Байланыс формасы

Бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және технологиялық күрделі объектілердегі ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау бойынша техникалық қадағалау және сараптама жұмыстары жөніндегі инжинирингтік қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу жөніндегі қағидаларды және рұқсат беру талаптарын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 23 қарашадағы № 709 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 26 желтоқсанда № 12535 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 23-21) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және технологиялық күрделі объектілердегі ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау бойынша техникалық қадағалау және сараптама жұмыстары жөніндегі инжинирингтік қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу жөніндегі қағидалар және рұқсат беру талаптары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімдік баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланған күнінен кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Е. Досаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Инвестициялар және даму министрі

      ______________ Ә. Исекешев

      2015 жылғы 2 желтоқсан



  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 23 қарашадағы
№ 709 бұйрығымен
бекітілген

Бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және технологиялық күрделі объектілердегі ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау бойынша техникалық қадағалау және сараптама жұмыстары жөніндегі инжинирингтік қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу жөніндегі қағидалар және рұқсат беру талаптары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 10.07.2019 № 499 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және технологиялық күрделі объектілердегі ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау бойынша техникалық қадағалау және сараптама жұмыстары жөніндегі инжинирингтік қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу жөніндегі қағидалар және рұқсат беру талаптары (бұдан әрі – Қағидалар және рұқсат беру талаптары) "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.

      2. Қағидалар бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және технологиялық күрделі объектілердегі ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау бойынша техникалық қадағалау және сараптама жұмыстары жөніндегі инжинирингтік қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу рәсімін регламенттейді.

      3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:

      1) аккредиттелген ұйым – уәкілетті органда аккредиттеу рәсімінен белгіленген тәртіппен өткен заңды тұлға;

      2) аккредиттеу – аккредиттеу жөніндегі уәкілетті органның бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және технологиялық күрделі объектілердегі ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау бойынша техникалық қадағалау және сараптама жұмыстары жөніндегі инжинирингтік қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын ұйымдардың құзыретін ресми тану рәсімі;

      3) аккредиттеу субъектілерінің тізілімі – аккредиттеу субъектілерін есепке алудың бірыңғай тізімі;

      4) аккредиттеу туралы куәлік – уәкілетті орган беретін, аккредиттеу субъектілерінің бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және технологиялық күрделі объектілердегі ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау бойынша техникалық қадағалау және сараптама жұмыстары жөніндегі инжинирингтік қызметтер көрсетуді жүзеге асыруға құзыретін куәландыратын куәлік;

      5) өтініш беруші – бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және технологиялық күрделі объектілердегі ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау бойынша техникалық қадағалау және сараптама жұмыстары жөніндегі инжинирингтік қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын ұйымдар ретінде аккредиттеу туралы куәлік алуға үміткер заңды тұлға;

      6) уәкілетті орган – сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін мемлекеттік басқару саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық мемлекеттік органның ведомствосы.

      4. Аккредиттеу мынадай негізгі кезеңдерді көздейді:

      1) өтініш берушінің құжаттарын қарау;

      2) аккредиттеу туралы куәлікті беруіне дейін, өтініш берушінің рұқсат беру талаптарына сәйкестігін белгілеу, бұл өтініш берушінің келуінсіз және оған бармай жүргізіледі;

      3) аккредиттеу туралы шешімді қабылдау;

      4) аккредиттеу туралы куәлікті ресімдеу, тіркеу және электрондық түрде беру.

      5. Құжаттарды қарау және аккредиттеу туралы куәлік беру туралы шешім қабылдау мерзімдері өтініш берушіден құжаттардың толық жинағын қабылдаған күннен бастап 20-40 минутті құрайды.

      6. Ұйымдық-құқықтық нысаны өзгерген жағдайда аккредиттелген ұйым аккредиттеу рәсімінен өтеді.

      7. Аккредиттеу туралы куәліктің қолданылуын тоқтата тұру, қалпына келтіру, айыру (қайтарып алу) "Рұқсаттар мен хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 47-бабында көзделген тәртіппен және (немесе) негіздер бойынша жүзеге асырылады.

      8. Аккредиттеу туралы қолданыстағы куәлік болмаса, ұйымдарға қызметтерді жүзеге асыруға жол берілмейді.

2-тарау. Бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және технологиялық күрделі объектілерде техникалық қадағалау жөніндегі инжинирингтік қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеуге рұқсат беру талаптары және оны өткізу тәртібі

      9. Аккредиттеуден өту үшін өтініш беруші мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) өтініш осы ережеге сәйкес 1 қосымша форма бойынша;

      2) осы Қағидаларға және рұқсат беру талаптарына 2-қосымшаға сәйкес бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілердегі ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығы техникалық зерттеп-қарау бойынша техникалық қадағалау және сараптама жұмыстары жөніндегі инжинирингтік қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеуден өтуі үшін мәліметтер нысаны.

      10. Аккредиттеуден өту және растау үшін өтініш иесі мынадай рұқсат беру талаптарына сәйкес келеді:

      1) бірінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және технологиялық күрделі объектілерде техникалық қадағалауды жүргізу үшін:

      өзінің құрамында тұрақты негізде бірінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілерде техникалық қадағалауды жүзеге асыратын кемінде үш аттестатталған сарапшының болуы, оның ішінде мынадай мамандануы бойынша:

      бірінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілер бойынша – тіреу және қоршау конструкциялары бөлігінде (кемінде бір сарапшы);

      бірінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілер бойынша – инженерлік желілер бөлігінде (кемінде бір сарапшы);

      бірінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілер бойынша – технологиялық жабдықтар бөлігінде (кемінде бір сарапшы);

      меншік құқығында немесе тартылған (шарт негізінде) аккредиттелген зертхананың болуы;

      жүктелген міндеттер мен функцияларды орындауға қажетті материалдық-техникалық жарақтандырудың, оның ішінде өлшеу және бақылау құралдарының болуы;

      жүктелген міндеттер мен функцияларды орындауға қажетті нормативтік құжаттардың болуы.

      2) екінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және технологиялық күрделі объектілерде техникалық қадағалауды жүргізу үшін:

      өзінің құрамында тұрақты негізде екінші және үшінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілерде техникалық қадағалауды жүзеге асыратын кемінде үш аттестатталған сарапшының болуы, оның ішінде мынадай мамандануы бойынша:

      екінші және үшінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілер бойынша – тіреу және қоршау конструкциялары бөлігінде (кемінде бір сарапшы);

      екінші және үшінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілер бойынша – инженерлік желілер бөлігінде (кемінде бір сарапшы);

      екінші және үшінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілер бойынша – технологиялық жабдықтар бөлігінде (кемінде бір сарапшы);

      меншік құқығында немесе тартылған (шарт негізінде) аккредиттелген зертхананың болуы;

      жүктелген міндеттер мен функцияларды орындауға қажетті материалдық-техникалық жарақтандырудың, оның ішінде өлшеу және бақылау құралдарының болуы;

      жүктелген міндеттер мен функцияларды орындауға қажетті нормативтік құжаттардың болуы.

      11. Бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және технологиялық күрделі объектілерді техникалық қадағалау жөніндегі инжинирингтік қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын ұйымдардың аккредиттеу туралы куәлігі "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аккредиттелген немесе расталған күннен бастап екі жылда бір рет расталады.

      12. Өтініш берушіні аккредиттеуді уәкілетті орган жүргізеді және ол осы Қағидаларға және рұқсат беру талаптарына 3-қосымшаға сәйкес электрондық түрдегі аккредиттеу туралы куәлікпен расталады.

      13. Аккредиттеу туралы куәліктің қолданылуын растау үшін өтініш беруші осы Қағидалардың және рұқсат беру талаптарының 10-тармағында көзделген құжаттарды ұсынады.

      14. Аккредиттелген ұйымдар осы Қағидаларға және рұқсат беру талаптарына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, заңды тұлғаның деректемелері, аккредиттеу туралы куәліктің берілген күні мен нөмірі туралы, жауапкершілік деңгейі, штатында мамандардың болуы туралы ақпарат жиынтығы, сондай-ақ осы заңды тұлғаға қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауапкершілік шаралары туралы мәліметтер қамтылған Бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және технологиялық күрделі объектілерде техникалық қадағалау жөніндегі инжинирингтік қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын аккредиттелген ұйымдардың бірыңғай тізіміне енгізіледі.

3-тарау. Бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және технологиялық күрделі объектілердегі ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау бойынша сараптама жұмыстарын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеуге рұқсат беру талаптары және оны өткізу тәртібі

      15. Аккредиттеуден өту үшін өтініш беруші мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) осы Қағидаларға және рұқсат беру талаптарына 5-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша сұрау;

      2) осы Қағидаларға және рұқсат беру талаптарына 6-қосымшаға сәйкес бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және технологиялық күрделі объектілердегі ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау бойынша сараптама жұмыстары жөніндегі жүзеге асыратын ұйымдардың аккредиттеуден өтуі үшін мәліметтер нысаны;

      3) инженер-геодезист дипломының көшірмесі.

      16. Аккредиттеуден өту және растау үшін өтініш иесі мынадай рұқсат беру талаптарына сәйкес келеді:

      өзінің құрамында тұрақты негізде ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыратын кемінде үш аттестатталған сарапшының болуы;

      өзінің құрамында тұрақты негізде конструктивтік бөлігі бойынша маманданған сараптама жұмыстарын жүзеге асыратын кемінде бір аттестатталған сарапшының болуы;

      өзінің құрамында тұрақты негізде кемінде бір инженер-геодезистің болуы (жұмыс тәжірибесі кемінде үш жыл);

      меншік құқығында немесе тартылған (шарт негізінде) аккредиттелген зертхананың болуы;

      меншік немесе (құқықтық кадастрда мемлекеттік тіркелген) бір жылдан астам мерзімге жалға алу құқығында, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 125 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілер тізілімінде № 10637 болып тіркелген) "Тұрғын үйді және басқа да үй-жайларды, қоғамдық ғимараттарды күтіп-ұстауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларының талаптарын қанағаттандыратын әкімшілік-өндірістік базасының болуы;

      жүктелген міндеттер мен функцияларды орындауға қажетті материалдық-техникалық жарақтандырудың, оның ішінде өлшеу және бақылау құралдарының, сондай-ақ есеп айырысуларды орындауға, графикалық және өзге де материалдарды жасау мен ресімдеуге қажетті лицензиялық бағдарламалық жасақтамасы бар дербес компьютерлердің болуы;

      жүктелген міндеттер мен функцияларды орындауға қажетті нормативтік құжаттардың болуы.

      Аккредиттеу рәсімінен өткен ұйымдардың құрамына кіретін аттестатталған сарапшыларға аккредиттеу туралы куәлік алуға үміткер басқа ұйымдармен не аккредиттелген ұйымдармен еңбек қатынастарында тұруға жол берілмейді.

      17. Бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және технологиялық күрделі объектілерді ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау бойынша сараптама жұмыстарын жүзеге асыратын ұйымдардың аккредиттеу туралы куәлігі "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аккредиттелген немесе расталған күннен бастап екі жылда бір рет расталады.

      18. Өтініш берушіні аккредиттеуді уәкілетті орган жүргізеді және ол осы Қағидаларға және рұқсат беру талаптарына 7-қосымшаға сәйкес электрондық түрдегі аккредиттеу туралы куәлікпен расталады.

      19. Аккредиттеу туралы куәліктің қолданылуын растау үшін осы Қағидалардың және рұқсат беру талаптарының 16-тармағында көзделген құжаттар ұсынылады.

      20. Аккредиттелген ұйымдар осы Қағидаларға және рұқсат беру талаптарына 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, заңды тұлғаның деректемелері, аккредиттеу туралы куәліктің берілген күні мен нөмірі туралы, штатында мамандардың болуы туралы ақпарат жиынтығы, сондай-ақ осы заңды тұлғаға қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауапкершілік шаралары туралы мәліметтер қамтылған Бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және технологиялық күрделі объектілердегі ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау бойынша сараптама жұмыстарын жүзеге асыратын аккредиттелген ұйымдардың бірыңғай тізіліміне енгізіледі.

      21. Осы Қағидалардың және рұқсат беру талаптарының 14 және 20-тармақтарында көзделген аккредиттелген ұйымдардың тізіліміне өзгерістер мен толықтырулар "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес енгізіледі.

      Бұл жағдайда, кез келген енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының заңнамаларының бұзуына әкеп соқтырмауы керек.

      22. Аккредиттелген ұйым қойылатын рұқсат беру талаптарына аккредиттеу туралы куәлікті беру кезінде, сондай-ақ оның бүкіл қолдану мерзімінде сәйкес келуі тиіс.

  Бірінші және екінші
жауапкершілік деңгейіндегі
техникалық және технологиялық
күрделі объектілердегі
ғимараттар мен құрылыстардың
сенімділігін және
орнықтылығын техникалық
зерттеп-қарау бойынша
техникалық қадағалау және
сараптама жұмыстары жөніндегі
инжинирингтік қызметтер
көрсетуді жүзеге асыратын
ұйымдарды аккредиттеу
жөніндегі қағидаларға және
рұқсат беру талаптарына
1-қосымша
  Нысан

ӨТІНІШ

      ____________________________________________________________________

                  (уәкілетті органның толық атауы)

      ____________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның толық атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

      ____________________________________________ жауапкершілік деңгейіндегі

                  (тиісті жауапкершілік деңгейі)

      техникалық және технологиялық күрделі объектілерді техникалық қадағалау жөніндегі инжинирингтік қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын ұйым ретінде аккредиттеуді сұраймын.

      Мекенжайы _____________________________________________________

      (индекс, қала, аудан, облыс, көше, үй/ғимарат (стационарлық үй-жай) нөмірі, телефон,

      факс, е-maіl)

      Филиалдар (өкілеттіктер, объектілер, пунктер, учаскелер) ______________

      ____________________________________________________________________

      (орналасқан орны және деректемелері)

      Банк шоты _____________________________________________________

                  (шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан орны)

      Осымен:

      барлық көрсетілген деректердің ресми байланыс болып табылатыны және оларға куәлік беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез-келген ақпарат жіберілетіні;

      өтініш берушіге қызметтің осы түрімен айналысуға сотпен қойылған шектеуліттер жоқтығы;

      барлық қоса берілген құжаттардың шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатыны;

      өтініш беруші аккредиттеу туралы куәлікті беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін бергендігі расталады.

      Басшы _________________________________________________________

                  (қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      Толтырылған күні: 20 жылғы " "___________

  Бірінші және екінші
жауапкершілік деңгейіндегі
техникалық және технологиялық
күрделі объектілердегі
ғимараттар мен құрылыстардың
сенімділігін және
орнықтылығын техникалық
зерттеп-қарау бойынша
техникалық қадағалау және
сараптама жұмыстары жөніндегі
инжинирингтік қызметтер
көрсетуді жүзеге асыратын
ұйымдарды аккредиттеу
жөніндегі қағидаларға және
рұқсат беру талаптарына
2-қосымша
  Нысан

Бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және технологиялық күрделі объектілерді техникалық қадағалау жөніндегі инжинирингтік қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын ұйымдардың аккредиттеуден өтуі үшін мәліметтер нысаны

      1) Техникалық қадағалау сарапшысының тиісті аттестаты бар қызметкерлері туралы мәліметтер

Р/с №

Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі

Сарапшы аттестатының №, берілген күні, кім берді

Аттестат бойынша мамандануы

Диплом бойынша мамандығы

Техникалық қадағалауды
жүзеге асыру бойынша мәлімет

Техникалық қадағалауды жүзеге асыру кезінде әкімшілік айыппұлдың болуы

Объектінің атауы (сараптама қорытындысына сәйкес)

Тапсырыс беруші

Техникалық қадағалауды жүзеге асыру басталған/ аяқталған күні










      Ескертпе: Аттестатталған сарапшылар бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және технологиялық күрделі объектілері техникалық қадағалау жөніндегі инжинирингтік қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын бір ғана ұйымның құрамына кіреді

      2) Жүктелген міндеттер мен функцияларды орындауға қажетті материалдық-техникалық жарақтандырылуы, оның ішінде өлшеу және бақылау құралдары туралы мәліметтер

Р/с №

Өлшеу және бақылау құралдарының маркасы мен атауы

Өлшем бірлігі

Саны

Пайдалану мерзімі

Тексеру мерзімдері

Ескертпе








      3) Жүктелген міндеттер мен функцияларды орындауға қажетті нормативтік құжаттарының болуы туралы мәліметтер

Р/с №

Атауы

Өлшем бірлігі

Саны

Ескертпе






      4) Меншік құқығындағы немесе тартылған аккредиттелген зертхананың болуы туралы мәліметтер

Р/с №

Зертхананың атауы

Зертхананы аккредиттеу туралы аттестаттың № және берілген күні

Аккредиттеу саласын сипаттау

Меншік құқығын растайтын құжат немесе өзге заңды негіздеме

Зертхана орналасқан жер

Байланыс телефоны








      Осы нысанда көрсетілген деректер мәліметтерінің барлық өзгерістері туралы уәкілетті органға уақытылы хабарлауға міндеттеме аламын.

      Анық емес ақпарат ұсынғаным үшін "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес жауаптылықта болатыныма хабардармын.

      Басшы _______________________________________________

      Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

  Бірінші және екінші
жауапкершілік деңгейіндегі
техникалық және технологиялық
күрделі объектілердегі
ғимараттар мен құрылыстардың
сенімділігін және
орнықтылығын техникалық
зерттеп-қарау бойынша
техникалық қадағалау және
сараптама жұмыстары жөніндегі
инжинирингтік қызметтер
көрсетуді жүзеге асыратын
ұйымдарды аккредиттеу
жөніндегі қағидаларға және
рұқсат беру талаптарына
3-қосымша
  Нысан

АККРЕДИТАЦИЯ ТУРАЛЫ КУӘЛІК № 00000

      Аккредитация туралы осы куәлік ___________________________________

      ____________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның атауы )

      _____________________________________________________________ берілді,

      (заңды мекенжайы)

      ____________________________________________ жауапкершілік деңгейіндегі

      (тиісті жауапкершілік деңгейі)

      техникалық және технологиялық күрделі объектілерді техникалық қадағалау жөніндегі инжинирингтік қызметтер көрсетуді жүзеге асыру құқығына

АККРЕДИТТЕЛДІ

      және уәкілетті органның тізіліміне енгізілді

      Куәлікті қолдану мерзімі ____________________________________ дейін

      Уәкілетті орган _____________________________________

      ___________ қаласы 20__жылғы " " ___________

  Бірінші және екінші
жауапкершілік деңгейіндегі
техникалық және технологиялық
күрделі объектілердегі
ғимараттар мен құрылыстардың
сенімділігін және
орнықтылығын техникалық
зерттеп-қарау бойынша
техникалық қадағалау және
сараптама жұмыстары жөніндегі
инжинирингтік қызметтер
көрсетуді жүзеге асыратын
ұйымдарды аккредиттеу
жөніндегі қағидаларға және
рұқсат беру талаптарына
4-қосымша
  Нысан

Бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және технологиялық күрделі объектілерде техникалық қадағалау жөніндегі инжинирингтік қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын аккредиттелген ұйымдардың тізімі

Р/с №

Ұйымның атауы

Аккредиттелген куәліктің берілген күні мен нөмірі, жауапкершілік деңгейі

Аккредиттелген ұйымның штатында тұратын қызметкерлер туралы мәлімет

Қабылданған жауапкершілік шаралары туралы мәлімет

1

2

3

4

5











  Бірінші және екінші
жауапкершілік деңгейіндегі
техникалық және технологиялық
күрделі объектілердегі
ғимараттар мен құрылыстардың
сенімділігін және
орнықтылығын техникалық
зерттеп-қарау бойынша
техникалық қадағалау және
сараптама жұмыстары жөніндегі
инжинирингтік қызметтер
көрсетуді жүзеге асыратын
ұйымдарды аккредиттеу
жөніндегі қағидаларға және
рұқсат беру талаптарына
5-қосымша
  Нысан

ӨТІНІШ

      ____________________________________________________________________

      (уәкілетті органның толық атауы)

      ____________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның толық атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі деректемелері)

      бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және технологиялық күрделі объектілердегі ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау бойынша сараптама жұмыстарын жүзеге асыратын ұйым ретінде аккредиттеуді сұраймын.

      Мекенжайы _____________________________________________________

      (индекс, қала, аудан, облыс, көше, үй/ғимарат (стационарлық үй-жай) нөмірі, телефон,

      факс, е-maіl)

      Филиалдар (өкілдіктері, объектілері, пунктілері, учаскелері) ____________

      ____________________________________________________________________

      (орналасқан орны және деректемелері)

      Банк шоты ______________________________________________________

                  (шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан орны)

      Осымен:

      барлық көрсетілген деректердің ресми байланыстар болып табылатыны және оларға куәлік беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез-келген ақпарат жіберілетіні;

      өтініш берушіге қызметтің осы түрімен айналысуға сотпен қойылған шектеуліттер жоқтығы;

      барлық қоса берілген құжаттардың шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатыны;

      өтініш беруші аккредиттеу туралы куәлікті беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін бергендігі расталады.

      Басшы _________________________________________________________

                        (қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      Толтырылған күні: 20 жылғы " "___________

  Бірінші және екінші
жауапкершілік деңгейіндегі
техникалық және технологиялық
күрделі объектілердегі
ғимараттар мен құрылыстардың
сенімділігін және
орнықтылығын техникалық
зерттеп-қарау бойынша
техникалық қадағалау және
сараптама жұмыстары жөніндегі
инжинирингтік қызметтер
көрсетуді жүзеге асыратын
ұйымдарды аккредиттеу
жөніндегі қағидаларға және
рұқсат беру талаптарына
6-қосымша
  Нысан

Бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және технологиялық күрделі объектілердегі ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау бойынша сараптама жұмыстарын жүзеге асыратын ұйымдардың аккредиттеуден өтуі үшін мәліметтер нысаны

      1) Ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау бойынша сараптама жұмыстарың жүзеге асыру бойынша, қала құрылысы, конструктивтік бөлім бойынша маманданған жобалау алдындағы және жобалау-сметалық құжаттама сараптамасы бойынша тиісті аттестаты бар және инженер-геодезист дипломы бар қызметкерлер туралы мәлімет

Р/с №

Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) Жеке сәйкестендіру нөмірі

Сарапшы аттестатының №, берілген күні, кім берді

Аттестат бойынша мамандануы

Диплом бойынша мамандығы

Техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыру бойынша мәлімет

Техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыру кезінде әкімшілік айыппұлдың болуы

Объектінің атауы

Тапсырыс беруші









      Ескертпе: Аттестатталған сарапшылар бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және технологиялық күрделі объектілердегі ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау бойынша сараптама жұмыстарын жүзеге асыратын бір ғана ұйымның құрамына кіреді;

      2) Меншік немесе бір жылдан астам мерзімге жалға алу құқығында әкімшілік-өндірістік базасының болуы туралы мәлімет

Р/с №

Әкімшілік-тұрмыстық үй-жайдың функционалдық құрам бөлігі

Алаңы

Меншік құқығын растайтын құжат немесе өзге заңды негіздеме

Мекенжайы және кадастрлық нөмірі






      3) Жүктелген міндеттер мен функцияларды орындауға қажетті материалдық-техникалық жарақтандырудың, оның ішінде өлшеу және бақылау құралдарының, сондай-ақ есеп айырысуларды орындауға, графикалық және өзге де материалдарды жасау мен ресімдеуге қажетті лицензиялық бағдарламалық жасақтамасы бар дербес компьютерлердің болуы туралы мәлімет

Р/с №

Өлшеу және бақылау құралдарының, компьютерлердің, лицензиялық бағдарламалардың маркасы мен атауы

Өлшем бірлігі

Саны

Пайдалану мерзімі

Тексеру мерзімдері

Ескертпе








      4) Жүктелген міндеттер мен функцияларды орындауға қажетті нормативтік құжаттарының болуы туралы мәлімет

Р/с №

Атауы

Өлшем бірлігі

Саны

Ескертпе






      5) Меншік құқығында немесе тартылған аккредиттелген зертхананың болуы туралы мәлімет

Р/с №

Зертхананың атауы

Зертхананы аккредиттеу туралы аттестаттың № және берілген күні

Аккредит-теу саласын сипаттау

Меншік құқығын растайтын құжат немесе өзге заңды негіздеме

Зертхана орналасқан жер

Байланыс телефоны








      Осы нысанда көрсетілген деректер мәліметтерінің барлық өзгерістері туралы уәкілетті органға уақытылы хабарлауға міндеттеме аламын.

      Анық емес ақпарат ұсынғаным үшін "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес жауаптылықта болатыныма хабардармын.

      Басшы ___________________________________________________

      Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

  Бірінші және екінші
жауапкершілік деңгейіндегі
техникалық және технологиялық
күрделі объектілердегі
ғимараттар мен құрылыстардың
сенімділігін және
орнықтылығын техникалық
зерттеп-қарау бойынша
техникалық қадағалау және
сараптама жұмыстары жөніндегі
инжинирингтік қызметтер
көрсетуді жүзеге асыратын
ұйымдарды аккредиттеу
жөніндегі қағидаларға және
рұқсат беру талаптарына
7-қосымша
  Нысан

АККРЕДИТТЕУ ТУРАЛЫ КУӘЛІК № 00000

      Осы аккредиттеу туралы куәлік ____________________________________

      ____________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның атауы )

      _____________________________________________________________ берілді,

      (заңды мекенжайы)

      бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және технологиялық күрделі объектілердегі ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау бойынша сараптама жұмыстарын жүзеге асыру құқығына

АККРЕДИТТЕЛДІ

      және уәкілетті органның тізіліміне енгізілді.

      Куәлікті қолдану мерзімі ____________________________________ дейін

      Уәкілетті органн _____________________________________

      ___________ қаласы 20__жылғы " " ___________

  Бірінші және екінші
жауапкершілік деңгейіндегі
техникалық және технологиялық
күрделі объектілердегі
ғимараттар мен құрылыстардың
сенімділігін және
орнықтылығын техникалық
зерттеп-қарау бойынша
техникалық қадағалау және
сараптама жұмыстары жөніндегі
инжинирингтік қызметтер
көрсетуді жүзеге асыратын
ұйымдарды аккредиттеу
жөніндегі қағидаларға және
рұқсат беру талаптарына
8-қосымша
  Нысан

Бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және технологиялық күрделі объектілердегі ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау бойынша сараптама жұмыстарын жүзеге асыратын аккредиттелген ұйымдардың тізімі

Р/с №

Ұйымның атауы

Аккредиттелген куәліктің берілген күні мен нөмірі

Аккредиттелген ұйымның штатында тұратын қызметкерлер туралы мәлімет

Қабылданған жауапкершілік шаралары туралы мәлімет

1

2

3

4

5












Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады