Арнайы әлеуметтік қызметтер ұсынатын субъектінің меншік нысанына қарамастан әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптарын және оларды аттестаттау қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 21 тамыздағы № 538 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 23 қыркүйекте № 12104 болып тіркелді.

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 27.08.2018 № 427 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес арнайы әлеуметтік қызметтер ұсынатын субъектінің меншік нысанына қарамастан әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптары;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес арнайы әлеуметтік қызметтер ұсынатын субъектінің меншік нысанына қарамастан әлеуметтік қызметкерлерді аттестаттау қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 27.08.2018 № 427 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Мектепке дейінгі және орта білім, ақпараттық технологиялар департаменті (Ж.А. Жонтаева) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін ресми жариялауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының білім және ғылым вице-министрі Е.Н. Иманғалиевқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр А. Сәрінжіпов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау және

      әлеуметтік даму министрі

      __________Т. Дүйсенова

      21 тамыз 2015 жыл



  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 21 тамыздағы
№ 538 бұйрығына
1-қосымша

Арнайы әлеуметтік қызметтер ұсынатын субъектінің меншік нысанына қарамастан әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптары

      Ескерту. Біліктілік талаптары жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 27.08.2018 № 427 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптары "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына, "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және арнайы әлеуметтік қызметтер ұсынатын субъектінің меншік нысанына қарамастан білім беру саласындағы әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын талаптарды белгілейді.

      2. Әлеуметтік қызметкерге қойылатын біліктілік талаптары: "Әлеуметтік жұмыс" мамандығы бойынша жоғары білім немесе "Әлеуметтік жұмыс" мамандығы бойынша қосымша білімі бар жоғары педагогикалық білім, техникалық және кәсіптік білім (әлеуметтік, педагогикалық, медициналық) немесе (және) "Әлеуметтік жұмыс" мамандығы бойынша біліктілігін арттыру курстарынан өткендігі туралы сертификат (куәлік).

      2-1. Арнайы әлеуметтік қызметтер ұсынатын субъектінің меншік нысанына қарамастан Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 333 бұйрығымен бекіліген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29355 болып тіркелді) әлеуметтік қызметкерлердің кәсіптік мінез-құлық әдебі нормасын сақтайды.

      Ескерту. Талаптар 2-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Оқу-ағарту министрінің 24.01.2023 № 14 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Біліктілігі жоғары деңгейдегі әлеуметтік қызметкердің біліктілігіне қойылатын талаптар:

      1) жоғары санатқа - жоғары білім (әлеуметтік, медициналық, экономикалық, психологиялық, педагогикалық), немесе (және) "Әлеуметтік жұмыс" мамандығы бойынша біліктілігін арттыру курстарынан өткені туралы сертификаттың (куәліктің) болуы, немесе (және) арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну бойынша мамандығы/магистратура, біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санаттағы маман ретінде кемінде екі жыл жұмыс өтілі;

      2) бірінші санатқа - жоғары білім (әлеуметтік, медициналық, экономикалық, психологиялық, педагогикалық), немесе (және) "Әлеуметтік жұмыс" мамандығы бойынша біліктілігін арттыру курстарынан өткені туралы сертификаттың (куәліктің) болуы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санаттағы маман ретінде кемінде бір жыл жұмыс өтілі;

      3) екінші санатқа - жоғары білім (әлеуметтік, медициналық, экономикалық, психологиялық, педагогикалық) және біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ маман ретінде кемінде бір жыл жұмыс өтілі;

      4) санаты жоқтарға - жоғары білім (әлеуметтік, медициналық, экономикалық, психологиялық, педагогикалық), жұмыс өтіліне талап қойылмайды.

      4. Біліктілігі орта деңгейдегі әлеуметтік қызметкердің біліктілігіне қойылатын талаптар:

      1) жоғары санатқа - техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік орта) (әлеуметтік, педагогикалық, медициналық) немесе (және) "Әлеуметтік жұмыс" мамандығы бойынша біліктілігін арттыру курстарынан өткені туралы сертификаттың (куәліктің) болуы, біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санаттағы маман ретінде кемінде екі жыл жұмыс өтілі;

      2) бірінші санатқа - техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік орта) (әлеуметтік, педагогикалық, медициналық) немесе (және) "Әлеуметтік жұмыс" мамандығы бойынша біліктілігін арттыру курстарынан өткені туралы сертификаттың (куәліктің) болуы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санаттағы маман ретінде кемінде бір жыл жұмыс өтілі;

      3) екінші санатқа - техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік орта) (әлеуметтік, педагогикалық, медициналық) немесе (және) "Әлеуметтік жұмыс" мамандығы бойынша біліктілігін арттыру курстарынан өткені туралы сертификаттың (куәліктің) болуы, біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ маман ретінде кемінде бір жыл жұмыс өтілі;

      4) санаты жоқтарға - техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік орта) (әлеуметтік, педагогикалық, медициналық) немесе (және) "Әлеуметтік жұмыс" мамандығы бойынша біліктілігін арттыру курстарынан өткені туралы сертификаттың (куәліктің) болуы, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 21 тамыздағы
№ 538 бұйрығына 2-қосымша

Арнайы әлеуметтік қызметтер ұсынатын субъектінің меншік нысанына қарамастан әлеуметтік қызметкерлерді аттестаттау қағидалары

      Ескерту. Қағиданың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 27.08.2018 № 427 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы әлеуметтік қызметкерлерді аттестаттау қағидалары белгіленген талаптарға сәйкес қажетті біліктілігі бар білім беру саласында арнайы әлеуметтік қызмет көрсететін әлеуметтік қызметкерлерді аттестаттау тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) арнаулы әлеуметтік қызметтер - өмірлік қиын жағдайда жүрген адамға (отбасына) туындаған әлеуметтік проблемаларды еңсеру үшін жағдайларды қамтамасыз ететін және оның қоғам өміріне қатысуына басқа азаматтармен тең мүмкіндіктер жасауға бағытталған қызметтер кешені;

      2) әлеуметтік қызметкер – арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсететін, белгіленген талаптарға сәйкес келетін қажетті біліктілігі бар арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін, әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге бағалау мен қажеттіліктерді айқындауды жүзеге асыратын қызметкер;

      3) әлеуметтік қызметкерді аттестаттау – әлеуметтік қызметкердің біліктілік деңгейінің біліктілік талаптарына сәйкестігін анықтау мақсатында жүргізілетін рәсім;

      4) әлеуметтік қызметкердің лауазымына орналасуға үміткер азаматтарға кәсіптік даярлығының деңгейін, құзыреттілігін және лауазымға сәйкес келуін айқындау мақсатында қойылатын талаптар;

      5) біліктілік санаты – әлеуметтік қызметкердің кәсіби даярлығының дәрежесі, онда жұмыс күрделілігінің белгілі дәрежесін орындауға қажетті білімнің, іскерлік пен дағдылардың болуы;

      3. Аттестаттау әлеуметтік қызметкердің біліктілік талаптарына сәйкестігі деңгейін анықтау үшін бес жылда бір реттен сиретпей өткізіледі, бірақ осы қызметке орналасқан күнінен бастап бір жыл толмай өткізілмейді, бала күтіміне байланысты демалыстағы адам жұмысқа шыққан соң алты айдан кейін ғана аттестатталады.

      4. Арнайы әлеуметтік қызметті ұсынатын субъектінің меншік нысанына қарамастан білім беру ұйымдарында арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсететін әлеуметтік қызметкер "Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы әлеуметтік қызметкерлерді аттестаттау қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2011 жылғы 28 маусымдағы № 237-ө бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7075 болып тіркелген) сәйкес өтініш негізінде аттестаттаудан өтеді.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 27.08.2018 № 427 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады