Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қазандағы № 1024 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 25 желтоқсанда № 12511 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 41-32) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 19.05.2020 № 304 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға рұқсат беру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К. Сейдахметов):

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялауға оның көшірмелерін баспа және электронды түрде жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4 Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ә. Исекешев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      ______________Б. Сұлтанов

      2015 жылғы 16 қараша

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ____________Е. Досаев

      2015 жылғы 26 қараша

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2015 жылғы 30 қазандағы
№ 1024 бұйрығымен
бекітілген

Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға рұқсат беру қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 26.07.2019 № 558 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға рұқсат беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 14-бабы 1-тармағының 41-32) тармақшасына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" (бұдан әрі - Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға рұқсат беру және "Авиациялық жұмыстарды орындау құқығына куәлік беру" мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 19.05.2020 № 304 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

      1) азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi ұйым (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын, Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласын орнықты дамытуды, ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған қызметті жүзеге асыратын акционерлік қоғам;

      2) авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәлік (бұдан әрі – куәлік) – авиациялық жұмыстарға рұқсат беруді куәландыратын, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым (уәкiлеттi орган), берілген құжат;

      3) пайдаланушы – азаматтық әуе кемелерін пайдаланумен айналысатын немесе осы салада өз қызметтерін ұсынатын жеке немесе заңды тұлға.

      3. Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға рұқсат беруді (бұдан әрі – сертификаттық талаптар) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 153 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11459 болып тіркелген) бекітілген азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларға қойылатын сертификаттық талаптарына пайдаланушы сәйкес болған жағдайда уәкілетті ұйымға жүзеге асырады.

      4. Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға рұқсат алуға өтінімнің жалпы қарау мерзімі өтінім берушінің оны берген сәтінен бастап 40 (қырық) жұмыс күнінен аспауы тиіс.

      5. Бастапқы және кезекті сертификаттау кезінде, куәлік мерзімсіз болып табылатын жеңіл және аса жеңіл авиация пайдаланушыларын қоспағанда, олар үшін мерзімсіз болып табылатын куәлік үш жыл мерзімге беріледі.

      Куәлік басқа тұлғаға берілуге жатпайды.

      6. Авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәлік беру үшін "Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы саласындағы төлемдерді алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 24 наурыздағы № 177 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде № 32120 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы саласындағы төлемдерді алу қағидаларымен айқындалған тәртіппен төлем алынады.

      Төлемақы мөлшерлемесі "Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның ақылы көрсетілетін қызметтерінің тізбесін және азаматтық авиация саласындағы төлем мөлшерлемелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 17 наурыздағы № 167 бұйрығымен (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде № 32089 болып тіркелді) (бұдан әрі - азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның ақылы қызметтерінің тізбесіне және азаматтық авиация саласындағы төлем мөлшерлемелері) бекітілген Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның ақылы қызметтерінің тізбесіне және азаматтық авиация саласындағы төлем мөлшерлемелерімен айқындалады.

      Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыны сертификаттау уәкілетті ұйымның бюджетіне төлем түскеннен кейін жүзеге асырылады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің 17.01.2024 № 30 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға рұқсат беру тәртібі

1-параграф. Өтінім мен құжаттарды беру

      7. Өтініш беруші "Авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәлік беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті бастапқыда алу үшін "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы ұшуды орындаудың жоспарланған күніне дейін 40 (қырық) жұмыс күні ішінде уәкілетті ұйымға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пайдаланушыны авиациялық жұмыстарды орындауға рұқсат алуға өтінімді (бұдан әрі – өтінім) және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәлік беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің (бұдан әрі – Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі) 8-тармағында көзделген құжаттар тізбесіне сәйкес құжаттар топтамасын жібереді.

      Куәлікті кезекті алу үшін өтініш беруші осы тармақта көзделген тәртіппен өтінімді және өзгерістер мен жаңартулар болған Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын ұсынады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде жазылған.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 24.02.2023 № 122 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Өтініш беруші барлық қажетті электрондық құжаттарды портал арқылы берген кезде-өтініш берушінің "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 12.04.2022 № 201 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8-1. Уәкілетті ұйым құжаттар мен мәліметтерді олар келіп түскен күні тіркеуді жүзеге асырады.

      Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді, авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлік, азаматтық әуе кемесін мемлекеттік тіркеу, ұшуға жарамдылық сертификаты, әуе кемесінің шуыл бойынша сертификаты, радиотаратқыш аппаратураны пайдалануға рұқсаттарын уәкілетті ұйым тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы алады.

      Уәкілетті ұйым электрондық құжаттарды "электрондық үкімет" веб-порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда, іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен бір реттік парольді беру арқылы немесе "электрондық үкімет" веб-порталының хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы алады.

      Ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды өтініш берушіден талап етуге жол берілмейді.

      Ескерту. 8-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 19.05.2020 № 304 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 12.04.2022 № 201 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      8-2. Өтініш беруші Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация не уәкілетті ұйым өтінішті қабылдаудан бас тартады және еркін нысанда құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

      Өтініш беруші Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде көзделген құжаттар тізбесіне сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтінім мен құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады және уәкілетті ұйымның кеңсесіне жібереді.

      Ескерту. 8-2-тармақпен толықтырылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 19.05.2020 № 304 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 24.02.2023 № 122 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      8-3. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіз Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі болып табылады.

      Ескерту. 8-3-тармақпен толықтырылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 19.05.2020 № 304 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 24.02.2023 № 122 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

2-параграф. Құжаттаманы тексеру және шешім қабылдау

      9. Уәкілетті ұйым өтінім беруші ұсынған құжаттарды осы Қағидалардың сәйкестігіне 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарайды.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 12.04.2022 № 201 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Құжаттар Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің 8-тармағының талаптарына сәйкес келген кезде уәкілетті ұйым осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сертификаттық зерттеп-қарауды жүргізу туралы өтінім бойынша шешім қабылдайды.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 24.02.2023 № 122 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-параграф. Сертификаттық зерттеп-қарау

      11. Уәкілетті ұйымға 2 (екі) жұмыс күні ішінде сертификаттық зерттеп-қарауды жүргізу үшін комиссияны (бұдан әрі - Комиссия) құрады, оның құрамына функцияларына ұшуды пайдалану, әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығы, авиациялық қауіпсіздігі және авиациялық персоналға куәліктер беруді ұйымдастыру және медицина бойынша мәселелері жататын авиация инспекторлары кіреді.

      12. Комиссия 5 (бес) жұмыс күні ішінде, уәкілетті ұйымға авиация инспекторлары үшін әзірлеген нұсқаушы материалды пайдалана отырып, өтінім берушінің пайдаланушыларға қойылатын сертификаттау талаптарының сәйкестігіне сертификаттық тексеруді жүзеге асырады.

      13. Ұшуды және жердегі қызметтерді тексеріп қарау қойылған міндеттерді шешу үшін авиация персоналының, жердегі құралдардың және жабдықтардың әзірлік дәрежесінің сәйкестігін айқындау мақсатында жүргізіледі.

      14. Сертификаттық зерттеп-қараудың нәтижелері бойынша өтініш беруші объектілерінің нақты жай-күйі, ұсынымдары және пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға рұқсат беру мүмкіндігі (мүмкіндігі жоқ) туралы қорытындылары көрсетіле отырып, осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысаны бойынша сертификаттық тексеру актісі екі данада жасалады. Актіге Комиссияның мүшелері қол қояды және танысу үшін өтініш берушіге беріледі.

      15. Сертификаттық зерттеп-қарау кезінде анықталған сертификаттау талаптарына сәйкессіздіктер үш деңгейге бөлінеді:

      1) 1-деңгей – қызметті жүзеге асыруға кедергі келтіретін сертификаттау талаптарына сәйкессіздіктер;

      2) 2-деңгей – уәкілетті ұйымға келісілген мерзімде оларды жойған немесе шектеулер енгізілген жағдайда қызметті жүзеге асыруға кедергі келтірмейтін сертификаттау талаптарына сәйкессіздіктер;

      3) 3-деңгей – қызметті жүзеге асыруға кедергі келтірмейтін және өндірісті жетілдіру кезінде жоюға жататын сертификаттау талаптарына сәйкессіздіктер.

      3-деңгейдің сертификаттау талаптарына сәйкессіздік кезінде түзету іс-қимылдарының жоспары талап етілмейді.

      Сертификаттық зерттеп-қарау кезінде пайдаланушының 2-деңгейдегі сертификаттау талаптарына сәйкессіздігі анықталған жағдайда, уәкілетті ұйым анықталған сәйкессіздікті жою үшін, ол анықталған сәттен бастап үш айдан аспайтын мерзімге келіседі.

      Өтініш беруші актіге қол қойылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күндік мерзімде оларды жою жөніндегі түзету іс-қимылдарының жоспарын (бұдан әрі – жоспар) ұсынады. Өтініш берушімен ұсынылған анықталған сәйкессіздіктерді жою жөніндегі шараларды бағалау негізінде жоспар уәкілетті ұйыммен келісіледі немесе негіздемесімен қоса пысықтауға қайтарылады.

      Жоспарда көрсетілген мерзімді өтініш беруші өзгерту қажеттігі туралы негіздемені ұсынған жағдайда оны уәкілетті ұйыммен ұзартылады.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 24.02.2023 № 122 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      16. Уәкілетті ұйым тексеру немесе бақылау мен қадағалаудың өзге де нысандарын жүргізу арқылы өтініш берушінің жоспарды ұсынуын және (немесе) жоспарда белгіленген мерзімдерде түзету іс-қимылдарының орындалуын бақылайды.

      Өтініш берушімен түзету іс-қимылдарының қолайлы жоспары ұсынылмаса немесе уәкілетті ұйыммен келісілген мерзімдерде түзету іс-қимылдары орындалмаса, 2-деңгейдегі сертификаттау талаптарына сәйкессіздік 1-деңгейдегі сертификаттау талаптарына сәйкессіздікке айналады, және уәкілетті ұйым авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәлікті беруден бас тартады.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 24.02.2023 № 122 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      17. 1-деңгейдегі сертификаттау талаптарына сәйкессіздіктер өтініш берушінің техникалық және қаржылық мүмкіндіктері негізге алына отырып, адамның өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаны қорғауды, ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге өтініш берушінің қабілетсіздігімен сипатталады.

      1-деңгейдегі сертификаттау талаптарына сәйкессіздік кезінде азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым куәлік беруден бас тартады не өтініш беруші анықталған сәйкессіздіктерді жойған кезге дейін Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен куәліктің қолданысын шектейді.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 24.02.2023 № 122 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

4-параграф. Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға рұқсат беру (рұқсат беруден бас тарту)

      18. Сертификаттық зерттеп-қарау нәтижелері бойынша уәкілетті ұйым 3 (үш) жұмыс күні ішінде:

      1) сертификаттық зерттеп-қарау актісі оң болған жағдайда осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша авиациялық жұмыстарды орындау құқығына куәлікті ресімдейді;

      2) мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде уәкілетті ұйым өтініш берушіге мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ өтініш берушіге алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдау қорытындылары бойынша мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту қалыптастырылады.

      Портал арқылы жүгінген кезде өтініш берушінің "Жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі туралы хабарлама жіберіледі.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 12.04.2022 № 201 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      18-1. Уәкілетті ұйым "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелген) сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізуді қамтамасыз етеді.

      Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік үш жұмыс күні ішінде "электрондық үкiметтiң" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына, мемлекеттік қызмет берушіге және Бірыңғай байланыс орталығына мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты жібереді.

      Ескерту. 18-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 19.05.2020 № 304 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 24.02.2023 № 122 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      19. Авиациялық жұмыстарға рұқсат беруден бас тарту негіздері:

      1) өтініш берушінің пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға рұқсат алу үшін ұсынылған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық емес тігін белгілеу;

      2) өтініш берушіге қатысты қызметке немесе белгілі бір қызметті алуды талап ететін қызметтің жеке түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшiне енген шешімі (үкімі) болуы;

      3) өтініш берушіге қатысты осы қызмет түрлерін көрсетуге тыйым салатын соттың шешімі болуы;

      4) осы Қағидалардың 17-тармағымен көзделген сәйкессіздіктер анықталуы болып табылды.

      19-1. Уәкілетті ұйымның әкімшілік актіні әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен қабылдауға байланысты әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізеді.

      Ескерту. 19-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 19.05.2020 № 304 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 12.04.2022 № 201 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      19-2. "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес өтініш берушінің шағымы:

      1) уәкілетті ұйымның шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде; 

      2) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауына жатады.

      Ескерту. 19-2-тармақпен толықтырылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 19.05.2020 № 304 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 12.04.2022 № 201 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      19-3. Шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті ұйымға және (немесе) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды тұлғаға, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.  

      Уәкілетті ұйым, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді. 

      Бұл ретте, егер 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылданса, уәкілетті ұйым, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағымды қарайтын органға шағым жібермейді. 

      Уәкілетті ұйымның, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес:

      1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізген; 

      2) қосымша ақпарат алған жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады. 

      Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген өтініш берушіге ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.

      Ескерту. 19-3-тармақпен толықтырылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 19.05.2020 № 304 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 12.04.2022 № 201 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

3-тарау. Авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәліктің қолданылуын тоқтата тұру және қайтарып алу тәртібі

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 24.02.2023 № 122 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      20. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым Заңның 16-3-бабының ережелеріне сәйкес, сондай-ақ:

      1) сертификаттау талаптарын орындамаған;

      2) міндетті сақтандыру түрлері туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес сақтандыруды қамтамасыз етпеген;

      3) инспекциялық тексеру кезінде, оның ішінде шет мемлекеттерде тексеру кезінде белгілі болған ұшу қауіпсіздігіне әсер ететін бұзушылықтар анықталған жағдайларда;

      4) пайдаланушының жазбаша өтініші болған жағдайларда куәліктің қолданылуын толық немесе жартылай шектейді, тоқтата тұрады.

      20-1. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәлікті мынадай жағдайларда кері қайтарып алады:

      1) ұсынылған құжаттарды бұрмалау арқылы пайдаланушының авиациялық жұмыстарды орындау құқығына куәлік алған, сертификаттау талаптарына сәйкестігін қолдаған кезде;

      2) авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәлікті заңсыз пайдалану немесе заңға қайшы әрекеттер жасау;

      3) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымға Қазақстан Республикасы әуе кеңістігінің шегінен тыс жерде орындалған тұрақты емес халықаралық ұшудың күні мен мақсаты туралы хабарламау несе хабарламада анық емес ақпарат ұсыну;

      4) Қазақстан Республикасы әуе кеңістігінің шегінен тыс тұрақты емес ұшуларды орындайтын азаматтық әуе кемесін пайдаланушының бас кеңсесі Қазақстан Республикасының аумағында орналаспаса және ұйымның қызметі мен операцияларын бағыттауға, бақылауға және үйлестіруге әсер ететін операциялық-қаржылық шешімдер құзыретті мемлекеттік органдардың тексеруі үшін қол жетімді болмаса;

      5) егер өтініш берушіге қатысты соттың заңды күшіне енген, оған осы қызмет түрін көрсетуге тыйым салатын шешімі болған кезде;

      6) пайдаланушының жазбаша өтініші.

      Ескерту. 3-тарау 20-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 24.02.2023 № 122 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      21. Осы Қағидалардың 23-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда, уәкілетті ұйым пайдаланушының анықталған бұзушылықтарды жою сәтіне дейін тоқтата тұру себептерін көрсете отырып, пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға рұқсаттамасының қолданылуын тоқтата тұрады.

      Егер пайдаланушы жоспармен белгіленген мерзімде пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға рұқсаттамасының қолданылуын тоқтата тұруға әкелген бұзушылықтарды жоймаса, уәкілетті ұйым пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға рұқсаттаманы қайтарып алады. Пайдаланушыны куәлік қайтарып алу кезінде пайдаланушы уәкілетті ұйымға куәлік қайтарып алу туралы хабарламаны алған сәттен бастап куәліктің түпнұсқасын 3 (үш) жұмыс күні ішінде қайтарады.

      Куәлік, оның қолданысын тоқтата тұру жағдайда, қолданылуын қайта қалпына келтіруді, уәкілетті ұйымға, пайдаланушының белгіленген мерзімдерде жоспарды орындау және тексеру жүргізгеннен кейін жүзеге асырады.

      22. Куәліктің қолданысын қалпына келтіру немесе қалпына келтіруден бас тарту жөніндегі шешімді уәкілетті ұйымға тексеру аяқталған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні мерзімінде пайдаланушыға жазбаша нысанда хабарлайды.

      23 Куәліктің қолданысы тоқтатыла тұрған немесе ол қайтарылып алынған жағдайда уәкілетті ұйым қабылданған шешім туралы 3 (үш) жұмыс күні ішінде пайдаланушыны және әуе қозғалысына қызмет көрсету органын хабардар етеді.

4-тарау. Қорытынды ережелер

      24. Куәлікке өзгерістер:

      1) пайдаланушының өтінімі бойынша;

      2) пайдаланушыға жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша уәкілетті ұйымға шешімі бойынша енгізіледі.

      25. Пайдаланушының атауы, оның мәртебесі, ведомстволық тиесілілігі өзгерген жағдайда, егер олар сертификаттық талаптарға сәйкессіздіктерге әкелсе, куәлікке және пайдалану ерекшеліктеріне тиісті өзгерістер енгізіледі. Өзгерістер енгізу мерзімі өтінім берілген сәттен бастап 10 (он) жұмыс күнін құрайды.

      26. Пайдаланушы пайдаланған бір үлгідегі әуе кемелерін меншікке, экипажсыз жалға алған жағдайда, пайдаланушы осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес нысаны бойынша құжаттары бар өтінімді уәкілетті ұйымға жібереді.

      Уәкілетті ұйым өтініш қабылдаған сәттен бастап, 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды қарайды және куәліктің пайдалану ерекшеліктеріне тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.

      27. Пайдаланушы бұрын өзі пайдаланбаған басқа үлгідегі әуе кемелерін меншікке, экипажсыз жалға алған жағдайда, пайдаланушы осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес нысаны бойынша құжаттары бар өтінімді уәкілетті ұйымға жібереді.

      Уәкілетті ұйым өтініш қабылдаған күннен бастап, 30 (отыз) жұмыс күні ішінде:

      1) ұсынылған құжаттарды қарайды;

      2) пайдаланушының өзгерістер енгізілуіне байланысты бөлімдеріне тексеруді жүргізеді, оның нәтижелері бойынша куәлікке пайдалану ерекшеліктеріне тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.

  Пайдаланушыны авиациялық
жұмыстарға рұқсат беру
қағидаларына
1-қосымша
  Нысан
  Уәкілетті ұйымның басшысына
Өтініш берушінің ЖСН/БСН:
_______
Өтініш беруші заңды тұлғаның
немесе жеке тұлғаның банктік
деректемелері:
__________________
Өтініш беруші – заңды тұлғаның
орналасқан жері (мекенжайы)
немесе өтініш беруші – жеке
тұлғаның тұрғылықты жері:
_______________
Байланыс телефондары/факсы/
электрондық поштасының
мекенжайы,
АФТН коды: ________________

Пайдаланушының авиациялық жұмыстарға рұқсат алуға өтінімі

      бастапқы рұқсат беру/кезекті беру

      (қажеттінің астын сызу)

      1. _____________________________________________________________

                        (өтініш берушінің толық атауы)

      ___________________________ Әуе кемелерінің негізгі орны

      әуеайлақтарында (алаңында) авиациялық жұмыстарды орындауға рұқсат беруді

      сұраймын.

      2. Мәлімделген авиациялық жұмыс түрлері: _________________________

      3. Қазақстан Республикасының шегінде немесе одан тыс жерлерде ұшу өңірлері:

      ________________________________________________________

      4. Жоспарланған ұшуды бастау күні: _______________________________

      5. Басқарушы персонал

Лауазымы

Тегі аты әкесінің аты (бұдан әрі - Т.А.Ә.)., туған жылы, телефоны

Тағайындау туралы бұйрық

Білімі

Маманның сертификаттары (куәліктері)






      6. Командалық-ұшу, нұсқаушы және ұшқыштар құрамы

Лауазымы

Т.А.Ә. туған жылы

Жұмысқа қабылдау туралы бұйрық

Маманның куәлігі (медициналық қорытынды)

Жалпы ұшу

Ұшуды және авиациялық жұмыстарды орындауға рұқсат беру







      7. Инженерлік-техникалық персонал

Лауазымы

Т.А.Ә.

Жұмысқа қабылдау туралы бұйрық

Маманның куәлігі

Жалпы жұмыс өтілі

Жұмыстарды орындауға рұқсат беру







      8. Әуе кемелері

ӘК типі және борттық нөмірі

Ұшу жарамдылығы сертификатының қолданылу мерзімі

Мемлекет, қала және орналасу әуежайы

Шарт түрі, нөмірі, күні және қолданылу мерзімі





      9. Өтініш беруші:

      сертификаттау рәсімдерін орындауға;

      сертификаттық талаптарға жауап беруге;

      азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымға ұшудың ұйымдастырылуын, қамтамасыз етілуін және орындалуын бақылауды жүзеге асыруына мүмкіндік беруге міндеттенеді.

      ________________________________________________________________

                        Өтініш беруші (Т.А.Ә., қолы)

  Пайдаланушыны
авиациялық жұмыстарға рұқсат
беру қағидаларына
2-қосымша

"Авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәлік беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 24.02.2023 № 122 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Көлік министрінің 17.01.2024 № 30 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

"Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" акционерлік қоғамы

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

"электрондық үкімет" веб-порталы

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

Авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәлік беру – 40 (қырық) жұмыс күні

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижесі

Авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәлік беру (куәліктің телнұсқасы) немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде өтініш берушіден алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет
"Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 3-тармағына және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның ақылы қызметтерінің тізбесіне және азаматтық авиация саласындағы төлем мөлшерлемелеріне сәйкес ақылы негізде заңды тұлғаларға (бұдан әрі- өтініш беруші) көрсетіледі.

7

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс істеу кестесі

1) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (өтініш беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүгінген кезде өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);
2) уәкілетті ұйым – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұма аралығында сағат 8-30-ден 17-30-ға дейін, түскі үзіліс 13-00-ден 14-00-ға дейін.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Өтініш беруші (не сенімхат бойынша оның уәкілетті өкілінің) портал арқылы жүгінген кезде мынадай құжатттарды ұсынады:
куәлікті алғаш рет алуш үшін:
1) өтінім;
2) уәкілетті ұйымның қызметі үшін төлемді растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
3) ұшуды орындау жөніндегі нұсқаулық;
4) ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық;
5) техникалық қызмет көрсетуді реттеу жөніндегі пайдаланушының нұсқаулығы;
6) әуе кемелерінің техникалық қызмет көрсету бағдарламасы (регламент);
7) Сақтандырудың міндетті түрлері туралы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес пайдаланушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандырудың сақтандыру полистерінің көшірмелері;
8) пайдаланушы басшысымен бекітілетін әуе кемелерінің әуе кемелерінің бояу үлгілері және мәтіндік сипаттамасы;
9) пайдаланушының авиациялық қауіпсіздігінің бағдарламасы;
10) куәлікті кезекті рет алу үшін:
өтініш беруші өзгерістер мен жаңартулар болған осы тармақта көрсетілген құжаттармен өтінімді ұсынады.
11) азаматтық авиация саласындағы төлемдерді алу қағидаларымен және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның ақылы қызметтерінің тізбесімен және төлем мөлшерлемелерімен айқындалатын тәртіппен және мөлшерде алынатын, уәкілетті ұйымның ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді тұрақты қадағалауды жүзеге асырғаны үшін сертификатталған пайдаланушылардың міндетті аударымдарын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.
Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді уәкілетті ұйым "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіздемелер

1) өтініш берушінің және (немесе) ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мемлекеттік қызмет көрсетуге қажетті мәліметтердің Заңның 16-бабының 7-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмеуі;
2) өтініш берушіге қатысты белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе қызметтің жекелеген түрлеріне тыйым салу туралы сот шешімінің (үкімінің) заңды күшіне енуі.
3) пайдаланушының авиациялық жұмыстарға рұқсатын алу үшін өтініш беруші ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
4) өтініш берушіге қатысты оған осы қызмет түрін көрсетуге тыйым салатын сот шешімі болған жағдайларда тоқтатылады;
5) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.

10

Мемлекеттік қызметтерді көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар

Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары мынадай интернет-ресурстарда орналасқан:
Министрліктің – www.transport.gov.kz, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімі;
"Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" акционерлік қоғамының www.caa.gov.kz.
Өтініш берушінің ЭЦҚ бар болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық түрде алуға мүмкіндігі бар.
Өтініш берушінің порталдың "жеке кабинеті" арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефондары: 1414, 8 800 080 7777

  Пайдаланушыны авиациялық
жұмыстарға рұқсат беру
қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Сертификаттық зерттеп-қарауды жүргізу туралы өтінім бойынша шешім

      20__ ж. "___" __________ № _____

      Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарды орындауға рұқсат алуға

      _______________________________________________________________

                        (өтінім берушінің атауы)

      өтінімін қарап, сіздер ұсынған құжаттар Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға рұқсат беру қағидаларына сәйкес келетінін хабарлаймыз.

      Сертификаттық зерттеп-қарауды жүргізу туралы хабардар етеміз.

      Мөрдін орны                                           Уәкілетті ұйымға,

                                                            не ол уәкілеттік берген

                                                            лауазымды тұлға

                              ________________ _________________

                                    (Т.А.Ә.)      (қолы)

  Пайдаланушыны авиациялық
жұмыстарға рұқсат беру
қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

Сертификаттық тексеру актісі

      __________________________ 20__ жылғы "___" _______ № _________

      (уәкілетті ұйымға атауы)

      бұйрығына сәйкес мынадай құрамдағы комиссия:

      Төраға: _________________________________________________________

                        (Т.А.Ә., лауазымы)

      Комиссия мүшелері: ___________________________________________________

                        (Т.А.Ә., лауазымы)

      ___________________________________________________________

                        (Т.А.Ә., лауазымы)

      ___________________________________________________________

                        (Т.А.Ә., лауазымы)

      ____________________________________________________ өтініш берушінің

                        (заңды тұлғаның атауы)

      Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларға қойылатын сертификаттық

      талаптарға және Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға рұқсат беру

      қағидаларына сәйкестігіне сертификаттау жүргізді.

      Қорытынды мәтіні ____________________________________________________

      Төраға:             __________________________________ ________________

                              (Т.А.Ә.)                               (қолы)

      Комиссия мүшелері __________________________________ ________________

                              (Т.А.Ә.)                               (қолы)

                              __________________________________ ________________

                              (Т.А.Ә.)                               (қолы)

      Актімен таныстым:

      Жауапты тұлға: ________________________ _____________________________

                              (Т.А.Ә.)                         (қолы)

  Пайдаланушыны авиациялық
жұмыстарға рұқсат беру
қағидаларына
5-қосымша
  Нысан

Авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәлік ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ _____________________________________________________ Уәкілетті ұйымның атауы Авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәлік № KАZ – 02/001

Қолданылу мерзімінің аяқталу күні:

Пайдаланушының атауы
____________________
Пайдаланушының мекенжайы:
Телефоны:
Факс:
E-mail:

Пайдаланушымен жедел байланыс
Байланыс ақпараты:

      Осы куәлік пайдаланушыға _______________________________________

                                    (пайдаланушының атауы)

      қоса беріліп отырған пайдалану ерекшеліктерінде белгіленгендей, Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға рұқсат беру қағидаларына және ұшуды жүргізу нұсқауына сәйкес авиациялық жұмыстарды орындауға рұқсат беретіндігін куәландырады.

      Инспекциялық бақылауды ________________________ жүзеге асырады.

                              (уәкілетті ұйымның атауы)

      Мөрдін орны                                     Уәкілетті ұйымға басшысы не

                                                      ол уәкілеттік берген адам

                                    ____________ ________________

                                          (қолы)       (Т.А.Ә.)

      Берілген күні: 20__ ж. "___" ___________

Уәкілетті ұйымға

      ______________________________________________________________

                  (пайдаланушының атауы             № __куәлігі)

Пайдалану ерекшеліктері (пайдалану талаптары мен шектеулері)

      А бөлігі - Жалпы ережелер

      1. Осы пайдалану ерекшеліктері Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 20__ жылғы _____ № _______ бұйрығымен бекітілген Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға рұқсат беру қағидаларына сәйкес беріледі.

      2. Пайдаланушы ұшуды орындауға дайын.

      3. Пайдаланушыға мынадай дайындаушылар мен модельдердегі әуе кемелерін авиациялық жұмыстарды орындау үшін пайдалануға рұқсат беріледі:

Дайындаушылар

Моделі

Ең жоғары жүк көтергіштігі мен жолаушы сыйымдылығы

1

2

3




      1-бағанда әуе кемесін дайындаушы зауыт көрсетіледі;

      2-бағанда әуе кемесінің типі және мемлекеттік тіркеу нөмірі көрсетіледі;

      3-бағанда – тоннадағы немесе килограммдағы көрсеткіші және жолаушылар орындарының саны көрсетіледі.

      _________________________________________ ___________ ________

      (уәкілетті ұйымға басшысы,                   (қолы)       (Т.А.Ә.)

      не ол уәкілеттік берген адам)

      Мөрдін орны

      Берілген күні 20__ ж. "___" __________

      Уәкілетті ұйымға

      ______________________________________________________________

                  (пайдаланушының атауы             № __куәлігі)

      Пайдалану ерекшеліктері (пайдалану талаптары мен шектеулері)

      В бөлігі – Авиациялық жұмыстарды орындау бойынша рұқсаттар мен шектеулер

      Пайдаланушының "_____" әуе кемелері Қазақстан Республикасының (уағдаласушы мемлекеттер) қолданыстағы нормативтік құқықтық актілері мен ұшу қағидаларына сәйкес авиациялық жұмыстарды орындауға дайын.

      Ұшуға:

      Қазақстан Республикасы аумағы шегінде

      Қазақстан Республикасы аумағынан тыс жерлерде (өңірлер) рұқсат етілді.

Әуе кемесінің типі

Авиациялық жұмыс түрлері

Ұшу түрлері (ВҰҚ, ВҰАҚ, АҰҚ)

Тәулік уақыты













      _________________________________________ ___________ _________

      (уәкілетті ұйымға басшысы                         (қолы)       (Т.А.Ә.)

      не ол уәкілеттік берген адам)

      Мөрдін орны

      Берілген күні 20__ ж. "___" __________

  Пайдаланушыны авиациялық
жұмыстарға рұқсат беру
қағидаларына
6-қосымша
  Нысан
  Уәкілетті ұйымның лауазымды
адамына

Авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәліктің пайдалану ерекшеліктеріне өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізуге арналған өтінім

      ____________________________________________________________________

      (өтініш берушінің толық атауы)

      ____________________________________________________________________

      (куәліктің пайдалану ерекшеліктері, дәлелді құжаттамаға (өзгерістер мен (немесе)

      толықтырулар) өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізуді сұраймын, ұшуды

      бастаудың жоспарланған күні: __________________________

      ____________________________________________________________________

      (өзгерістер мен толықтырулар енгізілген кезде қолданыстағы куәліктің аяқталу мерзімі,

      сондай-ақ жаңа пайдалану жағдайларында ұшуды бастаудың жоспарланған күні

      көрсетіледі).

      Басшы ___________________________

                  (лауазымы/қолы/күні)

Авиациялық жұмыстарды орындау құқығындағы куәлікке өзгерістер енгізуге арналған құжаттар тізбесі

      1. Әуе кемесін куәлікке енгізу кезінде өтініш беруші мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) өтінім;

      2) Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері туралы заңдарына сәйкес пайдаланушының қызметкерлерінің алдында азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру полистерінің көшірмелері;

      3) ұшуды жургізу жөніндегі нұсқауға, техникалық қызмет көрсетуді реттеу жөніндегі пайдаланушы нұсқауына, техникалық қызмет көрсету бағдарламасына, ең аз жабдықтардың тізбесіне (MEL) тиісті өзгерістер мен толықтырулар.

      2. Экипажсыз жалға алынған әуе кемесінің авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлігіне енгізу үшін құжаттар тізбесі.

      Өтініш беруші экипажсыз әуе кемесін жалға алған кезде, осы тізбенің 1-тармағында көрсетілген құжаттарға қосымша мыналарды ұсынады:

      1) әуе кемесінің типі, моделі және сериялық нөмірі туралы мәліметтер;

      2) әуе кемесі иесінің тегі (атауы) және мекенжайы;

      3) тіркелген мемлекеті, ұлттық және тіркеу белгілері туралы мәліметтер;

      4) әуе кемесінің пайдалану бойынша бақылауға, техникалық қызмет көрсетуге және ұшу жарамдылығын сақтауға жауапты тараптар, сондай-ақ жалға алу мерзімі көрсетілген әуе кемесін экипажсыз жалға алу туралы шарттың көшірмесі;

      3. Жоғарыда көрсетілген барлық құжаттардың көшірмелері өтініш берушінің қолымен куәландырылады.

      4. Әуе кемелерін пайдалану тоқтатылған жағдайда, пайдаланушы бұл туралы уәкілетті ұйымға дереу хабардар етеді, бұл аталған әуе кемелерін куәліктен алып тастауға негіз болып табылады.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады