Биоотын өндірушілердің биоотын өндірісінің мониторингін жүзеге асыру үшін қажетті есептер ұсыну нысандары мен оларды облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына ұсыну қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 9 шілдедегі № 4-4/631 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 25 қыркүйекте № 12107 болып тіркелді.

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 06.12.2019 № 426 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Биоотын өндірісі мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 13-2) тармақшасына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 26.01.2023 № 35 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Мыналар:

      1) өткізілген шикізат көлемі туралы есеп нысаны осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;

      2) өндірілген биоотынның көлемі туралы есеп нысаны осы бұйрыққа 1-1-қосымшаға сәйкес;

      3) басқа жеткізушілерден биоотынның келуі туралы есеп нысаны осы бұйрыққа 1-2-қосымшаға сәйкес;

      4) Биоотын өндірушілердің биоотын өндірісінің мониторингін жүзеге асыру үшін қажетті есептерді облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына ұсыну қағидалары осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 26.01.2023 № 35 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
А. Мамытбеков

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Инвестициялар және даму министрі

      _____________ Ә. Исекешев

      2015 жылғы 21 шілде

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      _____________ Б. Сұлтанов

      2015 жылғы 26 тамыз

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      _____________ Е. Досаев

      2015 жылғы 21 тамыз



  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің 2015 жылғы
9 шілдедегі № 4-4/631
бұйрығына
1-қосымша
  Әкімшілік деректерді
жинауға арналған нысан

      Ұсынылады: облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына

      Әкімшілік деректер нысаны www.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған

Өткізілген шикізат көлемі туралы есеп

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 26.01.2023 № 35 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Әкімшілік деректер нысанының индексі: нысан № ОРС-1нысаны

      Жиілігі: тоқсан сайын

      Есепті кезең: ____ тоқсан ____ жыл

      Ақпаратты ұсынатын адамдар тобы: биоотын өндірушілер

      Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-күніне дейін

№ р/с

Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының кодына сәйкес шикізат түрі

Шикiзаттың келiп түскенi, тонна

Биоотын өндiрiсiнде пайдаланылған өзi өсiрген тамақ шикiзаты

Тамақ шикiзатын жеткiзушiнiң атауы, орналасқан жерi (облыс, аудан)

Тамақ шикiзатын жеткiзу шартының күнi, нөмiрi

Қолданылған қалдықтар, тонна

Қайта өңделген шикiзат, тонна

Шикiзаттың бүлiнгенi, жоғалғаны, тонна

1

2

3

4

5

6

7

8

9











Жиыны








      Атауы _____________________ Мекенжайы ________________________

      Телефоны ________________________

      Электрондық почтасы _______________________

      Бизнес сәйкестендіру нөмірі _________________________________

      Бас бухгалтер ___________________________________ __________________
аты, әкесінің аты (бар болса), тегі қолы

      20__ жылғы "__" __________

      Басшы немесе оның міндетін атқарушы тұлға

      ___________________________________________ __________________

      аты, әкесінің аты (бар болса), тегі қолы

      20__ жылғы "__" __________

  "Өткізілген шикізат көлемі
туралы есеп" әкімшілік
деректерін жинауға арналған
нысанға қосымша

"Өткізілген шикізат көлемі туралы есеп" әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсініктеме 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме "Өткізілген шикізат көлемі туралы есеп" әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанды (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысанды биоотын өндіруші толтырады.

      3. Нысанға биоотын өндірушінің басшысы не оның міндетін атқарушы адам, бас бухгалтер қол қояды.

      4. Нысанды биоотын өндіруші облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20 (жиырмасыншы) күніне дейін ұсынады.

      5. Нысан қазақ және орыс тілдерінде толтырылады.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсініктеме

      6. 1-бағанда реті бойынша нөмірі көрсетіледі.

      7. 2-бағанда Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының кодына сәйкес шикізат түрі көрсетіледі. Бидай үшін бидайдың осы партиясына техникалық реттеу саласындағы сәйкестікті бағалау жөніндегі құжаттың нөмірі мен күні қосымша көрсетіледі.

      8. 3-бағанда шикізаттың түсімі тоннамен көрсетіледі.

      9. 4-бағанда, егер оны өсіру көзделген жағдайда, биоотын өндірісінде пайдаланылған, өздерінде өсірілген тамақ шикізатының мөлшері көрсетіледі.

      10. 5-бағанда тамақ шикізатын жеткізушінің атауы, шыққан жері (облысы, ауданы) көрсетіледі.

      11. 6-бағанда тамақ шикізатын жеткізу шартының күні, нөмірі көрсетіледі.

      12. 7-бағанда қолданылған қалдықтар тоннамен көрсетіледі.

      13. 8-бағанда өңделген шикізаттың саны тоннамен көрсетіледі.

      14. 9-бағанда бүлінген, жоғалған шикізаттың саны тоннамен көрсетіледі.

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің 2015 жылғы
9 шілдедегі № 4-4/631
бұйрығына
1-1-қосымша
  Әкімшілік деректерді
жинауға арналған нысан

      Ұсынылады: облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына

      Әкімшілік деректер нысаны www.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған

Өндірілген биоотын көлемі туралы есеп

      Ескерту. Бұйрық 1-1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 26.01.2023 № 35 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Әкімшілік деректер нысанының индексі: № ОПБ-2 нысаны

      Жиілігі: тоқсан сайын

      Есепті кезең: ____ тоқсан ____ жыл

      Ақпаратты ұсынатын адамдар тобы: биоотын өндірушілер

      Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-күніне дейін


р/с

Дербес сәйкестендіру нөмірі - биоотын коды


Өндiрушiнiң өткізгені, тонна

Бүлiнгенi, жоғалғаны, литр

Өнiмдi қайтару, литр

Барлығы

Биоотын өндiретін тұлғаларға

мұнай өнiмдерiн компаундирлеуге

химия және онымен байланысты өнеркәсіп салаларының өнімдерін өндіруге

өзінің өндiрiстiк мұқтаждықтарына пайдаланылғаны

экспортқа

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10











Жиыны










      Атауы _____________________ Мекенжайы _________________________

      Телефоны ________________________

      Электрондық почтасы _______________________

      Бизнес сәйкестендіру нөмірі _________________________________

      Бас бухгалтер ____________________________________ __________________

      аты, әкесінің аты (бар болса), тегі қолы

      20__ жылғы "__" __________

      Басшы немесе оның міндетін атқарушы тұлға

      _____________________________________________ __________________

      аты, әкесінің аты (бар болса), тегі қолы

      20__ жылғы "__" __________

  Қосымша "өндірілген биоотын
көлемі туралы есеп" әкімшілік
деректерін жинауға арналған
нысанда

"Өндірілген биоотын көлемі туралы есеп" әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсініктеме 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсініктеме "Өндірілген биоотын көлемі туралы есеп" әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанды (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысанды биоотын өндіруші толтырады.

      3. Нысанға биоотын өндірушінің басшысы немесе оның міндетін атқарушы адам, бас бухгалтер қол қояды.

      4. Нысанды биоотын өндіруші облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20 (жиырмасыншы) күніне дейін ұсынады.

      5. Нысан қазақ және орыс тілдерінде толтырылады.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсініктеме

      6. 1-бағанда реті бойынша нөмірі көрсетіледі.

      7. 2-бағанда дербес сәйкестендіру нөмірі-биоотын коды көрсетіледі.

      8. 3-бағанда өткізілген биоотынның жалпы саны (3-баған = 4-баған + 5-баған + 6-баған + 7-баған+ 8-баған) литрмен көрсетіледі.

      9. 4-бағанда биоотын өндіретін тұлғаларға өткізілген биоотынның мөлшері литрмен көрсетіледі.

      10. 5-бағанда мұнай өнімдерін компаундирлеуге өткізілген биоотынның мөлшері литрмен көрсетіледі.

      11. 6-бағанда химия және онымен байланысты өнеркәсіп өнімдерін өндіруге өткізілген биоотын мөлшері литрмен көрсетіледі.

      12. 7-бағанда меншікті өндірістік мұқтаждарға пайдаланылған биоотын мөлшері литрмен көрсетіледі.

      13. 8-бағанда экспортқа өткізілген биоотынның мөлшері литрмен көрсетіледі.

      14. 9-бағанда өндіруші бүлдірген, жоғалтқан биоотынның мөлшері литрмен көрсетіледі.

      15. 10-бағанда өндірушіге қайтарылған биоотынның мөлшері, литрмен көрсетіледі.

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің 2015 жылғы
9 шілдедегі № 4-4/631
бұйрығына
1-2-қосымша
  Әкімшілік деректерді
жинауға арналған нысан

      Ұсынылады: облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына

      Әкімшілік деректер нысаны www.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

Басқа жеткізушілерден биоотынның келуі туралы есеп

      Ескерту. Бұйрық 1-2-қосымшамен толықтырылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 26.01.2023 № 35 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Әкімшілік деректер нысанының индексі: № ПБП-2 нысаны

      Жиілігі: тоқсан сайын

      Есепті кезең: ____ тоқсан ____ жыл

      Ақпаратты ұсынатын адамдар тобы: биоотын өндірушілер

      Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-күніне дейін

№ р/с

Жеткiзу түрi

Жеткiзу мақсаты

Жеткiзушi туралы мәлiмет

Жеткiзілген өнiм көлемi, литр

Бюджеттік сыныптама коды

Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды

Тауарларға арналған декларация нөмірі №

Тауарларға арналған декларация күнi

Жеке сәйкестендіру нөмірі/Бизнес сәйкестендіру нөмірі

Атауы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10












Жиыны:









      Атауы _____________________ Мекенжайы __________________________

      Телефоны ________________________

      Электрондық почтасы _______________________

      Бизнес сәйкестендіру нөмірі _________________________________

      Бас бухгалтер _____________________________________ ___________________

      аты, әкесінің аты (бар болса), тегі қолы

      20__ жылғы "__" __________

      Басшы немесе оның міндетін атқарушы тұлға

      ____________________________________________ ___________________
аты, әкесінің аты (бар болса), тегі қолы

      20__ жылғы "__" __________

  "Басқа жеткізушілерден
биоотынның келуі туралы есеп"
әкімшілік деректерін жинауға
арналған нысанға
қосымша

"Басқа жеткізушілерден биоотынның келуі туралы есеп" әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсініктеме

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсініктеме (бұдан әрі – түсініктеме) "Басқа жеткізушілерден биоотынның келуі туралы есеп" әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанды (бұдан әрі – нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысанды биоотын өндіруші толтырады.

      3. Нысанға биоотын өндірушінің басшы немесе оның міндетін атқарушы адам, бас бухгалтері қол қояды.

      4. Нысанды биоотын өндіруші облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20 (жиырмасыншы) күніне дейін ұсынады.

      5. Нысан қазақ және орыс тілдерінде толтырылады.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсініктеме

      6. 1-бағанда жолдың реттік нөмірі көрсетіледі.

      7. 2-бағанда биоотынды жеткізу түрі (импорт, ішкі нарықты жеткізу) көрсетіледі.

      8. 3-бағанда биоотынды жеткізу мақсаты (биоотынның басқа түрлеріне қайта өңдеу үшін, техникалық қажеттіліктер үшін, бұрын жеткізілген өнімді қайтару)көрсетіледі.

      9. 4-бағанда биоотын жеткізушінің жеке сәйкестендіру нөмірі / бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.

      10. 5 бағанда биоотын берушінің атауы көрсетіледі.

      11. 6-бағанда импорттық және ішкі өндірістің есепті кезеңі ішінде жеткізуші жеткізген биоотынның көлемі литрмен көрсетіледі.

      12. 7-бағанда бюджеттік сыныптаманың коды көрсетіледі.

      13. 8-бағанда Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасын кесіп өткен кезде тауарға берілетін Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды көрсетіледі. Баған жеткізілген биоотын импорт болған жағдайда толтырылады.

      14. 9-бағанда әкелінетін биоотынға тауарларға арналған декларацияның (бұдан әрі – ТД) нөмірі көрсетіледі. Баған жеткізілген биоотын импорт болған жағдайда толтырылады.

      15. 10-бағанда әкелінетін биоотынға ТД ресімделген күні көрсетіледі. Баған жеткізілген биоотын импорт болған жағдайда толтырылады.

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің 2015 жылғы
9 шілдедегі № 4-4/631
бұйрығына
2-қосымша

Биоотын өндірушілердің биоотын өндірісінің мониторингін жүзеге асыру үшін қажетті есептерді облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына ұсыну қағидалары

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 26.01.2023 № 35 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1 тарау. Жалпы ережелер

      1 Осы Биоотын өндірушілердің биоотын өндірісінің мониторингін жүзеге асыру үшін қажетті есептерді облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Биоотын өндірісі мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 13-2) тармақшасына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және биоотын өндірушілердің облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына қажетті есептерді ұсыну тәртібін айқындайды.

      2. Биоотын өндірушілер облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес нысандар бойынша биоотын өндірісінің мониторингін жүзеге асыру үшін қажетті есептерді (бұдан әрі – биоотын өндірісі бойынша есептер) ұсынады.

      3. Ұсынылған есептерді мониторингтеу нәтижелері бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы биоотын өндірісі саласындағы уәкілетті органға жыл қорытындысы бойынша талдамалық ақпарат ұсынады.

2-тарау. Биоотын өндірушілердің облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына биоотын өндірісінің мониторингін жүзеге асыру үшін қажетті есептерді ұсыну тәртібі

      4. Биоотын өндірісі туралы есептерді жасау кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді.

      5. Биоотын өндіру жөніндегі есептерді биоотын өндірушілер ақпараттық жүйе, тапсырылғаны туралы хабарламасы бар тапсырыс хатпен почта арқылы жібереді не облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының құжаттамалық қамтамасыз ету қызметіне қолма-қол енгізеді.

      6. Биоотын өндірісі бойынша есептер облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-на дейін ұсынылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады