Ойын бизнесін ұйымдастырушының есептілікті ұсыну нысанын, Ойын бизнесін ұйымдастырушы ұсынатын есептілікті жинауды және талдауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 17 шілдедегі № 249 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 26 тамызда № 11948 болып тіркелді.

      "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына, "Ойын бизнесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 1-тармағының 7-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 08.07.2021 № 209 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Мына:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес ойын бизнесін ұйымдастырушының есептілікті ұсыну нысаны;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Ойын бизнесін ұйымдастырушы ұсынатын есептілікті жинауды және талдауды жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 08.07.2021 № 209 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істер комитеті (Е.Б. Қанағатов) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жолдасын;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн мерзім ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды қамтамасыз етсін;

      3) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастырсын;

      4) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралар орындалған күнінен бастап он жұмыс күні ішінде осы тармақпен көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметті енгізсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы


Мәдениет және спорт министрі

А. Мұхамедиұлы


  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің
2015 жылғы 17 шілдедегі
№ 249 бұйрығына
1-қосымша

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Туризм және спорт министрінің м.а. 26.12.2023 № 342 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Әкімшілік деректерді
жинауға арналған нысан

      Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитетіне

      Әкімшілік деректер нысаны интернет-ресурста орналастырылған : www.tsm.gov.kz

Ойын бизнесін ұйымдастырушының есептілігін ұсыну нысаны

      Есепті кезең ________20__жыл

      Индексі: 1-(ОИБ)

      Кезеңділігі: тоқсан сайын

      Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: ойын бизнесін ұйымдастырушылар (құмар ойындарды және (немесе) бәс тігуді ұйымдастыруды және өткізуді жүзеге асыратын заңды тұлғалар)

      Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей, тоқсанына бір рет

Ойын жабдығының атауы және түрі

Ойын жабдығының саны

Сериялық немесе инвентарлық нөмірі

Өндіруші

Ойын жабдығының, ойын автоматтарының техникалық жай-күйі (жаңа / қолданылған)

Жабдықты тестілеу күні (жаңа ойын автоматтары үшін)

дана

1

2

3

4

5

6

7








      кестенің жалғасы

Бейне жазу жүйелерінің техникалық жай-күйі туралы мәліметтер

Ойын автоматына технологиялық салынған ұтыстың белгіленген пайызы (ойын автоматтары залы үшін)

Үстелдер санының өзгеруі, жабдықты ауыстыру туралы мәліметтер

Бейне жазу жүйесінің атауы

Саны

Техникалық жай-күйі

Жабдықты тестілеу күні

Ауыстырылатын жабдықтың сериялық нөмірі

Лицензия алу кезінде көрсетілген ойын үстелдерінің саны

Ойын үстелдері санының ұлғайтылғаны және қысқартылғаны туралы ақпарат

дана

%

дана


8

9

10

11

12

13

14

15









      кестенің жалғасы

Кассалар саны туралы мәліметтер

Қызметкерлер саны

Есепті кезең үшін лицензияны пайдаланғаны үшін төленген төлем сомасы

Есептілікті ұсынған күнгі жағдай бойынша банкте (банктерде) нақты орналастырылған міндетті резервтердің сомасы*

Ойын бизнесін ұйымдастырушының құрылтайшылар құрамындағы бенефициарлық меншік иелері, басшылары және ойын бизнесін ұйымдастырушының бірінші басшылары туралы мәліметтер

Елді мекен (облыс, қала)

Кассаның орналасқан жері (мекен-жайы)

Есептен шығару туралы мәліметтерді қоса алғанда, мемлекеттік кіріс органдарында салық салу объектілерін/кассаларды (кассаларды) тіркеу есебі туралы мәліметтер

адам

теңге

теңге

16

17

18

19

20

21

22








      *Міндетті резервтердің болуын растау мақсатында есептілікке салым шартын жасаған кезде ашылған банктік шоттар бойынша ақшасының болуы және қозғалысы туралы анықтама қоса беріледі.

      Ұйымның атауы: ___________________________________________________________

      Қызмет түрі ______________________________________________________________

      Заңды мекен-жайы _________________________________________________________

      Бизнес сәйкестендіру нөмірі _________________________________________________

      Ойын мекемесінің немесе тауар белгісінің атауы (болған жағдайда) ______________________

      Интернет-ресурс (болған жағдайда) __________________________________________

      Телефон:__________________________________________________________________

      Берілген лицензияның нөмірі мен күні

      __________________________________________________________________________

      _____ парақта қоса беріледі

      Осымен: осы есептілікте көрсетілген барлық мәліметтер және қоса беріліп отырған құжаттар шындыққа сәйкес келеді және жарамды болып табылатындығы расталады.

      Жауапты тұлға _________________________________ қолы _____________________

      тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      Басшы немесе қол қоюға уәкілетті тұлға

      ____________________________________________ қолы ____________________

      тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      Мөр орны (болған жағдайда)

Әкімшілік деректерді жинау үшін арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме Ойын бизнесін ұйымдастырушының есептілік нысаны (Индекс: 1 - (ОИБ), кезеңділігі: тоқсан сайын) 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме ойын бизнесін ұйымдастырушының есептілікті ұсыну нысанын толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысанды ойын бизнесін ұйымдастырушылар (құмар ойындарды және (немесе) бәс тігуді ұйымдастыруды және өткізуді жүзеге асыратын заңды тұлғалар) толтырады және Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитетіне ұсынады.

      3. Нысан ойын бизнесін ұйымдастырушы басшысының не оны алмастыратын тұлғаның қолымен (міндеттерді жүктеу туралы бұйрықтың көшірмесін қоса бере отырып), сондай-ақ ұйымның мөрімен (болған жағдайда) расталады.

      4. Нысан тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей ұсынылады.

2 тарау. Нысанды толтыру бойынша түсініктеме

      5. 1-бағанда реттік нөмірі толтырылады;

      6. 2-бағанда ойын жабдығының атауы және түрі көрсетіледі;

      7. 3-бағанда ойын жабдығының саны көрсетіледі;

      8. 4-бағанда ойын жабдығының сериялық немесе инвентарлық нөмірі көрсетіледі;

      9. 5-бағанда ойын жабдығын өндіруші көрсетіледі;

      10. 6-бағанда ойын жабдығының, ойын автоматтарының техникалық жай-күйі көрсетіледі (жаңа/қолданылған);

      11. 7-бағанда ойын жабдығын тестілеу күні көрсетіледі (жаңа ойын автоматтары үшін);

      12. 8, 9, 10, 11-бағандарда бейне жазу жүйелерінің техникалық жай-күйі туралы мәліметтер, оның ішінде бейне жазу жүйесінің атауы, жабдықтың саны, техникалық жай-күйі, тестілеу күні көрсетіледі;

      13. 12-бағанда ойын автоматтарына технологиялық салынған ұтыстың белгіленген пайызы көрсетіледі (ойын автоматтары залдар үшін);

      14. 13, 14, 15-бағандарда үстелдер санының өзгеруі, жабдықты ауыстыру туралы мәліметтер, оның ішінде ауыстырылған жабдықтың сериялық немесе инвентарлық нөмірі, лицензия алу кезінде көрсетілген ойын үстелдерінің саны, ойын үстелдер санының ұлғайтылғаны және қысқартылғаны туралы мәліметтер көрсетіледі;

      15. 16, 17, 18-бағандарда кассалар саны, оның ішінде елді мекен (облыс, қала), кассаның орналасқан жері (мекенжайы), есептен шығару туралы мәліметтерді қоса алғанда, мемлекеттік кіріс органдарында салық салу объектілерін/кассаны (кассаларды) тіркеу есебі туралы мәліметтер көрсетіледі;

      16. 19-бағанда қызметкерлердің саны туралы мәліметтер көрсетіледі;

      17. 20-бағанда ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысуға есепті кезең үшін лицензияны пайдаланғаны үшін төленген төлем сомасы туралы мәліметтер көрсетіледі;

      18. 21-бағанда есептілікті ұсынған күнгі жағдай бойынша банкте (банктерде) нақты орналастырылған "Ойын бизнесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалатын міндетті резервтер түріндегі әрбір лицензияға қамтамасыз ету сомасы туралы мәліметтер көрсетіледі;

      19. 22-бағанда ойын бизнесін ұйымдастырушының құрылтайшылар құрамындағы бенефициарлық меншік иелері, басшылары және ойын бизнесін ұйымдастырушының бірінші басшылары туралы мәліметтер көрсетіледі.

  Қазақстан Республикасы Мәдениет
және спорт министрінің
2015 жылғы 17 шілдедегі
№ 249 бұйрығына 2-қосымша

Ойын бизнесін ұйымдастырушы ұсынатын есептілікті жинауды
және талдауды жүзеге асыру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 08.07.2021 № 209 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы Ойын бизнесін ұйымдастырушы ұсынатын есептілікті жинауды және талдауды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Ойын бизнесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және ойын бизнесін ұйымдастырушы ұсынатын есептілікті жинау және талдау тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 26.04.2023 № 107 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Есептілікті жинаудың және талдаудың мақсаты ойын бизнесі субъектілері қызметінің ойын бизнесі туралы заңнамаға сәйкестігіне мониторинг жүргізу болып табылады.

2-тарау. Есептілікті жинауды жүзеге асыру тәртібі

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 08.07.2021 № 209 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Есептілікті жинау осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептілікті (бұдан әрі – есептілік) ойын бизнесі саласындағы уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) ойын бизнесін ұйымдастырушылардың ұсынуы арқылы жүзеге асырылады.

      4. Есептілік қағаз тасығышта есепті кезеңнен кейінгі айдың 10 күнінен кешіктірмей тоқсан сайын беріледі.

      5. Есептілік мынадай ақпаратты қамтиды:

      1) ойын жабдығының, ойын автоматтарының техникалық жай-күйі туралы мәліметтер;

      2) бейне жазу жүйелерінің техникалық жай-күйі туралы мәліметтер;

      3) ойын автоматына технологиялық салынған ұтыстың белгіленген пайызы туралы мәлімет;

      4) лицензия алған кезде көрсетілген ойын үстелдері санының өзгеруі, жабдықты ауыстыру туралы мәліметтер;

      5) кассалар тізімі мен қызметкерлер саны туралы мәліметтер;

      6) ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысуға лицензияны пайдаланғаны үшін төленген төлем сомасы туралы мәліметтер;

      7) "Ойын бизнесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған міндетті резервтер түріндегі әрбір лицензияға қамтамасыз етудің сомасы туралы мәліметтер;

      8) ойын бизнесін ұйымдастырушының құрылтайшылар құрамындағы бенефициарлық меншік иелері, басшылары және ойын бизнесін ұйымдастырушының бірінші басшылары туралы мәліметтер.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 26.04.2023 № 107 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Есептілік ойын бизнесін ұйымдастырушы басшының не оны алмастыратын тұлғаның (міндеттерді жүктеу туралы бұйрық көшірмесін қоса беріп) қолымен, сондай-ақ ұйымның мөрімен куәландырылады (болған жағдайда) және уәкілетті органға жіберіледі.

      7. Ұсынылған есептілік уәкілетті органда тіркеледі және оны оның тиісті құрылымдық бөлімшесі қарайды.

3-тарау. Есептілікті талдауды жүзеге асыру тәртібі

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 08.07.2021 № 209 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Уәкілетті орган ұсынылған есептіліктің негізінде барлық қажетті деректердің болуына және толықтығына талдауды жүзеге асырады.

      Ұсынылған есептілікті талдауға мыналар кіреді:

      1) ойын бизнесін ұйымдастырушыларға қойылатын біліктілік талаптарға сәйкес келу тұрғысына қарау;

      2) есептілікті тапсырмау немесе толық тапсырмау бойынша мәліметтерді қалыптастыру.

      9. Талдау нәтижелері ойын бизнесі саласындағы мемлекеттік саясатты жетілдіру бойынша ұсыныстарды дайындау және бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау жүргізу кезінде пайдаланылады.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР Туризм және спорт министрінің м.а. 26.12.2023 № 342 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Уәкілетті орган есептілікті жинау, қорытындылау және талдау жолымен ойын бизнесі ұйымдастырушыларының біліктілік талаптарды сақтауы туралы мәліметтерді қалыптастырады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады