"Операциялық жоспарды әзірлеу, іске асыру, мониторингілеу және іске асырылуын бақылау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2014 жылғы 10 қыркүйектегі № 16 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 қарашадағы № 708 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 21 желтоқсанда № 12443 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 3 ақпандағы № 7 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 03.02.2020 № 7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз
      Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын, мемлекеттік бағдарламаларды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын, аумақтарды дамыту бағдарламаларын әзірлеу, іске асыру, мониторинг жүргізу, бағалау және бақылау, сондай-ақ Елді аумақтық кеңістікте дамытудың болжамды схемасын әзірлеу, іске асыру және бақылау қағидаларының 151-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Операциялық жоспарды әзірлеу, іске асыру, мониторингілеу және іске асырылуын бақылау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 10 қыркүйектегі № 16 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9787 болып тіркелген, 2014 жылғы 23 қазандағы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Операциялық жоспарды әзірлеу, іске асыру, мониторинг жүргізу және іске асырылуын бақылау қағидаларын бекіту туралы".
      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген операциялық жоспарды әзірлеу, іске асыру, мониторинг жүргізу және іске асырылуын бақылау қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 15, 16, 17 тармақтарын қоспағанда, осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
 
Ұлттық экономика министрі
Е. Досаев

     

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 20 қарашадағы
№ 708 бұйрығына қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2014 жылғы 10 қыркүйектегі
№ 16 бұйрығымен
бекітілген

Операциялық жоспарды әзірлеу, іске асыру,
мониторинг жүргізу және іске асырылуын бақылау қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы операциялық жоспарды әзірлеу, іске асыру, мониторинг жүргізу және іске асырылуын бақылау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) мемлекеттік органның операциялық жоспарын әзірлеуді, іске асыруды, мониторинг жүргізу және іске асырылуын бақылау тәртібін айқындайды (бұдан әрі – операциялық жоспар).

2. Операциялық жоспарды әзірлеу тәртібі

      2. Операциялық жоспар жыл сайын әзірленеді және оны бірінші басшы не жауапты хатшы немесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын жауапты хатшының өкілеттіктерін жүзеге асыратын өзге лауазымды тұлға мемлекеттік органның стратегиялық жоспарына қол қойылған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде бекітеді және мемлекеттік органның веб-сайтына орналастырылады.
      3. Операциялық жоспар мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының ұсыныстары негізінде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әзірленеді.
      Операциялық жоспар мынадай мемлекеттік органның ағымдағы қаржы жылына арналған стратегиялық жоспарында көзделген мақсаттар мен нысаналы индикаторларға қол жеткізу үшін және қажетті іс-шараларды және мемлекеттік орган туралы ережеде айқындалған өзге де міндеттерді қамтуға қажетті шаралардан тұрады және мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметін қоса алғанда, өз қызметінің барлық саласын қамтиды.
      4. Мемлекеттік органның операциялық жоспарының құрылымы мынадай:
      1) мемлекеттік органның іс-шаралары;
      2) тәуекелдерді басқару бөлімдерінен тұрады.
      5. Операциялық жоспарға мемлекеттік органның стратегиялық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда, сондай-ақ операциялық жоспарды мониторингілеу қорытындысы бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.

3. Операциялық жоспарды іске асыру және мониторинг жүргізу
тәртібі

      6. Операциялық жоспарды іске асыру операциялық жоспарда көзделген іс-шараларды орындау жолымен жүзеге асырылады.
      7. Мемлекеттік органның операциялық жоспарының іске асырылуы туралы ақпаратты жинау, жүйелеу мен талдаудың үздіксіз процесі мониторинг болып табылады.
      8. Операциялық жоспарды мониторингілеу мақсаты мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының мақсаттары мен нысаналы индикаторларына тиісінше және уақтылы қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін оның іске асырылу барысын жақсарту болып табылады.
      9. Операциялық жоспардың мониторингі:
      1) операциялық жоспарды іске асырудың ағымдағы жай-күйі туралы ақпарат алудың тұрақтылығын;
      2) операциялық жоспарды іске асыруда құрылымдық бөлімшелер мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың іс-қимылдарының үйлесімділігін;
      3) өзгеріп отыратын жағдайларды ескере отырып, операциялық жоспардың уақтылы өзектілендірілуін қамтамасыз етеді.
      10. Операциялық жоспар мониторингін ай сайын мемлекеттік органның мониторинг жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшесі жүргізеді.
      11. Операциялық жоспарға мониторинг жүргізу үшін мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдары өз құзыреті шегінде мониторинг жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшеге операциялық жоспарды орындау туралы ақпарат ұсынады.
      12. Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдары ұсынатын ақпарат мақсаттар мен нысаналы индикторлары бөлінісінде жоспарланған іс-шаралардың орындалғаны және орындалмағаны (орындалмау себептерін көрсете отырып) туралы ақпаратты қамтуы тиіс.
      13. Операциялық жоспарды орындау туралы ақпарат тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10 күніне дейін беріледі.
      14. Құрылымдық бөлімшенің немесе ведомстволық бағынысты ұйымның басшысы ұсынылатын ақпараттың шынайылығын, толықтығы мен уақтылығын қамтамасыз етеді.
      15. Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдары ұсынатын ақпарат негізінде мониторинг жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша операциялық жоспардың іске асырылуы туралы есеп дайындалады.
      16. Операциялық жоспардың іске асырылуы туралы есеп операциялық жоспардың іске асырылу барысы туралы ақпаратты, лауазымды тұлғалар жауапты орындаушылардың жоспарланған іс-шаралардың уақтылы іске асырылуын қамтамасыз ету бойынша шараларды қабылдауы бойынша ұсынымдарды және операциялық жоспарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстарды қамтиды.
      17. Операциялық жоспарды іске асыру туралы есеп осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген лауазымды тұлғаға тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15 күніне дейін беріледі.
      18. Мониторингтің нәтижесі бойынша осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген лауазымды тұлға:
      мемлекеттік органның стратегиялық мақсаттарына қол жеткізу мақсатында жоспарланған іс-шаралардың іске асырылу тиімділігін арттыруға (өзге де іс-шараларды айқындау);
      анықталған проблемалық мәселелер бойынша шаралар қабылдауға бағытталған шешімдер шығарады.
      19. Мемлекеттік органның мониторинг жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшесі мен ведомстволық бағынысты ұйымы операциялық жоспар мониторингісі нәтижелерінің уақтылығын және толықтығын қамтамасыз етеді.

4. Операциялық жоспардың іске асырылуын бақылау тәртібі

      20. Операциялық жоспардың іске асырылуын бақылау мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының мақсаттары мен нысаналы индикаторларына қол жеткізу мақсатында бұзушылықтарды анықтау, жою және жол бермеу үшін іс-шараларды талдау арқылы операциялық жоспардың мониторингі негізінде жүзеге асырылады.
      21. Операциялық жоспардың іске асырылуын бақылауды осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген лауазымды тұлға және ішкі аудит қызметі жүзеге асырады.

  Операциялық жоспарды әзірлеу, іске
асыру, мониторинг жүргізу және
іске асырылуын бақылау
қағидаларына
1-қосымша

      Нысан
      Бекітемін
      _____________________________
      (мемлекеттік органның жауапты
      хатшысының (басшысының)
      қолы және тегі, аты, әкесінің аты (бар болса - Т.А.Ә))
      М.О. 20___ жылғы "__" ___________
      _______________________________________
      (мемлекеттік органның атауы)

_____жылға арналған операциялық жоспары
1-бөлім. Мемлекеттік органның іс-шаралары

р/с

Атауы
Бюджеттік бағдарламаның коды
 
 
 
Жауапты орындаушы
Орындалу мерзімі
 
 
 
Аяқталу нысаны
1
2
3
4
5
6
І. Стратегиялық жоспардың мақсаттары мен нысаналы индикаторларына қол жеткізу бойынша іс-шаралар
 
1-стратегиялық бағыт
 
1.1-мақсат
 
1-нысаналы индикатор
 
2-нысаналы индикатор
 
Іс-шаралар
 
 
 
 
 
2-стратегиялық бағыт
 
Іс-шаралар
 
 
 
 
 
2.1-мақсат
 
1-нысаналы индикатор
 
2-нысаналы индикатор
 
Іс-шаралар
 
 
 
 
ІІ. Мемлекеттік органның ережесінде айқындалған өзге де міндеттерді шешуге арналған іс-шаралар
 
 
 
 
 
 

2-бөлім. Тәуекелдерді басқару

№ р/с
Мақсатқа қол жеткізуге ықпал ететін ықтимал тәуекелдердің атауы
Тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар
Іске асырылу мерзімі
Жауапты орындаушы
1
2
4
5
6
1-мақсат
 
 
 
 
 

      Операциялық жоспарды әзірлеуге жауапты құрылымдық бөлімшенің басшысы______________(қолы) (Т.А.Ә) (бар болса)

  Операциялық жоспарды әзірлеу, іске
асыру, мониторинг жүргізу және
іске асырылуын бақылау
қағидаларына
2-қосымша

      Нысан
      _______________________________________
      (мемлекеттік органның атауы)

_______жыл бойынша операциялық жоспарды іске асыру туралы есебі
(есептік кезең)
1-бөлім. Мемлекеттік органның іс-шаралары

№ р/с
Атауы
Жауапты орындаушы
Орындалу мерзімі
Аяқталу нысаны
Іс-шаралардың нақты орындалуы
Орындалмау себептері
Ұсынымдар, оның ішінде операциялық жоспарға өзгерістер енгізу жөніндегі ұсыныстар
1
2
3
4
5
6
7
8
І. Стратегиялық жоспардың мақсаттары мен нысаналы индикаторларына қол жеткізу бойынша іс-шаралар
 
1-стратегиялық бағыт
 
1.1-мақсат
 
1-нысаналы индикатор
 
2-нысаналы индикатор
 
Іс-шаралар
 
 
 
 
 
 
 
2-стратегиялық бағыт
 
2.1-мақсат
 
1-нысаналы индикатор
 
2-нысаналы индикатор
 
Іс-шаралар
 
 
 
 
 
 
ІІ. Мемлекеттік органның ережесінде айқындалған өзге де міндеттерді шешуге арналған іс-шаралар
 
 
 
 
 
 
 
 

2-бөлім. Тәуекелдерді басқару

№ р/с
Мақсатқа қол жеткізуге ықпал ететін ықтимал тәуекелдердің атауы
Тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар
Іске асыру мерзімі
Жауапты орындаушы
Тәуекелдерді нақты басқару
Орындалмау себептері
1
2
3
4
5
6
7
1-мақсат
 
 
 
 
 
 
 

     
      Операциялық жоспардың іске асырылуы
      туралы есепті қалыптастыруға жауапты
      құрылымдық бөлімшенің басшысы ________________ (қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады