Энергия-сервистік шарттың үлгілік нысандарын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 402 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 14 шілдеде № 11663 тіркелді.

      "Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы" 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 17-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жеке және заңды тұлғалар үшін, оның ішінде квазимемлекеттік сектор субъектілері үшін энергия-сервистік шарттың үлгілік нысаны;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік мекемелер үшін энергия-сервистік шарттың үлгілік нысаны бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 04.12.2015 № 1156 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов):

      1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ә. Исекешев

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      ______________ Б. Сұлтанов

      2015 жылғы 10 маусым

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ______________ Е. Досаев

      2015 жылғы 22 маусым



  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 31 наурыздағы № 402
бұйрығына
1-қосымша

Жеке және заңды тұлғалар үшін, оның ішінде квазимемлекеттік
сектор субъектілері үшін энергия-сервистік шарттың үлгілік
нысаны

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 04.12.2015 № 1156 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      ________________________ 20__ жылғы "__"_______________

      (шарттың жасалған орны)

      Бұдан әрі "Тапсырыс беруші" деп аталатын

      _______________________________________________________________атынан

      (жеке тұлғалар үшін тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда),

      ЖСН немесе заңды тұлғаның атауы, БСН)

      ______________________________________________негізінде әрекет ететін

      ____________________________________________________________________,

      (лауазымы, Т.А.Ә., бар болған жағдайда)

      бір тараптан, және бұдан әрі "Орындаушы" деп аталатын,

      _______________________________________________________________атынан

      (заңды тұлғаның атауы, ЖСН)

      ______________________________________________негізінде әрекет ететін

      ____________________________________________________________________,

      (лауазымы, Т.А.Ә., бар болған жағдайда)

      екінші тараптар, бұдан әрі бірлесіп "Тараптар" деп аталып, "Энергия

      үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы" 2012 жылғы 13

      қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Тапсырыс берушінің

      энергия ресурстарын тиімді және ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету

      мақсатында осы энергия-сервистік шартты (бұдан әрі – Шарт) жасасты.

1. Шартта пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      1. Осы Шартта мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

      1) энергетикалық базис – Орындаушы энергиялық тиімді іс-шараларды іске-асырмаған болса, Тапсырыс берушінің қолда бар объектілерінде пайдаланылатын энергетикалық ресурстардың әрбір түрін есептеу. Осы Шарт щеңберінде энергетикалық базис болып Шарт жасалған жылдың алдынғы жыл ішінде қолданылған энергия ресурстарының көрсеткіштері көлданылады;

      2) энергия тиімді іс-шаралар – жаңа жабдықтарды орнату, Тапсырыс берушінің объектілерінде ғимараттарды немесе бар жабдықтарды және (немесе) үйлерді, ғимараттарды, құрылыстарды жаңғырту немесе ауыстыру, немесе энергетикалық ресурстарды азайту немесе тиімді тұтыну үшін қайта қаралған іс-қимылдар және қызмет көрсету рәсімдері;

      3) энергия ресурстарын үнемдеу – Орындаушының энергия тиімді іс-шараларын іске асыру салдарлары болып табылатын энергетикалық ресурстарды түтынуды қысқарту. Энергетикалық ресурстарды үнемдеу Орындаушы энергия тиімі іс-шараларын орындағанынан (орындауға кіріскеннен) кейін энергетикалық базисті энергетикалық ресурстарды тұтыну көлемімен (пайдаланылатын энергетикалық ресурстарды есепке алу аспаптарының деректері бойынша) салыстыру кезінде анықталады.

2. Шарттың мәнi

      2. Осы Шарт шеңберінде Орындаушы Тапсырыс берушінің жүгінуі бойынша Тапсырыс беруші энергетикалық ресурстарды пайдалануының энергия үнемдеуге және энергетикалық тиімділігін арттыруға бағытталған іс-қимылды жүзеге асырады, оның ішінде Тапсырыс берушінің объектілерінде энергия тиімді іс-шараларды жүзеге асырады, ал Тапсырыс беруші пайдаланылатын энергетикалық ресурстарды үнемдеуден алынған қаражат есебінен Орындаушыға қызметтердің (жұмыстардың) ақысын төлейді.

      3. Осы Шарт:

      1) энергия-сервистік шартты орындау нәтижесінде энергия-сервистік компания қамтамасыз етуге тиіс энергетикалық ресурстарды үнемдеу шамасы туралы;

      2) энергия-сервистік шартта белгіленген энергетикалық ресурстарды үнемдеу шамасына қол жеткізу үшін қажетті мерзімнен кем болмауға тиіс энергия-сервистік шарттың қолданылу мерзімі туралы;

      3) пайдаланылатын энергия ресурстарын жыл сайын үнемдеуден алынатын қаражат есебінен жұмыстарға ақы төлеу туралы шарт қамтылуға тиіс.

      4. Осы Шарт шеңберінде жүзеге асырылатын энергия тиімді іс-шаралардың тізбесі энергия үнемдеу және арттыру энергия тиімділігін арттыру бойынша қорытындыға (энергоаудит қорытындысына) сәйкес анықталатын болады.

      5. Осы Шарт шеңберіндегі барлық жұмыстар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына, Қазақстан Республикасының құрылыс нормалары мен қағидаларының нормативтік талаптарына, құрылыс және күрделі жөндеу саласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық стандарттарына және техникалық шарттарға сәйкес орындалады.

3. Баға және есептеу тәртібі

      6. Осы Шарт бойынша баға осы шартты іске асыру нәтижесінде қол жеткізілген не қол жеткізілуі жоспарланған көрсеткіштерге сүйене отырып, оның ішінде үнемделген энергетикалық ресурстардың құнына немесе өнім бірлігіне үлестік энергия тұтынудың төмендеуі есебінен қалыптасатын энергетикалық ресурстарды үнемдеуге сүйене отырып, анықталады.

      7. Осы Шарт бойынша жұмыстарды орындау үшін Орындаушыға төлеуге жататын үнемдеу пайызы үнемдеудің ______ %-ды құрайды. Осы үнемдеу пайызы осы Шартты орындау барысында өзгертуге жатпайды. _____ % үнемдеу Тапсырыс берушінің басқаруында қалады.

      8. Осы Шарт бойынша есептер ай сайын/тоқсан сайын/ жарты жылда бір рет/ жыл сайын жүзеге асырылады.

      9. Осы Шарт бойынша есептер есептік кезеңде қалыптасқан заттай көріністе энергетикалық ресурстарды іс жүзінде үнемдеуге, сондай-ақ есептеу күніне іс жүзінде қалыптасқан тиісті энергетикалық ресурстарға бағалар (тарифтер) бойынша құндық көріністе анықталған мұндай үнемдеудің пайызына сүйене отырып, жүзеге асырылады. Бұл ретте есептеулерде мынадай мәліметтер ескеріледі:

      1) алдыңғы кезең (ай, тоқсан, жарты жыл, жыл) ішінде іс жүзінде тұтынылған энергетикалық ресурстарды және іс жүзінде берілген тауарлық өнімді есептеу аспаптарының көрсеткіштері;

      2) алдыңғы кезең (ай, тоқсан, жарты жыл, жыл) ішінде ақшалай көріністегі энергетикалық ресурстардың іс жүзіндегі үнемделуі;

      3) кезекті кезең (ай, тоқсан, жарты жыл, жыл) ішінде аударылуға жататын іс жүзіндегі сома.

      10. Есептерді жүргізу мақсатында Орындаушы есептік кезеңнен кейінгі кезеңнің 5 күніне дейінгі мерзімде Тапсырыс берушіге есептік кезеңдегі, оның ішінде энергетикалық ресурстарды іс жүзінде үнемдеу есебін және осы Шарттың 7-тармағына сәйкес анықталған мұндай үнемдеуден Орындаушыға төлеуге жататын пайыз есебін қамтитын пайдаланылатын энергетикалық ресурстарды есептеу аспаптарының көрсеткіштерін салыстырып тексеру актісін жібереді.

      11. Тапсырыс беруші осы Шарттың 10-тармағында көрсетілген құжаттар келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде салыстырып тексеру актісін қарауға және оған қол қоюға не анықталған кемшіліктерді көрсете отырып, Орындаушыға жазбаша нысанда негізді қарсылықты жіберуге міндетті.

      12. Тапсырыс берушінің талаптары негізделген жағдайда, Орындаушы негізделген қарсылық келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде анықталған кемшіліктерді өз күшімен және өз есебінен жояды. Салыстырып тексеру актісіне қол қою көрсетілген кемшіліктерді Орындаушы жойғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      13. Салыстырып тексеру актісіне осы Шарттың 11-тармағында көрсетілген мерзімдерде қол қойылмаған және жазбаша түрде Тапсырыс берушінің негізделген қарсылықтары болмаған жағдайда, Орындаушы Тапсырыс берушіге, Орындаушы бір жақты тәртіппен қол қойған салыстырып тексеру актісімен ұсынылған есептер бойынша соманы төлеуге ұсынуға құқылы.

      14. Салыстырып тексеру актісіне қол қойылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Тапсырыс беруші Орындаушының есептік шотына ақшалай қаражатты (есептеудің қолма-қол ақшасы нысаны) Орындаушымен есеп айырысуларды жүзеге асырады.

      15. Әрбір күнтізбелік жыл аяқталғаннан кейін Тараптар осы шарт шеңберінде төлемдерді салыстырып тексеруді жүргізеді.

4. Энергия тиімді іс-шаралар жоспары

      16. Энергия тиімді іс-шаралар жоспары (бұдан әрі- Жоспар) осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.

      17. Жоспар мыналарды көрсетеді:

      1) жабдық, Тапсырыс берушінің объектілерінде бар жабдықты және (немесе) үйлерді, ғимараттарды, құрылыстарды жаңғырту (түрлендіру) немесе ауыстыру, немесе энергия тұтынуды және Тапсырыс берушінің объектілерінде коммуналдық қызметтердің көлемін азайтуға алып келетін іс-қимылдар мен қызмет көрсету рәсімдерін қайта қарау жөніндегі іс-шаралар тізбесі (Жоспар осы Шартты іске асырудың бастапқы кезеңінде пайдаланылатын энергетикалық ресурстарды есептеу аспаптарын орнату және пайдалануға беру жөніндегі іс-шараны көздеиді);

      2) Жоспарда көзделетін әрбір іс-шараны іске асыру мерзімі;

      3) есептік кезең аяқталған бойда заттай көріністе энергетикалық ресурстарды үнемдеудің қол жеткізу жоспарланатын мөлшерлер (есептік кезеңді анықтау: ай, тоқсан, жарты жыл, жыл);

      4) Орындаушының Жоспарды іске асыру шығындарының, оның ішінде Жоспарда көзделген әрбір іс-шараны іске асыру шығындарын бөле отырып көлемі.

      18. Тапсырыс беруші, ол Тапсырыс берушіге ресми келіп түскен күннен бастап _____ жұмыс күні ішінде Жоспарды қарауға және бекітуге, не анықталған кемшіліктерді көрсете отырып, Орындаушыға жазбаша нысан бойынша негізді қарсылықты жіберуге міндетті.

      19. Тапсырыс берушінің талаптары негізделген жағдайда, Орындаушы негізделген қарсылық келіп түскен күннен бастап ______ жұмыс күні ішінде анықталған кемшіліктерді өз күшімен және өз есебінен жояды.

      20. Жоспардың мазмұны бойынша келіспеушіліктерді Тараптар келіссөздер жолымен шешеді.

5. Энергия тиімді іс-шаралар жоспарын іске асыру

      21. Орындаушы Тапсырыс беруші Жоспарды бекіткеннен кейін ______ жұмыс күні ішінде Жоспарды іске асыруға кірісуге міндетті.

      22. Жұмыстарды орындау кезінде Орындаушы Жоспарға, Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттарына, техникалық шарттарға сәйкес келетін материалдарды, бұйымдарды және жабдықты қолдануға міндетті.

      Орындаушы жұмыстарды орындау барысында Тапсырыс берушімен жазбаша келісім бойынша өзінің техникалық сипаттамалары бойынша Жоспарда көрсетілген материалдарға сәйкес келетін немесе олардан асып түсетін ұқсас материалдарды, бұйымдарды және жабдықты пайдалануға құқылы.

      Барлық жеткізілетін материалдар, бұйымдар және жабдық таңбалануға және тиісті сертификаттары, техникалық паспорттары және олардың сапасын куәландыратын растау құжаттары болуға тиіс. Бұл сертификаттардың және растау құжаттарының көшірмелерін Орындаушы Тапсырыс берушінің талап етуі бойынша шұғыл түрде ұсынуға тиіс.

      Жұмыстарды жүргізу кезінде Орындаушы техникалық шарттарды және материалдарды, бұйымдарды, жабдықты дайындаушы зауыттардың нұсқаулықтарын, технологиялық карталарды және сапаны жедел бақылау сызбаларын басшылыққа алуға міндетті.

      23. Орындаушы Тапсырыс берушіге Жоспардың әрбір кезеңінің аяқталуы туралы, оның ішінде жалпы Жоспарды іске асырудың аяқталуы туралы жазбаша нысанда хабарлауға міндетті.

      Орындаушы жұмыстарды тапсыру (қызметтер кезеңі) күніне дейін күнтізбелік _____ күннен кешіктірілмейтін мерзімде жұмыстардың (қызметтер кезеңінің) орындалуын растайтын құжаттаманы, оның ішінде жұмыстардың құнын растайтын құжаттаманы қоса бере отырып, Тапсырыс берушіге жұмыстардың (қызметтер кезеңінің) аяқталуы және қабылдау уақытын белгілеу туралы жазбаша хабарламаны жібереді.

      Орындалған жұмыстар (қызметтер кезеңдері) актісіне Тапсырыс беруші жұмыстардың тиісті түрде орындалу шартымен Орындаушыға жазбаша хабарламада айқындалатын орындалған жұмыстар қабылданған күннен бастап күнтізбелік ______ күннен кешіктірілмейтін мерзімде қол қояды.

      Тапсырыс беруші ұсынылған орындалған жұмыстар актілерінде тіркелген Орындаушы орындаған жұмыстардың көлемдері мен құнын тексеруді жүргізеді. Ұсынылған орындалған жұмыстар актілерінде сәйкессіздіктер анықталған жағдайда, Тапсырыс беруші анықталған сәйкессіздіктерді жою үшін оларды Орындаушыға қайтарады.

      Орындалған жұмыстардың (қызметтер кезеңінің) нәтижелерінде кемшіліктер болған кезде Тараптар қажетті пысықтаулар тізбесі бар актіні жасайды. Орындаушы, егер Тараптар кемшіліктер тіркелетін актіде жоюға жататын кемшіліктердің көлеміне және сипатына байланысты өзге мерзімді анықтамаса, күнтізбелік _________ күн ішінде орындалған жұмыстарда жіберілген кемшіліктерді өз күшімен және өз есебінен жоюға міндетті. Орындалған жұмыстар актісіне Орындаушы қабылдау кезінде анықталған барлық кемшіліктер жойылғаннан кейін қол қояды.

      Жұмыстарды (қызметтер кезеңін) орындаудың аяқталу күні Тараптардың орындалған жұмыстар актісіне қол қою күні болып есептеледі.

      24. Орындалған жұмыстар Тапсырыс берушімен қабылданады. Орындаушы кейінгі жұмыстарды орындауға тек қана Тапсырыс беруші орындалған жұмыстарды қабылдағаннан және осы жұмыстарды, конструкцияларды, инженерлік-техникалық қамтамасыз ету желілерін куәландыру актілерін жасағаннан кейін кіріседі. Орындаушы Тапсырыс берушіге жабуға жататын орындалған жұмыстарды, жауапты конструкцияларды аралық қабылдауды жүргізудің қажеттігі туралы, бірақ осы қабылдауды жүргізу басталғанға дейін ____ жұмыс күнінен кешіктірмей жазбаша түрде алдын ала хабарлайды. Егер Тапсырыс берушінің өкілі жабуға жататын орындалған жұмыстарды, жауапты конструкцияларды аралық қабылдауды жүргізудің көрсетілген мерзіміне келмесе, онда Орындаушы бір жақты акт жасайды және жұмыстарды қабылданды деп есептейді, бұл ретте орындалған жұмыстардың сапасы үшін жауапкершілік Орындаушыдан алынбайды. Бұл жағдайда жұмыстарды ашу Тапсырыс берушінің талап етуі бойынша оның есебінен жүргізіледі.

      Егер Тапсырыс берушінің өкілі жұмыстарды жүргізу журналына жабуға жататын орындалған жұмыстар бойынша ескертулер енгізсе, қабылдау үшін Тапсырыс беруші өкілі келмеген жағдайларды қоспағанда, Тапсырыс берушінің жазбаша рұқсатынсыз Орындаушы оларды жаппайды.

      Егер жұмыстарды жабу Тапсырыс берушінің растауынсыз (Тапсырыс берушінің өкіліне бұл туралы хабарланбаса немесе кешіктіріп хабарланса), онда Орындаушы оның нұсқауына сәйкес Тапсырыс беруші өкіліне қабылдауына өтпеген жабық жұмыстардың кез келген бөлігін өз есебінен ашуға, одан кейін оны қалпына келтіруге міндеттенеді.

      Қабылданатын жауапты конструкциялардың, жабық жұмыстардың және жүйелердің дайындығы Тапсырыс берушінің және Орындаушының конструкцияларды және жабық жұмыстарды куәландыру актілеріне қол қоюымен расталады.

      Тараптардың бірі актіге қол қоюдан бас тартқан жағдайда бұл туралы белгі қойылып, актіге екінші тарап қол қояды.

      Жұмыс нәтижелерін бір жақты тапсыру немесе қабылдау актісін актіге қол қоюдан бас тарту себептерін сот негізсіз деп таныған жағдайда ғана сот жарамды деп тануы мүмкін.

      25. Орындаушы Тапсырыс берушіге жұмыс және пайдалану жөніндегі нұсқауды және жұмыстардың нәтижелері мен түрлендірілген жабдыққа қызмет көрсетуге арналған қосалқы бөлшектердің ұсынылатын каталогтарын ұсынуға міндетті.

      Орындалған жұмыстарды қабылдау актісімен расталған орнату аяқталғаннан кейін _______ жұмыс күні ішінде Орындаушы Тапсырыс берушінің персоналын апаттар болған жағдайда, жабдықты және жүйені пайдалану, сақтау, қалпына келтіруге қойылатын талаптарды оқытуға міндетті.

      26. Орындаушы Жоспарда көзделген жұмыстарды орындалған жұмыстардың ___________ жыл ішінде сапа бойынша талаптарға кепілдікті сәйкестікпен орындауға міндеттеме алады. Орындалған жұмыстардың сапасы орындалған жұмыстардың Жоспарға, Қазақстан Республикасы ұлттық стандарттарына, техникалық шарттарға сәйкестігімен анықталады.

      Кепілдік мерзімі Тараптар орындалған жұмыстарды қабылдау туралы актіге қол қойғаннан күннен бастап есептеледі.

      Егер көрсетілген кепілдік мерзімі кезеңінде жұмыстар нәтижесінің кемшіліктері анықталса, онда Орындаушы, егер Тараптар кемшіліктер тіркелетін актіде жоюға жататын кемшіліктердің көлеміне және сипатына байланысты өзге мерзімді анықтамаса, оларды _________ жұмыс күні ішінде өз есебінен жоюға міндетті. Кепілдік мерзімі бұл жағдайда тиісінше Орындаушы кемшіліктерді жою бойынша жұмыстарды жүргізген кезеңге ұзартылады.

      Кемшіліктер тіркелетін актіні жасауға, оларды жою тәртібін және мерзімдерін келісуге қатысу үшін Орындаушы кемшіліктердің анықталуы туралы Тапсырыс беруші жазбаша хабарламасын алған күннен бастап ____ жұмыс күнінен кешіктірмей өзінің өкілін жіберуге міндетті.

      Орындаушы анықталған кемшіліктер актісін жасаудан немесе оған қол қоюдан бас тартқан кезде оларды растау үшін Тапсырыс беруші сараптама тағайындайды, ол кемшіліктердің болуын және сипатын айқындайтын актіні жасайды. Мұндай сараптаманың нәтижесі Тараптар үшін міндетті болып табылады. Орындаушының кінәсі анықталған кезде сараптамамен байланысты шығындарды Орындаушы көтереді. Сараптаманы жүргізу Тараптарды дауды үшін сот органдарына жүгіну құқықтарынан айырмайды.

      Егер кепілдік мерзімі кезеңінде осы Шарт бойынша Орындаушы жұмысының кемшіліктері салдарынан кепілдік мерзімі кезеңінде объектіге нұқсан келтірілсе, онда Тапсырыс беруші бұл туралы Орындаушыға хабарлайды, одан кейін Тараптар нұқсанды жоюмен байланысты іс-әрекеттерді талқылайды және Орындаушы бүлінулерді өз күшімен жояды немесе Тапсырыс берушіге нұқсанды уағдаластық бойынша не сот тәртібінде өтейді.

      27. Тапсырыс берушінің объектілерін пайдалану кезеңінде, Жоспар іске асырылғаннан кейін, осы Шарттың қолданыс мерзімі ішінде Орындаушы Тапсырыс берушінің объектілерінде технологиялық процестерді және жаңа жабдықтың пайдаланылуын қадағалауды, энергетикалық ресурстардың үнемделуін анықтау үшін энергетикалық ресурстардың пайдаланылуын бақылауды, энергиямен жабдықтаушы ұйымдармен Тапсырыс берушінің барлық өзара қарым-қатынастарын бақылауды жүзеге асырады.

6. Жабықтарға меншік құқығы

      28. Тапсырыс берушіде Орындаушы белгілеген жабдықтар энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру барысында осы Шартты қолдану мерзімі ішінде Орындаушыға тиесілі. Жабдықтарды енгізгеннен кейін Тапсырыс беруші осы жабдықты игеру мен пайдалану құқығына ие болады және осы жабдықты абайсызда бүліну мен жойылу тәуекелі және абайсызда зиян келтіру тәуекелін қамту ауыртпалығына толық көлемде жауапты болады. Сондай-ақ, Тапсырыс беруші олар пайдалануға енгенге дейін сақталуда немесе Тапсырыс берушінің аумағында монтаждау мен орнату процесінде тұрған жабдықтардың абайсызда бүліну мен жойылу тәуекелі және абайсызда зиян келтіру тәуекеліне жауапты болады.

      Объектілерге оларды қалыптастыру сәтінен бастап бөлінбейтін жақсартуы Тапсырыс берушіге тиесілі.

      29. Осы Шарттың қолданылу мерзімі өткен соң жасалған немесе Объектіге (лер) орнатылған жабдықтардың меншікті құқығы қосымша төлемсіз Тапсырыс берушінің меншігіне өтеді. Орындаушы көрсетілген жабдықты жарамды жағдайда, жабдықты тапсыру-қабылдау актісі бойынша Тапсырыс берушіге беруге міндетті.

7. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      30. Тапсырыс беруші:

      1) Орындаушының осы Шарт талаптарына сәйкес осы Шарт бойынша барлық қызметтер кешенін уақтылы және толық іске асыруын талап етуге;

      2) анықталған кемшіліктерді уақтылы жоюды талап етуге;

      3) осы Шарт бойынша міндеттердің орындалуын растайтын тиісті түрде ресімделген есептік құжаттаманы уақтылы ұсынуды талап етуге;

      4) Орындаушыдан осы Шарттың мәніне қатысты кез келген құжаттаманы және ақпаратты сұратуға;

      5) Орындаушыға Тапсырыс берушінің осы Шартты орындаудан бас тарту туралы хабарламасын алғанға дейін орындалған көрсетілген қызметтердің бөлігіне пропорционал белгіленген бағаның бөлігін төлей отырып, міндеттемелер кезеңін орындауды тапсыру-қабылдау актісіне қол қойғанға дейін кез келген уақытта осы Шартты орындаудан бас тартуға құқылы.

      31. Тапсырыс беруші:

      1) Орындаушының қызметтерін қабылдауды және осы Шартта көзделген мөлшерде, тәртіпте және талаптарда оларға төлем жүргізуді жүзеге асыруға;

      2) Орындаушының талабын алу күнінен кейінгі _____ жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде Орындаушының талап етуі бойынша осы Шартты орындау үшін қажетті ақпаратты және құжаттарды ұсынуға;

      3) Орындаушыға Тапсырыс берушінің үй-жайларына рұқсатты қамтамасыз етуге;

      4) осы Шарт бойынша қызметтерді көрсету үшін қауіпсіз шарттарды қалыптастыруға;

      5) осы Шарт бойынша Орындаушымен өзара іс-әрекетте Тапсырыс берушінің мүддесін білдіру бойынша жауапты өкілін тағайындауға;

      6) Орындаушыға осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін қажетті сенімхат беруге;

      7) Орындаушыға Жоспарда көзделген іс-шараларды іске асыру кезінде жәрдем көрсетуге;

      8) Орындаушы қызметтер көрсету туралы актіні ұсынған сәттен бастап ________ мерзімде тиісті актіге қол қоюға және бір данасын Орындаушыға беруге не Орындаушыға тиісті актіге қол қоюдан дәлелді бас тартуды ұсынуға міндетті.

      32. Орындаушы:

      1) Тапсырыс берушінің осы Шарттың талаптарына сәйкес осы Шарт бойынша көрсетілген қызметтерге уақтылы және толық төлем жүргізуін талап етуге;

      2) Тапсырыс берушіден осы Шартты орындау үшін қажетті ақпаратты және құжаттарды уақтылы ұсынуды талап етуге;

      3) Тапсырыс берушіден оның үй-жайларына еркін рұқсатты талап етуге;

      4) осы Шарт шеңберінде жұмыстар мен қызметтерді орындау үшін қосалқы мердігерлік ұйымдарды тартуға құқылы. Жұмыстарды орындауға қосалқы мердігерлік ұйымдар тартылған жағдайда Орындаушы Тапсырыс берушінің алдында қосалқы мердігерлік ұйымдардың іс-әрекеттері үшін жауапкершілікте болады.

      33. Орындаушы:

      1) Тапсырыс берушіге осы шартта көзделген барлық жұмыстардың түрлерін орындауға (есептеу жүйелерін және автоматтандырылған деректерді жинау жүйелерін жобалау, монтаждау және жөндеу; өлшеу құралдарына қызмет көрсету және жөндеу; объектілерді энергетикалық тексеру және т.б.) арналған рұқсат беру құжаттарын ұсынуға;

      2) барлық іс-шаралар кешенін осы шарт белгіленген мерзімдерде іске асыруға.

      3) Жоспарда анықталған жұмыстарды (іс-шараларды) тұрақты негізде, уақтылы және толық көлемде орындауға.

      4) осы Шарттың талаптарына сәйкес қажетті:

      материалдарды;

      жабдықты ұсынуға;

      5) осы шартқа сәйкес іске асыруға жататын Жоспарды Тапсырыс берушімен келісуге, өзге де рұқсат беру құжатын алуды қамтамасыз етуге;

      6) әр айдың _______ күнінен кешіктірмей Тапсырыс берушіге өткен айдағы энергетикалық ресурстардың іс жүзінде тұтыну, алдыңғы жылдың ұқсас кезеңіндегі аударымдардың сомалары туралы мәліметтерді, энергетикалық ресурстардың қол жеткізілген үнемделуінің мөлшері туралы мәліметтерді қамтитын осы Шарттың орындалу барысы туралы жазбаша есепті ұсынуға;

      7) барлық пайдаланылатын ресурстарды есептеу аспаптарын орнатуға (осы міндетті шешу шеңберінде орнатылады, олар болған жағдайда - суық, ыстық суға, жылуға, электр энергиясына арналған есептеу аспаптар қоданыстағы талаптарға сәйкес келтіріледі);

      8) пайдаланылатын энергетикалық ресурстарды есептеу аспаптарын пайдалануға беруге;

      9) есептеу аспаптарының тұрақты жұмысқа қабілеттілігін ұстап тұруды бақылауға міндетті. Сервистік қызмет көрсету жүйесінің жұмыс істеуі есебінен қол жеткізіледі, ол аспаптардың ақауын бақылауды, олар істен шыққан жағдайда жедел жөндеуді, регламенттік жұмыстарды (тазалау, метрологиялық тексеру және т.б.) орындауды қамтиды;

      10) техникалық регламенттердің, ұлттық стандарттардың, құрылыс нормалары мен қағидаларының, санитарлық нормалар мен қағидалардың, гигиеналық нормативтердің талаптарын қоса алғанда, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнаманың нормаларына сәйкес энергетикалық ресурстардың пайдалану режимдерін (шарттарын) қамтамасыз етуге міндетті.

8. Тараптардың жауапкершілігі

      34. Осы Шартты орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалық актілеріне сәйкес жауапты болады.

      35. Тапсырыс беруші осы Шартта көзделген міндеттемелерді орындау мерзімін өткізген жағдайда, Орындаушы тұрықсыздық айыбын (өсімақы) төлеуді талап етуге құқылы.

      36. Тапсырыс беруші егер осы Шартта көзделген міндеттемелерді орындау мерзімінің өтуі еңсерілмейтін күш салдарынан, Орындаушының кінәсі бойынша немесе өзге де адамдардың кінәсі бойынша болғанын дәлелдесе, тұрықсыздық айыбын (өсімақы) төлеуден босатылады.

      37. Орындаушы осы Шартқа сәйкес кепілдік мерзімі ішінде орындалған жұмыстардың сапасы үшін, жұмыстарды жүргізу кезінде пайдаланылатын материалдар, бұйымдар және жабдықтың сапасы үшін жауапкершілікте болады.

      38. Орындаушы осы Шартты орындау шеңберінде жүргізілген шығындарды, егер осы Шарттың қолданыс мерзімі біткенне кейін көрсетілген шығындар энергетикалық ресурстарды үнемдеуден алынған қаражат есебінен, оның ішінде осы шартта белгіленген энергетикалық ресурстарды үнемдеу көрсеткіштеріне қол жеткізбеу себебінен жабылмаған жағдайда өзінің шығындарына жатқызу тәуекелін алады.

      39. Орындаушы осы Шартта көзделген міндеттемелерді орындау мерзімін өткізген, оның ішінде жұмыстарды орындау мерзімін, анықталған кемшіліктерді жою мерзімдерін, бұзған жағдайда Тапсырыс беруші төлемді талап етуге құқылы.

      40. Тұрақсыздық айбын төлеу немесе жауапкершіліктің өзге де нысанын қолдану Тарапты осы Шарт бойынша міндеттемелерін орындаудан босатпайды.

      41. Орындаушы барлық энергия тиімді іс-шараларды іске асыру кезінде сапаны бақылау үшін жауапты болады. Орындаушы осы Шарттың талаптарына сәйкестікті қамтамасыз ету үшін орындалатын барлық жұмысты тескеруге және тестілеуге міндетті.

9. Форс-мажорлық жағдайлар

      42. Тараптардың ешқайсысы форс-мажорлық жағдайлар, яғни еңсерілмейтін күш мән-жайлары (табиғи апаттар немесе болжап-білу немесе алдын алу мүмкін емес өзге де мән-жайлар), сондай-ақ осы Шарттың талаптарын орындамауға немесе тиісінше орындамауға алып келетін соғыс іс-қимылдары, ереуілдер және басқа жағдайларда екінші тараптың алдында жауапкершілікте болмайды.

      43. Тараптардың осы Шарт бойынша міндеттемелері еңсерілмейтін күш мән-жайлары әрекет ететін мерзімге, бірақ тек қана мұндай жағдайлар Тараптардың осы Шарт бойынша міндеттемелерін орындауына кедергі келтіретіндей дәрежде тоқтатылуы мүмкін.

      44. Ол үшін еңсерілмейтін күш жағдайларының орын алуы салдарынан міндеттемелерін тиісінше орындау мүмкін болмаған Тарап мұндай жағдайлар орын алған күннен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде олардың орын алуы, түрі және олардың әсерінің ықтимал ұзақтығы туралы екінші Тарапқа жазбаша нысанда хабарлауға міндетті.

      45. Егер осы Шарттың 42-тармағында көрсетілген жағдайлар тиісті хабарланған күннен бастап _______________ күнтізбелік күннен артық созылса, Тараптар мұндай жағдайлардың орын алуына байланысты келтірілген шығындардың өтелуін талап етпей, өзара келісім бойынша осы Шартты бұзуға құқылы.

      46. Жұмыстарды орындау нәтижесінде үшінші тұлғаға келтірілген нұқсанды, егер бұл нұқсанның өзге де адамдардың кінәсі бойынша келтірілгендігі дәлелденбесе, Орындаушы өтейді.

      Егер еңсерілмейтін күш жағдайлары 3 және одан астам айға созылған жағдайда, Тараптардың әрқайсысы болжанатын бұзу күніне дейін кемінде күнтізбелік күн бұрын екінші тарапқа алдын ала хабарлау шартымен Шартты бұзуға құқылы. Бұл ретте Тараптар күнтізбелік 30 күн ішінде Шарт бойынша барлық өзара есеп айырысуларды жүргізуге міндеттеме алады.

10. Қорытынды ереже

      47. Осы Шарт Тараптар оған қол қойған күннен бастап жасалаған болып есептеледі және 20__ж. "___"__________ дейін қолданыста болады.

      48. Осы Шартты Тараптардың келісімі немесе соттың шешімі бойынша, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген негіздер бойынша бұзуға рұқсат етіледі.

      49. Осы Шарт, егер осы Шартты орындау кезінде келтірілген Орындаушының шығындарын жабу (осы шартта белгіленген үнемдеу пайызын төлеу жолымен) осы Шарттың қолданыс мерзімінің аяқталуынан бұрын болса, өзінің қолданысын тоқтатады.

      50. Осы Шарттың талаптарын орындаумен байланысты Тапсырыс беруші және Орындаушы арасындағы барлық даулы мәселелер заңнамада белгіленген тәртіппен шешіледі.

      51. Осы Шартта көзделмегендер Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады.

      52. Осы Шарт Тараптардың әрқайсысына бір-бірден және бірдең заңдық күші бар мемлекеттік және орын тілдеріндегі екі түпнұсқа данада, _____ парақта жасалды.

11. Тараптардың деректемелері

Тапсырыс беруші

________________________

________________________

________________________

________________________

________________________

М.О.

Орындаушы

________________________

________________________

________________________

________________________

________________________

М. О.

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 31 наурыздағы № 402
бұйрығына
2-қосымша

Мемлекеттік мекемелер үшін энергия-сервистік шарттың үлгілік
нысаны

      Ескерту. 2-қосымшамен толықтырылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 04.12.2015 № 1156 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      ________________________ 20__ жылғы "__"_______________

      (шарттың жасалған орны)

      Бұдан әрі "Тапсырыс беруші" деп аталатын,

      _______________________________________________________________атынан

      (мемлекеттік мекеменің атауы)

      ______________________________________________негізінде әрекет ететін

      ____________________________________________________________________,

      (лауазымы, Т.А.Ә., бар болған жағдайда)

      бір жағынан, және бұдан әрі "Орындаушы" деп аталатын

      _______________________________________________________________атынан

      (заңды тұлғаның атауы, ЖСН)

      ______________________________________________негізінде әрекет ететін

      ____________________________________________________________________,

      (лауазымы, Т.А.Ә., бар болған жағдайда)

      екінші тараптар, бұдан әрі бірлесіп "Тараптар" деп аталып, "Энергия

      үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы" 2012 жылғы 13

      қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Тапсырыс берушінің

      энергия ресурстарын тиімді және ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету

      мақсатында осы энергия-сервистік шартты (бұдан әрі – Шарт) жасасты.

1. Шартта пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      1. Осы Шартта мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

      1) энергетикалық базис – Орындаушы энергиялық тиімді іс-шараларды іске-асырмаған болса, Тапсырыс берушінің қолда бар объектілерінде пайдаланылатын энергетикалық ресурстардың әрбір түрін есептеу. Осы Шарт щеңберінде энергетикалық базис болып Шарт жасалған жылдың алдынғы жыл ішінде қолданылған энергия ресурстарының көрсеткіштері көлданылады;

      2) энергия тиімді іс-шаралар – жаңа жабдықтарды орнату, Тапсырыс берушінің объектілерінде ғимараттарды немесе бар жабдықтарды және (немесе) үйлерді, ғимараттарды, құрылыстарды жаңғырту немесе ауыстыру, немесе энергетикалық ресурстарды азайту немесе тиімді тұтыну үшін қайта қаралған іс-қимылдар және қызмет көрсету рәсімдері;

      3) энергия ресурстарын үнемдеу – Орындаушының энергия тиімді іс-шараларын іске асыру салдарлары болып табылатын энергетикалық ресурстарды түтынуды қысқарту. Энергетикалық ресурстарды үнемдеу Орындаушы энергия тиімі іс-шараларын орындағанынан (орындауға кіріскеннен) кейін энергетикалық базисті энергетикалық ресурстарды тұтыну көлемімен (пайдаланылатын энергетикалық ресурстарды есепке алу аспаптарының деректері бойынша) салыстыру кезінде анықталады.

2. Шарттың мәнi

      2. Осы Шарт шеңберінде Орындаушы Тапсырыс берушінің жүгінуі бойынша Тапсырыс беруші энергетикалық ресурстарды пайдалануының энергия үнемдеуге және энергетикалық тиімділігін арттыруға бағытталған іс-қимылды жүзеге асырады, оның ішінде Тапсырыс берушінің объектілерінде энергия тиімді іс-шараларды жүзеге асырады, ал Тапсырыс беруші пайдаланылатын энергетикалық ресурстарды үнемдеуден алынған қаражат есебінен Орындаушыға қызметтердің (жұмыстардың) ақысын төлейді.

      3. Осы Шарт:

      1) энергия-сервистік шартты орындау нәтижесінде энергия-сервистік компания қамтамасыз етуге тиіс энергетикалық ресурстарды үнемдеу шамасы туралы;

      2) энергия-сервистік шартта белгіленген энергетикалық ресурстарды үнемдеу шамасына қол жеткізу үшін қажетті мерзімнен кем болмауға тиіс энергия-сервистік шарттың қолданылу мерзімі туралы;

      3) пайдаланылатын энергия ресурстарын жыл сайын үнемдеуден алынатын қаражат есебінен жұмыстарға ақы төлеу туралы шарт қамтылуға тиіс.

      4. Тапсырыс беруші жасаған әр іс-шараның толық техникалық сипаттамасымен және олардың орындалу мерзімімен Орындаушы орындауға міндетті энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыруға бағытталған іс-шаралар тізбесінің болуы. Іс-шаралар тізбесін Қазақастан Республикасының заңнамасы шеңберінде ұзақ мерзімді шарттарды іске асыру конкурстық құжаттамаға үшін (мемлекеттік сатып алу туралы құжаттама) енгізу қажет

      5. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыруға бағытталған іс-шаралар тізбесі мынадай негізде қалыптасады:

      энергия аудиті нәтижелері бойынша әзірленген және Тапсырыс беруші енгізген энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөнідегі іс-шаралар жоспары;

      іс-шаралар тізбесін қалыптастыру күніне объект туралы өзекті мәліметтер (тапсырыс берушіде энергия аудиті қорытындыларының болмауы немесе оны жасау уақытымен объекті (объектілер) туралы ақпараттың өзгеруі кезінде). Іс-шаралар тізбесін қалыптастыру үшін объектілер саны (үйлер, ғимараттар, құрылыстар) салу жылы, қоршағыш конструкциялар түрі, күрделі жөндеу жүргізген жылы, энергетика ресурсын тұтынатын жабдықтардың техникалық сипаттамалары, пайдаланған энергетикалық ресурсты есепке алу

      аспабының бар болуы туралы, конкурстық құжаттамада тапсырыс беруші көрсеткен алдағы кезең ішінде тұтынған энегетикалық ресурс көлемі тіралы, аукцион туралы құжаттама, электронды нысандағы ашық аукцион туралы құжаттама, тузетілерде сұрату жүргізу туралы хабарлама және қосымша ақпарат, дербес объектіге (объектілерге) қатысушылармен жинақталған тапсырысты орналастыру туралы ақпарат пайдалануы мүмкін.

      6. Осы шартты орындау нәтижесінде Орындаушы осы шартты іске асыру бойынша қызметтерге арналған мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру нәтижесінде қалыптасқан ақшалай көріністегі үнемдеу мөлшеріне сүйене отырып, заттай көріністе қамтамасыз етуге тиіс энергетикалық ресурсты үнемдеу мөлшері Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы заңнамасында көзделген шарттарда айқындалады.

      7. Шартты қолданудың барлық мерзіміне осы шартты орындау нәтижесінде Орындаушы қамтамасыз етуге тиіс ақшалай және заттай көріністегі энергетикалық ресурсты үнемдеу мөлшері, сондай-ақ күнтізбелік бір жылға Орындаушы қамтамасыз етуге тиіс заттай көріністегі үнемдеу мөлшерінің үлесі осы шартта көрсетілуі тиіс, бұл ретте Тапсырыс беруші осы шартта көрсетілген соманы өз бюджетіне салып қояды. Энергетикалық ресурсты үнемдеу көрсеткіштеріне қол жеткізбеген жағдайда, Тапсырыс беруші тек энергетикалық ресурсты үнемдеу мөлшерінің баламалы сомасына ғана Орындаушының қызметтерін төлейді.

      8. Осы шартты орындау нәтижесінде қол жеткізілген үнемдеу мөлшері іс-шаралар тізбесін іске асыруды бастағанға дейін айқындалған үнемдеу мөлшері шартта көзделген қол жеткізулер күнтізбелік кезеңдерге тең, кезеңде энергетикалық ресурстың тапсырыс берушімен тұтынылған көлемдер энергетикалық ресурстарды тұтыну көлеміне ықпал ететін іс-шаралар тізбесін орындаушы іске асырғаннан кейін және факторлар өзгерістерін ескере отырып анықталған энергетикалық ресурсты, тапсырыс беруші тұтынған көлемдері арасындағы айырмашылық ретінде анықталады.

      9. Энергетикалық ресурсты тұтыну көлемін заттай көріністегі энергия-сервистік шартты орындау нәтижесінде қол жеткізген үнемдеу мөлшерін айқындаған кезде орындаушы іс-шаралар тізбесін іске асырғаннан кейін орындаушы іс-шаралар тізбесін іске асыруды бастағанға дейін энергетикалық ресурсты тұтыну көлеміне есептелген тиісті күнтізбелік кезеңге есептеледі.

      10. Орындаушы іс-шаралар тізбесін іске асырғанға дейін энергетикалық ресурсты тұтыну көлемін айқындау мынадай тәртіпте:

      пайдаланылатын энергетикалық ресурсты есепке алу аспабының көмегімен анықталған энергетика ресурсты тұтыну көлемі туралы деректер болған кезде - іс-шаралар тізбесін орындаушы іске асырғанға дейін алдынғы кезеңде пайдаланған энергетикалық ресурсты есепке алу аспабының көмегімен анықталған энергетикалық ресурстың тұтынылу көлемі туралы нақты деректер бойынша тапсырыс беруші жасаған жоспарланған энергетикалық ресурстың тұтынылу көлемі негізінде;

      пайдаланылатын энергетикалық ресурсты есепке алу аспабының көмегімен арқылы анықталған энергетика ресурсты тұтыну көлемі туралы деректер болмаған кезде – пайдаланған энергетикалық ресурсты есепке алу аспабын орындаушымен орнатуды ескере отырып және іс-шаралар тізбесін тапсырыс беруші іске асыруды бастағанға дейін кемінде күнтізбелік бір айды құрайтын кезеңге осы аспаптың көмегімен арқылы алынған энергетикалық ресурсты тұтыну көлемі (көлем үлесі) туралы деректерді тараптармен бекіту.

      11. Іс-шаралар тізбесін іске асыруды бастағанға дейін Тапсырыс беруші тараптармен бекіткен энергетикалық ресурсты тұтыну көлемі энергия-сервистік шарт бойынша үнемдеу мөлшеріне (үнемдеу мөлшерінің үлесіне) қол жеткізу күнтізбелік кезеңге сай іріктеу өткізу туралы хабарламаның алдыңғы күніне, өткен күнтізбелік кезеңге тапсырыс беруші тиісті энергетика ресурсын тұтынудың нақты көлемінен арттыра алмайды.

      12. Кемінде күнтізбелік бір айды құрайтын тараптармен айқындалған кезең ішінде пайдаланған энергетикалық ресурсты есепке алу аспабымен бекітілген көлем негізінде іс-шаралар тізбесін орындаушы іске асырғаннан кейін заттай көріністе энергетикалық ресурсты тұтыну көлемін айқындау тәртібін көрсету.

      13. Энергия-сервистік шартты орындау нәтижесінде қол жеткізген үнемдеу мөлшерін анықтау кезінде энергетикалық ресурсты тұтыну көлеміне ықпал ететін факторлар ескеріледі (жұмыс істеу тәртібінің өзгеруі немесе энергия тұтынушы қондырғыларын функционалды тағайындау, энергетикалық ресурсты тұтынушылардың санының үй-жайлар алаңы мен көлемінің өзгеруі, ауа райы жағдайларының елеулі өзгеруі – сыртқы ауаның орташа тәуліктік температурасы, жылу беру кезеңіндегі сыртқы ауаның орташа тәуліктік температурасы, жылу беру кезеңінің ұзақтығы).

      14. Энергия-сервистік шартты орындау нәтижесінде қол жеткізген үнемдеу мөлшері пайдаланған энергетикалық ресурсты есепке алу аспабын орнату есебінен алынған (пайдаланған энергетикалық ресурсты есепке алу аспабын орнатқанға дейін пайдаланылған энергетикалық ресурсты тұтыну көлемі туралы деректер арасындағы айырмашылық және қондырылған аспапты есепке алу көмегімен алынған деректермен) үнемдеуді есепке алмастан айқындалады.

      15. Осы Шарт шеңберінде барлық жұмыстар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына, Қазақстан Республикасының құрылыс нормалары мен қағидаларының нормативтік талаптарына, құрылыс және күрделі жөндеу саласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық стандарттарына және техникалық шарттарға сәйкес орындалады.

3. Баға және есептеу тәртібі

      16. Осы шарт үшін орындау мерзімі күнтізбелік бір жылға тең немесе кем болатын бастапқы бағасы өткен жыл ішіндегі энергетикалық ресурсты тұтынудың нақты көлемін және энергетикалық ресурс бірлігінің құнын өндіру ретінде айқындалады. Бұл ретте энергетикалық ресурс бірлігінің құны тапсырыс беруші энергетикалық ресурсты жеткізіп беру үшін есеп айырысуларды жүзеге асыру бойынша және конкурс өткізу туралы хабарлаған күнге қолданылатын бағаға (тарифке) тең.

      17. Егер тапсырыс беруші энергетикалық ресурсты жеткізіп беру үшін есеп айырысуларды бірнеше бағалар (тарифтер) бойынша жүзеге асырса, энергетикалық ресурс бірлігінің құны конкурс өткізу туралы хабарламаның алдыңғы күніне күнтізбелік бір ай ішінде Тапсырыс беруші тұтынатын энергетикалық ресурсты жеткізіп беру көлемдерін өндіру сомасына және энергетикалық ресурсты жеткізіп берудің тиісті көлемдері үшін есеп айырысулар жүзеге асырылған бағаларға (тарифтерге) қатысты энергетикалық ресурсты жеткізіп беру көлемінің жиынтық сомасына тең орта есептік баға (тариф) ретінде айқындалады.

      18. Осы Шарт бойынша баға осы шартты іске асыру нәтижесінде қол жеткізілген не қол жеткізілуі жоспарланған көрсеткіштерге сүйене отырып, оның ішінде үнемделген энергетикалық ресурстардың құнына немесе өнім бірлігіне үлестік энергия тұтынудың төмендеуі есебінен қалыптасатын энергетикалық ресурстарды үнемдеуге сүйене отырып, анықталады.

      19. Осы Шарт бойынша жұмыстарды орындау үшін Орындаушыға төлеуге жататын үнемдеу пайызы үнемдеудің ______ %-ды құрайды. Осы үнемдеу пайызы осы Шартты орындау барысында өзгертуге жатпайды. _____ % үнемдеу Тапсырыс берушінің басқаруында қалады.

      20. Осы Шарт бойынша есептер жыл сайын жүзеге асырылады.

      21. Осы Шарт бойынша есептер есептік кезеңде қалыптасқан заттай көріністе энергетикалық ресурстарды іс жүзінде үнемдеуге, сондай-ақ есептеу күніне іс жүзінде қалыптасқан тиісті энергетикалық ресурстарға бағалар (тарифтер) бойынша құндық көріністе анықталған мұндай үнемдеудің пайызына сүйене отырып, жүзеге асырылады. Бұл ретте есептеулерде мынадай мәліметтер ескеріледі:

      1) алдыңғы кезең (ай, тоқсан, жарты жыл, жыл) ішінде іс жүзінде тұтынылған энергетикалық ресурстарды және іс жүзінде берілген тауарлық өнімді есептеу аспаптарының көрсеткіштері;

      2) алдыңғы кезең (ай, тоқсан, жарты жыл, жыл) ішінде ақшалай көріністегі энергетикалық ресурстардың іс жүзіндегі үнемделуі;

      3) кезекті кезең (ай, тоқсан, жарты жыл, жыл) ішінде аударылуға жататын іс жүзіндегі сома.

      22. Есептерді жүргізу мақсатында Орындаушы есептік кезеңнен кейінгі кезеңнің 5 күніне дейінгі мерзімде Тапсырыс берушіге есептік кезеңдегі, оның ішінде энергетикалық ресурстарды іс жүзінде үнемдеу есебін және осы Шарттың 19-тармағына сәйкес анықталған мұндай үнемдеуден Орындаушыға төлеуге жататын пайыз есебін қамтитын пайдаланылатын энергетикалық ресурстарды есептеу аспаптарының көрсеткіштерін салыстырып тексеру актісін жібереді.

      23. Тапсырыс беруші осы Шарттың 22-тармағында көрсетілген құжаттар келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде салыстырып тексеру актісін қарауға және оған қол қоюға не анықталған кемшіліктерді көрсете отырып, Орындаушыға жазбаша нысанда негізді қарсылықты жіберуге міндетті.

      24. Тапсырыс берушінің талаптары негізделген жағдайда, Орындаушы негізделген қарсылық келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде анықталған кемшіліктерді өз күшімен және өз есебінен жояды. Салыстырып тексеру актісіне қол қою көрсетілген кемшіліктерді Орындаушы жойғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      25. Салыстырып тексеру актісіне осы Шарттың 23-тармағында көрсетілген мерзімдерде қол қойылмаған және жазбаша түрде Тапсырыс берушінің негізделген қарсылықтары болмаған жағдайда, Орындаушы Тапсырыс берушіге, Орындаушы бір жақты тәртіппен қол қойған салыстырып тексеру актісімен ұсынылған есептер бойынша соманы төлеуге ұсынуға құқылы.

      26. Салыстырып тексеру актісіне қол қойылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Тапсырыс беруші Орындаушының есептік шотына ақшалай қаражатты (есептеудің қолма-қол ақшасы нысаны) Орындаушымен есеп айырысуларды жүзеге асырады.

      27. Әрбір күнтізбелік жыл аяқталғаннан кейін Тараптар осы шарт шеңберінде төлемдерді салыстырып тексеруді жүргізеді.

4. Энергия тиімді іс-шаралар жоспары

      28. Энергия тиімді іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жоспар) осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.

      29. Жоспар мыналарды көрсетеді:

      1) жабдық, Тапсырыс берушінің объектілерінде бар жабдықты және (немесе) үйлерді, ғимараттарды, құрылыстарды жаңғырту (түрлендіру) немесе ауыстыру, немесе энергия тұтынуды және Тапсырыс берушінің объектілерінде коммуналдық қызметтердің көлемін азайтуға алып келетін іс-қимылдар мен қызмет көрсету рәсімдерін қайта қарау жөніндегі іс-шаралар тізбесі (Жоспар осы Шартты іске асырудың бастапқы кезеңінде пайдаланылатын энергетикалық ресурстарды есептеу аспаптарын орнату және пайдалануға беру жөніндегі іс-шараны көздеиді);

      2) Жоспарда көзделетін әрбір іс-шараны іске асыру мерзімі;

      3) есептік кезең аяқталған бойда заттай көріністе энергетикалық ресурстарды үнемдеудің қол жеткізу жоспарланатын мөлшерлер (есептік кезеңді анықтау: ай, тоқсан, жарты жыл, жыл);

      4) Орындаушының Жоспарды іске асыру шығындарының, оның ішінде Жоспарда көзделген әрбір іс-шараны іске асыру шығындарын бөле отырып көлемі.

      30. Тапсырыс беруші, ол Тапсырыс берушіге ресми келіп түскен күннен бастап _____ жұмыс күні ішінде Жоспарды қарауға және бекітуге, не анықталған кемшіліктерді көрсете отырып, Орындаушыға жазбаша нысан бойынша негізді қарсылықты жіберуге міндетті.

      31. Тапсырыс берушінің талаптары негізделген жағдайда, Орындаушы негізделген қарсылық келіп түскен күннен бастап ______ жұмыс күні ішінде анықталған кемшіліктерді өз күшімен және өз есебінен жояды.

      32. Жоспардың мазмұны бойынша келіспеушіліктерді Тараптар келіссөздер жолымен шешеді.

5. Энергия тиімді іс-шаралар жоспарын іске асыру

      33. Орындаушы Тапсырыс беруші Жоспарды бекіткеннен кейін ______ жұмыс күні ішінде Жоспарды іске асыруға кірісуге міндетті.

      34. Жұмыстарды орындау кезінде Орындаушы Жоспарға, Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттарына, техникалық шарттарға сәйкес келетін материалдарды, бұйымдарды және жабдықты қолдануға міндетті.

      Орындаушы жұмыстарды орындау барысында Тапсырыс берушімен жазбаша келісім бойынша өзінің техникалық сипаттамалары бойынша Жоспарда көрсетілген материалдарға сәйкес келетін немесе олардан асып түсетін ұқсас материалдарды, бұйымдарды және жабдықты пайдалануға құқылы.

      Барлық жеткізілетін материалдар, бұйымдар және жабдық таңбалануға және тиісті сертификаттары, техникалық паспорттары және олардың сапасын куәландыратын растау құжаттары болуға тиіс. Бұл сертификаттардың және растау құжаттарының көшірмелерін Орындаушы Тапсырыс берушінің талап етуі бойынша шұғыл түрде ұсынуға тиіс.

      Жұмыстарды жүргізу кезінде Орындаушы техникалық шарттарды және материалдарды, бұйымдарды, жабдықты дайындаушы зауыттардың нұсқаулықтарын, технологиялық карталарды және сапаны жедел бақылау сызбаларын басшылыққа алуға міндетті.

      35. Орындаушы Тапсырыс берушіге Жоспардың әрбір кезеңінің аяқталуы туралы, оның ішінде жалпы Жоспарды іске асырудың аяқталуы туралы жазбаша нысанда хабарлауға міндетті.

      Орындаушы жұмыстарды тапсыру (қызметтер кезеңі) күніне дейін күнтізбелік _____ күннен кешіктірілмейтін мерзімде жұмыстардың (қызметтер кезеңінің) орындалуын растайтын құжаттаманы, оның ішінде жұмыстардың құнын растайтын құжаттаманы қоса бере отырып, Тапсырыс берушіге жұмыстардың (қызметтер кезеңінің) аяқталуы және қабылдау уақытын белгілеу туралы жазбаша хабарламаны жібереді.

      Орындалған жұмыстар (қызметтер кезеңдері) актісіне Тапсырыс беруші жұмыстардың тиісті түрде орындалу шартымен Орындаушыға жазбаша хабарламада айқындалатын орындалған жұмыстар қабылданған күннен бастап күнтізбелік ______ күннен кешіктірілмейтін мерзімде қол қояды.

      Тапсырыс беруші ұсынылған орындалған жұмыстар актілерінде тіркелген Орындаушы орындаған жұмыстардың көлемдері мен құнын тексеруді жүргізеді. Ұсынылған орындалған жұмыстар актілерінде сәйкессіздіктер анықталған жағдайда, Тапсырыс беруші анықталған сәйкессіздіктерді жою үшін оларды Орындаушыға қайтарады.

      Орындалған жұмыстардың (қызметтер кезеңінің) нәтижелерінде кемшіліктер болған кезде Тараптар қажетті пысықтаулар тізбесі бар актіні жасайды. Орындаушы егер Тараптар кемшіліктер тіркелетін актіде жоюға жататын кемшіліктердің көлеміне және сипатына байланысты өзге мерзімді анықтамаса, күнтізбелік _________ күн ішінде орындалған жұмыстарда жіберілген кемшіліктерді өз күшімен және өз есебінен жоюға міндетті. Орындалған жұмыстар актісіне Орындаушы қабылдау кезінде анықталған барлық кемшіліктер жойылғаннан кейін қол қояды.

      Жұмыстарды (қызметтер кезеңін) орындаудың аяқталу күні Тараптардың орындалған жұмыстар актісіне қол қою күні болып есептеледі.

      36. Орындалған жұмыстар Тапсырыс берушімен қабылданады. Орындаушы кейінгі жұмыстарды орындауға тек қана Тапсырыс беруші орындалған жұмыстарды қабылдағаннан және осы жұмыстарды, конструкцияларды, инженерлік-техникалық қамтамасыз ету желілерін куәландыру актілерін жасағаннан кейін кіріседі. Орындаушы Тапсырыс берушіге жабуға жататын орындалған жұмыстарды, жауапты конструкцияларды аралық қабылдауды жүргізудің қажеттігі туралы, бірақ осы қабылдауды жүргізу басталғанға дейін ____ жұмыс күнінен кешіктірмей жазбаша түрде алдын ала хабарлайды. Егер Тапсырыс берушінің өкілі жабуға жататын орындалған жұмыстарды, жауапты конструкцияларды аралық қабылдауды жүргізудің көрсетілген мерзіміне келмесе, онда Орындаушы бір жақты акт жасайды және жұмыстарды қабылданды деп есептейді, бұл ретте орындалған жұмыстардың сапасы үшін жауапкершілік Орындаушыдан алынбайды. Бұл жағдайда жұмыстарды ашу Тапсырыс берушінің талап етуі бойынша оның есебінен жүргізіледі.

      Егер Тапсырыс берушінің өкілі жұмыстарды жүргізу журналына жабуға жататын орындалған жұмыстар бойынша ескертулер енгізсе, қабылдау үшін Тапсырыс беруші өкілі келмеген жағдайларды қоспағанда, Тапсырыс берушінің жазбаша рұқсатынсыз Орындаушы оларды жаппайды.

      Егер жұмыстарды жабу Тапсырыс берушінің растауынсыз (Тапсырыс берушінің өкіліне бұл туралы хабарланбаса немесе кешіктіріп хабарланса), онда Орындаушы оның нұсқауына сәйкес Тапсырыс беруші өкіліне қабылдауына өтпеген жабық жұмыстардың кез келген бөлігін өз есебінен ашуға, одан кейін оны қалпына келтіруге міндеттенеді.

      Қабылданатын жауапты конструкциялардың, жабық жұмыстардың және жүйелердің дайындығы Тапсырыс берушінің және Орындаушының конструкцияларды және жабық жұмыстарды куәландыру актілеріне қол қоюымен расталады.

      Тараптардың бірі актіге қол қоюдан бас тартқан жағдайда бұл туралы белгі қойылып, актіге екінші тарап қол қояды.

      Жұмыс нәтижелерін бір жақты тапсыру немесе қабылдау актісін актіге қол қоюдан бас тарту себептерін сот негізсіз деп таныған жағдайда ғана сот жарамды деп тануы мүмкін.

      37. Орындаушы Тапсырыс берушіге жұмыс және пайдалану жөніндегі нұсқауды және жұмыстардың нәтижелері мен түрлендірілген жабдыққа қызмет көрсетуге арналған қосалқы бөлшектердің ұсынылатын каталогтарын ұсынуға міндетті.

      Орындалған жұмыстарды қабылдау актісімен расталған орнату аяқталғаннан кейін _______ жұмыс күні ішінде Орындаушы Тапсырыс берушінің персоналын апаттар болған жағдайда жабдықты және жүйені пайдалану, сақтау, қалпына келтіруге қойылатын талаптарды оқытуға міндетті.

      38. Орындаушы Жоспарда көзделген жұмыстарды орындалған жұмыстардың ___________ жыл ішінде сапа бойынша талаптарға кепілдікті сәйкестікпен орындауға міндеттеме алады. Орындалған жұмыстардың сапасы орындалған жұмыстардың Жоспарға, Қазақстан Республикасы ұлттық стандарттарына, техникалық шарттарға сәйкестігімен анықталады.

      Кепілдік мерзімі Тараптар орындалған жұмыстарды қабылдау туралы актіге қол қойғаннан күннен бастап есептеледі.

      Егер көрсетілген кепілдік мерзімі кезеңінде жұмыстар нәтижесінің кемшіліктері анықталса, онда Орындаушы егер Тараптар кемшіліктер тіркелетін актіде жоюға жататын кемшіліктердің көлеміне және сипатына байланысты өзге мерзімді анықтамаса, оларды _________ жұмыс күні ішінде өз есебінен жоюға міндетті. Кепілдік мерзімі бұл жағдайда тиісінше Орындаушы кемшіліктерді жою бойынша жұмыстарды жүргізген кезеңге ұзартылады.

      Кемшіліктер тіркелетін актіні жасауға, оларды жою тәртібін және мерзімдерін келісуге қатысу үшін Орындаушы кемшіліктердің анықталуы туралы Тапсырыс беруші жазбаша хабарламасын алған күннен бастап ____ жұмыс күнінен кешіктірмей өзінің өкілін жіберуге міндетті.

      Орындаушы анықталған кемшіліктер актісін жасаудан немесе оған қол қоюдан бас тартқан кезде оларды растау үшін Тапсырыс беруші сараптама тағайындайды, ол кемшіліктердің болуын және сипатын айқындайтын актіні жасайды. Мұндай сараптаманың нәтижесі Тараптар үшін міндетті болып табылады. Орындаушының кінәсі анықталған кезде сараптамамен байланысты шығындарды Орындаушы көтереді. Сараптаманы жүргізу Тараптарды дауды үшін сот органдарына жүгіну құқықтарынан айырмайды.

      Егер кепілдік мерзімі кезеңінде осы Шарт бойынша Орындаушы жұмысының кемшіліктері салдарынан кепілдік мерзімі кезеңінде объектіге нұқсан келтірілсе, онда Тапсырыс беруші бұл туралы Орындаушыға хабарлайды, одан кейін Тараптар нұқсанды жоюмен байланысты іс-әрекеттерді талқылайды және Орындаушы бүлінулерді өз күшімен жояды немесе Тапсырыс берушіге нұқсанды уағдаластық бойынша не сот тәртібінде өтейді.

      39. Тапсырыс берушінің объектілерін пайдалану кезеңінде, Жоспар іске асырылғаннан кейін, осы Шарттың қолданыс мерзімі ішінде Орындаушы Тапсырыс берушінің объектілерінде технологиялық процестерді және жаңа жабдықтың пайдаланылуын қадағалауды, энергетикалық ресурстардың үнемделуін анықтау үшін энергетикалық ресурстардың пайдаланылуын бақылауды, энергиямен жабдықтаушы ұйымдармен Тапсырыс берушінің барлық өзара қарым-қатынастарын бақылауды жүзеге асырады.

6. Жабықтарға меншік құқығы

      40.Тапсырыс берушіде Орындаушы белгілеген жабдықтар энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру барысында осы Шартты қолдану мерзімі ішінде Орындаушыға тиесілі. Жабдықтарды енгізгеннен кейін Тапсырыс беруші осы жабдықты игеру мен пайдалану құқығына ие болады және осы жабдықты абайсызда бүліну мен жойылу тәуекелі және абайсызда зиян келтіру тәуекелін қамту ауыртпалығына толық көлемде жауапты болады. Сондай-ақ, Тапсырыс беруші олар пайдалануға енгенге дейін сақталуда немесе Тапсырыс берушінің аумағында монтаждау мен орнату процесінде тұрған жабдықтардың абайсызда бүліну мен жойылу тәуекелі және абайсызда зиян келтіру тәуекеліне жауапты болады.

      Объектілерге оларды қалыптастыру сәтінен бастап бөлінбейтін жақсартуы Тапсырыс берушіге тиесілі.

      41. Осы Шарттың қолданылу мерзімі өткен соң жасалған немесе Объектіге (лер) орнатылған жабдықтардың меншікті құқығы қосымша төлемсіз Тапсырыс берушінің меншігіне өтеді. Орындаушы көрсетілген жабдықты жарамды жағдайда, жабдықты тапсыру-қабылдау актісі бойынша Тапсырыс берушіге беруге міндетті.

7. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      42. Тапсырыс беруші:

      1) Орындаушының осы Шарт талаптарына сәйкес осы Шарт бойынша барлық қызметтер кешенін уақтылы және толық іске асыруын талап етуге;

      2) анықталған кемшіліктерді уақтылы жоюды талап етуге;

      3) осы Шарт бойынша міндеттердің орындалуын растайтын тиісті түрде ресімделген есептік құжаттаманы уақтылы ұсынуды талап етуге;

      4) Орындаушыдан осы Шарттың мәніне қатысты кез келген құжаттаманы және ақпаратты сұратуға;

      5) Орындаушыға Тапсырыс берушінің осы Шартты орындаудан бас тарту туралы хабарламасын алғанға дейін орындалған көрсетілген қызметтердің бөлігіне пропорционал белгіленген бағаның бөлігін төлей отырып, міндеттемелер кезеңін орындауды тапсыру-қабылдау актісіне қол қойғанға дейін кез келген уақытта осы Шартты орындаудан бас тартуға құқылы.

      43. Тапсырыс беруші:

      1) Орындаушының қызметтерін қабылдауды және осы Шартта көзделген мөлшерде, тәртіпте және талаптарда оларға төлем жүргізуді жүзеге асыруға;

      2) Орындаушының талабын алу күнінен кейінгі _____ жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде Орындаушының талап етуі бойынша осы Шартты орындау үшін қажетті ақпаратты және құжаттарды ұсынуға;

      3) Орындаушыға Тапсырыс берушінің үй-жайларына рұқсатты қамтамасыз етуге;

      4) осы Шарт бойынша қызметтерді көрсету үшін қауіпсіз шарттарды қалыптастыруға;

      5) осы Шарт бойынша Орындаушымен өзара іс-әрекетте Тапсырыс берушінің мүддесін білдіру бойынша жауапты өкілін тағайындауға;

      6) Орындаушыға осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін қажетті сенімхат беруге;

      7) Орындаушыға Жоспарда көзделген іс-шараларды іске асыру кезінде жәрдем көрсетуге;

      8) Орындаушы қызметтер көрсету туралы актіні ұсынған сәттен бастап ________ мерзімде тиісті актіге қол қоюға және бір данасын Орындаушыға беруге не Орындаушыға тиісті актіге қол қоюдан дәлелді бас тартуды ұсынуға міндетті.

      44. Орындаушы:

      1) Тапсырыс берушінің осы Шарттың талаптарына сәйкес осы Шарт бойынша көрсетілген қызметтерге уақтылы және толық төлем жүргізуін талап етуге;

      2) Тапсырыс берушіден осы Шартты орындау үшін қажетті ақпаратты және құжаттарды уақтылы ұсынуды талап етуге;

      3) Тапсырыс берушіден оның үй-жайларына еркін рұқсатты талап етуге;

      4) осы Шарт шеңберінде жұмыстар мен қызметтерді орындау үшін қосалқы мердігерлік ұйымдарды тартуға құқылы. Жұмыстарды орындауға қосалқы мердігерлік ұйымдар тартылған жағдайда Орындаушы Тапсырыс берушінің алдында қосалқы мердігерлік ұйымдардың іс-әрекеттері үшін жауапкершілікте болады.

      45. Орындаушы:

      1) Тапсырыс берушіге осы Шартта көзделген барлық жұмыстардың түрлерін орындауға (есептеу жүйелерін және автоматтандырылған деректерді жинау жүйелерін жобалау, монтаждау және жөндеу; өлшеу құралдарына қызмет көрсету және жөндеу; объектілерді энергетикалық тексеру және т.б.) арналған рұқсат беру құжаттарын ұсынуға;

      2) барлық іс-шаралар кешенін осы шарт белгіленген мерзімдерде іске асыруға.

      3) Жоспарда анықталған жұмыстарды (іс-шараларды) тұрақты негізде, уақтылы және толық көлемде орындауға.

      4) осы Шарттың талаптарына сәйкес қажетті:

      материалдарды;

      жабдықты ұсынуға;

      5) осы шартқа сәйкес іске асыруға жататын Жоспарды Тапсырыс берушімен келісуге, өзге де рұқсат беру құжатын алуды қамтамасыз етуге;

      6) әр айдың _______ күнінен кешіктірмей Тапсырыс берушіге өткен айдағы энергетикалық ресурстардың іс жүзінде тұтыну, алдыңғы жылдың ұқсас кезеңіндегі аударымдардың сомалары туралы мәліметтерді, энергетикалық ресурстардың қол жеткізілген үнемделуінің мөлшері туралы мәліметтерді қамтитын осы Шарттың орындалу барысы туралы жазбаша есепті ұсынуға;

      7) барлық пайдаланылатын ресурстарды есептеу аспаптарын орнатуға (осы міндетті шешу шеңберінде орнатылады, олар болған жағдайда - суық, ыстық суға, жылуға, электр энергиясына арналған есептеу аспаптар қоданыстағы талаптарға сәйкес келтіріледі);

      8) пайдаланылатын энергетикалық ресурстарды есептеу аспаптарын пайдалануға беруге;

      9) есептеу аспаптарының тұрақты жұмысқа қабілеттілігін ұстап тұруды бақылауға міндетті. Сервистік қызмет көрсету жүйесінің жұмыс істеуі есебінен қол жеткізіледі, ол аспаптардың ақауын бақылауды, олар істен шыққан жағдайда жедел жөндеуді, регламенттік жұмыстарды (тазалау, метрологиялық тексеру және т.б.) орындауды қамтиды;

      10) техникалық регламенттердің, ұлттық стандарттардың, құрылыс нормалары мен қағидаларының, санитарлық нормалар мен қағидалардың, гигиеналық нормативтердің талаптарын қоса алғанда, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнаманың нормаларына сәйкес энергетикалық ресурстардың пайдалану режимдерін (шарттарын) қамтамасыз етуге міндетті.

8. Тараптардың жауапкершілігі

      46. Осы Шартты орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалық актілеріне сәйкес жауапты болады.

      47. Тапсырыс беруші осы Шартта көзделген міндеттемелерді орындау мерзімін өткізген жағдайда, Орындаушы тұрықсыздық айыбын (өсімақы) төлеуді талап етуге құқылы.

      48. Тапсырыс беруші егер осы Шартта көзделген міндеттемелерді орындау мерзімінің өтуі еңсерілмейтін күш салдарынан, Орындаушының кінәсі бойынша немесе өзге де адамдардың кінәсі бойынша болғанын дәлелдесе, тұрықсыздық айыбын (өсімақы) төлеуден босатылады.

      49. Орындаушы осы Шартқа сәйкес кепілдік мерзімі ішінде орындалған жұмыстардың сапасы үшін, жұмыстарды жүргізу кезінде пайдаланылатын материалдар, бұйымдар және жабдықтың сапасы үшін жауапкершілікте болады.

      50. Орындаушы осы Шартты орындау шеңберінде жүргізілген шығындарды, егер осы Шарттың қолданыс мерзімі біткенне кейін көрсетілген шығындар энергетикалық ресурстарды үнемдеуден алынған қаражат есебінен, оның ішінде осы шартта белгіленген энергетикалық ресурстарды үнемдеу көрсеткіштеріне қол жеткізбеу себебінен жабылмаған жағдайда өзінің шығындарына жатқызу тәуекелін алады.

      51. Орындаушы осы Шартта көзделген міндеттемелерді орындау мерзімін өткізген, оның ішінде жұмыстарды орындау мерзімін, анықталған кемшіліктерді жою мерзімдерін, бұзған жағдайда Тапсырыс беруші төлемді талап етуге құқылы.

      52. Тұрақсыздық айбын төлеу немесе жауапкершіліктің өзге де нысанын қолдану Тарапты осы Шарт бойынша міндеттемелерін орындаудан босатпайды.

      53. Орындаушы барлық энергия тиімді іс-шараларды іске асыру кезінде сапаны бақылау үшін жауапты болады. Орындаушы осы Шарттың талаптарына сәйкестікті қамтамасыз ету үшін орындалатын барлық жұмысты тескеруге және тестілеуге міндетті.

9. Форс-мажорлық мән-жайлар

      54. Тараптардың ешқайсысы форс-мажорлық жағдайлар, яғни еңсерілмейтін күш мән-жайлары (табиғи апаттар немесе болжап-білу немесе алдын алу мүмкін емес өзге де мән-жайлар), сондай-ақ осы Шарттың талаптарын орындамауға немесе тиісінше орындамауға алып келетін соғыс іс-қимылдары, ереуілдер және басқа жағдайларда екінші тараптың алдында жауапкершілікте болмайды.

      55. Тараптардың осы Шарт бойынша міндеттемелері еңсерілмейтін күш мән-жайлары әрекет ететін мерзімге, бірақ тек қана мұндай жағдайлар Тараптардың осы Шарт бойынша міндеттемелерін орындауына кедергі келтіретіндей дәрежде тоқтатылуы мүмкін.

      56. Ол үшін еңсерілмейтін күш жағдайларының орын алуы салдарынан міндеттемелерін тиісінше орындау мүмкін болмаған Тарап мұндай жағдайлар орын алған күннен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде олардың орын алуы, түрі және олардың әсерінің ықтимал ұзақтығы туралы екінші Тарапқа жазбаша нысанда хабарлауға міндетті.

      57. Егер осы Шарттың 54-тармағында көрсетілген жағдайлар тиісті хабарланған күннен бастап _______________ күнтізбелік күннен артық созылса, Тараптар мұндай жағдайлардың орын алуына байланысты келтірілген шығындардың өтелуін талап етпей, өзара келісім бойынша осы Шартты бұзуға құқылы.

      58. Жұмыстарды орындау нәтижесінде үшінші тұлғаға келтірілген нұқсанды, егер бұл нұқсанның өзге де адамдардың кінәсі бойынша келтірілгендігі дәлелденбесе, Орындаушы өтейді.

      Егер еңсерілмейтін күш жағдайлары 3 және одан астам айға созылған жағдайда, Тараптардың әрқайсысы болжанатын бұзу күніне дейін кемінде күнтізбелік күн бұрын екінші тарапқа алдын ала хабарлау шартымен Шартты бұзуға құқылы. Бұл ретте Тараптар күнтізбелік 30 күн ішінде Шарт бойынша барлық өзара есеп айырысуларды жүргізуге міндеттеме алады.

10. Қорытынды ереже

      59. Осы Шарт Тараптар оған қол қойған күннен бастап жасалаған болып есептеледі және 20__ж. "___"__________ дейін қолданыста болады.

      60. Осы Шартты Тараптардың келісімі немесе соттың шешімі бойынша, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген негіздер бойынша бұзуға рұқсат етіледі.

      61. Осы Шарт, егер осы Шартты орындау кезінде келтірілген Орындаушының шығындарын жабу (осы шартта белгіленген үнемдеу пайызын төлеу жолымен) осы Шарттың қолданыс мерзімінің аяқталуынан бұрын болса, өзінің қолданысын тоқтатады.

      62. Осы Шарттың талаптарын орындаумен байланысты Тапсырыс беруші және Орындаушы арасындағы барлық даулы мәселелер заңнамада белгіленген тәртіппен шешіледі.

      63. Осы Шартта көзделмегендер Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады.

      64. Осы Шарт Тараптардың әрқайсысына бір-бірден және бірдең заңдық күші бар мемлекеттік және орын тілдеріндегі екі түпнұсқа данада, _____ парақта жасалды.

11. Тараптардың деректемелері

Тапсырыс беруші

________________________

________________________

________________________

________________________

________________________

М.О.

Орындаушы

________________________

________________________

________________________

________________________

________________________

М. О.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады