"Мемлекеттік кітапханалардың, мемлекеттік мұражайлар мен мұражай-қорықтардың тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт Министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 21 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 15 желтоқсандағы № 392 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 29 желтоқсанда № 12611 болып тіркелді

      «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңының 7-бабы 15-1)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Мемлекеттік кітапханалардың, мемлекеттік мұражайлар мен мұражай-қорықтардың тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидасын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт Министрінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде № 10331-мен тіркелген, 2015 жылғы 30 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 21 бұйрығына келесідей өзгерістер енгізілсін:
      тақырыбы келесі редакңияда жазылсын:
      «Мемлекеттік кітапханалардың, мемлекеттік музейлер мен музей-қорықтардың тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидаларын бекіту туралы»
      кіріспесі келесі редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 70-бабының 2-тармағына және «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңының 7-бабы 15-1)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
      1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
      «1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік кітапханалардың, мемлекеттік музейлер мен музей-қорықтардың тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидалары бекiтiлсiн.»;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Мемлекеттік кітапханалардың, мемлекеттік мұражайлар мен мұражай-қорықтардың тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидасы осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакңияда жазылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Экономика және қаржы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеудi;
      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін электрондық тасымалдағышта елтаңбалы мөрмен куәландырылған қағаз данасын қоса бере отырып, Қазақстан Республикасы нормативті құқықтық актілерінің эталонды бақылау банкіне енгізу үшін елтаңбалы мөрмен куәландырылған қағаз данасын қоса бере отырып осы бұйрыққа қол қоюға уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық түрдегі осы бұйрықтың көшірмелерін жолдауды;
      3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
      4) осы тармақпен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді іс-шараларды орындағаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Мәдениет және спорт министрі               А.Мұхамедиұлы

Қазақстан Республикасы   
Мәдениет және спорт Министрінің
2015 жылғы 15 желтоқсандағы 
№ 392 бұйрығына қосымша   

Қазақстан Республикасы   
Мәдениет және спорт Министрінің
2015 жылғы 26 қаңтардағы 
№ 21 бұйрығымен бекітілген 

Мемлекеттік кітапханалардың, мемлекеттік музейлер мен музей-қорықтардың тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидалары

      1. Осы Мемлекеттік кітапханалардың, мемлекеттік музейлер мен музей-қорықтардың тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидалары (бұдан әрі – Қағида) мемлекеттік кітапханалармен, мемлекеттік музейлер және музей-қорықтармен ақылы қызметтерді көрсетудің және оларментауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізуден түскен ақшаны жұмсаудың тәртібін анықтайды.
      2. Осы Қағиданың қолданылуы мемлекеттік кітапханаларға, мемлекеттік музейлер мен музей-қорықтарға, осы Қағиданың 3 және 4-тармақтарында көрсетілген, өздерінің негізгі қызметіне қатысы жоқ тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді ақылы негізде сатуды жүзеге асыру үшін таралады.
      3. Мемлекеттік кітапханалар тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша мынадай қызмет түрлерін көрсетеді:
      1) жеткізгіштердің, форматтардың, стандарттардың барлық түрлерінен көшірмелер дайындау және оларды өңдеу;
      2) мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін материалдар дайындау;
      3) құжаттарды талдамалы-синтетикалық өңдеуді орындау және қосымша библиография жасау;
      4) қолжазбаларды, құнды кітаптарды және құжаттарды қалпына келтіру;
      5) көшпелі ақпараттық-көрме іс-шараларын ұйымдастыру;
      6) білім беру және аударма қызметтерін көрсету;
      7) қолжазбаларға және құнды кітаптарға сараптама жасау;
      8) байланыс операторымен шарт негізінде Интернет желісі қызметтерін ұсыну;
      9) құжаттарды электронды жеткізу, тақырыптық ақпарат іздестіру және құрастыру;
      10) экскурсиялық қызмет көрсетуді, фото және бейне түсірілімдерді жүргізу;
      11) кітапхана шығарған оқу-әдістемелік әдебиетті және басқа да оқу құралдарын өткізу.
      4. Мемлекеттік музейлер мен музей-қорықтар тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша мынадай қызмет түрлерін көрсетеді:
      1) жеткізгіштердің, форматтардың, стандарттардың барлық түрлерінен көшірмелер дайындау және оларды өңдеу;
      2) байланыс операторымен шарт негізінде Интернет желісі қызметтерін ұсыну;
      3) фото және бейне түсірілімдер жүргізу;
      4) кәдесый және полиграфия өнімдерін өткізу;
      5) музейлер мен музей-қорықтар басып шығарған оқу-әдістемелік басылымдарды және басқа да әдебиетті өткізуге құқығы бар.
      5. Ақылы негізде ұсынылатын тауарларға, жұмыстарға, қызметтерге бағалар мемлекеттік кітапханаларға, мемлекеттік музейлерге және музей-қорықтарға бағалар прейскурантымен (бұдан әрі – прейскурант) белгіленеді.
      6. Мемлекеттік кітапханалар, мемлекеттік музейлер мен музей-қорықтар ақылы қызметтерді көрсету орындарында көрнекі қойылған мынадай ақпарат болуы қажет:
      1) осы Қағида, толық көлемде (қысқартусыз) баяндалған;
      2) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша көрсетілетін қызмет түрлерінің тiзбесi;
      3) прейскуранты.
      7. Осы Қағиданың 3 және 4-тармақтарында көрсетілген тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді өткізуден түскен ақша мемлекеттік кітапханалардың, мемлекеттік музейлердің және музей-қорықтардың иелігінде қалады.
      8. Мемлекеттік кітапханалар, мемлекеттік музейлер мен музей-қорықтар ақылы негізде қызметтерді ұсынуды сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің құны мен көлемі көрсетілген растаушы құжаттар (шарттар, түбіртектер, шот-фактуралар, жүкқұжаттар, көрсетілген қызметтердің/орындалған жұмыстардың актілері, фискальдық чектер) бойынша жүзеге асырылады.
      9. Қолма-қол ақша арқылы жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатқан кезде есептесулер міндетті түрде фискальды жадысы бар бақылау-кассалық машиналарды пайдаланумен және клиентке бақылау чегін берумен мемлекеттік кітапханалардың, мемлекеттік музейлер мен музей-қорықтардың кассалары арқылы, қолма-қол ақшасыз есептесу бойынша – ағымдағы шотқа аудару жолымен жасалынады.
      10. Қызметтің ақылы түрлерін көрсеткен кезде тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің сатылған күні, тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің түрлері, саны және қоса берілген құжаттардың (оларды ұсынған жағдайда) атаулары, тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатуға жауапты лауазымды тұлғаның тегі, аты-жөні тіркелетін журнал жүргізіледі (ерікті нысанда).
      11. Ақылы қызметтер көрсетуден түсетін қаражатқа салық салу тәртібі және салықтар мен алымдар бойынша жеңілдіктер беру «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексімен реттеледі.
      12. Осы Қағиданың 3 және 4-тармақтарында көрсетілген тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді өткізуден түсетін қаражат мемлекеттік кітапханалардың, мемлекеттік музейлер мен музей-қорықтардың тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді өткізуден түсетін, өздерінің иелігінде қалатын қолма-қол ақша бақылау шоттарына есепке алынады және Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексімен белгіленген тәртіппен жұмсалады.
      13. Мемлекеттік кітапханалардың негізгі қызметіне қатысы жоқ тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді өткізуден түсетін қаражат мынадай бағыттар бойынша:
      1) материалдық-техникалық базаны нығайтуға;
      2) қызметтер көрсету үшін тартылатын мамандарға еңбекақы төлеуге;
      3) шаруашылық шығыстарға (байланыс қызметтеріне ақы төлеу, көліктік қызметтерге ақы төлеу, ағымдағы мақсаттар үшін заттар мен материалдар сатып aлу);
      4) кітапхана қорларын толықтыру үшін әдебиет, электрондық коллекциялар мен дерекқор сатып алуға;
      5) кітап қорын, окуәлеуметтанымын сақтау мәселелері бойынша ғылыми және әдістемелік әдебиет шығаруға;
      6) жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың тапсырыстары (өтінімдері) бойынша оқыту жүргізу үшін оқу құралдарын, көрнекі материалдар сатып алуға;
      7) жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың тапсырыстары (өтінімдері) бойынша оқыту тренингтерін, семинарлар, конференциялар өткізуге;
      8) бұқаралық іс-шараларды өткізуге (әдеби кештер, көрмелер, тұсаукесерлер, конкурстар, кітап күндері, фестивальдар);
      9) бланк өнімдерін, брошюраларды, авторефераттарды, оқырман билеттерін, талап парақшаларын жасауға және тираждауға, мұқабаны басып шығаруға, тарақты түптеуге;
      10) кітапханалар басылымдарын, дыбыс жазбаларының, бейнефильмдердің, фонограммалардың көшірмелерін өткізуге;
      11) кітаптарды, журналдарды жөндеуге, қалпына келтіруге және түптеуге;
      12) фото, кино, бейне түсірімдерге, жекелеген мақалалардың және кітаптар мен мерзімді баспа басылымдарынан алынған материалдардың микрокөшірмесін алуға;
      13) мәдени құндылықтар мен тарих және мәдениет ескерткіштерін қалпына келтіруге жұмсалады.
      14. Мемлекеттік музейлердің және музей-қорықтардың негізгі қызметіне қатысы жоқ тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді өткізуден түсетін қаражат мынадай бағыттар бойынша:
      1) материалдық-техникалық базаны нығайтуға;
      2) ақылы қызметтер көрсету үшін тартылатын мамандарға еңбекақы төлеуге;
      3) шаруашылық шығыстарға (байланыс қызметтеріне ақы төлеу, көліктік қызметтерге ақы төлеу, электр энергиясына, жылуға, сумен жабдықтауға ақы төлеу және басқа да коммуналдық шығыстар, ағымдағы мақсаттар үшін заттар мен материалдар сатып aлу);
      4) жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың тапсырыстары (өтінімдері) бойынша оқыту жүргізу үшін үй-жайды жалға алуға және оқу құралдарын, көрнекі материалдар сатып алуға жұмсалады.
      15. Мемлекеттік кітапханалардағы, мемлекеттік музейлер мен музей-қорықтардағы бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу ережесін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 6443 тіркелді) және 2010 жылғы 8 шілдедегі № 325 «Қаржы есептілігін жасаудың және ұсынудың нысаны мен ережесін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 6352 тіркелді) бұйрықтарына сәйкес жүзеге асырылады.

О внесении изменений в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 26 января 2015 года № 21 "Об утверждении Правил оказания платных видов деятельности по реализации товаров (работ, услуг) государственными библиотеками, государственными музеями и музеями-заповедниками и расходования ими денег от реализации товаров (работ, услуг)"

Приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 15 декабря 2015 года № 392. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 29 декабря 2015 года № 12611

      В соответствии с подпунктом 15-1) статьи 7 Закона Республики Казахстан от 15 декабря 2006 года «О культуре», ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Внести в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 26 января 2015 года № 21 «Об утверждении Правил оказания платных видов деятельности по реализации товаров (работ, услуг) государственными библиотеками, государственными музеями и музеями-заповедниками и расходования ими денег от реализации товаров (работ, услуг)» (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 10331, опубликован в информационно-правовой системе «Әділет» 30 июля 2015 года) следующие изменения:
      заголовок изложить в следующей редакции:
      «Об утверждении Правил оказания платных видов деятельности по реализации товаров, работ, услуг государственными библиотеками, государственными музеями и музеями-заповедниками и расходования ими денег от реализации товаров, работ, услуг»;
      преамбулу изложить в следующей редакции:
      «В соответствии с пунктом 2 статьи 70 Бюджетного кодекса Республики Казахстан от 4 декабря 2008 года и подпунктом 15-1) статьи 7 Закона Республики Казахстан от 15 декабря 2006 года «О культуре», ПРИКАЗЫВАЮ:»;
      пункт 1 изложить в следующей редакции:
      «1. Утвердить прилагаемые Правила оказания платных видов деятельности по реализации товаров, работ, услуг государственными библиотеками, государственными музеями и музеями-заповедниками и расходования ими денег от реализации товаров, работ, услуг.»;
      Правила оказания платных видов деятельности по реализации товаров (работ, услуг) государственными библиотеками, государственными музеями и музеями-заповедниками и расходования ими денег от реализации товаров (работ, услуг), утвержденные указанным приказом, изложить в редакции согласно приложению к настоящему приказу.
      2. Департаменту экономики и финансов Министерства культуры и спорта Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:
      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;
      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа направление копий настоящего приказа для официального опубликования в информационно-правовой системе «Әділет» и периодической печатном издании на электронном носителе с приложением бумажного экземпляра, заверенного гербовой печатью, для внесения в эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан в электронном виде, удостоверенных электронной цифровой подписью лица, уполномоченного подписывать настоящий приказ, с приложением бумажного экземпляра, заверенного гербовой печатью;
      3) размещение настоящего приказа на официальном интернет-ресурсе Министерства культуры и спорта Республики Казахстан после его официального опубликования;
      4) представление в Департамент юридической службы Министерства культуры и спорта Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных настоящим пунктом, в течение десяти рабочих дней со дня исполнения мероприятий.
      3. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр культуры и спорта
      Республики Казахстан                       А. Мухамедиулы

Приложение к приказу  
Министра культуры и спорта
Республики Казахстан  
15 декабря 2015 года № 392

Утверждены приказом   
Министра культуры и спорта
Республики Казахстан  
26 января 2015 года № 21 

Правила оказания платных видов деятельности
по реализации товаров, работ, услуг государственными
библиотеками, государственными музеями и музеями-заповедниками
и расходования ими денег от реализации товаров, работ, услуг

      1. Настоящие Правила оказания платных видов деятельности по реализации товаров, работ, услуг государственными библиотеками, государственными музеями и музеями-заповедниками и расходования ими денег от реализации товаров, работ, услуг (далее – Правила) определяют порядок оказания платных услуг государственными библиотеками, государственными музеями и музеями-заповедниками и расходования ими денег от реализации товаров, работ, услуг.
      2. Действие настоящих Правил распространяется на государственные библиотеки, государственные музеи и музеи-заповедники для осуществления на платной основе реализации товаров, работ, услуг, не относящихся к их основной деятельности, указанных в пунктах 3 и 4 настоящих Правил.
      3. Государственные библиотеки оказывают следующие виды деятельности по реализации товаров, работ, услуг:
      1) изготовление копий со всех видов носителей, форматов, стандартов и их обработку;
      2) изготовление материалов для граждан с ограниченными возможностями;
      3) выполнение аналитико-синтетической обработки документов и дополнительной библиографии;
      4) реставрацию рукописей, ценных книг и документов;
      5) организацию выездных информационно-выставочных мероприятий;
      6) образовательные и переводческие услуги;
      7) экспертизу рукописей и ценных книг;
      8) предоставление услуг сети Интернет на основании договора с оператором связи;
      9) электронную доставку документов, поиск и составление тематической информации;
      10) проведение экскурсионного обслуживания, фото- и видеосъемки;
      11) реализацию учебно-методической литературы и других пособий, изданных библиотекой.
      4. Государственные музеи и музеи-заповедники оказывают следующие виды деятельности по реализации товаров, работ, услуг:
      1) изготовление копий со всех видов носителей, форматов, стандартов и их обработку;
      2) предоставление услуг сети Интернет на основании договора с оператором связи;
      3) проведение фото- и видеосъемок;
      4) реализацию сувенирной и полиграфической продукции;
      5) реализацию учебно-методических изданий и другой литературы, изданных музеями и музеями-заповедниками.
      5. Цены на товары, работы, услуги государственным библиотекам, государственным музеям и музеям-заповедникам, предоставляемые на платной основе, устанавливаются прейскурантом цен (далее – прейскурант).
      6. Государственные библиотеки, государственные музеи и музеи-заповедники в местах оказания платных услуг размещают следующую наглядную информацию:
      1) настоящие Правила, изложенные в полном объеме (без сокращений);
      2) перечень предоставляемых видов деятельности по реализации товаров, работ, услуг;
      3) прейскурант.
      7. Деньги от реализации товаров, работ, услуг, указанных в пунктах 3 и 4 настоящих Правил, остаются в распоряжении государственных библиотеках, государственных музеях и музеях-заповедниках.
      8. Государственные библиотеки, государственные музеи и музеи-заповедники реализуют на платной основе товары, работы, услуги по подтверждающим документам (договора, квитанции, счета-фактуры, накладные, акты оказанных услуг/выполненных работ, фискальные чеки) с указанием цены и объема товаров, работ, услуг.
      9. Расчеты при реализации товаров, работ, услуг, осуществляемые посредством наличных денег, производятся через кассы государственных библиотек, государственных музеев и музеев-заповедников, с обязательным применением контрольно-кассовых машин с фискальной памятью и выдачей контрольного чека клиенту, по безналичному-расчету путем перечисления на текущий счет.
      10. При оказании платных видов деятельности ведется журнал (в произвольной форме) в котором фиксируются дата реализации товаров, работ, услуг, видов товаров, работ, услуг, количество и наименование приложенных документов (при их предоставлении), фамилия, инициалы ответственного должностного лица по реализации товаров, работ, услуг.
      11. Налогообложения средств, поступающих от оказания платных услуг и представление льгот по налогам и сборам регулируется Кодексом Республики Казахстан от 10 декабря 2008 года «О налогах и других обязательных платежах в бюджет (Налоговый кодекс)».
      12. Средства, поступающие от реализации товаров, работ, услуг, указанных в пунктах 3 и 4 настоящих Правил, зачисляются на контрольные счета наличности денег от реализации государственными библиотеками, государственными музеями и музеями-заповедниками услуг, остающихся в их распоряжении и расходуются в порядке, установленным Бюджетным кодексом Республики Казахстан от 4 декабря 2008 года.
      13. Средства, поступающие от реализации товаров, работ, услуг, не относящихся к основной деятельности государственных библиотек, расходуются по следующим направлениям:
      1) укрепление материально-технической базы;
      2) оплата труда специалистов, привлекаемых для оказания услуг;
      3) хозяйственные расходы (оплата услуг связи, оплата транспортных услуг, приобретение предметов и материалов для текущих целей);
      4) приобретение литературы, электронных коллекций и баз данных для пополнения библиотечных фондов;
      5) издание научной и методической литературы по вопросам сохранности книжного фонда, социологии чтения;
      6) приобретение учебных пособий, наглядных материалов для проведения обучения по заказам (заявкам) физических и негосударственных юридических лиц;
      7) проведение обучающих тренингов, семинаров, конференций по заказам (заявкам) физических и негосударственных юридических лиц;
      8) проведение массовых мероприятий (литературные вечера, выставки, презентации, конкурсы, дни книги, фестивали);
      9) изготовление и тиражирование бланочной продукции, брошюр, авторефератов, читательских билетов, листков требований, печатание обложки, гребешковый переплет;
      10) реализация изданий библиотек, копий звукозаписей, видеофильмов, фонограмм;
      11) ремонт, реставрация и переплет книг, журналов;
      12) фото-, кино-, видеосъемка, микрокопирование отдельных статей, материалов из книг и периодических печатных изданий;
      13) реставрация культурных ценностей и памятников истории и культуры.
      14. Средства, поступающие от реализации товаров, работ, услуг, не относящихся к основной деятельности государственных музеев и музеев-заповедников, расходуются по следующим направлениям:
      1) укрепление материально-технической базы;
      2) оплата труда специалистов, привлекаемых для оказания платных услуг;
      3) хозяйственные расходы (оплата услуг связи, оплата транспортных услуг, оплата за электроэнергию, отопление, водоснабжение и другие коммунальные расходы, приобретение предметов и материалов для текущих целей);
      4) аренда помещений и приобретение учебных пособий, наглядных материалов для проведения обучения по заказам (заявкам) физических и негосударственных юридических лиц.
      15. Бухгалтерский учет и финансовая отчетность государственных библиотек, государственных музеев и музеев-заповедниках, осуществляются в соответствии с приказами Министра финансов Республики Казахстан от 3 августа 2010 года № 393 «Об утверждении Правил ведения бухгалтерского учета в государственных учреждениях» (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 6443) и от 8 июля 2010 года № 325 «Об утверждении форм и правил составления и представления финансовой отчетности» (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 6352).