Байланыс формасы

"Қаржы нарығының жекелеген субъектілерінің бухгалтерлік есепті жүргізуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 1 шілдедегі № 68 қаулысына өзгеріс енгізу және Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру және қайта сақтандыру операциялары бойынша бухгалтерлік есепті жүргізуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 27 мамырдағы № 83 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 13 шілдеде № 11653 тіркелді

      «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру және исламдық қаржыландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 27 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қаржы нарығының жекелеген субъектілерінің бухгалтерлік есепті жүргізуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 1 шілдедегі № 68 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7121 тіркелген, 2011 жылғы 5 қазанда «Заң газеті» газетінде № 144 (1960) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қаржы нарығының жекелеген субъектілерінің бухгалтерлік есепті жүргізуі жөніндегі нұсқаулықта:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Осы Нұсқаулық бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының (бұдан әрі – жинақтаушы зейнетақы қорлары), банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, өзара сақтандыру қоғамдарының, сақтандыру брокерлерiнiң, бағалы қағаздар нарығының кәсiби қатысушыларының, арнайы қаржы компанияларының, акционерлік инвестициялық қорлардың және микроқаржы ұйымдарының (бұдан әрi – ұйым) меншiктi ақшаны салымдарға, заемдарға, бағалы қағаздарға, туынды құралдарға, тазартылған қымбат металдарға, шетел валютасына орналастыру операцияларының, хеджирлеу операцияларының, сондай-ақ РЕПО және керi РЕПО операцияларының бухгалтерлiк есебін жүргiзуді нақтылайды.
      Осы Нұсқаулықтың 4, 7, 9, 10 және 11-тараулары исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына қолданылмайды.».
      2. Қоса беріліп отырған Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру және қайта сақтандыру операциялары бойынша бухгалтерлік есепті жүргізуі жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
      3. Бухгалтерлік есеп департаменті (Рахметова С.К.) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен (Досмұхамбетов Н.М.) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
      4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс департаменті (Қазыбаев А.Қ.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Д.Т. Ғалиеваға жүктелсін.
      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы                                   Қ. Келімбетов

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 27 мамырдағы
№ 83 қаулысымен     
бекітілген       

Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру
және қайта сақтандыру операциялары бойынша бухгалтерлік есепті
жүргізуі жөніндегі нұсқаулық

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру және қайта сақтандыру операциялары бойынша бухгалтерлік есепті жүргізуі жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы, «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы (бұдан әрі – Сақтандыру қызметі туралы Заң), «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының заңдарына, халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарына сәйкес әзiрлендi және исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру және қайта сақтандыру бойынша операциялары бойынша бухгалтерлік есепті жүргізуін нақтылайды.
      2. Нұсқаулыққа, Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасына, Сақтандыру қызметі туралы Заңға және халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына қайшы келмейтiн қосымша бухгалтерлiк жазбалар жасауға жол берiледi.

2. Жалпы сақтандыру (қайта сақтандыру) бойынша
операциялардың бухгалтерлік есебі

1-параграф. Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары
бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) бойынша операциялардың
бухгалтерлік есебі

      3. Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты бойынша тиесілі сақтандыру сыйлықақысының сомасы исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты күшіне енген күннен бастап кіріс ретінде танылады. Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты күшіне енген күннен бастап исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) шартында көрсетілген сақтандыру сыйлықақысының сомасына мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:

Дт

1280 41

Сақтанушылардан алынатын сақтандыру сыйлықақылар


1280 42

Қайта сақтанушылардан алынатын сақтандыру сыйлықақылар

Кт

6280 41

Сақтандыру сыйлықақылары түріндегі кірістер.

      4. Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы есептелген сақтандыру сыйлықақысын нақты алған кезде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:

Дт

1010

Кассадағы ақша қаражаттары


1030

Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаттары

Кт

1280 41

Сақтанушылардан алынатын сақтандыру сыйлықақылар


1280 42

Қайта сақтанушылардан алынатын сақтандыру сыйлықақылар.

2-параграф. Резервтер бойынша операциялардың бухгалтерлік есебі

      5. Еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар резервін, болған, бірақ мәлімделмеген залалдар резервін, мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар резервін, көзделмеген тәуекелдер резервін және тұрақтандыру резервін қалыптастыру кезінде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
      1) қалыптастырылатын еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар резервінің сомасына:

Дт

7440 41

Еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар резервін қалыптастыру бойынша шығыстар

Кт

3390 48

Еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар резерві;

      2) болған, бірақ мәлімделмеген залалдардың қалыптастырылатын резервінің сомасына:

Дт

7440 42

Болған, бірақ мәлімделмеген залалдар резервін қалыптастыру бойынша шығыстар

Кт

3390 49

Болған, бірақ мәлімделмеген залалдар резерві;

      3) мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдардың қалыптастырылатын резервінің сомасына:

Дт

7440 45

Мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар резервін қалыптастыру бойынша шығыстар

Кт

3390 52

Мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар резерві;

      4) көзделмеген тәуекелдердің қалыптастырылатын резервінің сомасына:

Дт

5520

Өткен жылдардағы бөлінбеген пайда (өтелмеген залал)

Кт

5490 40

Көзделмеген тәуекелдер резерві;

      5) қалыптастырылатын тұрақтандыру резервінің сомасына:

Дт

5520

Өткен жылдардағы бөлінбеген пайда (өтелмеген залал)

Кт

5490 41

Тұрақтандыру резерві.

      6. Еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар резерві, болған, бірақ мәлімделмеген залалдар резерві, мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар резерві, көзделмеген тәуекелдер резерві және тұрақтандыру резерві азайған кезде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
      1) еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар резервінің азаю сомасына:

Дт

3390 48

Еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар резерві

Кт

6280 45

Еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар резервін төмендетуден кірістер;

      2) болған, бірақ мәлімделмеген залалдар резервінің азаю сомасына:

Дт

3390 49

Болған, бірақ мәлімделмеген залалдар резерві

Кт

6280 46

Болған, бірақ мәлімделмеген залалдар резервін төмендетуден кірістер;

      3) мәлімделген, бірақ реттелмеген зиян резервінің азаю сомасына:

Дт

3390 52

Мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар резерві

Кт

6280 47

Мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар резервін төмендетуден кірістер;

      4) көзделмеген тәуекелдер резервінің азаю сомасына:

Дт

5490 40

Көзделмеген тәуекелдер резерві

Кт

5520

Өткен жылдардағы бөлінбеген пайда (өтелмеген залал);

      5) тұрақтандыру резервінің азаю сомасына:

Дт

5490 41

Тұрақтандыру резерві

Кт

5520

Өткен жылдардағы бөлінбеген пайда (өтелмеген залал).

3-параграф. Сақтандыру төлемдері бойынша операциялардың
бухгалтерлік есебі

      7. Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандырушыға (пайда алушыға) сақтандыру төлемін жүзеге асырған кезде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
      1) исламдық сақтандыру ұйымы:
      исламдық сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемінің сомасын есептеу кезінде:

Дт

3390 52

Мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар резерві

Кт

3390 44

Сақтанушылармен есеп айырысу,

      бір мезгілде осы сомаға:

Дт

7470 41

Сақтандыру бойынша сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру бойынша шығыстар

Кт

7440 45

Мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар резервін қалыптастыру бойынша шығыстар;

      сақтандырушыға (пайда алушыға) сақтандыру төлемін жүзеге асырған кезде төлем сомасына:

Дт

3390 44

Сақтанушылармен есеп айырысу

Кт

1010

Кассадағы ақша қаражаттары


1030

Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаттары;

      2) исламдық қайта сақтандыру ұйымы:
      исламдық қайта сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемінің сомасын есептеу кезінде:

Дт

3390 52

Мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар резерві

Кт

3390 43

Қайта сақтанушылармен есеп айырысу,

      бір мезгілде осы сомаға:

Дт

7470 42

Қайта сақтандыру бойынша сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру бойынша шығыстар

Кт

7440 45

Мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар резервін қалыптастыру бойынша шығыстар;

      қайта сақтандырушыға (пайда алушыға) сақтандыру төлемін жүзеге асырған кезде төлем сомасына:

Дт

3390 43

Қайта сақтанушылармен есеп айырысу

Кт

1010

Кассадағы ақша қаражаттары


1030

Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаттары.

3. Өмірді сақтандыру (қайта сақтандыру) жөніндегі
операциялардың бухгалтерлік есебі

1-параграф. Өмірді жинақтаушы және жинақтаушы емес исламдық
сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты бойынша сақтандыру (қайта
сақтандыру) жөніндегі операциялардың бухгалтерлік есебі

      8. Сақтанушы (қайта сақтанушы) өмірді жинақтаушы исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) шартын жасау кезінде өмірді жинақтаушы исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты бойынша бүкіл сақтандыру сыйлықақыларының сомасы өмірді жинақтаушы исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) шартының бүкіл қолданылу мерзімі ішінде тиісті үлестермен кіріс ретінде танылады.
      9. Егер өмірді жинақтаушы исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) шартында өмірді жинақтаушы исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) шартының қолданылу мерзімі немесе өмірді жинақтаушы исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) шартында белгіленген басқа мерзім аяқталғанға дейін сақтанушының (қайта сақтанушының) жыл сайын (тоқсан сайын, ай сайын) сақтандыру сыйлықақыларын төлеуі көзделсе, кіріс бір жыл (тоқсан, ай) ішінде алуға тиесілі мөлшерде танылады және мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
      1) сақтанушыдан (қайта сақтанушыдан) алуға тиесілі мөлшердегі есептелген кірістер сомасына:

Дт

1280 41

Сақтанушылардан алынатын сақтандыру сыйлықақылары


1280 42

Қайта сақтанушылардан алынатын сақтандыру сыйлықақылары

Кт

6280 41

Сақтандыру сыйлықақылары түріндегі кірістер;

      2) нақты келіп түскен сақтандыру сыйлықақыларының сомасына:

Дт

1010

Кассадағы ақша қаражаттары


1030

Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаттары

Кт

1280 41

Сақтанушылардан алынатын сақтандыру сыйлықақылары


1280 42

Қайта сақтанушылардан алынатын сақтандыру сыйлықақылары.

      10. Егер өмірді жинақтаушы исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) шартында сақтанушының (қайта сақтанушының) сақтандыру сыйлықақыларын біржолғы төлеуі көзделсе, сақтандыру сыйлықақыларының бүкіл сомасы толық көлемде өмірді жинақтаушы исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты бойынша кіріс ретінде танылады және Нұсқаулықтың 3 және 4-тармақтарында көзделген бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады.
      11. Сақтанушы (қайта сақтанушы) өмірді жинақтаушы емес исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) шартын жасау кезінде өмірді жинақтаушы емес исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты бойынша төленуге тиесілі сақтандыру сыйлықақысының сомасы кіріс ретінде танылады.
      12. Егер өмірді жинақтаушы емес исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) шартында сақтанушының (қайта сақтанушының) сақтандыру сыйлықақыларын біржолғы төлеуі көзделсе, сақтандыру сыйлықақыларының бүкіл сомасы толық көлемде өмірді жинақтаушы емес исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты бойынша кіріс ретінде танылады және Нұсқаулықтың 3 және 4-тармақтарында көзделген бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады.
      13. Егер өмірді жинақтаушы емес исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) шартында сақтандыру сыйлықақыларының бөліп төленуі көзделсе, кіріс өмірді жинақтаушы емес исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) шартының қолданылу мерзімінің соңына дейін онда белгіленген тиісті үлестермен танылады және Нұсқаулықтың 9-тармағында көзделген бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады.
      14. Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру төлемін сақтанушыға (қайта сақтанушыға) немесе өмірді жинақтаушы және (немесе) жинақтаушы емес исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) шартына сәйкес сақтандыру сомасын алуға уәкілетті тұлғаға төлеген кезде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
      1) өмірді жинақтаушы және (немесе) жинақтаушы емес исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты бойынша сақтандыру төлемінің сомасын есептеген кезде:

