетілген қызмет көрсетусіз көрсетіледі, электрондық кезекті портал арқылы "броньдауға" болады;

      3) порталдың - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулiк бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш пен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 21.01.2016 № 37 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

       9. Көрсетiлетiн қызметтi алушының (не оның өкілінің) жүгінуі кезінде мемлекеттiк қызметті көрсетуге қажеттi құжаттар тiзбесi:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес өтiнiш;

      жеке басын куәландырылатын құжат және өкілдің өкілеттігін растайтын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін);

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес мәлiметтер нысаны;

      тауардың фотосуретi (бар болған жағдайда);

      2) Мемлекеттік корпорацияға:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес өтiнiш;

      жеке басын куәландырылатын құжат және өкілдің өкілеттігін растайтын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін);

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес мәлiметтер нысаны;

      тауардың фотосуретi (бар болған жағдайда).

      Мемлекеттік корпорация қызметкерi, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушының ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісімін алады;

      құжаттарды қабылдау кезінде Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттардың электрондық көшірмесін шығарып, одан кейін түпнұсқасын көрсетілетін қызметті алушыға қайтарып береді, сондай-ақ тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхатты береді;

      Мемлекеттік корпорацияда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру жеке куәлікті (немесе нотариалдық куәландырылған сенімхаты бойынша оның өкілі) көрсеткен кезде қолхат негізінде жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік корпорация нәтижені бір ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оны одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге береді;

      көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткеннен кейін жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның сұрауы бойынша көрсетілетін қызметті беруші дайын құжаттарды бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібереді.

      3) порталға:

      көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес өтiнiш;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес мәлiметтер нысаны;

      тауардың фотосуреттерiнің электрондық көшірмелері (бар болған жағдайда).

      Жеке басты куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны, жеке кәсiпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәлiметтерді көрсетiлетiн қызметтi берушi, Мемлекеттік корпорация қызметкерi "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден алады.

      Экспорттық бақылау жүйесіне тартылған мемлекеттік органдардың келісімдерін алу үшін көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын тіркеген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік органдарға сауал жібереді. Экспорттық бақылау жүйесіне қатысты мемлекеттік органдар көрсетілетін қызметті берушінің сауалы негізінде он жұмыс күні ішінде тиісті көрсетілетін қызметті берушіге жауап жібереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:

      1) көрсетiлетiн қызметтi берушiге (қолма-қол не пошта байланысы арқылы) - құжаттар топтамасын қабылдау күнiн және уақытын көрсете отырып, оның көшiрмесiндегі көрсетiлетiн қызметтi берушiнің кеңсесiнде тiркелгенi туралы белгi өтініштің қағаз тасығышта қабылданғанын растау болып табылады;

      2) Мемлекеттік корпорацияға жүгiнген кезде:

      құжатты қабылдау нөмірін және күнін;

      сұратылған мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрін;

      қоса беріліген құжаттардың саны мен атауын;

      мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу күнін (уақыты) және құжаттарды беру орнын;

      құжаттарды қабылдаған жауапты адамның тегін, атын, әкесінің атын;

      көрсетiлетiн қызметтi алушының тегін, атын, әкесінің атын (жеке тұлғалар үшін) немесе атауын (заңды тұлғалар үшін), байланыс деректерiн көрсете отырып, тиiстi құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат;

      3) портал арқылы - көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетiнде" мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижелерiн алу күнiн көрсете отырып, мемлекеттiк қызметтi көрсетуге арналған сұраудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағымен көзделген тізбеге сәйке құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкерi осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхатты бередi.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 21.01.2016 № 37 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз); өзгеріс енгізілді - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 20.06.2016 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

       9-1. Мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту негіздері:

      1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      3) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауабы, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;

      4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;

      5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы.

      Ескерту. 2-тарау 9-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 20.06.2016 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттiк органдардың, сондай-ақ көрсетiлетiн қызметті берушiлердiң және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерiнiң шешiмдерiне, әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

      Ескерту. 3-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 21.01.2016 № 37 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

       10. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органның, сондай-ақ көрсетiлетiн қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану:

      1) шағым осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжайы бойынша көрсетiлетiн қызметтi беруші басшысының атына не 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, "Транспорт Тауэр" ғимараты, № 2117 кабинет мекенжай бойынша Министрлік басшылығының атына беріледі, телефоны: 8 (7172) 75-48-66, 75-49-14;

      шағым пошта арқылы жазбаша нысанда не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі;

      шағымда көрсетілетін қызметті алушы тегін, атын, әкесінің атын, пошталық мекенжайын, шығыс нөмірі мен күнін көрсетеді. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қояды;

      шағымның қабылданғанын растау көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қабылдап алған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орны көрсетіле отырып, оны тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) болып табылады;

      2) Мемлекеттік корпорация қызметкерінің әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағым Мемлекеттік корпорацияның www.con.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлар және телефондар бойынша Мемлекеттік корпорация басшысына жіберіледі;

      Мемлекеттік корпорацияның кеңсесінде қолма-қол, сол сияқты пошта арқылы келіп түскен шағымды қабылдауды растау оны тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе Мемлекеттік корпорацияның атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.

      Шағымды көрсетiлетiн қызметтi алушыға портал арқылы "жеке кабинеттен" жiберген кезде жүгіну туралы ақпарат қолжетiмдi болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішін өңдеу (жеткiзу, тiркеу, орындау, туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағым жасай алады;

      көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 21.01.2016 № 37 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

       11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетiлетiн қызметтi алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен сотқа жүгінеді.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 20.06.2016 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

4. Мемлекеттік қызметті көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда немесе Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

      Ескерту. 4-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 21.01.2016 № 37 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

       12. Қазақстан Республикасының Заңнамасында белгіленген тәртіппен өзіне өзі қызмет көрсетуді, өз бетімен қозғалуды, бағдаралуды жүзеге қабілетін немесе мүмкіндігін толық немесе ішінара жоғалтқан көрсетілетін кызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорация қызметтері 1414 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгіну арқылы тұрғылықты жері бойынша шығумен жүргізеді.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 21.01.2016 № 37 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

       13. Мемлекеттік қызмет көрсету мекенжайы:

      көрсетілетін қызметті берушінің - www.comprom.kz, "Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер" бөлімінде;

      Мемлекеттік корпорацияның - www.con.gov.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.

      Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 21.01.2016 № 37 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

       14. ЭЦҚ болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.

      15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қолжетімділік режимінде алу мүмкіндігі бар.

      16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтің байланыс телефондары: 8 (7172) 75-41-02, 75-41-04, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

  "Тауарларды, технологияларды,
жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді,
ақпаратты экспорттық бақылауға жататын
өнімге жатқызу туралы қорытынды беру"
мемлекеттiк көрсетілетін қызмет
стандартына 1-қосымша

      _____________________________________________

      (көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы)

      _____________________________________________

      (мемлекеттiк қызметтi алушының толық атауы)

      Заңды (нақты) мекенжайы: ____________________

      (индекс, қала, аудан, облысы, көше, үйдiң №,

      телефон)

      Көрсетілетін қызметті алушының деректемелерi

      _____________________________________________

      (заңды тұлғаның (оның ішінде шетелдік заңды

      тұлғаның) толық атауы, бизнес-сәйкестендіру

      нөмірі, заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру

      нөмірі болмаған жағдайда - шетелдік заңды

      тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-

      сәйкестендіру нөмірі/жеке тұлғаның тегi, аты,

      әкесiнiң аты (болған жағдайда), жеке

      сәйкестендіру нөмірі)

Тауарларды, технологияларды, жұмыстарды, қызметтердi,
ақпаратты экспорттық бақылауға жататын өнiмге жатқызу
туралы қорытынды алуға
ӨТIНIШ

      "Экспорттық бақылау туралы" 2007 жылғы 21 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тауарларды, технологияларды, жұмыстарды, қызметтердi, ақпаратты экспорттық бақылауға жататын өнiмге жатқызу туралы қорытынды берудi сұраймыз.

      Басшы __________ _____________________________________________

       (қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)

  "Тауарларды, технологияларды,
жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді,
ақпаратты экспорттық бақылауға жататын
өнімге жатқызу туралы қорытынды беру"
мемлекеттiк көрсетілетін қызмет
стандартына 2-қосымша

Тауарларды, технологияларды, жұмыстарды, қызметтердi, ақпаратты
экспорттық бақылауға жататын өнiмге жатқызу туралы қорытынды
алу үшiн мәлiметтер нысаны*

      1) тауардың атауы: _________________________________________;

      2) экспорт/импорт: __________________________________________;

      2) кеден одағының сыртқы экономикалық қызметiнiң өнім

      номенклатурасы бойынша код № (он белгi): __________________________;

      3) тауардың техникалық сипаттамасы (сипаттау), химиялық

      құрамы: ___________________________________________________________;

      4) сатушы ұйым, экспорттаушы ел: _____________________________;

      5) тауардың функциялары: _____________________________________;

      6) тауарды қолдану аясы (саласы): ____________________________;

      7) түпкi пайдалану, түпкi пайдаланушы, әкелу/әкеті мақсаты:

      _________________________________________________________________.

      Ескертпе: * көрсетілетін қызметті алушы қаруға қатысты

      қорытынды алуға жүгінген кезде мыналардан тандау керек:

      6) тармақшада:

      а) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлер мен әскери құрамалары, мемлекеттік арнаулы және құқық қорғау органдары мен олардың бөліністерінде жауынгерлік және жедел-қызмет міндеттерін шешуге арналған;

      б) азаматтардың өмірі мен денсаулығын, мүлігін қорғау, қоршаған ортаны және табиғат ресурстарын, құнды және қауіпті жүктерді, арнайы корреспонденцияларды қорғау мақсатында заңды және жеке тұлғалармен пайдалануға арналған;

      в) азаматтар өзін-өзі қорғау, спортпен шұғылдану және аң аулау мақсатында пайдалануға арналған.

      7) тармақшада:

      а) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлер мен әскери құрамалары, мемлекеттік арнаулы және құқық қорғау органдары мен олардың бөліністері;

      б) Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген шекте заңды және жеке тұлғалар;

      в) Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген шекте Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары.

  "Тауарларды, технологияларды,
жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді,
ақпаратты экспорттық бақылауға жататын
өнімге жатқызу туралы қорытынды беру"
мемлекеттiк көрсетілетін қызмет
стандартына 3-қосымша

      Нұсқа

      (көрсетілетін қызметті алушының тегі,

      аты, бар болса әкесінің аты (бұдан әрі - Т.А.Ә)

      _______________________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 21.01.2016 № 37 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

       "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 cәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы филиалының №__ бөлімі (мекенжайын көрсету) Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын, атап айтқанда:

      жоқ құжаттардың атаулары:

      1) _______________________________;

      2) _______________________________;

      3) _______________________________.

      ұсынбауыңызға байланысты мемлекеттік қызметті (мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы көрсетілсін) көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады.

      Осы қолхат 2 данада, әр тарапқа бір-біреуден.

      Т.А.Ә. (Мемлекеттік корпорацияның қызметкері) (қолы)

      Орындаушы: Т.А.Ә._________________

      Телефоны _________________________

      Алдым: көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә./қолы

      20__ ж. "___" _________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады