"Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың, сондай-ақ ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шаралар өткізуге арналған үй-жайлардың орналастырылуын айқындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі Төрағасының міндетін атқарушының 2013 жылғы 23 шілдедегі № 34 бұйрығына өзгерiс енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 5 қарашадағы № 342 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 2 желтоқсанда № 12337 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрінің 2017 жылғы 9 маусымдағы № 89 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрінің 09.06.2017 № 89 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабы 1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың, сондай-ақ ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шаралар өткізуге арналған үй-жайлардың орналастырылуын айқындау жөніндегі нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі Төрағасының міндетін атқарушының 2013 жылғы 23 шілдедегі № 34 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8634 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2013 жылғы 23 қазанда № 237 (28176) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың, сондай-ақ ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шаралар өткізуге арналған үй-жайлардың орналастырылуын айқындау жөніндегі нұсқаулық осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Дін істері комитетіне белгiленген заңнамалық тәртiпте:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден кейін он күнтізбелік күн ішінде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне және мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялау үшін осы бұйрықтың елтаңбалы мөрмен куәландырылған қағаздағы данасының көшірмесі қоса берілетін электрондық жеткізгіштегі көшірмелерін жолдауды;

      3) осы бұйрықтың ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитетінің интернет-ресурстарында орналастыруды;

      4) осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді іс-шараларды орындағаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсiн.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін он күнтiзбелiк күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы


Мәдениет және спорт министрі

А.Мұхамедиұлы


  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің
2015 жылғы 5 қарашадағы
№ 342 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Дін істері агенттігі
төрағасының міндетін атқарушының
2013 жылғы 23 шілдедегі
№ 34 бұйрығымен бекітілген

Діни әдебиеттерді және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың, сондай-ақ ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни жораларды өткізуге арналған үй-жайлардың орналастырылуын анықтау бойынша нұсқаулық
1. Жалпы ережелер

      1. Діни әдебиеттерді және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың, сондай-ақ ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни жораларды өткізуге арналған үй-жайлардың орналастырылуын анықтайтын осы Нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) діни әдебиеттерді және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды таратуға арналған тұрақты үй-жайларды және ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни жораларды өткізуге арналған үй-жайларды орналастыру тәртібін нақтылайды.

      2. Осы Нұсқаулықта келесі ұғымдар қолданылады:

      1) ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни жораларды өткізуге арналған үй-жайлар (бұдан әрі – діни жораларды өткізуге арналған үй-жайлар) – нысаналы мақсатты діни жораларды, діни құлшылықтарды, рәсімдерді, жиналыстарды өткізуге арналған тұрақты ғимарат немесе ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналасқан оның бір бөлігі;

      2) діни әдебиет – діни мазмұнға ие (теологиялық, діни-каноникалық, ритуалдық-мистикалық, әлеуметтік-теологиялық) және тұрғындардың діни және рухани-діни ұстанымдарынан туындайтын өзге де әлеуметтік мәні бар сұраныстарын қанағаттандыруға бағытталған баспа немесе электрондық өнім (кітаптары, брошюралар) болып табылады;

      3) діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды таратуға арналған тұрақты үй-жайлар (бұдан әрі - тұрақты үй-жайлар) – сауда жасайтын, қосалқы, әкімшілік-тұрмыстық бөлмелермен қамтамасыз етілген, сондай-ақ діни әдебиеттерді, діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды қабылдау, сақтау және сатуға дайындайтын бөлмелері бар тұрақты ғимарат немесе ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерде орналасқан оның бір бөлігі;

      4) діни мазмұндағы ақпараттық материалдар – діни мазмұндағы ақпаратты қамтитын баспа түріндегі және электрондық өнім;

      5) діни мақсаттағы заттар – діни құлшылықтарды, діни жоралар мен рәсімдерді өткізуге қажетті, сондай-ақ діни рәміздегі элементтерден тұратын заттар, бұйымдар және атрибуттар.

      3. Осы Нұсқаулыққа сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган) арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасуын бекітеді және діни жораларды өткізуге арналған үй-жайлардың орналасуына келісімін береді.

2. Тұрақты үй-жайлардың және діни жораларды өткізуге арналған үй-жайлардың орналасуын анықтау

      4. Тұрақты үй-жайлар мен діни жораларды өткізуге арналған үй-жайлар бөлек орналасқан ғимараттардың ішінде немесе жеке ғимараттарда орналасады.

      5. Тұрақты үй-жайлар мен діни жоралар өткізуге арналған үй-жайлар келесі орындарда орналаса алмайды:

      1) діни білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру ұйымдарының аумағында және ғимараттарында;

      2) мемлекеттік органдардың, Қарулы Күштердің мемлекеттік мекемелерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, сот және құқық қорғау органдарының, қылмыстық-атқару жүйесі ғимараттарында;

      3) осы тармақтың 1), 2) тармақшасында көрсетілмеген мемлекеттік мекеме, мемлекеттік кәсіпорындардың ғимаратында.

      6. Тұрақты үй-жайлар мен діни жоралар өткізуге арналған үй-жайлар осы Нұсқаулықтың 5-тармағында көрсетілген ғимараттардан 300 метрден кем емес қашықтықта орналасуы тиіс.

      7. Тұрақты үй-жайлар мен діни жоралар өткізуге арналған үй-жайлардың орналасуы оларға жақын тұрған (көрші орналасқан үй-жайлардағы, ғимараттардағы) тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделері сақталған жағдайда жол беріледі, сондай-ақ үй-жайлар орналасқан ғимараттардың қалыпты жұмыс істеуіне кедергі келтірмеуі керек.

      8. Тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту мен діни іс-шаралар өткізуге арналған үй-жайлардың орналастырылуын келісу кезде келесі жағдайларға:

      1) өтініш берушінің Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 147 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11183 болып тіркелген) бекітілген "Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасатын жерін бекіту туралы шешім беру" және "Діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келісу туралы шешім беру" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарттарына сәйкес ұсынған құжаттарына;

      2) үй-жайлар орналасқан облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аумақтық-географиялық ерекшеліктеріне;

      3) үй-жайлар орналасқан облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың діни ахуалына;

      4) осы Нұсқаулықтың 5, 6-тармақтарын ескере отырып, тұрақты үй-жайлар мен діни жоралар өткізуге арналған үй-жайлардың орналасқан жеріне мұқият назар аудару қажет.

      9. Тұрақты үй-жайлар мен діни жоралар өткізуге арналған үй-жайлардың тізімі облыстардың, республикалық маңызы бар қаласының, астананың жергілікті атқарушы органдарының интернет-ресурстарында орналастырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады