Байланыс формасы

"Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, мониторингілеу және іске асырылуын бағалау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 129 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 12 қазандағы № 663 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 16 қазанда № 12178 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, мониторингілеу және іске асырылуын бағалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 129 бұйрығына («Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы
19 желтоқсанда № 9938 жарияланған нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Қағидалардың 53-тармақтың бірінші бөлігінің төртінші абзацы, 114-тармақтың оңыншы бөлігі, 115-тармақтың тоғызыншы бөлігі,  138-тармақтың тоғызыншы бөлігі 2015 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады.»;
      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, мониторингілеу және іске асырылуын бағалау қағидаларында:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Осы Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, қажетті сараптамалар жүргізу,  сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, іріктеу, мониторингілеу және іске асырылуын бағалау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 151-бабының  14-тармағына, 152-бабының 6-тармағына, 153-бабының 5 және  21-тармақтарына, 154-бабының 13-тармағына, 157-бабының 10 және  11-тармақтарына, 159-бабының 3 және 4-тармақтарына, 187-бабының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді.»;
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:
      1) бағалау (экономикалық сараптама барысында) – бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесінде не бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемесінде көрсетілген ақпаратты сипаттайтын тұжырымдар;
      2) бюджеттік бағдарламалар әкімшісі (бұдан әрі – ББӘ) – бюджеттік бағдарламаларды жоспарлауға, негіздеуге, іске асыруға және нәтижелерге қол жеткізуге жауапты мемлекеттік орган;
      3) бюджеттік инвестициялар – бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру жолымен заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын қалыптастыруға және (немесе) ұлғайтуға, мемлекет активтерін құруға және (немесе) дамытуға бағытталған республикалық немесе жергілікті бюджеттен қаржыландыру;
      4) бюджеттік инвестициялар бойынша қаржыландыру көздері – бюджеттік инвестицияларды іске асыруға бағытталған республикалық және/немесе жергілікті бюджеттердің қаражаты, оның ішінде қарыз қаражаты;
      5) бюджеттік инвестициялардың нәтижелiлiгі – заңды тұлғаның жарғылық капиталын қалыптастыру және (немесе) ұлғайту арқылы бюджеттік инвестициялардың экономикалық және қаржылық тиімділігінің, сондай-ақ тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу мүмкіндігінің есептеулерімен расталған дәлелдемелердің, сондай-ақ тиімділік пен сапа көрсеткіштерінің болуы;
      6) бюджеттік инвестициялардың орындылығы – заңды тұлғаның жарғылық капиталын қалыптастыру және (немесе) ұлғайту арқылы бюджеттік инвестицияларды жүзеге асырудың және бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асырудың экономикалық орындылығының, олардың ел экономикасына әсерінің негiздемесi және жобаның мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына сәйкес келуі;
      7) бюджеттік инвестициялық жоба (бұдан әрі – БИЖ) – жаңа объектілерді құруға (салуға) не қолда барларын реконструкциялауға, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді құруға, енгізуге және дамытуға бағытталған, белгілі бір уақыт кезеңі ішінде бюджет қаражаты есебінен бюджеттік бағдарлама әкімшісі тікелей іске асыратын және аяқталған сипаттағы іс-шаралар жиынтығы;
      8) бюджеттік инвестициялық жоба бойынша экономикалық қорытынды – мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның бюджеттік инвестициялық жобаны іске асырудың экономикалық орындылығы, оның елдің экономикасына әсер етуі және стратегиялық және (немесе) бағдарламалық құжаттарға сәйкес келуі тұрғысынан, бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесінің экономикалық сараптамасы қорытындысының негізінде дайындалған қорытындысы;
      9) бюджеттік инвестициялық жобаларды мониторингілеу – жаңа объектілер құру (салу) және қолда бар объектілерді реконструкциялау, сондай-ақ бюджет қаражаты бөлінген кезден бастап пайдалануға берілген кезге дейін ақпараттық жүйелерді құру, енгізу және дамыту барысы туралы тұрақты және жүйелі түрде ақпарат жинау мен талдау жөніндегі іс-шаралар жиынтығы;
      10) бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуын бағалау – объектіні пайдалануға беру не ақпараттық жүйелерді енгізу мен пайдалану сәтінен бастап жобаның мақсатына қол жеткізу дәрежесін және нақты алынған нәтижелердің жоспарланған нәтижелерге сәйкестігін айқындау жөніндегі шаралар жиынтығы;
      11) бюджеттік инвестициялық жобаны әзірлеуге немесе түзетуге арналған техникалық тапсырма – бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесіне қойылатын талаптарды, оның әлеуетті әзірлеушісіне қойылатын біліктілік талаптарын айқындайтын, сондай-ақ бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу немесе түзету жөніндегі жұмыстардың мерзімдері мен көлемін регламенттейтін құжат;
      12) бюджеттік инвестициялық жобаның жүзеге асырыла алатындығы – жоба нәтижелерінің (тікелей және түпкі) көрсеткіштеріне қолжетімділік;
      13) бюджеттік инвестициялық жобаның ресурстық және инфрақұрылымдық қамтамасыз етілуі – жобаның ресурстық және инфрақұрылымдық қамтамасыз етілу қажеттілігінің жоспарланған және қол жеткізілген деңгейін сипаттайтын көрсеткіштер;
      14) бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесінің экономикалық сараптамасы – салалық сараптама қорытындысының және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін басқа да сараптамалардың қорытындылары негізінде жүргізілетін жобаның жүзеге асырыла алатындығы мен тиімділігін айқындау тұрғысынан техникалық-экономикалық негіздемеде берілген ақпаратты кешенді бағалау;
      15) бюджеттік инвестициялық жобаның тиімділігі – бюджет қаражатының сұралатын көлемін пайдалана отырып, ең үздік тікелей нәтижеге қол жеткізу немесе жобаның мақсаттарына бюджет қаражатының ең аз көлемін пайдалана отырып қол жеткізу немесе жобаны іске асырудан оң экономикалық нәтиже алу;
      16) бюджеттік кредиттеу – бюджеттік кредитті беру, пайдалану, оған қызмет көрсету және оны өтеу туралы шешім қабылдау рәсімдерін қамтитын процесс;
      17) бюджеттік кредит есебінен іске асырылатын іс-шаралардың өзін-өзі ақтауы – бюджеттік кредит қайтарымдылығы және жобаның қаржылық тиімділігі есептеулермен расталған дәлелдемелердің болуы;
      18) іс-шараларды бюджеттік кредиттеу арқылы іске асырудың экономикалық және әлеуметтік тиімділігі – бюджеттік кредиттеу арқылы іске асыруға жоспарланатын жобадан әлеуметтік және экономикалық пайдалардың болуының есептеулермен расталған дәлелдемелерінің болуы;
      19) Гант диаграммасы – жобаның жоспары мен уақыт бойынша жұмыс кестесінің дәйектілігі мен ұзақтылығын графикалық көрсетуді бейнелеу үшін бюджеттік инвестициялардың электрондық порталында пайдаланылатын диаграмма;
      20) заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестицияларды мониторингілеу – тұрақты және жүйелi түрде ақпарат жинау, көрсетілген іс-шаралар түпкілікті іске асырылған кезге дейін заңды тұлғалардың акциялар пакетін (қатысу үлестерін) бастапқы жарғылық капиталды қалыптастыру, сатып алу арқылы республикалық немесе жергiлiктi бюджеттен тартылған заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестицияларды есепке алу мен олардың іске асырылуын талдау  іс-шараларының жиынтығы;
      21) заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестицияларды бағалау – іс-шаралар түпкілікті іске асырылған сәттен бастап мақсаттарға қол жеткiзу дәрежесi мен іс жүзінде алынған нәтижелердің жоспарланған нәтижелерге сәйкестігін айқындау жөніндегі шаралар жиынтығы;
      22) заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемесінің экономикалық сараптамасы – салалық сараптама қорытындысының және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес талап етілетін басқа да сараптамалардың қорытындылары негізінде жүргізілетін, іс-шаралардың негізділік пен нәтижелілік критерийлеріне сәйкес келуі тұрғысынан қаржылық-экономикалық негіздемеде берілген ақпаратты кешенді бағалау;
      23) заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялар бойынша экономикалық қорытынды – мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның бюджеттік инвестицияларды жүзеге асырудың экономикалық орындылығы, оның елдің экономикасына әсер етуі мен стратегиялық және (немесе) бағдарламалық құжаттарға сәйкес келуі тұрғысынан, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемесінің экономикалық сараптамасы қорытындысының негізінде дайындалған қорытындысы;
      24) заңды тұлғалардың іс-әрекетін жоспарлау құжаттары – ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын ұлттық компаниялардың 10 жылға арналған даму стратегиялары мен 5 жылға арналған даму жоспарлары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын ұлттық компаниялардың 10 жылға арналған даму стратегиялары мен 5 жылға арналған даму жоспарларын әзірлеу және бекіту жөніндегі заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестердің, мемлекеттік кәсіпорындардың өзге де квазимемелекеттік сектор субъектілерінің даму жоспарлары;
      25) заңды тұлғаның даму мақсаты – ағымдағы шығыстарды қаржыландыруды және ағымдағы шаруашылық қызмет шығыстарын жабуды көздемейтін, саланы дамытуға бағытталған іс-шараларды іске асыру, саладағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсарту;
      26) заңды тұлғаның жарғылық капиталын қалыптастыру және (немесе) ұлғайту арқылы бюджеттік инвестициялар (бұдан әрі – Инвестициялар) – заңды тұлғаның жарғылық капиталын республикалық немесе жергілікті бюджеттен қалыптастыру және (немесе) ұлғайту арқылы оны дамытуға бағытталған іс-шараларды іске асыру;
      27) заңды тұлғаның жарғылық капиталын қалыптастыру және (немесе) ұлғайту арқылы бюджеттік инвестицияларды алушы (бұдан әрі – Алушы) – жарғылық капиталды ұлғайту немесе қалыптастыру үшiн қаражаттың түпкiлiктi алушысы болып табылатын, iс-шараларды бюджеттік инвестициялар есебiнен iске асыратын заңды тұлға;
      28) заңды тұлғаның жарғылық капиталын қалыптастыру және (немесе) ұлғайту арқылы бюджеттік инвестициялардың негiздiлiгі – iс-шараларды iске асыруға арналған қаржыландыру көлемiнiң, сондай-ақ iс-шараларды меншікті және қарыз қаражаты есебінен қаржыландырудың мүмкiн болмауының құжаттармен және есептеулермен расталған дәлелдемелерінің болуы;
      29) инвестициялық ұсыныс – тиісті іс-шаралар жиынтығын қоса алғанда, стратегиялық мақсатқа қол жеткізу үшін мемлекеттік, салалық бағдарламаларды және аумақтарды дамыту бағдарламаларын іске асыру шеңберінде мемлекеттік инвестициялық жобаларды іске асырудың орындылығын негіздейтін, оған қол жеткізу жолдарын және ықтимал қаржыландыру тәсілдерін көрсететін, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері әзірлейтін тұжырымдамалық ұсыныс;
      30) инвестициялық ұсыныстың ақпараттық парағы – мемлекеттік инвестициялық жоба бойынша негізгі ақпаратты қамтитын, оны іске асыру орындылығын ашып көрсететін құжат;
      31) инвестициялық ұсыныстың экономикалық қорытындысы – салалық сараптама қорытындысының және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес талап етілетін басқа да сараптамалар қорытындыларының негiзінде жүргiзiлетiн, пайдалар мен шығындардың талдауын пайдалана отырып, инвестициялық ұсыныста берілген ақпаратты кешенді бағалау;
      32) квазимемлекеттік сектор субъектілері – мемлекеттік кәсіпорындар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, акционерлік қоғамдар, оның ішінде мемлекет қатысушысы немесе акционері болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар, сондай-ақ еншілес, тәуелді және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес олармен аффилиирленген болып табылатын өзге де заңды тұлғалар;
      33) концессиялық жоба – Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына және «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес шектеулі уақыт кезеңі ішінде іске асырылатын және аяқталған сипаттағы концессияны жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жиынтығы;
      34) кредитор – Қазақстан Республикасының бюджеттік және азаматтық заңнамасына сәйкес бюджеттік кредит беретін кредит шартының тарапы;
      35) Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы органдар айқындаған заңды тұлға – «Концессия мәселелері жөнінде мамандандырылған ұйым құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 шілдедегі № 693 қаулысына сәйкес «Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ немесе жергілікті атқарушы органның шешімімен айқындаған заңды тұлға;
      36) Қазақстан Республикасының Үкіметі не жергілікті атқарушы органдар айқындайтын заңды тұлғаның қаржы агенттіктерінің мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруына бюджеттік кредиттеудің қаржылық-экономикалық негіздемесінің экономикалық сараптамасы – іс-шаралардың «іс-шараларды бюджеттік кредиттеу арқылы іске асырудың экономикалық және әлеуметтік тиімділігі» және «бюджеттік кредит есебінен іске асырылатын іс-шаралардың өзін-өзі ақтауы» критерийлеріне сәйкестігі тұрғысынан қаржылық-экономикалық негіздемеде ұсынылған ақпаратты кешенді бағалау;
      37) қаржылық-экономикалық негіздеме (бұдан әрі – ҚЭН) – заңды тұлғалардың жарғылық капиталына бюджет қаражатын салудан алынатын нәтиженің орындылығы, негізділігі жөніндегі мәліметтерді және оның бағасын қамтитын құжат;
      38) қаржы агенттігі – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес экономиканың белгілі бір салаларында мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруға уәкілеттік берілген ұлттық басқарушы холдинг және акцияларының жүз пайызы ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңды тұлғалар, сондай-ақ мемлекет жүз пайыз қатысатын банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын және осы мақсаттарда Қазақстан Республикасының қаржы нарығынан және (немесе) халықаралық қаржы нарығынан қарыз алуды жүзеге асыратын ұйым;
      39) қаржы агенттіктерінің мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруын бюджеттік кредиттеудің қаржылық-экономикалық негіздемесі (бұдан әрi – бюджеттік кредиттің ҚЭН) – маркетингтік, әлеуметтік-экономикалық талдау, сондай-ақ іс-шараларды бюджеттік кредиттеу арқылы іске асырудың және өзін-өзі ақтауын және экономикалық және әлеуметтік тиімділігі мен негіздейтін нәтижелерді қамтитын құжаттама;
      40) қаржылық схема қатысушылары – квазимемлекеттік сектор субъектілері болып табылмайтын соңғы қарыз алушыларды қоспағанда, бюджеттік кредитті алуға және бөлуге қатысатын ұйымдар;
      41) қаржы-экономикалық негіздемені түзету – iс-шараларды, техникалық-технологиялық шешiмдердi толықтыруға және (немесе) өзгертуге, бекiтiлген iс-шараларға көзделген шығыстарды ұлғайтуға алып келетін, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялардың белгiленген қаржы-экономикалық параметрлерiнің өзгеруі;
      42) қарыз алушы – негізгі борышты өтеу және сыйақы, сондай-ақ кредиттік шартқа сәйкес басқа да төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттеме жүктелген, кредиттік шарттың бюджеттік кредитті алатын тарапы;
      43) қатысушылар (бұдан әрі – Қатысушылар) – заңды тұлғаның жарғылық капиталын қалыптастыру және (немесе) ұлғайту арқылы бюджеттік инвестицияларды алуға және бөлуге қатысатын ұйымдар;
      44) құрамдауыш – iс-шараның аяқталған сипаты бар құрамдас бөлiгi;
      45) маркетингтiк орта – белсенді субъектілер мен іс-шараларды бюджеттік инвестициялар есебінен іске асыратын, нысаналы клиенттермен табысты ынтымақтастық қатынастарын орнату және қолдау мүмкіндіктеріне ықпал ететін, жарғылық капиталды құру немесе ұлғайту үшін қаражаттың түпкілікті алушысы болып табылатын заңды тұлғаның қызметі жүзеге асырылатын жағдайлар жиынтығы;
      46) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның электрондық порталы бюджеттік инвестициялар мониторингінің модулі (бұдан әрі – электрондық портал) – жоспарланған және іске асырылып жатқан бюджеттік инвестицияларды есепке алу мен мониторингілеуді автоматтандыруға арналған ақпараттық жүйе;
      47) мемлекеттік инвестициялық жоба (бұдан әрі – МИЖ) – бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыру және концессиялық жобаларды іске асыру арқылы мемлекеттің стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған іс-шаралар кешені;
      48) өнiм – материалдық-заттай (материалдық өнiм) немесе материалдық емес (зияткерлiк өнiм) нысанында немесе жұмыстар және (немесе) қызметтер, оның iшiнде қаржылық көрсетілетін қызметтер түрiнде берiлген шаруашылық қызметiнiң нәтижесi;
      49) салалық сараптаманың қорытындысы – мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын немесе бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін немесе бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемесін салалық дамудың басымдықтарына сәйкес келуі тұрғысынан бағалау;
      50) сметалық құн – құрылысқа арналған жобалау құжаттамасын әзірлеу кезінде сметалық нормативтерге сәйкес айқындалатын объект (кешен) құрылысының құны;
      51) техникалық-экономикалық негіздеме (бұдан әрі – ТЭН) – негізгі техникалық, технологиялық және өзге шешімдер туралы мәліметтерді, сондай-ақ негізгі техникалық-экономикалық параметрлерді айқындай отырып, пайдалар мен шығындарды экономикалық талдаудың негізінде жүргізілетін, бюджеттік инвестициялық жобаның жүзеге асырыла алатындығын және тиімділігін зерделеу нәтижелерін қамтитын құжат;
      52) техникалық-экономикалық негіздемені түзету – техникалық шешімдердің өзгеруіне және қосымша шығыстарға алып келетін бюджеттік инвестициялық жобаның белгіленген техникалық-экономикалық параметрлерінің өзгеруі;
      53) техникалық-экономикалық параметрлер – техникалық-экономикалық негіздемеде көзделген, сондай-ақ ақпараттық жүйе параметрлерін ескеретін негізгі көрсеткіштер;
      54) түпкілікті қарыз алушы - кредитор немесе қаржы агенттігі айқындаған шарттармен мамандандырылған ұйым немесе жергілікті атқарушы органның атынан қарыз алушы беретін бюджеттік кредитті соңғы алушы;
      55) түпкілікті нәтиже – белгілі бір мемлекеттік орган қызметінің, басқа да мемлекеттік органдар қызметінің тікелей нәтижелеріне қол жеткізуіне негізделетін, халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасының, әлеуметтік саланың, экономиканың, қоғамдық қауіпсіздіктің және мемлекеттік басқарудың басқа да салаларының мақсатты жай-күйі (жай-күйінің өзгерісі);
      56) тікелей нәтиже – қол жеткізілуі осы функцияларды, өкілеттіктерді жүзеге асыратын немесе қызметтер көрсететін ұйымның қызметіне толықтай тәуелді болатын, көзделген бюджет қаражаты шегінде атқарылатын мемлекеттік функциялардың, өкілеттіктер мен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көлемінің сандық сипаттамасы;
      57) іс-шара – бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыру шеңберінде орындалатын міндеттерді атқаруға бағытталған өзара байланысты құрамдауыш (тар) кешені.»;
      5-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «МИЖ мынадай түрлерге бөлінеді:
      1) мыналарға:
      техникалық күрделі және (немесе) бірегей, техникалық жеңіл және (немесе) үлгілік болуы мүмкін объектілерді құруға (салуға) және реконструкциялауға, ақпараттық жүйелерді құруға, енгізуге және дамытуға;
      квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталын құру немесе ұлғайту арқылы саланың (салалардың) институционалдық дамуына бағытталуы мүмкін бюджеттік инвестициялар;»;
      6-тармақтың 6) және 7) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) БИЖ ТЭН-і не Инвестициялардың ҚЭН-і түзетілген жағдайда қосымша мыналар:
      БИЖ-дің ТЭН-і не Инвестициялардың ҚЭН-і бойынша өзгертілуі болжамданатын техникалық шешімдер және (немесе) қосымша шығыстар көрсетілген салыстырма кесте, сондай-ақ бекітілген БИЖ-дің ТЭН-і не Инвестициялардың ҚЭН-і;
      Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі органның бюджет қаражатының нысаналы пайдаланылуы тұрғысынан, сондай-ақ, құжаттар берілген күннен бастап 6 (алты) айдан кешіктірмей белгіленген, жоба бойынша қаржыландыру басталған болса, бұзушылықтардың болмауы мәніне актісі;
      құрамдауыштар және оларды әзірлеу мерзімдері бөлінісінде БИЖ  ТЭН-ін немесе Инвестициялар ҚЭН-ін түзету, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу құнының есептеме-негіздемесі ұсынылады;
      егер МИЖ шет мемлекеттердің аумағында іске асырылатын жағдайда, МИЖ-дің бастапқы және түзетуге ұсынылатын құнын растайтын, аумағында осы жоба іске асырылатын мемлекеттің құрылыс саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген тиісті құжаттар аталған заңнаманың мәтінін қоса бере отырып және мемлекеттік және (немесе) орыс тілдеріне аудармасын қамтамасыз ете отырып ұсынылады;
      мемлекеттік органның бірінші басшысы немесе оны алмастыратын тұлғаның қолы қойылып ұсынылатын бұрын бекітілген ТЭН-нің және (немесе) бюджеттік инвестициялардың жобалау-сметалық құжаттамасының (бұдан әрі – ЖСҚ) жобалық шешімдеріне енгізу болжанатын өзгерістердің орындылығы туралы ведомстводан тыс кешенді сараптама хаты;
      бекітілген БИЖ-дің ТЭН-інде немесе Инвестициялардың ҚЭН-інде көрсетілген көрсеткіштерге, қол жеткізу немесе жеткізбеу туралы ақпаратты қамтитын, оның себептері көрсетіле отырып, оның ішінде бөлінген бюджет қаражаты толық игерілген кезде, ББӘ – мемлекеттік органның бірінші басшысы не оны алмастыратын тұлға қол қойған түсіндірме жазба;
      7) квазимемлекеттік сектор субъектілері заңды тұлғалардың активтерін, атап айтқанда, жарғылық капиталының үлестерін сатып алған жағдайда:
      егер активтердің құны ағымдағы бағамен 1300000 (бір миллион үш жүз мың) айлық есептік көрсеткіштен аспайтын болса, тәуелсіз бағалау компаниялары дайындаған;
      егер активтердің құны ағымдағы бағамен 1300000 (бір миллион үш жүз мың) айлық есептік көрсеткіштен асатын болса, халықаралық кәсіптік бағалаушылар ұйымдары дайындаған осы активтер құнының бағалау қорытындысын ұсыну қажет;»;
      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «13. Байланыс және ақпараттандыру саласындағы БИЖ-дің ТЭН-ін әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамаларды жүргізу құнының есептеулері байланыс және ақпараттандыру саласындағы орталық уәкілетті орган бекітетін ақпараттық жүйелерді құруға, дамытуға және сүйемелдеуге арналған шығындар нормативіне сәйкес келуі тиіс.
      Егер МИЖ шет мемлекеттердің аумағында іске асырылатын жағдайда, МИЖ-дің құнын растайтын, аумағында осы жоба іске асырылатын мемлекеттің құрылыс саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген тиісті құжаттар аталған заңнаманың мәтінін қоса бере отырып және мемлекеттік және (немесе) орыс тілдеріне аудармасын қамтамасыз ете отырып ұсынылады.»;
      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «14. МИЖ инвестициялық ұсынысқа, оның ішінде осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген құжаттарға мемлекеттік органның бірінші басшысы – ББӘ не оны алмастыратын тұлға қол қояды, инвестициялық ұсынысты әзірлеу үшін жауапты ББӘ құрылымдық бөлімшесінің басшысы әрбір парағын дәйектейді және ресми құжаттарға арналған Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімделеді.
      Бір ББӘ-нің құзыретіне жатқызуға болмайтын, экономиканың әртүрлі салаларындағы жобаларды іске асыруды көздейтін, ұлттық холдингтер мен ұлттық басқарушы холдингтің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыру жоспарланған МИЖ инвестициялық ұсынысы бойынша осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген құжаттарға мемлекеттік органның бірінші басшысы – ББӘ не оны алмастыратын тұлға, немесе мемлекеттік органның бірінші басшысы уәкілеттік берген тұлға – ББӘ қол қояды»;
      17-тармақтың үшінші бөлігі алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 36-1-тармақпен толықтырылсын:
      «36-1. Егер БИЖ шет мемлекеттердің аумағында іске асырылатын жағдайда, БИЖ-дің құнын растайтын, аумағында осы жоба іске асырылатын мемлекеттің құрылыс саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген тиісті құжаттар аталған заңнаманың мәтінін қоса бере отырып және мемлекеттік және (немесе) орыс тілдеріне аудармасын қамтамасыз ете отырып ұсынылады.»;
      52-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «52. БИЖ ТЭН-інің экономикалық сараптамасы ұсынылған БИЖ ТЭН-інің, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның инвестициялық ұсынысқа арналған экономикалық қорытындысы және жобаның ерекшелігіне қарай талап етілетін БИЖ ТЭН-і сараптамаларының тиісті оң қорытындыларының, атап айтқанда:
      1) ведомстводан тыс кешенді сараптаманың қорытындысы;
      2) салалық сараптама қорытындысының негізінде жүргізіледі.»;
      59-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «59. Қажетті ақпаратты ұсыну және/немесе жүргізілген сараптамалармен қамтылмаған немесе толық қамтылмаған мәселелер бойынша қосымша сараптамаларды жүргізу бойынша сұрау салу тиісті ББӘ-ге, сұрау салудың көшірмесі осы Қағидалардың 52 – 56, 58-тармақтарында көрсетілген құжаттардың толық топтамасы түскен күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органға жіберіледі.
      Бұл ретте олардың сканерленген көшірмелері БИЖ Қысқаша сипаттамасында көрсетілген ББӘ өкілінің электрондық пошта мекенжайына жіберіледі.»;
      60-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «60. ББӘ хаттың сканерленген көшірмелері түрінде сұрау салудың түскен сәтінен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде қажетті ақпаратты БИЖ ТЭН-інің экономикалық сараптамасын жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Үкіметі не жергілікті атқарушы органдар айқындаған заңды тұлғаға ұсынады немесе ақпаратты ұсыну үшін қосымша, бірақ 25 (жиырма бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімнің қажеттілігі туралы хабардар етеді.»;
      68-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) БИЖ ТЭН-інің мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның инвестициялық ұсынысқа арналған оң экономикалық қорытындысына сәйкестігі туралы ақпарат.»;
      72-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «72. «Жоба бойынша жалпы тұжырымдар» (экономикалық сараптаманың қортындылары бойынша) деген бөлімде:
      1) негізгі техникалық-экономикалық параметрлер:
      жобаны іске асыру орны;
      жобаның мақсаты;
      нәтиже (тікелей және түпкілікті) көрсеткіштері;
      жобаның құрамдауыштары;
      қаржыландырылуы жылдар және құрамдауыштар бойынша бөлінген жобаның жалпы құны;
      2) жоба бойынша негізгі тұжырымдар:
      тәуекелдерді талдауды бағалау;
      жобаның жүзеге асатындығына алғышарттардың болуын бағалау;
      жобаның тиімділігіне алғышарттардың болуын бағалау;
      3) жоба бойынша қорытынды (оң қорытынды немесе теріс қорытынды, немесе пысықтауға қорытынды) көрсетіледі.»;
      74-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «74. Кейіннен қажетті сараптамалар жүргізе отырып, БИЖ ТЭН түзету техникалық шешімдерді өзгертуге және қосымша шығыстарға алып келетін бюджеттік инвестициялық жобаның белгіленген техникалық-экономикалық параметрлері өзгерген жағдайда жүргізіледі.
      Егер БИЖ бойынша қаржыландыру көзін сыртқы үкіметтік қарыз алуға өзгерту (толықтыру) жоспарланса, онда жобаны одан әрі ведомстводан тыс кешенді сараптамадан басқа қажетті сараптамаларды өткізіп басқару, сүйемелдеу, құрылысты қарау, институциональдық дамыту бойынша консультациялық қызметтер қосымшасы ғана қосымша қосу бөлігінде ТЭН түзетіледі.
      Бұл ретте, осы қосымша осы Қағидалардың 46-тармағында көрсетілген ақпарат қамтылады.
      Егер жобаның жалпы құны өзгеріссіз және тиісті халықаралық қаржы ұйымдары тарапынан жоғарыда аталған өзгерістер мақұлданса, бюджетті іс-шаралар ішінде немесе арасында, сонымен қатар Қазақстан Республикасы ратификациялаған, Қазақстан Республикасы мен халықаралық қаржылық ұйымдар арасында жасасқан қарыз туралы шарттар шеңберінде іске асырылып жатқан жобаларға шығындар санаттары арасында қайта бөлу кезінде кейін сараптамалар өткізумен ТЭН-ді түзету қажет етілмейді.»;
      мынадай мазмұндағы 74-1-тармақпен толықтырылсын:
      «74-1. Экономикалық сараптама жүргізбей және экономикалық қорытынды алмай ТЭН түзету мынадай:
      1) осы Қағидалардың 74-тармағының төртінші бөлігінде көзделген;
      2) осы Қағидалардың 116-тармағында көзделген;
      3) егер техникалық шешімдерді өзгертпей және қосымша шығыстарсыз іс-шараларды іске асыру дәйектілігі өзгерген жағдайларда жүргізіледі.
      Бюджет комиссиясының қарауынсыз және ұсынысынсыз түзетілген БИЖ ТЭН-ін бекітуге жол берілмейді.»;
      мынадай мазмұндағы 75-1-тармақпен толықтырылсын:
      «75-1. БИЖ ТЭН түзету мәселелерін қарау осы Қағидалардың  114-тармағында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.»;
      76-тармақ алып тасталсын;
      78-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «78. Осы Қағиданың 74-1 тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, түзетілген БИЖ ТЭН-ін қарау үшін ББӘ мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) мемлекеттік органның бірінші басшысы не оның орынбасары қол қойған тиісті салыстырма кестені қоса бере отырып, өзгеруі болжанатын техникалық шешімдер мен қосымша шығыстар көрсетілген ББӘ – мемлекеттік органның бірінші басшысы не оның орынбасары қол қойған өтінім-хат;
      2) бірінші басшы не оны алмастыратын тұлға қол қойған және Қазақстан Республикасының заңнамасында ресми құжаттар үшін белгіленген тәртіппен ресімделген, техникалық шешімдерді өзгертудің және шығыстар көздеудің орындылығын растайтын, тиісті саладағы уәкілетті органның салалық сараптамасының қорытындысы;
      3) бірінші басшы немесе оны алмастыратын тұлға немесе бірінші басшының орынбасары қол қойған ресми хат нысанында ұсынылатын және техникалық шешімдерді өзгертудің болжанған параметрлерінің және қосымша шығыстарды көздеудің талап ететін негізділігі мен дұрыстығын растайтын жобаның ерекшелігіне байланысты тиісті уәкілетті мемлекеттік органның қосымша салалық сараптама қорытындысы;
      4) түзетілген БИЖ ТЭН-і;
      5) осы Қағидалардың 52 және 53-тармақтарына сәйкес БИЖ-дің ерекшелігіне байланысты түзетілген БИЖ ТЭН-ге сараптамалардың қорытындылары мен талап етілетін құжаттар;
      6) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның оң қорытындысын алған кезде (бекітілген бастапқы БИЖ ТЭН-і бойынша) бұрын қаралған БИЖ ТЭН бойынша сараптамалардың қорытындылары мен құжаттар;
      7) бюджет комиссиясының БИЖ ТЭН-ін түзету орындылығы бойынша тиісті ұсынысының көшірмесі;
      8) Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі органның бюджет қаражатының нысаналы пайдаланылуы тұрғысынан, сондай-ақ, құжаттар берілген күннен бастап 6 (алты) айдан кешіктірмей белгіленген, жоба бойынша қаржыландыру басталған болса, бұзушылықтардың болмауы мәніне актісі;
      9) егер БИЖ шет мемлекеттердің аумағында іске асырылатын жағдайда, БИЖ-дің құнын растайтын, аумағында осы жоба іске асырылатын мемлекеттің құрылыс саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген тиісті құжаттар аталған заңнаманың мәтінін қоса бере отырып және мемлекеттік және (немесе) орыс тілдеріне аудармасын қамтамасыз ете отырып ұсынылады.»;
      110-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «110. ЖСҚ-ны түзетуге немесе оған бекітілген ТЭН-де немесе БИЖ-дің үлгі жобасында көзделмеген, қосымша бюджет шығыстарына алып келетін қосымша құрауыштарды енгізуге байланысты БИЖ-дің сметалық құнын бюджет комиссиясының қарауынсыз және ұсынуынсыз ұлғайтуға жол берілмейді.»;
      113114115-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «113. Стратегиялық және (немесе) әлеуметтік маңызы бар, республикалық бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттері есебінен астанада іске асырылатын, сметалық құнын ұлғайту ЖСҚ-ны түзетуге немесе оған бекітілген ТЭН-де немесе БИЖ-дің үлгі жобасында көзделмеген, қосымша бюджет шығыстарына алып келетін қосымша құрамдауыштарды енгізуге байланысты, осы Қағидалардың 114 және 115-тармақтарында айқындалған тәртіппен республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 1000000 астам еселенген мөлшерін құрайтын жергілікті БИЖ-ді қоспағанда, жергілікті БИЖ-ді, сондай-ақ сметалық құнын ұлғайту болжанатын, нысаналы даму трансферттері мен жоғары тұрған бюджеттен бөлінетін кредиттер есебінен қаржыландыру жоспарланатын жергілікті БИЖ-ді қарауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган жүзеге асырады.
      114. БИЖ ТЭН-ін түзету немесе ТЭН түзетуді талап ететін БИЖ-дің сметалық құнын ұлғайту мәселелерін шығару екі кезеңде жүзеге асырылады.
      Бірінші кезең бойынша:
      1) осы Қағидалардың 74-1-тармағында көзделген жағдайлардан басқа, ББӘ-нің БИЖ ТЭН-ді түзету бойынша инвестициялық ұсыныс әзірлеуі және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органға ұсынуы;
      2) тиісті бюджет комиссиясының ББӘ ұсынатын құжаттардың және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға БИЖ ТЭН-ін түзету бойынша инвестициялық ұсынысына оң экономикалық қорытындының негізінде БИЖ ТЭН-ін түзетудің және БИЖ ТЭН-ді түзетуді қаржыландырудың (қажет болған жағдайда) орындылығын айқындау бойынша шешімі. Егер осы Қағидалардың 74-1-тармағында көзделген жағдайда, БИЖ ТЭН-ін түзету бойынша инвестициялық ұсынысқа экономикалық қорытынды талап етілмейді.
      Бірінші кезеңде БИЖ ТЭН-ін түзету бойынша инвестициялық ұсыныстарды әзірлеу, қарау және іріктеу процесі осы Қағидалардың  2-тарауында айқындалған тәртіппен жүргізіледі.
      БИЖ ТЭН-ін түзетудің орындылығы мәселесін тиісті бюджет комиссиясының қарауына шығару үшін ББӘ бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға мына құжаттарды ұсынады:
      1) осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша салыстырмалы кестені қоса берумен, өзгеруі болжамдалған техникалық шешімдермен қосымша шығыстар көрсетілген ББӘ – мемлекеттік органның бірінші басшысы не оның орынбасары қол қойған өтініш-хат;
      2) ББӘ – мемлекеттік органның бірінші басшысы не оның орынбасары қол қойған және Қазақстан Республикасының заңнамасында ресми құжаттар үшін белгіленген тәртіппен ресімделген, техникалық шешімдерді өзгертудің және қосымша шығыстарды көздеудің орындылығын растайтын, тиісті салалық уәкілетті органның салалық сараптамасының қорытындысы;
      3) БИЖ-дің ерекшелігіне байланысты қажетті сараптамалардың қорытындылары;
      4) осы Қағидалардың 74-1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, БИЖ ТЭН-ін түзету бойынша инвестициялық ұсынысқа мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның оң экономикалық қорытындысы;
      5) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 154-бабында белгіленген рәсімдер сақталмай тиісті бюджетте бекітілген жобаларды қоспағанда, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның оң қорытындысын алған кезде бұрын қаралған БИЖ ТЭН-інің сараптама қорытындысы мен құжаттары (бекітілген бастапқы БИЖ-дің ТЭН-і);
      6) Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі органның бюджет қаражатының нысаналы пайдаланылуы тұрғысынан, сондай-ақ, құжаттар берілген күннен бастап 6 (алты) айдан кешіктірмей белгіленген, жоба бойынша қаржыландыру басталған болса, бұзушылықтардың болмауы мәніне актісі;
      7) бекітілген БИЖ-дің ТЭН-інде көрсетілген көрсеткіштерге, қол жеткізу немесе жеткізбеу туралы ақпаратты қамтитын, оның себептері көрсетіле отырып, оның ішінде бөлінген бюджет қаражаты толық игерілген кезде, ББӘ – мемлекеттік органның бірінші басшысы не оны алмастыратын тұлға қол қойған түсіндірме жазба.
      Бірінші кезеңде осы Қағидалардың 112-тармағында көзделген, сметалық құнын ұлғайтуды республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру болжанатын жергілікті БИЖ-дер бойынша жергілікті атқарушы орган қорытынды дайындайды және жергілікті БИЖ-дердің ТЭН-ін түзету мәселесін республикалық бюджет комиссиясының қарауына шығару үшін кейіннен бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға енгізу үшін осы тармақта көрсетілген құжаттармен қоса, БИЖ-ді республикалық бюджеттік бағдарламаның тиісті әкімшісіне енгізеді.
      ББӘ тиісті бюджет комиссиясының оң қорытындысын алған жағдайда, БИЖ ТЭН-іне тиісті түзетулерді енгізеді.
      Екінші кезең бойынша:
      1) осы Қағидалардың 74-1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, ББӘ-нің түзетілген БИЖ ТЭН-ін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органға ұсынуы;
      2) БИЖ-ді түзетілген ТЭН бойынша қаржыландырудың орындылығын айқындау жөніндегі тиісті бюджет комиссиясының шешімі.
      Екінші кезеңде БИЖ-дің түзетілген ТЭН-ін қарауы осы Қағидалардың 3-тарауынның 4-параграфында айқындалған тәртіппен мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органмен жүзеге асырылады.
      Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган БИЖ түзетілген ТЭН-і бойынша қаржыландырудың орындылығы мәселесін бюджет комиссиясының қарауына ББӘ ұсынатын мына құжаттардың негізінде шығарады:
      1) БИЖ-дің ерекшелігіне байланысты қажетті сараптамалардың қорытындылары;
      2) осы Қағидалардың 74-1-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, БИЖ-дің түзетілген ТЭН-іне экономикалық сараптаманың оң қорытындысы және экономикалық қорытындысы;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында ресми құжаттар үшін белгіленген тәртіппен ресімделген, техникалық шешімдерді өзгертудің және қосымша шығыстарды көздеудің орындылығын растайтын, тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органының салалық сараптамасының қорытындысы;
      4) БИЖ-дің түзетілген ТЭН-і;
      5) Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі органның бюджет қаражатының нысаналы пайдаланылуы тұрғысынан, сондай-ақ, құжаттар берілген күннен бастап 6 (алты) айдан кешіктірмей белгіленген, жоба бойынша қаржыландыру басталған болса, бұзушылықтардың болмауы мәніне актісі;
      6) БИЖ-дің түзетілген ТЭН-іне ведомстводан тыс кешенді сараптама қорытындысы;
      7) БИЖ сметалық құнының ұлғаюы себептерінің негіздемесімен ведомстволық нормативтерге сәйкес объектіні пайдалануға енгізу шығындарының түзетілген құнға ведомстводан тыс кешенді сараптама қорытындысы (бар болған жағдайда).
      Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылыққа қауіп төнуіне байланысты, кідіртпей пайдалануға беруді талап ететін, ірі бірыңғай энергетикалық жүйе объектілері мен техникалық күрделі атомдық және жылу энергетикалық кешендері үшін, елдің әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығына қауіп төнуі туралы растауы бар уәкілетті мемлекеттік органның салалық сараптама қорытындысында көрсетілген есептерге сәйкес іске қосу жұмыстарының шығындары жүзеге асырылады.
      Екінші кезеңде:
      сметалық құнның ұлғаюын республикалық бюджет есебінен қаржыландыру болжанатын осы Қағидалардың 112-тармағында көзделген республикалық БИЖ және жергілікті БИЖ-дің түзетілген ТЭН-і бойынша қаржыландырудың орындылығын республикалық бюджет комиссиясы қарайды;
      сметалық құнның ұлғаюын жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру болжанатын жергілікті БИЖ-дің түзетілген ТЭН-і бойынша қаржыландырудың орындылығын тиісті жергілікті бюджет комиссиясы қарайды.
      Тиісті бюджет комиссиялары іріктеп алған сметалық құнының ұлғаюы болжанатын БИЖ бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті бюджетке енгізіледі.
      115. ТЭН әзірлеуді немесе түзетуді талап етпейтін БИЖ-дердің, сондай-ақ ТЭН әзірлеуді талап ететін ЖСҚ бекітілген БИЖ-дердің сметалық құнын ұлғайту мәселелерін шығару екі кезеңмен жүзеге асырылады.
      Бірінші кезең – ББӘ ұсынатын құжаттар негізінде бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органның қорытындысы негізінде ЖСҚ-ны түзетудің орындылығын айқындау бойынша тиісті бюджет комиссиясының шешімі.
      Екінші кезең – ТЭН әзірлеуді немесе түзетуді талап етпейтін БИЖ-дердің түзетілген ЖСҚ бойынша ұлғайтылған сметалық құнды қаржыландыру туралы тиісті бюджет комиссиясының шешімі.
      Бірінші кезеңде ББӘ бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға мыналарды ұсынады:
      1) болжанатын қымбаттау сомасын көрсете отырып, мемлекеттік органның бірінші басшысы – ББӘ қол қойған өтінім-хат;
      2) мемлекеттік органның бірінші басшысы – ББӘ қол қойған түсіндірме жазба, онда мынадай ақпарат қамтылады:
      БИЖ-ді іске асыруды аяқтау үшін талап етілетін болжамды қосымша бюджеттік шығыстардың негіздемесі;
      мемлекеттік сатып алу жүргізу нәтижесінде үнемделген соманы (егер үнемдеу болған жағдайда) көрсете отырып, ЖСҚ әзірлеуден бастап БИЖ-ді іске асыру шеңберінде жасалған шарттар туралы ақпарат;
      ЖСҚ әзірлеу басталғаннан бастап жобаны бюджеттен әрбір жыл үшін қаржыландыру. Игерілмеген жағдайда оның себептері көрсетіле отырып, бұл ақпарат әрбір жыл үшін жоспармен және фактімен сүйемелденеді;
      қымбаттауға алып келетін себептерді егжей-тегжейлі көрсету (ББӘ шартта көрсетілген құнды (сметаны) ұлғайту қажеттілігі туралы уақтылы ескертудің орындылығын растайтын мердігерлер хаттарының көшірмелерін қоса бере отырып);
      кінәсінен қымбаттау орын алған ұйым не жеке тұлға, сондай-ақ осы ұйымға не жеке тұлғаға қатысты қабылданған шаралар;
      аяқталмаған құрылыстың жай-күйі, оның ішінде оның құнының бағалануы, тәуелсіз техникалық аудит растаған орындалған жұмыстар актілері туралы мәлімет;
      бекітілген ЖСҚ-да көрсетілген көрсеткіштерге қол жеткізу немесе жеткізбеу туралы ақпаратты қамтитын, оның себептері көрсетіле отырып, оның ішінде бөлінген бюджет қаражаты толық игерілген кезде;
      3) бірінші басшы не оны алмастыратын адам қол қойған, мөрмен расталған, ресми хат нысанында ұсынылатын және ББӘ түсіндірмесін қоса бере отырып, жобаның сметалық құнын ұлғайтудың негізділігі мен дұрыстығын растайтын, БИЖ-дің ерекшелігіне байланысты тиісті уәкілетті мемлекеттік органның салалық сараптамасының қорытындысы;
      4) ЖСҚ-ның бастапқы құнына ведомстводан тыс кешенді сараптама қорытындысы;
      5) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы заңнамада көзделген жағдайларда, бастапқы құнға бұйрығы;
      6) Бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуы, сондай-ақ БИЖ-ді іске асыру шеңберінде ЖСҚ әзірлеуден бастап бөлінген барлық бюджет қаражатын қамтитын бұзушылықтардың болмауы тұрғысынан құжаттар ұсынылған күннен 6 (алты) айдан кешіктірілмейтін уақыт белгіленген Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі органның актісі;
      7) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органға бірінші басшы не оны алмастыратын адам қол қойған және мөрмен расталған, осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық порталға, сондай-ақ қағаз және электрондық жеткізгіштерде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға немесе жергілікті уәкілетті органға ұсынылатын, сметалық құнын ұлғайту болжанатын жобалар бойынша салыстырмалы кесте мен құжаттама тізбесі;
      8) құжаттарды ұсынған күнге дейін 1 (бір) ай бұрын түсірілген, объектінің іс жүзіндегі жай-күйі туралы толық көрініс беретін фото немесе бейне түсірілімдер материалдары;
      9) бұрын бекітілген ЖСҚ-ның жобалық шешімдеріне енгізу болжанатын өзгерістердің орындылығы туралы ведомстводан тыс кешенді сараптама хаты.
      Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган осы тармақта көрсетілген құжаттар топтамасын қарайды және олар бойынша қорытындыны тиісті бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
      Бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша сметалық құнының ұлғаюын республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру болжанатын осы Қағидалардың 112-тармағында көзделген жергілікті БИЖ бойынша жергілікті атқарушы орган қорытынды дайындайды және БИЖ-ді республикалық бюджет комиссиясының қарауына шығару үшін кейіннен бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға енгізу үшін республикалық бюджеттік бағдарламаның тиісті әкімшісіне осы тармақта көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып енгізеді.
      ББӘ тиісті бюджет комиссиясының оң қорытындысын алған жағдайда, ЖСҚ-ға тиісті түзетулерді енгізеді.
      Екінші кезеңде ББӘ бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға түзетілген ЖСҚ мен ЖСҚ-ға ведомстводан тыс кешенді сараптама қорытындысы, (бар болған жағдайда) ведомстволық нормативтерге сәйкес объектіні пайдалануға енгізу шығындарының түзетілген құнға мемлекеттік салалық уәкілетті органның және ведомстводан тыс кешенді сараптама қорытындысы және БИЖ сметалық құнының ұлғаюы себептерінің негіздемесін енгізеді.
      Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылыққа қауіп төнуіне байланысты, кідіртпей пайдалануға беруді талап ететін, ірі бірыңғай энергетикалық жүйе объектілері мен техникалық күрделі атомдық және жылу энергетикалық кешендері үшін, елдің әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығына қауіп төнуі туралы растауы бар уәкілетті мемлекеттік органның салалық сараптама қорытындысында көрсетілген есептерге сәйкес іске қосу жұмыстары бойынша шығындары жүзеге асырылады.
      Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган түзетілген ЖСҚ бойынша БИЖ сметалық құнының ұлғаюын тиісті бюджет комиссиясының қарауына ББӘ ұсынатын мына құжаттардың негізінде шығарады:
      1) болжанатын қымбаттау сомасын көрсете отырып, мемлекеттік органның бірінші басшысы – ББӘ қол қойған өтінім-хат;
      2) мемлекеттік органның бірінші басшысы – ББӘ қол қойған түсіндірме жазба, онда мынадай ақпарат қамтылады:
      БИЖ-ді іске асыруды аяқтау үшін талап етілетін болжамды қосымша бюджеттік шығыстардың негіздемесі;
      мемлекеттік сатып алу жүргізу нәтижесінде үнемделген соманы (егер үнемдеу болған жағдайда) көрсете отырып, ЖСҚ әзірлеуден бастап БИЖ-ді іске асыру шеңберінде жасалған шарттар туралы ақпарат;
      ЖСҚ әзірлеу басталғаннан бастап жобаны бюджеттен әрбір жыл үшін қаржыландыру. Игерілмеген жағдайда оның себептері көрсетіле отырып, бұл ақпарат әрбір жыл үшін жоспармен және фактімен сүйемелденеді;
      қымбаттауға алып келетін себептерді егжей-тегжейлі көрсету (ББӘ шартта көрсетілген құнды (сметаны) ұлғайту қажеттілігі туралы уақтылы ескертудің орындылығын растайтын мердігерлер хаттарының көшірмелерін қоса бере отырып);
      кінәсінен қымбаттау орын алған ұйым не жеке тұлға, сондай-ақ осы ұйымға не жеке тұлғаға қатысты қабылданған шаралар;
      аяқталмаған құрылыстың жай-күйі, оның ішінде оның құнының бағалануы, тәуелсіз техникалық аудит растаған орындалған жұмыстар актілері туралы мәлімет;
      бекітілген ЖСҚ-да көрсетілген көрсеткіштерге қол жеткізу немесе жеткізбеу туралы ақпаратты қамтитын, оның себептері көрсетіле отырып, оның ішінде бөлінген бюджет қаражаты толық игерілген кезде;
      3) бірінші басшы не оны алмастыратын адам қол қойған, мөрмен расталған, ресми хат нысанында ұсынылатын және ББӘ түсіндірмесін қоса бере отырып, жобаның сметалық құнын ұлғайтудың негізділігі мен дұрыстығын растайтын, БИЖ-дің ерекшелігіне байланысты тиісті уәкілетті мемлекеттік органның салалық сараптамасының қорытындысы;
      4) ЖСҚ-ның бастапқы құнына ведомстводан тыс кешенді сараптама қорытындысы;
      5) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы заңнамада көзделген жағдайларда, бастапқы құнға бұйрығы;
      6) Бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуы, сондай-ақ БИЖ-ді іске асыру шеңберінде ЖСҚ әзірлеуден бастап бөлінген барлық бюджет қаражатын қамтитын бұзушылықтардың болмауы тұрғысынан құжаттар ұсынылған күннен 6 (алты) айдан кешіктірілмейтін уақыт белгіленген Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі органның актісі;
      7) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органға бірінші басшы не оны алмастыратын адам қол қойған және мөрмен расталған, осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық порталға, сондай-ақ қағаз және электрондық жеткізгіштерде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға немесе жергілікті уәкілетті органға ұсынылатын, сметалық құнын ұлғайту болжанатын жобалар бойынша салыстырмалы кесте мен құжаттама тізбесі;
      8) құжаттарды ұсынған күнге дейін 1 (бір) ай бұрын түсірілген, объектінің іс жүзіндегі жай-күйі туралы толық көрініс беретін фото немесе бейне түсірілімдер материалдары;
      9) БИЖ-дің түзетілген ЖСҚ-ға ведомстводан тыс кешенді сараптама қорытындысы;
      10) БИЖ-дің түзетілген ЖСҚ.
      Екінші кезеңде:
      сметалық құнның ұлғаюын республикалық бюджет есебінен қаржыландыру болжанатын осы Қағидалардың 112-тармағында көзделген республикалық БИЖ және жергілікті БИЖ бойынша қаржыландырудың орындылығын республикалық бюджет комиссиясы қарайды;
      сметалық құнның ұлғаюын жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру болжанатын жергілікті БИЖ-дің бойынша қаржыландырудың орындылығын тиісті жергілікті бюджет комиссиясы қарайды.
      Тиісті бюджет комиссиялары іріктеп алған сметалық құнының ұлғаюы болжанатын БИЖ бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті бюджетке енгізіледі.»;
      9-параграф мынадай редакцияда жазылсын:
      «9-параграф. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттік қатысуы арқылы іске асыру жоспарланған бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемесін әзірлеу, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу тәртібі мен мерзімдері
      119. Инвестициялар ҚЭН-і іс-шараларының толық инвестициялық кезеңiн ескере отырып, Инвестициялар ҚЭН-інде Инвестициялардың орындылығын растау, сондай-ақ жоспарланатын iс-шаралардың негiздiлiк және нәтижелiлiк өлшемдерiне сәйкестiгiн растау келтіріледі.
      Егер бiрнеше көздерден қаржыландыру болжанатын жағдайда, Инвестициялар ҚЭН-інде Инвестициялар сомасының негiздемесiн бөлiп көрсете отырып, барлық іс-шаралардың орындылығы және негiздiлiк пен нәтижелiлiк өлшемдерiне сәйкестігі ашылады.
      120. Алушы не Қатысушылар не ББӘ инвестициялар ҚЭН-ін әзірлеуі немесе түзетуі мүмкін.
      Инвестициялар ҚЭН-і мақсаттар мен міндеттері инвестициялық ұсынысқа сәйкес келеді.
      121. Заңды тұлғаның даму мақсаттарына заңды тұлғаның жарғылық капиталын бюджет қаражаты есебінен ұлғайтуға жол беріледі.
      Инвестицияларды жүзеге асыру барысында даму мақсаттарына, оның ішінде бұрын тартылған қарыз қаражатын өтеу арқылы, оның ішінде тиісті бюджеттік рәсімдерді өткеннен кейін инвестициялық жобаны Ұлттық қордан іске асыруға, баламалы көздерден қаржыландыру мүмкіндігі жоқ екенін негіздеген және көрсетілген қарыз қаражаты бұрын жоба шеңберінде даму мақсаттарына жұмсалғанын растаған жағдайда, заңды тұлғаның жарғылық капиталын ұлғайтуға жол беріледі.
      Шаруашылық қызметтің ағымдағы залалдарын жабу және ағымдағы шығыстарды қаржыландыру үшін заңды тұлғаның жарғылық капиталын ұлғайтуға жол берілмейді.
      122. Инвестициялар ҚЭН-і мынадай құрылымға сәйкес келедi:
      1) Инвестициялар паспорты;
      2) «Ретроспектива» бөлiмі;
      3) «Институционалдық» бөлiмi;
      4) «Негiздiлiк» бөлiмi;
      5) «Нәтиже» бөлiмi;
      6) қосымшалар.
      Мұндай толықтыру мақсаттарды, міндеттерді, негізгі көрсеткіштерді, қаржы-шаруашылық қызметтің көрсеткіштерін және ұйым туралы басқа да мәліметтерді ашу үшін орынды болған жағдайда, Инвестициялар ҚЭН-і басқа бөлімдермен, тараулармен, параграфтармен және қосымшалармен толықтырылуы мүмкін.
      Инвестициялар ҚЭН-і бөлімдермен, бөлімдер тараулармен, тараулар параграфтармен толықтырылған жағдайда, әр қосымша ұсынылатын бөлімнің және (немесе) тараудың және (немесе) параграфтың тиісті белгіленуі («бөлім», «тарау», «параграф»), сондай-ақ атауы болуы тиіс.
      123. Инвестициялар паспорты осы Қағидаларға 17-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылады.
      124. «Ретроспектива» бөлiмi мынадай құрылымға сәйкес келеді:
      1) «Қатысушылардың қаржылық жағдайын талдау» параграфы, онда қатысушылардың қаржылық жағдайы, оның ішінде бар талаптар мен міндеттемелердің сомасы және сапасы туралы ақпарат келтіріледі;
      2) Егер Инвестициялар Алушы қаржы ұйымы болған жағдайда, «Несие қоржыны» параграфы. Параграфта соңғы 3 (үш) жыл ішіндегі Инвестициялар ҚЭН-ін енгізудің алдындағы айдың соңындағы жағдай бойынша қаржыландыру көздері (бюджет қаражаты, меншікті қаражат, үшінші тараптардың қарыздары, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты) бөлінісінде Инвестицияларды Алушының несие қоржынының жай-күйі туралы тоқсан сайынғы ақпарат келтіріледі;
      3) «Макроэкономикалық ортаны талдау» параграфы, онда Инвестициялар ҚЭН іс-шараларының іске асырылуы әсер ететін, кемінде соңғы үш жылдағы негізгі макроэкономикалық (өңірлік, салалық) көрсеткіштерді және даму серпінін көрсете отырып, Инвестициялар ҚЭН-інің іс-шараларын іске асыру болжанатын макроэкономикалық ортаны (ел, өңір немесе сала) талдау және оның сипаттамасы келтіріледі;
      4) «Маркетингтiк ортаны талдау» параграфы, онда Инвестициялар ҚЭН-і іс-шараларының іске асырылуы әсер ететін, кемінде соңғы үш жылдағы негізгі көрсеткіштерді және даму серпінін көрсете отырып, Инвестициялар ҚЭН-інің іс-шаралары іске асырылатын маркетингтiк ортаны талдау келтіріледі.
      Маркетингтiк ортаны талдау ақпарат көзiн көрсете отырып, Инвестициялар Алушы жұмыс істейтін, сондай-ақ Инвестициялар есебiнен өндiрiлетiн өнiмдi өткiзу жоспарланып отырған нарықты талдауды, оның ішінде:
      есептеулердi негiздей және деректердi іріктеуді айқындай отырып, нарықтың сыйымдылығын;
      Инвестициялар Алушының нарықтағы үлесiн;
      нарықтың өсу (қысқару) әлеуетiн және нарық сыйымдылығы өзгерген жағдайда ұйым өнiмінің үлесiн;
      бәсекелестердiң сипаттамасын, бәсекелестердiң нарықтағы үлесiн;
      төлем қабілеттілігін қоса алғанда, тұтынушылардың сипаттамасын қамтиды. Егер мемлекеттік мекемелер және (немесе) қатысушылар тұтынушылар болып табылса, олардың сатылатын өнімдегі үлесін көрсете отырып, бұл ұйымдардың толық тізбесін келтіру қажет.
      125. «Институционалдық» бөлiмi мынадай құрылымға сәйкес келедi:
      1) «Қатысушылар туралы ақпарат» тарауы;
      2) «Стратегиялық алғышарттар» тарауы.
      126. «Қатысушылар туралы ақпарат» тарауы осы Қағидаларға 18-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әр қатысушы жөніндегі ақпаратты, сондай-ақ ақша ағындарының сомалары мен бағыттары көрсетілген іс-шараларды іске асырудың қаржылық схемасын қамтиды.
      127. «Стратегиялық алғышарттар» тарауы оларды іске асыру үшін жоспарланатын стратегиялық және бағдарламалық құжаттар туралы ақпаратты (елдегі жағдай және Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауы, нормативтік құқықтық актілер, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк жоспарлау жүйесінің құжаттары, бюджеттік бағдарлама) қамтиды.
      128. «Негiздiлiк» бөлiмiнде iс-шараларды iске асыруға арналған Инвестициялар мөлшерiнiң және Инвестициялар ҚЭН-інің iс-шараларын балама көздерден қаржыландырудың мүмкін болмауының негiздемесi келтiрiледi.
      «Негiздiлiк» бөлiмi мынадай құрылымға сәйкес келедi:
      1) «Инвестициялар көлемi» тарауы;
      2) «Қаржыландырудың балама көздерi» тарауы;
      3) «Инвестициялар ҚЭН-інің мақсаттары мен міндеттерінің инвестициялық ұсынысқа сәйкестігі» тарауы;
      4) «Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің инвестициялық картасы».
      129. «Инвестициялар көлемi» тарауында әрбiр құрамдауыш бөлiнiсiнде Инвестициялар көлемiнiң құжатпен және есептеулермен расталған негiздемесi келтiрiледi.
      «Инвестициялар көлемi» тарауы мынадай параграфтарды қамтиды:
      1) «Өнiмдер» параграфы, онда осы Қағидаларының 124-тармағының  4) тармақшасында көрсетілген ақпаратты ескере отырып, сатып алынатын өнiмдер тізбесінің саны мен сапасының негiздемесi келтiрiледi;
      2) «Бағалар негiздемесi» параграфы, онда Инвестициялар есебiнен сатып алынатын өнiмдер бағаларына талдау келтiрiледi. Инвестициялар есебiнен сатып алынатын өнiмдердiң бағалары осы Қағидалардың 138-тармағының 3) тармақшасында санамаланған құжаттармен бекiтiледi.
      Осы Қағидалардың 138-тармағының 3) тармақшасында көрсетiлген құжаттарды ұсыну мүмкiн болмаған жағдайда, ББӘ ақпарат көзiн көрсете отырып, сатып алу жоспарланатын өнiмдердiң қолданыстағы нарықтық бағалары туралы ақпаратты қоса бередi.
      Бағаларды талдау:
      соңғы екі жылдағы бағалардың серпіні туралы ақпаратты және өзгеріске әкелуі мүмкін ағымдағы бағалар мен мұндай өзгеріске алып келуі ықтимал оқиғаларды;
      бағалардан ықтимал жеңілдіктерді, жеңілдіктер беру шарттарын (сатып алу көлемі, төлеу шарттары) қамтиды;
      3) «Айналым қаражатын толықтыру» параграфы, онда мыналар үшін ақшаға қажеттігі ашып көрсетіледі, бірақ төменде келтірілген тізбемен шектелмейді:
      қаржылық өнiмдер бөлiнiсiнде клиенттердiң болжамды саны, қаржылық қызметтiң орташа сомасы көрсетiлген қаржылық қызметтер көрсету;
      пруденциялық нормативтердi сақтау;
      Инвестициялар Алушының ағымдағы шығыстарын қаржыландыру;
      4) «Инвестициялар көлемi» параграфы, онда жоспарланатын Инвестициялардың мөлшерiн растайтын есептеулер келтiрiледi.
      Есептеулер әрбiр іс-шара бөлiнiсiнде келтiрiледi. Қажет болған жағдайда, объектіні іске қосу шығыстары (іске қосу-баптау жұмыстары) келтіріледі.
      Мемлекеттік кәсіпорын нысанындағы заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асырылуы жоспарланатын бюджеттік инвестициялар бойынша жоспарланатын Инвестициялардың мөлшеріне ТЭН немесе ЖСҚ әзірлеуге арналған қаражаттың болмауы бойынша негіздеме ұсынылған жағдайда, оларды әзірлеуге арналған шығыстар қосылады.
      Егер Инвестициялар қаржылық қызметтер көрсетуге арналған жағдайда, «Инвестициялар көлемi» тарауының құрылымдық элементтерi:
      «Айналым қаражатын толықтыру» параграфы;
      «Инвестициялар көлемi» параграфы болып табылады.
      Егер Инвестициялар шет мемлекеттердің аумағында іске асырылатын жағдайда, Инвестициялардың құнын растайтын, аумағында осы жоба іске асырылатын мемлекеттің құрылыс саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген тиісті құжаттар аталған заңнаманың мәтінін қоса бере отырып және мемлекеттік және (немесе) орыс тілдеріне аудармасын қамтамасыз ете отырып ұсынылады.
      130. «Қаржыландырудың балама көздерi» тарауы мынадай параграфтарды қамтиды:
      1) «Меншiкті қаражат» параграфы, онда iс-шараларды меншiкті қаражат есебiнен қаржыландыру мүмкiндiгiне талдау жасалады. Талдау бұрын бөлінген қаражатты заңды тұлғаның үлестес тұлғалары арасында қайта бөлу есебінен іс-шараларды қаржыландыру мүмкіндігін де қамтиды.
      2) «Қарыз алу» параграфы, онда қарыз капиталын тарту мүмкiндiгiне талдау жасалады. Талдау мыналарды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:
      сыйақы мөлшерлемесін, кредит беру мерзiмдерiн, мiндеттемелердi өтеу шарттарын, оның iшiнде жеңiлдiк кезеңiн беру мүмкiндiгiн, заңды тұлғаның қолданыстағы шарттары ковенанттарының талаптарын қамтамасыз ету мен сақтауға қойылатын талаптарды қоса алғанда, кредиттi алу шарттарына шолуды;
      тiкелей кредит берудi, қаржы лизингiн, факторингтi, облигациялық қарызды қоса алғанда, кредит беру құралдарына шолуды;
      бюджеттiк кредит беру мүмкiндiгiн қамтиды.
      131. «Инвестициялар ҚЭН-інің мақсаттары мен міндеттерінің инвестициялық ұсынысқа сәйкестігі» тарауы Инвестициялар ҚЭН-інің мақсаттары мен міндеттерінің инвестициялық ұсынысқа сәйкестігі немесе сәйкессіздігі тұрғысында талдауды қамтиды.
      131-1. «Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің инвестициялық картасы» деген тарауда осы Қағидалардағы 18-1-қосымшасына сәйкес Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің инвестициялық картасы нысаны бойынша қаржыландыру кезеңін көрсете отырып (өзіндік, қарыздық, бюджеттік, демеушілік және тағы басқалар), іске асырылған, іске асырылатын және іске асырылуы жоспарланған квазимемлекеттік сектор субъектілерінің инвестициялық жобалары бойынша ақпарат қамтылған.
      132. «Нәтиже» бөлімінде есептеулермен расталған тікелей және түпкілікті нәтижелерді алу мүмкіндігінің негіздемесі, сондай-ақ Инвестициялардың сапасы мен тиімділігінің көрсеткіштері болған жағдайда, сондай-ақ Инвестициялар Алушының қаржы-шаруашылық қызметінің жоспарланған нәтижелері келтіріледі.
      «Нәтиже» бөлімі мынадай құрылымға сәйкес келеді:
      1) «Өндіріс және іске асыру» тарауы;
      2) «Ресурстар» тарауы;
      3) «Қаржы» тарауы;
      4) «Тәуекелдер» тарауы;
      5) «Қорытындылар» тарауы.
      133. «Өндiрiс және іске асыру» тарауында өнiмдi өндiру және сату жоспары келтiрiледi. «Өндiрiс және іске асыру» тарауы мынадай параграфтарды қамтиды:
      1) «Лицензиялар және патенттер» параграфы, онда төменде келтірілген тізбемен шектелмейтін мыналар:
      қызметтiң жекелеген түрлерiн жүзеге асыруға арналған лицензияның болуы, лицензияның берiлген күнi мен нөмiрi, кiм бергенi туралы;
      кешендi кәсiпкерлiк лицензияның бар-жоғы, кешендi кәсiпкерлiк лицензия шартын жасасу мәнi мен күнi, қолданылу мерзiмi, кешендi лицензиар туралы;
      лицензияны алу қажеттiлiгi, лицензияны алуға арналған шығыстар туралы;
      патенттердiң және алдын ала патенттердiң бар-жоғы, қашан және кiм бергенi, қолданыс мерзiмi туралы ақпарат келтіріледі.
      2) «Өндiрiс жоспары» параграфы, онда мынадай:
      нарық жағдайын, жасалған келісімшарттарды, тұтынушылармен алдын ала келісімдерді негізге ала отырып, өндірістік бағдарламаның (өнімдер бөлінісінде);
      бекітілген нормаларды негізге ала отырып, өндіріс жоспарын орындауға арналған шығындардың негіздемелері келтіріледі негiздемелер келтiрiледi;
      3) «Іске асыру жоспары» параграфы, онда:
      сатылатын, оның ішінде Инвестициялар есебiнен өндірілетін өнiмдердiң саны мен сапасы;
      негізгі, оның ішінде Инвестициялар есебiнен өндірілетін өнімдер бағаларының, мыналарды:
      бағаларды (тарифтердi) уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың бекiтуi (белгiлеуi) немесе келiсуi бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары;
      табыстылығы: шығыстардың өтелімдiлiгi, орташа немесе барынша көп табыстылықты алу;
      нарықтағы конъюнктуралар: жаңа өнiмді ілгерілету, қолданыстағы сату көлемiн сақтау, дәстүрлi нарықтардан бәсекелестердi ығыстыру, бос сегменттi толтыру;
      өнiмнiң құндылығы: жаңалығы, сапасы, сатудан кейiнгi кепiлдiктер қоса алғандағы негiздемесi;
      3-3) нарық жағдайын, жасалған шарттарды, тұтынушылармен алдын ала келісімдерді негізге ала отырып, іске асыру бағдарламасының (өнімдер бөлінісінде) негіздемесі;
      3-4) жаңа сатып алушыларды тарту мақсатында жоспарланатын іс-шаралар (жарнама, бағалық саясат, сатып алудан кейiнгi қызмет көрсету).
      Егер Инвестициялар Алушының қызметi франшиза туралы шарт немесе лицензиялық шарт негiзiнде жүзеге асырылған жағдайда, франшиза немесе лицензия сатушысының құқықтары және Инвестициялар Алушының бағасына және бағалық саясатына зияткерлiк меншiгiне ықпал ету дәрежесi туралы ақпарат келтiрiледi.
      134. «Ресурстар» тарауында өндiрiс жоспары мен іске асыру жоспарын орындау үшiн қажеттi ресурстардың барлық түрлерiне сұраныстың негiздемелерi келтiрiледi. «Ресурстар» тарауында мынадай параграфтар болады:
      1) «Нормалар» параграфы, онда шикізат пен материалдар, жылу және электр энергиясы, еңбек, ақша шығындарының нормалары келтірілген, оның ішінде қашан және кім бекіткені туралы ақпарат келтіріледі;
      2) «Лимиттер» параграфы, онда әкiмшiлiк шығыстар бойынша лимиттер мөлшерлері туралы ақпарат келтiрiледi: лимиттер көлемi, оның iшiнде қашан және кiм бекiткені туралы ақпарат келтiрiледi;
      3) «Персонал» параграфы, онда төменде келтірілген тiзбемен шектелмейтін мыналар:
      Инвестициялармен байланысты персоналдың штат санын ұлғайту (қысқарту) бойынша жоспарлар;
      персоналдың бiлiктiлiк деңгейiн арттыру (қайта даярлау) бойынша жоспарланатын iс-шаралар және оның бiлiктiлiк деңгейiн (қайта дайындауын) арттырумен байланысты шығындар туралы ақпарат келтiрiледi.
      4) «Негiзгi құралдар» параграфы, онда (Инвестицияларды ескере отырып) мыналар:
      негiзгi құралдардың құрылымы (ғимараттар, құрылыстар, машиналар, жабдық, көлiк, компьютерлер және ақпаратты өңдеуге арналған жабдық, басқа негiзгi құралдар), оның iшiнде меншiктегі, қаржылық жалға алудағы (лизингте), операциялық жалдаудағы негiзгi құралдар туралы ақпаратты ашу;
      қызметтi жүзеге асыруға арналған негiзгi құралдар санының, өнiмдiлiгiнiң және техникалық жағдайының сәйкестiгi туралы ақпарат келтiрiледi;
      5) «Қорлар» параграфы, онда мыналар:
      қорлардың негiзгi түрлерiне қажеттіліктер (заттай өлшем бiрлiгiнде);
      қорлардың негiзгi түрлерiне бағалар;
      қорларды сатып алуға жоспарланатын шығындар туралы ақпарат келтiрiледi;
      6) «Коммуналдық қызметтер» параграфы, онда мыналар:
      жылу және электр энергиясына, сумен жабдықтау және кәрiз жүйесіне қажеттіліктер;
      жылу және электр энергиясының, сумен жабдықтау және кәрiз жүйесінің бағалары;
      жылу және электр энергиясын, сумен жабдықтау және кәрiз жүйесін сатып алуға арналған жоспарланатын шығыстар туралы ақпарат келтiрiледi;
      7) «Ақша» параграфы, онда мыналар:
      борышкерлердiң сипаттамасы; берешектi талап ету бойынша өткiзiлетiн iс-шаралар;
      кредиторлар; міндеттемелерді орындау бойынша жүргiзiлетiн iс-шаралар;
      ақшалай емес операциялар: мәмiлелер көлемi және контрагенттер;
      ақшаға қажеттілік, кассалық алшақтықтар, ақша тарту бойынша iс-шаралар;
      уақытша бос ақшаларды пайдалану жөнiндегi жоспарлар: салымдарға орналастыру, қаржы активтерiн сатып алу, кредиттер беру (уақытша қаржылық көмек көрсету), сомалар, табыстылығы, орналастыру мерзiмдерi туралы ақпарат келтiрiледi.
      Ақша тартумен байланысты iс-шаралар бойынша ақпаратты ашу кезiнде алынған көздер, оның iшiнде:
      акцияларды орналастыру (қатысу үлестерi) – шығару және орналастыру көлемi, орналастырудың жоспарланатын бағасы;
      облигациялар шығару – шығару көлемi, шығарылымдағы облигациялар саны, оларды шығару, орналастыру, қолдану, сыйақы төлеу, өтеу рәсiмi мен тәртiбi және басқа да елеулi ақпарат;
      қарыздар тарту – қарыз берушілер, қарыз мөлшері, тарту мерзімі, сыйақы пайызы, сыйақы төлеу шарттары, қарыздың негізгі сомасын өтеу шарттары көрсетiледi.
      135. «Қаржы» тарауында кірістер, шығыстар бойынша жоспарлар, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы ақпарат, дивидендтер туралы ақпарат келтіріледі. «Қаржы» тарауы мынадай параграфтардан тұрады:
      1) «Кірістер» параграфы, онда мынадай негіздемелер келтіріледі:
      өнiмдердi өткізуден түсетін жоспарланатын кiрiстердің, оның iшiнде олардың өсу немесе төмендеу негiздемесi (ақпаратты ашу әрбір өнiм бойынша жүзеге асырылады);
      қаржыландыру бойынша жоспарланатын кiрiстер;
      дивидендтер бойынша кiрiстер (ақпарат үлестік құнды қағаздары Инвестициялар Алушының меншiгiнде болып табылатын әрбір ұйым бойынша жеке берiледi);
      активтердің шығуынан алынатын жоспарланатын кірістер;
      мемлекеттiк бюджеттен берілетін жоспарланатын субсидиялар;
      операциялық жалға алудан жоспарланатын кiрiстер;
      үлестiк қатысу әдiсiмен ескерiлетiн инвестициялар бойынша жоспарланатын кiрiстер;
      өзге де жоспарланатын кiрiстер негiздемесi.
      Мемлекеттік тапсырманы, мемлекеттік тапсырысты орындау шеңберінде не мемлекеттік мекемелердің өнімдерді сатудан алынатын кірістер туралы ақпарат жеке ашылады;
      2) «Шығыстар» параграфы, онда мынадай негiздемелер келтiрiледi:
      өткізілетін өнiмнiң өзiндiк құнының негiздемесi, оның iшiнде оның өсу немесе төмендеу негiздемесi (ақпаратты ашу әр өнiм бойынша жүзеге асырылады);
      өнiмді өткізу бойынша жоспарланған шығыстар, оның iшiнде олардың өсу немесе азаю негiздемесi (ақпаратты ашу әрбiр кiшi топ бойынша жүзеге асырылады);
      жоспарланатын әкiмшiлiк шығыстар негiздемесi, оның iшiнде олардың өсу және азаю негiздемесi (ақпаратты ашу әрбiр кiшi топ бойынша жүзеге асырылады);
      маркетинг пен жарнама бойынша жоспарланатын шығыстар негiздемесi, оның iшiнде олардың өсу немесе азаю негiздемесi (ақпаратты ашу әрбiр кiшi топ бойынша жүзеге асырылады);
      сыйақылар бойынша жоспарланатын шығыстар;
      активтердi iстен шығаруға байланысты шығыстар;
      операциялық жалдауға байланысты шығыстар;
      үлестiк қатысу әдiсiмен ескерiлетiн инвестициялар жөнiндегi шығыстар;
      қызметтiң тоқтатылуына байланысты жоспарланатын шығыстар;
      басқа жоспарланатын шығыстар негiздемесi;
      3) «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер» параграфы, онда салық және бюджетке төленетiн мiндеттi төлемдердiң әр түрi бойынша жоспарланатын төлемдер негiздемесi, оның iшiнде салық салу базаларының негiздемесi келтiрiледi;
      4) «Дивидендтер» параграфы, онда акцияға, оның iшiнде акциялардың мемлекеттiк пакетiне (қатысу үлесi) есептелуі жоспарланатын дивидендтер (қатысу үлесi), дивидендтердi есептеудiң жалпы сомасы, бюджетке аудару үшiн мемлекеттiк кәсiпорын жоспарлайтын таза кiрiс сомасы туралы ақпарат келтiрiледi.
      136. «Тәуекелдер» тарауында iс-шараларды орындауға және тұтастай алғанда Инвестициялар Алушының қызметiне байланысты тәуекелдердi бағалау (қолайсыз оқиғаның орын алу мүмкiндiгiн анықтау) және өлшеу (қолайсыз оқиғаның орын алуынан келетiн зиян) келтіріледі, сондай-ақ тәуекелдерді сәйкестендірудің және бағалаудың пайдаланылған әдістері туралы ақпарат қамтылған және осы тәуекелдердi басқару шаралары келтiрiлген. «Тәуекелдер» тарауы мынадай параграфтарды қамтиды:
      1) «Операциялық тәуекелдер» параграфы, онда төменде келтірілген тiзбемен шектелмейтін мыналар:
      персонал: Инвестициялар Алушының негiзгi менеджерлерi мен мамандарын жоғалту, қызметкерлерiнiң жеткіліксіз бiлiктiлiгi, қызметкерлердiң алаяқтығы;
      өндiрiс: техникалық iстен шығу қаупi, жабдықтардың сынуы, технологиялық процестiң бұзылуы;
      бизнес-процестер: ұйымдастырушылық құрылымның Инвестицияларды Алушының мiндеттерi мен қызметiнiң көлемiне барабарлығы, бизнес-процестердiң тиiмсiздiгi, Инвестициялар Алушының бизнес-процестерiнiң келiсілмегендігі талданады.
      2) «Қаржылық тәуекелдер» параграфы, онда төменде келтірілген тiзбемен шектелмейтін мыналар:
      төлем қабілеттілігін жоғалту: Инвестициялар Алушының міндеттемелерді, оның ішінде қаржылық, олардың мерзімінің басталуына қарай уақтылы орындау үшін ақшасының болмауы немесе жеткіліксіздігі;
      өтiмдiлiкті жоғалту: активтердi, олардың құнын елеулi төмендетусiз, жедел іске асырудың жетiспеушiлiгi немесе мүмкiн еместiгi талданады;
      3) «Нарықтық тәуекелдер» параграфы, онда төменде келтірілген тiзбемен шектелмейтін мыналар:
      пайыздық тәуекел: тартылған ресурстар бойынша пайыздық шығыстардың ұлғаюы;
      инфляциялық тәуекел: инфляциялық процестер нәтижесiнде активтер мен кiрiстердiң құнсыздануы;
      валюталық тәуекел: ұлттық валютаға қатысты шетел валютасының нарықтық айырбас бағамының өзгеруi талданады;
      4) «Кредиттiк тәуекел» параграфы, онда тұтынушылардың (борышкерлердің) төлем қабілетін жоғалту мүмкіндігі және олардың шарттардың талаптарына сәйкес өз міндеттемелерін орындауының мүмкін еместігі талданады;
      5) «Маркетингтiк тәуекелдер» параграфы, онда төменде келтірілген тiзбемен шектелмейтін мыналар:
      саланың даму серпiнiнiң нашарлауы;
      өнiм сапасына тұтынушылар талаптарының жоғарылауы;
      өнiмге сұраныстың азаюы;
      бәсекелестер позицияларының күшеюi;
      өнiмге арналған нарықтық бағаның төмендеуi;
      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген шектеулер талданады.
      137. «Қорытындылар» тарауында Инвестициялар ҚЭН-і іс-шараларын іске асырудың саланың, мемлекет экономикасының (өңірдің) дамуына ықпалы ашылады. «Қорытындылар» тарауы мынадай параграфтарды қамтиды:
      1) «Тiкелей нәтижелер» параграфы, онда Инвестициялар ҚЭН іс-шараларының жоспарланған тiкелей нәтижелерiнiң есептеулермен расталған негiздемелерi келтiрiледi;
      2) «Түпкілікті нәтижелер» параграфы, онда мыналар:
      Инвестициялар ҚЭН-і іс-шараларының жоспарланатын соңғы нәтижелерiнiң есептеулермен расталған негiздемесi;
      Инвестициялар ҚЭН-інің іс-шаралары іске асырылған жағдайда, саладағы және Қазақстан Республикасындағы (өңірдегі) әлеуметтік-экономикалық жағдайдың даму перспективаларын талдау және олардың мыналарға:
      негізгі әлеуметтік көрсеткіштерге (халық табыстарының деңгейі, жұмыссыздық деңгейі, жұмыспен қамтылу);
      негізгі салалық (өңірлік) көрсеткіштерге (өнім (тауарлар/көрсетілетін қызметтер) өндіру көлемі, жалпы ішкі өнім құрылымындағы саланың (өңірдің) үлесі, салаға (өңірге) жасалған инвестициялардың көлемі және олардың жоспарланатын кезеңдегі үрдістері) әсері;
      нәтижелерді, салдары мен ықпалын, көбейтілген пайда мен шығындар, тұтынушының қосымша пайдасын, қалпына келмейтін шығындар, сыртқы әсерлер, халықаралық әсерлер, жобаны іске асырудан түсетін жанама пайданы талдауды қамтитын Инвестициялар ҚЭН-інің іс-шаралары бойынша пайда мен шығындарды талдау;
      Инвестициялар ҚЭН-інің іс-шараларын іске асырудың шектес салалардың (көршілес өңірлердің) дамуына әсерін талдау;
      Инвестициялар ҚЭН-і іс-шараларының Қазақстан Республикасының экспорттық әлеуетінің өсуіне және импортты алмастыруға, инновациялардың дамуына (бар болса) әсерін талдау келтiрiледi;
      3) «Бюджеттік тиімділік» параграфы, онда Инвестициялар ҚЭН-інің іс-шараларын жүзеге асыру нәтижелерінің тиісті бюджеттердің кірістері мен шығыстарына әсерінің есептеулері келтіріледі.
      Бюджеттік тиімділікті бағалау кезінде ақшалай қаражаттың құйылуында мыналар:
      Инвестицияларды іске асыруға байланысты шығарылған (қалыптастырылған) мемлекетке тиесілі акциялар (қатысу үлестері) бойынша дивидендтер;
      республикалық және жергiлiктi бюджеттерге түсімдер (салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер, сондай-ақ өзге де төлемдер) есепке алынады, бірақ шектелмейді.
      Бюджеттік тиімділікті бағалау кезінде ақша қаражатының кетуінде мыналар:
      Инвестициялардың көлемі;
      Инвестициялар ҚЭН-інің іс-шараларын іске асыруға байланысты Инвестициялардан кейінгі кезеңдегі бюджет шығыстары;
      белгілі бір бағалық саясатты іске асыруға және белгілі бір әлеуметтік басымдықтарды сақтауды қамтамасыз етуге байланысты субсидиялар есепке алынады, бiрақ мұнымен шектелмейдi.
      Егер тиiмдiлiк пен сапа көрсеткiштерi жоспарланатын болса, «Қорытындылар» тарауы тиiстi көрсеткiштердiң есептеулерiмен расталған негiздеме келтiрiлген «Тиiмдiлiк» және «Сапа» параграфтарымен толықтырылады.
      138. Қосымшалар мынадай құжаттармен жиынтықталады:
      1) «Ретроспектива» бөлiмiне:
      ҚЭН-ді мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық және жергілікті уәкілетті органға енгізудің алдындағы соңғы үш жылдағы мөр басылған және бірінші басшы мен бас бухгалтердің қолы қойылған қатысушылардың қаржылық есептілігі (жеке және шоғырландырылған), сондай-ақ қаржылық есепке түсіндірме жазба;
      Қазақстан Республикасының аудит қызметі туралы заңнамасына сәйкес қаржылық есептілік аудиті міндетті болып табылатын қатысушылар үшін соңғы үш жылда жасалған аудиттелген қаржылық есептілік пен аудиттік есептер тапсырылады. Бұл ретте қатысушының қолданыстағы заңнамаға сәйкес объективті себептері болған кезде соңғы есепті кезеңдегі аудиттен өтпеген қаржылық есепті ұсына алады.
      Қаржылық есептілік қолданыстағы заңнамаға сәйкес, оның ішінде басқа ұйымдарда қаржылық қатысуы туралы, баланс валютасында 10 % және одан көп үлес алатын баланс баптары егжей-тегжейлі толық ашылған ақпаратты қоса берумен ұсынылады.
      2) «Институционалдық» бөлiмiне:
      оған сәйкес қатысушылар құрылған немесе құрылып жатқан құжаттардың көшiрмесi;
      Инвестициялар Алушы жарғысының көшiрмесi (бар болса);
      3) «Негiздiлiк» бөлiмiне:
      «Сатып алынатын (құрылатын) активтердiң құны мен сипаттамасы» осы Қағидаларға 19-қосымшаға сәйкес нысанда;
      осы Қағидалардың 129-тармағының 2) тармақшасында келтiрiлген ақпаратты растайтын түскен прайс-парақтардың (ұқсас тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтер бойынша прайс-парақтар және баға ұсыныстары жоқ болған жағдайда кемінде екі тәуелсіз бағалау қорытындысы беріледі), бағалау актiлерi мен басқа да құжаттардың көшiрмелерi. Бұл ретте, егер бұл құны кешенді ведомстводан тыс сараптама қорытындысында расталған технологиялық және инженерлік жабдық болса, онда қосымша растаушы құжаттар талап етілмейді.
      Инвестицияларды жүзеге асыру кезінде тиісті уәкілетті мемлекеттік органның салалық сараптама қорытындысы ұсынылады.
      Егер Инвестицияларды іске асыру бірнеше салалық орталық мемлекеттік органдардың жауапкершілік аясын қозғайтын жағдайда, көрсетілген салалық орталық органдар Инвестициялардың салалық сараптамасының сәйкес қорытындыларын қосымша ұсынады.
      Бұл ретте, бірінші басшы немесе оны алмастыратын тұлға немесе бірінші басшысының орынбасары қол қойған қосымша салалық сараптамалық қорытындыларын тиісті салалық орталық мемлекеттік органдар Инвестициялардың іске асырылуының жетекшілік ететін салаға ықпалын бағалау және саланың басымдықтарына сәйкестігі бөлігінде ғана ұсынады.
      Салалық сараптаманың қорытындысы мыналарды:
      саладағы қазіргі жағдайды талдауды бағалауды;
      Инвестициялар ҚЭН-інде көрсетілген іс-шаралар іске асырылмаған жағдайда, саладағы жағдайды талдауды бағалауды;
      сандық және сапалық көрсеткіштерді келтіре және көрсете отырып:
      Инвестициялар ҚЭН-і іс-шараларының сала экономикасының құрылымындағы рөлі мен орнын;
      Инвестициялар ҚЭН-інің іс-шараларын іске асырудың орналасқан орнын таңдау мен ауқымының негізділігін;
      Инвестициялар ҚЭН-інің іс-шараларын іске асырудың мүмкіндігін;
      Инвестициялар ҚЭН-інің іс-шаралары бойынша техникалық шешімдердің жеткілікті болуын және олардың тиімділігін бағалауды;
      Инвестициялар ҚЭН-і іс-шараларының халықаралық стандарттарға сәйкестігін бағалауды, оңтайлы жаңа технологияларды қолдануды;
      Инвестициялар ҚЭН-і іс-шараларының мақсаттарына қол жеткізудің баламалы нұсқаларын бағалауды;
      бар болған жағдайда, салалық уәкілетті мемлекеттік орган бекітетін ведомстволық нормативтерге сәйкес объектіні пайдалануға енгізу шығындарының негізділігін қамтиды.
      Жаңа объектiлердi құруға (құрылысына) не бар объектiлердi қайта жаңғыртуға бағытталған Инвестицияларды жүзеге асыру кезінде Инвестициялар ҚЭН-мен бірге ТЭН (осы Қағидаларға сәйкес әзірленген) немесе ЖСҚ, сондай-ақ ведомстводан тыс кешенді сараптама қорытындысы, жерге құқық беру туралы жерге орналастыру жобасы (қажет болған кезде жер учаскелері иелерiнің және жер пайдаланушылардың шығындарын, алынатын алқаптардың түрлеріне байланысты ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы өндiрiсінің жоғалтуларын есептеулерді қоса бере отырып), техникалық жағдайлар ұсынылады.
      Осы тармақтың талаптары мемлекеттік кәсіпорын нысанындағы заңды тұлғалар үшін ТЭН немесе ЖСҚ әзірлеуге қаражаттың жоқтығы жөніндегі негіздемені ұсынған жағдайда қолданылмайды.
      Объектіні пайдалануға беру шығындары болған жағдайда, уәкілетті мемлекеттік органның салалық сараптамасының және ведомстволық нормативтерге сәйкес объектіні пайдалануға беру (іске-қосу-баптау жұмыстары) шығыстары бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптама қорытындылары талап етіледі.
      Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылыққа қауіп төнуіне байланысты, кідіртпей пайдалануға беруді талап ететін, ірі бірыңғай энергетикалық жүйе объектілері мен техникалық күрделі атомдық және жылу энергетикалық кешендері үшін, елдің әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығына қауіп төнуі туралы растауы бар уәкілетті мемлекеттік органның салалық сараптама қорытындысында көрсетілген есептерге сәйкес іске қосу жұмыстарының шығындары жүзеге асырылады.
      Ақпараттық жүйенi құруға, енгiзуге және дамытуға бағытталған Инвестицияларды жүзеге асыру кезінде Инвестициялар ҚЭН-імен бірге ақпараттық жүйенің (осы Қағидаларға сәйкес әзірленген) ТЭН, сондай-ақ аталған ақпараттық жүйенің ТЭН-іне байланыс және ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi органның қорытындысы ұсынылады.
      Инновациялық және (немесе) ғарыштық қызметтi болжайтын iс-шараларды жүзеге асыруға бағытталған Инвестицияларды iске асыру кезінде мемлекеттiк ғылыми-техникалық сараптаманың қорытындысы ұсынылады;
      4) «Нәтиже» бөлiмiне:
      «Өнім өндiру бағдарламасы» осы Қағидаларға 20-қосымшаға сәйкес нысанда;
      «Өнімді іске асыру бағдарламасы» осы Қағидаларға 21-қосымшаға сәйкес нысанда;
      қаржылық модель, осы Қағидаларға 22-қосымшада көрсетілген «Қаржы моделіне қойылатын талаптар» нысанына сәйкес дайындалады;
      «Инвестициялар нәтижелерi» осы Қағидаларға 23-қосымшаға сәйкес нысанда;
      «ҚЭН іс-шараларының бюджеттік тиімділігі» осы Қағидаларға
24-қосымшаға сәйкес нысанда;
      Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 20 тамыздағы № 422 бұйрығымен бекітілген, Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 6452 болып тіркелген Жария мүдделі ұйымдардың (қаржылық ұйымдарынан басқа) жариялауы үшін жылдық қаржылық есептіліктің тізбесінде мен нысандарында анықталған нысандар бойынша жасалған Инвестицияларды ескермегендегі Инвестициялар Алушының қаржылық көрсеткіштерінің болжамы:
      «Бухгалтерлік баланс»;
      «Кірістер мен шығындар туралы есеп»;
      «Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп (тікелей тәсіл)» немесе «Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп (жанама тәсіл)»;
      «Капиталдағы өзгерістер туралы есеп»;
      осы инвестициялық ұсынысқа мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның экономикалық қорытындысы.
      139. Қажет болған жағдайда, Инвестициялардың экономикалық сараптамасын жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Үкіметі не жергілікті атқарушы органдар айқындаған тиiстi заңды тұлғалар жүргiзiлген сараптамаларда және/немесе тәуелсiз сараптамада, сондай-ақ ұсынылған құжаттамада қамтылмаған немесе толық қамтылмаған мәселелер бойынша қосымша ақпаратты талап етуге және (немесе) қосымша сараптамалар жүргiзе алады.
      Қосымша ақпаратқа қатысушылардың мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық және жергiлiктi уәкiлеттi органға Инвестициялар ҚЭН-ін енгiзудiң алдындағы айдың соңғы күнiне жасалған қаржылық есептiлiгi, сондай-ақ қаржылық есептiлiкке түсiндiрме жазбалар жатады.
      Қосымша сараптамаларға мыналар:
      1) Инвестицияларға банктік сараптама;
      2) ведомстводан тыс кешенді сараптама;
      3) мемлекеттік уәкiлеттi органның салалық сараптама қорытындысы жатады.
      140. Егер Инвестициялар еншiлес, тәуелдi немесе үлестес ұйымдар болып табылмайтын Инвестициялар Алушының жарғылық капиталын қалыптастыру үшiн жоспарланған жағдайда, «Ретроспектива» бөлiмiнде «Қатысушылардың қаржылық жай-күйін талдау» параграфы болмайды.
      141. Егер Инвестициялар Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар туралы заңнамасында белгiленген барынша аз жарғылық капитал мөлшерi бар акционерлiк қоғам ұйымдық-құқықтық нысанындағы не жарғылық капиталы жиырма бес мың еселенген айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын мөлшердегi жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк немесе шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға бағытталған жағдайда, мыналар Инвестициялар ҚЭН-нiң құрылымдық элементтерi болып табылады:
      1) Инвестициялар паспорты;
      2) «Ретроспектива» бөлiмi. Егер Инвестициялар еншiлес, тәуелдi немесе үлестес ұйымдар болып табылмайтын Инвестициялар Алушының жарғылық капиталын қалыптастыру үшiн жоспарланған жағдайда, «Ретроспектива» бөлiмiнде «Қатысушылардың қаржылық жай-күйін талдау» параграфы болмайды;
      3) «Институционалдық» бөлiмi;
      4) «Негiздеме» бөлiмi, оның ішінде:
      «Инвестициялар көлемi» тарауы «Инвестициялар көлемi» және «Айналым қаражатын толтыру» параграфтарын қамтиды;
      «Қаржыландырудың баламалы көздерi» тарауы, егер Инвестициялар Алушы еншiлес және/немесе үлестес ұйым болып табылған жағдайда;
      5) «Нәтиже» бөлiмi;
      6) егер Инвестициялар Алушы еншiлес, тәуелдi және/немесе үлестес ұйым болып табылған жағдайда, осы Қағидалардың 138-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетiлген ҚЭН-ге қосымшалар;
      7) тиісті мемлекеттiк уәкiлеттi органның салалық сараптамасы, егер Инвестициялар оның жауапты саласын қозғаған жағдайда;
      8) «Өнім өндiру бағдарламасы» осы Қағидаларға 20-қосымшаға сәйкес нысанда;
      9) «Өнімді іске асыру бағдарламасы» осы Қағидаларға 21-қосымшаға сәйкес нысанда;
      10) қаржылық модель, осы Қағидаларға 22-қосымшада көрсетілген «Қаржы моделіне қойылатын талаптар» нысанына сәйкес дайындалады;
      11) «Инвестициялар нәтижелерi» осы Қағидаларға 23-қосымшаға сәйкес нысанда;
      12) «ҚЭН іс-шараларының бюджеттік тиімділігі» осы Қағидаларға
24-қосымшаға сәйкес нысанда.
      142. Егер Инвестициялар ҚЭН-і Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар туралы заңнамасында белгiленген барынша аз жарғылық капитал мөлшерi бар акционерлiк қоғам ұйымдық-құқықтық нысанындағы не жарғылық капиталы жиырма бес мың еселiк айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын мөлшердегi жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк немесе шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға бағытталған жағдайда, Инвестициялар ҚЭН-і осы Қағидаларда белгiленген жалпы тәртiпке сәйкес әзiрленедi.
      143. Инвестициялар ҚЭН-і ББӘ стратегиялық жоспарының жобасында немесе бюджеттік бағдарламасында көзделген нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткiзуге бағытталған iс-шараларды қаржылық қамтамасыз ету мақсатында әзiрленедi.
      144. Инвестициялар ҚЭН-інің түпнұсқасын, сондай-ақ осы Қағидалардың 162 және 163-тармақтарында айтылған қосымша материалдарды, ББӘ титулдық бланкiдегі жеке iлеспе хатпен бередi.
      Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі үшін құжаттар редакцияланбайтын графикалық форматта ұсынылады.
      Iлеспе хатта Инвестициялар ҚЭН-інің атауы, мәлiмделетiн сома және Инвестицияларды жүзеге асыру жылы, қоса берiлетiн құжаттардың тiзбесi көрсетiледi.
      Инвестициялар ҚЭН-інің, сондай-ақ қосымша материалдардың, оның ішінде теріске шығарулардың, қосымша дәлелдемелердің не Инвестициялар ҚЭН-іне өзгерістер енгізу туралы ақпараттың әрбір парағына Инвестициялар ҚЭН-ін әзірлеуге жауапты ББӘ құрылымдық бөлімшесінің басшысы қол қояды.
      Инвестициялар ҚЭН-інің, сондай-ақ қосымша материалдардың, оның ішінде теріске шығарулардың, қосымша дәлелдемелердің не Инвестициялар ҚЭН-іне өзгерістер енгізу туралы ақпараттың әрбір парағына қол қойылады не тігіледі, нөмірленеді және Инвестициялар ҚЭН-ін әзірлеуге жауапты ББӘ құрылымдық бөлімшесі басшысының қолымен расталады.
      «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Қор) еншілес және тәуелді ұйымдары әзірлеген ҚЭН мен ТЭН мақұлдауды бюджеттік кредит беру бағдарламаларын, бюджеттік инвестициялық бағдарламаларды жоспарлау мен іске асыру, сондай-ақ оларды түзету кезінде Қор Басқармасы жанындағы тиісті Комитет жүзеге асырады. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға жолданатын ҚЭН мен ТЭН-нің әрбір парағына осы бағытқа жауапты Қордың басқарма мүшесі, ал оларға қосымша өзге материалдарға – осы бағытқа жауапты Қордың құрылымдық бөлімшесінің басшысы қол қояды.»;
      мынадай мазмұндағы 9-1-параграфпен толықтырылсын:
      «9-1-параграф. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттік қатысуы арқылы іске асыру жоспарланған бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемесін түзету, оның ішінде құнының ұлғайюы көзделетін, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу тәртібі
      145. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кейіннен қажетті сараптамалар жүргізе отырып, Инвестициялардың ҚЭН түзету мынадай:
      1) іс-шараларды, техникалық-технологиялық шешiмдердi толықтыруға және (немесе) өзгертуге, бекiтiлген iс-шараларға көзделген шығыстарды ұлғайтуға әкеп соғатын, белгiленген қаржылық-экономикалық параметрлер өзгерген;
      2) бұған дейін бөлінген қаражатты, оның ішінде заңды тұлғаның үлестес тұлғалары арасында, заңды тұлғаның және (немесе) үлестес тұлғалардың мақсаттары мен міндеттері, сондай-ақ іс-шараларының өзгеруіне, бюджеттік инвестицияларды іске асыру қорытындылары бойынша босатылған қаражаттарға (үнемдеулерге) байланысты қайта бөлу талап етілген;
      3) егер бюджеттік инвестицияларды іске асыру қорытындылары бойынша қаражат босаған (үнемделген) жағдайларда жүргізіледі.
      Қажетті сараптамалардан өткен, Инвестициялардың түзетілген ҚЭН-ін бюджет комиссиясының қарауынсыз және ұсынысынсыз бекітуге жол берілмейді.
      Инвестициялардың түзетілген ҚЭН-інің құрылымы мен мазмұны осы Қағидалардың 3-тарауының 9-параграфтың ережелеріне сәйкес келеді, ҚЭН-нің тиісті бөлімдерінде бұған дейін бекітілген ҚЭН-мен салыстыра отырып, болжанған өзгерістер бойынша негіздемелер мен есептеулер келтіріледі.
      145-1. Инвестициялар түзетілген ҚЭН экономикалық сараптама жүргізу және экономикалық қорытындысын алу мына жағдайда жүзеге асырылады:
      1) жаңа немесе қолданыстағы объектілерді жаңарту (салу) құруға бағытталған инвестицияларды қоспағанда, шетелдік валютамен ұлттық валютаның айтарлықтай өзгеруі, техникалық шешімдерді қамтитын өзгерістері, инвестициялардың құнын арттыру;
      2) осы Қағидалардың 149-тармағында көзделген:
      3) техникалық шешімдерді өзгертуге әкелмейтін, бір іс-шара аясындағы құрамдауыштар арасында қаражатты қайта бөлу.
      146. Сметалық құнды ұлғайтуды болжайтын республикалық Инвестициялар мен стратегиялық және (немесе) әлеуметтік маңызы бар, сметалық құнын ұлғайту ЖСҚ-ны түзетуге немесе оған бекітілген ТЭН-де немесе үлгілік жобада көзделмеген қосымша бюджет шығыстарына алып келетін қосымша құрамдауыштарды енгізуге байланысты республикалық бюджеттен берілетін астананы дамытуға арналған нысаналы трансферттер есебінен іске асырылатын және республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 1000000 астам еселенген мөлшерін құрайтын жергілікті Инвестицияларды қарау осы Қағидалардың
151-тармағымен айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.
      147. Стратегиялық және (немесе) әлеуметтік маңызы бар, республикалық бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттері есебінен астанада іске асырылатын, сметалық құнын ұлғайту ЖСҚ-ны түзетуге немесе оған бекітілген ТЭН-де немесе үлгілік жобада көзделмеген, қосымша бюджет шығыстарына алып келетін қосымша құрамдауыштарды енгізуге байланысты, республикалық бюджет туралы заңда белгіленген тәртіппен айлық есептік көрсеткіштің 1000000 астам еселенген мөлшерін құрайтын жергілікті Инвестицияларды қоспағанда, жергілікті Инвестицияларды, сондай-ақ сметалық құнын ұлғайту болжанатын, нысаналы даму трансферттері мен жоғары тұрған бюджеттен бөлінетін кредиттер есебінен қаржыландыру жоспарланатын жергілікті Инвестицияларды қарауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган осы Қағидалардың 151-тармағында айқындалған тәртіппен жүзеге асырады.
      148. Егер жобаны (жобаларды) іске асыру қорытындылары бойынша қаражат босаса (үнемделсе), ол қалыптасқан үнемдеу бойынша үнемдеу себептері мен қаржыландыру көздерін көрсете отырып, бюджет заңнамасына сәйкес жаңа бірыңғай Инвестициялар ҚЭН-ін әзірлеу арқылы жаңа жобаны (жобаларды) іске асыруға бағытталатын болса, Инвестицияларды түзету жүргізіледі.
      149. Ұлттық валюта бағамының шетел валюта бағамына қатысты елеулі өзгеруі себебінен, техникалық шешімдердің өзгеруіне алып келмейтін, Инвестициялардың құны ұлғайған жағдайда, ҚЭН-ге түзету жүргізіледі, оның ішінде, ТЭН-ге және (немесе) ЖСҚ-ға кейіннен ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуімен бұл ретте экономикалық сараптама және қорытынды талап етілмейді.
      Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган аталған мәселені осы Қағидалардың 151-тармағында айқындалған тәртіппен тиісті бюджет комиссиясының қарауына шығарады.
      150. Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 154-бабының 7-тармағына сәйкес бюджет заңнамасында белгіленген рәсімдер сақталмай бөлінген Инвестицияларды түзету бойынша ҚЭН әзірленген жағдайда, экономикалық сараптама жүргізу үшін Инвестициялар ҚЭН-ін, экономикалық сараптаманы және қорытындыны ұсыну талап етілмейді.
      151. Инвестициялардың ҚЭН-ін түзету мәселелерін, оның ішінде бекітілген іс-шаралардың құнын ұлғайтуды көздейтін мәселелерді тиісті бюджет комиссиясының қарауына шығару тәртібі екі кезеңмен жүзеге асырылады.
      Бірінші кезең:
      1) осы Қағидалардың 145-1-тармағында көзделген жағдайдан басқа, ББӘ-нің Инвестициялар ҚЭН-ін түзету бойынша инвестициялық ұсыныс әзірлеуі және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органға ұсынуы;
      2) ББӘ ұсынған құжаттар мен бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті органға ұсынылатын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның түзетілген Инвестициялар ҚЭН-і бойынша түзетілген Инвестициялар ҚЭН-нің орындылығын айқындау үшін тиісті бюджет комиссиясының шешімі. Осы Қағидалардың 145-1-тармағында көзделген жағдайларда, Инвестициялар ҚЭН-іне түзету бойынша инвестициялық ұсынысқа экономикалық қорытынды талап етілмейді.
      Бірінші кезеңде түзетілген Инвестициялардың ҚЭН-і бойынша инвестициялық ұсыныстарды әзірлеу, қарау және іріктеу процесі осы Қағидалардың 2-тарауында айқындалған тәртіппен өтеді.
      Бірінші кезеңде осы Қағидалардың 146-тармағында көзделген, сметалық құнын ұлғайтуды республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру болжанатын жергілікті Инвестициялар бойынша жергілікті атқарушы орган қорытынды дайындайды және жергілікті Инвестициялардың ТЭН-ін түзету мәселесін республикалық бюджет комиссиясының қарауына шығару үшін кейіннен бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға енгізу үшін осы тармақта көрсетілген құжаттармен қоса, Инвестицияларды республикалық бюджеттік бағдарламаның тиісті әкімшісіне енгізеді.
      Инвестициялардың ҚЭН-ін түзету бойынша инвестициялық ұсыныстар құжаттаманың толық топтамасы ұсынылмаған не қымбаттаудың орын алуының айқын және негізді себептері берілмеген, сондай-ақ кінәлі тұлғалар немесе ұйымдар және оларға қолданылған шаралар (егер ондай болса) көрсетілмеген болса, сметалық құнын ұлғайту тұрғысынан қаралмайды.
      Инвестициялардың ҚЭН-ін түзетудің орындылығы мәселесін тиісті бюджет комиссиясының қарауына шығару үшін ББӘ бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға мына құжаттарды ұсынады:
      осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша салыстырмалы кестені қоса бере отырып, іс-шараларды, Инвестициялар ҚЭН-інің техникалық-экономикалық шешімдерін болжамды толықтырулар және (немесе) өзгертулер, бекітілген іс-шараларға көзделген шығыстарды ұлғайту көрсетілген ББӘ – мемлекеттік органның бірінші басшысы не оның орынбасары қол қойған өтінім хат;
      Инвестициялар ҚЭН-нің бастапқы параметрлері қоса берілген, оң экономикалық қорытынды алған Инвестициялар ҚЭН-ін (бар болса) бекiту туралы ББӘ (ББӘ құзыретіне жатқызуға болмайтын жобалардың түрлі экономикалық салаларында іске асырылуын көздейтін ұлттық холдингтер мен ұлттық басқарушы холдингтер) бұйрығының көшірмесі;
      Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 154-бабында белгіленген рәсімдер сақталмай тиісті бюджетте бекітілген жобаларды қоспағанда, бұрын ұсынылған Инвестициялардың ҚЭН-іне мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергілікті уәкiлеттi органның оң экономикалық қорытындысының көшірмесі;
      сараптамалар қорытындысы және бұрын мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органның оң экономикалық қорытындысы алынған Инвестициялардың ҚЭН-і;
      осы Қағидалардың 145-1-тармағында көзделген жағдайларда қоспағанда, ҚЭН түзету бойынша берілген инвестициялық ұсынысқа мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергілікті уәкiлеттi органның оң экономикалық қорытындысы;
      ЖСҚ-ны әзірлеуден бастап, құрылыс қызметін болжайтын жобалар бойынша мемлекеттік сатып алуды жүргізудің нәтижесінде үнемделген соманы (егер үнемдеу болған жағдайда) көрсете отырып, ҚЭН-ді іске асыру шеңберінде жасалған шарттар туралы ақпарат;
      іске асыру басталғаннан бастап әрбір жыл үшін бюджеттен Инвестициялар ҚЭН іс-шараларын қаржыландыру. Бұл ақпарат әрбір жылдың тіркелген жоспары мен фактісі игерілмеген жағдайда, оның себептері көрсетіле отырып беріледі;
      қымбаттауға әкелетін себептерді егжей-тегжейлі көрсету (мердігерлердің ББӘ шартта көрсетілген бағаны (сметаны) өсіру қажеттігі туралы уақтылы ескерткендігін растайтын хаттарының көшірмелерін қоса бере отырып);
      ұйым не жеке тұлғаның кінәсінен қымбаттау болған жағдайда, сондай-ақ осындай ұйымға не жеке тұлғаға қатысты қабылданған шаралар;
      тиісті уәкілетті мемлекеттік органның ресми хат нысанында ұсынылатын, ББӘ түсіндірмелерімен қоса, жоба құнын ұлғайтудың негізділігі мен дұрыстығын растайтын салалық сараптаманың қорытындысы, сала болмаған жағдайда ББӘ-нің қорытындысы ұсынылады;
      Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі органның бюджет қаражатының нысаналы пайдаланылуы тұрғысынан, сондай-ақ, құжаттар берілген күннен бастап 6 (алты) айдан кешіктірмей белгіленген, жоба бойынша қаржыландыру басталған болса, бұзушылықтардың болмауы мәніне актісі;
      бекітілген Инвестициялардың ҚЭН-інде көрсетілген көрсеткіштерге, қол жеткізу немесе жеткізбеу туралы ақпаратты қамтитын, оның себептері көрсетіле отырып, оның ішінде бөлінген бюджет қаражаты толық игерілген кезде, ББӘ – мемлекеттік органның бірінші басшысы не оны алмастыратын тұлға қол қойған түсіндірме жазба..
      Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға құжаттар топтамасын қарайды және олар бойынша қорытындыны тиісті бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
      Бюджет комиссиясының оң қорытындысын алған жағдайда, ББӘ кейіннен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қажетті сараптамаларды жүргізе отырып, Инвестициялар ҚЭН-іне тиісті түзетулерді енгізеді.
      Екінші кезең:
      1) осы Қағидалардың 145-1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергiлiктi уәкiлеттi органға түзетiлген Инвестициялар ҚЭН-ін ұсыну;
      2) тиісті бюджет комиссиясының түзетілген ҚЭН-і бойынша Инвестицияларды қаржыландыру туралы шешімі.
      Екінші кезеңде түзетілген Инвестициялар ҚЭН-ін қарау мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергiлiктi уәкiлеттi органның осы Қағидаларда және Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
      Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергiлiктi уәкiлеттi орган ББЭ ұсынған мына құжаттардың негізінде тиісті бюджет комиссияларының қарауына түзетілген Инвестициялар ҚЭН-і бойынша қаржыландырудың орындылығы мәселесін шығарады:
      iс-шараларды, Инвестициялар ҚЭН-індегі техникалық-технологиялық шешiмдерге болжанған толықтыруларды және (немесе) өзгертулерді, бекітілген іс-шараларға көзделген шығыстарды ұлғайтуға әкелетін мән-жайлар мен себептерді көрсете отырып, осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша салыстырмалы кесте қоса берілген ББӘ – мемлекеттік органның бірінші басшысы не оның орынбасары қол қойған өтiнiм-хат;
      Инвестициялар ҚЭН-інің бастапқы параметрлері қоса берілген, оң экономикалық қорытынды алған Инвестициялар ҚЭН-ін (бар болса) бекiту туралы ББӘ (бір ББӘ құзыретіне жатқызуға болмайтын жобаларды экономиканың түрлі салаларында іске асырылуын көздейтін ұлттық холдингтер мен ұлттық басқарушы холдингтер) бұйрығының көшірмесі;
      Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 154-бабында белгіленген рәсімдер сақталмай тиісті бюджетте бекітілген жобаларды қоспағанда, бұрын ұсынылған Инвестициялар ҚЭН-іне берілген мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергілікті уәкiлеттi органның оң экономикалық қорытындысының көшірмесі;
      сараптамалар қорытындылары және құжаттар, сондай-ақ бұрын мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органның оң қорытындысы алынған ҚЭН;
      түзетiлген Инвестициялар ҚЭН-і;
      осы Қағидалардың 145-1-тармағында көрсетілген жағдайдан басқа, түзетiлген Инвестициялар ҚЭН-іне оң экономикалық қорытынды;
      ЖСҚ-ны әзірлеуден бастап, құрылыс қызметін болжайтын жобалар бойынша мемлекеттік сатып алуды жүргізудің нәтижесінде үнемделген соманы (егер үнемдеу болған жағдайда) көрсете отырып, ҚЭН-ді іске асыру шеңберінде жасалған шарттар туралы ақпарат;
      іске асыру басталғаннан бастап әрбір жыл үшін бюджеттен ҚЭН  іс-шараларын қаржыландыру. Бұл ақпарат әрбір жылдың жоспары және фактісі, игерілмеу болған жағдайда, оның себептері көрсетіле отырып беріледі;
      қымбаттауға әкелетін себептерді егжей-тегжейлі көрсету (мердігерлердің ББӘ шартта көрсетілген бағаны (сметаны) өсіру қажеттігі туралы уақтылы ескерткендігін растайтын хаттарының көшірмелерін қоса бере отырып);
      ұйым не жеке тұлғаның кінәсінен қымбаттау болған жағдайда, сондай-ақ осындай ұйымға не жеке тұлғаға қатысты қабылданған шаралар;
      тиісті уәкілетті мемлекеттік органның ресми хат нысанында ұсынылатын бірінші басшы не оны алмастыратын адам қол қойған, мөрмен расталған, салалық сараптама қорытындысының, ББӘ түсіндірмелерімен қоса, жоба құнын ұлғайтудың негізділігі мен дұрыстығын растайтын салалық сараптаманың қорытындысы, сала болмаған жағдайда ББӘ-нің қорытындысы ұсынылады;
      Инвестициялар түзетілген ТЭН және (немесе) ЖСҚ ведомстводан тыс кешенді сараптама қорытындысы;
      Инвестициялар ҚЭН-інде көрсетілген іс-шаралардың іске асырылуын аяқтау үшін талап етілетін болжанған қосымша бюджет шығыстарының негіздемесі;
      бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуы, сондай-ақ Инвестицияларды іске асыру шеңберінде бөлінген барлық бюджет қаражатын қамтитын бұзушылықтардың болмауы тұрғысынан ескіру мерзімі құжаттар ұсынылған күннен 6 (алты) айдан аспайтын Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ішкі қаржылық бақылау жөніндегі органның актісі немесе Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің қаулысы;
      құжаттарды ұсынған күнге дейін көп дегенде 1 (бір) ай бұрын түсірілген, объектінің нақты жай-күйі туралы толық көрініс беретін фото немесе бейне түсірілімдер материалдары.»;
      152. Құжаттамасының толық топтамасы ұсынылмаған не қымбаттаудың орын алуының айқын және негізді себептері берілмеген, сондай-ақ кінәлі тұлғалар немесе ұйымдар және оларға қолданылған шаралар (егер ондай болса) көрсетілмеген ҚЭН сметалық құнын ұлғайту тұрғысынан қаралмайды.
      153. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган осы Қағидалардың 151-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасын қарайды және түзетілген Инвестициялардың ҚЭН-і бойынша Инвестициялар құнын ұлғайту бойынша қорытындыны тиісті бюджет комиссиясының қарауына шығарады.
      154. Тиісті бюджет комиссиясы іріктеген, сметалық құнын ұлғайту болжанған Инвестициялар бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті бюджетке енгізіледі.
      мынадай мазмұндағы 11, 12-параграфтармен толықтырылсын:
      «11-параграф. Қаржы агенттіктерінің мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруын бюджеттік кредиттеудің қаржылық-экономикалық негіздемесін әзірлеу тәртібі
      182-2. Бюджеттік кредиттің ҚЭН-інде бюджеттік кредиттеудің орындылығын растау, сондай-ақ жоспарланатын iс-шаралардың бюджет заңнамасына сәйкес бюджеттік кредиттеудің келесі критерийлеріне сәйкестiгiн растау келтіріледі:
      іс-шараларды бюджеттік кредиттеу арқылы іске асырудың экономикалық және әлеуметтік тиімділігі;
      бюджеттік кредит есебінен іске асырылатын іс-шаралардың өзін-өзі ақтауы;
      мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органмен келісу бойынша бюджетті атқару жөніндегі уәкiлеттi орган айқындайтын критерийлерге сәйкес қарыз алушының кредит қабілеттілігі.
      182-3. Экономикалық сараптаманы жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы Үкіметі немесе жергілікті атқарушы органдар айқындаған заңды тұлғаның бюджеттік кредиттің ҚЭН-інің экономикалық сараптамасы бюджеттік кредиттің ҚЭН-інің iс-шараларының бюджеттік кредиттеудің критерийлеріне сәйкестiгi тұрғысынан жүргізіледі.
      182-4. Бюджеттік кредиттің ҚЭН-ін әзірлеуді немесе түзетуді ББӘ не қаржылық схема қатысушыларының бірі жүзеге асырады.
      182-5. Бюджеттік кредиттің ҚЭН-інің мақсаттары мен міндеттері инвестициялық ұсынысқа сәйкес келуі тиіс.
      186-6. Бюджеттік кредиттің ҚЭН-і:
      жобаның паспорты;
      институционалдық бөлім;
      маркетингтік бөлім;
      қаржылық бөлім;
      әлеуметтік-экономикалық бөлім;
      тәуекелдерді бағалау және бөлу бөлімі;
      жоба бойынша тұжырымдар;
      қосымшалар құрылымына сәйкес болуға тиіс.
      Егер бюджеттік кредит шет мемлекеттердің аумағында берілген жағдайда, БИЖ-дің бастапқы және түзетуге ұсынылатын құнын растайтын, аумағында осы жоба іске асырылатын мемлекеттің құрылыс саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген тиісті құжаттар аталған заңнаманың мәтінін қоса бере отырып және мемлекеттік және/немесе орыс тілдеріне аудармасын қамтамасыз ете отырып ұсынылады.
      Жобаның ерекшелігіне байланысты бюджеттік кредиттің ҚЭН-і шеңберінде қабылданған шешімдерді егжей-тегжейлі ашуға және негіздеуге мүмкіндік беретін қосымша бөлімдер қосылады.
      Бұл ретте, қосымшалар келесі құжаттармен жиынтықталады:
      қаржыландырудың ықтимал түрлері мен тәсілдерінің есептеулері, олар осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандар бойынша ұсынылатын қаржылық-экономикалық модельдің базалық параметрлері мен экономикалық тиімділік көрсеткіштерінің есебін қамтиды.;
      осы Қағидаларға 18-қосымшаға сәйкес нысандар бойынша ұсынылатын қатысушылар туралы ақпарат;
      осы Қағидалардың 22-қосымшасына сәйкес жасалған қаржы моделінің қағаз және электрондық нұсқасы;
      бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген нысандар бойынша жасалған бюджеттік кредитті есепке алмай, бюджеттік кредиттің қаржылық схемасына қатысушылардың қаржылық көрсеткіштерінің болжамы:
      «Бухгалтерлік баланс»;
      «Пайдалар мен шығындар туралы есеп»;
      «Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп (тікелей немесе жанама әдіс)»;
      «Капиталдағы өзгерістер туралы есеп»;
      осы Қағидаларға 47-қосымшаға сәйкес нысандар бойынша ұсынылатын бюджеттік кредиттер есебінен іске асыру жоспарланатын инвестициялық жобаның тиімділігін талдау;
      осы Қағидаларға 48-қосымшаға сәйкес нысандар бойынша ұсынылатын қарыз алушыны талдау;
      ұйғарылып отырған кепілзатты қамтамасыз етуге меншік құқығын және кепілзат мүлігіне өзге ауыртпалықтар жоқ екендігін растайтын құжат;
      салық берешегінің және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің болмауы (болуы) туралы тиісті салық органының анықтама түпнұсқасы;
      бұрын алынған бюджеттік кредиттер бойынша мерзімі өткен берешектің болмауы туралы бюджетті атқару жөніндегі уәкiлеттi органның анықтамасы (хаты);
      Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы заңмаға сәйкес жасалған бюджеттік кредиттерді уақтылы қайтару бойынша қамтамасыз ету болып табылатын мүліктің бағалауы туралы есеп бюджеттік кредиттеу кезінде түпкілікті қарыз алушыдан алынатын маржаны негіздейтін құжат;
      жаңа объектілердің құрылысын немесе жұмыс істеп тұрған объектілерді реконструкциялауды болжайтын жобалар бойынша жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін тиісті құжаттардың көшірмелері;
      қаржылық схема қатысушыларының құрылтай құжаттарының көшірмелері;
      қаржылық схема қатысушыларының кредит саясаты туралы құжаттары;
      бюджеттік кредиттің ҚЭН-і мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергілікті уәкілетті органға енгізудің алдындағы соңғы үш жылдағы мөр басылған және бірінші басшы мен бас бухгалтердің қолы қойылған қаржылық схема қатысушыларының қаржылық есептілігі (жеке және шоғырландырылған), сондай-ақ қаржылық есептілікке түсіндірме жазбалар;
      Қазақстан Республикасының аудит қызметі туралы заңнамасына сәйкес қаржылық есептілік аудиті міндетті болып табылатын қаржылық схема қатысушылары үшін соңғы үш жылда жасалған аудиттелген қаржылық есептілік пен аудиттік есептер тапсырылады. Бұл ретте қаржылық схема қатысушысы қолданыстағы заңнамаға сәйкес объективті себептері болған кезде соңғы есепті кезеңдегі аудиттен өтпеген қаржылық есептілікті ұсынуға құқылы;
      инвестициялық ұсыныстың және осы инвестициялық ұсынысқа мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның экономикалық қорытындысының көшірмесі;
      жобаның ерекшелігіне байланысты ведомстводан тыс кешенді сараптаманың тиісті қорытындысы;
      тиісті саладағы уәкілетті органның салалық сараптамасының қорытындысы;
      қаржылық схема қатысушыларының мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергiлiктi уәкiлеттi органға бюджеттік кредиттің ҚЭН-ін енгiзудiң алдындағы айдың соңғы күнiне жасалған қаржылық есептiлiгi, сондай-ақ қаржылық есептiлiкке түсiндiрме жазбалар жатады.
      Қаржылық есептілік қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес, оның ішінде басқа ұйымдарға қаржылық қатысу туралы, баланс валютасында 10 % және одан көп үлес алатын баланс баптары егжей-тегжейлі толық ашылған ақпаратты қоса берумен ұсынылады.
      Тиісті саладағы уәкілетті органның салалық сараптама қорытындысы:
      1) саладағы қазіргі жағдайдың талдауын бағалауды;
      2) сандық және сапалық көрсеткіштерді келтіре отырып және жобаның сала экономикасының құрылымындағы рөлі мен орнын көрсете отырып, саланың дамуына жобаның іске асырылуының ықпалын бағалауды;
      3) жобаның іс-шаралары бойынша (құрылысты және/немесе жабдықтарды сатып алуды болжайтын жобалар бойынша) техникалық шешімдердің жеткілікті болуын және олардың тиімділігін бағалауды қамтиды.
      182-7. Жоба паспортында жоба туралы қысқаша ақпарат ашылады. Жоба паспорты мынадай ақпаратты қамтиды:
      ББӘ атауы;
      жобаның атауы;
      жобаны іске асыру орны (құрылыс болған жағдайда);
      жобаның мақсаты мен міндеттері, оның ішінде сандық мәнде;
      жобаның іске асырылу кезеңі, оның ішінде объект құрылысының кезеңі (құрылыс болған жағдайда);
      жобаның құрамдауыштары;
      бюджеттік кредиттің жоспарланатын көлемі;
      бюджеттік кредитті беру шарттары (кредитті берудің мақсаты, сыйақы мөлшерлемесі, қарыз алушының кредитті игеру кезеңі, негізгі борышты өтеу және ол бойынша сыйақы төлемдерін төлеу кезеңділігі, жеңілдік кезеңінің болуы, кредитті өтеу әдісі);
      жобаның іске асырылуынан негізгі пайда алушылар.
      182-8. Институционалдық бөлімде жобаны басқарудың ұсынылатын оңтайлы схемасы, жобаның қаржылық схемасына қатысушылар және олардың функциялары, олардың өзара іс-қимыл тәртібі сипатталады.
      Бұл бөлім мыналарды:
      1) әрбір қаржылық схема қатысушысы жөніндегі ақпаратты, сондай-ақ ақша ағындарының сомалары мен бағыттарын көрсете отырып іс-шараларды іске асырудың қаржылық схемасын;
      2) жобаның стратегиялық алғышарттары туралы ақпаратты, атап айтқанда, іске асыру үшін бюджеттік кредиттің ҚЭН-і бойынша іс-шаралар жоспарланатын стратегиялық және бағдарламалық құжаттар туралы ақпаратты (елдегі жағдай және Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын, нормативтік құқықтық актілерді, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк жоспарлау жүйесінің құжаттарын, бюджеттік бағдарламасын) қамтиды.
      182-9. Маркетингтік бөлім жобаны іске асырудың нәтижесінде қалыптасатын өнімге (тауарларға/көрсетілетін қызметтерге) сұраныстың және өндірістің тұтыну факторларын ұсынудың қазіргі кездегі және болжамды (жобаны іске асыру кезеңіндегі) конъюнктурасын талдауды қамтиды.
      Бұл бөлім мыналарды:
      1) саладағы (өңірдегі) және Қазақстан Республикасындағы қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайды және жобаны есепке алмай оның даму перспективаларын талдауды, оның ішінде:
      негізгі әлеуметтік көрсеткіштерді (халықтың табыс деңгейі, жұмыссыздық, жұмыспен қамту, өлім-жітім, туу деңгейі және т.б.);
      негізгі салалық (өңірлік) көрсеткіштерді (өнімдерді (тауарларды/көрсетілетін қызметтерді) өндіру көлемі), жалпы ішкі өнім құрылымындағы саланың (өңірдің) үлесі, салаға (өңірге) жасалған инвестициялардың көлемі және олардың жоспарланатын кезеңдегі үрдістері);
      жобаны іске асыру арқылы шешу жоспарланып отырған саланың ағымдағы проблемаларын сипаттауды;
      2) саладағы (өңірдегі) және Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды және жобаны іске асыру жағдайында оның даму перспективаларын талдауды, оның ішінде:
      негізгі әлеуметтік көрсеткіштерді (халықтың табыс деңгейі, жұмыссыздық, жұмыспен қамту, өлім-жітім, туу деңгейі және басқалар);
      негізгі салалық (өңірлік) көрсеткіштерді (өнімдерді (тауарларды/көрсетілетін қызметтерді) өндіру көлемі), жалпы ішкі өнім құрылымындағы саланың (өңірдің) үлесі, салаға (өңірге) жасалған инвестициялардың көлемі және олардың жоспарланатын мерзімдегі үрдістері);
      сұраныстың сандық параметрлерінің, оның үрдістерінің талдауын және негіздемесін немесе жоба шеңберінде өндіру жоспарланатын өнімге (тауарға/көрсетілетін қызметке) қажеттілікті бағалауды;
      тұтынушылар санаты бойынша саладағы (өңірдегі) ағымдағы жағдайды ескере отырып, жүргізілетін өнімнің (тауардың/көрсетілетін қызметтің) көлемін, түрлерін және бағаларын талдауды;
      3) тұтынушылар санаты бойынша жобаны іске асырудың нәтижесінде жүргізілетін өнімнің (тауардың/көрсетілетін қызметтің) көлемін, түрлерін және бағаларын талдауды:
      жобаны іске асыру үшін қажетті шикізаттар, материалдар, жабдықтар нарығын талдау, оның ішінде өндірушілер мен жеткізушілер, бағалар, сапа және өнімді жеткізу шарттары бойынша салыстырмалы талдауды;
      инвестициялық, сондай-ақ инвестициядан кейінгі кезеңде жобаның тиісті біліктілігі бар мамандармен қамтамасыз етілуін талдау, қажет болған жағдайда, шетелдік мамандарды тарту негіздемесін қамтиды.
      182-10. Қаржылық бөлімде бюджеттік кредит көлемiнiң және кредиттеу мақсатының негiздемесi, қаржы моделінің бастапқы деректерінің сипаттамасы мен негіздемесі, жобаның қаржылық тиімділігін талдау, бюджеттік кредитті беру шарттарының және оны уақытылы қайтару мүмкіндігінің негіздемесі, сондай-ақ қарыз алушы мен өзге де қаржылық схема қатысушыларының талдауы келтіріледі. Одан басқа, бюджеттік кредиттің ҚЭН-і шеңберінде қабылданған қаржылық шешімдер ашылады.
      Бұл бөлім:
      1) бюджеттік кредит ҚЭН-і iс-шараларының әрбiр іс-шарасы бөлiнiсiнде бюджеттік кредит көлемiнiң құжатпен және есептеулермен расталған негiздемесiн, оның ішінде:
      сатып алынатын өнiмдер тізбесінің, саны мен сапасының негiздемесiн (сатып алынған жағдайда);
      сатып алынған жағдайда бюджеттік кредит есебiнен сатып алынатын өнiмдер бағаларының талдауын (соңғы екі жылдағы бағалардың серпіні туралы ақпарат және өзгеріске әкелуі мүмкін ағымдағы бағалар мен мұндай өзгеріске алып келуі ықтимал оқиғалар);
      2) мыналарды:
      бюджеттік кредитті беру шарттарын (кредитті берудің мақсаты, сыйақы мөлшерлемесі, қарыз алушының кредитті игеру кезеңі, негізгі борышты өтеу және ол бойынша сыйақы төлемдерін төлеу кезеңділігі, жеңілдік кезеңінің болуы, кредитті өтеу тәсілі және басқалары) егжей-тегжейлі сипаттауды;
      жобаны іске асыру мерзімінің ұзақтығының негіздемесін;
      қаржылық схема қатысушыларының ковенанттарды қамтамасыз етуіне және сақтауына қойылатын талаптардың болуы/болмауы туралы ақпаратты;
      қаржылық схема қатысушыларының кредиттік қоржынының құрылымы мен жоба іске асырылған жағдайда оның өзгерісін бағалауды;
      өткізілетін өнiмнiң (тауарлардың/көрсетілетін қызметтердің) өзiндiк құнының негiздемесi, оның iшiнде оның өсу немесе төмендеу негiздемесiн (ақпаратты ашу әрбір өнiм бойынша жүзеге асырылады);
      өнiмді өткізу бойынша жоспарланатын шығыстар негіздемесін, оның iшiнде олардың өсу немесе төмендеу негiздемесiн (ақпаратты ашу әрбiр кiшi топ бойынша жүзеге асырылады);
      жоспарланатын әкiмшiлiк шығыстар негiздемесi, оның iшiнде олардың өсу және төмендеу негiздемесiн (ақпаратты ашу әрбiр кiшi топ бойынша жүзеге асырылады);
      маркетинг пен жарнама бойынша жоспарланатын шығыстар негiздемесiн, оның iшiнде олардың өсу немесе төмендеу негiздемесiн (ақпаратты ашу әрбiр кiшi топ бойынша жүзеге асырылады);
      сыйақылар бойынша жоспарланатын шығыстар негіздемесін;
      активтердi iстен шығаруға байланысты шығыстар негіздемесін;
      операциялық жалдауға байланысты шығыстар негіздемесін;
      үлестiк қатысу әдiсiмен ескерiлетiн инвестициялар жөнiндегi шығыстар негіздемесін;
      қызметтiң тоқтатылуына байланысты жоспарланатын шығыстарды;
      өзге де жоспарланатын шығыстарды;
      сатудан және өзге көздерден түсетін кірістерді келтіре отырып, жобаның кіріс бөлігінің негіздемесін;
      қаржылық схема қатысушылары маржасының негідемесін келтіре отырып, барлық қаржылық схема қатысушылары үшін қаржы моделін есептеуде қолданылатын барлық бастапқы деректердің негіздемесін қамтиды.
      Қаржылық модель, осы Қағидаларға 22-қосымшаға сәйкес жасалады және Excel электрондық форматында ұсынылады;
      3) бюджеттік кредит есебінен іске асырылатын жобаның тиімділігін талдау.
      Бұл тарауда мынадай көрсеткіштерді есептеу нәтижелерінің сипаттамасын ұсыну қажет:
      қарапайым өзін-өзі ақтау мерзімі (payback period, PP);
      дисконтталған өзін-өзі ақтау кезеңі (discounted payback period, DРP);
      таза дисконтталған кіріс (net present value, NPV);
      кірістіліктің ішкі нормасы (internal rate of return, IRR);
      кірістілік индексі (profitability index, PI).
      Көрсеткіштер есебі осы Қағидаларға 47-қосымшаға сәйкес жүргізіледі;
      4) қарыз алушыны және жобаның өзге де қаржылық схема қатысушыларын талдау. Ол үшін жобаның қаржылық схемасы қатысушыларының қаржылық есептілігін талдаудың:
      сатылас талдау (vertical analysis);
      деңгейлес талдау (horizontal analysis);
      коэффициенттік талдау (coefficient analysis) түрлері жүргізіледі.
      Көрсеткіштер есебі осы Қағидаларға 48-қосымшаға сәйкес жүргізіледі.
      182-11. Әлеуметтік-экономикалық бөлім жобаны іске асырудан түсетін әлеуметтік-экономикалық пайда мен шығындарды көрсетеді.
      Бұл бөлім:
      бюджеттік кредиттің ҚЭН iс-шараларының жоспарланған тiкелей және түпкілікті нәтижелерiнiң есептеулермен расталған негiздемесін;
      тiкелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізуге негізделген бюджеттік кредиттің ҚЭН iс-шараларының әлеуметтік-экономикалық, оның ішінде бюджеттік тиімділігі туралы ақпаратты;
      нәтижелерді, салдар мен ықпалдарды талдауды, өсірілген пайда мен шығындарды, тұтынушының қосымша пайдаларын, қайтымсыз шығасыларды, сыртқы әсерлерді, халықаралық әсерлерді, жобаны іске асырудан пайда болған жанама пайдаларды қамтитын жоба бойынша пайда мен шығындардың талдауын;
      ағымдағы бағалар мен өткен жылдың салыстырмалы бағаларындағы тура, жанама және жиынтықтық макроэкономикалық әсердің есебін;
      таза қоғамдық пайда, экономикалық таза келтірілген кірістің (economic net present value, ENPV), кірістіліктің экономикалық ішкі нормасының (economic internal rate of return, EIRR) көрсеткіштері есебін;
      жобаны іске асырудың аралас салалардың (көрші өңірлердің) дамуына әсерінің талдауын;
      жобаның Қазақстан Республикасының экспорттық әлеуетінің өсуіне және импортты алмастыруға, инновациялардың дамуына әсерін талдауды;
      жоба қатысушылары қызметін қолдау үшін көрсетілуі жоспарланатын мемлекеттік қолдаудың түрлері мен мөлшерлерін, олардың есептері мен негіздемесін;
      жобаны іске асыру жылдары бойынша мемлекеттік бюджетке (республикалық немесе жергілікті) түсетін жүктеменің есебін;
      таза бюджеттік пайданың, бюджеттік таза келтірілген кірістің (мемлекеттік бюджеттің NPV), кірістіліктің бюджеттік ішкі нормасы (мемлекеттік бюджеттің IRR) көрсеткіштерінің есебін;
      мемлекеттік бюджетке түсуі жоспарланған салықтық түсімдерді, оның ішінде бюджеттік кредиттің түпкілікті қарыз алушыларын ескере отырып, түсімдерді қамтиды.
      182-12. «Тәуекелді бағалау және бөлу» бөлімінде жобаны іске асыру кезінде (оның ішінде құрылыс болған жағдайда, дайындық кезеңінде, объектіні салу/реконструкциялау және пайдалану кезеңінде) басталуы мүмкін тәуекелдер сипатталады.
      Бұл бөлім:
      коммерциялық тәуекелдерді бағалауды;
      әлеуметтік тәуекелдерді бағалауды;
      экономикалық тәуекелдерді бағалауды;
      техникалық тәуекелдерді бағалауды;
      қаржылық тәуекелдерді бағалауды;
      тәуекелдердің негізгі факторларын айқындайтын жоба қатысушыларына тән тәуекелдерді бағалауды, оларды өзгертудің болжамды сипаты мен диапазонын;
      оларды төмендету бойынша болжанатын іс-шараларды;
      тәуекелдерді жобаның қаржылық схема қатысушылары арасында бөлудің талдауын;
      белгісіздік жағдайындағы талдау, оның ішінде негізгі параметрлер бойынша (өткізу көлемі, өткізу бағасы, тікелей шығындар) сезімталдықты талдау, оның ішінде параметр өзгеруінің шекті рұқсат етілген мәндерін айқындауды қамтиды.
      Тәуекелдерді бағалау сандық және сапалық талдау әдісімен жүргізіледі.
      182-13. «Жоба бойынша тұжырымдар» бөлімінде:
      жобаның негізгі артықшылықтары мен кемшіліктері;
      жобаны бюджеттік кредиттеу арқылы іске асыру қажеттігін негіздеу;
      жоба паспортына сәйкес бюджеттік кредитті беру шарттарының бағалауы;
      жоба бойынша шегіне жеткен тәуекелдер және оларды азайту жөніндегі шаралар сипатталады.
      12-параграф. Қаржы агенттіктерінің мемлекеттің инвестициялық саясатын іске асыруын бюджеттік кредиттеудің қаржылық-экономикалық негіздемесін қарау тәртібі
      182-14. Бюджеттік кредиттеудің орындылығын айқындау үшін ББӘ мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органға осы Қағидалардың 182-7-тармағына сәйкес әзірленген бюджеттік кредиттің ҚЭН-і бойынша құжаттар топтамасын ұсынады.
      Бюджеттік кредиттің ҚЭН-і бойынша құжаттар топтамасын қарау мерзімі оның мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органға келіп түскен күнінен бастап 45 (қырық бес) жұмыс күнiн құрайды.
      182-15. ББӘ-ден құжаттар топтамасы түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнi iшiнде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган оны экономикалық сараптама жүргiзу үшiн тиісінше:
      1) бюджеттік кредиттің ҚЭН-інің экономикалық сараптамасын жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған заңды тұлғаға;
      2) бюджеттік кредиттің ҚЭН-інің экономикалық сараптамасын жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының жергiлiктi атқарушы органдары айқындайтын заңды тұлғаларға жібереді.
      182-16. Қазақстан Республикасының Үкіметі не жергілікті атқарушы органдар айқындайтын заңды тұлғаның бюджеттік кредиті ҚЭН-інің экономикалық сараптамасы бюджеттік кредит ҚЭН-і бойынша құжаттар топтамасын ұсынған күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
      Бюджеттік кредит ҚЭН-інің экономикалық сараптамасы ұсынылған бюджеттік кредит ҚЭН-інің және жобаның ерекшелігіне байланысты талап етілетін сараптамалардың тиісті оң қорытындыларының негізінде жүргізіледі.
      Жүргiзiлген сараптамаларда және/немесе тәуелсiз сараптамада, сондай-ақ ұсынылған құжаттамада қамтылмаған немесе толық қамтылмаған мәселелер бойынша қосымша ақпаратты ұсыну қажет болған жағдайда, бюджеттік кредит ҚЭН-іне экономикалық сараптамасын жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Үкіметі не жергілікті атқарушы органдар айқындаған тиiстi заңды тұлғалар тиісті ақпаратты және (немесе) қосымша сараптамалар жүргiзуді сұрайды.
      Қосымша ақпаратқа қатысушылардың мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық және жергiлiктi уәкiлеттi органға бюджеттік кредиттеу ҚЭН-ін енгiзудiң алдындағы айдың соңғы күнiне жасалған қаржылық есептiлiгi, сондай-ақ қаржылық есептiлiкке түсiндiрме жазбалар жатады.
      Қосымша сараптамаларға мыналар:
      1) ведомстводан тыс кешенді сараптама;
      2) мемлекеттік уәкiлеттi органның салалық сараптамасы жатады.
      Қажетті ақпаратты ұсыну және/немесе жүргізілген сараптамаларда қамтылмаған немесе толық қамтылмаған мәселелер бойынша қосымша сараптамалар жүргізу бойынша сұрау салу тиісті ББӘ-ге, сұрау салудың көшірмесі осы Қағидалардың 182-7-тармағында көрсетілген құжаттардың толық топтамасы түскен күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органға жіберіледі.
      ББӘ ресми хат түрінде сұрау салу түскен сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде қажетті ақпаратты бюджеттік кредит ҚЭН-інің экономикалық сараптамасын жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы органдар айқындаған заңды тұлғаға ұсынады немесе ақпаратты ұсыну үшін қосымша, бірақ 25 (жиырма бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімнің қажеттігі туралы хабардар етеді.
      Бюджеттік кредит ҚЭН-інің экономикалық сараптамасын жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Үкіметі не жергілікті атқарушы органдар айқындаған заңды тұлға экономикалық сараптама жүргізу мерзімін ұзартқан жағдайда, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органды экономикалық сараптама жүргізуді ұзарту туралы ББӘ хатын қоса бере отырып, хабардар етеді.
      Сұрау салу жіберілген күннен бастап және қажетті ақпарат ұсынылғанға дейін экономикалық сараптама жүргізу мерзімі тоқтатыла тұрады.
      Бюджеттік кредит ҚЭН-інің экономикалық сараптамасының нәтижесі оң қорытынды немесе теріс қорытынды немесе пысықтауға жіберуге арналған қорытынды болып табылады.
      182-17. Бюджеттік кредит ҚЭН-інің экономикалық сараптамасының қорытындысы:
      1) тақырыпты;
      2) «Жобаның қысқаша сипаттамасы» бөлімін;
      3) «Тұжырымдар» бөлімін;
      4) қолдарды;
      5) күнін;
      6) мекенжайды;
      7) Қорытындыға «Құжаттар» деген 1-қосымшаны;
      8) Қорытындыға «Жүзеге асушылық» деген 2-қосымшаны;
      9) Қорытындыға «Тиімділік» деген 3-қосымшаны;
      10) Қорытындыға «Өтелімділік» деген 4-қосымшаны қамтиды;
      11) Қорытындыға «Кредит қабілеттілік» деген 5-қосымшаны қамтиды.
      Қорытындының жобаның атауы, сондай-ақ Қорытындыны дайындаған ұйымның атауы көрсетілген тақырыбы болады.
      «Жобаның қысқаша сипаттамасы» бөлімінде бюджеттік кредиттің ҚЭН-ге сәйкес мынадай ақпарат көрсетіледі:
      1) жобаның атауы;
      2) ББӘ-нің атауы;
      3) қаржылық схема қатысушыларының атаулары;
      4) бюджеттік кредитті беру мақсаты;
      5) қаржыландыру жылдар бойынша бөліп көрсетілген жобаның жалпы құны;
      6) жобаны қаржыландырудың көздері мен нысаны;
      7) бюджеттік кредитті беру шарттары.
      «Тұжырымдар» бөлімі келесі құрылымға сәйкес келеді:
      1) «Тиімділік» тарауы, онда жобаның іс-шараларын бюджеттік кредиттеу арқылы іске асырудың экономикалық және әлеуметтік тиімділігі, жобаның тікелей және түпкі нәтижелеріне қол жеткізу, сондай-ақ тиімділік пен сапа көрсеткіштері туралы ақпарат келтіріледі;
      2) «Өтелімділік» тарауы, онда қаржылық схема қатысушыларының қаржылық есептілігінің талдауы және бюджеттік кредит ТЭН іс-шараларының қаржылық тиімділігі туралы ақпарат келтіріледі;
      Қорытындыға «Құжаттар» деген 1-қосымша:
      1) экономикалық сараптама жүргізу кезінде назарға алынған құжаттар мен материалдар тізбесін:
      экономикалық сараптама жүргізу үшін қарауға ұсынылған құжаттарды;
      нормативтік құқықтық актілерді;
      2) ұсынылған құжаттардың құрамы мен мазмұнына ескертулерді қамтиды.
      Қорытындыға «Жүзеге асушылық» деген 2-қосымша:
      1) қолданыстағы заңнама шеңберінде жобаны іске асыру мүмкіндігінің талдауын;
      2) жобаның институционалдық схемасының бағалауын қамтиды;
      Қорытындыға «Тиімділік» деген 3-қосымша:
      1) жобаның сұранысының немесе әлеуметтік-экономикалық қажеттілігінің талдауын;
      2) жобаны іске асыру шеңберінде сатылып алынатын және өндіру (көрсету) жоспарланатын тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) нарығының талдауын;
      3) жобаны іске асырудың әлеуметтік және экономикалық тиімділігінің талдауы, оның ішінде жоба бойынша пайдалар мен шығындардың талдауын;
      4) жобаны іске асырудың бюджеттік тиімділігінің талдауын;
      5) жобаның тікелей және түпкі нәтижелеріне қол жеткізу мүмкіндігінің, сондай-ақ бар болған жағдайда тиімділік пен сапа көрсеткіштерінің талдауын қамтиды.
      Қорытындыға «Өтелімділік» деген 4-қосымша:
      1) бюджеттік кредит мөлшерінің негізділігінің талдауын;
      2) бюджеттік кредит беру шарттарының талдауын;
      3) қаржылық модельдің бастапқы деректерінің функционалдық мүмкіндіктерінің, дұрыстығының және негізділігінің талдауын;
      4) қаржылық модельдің қаржылық көрсеткіштері тұрақтылығының бағалауын;
      5) қаржылық схема қатысушыларының қаржылық есептілігінің талдауын;
      6) жоба тәуекелдерінің және оларды төмендету бойынша шаралардың сандық талдауын;
      7) жобаның қаржылық схемасына қатысушылар арасында сыни тәуекелдерді бөлудің талдауын;
      8) жобаны іске асырудың коммерциялық тиімділігінің талдауын қамтиды.
      Қорытындыға «Кредит қабілеттілік» деген 5-қосымша мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органмен келісу бойынша бюджетті атқару жөніндегі уәкiлеттi орган айқындайтын критерийлерге сәйкес қарыз алушының кредиттік қабілеттілігінің бағалайын қамтиды.
      Қорытындыны оны дайындаған ұйымның басшысы немесе соған уәкілеттік берілген адам бекітеді, Қорытындыны дайындаған ұйымның орындаушылары қол қояды және мөрмен расталады.
      182-18. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган Қорытынды түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күнi iшiнде Қорытындыны ескере отырып, бюджеттік кредиттің ҚЭН-і бойынша құжаттар топтамасын қарайды және олар бойынша экономикалық қорытынды дайындайды.
      Бюджеттік кредит ҚЭН бойынша экономикалық қорытындыны осы Қағидаларға 49-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган дайындайды.
      182-19. Бюджеттік кредиттің орындылығы туралы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның экономикалық қорытындысын алу нәтижесі бойынша ББӘ бюджеттік жоспарлау жөніндегі тиісті орталық уәкілетті органға немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға бюджеттік өтінім құрамында бюджеттік кредит бойынша экономикалық қорытындыны заңнамада белгіленген тәртіппен республикалық бюджетті қалыптастыру (нақтылау) шеңберінде енгізеді.»;
      1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      3-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      4-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      18-қосымша осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      22-қосымша осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      25-қосымша осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      4748 және 49-қосымшалары осы бұйрыққа 78 және 9-қосымшаларға сәйкес толықтырылсын.
      2. Қазақстан Ресупбликасының Ұлттық экономика министрлігінің Бюджеттік инвестициялар және мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту департаменті:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде оның көшірмесін мерзімдік басылымдар мен «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі                    Е.Досаев

      «Келісілді»
      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі
      _____________ Б. Сұлтанов
      2015 жылғы 12 қазан

Қазақстан Республикасы  
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 12 қазандағы  
№ 663 бұйрығына 1-қосымша

Мемлекеттік инвестициялық жобаның         
инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе        
түзету, қажетті сараптамаларды жүргізу,       
сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау,    
қарау, іріктеу, мониторингілеу және іске асырылуын  
бағалау, қаржы агенттіктерінің мемлекеттік инвестициялық
саясатты іске асыруға бюджеттік кредиттеуді жоспарлау 
қағидаларына 1-қосымша              

«Инвестициялық ұсыныстың ақпараттық парағы» нысаны

      1. Бюджеттік бағдарлама әкімшісі және іске асыруға ұсынылатын МИЖ жөніндегі деректер
      Бюджеттік бағдарлама әкімшісі ________________
      МИЖ атауы __________________________________
      Құрамында МИЖ-ді іске асыру көзделген Қазақстан Республикасының белгіленген мемлекеттік, салалық бағдарламаларының және аумақтарды дамыту бағдарламаларының атауы (нақты тармақтарға сілтемелер).
      Инвестицияларды алушы (болған жағдайда) заңды тұлғаның атауы
      МИЖ іске асыру кезеңі (белгісіз болса, жобалап көрсетіңіз):
      Іске асырудың ұзақтығы: ____________ ай
      МИЖ іске асырудың басталуы: жыл: ________ ай: ________
      МИЖ іске асырудың болжамды аяқталуы: жыл: ______ ай: ______
      МИЖ-дің (қызметін) пайдалану кезеңі
      МИЖ-дің жалпы құны: ____ мың теңге, оның ішінде (қажет жағдайда толтырылады):
      ТЭН әзірлеу құны: __________ мың теңге
      ТЭН түзету құны: ___________ мың теңге
      Объектіні ұстауға арналған жыл сайынғы шығындар, сондай-ақ постинвестициялық кезең (қаржыландыру көзін көрсете)
      МИЖ-дің іске асырылу орыны:
      (МИЖ-дің, оның негізгі құрамдауыштарының іске асырылу орнын көрсетіңіз және МИЖ бойынша шығындарды өңірлерге бөлу)
      1) Елді мекен (ауыл, аудан, қала, облыс, ел)
      2) Баланс ұстаушы* (қажет жағдайда толтырылады)
      3) МИЖ үшін бөлінген жердің болуы* (қажет жағдайда толтырылады)
      иә (жер учаскесі мен сол орында тұрған жылжымайтын мүліктің берілгені жөніндегі шешімнің нөмірі мен күні көрсетіледі);
      жоқ (жер учаскесін сатып алу үшін қажет сома көрсетіледі).
      4) инженерлік-көліктік инфрақұрылымның болуы (теміржол магистральдары, автомобиль жолдары, құбырлар, электр-, жылу желілері, су құбырлары, газ құбырлары және басқа да инфроқұрылым)
      иә (қандай екені көрсетіледі);
      жоқ (қанша қосымша шығындар қажет екені көрсетіледі)
      Ескертпе:
      *егер жаңа объекті салынған (құрылысы) жағдайда, келешек меншік иесі көрсетіледі, ал реконструкцияланған жағдайда қазіргі меншік иесі көрсетіледі
      2. Ретроспектива (МИЖ бойынша бұрын бөлінген және игерілген қаражат туралы, оның ішінде ағымдағы бағдарламалар бойынша ақпарат)  

Атауы

Инвестицияларды жүзеге асыру жылының алдындағы төрт жыл

Инвестицияларды жүзеге асыру жылының алдындағы үш жыл ішінде

Инвестицияларды жүзеге асыру жылының алдындағы екі жыл ішінде

Бюджеттік бағдарламаның нөмірі




Бюджеттік бағдарламаның атауы




Бюджеттік бағдарламаның сипаттамасы




Стратегиялық бағыты

нөмір







атауы

Мақсаты

нөмір







атауы

Міндеті

нөмір







атауы

Бюджеттік бағдарламаның сомасы, мың. теңге




Бюджеттік бағдарламаны бекіткен нормативтік құқықтық акт

түрі




қабылданған күні




нөмірі




Нәтиже

Р/с №

Нысаналы индикатор

Өлшем бірлігі

жоспар

нақты

жоспар

нақты

жоспар

нақты

Тікелей нәтиже (санының көрсеткіштері)




























Түпкілікті нәтиже (нәтиже көрсеткіштері)


























      3. Саланың маркетингтік талдауы
      1) объектілерді құру (салу) мен реконструкциялауды, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді енгізу мен дамытуды болжайтын МИЖ үшін қаралатын өңірде жоба (жобалар) болжайтын өнімдерге (тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) қазіргі кездегі және перспективадағы сұранысты немесе жобаның әлеуметтік-экономикалық қажеттігін талдауды көрсетеді.
      2) квазимемлекеттік сектор субъектілерін жарғылық капиталын қалыптастыру немесе ұлғайту арқылы саланы (салаларды) институционалдық дамытуды болжайтын МИЖ үшін іс-шараларды іске асыру ықпал ететін негізгі көрсеткіштер мен даму серпінін көрсете отырып, іс-шараларды іске асыру болжанатын маркетингтік ортаны талдауды көрсетеді.
      4. Іске асырылуы болжанатын МИЖ-дің жалпы сипаттамасы (МИЖ-ді жалпы сипаттау басымдылық тәртібінде жеке (жоба бойынша) баяндалады.
      МИЖ-дің мақсаты мен міндеттері:
      1) мақсаты
      (мақсаты Қазақстан Республикасының стратегиялық бағдарламалық құжаттарында белгіленген экономика саласының (аясының) неғұрлым ауқымды міндеттерін/даму басымдықтарын көрсетуі тиіс).
      2) сандық міндеттері (жобаның ауқымын айқындауға болатын жобаның санмен өлшенетін міндеттерін көрсетіңіз.
      Белгілі бір сандық көрсеткіштерді ұсыныңыз, мысалы, жобалық қуаты және басқалар)
      3) тікелей және түпкілікті нәтижелер (жобаны іске асыру нәтижесінде оларды алушылар үшін өндірілетін өнімнен/көрсетілетін қызметтен болатын әсер, сондай-ақ бизнес (оның ішінде шағын және орта бизнес) субъектілеріне ықпалы. БИЖ-ді іске асырудан түсетін экономикалық және әлеуметтік қайтарымдылықтың ұзақ мерзімді көрсеткіштеріне қол жеткізу бойынша ақпарат инвестициялық ұсыныста салынған көрсеткіштер негізінде және/немесе Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдары тиімділігінің түйінді көрсеткіштерінің байламы негізінде дайындалады.
      МИЖ сипаттамасы:
      (1 және 2-кестелерге сәйкес жобаның және оның барлық іс-шаралары мен құрамдауыштарының мазмұнын сипаттаңыз)

1-кесте

Іс-шараның іске асырылу кезеңі мен құны

Іс-шаралар мен құрамдауыштардың атауы

Кезеңі

Кезеңі

Кезеңі

Жиыны

құны

құны

құны

1.






1)






2)






2.






1)






2)






Жиыны





2-кесте

Жекелеген құрамдауыштар және іске асырылу кезеңдері

Сандық көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

Жоба бойынша

Құны (мың тенге)

1.





2.





3.





      5. МИЖ-ді институционалдық басқару схемасы Негізгі қатысушыларды сипаттау, олардың өзара іс-қимылының схемасы, пайдалар мен шығындарды бөлу, инвестициялық және инвестициялықтан кейінгі кезеңдерде жобаны басқару схемасы, сондай-ақ пайда алушылар (жобаның іске асырылуынан пайда табу мүмкіндігі бар нысаналы топтар мен адамдардың санын көрсетіңіз);
      6. Әлеуметтік және экологиялық әсер ету:
      (жобаның қоршаған орта мен тұрғындарға әсер етуін қысқаша сипаттаңыз)
      Тұрғындардың жұмыспен қамтылуына әсері
      (жобаның іске асырылуына тікелей немесе жанама қатысатын адамдар санын бағалауды ұсыныңыз).
      7. МИЖ-ді қаржыландырудың ықтимал түрлері мен тәсілдері бойынша іске асырудың балама нұсқалары.
      МИЖ-ді іске асыру мүмкіндігін (мүмкін еместігін) тиісті негізделген есептерді қоса бере отырып қаржыландырудың мынадай түрлері мен тәсілдерін жазыңыз:
      1) бюджеттік инвестициялық жоба (көзделген бюджет қаражаты шегінде орындалатын мемлекеттік функциялардың, өкілеттіктер мен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер көлемінің сандық сипаттамасы, оларға қол жеткізу аталған функцияларды, өкілеттіктерді жүзеге асыратын немесе қызметтер көрсететін ұйымның қызметіне толық байланысты болады, теңгерім ұстаушысы тікелей бюджеттік бағдарлама әкімшісі болып табылатын әлеуметтік-экономикалық әсердің болуы);
      2) заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыру жоспарланатын бюджеттік инвестициялар (көзделген бюджет қаражаты шегінде орындалатын мемлекеттік функциялардың, өкілеттіктер мен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер көлемінің сандық сипаттамасы, оларға қол жеткізу аталған функцияларды, өкілеттіктерді жүзеге асыратын немесе қызметтер көрсететін ұйымның қызметіне толық байланысты болады және/немесе Инвестицияларды алушының белгілі бір көлемдегі және сападағы өнімді өндіруі);
      3) бюджеттік кредит (ақпаратты бюджеттік кредиттеу қағидаттарына сәйкестігі тұрғысынан көрсету, оның ішінде:
      бюджеттік кредитті кредит шартына сәйкес өтеу міндеттілігін көздейтін қайтарымдылық;
      міндеттемелердің орындалуын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәсілдермен қамтамасыз етудің болуын көздейтін қамтамасыз етілу;
      бюджеттік кредитті бергені үшін қарыз алушының сыйақы төлеуін көздейтін ақылылық;
      бюджеттік кредитті беру мерзімін белгілеуді көздейтін мерзімділік);
      4) концессиялық жоба (ақпаратты мынаған сәйкес көрсету:
      «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген концессия қағидаттарын сақтау;
      жобаны концессия схемасы бойынша іске асырудың әлеуметтік тиімділігі;
      жобаны концессия схемасы бойынша іске асырудың экономикалық тиімділігі;
      концессия схемасы бойынша ұсынылатын шешімдердің негізделуі);
      5) жеке инвестициялар (ақпаратты МИЖ-дің жоғары өтімділігіне сәйкестігі тұрғысынан көрсету).

      Байланыс деректемелері
      Тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда):_______________________
      Лауазымы:___________________________________
      Бөлімше/ұйым:_______________________________
      Мекенжайы:__________________________________
      Байланыс телефоны: ____________________________
      Факс:________________________________________
      Электрондық пошта: _______________________________________
      _________________________________________________ М.О. ________
      Мемлекеттік орган басшысының Тегі, аты, әкесінің аты (бар
болғанда)                                                     қолы

Қазақстан Республикасы  
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 12 қазандағы  
№ 663 бұйрығына 2-қосымша

Мемлекеттік инвестициялық жобаның         
инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе        
түзету, қажетті сараптамаларды жүргізу,       
сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау,    
қарау, іріктеу, мониторингілеу және іске асырылуын  
бағалау, қаржы агенттіктерінің мемлекеттік инвестициялық
саясатты іске асыруға бюджеттік кредиттеуді жоспарлау 
қағидаларына 3-қосымша              

«Инвестициялық ұсынысқа экономикалық қорытынды» нысаны

1.

Жоба бойынша жалпы ақпарат


1.1.

МИЖ атауы


1.2.

Жобаның қуаты (өлшем бірлігі)


1.3.

Іске асырылу кезеңі (жыл)


1.4.

Пайдаланылу кезеңі (жыл)


1.5.

Жобаның іске асырылуын негіздеу (салалық сараптама қорытындысына сәйкес)


1.6.

Қаржыландыру тетіктері және көлемдері (пайдалануға берілгенге дейінгі барлық шығындар) (мың теңге)


1)

БИЖ ТЭН-ін әзірлеу (түзету) құны (мың теңге)


2)

Жерді сатып алу құны (мың теңге)


1.7.

Бюджеттік инвестициялық саясаттың басымдықтарына сәйкестігі


1.8.

Ұсынылған құжаттың болуы


2.

Мемлекеттік, салалық бағдарламаларға және аумақтық даму бағдарламаларына сәйкестігі (құжаттың деректемелерін көрсету)


3.

Жобаны басқарудың институционалдық схемасының пысықталғандығы (іске асырылу барысында, сол сияқты инвестициялықтан кейінгі кезеңдегі барлық жобаға қатысушылары туралы ақпарат, олардың өзара іс-қимылдары)


4.

Тікелей және соңғы нәтиженің өлшенетін (сандық) көрсеткіштерінің болуы


5.

Тәуекелдерді бағалау тұрғысынан жобаны іске асыру мүмкіндігі


6.

МИЖ құнын есептеудің негіздемесі


Тұжырымдар (мемлекеттік инвестициялық жобаларды бюджеттен қаржыландырудың ықтимал түрі мен тәсілдерін, сондай-ақ МИЖ іске асырудың орындылығын айқындау).

Қазақстан Республикасы  
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 12 қазандағы  
№ 663 бұйрығына 3-қосымша

Мемлекеттік инвестициялық жобаның         
инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе        
түзету, қажетті сараптамаларды жүргізу,       
сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау,    
қарау, іріктеу, мониторингілеу және іске асырылуын  
бағалау, қаржы агенттіктерінің мемлекеттік инвестициялық
саясатты іске асыруға бюджеттік кредиттеуді жоспарлау 
қағидаларына 4-қосымша              

«Бюджеттік инвестициялық жобаның қысқаша сипаттамасы» нысаны


п/п

Көрсеткіштің атауы

Сипаттамасы

1

2

3

1.

Жобаның атауы


2.

Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің атауы


3.

Жобаны мәлімдеушінің атауы (республикалық бюджеттен нысаналы даму трансферті есебінен қаржыландыру арқылы жүзеге асырылуы болжанған жобаны қарастырған жағдайда көрсетіледі)


4.

Жобаның іске асырылу орны


5.

Жобаның мақсаты мен міндеттері


6.

Нәтиже көрсеткіштері (тікелей және түпкілікті)


7.

Жобаның құрамдауыштары


8.

Жобаның ауқымы және жобаның қуаты


9.

Нысаналы топтар, оның ішінде негізгі пайда алушылар


10.

Нормативтік құқықтық актілер, оның ішінде оларға сәйкес жобаның іске асырылуы болжанған мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары


11.

Жоба бойынша инвестициялық ұсынысты экономикалық бағалау қорытындысының күні және нөмірі


12.

Қаржыландырылуы жылдар бойынша бөлінген жобаның жалпы құны

Қаржыландыру көзі

Қаржыландыру нысаны

жылдар

Қаржыландыру нысаны

жылдар

Барлығы

Республикалық бюджет






Жергілікті бюджет






Өзге көздер






Жиыны:






13.

ТЭН-ді әзірлеу мен сараптама жүргізуді қаржыландыру көзі мен сомасы

ТЭН-ді әзірлеу және сараптама жүргізуді қаржыландыру көзі


ТЭН-ді әзірлеу және сараптама жүргізу құны


ТЭН-ді әзірлеушінің атауы


ТЭН-ді әзірлеу жөніндегі шарттың деректемелері


14.

Жобаны іске асырылу мерзімі


15.

Жобаның жұмыс істеуінің қалыпты режимін қамтамасыз ету үшін сапалық және сандық талаптар


16.

Жобаның жұмыстардағы, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердегі жоспарланған қазақстандық қамту көлемі


17*.

Әкімшінің өкілі


1)

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда)


2)

лауазымы


3)

байланыс телефоны


4)

электрондық поштасы


      Ескертпе: * Қорытындыны ресімдеу кезінде көрсетілген жолдар толтырылмайды.»

Қазақстан Республикасы  
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 12 қазандағы  
№ 663 бұйрығына 4-қосымша 

Мемлекеттік инвестициялық жобаның         
инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе        
түзету, қажетті сараптамаларды жүргізу,       
сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау,    
қарау, іріктеу, мониторингілеу және іске асырылуын  
бағалау, қаржы агенттіктерінің мемлекеттік инвестициялық
саясатты іске асыруға бюджеттік кредиттеуді жоспарлау 
қағидаларына 18-қосымша              

«Қатысушылар туралы ақпарат» нысаны 

Қатысушылар

Қатысушының атауы



1

Мекенжайы

деректемелер

заңды

нақты

2

индексі




3

облысы




4

қала (кент)




5

көше (шағын аудан)




6

үй




7

офис




8

АҚ акционер(лер)і (не ЖШС заңды тұлға-қатысушысының қатысушы(лар)ы (бюджеттік инвестициялар болған жағдайда) немесе қаржылық схема (бюджеттік кредиттеу болған жағдайда) қатысушысы




9

Қаржылық схема қатысушысының мемлекеттік акциялар пакетін (жарғылық капиталына қатысу үлестерін) иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік органның атауы




10

құру туралы шешім қабылдаған орган

құжаттың атауы

құжаттың №

қабылданған күні

күні (КК)

айы (АА)

жылы (ЖЖЖЖ)

11

….

….

….

….

….

….

….

12

Қызметтің түрі (Жарғыға сәйкес)

13

14

15

Стратегиялық даму құжатының атауы

Стратегиялық құжатты бекіткен орган

стратегиялық даму құжаты бекітілген құжат

атауы

қабылданған күні

16

күні (КК)

айы (АА)

жылы (ЖЖЖЖ)

17

18

….

….

….

….

….

….


….

Қазақстан Республикасы  
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 12 қазандағы  
№ 663 бұйрығына 5-қосымша

Мемлекеттік инвестициялық жобаның         
инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе        
түзету, қажетті сараптамаларды жүргізу,       
сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау,    
қарау, іріктеу, мониторингілеу және іске асырылуын  
бағалау, қаржы агенттіктерінің мемлекеттік инвестициялық
саясатты іске асыруға бюджеттік кредиттеуді жоспарлау 
қағидаларына 22-қосымша              

«Қаржы моделіне қойылатын талаптар» нысаны

      1. Қаржы моделінің функционалдық мүмкіндіктеріне қойылатын талаптар:
      1) қаржы моделі Microsoft Excel форматында (97 немесе одан кейінгі нұсқада) жасалуы тиіс. Қаржы моделі файлының атауы дайындалған күнін анық көрсетуі тиіс;
      2) қаржы моделінің ешбір бөлігі жасырылған, қорғалған, тосқауыл қойылған немесе өзге де жолмен қарауға және өзгерістер енгізуге қолжетімсіз болмауы тиіс;
      3) қаржы моделінің құрылымы түсінікті және қисынды болуы тиіс. Бастапқы деректер (жорамалдар), қаржылық болжамдар мен аралық есептеулер, қаржылық болжамдардың нәтижелері дәйекті түрде ұсынылуы тиіс; көрсетілген элементтер көрнекі түрде бір-бірінен бөлек тұруы, алайда есептеу формулаларымен өзара байланысты болуы тиіс;
      4) формулалардың құрамындағы есептеулерде пайдаланылатын барлық элементтер жорамалдарды (бастапқы деректерді) қамтитын ұяшықтарға немесе формулаларды қамтитын ұяшықтарға қолданыстағы сілтемелер болуы тиіс. Сыртқы файлдарға (ҚЭН немесе бюджеттік кредиттің ҚЭН құрамында ұсынылмаған) сілтемелер болмауы тиіс. Ерекше жағдайларда, осы қағидалардан ауытқу фактісі мен себебі қаржы моделінің сипаттамасында көрсетілуі тиіс;
      5) қаржы моделі бастапқыда қалыптасқан жорамалдарға өзгерістер енгізуге жол берілуі және мұндай өзгерістер енгізілген жағдайда қаржы болжамдарын автоматты түрде түзетуі тиіс. Қаржы моделі модельдің барлық жорамалдарының (бастапқы деректерінің) өзгеруіне қаржы болжамдары нәтижелерінің сезімталдығына талдау жүргізуге мүмкіндік беретіндей болып құрылуы тиіс;
      6) егер қаржы моделінде алынған қаржылық көрсеткіштер бір немесе одан да көп базалық модельдерге негізделсе, бұл базалық модельдер мен қаржы моделі арасындағы серпінді байланыстарды кез-келген базалық модельге өзгерістер енгізген кезде қаржы моделінің жаңартылуы үшін қамтамасыз ету қажет;
      7) қаржы моделі жеткілікті дәрежеде нақтыланған болуы, яғни өнімнің негізгі түрлері, өңірлер, өндірістік бірліктер, кезеңдер, кірістер мен шығындар баптары және т.б. (егер орынды болса) бойынша бөліністерді қамтуы тиіс. Сонымен бірге, қаржы моделі ақпаратты біріктірілген түрде беруі тиіс, нақты айтқанда, оның құрамында бір-бірімен өзара байланысты пайдалар мен шығындар туралы болжамды есеп, болжамды теңгерім, ақша қаражатының қозғалысы туралы болжамды есеп болуы тиіс;
      8) болжамды қаржы есептілігінің нысандары мен аралық есептер бір-біріне қайшы келмеуі тиіс;
      9) қаржы моделі есептеулер мен форматтауда біркелкілік және дәйектілік қағидатына жауап береді. Қаржы моделіндегі қаржылық көрсеткіштерді (коэффициентерді) есептеу формулалары қаржы моделінің барлық бөліктері мен кезеңдері үшін өзгеріссіз болуы тиіс;
      10) сыртқы файлдардың санын барынша азайту қажет (кем дегенде 5-уіне (бесеуіне) жол беріледі). Қаржы моделімен формулалар арқылы байланысқан барлық сыртқы файлдар, сондай-ақ ҚЭН-нің немесе бюджеттік кредиттің ҚЭН-нің мәтіндік бөлігіндегі графиктер, кестелер және диаграммалар құрастырылған сыртқы файлдар қаржы моделіне қосымша ретінде ұсынылуы тиіс. Сыртқы файлдар мен қаржы моделі арасындағы байланыс және сыртқы файлдардың мақсаты қаржы моделінің сипаттамасында ашылуы тиіс.
      2. Қаржы моделінің бастапқы деректерінің (жорамалдарының) құрамына қойылатын талаптар:
      1) қаржы болжамдарына негіз болған бастапқы деректер (жорамалдар) ҚЭН немесе бюджеттік кредиттің ҚЭН мәтіндік бөлігінде ұсынылады (қаржылық бөлім);
      2) қаржы моделінің бастапқы деректерінің (жорамалдарының) қатарында қаржылық болжамдарды жасаған кезде пайдаланылған мынадай негізгі әдістемелік болжамдар, оның ішінде мыналар (олар ҚЭН немесе бюджеттік кредиттің ҚЭН іс-шараларына қолданылған жағдайда):
      жобаның қолданылу мерзімі;
      болжамды кезең ұзақтығы;
      болжамды кезеңнің алғашқы сәті;
      болжам қадамы (ең аз: инвестициялық кезең үшін – бір тоқсан; операциялық кезең үшін - бір жыл);
      ақша ағындарының типі (номиналды) және ақша ағындарының қорытынды валютасы;
      дисконттау мөлшерлемесінің түрі және оны есептеу әдісі;
      қорытынды құнды есептеу әдістемесі (болжамды кезеңнен кейінгі болжамды өсу қарқынын көрсете отырып);
      өзге де түйінді әдістемелік болжамдар көрсетілуі тиіс.
      Макроэкономикалық деректер (инфляция, айырбас бағамдарын, нақты жалақының өсуі және с.с. болжамдары).
      Күрделі салымдар болжамы.
      Сату көлемінің және өндіріс көлемінің (түсімді айқындайтын өзге де сандық факторлардың) болжамы.
      Дайын өнімдер/көрсетілетін қызметтер бағаларының/тарифтерінің болжамы.
      Шығарылатын бірлікке ресурстар шығысының нормалары.
      Өзіндік құнына елеулі үлес қосатын негізгі шикізат пен материалдар және басқа да шығындар бағаларының болжамы, өзге де ауыспалы шығындардың болжамы.
      Персоналға шығындардың болжамы (штат кестесі немесе еңбекақы төлеудің жоспарланатын индексациялары мен штаттың ұлғаюын ескере отырып персоналға шығындар бюджеті).
      Шартты түрде тұрақты шығындар болжамы.
      Контрагенттермен есеп айырысу шарттары (өнім берушілермен және мердігерлермен, сатып алушылармен, бюджетпен, персоналмен есеп айырысудың мерзімін ұзарту және алдын-ала төлемдер) және/немесе айналымдылық нормативтері.
      Салық алғышарттары: салық заңнамасында күтілетін өзгерістерді ескере отырып қолданыстағы заңнамаға сәйкес (салық, база, мөлшерлеме, төлеу тәртібі) төлеуге жататын салық және басқа да міндетті төлемдер (баждар, міндетті сақтандыру жарналары және басқалар) туралы ақпарат.
      Есепке алу саясатының алғышарттары (амортизация, шығындарды капиталдандыру, резервтерді құру, түсімді тану бойынша саясат).
      Қаржыландырудың болжамды құрылымы, қарыздық қаржыландыру шарттары (пайыздық мөлшерлемелер, борышты алу және қызмет көрсету кестесі).
      Осы сала мен жоба типі үшін маңызды өзге де бастапқы деректер мен алғышарттар.
      3. Қаржы болжамдары нәтижелерінің құрамына қойылатын талаптар:
      1) болжамды қаржылық есептілік Инвестицияларды алушы үшін (бюджеттік инвестициялар болған жағдайда) не қаржылық схема қатысушылары үшін (бюджеттік кредиттеу болған жағдайда) жасалады және басқарушылық есептілік сипатына ие, атап айтқанда:
      көлемі жоба ауқымдарында салыстырмалы түрде елеусіз болып табылатын кейбір баптар біріктірілуі мүмкін;
      амортизация бөлек көрсетілуі тиіс және жалпы пайданы есептеу кезінде түсімнен шегерілмеуі тиіс;
      2) болжамды қаржы есептілігінің мынадай нысандары: ақша қаражатының қозғалысы туралы болжамды есеп, кірістер мен шығындар туралы болжамды есеп, болжамды теңгерім міндетті түрде ұсынылуы тиіс.
      Кірістер мен шығындар туралы болжамды есеп есептеу тәсілімен (accrual base) жасалуы тиіс және оның ішінде мынадай: түсім, жалпы пайда, жалпы рентабельділік, EBITDA (амортизация, пайыздар мен салықтар шегерілгенге дейінгі операциялық пайда), EBIT (пайыздар мен салықтар шегерілгенге дейінгі операциялық пайда), таза пайда, таза рентабельділік қаржы көрсеткіштерін қамтуы тиіс. Егер жобаның салалық немесе өзге ерекшеліктеріне байланысты осы көрсеткіштер ұсынылмаса, қаржы моделінің сипаттамасында олардың болмау фактісі мен себептерін көрсету қажет.
      Ақша қаражатының қозғалысы туралы болжамды есеп операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметтен ақша ағындарын қамтуы тиіс. Пайыздар мен дивидендтер төлеу және алуға байланысты ақша ағындары бөлек жолмен көрсетілуі тиіс.
      Болжанатын борыштық қаржыландыру жағдайында анықтама ретінде борышқа қызмет көрсеткенге дейінгі бос ақша ағындары (CFADS) келтірілуі тиіс.
      Сондай-ақ өзге есептер ұсынылуы мүмкін.
      4. Қаржылық болжамдарды құру бойынша әдістемелік нұсқаулар:
      1) Инвестицияларды алушының (бюджеттік инвестициялар болған жағдайда) не қаржылық схема қатысушыларының (бюджеттік кредиттеу болған жағдайда) билігіне келіп түсетін (жұмсалатын) ақша ағындары ғана болжанады;
      2) жобаға байланысты, болжамды кезеңнің алғашқы сәтіне дейін жүзеге асырылған шығындар болжамды қаржы ағындарында ескерілмеуі тиіс, бірақ Инвестицияларды алушының (бюджеттік инвестициялар болған жағдайда) немесе қаржылық схема қатысушыларының (бюджеттік кредиттеу болған жағдайда) теңгерімінде активтер түрінде ескерілуі мүмкін;
      3) қаржыландыруды тарту кестесі ҚЭН немесе бюджеттік кредиттің ҚЭН іс-шараларын іске асыру кестесіне байланысты болуы тиіс, қаржы қызметі бойынша ақша ағындары операциялық және инвестициялық қызметтен ақша ағындарының негізінде болжануы тиіс;
      4) қарыздық қаржыландыруды тарту кезінде борышқа қызмет көрсету бойынша төлемдер болжануы тиіс (есептелген пайыздардың төлемін кейінге қалдыру мүмкіндігін ескере отырып);
      5) ақша ағындарын олар іске асырылатын (түсімдер және төлемдер жүргізілетін) валюталарда болжау және содан кейін оларды бірыңғай қорытынды валютаға келтіру ұсынылады. Ақша ағындарының көп бөлігі түсетін валютаны қорытынды валюта ретінде таңдау ұсынылады;
      6) пайыздар мен дивидендтерді алуға және төлеуге негізделген ақша қаражатының қозғалысы туралы ақпаратты бөлек жолдармен ашқан жөн;
      7) егер жобаның қолданылу мерзімінің соңында Инвестицияларды алушыны (бюджеттік инвестициялар болған жағдайда) немесе қаржылық схема қатысушыларын (бюджеттік кредиттеу болған жағдайда) немесе инвестициялау объектісін жою немесе инвестициялау объектісін пайдаланудан түсетін кірістерді алуға және шығындарды көтеруге құқықтарды өзге адамға беру болжанатын болса, көрсетілген жою немесе құқықтарды беруге байланысты (оның ішінде экология және жер қойнауын пайдалану туралы заңнаманың, сондай-ақ еңбек заңнамасының талаптарына сәйкес) шығындар мен кірістер Инвестицияларды Алушының (бюджеттік инвестициялар болған жағдайда) немесе қаржылық схема қатысушылардың (бюджеттік кредиттеу болған жағдайда) ақша ағындарында ескерілуі тиіс;
      8) Инвестицияларды алушының (бюджеттік инвестициялар болған жағдайда) не қаржылық схема қатысушыларының (бюджеттік кредиттеу болған жағдайда) ұсынылатын болжамды шоғырландырылған және жеке қаржы есептілігін, сондай-ақ қаржы моделін жоспарлау шегі:
      Инвестициялар не бюджеттік кредит есебiнен сатып алуға жоспарланатын активтердің қызметі немесе бірінші күрделі жөндеуге дейінгі мерзімнен;
      Инвестицияларды не бюджеттік кредитті қаржы қызметтерін көрсету үшін айналым қаражатын толықтыруға бағыттаған жағдайда жобаның өзін-өзі ақтау мерзімінен кем болмауы тиіс.
      Жобаның қолданылу мерзімін инвестициялау объектісін құру, кейіннен пайдалану және (егер заңнамаға немесе қатысушылардың арасында жасалған шарттарға сәйкес талап етілсе) жою немесе инвестициялау объектісін пайдаланудан түсетін кірістерді алу мен шығындарды көтеруге құқықтарды өзге адамға беру болжанатын, экономикалық тұрғыдан орынды (жобаның таза дисконтталған кірісін (NPV) барынша арттыратын), техникалық тұрғыдан жүзеге асырылатын және заңды түрде жол берілетін кезеңде айқындау ұсынылады.
      Дисконттау мөлшерлемесі және дисконтталатын ақша ағындары бір типке (жалпы жобаға немесе тек қана жеке меншік иелеріне есептелген) және түрге (инфляцияны ескере отырып немесе ескермей) жатуы тиіс. Дисконттау мөлшерлемесі ақша ағындарының валютасы сияқты валютада көрсетілген инвестициялар үшін талап етілетін кірістілікті қамтуы тиіс.
      Жобаның таза дисконтталған кірісін (NPV) есептеу кезінде барлық ақша ағындары, қорытынды құнды (қорытынды ақша ағынын) қоса алғанда, дисконттау жолымен болжамды кезеңнің бастапқы сәтіне келтірілуі тиіс.
      5. Қаржы көрсеткіштерінің (коэффициенттерінің) тұрақтылығын бағалау:
      1) қаржылық көрсеткіштердің (коэффициенттердің) тұрақтылығын бағалау үшін сезімталдықты талдау - сезімталдықтың шешуші факторлары өзгеруінің қаржылық болжамдардың нәтижелеріне әсер ету дәрежесін бағалау әдісі қолданылады. Егер сезімталдықты талдау жеке қауіптерді өлшеуге/көрсетуге мүмкіндік бермесе, өзге әдістер, оның ішінде зиянсыздық нүктесін есептеу, Монте-Карло әдісі, сценарийлік талдау, факторлық талдау және т.б. қолданылады;
      2) сезімталдықтың шешуші факторларына қаржы моделінің жорамалдары (бастапқы деректері) жатады, олардың нақты мәндері жобаны іске асыру барысында (оларды нақты бағалау мүмкінсіздігіне немесе оларға тән құбылмалылыққа байланысты) қаржы моделіне салынған мәндерден айтарлықтай ауытқуы мүмкін. Атап айтқанда, сезімталдықтың әдеттегі факторларына мыналарды:
      дайын өнім бағасы мен көрсетілетін қызметтерге тарифтерді;
      сату көлемін (пайдалану қарқынын, сатып алушылардың/пайдаланушылардың санын);
      күрделі шығындар көлемін;
      инвестициялық объектіні пайдалануға берудің және жобалық қуатқа шығуының кешігуін;
      негізгі шикізат пен материалдардың, жанармайдың, еңбек ресурстарының бағасын;
      тұрақты операциялық шығындар көлемін;
      дисконттау мөлшерлемесін;
      инфляцияның болжамды қарқынын;
      валюталардың айырбас бағамын және т.б. жатқызуға болады.
      3) дисконттау мөлшерлемесінің, өнімді өткізу бағасының, шешуші ресурстың бағасының және сату көлемінің өзгеруіне сезімталдыққа міндетті түрде талдау жүргізу қажет.
      6. Қаржы моделінің сипаттамасына қойылатын талаптар:
      1) қаржы моделінің сипаттамасы қаржы моделіне қосымша ретінде ресімделеді;
      2) сипаттамада мыналар:
      қаржы моделі құрылымының сипаттамасы;
      қаржы моделінде пайдаланылған макростардың жұмыс тетігінің сипаттамасы (егер қолданылса);
      егер олар ҚЭН-де немесе бюджеттік кредиттің ҚЭН-де келтірілмесе ақпарат көздерін көрсете отырып, қаржы болжамдары үшін негізгі жорамалдар (болжамдар) және бастапқы деректер;
      қаржылық көрсеткіштерді (коэффициентерді) есептеу формулалары, егер олар ҚЭН-де немесе бюджеттік кредиттің ҚЭН келтірілмесе;
      қаржы моделінің құрылымын, құру қағидаттарын, жұмыс тетігін және өзге де ерекшеліктерін түсіну үшін қажетті өзге де ақпарат қамтылуы тиіс.

Қазақстан Республикасы  
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 12 қазандағы  
№ 663 бұйрығына 6-қосымша

Мемлекеттік инвестициялық жобаның         
инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе        
түзету, қажетті сараптамаларды жүргізу,       
сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау,    
қарау, іріктеу, мониторингілеу және іске асырылуын  
бағалау, қаржы агенттіктерінің мемлекеттік инвестициялық
саясатты іске асыруға бюджеттік кредиттеуді жоспарлау 
қағидаларына 25-қосымша               

«Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттiң қатысуы арқылы iске асырылуы жоспарланатын бюджеттiк инвестициялардың экономикалық қорытындысы» нысаны 

1.

«Жалпы мәлiметтер» бөлiмi


Бюджеттiк инвестициялардың атауы



Бюджеттік бағдарлама әкімшісінің атауы



Бюджеттік бағдарлама

Нөмір


Атауы



Заңды тұлғаның атауы

Қатысушылар



Инвестициялар алушы



Iс-шаралар тiзбесi

1-iс-шара


2-iс-шара


n-iс-шара


Іске асыру кезеңi (ай, жыл)



Бюджеттiк инвестициялардың мөлшерi, мың теңге



Стратегиялық бағдарламалық құжаттарға сәйкес келу (құжаттың деректемелерін көрсету)



Экономикалық сараптаманы жүргізуге уәкiлеттi заңды тұлғаның экономикалық сараптамасы қорытындысының болуы


2.

«Нәтижелер» бөлiмi


Тiкелей нәтиже



Түпкілікті нәтиже



Сапа көрсеткiштерi (қолданыста бар болуы)



Тиiмдiлiк көрсеткiштерi (егер бар болса)


3.

«Iс-шаралар құны» бөлiмi


Iс-шаралар құны

Барлығы



оның iшiнде

1-iс-шара



2-iс-шара



n-iс-шара


4.

Өзгелер


….

….

      Тұжырымдар
      (Құрылымы мен мазмұны Инвестициялық ұсынысты әзірлеу және түзету, қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, мониторингілеу және іске асырылуын бағалау қағидаларына сәйкес келетін, экономикалық тұрғыдан орынды, стратегиялық және (немесе) бағдарламалық құжаттарға, сондай-ақ негiзділiк және нәтижелiлiк критерийлеріне сәйкес келетiн Инвестицияларға оң экономикалық қорытынды ұсынылады.
      Құрылымы мен мазмұны Инвестициялық ұсынысты әзірлеу және түзету, қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, мониторингілеу және іске асырылуын бағалау қағидаларына сәйкес келмейтін және (немесе) экономикалық тұрғыдан орынсыз және/немесе стратегиялық және (немесе) бағдарламалық құжаттарға және/ немесе бір немесе екі критерийге (негiзділiк және нәтижелiлiк) сәйкес келмейтiн Инвестицияларға теріс экономикалық қорытынды ұсынылады.);

Қазақстан Республикасы  
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 12 қазандағы  
№ 663 бұйрығына 7-қосымша

Мемлекеттік инвестициялық жобаның         
инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе        
түзету, қажетті сараптамаларды жүргізу,       
сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау,    
қарау, іріктеу, мониторингілеу және іске асырылуын  
бағалау, қаржы агенттіктерінің мемлекеттік инвестициялық
саясатты іске асыруға бюджеттік кредиттеуді жоспарлау 
қағидаларына 47-қосымша                

«Бюджеттік кредиттер есебінен іске асыру жоспарланатын инвестициялық жобаның тиімділігін талдау» нысаны

      1. Қарапайым өзін-өзі ақтау мерзімі (payback period, PBP) – инвестициялық шығындар жабылатын жобаны жүзеге асырудың басынан бастап ең аз уақыт интервалы (инвестициялық сатының басталуы). Мына формула бойынша есептеледі:

      мұндағы:
      Іо – нөлдік кезеңдегі инвестициялық шығындардың шамасы;
      n – кезеңдер саны;
      CFt – t кезеңіндегі таза ақша ағымы.
      РВР ұсынылатын мәні: егер РВР мәні жобаның ұзақтығынан аз болса жоба тиімді болып саналады.
      2. Дисконтталған өзін-өзі ақтау кезеңі (discounted payback period, DPP) – ол өткеннен кейін ағымдағы таза дисконтталған табыс теріс емес болатын және одан әрі солай болып қалатын ең аз кезең ұзақтығы. Мына формула бойынша есептеледі:

      мұндағы:
      Іо – нөлдік кезеңдегі инвестициялық шығындардың шамасы;
      n – кезеңдер саны;
      CFt – t кезеңіндегі таза ақша ағымы.
      r – дисконттау мөлшерлемесі.
      Дисконттау мөлшерлемесі мына формула бойынша есептеледі:

      мұндағы:
      Е – есептеудің барлық сатысы үшін бірыңғай болып табылатын дисконт нормасы;
      (n-1) – бағалау кезеңі мен келтіру кезі арасындағы аралық (жылдардағы).
      Ұсынылатын DPP мәні: DPP мәні аз болған кезде жоба қолайлы деп саналады.
      3. Таза дисконтталған табыс (net present value, NPV) – болжамдау кезеңіндегі инвестицияны іске асыру процесінде жүргізілген кірістер мен шығыстардың дисконтталған ақша ағымының айырмашылығы. Мына формула бойынша есептеледі:

 

      мұндағы:
      n – кезеңдер саны;
      CFt – t кезеңіндегі таза ақша ағымы.
      r – дисконттау мөлшерлемесі.
      Іо – нөлдік кезеңдегі инвестициялық шығындардың шамасы.
      Ұсынылатын NPV мәні: NPV оң мәнінде жоба тиімді деп саналады, NPV мәні теріс болған кезде – жоба қабылданбайды, NPV = 0 – жоба пайда да шығын да әкелмейді.
      4. Ішкі кірістілік нормасы (internal rate of return, IRR) – таза келтірілген табыстың оң (немесе, ең болмағанда, нөлдік) мәнін алуды қамтамасыз ететін дисконттаудың пайыздық ставкасы. Мынадай арақатынастан айқындалады:

      мұндағы:
      n – кезеңдер саны;
      CFt – t кезеңіндегі таза ақша ағымы.
      Іо – нөлдік кезеңдегі инвестициялық шығындардың шамасы.
      Ұсынылатын IRR мәні: компанияның инвестициялық саясатымен айқындалатын талап етілетін рентабельділік нормасынан IRR есептелген мәні төмен болмаса жоба қолайлы деп саналады; дисконт ставкасына тең IRR кезінде, NPV нөлге тең; IRR капиталды тәуекелсіз жұмсаған жағдайдағыдан артық болуы тиіс инвестор талап етіп отырған капиталға арналған табыс нормасымен салыстырылады.
      5. Табыстылық индексі (profitability index, PI) – инвестицияланған қаражаттың бірлігіне арналған табыс сомасын айқындайтын оған жұмсалған қаражатқа жобаның шамамен алғандағы қайтарымдылығы. Мына формула бойынша есептеледі:

      мұндағы:
      n – жобаның ұзақтығы;
      CFt – t кезеңіндегі таза ақша ағымы;
      r – дисконттау мөлшерлемесі;
      Іо – нөлдік кезеңдегі инвестициялық шығындардың шамасы.
      Ұсынылатын PI мәні: тиімді жобасы үшін PI>1.

Қазақстан Республикасы  
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 12 қазандағы  
№ 663 бұйрығына 8-қосымша

Мемлекеттік инвестициялық жобаның         
инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе        
түзету, қажетті сараптамаларды жүргізу,       
сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау,    
қарау, іріктеу, мониторингілеу және іске асырылуын  
бағалау, қаржы агенттіктерінің мемлекеттік инвестициялық
саясатты іске асыруға бюджеттік кредиттеуді жоспарлау 
қағидаларына 48-қосымша                

«Қарыз алушыны талдау» нысаны

      1. Қаржылық есептілікті деңгейлес және сатылас талдаудың мақсаты бухгалтерлік баланстың, кірістер мен шығыстар туралы есептің, ақша қаражатының қозғалысы туралы есептің негізгі баптарында болған өзгерістерді ұсынуды білдіреді.
      Деңгейлес (уақытаралық) талдау ұйымның деректерін шамамен және абсолюттік түрдегі соңғы екі есепті кезеңдегі деректерін салыстыруды және есептіліктің немесе олардың топтарының жекелеген баптарындағы өзгерістерінің үрдістерін анықтауды білдіреді. Деңгейлес талдау Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 20 тамыздағы № 422 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық келісімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 6452) (бұдан әрі - Қаржы министрінің бұйрығы) қаржылық есептіліктің: «Бухгалтерлік баланс», «Табыстар мен шығындар туралы есеп» және «Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп» нысандары бойынша жүргізіледі.
      Сатылас (құрылымдық талдау) талдау жалпы қорытынды көрсеткіштегі есептіліктің жекелеген баптарының үлестік салмағын айқындауды және алынған нәтижені алдыңғы кезеңдегі деректермен салыстыруды білдіреді. Сатылас талдау Қаржы министрінің бұйрығымен бекітілген қаржылық есептіліктің мынадай: «Бухгалтерлік баланс», «Табыстар мен шығындар туралы есеп» нысандары бойынша жүргізіледі.
      2. Коэффициенттік талдау компанияның қаржылық есептілігін осындай коэффициенттің нормативтік мәндеріне сәйкестігі (ауытқуы) тұрғысынан қаржылық көрсеткіштерді (коэффициенттерді) жинақтаудың көмегімен зерделеу және олардың серпінінің өзгеруі дегенді білдіреді.
      Коэффициенттік талдау жүргізу үшін компанияның қаржылық есептілігінің барлық нысандарынан алынатын деректер қабылданады.
      3. Өтімділік коэффициенттері – компанияның қолда бар ағымдағы (айналымдағы) активтерінің есебінен ағымдағы берешектерін өтеу қабілеттілігін айқындау үшін есептелетін қаржылық көрсеткіштер. Бұл ретте компанияның ағымдағы берешектерінің және осы берешектерді өтеуді қамтамасыз етуі тиіс оның айналымдағы қаражатының шамасын салыстыру дегенді білдіреді.
      Ағымдағы өтімділік коэффициенті (current ratio, CR) компанияның қолда бар айналымдағы қаражаты есебінен қысқа мерзімді міндеттемелерін ағымдағы орындау қабілеттілігін сипаттайды. Мынадай формула бойынша есептеледі

      мұндағы:
      CA – ағымдағы активтер;
      CL – ағымдағы міндеттемелер.
      Ұсынылатын CR мәні: 1 – 2. <1 мәні төлем қабілеттілігін жоғалтуы мүмкін екендігін, >4 мәні – қарыз қаражатын пайдаланудың белсенділігінің жеткіліксіздігі және салдары ретінде, меншік капиталының рентабельділігінің аз екені туралы куәландырады.
      4. Меншікті қаражатпен қамтамасыз етілуі коэффициенті (Own Funds Ratio, OFR) оның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін қажет компанияның меншікті айналымдағы қаражатының бар екенін сипаттайды. Мынадай формула бойынша есептеледі:

      мұндағы:
      ЕС – меншікті капитал;
      FА – айналымнан тыс активтер;
      СА – ағымдағы активтер.
      Ұсынылатын OFR мәні: >0,1. Егер есепті кезеңнің аяғындағы коэффициенттің мәні <0,1 болса компания балансының құрылымы қанағаттанарлықсыз, ал компания төлем қабілеті жоқ болып табылады.
      5. Рентабельділік коэффициенті – компанияға жұмсалған қаражаттың жалпы тиімділігін бағалауға арналған және шығындардан қайтарымдылық деңгейі мен қаражатты пайдалану дәрежесін сипаттайды.
      6. Активтердің рентабельділік коэффициенті (return on assets, ROA) компанияның активтеріне жұмсалған әрбір теңгеге қанша таза пайда келгенін айғақтайды. Мынадай формула бойынша есептеледі:

 

      мұндағы:
      NI – таза пайда;
      TA – активтердің орта жылдық сомасы.
      Ұсынылатын ROA мәні: көрсеткіштің өсіп келе жатқан мәні (серпінде) компания активтерінің пайда туындату қабілеттігі туралы куәландырады.
      7. Меншікті капиталдың рентабельділік коэффициенті (return on equity, ROE) компанияның меншікті капиталының бірлігінен алатын таза пайдасын көрсетеді. Мынадай формула бойынша есептеледі:

      мұндағы:
      NI – таза пайда;
      EC – меншікті капиталдың орташа жылдық сомасы.
      Ұсынылатын ROE мәні: саласына қарай әртүрлі, сонымен қатар, коэффициент мәнінің жоғарылығы оң бағаланады, өйткені капиталға авансталған әрбір теңгеге келетін таза пайда туралы куәландырады.
      8. Қарыз капиталының рентабельділік коэффициенті (degree of financial leverage, DFL) қарыз капиталын пайдалану тиімділігін сипаттайды. Мынадай формула бойынша есептеледі:

      мұндағы:
      ROAEBIT – EBIT бойынша активтердің рентабельділігі;
      WACLP – қарыз капиталының орташа өлшемді бағасы (кредит үшін пайыздар ставкасының орташа мөлшері);
      TRP – пайдаға салынатын салық мөлшерлемесі;
      LC – қарыз капиталының орташа сомасы;
      EC – меншікті капиталдың орташа сомасы.
      Ұсынылатын DFL мәні: DFL мәні артық болған сайын, қарыз капиталына келетін пайда да арта береді деп пайымдалады.
      9. Бюджеттік кредит рентабельділігі коэффициенті (return on investment, ROI) жобаға жұмсалған ақша қаражатының сомасына қайтарымдылықты көрсетеді. Мынадай формула бойынша есептеледі:

      мұндағы:
      NI – таза пайда;
      IC - инвестияланған капитал;
      EC – меншікті капиталдың орташа жылдық сомасы;
      LTL – ұзақ мерзімді міндеттемелер.
      Ұсынылатын ROI мәні: коэффициенттің мәні жоғары болған сайын, инвестициялар тиімді пайдаланылады.
      10. Төлемге қабілеттілік (ұзақ мерзімді перспективадағы қаржылық тұрақтылық) коэффициенттері компанияның қаржы ресурстарының жағдайын және олардың жол берілетін тәуекел деңгейі жағдайында төлем қабілеттігі сақталған кездегі оның іскерлік белсенділігінің өсуін қамтамасыз ету қабілеттігін сипаттайды.
      11. Қаржылық тәуелсіздік қабілеті (equity to total assets, EtTA) авансталған қаржаттың жалпы сомасындағы меншікті капиталдың үлесін сипаттайды. Коэффициенттің мәні артық болған сайын қаржылық жағынан неғұрлым тұрақты және сыртқы кредиторлардан тәуелсіз кәсіпорын. Мынадай формула бойынша есептеледі:

      мұндағы:
      EC – меншікті капитал;
      TA – активтер сомасы.
      Ұсынылатын EtTA мәні: бұл көрсеткіш үшін нормативтік мән 0,6 тең.
      12. Қаржылық левередж коэффициенті (debt ratio, DR) кәсіпорынның қаржылық тәуекеліне тікелей теңбе тең және кәсіпорынның активтерін қаржыландыру көздеріндегі қарыз қаражатының үлесін көрсетеді.
      Мынадай формула бойынша есептеледі:

      мұндағы:
      LC – қарыз капиталы;
      EC – меншікті капитал.
      Ұсынылатын DR мәні: 0,5 - 0,8 диапазонында.
      13. Кредиттердің пайдамен қамтамасыз етілу коэффициенті (percentage of loans profit, PLP) кәсіпорынның кредиттер бойынша борыштарын өтеу мүмкіндіктерін бағалау үшін қолданылады. Мынадай формула бойынша есептеледі:

      мұндағы:
      EBIT – салықтар мен пайыздарды төлегенге дейінгі пайда;
      A – амортизация;
      CL – қысқа мерзімді міндеттемелер;
      LTL – ұзақ мерзімді міндеттемелер.
      Ұсынылатын PLP мәні: көрсеткіш мәнінің өсуі (динамикасында) кредиттеу қабілеттігі жағдайының жақсаруын айғақтайды.
      14. Пайыздарды жабу коэффициенті (times interest earned, TIE) ол пайыздар төлеміне қызмет көрсете алатын кәсіпорынның операциялық пайдасын төмендетудің ықтимал дәрежесін көрсетеді. Мынадай формула бойынша есептеледі:

      EBIT – салықтар мен пайыздарды төлегенге дейінгі пайда;
      PP – төленетін пайыздар.
      Ұсынылатын мәні: >1.
      15. Қайтарымдылық коэффициенттері тартылған ресурстарды пайдалану қарқындылығын көрсетеді.
      16. Дебиторлық берешектің қайтарымдылық коэффициенті (receivables turnover, RT) бір кезеңнің ішінде орташа есеппен дебиторлық берешектің ақша қаражатына неше рет айналғандығын көрсетеді. Мынадай формула бойынша есептеледі:

      NS – өнімді сатудан түскен пайда;
      AR – дебиторлық берешектің орташа жылдық құны.
      Ұсынылатын мәні: көрсеткіш мәнінің жоғарылығы. Коэффициенттің төмен мәні дебиторлардан қаражатты өндіріп алудың күрделі екенін айғақтайды, тиісінше компанияға айналым капиталы талап етілуінің артуы туралы куәландырады. Бұл көрсеткіштің мәндерін трендте көрсету маңызды.
      17. Кредиторлық берешектің қайтарымдылығы коэффициенті (payables turnover, PT)

      NS – өнімді сатудан түскен пайда;
      AP – кредиторлық берешектің орташа жылдық құны.
      Ұсынылатын мәні: көрсеткіш мәнінің жоғарылығы. Көрсеткіш мәнінің төмендігі бір жағынан кредиторларға төлеу проблемаларын, екінші жағынан кредиторлармен тиімді қатынастар орналасқандығы туралы айғақтауы мүмкін. Бірінші себептегі нұсқаны болдырмау мақсатында коэффициенттің мәнін серпінінде талдау қажет.

Қазақстан Республикасы  
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 12 қазандағы  
№ 663 бұйрығына 9-қосымша

Мемлекеттік инвестициялық жобаның         
инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе        
түзету, қажетті сараптамаларды жүргізу,       
сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау,    
қарау, іріктеу, мониторингілеу және іске асырылуын  
бағалау, қаржы агенттіктерінің мемлекеттік инвестициялық
саясатты іске асыруға бюджеттік кредиттеуді жоспарлау 
қағидаларына 49-қосымша                

«Бюджеттік кредиттің ҚЭН бойынша экономикалық қорытынды» нысаны

1.

«Жалпы мәлiметтер» бөлiмi



Жоба атауы



Бюджеттік бағдарлама әкімшісінің атауы



Қаржылық схема қатысушыларының атаулары

1-қатысушы


2-қатысушы


3-қатысушы



Кредитті беру мақсаты



Жылдар бойынша қаржыландыруды бөліп жобаның жалпы құны

1-жыл


2-жыл


n-жыл



Жоба бойынша қаржыландыру көздері мен түрлері



Іс-шаралар тізбесі

бюджеттік кредиттің мөлшері (мың теңге)


бюджеттік кредиттеу принциптеріне сәйкес берілетін кредиттің принциптер тізбесі


бюджеттік кредитті беру мерзімі


қарыз алушының кредитті игеру кезеңі


жеңілдік кезеңі


сыйақы ставкасы


кредит бойынша есептелген сыйақыны төлеу кезеңділігі


кредитті өтеу тәсілі


2.

«Бюджеттік кредит ҚЭН-нің iс-шаралары бюджеттік кредиттеу өлшемдеріне сәйкестігі» бөлiмi



Бюджеттік кредит ҚЭН-нің iс-шаралары «іс-шараларды бюджеттік кредиттеу арқылы іске асырудың экономикалық және әлеуметтік тиімділігі» өлшеміне сәйкестігі



Бюджеттік кредит ҚЭН-нің iс-шаралары «бюджеттік кредит есебінен іске асырылатын іс-шаралардың өзін-өзі ақтауы» өлшеміне сәйкестігі



Бюджеттік кредит ҚЭН-нің iс-шаралары «мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органмен келісу бойынша бюджетті атқару жөніндегі уәкiлеттi орган айқындайтын критерийлерге сәйкес қарыз алушының кредиттік қабілеттілігі» өлшеміне сәйкестігі


3.

«Тәуекелдер» бөлімі



Жоба бойынша негізгі тәуекелдер және оларды азайту жөніндегі шаралар



Ауыспалы тәуекелдерді жобаның қаржылық схема қатысушылары арасында бөлу


4.

«Нәтижелер» бөлімі



Тікелей нәтиже



Түпкілікті нәтиже



Сапа көрсеткіштері



Тиімділік көрсеткіштері


5.

«Тұжырымдар» бөлімі


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады