Жеңілдік жағдайларында зейнетақы тағайындау кезінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ұшқыштар құрамына еңбек сіңірген жылдарын есептеу үшін шарттарды айқындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 7 шілдедегі № 383 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 19 тамызда № 11901 болып тіркелді.

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 12.11.2020 № 628 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 129 қаулысымен бекітілген Әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне, сондай-ақ, әскери немесе арнайы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға еңбек сіңірген жылдарын есептеу қағидаларының 4-тармағының 3), 4) тармақшаларына сәйкес, жеңілдік жағдайларында зейнетақы тағайындау кезінде ұшқыштар құрамына еңбек сіңірген жылдарын есептеуді жүргізу үшін БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ұшқыштар құрамына жеңілдік жағдайларында зейнетақы тағайындау кезінде еңбек сіңірген жылдарын есептеу үшін шарттарды айқындау жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы:

      1) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жолдасын;

      2) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде ресми жариялау үшін мерзімді баспасөз басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне жолдасын;

      3) ресми жарияланғаннан кейін бұйрықты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің веб-сайтына орналастырсын;

      3. Бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсін.

      4. Бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

      5. Бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Қорғаныс министрі

И.Тасмағамбетов


  Қазақстан Республикасы
Қоғаныс министрінің
2015 жылғы 7 шілде
№ 383 бұйрығымен
бекітілген

Жеңілдік жағдайларында зейнетақы тағайындау кезінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ұшқыштар құрамына еңбек сіңірген жылдарын есептеу үшін шарттарды айқындау жөніндегі нұсқаулық 1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 12.11.2020 № 628 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы жеңілдік жағдайларында зейнетақы тағайындау кезінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ұшқыштар құрамына еңбек сіңірген жылдарын есептеу үшін шарттарды айқындау жөніндегі нұсқаулық Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 129 қаулысымен бекітілген Әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне, сондай-ақ, әскери немесе арнайы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға еңбек сіңірген жылдарын есептеу қағидаларының 4-тармағының 3), 4) тармақшаларына сәйкес әзірленеді.

      2. Осы нұсқаулық Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ұшқыштар құрамына жеңілдік жағдайларында зейнетақы тағайындау кезінде еңбек сіңірген жылдарын есептеу үшін шрттарды нақтылайды.

      3. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ұшқыштар құрамы ұшу уақытының жылдық нормасы тиісті жылға арналған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жедел, жұмылдыру және жауынгерлік даярлығын жоспарлау жөніндегі ұйымдық-әдістемелік нұсқаулармен айқындалады.

      4. Жыл қорытындылары бойынша тиісті жетекші (Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы, әскери бөлім командирі, әскери оқу орнының бастығы) өзіне тиісті билік аумағында ұшу құрамының бекітілген ұшу нормаларын орындағаны жөнінде бұйрық шығырады, ол ұшу жұмысын есепке алу парағына жазылады.

      5. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ұшқыштар құрамы ұшу уақытының нормасын орындаған кезде еңбек сіңірген жылдарын есептеуді жүргізетін республикалық мемлекеттік мекеме жеңілдік жағдайларында зейнетақы тағайындау кезінде еңбек сіңірген жылдарын есептейді.

2-тарау. Жеңілдік жағдайларында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері ұшқыштар құрамының еңбек сіңірген жылдарын есептеу шарттары

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 12.11.2020 № 628 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Қызметтің бір айын екі ай мерзімге есептеу ұшу уақытының нормасын мыналарда орындау кезінде жүргізіледі:

      жойғыш, жойғыш-бомбалаушы, бомбалаушы, шабуылдаушы, барлау авиациясы ұшақтарында және оқу-жаттығу реактивті, турбореактивті ұшақтарда;

      реактивті және тур бо-винттік қозғалтқыштары бар әскери-көлік, көлік, арнайы ұшақтарда;

      турбо-винттік (турбобілікті) қозғалтқыштары бар барлық мақсаттағы тікұшақтарды.

      7. Қызметтің бір айын бір жарым ай мерзімге есептеу ұшу уақытының нормасын поршеньді қозғалтқышы бар ұшақтарда және ұшқышсыз ұшу аппараттарында орындау кезінде жүргізіледі.

      8. Ұшқыштар құрамы ұшу жұмысында толық күнтізбелік жыл болмаған жағдайларда, ұшу уақытының нормасы ұшу жұмысында нақты болған уақытына үйлесімді түрде айқындалады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады