"Оңалтуды және банкроттықты басқарушыларының қорытынды есебінің нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2014 жылғы 15 мамырдағы № 224 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 636 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 26 желтоқсанда № 12552 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Оңалтуды және банкроттықты басқарушыларының қорытынды есебінің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2014 жылғы 15 мамырдағы № 224 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9522 болып тіркелген, 2014 жылғы 11 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерту мен толықтырулар енгізілсін:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Оңалтуды және банкроттықты басқарушылардың қорытынды есебінің нысандарын бекіту туралы";
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген оңалтуды басқарушының қорытынды есебінің нысанында:
      2-бөлімде:
      2.5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2.5 Оңалту жоспарын*, оңалту жоспарына өзгертулерді және
толықтыруларды енгізіп* бекіту туралы сот ұйғарымы 20__ жылғы
«___»________________________________________ шығарылды.
                 (соттың атауы)
      Оңалту жоспарын, оңалту жоспарына өзгертулерді және
толықтыруларды келісу туралы кредиторлар жиналысының 20___ жылғы
«___»_____________ № _____хаттамасы.»;
      мынадай мазмұндағы 2.6-тармақпен толықтырылсын:
      «2.6 Банкроттық рәсімін тоқтату, оңалту рәсімін қолдану және
оңалту жоспарын бекіту туралы сот шешімі 20__ жылғы
«___»_________________________________________________ шығарылды;
                   (соттың атауы)
      Борышкер «Оңалту және банкроттық туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 95-1-бабына сәйкес банкроттық рәсімнен оңалту рәсіміне көшкен жағдайда 2.6-тармақ толтыруға жатады.»;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген банкроттықты басқарушының қорытынды есебінің нысанында:
      13-бөлім мынадай мазмұндағы бөліммен толықтырылсын:
      «Егер, банкроттық рәсімін өткізу кезеңінде банкрот кәсіпорын сатуды жүзеге асырған жағдайда 1, 2, 3, 4, 5, 7 және 13-бөлімдер толтырылуға жатады.».
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіпте:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдары мен «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сонымен қатар «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiсінде ресми жариялауға жіберуді;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі                                  Б.Сұлтанов

О внесении изменений и дополнений в приказ Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан - Министра финансов Республики Казахстан от 15 мая 2014 года № 224 "Об утверждении форм заключительного отчета реабилитационного и банкротного управляющих"

Приказ Министра финансов Республики Казахстан от 9 декабря 2015 года № 636. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 26 декабря 2015 года № 12552

      ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Внести в приказ Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан – Министра финансов Республики Казахстан от 15 мая 2014 года № 224 «Об утверждении форм заключительного отчета реабилитационного и банкротного управляющих» (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 9522, опубликованный в информационно-правовой системе «Әділет» 11 июля 2014 года) следующие изменения и дополнения:
      в заголовок внесены изменения на казахском языке, текст на русском языке не изменяется;
      в форме заключительного отчета реабилитационного управляющего, утвержденной указанным приказом:
      в разделе 2:
      пункт 2.5 изложить в следующей редакции:
      «2.5. Определение суда об утверждении плана реабилитации*,
внесении изменений и дополнений в план реабилитации*, вынесено
«___»___________20__ года*____________________________;
                              (наименование суда)
      Протокол собрания кредиторов о согласовании плана реабилитации,
изменений и дополнений в план реабилитации от «___»__________ 20__
года № _____.»;
      дополнить пунктом 2.6 следующего содержания:
      «2.6 Решение суда о прекращении процедуры банкротства,
применении реабилитационной процедуры и утверждении плана
реабилитации вынесено «____» _____________ 20___ года № «___»
_____________________________.
   (наименование суда)
      Пункт 2.6 подлежит заполнению в случае перехода должника от процедуры банкротства к реабилитационной процедуре, согласно статье 95-1 Закона Республики Казахстан от 7 марта 2014 года «О реабилитации и банкротстве.»;
      в форме заключительного отчета банкротного управляющего, утвержденной указанным приказом:
      раздел 13 дополнить частью следующего содержания:
      «В случае, если в период проведения процедуры банкротства осуществлена продажа предприятия банкрота, заполнению подлежат разделы 1, 2, 3, 4, 5, 7 и 13.».
      2. Комитету государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан (Ергожин Д.Е.) в установленном законодательством порядке обеспечить:
      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;
      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан направление на официальное опубликование в периодических печатных изданиях и информационно-правовой системе «Әділет», а также в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Республиканский центр правовой информации Министерства юстиции Республики Казахстан» для размещения в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан;
      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства финансов Республики Казахстан.
      3. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр финансов
      Республики Казахстан                       Б. Султанов