Техникалық регламенттерді әзірлеу, сараптау, қабылдау, өзгерту және олардың күшін жою қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 553 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 17 қыркүйекте № 12072 болып тіркелді.

      "Техникалық реттеу туралы" 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 19) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Техникалық регламенттерді әзірлеу, сараптау, қабылдау, өзгерту және олардың күшін жою қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (Б.Б. Қанешев):

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзiмдi баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық – құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет – ресурсына және мемлекеттік органдардың интранет – порталында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Инвестициялар және даму министрі

Ә. Исекешев


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылығы министрі

      __________ А. Мамытбеков

      2015 жылғы 5 тамыз

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау және

      әлеуметтiк даму министрі

      ___________ Т. Дүйсенова

      2015 жылғы 15 шілде

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      ____________ Б. Сұлтанов

      2015 жылғы 12 маусым


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ______________ Е. Досаев

      2015 жылғы 7 тамыз

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрі

      _____________ Қ. Қасымов

      2015 жылғы 25 маусым

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрі

      ____________ В. Школьник

      2015 жылғы 19 маусым



  Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрінің
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 553 бұйрығымен бекiтiлген

Техникалық регламенттерді әзірлеу, сараптау, қабылдау,
өзгерту және олардың күшін жою қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Техникалық регламенттерді әзірлеу, сараптау, қабылдау, өзгерту және олардың күшін жою қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Техникалық реттеу туралы" 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) 7-бабының 19) тармақшасына сәйкес әзірленген және техникалық регламенттерді әзірлеу, сараптау, қабылдау, өзгерту және олардың күшін жою тәртібін анықтайды.

      2. Осы Қағидалар Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде және "Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты ратификациялау туралы" 2014 жылғы 14 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған 2014 жылғы 29 мамырда Астанада жасалған Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартпен белгіленген тәртіппен қабылданатын техникалық регламенттерді әзірлеу, қабылдау, өзгерту және олардың күшін жою рәсімдеріне қолданылмайды.

2. Техникалық регламенттерді әзірлеу тәртібі

      3. Техникалық регламентті әзірлеу, өзгерту, толықтыру немесе оның күшін жою жөніндегі ұсыныстарды құзыретіне міндетті қағидалар мен нормаларды белгілеу кіретін мемлекеттік органдар стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердiң, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, мүдделі тараптардың ұсыныстарын ескере отырып дайындайды және техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) ұсынады.

      Уәкiлеттi орган ұсыныстар негізінде Заңның 7-бабының 21) тармақшасына сәйкес техникалық регламенттердi әзiрлеу жөнiндегi жоспардың жобасын жасайды және бекітеді.

      Техникалық регламент "Техникалық реттеу және метрология мәселелері жөніндегі комиссияны құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 12 маусымдағы № 558 қаулысымен құрылған Техникалық реттеу және метрология мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) мақұлдаған тұжырымдама болған кезде әзірленеді.

      Тұжырымдама:

      1) техникалық регламенттiң атауын;

      2) техникалық регламенттi әзірлеу мақсатын;

      3) Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасы (бұдан әрі – ЕАЭО СЭҚ ТН) кодтар ішіндегі тауарлық позицияны көрсете отырып, техникалық регламенттiң қолданылу саласы мен объектілерін;

      4) мүдделері техникалық регламентпен қозғалатын, кәсіпкерлік және өзге қызмет субъектілері;

      5) жағымсыз әсердi барынша азайту үшiн реттеу белгiленуi қажет проблемалар туралы ақпаратты;

      6) қауiптi факторларды (қатерлердi);

      7) Қазақстан Республикасының және Еуразиялық экономикалық одақтың нормативтiк құқықтық базасының болуы және оның жай-күйi туралы ақпаратты (техникалық регламент объектiсiне қойылатын талаптарды белгiлейтiн заңдар, қаулылар, санитариялық, құрылыс, өрт және басқа нормалар мен қағидалар);

      8) халықаралық деңгейдегi нормативтiк құжаттардың болуы туралы ақпаратты (халықаралық шарттар, директивалар, басқа елдердiң техникалық регламенттерi және басқалар);

      9) өндiрiс, сынақ базасының және жалпы саланың жай-күйi туралы ақпаратты.

      Ақпарат сынақ зертханасының және өнімдердің сәйкестігін растайтын материалдық-техникалық мүмкіндігі бар сәйкестігін растау жөніндегі органдардың саны, олардың географиялық орналасқан жері және өндірістік қуаттылығы туралы мәліметтерді қамтуы тиіс;

      10) техникалық регламенттi енгiзу үшiн қабылдануы қажет шаралар туралы ақпаратты;

      11) техникалық регламентті енгізуден күтілетін нәтижелерді, оның ішінде техникалық регламентті енгізуден өндірушілерге, тұтынушыларға және жалпы ел экономикасына тигізілетін ықтимал оң және (немесе) теріс әсері туралы ақпаратты, ықтимал техникалық кедергілерді болжамдауды;

      12) Қазақстан Республикасындағы өндірістің көлемі және техникалық регламенттің әзірленетін (өзгертілетін/жойылатын) әрекетіне жататын өнімдердің импортының көлемі туралы ақпаратты қамтиды.

      Техникалық регламент жобасын әзірлеуге жауапты мемлекеттік органдар тұжырымдаманы Комиссияға шығарғанға дейін оны мүдделі мемлекеттік органдарға, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредителген бірлестіктеріне қарауға жібереді.

      4. Техникалық регламент жобасын әзірлеуге жауапты мемлекеттік органдар:

      1) жобаларды, нормативтік құқықтық актілердің өзгерістері мен (немесе) толықтырулары немесе оның күшін жоюы әзірлей бастаған сәттен бастап бір айдан кешіктірмей, уәкілетті органның ресми баспа басылымында және ортақ пайдаланылатын ақпараттық жүйеде техникалық регламент жобасын әзірлеу, техникалық регламенттің өзгерістері мен (немесе) толықтырулары немесе оның күшін жою туралы белгіленген нысандағы хабарламаны орналастырады;

      2) техникалық регламент жобасын әзірлеуге мемлекеттік органдардың, мүдделі мемлекеттік органдардың техникалық реттеу саласындағы сараптамалық кеңестердің, стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің өкілдері, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредителген бірлестіктері және басқа да мүдделі тараптар тартылады;

      3) техникалық регламенттердiң және олармен өзара байланысты стандарттардың ғылыми-техникалық деңгейiн талдауды ұйымдастырады;

      4) техникалық регламент жобасын жария талқылауды, оны әзірлеу туралы хабарлама жарияланған күнінен бастап, жария талқылаудың аяқталғаны туралы хабарламаны жариялаған күнге дейін кемінде күнтізбелік алпыс күнге тең мерзім ішінде ұйымдастырады;

      5) техникалық регламент жобасына алынған ескертулерді мүдделі тараптардың сұрау салуы бойынша ұсынады;

      6) техникалық регламент жобасын алынған ескертулер мен ұсыныстарды ескере отырып, пысықтайды және оны пікірлер жинағымен қоса техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органның ресми баспа басылымы мен ортақ пайдаланылатын ақпараттық жүйеде орналастырады;

      7) жобамен және алынған ескертулер тізбесімен танысу тәсілі туралы ақпаратты, техникалық регламент жобасын әзірлеген мемлекеттік органның атауын, оның пошталық және электрондық мекенжайын қамтуға тиіс техникалық регламенттің жобасын жария талқылаудың аяқталғаны туралы хабарламаны уәкілетті органның ресми баспа басылымы мен ортақ пайдаланылатын ақпараттық жүйеде орналастырады.

      5. Техникалық регламент ғылыми негізделген және (немесе) статистикалық деректер негізінде әзірленеді.

      Егер шет мемлекеттердiң, халықаралық және өңiрлiк ұйымдардың нормалары мен стандарттары осы Заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген мақсаттарға сәйкес келсе, олар техникалық регламенттi әзiрлеу кезiнде негiз ретiнде толық немесе iшiнара қолданылуы мүмкiн.

      6. Техникалық регламентте белгіленетін талаптар техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік саясат мүдделеріне, материалдық-техникалық базаның дамуына және ғылыми-техникалық даму деңгейіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қазақстан Республикасы ратификациялайтын халықаралық шарттарға сәйкес келуге тиіс.

      7. Өнімге немесе өнімге және өнімнің талаптарымен байланысқан процестерге қойылатын ең төменгі қажетті талаптарды белгілеген кезде оның өмірлік циклінің барлық сатысында осы өнімге тән қауіп-қатерлердің барлық түрлері ескеріледі.

      8. Сол бір өнімге арналған талаптарды белгілейтін техникалық регламенттер өнімге қойылатын міндетті талаптардың бірыңғай құрамы мен мазмұнын қамтамасыз ету мақсатында өзара байланыстырылады.

      9. Техникалық регламентті әзірлеу мынадай тәртіпте жүзеге асырылады:

      1) техникалық регламентпен белгіленген талаптар қолданылатын өнімдер ("ЕАЭО СЭҚ ТН" жіктеуішіне сәйкес) мен процестердің толық тізбесі және жол берілмеуге тиіс қауіпті факторлар (қауіп-қатерлер), сондай-ақ техникалық регламентті қолдану мақсаттары үшін сәйкестендіру өлшемдері мен әдістері белгіленетін қолданылу саласы анықталады;

      2) терминдер мен анықтамалар белгіленеді. Техникалық регламентте пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар халықаралық стандарттарда және Заңда, сондай-ақ "Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы" 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңда, "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" 2000 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңда белгіленген терминдерге қайшы келмеуі тиіс.

      Осы терминдер белгіленген Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерінің баптарына сілтемелер жасауға рұқсат етіледі;

      3) Қазақстан Республикасының нарығындағы өнім айналымы өнімнің техникалық регламентте белгіленген талаптарға сәйкес келуге тиістігі және бұл туралы тұтынушыға дейін ақпаратты жеткізу тәсілдері (техникалық регламенттерге сәйкестігі туралы ілеспе құжаттамада көрсету, сәйкестік сертификатының немесе сәйкестік декларациясының немесе мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің, техникалық немесе нормативтік құжаттаманың немесе тиісті алдын алуларды, жинақтау схемаларын және басқаларды қоса алғанда, өнімді дұрыс пайдалану немесе қолдану жөнінде нұсқаулардың болуы) туралы ереже белгіленетін шарттар айқындалады;

      4) өнімнің және оның тіршілік процестерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар белгіленеді, онда зиян келтіру қауіп-қатерінің деңгейін ескере отырып, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ең төменгі қажетті талаптар белгіленеді. Техникалық регламентте зиян келтіру қауіп-қатерінің деңгейін ескере отырып, Заңның 18-бабының 6-тармағына сәйкес техникалық реттеу объектілеріне қойылатын арнайы талаптарды қамтуы мүмкін.

      Талаптар адам өмірі мен денсаулығына және қоршаған ортаға тікелей зиян келтіру мүмкіндігімен байланысты тек өнімге және қажет болған кезде оның тіршілік циклінің процестеріне белгіленеді.

      Ең төменгі қажетті талаптар осы өнімге тән әлеуетті қауіптің (тәуекелдің) әр түрі бойынша қауіпсіздікті қамтамасыз етудің қажетті түпкілікті нәтижесін нақты сипаттау жолымен белгіленеді. Бұл ретте қауіпсіздік мақсатына қол жеткізу әдісі осы мақсат көрсетілген әдісті ерекше қолдануға қол жеткізе алатын жағдайлардан басқа регламенттелмейді.

      Өнімнің техникалық сипаттамаларының сандық мәндері, егер олар: "аспайтын", "кемінде", "ұстауға жол берілмейді" деген тұрақты шамасы бар болған жағдайда, белгіленуі мүмкін.

      Қауіпсіздік көрсеткіштері техникалық регламентке қосымша түрінде ресімделуі мүмкін.

      Егер ұзақ пайдалану зиян келтіруі мүмкін, зиян келтіру рұқсат етілетін тәуекел дәрежесін анықтауға мүмкіндік бермейтін факторларға байланысты өнімге қойылатын талаптарды анықтау мүмкін емес жағдайда, техникалық регламент өнімнің болуы мүмкін зияны мен оларға байланысты болатын факторлар туралы тұтынушыға хабарлауға қатысты талаптарды қамтуға тиіс;

      5) сынаманы іріктеу және өнімдерді сынау қағидалары, сәйкестікті растау қағидалары мен нысандары, оның ішінде сәйкестікті растау схемасы (сәйкестікті растау нысандары мен схемасын таңдау сәйкестікті растаудан өткен өнімді қолданудан күмәнді бағалау мен залал келудің жиынтық қаупін ескеріп жүзеге асырылуға тиіс) және (немесе) терминологияға, буып-түюге, таңбалауға немесе затбелгі салуға және оларды түсіру қағидаларына қойылатын талаптар болуы мүмкін;

      6) техникалық регламентті, нормативтік немесе техникалық құжаттамаларды әзірлеу және(немесе) түзетуді қолданысқа енгізуге, сондай-ақ өнімді шығаруға байланысты мәселелер ескерілуге тиіс өтпелі кезеңнің уақытын белгілейтін техникалық регламентті қолданысқа енгізу мерзімі мен шарттары белгіленеді;

      7) қолдану нәтижесінде ерікті негізде техникалық регламенттің талаптарын сақтауды қамтамасыз ететін стандарттар тізбесі, сондай-ақ зерттеу (сынақ) және өлшем қағидалары мен әдістерін, оның ішінде үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын және техникалық регламенттің талаптарын қолдану және орындау және өнімнің сәйкестігін (растауын) бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті стандарттар тізбесі (бұдан әрі - тізбелер) техникалық регламент жобасына қосымша түрінде ресімделеді.

      Тізбелерді әзірлеу стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарды оған енгізу арқылы осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларда көзделген нысандар бойынша жүзеге асырылады.

      Техникалық регламент жобасын әзірлеуге жауапты мемлекеттік органдар жылына 1 реттен жиі емес қабылдау мониторингі, қолдану, жаңару және тиiстi стандарттардың күшін жою нәтижелері негiзiнде өзгерістер енгізу және тізбелерді өзектендіру бойынша негізделген ұсыныстарын дайындайды және уәкілетті органға ұсынуды қамтамасыз етеді.

      10. Заңмен көзделген талаптарды қоспағанда, осы Қағидалардың 7 және 9-тармақтарымен белгіленген талаптар сәйкестікті растау рәсімдеріне қойылатын талаптарды ғана белгілейтін жеке техникалық регламенттерге ішінара қолданылмайды.

3. Техникалық регламенттерді сараптау

      11. Техникалық регламент жобасы, мүдделі ұйымдардың пікірлерінің көшірмелері, техникалық регламент жобасына ұсынылған ескертулер мен ұсыныстар және қолданыстағы және ұсынылатын редакциядағы ескертулер мен ұсыныстар авторы көрсетілген, сонымен қатар ұсынылған ескертулер мен ұсыныстарға әзірлеуші қорытындысымен кесте түрінде ресімделген пікірлер жинағы:

      1) Заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген мақсаттарға және техникалық реттеу саласындағы халықаралық келісімшарттарға сәйкестігін белгілеу мақсатында уәкілетті органға;

      2) өнімнің және (немесе) процестердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ең төменгі қажетті талаптардың жеткіліктілігін, талаптардың республиканың халықаралық міндеттемелерімен үйлесімділігін, дамудың ғылыми-техникалық деңгейі мен материалдық-техникалық базаның сәйкестігі мақсатында мүдделі мемлекеттік органдарға және (немесе) мүдделі мемлекеттік органдардың сараптамалық кеңестеріне қарауға жіберіледі.

      Техникалық регламент жобасын және осы тармақта жазылған, оған қоса берілген материалдарды қарау олар түскен күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі.

      12. Техникалық регламент жобасын әзірлеуге жауапты мемлекеттік органдар қорытындыны, оның ішінде осы Қағидалардың 11-тармағына сәйкес ескертулер мен ұсыныстарды алғаннан кейін пысықталған техникалық регламент жобасын уәкілетті органға күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде жібереді, ол оны Комиссия қарауына шығаруды ұйымдастырады.

      Комиссия отырысын өткізу нәтижелері бойынша хаттама жасалады және күнтізбелік он күн ішінде техникалық регламент жобасын әзірлеуге жауапты мемлекеттік органдарға жіберіледі.

4. Техникалық регламенттерді қабылдау, өзгерту және олардың күшін жою

      13. Техникалық регламентті қабылдау және оның күшін жою Заңның 19-бабына сәйкес, сондай-ақ "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

      14. Техникалық регламентке өзгерістер мен толықтырулар енгізу осы Қағидалардың 2 және 3-тарауларына сәйкес жүзеге асырылады.

  Техникалық регламенттерді әзірлеу,
сараптау, қабылдау, өзгерту және
олардың күшін жою қағидаларына
1-қосымша

      1-нысан

Қолдану нәтижесінде ерікті негізде техникалық регламенттің
талаптарын сақтауды қамтамасыз ететін стандарттар тізбесі

р/с №

Техникалық регламенттің элементтері

Стандарттың белгіленуі

Стандарттың атауы

Ескертпе

1

2

3

4

5


      Ескертпе:

      1. 2-бағанда стандарт талаптарының орындалуын қамтамасыз етілетін техникалық регламенттің элементтеріне сәйкестігі көрсетіледі (абзац, тармақша, тармақ, бап, қосымша).

      2. 3-бағанда, егер техникалық регламент талаптарының сақтау стандарттың жекеленген бөлімдерін (тармақтарды, тармақшаларды) қолданылуын қамтамасыз ететін болса, стандарттың белгіленуі жалпы және/немесе бөлімдері (тармақтары, тармақшалары) көрсетіледі.

      3. 5-бағанда орнына алмастырылған стандарт (күн – екі араб санымен, ай - екі араб санымен, жыл – төрт араб санымен) әзірленген стандарттың қолданылу күнінің аяқталуы туралы ақпарат және (немесе) алмастырылған және алмастырылатын стандарттың қолданылуы мүмкін, қажетті жағдайда өтпелі кезеңді белгілеу туралы ақпарат көрсетіледі.

  Техникалық регламенттерді әзірлеу,
сараптау, қабылдау, өзгерту және
олардың күшін жою қағидаларына
2-қосымша

      2-нысан

Зерттеу (сынақ) және өлшеу қағидалары мен әдістерін, оның ішінде үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын және техникалық регламенттің талаптарын қолдану және орындау және өнімнің сәйкестігін (растауын) бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті стандарттар тізбесі

р/с №

Техникалық регламенттің элементтері

Стандарттың белгіленуі

Стандарттың атауы

Ескертпе

1

2

3

4

5


      Ескертпе:

      1. 2-бағанда стандартта белгіленген зерттеу (сынақ) және өлшеу қағидалары мен әдістерін, оның ішінде үлгілерді іріктеу қағидаларын қолдану арқылы сәйкестігі расталуы мүмкін техникалық регламенттің элементтері көрсетіледі (абзац, тармақша, тармақ, бап, қосымша).

      2. 3-бағанда техникалық регламент талаптарының сақтау стандарттың жекеленген бөлімдерін (тармақтарды, тармақшаларды) қолданылуын қамтамасыз ететін болса, стандарттың белгіленуі жалпы және/немесе бөлімдері (тармақтары, тармақшалары) көрсетіледі.

      3. 5-бағанда орнына алмастырылған стандарт (күн – екі араб санымен, ай - екі араб санымен, жыл – төрт араб санымен) әзірленген стандарттың қолданылу күнінің аяқталуы туралы ақпарат және (немесе) алмастырылған және алмастырылатын стандарттың қолданылуы мүмкін, қажетті жағдайда өтпелі кезеңді белгілеу туралы ақпарат көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады