"Еңбекші көшіп келушіге рұқсаттар беру, ұзарту және қайтарып алу, сондай-ақ еңбекші көшіп келушілерді тіркеу, олардың дактилоскопиялық, фотоесептерін қалыптастыру және жүргізу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрінің 2014 жылғы 8 ақпандағы № 76 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 545 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 21 шілдеде № 11709 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 15 сәуірдегі № 123 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 15.04.2022 № 123 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 43-2-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Еңбекші көшіп-келушіге рұқсаттар беру, ұзарту және қайтарып алу, сондай-ақ еңбекші көшіп-келушілерді тіркеу, олардың дактилоскопиялық, фотоесептерін қалыптастыру және жүргізу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 8 ақпандағы № 76 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9200 болып тіркелген, "Казахстанская правда" газетінің 2014 жылғы 2 сәуірдегі № 63 (27684), "Егемен Қазақстан" газетінің 2014 жылғы 2 сәуірдегі № 63 (28287) сандарында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Еңбекші көшіп-келушіге рұқсаттар беру, ұзарту және қайтарып алу, сондай-ақ еңбекші көшіп-келушілерді тіркеу, олардың дактилоскопиялық, фотоесептерін қалыптастыру және жүргізу қағидасында:

      5-тармақтың 5) тармақшасы алынып тасталсын;

      6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "Осы Қағиданың 5-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдаған көші-қон полициясы бөлінісінің қызметкері (бұдан әрі - қызметкер) "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкестігіне салыстыра тексеруді жүзеге асырады, оның ішінде:

      1) сауалнама-өтініштің сұрақтарына жауаптардың мазмұнын жеке басты куәландыратын құжаттардың (ұлттық паспорты) деректерімен және шетелдікпен әңгімелесу барысында алынған мәліметтермен "Бүркіт" бірыңғай ақпараттық жүйесінің (бұдан әрі – "Бүркіт" БАЖ) деректері бойынша және басқа да көздер арқылы салыстырады;

      2) шетелдіктің азаматтығын Қазақстан Республикасында кемінде үш ай мерзімге визасыз болу мүмкіндігін көздейтін, Қазақстан Республикасы кірудің және болудың визасыз тәртібі туралы келісімдер жасасқан елдердің тізімдерімен салыстыра тексереді;

      3) жеке кіріс салығы бойынша алдын ала төлемнің төленген сомасы сауалнама-өтініште көрсетілген еңбекші көшіп-келуші рұқсатының жарамдылық мерзіміне сәйкес келуін тексереді;

      4) ішкі істер органдарының және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi комитетiтінің деректер базалары бойынша соттылығының бар-жоғына және іздестіруде жүрген/жүрмегеніне тексеруді жүзеге асырады, тексеріс нәтижелері материалдарға қоса тігіледі.

      Еңбекші көшіп-келушіге рұқсат беру (ұзарту) туралы сауалнама-өтініштің, дактилоскопиялау және суретке түсіру туралы анықтаманың және көші-қон карточкасының түпнұсқасы, жеке кіріс салығы бойынша алдын ала төлемді төлегені туралы түбіртектің, жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмелерін еңбекші көшіп-келушіге басталатын жинақтау материалдарына (бұдан әрі - материалдар) қоса тігеді.";

      7-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "Тексеріс нәтижесі оң болған кезде қызметкер "Бүркіт" БАЖ "Жұмыс істеуге арналған рұқсат" ақпараттық объектісіне (бұдан әрі - АО) шетелдік Мемлекеттік шекараны кесіп өткен кезде "Бүркіт" БАЖ-да есептік жазбаның жүйелі нөмірін енгізеді. Бұл ретте "Бүркіт" БАЖ:

      шетелдіктің елімізде болуының заңдылығын (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен күнін, бастапқы тіркеуді ресімдеуді);

      орындалмаған сот міндеттемелерінің, сол сияқты қылмыстық теріс қылықтардың жоқтығын (көрсетілген фактілер болған кезде рұқсат беруден бас тарту шығарылады);

      бұрын берілген рұқсаттардың бар-жоғын, олардың жарамдылық мерзімі өткеннен кейін шетелдіктің Қазақстан Республикасынан уақтылы шығуын, сондай-ақ бұрынғы рұқсаттың жарамдылық мерзімі өткен күннен бастап күнтізбелік 30-дан астам күн өткенін растауды автоматты режимде тексеруді жүзеге асырады.";

      17-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "Рұқсатты ұзарту үшін еңбекші көшіп-келуші Қазақстан Республикасының аумағында уақытша тіркелген жері бойынша көші-қон полициясы бөлінісіне мынадай құжаттарды:

      1) Қағиданың 5-бабының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды;

      2) еңбекші көшіп-келушіге бұрын берілген рұқсат – түпнұсқасы мен көшірмесін;

      3) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс беруші мен көшіп-келуші арасында жасалған еңбек шартын;

      4) еңбекші көшіп-келуші рұқсатының жарамдылық мерзімі өткеннен кейін Қазақстан Республикасының аумағынан шығу үшін қажетті қаражатты көрсете отырып, төлемге қабілеттілігін растайтын құжат – түпнұсқасы мен көшірмесін;

      5) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығына сәйкес нысан бойынша медициналық анықтаманы;

      6) медициналық сақтандыру – түпнұсқасы мен көшірмесін;

      7) сауалнама-өтініштің түпнұсқасын, жеке кіріс салығы бойынша алдын ала төлемді төлегені туралы түбіртектің, көші-қон карточкасының, бұрын берілген рұқсаттың, еңбек шартының, төлемге қабілеттігін растайтын құжаттың, соттылығының бар болуы немесе болмауы туралы анықтаманың, медициналық анықтаманың және сақтандырудың көшірмелерін материалдарға қоса тігеді.";

      23-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "Мыналар:

      1) жұмыс беруші – жеке тұлғаларда үй жұмыскерлері ретінде үй шаруашылығында жұмыстар орындаумен (қызметтер көрсетумен) байланысты емес еңбек қызметін жүзеге асыру;

      2) еңбекші көшіп-келушіде еңбек шартында көрсетілген, таңдаған мамандығы бойынша еңбек қызметіне кедергі келтіретін ауруының болуы;

      3) еңбекші көшіп-келушінің Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын бұзуы еңбекші көшіп-келушіден рұқсатты қайтарып алу үшін негіздер болып табылады.

      Еңбекші көшіп-келушіден рұқсатты қайтарып алу туралы ақпарат қайтарып алу негіздерін көрсете отырып, "Бүркіт" БАЖ-ға енгізіледі.".

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы департаменті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен ресми жариялауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің веб-порталына орналастыруды қамтамасыз етсін."

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Е.З. Тургумбаевқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы департаментіне (С.С.Сайынов) жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр


полиция генерал-полковнигі

Қ.Қасымов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады