Зертханалық сараптаманы қоспағанда, мемлекеттік кірістер органдары лауазымды адамдарының Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылауды жүзеге асыру, сондай-ақ өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті орган мен мемлекеттік кірістер органдарының өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы № 4-4/263 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 24 шілдеде № 11746 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 19 қарашадағы № 351 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 19.11.2020 № 351 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 192-бабының 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Зертханалық сараптаманы қоспағанда, мемлекеттік кірістер органдары лауазымды адамдарының Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылауды жүзеге асыру, сондай-ақ өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті орган мен мемлекеттік кірістер органдарының өзара іс-қимыл жасау қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы


Ауыл шаруашылығы министрінің


міндетін атқарушы

С. Омаров

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      __________________ Б. Сұлтанов

      2015 жылғы 8 маусым

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ___________________ Е. Досаев

      2015 жылғы 17 маусым



  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 27 наурыздағы
№ 4-4/263 бұйрығымен
бекітілген

Зертханалық сараптаманы қоспағанда, мемлекеттік кіріс
органдарының лауазымды адамдарының Кеден одағының кедендік
шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде мемлекеттік
карантиндік фитосанитариялық бақылауды жүзеге асыру, сондай-ақ
өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті орган мен мемлекеттік
кіріс органдарының өзара іс-қимыл жасау қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Зертханалық сараптаманы қоспағанда, мемлекеттік кіріс органдарының лауазымды адамдарының Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылауды жүзеге асыру, сондай-ақ және өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті орган мен мемлекеттік кіріс органдарының өзара іс-қимыл жасау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 192-бабының 7-тармағына сәйкес қабылданды және Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылауды жүзеге асыру және өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті орган мен мемлекеттік кіріс органдарының өзара іс-қимыл жасау тәртібін айқындайды.

      2. Зертханалық сараптаманы қоспағанда, Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасында орналасқан автомобиль өткізу пункттерінде карантиндік фитосанитариялық бақылауды мемлекеттік кіріс органдарының лауазымды адамдары осы Қағидаларға, Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасына және "Кеден одағында өсімдіктер карантинін қамтамасыз ету туралы" Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 318 Шешімімен (бұдан әрі – Шешім) бекітілген Кеден одағының кедендік шекарасында карантиндік фитосанитариялық бақылауды (қадағалауды) жүзеге асыру тәртібі туралы ережеге, Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге асырады.

      3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) автомобиль өткізу пункттеріндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – мемлекеттік кіріс органдары) - зертханалық сараптаманы қоспағанда, Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс органдары;

      2) залалсыздандыру - карантиндік объектілерді (карантиндік зиянды организмдерді) жоюға бағытталған карантинге жатқызылған өнімге қатысты іс-әрекеттердің жиынтығы;

      3) өнім иесі – карантинге жатқызылған өнімді Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы орнын ауыстыруға байланысты карантинге жатқызылған өнім иесінің атынан мәмілелер және (немесе) басқа іс-әрекеттерді жүзеге асыруға уәкілетті карантинге жатқызылған өнімнің иесі немесе басқа тұлға;

      4) өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті орган – өсімдіктер карантині саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

2. Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу
пункттерінде мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылауды
жүзеге асыру тәртібі

      4. Карантиндік фитосанитариялық бақылауға Шешіммен бекітілген Кеден одағының кедендік шекарасында және Кеден одағының кедендік аумағында карантиндік фитосанитариялық бақылауға (қадағалауға) жататын карантинге жатқызылған өнімнің (карантинге жатқызылған жүктер, карантинге жатқызылған материалдар, карантинге жатқызылған тауарлар) Тізбесіне енгізілген Кеден одағының кедендік аумағына әкелінетін әрбір карантинге жатқызылған өнімнің партиясы жатады.

      Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасында орналасқан автомобиль өткізу пункттерінде бастапқы карантиндік фитосанитариялық бақылау жүзеге асырылады.

      5. Әкелу кезіндегі бастапқы карантиндік фитосанитариялық бақылау мынадай бақылау іс-шараларын жүргізуді көздейді:

      құжаттарды тексеру;

      көлік құралдарын қарап тексеру;

      жоғары фитосанитариялық тәуекелді карантинге жатқызылған өнімдерге қатысты - карантинге жатқызылған өнімдерді қарап тексеру және (немесе) тексеріп қарау;

      карантинге жатқызылған өнімді залалсыздандыру жүргізгеннен кейін карантинге жатқызылған өнімді тексеріп қарау, егер карантинге жатқызылған өнімді залалсыздандыру туралы шешім оны қарап тексеру немесе тексеріп қарау нәтижелері бойынша мемлекеттік кіріс органдарының лауазымды адамымен қабылданған болса.

      6. Бақылаудың көрсетілген түрлерін жүзеге асырудың нәтижелері бойынша мемлекеттік кіріс органдары бақылауға жататын тауарларға қатысты мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

      өткізу туралы;

      әкелуге тыйым салу туралы;

      қайтару туралы.

      Карантинге жатқызылған өнімдерге қатысты қабылданған шешімді ілеспе құжаттарға осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген үлгілерге сәйкес тиісті мөртабандардың (бұдан әрі – тиісті мөртабан) біреуін қою арқылы мемлекеттік кіріс органдарының лауазымды адамы ресімдейді.

      7. Бастапқы карантиндік фитосанитариялық бақылауды жүзеге асыру нәтижелері:

      1) карантиндік фитосанитариялық бақылау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырған мемлекеттік кіріс органының лауазымды адамы тиісті мөртабанды, фитосанитариялық сертификатта (бар болған жағдайда) және көліктік (тасымалдау) құжатқа мөртабан қою;

      2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау актісін (бұдан әрі – карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау актісі) жасау;

      3) өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті органның ақпараттық жүйесіне тиісті ақпарат енгізу арқылы ресімделеді.

      8. Егер бастапқы карантиндік фитосанитариялық бақылауды жүзеге асыру шеңберінде көлік құралдарын қарап тексеруді, карантинге жатқызылған өнімдерді қарап тексеруді жүргізген кезде, морфологиялық белгісі бойынша карантиндік объектілерге (карантиндік зиянды организмдерге) ұқсас организмдер, өсімдік ауруларының белгілері, карантинге жатқызылған өнімдердің карантиндік объектілермен (карантиндік зиянды организмдермен) зақымдану белгілері табылған жағдайда мемлекеттік кіріс органдарының лауазымды адамы карантинге жатқызылған өнімге тексеріп қарауды жүргізу туралы шешім қабылдайды.

      9. Карантинге жатқызылған өнімді тексеріп қарау:

      1) көлік құралынан толық түсірілген не мемлекеттік кіріс органдарының лауазымды адамының карантинге жатқызылған өнім партиясының кез келген бөлігін тексеруге және карантинге жатқызылған өнім партиясының әртүрлі бөліктерінен үлгілерді (сынамаларды) іріктеуді жүзеге асыру мүмкіндігі болатындай тәсілмен көлік құралында орналастырылған карантинге жатқызылған өнім партиясын көзбен шолып тексеруді;

      2) карантинге жатқызылған өнім партиясының әртүрлі бөліктерінен үлгілерді (сынамаларды) іріктеуді;

      3) іріктелген үлгілерді (сынамаларды) зерттеуді көздейді.

      10. Мемлекеттік кіріс органдарының лауазымды адамы "Карантиндік тексеріп қарау және сараптама кезінде сынама алу әдістері" 1430-66 МемСТ Мемлекетаралық стандарттың талаптарына сәйкес үлгілерді (сынамаларды) алады. Анықталған зиянкестің, аурудың, арамшөптің карантиндік объектілерге және бөтен текті түрлерге қатыстығын анықтау мүмкін болмаған жағдайда мемлекеттік кіріс органдарының лауазымды адамы ағымдағы жұмыс күні ішінде үлгілерді (сынамаларды) карантиндік зертханаға жібереді.

      11. Егер карантинге жатқызылған өнімге зертханалық сараптама жүргізу кезінде карантинге жатқызылған өнімде морфологиялық белгісі бойынша карантиндік объектілерге (карантиндік зиянды организмдерге) ұқсас организмдер, өсімдік ауруларының белгілері, карантинге жатқызылған өнімдердің карантиндік объектілермен (карантиндік зиянды организмдермен) зақымдану белгілері табылмаса сараптаманың қорытындысы карантинге жатқызылған өнімнің үлгісін (сынамасын) алуды жүзеге асырған мемлекеттік кіріс органының тиісті карантиндік зертханасына және өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті органға жолданады. Бұл ретте мемлекеттік кіріс органдарының лауазымды адамы карантиндік объектілердің жоқтығы туралы сараптаманың қорытындысын алғаннан кейін карантинге жатқызылған өнімді өткізу туралы мөртабан қоя отырып карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау актісін жасайды.

      12. Егер көзбен шолып тексеру немесе зертханалық сараптама кезінде карантинге жатқызылған өнімде морфологиялық белгісі бойынша карантиндік объектілерге (карантиндік зиянды организмдерге) ұқсас организмдер табылған жағдайда карантинге жатқызылған өнімді одан ары орны ауыстыру туралы шешімді мемлекеттік кіріс органының лауазымды адамы сараптаманың қорытындысын алғаннан кейін, карантинге жатқызылған өнімнің үлгісін (сынамасын) алған сәттен бастап 72 сағат өткеннен соң қабылдайды.

      13. Карантинге жатқызылған өнімді қарап тексеру немесе карантинге жатқызылған өнімді тексеріп қарау барысында оның карантиндік объектілермен залалдануы (ластануы) анықталған жағдайда мемлекеттік кіріс органдарының лауазымды адамы карантинге жатқызылған өнімнің партиясын әкелуге тыйым салу туралы немесе оны кедендік транзиттің кедендік рәсімдеуге орналастыруға тыйым салу туралы шешім қабылдайды және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша карантинге жатқызылған өнімді қайтару актісін (бұдан әрі – карантинге жатқызылған өнімді қайтару актісі) жасайды.

      14. Карантиндік объектілердің таралуының және карантинге жатқызылған өнімнің ұрлану мүмкіндігінің алдын алу мақсатында оларды сақтау арнайы бөлінген орындарда жүргізіледі.

      15. Карантиндік объектілермен (карантиндік зиянды организмдермен) залалдануы (ластануы) анықталған карантинге жатқызылған өнімнің партиясын әкелуге тыйым салу туралы шешім қабылданғаннан кейін мемлекеттік кіріс органдарының лауазымды адамы карантиндік фитосанитариялық бақылауды жүргізу орынында залалсыздандыруды немесе өнімді жоюды жүргізуге жағдай бар болса өнімнің иесіне оның таңдауы бойынша осы өнім иесінің есебінен залалсыздандыруды немесе өнімді жоюды жүргізуді ұсынады.

      Көлік құралының үстінде карантиндік объектілер анықталған кезде көлік құралы карантинге жатқызылған өнім иесінің есебінен тазартылуға және (немесе) залалсыздандыруға, ал оларды жүргізу мүмкін болмаған, не өнім иесі оларды жүргізуден бас тартқан кезде көлік құралы кері қайтарылуға жатады.

      16. Аэрозольдiк және фумигациялық тәсілдерімен пестицидтермен (улы химикаттармен) өңдеу арқылы карантинге жатқызылған өнімді залалсыздандыруды пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдануға лицензиялары бар адамдар жүргізеді. Карантинге жатқызылған өнімді жою "Өсімдіктер карантині туралы" Қазақстан Республикасы Заңның 7-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес бекітілген тәртіпте жүзеге асырылады.

      17. Өнім иесінің өнімді залалсыздандыруға, көлік құралын карантиндік объектілерден тазартуға және (немесе) залалсыздандыруға келісімін берген кезде, мемлекеттік кіріс органдарының лауазымды адамы өнімді залалсыздандыруды жүргізу үшін өнімді залалсыздандыру, көлік құралын карантиндік объектілерден тазалау және (немесе) залалсыздандыруды жүргізу ұйғарылатын карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау актісін жасайды.

      Карантинге жатқызылған өнімді залалсыздандырғаннан кейін мемлекеттік кіріс органдарының лауазымды адамы карантинге жатқызылған өнімге екінші қарап тексеруді жүргізеді, ал көлік құралына тазарту және (немесе) залалсыздандыру жүргізудің қорытындысы бойынша қарап тексеру жүргізеді.

      Өнім иесінің өнімді жоюды жүргізуге келісімін берген кезде мемлекеттік кіріс органдарының лауазымды адамы осы Қағидаларға 4-5-қосымшаларға сәйкес карантиндік фитосанитариялық бақылауды алып қою және жою актісін жасайды.

      18. Өнім иесі өнімді залалсыздандыруды, көлік құралын карантиндік объектілерден тазарту және (немесе) залалсыздандыруды жүргізуден бас тартқан кезде, мемлекеттік кіріс органдарының лауазымды адамы карантинге жатқызылған өнімді қайтару актісінде өнім иесінің бас тартуын тіркейді және ақпараттық жүйе арқылы өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті органға ақпарат жолдайды.

      19. Өнімді залалсыздандыруды, көлік құралын карантинді объектілерден тазартуды және (немесе) залалсыздандыруды жүргізуге мүмкіндік болмаған кезде, мемлекеттік кіріс органдарының лауазымды адамы аталған іс-әрекеттерді жүргізудің мүмкін еместігін карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау актісінде тіркейді және кейіннен ақпараттық жүйе арқылы өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті органға ақпарат жолдай отырып, карантинге жатқызылған өнімді қайтару актісін жасайды.

      20. Өнім иесі өнімді залалсыздандыруды немесе жоюды жүргізуден бас тартқан кезде, мемлекеттік кіріс органдарының лауазымды адамы карантинге жатқызылған өнімді қайтару актісінде өнім иесінің бас тартуын тіркейді және ақпараттық жүйе арқылы өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті органға ақпарат жолдайды.

      21. Өнім иесі карантинге жатқызылған өнімді карантиндік фитосанитариялық бақылау жүргізу үшін көрсетуден бас тартқан жағдайда, онда ол өнім иесі есебінен экспорттаушы елге қайтаруға жатады, ол туралы мемлекеттік кіріс органдарының лауазымды адамы карантинге жатқызылған өнімді қайтару туралы актісін ресімдей отырып, өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесін хабардар етеді.

      22. Залалданған карантинге жатқызылған өнімді залалсыздандыруға, жоюға, көлік құралын карантинді объектілерден тазартуға және (немесе) залалсыздандыруға жүргізуге байланысты барлық шығыстар өнім иесінің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

3. Мемлекеттік кіріс органдары мен өсімдіктер карантині
саласындағы уәкілетті органның өзара іс-қимыл жасау тәртібі

      23. Өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасын және Кеден одағы аумағын карантиндік объектілердің және бөтен текті түрлердің басқа мемлекеттерден әкелуінен немесе өз бетімен енуінен қорғау, сондай-ақ карантиндік фитосанитариялық ахуалдың нашарлануының алдын алу мақсатында автомобиль өткізу пункттерінде мемлекеттік кіріс органдарымен өзара іс-қимыл жасайды.

      24. Өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік кіріс органдарымен бірлесіп бірлескен бұйрықтар, жоспарлар, нұсқаулар және ақпараттарды алмасу тәртібі, бірыңғай деректер банкісін пайдалану мәселелері бойынша нұсқаулықтар шығарады, сондай-ақ басқа да қызметтік іс-әрекеттер мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасайды.

      25. Мемлекеттік кіріс органдары өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті органға:

      1) әкелінген карантинге жатқызылған өнімде карантиндік объектілердің анықталғаны және қабылданған шаралар туралы;

      2) растайтын және басқа да қажетті ақпараттарды ұсына отырып, автомобиль өткізу пункттерінде анықталған өсімдіктер карантині саласындағы заңнамаларды, фитосанитариялық талаптарды бұзушылық фактілері туралы;

      3) осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша карантинге жатқызылған өнімнің автомобиль өткізу пункттері арқылы күн сайын өтуі туралы, сондай-ақ өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті органы екінші карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау жүргізу үшін карантинге жатқызылған өнімді белгіленген орынға бағыттау (жеткізу) туралы ақпаратты ұсынады.

      26. Өсімдіктер карантині саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік кіріс органдарын:

      1) өткізу пункттері орналасқан аудандарда және шектес мемлекеттердің шекара маңындағы аумақтарында карантиндік объектілердің ошақтары анықталған туралы;

      2) белгілі бір елдерден карантинге жатқызылған өнімдердің әкелінуіне және (немесе) транзитіне енгізілген тыйымдар мен шектеулер туралы хабардар етеді.

      27. Өсімдіктер карантині саласындағы уәкілетті органның ведомствосының аумақтық бөлімшелері және мемлекеттік кіріс органдары:

      1) карантинге жатқызылған өнімнің автомобиль өткізу пункттері арқылы күн сайын өтуі туралы деректерді және ақпараттарды тоқсан сайын салыстыруды;

      2) осы аумақтың карантиндік фитосанитариялық ахуалын анықтау үшін автомобиль өткізу пункттерінің аумағында жыл сайынғы бірлескен тексерулерді жүргізеді.

  Зертханалық сараптаманы қоспағанда,
мемлекеттік кіріс органдарының
лауазымды адамдарының Кеден одағының
кедендік шекарасы арқылы автомобиль
өткізу пункттерінде мемлекеттік карантиндік
фитосанитариялық бақылауды жүзеге асыру,
сондай-ақ өсімдіктер карантині жөніндегі
уәкілетті орган мен мемлекеттік кіріс
органдарының өзара іс-қимыл жасау қағидаларына
1-қосымша

Мөртабанның үлгілері

KZ

Карантиндік фитосанитариялық бақылау

01-001

ӘКЕЛУГЕ РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН

Жеткізу орыны бойынша карантиндік фитосанитариялық

бақылауға және қадағалауға жатады

Карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау актісі

______________ № ___________________

Мемлекеттік кіріс органдарының

лауазымды адамы __________________________________

Қолы __________________


KZ

Карантиндік фитосанитариялық бақылау

01-001

ӘКЕЛУГЕ ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН

Карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау актісі

______________ № ___________________

Мемлекеттік кіріс органдарының

лауазымды адамы__________________________________

Қолы __________________


KZ

Карантиндік фитосанитариялық бақылау

01-001

ТРАНЗИТКЕ РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН

Карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау актісі

______________ № ___________________

Мемлекеттік кіріс органдарының

лауазымды адамы __________________________________

Қолы __________________


KZ

Карантиндік фитосанитариялық бақылау

01-001

ТРАНЗИТКЕ ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН

Карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау актісі

______________ № ___________________

Мемлекеттік кіріс органдарының

лауазымды адамы __________________________________

Қолы __________________


KZ

Карантиндік фитосанитариялық бақылау

01-001

ӘКЕТУГЕ РҰКСАТ ЕТІЛГЕН

Карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау актісі

______________ № ___________________

Мемлекеттік кіріс органдарының

лауазымды адамы __________________________________

Қолы __________________



KZ

Карантиндік фитосанитариялық бақылау

01-001

ӘКЕТУГЕ ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН

Карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау актісі

______________ № ___________________

Мемлекеттік кіріс органдарының

лауазымды адамы __________________________________

Қолы __________________

  Зертханалық сараптаманы қоспағанда,
мемлекеттік кіріс органдарының
лауазымды адамдарының Кеден одағының
кедендік шекарасы арқылы автомобиль
өткізу пункттерінде мемлекеттік карантиндік
фитосанитариялық бақылауды жүзеге асыру,
сондай-ақ өсімдіктер карантині жөніндегі
уәкілетті орган мен мемлекеттік кіріс
органдарының өзара іс-қимыл жасау қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

      ___________________________________________________________________

      (өткізу пунктінің атауы)

Карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау
актісі

      _________ №________

      (берілген күні)

      Мен, лауазымды адам, ________________________________________________

      (лауазымы, Т.А.Ә)

      шыққан жері:_________________________________________________________

      (елдің, облыстың, қаланың атауы)

      экспорттаушы (жөнелтуші):____________________________________________

      (ұйымның атауы, мекенжайы)

      импорттаушы (алушы):_________________________________________________

      (ұйымның атауы, мекенжайы)

      _____________________________________________________________ берген

      (елдің атауы)

      фитосанитариялық сертификаты:________________________________________

      (фитосанитариялық сертификаттың нөмірі,

      _____________________________________________________________________

      берілген күні)

      _______________________________________________________ келіп түскен

      (елдің, облыстың, қаланың атауы)

      карантинге жатқызылған өнімге _______________________________________

      (карантинге жатқызылған өнімнің атауы

      _____________________________________________________________________

      және саны)

      және көлік құралдарына_______________________________________________

      (көлік құралының нөмірі)

      карантиндік фитосанитариялық бақылау жүргізілді.

      Нәтижесінде__________________________ анықталды: ____________________

      (іс шараның атауы)

      ____________________________________________________________________

      Карантинге жатқызылған өнімнің сараптамасына немесе талдауына үлгілер

      (сынамалар) алынды, санында:

      ____________________________________________________________________

      (тиісті өлшем бірліктерінде)

      Үлгімен жұмыс істеу:

      Мынадай карантиндік фитосанитариялық іс-шаралар белгіленді:

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Акт _____________________________________________ қатысуымен жасалды

      (Т.А.Ә) (қолы)

      Лауазымды адам _______________ _____________________

      (қолы) (Т.А.Ә)

      Мөр орыны

      Карантиндік фитосанитариялық

      бақылау және қадағалау актісіне

      қосымша

р/с №

Карантинге жатқызылған өнімнің атауы

Фитосанитариялық сертификаттың, №

Карантинге жатқызылған өнімнің саны (тиісті өлшем бірліктерінде)

Алынған орташа

үлгілер (сынамалар)


өлшем

үлгімен жұмыс істеу

саны

бірлігі









































      Лауазымды адам _______________ _____________________

      (қолы) (Т.А.Ә)

      Мөр орыны

  Зертханалық сараптаманы қоспағанда,
мемлекеттік кіріс органдарының
лауазымды адамдарының Кеден одағының
кедендік шекарасы арқылы автомобиль
өткізу пункттерінде мемлекеттік карантиндік
фитосанитариялық бақылауды жүзеге асыру,
сондай-ақ өсімдіктер карантині жөніндегі
уәкілетті орган мен мемлекеттік кіріс
органдарының өзара іс-қимыл жасау қағидаларына
3-қосымша

      Нысан

      ________________________________________________________________

      (өткізу пунктінің атауы)

№___
карантинге жатқызылған өнімді қайтару актісі

      Осы акті ____________________________________________________________

      шекара органдары өкілдерінің_________________________________________

      _________________________________________________ қатысуымен жасалды.

      20_ жылғы "__" ______________ ______________________________________

      көлік құралының № __________________________________________________

      саны __________ тенге/килограмм, __________ орын өсімдік тектес

      карантинге жатқызылған өнім _____________________________ келіп түсті

      Жіберуші_____________________________________________________________

      Экспедитор __________________________________________________________

      Алушы________________________________________________________________

      Көрсетілген жүк "Өсімдіктер карантині туралы" 1999 жылғы 14 ақпандағы

      Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 5-тармағына сәйкес себептер

      бойынша қайтарылды.

      Мемлекеттік кіріс органдарының

      лауазымды адамы ________________ _____________________________

      (қолы) (Т.А.Ә.)

      Актінің көшірмесі берілді ________________ _________________________

      (қолы) (Т.А.Ә.)

      20_____жылғы "__" ____________

  Зертханалық сараптаманы қоспағанда,
мемлекеттік кіріс органдарының
лауазымды адамдарының Кеден одағының
кедендік шекарасы арқылы автомобиль
өткізу пункттерінде мемлекеттік карантиндік
фитосанитариялық бақылауды жүзеге асыру,
сондай-ақ өсімдіктер карантині жөніндегі
уәкілетті орган мен мемлекеттік кіріс
органдарының өзара іс-қимыл жасау қағидаларына
4-қосымша

      Нысан

      _____________________________________________________________________

      (өткізу пунктінің атауы)

Алып қою актісі

      Кімге: ______________________________________________________________

      ____________________________________________________ иесіне (өкіліне)

      Осымен төменде аталған карантинге жатқызылған өнім мынадай себептер

      бойынша алынғандығы куәландырылады:

      өнім_____________________________________________________залалданған.

      Осы өнімнің импортына тыйым салынған.

      Фитосанитариялық сертификат мынадай себептер бойынша жарамсыз:

      _____________________________________________________________________

      Басқа себептер:______________________________________________________

      Қабылданған шаралар: ________________________________________________

      Жою _________________________________________________________________

      Қайтару _____________________________________________________________

      Залалсыздандыру _____________________________________________________

      Залалданған өнімдерді карантинге жатқызылған өнімнен алып тастау

      _____________________________________________________________________

      Басқалары: __________________________________________________________

      Алынған карантинге жатқызылған өнімнің атауы мен саны:

      (барлық өнім немесе оның бір бөлігі)_________________________________

      Карантинге жатқызылған өнім туралы мәліметтер:

      Экспорттаушының мекенжайы: __________________________________________

      Карантинге жатқызылған өнімді алушының мекенжайы: ___________________

      Айырма белгілері (таңбалау):_________________________________________

      Жеткізу құралдары:___________________________________________________

      № _______________________________________ фитосанитариялық сертификат

      _____________________ берген (ұйымның атауы) Берілген күні__________

      Акт _____________________________________________ қатысуымен жасалды

      (қолы) (Т.А.Ә.)

      Мемлекеттік кіріс органдарының

      лауазымды адамы ____________ _______________________

      (қолы) (Т.А.Ә.)

      Мөр орыны 20____жылғы "___" _____________________

  Зертханалық сараптаманы қоспағанда,
мемлекеттік кіріс органдарының
лауазымды адамдарының Кеден одағының
кедендік шекарасы арқылы автомобиль
өткізу пункттерінде мемлекеттік карантиндік
фитосанитариялық бақылауды жүзеге асыру,
сондай-ақ өсімдіктер карантині жөніндегі
уәкілетті орган мен мемлекеттік кіріс
органдарының өзара іс-қимыл жасау қағидаларына
5-қосымша

      Нысан

      ____________________________________________________________________

      (өткізу пунктінің атауы)

№____
карантиндік объектілермен залалданған карантинге жатқызылған
өнімді жою туралы АКТ

      Жасау орны ______________________ жасау күні________________________

      Мынадай құрамдағы___________________________________________________

      ____________________________________________________________комиссия

      (Т.А.Ә., лауазымы)

      ____________________________________________________________________

      (карантинге жатқызылған өнімнің атауы, саны)

      ____________________________________________________________________

      (карантинге жатқызылған өнім иесінің (өкілінің) атауы, Т.А.Ә.

      ____________________________________________________________________

      (жою әдісін, орнын көрсету)

      _____________________________________________________ жоюды жүргізді

      Негіз___________________________________________________________

      (негізінде карантинге жатқызылған өнім жойылған құжатты (нөмірін)

      көрсету)

      ____________________________________________________________________

      Комиссия мүшелерінің қолдары

      ____________________________________________________________________

      (Т.А.Ә., лауазымы)

      20 жылғы "___"_________________

      Карантинге жатқызылған өнім иесінің (өкілінің) қолы

      ____________________________________________________________________

      (Т.А.Ә., лауазымы)

      20 жылғы "____"___________

  Зертханалық сараптаманы қоспағанда,
мемлекеттік кіріс органдарының
лауазымды адамдарының Кеден одағының
кедендік шекарасы арқылы автомобиль
өткізу пункттерінде мемлекеттік карантиндік
фитосанитариялық бақылауды жүзеге асыру,
сондай-ақ өсімдіктер карантині жөніндегі
уәкілетті орган мен мемлекеттік кіріс
органдарының өзара іс-қимыл жасау қағидаларына
6-қосымша

      Нысан

Карантинге жатқызылған өнімнің автомобиль өткізу пункттері
арқылы өтуі туралы деректер мен ақпараттар

р/с

Экспорттаушы ел

Импорт/ транзит

Жіберуші және оның мекенжайы

Алушы және оның мекенжайы

Карантинге жатқызылған өнімнің атауы

Фитосанитариялық сертификаттың №

Фитосанитариялық сертификаттың берілген күні

Тиісті өлшем бірліктерінің саны

Анықталған карантиндік объектілердің атауы

Қабылданған шаралар

залалсыздандыру

Жою актінің №

Қайтару актінің №

Айыппұл, теңге






























Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады