Спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне "мамандандырылған" деген мәртебе беру қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2015 жылғы 9 маусымдағы № 209 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 10 шілдеде № 11642 тіркелді.

      "Дене шынықтыру және спорт туралы" 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 43) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне "мамандандырылған" деген мәртебе беру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті (Е.Б. Қанағатов) белгіленген заңнамалық тәртіппен:

      1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуге ұсынылуын;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;

      3) ресми жарияланғаннан кейін осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын;

      4) осы тармақпен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді іс-шараларды орындағаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. "Спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне "мамандандырылған" мәртебелерін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 28 шілдедегі № 293 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 9676 болып тіркелген, 2015 жылғы 15 қаңтарда "Егемен Қазақстан" газетінің № 8 (28486) нөмірінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі С.Ж. Мұсайбековке жүктелсін.

      5. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің міндетін атқарушы
М. Әзілханов

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрлігінің
2015 жылғы 9 маусымдағы
№ 209 бұйрығымен
бекітілген

Спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне "мамандандырылған" деген мәртебе беру қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 04.05.2020 № 108 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне "мамандандырылған" деген мәртебе беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Дене шынықтыру және спорт туралы" 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 43) тармақшасына сәйкес әзірленді және спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне "мамандандырылған" деген мәртебе беру тәртібін айқындайды, сондай-ақ "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес "Спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне "мамандандырылған" деген мәртебе беру" мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет көрсету) тәртібін айқындайды.

      2. Спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне "мамандандырылған" деген мәртебе осы спорт мектептерінің және спорт түрлерінен бөлімшелердің қызметкерлерін материалдық ынталандыру, сондай-ақ олардың жоғары дәрежелі спортшыларды даярлауға және Қазақстан Республикасы құрама командаларының резервін дайындауға мүддесін арттыру мақсатында беріледі.

      3. Облыстың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) спорт мектептеріне, спорт мектептерінің бөлімшелеріне "мамандандырылған" мәртебелерін беру туралы шешім қабылдайтын орган болып табылады.

      4. Спорт мектептеріне, спорт мектептерінің бөлімшелеріне "мамандандырылған" мәртебелері көрсетілетін қызмет беруші берген күннен бастап төрт жыл бойы қолданылады.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      5. Спорт мектебіне "мамандандырылған" деген мәртебе беру үшін мынадай шарттар сақталады:

      1) меншікті немесе жалға алынған спорттық объектісінің (үй - жайдың) болуы;

      2) әр спорт мектебіндегі спорт түрі бойынша бөлімшелерінде кемінде 4 адамнан тұратын жаттықтырушы-оқытушылар құрамының болуы;

      3) "Қазақстан Республикасының спорт шебері", "Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері" спорттық атақтары, республикалық және халықаралық жарыстардың спорттық нәтижелері (чемпионы, жүлдегері) бар спортшылардың болуы;

      4) спорт түрі бойынша кемінде 2/3 мамандандырылған бөлімшелердің болуы;

      5) спорт мектебінің спортшыларын медициналық тексеруден тұрақты өткізу туралы спорт мектебі мен дәрігерлік - дене шынықтыру диспансері немесе басқа да медициналық ұйымдар арасында жасалған шарттың болуы.

      6. Спорт түрлері бойынша спорт мектептерінің бөлімшелеріне "мамандандырылған" мәртебесін беру үшін мынадай шарттар сақталады:

      1) спорт түрі бойынша бөлімше өз қызметін жүзеге асыратын спорт мектебінде меншікті немесе жалға алынған спорт объектісінің (үй - жайдың) болуы;

      2) спорт түрі бойынша бөлімшеде кемінде 4 адамнан тұратын жаттықтырушы-оқытушылар құрамының болуы;

      3) спорт түрі бойынша бөлімшеде "Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат", "Қазақстан Республикасының спорт шебері", "Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері" спорттық атақтары және разрядтары, республикалық және халықаралық жарыстардың спорттық нәтижелері (чемпионы, жүлдегері) бар спортшылардың болуы;

      4) спорт түрі бойынша бөлімшеде кемінде екі спорттық жетілдіру тобының болуы (бір спорттық жетілдіру тобында спортпен айналысатын адамдардың жалпы саны дамытылатын спорт түріне қарай 2-ден 6 адамға дейін);

      5) спорт түрі бойынша бөлімше оқушыларын медициналық тексеруден тұрақты өткізу туралы спорт мектебі мен дәрігерлік-дене шынықтыру диспансері немесе басқа да медициналық ұйымдар арасында жасалған шарттың болуы.

      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін спорт мектебі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) құжаттардың пакетін ұсына отырып, "Азаматтарға арналған үкімет "Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) немесе "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүгінеді.

      Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында баяндалған.

      8. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе уәкілетті өкіл) мемлекеттік қызметті көрсету үшін жүгінген кезде қажетті құжаттардың тізбесі:

      спорт мектептеріне "мамандандырылған" мәртебесін беру туралы мемлекеттік қызметті алу үшін:

      Мемлекеттік корпорацияға:

      1) спорт мектебі басшысының жеке басын куәландыратын құжат және (немесе) спорт мектебінің өкілі жүгінген кезде - заңды тұлғаның сенімхаты (сәйкестендіру үшін);

      2) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;

      3) осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес спорт объектісі (үй - жай) туралы мәліметтер;

      4) спорт мектебінің спортшыларын медициналық тексеруден тұрақты өткізу туралы спорт мектебі мен дәрігерлік-дене шынықтыру диспансері немесе басқа да медициналық ұйымдар арасында жасалған қолданыстағы шарт;

      5) осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес спорт мектебінің басшысы куәландырған спорт резервін даярлау жөніндегі бөлімшенің жұмысы туралы анықтама;

      6) спорт мектептерінің бөлімшелеріне "мамандандырылған" мәртебесін беру туралы бұйрықтардың көшірмелері;

      порталға:

      1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

      2) осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес электрондық құжат нысанындағы спорт объектісі (үй - жай) туралы мәліметтер;

      3) спорт мектебі мен дәрігерлік-дене шынықтыру диспансері немесе басқа да медициналық ұйымдар арасында спорт мектебі спортшыларын медициналық тексеруден тұрақты өткізу туралы электрондық құжат нысанындағы қолданыстағы шарт;

      4) осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес спорт мектебінің басшысы куәландырған спорт резервін даярлау жөніндегі бөлімшенің жұмысы туралы электрондық құжат нысанындағы анықтама;

      5) электрондық құжат нысанында спорт мектептерінің бөлімшелеріне "мамандандырылған" мәртебесін беру туралы бұйрықтар;

      спорт мектептерінің бөлімшелеріне "мамандандырылған" мәртебесін беру туралы мемлекеттік қызметті алу үшін:

      Мемлекеттік корпорацияға:

      1) спорт мектебі басшысының жеке басын куәландыратын құжат және (немесе) спорт мектебінің өкілі жүгінген кезде - заңды тұлғаның сенімхаты (сәйкестендіру үшін);

      2) осы Қағидалардың 2 - қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;

      3) осы Қағидалардың 3 - қосымшасына сәйкес спорт объектісі (үй - жай) туралы мәліметтер;

      4) спорт мектебі мен дәрігерлік-дене шынықтыру диспансері немесе басқа да медициналық ұйымдар арасында спорт мектебі спортшыларын медициналық тексеруден тұрақты өткізу туралы жасалған қолданыстағы шарт;

      5) осы Қағидалардың 4 - қосымшасына сәйкес спорт мектебінің басшысы куәландырған спорт резервін даярлау жөніндегі бөлімшенің жұмысы туралы анықтама;

      порталға:

      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

      2) осы Қағидалардың 3 - қосымшасына сәйкес электрондық құжат нысанындағы спорт объектісі (үй - жай) туралы мәліметтер;

      3) спорт мектебі мен дәрігерлік-дене шынықтыру диспансері немесе басқа да медициналық ұйымдар арасында спорт түрі бойынша бөлімше спортшыларын медициналық тексеруден тұрақты өткізу туралы электрондық құжат нысанындағы қолданыстағы шарт;

      4) осы Қағидалардың 4 - қосымшасына сәйкес спорт мектебінің басшысы куәландырған спорт резервін даярлау жөніндегі бөлімшенің жұмысы туралы электрондық құжат нысанындағы анықтама.

      9. Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және көрсетілетін қызметті алушыға тиесілі спорт объектісіне (үй-жайға) берілген техникалық сипаттамалары туралы құжаттардың мәліметтерін Мемлекеттік корпорация қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

      Мемлекеттік корпорацияда құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.

      Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттарды қабылдау кезінде құжаттардың электрондық көшірмелерін жасайды, содан кейін түпнұсқаларды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады және қолхат береді.

      Осы Қағидалардың 8 - тармағында көзделген көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Қағидалардың 5 - қосымшасына сәйкес нысан бойынша бас тарту туралы қолхат береді.

      Портал арқылы жүгінген кезде "жеке кабинетте" көрсетілетін қызметті алушының өтініштері тарихында мемлекеттік қызметті көрсету үшін электрондық сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе көрсетіледі.

      10. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс, мереке күндері Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңына сәйкес жүгінген кезде өтінімді қабылдау, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы ұсынылған құжаттардың толықтығын және осы Қағидалардың 8 - тармағының талаптарына сәйкестігін тексереді және 5 (бес) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті беруші спорт мектептеріне немесе спорт мектептерінің бөлімшелеріне "мамандандырылған" мәртебесін беру туралы бұйрық немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту шығарады.

      12. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіз болып табылады:

      1) көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтауы;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған деректер мен мәліметтердің осы Қағидалардың 5, 6 және 8-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту себептерін жойған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қайта жүгіне алады.

      13. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір тәуліктен кешіктірмей ұсынады.

      Порталда - Мемлекеттік корпорацияда мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу үшін уәкілетті лауазымды тұлғаның ЭЦҚ-мен куәландырылған мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесінің дайындығы туралы хабарлама.

      14. Мемлекеттік корпорация мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін бір ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін оларды одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге береді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткен соң жүгінген кезде, Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін көрсетілген қызметті берушіге беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібереді.

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      15. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.

      16. Шағым жазбаша түрде пошта арқылы, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы беріледі.

      17. Шағымды қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) не заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.

      18. Заңының 25-бабының 2) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      19. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жоғары тұрған органдарға немесе сотқа жүгінуге құқылы.

      20. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

  Спорт мектептеріне және
спорт мектептерінің
бөлімшелеріне
"мамандандырылған" деген
мәртебе беру қағидаларына
1-қосымша

"Спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне "мамандандырылған" деген мәртебе беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Мемлекеттік қызметті облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдар (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

2.

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері

Құжаттарды қабылдау "Азаматтарға арналған үкімет "Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) немесе "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

3.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды тапсырған сәттен бастап - 5 (бес) жұмыс күні ішінде.
Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы ұсынылған құжаттардың толықтығын және осы Қағидалардың 8 - тармағының талаптарына сәйкестігін тексереді және 5 (бес) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті беруші спорт мектептеріне немесе спорт мектептерінің бөлімшелеріне "мамандандырылған" мәртебесін беру туралы бұйрық немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту шығарады.

4.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық/ қағаз түрінде

5.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Спорт мектептеріне немесе спорт мектептерінің бөлімшелеріне "мамандандырылған" мәртебесін беру туралы бұйрықтың көшірмесі.
Порталда - Мемлекеттік корпорацияда мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу үшін уәкілетті лауазымды тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесінің дайындығы туралы хабарлама.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы қолхат.

6.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

заңды тұлғаларға тегін.

7.

Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс графигі

Көрсетілетін қызмет беруші: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00 - ден 14.30 - ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00 - ден 18.30 - ға дейін.
Мемлекеттік корпорация - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен сенбіні қоса алғанда белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00 - ден 20.00 - ге дейін.
Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша жеделдетілген қызмет көрсетусіз "электрондық" кезек тәртібімен көрсетіледі немесе портал арқылы электрондық кезекті броньдауға болады.
Портал - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі

спорт мектептеріне "мамандандырылған" мәртебесін беру туралы мемлекеттік қызметті алу үшін:
Мемлекеттік корпорацияға:
1) спорт мектебі басшысының жеке басын куәландыратын құжат және (немесе) спорт мектебінің өкілі жүгінген кезде - заңды тұлғаның сенімхаты (сәйкестендіру үшін);
2) осы Қағидалардың 2 - қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
3) осы Қағидалардың 3 - қосымшасына сәйкес спорт объектісі (үй - жай) туралы мәліметтер;
4) спорт мектебінің спортшыларын медициналық тексеруден тұрақты өткізу туралы спорт мектебі мен дәрігерлік-дене шынықтыру диспансері немесе басқа да медициналық ұйымдар арасында жасалған қолданыстағы шарт;
5) осы Қағидалардың 4 - қосымшасына сәйкес спорт мектебінің басшысы куәландырған спорт резервін даярлау жөніндегі бөлімшенің жұмысы туралы анықтама;
6) спорт мектептерінің бөлімшелеріне "мамандандырылған" мәртебесін беру туралы бұйрықтардың көшірмелері;
порталға:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
2) осы Қағидалардың 3 - қосымшасына сәйкес электрондық құжат нысанындағы спорт объектісі (үй - жай) туралы мәліметтер;
3) спорт мектебі мен дәрігерлік-дене шынықтыру диспансері немесе басқа да медициналық ұйымдар арасында спорт мектебі спортшыларын медициналық тексеруден тұрақты өткізу туралы электрондық құжат нысанындағы қолданыстағы шарт;
4) осы Қағидалардың 4 - қосымшасына сәйкес спорт мектебінің басшысы куәландырған спорт резервін даярлау жөніндегі бөлімшенің жұмысы туралы электрондық құжат нысанындағы анықтама;
5) электрондық құжат нысанында спорт мектептерінің бөлімшелеріне "мамандандырылған" мәртебесін беру туралы бұйрықтар;
спорт мектептерінің бөлімшелеріне "мамандандырылған" мәртебесін беру туралы мемлекеттік қызметті алу үшін:
Мемлекеттік корпорацияға:
1) спорт мектебі басшысының жеке басын куәландыратын құжат және (немесе) спорт мектебінің өкілі жүгінген кезде - заңды тұлғаның сенімхаты (сәйкестендіру үшін);
2) осы Қағидалардың 2 - қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
3) осы Қағидалардың 3 - қосымшасына сәйкес спорт объектісі (үй - жай) туралы мәліметтер;
4) спорт мектебі мен дәрігерлік-дене шынықтыру диспансері немесе басқа да медициналық ұйымдар арасында спорт мектебі спортшыларын медициналық тексеруден тұрақты өткізу туралы жасалған қолданыстағы шарт;
5) осы Қағидалардың 4 - қосымшасына сәйкес спорт мектебінің басшысы куәландырған спорт резервін даярлау жөніндегі бөлімшенің жұмысы туралы анықтама;
порталға:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
2) осы Қағидалардың 3 - қосымшасына сәйкес электрондық құжат нысанындағы спорт объектісі (үй - жай) туралы мәліметтер;
3) спорт мектебі мен дәрігерлік-дене шынықтыру диспансері немесе басқа да медициналық ұйымдар арасында спорт түрі бойынша бөлімше спортшыларын медициналық тексеруден тұрақты өткізу туралы электрондық құжат нысанындағы қолданыстағы шарт;
4) осы Қағидалардың 4 - қосымшасына сәйкес спорт мектебінің басшысы куәландырған спорт резервін даярлау жөніндегі бөлімшенің жұмысы туралы электрондық құжат нысанындағы анықтама.

9.

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздері

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіз болып табылады:
1) көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтауы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған деректер мен мәліметтердің осы Қағидалардың 5, 6 және 8 - тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

10.

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Спорт мектептеріне, спорт мектептерінің бөлімшелеріне "мамандандырылған" мәртебелері көрсетілетін қызмет беруші берген күннен бастап төрт жыл бойы қолданылады.
Көрсетілетін қызметті беруші ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне деректерді енгізуді қамтамасыз етуге міндетті.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші және Мемлекеттік корпорацияның қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.
Порталда мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтінішті қабылдау көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық түрде жүзеге асырылады.
Портал арқылы жүгінген жағдайда, "жеке кабинетте" көрсетілетін қызметті алушының өтініштерінің тарихында мемлекеттік қызметті көрсету үшін электрондық сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік көрсетілетін қызмет мерзімінің аяқталуына бір күн қалғанда мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға жолдайды.
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекен-жайлары Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің интернет-ресурсында: www.gov.kz/memleket/entities/sport "Қызметтер" бөлімінде орналастырылған.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында көрсетілген телефондар арқылы немесе Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны арқылы алуға болады.

  Спорт мектептеріне және
спорт мектептерінің
бөлімшелеріне
"мамандандырылған" деген
мәртебе беру қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

      Кімге ____________________________________

      (дене шынықтыру және спорт саласындағы

      _________________________________________

      облыстың, республикалық маңызы бар қаланың,

      ________________________________________

      астананың жергілікті атқарушы органның

      _________________________________________

      басшысының лауазымы, аты, әкесінің аты, тегi

      _________________________________________

      (болған жағдайда)

      кімнен___________________________________

      (спорт мектебінің басшысының немесе уәкілетті

      _________________________________________

      әкесінің аты (болған жағдайда)

      _________________________________________

      мекенжайы, телефон нөмірі

Өтініш

      Сізді _____________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ______________________________________________________________________ сұраймын.

      Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының

      2015 жылғы 9 маусымдағы № 209 бұйрығымен бектілген "Спорт мектептеріне және спорт

      мектептерінің бөлімшелеріне "мамандандырылған" деген мәртебе беру" мемлекеттік

      көрсетілетін қызмет осы Қағиданың 9-тармағында көзделген ақпараттық жүйелерде

      қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      __________________ ______________________________________________

      (қолы)                  (тегi, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      20____жылғы "_____" ____________

      Өтiнiштiң түскен күнi 20____жылғы "_____"

      ____________ _____________________________________________________________

      (өтінішті қабылдаған тұлғаның қолы, тегi, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

  Спорт мектептеріне және
спорт мектептерінің
бөлімшелеріне
"мамандандырылған" деген
мәртебе беру қағидаларына
3-қосымша

Спорт объектісі (үй - жайлар) туралы мәліметтер

Спорт объектісінің (үй - жай) атауы және заңды мекенжайы

Меншікті

Жалдамалы




  Спорт мектептеріне және
спорт мектептерінің
бөлімшелеріне
"мамандандырылған" деген
мәртебе беру қағидаларына
4-қосымша

Спорт мектебі бөлімшелерінің жұмысы туралы анықтама

      1. Спорт мектебінің атауы____________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      2. Спорт мектебіндегі бөлімшелердің саны______________________________________

      3. Ашылған жылы__________________________________________________________

      4. Құрылтайшысы __________________________________________________________

      5. Заңды мекенжайы_________________________________________________________

  1-кесте

      6. Спорт мектебінің әкімшілігі туралы мәліметтер

Әкімшілік

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

Білімі

Құрметті атағы

Еңбек өтілі

әкімшілік

жаттықтырушылық

Директор






Оқу бөлімінің меңгерушісі






Аға әдіскер






Әдіскер






  2-кесте

      7. Спорт мектебі бөлімшесінің жаттықтырушы-оқытушылар құрамы туралы мәліметтер

Жаттықтырушылар саны

Барлығы:

соның ішінде:


штаттағы

қоса атқарушылар



Арнайы білім:
жоғары




орта




Біліктілігі:
жоғары




бірінші




екінші




"Еңбек сіңірген жаттықтырушы"




  3-кесте

      8. Спорт мектебі бөлімшесінің жасақталуы

Дайындық кезеңдері

Оқу жылы

Саны

топтар

топтардағы оқушылар

Алғашқы дайындық

1 жыл



2 жыл



Оқу-жаттығу

1 жыл



2 жыл



3 жыл



3 жылдан жоғары



Спорттық жетілдіру

1 жыл



2 жыл



2 жылдан жоғары



Жоғары спорт шеберлігі

барлық кезең



  4-кесте

      9. Спорттық жетілдіру мен жоғары спорт шеберлігі топтарының тізімі

Спортшылардың тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

Туған жылы

Спорттық атағы

Жаттықтырушылардың тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

1





2





  5-кесте

      10. Жасына және спорттық дайындығына қарай бөлімше контингентінің құрамы (бастапқы дайындықсыз)

Оқушылардың жасы (толық жасы)

Спортшылардың саны

Халықаралық дәрежедегі спорт шебері

Спорт шебері

Спорт шеберлігіне кандидат

I спорттық разряд

22 және жоғары





21





20





19





18





17





16





15





14





13





12





11





10





  6-кесте

      11. Соңғы олимпиадалық цикл үшін бөлімшенің жұмыс көрсеткіштері (ең үздік нәтиже бойынша тек бір рет көрсету)

Жарыс түрі

Қатысушылар саны

Қатысушылардың жалпы санынан

Ересектер

Юниорлар

Жасөспірімдер

1-3 орын

10-дықта

1-3 орын

10-дықта

1-3 орын

10-дықта

Республикалық








Халықаралық








  7-кесте

      12. Соңғы олимпиадалық цикл бойынша спорттық шеберлікті одан әрі жетілдіру үшін бөлімшелерден жіберілген оқушылар саны

Мекеме атауы

Адам саны

20____жыл

20____жыл

20____жыл

20____жыл

Спорт колледжі





Жоғары спорттық шеберлік мектебі





Мектеп-интернат-колледж





Олимпиада резервін даярлау орталығы





Олимпиадалық даярлау орталығы





  8-кесте

      13. Соңғы олимпиадалық циклда спорттық атақтарға ие болған және спорттық разряд алып, дайындалған спортшылар саны

Спорттық атағы

жыл

20_____жыл

20_____жыл

20_____жыл

20_____жыл

Еліміздің құрама командасына үміткерлер





Халықаралық дәрежедегі спорт шебері





Спорт шебері





Спорт шеберлігіне кандидат





1 спорттық разряд





Бұқаралық разрядтар





  9-кесте

      14. Соңғы олимпиадалық циклде дайындалған спорт шеберлері мен халықаралық дәрежедегі спорт шеберлерінің тізімі

Спортшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

Туған жылы

Спорттық атағы

Құрама команда (негізгі, стажер, резерв)

Жаттықтырушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

1






2






  10-кесте

      15. Бөлімшеде шұғылданатын Қазақстан Республикасының құрама командалары мүшелерінің тізімі

Спортшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

Туған жылы

Құрама команда (негізгі, стажер, резерв)

Жаттықтырушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

1





2





  11-кесте

      16. Ресми халықаралық спорттық жарыстардың жеңімпаз спортшылары мен жүлдегерлерінің тізімі

Жарыс атауы және өткізу мерзімі

Спортшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

Туған жылы

Бағдарлама түрі, бағдарламаның атауы

Алған орны











  Спорт мектептеріне және
спорт мектептерінің
бөлімшелеріне
"мамандандырылған" деген
мәртебе беру қағидаларына
5-қосымша
  Нысан

      ______________________________________

      (Көрсетілетін қызметті алушының

      ______________________________________

      тегi аты, әкесінің аты, (болған жағдайда)

      ____________________________________

      не ұйымның атауы)

      _____________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушының

      мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 cәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20 - бабының 2 - тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) филиалының №_______________ бөлімі

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (мекенжайы көрсетілсін)

      "Спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне "мамандандырылған" деген мәртебе беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 9 маусымдағы № 209 бұйрығымен бектілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11642 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 22 шілдеде жарияланған) Спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне "мамандандырылған" деген мәртебе беру қағидаларының 8 - тармағында көзделген құжаттар тізбесіне сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға байланысты "Спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне "мамандандырылған" деген мәртебе беру" мемлекеттік қызмет көрсетуіне бас тартады, атап айтқанда жоқ құжаттардың атауы:

      1)____________________________________________________________; 2)____________________________________________________________; 3)____________________________________________________________.

      Осы қолхат әр тарапқа бір - бірден 2 данада жасалды.

      Орындаушы:_________________________________ _________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)                  (қолы)

      Телефоны ____________________

      Алдым:___________________________________________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)

      20__ жылғы"___"_________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады