Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және жүргізудің қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 694 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 29 желтоқсанда № 12618 болып тіркелді.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрық 01.01.2016 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 9) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 20.06.2022 № 601 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және жүргізудің қағидалары бекітілсін.

      2. "Мемлекеттік сатып алу саласында бірыңғай республикалық тізілімдерді қалыптастырудың және жүргізудің қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 237 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10820 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 12 мамырда жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк сатып алу заңнамасы департаментi (С.М. Ахметов) заңнамада белгiленген тәртiппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң Эталондық бақылау банкiнде орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.

      Министр Б. Сұлтанов

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 694 бұйрығымен
бекітілген

Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және жүргізудің қағидалары

1 тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 13.01.2022 № 28 (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және жүргізудің қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) 16-бабының 9) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік сатып алу саласында бірыңғай республикалық тізілімдерді қалыптастырудың және жүргізудің тәртібін айқындайды.

      2. Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) мемлекеттік сатып алу веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) арқылы электрондық түрде, мемлекеттік және орыс тілдерінде қалыптастырады және жүргізеді.

      3. "Мемлекеттік құпиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік құпияларды құрайтын және (немесе) Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 45-бабының 4-тармағына сәйкес таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты қамтитын мәліметтерді қоспағанда, тізілімдерде қамтылған мәліметтер веб-порталда орналастырылады және олар төлемақы алынбай, танысу үшін мүдделі тұлғаларға қолжетімді.

2-тарау. Мемлекеттік сатып алу саласындағы тізілімдердің түрлері

      4. Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдер (бұдан әрі – тізілімдер) мынадай түрлерге бөлінеді:

      1) тапсырыс берушілер тізілімі;

      2) мемлекеттік сатып алу туралы шарттар тізілімі;

      3) мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізілімі;

      4) шағымдар тізілімі.

3-тарау. Тапсырыс берушілердің тізілімін қалыптастыру және оны жүргізу тәртібі

      5. Тапсырыс берушілердің тізілімі тапсырыс беруші туралы мынадай мәліметтерді қамтиды:

      1) тапсырыс берушінің атауы;

      2) тапсырыс берушінің мемлекеттік тіркелген (қайта тіркелген) күні;

      3) бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН);

      4) тапсырыс берушінің аумақтық тиесілігі туарлы мәліметтер (әкiмшiлiк-аумақтық бiрлестiктердiң жiктеуiшi (ӘАБЖ) бойынша коды, өңір, заңды мекенжайы)

      5) есептілік әкімшісінің атауы;

      6) шаруашылық жүргізудің ұйымдастыру құқықтық нысанының коды (ҰҚНК);

      7) меншiк нысандарын жiктеу (МНЖ) бойынша коды;

      8) кәсiпкерлiк субъектiнің санаты;

      9) экономика секторының коды;

      10) тапсырыс берушінің басшысы туралы мәліметтер:

      жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН)

      басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);

      басшының лауазымы;

      деректер көзі;

      электрондық пошта;

      телефон (жұмыс, ұялы).

      6. Тапсырыс берушілердің тізілімін қалыптастыру веб-портал арқылы тапсырыс берушінің веб-порталдағы тіркеу деректері негізінде автоматты түрде жүзеге асырылады.

      Бұл ретте тапсырыс беруші веб-порталда әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей тіркеледі. Тапсырыс беруші қайта ұйымдастырылған (таратылған) не әділет органындағы тіркеу деректері өзгерген жағдайда, тапсырыс беруші осындай жағдайлар әділет органдарында тіркелген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде тапсырыс берушінің веб-порталдағы тіркеу деректеріне өзгертілген мәліметтерді енгізеді.

      7. Тапсырыс берушілер тізілімін жүргізу осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша веб-портал арқылы жүзеге асырылады.

      8. Тапсырыс берушілердің тізіліміне енгізілген тапсырыс беруші туралы мәліметтер "Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 703 қаулысында (бұдан әрі – Электрондық құжат айналымы қағидалары) белгіленген тәртіппен электрондық түрде сақталады.

4-тарау. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың тізілімін қалыптастыру және оны жүргізу тәртібі

      9. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың тізіліміне мәліметтер енгізуді тапсырыс беруші осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік сатып алудың веб-порталындағы шарттар тізілімінің электрондық нысанын толтыру жолымен:

      тиісті қаржы жылында мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шарттар бойынша – мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей;

      мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындау бойынша (тауарларды қабылдау-тапсыру актісі немесе орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің актісі) – қол қойған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей;

      мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша жүзеге асырылған төлемдер бойынша – төлем жүргізілген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей жүзеге асырады.

      Заңның 39-бабы 3-тармағының 9), 18), 31), 32) және 35) тармақшаларында және 50-бабында көзделген мемлекеттік сатып алудың нәтижелері бойынша жасалған шарттар туралы мәліметтер мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың тізіліміне енгізуге жатпайды.

      10. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың тізілімі, "Мемлекеттік құпиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік құпияларды құрайтын және (немесе) Кодекстің 45-бабының 4-тармағына сәйкес таралуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын мемлекеттік сатып алу туралы шарттар туралы мәліметтерді қоспағанда, шарт (оның өзгерістері) туралы мынадай мәліметтерді қамтиды:

      1) тапсырыс берушінің атауы;

      2) тапсырыс берушінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН);

      3) қаржыландыру көзі – республикалық бюджет, жергілікті бюджет, мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен қаражаты, мемлекеттік мекемелер үшін демеушілік, қайырымдылық көмектен түскен қаражат (бұдан әрі – бюджеттен тыс қаражат), меншікті қаражат;

      4) мемлекеттік сатып алуды өткізу туралы хабарламаның нөмірі;

      5) конкурс қорытындылары, аукцион қорытындылары, бір көзден сатып алуды өткізу қорытындылары, баға ұсыныстарын сұратуды жүргізу қорытындылары шығарылған күн, сондай-ақ шарттың жасалу негізін растайтын құжаттың деректемелері;

      6) шартты жасасудың негізін растайтын құжаттың деректемелері;

      7) шарттың жасалған күні және нөмірі – шарттың жасалған күні, айы, жылы;

      8) шарт валютасының коды;

      9) аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде мемлекеттік мекемелердің шартты тіркегені туралы мәліметтер – өтінім нөмірі мен тіркеу күнін қоса алғанда, тіркеу туралы хабарламалардың деректемелері;

      10) мемлекеттік сатып алу туралы шарттың нысанасы:

      сатып алу нысанасының түрі;

      жіктеуіш бойынша өнімнің коды;

      тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің атауы;

      тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қысқаша және қосымша сипаттамасы;

      өлшем бірлігі;

      бір бірлік үшін бағасы;

      саны;

      егер өнім берушіқосылған құн салығын (ҚҚС) төлеуші болып табылған жағдайда, ҚҚС туралы мәліметтер;

      11) өнім берушілер (орындаушылар, мердігерлер) туралы ақпарат:

      заңды тұлғаның атауы, жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);

      Қазақстан Республикасының резиденттері үшін – бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН) (заңды тұлға үшін), жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) (жеке тұлға үшін);

      бейрезиденттер үшін – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалардың (жеке тұлғалардың) тіркеу деректері;

      Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және олардың өнім берушілерінің дерекқорындағы жазба нөмірі;

      резиденттік елі және заңды мекенжайы;

      байланыс ақпараты;

      12) шарттың орындалуы:

      тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің атауы және сипаттамасы;

      сатып алынған тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің қысқаша сипаттамасы;

      тауар белгісінің атауы;

      тауар өндірушінің, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердіңөнім берушісінің елі;

      төлем сомасы;

      шартты орындаудың жоспарланған және нақты күні;

      13) шарттың қолданылуын тоқтату туралы мәліметтер:

      күні, негіздеме және себебі.

      11. Тапсырыс беруші шарт қолданылуын тоқтатқан (орындалған немесе орындалмаған) күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік сатып алу туралы шарттар тізілімінің электрондық нысанын толтыру жолымен шарттың қолданылуын тоқтату туралы (орындалуы немесе орындалмауы туралы) мәліметтерді веб-портал арқылы енгізеді.

      12. Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алу веб-порталына шарттың өзгеруі туралы мәліметтерді немесе шарттың қолданылуын тоқтату туралы (орындалуы немесе орындалмауы туралы) мәліметтерді ұсынған жағдайда, шарт туралы бастапқы мәліметтер мұрағатын сақтай отырып, тізілімдегі жазбаны автоматты түрде жаңарту жүргізіледі.

      13. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың тізіліміне енгізілген шарт (оның өзгеруі) туралы мәліметтер және (немесе) шарттың қолданылуын тоқтату туралы (орындалуы немесе орындалмауы туралы) мәліметтер шарттың қолданылуын тоқтату туралы (орындалуы немесе орындалмауы туралы) мәліметтерді оған енгізген күнінен бастап 5 (бес) жыл бойы мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың тізілімінде сақталады.

      14. Осы Қағидалардың 13-тармағында көрсетілген мерзім өткен соң мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың тізілімінен шығарылған шарт (оның өзгеруі) туралы мәліметтер немесе шарттың қолданылуын тоқтату туралы (орындалуы немесе орындалмауы туралы) мәліметтер Электрондық құжат айналымы ережесiнде белгіленген тәртіппен электрондық түрде сақталады.

5-тарау. Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімін қалыптастыру және оны жүргізу тәртібі

      15. Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімі өзімен мыналарды:

      1) біліктілік талаптары және (немесе) конкурстық баға ұсынысына әсер ететін құжаттар бойынша дұрыс емес ақпарат берген әлеуетті өнім берушілер немесе өнім берушілер;

      2) жеңімпаз деп айқындалған, мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған әлеуетті өнім берушілер;

      3) мемлекеттік сатып алу туралы өздерімен жасалған шарттар бойынша өз міндеттемелерін орындамаған не тиісінше орындамаған өнім берушілер тізбесін білдіреді.

      16. Осы Қағидалардың 15-тармағының 1) және 3) тармақшаларында көзделген мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімі заңды күшіне енген сот шешімдерінің негізінде қалыптастырылады.

      Осы Қағидалардың 15-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген шартта, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы, тапсырыс беруші не уәкілетті орган әлеуетті өнім берушінің немесе өнім берушінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзу фактісі туралы өздеріне белгілі болған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей, осындай әлеуетті өнім берушіні немесе өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап-арызбен сотқа жүгінуге жібереді.

      Осы Қағидалардың 15-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген шартта, жиынтығында мынадай шарттарды қанағаттандыратын:

      1) өнім берушінің тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) төлеуі;

      2) шарттық міндеттемелерді толық орындау;

      3) тапсырыс берушіге келтірілген залалдың болмауы жағдайларын қоспағанда, тапсырыс беруші Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын өнім берушінің бұзу фактісі туралы өзіне белгілі болған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күннен кешіктірмей, осындай өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап-арызбен сотқа жүгінуге құқылы.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 20.06.2022 № 601 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      17. Осы Қағидалардың 15-тармағының 2) тармақшасында көзделген мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімі уәкілетті органның әлеуетті өнім берушілерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы шешімі негізінде қалыптастырылады.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 20.06.2022 № 601 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      18. Тапсырыс берушілер әлеуетті өнім берушіні немесе өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы заңды күшіне енген соттың шешімін (бұдан әрі – Сот шешімі) веб-портал арқылы алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде веб-портал арқылы алған Сот шешімінің электрондық көшірмесін, сондай-ақ осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мұндай әлеуетті өнім беруші немесе өнім беруші туралы мәліметтерді электрондық түрде веб-портал арқылы уәкілетті органға ұсынады.

      19. Тапсырыс берушіге электрондық көшірмесі веб-портал арқылы келіп түспеген Сот шешімі қағаз түрінде келіп түскен жағдайда, тапсырыс берушілер аталған Сот шешімін алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Сот шешімінің көшірмесін және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мұндай әлеуетті өнім беруші немесе өнім беруші туралы мәліметтерді электрондық түрде веб-портал арқылы уәкілетті органға ұсынады.

      20. Тапсырыс берушілер мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар туралы мәліметтерді веб-портал арқылы ұсынған күнінен бастап жеті жұмыс күн ішінде уәкілетті орган оларды қарайды және осындай мәліметтерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізіліміне енгізеді.

      21. Уәкілетті органға мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізіліміне енгізу үшін толық емес және (немесе) дәйексіз (дұрыс емес) мәліметтер ұсыну шартында, уәкілетті орган веб-портал арқылы тапсырыс берушіге осы Қағидалардың 27-тармағына сәйкес мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы туралы мәліметтерді 5 (бес) жұмыс күн ішінде қайта беру қажеттігі туралы хабарламаны 7 (жеті) жұмыс күні ішінде жібереді.

      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 20.06.2022 № 601 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      22. Егер жеңімпаз деп танылған әлеуетті өнім беруші Заңда белгіленген мерзімде мемлекеттік сатып алу туралы шартқа веб-портал арқылы қол қоймаған жағдайда, мұндай әлеуетті өнім беруші осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша уәкілетті органның веб-портал арқылы қабылдаған шешімімен мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізіліміне автоматты түрде енгізіледі.

      23. Әлеуетті өнім беруші қағаз түріндегі мемлекеттік сатып алу туралы шартына қол қоюдан жалтарған немесе мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасып, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді және (немесе) осы Заңның 26-бабына сәйкес соманы енгізбеу жолымен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасаудан жалтарған жағдайда, тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасаудан жалтарған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мұндай әлеуетті өнім беруші немесе өнім беруші туралы мәліметтерді электрондық түрде веб-портал арқылы уәкілетті органға береді.

      24. Заңнамаға сәйкес уәкілетті органға ұсынған мәліметтердің дұрыстығы үшін тапсырыс беруші жауапты болады.

      Тапсырыс берушінің ұсынған мәліметтерін қарау кезінде уәкілетті орган оның толтырылуының толықтығы мен дұрыстығын тексеруде форматты-логикалық бақылауды жүзеге асырады.

      25. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасып, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді және (немесе) осы Заңның 26-бабына сәйкес соманы енгізбеу жолымен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасаудан жалтарған әлеуетті өнім беруші осы Қағиданың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша уәкілетті органның веб-портал арқылы қабылдаған шешімімен мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізіліміне енгізіледі.

      26. Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімін жүргізу осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүзеге асырылады.

      27. Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне мәліметтерді енгізген кезде:

      1) жосықсыз әлеуетті өнім беруші немесе өнім беруші туралы ақпарат:

      әлеуетті өнім берушінің немесе өнім берушінің атауы;

      резиденттік елі;

      Қазақстан Республикасының резиденттері үшін – бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН) (заңды тұлға үшін), жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) (жеке тұлға үшін);

      бейрезиденттер үшін – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалардың (жеке тұлғалардың) тіркеу деректері;

      2) тапсырыс беруші туралы ақпарат;

      3) өткізілген сатып алу туралы мәліметтер:

      сатып алуды жүзеге асыру тәсілі;

      сатып алу туралы хабарландырудың нөмірі;

      сатып алу туралы хабарландырудың күні;

      сатып алу қорытындыларын шығару күні;

      4) мемлекеттік сатып алу туралы шарттар тізіліміндегі шарттың нөмірі (болған кезде);

      5) өнім берушіні (әлеуетті) мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану негіздемесі;

      6) осы шартты бұзу ниеті туралы хабарлама күні;

      7) осы шартты бұзу туралы хабарлама күні;

      8) сот шешімі/уәкілетті органның шешімі туралы мәліметтер:

      соттың/ уәкілетті органның атауы;

      соттың/уәкілетті органның шешімінің нөмірі;

      соттың/уәкілетті органның шешімінің күні;

      сот шешімінің заңды күшіне енген/ уәкілетті орган шешімінің заңды күшіне енген күні;

      9) Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінен алып тасталған күн.

      28. Мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы туралы мәліметтерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінен алып тастауға мыналар:

      1) Заңда белгіленген мерзімнің аяқталуы;

      2) мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы шешімнің күшін жою туралы заңды күшіне енген сот актісінің болуы;

      3) уәкілетті органның әлеуетті өнім берушінің өтінішін келісу комиссиясының қарау қорытындысы бойынша оны мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінен алып тастау туралы қабылдаған шешімі.

      29. Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар туралы мәліметтер Заңда белгіленген мерзім өткен соң тізілімнен автоматты түрде алынып тасталады.

      30. Мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы шешімді жою туралы заңды күшіне енген сот актісі болған жағдайда, мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы туралы мәліметтер әлеуетті өнім берушінің (өнім берушінің) сұрау салуы бойынша уәкілетті орган сотпен расталған тиісті сот актісінің көшірмесін алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде алынып тасталады.

      31. Тапсырыс берушінің әлеуетті өнім берушіні веб-портал арқылы мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінен шығару туралы келісу комиссиясының шешімін ұсынуы шартында, уәкілетті орган 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша осы өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінен шығару туралы шешім шығарады.

      Бұл ретте, уәкілетті органның әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінен шығару туралы шешімі веб-портал арқылы автоматты режимде шығарылады.

      Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 20.06.2022 № 601 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

6-тарау. Шағымдар тізілімін қалыптастыру және жүргізу тәртібі

      32. Шағымдардың тізілімі өзімен әлеуетті өнім берушілер мен өнім берушілер уәкілетті органға мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы берген шағымдарының тізбесін білдіреді және шағымдарды қарау нәтижелері бойынша қабылданған шешімдер мен берілген ұйғарымдар (хабарламалар) туралы мәліметтерді қамтиды.

  Мемлекеттік сатып алу
саласында тізілімдерді
қалыптастырудың және
оларды жүргізудің қағидаларына
1-қосымша
  нысан

Тапсырыс берушілер тізілімі

Р/с

Тізілімдегі жазба нөмірі

Тапсырыс берушінің атауы

Тапсырыс берушінің тіркелген және (қайта тіркелген) күні

БСН

Тапсырыс берушінің аумақтық тиесілігі туралы мәліметтер

Есептілік әкімшісінің атауы

Қазақ тілінде

Орыс тілінде

ӘАБЖ

өңір

заңды мекенжай

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10











      кестенің жалғасы

ҰҚНК

МНЖ

Кәсiпкерлiк субъектiнің санаты

Экономика секторының коды

Тапсырыс берушінің басшысы туралы мәліметтер

ЖСН

Т.А.Ә.

Лауазымы

Деректер көзі

Электрондық пошта

телефон (жұмыс)

телефон (ұялы)

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21












      Аббревиатуралардың толық жазылуы:

      БСН - бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      ӘАБЖ - әкімшілік-аумақтық бірлестіктердің жіктеуіші;

      ҰҚНК – шаруашылық етудің ұйымдастыру құқықтық нысанының коды;

      МНЖ - меншік нысандарының жіктеуіші;

      ЖСН-жеке сәйкестендіру нөмірі;

      Т.А.Ә. - тегі, аты, әкесінің аты (бар болса).

  Мемлекеттік сатып алу
саласында тізілімдерді
қалыптастырудың және
оларды жүргізудің қағидаларына
2-қосымша
  нысан

Мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың тізілімі

Тізілімдегі жазбаның нөмірі

Жазбаның соңғы өзгерген күні

Тапсырыс беруші

Шартты қаржыландыру көзі

Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілі

Мемлекеттік сатып алуды өткізу туралы хабарламаның нөмірі

Мемлекеттік сатып алудың қорытындыларын шығару күні

Шартты жасасудың негізін растайтын құжаттың деректемелері

Шарт

атауы

БСН

нөмірі

күні

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11












        кестенің жалғасы

Шарт валютасының коды

Шарттың мәртебесі

Шарттың аумақтық қазынашылық органдарында тіркелгені туралы мәліметтер (мемлекеттік мекемелер үшін)

Шарттың мәні

Қазынашылықтың аумақтық бөлімшесінде шартты тіркеуге берген өтінім

Қазынашылықтың аумақтық бөлімшесінде шартты тіркеуге берген өтінім

сатып алу мәнінің түрі

жіктеуіш бойынша өнімнің коды

тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер атауы

тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қысқаша сипаттамасы

тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қосымша сипаттамасы

өлшем, бірлігі

нөмірі

күні

нөмірі

күні

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23













      кестенің жалғасы

Шарттың мәні

бір бірлік үшін бағасы, теңге

саны

Сома, теңге (егер өнім беруші ҚҚС төлеушісі болып табылған жағдайда, ҚҚС ескере отырып, соманы көрсету қажет)

оның ішінде ҚҚС сомасы, теңге

сонымен бірге: үш жылдық кезеңнің бірінші жылының сомасы, теңге

сонымен бірге: үш жылдық кезеңнің екінші жылының болжамды сомасы, теңге

сонымен бірге: үш жылдық кезеңнің үшінші жылының болжамды сомасы, теңге

24

25

26

27

28

29

30








      кестенің жалғасы

Шарт бойынша өнім берушілер (орындаушылар, мердігерлер) туралы ақпарат

заңды тұлғаның атауы (жеке тұлғаның Т.А.Ә.)

БСН, ЖСН (бейрезиденттер-өнім берушілердің тіркеу деректері)

Тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер және олардың өнім берушілерінің дерекқорындағы жазба нөмірі

Өнім берушінің резиденттілік елі

Заңды мекен жайы

Іс жүзін дегі мекен жайы

электрондық поштаның мекенжайы

Мәртебесі

Телефоны (факс)

31

32

33

34

35

36

37

38

39










      кестенің жалғасы

Шарттың орындалуы

тауардың, жұмыстың, көрсетіле тін қызметтің атауы және сипаттамасы

Сатып алынған тауарлардың, жұмыстар дың, көрсетілетін қызметтердің қысқаша сипаттамасы

Тауарлық белгінің атауы

Тауар өндірушінің, жұмыстар, қызметтер бойынша өнім берушілердің елі

Тапсырыс беруші іс жүзінде төлеген сома, теңге (егер өнім беруші ҚҚС төлеушісі болып табылған жағдайда, ҚҚС ескере отырып, соманы көрсету қажет)

оның ішінде ҚҚС сомасы, теңге

40

41

42

43

44

45







      кестенің жалғасы


Шарттың қолданысын тоқтату

сонымен бірге: үшжылдық кезеңнің бірінші жылында төленген сома, теңге

сонымен бірге: үшжылдық кезеңнің екінші жылында төленген сома, теңге

сонымен бірге: үшжылдық кезеңнің үшінші жылында төленген сома, теңге

Шарт бойынша орындалу күні

Іс жүзінде орындалу күні

күні

негіздеме және себебі

46

47

48

49

50

51

52








      Аббревиатуралардың толық жазылуы:

      БСН - бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      ҚҚС – қосылған құн салығы;

      Т.А.Ә. - тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);

      ЖСН - жеке сәйкестендіру нөмірі.

  Мемлекеттік сатып алу
саласында тізілімдерді
қалыптастырудың және оларды
жүргізудің қағидаларына
3-қосымша
  нысан

Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар туралы мәліметтер

Жосықсыз өнім беруші туралы ақпарат

Заңның 6-бабы 1-тармағының 3), 4), 5) тармақшаларына сәйкес адамдар туралы мәліметтер

Тапсырыс беруші туралы ақпарат

Өнім берушінің атауы

Өнім берушінің елі

БСН, ЖСН (бейрезиденттер-өнім берушілердің тіркеу деректері)

Т.А.Ә.

ЖСН, бейрезиденттер-өнім берушілердің тіркеу деректері

Тапсырыс берушінің атауы

Тапсырыс берушінің елі

1

2

3

4

5

6

7








      кестенің жалғасы

Өткізілген сатып алу туралы мәліметтер

БСН, ЖСН (бейрезиденттер-өнім берушілердің тіркеу деректері)

Сатып алу тәсілі

Веб-порталдағы сатып алу туралы хабарламаның нөмірі

Сатып алуды хабарлау күні

Сатып алу қорытындыларын жасау күні

8

9

10

11

12






      кестенің жалғасы

Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың тізіліміндегі шарттың нөмірі (бар болса)

Шарттың әлеуетті өнім берушіге қол қоюға жіберілген күні

Өнім берушінің шартқа қол қою үшін мерзімінің бітетін күні

Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу үшін мерзімнің бітетін күні

Шартты бұзу ниеті туралы хабарлама күні

 
Шартты бұзу туралы хабарлама күні

13

14

15

16

17

18







      кестенің жалғасы

(Әлеуетті) өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушысы деп тануға негіз

Сот шешімі туралы мәліметтер

Тізілімнен алып тастау күні

Соттың атауы

Сот шешімінің нөмірі

Сот шешімінің күні

Сот шешімінің заңды күшіне енген күні

19

20

21

22

23

24







      * әлеуетті өнім берушінің шартты жасасудан жалтарған жағдайда тапсырыс беруші 1-14, 19-тармақтарды толтырады.

      * мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді және (немесе) "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңның 26-бабында көзделген соманы енгізбеу жолымен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған жағдайда 1-19-тармақтар толтырылады.

      ** сот шешімі бойынша өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізіліміне енгізген жағдайда 14, 15, 16, 17, 18-тармақтар толтырылмайды.

      Аббревиатуралардың толық жазылуы:

      БСН - бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      ЖСН - жеке сәйкестендіру нөмірі;

      Т.А.Ә. - тегі, аты, әкесінің аты (бар болса).

  Мемлекеттік сатып алу
саласында тізілімдерді
қалыптастырудың және оларды
жүргізудің қағидаларына
4-қосымша
  нысан

Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімі

Жосықсыз өнім беруші туралы ақпарат

Тапсырыс беруші туралы ақпарат

Өткізілген сатып алу туралы мәліметтер

Өнім берушінің атауы

Өнім берушінің елі

БСН, ЖСН (бейрезиденттер-өнім берушілердің тіркеу деректері)

Тапсырыс берушінің атауы

Тапсырыс берушінің елі

БСН

Сатып алу тәсілі

Веб-порталдағы сатып алу туралы хабарламаның нөмірі

Сатып алуды хабарлау күні

Сатып алу қорытындыларын жасау күні

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10











      кестенің жалғасы

Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың тізіліміндегі шарт нөмірі (бар болса)

Шарттың әлеуетті өнім берушіге қол қоюға жіберілген күні

Өнім берушінің шартқа қол қою үшін мерзімінің бітетін күні

Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу үшін мерзімнің бітетін күні

(Әлеуетті) өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушысы деп тану негізі

11

12

13

14

15






      кестенің жалғасы

Сот шешімі/уәкілетті органның шешімі туралы мәліметтер

Тізілімнен алып тастау күні

Соттың/ уәкілетті органның атауы

Сот/ уәкілетті орган шешімінің нөмірі

Сот/ уәкілетті орган шешімінің күні

Сот шешімінің заңды күшіне енген/уәкілетті орган шешімінің заңды күшіне енген күні

16

17

18

19

20






      Аббревиатуралардың толық жазылуы:

      БСН - бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      ЖСН - жеке сәйкестендіру нөмірі.

  Мемлекеттік сатып алу
саласында тізілімдерді
қалыптастырудың және оларды
жүргізудің қағидаларына
5-қосымша

      Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 20.06.2022 № 601 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  нысан

Уәкілетті органның жалпы бланкісі

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы

Уәкілетті органның
ресми атауы
қазақ тілінде


Уәкілетті органның
ресми атауы
орыс тілінде

 
БҰЙРЫҚ

 
ПРИКАЗ

_________________ (күні)


№ ___________

Қазақ тілінде шығарылған жері


Орыс тілінде шығарылған жері

Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізу туралы

      "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 12 және 44-баптарына сәйкес мемлекеттік сатып алудың қорытындылары бойынша:

      Сатып алу туралы хабарландыру нөмірі:

      Сатып алу тәсілі:

      Тапсырыс беруші қол қойған мемлекеттік сатып алу туралы шартты әлеуетті өнім берушіге қол қоюға жіберген күні: күні/айы/жылы

      Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасына қол қою қажеттілігі туралы хабарлама жіберілген күн: күні/айы/жылы

      Заңда белгіленген өнім берушінің мемлекеттік сатып алу туралы шартқа қол қоюы үшін мерзімнің аяқталатын күні: күні/айы/жылы

      Не:

      Шартты жасасу күні: күні/айы/жылы

      Әлеуетті өнім берушінің мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді не Заңның 26-бабында көрсетілген соманы енгізу мерзімінің аяқталатын күні: күні/айы/жылы

      Тапсырыс беруші:

      Атауы:

      БСН:

      Мекенжайы:

      Телефоны:

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Заңның 44-бабының 1-тармағына сәйкес:

      Заңда белгіленген мерзімде ______ тәсілмен өткізілген № ____сатып алу бойынша № ______ мемлекеттік сатып алу туралы шартқа қол қоймауына/ не:

      мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді немесе ______ тәсілмен өткізілген күні/айы/жылғы _____ лот бойынша Заңның 26-бабында көрсетілген соманы енгізбеуге байланысты _________ мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасаудан жалтарды деп танылсын.

      2. Заңның 12-бабының 4-тармағы 2) тармақшасына, 5-тармағының екінші бөлігіне сәйкес мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп танылсын.

      3. Мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушылары тізіліміне әлеуетті өнім беруші туралы мынадай мәліметтер енгізілсін:

Атауы/Т.А.Ә. (болған жағдайда):


БСН/ЖСН, бейрезидент өнім берушілер үшін тіркеу деректері:


Басшының Т.А.Ә. (болған жағдайда):


Басшының ЖСН, бейрезидент өнім берушілер үшін басшының тіркеу деректері:


Құрылтайшының (құрылтайшылардың) атауы/ Т.А.Ә. (болған жағдайда):


Құрылтайшының (құрылтайшылардың) БСН/ЖСН-і, бейрезидент өнім берушілер үшін құрылтайшылардың тіркеу деректері:


Мекенжайы:


Телефоны:


      4. Тізілімде болу мерзімі бұйрық бекітілген күннен бастап 24 ай болып белгіленсін.

      5. Бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Уәкілетті адам Т.А.Ә. (болған жағдайда) (электрондық цифрлық қолтаңба)

      Аббревиатуралардың толық жазылуы:

      БСН - бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      ЖСН - жеке сәйкестендіру нөмірі;

      Т.А.Ә. - тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда).

  Мемлекеттік сатып алу
саласында тізілімдерді
қалыптастырудың және оларды
жүргізудің қағидаларына
6-қосымша

      Ескерту. Қағида 6-қосымшамен толықтырылды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 20.06.2022 № 601 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      нысан

Уәкілетті органның жалпы бланкісі

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы

Уәкілетті органның
ресми атауы
қазақ тілінде


Уәкілетті органның
ресми атауы
орыс тілінде

 
БҰЙРЫҚ

 
ПРИКАЗ

_________________ (күні)


№ ___________

Қазақ тілінде шығарылған жері


Орыс тілінде шығарылған жері

Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінен алып тастау туралы

      "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 12-бабы 9-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, "Әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізілімінен алып тастау туралы" ______ № ____ өтінішті келісу комиссиясының қарау қорытындысы бойынша БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізу туралы" ______ жылғы "___" _____№ ______ "Уәкілетті органның атауы" бұйрығының күші жойылсын.

      2. Заңның 12-бабы 6-тармағының төртінші бөлігіне сәйкес әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінен алып тасталсын:

Атауы/Т.А.Ә. (болған жағдайда):


БСН/ЖСН, бейрезидент өнім берушілер үшін тіркеу деректері:


Басшының Т.А.Ә. (болған жағдайда):


Басшының ЖСН, бейрезидент өнім берушілер үшін басшының тіркеу деректері:


Құрылтайшының (құрылтайшылардың) атауы/Т.А.Ә. (болған жағдайда):


Құрылтайшының (құрылтайшылардың) БСН/ЖСН-і, бейрезидент өнім берушілер үшін құрылтайшылардың тіркеу деректері:


Мекенжайы:


Телефоны:


      3. Бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Уәкілетті адам Т.А.Ә. (болған жағдайда) (электрондық цифрлық қолтаңба)

      Аббревиатуралардың толық жазылуы:

      БСН - бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      ЖСН - жеке сәйкестендіру нөмірі;

      Т.А.Ә. - тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда).


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады