Мемлекеттік аудиторлардың кәсіби әдеп қағидаларын бекіту туралы

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 18-НҚ нормативтік қаулысы және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 601 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 28 желтоқсанда № 12575 болып тіркелді

      «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 12 қарашадағы Заңының 1-бабының 9) тармақшасына сәйкес, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті (бұдан әрі – Есеп комитеті) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қазақстан Республикасының Қаржы министрі БҰЙЫРАДЫ:
      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік аудиторлардың кәсіби әдеп қағидалары бекітілсін.
      2. Есеп комитетінің Заң бөлімі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бірлескен нормативтік қаулының және бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бірлескен нормативтік қаулы және бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;
      3) осы бірлескен нормативтік қаулының және бұйрықтың Есеп комитетінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Бірлескен нормативтік қаулының және бұйрықтың орындалуын бақылау Есеп комитетінің аппарат басшысына және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жауапты хатшысына жүктелсін.
      4. Осы бірлескен нормативтік қаулы және бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Республикалық бюджеттің
атқарылуын бақылау
жөніндегі есеп
комитетінің Төрағасы
___________ Қ. Жаңбыршин 


Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
_____________ Б. Сұлтанов
 
 

Республикалық бюджеттің атқарылуын
бақылау жөніндегі есеп комитетінің
2015 жылғы 30 қарашадағы     
№ 18-НҚ нормативтік қаулысымен және
Қазақстан Республикасы       
Қаржы министрінің          
2015 жылғы 30 қарашадағы       
№ 601 бұйрығымен             
бірлесіп бекітілген           

Мемлекеттік аудиторлардың кәсіби әдеп қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік аудиторлардың кәсіби әдеп қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 12 қарашадағы Заңының 1-бабының 9) тармақшасына сәйкес әзірленді.
      2. Қағидалар мемлекеттік аудиторлардың мінез-құлқының әдеп қағидаларының бірыңғай жиынтығын білдіреді.
      3. Осы Қағидалардың мақсаты мемлекеттік аудиторлардың кәсіби мінез-құлқының әдеп нормалары мен қағидаларын белгілеу, сондай-ақ олардың толық сақталуын қамтамасыз ету болып табылады.
      4. Мемлекеттік аудиторлардың мінез-құлқының әдеп қағидалары мемлекеттік аудит және қаржылық бақылаудың (бұдан әрі – мемлекеттік аудит) тәуелсіздік, объективтілік, кәсіби құзыреттілік, құпиялылық, анықтық, ашықтық, жариялылық, мемлекеттік аудиттің нәтижелерін өзара тану сияқты негізгі қағидаттарын қолдануға бағытталған, мінез-құлықтың моральдық қағидаттарының жүйесін білдіреді.
      5. Осы Қағидалармен реттелмеген жағдайларда Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасының нормалары қолданылады.
      6. Қағидалар мемлекеттік аудиторлардың өздерінің лауазымдық міндеттерін орындау тиімділігін арттыруға шақырады және мемлекеттік аудит саласында моральды қалыптастыру үшін негіз болып табылады.
      7. Мемлекеттік аудиторлардың Қағидалардың ережелерін білуі және сақтауы олардың кәсіби қызметтерінің сапасын бағалау өлшемшарттарының бірі болып табылады.

2. Мемлекеттік аудиторларға қойылатын әдеп талаптары

      8. Мемлекеттік аудиторға мынадай әдеп талаптары:
      1) өзіне тиесілі құқықтарды жүзеге асыру кезінде адал, парасатты, әділ бола отырып, жалпыға бiрдей қабылданған моральдық нормалар мен қағидаттарды сақтау;
      2) пікір алысу мен тұжырым жасауда дербестік пен объективтілік, әділетсіздікке, моральдық, адамгершілік және құқықтық нормалардың бұзылуына келіспеушілік таныту;
      3) іске қатысты барлық жағдайлар мен фактілерді салмақты бағалау, тұжырым жасауда және пікір алысуда өз мүдделерінің немесе басқа да адамдардың мүдделерінің ықпалына ұшырамау;
      4) мемлекеттік меншіктің сақталуына және мемлекеттің экономикалық мүдделерінің қорғалуына өзінің жеке жауаптылығын сезіну;
      5) ар-намысын сақтау және мінсіз беделге ие болу;
      6) азаматтық және кәсіби борышына адал болу;
      7) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектісінің (бұдан әрі – мемлекеттік аудит объектісі) лауазымды адамдарына әдептілікпен, қарапайымдылықпен, құрметпен астасатын талапшылдық пен табандылық таныту;
      8) мемлекеттік аудит объектісінің лауазымды адамдарынан қажетті құжаттарды ұсынуларын сыпайы және әдепті түрде талап ету;
      9) мемлекеттік аудит объектісінің лауазымды адамдарының атына орынсыз әрекеттен, ауыр сөз айтудан, мемлекеттік аудит объектісінің қызметі туралы біржақты пікірлер мен пайымдаулар білдіруден бойын аулақ ұстау;
      10) туындаған мәселелерді мемлекеттік аудит объектісінің лауазымды адамдарымен талқылау кезінде өзінің көзқарасын тиісті нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің нақты нормаларына міндетті түрде сілтеме жасай отырып, кеңпейілділікпен, насихатсыз, біржақтылық көрсетпей, дәлелді және айқын түрде қорғау;
      11) мемлекеттік аудит жүргізу кезінде мемлекеттік аудит объектісінің лауазымды адамдарынан ресми емес кездесулерден, орынсыз көңіл бөлу шараларынан, жұмыс орнында ысырапшылдықтан, сыйлық немесе тарту алудан, сондай-ақ мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау барысында ұсынылатын қызметтерден бойын аулақ ұстау;
      12) мемлекеттік аудит объектісі лауазымды адамдарымен мемлекеттік аудит нәтижелерінің объективтілігіне әсерін тигізуі мүмкін өзара қарым-қатынастан аулақ болу не қысым көрсетуге жол берілмейтінін білдіре отырып, өзара қарым-қатынасты дереу тоқтату талаптары белгіленеді.

3. Мемлекеттік аудиторлардың кәсіби мінез-құлқының әдеп қағидаттары

      9. Мемлекеттік аудиторлардың кәсіби мінез-құлқының әдеп қағидаттары мыналарды қамтиды:
      1) мемлекеттік аудиттің негізгі қағидаттарын сақтау;
      2) мемлекеттік аудит органдарының тәуелсіздігіне қол сұғатын араласуларға жол бермеу;
      3) мемлекеттік аудитті Қазақстан Республикасының заңнамасына, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарына сәйкес жүргізу, объективті тәсіл қолдану және мүдделер қақтығысын болдырмау;
      4) мемлекеттік аудиттің білікті, сапалы жүргізілуін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін қажетті білімі мен дағдыларының болуы, кәсіби борышын сақтау;
      5) мемлекеттік аудит барысында алынатын немесе жасалатын құжаттарды үшінші тұлғаларға беру не онда қамтылған мәліметтерді Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, ауызша жариялау құқығынсыз сақтауды қамтамасыз ету;
      6) мемлекеттік аудит нәтижелерін аудиторлық дәлелдемелермен растау;
      7) мемлекеттік аудит нәтижелерін анық баяндау;
      8) лауазымдық мәртебесін жеке мақсаттарда және мемлекеттік қызметке кір келтіретін немесе объективтілігіне не тәуелсіздігіне күмән туғызатын құқық бұзушылықтар жасау тәуекеліне әкеп соғатын қатынастарда пайдалануға жол бермеу.

4. Қорытынды ережелер

      10. Мемлекеттік аудиторлардың осы Қағидаларды сақтауын қамтамасыз ету мақсатында, мемлекеттік аудитор осы Қағидаларды білетінін және мемлекеттік аудит органдарына мемлекеттік қызметке кіру кезінде оларды сақтауға келісетінін растау үшін осы Қағидаларға қосымшаға сай растау нысанына қол қояды.

__________________________              
2015 жылғы 30 қарашадағы               
№ 18-НҚ бекітілген                   
Мемлекеттік аудиторлардың кәсіби         
әдеп қағидаларына қосымша              

                                                              нысан

Растау нысаны

      1. Осы арқылы Мемлекеттік аудиторлардың кәсіби әдеп қағидаларымен танысқанымды растаймын.
      2. Осы арқылы оның мазмұнын толығымен түсінгенімді растаймын.
      3. Осы арқылы Мемлекеттік аудиторлардың кәсіби әдеп қағидаларына сәйкес әрекет етуге және мүдделер қақтығысы болған (туындаған) жағдайда оны не келешекте мүдделер қақтығысының туындауына байланысты жағдайларды жоюға міндеттенемін.

      АӘТ:

      Қолы: __________________
      Күні: __________________

Об утверждении Правил профессиональной этики государственных аудиторов

Совместное нормативное постановление Счетного комитета по контролю за исполнением республиканского бюджета от 30 ноября 2015 года № 18-НҚ и приказ Министра финансов Республики Казахстан от 30 ноября 2015 года № 601. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 28 декабря 2015 года № 12575

      В соответствии с подпунктом 9) статьи 1 Закона Республики Казахстан от 12 ноября 2015 года «О государственном аудите и финансовом контроле» Счетный комитет по контролю за исполнением республиканского бюджета (далее – Счетный комитет) ПОСТАНОВЛЯЕТ и Министр финансов Республики Казахстан ПРИКАЗЫВАЕТ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила профессиональной этики государственных аудиторов.
      2. Юридическому отделу Счетного комитета в установленном законодательством порядке обеспечить:
      1) государственную регистрацию настоящего совместного нормативного постановления и приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;
      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего совместного нормативного постановления и приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан его направление на официальное опубликование в периодических печатных изданиях и в информационно-правовой системе «Әділет»;
      3) размещение настоящего совместного нормативного постановления и приказа на интернет-ресурсе Счетного комитета.
      3. Контроль за исполнением совместного нормативного постановления и приказа возложить на руководителя аппарата Счетного комитета и ответственного секретаря Министерства финансов Республики Казахстан.
      4. Настоящее совместное нормативное постановление и приказ вводятся в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Председатель
Счетного комитета
по контролю за исполнением
республиканского бюджета
_________ К. Джанбурчин



Министр финансов
Республики Казахстан
____________Б. Султанов

Утверждены           
совместным нормативным постановлением
Счетного комитета по контролю за  
исполнением республиканского бюджета
от 30 ноября 2015 года № 18-НҚ и приказом
Министра финансов Республики Казахстан
от 30 ноября 2015 года № 601

Правила профессиональной этики государственных аудиторов

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила профессиональной этики государственных аудиторов (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 9) статьи 1 Закона Республики Казахстан от 12 ноября 2015 года «О государственном аудите и финансовом контроле».
      2. Правила представляют собой единый свод этических правил поведения государственных аудиторов.
      3. Целью настоящих Правил является установление этических норм и правил профессионального поведения государственных аудиторов, а также обеспечение их полного соблюдения.
      4. Этические правила поведения государственных аудиторов представляют собой систему моральных принципов поведения, направленных на воплощение основных принципов государственного аудита и финансового контроля (далее – государственный аудит) таких как независимость, объективность, профессиональная компетентность, конфиденциальность, достоверность, прозрачность, гласность, взаимное признание результатов государственного аудита.
      5. В случаях, не урегулированным настоящими Правилами, применяются нормы законодательства Республики Казахстан о государственной службе.
      6. Правила призваны повысить эффективность выполнения государственными аудиторами своих должностных обязанностей и служат основой для формирования морали в сфере государственного аудита.
      7. Знание и соблюдение государственными аудиторами положений Правил является одним из критериев оценки качества их профессиональной деятельности.

2. Этические требования к государственным аудиторам

      8. К государственному аудитору устанавливаются следующие этические требования:
      1) соблюдать общепринятые моральные нормы и принципы, действуя при осуществлении принадлежащих ему прав добросовестно, разумно и справедливо;
      2) проявлять самостоятельность и объективность в суждениях и выводах, непримиримость к несправедливости, нарушениям моральных, нравственных и правовых норм;
      3) взвешенно оценивать все относящиеся к делу обстоятельства и факты, в своих выводах и суждениях не подвергаться влиянию собственных интересов или интересов других лиц;
      4) осознавать свою личную ответственность за сохранность государственной собственности и защиту экономических интересов государства;
      5) дорожить честью и обладать безупречной репутацией;
      6) быть верным гражданскому и профессиональному долгу;
      7) проявлять твердость и принципиальность в сочетании с корректностью, скромностью, уважением к должностным лицам объекта государственного аудита и финансового контроля (далее – объект государственного аудита);
      8) требовать от должностных лиц объекта государственного аудита представления необходимых документов в вежливой и тактичной форме;
      9) воздерживаться от непродуманных действий, резких высказываний в адрес должностных лиц объекта государственного аудита, выражения предвзятых мнений и суждений о деятельности объекта государственного аудита;
      10) при обсуждении с должностными лицами объекта государственного аудита возникающих вопросов отстаивать свои позиции в доброжелательной форме, без нравоучений и предвзятости, убедительно и ясно, с обязательной ссылкой на конкретные нормы соответствующих нормативных правовых и правовых актов;
      11) воздерживаться от неофициальных встреч с должностными лицами объекта государственного аудита при проведении государственного аудита, недопустимых знаков внимания, излишеств на рабочем месте, приема подарков или подношений, а также услуг, предлагаемых в ходе государственного аудита и финансового контроля;
      12) избегать взаимоотношений с должностными лицами объекта государственного аудита, которые могут повлиять на объективность результатов государственного аудита либо немедленно прекращать их, указывая на недопустимость давления.

3. Этические принципы профессионального поведения
государственных аудиторов

      9. Этические принципы профессионального поведения государственных аудиторов включают в себя:
      1) соблюдение основных принципов государственного аудита;
      2) недопущение вмешательства, посягающего на независимость органов государственного аудита;
      3) проведение государственного аудита в соответствии с законодательством Республики Казахстан, стандартами государственного аудита и финансового контроля, применение объективного подхода и исключение конфликта интересов;
      4) обладание необходимым объемом знаний и навыков, позволяющих обеспечивать проведение квалифицированного и качественного государственного аудита, следование профессиональному долгу;
      5) обеспечение сохранности документов, получаемых или составляемых в ходе государственного аудита, без права передачи их третьим лицам либо устного разглашения содержащихся в них сведений, за исключением случаев, предусмотренных законодательством Республики Казахстан;
      6) подтверждение результатов государственного аудита аудиторскими доказательствами;
      7) ясное изложение результатов государственного аудита;
      8) недопущение использования должностного статуса в личных целях и отношений, которые влекут за собой риск совершения правонарушений, дискредитирующих государственную службу, или вызывающих сомнения в объективности или независимости.

4. Заключительные положения

      10. В целях обеспечения соблюдения государственными аудиторами настоящих Правил государственный аудитор в подтверждение знания настоящих Правил и согласия следовать им при поступлении на государственную службу в органы государственного аудита подписывает форму подтверждения согласно приложению к настоящим Правилам.

Приложение к Правилам       
профессиональной этики государственных
аудиторов, утвержденным _____________
от 30 ноября 2015 года № 18-НҚ    

форма           

                   Форма подтверждения

      1. Настоящим подтверждаю, что ознакомлен(-а) с Правилами профессиональной этики государственных аудиторов.
      2. Настоящим подтверждаю, что полностью понял (-а) его содержание.
      3. Настоящим обязуюсь действовать в соответствии с Правилами профессиональной этики государственных аудиторов и исключить конфликт интересов в случае его наличия (возникновения) либо обстоятельств, связанных с возникновением конфликта интересов в будущем.

ФИО:

Подпись:                              _____________________
Дата:                                 _____________________