Дт

3390 50

Өмірді сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша болмаған залалдар резерві


3390 52

Мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар резерві

Кт

3390 43

Қайта сақтанушылармен есеп айырысу


3390 44

Сақтанушылармен есеп айырысу,

      бір мезгілде осы сомаға:

Дт

7470 41

Сақтандыру бойынша сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру бойынша шығыстар

Кт

7440 43

Өмірді сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша болмаған залалдар резервін қалыптастыру бойынша шығыстар


7440 45

Мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар резервін қалыптастыру бойынша шығыстар;

      2) сақтандыру сомасын және жинақталған кірісті нақты төлеу сомасына:

Дт

3390 43

Қайта сақтанушылармен есеп айырысу


3390 44

Сақтанушылармен есеп айырысу

Кт

1010

Кассадағы ақша қаражаттары


1030

Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаттары.

2-параграф. Исламдық аннуитеттік сақтандыру шарттары бойынша
операциялардың бухгалтерлік есебі

      15. Сақтанушы сақтанушының сақтандыру сыйлықақысын біржолғы (бір реттік) төлеуі шартымен сақтандыру сыйлықақылары түріндегі кірістер сомасына исламдық аннуитеттік сақтандыру шартын жасаған кезде, сақтандыру сыйлықақылары түріндегі кірістер сомасына исламдық сақтандыру ұйымы Нұсқаулықтың 3 және 4-тармақтарында көзделген бухгалтерлік жазбаларды жүзеге асырады.
      16. Сақтанушы сақтанушының исламдық аннуитеттік сақтандыру шартында белгіленген мерзімнің аяғына дейін кезеңдік негізде сақтандыру сыйлықақыларын төлеуі шартымен исламдық аннуитеттік сақтандыру шартын жасаған кезде, исламдық сақтандыру ұйымы Нұсқаулықтың 9-тармағында көзделген бухгалтерлік жазбаларды жүзеге асырады.
      17. Сақтанушы исламдық аннуитеттік сақтандыру шартында белгіленген кезеңділікпен сақтандыру сыйлықақыларын төлеу мерзімі аяқталғаннан кейін сақтандыру төлемдерінің сомаларын есептеу кезінде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
      1) есептелген кезеңдік төлемдер сомасына:

Дт

7470 41

Сақтандыру бойынша сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру бойынша шығыстар

Кт

3390 44

Сақтанушылармен есеп айырысу;

      2) нақты төлеу кезінде:

Дт

3390 44

Сақтанушылармен есеп айырысу

Кт

1010

Кассадағы ақша қаражаттары


1030

Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаттары.

      18. Өмірді жинақтаушы және жинақтаушы емес сақтандыру шарттарының қайта сақтандыру бойынша операцияларының бухгалтерлік есебі Нұсқаулықтың 4-тарауына сәйкес жүзеге асырылады.

3-параграф. Сақтандыру резервтері бойынша операциялардың
бухгалтерлік есебі

      19. Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты бойынша болмаған залалдар резервін қалыптастыру кезінде қалыптастырылатын сақтандыру резервінің сомасына мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:

Дт

7440 43

Өмірді сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша болмаған залалдар резервін қалыптастыру бойынша шығыстар

Кт

3390 50

Өмірді сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша болмаған залалдар резерві.

      20. Өмірді исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша болмаған залалдар резервін азайту (түзету) кезінде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:

Дт

3390 50

Өмірді сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша болмаған залалдар резерві

Кт

6280 48

Болмаған залалдар резервін төмендетуден кірістер.

      21. Өмірді исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар резервінің бухгалтерлік есебі Нұсқаулықтың 5-тармағының 3) тармақшасына және 6-тармағының 3) тармақшасына сәйкес жүзеге асырылады.
      22. Өмірді жинақтаушы емес исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша болған, бірақ мәлімделмеген залалдар резервінің бухгалтерлік есебі Нұсқаулықтың 5-тармағының 2) тармақшасына және 6-тармағының 2) тармақшасына сәйкес жүзеге асырылады.
      23. Исламдық аннуитеттік сақтандыру шарты бойынша болмаған залалдардың резервін қалыптастыру кезінде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:

Дт

7440 44

Аннуитет шарттары бойынша болмаған залалдар резервін қалыптастыру бойынша шығыстар

Кт

3390 51

Аннуитет шарттары бойынша болмаған залалдар резерві.

      24. Исламдық аннуитеттік сақтандыру шарты бойынша болмаған залалдар резервін азайту (түзету) кезінде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:

Дт

3390 51

Аннуитет шарттары бойынша болмаған залалдар резерві

Кт

6280 48

Болмаған залалдар резервін төмендетуден кірістер.

4. Қайта сақтандыру бойынша операциялардың бухгалтерлік есебі

      25. Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы исламдық қайта сақтандыру шартын жасау кезінде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
      1) есептелген сақтандыру сыйлықақысының сомасына:

Дт

7470 40

Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметіне байланысты шығыстар

Кт

3390 42

Қайта сақтандырушылармен есеп айырысулар;

      2) төленген сақтандыру сыйлықақысының сомасына:

Дт

3390 42

Қайта сақтандырушылармен есеп айырысулар

Кт

1010

Кассадағы ақша қаражаттары


1030

Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаттары.

      26. Еңбек сіңірілмеген сыйлықақылардың, болған, бірақ мәлімделмеген залалдардың, өмірді исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша болмаған залалдардың, исламдық аннуитеттік сақтандыру шарттары бойынша болмаған залалдардың, мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдардың резервтері бойынша қайта сақтандыру активтерін қалыптастыру кезінде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
      1) еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар бойынша қайта сақтандыру активін қалыптастыру кезінде:

Дт

1280 47

Еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар бойынша қайта сақтандыру активтері

Кт

6280 42

Қайта сақтандырушының сақтандыру төлемдерін өтеуіне байланысты кірістер;

      2) болған, бірақ мәлімделмеген залалдар бойынша қайта сақтандыру активін қалыптастыру кезінде:

Дт

1280 48

Болған, бірақ мәлімделмеген залалдар бойынша қайта сақтандыру активтері

Кт

6280 42

Қайта сақтандырушының сақтандыру төлемдерін өтеуіне байланысты кірістер;

      3) өмірді исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша болмаған залалдар резерві бойынша қайта сақтандыру активін қалыптастыру кезінде:

Дт

1280 49

Өмірді сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша болмаған залалдар бойынша қайта сақтандыру активтері

Кт

6280 42

Қайта сақтандырушының сақтандыру төлемдерін өтеуіне байланысты кірістер;

      4) мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар резерві бойынша қайта сақтандыру активін қалыптастыру кезінде:

Дт

1280 51

Мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар бойынша қайта сақтандыру активтері

Кт

6280 42

Қайта сақтандырушының сақтандыру төлемдерін өтеуіне байланысты кірістер.

      27. Еңбек сіңірілмеген сыйлықақылардың, болған, бірақ мәлімделмеген залалдардың, өмірді исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша болмаған залалдардың, исламдық аннуитеттік сақтандыру шарттары бойынша болмаған залалдардың, мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдардың резервтері бойынша қайта сақтандыру активтерін азайту (түзету) кезінде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
      1) еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар бойынша қайта сақтандыру активін азайту (түзету) сомасына:

Дт

7440 48

Еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар резерві бойынша қайта сақтандыру активтерін төмендетуден шығыстар

Кт

1280 47

Еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар бойынша қайта сақтандыру активтері;

      2) болған, бірақ мәлімделмеген залалдар резерві бойынша қайта сақтандыру активін азайту (түзету) сомасына:

Дт

7440 49

Болған, бірақ мәлімделмеген залалдар резерві бойынша қайта сақтандыру активтерін төмендетуден шығыстар

Кт

1280 48

Болған, бірақ мәлімделмеген залалдар бойынша қайта сақтандыру активтері;

      3) өмірді исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша болмаған залалдар резерві бойынша қайта сақтандыру активін азайту (түзету) сомасына:

Дт

7440 50

Болмаған залалдар резерві бойынша қайта сақтандыру активтерін төмендетуден шығыстар

Кт

1280 49

Өмірді сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша болмаған залалдар бойынша қайта сақтандыру активтері;

      4) мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар резерві бойынша қайта сақтандыру активінің азаю (түзету) сомасына:

Дт

7440 51

Мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар резерві бойынша қайта сақтандыру активтерінің төмендеуінен шығыстар

Кт

1280 51

Мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар бойынша қайта сақтандыру активтері.

      28. Қайта сақтандыру активтерінің құнсыздануынан болған залалдарды жабуға арналған резервтерді (провизияларды) құрған кезде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:

Дт

7440 47

Қайта сақтандыру активтері бойынша резервтерді (провизияларды) қалыптастыру бойынша шығыстар

Кт

1290 41

Қайта сақтандыру активтерінің құнсыздануынан болған залалдарды жабуға арналған резервтер (провизиялар).

      29. Қайта сақтандыру активтерінің құнсыздануынан болған залалдарды жабуға арналған резервтер (провизиялар) азайған (жойылған) кезде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:

Дт

1290 41

Қайта сақтандыру активтерінің құнсыздауынан болған залалдарды жабуға арналған резервтер (провизиялар)

Кт

6240 03

Басқа да дебиторлық берешек бойынша құрылған резервтерді (провизияларды) қалпына келтіруден (жоюдан) кірістер.

      30. Құрылған резервтердің (провизиялардың) есебінен қайта сақтандыру активтерін есептен шығарған кезде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:

Дт

1290 41

Қайта сақтандыру активтерінің құнсыздануынан болған залалдарды жабуға арналған резервтер (провизиялар)

Кт

1280 47

Еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар бойынша қайта сақтандыру активтері


1280 48

Болған, бірақ мәлімделмеген залалдар бойынша қайта сақтандыру активтері


1280 49

Өмірді сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша болмаған залалдар бойынша қайта сақтандыру активтері


1280 50

Аннуитет шарттары бойынша болмаған залалдар бойынша қайта сақтандыру активтері


1280 51

Мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар бойынша қайта сақтандыру активтері.

      31. Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы исламдық қайта сақтандыру шартын мерзімнен бұрын бұзғанда исламдық қайта сақтандыру ұйымына талаптар туындаған кезде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
      1) туындайтын талап сомасына:

Дт

1280 46

Қайта сақтандырушыларға талаптар

Кт

6280 44

Сақтандыру қызметінен түскен басқа да кірістер;

      2) нақты алынған ақша сомасына:

Дт

1010

Кассадағы ақша қаражаттары


1030

Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаттары

Кт

1280 46

Қайта сақтандырушыларға талаптар.

      32. Исламдық қайта сақтандыру шартына сәйкес исламдық қайта сақтандыру ұйымынан комиссиялық сыйақы түрінде кірісті есептеген және (немесе) алған кезде қайта сақтанушы мынадай бухгалтерлік жазбаларды жүзеге асырады:
      1) исламдық қайта сақтандыру шарты күшіне енген кезде:

Дт

1270 41

Қайта сақтандыру бойынша есептелген комиссиялық кірістер

Кт

3390 54

Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметіне байланысты басқа да кредиторлық берешек;

      исламдық қайта сақтандыру шартының қолданылу мерзімі ішінде есептік кезеңдегі кірістерге амортизациялауға жататын комиссиялық кірістер сомасына:

Дт

3390 54

Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметіне байланысты басқа да кредиторлық берешек

Кт

6110 41

Қайта сақтандыру шарттары бойынша комиссиялық кірістер;

      2) ақшаны нақты алған кезде:

Дт

1010

Кассадағы ақша қаражаттары


1030

Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаттары

Кт

1270 41

Қайта сақтандыру бойынша есептелген комиссиялық кірістер.

      33. Егер исламдық қайта сақтандыру шартының талаптарында қайта сақтанушыға комиссиялық сыйақы төлеу бойынша исламдық қайта сақтандыру ұйымының берешегі және исламдық қайта сақтандыру ұйымына сақтандыру сыйлықақысын төлеу бойынша қайта сақтанушының берешегі сомасын есепке алу мүмкіндігі көзделген болса, есепке алынатын сомаға мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
      1) қайта сақтанушы:

Дт

3390 42

Қайта сақтандырушылармен есеп айырысу

Кт

1270 41

Қайта сақтандыру бойынша есептелген комиссиялық кірістер;

      2) исламдық қайта сақтандыру ұйымы:

Дт

3390 43

Қайта сақтанушылармен есеп айырысу

Кт

1280 42

Қайта сақтанушылардан алынатын сақтандыру сыйлық ақылары.

      34. Исламдық қайта сақтандыру ұйымы сақтандыру жағдайы туындаған кезде қайта сақтанушы шеккен шығыстарды исламдық қайта сақтандыру шартына сәйкес өтеген кезде, қайта сақтанушы мынадай бухгалтерлік жазбаларды жүзеге асырады:
      нақты ақша алған кезде:

Дт

1010

Кассадағы ақша қаражаттары


1030

Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаттары

Кт

1280 49

Өмірді сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша болмаған залалдар бойынша қайта сақтандыру активтері


1280 50

Аннуитет шарттары бойынша болмаған залалдар бойынша қайта сақтандыру активтері


1280 51

Мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар бойынша қайта сақтандыру активтері,

      бір мезгілде исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша болмаған залалдар, исламдық аннуитеттік сақтандыру шарттары бойынша болмаған залалдар, мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар резервтері бойынша бұрын есептелген қайта сақтандыру активтерінің сомасы қайта сақтандыру ұйымынан нақты алынған ақша сомасынан асып кеткен жағдайда қайта сақтандыру активтерін азайту (түзету) сомасына:

Дт

7440 48

Еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар резерві бойынша қайта сақтандыру активтерін төмендетуден шығыстар

Кт

1280 49

Өмірді сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша болмаған залалдар бойынша қайта сақтандыру активтері


1280 50

Аннуитет шарттары бойынша болмаған залалдар бойынша қайта сақтандыру активтері


1280 51

Мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар бойынша қайта сақтандыру активтері.

5. Сақтандыру жарналарын бағалы қағаздарға орналастыру
бойынша операциялардың бухгалтерлік есебі

      35. Өзгерістері пайда немесе залалдың құрамында көрсетілетін, әділ құны бойынша бағаланатын немесе сату үшін қолда бар үлестік бағалы қағаздарды сатып алған кезде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
      1) брокерге авансты аударған кезде:

Дт

1610 02

Брокерлермен есеп айырысулар

Кт

1030

Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаттары;

      2) комиссиялық шығыстар сомасына:

Дт

7470 81

Қор биржасының қызмет көрсетуі үшін комиссиялық шығыстар


7470 82

Брокерлік және дилерлік қызмет бойынша қызмет көрсетуі үшін комиссиялық шығыстар

Кт

3380 81

Қор биржасының қызмет көрсетуі үшін есептелген комиссиялық шығыстар


3380 82

Брокерлік және дилерлік қызмет бойынша қызмет көрсету үшін есептелген комиссиялық шығыстар;

      3) бұрын есептелген комиссиялық шығыстарды төлеген кезде:

Дт

3380 81

Қор биржасының қызмет көрсетуі үшін есептелген комиссиялық шығыстар


3380 82

Брокерлік және дилерлік қызмет бойынша қызмет көрсету үшін есептелген комиссиялық шығыстар

Кт

1030

Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаттары


1610 02

Брокерлермен есеп айырысулар;

      4) мәміле бойынша шығындарды есепке ала отырып, сатып алынған үлестік бағалы қағаздың таза құнына:

Дт

1120 01

Өзгерістері пайда немесе залалдың құрамында көрсетілетін, әділ құн бойынша бағаланатын қаржы активтері


1140 01

Сату үшін қолда бар қысқамерзімді қаржылық инвестициялар


2030 01

Сату үшін қолда бар ұзақмерзімді қаржылық инвестициялар

Кт

1030

Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаттары


1610 02

Брокерлермен есеп айырысулар;

      5) үлестік бағалы қағаздарды сатып алу бойынша мәміленің сомасы олардың әділ құнынан асқан жағдайда:

Дт

7470 10

Бағалы қағаздарды сатып алу-сатудан болатын шығыстар

Кт

1120 01

Өзгерістері пайда немесе залалдың құрамында көрсетілетін, әділ құн бойынша бағаланатын қаржы активтері


1140 01

Сату үшін қолда бар қысқамерзімді қаржылық инвестициялар


2030 01

Сату үшін қолда бар ұзақмерзімді қаржылық инвестициялар;

      6) үлестік бағалы қағаздардың әділ құны оларды сатып алу бойынша мәміле сомасынан асқан жағдайда:

Дт

1120 01

Өзгерістері пайда немесе залалдың құрамында көрсетілетін, әділ құн бойынша бағаланатын қаржы активтері


1140 01

Сату үшін қолда бар қысқамерзімді қаржылық инвестициялар


2030 01

Сату үшін қолда бар ұзақмерзімді қаржылық инвестициялар

Кт

6280 09

Бағалы қағаздарды сатып алудан-сатудан кірістер.

      36. Өзгерістері пайда немесе залалдың құрамында көрсетілетін, әділ құны бойынша бағаланатын және сату үшін қолда бар үлестік бағалы қағаздар бойынша тиесілі дивидендтерді есептеген кезде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:

Дт

1270 01

Сатып алынған бағалы қағаздар бойынша сыйақы түрінде есептелген кірістер


2170 01

Сатып алынған бағалы қағаздар бойынша сыйақы түрінде есептелген кірістер

Кт

6120

Дивидендтер бойынша кірістер.

      37. Өзгерістері пайда немесе залалдың құрамында көрсетілетін, әділ құны бойынша бағаланатын және сату үшін қолда бар үлестік бағалы қағаздарды исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының есептік саясатында белгіленген кезеңділікпен әділ құны бойынша қайта бағалаған кезде, мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
      1) өзгерістері пайда немесе залалдың құрамында көрсетілетін, әділ құны бойынша бағаланатын үлестік бағалы қағаздар бойынша:
      егер үлестік бағалы қағаздардың әділ құны олардың есептік құнынан жоғары болса:

Дт

1120 04

Өзгерістері пайда немесе залалдың құрамында көрсетілетін, әділ құны бойынша бағаланатын қаржы активтерінің әділ құнын оң түзету

Кт

6150 01

Өзгерістері пайда немесе залалдың құрамында көрсетілетін, әділ құны бойынша бағаланатын бағалы қағаздар құнының өзгеруінен болған іске асырылмаған кірістер;

      егер үлестік бағалы қағаздардың есептік құны олардың әділ құнынан жоғары болса:

Дт

7470 03

Өзгерістері пайда немесе залалдың құрамында көрсетілетін, әділ құны бойынша бағаланатын бағалы қағаздар құнының өзгеруінен іске асырылмаған шығыстар

Кт

1120 05

Өзгерістері пайда немесе залалдың құрамында көрсетілетін, әділ құны бойынша бағаланатын қаржы активтерінің әділ құнын теріс түзету,

      бір мезгілде үлестік бағалы қағаздардың әдiл құнының есепте тұрған оң немесе терiс түзету сомасына:

Дт

1120 05

Өзгерістері пайда немесе залалдың құрамында көрсетілетін, әділ құны бойынша бағаланатын қаржы активтерінің әділ құнын теріс түзету

Кт

1120 04

Өзгерістері пайда немесе залалдың құрамында көрсетілетін, әділ құны бойынша бағаланатын қаржы активтерінің әділ құнын оң түзету;

      2) сату үшін қолда бар үлестік бағалы қағаздар бойынша:
      егер үлестік бағалы қағаздардың әділ құны олардың есептік құнынан жоғары болса:

Дт

1140 04

Сату үшін қолда бар қаржылық инвестициялардың әділ құнын оң түзету


2030 04

Сату үшін қолда бар ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялардың әділ құнын оң түзету

Кт

5440

Сатуға арналған қаржылық активтерді қайта бағалауға арналған резерв,

      егер үлестік бағалы қағаздардың есептік құны олардың әділ құнынан жоғары болса:

Дт

5440

Сатуға арналған қаржылық активтерді қайта бағалауға арналған резерв

Кт

1140 05

Сату үшін қолда бар қаржылық инвестициялардың әділ құнын теріс түзету


2030 05

Сату үшін қолда бар ұзақмерзімді қаржылық инвестициялардың әділ құнын теріс түзету,

      бір мезгілде үлестік бағалы қағаздардың әдiл құнының есепте тұрған оң немесе терiс түзету сомасына:

Дт

1140 05

Сату үшін қолда бар қаржылық инвестициялардың әділ құнын теріс түзету


2030 05

Сату үшін қолда бар ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялардың әділ құнын теріс түзету

Кт

1140 04

Сату үшін қолда бар қаржылық инвестициялардың әділ құнын оң түзету


2030 04

Сату үшін қолда бар ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялардың әділ құнын оң түзету.

      38. Құны шетел валютасымен берiлген, өзгерістері пайда немесе залалдың құрамында көрсетілетін әділ құны бойынша бағаланатын немесе сату үшiн қолда бар үлестiк бағалы қағаздарды валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша қайта бағалаған кезде мынадай бухгалтерлiк жазбалар жүзеге асырылады:
      1) өзгерістері пайда немесе залалдың құрамында көрсетілетін, әділ құны бойынша бағаланатын үлестiк бағалы қағаздар бойынша:
      оң бағамдық айырма сомасына:

Дт

1120 04

Өзгерістері пайда немесе залалдың құрамында көрсетілетін, әділ құны бойынша бағаланатын қаржы активтерінің әділ құнын оң түзету


1120 05

Өзгерістері пайда немесе залалдың құрамында көрсетілетін, әділ құны бойынша бағаланатын қаржы активтерінің әділ құнын теріс түзету

Кт

6250 01

Шетел валютасын қайта бағалаудан іске асырылмаған кірістер;

      теріс бағамдық айырма сомасына:

Дт

7430 01

Шетел валютасын қайта бағалаудан болған іске асырылмаған шығыстар

Кт

1120 04

Өзгерістері пайда немесе залалдың құрамында көрсетілетін, әділ құны бойынша бағаланатын қаржы активтерінің әділ құнын оң түзету


1120 05

Өзгерістері пайда немесе залалдың құрамында көрсетілетін, әділ құны бойынша бағаланатын қаржы активтерінің әділ құнын теріс түзету;

      2) сату үшін қолда бар үлестік бағалы қағаздар бойынша:
      оң бағамдық айырма сомасына:

Дт

1140 04

Сату үшін қолда бар қаржылық инвестициялардың әділ құнын оң түзету


1140 05

Сату үшін қолда бар қаржылық инвестициялардың әділ құнын теріс түзету


2030 04

Сату үшін қолда бар ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялардың әділ құнын оң түзету


2030 05

Сату үшін қолда бар ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялардың әділ құнын теріс түзету

Кт

5440

Сатуға арналған қаржылық активтерді қайта бағалауға арналған резерв;

      теріс бағамдық айырма сомасына:

Дт

5440

Сатуға арналған қаржылық активтерді қайта бағалауға арналған резерв;

Кт

1140 04

Сату үшін қолда бар қаржылық инвестициялардың әділ құнын оң түзету


1140 05

Сату үшін қолда бар қаржылық инвестициялардың әділ құнын теріс түзету


2030 04

Сату үшін қолда бар ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялардың әділ құнын оң түзету


2030 05

Сату үшін қолда бар ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялардың әділ құнын теріс түзету.

      39. Өзгерістері пайда немесе залалдың құрамында көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын немесе сату үшін қолда бар үлестік бағалы қағаздар бойынша дивидендтерді эмитент төлеген кезде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:

Дт

1030

Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаттары

Кт

1270 01

Сатып алынған бағалы қағаздар бойынша сыйақы түріндегі есептелген кірістер


2170 01

Сатып алынған бағалы қағаздар бойынша сыйақы түріндегі есептелген кірістер.

      40. Өзгерістері пайда немесе залалдың құрамында көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын немесе сату үшін қолда бар үлестік бағалы қағаздарды эмитент сатқан немесе сатып алған кезде, үлестік бағалы қағаздарды әділ құны бойынша қайта бағалағаннан кейін мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
      1) өзгерістері пайда немесе залалдың құрамында көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын немесе сату үшін қолда бар үлестік бағалы қағаздарды әділ құны бойынша жинақталған оң қайта бағалау сомасына:

Дт

1120 01

Өзгерістері пайда немесе залалдың құрамында көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын қаржы активтері


1140 01

Сату үшін қолда бар қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар


2030 01

Сату үшін қолда бар ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар

Кт

1120 04

Өзгерістері пайда немесе залалдың құрамында көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын қаржы активтерінің әділ құнын оң түзету


1140 04

Сату үшін қолда бар қаржылық инвестициялардың әділ құнын оң түзету


2030 04

Сату үшін қолда бар ұзақмерзімді қаржылық инвестициялардың әділ құнын оң түзету;

      2) өзгерістері пайда немесе залалдың құрамында көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын немесе сату үшін қолда бар үлестік бағалы қағаздарды әділ құны бойынша жинақталған теріс қайта бағалау сомасына:

Дт

1120 05

Өзгерістері пайда немесе залалдың құрамында көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын қаржы активтерінің әділ құнын теріс түзету


1140 05

Сату үшін қолда бар қаржылық инвестициялардың әділ құнын теріс түзету


2030 05

Сату үшін қолда бар ұзақмерзімді қаржылық инвестициялардың әділ құнын теріс түзету

Кт

1120 01

Өзгерістері пайда немесе залалдың құрамында көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын қаржы активтері


1140 01

Сату үшін қолда бар қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар


2030 01

Сату үшін қолда да бар ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар;

      3) өзгерістері пайда немесе залалдың құрамында көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын немесе сату үшiн қолда бар үлестік бағалы қағаздарды сату бойынша жасалған мәмiле сомасына:

Дт

1030

Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаттары;

Кт

1120 01

Өзгерістері пайда немесе залалдың құрамында көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын қаржы активтері


1140 01

Сату үшін қолда бар қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар


2030 01

Сату үшін қолда да бар ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар;

      4) өзгерістері пайда немесе залалдың құрамында көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын немесе сату үшiн қолда бар үлестік бағалы қағаздарды сату бойынша жасалған мәмiле сомасы олардың есептiк құнынан асып кеткен жағдайда айырма сомасына:

Дт

1030

Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаттары

Кт

6280 09

Бағалы қағаздарды сатып алудан-сатудан кірістер;

      5) өзгерістері пайда немесе залалдың құрамында көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын және сату үшiн қолда бар үлестік бағалы қағаздардың есептiк құны оларды сату бойынша жасалған мәмiле сомасынан асып кеткен жағдайда айырма сомасына:

Дт

7470 10

Бағалы қағаздарды сатып алу-сатудан болған шығыстар

Кт

1120 01

Өзгерістері пайда немесе залалдың құрамында көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын қаржы активтері


1140 01

Сату үшін қолда бар қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар


2030 01

Сату үшін қолда бар ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар;

      6) өзгерістері пайда немесе залалдың құрамында көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын үлестік бағалы қағаздарды әдiл құны бойынша қайта бағалаудан түскен iске асырылған кiрiстер сомасына:

Дт

6150 01

Өзгерістері пайда немесе залалдың құрамында көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын бағалы қағаздар құнының өзгеруінен болған іске асырылмаған кірістер

Кт

6150 03

Өзгерістері пайда немесе залалдың құрамында көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын және сату үшін қолда бар бағалы қағаздар құнының өзгеруінен түскен іске асырылған кірістер


7470 03

Өзгерістері пайда немесе залалдың құрамында көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын бағалы қағаздар құнының өзгеруінен іске асырылмаған шығыстар;

      7) өзгеруі пайда немесе зиянның құрамында көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын үлестес бағалы қағаздарды әдiл құны бойынша қайта бағалаудан түскен iске асырылған шығыстар сомасына:

Дт

6150 01

Өзгерістері пайда немесе залалдың құрамында көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын бағалы қағаздар құнының өзгеруінен болған іске асырылмаған кірістер


7470 06

Өзгерістері пайда немесе залалдың құрамында көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын және сату үшін қолда бар бағалы қағаздар құнының өзгеруінен іске асырылмаған шығыстар

Кт

7470 03

Өзгерістері пайда немесе залалдың құрамында көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын бағалы қағаздар құнының өзгеруінен іске асырылмаған шығыстар;

      8) сату үшін қолда бар үлестік бағалы қағаздарды әдiл құны бойынша қайта бағалаудан түскен iске асырылған кiрiстер сомасына:

Дт

5440

Сатуға арналған қаржылық активтерді қайта бағалауға арналған резерв

Кт

6150 03

Өзгерістері пайда немесе залалдың құрамында көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын және сату үшін қолда бар бағалы қағаздар құнының өзгеруінен іске асырылған кірістер;

      9) сату үшін қолда бар үлестік бағалы қағаздарды әдiл құны бойынша қайта бағалаудан түскен iске асырылған шығыстар сомасына:

Дт

7470 06

Өзгерістері пайда немесе залалдың құрамында көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын және сату үшін қолда бар бағалы қағаздар құнының өзгеруінен іске асырылмаған шығыстар

Кт

5440

Сатуға арналған қаржылық активтерді қайта бағалауға арналған резерв;

      10) өзгерістері пайда немесе залалдың құрамында көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын үлестік бағалы қағаздар бойынша оң бағам айырмасынан түскен iске асырылған кiрiстер сомасына:

Дт

6250 01

Шетел валютасын қайта бағалаудан іске асырылмаған кірістер

Кт

6250 02

Шетел валютасын қайта бағалаудан іске асырылған кірістер


7430 01

Шетел валютасын қайта бағалаудан болған іске асырылмаған шығыстар;

      11) өзгерістері пайда немесе залалдың құрамында көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын үлестiк бағалы қағаздар бойынша теріс бағамдық айырмадан болған iске асырылған кiрiстер сомасына:

Дт

6250 01

Шетел валютасын қайта бағалаудан іске асырылмаған кірістер


7430 02

Шетел валютасын қайта бағалаудан болған іске асырылған шығыстар

Кт

7430 01

Шетел валютасын қайта бағалаудан болған іске асырылмаған шығыстар.

6. Сақтандыру жарналарын тазартылған қымбат металдарға
орналастыру бойынша операциялардың бухгалтерлік есебі

      41. Тазартылған қымбат металдарды сатып алған кезде мәмiле бойынша шығындарды есепке ала отырып, сатып алу құнына мынадай бухгалтерлiк жазба жүзеге асырылады:

Дт

1150 07

Тазартылған қымбат металдар


1150 08

Жолдағы тазартылған қымбат металдар


1150 09

Металл шоттарға орналастырылған тазартылған қымбат металдар

Кт

1030

Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаттары.

      42. Сатып алынған тазартылған қымбат металдарды әдiл құны бойынша қайта бағалаған кезде мынадай бухгалтерлiк жазбалар жүзеге асырылады:
      1) егер тазартылған қымбат металдардың әдiл құны олардың есептiк құнынан жоғары болса:

Дт

1150 07

Тазартылған қымбат металдар


1150 08

Жолдағы тазартылған қымбат металдар


1150 09

Металл шоттарға орналастырылған тазартылған қымбат металдар

Кт

6280 03

Тазартылған қымбат металдарды қайта бағалаудан іске асырылмаған кірістер;

      2) егер тазартылған қымбат металдардың есептiк құны олардың әдiл құнынан жоғары болғанда:

Дт

7470 04

Тазартылған қымбат металдарды қайта бағалаудан болған іске асырылмаған шығыстар

Кт

1150 07

Тазартылған қымбат металдар


1150 08

Жолдағы тазартылған қымбат металдар


1150 09

Металл шоттарға орналастырылған тазартылған қымбат металдар.

      43. Әдiл құны бойынша қайта бағалағаннан кейiн тазартылған қымбат металдарды сатқан кезде мынадай бухгалтерлiк жазбалар жүзеге асырылады:
      1) тазартылған қымбат металдарды сату бойынша жасалған мәмiле сомасына:

Дт

1030

Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаттары

Кт

1150 07

Тазартылған қымбат металдар


1150 08

Жолдағы тазартылған қымбат металдар


1150 09

Металл шоттарға орналастырылған тазартылған қымбат металдар;

      2) мәмiле сомасы мен тазартылған қымбат металдардың есептiк құны арасында оң айырма туындаған кезде:

Дт

1030

Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаттары

Кт

6280 01

Тазартылған қымбат металдарды сатып алудан-сатудан кірістер;

      3) мәмiле сомасы мен тазартылған қымбат металдардың есептiк құны арасында терiс айырма туындаған кезде:

Дт

7470 01

Тазартылған қымбат металдарды сатып алу-сату бойынша шығыстар

Кт

1150 07

Тазартылған қымбат металдар


1150 08

Жолдағы тазартылған қымбат металдар


1150 09

Металл шоттарға орналастырылған тазартылған қымбат металдар.

7. Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының
қызметімен байланысты операциялардың бухгалтерлік есебі

      44. Исламдық сақтандыру қорының қаражатын инвестициялаудан алынған сақтандыру сыйлықақысы бөлігі және (немесе) кірістер бөлігі түрінде ислам сақтандыру қорын басқару сыйақысының сомасына мынадай бухгалтерлiк жазбалар жүзеге асырылады:
      1) есептелген сыйақы сомасына:

Дт

7470 82

Брокерлік және дилерлік қызмет бойынша қызмет көрсетуі үшін комиссиялық шығыстар

Кт

3540

Басқа да қысқамерзімді міндеттемелер

      2) нақты төленген ақшаның сомасына:

Дт

3540

Басқа да қысқамерзімді міндеттемелер

Кт

1030

Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаттары.

8. Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымынан алынған
ақшаның бухгалтерлік есебі

      45. Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша міндеттемелерді орындау үшін исламдық сақтандыру қоры қаражатының жеткіліксіздігіне байланысты болашақта қайтару шартымен берілген ақшаны исламдық сақтандыру қоры исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымынан алған кезде мынадай бухгалтерлiк жазба жүзеге асырылады:

Дт

1010

Кассадағы ақша қаражаттары


1030

Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаттары

Кт

3050 04

Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған қысқамерзімді заемдар


4030 03

Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған ұзақмерзімді заемдар.

      46. Исламдық сақтандыру қоры исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ақшаны қайтарған кезде мынадай бухгалтерлiк жазба жүзеге асырылады:

Дт

3050 04

Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған қысқамерзімді заемдар


4030 03

Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған ұзақмерзімді заемдар

Кт

1010

Кассадағы ақша қаражаттары


1030

Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаттары.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады