"Пайдалы қазбаларды барлау және игеру жөніндегі орталық комиссия туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрінің 2010 жылғы 1 қазандағы № 341 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2015 жылғы 23 маусымдағы № 425 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 23 шілдеде № 11740 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 28 мамырдағы № 214 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды – ҚР Энергетика министрінің 28.05.2018 № 214 (29.06.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 17-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Пайдалы қазбаларды барлау және игеру жөніндегі орталық комиссия туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрінің 2010 жылғы 1 қазандағы № 341 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6524 болып тіркелген, 2010 жылдың 13 қазанында № 270 (26331) "Казахстанская правда" және 2010 жылдың 9 қарашасында № 461-468 (26311) "Егемен Қазақстан" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Пайдалы қазбаларды барлау және игеру жөніндегі орталық комиссия туралы ережеде:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. БИОК көмірсутек шикізаты, уран және көмір кен орындарын іздестіру, бағалау және игеру жөніндегі жобалау құжаттарын қарау мақсатында құрылған алқалық, консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.

      БИОК өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілеріне және Ережеге сәйкес жүзеге асырады.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. БИОК-тың негізгі міндеті көмірсутек шикізаты, уран және көмір кен орындарын барлау және игерудiң анағұрлым тиiмдi әдiстерiн қолдануды қамтамасыз ету болып табылады.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Іздестіру жұмыстарының жобаларын БИОК жобаның БИОК-қа келіп түскен күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарайды және құзыретті орган БИОК-тан ұсыныстар келіп түскен күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде бекітеді.

      Бағалау жұмыстарының, тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру жобаларын БИОК жобаның БИОК-қа келіп түскен күнінен бастап бір ай ішінде қарайды және жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган БИОК-тан ұсыныстар келіп түскен күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде бекітеді.

      Сынамалы пайдалану жобасын БИОК жобаның БИОК-қа келіп түскен күнінен бастап үш ай ішінде қарайды және жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган БИОК-тан ұсыныстарды алған сәттен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде бекітеді.

      Осы Ереженің 8-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген жобаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар жобалары БИОК-қа келіп түскен күнінен бастап бір ай ішінде қаралады және бекітіледі.

      Егер Заңның 64 және 65-баптарының 2-тармақтарында көрсетілген сараптамалардың бірінде теріс қорытынды бар болса, жер қойнауын пайдаланушыға Ереженің 8-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген жобаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге рұқсат берілмейді.

      БИОК уран және көмір кен орындарының өнеркәсіптік игеру жобасын жобаның БИОК-қа келіп түскен күнінен бастап бір ай ішінде қарайды және жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган БИОК-тан ұсыныстар алған сәттен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде бекітеді.

      БИОК тәжірибелік-өнеркәсіптік игеру жобасын, игерудің технологиялық схемасын, өнеркәсіптік игеру жобаларын келіп түскен күннен бастап үш ай ішінде қарайды және жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган БИОК-тан ұсыныстар келіп түскен күннен бастап 15 (он бес) күн ішінде бекітеді.

      Осы Ереженің 8-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген жобаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар жобалары БИОК-қа келіп түскен күннен бастап бір ай ішінде қаралады және бекітіледі.

      Заңның 66-бабында көрсетілген негіздер бойынша жер қойнауын пайдаланушыға Ереженің 8-тармағының 2-тармақшасында көрсетілген жобаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге рұқсат берілмеуі мүмкін.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Сараптамалық қорытынды алынғаннан кейін БИОК ұсынылған жобалау құжаттарын қарайды. БИОК ұсыныстары отырыста қаралған күнінен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде хаттамамен ресiмделеді және шешімдерді құзыретті орган қабылдайтын іздестіру жұмыстарының жобаларын қоспағанда, жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органның шешiмiмен қабылданады. Бұл шешімдер меншiк нысанына қарамастан барлық шаруашылық жүргiзушi субъектiлер, оның iшiнде Қазақстан Республикасының аумағында көмірсутек шикізаты, уран және көмір кен орындарын барлау және игерудi жобалау және жүзеге асырумен айналысатын шетелдiк субъектiлер үшiн орындалуы мiндеттi болып табылады.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Пайдалы қазбаларды барлау және игеру жөніндегі орталық комиссия туралы ережеге қосымша осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін ресми жариялауға мерзімді баспасөз басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне жолдануын;

      3) осы бұйрықты алғаннан кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін;

      5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министрдің


міндетін атқарушы

Ұ. Қарабалин


  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 23 маусымдағы
№ 425 бұйрығына қосымша
  Пайдалы қазбаларды барлау
және игеру жөніндегі
орталық комиссия туралы
ережеге қосымша

      Нысан

      Пайдалы қазбаларды

      барлау және игеру жөніндегі

      орталық комиссияға

Жобалау құжатын қарауға арналған өтініш

      _____________________________________________________________________

      (жобалау құжатының атауы)

      1. Жер қойнауын пайдаланушы _________________________________________

      2. Жер қойнауын пайдалануға _________________________________________

      (құзыретті орган және жер қойнауын пайдаланушы)

      _________ арасында бекітілген ___________________________келісімшарт.

      (күні)

      Мемлекеттік тіркеу актінің № ________, Күні__________________________

      3. Жобалау құжатын әзірлеуші ұйымның атауы __________________________

      Өтінішке жобалау құжатының 3 (үш) данасы қоса беріледі.

      Жобалау құжатын ұсынатын кәсіпорын басшысының аты-жөні, әкесінің аты

      (бар болған жағдайда) және қолы

      М.О.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады