Байланыс формасы

Мемлекеттік еңбек инспекторы актілерінің нысанын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 904 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2015 жылы 24 желтоқсанда № 12498 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрық 01.01.2016 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 195-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік еңбек инспекторы актілерінің:
      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасы талаптарының бұзушылықтарын жою туралы нұсқама нысаны;
      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жарақаттану қаупі бар және апатты жағдайлардың туындауына жол бермеу үшін өндірістік объектілер мен жабдықтарда, сондай-ақ өндірістік процестерде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі алдын алу жұмыстарын жүргізу туралы нұсқама нысаны;
      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жекелеген өндірістердің, цехтардың, учаскелердің, жұмыс орындары мен жабдықтардың пайдаланылуына және тұтастай ұйымның қызметіне тыйым салу (тоқтата тұру) туралы нұсқама нысаны;
      4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама нысаны;
      5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулы нысаны;
      6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы қаулы нысаны;
      7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес мемлекеттік еңбек инспекторы қорытындысының нысаны бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
      4) осы бұйрықты облыстардың, Астана және Алматы қалаларының еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органдарының назарына жеткізуді;
      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Мыналардың:
      1) «Мемлекеттік еңбек инспекторы актілерінің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 21 қыркүйектегі № 292-ө бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5826 болып тіркелген, 2009 жылғы 10 қарашадағы № 171 (1594) «Заң газетінде» жарияланған);
      2) «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кейбiр бұйрықтарына өзгерiстер енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 381 бұйрығының 1-тармағының 2) тармақшасының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11416 болып тіркелген, 2015 жылғы 10 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Б.Б. Нұрымбетовке жүктелсін.
      5. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қоланысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Денсаулық сақтау және
      әлеуметтік даму министрі                         Т. Дүйсенова

Қазақстан Республикасы  
Денсаулық сақтау және   
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 30 қарашадағы 
№ 904 бұйрығына 1-қосымша

Нысан

Кімге ____________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты  
__________________________________
(ол болған кезде), лауазымы)  
__________________________________
(ұйымның атауы, ұйымның мекенжайы)

Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасы талаптарының
бұзушылықтарын жою туралы
НҰСҚАМА № ____
20__ жылғы «__» __________

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек
кодексінің 193-бабы 4) тармақшасына сәйкеc Қазақстан Республикасы
еңбек заңнамасының мынадай бұзушылықтарын жоюға нұсқама беремін:

Р/с №

Анықталған бұзушылықтар (нормативтік құқықтық актінің бабын немесе тармағын көрсету) және оларды жою жөніндегі талаптар

Орындалу мерзімі

Ескертпе

























      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек
кодексінің 23-бабы 2-тармағының 12) тармақшасына сәйкес 20__ жылғы
«__» _______ дейін осы нұсқаманың орындалуы туралы жазбаша ақпарат
мына мекенжайға: ____________________________________________________
берілсін.

      Мемлекеттік еңбек инспекторы _________ ________________________
                                     (қолы)  (Тегі, аты, әкесінің аты
                                                (ол болған кезде)

      Нұсқаманы алдым ____________ _________ ________________________
                       (лауазымы)   (қолы)  (Тегі, аты, әкесінің аты
                                                (ол болған кезде)

Қазақстан Республикасы  
Денсаулық сақтау және   
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 30 қарашадағы 
№ 904 бұйрығына 2-қосымша

Нысан

Кімге _____________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты  
___________________________________
(ол болған кезде), лауазымы)  
___________________________________
(ұйымның атауы, ұйымның мекенжайы)

Жарақаттану қаупі бар және апатты жағдайлардың туындауына жол бермеу үшін өндірістік объектілер мен жабдықтарда, сондай-ақ өндірістік процестерде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі алдын алу жұмыстарын жүргізу туралы
НҰСҚАМА № _____________
20__ жылғы «__» __________

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек
кодексінің 193-бабы 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы
еңбек заңнамасының мынадай бұзушылықтарын жоюға нұсқама беремін:

Р/с №

Анықталған бұзушылықтар (нормативтік құқықтық актінің бабын немесе тармағын көрсету) және оларды жою жөніндегі талаптар

Орындалу мерзімі

Ескертпе





















      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек
кодексінің 23-бабы 2-тармағының 12) тармақшасына сәйкес 20__ жылғы
«__» _______ дейін осы нұсқаманың орындалуы туралы жазбаша ақпарат
мына мекенжайға:_____________________________________________________
берілсін.

      Мемлекеттік еңбек инспекторы _________ ________________________
                                     (қолы)  (Тегі, аты, әкесінің аты
                                                (ол болған кезде)

      Нұсқаманы алдым ____________ _________ ________________________
                       (лауазымы)   (қолы)  (Тегі, аты, әкесінің аты
                                                (ол болған кезде)

Қазақстан Республикасы  
Денсаулық сақтау және   
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 30 қарашадағы 
№ 904 бұйрығына 3-қосымша

Нысан

Кімге _____________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты  
___________________________________
(ол болған кезде), лауазымы)  
___________________________________
(ұйымның атауы, ұйымның мекенжайы)

Жекелеген өндірістердің, цехтардың, учаскелердің, жұмыс орындары мен жабдықтардың пайдаланылуына және тұтастай ұйымның қызметіне тыйым салу (тоқтата тұру) туралы
нұсқама

      20__ жылғы «__» ________                                № _____

_____________________________________________________________________
Қызметі тоқтатыла тұратын субъект туралы мәліметтер: жеке тұлға, дара
кәсіпкер, заңды тұлға, лауазымды тұлға
                     (керектінің асты сызылсын)
_____________________________________________________________________
                         субъектінің атауы
_____________________________________________________________________
      орналасқан жері, жеке немесе бизнес сәйкестендіру нөмірі
_____________________________________________________________________
                және субъектінің банк деректемелері
_____________________________________________________________________
        (заңды тұлға немесе дара кәсіпкер басшысының тегі, аты,
                  әкесінің аты (ол болған кезде)
туған күні __________________________________________________________
тұрғылықты жері _____________________________________________________
_____________________________________________________________________
      жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен деректемелері
_____________________________________________________________________
                   жеке сәйкестендіру нөмірі
_____________________________________________________________________
      тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы мәліметтер

қаралатын іс бойынша іс жүргізу тілі ________________________________

      Мен, (Бас) Мемлекеттік еңбек инспекторы ___________________
           (керектінің асты сызылсын)
_____________________________________________________________________
            (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында мемлекеттік
бақылауды жүзеге асыру кезінде мыналарды анықтадым: _________________
                                                  еңбек қауіпсіздігі
_____________________________________________________________________
        және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық
_____________________________________________________________________
      актілердің бұзылған тармақтары, баптарының талаптарын көрсету

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек
кодексінің 193-бабы 6) тармақшасының және Қазақстан Республикасының
2014 жылғы 5 шілдедегі «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы»
кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘҚБтК) 801-бабының негізінде нұсқама
беремін: 20__ жылғы « __ » _________ 20__ жылғы « __ » _________
мерзімге (үш тәуліктен аспайтын) дейін көрсетілген мерзім ішінде
міндетті түрде сотқа талап арыз бере отырып, тоқтатыла тұрсын
_____________________________________________________________________
         (тоқтатыла тұратын қызметтің, жекелеген өндірістерді,
_____________________________________________________________________
         цехтарды, учаскелерді, жұмыс орындары мен жабдықтарды,
_____________________________________________________________________
                 механизмдерді пайдалануды көрсету)

      Осы нұсқаманың орындалуына жауапкершілік ______________________
___________________________________________________________ жүктеледі
      (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек
кодексінің 23-бабы 2-тармағының 12) тармақшасының негізінде бұл
нұсқаманың міндетті күші бар.

      М.О. (Бас) Мемлекеттік еңбек инспекторы
             (керектінің асты сызылсын)
      __________________________________________________ ____________
           тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде),       қолы

      Нұсқаманы алдым _______________________________________________
                           (атқаратын лауазымы, тегі, аты,
                      _______________________________________________
                        әкесінің аты (ол болған кезде), алған күні)
                      _______________________________________________

      Нұсқама ______________ данада жасалды.

Қазақстан Республикасы  
Денсаулық сақтау және   
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 30 қарашадағы 
№ 904 бұйрығына 4-қосымша

Нысан

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы
ХАТТАМА № ___

20__ жылғы «__» _________          __________________________________
                                   (жасалған күні, орны және уақыты)
    Мен, мемлекеттік еңбек инспекторы ______________________________
               (хаттаманы жасаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)
 
 
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің
193-бабы 4) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2014 жылғы
шілдедегі «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» кодексінің (бұдан әрі
– ҚР ӘҚБтК) 803-бабына сәйкес осы хаттаманы жасадым.
_____________________________________________________________________
                (жұмыс берушінің атауы, мекенжайы
_____________________________________________________________________
                      және деректемелері)
қызметін тексеру кезінде мыналар анықталды: _________________________
_____________________________________________________________________
      (әкімшілік құқық бұзушылықты тексеруді жүзеге асыру барысында
_____________________________________________________________________
         белгіленген бұзушылықтарды жасау орны, уақыты және мәні)
 
бұл ҚР ӘҚБтК-ні бұзушылық болып табылады және ҚР ӘҚБтК-нің __________
(баптары мен тармақтары) сәйкес жауапкершілікке әкеп соқтырады.

      Егер бар болса, куәгерлердің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған
кезде), мекенжайы:
_____________________________________________________________________
                (ҚР ӘҚБтК-нің 754-бабына сәйкес)
 
      Метрологиялық тексерудің атауы, нөмірі, күні, егер әкімшілік
құқық бұзушылықты анықтау және тіркеу кезінде техникалық құрал
пайдаланылса, оның көрсеткіштері
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

      ҚР ӘҚБтК-нің 738-бабы негізінде іс жүргізу тілін ______________
деп айқындаймын.
      Жол берілген құқық бұзушылықтар үшін
_____________________________________________________________________
   (Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), туған жылы, айы, күні,
тұрғылықты жері, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен
деректемелері, сәйкестендіру нөмірі, жұмыс орны, телефонның, факстың,
ұялы байланыстың абоненттік нөмірі және (немесе) электрондық
мекенжайы (егер бар болса)
_____________________________________________ жауапты болып табылады.

      Жол берілген құқық бұзушылықтар үшін жауапты адамның
түсініктемесі _______________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
                  (ҚР ӘҚБтК-нің 744-бабына сәйкес)

                                                       ______________
                                                          (қолы)    

      Мемлекеттік еңбек инспекторы _________ _____________________
                                        (қолы)   (Тегі, аты, әкесінің
                                                аты (ол болған кезде)

      Хаттаманың бір данасын алдым,
      құқықтарыммен және міндеттеріммен
      таныстым __________________________ ___________________________
              (әкімшілік құқық бұзушылықты    (Тегі, аты, әкесінің
                    жасаған адамның қолы)      аты (ол болған кезде)

      Куәгерлер ___________ _________________________________________
                (қолы)     (Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

      Әкімшілік істің қаралған күні,
      орны және уақыты туралы
      хабардар етілдім: ______________________ ______________________
                  (әкімшілік құқық бұзушылықты   (Тегі, аты, әкесінің
                    жасаған адамның қолы)       аты (ол болған кезде)

Қазақстан Республикасы  
Денсаулық сақтау және   
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 30 қарашадағы 
№ 904 бұйрығына 5-қосымша

Нысан

20__ жылғы ______________________
_________________________________
  (қаралған күні, орны және уақыты)

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша
№ ___ ҚАУЛЫ

      Мен, мемлекеттік еңбек инспекторы______________________________
         (қаулы шығарған лауазымды адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), туған жылы, айы,
тұрғылықты жері, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен
деректемелері, сәйкестендіру нөмірі, жұмыс орны, телефонның, факстың,
ұялы байланыстың абоненттік нөмірі және (немесе) электрондық
мекенжайы (егер бар болса)
_____________________________________________________________________
_______________________ қатысты ________________ көзделген әкімшілік
                               (ҚР ӘҚБтК-нің бабы)
құқық бұзушылық туралы істі қарап, __________________________________
                                    (істі қарау кезінде анықталған жағдайлар)
_________________________________________________________ белгіледім.

      Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі «Әкімшілік
құқық бұзушылықтар туралы» кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘҚБтК) 
738-бабына сәйкес іс жүргізу тілін _______________ деп айқындаймын.
      Осы айтылғандардың негізінде, ҚР ӘҚБтК-нің 693 және
821-баптарын басшылыққа ала отырып, мемлекеттік еңбек инспекторы
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
_____________________________________________________________________
(әкімшілік жауаптылыққа тартылатын адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)
      ҚР ӘҚБтК-нің _________ бабы бойынша _____ айлық есептік
көрсеткіш мөлшерінде ______________________________________ сомада
                                 (сомасы жазбаша)
айыппұл салынсын.
      Айыппұл заңды күшіне енген күнінен бастап __________ тәуліктен
кешіктірмей Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық
комитетінің банкіндегі № ____________ бюджеттік шотқа енгізілуге тиіс
      коды______________ Мемлекеттік кірістер комитеті _____________,
      бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) _____________________________
      банк бинифициары ______________________________________________
      банктік сәйкестендіру нөмірі (БСК) ___________________________,
айыппұлды төлегені туралы түбіртек айыппұл салған мемлекеттік еңбек
инспекторына ұсынылады.
      Қаулыға ҚР ӘКБтК-нің 830832-баптарында көзделген тәртіппен
шағым және наразылық қаулы көшірмесі тапсырылған күннен бастап 10
тәулік ішінде берілуі, ал істі қарауға қатыспаған адам оны алған
күннен бастап беруі мүмкін.

      Мемлекеттік еңбек инспекторы _________ _____________________
                                        (қолы)   (Тегі, аты, әкесінің
                                                аты (ол болған кезде)

                                           20__ жылғы «__» __________

      Хаттаманың бір данасын алдым,
      құқықтарыммен және міндеттеріммен
      таныстым __________________________ ___________________________
             (әкімшілік құқық бұзушылықты       (Тегі, аты, әкесінің
                жасаған адамның қолы)           аты (ол болған кезде)

                                          20__ жылғы «__» __________

Қазақстан Республикасы  
Денсаулық сақтау және   
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 30 қарашадағы 
№ 904 бұйрығына 6-қосымша

Нысан

20__ жылғы ______________________
_________________________________
 (қаралған күні, орны және уақыты)

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша
іс жүргізуді тоқтату туралы
№ ___ ҚАУЛЫ

      Мен, мемлекеттік еңбек инспекторы______________________________
         (қаулы шығарған лауазымды адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), туған жылы, айы,
тұрғылықты жері, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен
деректемелері, сәйкестендіру нөмірі, жұмыс орны, телефонның, факстың,
ұялы байланыстың абоненттік нөмірі және (немесе) электрондық
мекенжайы (егер бар болса)
_____________________________________________________________________
_______________________ қатысты ________________ көзделген әкімшілік
                               (ҚР ӘҚБтК-нің бабы)
құқық бұзушылық туралы істі қарап, __________________________________
                                    (істі қарау кезінде анықталған жағдайлар)
_________________________________________________________ белгіледім.

      Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі «Әкімшілік
құқық бұзушылықтар туралы» кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘҚБтК)
738-бабына сәйкес іс жүргізу тілін _________________ деп айқындаймын.
      Осы айтылғандардың негізінде, ҚР ӘҚБтК-нің 693 және 
821-баптарын басшылыққа ала отырып, мемлекеттік еңбек инспекторы
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
_____________________________________________________________________
      (жауаптылыққа тартылатын адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)
әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу тоқтатылсын.
      Қаулыға ҚР ӘҚБтК-нің 830832-баптарында көзделген тәртіппен
шағым және наразылық қаулы көшірмесі тапсырылған күннен бастап 10
тәулік ішінде берілуі, ал істі қарауға қатыспаған адам дәл сол
мерзімде, бірақ оны алған күннен бастап беруі мүмкін.

      Мемлекеттік еңбек инспекторы _________ _____________________
                                       (қолы)   (Тегі, аты, әкесінің
                                                аты (ол болған кезде)

                                          20__ жылғы «__» __________

      Хаттаманың бір данасын алдым,
      құқықтарыммен және міндеттеріммен
      таныстым __________________________ ___________________________
              (әкімшілік құқық бұзушылықты     (Тегі, аты, әкесінің
                 жасаған адамның қолы)         аты (ол болған кезде)

                                          20__ жылғы «__» __________

Қазақстан Республикасы  
Денсаулық сақтау және   
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 30 қарашадағы 
№ 904 бұйрығына 7-қосымша

Нысан

Еңбек заңнамасының талаптарын сақтау мәселесі бойынша мемлекеттік еңбек инспекторының
қорытындысы

_____________________________________________________________________
                (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)
_____________________________________________________________________
                      (мәселенің мәні баяндалады)
____________________________________________________________ бойынша

Мемлекеттік еңбек инспекторы________________________________________
           (Мемлекеттік еңбек инспекторының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде),
                                     жұмыс берушінің атауы)
20___жылғы «____»__________ 20___жылғы «____»__________дейін
жүргізген тексерудің (бақылаудың бақылау субъектісіне барумен өзге де
нысандары) және басқа да материалдардың (атап өту) негізінде мынадай
қорытындыға келемін ________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

      Жоғарыда аталғандардың негізінде, сондай-ақ Қазақстан
Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 193-бабын
басшылыққа ала отырып, келесі қорытындыға келдім:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек
кодексінің 193-бабы 4) тармақшасының негізінде бұл қорытындының
міндетті күші бар.

      Мемлекеттік еңбек инспекторы _________ _____________________
                                       (қолы)   (Тегі, аты, әкесінің
                                                аты (ол болған кезде)

                                           20__ жылғы «__» __________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады