Байланыс формасы

"Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2015 жылғы 17 шілдедегі № 463 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 21 тамызда № 11921 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 7 шілдедегі № 437 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 07.07.2016 № 437 бұйрығымен.

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабының 1-тармағының 6) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (С. Нюсупов) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейінгі күнтізбелік он күннің ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Білім және ғылым вице-министрі Т.О. Балықбаевқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Білім және ғылым министрінің
      міндетін атқарушы                          Т. Балықбаев

Қазақстан Республикасы   
Білім және ғылым министрі 
міндетін атқарушының    
2015 жылғы 17 шілдедегі  
№ 463 бұйрығымен бекітілген

«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің
Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті»
мемлекеттік мекемесінің ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Комитет) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) құзыреті шегінде білім және ғылым саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі функцияларды, сондай-ақ оның құзыретіне қатысты саладағы бақылау және іске асыру функцияларын жүзеге асыратын ведомство болып табылады.
      2. Комитеттің облыстарда, Астана және Алматы қалаларында аумақтық органдары бар және ол мынадай басқармалардан тұрады:
      1) персоналды басқару қызметі (кадр қызметі);
      2) әкімшілік және құқықтық жұмыс басқармасы;
      3) лицензиялау, нострификациялау және апостильдеу басқармасы;
      4) ғылыми кадрларды даярлау сапасын бағалау басқармасы;
      5) сырттай бағалау басқармасы;
      6) талдамалық жұмыс басқармасы;
      7) білім саласындағы бақылау басқармасы;
      8) аумақтық органдардың қызметін үйлестіру басқармасы
      3. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің (бұдан әрі - Министр) және министрліктің Жауапты хатшысының бұйрықтарына, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады
      4. Комитет мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. Комитеттің, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. Комитет өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Комитет басшысы бұйрықтар мен қаулылар түрінде құқықтық актілер шығарады (мемлекеттік аттестаттаудың және білім беру ұйымдарын тексеру нәтижелері бойынша заңды және лауазымды тұлғаларға қатысты әкімшілік шаралар қолдану туралы).
      8. Комитеттің және оның аумақтық органдарының құрылымы мен штаттық сандарын Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген тәртіпке сәйкес Министрліктің Жауапты хатшысы бекітеді.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 8-үй, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, 11-кіреберіс.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы – «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже Комитеттің мәртебесі мен құзыретін анықтайтын құрылтай құжаты болып табылады.
      12. Комитеттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.
      13. Комитетке кәсіпкерлік субъектілерімен Комитеттің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер Комитетке Қазақстан Республикасының заңнамаларымен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Комитеттің негізгі мақсаттары (міндеттері),
функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. Комитеттің мақсаттары (міндеттері):
      1) білім және ғылым сапасын бақылау саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру;
      2) білім беру қызметінің сапасын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
      3) мемлекеттік бақылау және ғылыми кадрларды даярлау сапасын арттыру, сонымен қатар, мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманың қорытындысы, ғылыми-техникалық, инновациялық жобаларды және бағдарламаларды мемлекеттік бюджеттен қаржыландыруға ұсыну;
      4) білім және ғылым саласында мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру жұмыстарын ұйымдастыру, білім және ғылым саласында мемлекеттік қызмет көрсетудің нормативтік құқықтық базасын жетілдіру, білім және ғылым саласында мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын бағалау және мониторинг өткізу.
      15. Функциялары:
      1) бiлiм беру қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензияларды және (немесе) қосымшаларды:
      бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғаларға;
      техникалық және кәсіптік білім берудің, оның ішінде кәсіптер мен мамандықтар бойынша кәсіптік бағдарламаларды іске асыратын заңды тұлғаларға;
      орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары білімнен кейінгі білім берудің, оның ішінде мамандықтар бойынша кәсіптік бағдарламаларды іске асыратын заңды тұлғаларға;
      рухани білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғаларға беру;
      2) меншiк нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан мыналарды:
      мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің;
      арнайы және мамандандырылған білім берудің;
      балаларға арналған қосымша білім берудің;
      балалар мен жасөспiрiмдерге арналған спорт бойынша қосымша білім берудің;
      техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің;
      жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің (медициналық және фармацевтикалық бiлiм берудi қоспағанда) білім беру бағдарламаларын іске асыратын бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестаттаудан өткiзу;
      3) меншік нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы заңнамасының және білім беру саласындағы нормативтік құқықтық актілердің, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының орындалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
      4) бақылау және тексеру іс-шараларының нәтижелері бойынша 2014 жылғы 5 шілдедегі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 409 (4, 6, 7-бөліктері) 464463467-баптары бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасау, 84409-баптарына (4 және 6-бөліктері), 464-бабына (1-бөлігі) сәйкес әкімшілік жаза қолдану, оларды қозғау және сот органдарына беру, сот процестеріне қатысу;
      5) заңнамада белгіленген тәртіппен білім беру және ғылым ұйымдарына тексерулер жүргізу жоспарын әзірлеу және бекіту;
      6) тексерілетін субъектілерді тексерулер санын, сондай-ақ тексеру парақтарына сәйкес анықталған бұзушылықтарды және оларға қолданылған әкімшілік ықпал ету шараларын ведомстволық есепке алуды тұрақты және үздіксіз негізде жүргізу;
      7) Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасының анықталған бұзушылықтарын ұйғарымда белгіленген мерзімде жою туралы орындалуы міндетті жазбаша ұйғарымдар беру;
      8) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеуден өткізу;
      9) білім және ғылым саласындағы мемлекеттік бақылау бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу;
      10) Қазақстан Республикасының заңнамасына қарама-қайшы келетін және ескірген құқық нормаларын анықтау, оларды іске асырудың тиімділігін бағалау, өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды енгізу немесе олардың күші жойылды деп тану жөніндегі шараларды дер кезінде қабылдау үшін Комитет әзірлеген және (немесе) іске асыратын заңға тәуелді актілерге қатысты тұрақты негізде мониторинг жүргізу;
      11) Комитеттің аумақтық органдарының қызметін үйлестіру және бақылау;
      12) Комитеттің қызмет бағыттары бойынша Комитеттің аумақтық органдарына әдістемелік көмек көрсету;
      13) Қазақстан Республикасының білім, ғылым органдары мен оқу орындарынан шыққан ресми құжаттарға апостиль қою;
      14) тиісті құжаттарды бере отырып, шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау рәсіміне мемлекеттік бақылау жүргізуді жүзеге асыру;
      15) шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттарды тану немесе нострификациялау туралы шешім қабылдау;
      16) ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру және өткізу;
      17) оқу жетістіктерін сырттай бағалауды ұйымдастыру және өткізу;
      18) білім беру сапасын сырттай бағалау әдісімен білім беру мониторингін жүргізу;
      19) құжаттарды қабылдау, қазақ тілін білу деңгейін бағалау (ҚАЗТЕСТ) бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету стандартын және регламентін әзірлеу;
      20) диссертациялық кеңес туралы үлгілік ережені әзірлеу;
      21) ғылыми дәрежелерді беру және ғылыми атақтар беру тәртібін әзірлеу;
      22) философия докторы (PhD) бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежелерін беру;
      23) жоғары оқу орнының және ғылыми ұйымдардың қолдаухаты бойынша қауымдастырылған профессор (доцент), профессор ғылыми атақтарын беру;
      24) мемлекеттің атынан белгіленген мемлекеттік үлгідегі ғылым кандидаты және докторы, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дипломдарын, доцент, қауымдастырылған профессор (доцент), профессор аттестаттарын беру;
      25) PhD докторлық диссертацияларын қорғау жөніндегі диссертациялық кеңестер құру және олардың қызметін ұйымдастыру, диссертациялық кеңестер төрағаларын бекіту;
      26) ғылыми дәрежелер мен атақтарды беруге арналған аттестаттау істерін қарау жөніндегі сарапшылық кеңестерін құру және олардың қызметін ұйымдастыру;
      27) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету процесін автоматтандыруды және оңтайландыруды қамтамасыз ету.
      28) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның келісімі бойынша мемлекеттік қызмет көрсету процесін оңтайландыруды қамтамасыз ету.
      29) Комитеттің өкілеттілігіне жататын мәселелер бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметін бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыру;
      30) әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған тәртіпте хабарлау тәртібінде қызметті жүзеге асыратын білім беру ұйымдарының қызметін тоқтату;
      31) мазмұнында мемлекеттік құпиялар мен заңмен қорғалған өзге де құпиялар бар ақпаратты қоспағанда рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жасау;
      32) рұқсаттар мен хабарламалардың жұмыс істеу ережесіне сәйкес хабарлау тәртібін мемлекеттік ақпараттық жүйе арқылы электрондық түрде жүзеге асыру;
      33) өтініш берушілердің Қазақстан Республикасының заңдарымен, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарымен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларымен белгіленген талаптарды сақтауын жүзеге асыру;
      34) оқулықтарды, оқу әдістемелік кешендерді және оқу-әдістемелік құралдарды әзірлеу, сараптамадан өткізу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру және бақылау;
      35) мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманың өткізілуін бақылау;
      36) Комитетке ведомстволық бағынысты ұйымдардың жарғысын әзірлеу, келісу және бекіту жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
      37) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ведомстволық бағынысты ұйымдарында бюджеттік және қаржы тәртібін бақылауды қамтамасыз ету;
      38) аккредиттеу органдарына, оның ішінде шетелдік аккредиттеу органдарына қойылатын талаптарды және оларды танудың тәртібін әзірлеу, танылған аккредиттеу органдарының, аккредиттелген білім беру ұйымдарының және білім беретін оқу бағдарламаларының тізілімін қалыптастыру;
      39) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
      16. Құқықтары мен міндеттері:
      1) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдарды, оған қоса мемлекеттік қызметтерді көрсетуге қажетті құжаттар мен ақпаратты сұрату және алу;
      2) Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қолданыстағы заңнаманы қолдану жөнінде түсініктемелер беру;
      3) Комитет қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру;
      4) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің және мемлекеттік қызмет туралы заңнамасында қарастырылған тәртіппен қызметкерлерді көтермелеу, оларға тәртіптік жазалар қолдану, қызметкерлерді материалдық жауапкершілікке тарту;
      5) құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мен халықаралық шарттарының жобаларын әзірлеуге қатысу;
      6) аумақтық бөлімшелеріне орындалуы міндетті нұсқаулар беру;
      7) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау, олар бойынша хаттамалар жасау және әкімшілік жазалар қолдану;
      8) Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес орындамаған немесе жазбаша нұсқамаларын тиiсiнше орындамағаны үшiн хаттама толтырып, сот органдарына жолдау;
      9) Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес Комитеттің құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында сотқа жүгіну, талап-арыз беру;
      10) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру;
      11) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Комитеттің құзіретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, арыздары мен шағымдарын қарау;
      12) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен, сондай-ақ мемлекеттік органдардың келісімі бойынша олармен бірлескен актілер негізінде басқа мемлекеттік органдармен, халықаралық ұйымдармен, сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушылармен өзара қарым-қатынас жасау;
      13) өзінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Републикасының заңнамаларын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;
      14) Комитеттің аумақтық органдар қызметтерінің нәтижелерін талдау және мониторинг жүргізу негізінде білім беру стандарттары мен мазмұнын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;
      15) нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындау үшін, сондай-ақ оны міндеттеріне сәйкес Комитеттің қабылдаған қызметін дамыту және іске асыру үшін Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкерлерін жұмысқа тарту;
      16) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте Комитеттің құзыреті шегінде мәселелерді анықтау үшін үкіметтік емес ұйымдарды, ғылыми және өзге де, оның ішінде шетелдік ұйымдарды, ғылыми мамандарды жұмысқа тарту;
      17) Комитеттің құзыреті шегінде консультативтік-кеңестік және сараптау органдарын құру (кеңестер, соның ішінде ғылыми этика және антиплагиат бойынша, комиссиялар, топтар, алқалар)
      18) ведомстволық бағынысты ұйымдарға, республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарға қатысты мемлекеттік меншіктік құқық субьектісінің функциясын жүзеге асыру, республикалық меншіктегі акционерлік қоғамдарда (серіктестіктерде) мемлекеттік акция топтамасын (қатысу үлесін) иелену және пайдалану;
      19) Комитеттің негізгі бағыттағы қызметі бойынша Алқа отырысын өткізу;
      20) апатты және үш ауысымды мектептерге мониторинг жүргізу;
      21) мемлекеттік қызметтер стандарттарының қолжетімділігін қамтамасыз ету;
      22) мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы тұтынушыларды ақпараттандыру;
      23) мемлекеттік қызметті көрсету саласындағы уәкілетті органдарға тиісті ақпарат ұсыну;
      24) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге міндеттерді жүзеге асыру.

3. Комитеттің қызметін ұйымдастыру

      17. Комитет басқарылуын төраға жүзеге асырады, жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруына жеке жауапты.
      18. Комитеттің төрағасын Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің және Президент Әкімшілігі Басшылығының келісімі бойынша Министр лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.
      19. Комитет төрағасының ұсынымы бойынша, Министрліктің Жауапты хатшысының келісімінен кейін, Министр және Премьер-Министр лауазымға тағайындайтын және босататын орынбасарлары болады.
      20. Комитеттің аумақтық органдарының басшылары және басшының орынбасары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 22.01.2016 № 74 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      21. Комитет төрағасының өкілеттігі:
      1) өз орынбасарларының міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;
      2) Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ведомствоға қарасты ұйымдардың директорлары және директордың орынбасарлары Комитет қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпке сәйкес көтермелейді, Комитет жұмысшыларын, аумақтық органдардың басшыларын және басшыларының орынбасарларын Комитет төрағасының орынбасарларын қоспағанда сонымен қатар тәртәп жөніндегі жазалар салады Комитет төрағасының орынбасарларын қоспағанда Комитеттің тәртіптік, аттестациялық және конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексінің, еңбек және орындаушылық тәртіптің сақталуына бақылау жасайды және персоналды басқару қызметіне (кадр қызметі) жетекшілік етеді;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Комитет қызметкерлерін, аумақтық органдардың басшылары мен басшының орынбасарын іссапарға жіберу, еңбек демалысын беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемақы төлеу, сыйлықақы беру мәселелерін шешеді;
      6) Әкімшілік жаза қолдану бойынша Комитет құқықтық актілер мен шешімдер шығарады және өз құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша, Комитеттің және оның аумақтық органдарының барлық қызметкерлері үшін міндетті болып табылатын сұрақтар бойынша нұсқау береді;
      7) Комитеттің Регламентін бекітеді;
      8) Комитеттің және оның аумақтық органдарының құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
      9) әкімшілік және құқықтық жұмыс мәселелеріне жетекшілік етеді;
      10) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Комитеттің атынан өкілдік етеді;
      11) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге бағытталған шараларды қабылдау жұмысына басшылық жасайды, қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамалар талаптарын сақтауын қамтамасыз етеді;
      12) Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы № 1567 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексін, атқарушылық және еңбек тәртібін ұстануын бақылайды
      13) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасының 84409 (4 және 6 тармақтарына) сәйкес білім беру саласындағы уәкілетті органның құзіретіне жатқызылған баптар бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы әкімшілік жаза қолданады, оларды қозғайды және сот органына береді, сот процестеріне қатысады;
      14) Қазақстан Республикасы заңдары мен Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес өзге де өкілеттілікті жүзеге асырады.
      Комитет төрағасының өкілеттігін (белгіленген міндеттерді бөлуге сәйкес) оны алмастыратын немесе Комитет төрағасымен белгіленген тұлға жүзеге асырады.
      Ескерту. 21-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 22.01.2016 № 74 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

4. Комитеттің мүлкі

      22. Комитеттің заңнамада көзделген жағдайларда жекеленген мүлікті жедел басқару құқығы бар.
      Комитеттің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      23. Комитетке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
      24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Комитет өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен иелік етуге құқығы жоқ.

5. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату

      25. Комитетті және оның аумақтық органдарын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады