"Мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 4-5/545 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 21 қазанда № 12190 болып тіркелді

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған «Мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Ауыл шаруашылығы министрі                  А. Мамытбеков

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму министрі
      _________Ә. Исекешев
      2015 жылғы 10 қыркүйек

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі
      _________ Е. Досаев
      2015 жылғы 17 тамыз

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 18 маусымдағы
№ 4-5/545 бұйрығымен
бекітілген

«Мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті Оңтүстік Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 07.12.2015 № 4-6/1067 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген кезде:
      лицензия беру кезінде – 10 (он) жұмыс күні;
      лицензияны қайта ресімдеу кезінде – 3 (үш) жұмыс күні;
      лицензияның телнұсқасын беру кезінде – 2 (екі) жұмыс күні.
      Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімдерде өтінішті әрі қарай қараудан дәлелді бас тарту береді.
      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;
      3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия, лицензияны қайта рәсімдеу, телнұсқасы не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
      Көрсетілетін қызметті алушы қағаз жеткізгіште алуға жүгінген жағдайда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, басылып шығарылады және көрсетілетін қызметті берушінің мөрімен және басшысының қолымен расталады.
      Портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында «жеке кабинетке» жолданады.
      7. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар) ақылы түрде көрсетіледі.
      Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының кодексіне сәйкес қызметпен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымды көрсетілетін қызметті алушының орналасқан жері бойынша бюджетке төлейді:
      1) осы қызмет түрімен айналысу құқығына лицензия беру кезінде лицензиялық алым 10 (он) айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі – AЕК) құрайды;
      2) лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алым лицензия беру кезіндегі мөлшерлемеден 10 %-ды құрайды, бірақ 4 (төрт) АЕК-тен аспайды;
      3) лицензияның телнұсқасын беру үшін лицензиялық алым лицензия беру кезіндегі мөлшерлемеден 100 %-ды құрайды.
      Лицензиялық алымды төлеу қолма-қол немесе қолма-қол емес нысанда екінші деңгейлі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.
      Портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға электрондық сұрау салуды берген жағдайда төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) немесе екінші деңгейлі банктер арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің – демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – жұма қоса алғанда аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі;
      2) порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).
      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
      көрсетілетін қызметті берушіге:
      1) лицензия алу үшін:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      жеке басты куәландыратын құжат және өкілдің өкілеттілігін растайтын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін);
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны;
      қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат;
      2) лицензияны қайта ресімдеу үшін:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      жеке басты куәландыратын құжат және өкілдің өкілеттілігін растайтын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін);
      мемлекеттік ақпараттық жүйелерде ақпарат қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болатын өзгерістер туралы ақпарат бар құжаттардың көшірмесі;
      лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алымының бюджетке төленгенін растайтын құжат;
      3) лицензияны жоғалтқан, бүлдірген кезде көрсетілетін қызметті алушы лицензияның телнұсқасын алу үшін тиісті ақпараттық жүйелерден лицензия туралы мәліметтер алу мүмкіндігі болмаған кезде ғана:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      жеке басты куәландыратын құжат және өкілдің өкілеттілігін растайтын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін);
      лицензияның телнұсқасын беруге бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжат;
      порталға:
      1) лицензия алу үшін:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны;
      ЭҮТШ арқылы төлеуді қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
      2) лицензияны қайта ресімдеу үшін:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
      мемлекеттік ақпараттық жүйелерде ақпарат қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болатын өзгерістер туралы ақпарат бар құжаттардың көшірмесі;
      ЭҮТШ арқылы төлеуді қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі:
      3) лицензияны жоғалтқан, бүлдірген кезде көрсетілетін қызметті алушы лицензияның телнұсқасын алу үшін тиісті ақпараттық жүйелерден лицензия туралы мәліметтер алу мүмкіндігі болмаған кезде ғана:
      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      ЭҮТШ арқылы төлеуді қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
      Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттардың мәліметтерін, ЭТҮШ арқылы бюджетке лицензиялық алымның төленгені туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады.
      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге – қағаз жеткізгіштегі өтініштің алынғанын растау құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелгені туралы оның өтінішінің көшірмесіндегі белгі болып табылады;
      2) портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде», мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
      10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер:
      1) осы субъектілер санаты үшін Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынған қызмет түрімен айналысу;
      2) қызмет түріне лицензия беруге өтініш берілген жағдайда қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымды енгізбеу;
      3) көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі;
      4) келісім беретін мемлекеттік органның көрсетілетін қызметті алушыға лицензия беруге келісім бермеуі;
      5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оған қызметтің жекелеген түрімен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот үкімінің болуы;
      6) сот орындаушысы ұсынымының негізінде соттың көрсетілетін қызметті алушыға лицензия алуға тыйым салуы болып табылады.

3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымданған кезде шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына немесе тиісті жергілікті атқарушы органның басшысының атына беріледі.
      Шағымдар жазбаша нысанда почта арқылы немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда электрондық түрде не жұмыс күндері көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
      Көрсетілетін қызметті алушының қол қойылған шағымда оның атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі.
      Шағымды қабылдаған тұлғаның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу күні мен орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
      3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.
      Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, бұл ақпарат көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.
      Көрсетілетін қызмет берушінің атына келіп түскен көрсетілген қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта арқылы жолданады не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
      12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгінуге құқылы.

4. Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге талаптар

      13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.minagri.gov.kz («Қолдау және көрсетілетін қызметтер» бөлімінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімшесінде) интернет-ресурсына орналастырылған.
      14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болуы шартымен мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда портал арқылы алу мүмкіндігі бар.
      15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы «жеке кабинеті» арқылы, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны арқылы алу мүмкіндігі бар.
      16. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

«Мақта қолхаттарын беру арқылы қойма
қызметі бойынша қызметтер көрсетуге
лицензия беру, қайта ресімдеу,
лицензияның телнұсқаларын беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша

Нысан

Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны
алуға арналған заңды тұлғаның өтiнiші

_____________________________________________________________________
                       (лицензиардың толық атауы)
_____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның (соның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы,
орналасқан жері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның
бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда – шетелдік заңды тұлға
филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
_____________________________________________________________________
(қызметтiң түрi және (немесе) қызметтің кіші түрінің(-лері) толық
                       атауы көрсетiлсiн)
_____________________________________________________________________
____________________________________ жүзеге асыруға лицензияны және
(немесе) лицензияға қосымшаны қағаз жеткізгіште__________ (лицензияны
қағаз жеткізгіште алу қажет болған жағдайда Х белгісін қою керек)
беруiңiздi сұраймын.
Заңды тұлғаның мекенжайы ____________________________________________
(шетелдік заңды тұлға үшін) почталық индексі, елі, облысы, қаласы,
ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар)
нөмірі)
Электрондық почта ___________________________________________________
Телефондары _________________________________________________________
Факс ________________________________________________________________
Банк шоты ___________________________________________________________
             (шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi)
Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің
мекенжайы ___________________________________________________________
       (почталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені,
         көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)
______ парақта қоса беріліп отыр.
      Осымен:
      барлық көрсетілген деректердің ресми байланыстар болып
табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға
қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген
ақпаратты жіберуге болатындығы;
      өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе)
кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;
      барлық қоса берілген құжаттардың шындыққа сәйкес келетіні және
жарамды болып табылатындығы расталады;
      лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде
ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын
қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісемін;
Басшы ______________ ________________________________________________
         (қолы)          (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)
Мөр орны   Толтыру күні:   20__ жылғы «__» _________________

«Мақта қолхаттарын беру арқылы қойма
қызметі бойынша қызметтер көрсетуге
лицензия беру, қайта ресімдеу,
лицензияның телнұсқаларын беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша

Мақта қолхаттарын бере отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер
көрсетуге жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарына
сәйкестік туралы мәліметтер нысаны

Мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына
кепілдік беру жүйесіне қатысу шартының нөмірі және күні______________

Жылжымайтын объектінің кадастрлік нөмірі ____________________________
Жылжымайтын объектінің мекенжайы ____________________________________
Мүлік иесі (құқығын иеленуші)________________________________________
Құқықтың пайда болуының негізі_______________________________________

Мақта тазалау зауытында бар болуы туралы мәліметтер:

Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

20__ жылғы «__» ________ бар болуы

Жай-күйі

1

2

3

4

Мақта қабылдау пункті

дана



Шитті мақтаны мақта талшығына бастапқы өңдеу бойынша технологиялық операцияларды жүзеге асыруға арналған жабдық

сағатына дана/тонна



Таразы жабдығы

дана



Желдету жабдығы

дана



Тиеу-түсіру механизмдері

дана



Мақтаның сапасын анықтауға арналған өндірістік-технологиялық зертхана

дана



Мақтаны сақтауға арналған арнайы бөлінген орын





Мақта тазалау зауыты орналасқан жерден тыс орналасқан мақта қабылдау пунктінде бар болуы туралы мәліметтер:

Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

20__ жылғы «__» ________ бар болуы

Жай-күйі

1

2

3

4

Шитті мақтаны қоймаға жинауға және сақтауға арналған ашық (жабық) алаң

шаршы метр



Таразы жабдығы

дана



Шитті мақтаның сынамаларын іріктеуге және сапасын анықтауға арналған зертханалық жабдық

сағатына дана/тонна



Тиеу-түсіру механизмдері

дана



Желдету жабдығы




Мақта тазалау зауытында, сондай-ақ мақта тазалау зауыты орналасқан
жерден тыс орналасқан мақта қабылдау пунктінде мыналардың бар болуы
туралы мәліметтер:
өткізу режимі, аумақ қоршауы_________________________________________
өрт сөндіру құралдары________________________________________________
қоршау құрылыстары___________________________________________________

Зертханадағы өлшеу құралдарының жай-күйі туралы куәліктің және өлшеу
құралдарын салыстырып тексеру туралы сертификаттардың бар болуы
туралы мәліметтер

р/с №

Құжаттың атауы

Құжаттың нөмірі

Құжаттың басталу күні

Іс-қимылдың аяқталу күні

Метрологиялық қызмет атауы

1

2

3

4

5

6







Тиісті білімі бар техникалық басшылар мен мамандардың білікті құрамының бар болуы туралы мәліметтер:

Р/с №

Маманның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Лауазымы

Білімі бойынша мамандығы

Мамандығы бойынша жұмыс өтілі

1

2

3

4

5






«Мақта қолхаттарын беру арқылы қойма
қызметі бойынша қызметтер көрсетуге
лицензия беру, қайта ресімдеу,
лицензияның телнұсқаларын беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
3-қосымша

Нысан

Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны
қайта ресімдеуге арналған заңды тұлғаның өтiнiші

_____________________________________________________________________
                      (лицензиардың толық атауы)
_____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның (соның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы,
мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның
бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда – шетелдік заңды тұлға
филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
______________________________________________________ жүзеге асыруға
(қызметтiң түрi және (немесе) қызметтің кіші түрінің(-лері) толық атауы)
20___ жылғы « » ___________ № ____________, ______________ берілген,
      (лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаның(лардың)
   нөмірі(лері), берілген күні, лицензияны және (немесе) лицензияға
           қосымшаны(ларды) берген лицензиардың атауы)
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны (керектің асты
сызылсын) қағаз жеткізгіште ___ (лицензияны қағаз жеткізгіште алу
қажет болған жағдайда Х белгісін қою керек) мынадай негіз(дер)
бойынша (тиісті жолға Х қою қажет):
      1) заңды тұлға-лицензиат «Рұқсаттар және хабарламалар туралы»
Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабында айқындалған тәртіпке сәйкес
(тиісті жолға Х қою қажет):
бірігу __________
қайта құру ______
қосылу __________
бөліп шығару_____
бөліну ____ жолымен қайта ұйымдастырылуы
      2) заңды тұлға-лицензиат атауының өзгеруі ______
      3) заңды тұлға-лицензиаттың орналасқан жерінің өзгеруі ____
      4) егер лицензияның иеліктен шығарылатындығы «Рұқсаттар және
хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына 1-қосымшада
көзделген жағдайларда, лицензиат үшінші тұлғалардың пайдасына
объектімен бірге «объектілерге берілетін рұқсаттар» класы бойынша
берілген лицензияны иеліктен шығаруы ____
      5) «объектілерге берілетін рұқсаттар» класы бойынша берілген
лицензия үшін немесе лицензияға қосымшалар үшін объектілерді көрсете
отырып, объект нақты көшірілмей оның орналасқан жерінің мекенжайы
өзгеруі ____
      6) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы
талап болған жағдайларда ____
      7) қызмет түрінің атауы өзгеруі ____
      8) қызметтің кіші түрінің атауы өзгеруі _____ қайта
ресімдеуіңізді сұраймын.
Заңды тұлғаның мекенжайы
_____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның (соның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы,
бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру
нөмірі болмаған жағдайда – шетелдік заңды тұлға филиалының немесе
өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
Электрондық почта ___________________________________________________
Телефондары _________________________________________________________
Факс ________________________________________________________________
Банк шоты ___________________________________________________________
               (шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi)
Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің
мекенжайы ___________________________________________________________
       (шетелдік заңды тұлға үшін-елі, почталық индексі, елі, облысы,
             қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат
                       (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)
______ парақта қоса беріліп отыр.
Осымен:
      барлық көрсетілген деректердің ресми байланыстар болып
табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға
қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген
ақпаратты жіберуге болатындығы;
      өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе)
кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;
      барлық қоса берілген құжаттардың шындыққа сәйкес келетіні және
жарамды болып табылатындығы расталады;
      лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде
ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын
қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісемін;
Басшы______________ _____________________________________________
       (қолы)          (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)
Мөр орны    Толтыру күні:    20__ жылғы «__» _________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады