"Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерді тағайындау, мөлшерін есептеу (айқындау), қайта есептеу, сондай-ақ олардың жүзеге асырылу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 236 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 8 маусымдағы № 461 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 4 тамызда № 11841 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 8 маусымдағы № 217 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 08.06.2020 № 217 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерді тағайындау, мөлшерін есептеу (айқындау), қайта есептеу, сондай-ақ олардың жүзеге асырылу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 236 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11224 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 27 қаңтардан жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерді тағайындау, мөлшерін есептеу (айқындау), қайта есептеу, сондай-ақ олардың жүзеге асырылу қағидаларында:

      15-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Орталық бөлімшесі екі жұмыс күні ішінде келіп түскен құжаттар топтамасының толықтығын тексереді, ІЭМ-ді, осы Қағидаларға 9 немесе 10-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілі және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының орташа айлық табысы туралы анықтаманы, осы Қағидаларға 11, 12, 13, 14, 15-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша әлеуметтік төлемді тағайындау (қайта есептеу) немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешімнің жобасын, осы Қағидаларға 16 және (немесе) 16-1-қосымшаларға сәйкес жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемнің мөлшері туралы және (немесе) еңбекке қабiлеттiлiгінен айырылу жағдайына тағайындалған әлеуметтік төлем сомасы туралы не оны тағайындаудан бас тарту туралы анықтаманың жобасын (анықтамалардың жобаларын) қалыптастырады. Қалыптастырылған ІЭМ Орталық филиалына жіберіледі. ІЭМ әлеуметтік төлем алушы ісінің осы Қағидаларға 17-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қағаз нұсқасын қалыптастыру үшін басып шығарылады.";

      осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 16-1-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарда және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі С.Қ. Жақыповаға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Денсаулық сақтау және


әлеуметтік даму министрі

Т. Дүйсенова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Инвестициялар және даму министрі

      _____________ Ә. Исекешев

      2015 жылғы 30 маусым

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Білім және ғылым министрі

      _____________А. Сәрінжіпов

      2015 жылғы 2 шілде



  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 8 маусымдағы
№ 461 бұйрығына қосымша
  Мемлекеттік әлеуметтік
сақтандыру қорынан төленетін
әлеуметтік төлемдердің мөлшерін
тағайындау, есептеу (айқындау),
қайта есептеу, және оларды
жүзеге асыру қағидаларына
16-1-қосымша

      Нысан

      Берілген күні, шығ. №

АНЫҚТАМА

      _____________________________________________________________ берілді

      (Т.А.Ә.)

      Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) _____________________________________

      Жеке куәлігі № __________________ 20___ ж. "___" ____________________

      Кім берген __________________________________________________________

      Туған күні "___" __________ _____ ж.

      Тұрғылықты мекенжайы ________________________________________________

      Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму

      министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көш-қон комитеті

      _______________ облысы (қаласы) бойынша департаментінің 20__ жылғы

      "__" _____ № ________ шешімі негізінде оған еңбек ету қабілетінен

      айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем тағайындалды.

      Еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі ____________________________%.

      (30%-дан 100%-ға дейін)

      Ай сайынғы әлеуметтік төлемнің мөлшері

      ______________________________________________________ теңгені құрады

      (сомасы сандармен және жазбаша)

      ________________ бойынша әлеуметтік төлем тағайындаудан бас тартылсын

      (себебі көрсетілсін)

      Сұратқан жері бойынша ұсыну үшін.

      Жауапты адамның ЭЦҚ-сымен куәландырылды.

      _____________________________________________________________________

      (жауапты адамның лауазымы және Т.А.Ә.)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады