Байланыс формасы

Мемлекеттік инвестициялар және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен қаржыландыралатын объектілердің құрылысына жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының Бірыңғай мемлекеттік электрондық банкін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 қарашадағы № 705 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 18 желтоқсанда № 12422 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 6-4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік инвестициялар және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен қаржыландырылатын объектілердің құрылысына жобалау алдындағы және жобалау (жобалау - сметалық) құжаттамасының Бірыңғай мемлекеттік электрондық банкін қалыптастыру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика

      министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Ұлттық экономика


министрі

Е. Досаев

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Инвестициялар және даму министрі

      _____________Ә. Исекешев

      2015 жылғы "___"__________


      Қазақстан Республикасының

      Инвестициялар және даму

      министрінің м.а.

      _____________А. Рау

      2015 жылғы 25 қараша



  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 19 қарашада
№ 705 бұйрығымен
бекітілген

Мемлекеттік инвестициялардың және квазимемлекеттік сектор
субъектілерінің қаражаттары есебінен қаржыландыралатын
объектілердің құрылысына арналған жоба алдындағы және жобалау
(жобалау-сметалық) құжаттаманың бірыңғай мемлекеттік
электрондық банкін қалыптастыру
қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік инвестициялардың және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаттары есебінен қаржыландыралатын объектілердің құрылысына арналған жоба алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманың бірыңғай мемлекеттік электрондық банкін қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 6-4) тармақшасына сәйкес әзірленген және Мемлекеттік инвестициялардың және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаттары есебінен қаржыландыралатын объектілердің құрылысына арналған жоба алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманың бірыңғай мемлекеттік электрондық банкін (бұдан әрі - бірыңғай электрондық банк) қалыптастыру тәртібін белгілейді.

      2. Бірыңғай электрондық банктегі мәліметтер қол жеткізілуі шектеулі мемлекеттік ақпараттық ресурстар болып табылады.

      3. Бірыңғай электрондық банкті құру мақсаты құрылыстағы баға белгілеу бойынша нормативтік құжаттарды әзірлеу арқылы мемлекеттік инвестициялардың және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаттары есебінен объектілердің құрылысына арналған шығындарды жоспарлауды ақпараттық қамтамасыз ету болып табылады.

      4. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) бірыңғай электрондық банк - Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен бекітілген мемлекеттік инвестициялардың және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаттары есебінен қаржыландыралатын объектілердің құрылысына арналған электрондық жеткізгіштердегі жоба алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттама;

      2) құрылыстағы баға белгілеу саласындағы мамандандырылған ұйым - сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы уәкілетті органның ведомствосындағы және құрылыстағы баға белгілеу бойынша нормативтік құжаттарды әзірлеумен, құрылыс саласындағы баға белгілеу және экономика бойынша ғылыми зерттеулермен айналысатын заңды тұлға;

      3) құрылыс объектілерінің электрондық-цифрлық нысандағы жобалау-сметалық құжаттамасы - көлемдік-жоспарлық, конструкциялық, технологиялық, инженерлік, табиғат қорғау, экономикалық және өзге де шешімдерден тұратын электрондық құжаттар мен файлдардың логикалық құрамдастырылған және ұйымдастырылған жиынтығы, сондай-ақ, құрылысты ұйымдастыруға және жүргізуге, аумақты инженерлік дайындауға, абаттандыруға арналған сметалық есептер;

      4) құрылыс объектілерінің электрондық-цифрлық нысанды техникалық-экономикалық негіздемелері - инвестициялау мақсатын, инвестициялар тиімділігінің негіздемелерін сипаттап, негізгі бастапқы деректерден тұратын электрондық құжаттар мен файлдардың логикалық құрамдастырылған және ұйымдастырылған жиынтығы, оның ішінде: объектінің (кешеннің) жұмыс істеуінен күтілетін экономикалық, әлеуметтік және (немесе) коммерциялық тиімділік, сондай-ақ, құрылыс объектісінің негізгі техникалық және технологиялық өлшемдері туралы мәліметтер және объектінің техникалық-экономикалық көрсеткіштерін айқындауы бар есептер;

      5) мемлекеттік сараптама ұйымы (бұдан әрі - сараптама ұйымы) - Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған және объектілердің құрылыс жобалары (техникалық- экономикалық негіздемелер және жобалау-сметалық құжаттама) бойынша мемлекеттік монополияға жатқызылған ведомстводан тыс кешенді сараптаманы жүзеге асыратын заңды тұлға;

      6) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін мемлекеттік басқару саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органы;

      7) электрондық жеткізгіш - электрондық нысанда ақпаратты сақтауға, сондай-ақ, техникалық құралдардың көмегімен жазуға немесе оны қайта шығаруға арналған материалдық жеткізгіш;

      8) электрондық құжат - ақпарат электрондық-цифрлық нысанда ұсынылған және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат.

2. Бірыңғай электрондық банкті қалыптастыру тәртібі

      5. Уәкілетті органның ведомствосы бірыңғай электрондық банкті қалыптастырады.

      6. Бірыңғай электрондық банк мынадай ақпараттан тұрады:

      1) кешенді ведомстводан тыс сараптаманың оң қорытындысын алған мемлекеттік инвестициялар және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаттары есебінен қаржыландырылатын құрылыс объектілерінің электрондық-цифрлық нысандағы техникалық-экономикалық негіздемелері (бұдан әрі - ЭТЭН);

      2) кешенді ведомстводан тыс сараптаманың оң қорытындысын алған мемлекеттік инвестициялар және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаттары есебінен қаржыландырылатын құрылыс объектілерінің электрондық-цифрлық нысандағы жобалау-сметалық құжаттамасы (бұдан әрі - ЭЖСҚ);

      3) кешенді ведомстводан тыс сараптаманың оң қорытындысын алған мемлекеттік инвестициялар және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаттары есебінен әзірленген құрылыс объектілерінің электрондық-цифрлық нысандағы үлгілік жобалау-сметалық құжаттамасы (бұдан әрі - ЭҮЖСҚ).

      7. Сараптама ұйымы есепті кезеңнен кейінгі айдың 10 күнінен кешіктірмей ай сайын электрондық жеткізгіштерда бірыңғай электрондық банкте ЭТЭН, ЭЖСҚ, ЭҮЖСҚ ұсынады.

      8. Сараптама ұйымының уәкілетті органға ЭТЭН, ЭЖСҚ, ЭҮЖСҚ-мен электрондық жеткізгіштарды беруі кезінде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қабылдау-беру актісі жасалады.

      9. Электрондық жеткізгіштардегі ЭТЭН, ЭЖСҚ, ЭҮЖСҚ құрамы және мазмұны Заңның 20-бабының 23-16) тармақшасына сәйкес бекітілетін сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік норматив ережелерімен айқындалады.

      10. Құрылыста баға белгілеу саласындағы мамандандырылған ұйым бірыңғай электрондық банктің пайдаланушысы болып табылады.

      11. Құрылыста баға белгілеу саласындағы мамандандырылған ұйым құрылыста баға белгілеу бойынша нормативтік құжаттарды әзірлеу, құрылыс саласындағы баға белгілеу мен экономика бойынша ғылыми зерттеулерді жүргізу кезінде бастапқы деректер ретінде ЭТЭН, ЭЖСҚ, ЭҮЖСҚ пайдаланады.

  Мемлекеттік инвестициялардың және
квазимемлекеттік сектор субъектілерінің
қаражаттары есебінен қаржыландыралатын
объектілердің құрылысына арналған жоба
алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық)
құжаттаманың бірыңғай мемлекеттік
электрондық банкін қалыптастыру
қағидаларына
қосымша

      нысан

Қабылдау-беру актісі

      _________________________________________________тұлғасы атынан

      (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты) (ол болған жағдайда)

      ___________сараптама ұйымы және______________________________________

      (ұйым атауы) (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты) (ол болған жағдайда)

      тұлғасы атынан_________________________уәкілетті органның ведомствосы

      (ұйым атауы)

      электрондық жеткізгіштерде мынадай ЭТЭН, ЭЖСҚ, ЭҮЖСҚ қабылдау-беруді

      жүзеге асырды.

Р/с №

ЭТЭН, ЭЖСҚ, ЭҮЖСҚ атауы

Сараптаманы жасау нөмірі мен күні





      Берді__________________________________________________________

      (сараптама ұйымының өкілі)

      Қабылдады______________________________________________________

      (уәкілетті орган ведомствосының өкілі)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады